[:kz]
Жаһандық туризм мен әуе транспорты триллиондаған шығынға ұшырып жатыр. Доллар құны 500 теңгеге барып, одан асып кетуі мүмкін.
Белгілі кәсіпкер әрі қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай қазіргі кездегі экономикалық жағдай туралы ойын алда не күтіп тұрғаны жайлы өз болжамдарымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Марғұлан не дейді?» атты авторлық жобасының аясында мұнай бағасының құлдырау себептері және салдары, әлемдік құнды қағаздардың құлдырау себептері, оның салдары, короновирустың әлемдік экономикаға әсері және осы дағдарыстың Қазақстанға әсері, девальвация бола ма, болса қандай дәрежеге дейін болады? Бензин бағасы төмендей ме, жоқ па? Дағдарыс кезінде не істеу керек?» деген секілді өзекті мәселелер мен сұрақтар төңірегінде білгенін жіпке тізген қоғам белсендісі короновирустың зардабы тек ғана Қытай экономикасына келтірген зардабымен шектелмейтінін алға тартты.
«Баға қақтығысынан тыс мұнай бағасының түсуіне басқа себептер бар ма? Әрине, бар және өте көп. Біріншіде ол, коронавирус әсерінен баяулап келе жатқан Қытай экономикасы. Екіншіден, короновирустың зардабы тек ғана Қытай экономикасына келтірген зардабымен шектелмейді. Еуропада карантин енгізіліп, дүниежүзінде көптеген шаралар тоқтатылуда. Америка өзінің басқа елдермен қарым-қатынасын мүлдем тоқтатып тастады. Жаһандық туризм мен әуе транспорты триллиондаған шығынға ұшырып жатыр. Ал олардың пайдаланатын шикізаты — ол мұнай. Үшіншіден, Америка және жаһандық құнды қағаздар нарығының дағдарысы. Егер бұл дағдарыс әрі қарай күшее түссе, онда мұнай, басқа да шикізаттарға сұраныс күрт төмендеп, түсіп кетеді. Төртіншіден, ол дамыған елдердің альтернативті қуат көздерінің арқасында мұнайға деген сұранысының азая түсуі. Мұнай бағасының төмендей түсуіне себептер көп. Жақын арада мұнай бағасының қайта көтерілетініне үлкен күмәнім бар. Бұл мәселелердің барлығы жиналып, бір уақытта идеалды дауға айналды», — деді ол.
Сондай-ақ, Марғұлан Сейсембай «доллар құны 500 теңгеге барып, одан асып кетуі мүмкін» деп топшылады.
«Мемлекеттік бюджетімізге келсек, өз табысының 30 пайызына дейін немесе 3-5 млрд долларға дейін жоғалтуы мүмкін. Мұндай жағдайда бюджетті толтырып, үкіметтің халық алдындағы өз әлеуметтік міндеттемелерін орындау үшін екі-ақ мүмкіндік бар. Біреуі — Ұлттық қорға қолын сұғу. Екіншісі — біздің қалтамыздан девальвация арқылы ақшамызды суырып алу. Сондықтан мен өз басым Ұлттық қорымыздың қаншалықта сақталып отырғанын нақты білмегеннен кейін, ол жөнінде ақпарат жабық. Үкімет бюджет дефицитін біздің қалтамыз арқылы шешетініне еш күмәнім жоқ.
Нәтижесінде, егер мұнай бағасы бір жыл бойы 30 доллардан төмен болып тұрса, Үкімет девальвацияны өткізеді деген сенімдемін. Онда доллар құны 500 теңгеге барып, одан асып кетуі мүмкін», — деп экономикалық өзгеріс кезінде көптеген заттардың қымбаттап кетуі мүмкін екендігін ескертті.
[:]