АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Лукашенко және қазіргі Беларусь.[:]

[:kz]

 

Ресей біржақты тәртіппен Беларусьпен шекаралық режим енгізген кезде, ресми Мәскеу мен Минск арасында қарым-қатынас екі жыл бұрын нашарлады. 2018 жылдың екінші жартысында эмоциялар шегіне жеткен еді: Кремль басшылығы ашық мәлімдеме жасады «Беларуське кез-келген әскери шабуыл Ресейге шабуыл ретінде қаралатын болады». Президент Лукашенко өз еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғауға және Ресей «батыс бағытта ғана одақтасы» — Беларусьті — жоғалтуы мүмкін екендігін ашық айтты.

Сарапшылардың пікірінше, Мәскеу мен Минск арасында қарым-қатынастардың күрт шиеленісі тек экономикалық дауларға ғана емес, сонымен қатар Беларусь экономикасына ресейлік газға және ресейлік мұнайға экспорттық баж салығына және Ресейден келетін басқа субсидияларға байланысты екен болып шықты. Көптеген сарапшылар бір нәрсеге келіседі: Кремль Беларусьті өз билік транзитінің сценарийіне айналуға тырысып отыр. Басқаша айтқанда, Путиннің төртінші президенттік мерзімі 2024 жылы аяқталғанда, ол Ресей мен Беларусьтің жаңа мемлекеттік бірлестігін басқаруға қол жеткізіп, тағы енді бірлескен Ресей мен Беларусь, ортақ мемлекетінің басшы болып сайланады екен. Қазір Мәскеуде екі елдің бірігуі үшін жұмыс тобы құрылып, өз жұмысын бастады.

Айтпақшы, 2019 жылы 20 шілдеде Лукашенко президенттік биліктің 25 жылдығын атап өтеді. Санкт-Петербургте Еуразиялық экономикалық одақтың 2018 жылдың желтоқсанда саммитінде ол Путинге ресейлік газға тым жоғары бағаға ашық қарсылық білдірді. Путин: «Кейінірек жабық есіктердің артында пікірталасқа түсірейік», — деп жауап берді. Яғни Путин бұл қарама-қайшылықтың жағдайы бүкіл халыққа жеткізбеуге тырысты. Шын айту керек, Лукашенко қазіргі жағдайы мәз емес. Беларусь президенті өзінің көзқарасымен Кремльді ғана емес, қаржы мағынада ауыртпалық тудырды. Беларусьті экономикалық жағынан қолдау қазіргі Ресейге өте ауыр болып отыр. Бұрынғы Мемлекеттік Думаның бірінші орынбасары Рыжковтың айтуынша, Ресей жыл сайын Беларуське 4-7 миллиард доллар көлемінде субсидия берді, ал соңғы 20 жылда Беларуське Ресей 120 миллиард доллар көлемінде қаржыландырған еді.

20 жылдан астам уақыт бұрын, 1997 жылы мамырда Лукашенко мен Ельцин Ресей мен Беларусь Одағының жарғысына қол қойды, кейінірек ол Одақтық мемлекет деп атала бастады. Осы уақытқа дейін бұл тек химера, қағаз жағдайында болды: жалпы валюта, азаматтық және мемлекеттік атрибуттар болған жоқ. Шын мәнінде, тек шағын ортақ бюджет болған еді.

Бұл одақтас мемлекетте Жоғарғы Кеңес бар және оның басшысы Лукашенко осы уақытқа дейін басқарып жүр. Бірақ Лукашенко Ельцинмен осы одаққа қол қойған кезде, ол Ельцин атам Ресей мен Беларусьтің одақтас мемлекетіне басшылық ететінін айтып, бірақ Мономахтың қалпағын мен өзім бір күні киемін деп Лукашенко ойлаған. Ал, Путин Кремльде пайда болғанда, Лукашенко түсінді – енді оған Мономах қалпағы бұйырмайды!

20 жыл бойы Одақтық мемлекет ұйқы режимінде болған, қазір Мәскеу бұл туралы еске салады. Бұл «мемлекет», яғни ұлтүстілік органдар, қорғаныс компонентін құру үдерісі жүріп жатыр. 2014 жылдан кейін РФ қорғаныс министрі Шойгу және басқа да Кремльдегі генералдар мұндай қажеттілік туралы еске түсіре бастады.

Беларусь экономикаға келетін болсақ, негізгі белорус кәсіпорындары қазірдің өзінде сатылып жатыр немесе күйзеліске ұшырады. Бұдан әрі – Ресей өз бақылауын беларусьтік мұнай өндіру зауыттарға күш салып жатыр. Беларусьтік деп аталатын, ал, іс жүзінде бұл экономиканың кеңестік моделі. Кейбір сарапшылар күледі екен, Лукашенко беларусь қорғаныс өнеркәсібін құрғанын естігенде: беларусь әскери ракеталық кешені «Полонез» көбінесе қытайлықтардың құрал-саймандардан жасалған болып шығады.

Егер біз Лукашенконың күшті жақтары туралы айтатын болсақ, онда оның президенттігінің 25 жылында ол нақты басқару классын жасаған. Пионтковскийдің айтуынша, Лукашенко Беларусьтің мемлекеттілігін қайта құрды. Бірақ қазіргі беларусьтік саяси жүйе бүгінгі және қазіргі заманғы проблемаларға жауап бере алама? Буған жауап беру өте қиын!

 

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің доценті, тарих ғылымның кандидаты.

 

[:]