АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ПУТИНМЕН СҰХБАТ: ШЕШЕНСТАН, АҚШ, ГОРБАЧЕВ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ЖАЙЫНДА ӘҢГІМЕ [:]

[:kz]

fb2da7aad8c79f58fba3ef87937736f4Режиссер Оливер Стоунның «Путнимен сұхбат» фильмінің алғашқы бөлімін Showtime кабельді арнасы көрсетті. Онда Ресей президенті көлік жүргізеді, АҚШ билігін террористерді қолдады деп айыптайды, Горбачевті сынайды, сондай-ақ көп айта бермейтін отбасы жайында да сөз қозғайды.

Владимир Путиннің айтуынша, АҚШ-тың арнайы қызметі Шешенстандағы жауынгерлерге көмектескен. Тіпті оған дәлел де бар көрінеді. Сондай-ақ Ауғанстандағы «Әл-Каиданың» құрылғанына Вашингтонның қатысы барын мәлімдеді. НАТО-ны шығысқа қарай таратпауға кепілдік ала алмаған КСРО-ның бұрынғы президенті Михаил Горбачевті сынның астына алды.

Кавказдағы жауынгерлерге қолдау көрсеткен америкалықтар жайында

Шешенстан мен Солтүстік Кавказға қатысты мәселелер туындағанда америкалықтар бұл процесті қолдаған еді. «Біздің америкалық серіктестеріміз Ресейді қолдау мақсатында елмен бірігіп терроризммен күресу үшін серіктестік орнатуға дайын екендерін айтқан. Ал шын мәнісінде олар террористерді Ресейдегі ішкі саяси жағдайды жүргізу үшін пайдаланып отыр», — деді Ресей басшысы «Путинмен сұхбат» фильмінде америкалық режиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында. Путиннің айтуынша, Ресей қолдау күткен, алайда оның орнына америкалық арнайы қызметтің террористерді қолдағанын көрген.

«Әл-Каиданың» құрылғанына АҚШ-тың қатысы жөнінде

Режиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында Путин «Әл-Каиданы» америкалықтар өсірген деп мәлімдеген. -Бұл Ауғанстандағы кеңестік соғыс кезінде басталған. Ауғанстандағы кеңес әскерлерімен күресу үшін американдықтар «Әл-Каиданы» жасаған. Содан кейін барлығы шектен шығып кеткен. Біздің серіктесіміз АҚШ бұл туралы білуі тиіс еді. Бұл солардың кінәсі, — дейді Путин. Ресей президентінің айтуынша, Құрама Штаттар террористерді Ресейдегі саяси жағдайларды реттеуге де қолданбақшы болған. Мәселен, Шешенстандағы соғыс кезінде АҚШ террористерді қолдаған.

11 қыркүйектен кейінгі АҚШ-тың қолдауы

«Біз келесі күні ядролы стратегиялық күш ілімдері жөнінде жоспар құрған едік. Мен олардан бас тарттым. Және АҚШ президентінің бұл жөнінде білгенін қаладым. Әрине осындай жағдайда бірінші адам морльдық, саяси қолдауға мұқтаж болатынын жақсы түсіндім».

Горбачев және НАТО-ны кеңейту

«Германияны біріктіру, Шығыс Еуропадағы Кеңес әскерлерін шығару жөнінде мәселе талқыланғанда, АҚШ-тың ресми тұлғалалары, НАТО-ның бас хатшысы – бәрі НАТО-ның шығыс шекарасының бүгінгі Германия Демократиялық Республикасының шығыс шекарасынан да кеңейе түсетінін айтқан. Алайда шешім құжат түрінде жазылмаған. Бұл Горбачевтің қателігі. Саясатта бәрін белгілеп жүру қажет. Тіпті белгіленген дүниелердің өзі бүлініп жатады. Бірақ Горбачев ауызбен айтты да, қоя салды. Бұлай болмайды».

КСРО-ның құлауы

«Кеңес үкіметінің құлағанына өкінетініме қатысты маған көп сын тағылды. Мәселенің маңызы мынада – Кеңес үкіметі құлағанда, 25 миллионға жуық орыс халқы бір түнде-ақ шекарадан шығып қалды. Оны 20 ғасырдың ең ірі апаты деп білемін. Горбачев үшін де, өзгелері үшін де мемелекттің ауыс-түйіске мұқтаж болғаны анық еді. Ал олар ондай ауыс-түйіске қалай қол жеткізу керектігін білмеген, мен мұны аса сенімділікпен айта аламын. Мемлекеттегі жағдайды өзгерте отырып, оны сақтап қалуды Горбачев білмеген, соның кесірі ірі апатқа әкеліп соқты».

Борис Ельциннің шешімі жөнінде

Ол мені шақырып, президенттікке сайлауға түсуіме мүмкіндік туатындай премьер-министр етіп тағайындағысы келетінін айтты. Мен бұл ұсыныстың өте үлкен жауапкершілік екенін жақсы түсіндім, дайын емесімді айттым. Ельциннің не себепті дәл мені таңдағанын білмеймін. Бір нәрсені айта кетейін, жай ғана шенеунік болу өзге адамдармен қатар өмір сүру деген сөз – қонаққа бару, кино, теарт аралац, достармен араласу, миллиондаған адамдардың жауапкершілігін арқаламау. Ал бүкіл Ресейдің жауапкершілігін мойынға алу – ол оңай шаруа емес. Шынымды айтсам, ол кезде Ельциннің қандай жоспары бар екенін білмегенмін. ОЛ мені кез келген уақытта босатуы мүмкін еді. Ол кездегі менің жалғыз ойым – «балаларды қайда жасырсам болады?». Өзіңіз ойлап көріңізші: мені лауазымды қызметтен босатты делік. Қолымда түк жоқ, күзетім де жоқ. Не істеймін? Қалай өмір сүремін? Отбасымды қалай асыраймын? Сөйтіп өзім үшін нақты шешім қабылдадым – ақыры бәрін бастаған екенмін, соңына дейін жүремін. Алайда өзімнің президент болатыныма 100% сенімді болмағанмын және оған кепіл де болмады». Отбасы, бала-шағасы жайында

Режиссердің «Немерелеріңізді жақсы көресіз бе?» деген сұрағына Путин ойланбастан «Қатты!» деп жауап берді. Алайда, олармен көп уақыт өткізе алмайтынына өкінді. Путин қыздарын мақтан тұтатынын, олардың отбасымен кездесіп тұратынын айтты. Сондай-ақ күйеу балаларымен дискуссияға түсіп, кейбір мәселелерді талқылап тұратын көрінеді. «Біз сөз таластырмаймыз, дискуссияға түсеміз, қыздарым да араласады. Бірақ олар саясат, кәсіп дегендерден бойларын аулақ ұстайды. Бәрі ғылым, білімге жақын». Владимир Путин мен оның бұрынғы әйелі Людмила Путиннің екі қызы бар: Мария мен Катерина. Олардың өмірлері жайында ресми дерек жоқ. Тек кей БАҚ-тардың мәоіметіне сүйенсек, Мария ғылыммен айналысады, голландық кәсіпкер Йоррит Йост Фаасеннің жары. Тілшілердің ақпаратынша, Катерина Мәскеу мемлекеттік университетінің ғылыми жобаларымен айналысатын «Иннопрактика» қорын басқарады. Миллиардер Кирилл Шамаловтың жары. Путин мұны ешқашан растамаған.

Аударған: Гүлім ЖАҚАН

«Қамшы» сілтейді

http://qamshy.kz/home/show/20334

[:]