«Қазақстандағы түсті металлургияның қалыптасу тарихы» тақырыбындағы тарихи-құжаттық көрме
Қазақстан Тәуелсіздік жылдары маңызды экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге жетті. Экономика-ның барлық салалары серпінді дамуда, соның ішінде тау-металлургиялық өндіріс. Бұл салада елдің экспорттық же-тістігі маңызды. Қазақстан металды 30-дан астам елге экспортқа шығарады. Құрылған трансұлттық компания-лар мен біріккен өндірістік ұйымдар әлемдік нарықта өзде-рін тиімді жағынан көрсетті және елдің экономикасына едәуір салмақты үлес қосуда.
Н. Назарбаев
Қазақстандағы металлургияның бастау алып, өркендеген жері Өскемен қаласындағы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде «Қазақстандағы түсті металлургияның қалыптасу тарихы» тақырыбында тарихи-құжаттық көрме және дөңгелек үстел өтті.
Бұл шараны Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағаты әлеуметтік-танымдық шараларды іске асыру аясында жергілікті атқарушы органдармен, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі және Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатымен бірлесіп өткізді. «Қазақстандағы түсті металлургияның қалыптасу тарихы» тақырыбындағы тарихи-құжаттық көрменің ашылуына Шығыс-Қазақстан облысы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Жақсылық Омар, Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының директоры, техника ғылымдврының докторы, профессор Борис Жапаров, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық Университетінің ректоры, биология ғылымдарының докторы, профессор Жасұлан Шаймарданов, Халықаралық инженерлік академияның оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Виктор Шумский, Халықаралық серіктестік ждәне оқу ісі жөніндегі проректор, геология-минералогия ғылымдарының докторы Олег Гавриленко, Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы түсті металлургия және жер қойнауын пайдалану бөлімінің жетекшісі Жанат Турсияновалар қатысты.
Әлемдегі 11 млрд тонна минералдардың 250 млн тоннасы Қа-зақстанның үлесінде екен. Әлем бойынша 11 орынды иеленеміз. Өндірістің 37 түрі бойынша Қазақстан жиырма көшбасшы елдің қатарына кіреді. Вольфрам, ванадий кені бойынша республика әлембойынша бірінші орында, хромды қор бойынша – екінші (23 %), марганец – үшінші. Сонымен қоса, қорғасын қорының 19 %, мырыштың – 13 % , мыс пен темір қорының – 10 % біздің елде. Қазіргі кезеңде тау-металлургиялық кешені Қазақстан Республикасының өндіріс саласындағы маңызды бөлігі, елдің макроэкономикалық көрсеткіштерінің қалыптасуында рөлі зор.
– Түсті металлургия Қазақстан өндірісіндегі көне өндіріс саласы болып табылады. Саланың 250 жыл тарихында алғашқы геологиялық барлау экспедицияларынан кең ауқымды зерттеулерге дейін жетіп, мемлекет экономикасының бірыңғай индустриалды-инновациялық өсу схемасына енді. Республикасы Президентінің Мұрағатында жаңа заман тарихы бойынша бірегей құжаттар сақталуда. Бұл құжаттар ХХ ғасырдағы түсті металлургияның даму және қалыптасу тарихын ашады. Осы тарихи уақытқа елдің жер қойнауын игеру мәселесі тұспа-тұс келді. Мемлекеттік мұрағаттар қорларында (ҚР Президенті Мұрағаты, ҚР ОММ, ҚР КФДЖ ОММ, Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты) 1845 жылдан бастап көптеген құжаттар қалған, солардың бір бөлігі тарихи-құжаттық көрмеге шығарылды. Көрмеде XIX ғасырдың бірінші жартысынан бастап Қазақстан аумағындағы геологиялық зерттеулер туралы бірегей құжаттар ұсынылады. Семей облысы аумағындағы алтын өндірісіне берілген рұқсат куәлігі, БКП (б) ОК Саяси бюроның қаулысын іске асыру туралы Қазөлкеком БКП (б) Бюро қаулысы, Солтүстік Қазақстан және Алтай аудандарындағы алтын өндірісін дамыту туралы, «Алтайзолото» тресті өнеркәсібінің жұмысы туралы, полиметалдық қазба қорын айқындау туралы, аудандардағы түсті өнеркәсәптің даму жетістігі туралы құжаттар қойылған. Сонымен қатар түсті өнеркәсіп кәсіпорындары басқармаларының даму жолдары, қойылған міндеттер, күрделі мәселелер туралы есептері мен баяндамалары көрмеге қойылды, — дейді көрмені ұйымдастырушы Мұрағат қорларын сақтау және мемлекеттік есепті қамтамасыз ету басқармасының жетекшісі Жәмилә Абдукадырова.
Көрме республикадағы түсті металлургия өндірісінің даму кезеңдері бойынша бес тақырыпқа бөлінген. Қазақстанның революцияға дейінгі металлургия өнеркәсібі майдагерлік өндірістерден бастап қалыптасқан. Олар полиметалдық рудалар өндірді, одан мыс, қорғасын, мырыш, алтын және күміс өндірді. Бұл бөлімге XIX ғ. ортасынан 1917 жылға дейінгі құжаттар кіреді. Екінші бөлімге 1928–1940 жж. қамтитын құжаттар кіреді. Түсті металлургияның жаңа даму кезеңі тек Қазақстанда ғана емес, бұрынғы Одақ аумағында 1917 жылы 27 қарашасында қабылданған В.И. Лениннің «Жұмыстық бақылау туралы Ережесімен» байланысты. Қазақстанда азамат соғысы жылдарында талқандалған түсті металдар өндірісін кеңейту, дамытуға жаңа мүмкіндіктер туды. Бұл мүмкіндіктердің жүзеге асырылуы қиынға соқты. Қиындықтарға қарамастан түсті металлургияның жұмысшылары қираған шахталар мен бұзылған жабдықтарды қалпына келтіру бойынша көп еңбек сіңірді, білікті кадрлар дайындала бастады.
– Көрмеге шығарылған құжаттардың ішінде республика аумағының геологиялық зерттеу бойынша жүйеленген, жоспарлы түрдегі жұмысын бастау туралы ақпараттар бар. Риддер байыту фабрикасы және қорғасын зауыты, Ертіс мыс еріту зауыты, Қарсақпай мыс еріту зауыты, «Алтайполиметалл», «Колбаолово», «Убаредмет», «Нарымолово» және бсқалары іске қосылды. Қазақстанның түсті металлургия тарихында соғыс кезеңі ерекше орын алады. Ұлы Отан соғысы кезінде түсті металлдар өнеркәсібіне қомақты материалдық құралдар мен еңбек ресурстары тартылды. Қойылған құжаттар кен орындары мен байыту фабрикаларын тездетіп салу мен іске қосу туралы көрініс береді. Өскемен қаласында Орджоникидзе қаласынан көшірілген «Электроцинк» зауытының негізінде мырыш зауытын салу туралы да ресми құжаттар бар. Бұл саладағы дәл осындай көрме бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақыттарда мұндай көрмелерді жиі ұйымдастырамыз деген жоспарымыз бар, — дейді осы көрмеге шығарылған құжаттарды дайындаған дардың бірі, Президет архивіндегі Мұрағат қорларын сақтау және мемлекеттік есепті қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы Гаухар Бекішева.