[:kz]
Баяғыда екі дос болыпты. Шөл далада кетіп бара жатқан олар әлденеге келіспей қалып, бірі екіншісін шапалақпен тартып жіберіпті. Шапалақ тиген жері дыз етіп ауырғанына қарамастан, ол досына ештеңе демей, тек құмға «Бүгін ең жақын досым мені шапалақпен ұрды» деп жазыпты. Екі дос ұзақ жүріп, алдарынан үлкен көл шығыпты. Олар қуанып, суға түседі. Шапалақ жеген жігіт суға батып кете жаздап, оны ұрған досы құтқарып қалыпты. Есін жиған жігіт тасқа «Бүгін ең жақын досым мені ажалдан аман алып қалды» деп жазыпты. Оны көрген досы:
- Мен сені ренжіткенде оны құмға жаздың, ал енді қазір тасқа жазып отырсың. Мұның не? – деп сұрапты. Сонда әлгі жігіт:
- Бізді біреу ренжітсе, оны құмға жазуымыз керек. Құмдағы жазуды жел өшіріп кетеді. Ал енді әлдебіреу қандай да бір жақсылық жасаса, ешқандай жел өшіре алмайтындай етіп, ол жақсылық туралы тасқа қашап жазу керек, – деген екен.
Өкпе мен ренішке жүректе орын жоқ. Жүректеріңізде тек жақсылық сақталсын.
anabol.kz
[:]