[:kz]
Жаңа қырғи-қабақ соғыс» термині сарапшылар мен саясаткерлердің көмегімен қайтадан пайдаланылуда және бүгінде ол Ресеймен байланысты емес. Америка Құрама Штаттарының жаңа геосаяси қарсылас бар – бұл Қытай. Қазіргі Қытай қуатты күш ретінде пайда болды. Көптеген жылдар бойы мамандар мен сарапшылар «ҚХР-ның үнемі күшеюі» туралы айтып жүрді. Қазір Қытай АҚШ-тың нақты қауіп әкелетін күшке айналды екен, деп жазады өз мақаласында геосаясат бойынша сарапшы Роберт Каплан.
2005 жылдың маусым айында Роберт Каплан өзінің материалында Америка Құрама Штаттар мен Қытай арасындағы әскери жарыс «ХХІ ғасырды анықтайтын болады» деген болжам жасады, ал Пекин «Ресейге қарағанда әлдеқайда мықты қарсылас» болады екен.
Он төрт жылдан кейін сарапшы «болашақ келді» деп жазады және жаңа қырғи-қабақ соғыс басталды. Бірақ қазіргі жағдай «бұрынғы қырғи-қабақ соғыспен» еш ұқсастығы жоқ екен.
Каплан киберқауіптермен және капитал нарықтарында өз ықтималын күшейтумен бірге, бұл қақтығыс ұзаққа созылады және осы қақтағысты толық бақылауды екі жақтан қолынан келмейді екен.
«Жаңа қырғи-қабақ соғыс генералдар мен стратегтер түсінетін көптеген факторлар үнемі өзгеріп отырады, бірақ Давосқа (Давостағы экономикалық форум) қатысқан көптеген басқа тұлғалар, әсіресе қаржылық элиталар, бас тартқысы келеді. Себебі, АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынас әлемде ең маңызды болып табылады — көптеген жағымсыз әсерлерден — екі үлкен держава арасындағы қырғи-қабақ соғыс геосаясатта теріс факторға айналды, нарық бағасын белгілеуі керек», — деп жазады Каплан.
«Америка Құрама Штаттары мен Қытай арасында айырмашылықтар айқын және іргелі» және «келіссөздер жолымен реттелмейді», жағдай бұдан да қиын болады екен.
Бейжің Вашингтонның Тынық мұхитының батыс бөлігін (Оңтүстік-Қытай теңізі және Шығыс-Қытай теңізі) бақылауын алып тастауға тырысады, ал АҚШ әскерлері осындай жоспарға қарсы екен.
Оңтүстік-Қытай теңізі және Шығыс-Қытай теңізі немесе осы бөлігін бақылау Қытайға Тынық мұхит және Үнді мұхитының басым бөлігін басқаруға арналған теңіз дәлізін кеңейтуге, сондай-ақ Тайваньмен күрделі қатынастарда маневр жасауға мүмкіндік береді.
«Бұл Кариб бассейнінде үстемдік АҚШ-ға батыстық жарты шараны стратегиялық бақылауға мүмкіндік берді және сол арқылы екі дүниежүзілік соғыста және КСРО-мен қырғи-қабақ соғыс кезінде шығыс жарты шарда күштердің тепе-теңдігіне әсер етті. АҚШ-ры үшін Кариб теңізінде әлемдік үстемдік басталды, ал Қытай үшін бұл Оңтүстік Қытай теңізінде басталады», — жазады геосаясат сарапшы Каплан.
Капланның айтуынша, АҚШ-ның мемлекеттік департаменті пікірі бойынша, Қытайдың «үнемі өсіп келе жатқан технологиялық қуаты» Ресей қаупінен әлде қайда жоғары екен. АҚШ Қытайдың соңғы уақытта күшейюне байланысты маңызды және мықты шаралар қабылдауға тырысуда. Науқандық уәдені орындай отырып, Трамп әкімшілігі Қытайдың американдық инновацияларға қол жеткізуін шектеп тастады, қытайлық инвестицияларға үлкен кедергі келтірді. Осылайша, Америка Құрама Штаттар өз нарықтарын ұлттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жағымсыз инвесторлардан қорғайды. Америка Құрама Штаттары өз жоғары технологиялық секторларға Қытайды жақындатпауға өте мықты қарсылық шаралар қабылдады.
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің доценті, тарих ғылымның кандидаты.
[:]