[:kz]
Автокөлік сарапшылары қырғыз, армян және ресейлік нөмірлерлі көліктері бар жүргізушілерге темір тұлпарын автобөлшектерге сатып жіберулерін ұсынды. Айтуларынша, бұл жағдай шығыны ең аз және тиімді шешім болмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Время» басылымына сілтеме жасап.
Тәуелсіз автокөлік одағының төрағасы Эдурад Эдоковтың сөзінше, шетелден сатып алып, Қазақстанға әкелінген көліктердің көпшілігі рөлі оң жақта орналасқандар екен. Ал 2007 жылдан бастап оларды елімізде тіркеу мүмкін емес. Мұндай көлікті тіркеу үшін әбігерге түсудің қажеті жоқ дейді сарапшы. Себебі оған кететін шығын көлікті сатып алған ақшадан да асып түсуі мүмкін.
«Менің ойымша, сырттан әкелінген автокөлікті бөлшектерге бөліп, сатып жіберген тиімдірек болмақ. Бұған көп уақыт кететін анық, бірақ осылай жасаған барынша шығынның аз болуына септігін тигізеді. Ал Қырғызстан мен Арменияға алып барып қайта сату қиынға түседі. Сатылғанның өзінде көлік арзанға бағалануы мүмкін», — дейді сарапшы.
Эдоковтың сөзінше, шетелден көлікті 1,5-2 есе сатып алуға бел буған азаматтар бұл ойға алдағы уақытта не күтіп тұрғанын жақсы білгендіктен барған.
«Қазақстандық емес көлік мәселесі осымен бірнеше рет қайталанып жатыр. Менің тіпті күлкім келеді. Он жыл бұрын қырғыз автокөліктерімен болған еді бұл жағдай. Ол кезде рөлі оң жақта орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салынды. Енді міне көріп отырғанымыздай, жайдай тағы бір рет қайталанды. Менің тек жүргізушілерді сабырлыққа шақырғым келеді», -дейді Эдоков.
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасының журналистері де анқытап көрді. Олардың мәлімдеуінше, Қазақстанда 170 мыңнан астам шетелдік нөмірі бар көлік жүргізушілері не істерін білмей дал болуда. 170 мың дегені тек тіркелгендердің саны, ал қалып қойғандарының қанша екендігі беймәлім. Басқа мемлекеттердің кедендік одағында тіркелген олардың темір тұлпарлары заңға қарама-қайшы деп танылуда. Осыған байланысты көлік иелері біраз ақшаларын айыппұл төлеп құртуға мәжбүр болуы мүмкін.
Қазір шетелдік нөмірі бар көлік жүргізушілерінің тек үш амалы бар. Біріншіден, шетелге қайта шығып, оны сол жақта сатып жіберу. Екіншіден, Қазақстанда шетелден келген көліктер бір жылға дейін жүруіне рұқсат берілген. Ал уақыты өтіп кеткен жүргізушілер шет мемлекеттерге шығып, қайта келулеріне болады. Алайда тәртіп сақшыларының көлікті тоқтатып, оның айыппұл тұрағына жіберетіні тағы бар. Үшіншісі жүргізушілердің қалтасына соққы болып тиетін секілді. Себебі ол үшін көлік иелері салықтардың барлығын төлеп, өз көліктерін Қазақстанда тіркеулері қажет. Дегенмен соңғы нұсқа дұрыс әрі заңды шешім болмақ.
Алайда Қазақстандағы шетелдік нөмірі бар барлық көлікті бірден тіркеу мүмкін емес. Себебі көліктердің барлығы Еуростандарттарға сәйкес келе бермейді екен. Қазақстанда ауаға бөлінетін зиянды газы Еуростандарт көрсеткіші бойынша төрттен төмен ғана көліктерді тіркеуге рұқсат берілген. Бұған қоса шетелден жеткізілген көліктердің жабдықтарына қойылатын бірнеше талаптар бар: оларға көлік фарларының жарық, көліктің шет жағында орналасқан қорғаныш жастықшасының және шұғыл тежеуішінің болуы міндетті. Ал бұл құрылғылар тек кейін шығарылған көліктерге ғана орнатылған көрінеді. Мемлекет үкіметі бұл жағдайларды шетелден келетін көліктерді азайту үшін әдейі қосыпты.
«Көп адамдар үнемдегісі келеді. Сол себепті ескі көлік сатып ала салады. Ал шетелден алып келінетін көліктердің көбі — саудасы біткен, сырты өтірік жаңа секілді әрленген. Ертең бұл көліктер адам өліміне алып келетін сөзсіз. Сол кезде кім жауап береді? Қазақстанда опат болғандардың біразы осындай техникалық ақауы бар көліктердің астына түскен»,- деп жауап берді ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Павел Казанцев.
ІІМ мәлімдеуінше сөз болған заң ережелерінің қабылданғанына біраз уақыт болған. Дегенмен шетелден келетін көліктермен қоса, мемлекетте олардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының да саны өсіпті. Былтырдың өзінде 1800 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оларға себепші болған азаматтардың тек үштен бірі ғана жауапқа тартылыпты.
«Біз бір жағдай бола салса, дереу көлікті айыппұл тұрағына жеткіземіз деген әңгіме жоқ. Ауыр жазаға тартудан алыстағымыз келеді. Шетелдік көлік айдап жүргендерге алдымен ескерту жасалады, егер бізді тыңдамаса, тиісті шаралар қолданылады», — ҚР ІІМ -нің әкімшілік полиция басқармасы комитетінің басшысы Юрий Козлов.
ІІМ шетелдік көлігі бар жүргізушілерге кеңес беру мақсатында, арнайы шұғыл телефон желісі де құрылыпты. Дегенмен олардың барлығы бірдей қоңырауға жауап бермейтін көрінеді. Бұл жағдайды желіге жауап беретін ұйым қоңырау шалушылардың көптігін айтып ақталды. Алайда бұл кеңес берушілер алдағы уақытта жұмыстарын тоқтады деген сөз емес дейді олар.
[:]