[:kz]
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамының «Индустрияландыру және экономикалық өсім» бөлімінде ел экономикасын одан әрі дамытуда жерді тиімді пайдаланудың маңызы зор екендігіне баса назар аударды. Бұл жерде Елбасы ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы мен халқымызды азық-түлікпен қамтамасыз етіп қоймай, әлемдік азық-түлік нарығының көшбасшысы болуға қол жеткізу керектігін айтып отыр.
Бұл ретте ауыл шаруашылығында негізгі өндіріс құралы болып саналатын жер ресурстарын тиімді пайдалану аталған міндеттерді іске асыруда аса маңызды роль атқарады. Осы тұрғыдан алғанда еліміздегі жер ресурстарын басқарудың негізгі бір саласы болып саналатын «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының алдына қойылып отырған міндеттері аса ауқымды болып табылады. Құрылғанына өткен жылы 80 жыл толған кәсіпорын бүгінгі күні Отандық жерге орналастыру саласының дамуы мен нығаюына нақты ісімен үлес қосып келе жатқан табысты мекеме болып табылады, әрі республика аумағын ауыл шаруашылығы үшін картографиялау қызметін көрсететін жалғыз өнім беруші болып есептеледі. Сондықтанда әуе картографтарына деген сұраныс жылдан жылға артпаса кеміген жоқ деп айтуға болады.
– Сонау өткен ғасырдың отызыншы жылдары Қазақстан, Орта Азия және Алтай мен Сібір аумақтарын аэрофототүсіру негізінде жергілікті жерлерді ауыл шаруашылығы үшін картографиялау мақсатында ашылған бұл кәсіпорын бұл күндері толық кемеліне келіп, барлық жағынан талаптарға сай жұмыс істеп жатыр. Нақты дәйектер келтіретін болсақ, кәсіпорын өткен жылғы мемлекеттік тапсырыс аясында 259 «Жер ресурстары туралы ақпараттарға қолжетімділікті арттыру» бюджеттік бағдарламасы және 100 «Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін қалыптастыру» кіші бағдарламасы негізінде республика аумағында ауыл шаруашылығы үшін картаға түсіру бойынша жүргізілген аэрофотогеодезиялық жұмыстар көлемі 413,6 миллион теңгені құрады. Оның ішінде Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстары аумағының бөлігін аэротүсіру жалпы көлемі бойынша 7,3 миллион гектар аумақты, Павлодар мен Алматы облысының аумағында ауыл шаруашылығы контурлары мен обьектілерін аэросуреттер мен фото бағдарлауда жалпы көлемі 4,4 миллион гектар жерді, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары аумағының жоспарлы картографиялық материалдарын (ауыл шаруашылығы карталарын) жасау 16,3 миллион гектар аймақты қамтыды. Сонымен қатар кәсіпорын жалпы сомасы жеті миллион теңгеге келісім шарттық жұмыстарды да мезгілінде орындап шықты. Бұл жерде Алматы облысы, Іле аудандық жер қатынастары бөлімімен жасалған арадағы келісім-шартқа байланысты Іле ауданының аумағындағы «Байсерке-Қапшағай» газ құбыры өткізілетін жерлердегі телімі бойынша жерге орналастыру жобасы мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің «ҚазСушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен жасалған келісім шартқа орай Алматы облысы, Ескелді ауданының Алмалы су қоймасының жерге орналастыру жобасын дер кезінде орындап бердік. Қолдағы бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, үстіміздегі жылы барлығы 62,0 миллион теңге көлемінде келісім шарттық жұмыстарды орындап шығу межеленіп отыр. Жыл аяғына дейін біздің кәсіпорын ұжымы осы белгіленген межеден көрінуге және басқада алға қойған мақсаттарды іс жүзіне асыру үшін табандылықпен еңбек етіп келе жатқанын айта кеткен жөн шығар, — дейді «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты» РМК директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының корроспондент-мүшесі, экономика ғылымының кандидаты Әбдіғали Бегманов,
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі соңғы бірер жылда еліміздің нарықтық экономикаға өтуіне байланысты Кеңес Одағынан қалған ескі карталарды жаңалау үрдістері біраз уақыт тоқырап қалғаны рас. Сол ескі карталармен еліміздегі жаңадан белгіленген ауыл- аймақ шекаралары, нысандар сәйкес келмей, көптеген қиындықтар туғызып жатты. Әсіресе бұл үрдіс жерлерді түгендеу кезінде қатты байқалды. Осыдан келіп тезарада еліміздегі ауыл шаруашылығы карталарын қайта жасамаса болмайтындығы белгілі болды. Ал ауыл шаруашылығы карталарын жасау ісінде далалық іздестіру жұмыстары маңызды орын алатыны белгілі. Бұл жұмыстар жауапты әрі мол еңбекті қажет ететін процес болып табылады. Осы орайда айта кеткен жөн біздің кәсіпорынның тікелей осы жұмыстармен айналысатын екі іздестіру экспедициялары еліміздің батыс және оңтүстік облыстарында далалық іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олардың атқарып жатқан жұмыстарын атап айтатын болсақ жаңа жерге орналастыру мен жер кадастрына арналған аэрофотогеодезиялық жұмыстардың үлгілік өндірім (уақыт) нормалары, жерге орналастыру мен жер кадастрына арналған аэрофотогеодезиялық жұмыстардың баға тізбесімен тікелей айналысуда. Мысалы, далалық экспедицялар атқарып жатқан жерге орналастыру мен жер кадастрына арналған аэрофотогеодезиялық жұмыстардың бағатізбесін енгізу кәсіпорын орындайтын жұмыстардың құнын орта есеппен екі жарым есеге арттыруға мүмкіндік берді. Бұл кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайына оң әсерін тигізіп, инновациялық технологияларды енгізуге, еңбек өнімділігі мен жұмыс сапасын артыруға жол ашты.
– Бүгінгі таңда жер ресурстарын басқару саласында күн тәртібінен түспей тұрған өзекті мәселенің бастысы ауыл шаруашылығы карталарын жаңалау. Неге десек тағы да қайталап айтамын КСРО кезіндегі аэрофотоогеодезиялық тұрғыда жасалынған ауыл шаруашылығы карталарының мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен, ескірген. Сондықтан күн тәртібінде тұрған бұл өзекті мәселені тездетпесек, ертең кеш болып кетеді.
Қазіргі таңда біздің аталмыш кәсіпорын бұл істе қол қусырып қарап отырған жоқ. Кәсіпорнымыз пайда болып жатқан инновациялық технологияларды қадағалап, оларды дер кезінде өндіріске енгізіп, жасалатын жоспарлы-картографиялық материалдардың сапасын жақсарту тәсілдері мен нұсқауларын жасап әрі жетілдіргенін айта кеткен жөн. Мұның ішінде Жерді қашықтан зондтау деректерін қолдану саласында атап айтатын болсақ «Қазақстан Ғарыш Сапары» Акционерлік Қоғамымен қол қойылған келісім аясында «ҚазЭоСат» Қазақстандық жерсерігінен алынған ғарыштық суреттерді пайдалану арқылы кәсіпорынды дамытудың жаңа әрі замана талабына орай мүмкіндігі ашылды. Осыған байланысты кәсіпорын өзінің жұмыс ережесін өнімнің стратегиялық маңызын сақтай отырып, оны тұтынушының сұранысын қанағаттандыруға бағыттап қайта қарады.
Мысалы, бүгінгі күні кәсіпорын өнімінде ауыл шаруашылығы саласы субьектілерінің, жергілікті атқарушы және өзге де мүдделі органдардың сұраныстарын ескере отырып, қосымша қабатаралық ақпараттарды көрсететіндей етіп жетілдіруді, ғарыштық түсіру материалдарын өңдеу бойынша жаңа бағдарламалық өнімдерді егізу жолымен өндірісті жаңғырту, кәсіпорында республика аумағын ауыл шаруашылығы үшін картографиялаудың барлық сандық материалдары енгізілетін, бүкіл мүдделі субьектілерге қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін беретін геопортал ашуды басшылыққа алып отырмыз.
Ауыл шаруашылығы карталарын жасау және олардың ерекшеліктері, оларды жаңалаудың маңыздылығы, олардың топографиялық карталардан айырмашылығы туралы толық мағлұмат беру және ауыл шаруашылығы карталарын жетілдіру мен өндірісті жаңғырту біздің кәсіпорынның болашақта да атқара беретін басты міндеттері болып қала бермек, — деп түсіндірді кәсіпорынның алдағы уақытта атқаратын міндеттері мен жоспарлары жайлы «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты» РМК директоры Әбдіғали Бегманов.
Алтынорда
[:]