АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Елдің суретке түскенін көруге емес, «фонограммамен ән тыңдап» демалуға келеді[:]

[:kz]

Алдымен парақшасына қып -қызылмен Өтірік деген жазу салады. Сосын тікелей эфирге шығып, Шын еді кешіріңіздер дейді. Абырой қасықтап жиналып, шелектеп төгіле салады ғой. Ел аралап жүрген эстрадиниктің көбі түрін көрсетуге ғана барады. Жанын жеп ән шырқайтыны тым аз. Тыңдаушы оны біледі. Бірақ көріп, суретке түскісі келеді. «Ата сақалы аузына түсіп, жасы мыңға келген » көрермен суретке түсіп, концерттің сыйқын бұзғаны үшін ашуланыпты. Төреш өзі солай деді. Мен де ашуланар едім. Себебі елдің суретке түскенін көруге емес, концерт көруге барасың. Ендеше неге уақытымды босқа кетіріп, мен күтпеген дүниеге қарап отыруға тиіспін? Иа, суретке түспей қойсаң, көрермен әншіні өзінше болып қалған деп сөгер еді. Төреш соны ойлап, барынша қарапайым көрінуді ойласа керек. Демек, біздің мәдени деңгейіміздің межесі байқалып қалды. Сахнаға шығып кетіп суретке түсу, басқа тыңдарманның мазасын алу, кешігіп келу. Орын іздегенде алдыңнан теріс қарап өту…. көп қой .

Ауыл-ауылды аралап, біраз «рухани жаңғырдым» ғой. Сонда әкімдер ауылда жаңадан салынған Тойханаларды айтып мақтанады. Мәдениет үйінің қажеттілігін онша айтқысы келмейді. Кеңес кезінендегі клубтың барлығы құлап біткен. Жақын аралықта ешкім мәдениет үйін салмайды. Сұраныс жоқ. Ал аудан орталықтарына баратын әншілер арнайы сценариймен концерт бермейді. Ауылға сценарий не керек? Ол түгілі ауыл адамдарында азаматтық құқық бар ма? Бар болса, ол суретке түсетін адамдарға қарап, күтіп отыруға келген жоқ. Ол «фонграммамен ән тыңдап» демалуға келеді.

 

Айнұр Төлеу

Фейсбуктегі парақшасынан

 

 

 

[:]