АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ҚЫРЫМ МӘСЕЛЕСІ: ЖАҒЫМПАЗДЫҚТЫҢ ШЫҢЫ

3c2eb366bcb048404e3d6296b46b188d«Мектеп» баспасынан шыққан оқулықтарда қатысты Украина Үкіметі ресми түрде Қазақстанның СІМ мен ҚР БҒМ-ға наразылық нотасын жолдаған болатын. Онда Киев билігі қазақстандық мектептердегі оқулықтарды қайта жазуды талап еткен еді.

Біз аталған кітаптарды тауып алып, шолу жасап көрдік. 

 

«Қырымды Ресейге сыйлаған» Қазақстанның аты шулы екі кітабы осы. 

1. «Қазіргі дүние жүзі географиясы» (қоғамдық гуманитарлық бағыт). Таралымы: 26 000 дана.

2. «Дүниежүзі тарихы» (қоғамдық гуманитарлық бағыт). Таралымы: 12 000 дана.

«Дүниежүзі тарихы». 11-сынып. 160 бет.

Мұнда назар аударарлық бір сөйлем бар. «Қырым республикасының үкіметі Киевте биліктің заңсыз басып алғандығына келіспейтінін білдірді және референдум өткізу туралы жариялады». Сонда кітап авторлары әлем мойындаған Украинаның қазіргі билігін заңсыз деп санайды ма?

«Дүниежүзі тарихы». 11-сынып. 364 бет.

Біздің ғалымдар үшін 2014 жылдың басты оқиғасы Қырымның Ресейге қосылуы екен. 2014 жылдағы саяси оқиғалардың басы Қырымнан басталуы осыны аңғартса керек.

«Қазіргі дүние жүзі географиясы» (қоғамдық гуманитарлық бағыт). 11 сынып. 18 бет.

«Дүниежүзі тарихы». 11-сынып. 171 бет.

Бір ғана «Дүниежүзі тарихы» оқулығында үш бетте Қырым оқиғасына арнайы тоқталу, оны Ресейдікі деп тұжырым жасау ненің белгісі?. Жағымпаздық па, жоқ әлде Ресей тарапынан арнайы тапсырма болды ма? 

Аталған шулы «Қазіргі дүние жүзі географиясы» оқулығының авторлары: Е.Ахметов, Т.Увалиев, Қ.Ахметов.

Аталған шулы «Дүниежүзі тарихы» оқулығының авторлары: Т.С.Садықов, Р.Р.Қайырбекова, С.В.Тимченко.

Аталған оқулықтардағы «Қырымның Ресей территориясы» деп көрсетілуіне қатысты ҚР БҒМ баспасөз хатшысы Әлібек Шоқпаров «Говарит Москва» радиосы арқылы түсініктеме беріп, Қырымның Ресей құрамында көрсетілуіне қатысты ақпараттар арнайы сараптамадан өткізілгенін айтқан. 

 «Қазақстандағы жалпы білім беру мекемелеріне әзірленетін оқулықтар арнайы сараптамадан, комиссиядан өткізіледі. Аталмыш оқулықтар да тиісінше, осындай комиссияның қарауынан өткен болатын. Бұл комиссия мемлекеттік білім беру стандарттарына  сәйкестендірілді, арнайы құжаттары да бар. ҚР БҒМ тарапынан бекітілген», — дейді Шоқпаров мырза.

Әлемнің алпауыт елдері Қырымның Ресей құрамына қосылуын заңсыз деп танып отыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтің өзі «Қырымның Ресейге қосылғанын қолдайтынын» айтып, ресми түрде мәлімдеме жасаған жоқ. Дәл осындай алмағайып кезеңде Білім министрлігінің мына қылығына не деп жауап беруге болады. Ұзын ырғасы 38 000 таралым кітапқа қанша қаржы жұмсалды? Мемлекеттің абыройы ақшамен өлшенбейтіні тағы бар. Оқулықтағы өзге де кемшіліктерді жылдар бойы түзете алмай жүрген министрліктің әбжілдігіне таң қалмасқа шара жоқ. Жағымпазданудың да шегі бар емес пе? Сіз не дейсіз?

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz