АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]АРТУР ПЛАТОНОВ, ЖУРНАЛИСТ: ҚАЗАҚТЫҢ КЕҢДІГІН, МЕЙІРІМДІЛІГІН ҚҰРМЕТТЕУІМІЗ КЕРЕК[:]

[:kz]

Без названия (2)Без названия (2)«Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қосқан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап бағаланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз» деген Елбасы ұлттық код, ұлттық мәдениетті өркендетуді қолдайды. Біздің мемлекетіміз – көпұлтты мемлекет. Әртүрлі ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Олар да елімізбен бір мүдделес болып келеді. Солардың арасында елдің сөзін сөйлеп жүрген журналист, Мәжіліс депутаты Артур Платонов та бар. Бүгінгі кейіпкеріміз былай деп сыр шертеді. 

– Артур, сіз жеті рет «Жыл ада­мы» атан­дыңыз. «Он­­жыл­­­­­­дық журналист», Тұң­­ғыш Пре­­зидент қорының лау­­­­реа­ты, «Нұр Сұңқар» иегері, «Пор­трет неде­ли» бағ­дар­ла­ма­­сы­­мен Мәскеуде екі рет же­ңім­­­паз атанып, Мәскеу мен Севас­топольде, Каннда көр­­се­­тіл­­ген «Про­данные души» фильміне ал­ғашқы болып премия ал­ды­­ңыз, ҚР Президентінің гран­тын иеленіп, Ел­­­басының алғыс­ха­тына да қол жет­­кіздіңіз. Бір сөз­­бен айтқанда, осы ел­дің кез кел­ген азаматы армандайтын атақ-даңқтың барлығы дерлік сізде бар. Шыныңызды айтыңызшы, осы марапаттың барлығы қан­ша­лықты қымбат? Өмі­рі­ңіз­ден де қымбат па?
– Ең алдымен, елеп-ес­кер­ген «Айқынға» үлкен рақ­­мет. Меніңше, бастысы өмірде қандай дәрежеде немен айналыссаң да істеп отырған жұ­­мысың адамға пайдасы тиіп, оның саған деген сенімін ақтап, қо­ғам­ның қажетіне жарасаң, міне, онда өмірді босқа сүрмегеннің белгісі. Біріншіден, елімнің лайық­ты азаматы болғым келеді. Бұл өмір­де ең үлкен марапат не? Әрине, «Портрет недели» бағ­дар­ламасы мен «Проданные души» фильміне алған мара­пат­тарыма қуанбадым деп көлгірсудің қажеті жоқ. Себебі, Канн, Мәскеу, Севостополь осы фильмді ғана емес, өз елімнің басқа елдер­ден озық екенін, үздік екенін мо­йын­датқанымды абырой көрдім. Бұл – медальдің бір жағы.
Екіншіден, марапат – ең­­бек­тің бағаланғаны. Атқа­мі­нер­лердің елдің ісіне салғырт қарап, әділетсіздік танытып жатқанын көріп, оған қандай да бір көмегің тиіп, оның үзілген үмі­тін жалғап, әділдіктің ба­рына көз жеткізудің өзі – үлкен марапат. Шыны керек, мемлекет халыққа көп нәрсе жа­­сап-ақ жатыр. Мәселен, көп ел­дер әлемдік дағдарысқа тө­­теп бере алмай, жаппай қысқартулар мен әлеуметтік бағдарламаларды азайтуда. Бізде керісінше, халықтың жағдайын ғана емес, оның өмір сүру сапасын жақсартуға қаншама мил­лиардтар құйып, көптеген жаңа бағдарламалар жасалуда. Расымен, бөлінген ақшаның бәрі бірдей толы­ғы­мен көзделген мақсатқа жетпей жатады. Бұл жерде мәселе – жемқорлықта емес, себебі, Үкімет онымен жан-жақты күресіп отыр. Негізінен, бұған жауапкершіліктің жоқ­тығы, қабілеттің төмендігі әсер етуде. «Бес саусақ бірдей емес». Алай­да кейде халыққа қыз­мет ететін адам­ның адам­гер­шілігі кемшін. Сон­дықтан да ол жоғары дәрежелі қыз­ме­тін ел алдындағы үлкен жа­уап­­кершілік емес, жаппай жа­за­сыздықтан құтылу деп қа­был­дайды. «Семіздікті қой ғана көтереді» демекші, бі­реу­лер қолындағы билікті кө­тере алмай, адамды өзіне тә­уелді етіп, қорлауға дейін ба­рады. Мұның өзі оның кәсіби төмендігін көрсетеді. Бірақ мұндай адамдар да күн санап азайып келеді.
