[:kz]
Сұраққа Алматы қалалық №11 емхананың дәрігер — гинекологы Бахыт Дүйсембаева жауап берді.
Кейбір ер мен әйел бала сүю үшін қолдан келгендерінің бәрін істеп бақса да, нәтиже болмайды. Жүктілік басталмай қояды. Мұндай жағдайда не еркектің, не әйелдің бедеулік зардабына ұрынғаны анық. Көбіне мұндайда оларға ештеңе де көмектеспейтіні сөзсіз, әйтсе де кейбір себептерге байланысты жағдайдың оңғарылып кетуі де ғажап емес.
Бедеуліктің себептері:
Ұрықсыздық. Кейбір адамның организмі өмір бойы бала жасай алмайтындай боп қалыптасады, яғни мұндай жандар тумысынан ұрықсыз болып жаралады.
Әлсіздік немесе тамақтанудың жетімсіздігі. Кейбір әйелдерде қаны аздық тамақтың аздығы немесе организмде иод қоспасының жетімсіздігі оны жүкті боп бала көтеру мүмкіндігінен айырады. Осындай себептерге байланысты әйел өзінің жүкті боп қалғанын сезініп үлгергенше, түсік тастайды. Бала көтере алмай жүрген және түсік тастауға бейім әйелдер дұрыс тамақтанып, иодталған түзды күнделікті аста көбірек пайдаланғаны жөн, ал мүлдем қан аздық жағдайында (анемия), темір қоспалы дәрілер ішу керек. Бұл оның екіқабат боп, дені сау бала көтеруіне қолайлы жағдай туғызады.
Бедеуліктің тағы бір себебі:созылмалы инфекция, бұл, әсіресе, жамбастың қабынып ісінуіне қатысты болады да, әйелдің бала көтере алмауына әкеп соқтырады.Ауру асқынып кете қоймаған жағдайда, оны емдеп жазуға болады.
Соз бен хламидия ауруының алдын-алу және оны кешеуілдетпей емдеп, жазу әйелдің ұрықсыздығын болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Ер адамдардың кейбірде әйелдерді ұрықтандыра алмайтын жағдайлары да кездеседі, мұның себебі олардың организмінен жасалып, жинақталып шығатын шәуһеттің (сперматозоидтың) көлемі тиісті мөлшерден аз болады. Мұндай еркектер бірқатар уақыт бойына, әйелінің етеккір цикліндегі ұрықтануға қолайлы сәті түскенше, яғни жүкті болу мүмкіндігінің алғашқы және соңғы уақыты аралығындағы мезетке шейін жыныстық қатынас жасаудан өзін тежей тұруы қажет.
Еркек бедеулігінің себебі неде? Еркектің ұрығы клеткалардан тұрады. Олардың бір милилитрінде 60 миллиондай ұрық болуға тиіс. Егер ұрықтар саны одан кем болса, ондай ұрықтың бала жасауға шамасы келе бермейді. Жыныс клеткаларының кемдігі, яғни оның болмауы (азооспермия) кейбір ұзын бойлы, қыл мойын, жас жігіттерде жиі кездеседі. Бұл секілді жағдай олардағы уақытша құбылыстың, болмаса тұрақты бедеуліктің белгісі болуы мүмкін.
Кейбір адамдардың жыныстық қатынас пен ішімдікке құмарлығы, денедегі қоректік заттардың алмасуының бұзылуы немесе сульфамиды секілді дәрілерді дәрігердің бақылауынсыз өз бетімен ұзақ ішуі де ұрықтың сапасын кемітеді, қасиетін жояды.
http://anabol.kz/
[:]