[:kz]
Өткен ғасырдың 30-50 ж.ж. бұрыңғы КСРО-ға кіретін, қазір, Құдайға шүкір, егеменді елдерде, оның ішінде Қазақстанның саяси-экономикалық мен әлеуметтік-қоғамдық өмірі туралы, сондай-ақ осы тарихи кезеңнің халық жадында, ел тарихында алатын орны хақында, қоғамдық ой мен ғылымда идеологиялық диктат үстемдігі жайында білеміз. Біз бүгін тағы да көптеген даңқты тұлғаларымыздың бақытын, өмірін қиған, тоталитарлық саясаттың сұрапыл террорын еске аламыз. Саяси қуғын-сүргін һәм қолдан жасалған ашаршылық – қазақ халқының «тауы шағылып, сағы сынан» өте күрделі, қарама-қайшылыққа толы азалы кезең.
Қазақ халқы осы зорлық-зомбылық уақытында, тек күштеп ұжымдастыру және ашаршылықтан 49 пайыз өз халықтан айырылған, сталиндік саяси қуғын-сүргін саясаты кесірінен ең керемет, бетке ұстар қаншама өз нағыз патриоттер айырылды. Елбасы және Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев осынау нәубет кезең жайында былай дейді: «Өткенді еске алу бізге тек қана тоталитарлық тәртіптің құрбандарының алдында парызымызды өтеуге емес, болашақта қате жібермеуге қажет. Ұлы нәубет жылдары орны толмас апатқа ұшыраған тұтас бір халық тарихындағы азалы ақиқат бұл. Мұны кейінгі ұрпақ ұмыт қалдыруға тиіс емес. Халықтың санасында жазықсыз миллиондаған адамның өмірін қиған зұлым кезең мәңгілік сақталады».
1997 жылдан бастап «31-мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып ресми бекітілген болатын. Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы сәуірдің 14-інде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданады. Содан бері қаншама мұрағаттық қылмыстық іс зерттелінген көрінеді. Барлық осы істердің – ортақ нәрсе – «халық жауы» деген адамдар – ешқандай халық жауы болмаған, олар керісінше, халық достары болған және қазақ халқының болашағы мен өмірі жақсы болсын, Еуропа, Америка Құрама Штаттардан немесе Жапония кем болмасын. Бізде халықпыз, елміз, адамбіз деп күні-түні ойлап, мүмкіндігінше, күш-қайрат, ақыл-ой қосқан азаматтар болып шықты.
1937-1938 жылдардағы қанды оқиға жаңғырығы мәңгі ел жадында. Нақақтан-нақақ ұлтымыздың көзі ашық, көкірегі ояу азаматтары «ұлтым» деймін деп – «ұлы қылмыс» жасап, «халқым» деймін деп – «халық жауы» деген жала жабылып атылып кетті. Талай бейбіт отбасыларының оты өшіп, ана жесір, бала жетім қалды. Түптеп келгенде, саяси қуғын-сүргін, аштық, өзге ұлттардың депортациясы барлығы тоталитарлық жүйенің орыстандыру-шоқындыру, бүтіндей бір ұлтты жою саясатының нәтижесі.
Тарихшылардың бағалауынша, одақ бойынша 1927-1953 жылдары 60 миллион адам, оның ішінде Қазақстан бойынша 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы атылды. Тізімдегі 631 атылған адамның 80 пайызы қазақтың белгілі адамдары болған. Көбі Алаштың арыстары.
Сталиндік қуғын-сүргін жылдарында бүкіл елде 953 лагерь мен қоныс мекендері болған. Қазақстанда ГУЛАГ-тың 11 лагері орналасқан. Олар: Алжир, Қарлаг, Дальний, Степной, Песчаный, Қамыслаг, Ақтөбе, Жезқазған, Петропавл, Кеңгір және Өскемен лагерлері.
Қазақ зиялыларының жікке бөлінуі қолдан жасалған және бірнеше кезеңге созылған күрделі процесс. Ең алғаш большевиктер Әлихан Бөкейхан бастаған Алашорда қайраткерлерін биліктен ығыстырып шығарды. Одан кейін бұл үрдіс 1925-1930 жылдары қайта жалғасты. Үшінші кезеңде 1937-1938 жылдары шарықтау шегіне жетті. Осы жылдары қазақ зиялылары: Тұрар Рысқұлов, Әлихан Бөкейханов, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Абдулла Розыбакиев, Магази Масанчи, Ілияс Жансүгіров, Левон Мирзоян, Сәкен Сейфуллин, Санжар Асфендияров, Халел Досмұханбетов, Жаханша Досмұханбетов атылды.
Қазақ зиялыларының жікке бөлінуі қолдан жасалған және бірнеше кезеңге созылған күрделі процесс. Ең алғаш большевиктер Әлихан Бөкейхан бастаған Алашорда қайраткерлерін биліктен ығыстырып шығарды. Одан кейін бұл үрдіс 1925-1930 жылдары қайта жалғасты. Үшінші кезеңде 1937-1938 жылдары шарықтау шегіне жетті. Осы жылдары қазақ зиялылары: Тұрар Рысқұлов, Әлихан Бөкейханов, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Абдулла Розыбакиев, Магази Масанчи, Ілияс Жансүгіров, Левон Мирзоян, Сәкен Сейфуллин, Санжар Асфендияров, Халел Досмұханбетов, Жаханша Досмұханбетов атылды.
Содан бастап, бірте-бірте кеңес үкіметі қазақты өз елінде ұлтан болуына айналдыруға бет алды. Сталин өлгеннен кейін, жаппай репрессия жүргізу болмаса, бірақ кім өз ұлтының тағдыры, тілі, өмірі қалай болады екен деп шырылдап жүрсе, сол бойда психушкаға жіберген. Шығыс Қазақстанның мектеп ұстазы, соғыс ардагері Елікбаев, Хрущевтің тың игеру саясатына, әсіресе, жаппай орыстандыру және қазақ тілін өз жерінде шектеу мен оның құрдымға айналып жатқанына, қазақтардың өз ұлттық мәдениеттен айырылу процесіне түскенін айтқанын үшін, сондай құғын-сүргін жаңа тәсіліне тап болды.
Соңғы әкімшіл-әміршіл жүйесінің әрекеті – бұл 1986 ж. Желтоқсаншылдарды құрту деп толық айтуға болады.
Бірақ, әділетсіз және адамгершіліктен ада кеңес мемлекеті өзі 5 жылдан кейін өзі құрдымға айналды! Сонда біздің батырлардың күресі бекер болған жоқ! Соны ұмытпау керек, ағайын!
Керимсал Жубатканов
Алтынорда
[:]