АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Жапониямен қарым-қатынасты дамыту біз үшін маңызды[:]

[:kz]

30702-212-n_rs_ltan_nazarbaev__ruЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев Токио қаласына келіп, Жапонияның императоры Акихитомен кездесу өткізді. Әңгіме барысында Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынасты нығайту және оны алдағы уақытта қарқынды дамыту перспективалары талқыланды.

Ұлт Көшбасшысы екі елдің түрлі сала­да­ғы өзара іс-қимылына, соның ішінде Жа­понияның Астанада өтетін Әлемдік және дәс­түрлі діндер көшбасшыларының съезіне тұрақты түрде қатысып келе жатқанына тоқ­талды. Бұл елмен халықаралық қауіп­сіз­дікті қамтамасыз ету, атап айтқанда яд­ро­лық қаруды таратпау және қарусыздану са­ласында сенімді серіктестік орнағанын айт­ты. Жаһандық қақтығыстарды реттеуге жә­не өңірдің тұрақты дамуына ықпал етуге Жа­понияның баға жетпес үлес қосқанын атап өтті. Бұдан бөлек, 2017-2018 жылдары елі­міз БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің тұ­рақ­ты емес мүшесі ретінде жауапты миссия атқару барысында ядролық қарусыз әлем қа­лыптастыру, энергетика, азық-түлік және су қауіпсіздігі мәселелерін шешуге бағыт­тал­ған шараларды қолға алатынын жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Пар­ла­ментінің Қазақстан Республикасымен дос­тық лигасының төрағасы Такео Кава­мура­мен және лига мүшелерімен де жүздесті. Мем­лекет басшысы Жапония Парламен­ті­нің Қазақстан Республикасымен достық ли­гасы екі ел халқы арасындағы страте­гия­лық серіктестікті нығайтуға баға жетпес үлес қосқанын атап өтті. Елімізге көрсетілген қол­дау мен ынтымақтастықты дамыту жо­лын­да жұмсалған күш-жігер үшін алғыс айт­ты.
– Сіздер бізге «ЭКСПО – 2017» көрмесін өт­кізу құқығына ие болу жолында және яд­ролық қарусыздану жұмысын жүргізу ба­ры­сында зор қолдау көрсеттіңіздер. Барлық ба­ғыт бойынша Қазақстан мен Жапония ын­тымақтастығы жанданып келе жатыр. Біз Тәуел­сіздіктің 25 жылдығын атап өтудеміз. Бұл онша ұзақ мерзім емес. Алайда осы уа­қыт ішінде біз көп жетістікке жеттік деп са­наймын. Жапониямен қарым-қатынасты одан әрі дамыту біз үшін маңызды. Біз – Азия елдеріміз, біздің тарихымыз ортақ, – де­ді Қазақстан Президенті.
Т.Кавамура кездесуге уақыт бөлгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірді.
– Келесі жылы Жапония мен Қазақстан ара­сында дипломатиялық қарым-қатынас­тың орнағанына 25 жыл толады, сондай-ақ «ЭКСПО – 2017» көрмесі өтеді. Біз бұл оқи­ғаларды парламентаралық тәжірибе ал­масу ісіне серпін беру үшін пайдалануды көз­деп отырмыз, – деді Жапония Парла­мен­тінің Қазақстан Республикасымен дос­тық лигасының төрағасы.
Т.Кавамура сондай-ақ еліміздің 2017-2018 жылдары БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңе­сі­нің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы­мен құттықтап, Қазақстан бұл міндетті ат­қару барысында ядролық қарусыздану мен таратпау ісіне бұдан да зор үлес қоса ала­тынын айтты.
Осы орайда Мемлекет басшысы өзінің «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесін жария­ла­ғанына және БҰҰ Бас ассамблеясы сес­сия­сында 2045 жылға қарай ядролық қару­дан азат әлем қалыптастыру мақсатына қол жет­кізуге шақырғанына тоқталып, осы бас­тамаларға Жапония тарапының да қол­дау көрсететініне сенім білдірді.

 

Бұдан кейін Президент Жапония пре­мьер-министрі Синдзо Абэмен кездесіп, екі ел арасындағы бірлескен мәлімдемеге қол қойды. 
Сонымен қатар ҚР Инвестициялар жә­не даму минстрі Жеңіс Қасымбек пен Жа­понияның Жер, инфрақұрылым, көлік және туризм министрі Кейчи Иши қос ведомство ара­сындағы меморандумды рәсімдеді. «Ас­тана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов пен Жапонияның Бағалы қағаздар диллерлері қауымдастығының халықаралық істер және зерттеу жөніндегі директоры Ишикура «Астана» халықаралық  қаржы орталығы мен Жапонияның Бағалы қағаздар дил­лерлері қауымдастығы арасындағы өзара түсіністік меморандумы туралы құжаттармен алмасты. Айта кетерлігі, 2016 жылдың 7 қарашасында Астанада дипломатиялық және қызметтік төлқұжат иелерін 2017 жыл­дың 1 қаңтары­нан бастап, визалық талап­тардан босату тура­лы ҚР Сыртқы істер ми­нистрлігі мен Жа­понияның Қа­зақ­стан­дағы елшілігі арасында ноталармен ал­масу рәсімі өткен болатын. Жапония премьер-министрі  С.­­­­­­­­­­Абэ­­мен кездескеннен кейінгі бірлескен мә­­лімдеме барысында «Қазақстан мен Жа­по­ния арасында ше­шілмеген еш мәселе жоқ» деді.
Қазақстан мен Жапония арасында дип­ломатиялық қарым-қатынас орнаған сәттен достық әрі өзара түсіністік қалыптасқанын баса айтты. Ядролық жарылыстан зардап шек­кен еліміздің өңірлеріне жәрдем көр­сеткен жапондық тараптың әрекетін жоғары бағалап, ризашылығын да білдірді.
– Әрине, екіжақты қарым-қатынастың не­гізгі локомативі экономика, өзара сауда бо­лып саналады. Біз бұл мәселеге айрықша назар аудардық. Қазақстан Жапонияның Орталық Азиядағы ірі сауда-экономикалық серіктесі, керісінше де солай. Әзірше біздің тауар айналымымыздың көлемі 1,5 млрд АҚШ долларын құрайды. Бұл біздің әлеуе­тіміздің деңгейіне сай келмейді. Сондықтан өзара іс-қимылымызды жоғары технология, ауыл шаруашылығы, атом энергиясы, ав­то­мобиль жасау және металлургия сала­ларын қоса алғанда көкжиегін кеңейте түсетін боламыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Жа­пония әлемдегі қазіргі сын-қатерлерге қар­сы біріге жұмыс істеуге уағдаласқанын мә­лім­деді. 
– Еліміздің 25 жылдығында Жапонияға рес­ми сапармен келуге шақырғандарыңыз үшін зор ризашылығымды білдіремін. Жа­пония біздің Тәуелсіздігімізді белсенді қол­дап, осы 25 жыл бойы қолдау көрсетіп келе жатқан әлемдегі бірінші мемлекеттердің қа­тары­нан. Біз мұны ұмытпаймыз. Сіздердің елде­ріңізбен достық, серіктестік қарым-қа­тынасты дамыту менің, Қазақстан саясаты­ның басымдығы болды, – деді Елбасы. 
Ұлт Көшбасшысы осы ретте бүгінгі кез­десу барысында мәселелердің кең ауқымы жан-жақты талқыға түскенін баса айтты. «Біз белсенді саяси сұхбаттастықты жалғас­тыруға, барлық деңгейдегі байланыстарды дамытуға, өңірдегі қауіпсіздікті жан-жақты қамтамасыз етуге жәрдемдесуге, сауда-эко­номиканы, мәдени-гуманитарлық байла­ныс­тарды ынталандыруға, қазіргі әлемдегі сын-қате  рлерге қарсы бірге жұмыс істеуге уағдалас тық. Біз қабылдаған бірлескен мә­лімдемеде қарым-қатынастарымызды да­мытудың стратегиялық жолдары көр­сетіл­ген» деді Қазақстан Президенті. 