– Теледидардағы бей­неңіз өзіне тым сенімді, тіпті тәккаппар адам болып көрінеді. Бірақ өмірде қандайсыз? Не­ден қорқасыз?
– Рас, экрандағы келбетімді тура айт­ты­ңыз. Негі­зі­нен, сахналық кел­бетім эфир­де ай­тылатын мәселелер бо­йын­­ша ал­дын ала анықталады. Жал­пы, көте­ре­­т­ін мәселе көп, оны бәрі бі­леді. Әркім өзінше шешуге ты­ры­са­ды. Бастысы, алға жылжу бар. Әри­не, егер жақсы жа­ңалық болса, оның берілу тәсілі де басқаша. Мә­се­лен, өмірде қандай да бір те­рак­­тіні не Ұлы Отан соғысының же­ңісі жа­йын­да айтатын болсақ, екеуі бірдей ырғақта айтылмайды ғой.
Өмірде саясатпен ұзақ уа­қыт айналысқан адам туралы оның өзгеге деген сенімі жо­­ғал­­мады ма, кішкене арсыз­дау болуы керек емес пе, кей­де тым жұм­сақ, қайтымы тез деген секілді сан алуан пі­кір­лер айтылып жатады. Оның қаншалықты дұрыс, бұрыс­ты­­­ғын білмеймін. Бірақ өзім ту­ралы пікір айтатын адам емес­пін. Білетінім бір нәрсе, «жақсылық пен жамандықты селқос тыңдап, ашу менен аяушылықты білмеймін» де­ген пікірді философиялық тұр­­ғы­дан қабылдай алмайды екенмін.
– Сіз елдегі түгел дерлік сая­­сат­керлер, министрлер мен шенеулік­терден сұхбат ал­ды­ңыз. Қазірдің өзінде депу­тат­тық қызметте бол­ған­дықтан байла­ныс­та­­рыңыз жақсы. Жеке басыңыздың қамы үшін осы байланыстарды қолданасыз ба?
– Шынында да, «Слуги на­­рода» бағдарламасына бі­раз танымал адамдар қо­нақ бол­­ды. Бірақ ол жерде біз аза­­маттардың қызықтырған сұ­рақтарына жауап алдық. Негізінен, біреуден бір нәр­се сұрау әдетімде жоқ.
Оның үстіне ертең сенен не сұрай­ты­нын да білмейсің.
Қашанда өз мәселемді өзім шешуге ты­ры­­­самын. Тынымсыз еңбек­тің адамымын. Бұған дейін күн­­кө­ріс үшін бір емес, бірнеше жерде демалыссыз жұмыс істе­дім. Әйтеуір, өз басыма жететін.
Оған қоса, менде үлкен бір қа­­жеттіліктер де болған жоқ. Тіп­ті достықты жеке шаруама пай­далануды дұрыс көрмеймін. Қия­натқа жаным қас.
– Кез келген адамның іштей адам­гершілік тұрғысынан аттап кете ал­майтын заңдылықтары бо­ла­ды. Өзіңіз қандай заңды­лық­­пен өмір сүресіз?
– Әр адамның белгіленген шекарасы бар. Түн ұйқысы тыныш болу үшін әр­­кім өзіне міндетті нәрсені ғана жасауы керек. Өз басым «парыз», «міндет» деген сөздерді адам­­гершілік тұрғысынан жо­ғары бағалаймын. Не бол­са да о болсын, бірақ адам аза­мат­тық парызын өтеуі керек де­ген көзқарасты ұстанамын. Мұны «Портрет недели» бағ­дар­­ламасынан да байқаған бо­ларсыздар.


Негізінен, біреуден бір нәр­се сұрау әдетімде жоқ. Қашан да өз мәселемді өзім шешуге тыры­­самын. Еңбекқормын. Әйтеуір, өз басыма жетеді. Оған қоса, менде үлкен бір қа­­жеттіліктер де болған жоқ. Тіп­ті достықты жеке шаруама пай­далануды дұрыс көрмеймін. Қия­натқа жаным қас.


