АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]9 маусымда Президент сайлауы өтеді [:]

[:kz]

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлау 9 маусымда өтетінін мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемеcінде айтты.

Соңғы кезектен тыс сайлау 2015 жылы 26 сәуірде өтті.

Ол кезде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берушілердің 97,7 пайызын жинады. Сайланған Мемлекет басшысының өкілеттілігі 2020 жылдың сәуір айына дейін белгіленген. Еске салайық, 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант беріп, Қазақстан Президенті міндетіне кіріскен болатын. 

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқығы мен бостандығына кепіл беруге, Қазақстан Республикасының Президенті ретінде жүктелген міндеттерді адал атқаруға салтанатты түрде ант беремін», — деген еді Тоқаев. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент қызметіндегі алғашқы сөзі Ал 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқанын мәлімдеген еді.

 Бұл туралы ол республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемеcінде айтқан болатын. Сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды басқаруды сеніп тапсыра алатын адам Тоқаев екенін және оның адал және жауапкершілігі бар адам екенін айтқан еді.

kaz.tengrinews.kz

 

[:]