АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда қырғын салған Күлекбаевқа өлім жазасы кесілді[:]

[:kz]

images

Бүгін Алматыдағы  ЛА 155/18 Тергеу абақтысында Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Болатов Алматыда теракт ұйымдастырып, 10 адамның өмірін қиған Руслан Күлекбаевқа қатысты сот үкімін оқыды.

«Руслан Күлекбаев ҚР Қылмыстық кодексінің (ҚР ҚК) 255-бабы, 4-тармағы (лаңкестік акт), 99-бабы, 2-тармағы (екі немесе одан да көп адамды өлтіру), 24-бабының 3-тармағы (өлтіру үшін шабуыл жасау), 192-б. 4-т. (топ адамға қарақшылық шабуыл), 287-б. 4-т. (заңсыз қару тасымалдау), 288-б. 2-т. (қаруды заңсыз жасау), 291-б. 4-т. (қару ұрлау), 200-б. 4-т. (көлік ұрлау), 126-б. 2-т. (адамды заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша, 58 бабының 4-бөлігін басшылыққа алынып, мүлкін тәркілеумен бірге өлім жазасы тағайындалсын», — деді судья Ерлан Болатов.

Қазақстанда өлім жазасын тоқтатқан мораторий 2003 жылдың желтоқсан айында енгізілді. Мораторий мерзімі шексіз болғанымен, ол қажет болған жағдайда тоқтатылады.

Президент Жарлығы өлім жазасы тағайындалған барлық үкімді тоқтатқан. Алайда, заң бойынша  соттарға қарауындағы іске байланысты жаза тағайындауына шектеу қоймайды.  Соңғы рет сот осыдан 10 жыл бұрын 2006 жылы өлім жазасын берген.

Күлекбаев ісі бойынша сот қорытындысындағы жарыссөзде Алматы қаласы прокурорының орынбасары Жарқынбек Бақашбаев соттан Күлекбаевқа өлім жазасын тағайындауды сұрады.

«ҚР ҚК 291-бабының 2-тармағымен, ҚР Конституциясында ең ауыр жаза өлім жазасы террорлық акті жасағанда қолданылатыны жазылған. ҚР ҚК 200-бабындағы террорлық актіге байланысты Ата Заң атынан, Қылмыстық істер жүргізудегі прокуратура қызметкеріне берілген өкілеттігі негізінде, 255-баптың 4-тармағына сүйеніп, мүлкі тәркіленіп, өлім жазасы берілуін сұраймын», — деген Бақашбаев ашық сот талқылауының 4-ші күнінде.

Сонымен қатар, прокурор Күлекбаев ісі бойынша жауапқа тартылған Рафик Люға мүлкін тәркілей отырып, 9 жылға, жазасын қатаң режімдегі колонияда өтеуді, Сапарбековтің мүлкі тәркіленіп, 12 жылға қатаң тәртіптегі колонияда жазасын өтеуді, Әсембекұлын мүлкі тәркіленіп, 11 жылға бас бостандығынан айыруға, Құсайынов 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Бұған дейін ашық сот талқылауының қорытынды жарыссөзінде Алматы қаласы прокурорының орынбасары Жарқынбек Бақашбаев жаза тағайындауды сұрамастан бұрын залда отырған жәбірленушілерден қаза тапқандардың суреттерін көрсетуін сұраған.

Айта кетейік, Күлекбаев ісіне қатысты тергеу тобы 57 сот сараптамасы мен зерттеулер жүргізді және болған оқиғаның барлық жәйттерін анықтау мақсатында 200-ден астам куәгерлер мен оқиғаны көрген адамдарды тергеді. 2016 жылдың 12 қазанында 61 томнан тұратын қылмыстық істің материалдарын зерттеу нәтижесі бойынша сотқа тапсырды.

Р.Күлекбаевқа нәтижесі 8 құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлерінің және 2 бейбіт тұрғынның өліміне алып келген террористік акт жасады деген айып тағылды. Сонымен қатар, ол 3 бейібіт тұрғынды өлтірмек болды деп айыпталды.

Нақтырақ айтқанда, айыпталушыға қатысты, ҚР Қылмыстық кодексінің (ҚР ҚК) 255-бабы, 4-тармағы (лаңкестік акт), 99-бабы, 2-тармағы (екі немесе одан да көп адамды өлтіру), 24-бабының 3-тармағы (өлтіру үшін шабуыл жасау), 192-б. 4-т. (топ адамға қарақшылық шабуыл), 287-б. 4-т. (заңсыз қару тасымалдау), 288-б. 2-т. (қаруды заңсыз жасау), 291-б. 4-т. (қару ұрлау), 200-б. 4-т. (көлік ұрлау), 126-б. 2-т. (адамды заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша қылмыстық іс қозғалған.  

