[:kz]
Себебі Ресей мұнайы тоқтап қалатын болса, оның сыртында Қазақстандікін де тоқтатса, тапшылық одан сайын күшейеді.
Қазақстандағы ірі мұнай желісі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) апатқа ұшырағаны белгілі. Оның салдары үлкен шығындарға әкеп соқты. Бұл Ресейдің әдейі жасаған әрекеті ме? Аталған сұраққа Мұнай-сервистік компаниялар одағының төралқа төрағасы Рашид Жақсылықов Нартай Аралбайұлына берген сұхбатта жауап берді, деп жазады Caravan.kz порталы.
«22 наурызда КТК-ның бұзылуы басталды. Ресей әдейі бұзып жатыр деп айтамын. Хронологияны алып қарасақ, 16-17 наурызда Александр Новак мырза Қазақстанға келіп, Атасу – Алашанькоу 20 миллион мұнай тасымалдайтын құбырымызды 5 жылға Ресей мұнайын тасымалдауға келісім-шартқа қол қойылады. Үш күннен кейін 19 наурызда Новак мырза мынандай үндеу тастайды:
«Еуропа және Америка біздің шикі мұнайға және газға ембарго енгізетін болса, дүниежүзінде үлкен тапшылық туындайды. Бұл жақсылыққа әкелмейді. Газдың бағасы сияқты мұнайдың да бағасы 300 немесе 500 долларға көтеріліп кетуі мүмкін. Бұл бүкіл дүниежүзінің экономикасын коллапсқа әкеледі деп айтты 3 күн бұрын», — деді мұнай-сервистік компаниялар одағының төралқа төрағасы.
Оның айтуынша, бұл айтылған сөздерден кейін ол бірден үрке бастаған. Себебі Ресей мұнайы тоқтап қалатын болса, оның сыртында Қазақстандікін де тоқтатса, тапшылық одан сайын күшейеді. Бұны 19 күні айтты, ал 22 наурызда ВПО бір сынады, бірақ оны 2 аптаның ішінде жасаймыз дейді. Одан кейін 3 сағаттан кейін ВПО-9 сынады. Содан 2 сағат өткеннен кейін ВПО-13 сынады. Бірақ, «жасаймыз» деген сөзден басқа ештеңе жоқ. Ал 7 сағаттан кейін толығымен тоқтатамыз дейді.
«Енді Ресей мен Қазақстан қарым-қатынасына қайтадан оралайық. 24 ақпанда ана жағдай басталады. ОДК сұрады ма бізден? ДНР мен ЛНР-ды мойындаңдар деп сұрады ма? Іле шала 1 аптадан кейін санкциялар күшейе бастаған кезде экономиканы сақтап қалу үшін, Ресейдің нарығын күшейту үшін Еуразиялық экономикалық одақтың отырысы болады ма? Ол жерде қандай мәселе көтеріледі? Ол жерде бәріміздің рубль аймағында болайық деген мәселе көтеріледі. Біздің Қазақстан бас тартады. Және бұл өте дұрыс шешім. Барлық ұсыныстан Қазақстан бас тартып, келісімге қол қойылмағаннан кейін, бейшара адамның тірлігіне кіріседі»- деді спикер.
«Дегенмен, олар да Қазақстанның немен күн көріп отырғанын біліп отыр. Бірақ бір затқа көңіл бөлу керек. 30 жыл Еуразия одағының мүшесіміз, 30 жыл осы экономика одағында қызмет көрсетіп жатырмыз. Бірақ біздің мемлекет, біздің үкімет осы Еуразия экономика одағы арқылы жеткен жетістіктеріміз мынандай деп мақтанып нені айта алады? Нені көрсете алады?», — деді Рашид Жақсылықов.
[:]