Ұлттық қауіпсіздік комитеттің Астана қаласы бойынша департаменті ҚР Қылмыстық кодекстің 405-бабында қарастырылған (қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру және оған қатысу) қылмыс нышаны бойынша сотқа дейінгі өндіріс шеңберінде Астана қаласының төрт тұрғынын ұстады, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметінен.
Сотқа дейінгі өндірісті ашуға ұсталған тұлғалардың Қазақстан Республикасында тыйым салынған «Таблиғи Жамағат» экстремистік ұйымының әрекеттеріне белсенді қатысулары туралы мәліметтер негіз болды. Бұған дейін ұлттық қауіпсіздік органдары бұл адамдарға «Таблиғи Жамағаттың
» сот шешімі мен заңсыз деп танылғаны және оның іс-әрекетіне қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы туралы бірнеше рет ресми ескерту жасаған екен.Ұсталғандар қазір Астана қаласы ІІД Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.
Біраз жылдан бері үгіт-насихат жұмыстарыменайналысыпжүрген,Қазақстанда экстремистікұйым болып саналатын «Таблиғи Жамағаттың» талдықорғандық 5 мүшесі осы жылдың басында қылмыстық жазаға тартылған болатын. Оларкөпшілікке экстремистік сипаттағы ұрандар айтып, дәстүрліисламға жатпайтын мінәжатқа үйреткен.Осындай ел арасына жік салатын әрекеттердің алдын алу мақсатында елімізде экстремистік деп табылған бірқатар топтардың қызметіне заңмен тыйым салынған. Қазақстан Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі негізінде: «Аль-Каида», «Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс», «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс», «Күрд Халық Конгресі» («Конгра-Гел»);2005 жылғы 15 наурыздағы Жоғарғы Соттың шешіміне сәйкес: «Асбат аль-Ансар», «Мұсылман-ағайындар», «Талибан» қозғалысы, «Боз гурд», «Орталық Азиядағы Жамаат моджахедтер», «Лашкар-е-Тайба», «Әлеуметтік реформалар қоғамы»; Астана қалалық сотының 2005 жылдың 28 наурызындағы шешіміне сәйкес: Қазақстанда «Хизб-ут-Тахрир» шетелдік ұйымы;Астана қаласы сотының 2006 жылы 17 қарашадағы шешіміне сәйкес: «АУМ Синрикё», «Шығыс Түркістан азат ету ұйымы»;Астана қаласы сотының 2008 жылғы 5 наурыздағы шешіміне сәйкес: «Түркістан ислам қозғалысы»,«Алля Аят» және «Ата жолы» деструктивті ұйымы қозғалыстарына республика аумағында тыйым салынды. Халықаралық «Таблиғи жамағат» миссионерлік ұйымы да солардың қатарына жатады. Ұйымға қатысты 2013 жылдың 28 ақпанында Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты оның Қазақстан аумағында қызмет етуі тоқтатылатындығы туралы шешім шығарған.«Таблиғи Жамағат» экстремистік ұйымыныңқызметіне Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей елдерінде де тыйым салынған.
Қазіргі кезде «Таблиғи жамағат» еліміздің барлық өңірлеріне тарап, танымал болып қалған діни топтардың бірі. Оның негізін 1926 жылы Үндістанның Кандахла штаты Сахарнуфур деген елді мекенінде 1885-1944 жылдары өмір сүрген Мұхаммед Ильяс Әл-Кандахлауи қалаған. Үндістаннан бастау алған «Таблиғи Жамағат» ұйымыныңидеологиясы уақыт өте келе көрші Пәкістан, Бангладеш, кейіннен Сирия, Иордания, Палестина, Ливан, Мысыр, Судан, Ирак сияқты араб елдеріне тарады. Қазіргі кезде Еуропа мен ТМД елдеріне де жетті.
Діни экстремизмге еліміздің заң қадағалау органдары да қатты мән беріп отыр. Дүйсенбі күні Бас прокуратурада Діндерді зерттеу орталықтары қауымдастығының бастамасы бойынша «Орталық Азия елдерінің зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өзара әрекеттестігі» атты халықаралық форум болып өтті. Оған Қазақстанның, Қырғызстанның және Тәжікстанның құзыретті органдарының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары және осы салаға маманданған сарапшылар қатысты. Іс-шараның басты міндеттерінің бірі құқық қорғау құрылымдары мен азаматтық қоғамның зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы іс-қимылдағы өзара сындарлы әрекеттестігін қалыптастыру болып табылады. Отырыс барысында Орталық Азия өңіріндегі тайталастықтар мен қауіп-қатерлердің сәйкестендірілуі, зорлық-зомбылық экстремизге қарсы іс-қимылдағы халықаралық ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен келешегі мәселелеріне қатысты өзекті тақырыптар бойынша пікірсайыстар өрбіді.
Форумға жиналғандар отырыс қорытындысы бойынша экстремизм мен терроризмнің кез келген түрлері мен көріністері қайдан шыққандығына қарамастан Орталық Азия елдерінің құқық қорғау және басқа да құзыретті органдарының оларды анықтап, жолын кесуде өзара іс-қимыл жасасу жолдарын жетілдірудің қажеттілігі қарастырылған бірлескен коммюнике қабылдады. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар осы салада құқық қорғау органдары мен тәуелсіз сарапшылар арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.