МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І ТАРАУ. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы және дамуы .
1.2. Эстетикалық талғамын қалыптастырудың маңызы .
ІІ ТАРАУ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1. Бастауыш мектепте эстетикалық тәрбие берудің жолдары
2.2. Эстетикалық тәрбие берудің қазіргі жағдайы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің барлық сатысы жеке тұлға тәрбиелеуге бағытталған. Оның ішінде бастауыш мектеп білім, білік, дағдылардың тұтас жүйесін қалыптастырып, баланың танымдылық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделген алғашқы баспалдағы.
Соңғы жылдары бастауыш білім ісін жаңарту, қайта құру барысында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Осы салада алдыңғы қатарлы ғалымдардың, жаңашыл-педагогтардың, тәжірибелі ұстаздардың пікірлері талқыланып, жаңа тұжырымдамалар, жобалар, бағдарламалар жасалуда. Қазақстан Республикасының 2003 жылы жарық көрген білім беру ұйымдарындағы кешенді тәрбие бағдарламасында баланы адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеуді көздеп, оның рухани дүниесінің қалыптасуы мен ақыл-ой дамуының тиімді құралы болып табылатын эстетикалық тәрбие маңызды орын алады.
Кез-келген мемлекеттің интеллектуалдық, экономикалық, адамгершілік және мәдени потенциалдары тікелей білім беру аясы жағдайы мен оны ұдайы дамыту мүмкіндіктеріне байланысты екендігі баршаға анық. Осы жағдайларды түсіну Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасын даярлауға әкелді, бұл қазіргі уақытта үздіксіз білім беру стратегиялық қайта құрудың бастауыш сатысын тікелей жүзеге асырудың ең бір тактикалық бағыттарының бірі ретінде қабылданды. Концепцияда бастауыш мектептің негізгі міндеті: баланың бастапқы қалыптасуы мен оның қабілеттілігін анықтап, дамытуды қамтамасыз ету болып табылады. Осы сатыдағы оқыту мен тәрбиелеу оқу әрекеттері шеберлігі мен оның жағымды себептерін қалыптастыруға тілмен қатынас жасаудың элементарлық тәжірибесін оқу, хат пен есептеудің, көркемдік іс-әрекеттің әр түрінде шығармашылық өзін-өзі жүзеге асырудың, мінез-құлық мәдениеті, өзіндік гигиена мен саулықты өмір салтының берік дағдыларын алуға бағдарланған, сөйтіп негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын одан шейін де меңгеруге қор құрады.
Осыған байланысты қазіргі кездегі білім беру жүйесінің, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен экономикалық қуатының қоры және басты факторы болып табылатын және қоғам өмірінің жаңа ерекшеліктері негізін құрайтын қоғамдық дамуы деңгейінің жайы ретіндегі адам капиталы рөлі мен маңызы күшеюде.
Бүгінгі күні бастауыш мектеп оқушыларына берілетін тәрбие ұлттық және әлемдік өнерге, халықтың рухани байлығы мен қоршаған ортаны қабылдауға бағытталады. Сонда ғана оқушыға эстетикалық тәрбие беру мүмкіндігі артады. Әсемдік әлеміне баланы сәби кезінен бастап-ақ қызықтырып, әдеміні сезінуге талпынтатын болсақ, ол сезімін одан әрі ұштастыру бастауыш сыныптарда жалғасады.
Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге әдіснамалық талдау жасау нәтижесінде байқағанымыз оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде “Бейнелеу өнері“ пәнінің мәніне көптеген ғалымдардың көңіл аударғаны. Бұл кіші мектеп оқушысының жеке тұлғасының қалыптасуына бейнелеу өнерінің әр қырынан әсер ететіндігі туралы бірқатар зерттеулердің барлығын көрсетті: оқушының ой-өрісін дамыту мәселесі Н.М. Сокольников, Э.И. Кубышкина, Т.С. Комарова, Е.Е. Рожкова, С.И. Гудилина, Н.М. Конышева, Н.Г. Салмина, О.А. Куревина, Е.А. Луцева еңбектерінде, өнер шығармалары арқылы баланың адамгершілік және ақыл–ой сапаларын қалыптастыру В.С. Кузин, Б.М. Неменский, Т.Я. Шпикалова т.б. зерттеулерінде орын алған.
А. Қамақов, Қ. Амірғазин, Е. Асылханов, Ж. Балкенов еңбектерінде халықтың сәндік қолданбалы өнер шығармаларының баланың эстетикалық тәрбиесіне, оның ішінде сезімдік талғамына әсері ашып көрсетілген.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сыныптарында бейнелеу өнері шығармалары арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру
Зерттеу міндеттері:
- Бастауыш сынып оқушыларыньщ бейнелеу өнері шығармалары арқылы эстетикалық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздерін анықтау.
- Бастауыш сынып оқушыларын бейнелеу өнері шығармалары арқылы эстетикалық тәрбие беруді тәжірибе-эксперимент
негізінде тексеріп, дөлелдеу.
