АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстан ғой! Қызды зорлап өлтірген қылмыскер түрмеден құтылып кетті[:]

[:kz]

 

Бұдан бұрын Таразда бойжеткенді айуандықпен зорлап, артынан буындырып өлтірген жігіттің жазадан құтылып кетуі мүмкін екенін жазғанбыз.

Оқиғаның мән-жайынан хабарсыз оқырмандар болса, мәселенің мәнісін қысқаша баяндап өтейік.

Қылмыс былтыр болған. Желтоқсанның аяғында. Таразда.  Назкен Ақшаева үйіне қайтып келе жатқан.  Ол артынан әлдебіреудің аңдып келе жатқанын аңдамаған. Қыз Түрксіб көшесіне түсе бергенде, әлдебіреу артынан жақындап келіп қылқындыра бастайды.

Осы істің анық-қанығын баяндайтын Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысын оқыдық.

2-700x374

«1993 жылы туған Шыңғыс Әмірбек (қылмыскердің аты-жөні) қыздың қараңғы көшеге бұрылуын күтіп, артынан аңдыған. Өзінің физикалық тұрғыдан қыздан басым екенін ұғынып, оны зорламақ болған. Ойын жүзеге асыру мақсатында қыздың қарсылығына қарамастан, шалбары мен іш киімін тізесіне дейін түсіріп, Ақшаеваның еркінен тыс, жыныстық қатынасқа түскен…

Мұнымен тоқтамаған. Сексуалдық сипаттағы ойын жалғастыру мақсатында қыздың артқы тоқ ішегіне тығып… білгенін істеген. Артынша, қылмысын жасыру мақсатында орнынан тұрып келе жатқан Ақшаеваны өлтірмек болады. Сол қолының шынтағымен бір мәрте ауыр соққы жасап, екі қолымен қыздың мойнын және тыныс алу саңылауларын қысып буындыра бастаған».

Шыңғыс Әмірбек
Шыңғыс Әмірбек

Назкен Ақшаева сол жерде көз жұмды. Шыңғыс Әмірбек қылмыс үстінде ұсталды…

Алайда сотта ойламаған іс болды. Жазадан құтылуға ұмтылған қанішер ешбір қаймықпастан, өзін куәгер ретінде көрсеткісі келеді, тіпті, сотқа өзінің «психикалық ауытқуы» бар екенін айғақтайтын анықтаманы ұсынады (бұл туралы жазылған алғашқы мақаланы мына сілтеме бойынша оқуға болады: kaz.365info.kz). 

23
Назкен Ақшаева

Біз осы мәселені бақылауға алу мақсатында Жамбыл облыстық соты мен облыстық Ішкі істер департаментіне сауалнама жолдаған едік. Солардан жауап келіпті.

«Назкен Ақшаева зорлаған Шыңғыс Әмірбек шынымен де ақыл-есінен ауысқан ба?». Біздің білмегіміз осы.

Қайтыс болған қыздың жақындары күдіктінің «жындымын» деген бір жапырақ қағазын көрсетіп, жауаптан жалтарып кетуі мүмкін екеніне алаңдаулы еді.

Алдымен Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінен келген хаттың мазмұнын жеткізейік.

«Назкен Ақшаеваны буындырып өлтірген күдіктіге қатысты оның диагнозын нақтылау үшін Алматы қаласындағы республикалық психиатриялық, наркологиялық орталығына сот-психиатриялық сараптама тағайындалған. Осы сараптамаға сай, Шыңғыс Әмірбек қылмыс жасағанда психикалық қызметінің бұзылулар жағдайында болған. Осы себепті, жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлі ем алу ұсынылады».

Түсінікті тілмен айтқанда, республикалық деңгейдегі орталықтың шешімі: «Шыңғыс Әмірбек ақыл-есінен ауысқан. Біздің орталықта мәжбүрлі түрде ем алуы керек, » —  дегенге саяды.

Енді Жамбыл облыстық соты жолдаған хатты мазмұнын бір шолып шығайық. Хат ұзын-шұбақ екен. Біз баяндаған жәйтті қайтара жазып беріпті. Соңына үңілдік.

«Шыңғыс Әмірбек қылмыс жасағанда, өз әрекетіне жауап бере алмағаны, есі дұрыс емес тұлға екені анықталды. Осы себепті, оны мамандандырылған үлгідегі психиатриялық мекемеге орналастыру қажеттілігі туындап отыр,» — делінген хатта.

Айта кетсек, оның психикалық ахуалын анықтайтын сот-психиатриялық сараптамасы биылғы жылдың 28-ші қазанында жүргізілді. Сараптама қорытындысы — күдіктінің ақыл-есі дұрыс емес.

Осы іске байланысты сот отырысы биылғы жылдың 3-қарашасында өткен. Сот ілгерідегі жазылған жайттарды тізбелеп беріп, келесі шешім шығарған.

«Шыңғыс Әмірбектің ақыл-есі дұрыс еместігі себепті, түрмеге қамалмайды. Мәжбүрлі түрде ем алудан өтеді».

Қысқаша айтқанда осы.

Сот не дейді?

Осы іске қатысты шешім шығарған Жамбыл облыстық сотының судьясы Айгүл Мәліковаға хабарластық. Барлығын жіпке тізіп берді. Оқиық.

«Бұл іс маған биылғы жылдың 5-ші тамызында түсті. Нақтырағы, маған медициналық мәжбүрлеу іс-шарасын қолдану туралы іс түсті. Танысып шықтым. Жаным түршікті. Күдіктендім. Мұндай айуандық жасаған адам, қалайша бір сәтте жынды бола қалды?

Қайтыс болған қыздың туысқандарымен тілдестім. Қылмыскердің әкесі ғана келді.  Куәлердің барлығы сұралды.

Қызы кешіге бастағасын анасы звондай бастайды. Әлденені іші сезеді. Көтермейді. Артынша әкесі хабарласады. Міне, сол кезде телефонды Назкенды алдымен зорлап, артынан буындырып өлтірген Шыңғыс Әмірбек көтерген. Түк болмағандай: «Жерде жатқан сіздің қызыңыз ба? Тез жетіңіздер» дейді.

Мұнымен бітпейді. Жолдан таксисті тоқтатады. Оған да соны айтады. Таксист төңіректегі тұрғындардан сұрастырады. Ел Назкенді таниды. Ата-анасына хабарлайды. Жан ұшырып жетеді. Келеді, көреді. Қыздың астыңғы жағы жалаңаш. Зорланған. Төңірегі түгел қан…

Иә, күдіктендім. Қылмысты жасауын жасап алып, қалай жынды бола қалды?

Маған дейін Шыңғыс Әмірбекті үш рет сот-психиатриялық сараптамадан өткізіпті. Ақыл-есі ауған деп таныған. Сарапшылардың барлығын сотқа шақырдым. Сөйлестім. Мұның бәрін жаздыңыздар. Тоқталмай-ақ қояйын.

Бірден айтайын, психиатриялық сараптамаға соттың қатысы жоқ. Мұны тергеушілер жасаған…

Иә, қылмыскер әскерге барған, колледжде оқыған. Ақыл-есі ауған адамның әрекеті ме бұл? Сіздерді сол мазалап отыр ғой. Айтайын.
Әкесі бәрін мойындады. «Менің қолымда өскен жоқ. Бірінші әйелімнен туған бала. Оның өзінің бес баласы бар. Мұны неғылсын. Амал жоқ, әжесіне бердім» деді.

Жәбірленуші жақ пен қылмыскердің әкесін беттестірдім. Ілгерідегі сұрақтарды қойды.

«Адам бола ма деген ой ғой. Сүмелекті әбден сүйреледім. Командирлердің қалтасына ақша тығып, әскерге алғыздым. Ол жақтың тәртібіне көнсе, тәрбиесі түзелер деген ой болды. Түк шыққан жоқ.

Оқуға түсірдім. Колледжге. Оқи алмады. Бір емес, бірнеше оқу орнын ауыстырдық. Сессиясын өзім жабатынмын. Ақшамен.

Оқуын бітірді. Жұмыс істеп жарытқан жоқ. Амалдың жоқтығынан «Айгөлек» балабақшасына от жағушы етіп орналастырдым. Бұл балабақшаның меңгерушісі менің екінші әйелім…» – деді.

Әкесінің сөзін анықтау үшін қылмыскердің достарымен тілдестім. Барлығы бір нәрсені айтты. Адуынды. Ішеді. Төбелесқұмар. Екі-үш айлап жоғалып кетеді.

Демек, тәрбие көрмеген. Бірақ, бұл жынды деген сөз емес қой. Күмәнім сейілген жоқ. Ақыл-есінің дұрыстығын анықтау үшін төртінші рет сот-психиатриялық сараптамаға жібердім. Сараптаманы бұрынғылар емес, жаңа сарапшылардың өткізуін талап еттім. Солай болды.

Сараптама дайын болды. Қорытындысы келді. Сол баяғы. «Есі дұрыс емес» деп келді. Мен не істей аламын?

Білесіз бе, мен де анамын. Болған жайға жаным түршікті. Одан бұрын сот ретінде менің шығарған шешімім әділ, арым таза болуы керек. Мен сараптама қорытындысына сай шешім шығардым», – дейді Айгүл Мәлікова.

720h438

kaz.365info.

 

 

 

[:]