АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ҚЫРҒЫЗСТАННАН АРЗАН КӨЛІК АЛАМЫЗ БА? … ӘЛДЕ …

1411010479_122ef55dea171196b9101677f9b2015 жылдың 9 мамырынан бастап Қырғызстан ЕУЭО интеграциялық бірлестігіне мүше болады. Сөйтіп, қырғыз жеріндегі автокөліктерді кіргізуге шектеу қойылмайды». Осы сынды пікірлер қазір ғаламтор желісінде желдей есіп жүр. Шынында да солай ма? Жалпы ресми құжаттар қандай болмақ?
— Үстіміздегі жылдың ақпан айындағы Еуразиялық мемлекетаралық кеңес отырысында жеке қолданылатын автокөліктердің мәртебесіне қатысты шектеулі мерзім белгіленгені рас. Яғни, Қырғызстан Республикасының аймағына үшінші елдерден әкелінген және ішкі тұтынуға арналып 2014 жылдың 1 қаңтарына дейінгі уақытта шығарылған автокөліктер, ЕУЭО тауары ретінде қаралатын болады. Ал, 2014 жылдың 1 қаңтарынан кейін әкелінген көліктер тек, Кедендік одақтың шекарасында жеке тұлғалардың жеке тұтынуға арналған тауарларды тасымалдау туралы Келісіміне сәйкес, кедендік баж салығын төлегенінен кейін ғана заңды күшіне енеді. Бұндай түсініктемені 365info порталына Мемкірістер комитетінің ресми өкілі Жамбыл Сұрағанов берген көрінеді. «Тағы бір айта кетер жайт, 2020 жылдың 1 қаңтарына дейінгі аралықта Қырғызстан азаматтары өз елінің заңнамасына сәйкес жеңіл автокөліктерге кедендік баж салықтар мен салықтарды төлеп, барлық құжаттарын реттеуге құқылы, алайда ол тауар, ЕУЭО аумағында бәрібір шетелдік көлік құралы болып саналмақ»- дейді Сұрағанов мырза.
Дәл осы жағдайға болжам жасаған қазақстанның автокөлік нарығы сарапшылары: «Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруінен – Қазақстанға арзан көлік ағылмайды, ондай пікір ағаттық деп есептейді. Өйткені 2014 жылы Қырғызстанда бар-жоғы 1 млн ғана автокөлік тіркелген көрінеді. Оның басым бөлігі ескі және Қазақстанда есепке қоюға рұқсат берілмейтін рөлі оң жақтағы машиналар. Ал, бес жылға дейінгі жаңа көліктер саны тым мардымсыз» дейді. Сондықтан қырғыз ағайындарымыз ЕУЭО кірген алғашқы екі-үш айда елімізге әкелінетін жеңіл автокөлік саны 5 мың данадан аспауы мүмкін, сөйтіп, сауда қызбай жатып-ақ, көп ұзамай басылады. Олай дейтініміз, Ресей қырғыздардың алдын орап кетті. Олар Қазақстан нарығын соңғы 6 айда қажетінше қамтамасыз еткеніне куә болдық, ендеше орыстардың «қолыңнан келсе, қоншыңнан бас» дегені осы шығар …. Оның үстіне Қырғызстаннан әкелінетін автокөліктер еліміздің жаңа автомобильдер нарығына еш нұқсан келтіре алмайды дейді сарапшылар. Салыстыра айтсақ, Алматыда 2010 жылғы Lexus RX350 32 мың АҚШ $ тұрса, дәл сондай автокөлікті Қырғызстаннан 30 мың АҚШ $ ғана сатып аласыз. Ал, Ресей рубльі құлдыраған кезде ол көлікті 20-22 мың АҚШ $-на шертіп тұрып, саудалап алды. Демек, бұл жерде «қырғыздардан су тегін машина сатып алып, мұртымызды майлаймыз» дегендердің құлағына алтын сырға… Қысқасы мамырда ешқандай «ажиотаж» да, үкімет тарапынан осы жағдайға орай қандай да бір алдын алу шарасы да қарастырылмайды да деген сөз. Әрине, қолданыстағы автокөліктер құны қазір Қырғызстанда орташа бағамен 3,5 мың АҚШ $-ын құрайды, бірақ дені 20 жылғы ескі машиналар екенін де ескеру қажет. Қазақстандағы тәуелсіз автобизнес одағы басқармасының төрағасы Павел Ким мырзаның айтуынша, ЕУЭО-тың кедендік баж салығы қырғыздардың автокөліктеріне қоятын бағасын, Ресей мен Қазақстан нарығы үшін арзанқол ете қоюы екіталай. Керісінше, екі елдің де автонарығы Бішкек үшін тым қымбатқа түсуі мүмкін. Қазіргі ахуал соны көрсетіп тұр. Айталық, Қырғызстанда кедендік баж салығы осы күні өте арзан, мөлшері 3,5 литрлік автокөлікті кедендік ресімдеу 2,5-3 мың АҚШ $ ғана болса, ЕУЭС –те ол, шамамен 25 мың АҚШ $ болады. Яғни, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге ортақ кедендік баж салығы қойылатын күн туғанда, қырғыздардың қазіргі сомасы өз күшін жояды. Себебі, ЕУЭО комиссиясындағы қырғыз делегаттары арзан кеден салығын сақтап қалуға қатысты өз ұстанымдарын қорғай алмады. Оған алдымен Ресей қарсы шықты. Ал, Қазақстан соның жетегінде кетті…

Zhebe.com