І ТАРАУ. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы және дамуы
Эстетикалық тәрбие – күрделі де көп қырлы үрдіс. Жеке тұлғаның эстетикалық тәрбиеге қатысты психологиялық ерекшеліктерін Л.С. Выготский, Э.В. Леонтьев, А.А. Венгер, В.С. Мухина қарастырған.
Адамның эстетикалық санасының құрылымын аша отырып, олар көркемдік–эстетикалық қабылдау, эстетикалық сезімдер, эстетикалық қажетіліктер, эстетикалық идеалдар мен талғам, эстетикалық көзқарастар сияқты негізгі элементтерді бөліп көрсетті. Осы тұста біз жоғарыда аталған ұғымдардың өзіне тән ерекшеліктерін айта кеткенді жөн көрдік. Көркемдік–эстетикалық қабылдау өнер және қоршаған дүниенің сұлулығымен қарым–қатынас жасаудың бастапқы сатысы. Оның тереңдігі мен айқындығына эстетикалық әсерленудің тереңдігі байланысты.
Көркемдік- эстетикалық қабылдаулар болмыс құбылыстары мен өнерден эстетикалық сезімдерді оятатын қасиеттерді, сапаларды бөліп алу қабілетінде көрініс тапқан. Көркемдік эстетикалық қабылдауға бейнелеу өнеріне байланысты қабылдау да енеді.
Бұл эстетикалық сананың негізі. Ол эстетикалық эмоциялармен қатар адамды эстетикалық немесе тағы да басқа қажеттіліктерді қанағаттандыратын әрекеттерді жасауға ынталандыратын себеп болып табылады.
Педагог А.В. Бакушинский эстетикалық қабылдаудың үлгісін екі бағытта қарастырды: ерікті көңіл күйі басым шығармашылық толғаныс; логикалық ойлау үрдістері басым (сана) таным.
Б.П. Юсов эстетикалық қабылдаудың төрт компонентті үлгісінің төмендегідей құрамдарын бөліп көрсетті:
-бірге әсерлену қабілеті, эмоциялы ықыластылық;
-өнер туралы арнайы білім көлемі мен ұғымдардың болуы;
-көркем шығармалар түрлерін қабылдау қабілеті;
-бағалаулар мен көркемдік пайымдауларын болмыс құбылыстары мен өнердің басқа түрлерін қабылдауға көшіре білу қабілеті [3, 145-147.бб.].
Шынайы дүние құбылыстарын эстетикалық қабылдау, бейнелеуге қажетті сенсорлық қабылдау ғана емес, сонымен бірге қабылдаған құбылыстың эстетикалық бағалануы, оған әсерленіп жауап беру, заттың әдемілігін, айқындығын көре білу, сезіну қабілеті. Дәл осы қасиет ерекше таң қалдырған, қуантқан нәрсені графикалық түрде жеткізудің негізін қалайды.
Адамның эстетикалық, эмоциялық сезімдері толассыз, сарқылмайды, алайда, эстетикалық қабылдау мен эмоциялар себептен әрекеттің стимулына айналуы үшін олар ерекше эстетикалық әсерленуде шешімін табуы қажет.
Әлеуметтік-эстетикалық әсерленулер жалпыға ортақ, ешқандай “ережеге “ бағынбайды, субьективтілік, сырластық сияқты ерекше белгілермен сипатталады. Эстетикалық әсерленулер адамның белсенді шығармашылық іс әрекетін оятып, “сұлулық заңдары” бойынша оның болмысқа деген эстетикалық қарым–қатынасының нақты мынадай формаларын, яғни эстетикалық эмоцияларды, талғамдарды, идеалдарды жинақтап көрсететін категория. Эстетикалық әсерлену шығармашылық ықыластылық немесе шығармашылық жасампаз іс-әрекетке ықыластылық түрінде өзекті мәселеге айналып отыр. Кейде эстетикалық қабылдауды дұрыс емес анықтама ретінде бағалауға болады. Адамды шығармашылық іс-әрекетке баулу бір басқа да, оның іс-әрекетке және шығармашылыққа деген қарым-қатынасын қалыптастыру бір басқа [4, 33.б.].
Эстетикалық әсерленудің неғұрлым қарапайым формасы эстетикалық эмоция. Психологияда эмоциялардың табиғаты жайлы мәселеге қатысты екі тұжырым бар. Кейбір авторлар эмоцияларды адамның болмысқа, адамдарға, өз-өзіне қатысты әсерленуі деп айтады. Басқа бір тұжырым эмоцияларды болмысты бейнелеудің ерекше формасы ретінде қарастырады. Мәселен, К.Платонов «Эмоциялар бейнелеудің бір формасы болып табылады, алайда олар шынайы дүниенің заттары мен құбылыстарын емес, әсерленген адамның іс әрекетінің қажеттіліктеріне, мақсаты мен мотивтеріне қатынасын бейнелейді. Адам бұл обьективті қатынастарды өзінің оларға деген қатынасы ретінде субьективті сезінеді» деп жазған.