– Жан дүниесі тыныш болу үшін адамға не қажет?
– Бақыт деген адамға оңай кел­­­мейді. Оны өзге түгілі, өзің­нен табу қиын. Әрине, адам­ға жан тыныштығы үшін жа­нына бағынушылық керек. Өз-өзіңмен үйлесімде болып, адам­гершілік тұр­ғысынан ше­ка­­радан өтпей, ар-ож­­да­ның­­мен үндестікте болу қажет. Жал­­пылама айтсам, ағайын-ту­ған үшін уайымдаудың ре­ті бол­маса, жаның тыныш бо­ла­ды.
– Қазақтың ортасында өмір сүр­­ген­діктен, оларды қанша­лық­ты білесіз?
– Мемлекет өз тарихымен исламның бейбітшілік екенін дәлел­деп, әлемдік мәдениетті байытты. Оған дәлел – Алғыс айту күні. Басқалардікі се­кілді біреуді еске алу емес. Өлім аузында тұрса да жү­рек жұт­­­қан ерлігімен жүз мың­­­да­­ған адамның өмірін сақ­тап қалған батырлықтың бел­­гісі. Қа­зақ достарым көп. Со­лар­дың айт­­қан­дарын естіп, қа­зақ халқының кеңдігіне таң қала­сың. Олардың ата-әжелері жер аударылғандарды түр-тү­сі­не бөлмей, қолында барын бе­ріп, паналатып, ашаршылық за­манында нанын бөлісіп же­ген. Сонда баланы өзінікі не өз­г­енікі деп бөлмей, қуықтай бөл­менің ішінде он шақты бала бір көрпенің астында жатқан. Осындай қиын-қыстау за­манда, адамзаттың қырылып жат­қан кезеңінде кім ерлік жасады? Құтқарып қалғандарға білім бе­ріп, өмірде тұрақтануына кім көмектесті? Осындай адам­­дармен сөйлескенде, олар­­дың қарапайымдылығы сон­ша­лық, бұл жайында тіпті ай­ту­ға да ұялады. Олар мұндай қа­дам­ды кез келген адам жа­сауы ке­рек деп ойлайды. Ел ал­дын­да парызымыз болса да, бас­қа­лары олай істемеді. Қазақ хал­қының осы бір қасиетін, мейірімділігін, жүрегінің кең­ді­­гін құрметтеуіміз керек. Бұл – мыз­ғымас дүние. Себебі, менің атам Иран­нан, ал шешем Тби­лисидан кел­ген. Ол да 1953 жылы айдауда бол­ған. Сон­дық­тан маған Алғыс айту күні – қасиетті күн.
Мұндай мемлекет әлі де үл­кен жетістіктерге жете алады. Ал­ға қойған мақсаттарды уа­­қы­тынан бұрын орындап отыр­ғанда, енді бәріміз бір­ге күш салсақ, дамыған 30 елдің қатарына да қосыла ала­ты­ны­мызға сенімдімін. Бірақ шы­нымды айтсам, олардың да бізден үйренері көп.
– Орган – үрмелі клавишті музькалық аспап. Органда ойнап, клас­сикалық шығармаларды тың­­дағанды жақсы көре­ді екен­сіз. Не­гізі, қай шығар­ма­ны ұна­та­­сыз?
– Жалпы, классикалық, театрлық музыканы ұна­та­мын. Соның ішінде, әсіресе, «Абай» опе­расын жақсы көре­мін. Бұл шедеврдің тарихы 70 жыл­­­дан асты. Бірақ қазіргі зама­на­уи қойылымдарын көп т­ү­сіне бермеймін. Жалпы, әлемдік деңге­й­дегі осындай ұлы тұл­ғаны толықтай танып бі­луі­не, шынайы мағынасын жет­кізе алмаған секілді. Оған қоса, Құрманғазының күйлерін жақсы көремін. Тіпті аты аңызға айналған күй­шінің басына барып, Астрахань об­лысының Алтынжар ауылында болдым.
– Қазақ тілін білесіз бе, қанша­лықты түсінесіз?
– Негізінен, төрт тіл білемін. Ап­тасына екі рет сабақ аламын. Абай­­дың қарасөздері – әлемге та­рал­ған еңбек. Қарасөздерді түп­нұс­­­қадан оқысам деймін.
– Халыққа Парламент Мә­жі­лісінің депутаты бос уақытын қалай өткізетіні қызық. Демалысыңызда немен айналысасыз?
– Шынымды айтсам, осы күнге дейін демалыссыз жұмыс іс­теп­пін. Жалпы, демалыс күн­дерімде бағдарламаны да­йын­даймын. Егер бос уақы­тым болып жатса, сізге міндетті түр­де айтамын.
– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Анар ҚОНЫС

aikyn.kz



[:]