АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Еліміздің өңірлерінде су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу жалғасуда

1361251781_atyrau-pavodok-22015 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ комитетінде өңірлердегі су тасқыны жағдайы мәселелері бойынша брифинг өткізілді. Спикер болып хабар беру және халықты оқыту бөлімінің бастығы Иманқұлов Руслан Юрьевич сөз сөйледі.
Еліміздің өңірлерінде Ішкі істер министрлігі бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдар, Қорғаныс министрлігі, тартылған ұйымдардың біріктірілген күштерімен авариялық-құтқару, алдын алу және қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.
Су тасқыны кезеңі басталған кезеңнен бастап Қарағанды облысында 9 ауданның аумағында 48 елді мекенді және 2 қыстақты су басты. Қазіргі уақытта жағдай жеті ауданда тұрақтанды. Бұқар жырау және Нұра аудандары бақылауда тұр. Облыстың өзендерінде су деңгейінің төмендеуі байқалады. 13 279 эвакуацияланған адамдардың ішінде 11 940 адам үйлеріне оралды.
Су сору, провизия, гуманитарлық көмек жеткізу, аумақтарға құм үю, патрульдеу, коммуникацияларды қалпына келтіру, зардап шеккен халыққа медициналық және психологиялық көмек көрсету жұмыстары тоқтатылған жоқ.
Жерлерді қайта өңдеу жұмыстары басталды.
Ғ. Мұстафин атындағы ауылға өрт сөндіру-сорғы станциялар мен мотопомпалар барынша тартылған.
Қазіргі уақытта облыста су басқан 2 107 үйдің 1 900-нен су кетті.
Су басқан аудандардан 33466 ірі және ұсақ мал қауіпсіз жерлерге айдалды, оның ішінде 28962 бас қораларына қайтарылды.
Ақмола облысында су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Атбасар қаласы және Ерейментау, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Целиноград аудандарының 12 елді мекені су астында қалды.
Ақмола облысының ТЖ департаментінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Целиноград ауданының елді мекендерін аралады, соның барысында су басқан үйлердің мынадай саны анықталды: Ағанас аулында – 29, Қызыл Жар аулында – 2, Ақмол аулында – 3, Жаңажол аулында – 12, Жалғыз құдық аулында – 5, Р. Қошқарбаев аулында – 2.
Атбасар ауданында авариялық-құтқару бригадаларының тәулік бойы кезекшілігі тоқтатылған жоқ, олар жоғары дайындық режиміне көшірілді. Атбасар ауданының «Атбасар-Сочинское» және Шортанды ауданының «Шортанды-Жолымбет» облыстық маңыздағы автожолдарында сәйкесінше ені 5-10 және 30-50 метр су ағып жатыр. Жерлерге жол белгілері орнатылған, патрульдеу жүргізілуде.
Сонымен қатар, елді мекендерде суды сорып алу, жолдарды қалпына келтіру, қорғаныш құрылыстарын салу жұмыстары жалғастырылып жатыр. Тәулік бойғы кезекшілік жүргізіледі.
Өткен тәулікте Ақмола облысында тұрғындарды эвакуациялау болған жоқ. Тасқын кезеңі басталғаннан бері су астында қалған 168 үйдің 114-інен су кетті.
3629 бас үй жануары өз қораларына оралды. Су басқан аудандардан барлығы 5980 бас үй жануары қауіпсіз жерге айдалды.
Солтүстік Қазақстан облысында Темирязев ауданының Степное ауылынан және Аққайың ауданының Қиялы ауылынан еріген қар суын бұру жұмыстары жалғасуда. Автожолдың 4 учаскесінде еріген қар суы жайылып, онда бекеттер орнатылған.
Шығыс Қазақстан облысының автожолдарын қалпына келтіру бойынша дайындық жүргізіліп жатыр. Зақымдалған жол учаскелеріне жол белгілері орнатылды, қосалқы жол төселді. Қалпына келтіру жұмыстары су деңгей төмендегеннен кейін аяқталады.
Павлодар облысының Екібастұз ауданында Бесқауға ауылына апаратын зақымдалған автожолды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірлік ауылына баратын жолды толық қалпына келтіру бойынша жұмыстар жалғастырылып жатыр.
Қазіргі уақытта автомобиль жолдарының 77 учаскесі қалпына келтірілді.
Эвакуацияланған 13 375 адам өз үйлеріне оралды. Тасқын кезеңінде барлығы 16 171 адам эвакуацияланған болатын.
Су астында қалған 2 434 үйдің 2173-інен су кетті.
Бірлескен күштің арқасында 22 588 метр уақытша бөген тұрғызылды, 363 417 текше.м су сорылды.
Су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 6 444 адам жұмылдырылып, 1 707 бірлік техника, 153 су соратын құрылғы және 112 жүзу құралы қамтылды.
«Қазселденқорғау» ММ деректері бойынша Нұра өзенінде Ақмола облысы шегінде су деңгейі көтеріліп жатыр, атап айтқанда Қорғалжын ауданында су басу қаупі төніп тұр.

ҚР ІІМ ТЖ комитетінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы