АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Айдарлы бала – ерекше бала ма ?[:]

[:kz]

20140907071105 Қасиетті қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп. Ұлттық дәстүрдің біразының бүгінде ұмыт болып бара жатқаны рас. Ал, кейбірі керісінше, заман ағымына сай жаңарып, тіпті сәнге айналып, жастар арасында үлкен сұранысқа ие. Халқымыздың сондай ұмытылмай келе жатқан дәстүрлі мәдениетінің бірі — шаш қою үлгісі. Ерте кезде қазақтың көшпелі қоғамында адам шашы ерекше қастерленгендіктен, ер балаға шаш қоюдың да, қыз баланың шашын өсірудің де өзіндік қағидалары болған. Сол ғұрыптық мәдениетіміз кеңестік дәуір саясатының астында көміліп жатып, қазақтың бүгінгі жаңа қоғамында балалардың бойында өзіндік жарасымын тауып, тіптен сәнге айналып келе жатыр десек, артық айтқандық емес. «Айдарлы бала айбарлы бала» деген нақылды ту еткен кейбір ата-әжелер  немерелерін  қырқынан шығарысымен төбесіне айдар, маңдайына кекіл, желкесінен тұлым қалдырып, ерекше сән үлгісін жасап жатады. Айдар мен тұлым жас өскінді тіл мен көзден сақтаса, кекіл сүйкіміне сүйкім қосады. Енді бір ырымдарда, жалғыз баланың «соңынан іні-қарындастары ілессін»- деген мақсатпен ұлдарының желкесінен тұлым қалдырады делінеді.

 Айдар шашы бар балаға жасайтын тағы бір шаш үлгісі — төбе шашын ұзарта өсіріп, моншақ араластыра өріп қою. Бұл ғұрып негізінен, тіл – көзден сақтау үшін ер балаларға жасалады. Мәселен, Кенесарының інісі Наурызбай батырдың ұзын айдары болғаны тарихтан белгілі. Ақсарбас атау. Адамдар қауіп-қатерге ұшырағанында «Аллаһ Тағала мені осы қиындықтан құтқара гөр! Ақсарбас!» деп құдайы атайтын болған. Мұндай жағдайда «Ақсарбас!» деп үш рет айқайлаған. Сосын қауіп-қатерден аман қалғанында әлгі адам ауыл аймағын шақырып құдайы ас берген. Ақсарбасқа шалынатын малдар: бозқасқа (қой), көкқасқа (жылқы), қызыл-қасқа (сиыр). Адам ақсар-бас атағанда қай малын айтса, соны құдайыға союға тиіс.

http://anabol.kz/

[:]