АЛТЫНОРДА
Новости Шымкента

Темірлан АЛМАС.АУЫЗСУ ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОЙЫЛДЫ

суШымкент қаласының аумағы жыл сайын кеңейіп, тұрғын саны өсіп келеді. Географиялық шекарасы ұлғайып, демографиялық саны  өскен қаланың коммуникация, әлеуметтік қызмет көрсету салаларын дамытумен қатар халықты ауызсумен қамтамасыз ету де бүгінгі күннің басты мәселелерінің біріне айналды.

         Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы республиканың ең ыстық жерлерінің бірінде орналасқандықтан, әсіресе жазғы уақыттарда қала тұрғындары су тапшығын көреді. Әсіресе жаңадан бой көтерген кейбір шағын аудандарда су құбырлары жүйесі толық іске қосылмай жатса, кейбір аудандардағы құбырларда ақаулар пайда болады. Жақында Шымкент қаласынджағы «Шаңырақ» шағын ауданын ауызсумен қамтамасыз ететін су стансасы қайта жөндеуден өткізіліп, ауыз су мәселесі толығымен шешілді.

«Шаңырақ» шағын ауданында орнатылған су станциясында жүргізілген қайта өңдеу жұмыстары қуат күшін 30 пайызға дейін үнемдейді. Су стансасы 500-ден астам тұрғын үйді ауызсумен толықтай қамтамасыз етеді.   Жергілікті атмосфера жағдайларына байыланысты арнайы құрылған су стансасы бұдан үш жыл бұрын іске қосылған. Қайта өңдеу жұмыстарына дейін су стансасы тоқтаусыз, толық күшімен жұмыс істеп келген. Өйткені «Шаңырақ» шағын ауданында тәуліктік су қорын жинау қоймасы болмамаған. Қазір қайта жөндеуден өткеннен кейін оның өнімділігі тәулігіне 720 текше метрді құрайды. Сорғы құралдарындағы әр құрылғының өнімділігі – 10 м3/сағ, суды биіктікке көтеру күші – 120 метр, қуаты –11 кВт/сағ.

Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС бас электригі Керімбек Ағабаевтың айтуынша, 2012 жылы іске қосылған су стансасының құрылысында бірқатар қателіктер кеткен көрінеді. Суды жіберу уақытында қысым тек су тартқышта ғана пайда болған. Бірақ су тартқыш белгілі көлемде суды ұстап тұра алмайды. Сол себептен су құбырлары шамадан тыс қысымды көтере алмай, жиі-жиі жарыла беретін. «Алты ай бойы біз осы мәселемен бас қатырдық. Осы уақыт аралығында су құбырларының 15 апаты тіркелді. Құбыр жарылуны байланысты болатын апаттардың салдарынан судың көп бөлігі далаға кетті. Осының бәрін ескере отырып, қайта өңдеу жұмыстарын жүргізу жөн деп таптық», — дейді Керімбек Ағабаев.

Қайта өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін 1 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген. Бұл қаржы жоспарлы мақсатқа жұмсалып, жұмыс уақытында басталды. Барлық қажетті шаралар орындалып, қоршаған орта тазалығы мен келешектегі су сапасына да айырықша назар аударылды. Барлық жұмыс процесі қазіргі кезде компьютердегі арнайы бағдарлама арқылы бақыланатын болды. «Шаңырақ» шағын ауданынының тұрғындары қазір суден тапшылық көрмейтін болды, толық ауыз сумен қамтамасыз етілді.