[:kz]
Путинге тықыр таянып келеді. Бұрын Путин жақсы тактик: Қырымды Ресейге дымын шығармай Украинадан қосып алды. Бірақ, Путин жаман стратег дейтін: Істеген ісі өзіне және Ресейге зауалды болып шықты. Бірақ өмір басқасын көрсетті: ол нашар тактик және нашар стратег екен. 2014 жылғы Ресейдің Украинаға агрессиясы, заңсыз қосып алған Украина территориялары Батыс елдер бірлестігі — НАТО әскери-саяси ұжым мүшелері үшін Украина жеріне жасалған басқыншылық деп бағалады. Батыс елдері және олардың одақтастары Ресейге финанстық, экономикалық,технологиялық санциялар салды. Ресей басқыншылары Украинада сепаратистер күшімен гибридтік аралас-әскери -партизандық қосындар тактикасын пайдаланды. Ресей басшылығының жетегінде жүрген сепаратистер Малайзияның пассажирлік ұшағын атып түсірген. Сонымен, Батыс елдер қауымдастығы үшін Ресей — агрессор мемлекет, орысша айтқанда «изгой». Ал, Малайзия ұшағының обалына Путин қалатын түрі бар.Олай болса Путинді халықаралық сот күтіп тұр. Енді Батыс елдер қауымдастығы бағалауынша Ресейден жаман мемлекет жоқ, ал Путинді Гитлермен теңейтін болды.Сонымен Ресейдің жағдайы мүшкіл, экономикасы тығырыққа тірелді.Ресейдің ІЖӨ (ВВП) оныншы-он бірінші орынға түсіп Ресейдің ІЖӨ (ВВП) көлемі Бразилиядан төмендеп Испанияға жақындады. Кезіндегі Ресейдің экономикалық өрлеуі Гайдар реформалары және мұнай бағасының көтерілуінің әсері еді. 2014 жылғы Украинаға Ресей бастаған соғысынан кейін Ресей халқының тұрмысы жыл санап төмендеп келеді. Ресейдің экономикалық дағдарысы орыс халқының наразылығын тудырады, Ресей өз күйреуіне бет алды.
1858 жылғы Айгун және 1860 жылғы Пекин келісімдеріне сәйкес Ресей Қытайдың екі ірі өлкесін тартып алды. Оның алдында Қытай әскери-саяси үлкен дағдарысқа түскен. Апиын соғыстары мен тайпиндер көтерілісі Қытайды үлкен дағдарысқа ұшырауының көп себептерінің бірі ғана болатын.
Ресейден басқа ұлы державалар Қытайдан тартып алған жерлерін Қытайға қайтарып берді. Ең соңғы болып Ұлыбритания өз отарын Қытайға қайтарды.Ресей Украинадан Қырымды тартып алды, сондықтан халықаралық құқықты Еуропа территориясында бұзды. Олай болса, Германия Калининград облысына (бұрынғы Пруссияға) дәмелі. Сондықтан, Германиядан Қытайға айырылған екі өлке туралы ескі карталарды жіберілуде, Айгун және Пекин келісімдеріне астарлы меңзеу. Осы себептен және басқа факторларға байланысты Қытай Ресейге жылы қабақ танытпай отыр: не кредит бермейді, не пәлендей инвестиция жасамайды. Батыс пен Қытай Ресейдің толық дағдарысқа түсуін күтуде-кейін Ресейді талайды және Қытай-Айгун және Пекин келісімдердегі айырылған жерлерді, ал Германия Пруссиясын қосып алады.
Қазақ жерін фермерге беруді қызғанбайық, фермерлердің 80%-ы — қазақтар. Біріншіден, жерді жеке меншікке беру (100 теңгеге фермерге сату және дереу жеке меншік иелік туралы акт беру): фермерлер кредит алады банкіден және сол ақшаға техника мен тыңайтқыш алады; фермерлер өз жеке меншік жерін сатуға немесе қосымша жер сатып алуға тырысады. Көптеген орыс тектілер өз жерін сатып құтылып Ресейге көшеді. Себебі орта есеппен Ресейде тұрмыс деңгейі жоғарылау, ал жер алу су тегін. Сондықтан, басқа ұлт өкілдері қазақтың жерін иемденіп қояды деген ой негізсіз. Екіншіден, ірі жер меншігі, латифундистердің жерін заңсыз иелік ретінде тәркілеу(конфискация) керек. Үшіншіден,біздің латифундизм -феодализм.Феодализм ары дамыумызды тежейді. Төртіншіден,тәркіленген жер фермерлерге жеке меншікке беріледі. Қала түбіндегі жер тек үй салуға беріледі. Олар да жеке меншікке алған жер арқылы үй салуға несие алдады, кейін қалада кәсіп жасайды, жұмыс табады. Бесіншіден, үш мемлекет (ол Қытай, Ресей және Өзбекстан) азаматына немесе олардың экономикалық субъектісіне жер арендаға да, меншікке берілмейді.
Келіспеймін, пәлендей маңызды ұқсастық жоқ. Біріншіден, Қазақстан (қазақтар) басқа мемлекеттің жерін басып алған жоқ, ешбір мемлекетпен соғыс жағдайында емес, ал, Армения Қарабақты және жапсарлас жерлерді басып алып, Әзірбайжанның келесі шабуылын күтуде. Екіншіден, бізде демографиялық және миграциялық сальдо. Армения халқы азаюда: 3 млн азырақ. Ал қазақтың саны өсуде-12 млнға жетіп қалды.1999-2009 жылдары 26,3%, келесі онжылдықта 2009-2019 тағы да аз дегенде 23% ке өспек. Қазақтар өз еліне көшкенді мақсат, мәртебе көреді, ал армяндар шет елдерге көшуді жақсы альтернатива деп біледі. Үшіншіден, Арменияның сыртқа шығуы үлкен проблема – Түркия мен Әзірбайжанмен – араз, Грузиямен қатынастары аса жақсы емес. Ал, бізде де логисткалық қолайсыздықтар бар, бірақ Армениямен салыстыруға келмейді – бізде жағдай артық. Бесіншіден, бізде – мұнай, уран, мыс, қара метал-яғни шикізаттық диверсификация бар, биік технологияны енді ғана игермекпіз. Алтыншыдан, Армения бір ұлтты мемлекет деуге болады, біз полиэтникалық мемлекетпіз, бірақ қазақтың үлесі 69% жетті. Армения-жұпыны мемлекет. Екі ұлт та ұлтжанды келеді, екі ұлт та тәуір оқыған, екеуі де орыстілдік желіде.
Әзімбай Ғали
[:]