АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ҚР Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың Шығыс Қазақстан облысының жұртшылығымен кездесуі туралы

PAP_9030_новый размерҚазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Шығыс Қазақстан облысының жұртшылығымен кездесті.
ҚР Президенттігіне кандидат кездесу қатысушыларына өз сайлауалды тұғырнамасын таныстырып, оның негізгі бағыты – экология және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесі жайында баяндап берді.
«Соңғы жүзжылдықта өнеркәсіптік өндірістің өсуімен табиғи орта ластанып, шикізат қорының тапшылығы сынды мәселелер туындауда.
Қазір адам өзіне таныс әрі қолжетімді барлық ресурстарды игеріп үйреніп алды. ХХ ғасырда игерілген пайдалы қазбалардың көлемі бұдан бұрынғы жалпы өркениет тарихындағы өндіріс көлемнен асып түседі», — деді Ә.Құсайынов.
Бұдан әрі ҚР Президенттігіне кандидат адамзаттың жағымсыз қызметінің салдарын мысалға келтірді.
Мәселен, халық санымен салыстырғанда, энергия тұтыну – 3 есеге, минералдық ресурстарды игеру 2 есеге артып отыр. Тау-кен өнеркәсібі жыл сайын адам басына шаққанда 40 тоннадан аса өнім өндіреді. Көмір өндіру кезінде жыл сайын 1 млрд шаршы метрге жуық қажетсіз тау жыныстары қопарылады.
PAP_8994_новый размер50 жылда ғаламшардағы өсімдіктер мен жануарлар түрлері үш есеге кеміген. Еуропаның өзінде олардың 17 мың түрі жойылып кетті. Жалпы, Жер шары жыл сайын тірі ағзаларының 30 мыңға жуық түрін жоғалтады. Жерорта теңізіндегі флора мен фауна үш есеге азайды. Соңғы 45 жылда жабайы аңдар мен өсімдіктер саны 25-30%-ға қысқарды. Жыл сайын адам баласы жануарлардың 1%-ының көзін жойып отыр.
Осындай қанағатсыз әрекетінің кесірі айналып келгенде адамның өзіне үлкен соққы болып тиюде. Сондай-ақ әлем мұхиттарына, климатқа, жануарлар мен өсімдік әлеміне үлкен қауіп төндірді.
Қазірдің өзінде, кандидаттың айтуынша, қоршаған ортаның пайдалы экологиялық қасиеттері үлкен өзгеріске ұшырап, әлемдік қауымдастықтың тұтастығы мен өркениеттің дамуына қауіп төндіріп тұр.
«Адам табиғат пен өзін құтқару үшін не істеу қажеттігін қазірден ойластырғаны дұрыс. Әсіресе, жойылып кетуге жақын тұрған жануарлар мен өсімдіктерді қорғау керек деп есептеймін. Олардың азаюына себеп болып отырған азық-түліктен бас тарту қажет.
Осы орайда экологиялық білімді кеңейтіп, дамыту маңызды. Бүгінде экологияны өз үйіміз туралы ғылым ретінде қабылдап, сезінуіміз керек. Яғни, биосфера, оның даму ерекшелігі мен бұл процестегі адамның рөлін жақсы түсінгеніміз жөн. Осы жерде экология саласындағы ғылыми зерттеулерді көбейту қажеттігі туындайды», — деп жалғастырды кандидат.
Оның пікірінше, жалпы білім беру мектептерінде экология және өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері бойынша міндетті пән енгізу маңызды.
Табиғи ресурстарды тұтыну көлемін азайту қажет, себебі ертелі-кеш оның қоры таусылып қалуы мүмкін. Бар күшімізді Жаһандық жылыну көлемін азайтуға жұмсайық. Ол үшін атмосфераға зиянды қалдықтар тастауды доғару керек.
«Сонымен қатар баршаңызды энергия мен су ресурстарын тиімді тұтынуға шақырамын», — деп ескерді кандидат.
Жер шарының 70%-ын су алып жатыр. Алайда ауызсудың көлемі шектеулі. Себебі айналаны қоршаған сулардың 97%-ы теңіздер мен мұхиттарға тиесілі. Қалған 3%-ы мұздықтардың құрамында немесе жеті қабат жер астындар жатыр.
Сонымен қатар өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесіне назар аудартқым келеді. Адамның барлық шаруашылық қызметі қоршаған ортаға зиянын тигізбейтіндей жүргізілуі керек.
Қауіпті өндіріспен айналысатын барлық ұйымдар өз жұмысшыларының, нысандары мен қоршаған ортаның қауіпсіздігіне жауапты.
Барлық кәсіпорындар өз жұмыстарын қоршаған ортаға ықпалы мейілінше аз болатындай етіп жүргізулері керек», — деп қорытты Әбілғазы Құсайынов.