АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тарихшы наймандарды неліктен «қазақтың еврейі» дейтінін түсіндірді[:]

[:kz]

439390«КАРАВАН» қазақ руларының тарихы мен шығу тегі туралы баяндауды жалғастырады. Бұл жолы әңгіме тарихы терең наймандар туралы болмақ. Ерте дәуірлерден бері олар 20 дан астап империя мен қағанаттарды билесе, бүгінде Қазақстандағы ең саны көп рулардың бірі. Болжамдар бойынша, дүние жүзінде наймандардың бірнеше миллион өкілі бар көрінедіНаймандардың толық тарихын жазу үшін газеттің бір беті жетпейді, сондықтан негізгілеріне ғана тоқталайық дейді, сарапшы Рахымғазы Қабдыкәрім. Ол былтыр ғана “Великие каганаты и империи найманов” атты кібатын жарыққа шығарған болатын.

 

Аталған кітапта өте қызықты көптеген ақпараттар бар болып шықты.

Оғыздар мемлекетінің билеушісі — Оғызхан болды (Өкіреш Найман) Бұл мемлекеттің өмір сүруі біздің эрамызға дейінгі 1764 жылға сәйкес келеді. Яғни 4 мың жыл бұрын.

Бұл наймандардың ата-бабалары туралы алғашқы жазбаша дерек.

Араб тарихшысы әрі географы Мұхаммед ибн Мұса «Скифия – бұл түркілер елі» десе, Ресей тарихшысы Т. Калинина өз еңбектерінде «Скифия – бұл тоғыз-оғыз түркілерінің елі» деп жазды. Ал тоғыз-оғыз бен тоғыз-таңбалы наймандардың бір этнос екенін және оның қазақ тайпаларына жататынын бүгінде бүкіл әлем біледі.

Ал «найман» атауының шығуы туралы тарихи әдебиетте 20 дан астам болжам бар. Ал Рахымғазы Қабдыкәрім «найман» сөзінің шығуы туралы 14 түрлі жорамал келтіреді.

Орыс этнографы Аристов «найман» атауын солтүстік Алтайдағы Катун өзенінің сағасы болып табылатын әрі кейбір найман рулары тұратын Маймы өзенімен байланыстырады.

Ал И.Самойлович былай деп жазыпты: «Қысқасы Шу алқабының бағаналы-найман, бура-найман, қаратай-наймандарына жататын наймандары арғындардың Қарағанды, Павлодар және Семей айналасындағы жерлерге қоныс тебе бастауына байланысты XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасыр басында туыстас катун наймандарына қарай көшті».

840 жылы орталық азияда маңызды оқиға болды. Ұйғыр қағанатын қырғыздар мен наймандар талқандады. Ұйғырлар астанасы Ордабұлақты басып алды.

847 жылы тоғыз-оғыз наймандары қағанатты қайта қалпына келтіруге тырысқан ұйғырлардың соңғы ханы Юкукты өлтіреді.

 

Наймандар өз ханын сайлап, өз мемлекетін жасақтай бастайды. Осы кезеңнен (840 жыл) бастап Найман қағанатының құрылған кезі болып есептеледі.

Моңғол Халық Республикасының тарихы мен жағрапия бойынша мектеп бағдарламасында Түрік қағанаты мен Ұйғыр қағанаты кезіндегі тоғыз-оғыздардың тұрған жері Шыңғысханның наймандарды жаулап алғанға дейінгі территориясымен толық сәйкес келеді. Сондай-ақ онда наймандар – бұрынғы тоғыз-оғыздар деп көрсетілген.

Наймандар мемлекетінің дәруірлеу кезеңдері мен күйреген тұстары көп болды. Найман халқы үнемі өз мемлекетін құру туралы армандады. Түркі қағанатына көрсеткен ғасырлар бойғы қарсылығы мен Шыңғысхан ордасымен 25 жылғы соғысы осының дәлелі.

Шыңғысханнан жеңілсе де наймандар моңғолдар империясында өздерін тәуелсіз ұстады.

 

439392Көк Орда ыдыраған кезде наймандардың бір бөлігі Қазақ хандығы құрамына енсе, бір бөлігі Шейбаниттер хандығына кетті. Қазақ хандығы кезінде наймандар ойраттар тарапынан ең көп шабулыға ұшырады. Ортақ шекараның көп болуы себепті көп адам соғыстарға қатысып отырды. Найман батырларының саны барлық қазақ руларын қосқандағы батырлардан көп болуы да осымен түсіндіріледі.

Наймандар бүгінде өзге руларға қарағанда шетелдерде ең көп тұратын ру болып есептеледі. Этнос бүкіл Азия мен Еуропаға тараған. Олар Ресей, Солтүстік Кавказ, Алтай, Якутия, Қытай, Монғолия, Ауғанстан мен Иран, Түркия, Өзбекстан сияқты тағы басқа көптеген елдерде тұрады.

Тарихшылардың көрсетуінше, моңғолдар дәуіріне дейін наймандардың саны бір ғана Найман қағанатында бір миллионнан артық болған, дейді Рахымғазы Қабдыкәрім

Сөз соңында “Великие каганаты и империи найманов” кітабының авторы наймандарды халық фольклорында неліктен «қазақтың еврейлері» дейтін сөзге түсініктеме берді:

—   Мұндай анықтаманы менде интернетте кезіктірдім. Білесіз бе неліктен? Ұлы жүз бен Орта жүздің бір бөлігі ұзақ уақыт Қоқан хандығының езгісінде болды. Қазақтар Жетісуді қайтарғанға дейін бұл аймақ ұмыт қалған өлке болды. Ал наймандар шығыс пен солтүстік, Ұлытау мен Алтайға дейінгі жерді жайлады. Ұзақ уақыт орыстармен араласты, сауаттырақ, білімдірек, алыстан болжай білетін көреген болды, деді Рахымғазы Қабдыкәрім

 

[:]