АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Пара беріп өскен ұрпақ кім болады?

0418fbc724e689d291f771ae3ec«Саудагер» деген сөз бұрындары белгілі бір заттар мен мал-мүлкіті айырбас жасайтын, сататын, сатып алатын адамдарға ғана қаратылушы еді. Ал, бүгін бұл ұғымның қамту аймағы барынша ұлғайып, материялдық әлемнен рухани әлемге дейін көтерілді. Көше бойында темекі мен шемішкесін сатып тұрған қарт аналардан бастап, отанын саудаға салып жүрген шенділерге дейін неше түрі бар.

Сауда қашанда екі жақтың арасында жүреді. Сұраныссыз өнімнің саудасы да болмасы анық. Ендеше, біздегі сатылып жатқан құндылықтар мен саудаға түскен  сан саланың базарының жүруіне, әрине, өзіміздің ықпалымыз бар болғаны. Онда сауданы жасап алып, ертесі саудагердің ашкөздігін айтып айғайлап шығыумыздың не мәні болмақ? Негізінен руханият әлемінің саудалары көбінде жасырын жүреді. Егер, оның бірі ашылып қалар болса жерден жеті қоян тапқандай шуылдап шығамыз. Міне, сондай сауданың бірі жақында ашылып, саудагер лайықты жазасын алды.

Бір айдың алдында апта бойы қызу тақырып болған, емтихан бағасы үшін саудаласқан колледждің мұғалімі мен директорын жұмыстан шығарыпты. Дұрыс-ақ дейміз, бірақ бұдан біз жемеңқорлықтан құтылып кетбесіміз тағы белгілі. Біздегі оқу саласындағы жемқорлық сол бір мүғалім мен сол колледжде ғана емес екенін бәріңіз білесіз. Қазіргі таңдағы жоғарғы оқу орындарындағы баға бағамынан көпшіліктеріңіз хабардар шығарсыздар. Соған қарап біз талқылағандай колледждің мұғалімінің студенттермен болған саудасы аса бір таңқалатындай жаңалық емес.

Руханият әлемінің саудасы мен саудагерлері туралы ресми деректердің болу мүмкіншілігі аз. Десе де, бұл ортада бейресми деректер ресми деректерге қарағанда сенімдірек. Сондықтан күнделікті көрініс тауып жатқан бейресми деректерді пайдалана бергенді жөн көрдім. Өткенде әлеуметтік желіде бір қолданушы адам өмірге келген күннен бастап өмірден өткенше саудаласып, заң бұзып өтеді деген еді. Расында да, біз қашанда жеңіл жол іздеуге әуесбіз. Қандай да бір нәрсені тезірек біткенін қалаймыз да, сауданы алдымен өзіміз бастаймыз. Бала өмірге келейін деп жатқанда ана мен балаға жақсы қарасын деп дәрігермен саудаласқанды жақсы көрсек, ажалымыз жақындағанда ажалмен саудаласа алмасақ та, дәрігермен саудаласып қалғымыз келеді. Күнделікті өмірде заң бұзып жатсақ та, саудаласып, өзгелерді де заң бұзуға жетелейміз. Ақырында, ең жек көрінішті адамдар заңды алымен бұзушы емес, заңдардың орындалуын қадағалаймын деп заң бұзғандар болып шыға келеді.

Ал магистратураға түсу 3 те 5 мың доллар болса, докторантураға түсу 5-10 мың доллар арасында саудаланатыны туралы да айтып жүр. Осының бәрін министрлік көрмей, білмей жүр деп айтуға келмес. Көрсе де, білсе де онымен күресуге құлықсыз болар.

Білім саласына келсек саудамыз балабақшаның кезегінен басталып, қолымызға барлық дипломдарымызды алып, жұмысқа шығыумызға дейін жалғасады. Мектепте баламызды дұрыс оқуға жетелей алмасақ та, жоғарғы оқуға түсірудің жолын іздеп саудаласамыз. Оқуға түскен күннен бастап, емтихандар мен аралық бақылауларды саудаға саламыз. Қазіргі емтихан бағалары өткендегі тараған видеодағыдай ең төмені 2 мың теңге болса, уинверситеттердің атағы мен дәрежесіне қарай өсе береді. Мемлекеттік университеттер мен жеке меншік университтерде 3 те 5мың арасында болса, ұлттық университеттерде кей сабақтар 10-15 мың теңгеге дейін барады дейді. Тіпті, біздің елде атағы алатаудай болып жүрген, аттары қазақ деп басталып артына әлде бір шетелді қосып қойып жүрген университтерде бұл жағдай тіпті де жаға ұстатады екен. Бір маусымдағы бір сабақты жабу 500 долларға дейін бағаланады екен. Ал магистратураға түсу 3 те 5 мың доллар болса, докторантураға түсу 5-10 мың доллар арасында саудаланатыны туралы да айтып жүр. Осының бәрін министрлік көрмей, білмей жүр деп айтуға келмес. Көрсе де, білсе де онымен күресуге құлықсыз болар.

Екінші жағынан бұл студенттердің де өз кінәсі. Студент кезімді қосқанда университетте жүргеніме 9 жылдай болды. Сондағы көргендеріме негізделе айтар болсам, емтихан бағасы болсын, магистратура мен докторантураға түсу болсын, өздігінен саудаланбайды. Талапкерлер мен студенттердің өздеріне сенімізсіздігінен туындайды. Қай университет болсын жақсы оқыған студентпен саудаласа алмайды. Өз білімі жеткен адамға магистратуа мен докторантураға түсуде оншалықты қиын емес. Ал бүгінгі университет қабырғасында әр сабағына ақша төлеп оқыған, магистратура, докторантураны сатып алып оқығандар ертеңгі күні өздері шығындаған ақшасының орынын толтыру үшін өздері де парақор болып шығады деуге негіз бар.

Әрине, бұндай парақорлықтың кеңінен етек алуы биліктің, қазіргі шіріген жүйенің әсері екені белгілі. «Балық басынан шіриді», «ет сасыса тұз себеді, тұз сасыса не себеді?» дегенге сайып тұр. Бірақ жіптің екі ұшы болатынын ұмыпағанымыз жөн. Сондықтан, әркім жіптің өзі ұстаған ұшына ие болғаны абзал. Әр азамат «Саудагерлердің» тұтынушысы болмауға тырысу керек. Садагерлерде тұтынушысы болмаса саудаларын тоқтатары анық. Тойымсыз саудагерлердің құлқынының құлы болмау үшін, әр азамат өз ісіне жауапты бола алғаны жөн. Өз ісіне жауап бере алған азамат қашанда бәсекеге сай бола алады. Біз қазақ қоғамын соған дайындауымыз керек. Оны жасау әр азаматтың қолында.

 

Тұрдыбек Құрметхан

http://www.dalanews.kz/13740