[:kz]
Жерлесіміз Абдығалидың Жапонияда тұрып жатқанына 13 жыл болды. Ол жапондық қызға үйленіп, сол жерден жұмыс тапты. Қазір Қанат, Нұрия есімде екі баласы бар. Абдығали университетті бітіргеннен кейін Қытайға тіл үйренуге барады. Сол жерде болашақ әйелімен танысады. Әйелім дәрісханаға кіргенде менің жанымда ғана бос орын болды. Бір көргеннен ғашық болдым деп айта алмаймын. Алайда телефон номерін алдым. Әйелім номерін бергеніне өзі таң қалады. Себебі жапондықтар бейтаныс адамға телефон номерін бермейді екен. Айкомен кездесіп жүргенде оның ақшаны үнемдей алатыны қатты ұнады. Жапондық студенттер түбіртектерді жинап, шығындарын есептейді. Қазір біздің балаларымыз да ата-анасы мен ата, әжесінен алған ақшаны жазып отырады. Менің оқуға төлейтін ақшам болмағандықтан, оқуды тастап елге оралуыма тура келді. Кездесіп жүрген қызыма оны айтқанда байланысып тұруды ұсынды. Бір күні Айко маған айтпастан Алматыға ұшып келді. Әуежайдан хабарласқанда қатты таң қалдым. Осылайша Айко екеуіміз 3 жылдан кейін отбасын құрдық. Оның да, менің де ата-анам қарсы болды. Алайда бізді ештеңе тоқтата алмаушы еді. Қазақ дәстүрімен өткен той Айконың туыстарын қатты таң қалдырды. Себебі Жапонияда әрбір тыйын, әр секунд есептеулі. Қонақтар көп дегенде жетіге дейін ғана отырады. Барлығының қолдарында 50 мың иен ($500) салынған конверт болады. Тілектерін айтып, үйіне қайтады. Ешқандай асаба, би, концерт болмайды. Қонақтардың тойда ішкенін көріп таң қалысын жасырмады. Нәтижесінде Айконың әкесі өмірінде алғаш рет есін жоғалтқанша ішкені бар. Ертесі күні жапондық қонақтардың асқазандары ауырып, біреуі ауруханаға түсіп қалды. Тойдан кейін мен Жапонияға баруды жоспарламадым. Алайда жас әйелім бір, екі жыл Жапонияда тұрып, ұнамаса қайта Қазақстанға көшіп келуді ұсынды. Бір, екі жылым 13 жылға созылды. Балаларым Қанат пен Нұрия жыл сайын Қазақстанға келіп тұрады. Маған жағу үшін қазақпын дейді, анасы мен Жапониядағы туыстарын ренжітпеуі үшін жапондықпыз деп атайды өздерін. Балаларым қазақ тілінде еркін сөйлейді. Жапонияға барғанда тілден қатты қиналдым. Сол үшін курстарға барып, айына 10 мың доллар төлеу керек болды. Жапондықтар үшін ең қорқыныштысы қарыздарыңның болуы. Ақшадан қиналғанда Айконың ата-анасынан қарызға сұрауды ұсынғанда, әйелім үзілді-кесілді бас тартты. Мен де ақша жоқ не істеймін дегенде естіген жауабы «Жұмыс істе!» болды. Екі жыл тіл үйрендім. Бір жылдан кейін жұмысқа тұрдым. Жапондықтардың еңбекқорлығына таң қалдым. Егер жұмысыңды уақытынан бұрын аяқтасаң, басқаларына көмектесуге тиіссің. Ал жұмыста қателік жіберсең барлық адамды жазалайды. Бір күні мен әріптесіммен ұрысып қалдым. Екеуімізді басшылық шақыртып алды. Әріптесім қазір өтірік айтатын шығар деп ойладым. Алайда ол барлығын нақты қалай болды солай айтып берді. Жапондықтар үшін өтірік айту өте ұят. Кеңседе жұмыс 8.30-да басталады. Мен дәл уақытысында келіп жүрдім. Алайда жұмыста барлығы төрт көзі түгел отыратын. Жарты сағат бұрын келуді ұйғардым. Дәл сол жағдай. Маған ешкім ескерту жасамаса да бірдеңенің дұрыс еместігін сездім. Бір күні таңғы алтыда келсем әріптестерім қолдарына сыпыртқы, щетка ұстап кеңсені тазалап жүр. Жеті жыл сол компанияда жұмыс істеп кәсіпкерлікпен айналысуды ұйғардым. Ауылшаруашылыққа байланысты кәсіппен шұғылданамын деп шештім. Ол үшін аталмыш саланы жете түсіну керек деген ұйғарымға келдім. Жапонияның кәсіпорындарына жұмысқа тұру өте қиын. Себебі онда өз жұмыс істеу әдісі мен оның құпиясы болады. Қаладағы ірі фирманың басшысының артынан жарты жыл жүгірдім. Өте қиын болды. Нәтижесінде мені жұмысқа алуға көндірдім. Онда біраз жұмыс істеп Қазақстанға өз фермамды ашу үшін келдім. Бізде өз кәсібіңді ашу өте қиын деп айтады. Алайда шағымданып отыра берсек ешқандай нәтиже болмайды. Маған да алғашқы кезде қиын болды. Ал қазір алматылық ірі супермаркеттердің 30-40% сұранысына жауап береміз. Қазір мен басқа жобаларда жүрмін. Әзірше ашып айта алмаймын. Бірақ бір нәрсені зор сеніммен айта аламын Жапонияда үйренгендерімді Қазақстанға алып келемін. Көбісін «әйелім Қазақстанға көшіп келуге қарсы емес пе?» деген сұрақ қызықтырады. Жапонияда ер адамның шешімі еш талқылауға жатпайды. Мен тіпті тозаққа барсам да әйелім жанымда болады. Десек те, бұл толықтай мойынсұнуды білдірмейді. Менің әйелім мінезді адам. Ол ашық текетіреске бармайды. Жапондықтар өте ақылды халық. «Ер адам бас, әйел мойын. Басты қайда бұрғысы келсе, сонда бұрады» деген сөз дәл жапондық әйелдер туралы айтылған. Жапонияда тұрған 13 жылда миллионер болмасам да, кедей емеспін. Отбасымды асырап, туыстарыма көмектесемін. Менің болашағым тек Қазақстанмен байланысты. Көкірегімді ұрып өзімді керемет патриотпын деп айта алмаймын. Десек те, Отанымның экономикасының дамуына өз үлесімді қосқым келеді. Әйелім менің Қазақстанға неліктен соншалық байланып қалғанымды түсінбейді. Мен Қазақстанда туылдым, Қазақстанда өлемін. Бір күні балаларым менің ата-бабаларымның жанына көмер. Шетелге тек білім мен тәжірибе үшін ғана бару керек. Сосын елге қайтып келіп, онда үйренгендеріңді енгізу қажет. Мәліметтер Абдығалидің facebook парақшасынан алынды
[:]