Сондай-ақ, Р.Күлекбаевпен бірге сотқа атыс қаруын заңсыз сақтап, өзімен бірге алып жүріп, дайындап, Р.Күлекбаевпен бірге М. атты кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл ұйымдастырған Р.Лю, Ж.Сапарбеков, Д.Әсембекұлы, Е.Құсайынов, Н.Әбдімомын да сотқа берілді.

Айыпталушы Р.Люға қатысты ҚР ҚК 188-бабының 4-тармағы, 288-бабының 1-тармағы, 287-бабының 4-тармағына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ж. Сапарбековтің үстінен ҚР ҚК 192-б.4-т; 287-б, 4-т. бойынша қылмыстық іс қозғалды. Е. Құсайыновқа қатысты ҚР ҚК 192-бабының 4-тармағы бойынша, Д. Әсембекұлына қатысты ҚР ҚК 192-бабының 4-тармағы, Н. Әбдімомынға қатысты ҚР ҚК 287-бабының, 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Еліміз тәуелсіздігінің 25 жылдығын, Алматы қаласы 1000 жылдығын атап өткелі отырған қарсаңда елімізді дүрліктіріп, елді алаңдатқан 18 шілдедегі қанды оқиға аяқталуға жақын. Сотқа дейінгі тергеу органдары тарапынан сотталушыларға тағылған айып жан-жақты зерттеліп, толық дәлелін тапты. Жасалған қылмыстарды негізінен сотталушылар да жоққа шығара алмады. Ал жәбірленушілер мен куәгерлер олардың іске қатыстылығын тайға таңба басқандай анықтап берсе, сот сараптамалары олардың кінәсін толығымен бекітті. Осы қанды оқиға, лаңкестіктің қайда шыққанына тоқтала кетейік.  Біріншіден, осы қылмыстарды жасаған Күлекбаевқа қару қайдан келді? Екіншіден, Күлекбаевқа осы қылмыстарды жасауға не түрткі болды? Күлекбаев қолданған тегіс ұңғылы шолақ мылтық пен тапаншасы бүгін сот залында қатар отырған сотталушылар: Лю, Сапарбеков, Әбдімомындардың қолымен ұңғысы қысқартылып, дыбысын бәсеңдететін құралдармен жабдықталып қолдан-қолға өтіп, Күлекбаевтың қолына түсті. Ол сол қарумен ауыр қылмыстар жасағаны анықталды. Өзімен бір пәтерде тұрып өзімен қылмыс жасап жүрген Сапарбеков 2016 жылдың маусымында Алмалы аудандық сот үкімемен сот залында қамауға алынған соң Күлекбаев сыбайласының қылмысын әшкерелеген сот, прокурор, полиция қызметкерлерінен кек алуды дәл сол Алмалы аудандық сотынан бастамақ пиғылы болды»,- деген болатын.

Осыдан кейін Күлекбаевтың 18 шілдеде теракт жасауға дейін өзін іштей қаншалықты дайындағанын байқауға болады.

«Сол күні мыңдаған адамдармен қатар, қаза тапқан 10 адам да күнделікті жұмысына шыққан болатын. 18 шілде күні сағат 10.30 бен 11.30 аралығында Күлекбаев 10 адамның өмірін қиды, 7 адам, тек дәрігерлік көмек уақытында көрсетілгеннің арқасында тірі қалды. Олар кімдер еді? Кейбірі полицияға қызметке кіремін деп тәлімгер болып жүрген, екіншісі жұмысқа екі ай бұрын ғана қызметке кіріп, қолына автомат алып күзетке түскен азамат, ал кейбірі зейнеткерлікке шығамын деп армандап жүрген, екеу-үшеуі кеше ғана зейнеткерлікке шыққан азаматтар, олардың не кінәсі бар? Олардың артында қалған ата-анасы, балалары, ағайын-туыстарының не жазығы бар? Құрметті сот, заң бойынша сотталушылардың жазасын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар ғана ескеріледі де, жәбірленушілердің осындай ауыр жағдайы ескерілмейді. Менен кейін сөйлейтін қорғаушыларға, айыпталушыларға айтарым, жаза сұрардан бұрын немесе кінәсі дәлелденді, дәлелденбеді дегеннен бұрын, бір мезет залға қарап, қаза тапқандардың туыстарына көңіл бөлуді сұраймын», -деді прокурор Ж.Бақашбаев.

Анығында, қаншама адамды қырып салған Күлекбаев және оның сыбайластарына тағайындалған бүгінгі сот үкімі осыны көрсетсе керек.

kaz.caravan.kz/

[:]