АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Трамптың билікке келуінен әлем неге қорқады?[:]

[:kz]

скачанные файлы (5)Дональд Трамп — әлемдегі ең ірі миллиардер. Оның АҚШ президенттігіне кандидаттыққа түсіп жатқаны белгілі. Саясаткерлердің түсінігінде, Трамптың билікке өзін ұсынуы — саясаттағы ешкім күтпеген құбылыс. Себебі, көпшілігіміз білетіндей, АҚШ-ты президент емес, белгілі бір тұлғалар тобы басқарады. Президент солардың қолындағы «пешка» десек, қателеспейміз. Қай елге соғыс ашу, санкциялау, заң қабылдауды сол «көлеңке астындағы адамдар» шешеді. Буш, Обама да берілген нұсқаулықты орындаушы ғана. Енді келіп, күтпеген жерден Трамп билікке ұмтылады. Ал шылқыған байлық иесі, Донекең ешқандай айтақтаушылардың айтағына еруші емес. Керек десеңіз, олардың өздерін айтақтауға құзыреті жетеді. Трамптың негізгі қарсыласы — Хилари Клинтон. Бұл әйелді Обаманың саясатын еш өзгертпей, жалғастырушы ғана деп ұғады мамандар. Яғни кезекті бір марионетка. Бостандықсүйгіш Америка халқы үшін мұндай билерден гөрі Трамптың түр-тұлғасы анағұрлым сүйкімдірек.
Қазірдің өзінде халықтың негізгі бөлігі Трампты қолдауда. Себебі ол қалың бұқараның көкейіндегі мәселелерді айтып, тамырын дөп баса білді. Мысалы, біріншіден, Трамп гейлердің құқығын төмендетпекші. «Бала деген әкесі мен шешесі бар отбасында тәрбиеленуі қажет» дейді ол өз сөзінде. Ал Обама 2012 жылғы сайлауда өзінің негізгі қарсыласы Митт Ромниді «гейлерге үйленуге, бала асырап алуға құқық беру» арқылы жеңген болатын (51%).
Екіншіден, Трамп мемлекеттік қауіпсіздікті күшейткісі келеді. Ол үшін Мексикамен шекарада 3 мың шақырымға созылған қорған салмақшы. Сол арқылы елге бірде-бір көлік, жаяу жүргінші кіргізбейді. Сонымен қатар, ол НАТО құрамынан шығуды көздейді. Оның есебінше, НАТО-ға төленетін жарнаның көлемі тым көп, алайда АҚШ-тың қауіпсіздігін қорғап отырғаны шамалы.
Үшін-шіден, босқындар мен иммигранттарды елге кіргізбеу. Елде жүрген 11 млн. иммигрантты еліне қайтаруды қалайды. Мұсылмандарды толықтай зерттеп, ниетін білмейінше, оларға мүлдем есік ашпау қағидатын ұстанғысы келеді.
Төртіншіден, АҚШ-тың сырт елдермен сауда келісімі ел үшін тиімсіз. Ел азаматтарының құқықтары қорғалмаған. Солтүстікамерикалық еркін сауда келісімі, Транстынықмұхиттық саудалық әріптестігі секілді келісімдерді бұзып, Америка азаматтарының құқығын қорғайтын келісім құру.
Бесіншіден, Трамптың пікірінше, Американың сыртқы саясатында іліп аларлық құндылығы жоқ. Бір стратегия, жоспар жоқ. Керісінше, Обама әкімшілігінің жауапсыздығынан Ирак, Иран, Ливия сынды елдерде мағынасыз соғыс жүргізіп, қолдан жасап алған ИШИМ-мен күресуде деген ойда.
Жалпы алғанда, Трамптың сайлауалды бағдарламасы халықтың қолайына келіп тұр. Кейбір тәуелсіз журналистердің бағалауынша, мұндай бағдарламасы арқылы халықтың көңілін жаулау кезіндегі Гитлердің неміс халқын фашистік идеологияға жетелеуіне қатты ұқсайды. Бір байқағанымыз, Трамп қай мәселеге болсын пайдалық тұрғыдан қарайды, өзі кәсіпкер болғандықтан, кіріс пен шығысты есептеп барып, шешім қабылдайды. Соңғы аптада елде бірнеше жерде атыс болып, оның бәрі Хилари Клинтонның беделін түсіріп тастады.
Бір нәрсе айдан анық, көптеген елдер Трамптың билікке келуінен қорқады. Себебі өзге президенттер секілді, билікке келген тұста адамдар бағдарламасына сай жұмыс істемейді, мүлдем басқа әрекеттерге көшуі мүмкін. Трамп сайлауға түскенде АҚШ-тың белді жазушылары қарсы шығып, хат жазған болатын. Сонымен қатар, Трамп мұсылмандарды өлердей жек көреді. Оны талай дәлелдеген. Қарбаластың соңы не болатынын 8 қарашада сайлау өткен соң білетін боламыз.

Мирас Кесебаев

http://www.kazakhstanzaman.kz/

[:]