Қазақстан мен Жапония БҰҰ Қауіпсіздік кеңе­сіндегі бірлескен жұмысын ядросыз әлем жолындағы күреске арнады. 
– Бүгінде Жапония мемлекетаралық өза­ра қарым-қатынастың, оның ішінде Орта­лық Азиядағы да теңбе-тең сәулетін қа­лыптастыру үдерісіне ең басты қатысу­шыларының бірі саналады. Бізде белсенді қатысудамыз және мұны бағалаймыз. Біз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесіміз және бұл бірлескен жұмысым­ыз­ды ядросыз әлем үшін күреске арнайтын бо­ла­мыз. Бұл жалпы адамзаттың, біздің ал­ды­мызда тұрған міндет. Мұнан бөлек, ядролық қарусыздану және таратпау ісінде жетістікке жету үшін өзге де сын-қатерлерге қар­сы бірлесе жұмыс істейміз, – деді Назарбаев. 
Осы ретте Мемлекет басшысы Жапо­нияға ресми сапары аясында атом бомба­сынан қаза тапқандарға құрмет көрсету үшін Хиросима қаласына баратындығын жеткізді. Қазақстандықтардың да атом бом­басынан зардап шеккендігін, Семей ядро­лық сынақ полигонында Нагасаки мен Хи­­росимаға тасталған бомбадан 2500 есе асып түсетін жарылыстың жасалғанын атап өтті. 
«Бізге, қазақстандықтарға, бұл жағдай өте таныс» деп атап өтті Мемлекет басшысы. 
Сөз соңында Елбасы Жапония премьер-ми­нистріне қонақжайлығы үшін ризашылы­ғын білдірді. «Біз елдеріміз арасындағы одан арғы ынтымақтастыққа, стратегиялық дос­тыққа тағы бір негіз қаладық деп үміт ар­тамын» деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескеннен кейін­гі бірлескен мәлімдеме барысында Жа­пония премьер-министрі Синдзо Абэ «Қа­зақстан Президентімен кездесуім же­місті болды» деп мәлім етті. 
– Бүгінгі кездесу барысында ашық пікір ал­масу болды. Оның ішінде Орталық Азияға қа­тысты мәселелер қозғалды. Кездесу же­міс­ті өтті. Келесі жылы Қазақстан БҰҰ Қауіп­сіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі бо­лады. Бүгінгі кездесуде халықаралық мә­селелер бойынша да жемісті пікір ал­ма­стық, – деді Абэ.
– Бұған қоса, екі ел ядролық сынақтарды жал­пыға ортақ тыйым салу шартының кү­шіне енуіне жәрдемдесу жөніндегі кон­фе­ренцияның тең төрағасы ретінде тығыз ын­тымақтастықта. Президент Назарбаевтың осы жолғы сапары аясында Хи­росимаға баратындығын қолдаймын. Жапония бұл салада Қазақстанмен алдағы уақытта да белсенді ынтымақтасуға дайын. Президент Назарбаевпен бірлесіп, Жапония мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты белсенді дамыту үшін күш жұмсауға ниет­тімін, – деді Жапония премьер-министрі.
Мемлекет басшысы ертең Жапония пар­ламенті алдында сөз сөйлеп, екі мемлекеттің арасындағы ынтымақтастықты дамыту, өзара іс-қимылдың болашағы жайында ойы­мен бөліседі. Сондай-ақ Токай уни­верситетінде болып, іскер топтар өкілдері­мен кездеседі деп жоспарлануда. Ал 9 қара­шада Хиросима қаласына ба­рады.

Айкын

[:]