[:kz]
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан (еліміздің атауы) сөзінің ағылшын тіліндегі транскрипциясын – «Qazaqstan» деп өзгертуге қатысты пікірін білдірді.
Сенат спикері Қазақстан атауының ағылшын тіліндегі нұсқасын «Qazaqstan» деп жазу дұрыс екенін айтып, өзінің «Twitter» желісіндегі жеке парақшасында бөліскен.
«Ағылшын тілінде QAZAQSTAN еліміздің ұлттық негізін дұрыс көрсетпек» дейді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Айта кетейік, осыған дейін елімізде кейбір банктер «К» әріпінің орнына «Q» әріпін қолдануды бастап кеткен. Тіпті, дәл осы транскрипциямен жұмыс істеп жатқан әуе компаниясы да бар.
Лингвистердің пікірінше, «қ» әріпі ағылшын тілінде «q» (кью) болып жазылады екен. Сәйкесінше «Қазақстан» сөзі «Qazaqstan» деп өзгеруі тиіс-тін. 1940 жылға дейін, Қазақ республикасына кирилица жазуы әлі енбеген кезде ел атауы латын жазуынша «Qazaq», «Qazaqstan» деп белгіленген әм жазылған. Ал «Kazakhstan» деген сөз ешқандай да елдік негізді көрсетпейтін, орыс тіліндегі «Казахстан» атауының тікелей транслитерациясы ғана болған.
Сонымен «Qazaqstan» ба, әлде «Kazakhstan» ба?
Нұрзат Тоғжан
Abai.kz
[:]