АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қайыржан ТӨРЕЖАН.АТЫС ҚАРУЫ ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІНДЕ БОЛҒАН

????????????????????????????????????

Зеңбіректерін тізіп қойып аузынан от шаштырған қазақтың ата жауы, жеті басты жоңғар айдаһарына қарсы Қабанбай батыр жалаң қылышпен ғана шаппағаны белгілі. Демек, қазақ әскерлерінде де зеңбіректер болған. Әйтпесе қалмақтың қалың қолын қалай жеңер еді?  Алғаш атыс қарулары қазіргі Қазақстан аумағында шамамен ХІІІ-ХV ғасырларда, Алтын орда дәуірінде болған екен. Бұл туралы жақында Қазақстан Қарулы Күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өткен «Алтын орда: Тарих және мәдени мұра» ғылыми материалдар жинағының тұсаукесерінде айтылды.

«Алтын орда: Тарих және мәдени мұра» ғылыми материалдар жинағында жалпы тарих бойынша жұмыстардан басқа әскери тарих та тереңдетіліп ұсынылған. Кітапта ХІІІ ғасырдан бастап ХV ғасыр аралығындағы Алтын орданың әскери тарихы бойынша материалдар, зерттеулер бар. Алтын орда дәуіріндегі қару-жарақ мәселелері, тактика, стратегия, дәуірдің кейбір әскери-саяси оқиғалары қаралады. Бұл жерде Алтын орда әскери-саяси күштің сол замандағы елеулі геосаяси фактор болғанын және халықаралық саяси өмірде басты рөлге ие болғанын айта кеткен жөн.

Алтын Орданың тарихи және мәдени мұралары туралы ғылыми материалдарға қарап отырсақ оқ-дәрімен атылатын атыс қарулары бүгінгі біз өмір сүріп жатқан аумақты сол кездің өзінде қолданыста болған екен. Демек, біздің бабаларымыз садақ, қылыш, шоқпар, найзамен қатар мылтық асынып, зеңбірек сүйретіп жүрген. Атақты Шыңғысханның немересі Құбылай зеңбіректерін артып қытай, корей, жапон елдеріне дейін жаулауға барған. Қазақтың ұшы-қиыры жоқ сары даласына әмір жүргізген Жошыда да зеңбіректер болған. Одан бергі Абылайхан заманында атыс қаруының түр-түрі жасалды.

пушки– Алтын орда дәуірінде Қазақстанның аумағында атыс қаруы пайда болғанын бірі білсе, бірі білмейді. Біз оны кейінірек пайда болды деп ойладық, ал негізінде әскери-тарихи мұражайдағы жәдігерлер сол уақыттың қазыналы әскери-материалдық мәдениеті туралы сыр шертеді. Моңғол империясының қойнауында 15-ші жүз жылдыққа дейінгі болашақ Алтын орда қалыптасты. Бұл жаулап алу қарулары күшінің арқасында болды. Жаулап алудың феномені әскери тарихтағы болған революциямен байланысты. Біз үшін Алтын орда дәуірінде әскери істің дамуы аса қызығушылық туғызуда. Ол Шыңғысхан дәуіріндегі әскери істің жалғастырушысы және осы үлкен аумақта өмір сүрген барлық көшпелі халықтың әскери ісінің дамуының жоғары кезеңі болып табылады. ХІІІ-ХV ғасырлар біз үшін аласапыран, шешуші болды. Сондықтан әскери өнерді зерделеу, әскери істі, қару-жарақты дамыту жағынан мүдделі болып, қызығушылық туғызды, — дейді жинақтың жауапты редакторы, тарих ғылымдарының докторы