АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Темірлан АЛМАС .ЕТ ӨҢДЕУ КЕШЕНІ ӨНІМДЕРІН ЭКСПОРТҚА ШЫҒАРАДЫ

IMG_6423«ҚазАгро» ұлттық холдингінің жерісі бойынша қаржыландырылған кезекті жоба жұмыс режиміне көшіп, алғашқы экспорттық топтаманы дайындай бастады.  Батыс-Қазақстан облысындағы «Батыс Марка Ламб» ЖШС жаңа етті қайта өңдеу кешені Өзбекстан Республикасына экспортқа шығарылатын ет өнімдерін дайындау үшін мал союды бастады. Алайда, қазақстандық кәсіпорынның жоспары бойынша негізгі экспорттық бағыт – Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербург сияқты басты қалаларының нарықтары. Ресейлік әріптеспен жасалған шартқа сәйкес, компания қой етін солтүстіктегі көршіге қарай жөнелтуді де жоспарлап отыр.

Тәулігіне қуаттылығы 1400 шағын мүйізді мал басы (ШММ) сойылатын  блокты еттер мен вакуумдық қаптамалардағы ірі кесек турамаларды шығаратын етті қайта өңдеу кешенін құру жөніндегі жобаны «ҚазАгро» ұлттық холдингі құрылымындағы даму институты «ҚазАгроҚаржы» компаниясы қаржыландырады. Холдингтің инвестициялық бағдарламасының шеңберінде іске асырылған нысанға компания шамамен 2,2 млрд теңге инвестиция салды. Кәсіпорында италияның «Rovani SrL» фирмасының жабдықтары орнатылған. Жоғары технологиялық желі малды союдан және ететрді бөлуден бастап бастап  терең тоңазыту және буып түюге дейінгі толық өндірістік циклды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.  

«Батыс Марка Ламб» ЖШС директоры Бақытжан Кескінбаевтың айтуынша, Өзбекстандық әріптестермен ұзақ мерзімдік келісім-шарттардың шеңберінде компания оңтүстікке 100-150 тонна қой етін жөнелтетін болады. Қазіргі уақытта «МАРКА Lamb» сауда маркасымен шығарылатын өнім жергілікті нарықтарда, сондай-ақ Алматы облысының нарықтарында сатылады. «Етті қайта өңдеуші кешен үшін малдар жақын орналасқан бес ауданнан сатып алынады, олардың шаруашылықтарында облыстағы миллиондаған бас малдың 60 пайызынан астамы ұсақ мал. Ет комбинатының өндірістік желісін іске қосу 80 жергілікті тұрғынды оқытып, жұмысқа тұруына көмектесті.  Өндірісіміз толық қуатымен Ресей бағытына экспортқа шыққан жағдайда, жұмыс орыны 150 адамға дейін көбейеді» дейді кәсіпорын басшысы.

«Батыс Марка Ламб» ЖШС етті қайта өңдеу кешені бүгінгі күні республиканың агроөнеркәсіптік кешенінде «ҚазАгро» ұлттық холдингі іске асыратын 529 инвестициялық жобаның бірі болып табылады. Оның жиынтық құны 325,1 млрд теңгені құрайды. Осы жобаларды салып және пайдалануға берудің арқасында 16,4 мың жұмыс орнын құру болжанады. «ҚазАгро» холдингінің барлық инвестициялық жобаларының ішінде бүгінде өндіріске 418 жоба қаржыландырылып және іске қосылды, оның жалпы құны 234,5 млрд теңге және 12,8 мың жұмыс орны құрылмақшы. Осы ретте оның биылғы жылы пайдалануға жалпы құны 13,5 млрд теңгенің 56 инвестициялық жобасы іске қосылды. Жалпы осы жылдың басынан бастап «ҚазАгро» ұлттық холдингінің АӨК қаржыландыруының жалпы көлемі 205,2 млрд. теңгені құрады. Осы соманың АӨК субъектілерін несиелеуге холдингпен 168,2 млрд теңгесі, ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуға — 36,99 млрд теңгесі бағытталды.

ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ  оның құрамына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Холдингтің құрамына: «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ кіреді.