Обьектілер немесе түсініктердің эстетикалық әсерленуі үшін олар бейнелі, мәнерлі, сұлулық жөніндегі “көркем”, “асқақ”, “үйлесімді”, “жетілген” сияқты түсініктерге сәйкес немесе кері эмоциялар мен әсерленудегі тудыруы тиіс [4, 34.б.].
Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық қабылдауын мақсатты түрде қалыптастыру оларда композицияның формасын, түсін жете айыру мен оларды бағалай білу қабілеттерінің дамуын талап етеді. Осы мәселенің шешімін табуда психолог ғалымдар В.В. Волков, Е.И. Игнатьев,
А.В. Запорожец, В.И. Кириенколардың заттар, шындық өмір құбылыстары мен өнер туындыларын қабылдауды қалыптастыру заңдылықтарын анықтауға арналған зерттеулерінің осы мәселенің шешімін табуда маңызы зор.
В.И Кириенко бейнелеу іс-әрекетінің қабілеттерін көріп қабылдаудың белгілі қасиеті ретінде қарастырады, атап айтқанда, кейбір бөлшектері тап осы мезетте байқалмаса да, обьектінің барлық қасиеттерін үйлестіре, тұрақты жүйелік бүтін ретінде қабылдау.
Мысалы, терезеден тек адамның басын ғана көргенде біз оны денесінен бөлек қабылдамаймыз (қабылдаудың тұтастығы ):
-суретте тік және көлденең бағыттардан ауытқуды бағалау қабілеттілігі;
-пропорцияларды қабылдай білу қабілеттілігі;
-ұсынылған түстің аққа жақындық дәрежесін бағалау қабілеттілігі;
-болашақ қысқартуларды бағалау қабілеттілігі.
Бұларды эстетикалық қабылдаудың ерекшелектеріне негіздесек, «дүниетану» пәнінің әрбір табиғатқа, оның сұлулығына, көркемдігіне байланысты тұстарын бейнелеу өнерімен кіріктіре отырып оқушылардың тұтас қабылдау негізінде эстетикалық сезімге бөленуіне жағдай туғызу мүмкіндігі тумақ.
Эстетикалық сезімдер – адамның шындық өмір құбылыстары мен өнер туындысына баға беру қатынасынан туған субьективті эмоциялық күйі. Эстетикалық сезімдер оқиғаны ой елегінен өткізу негізінде пайда болып, қуаныш, таңдану, аяушылық, жаны ашу, ортақтасу сияқты эстетикалық әсерлерді тудырады. Олар оқушылардың заттар мен қоршаған дүние құбылыстарының құрылымы, формасы, түсі жайлы түсініктері мен қабылдауларының дамуы және молаюы салдарынан едәуір терең, түсінікті бола бастайды.
Эстетикалық сезімдер, көбінесе, бейнелегенді бейнелейді, яғни суретшінің, шебердің өздері жасаған заттар мен туындыларға деген ара қатынасын бойларына сіңірген заттар мен құбылыстарға қатысты адамның қарым-қатынасын білдіреді. Эстетикалық сезім болмыстағы әсемдікті түсіну немесе түсінбеу тұрғысынан адамдардың әр түрлі көзқарастарын топтастырады [5, 34.б.].
Табиғаттың өзінде эстетикалық сезімдерді, байқағыштықты, қиялды дамыту үшін бай материал бар. Бұл жөнінде К.Д. Ушинский: «Еріктік, қаланың әсем келбеті, хош иісті жыралар, жайқалған егістік, қып–қызыл шие, алтын күз бізге тәрбиеші болған жоқ па?» деген [5, 52-53.бб.].
Эстетикалық қажеттіліктер көркемдік-эстетикалық құндылықтармен қарым –қатынаста және рухани-эстетикалық көңіл- күйлерді бастан кешіруде пайда болатын тұрақты қажеттілік.
Эстетикалық қажеттіліктер жеке тұлғаның көркемдік ләззатқа шөліркеуі ретінде көрінеді. Өнермен жиі кездесуден туған қажеттілік адамды шаттыққта кенелтіп, өнерге деген ұмтылысты тудырып, рухани күштерді жинақтап, оны қабылдауға деген даярлықты тудырады. Осылайша қоршаған дүние мен көркем өнер туындыларын қабылдауға қатысты жалпы ұстаным қалыптасады. Олай болса, оқушының бастауыш сыныптан бастап-ақ табиғат пен бейнелеу өнеріне деген талғамын, эстетикалық сезімін қалыптастырудың жолдары мен әдістерін ғылыми тұрғыда тұжырымдауға мол мүмкіндік бар.
Эстетикалық талғам. Эстетикалық қатынас адамның эстетикалық талғамымен тығыз байланыста қалыптасады.
Эстетикалық талғам туралы мәселе адамның күнделікті өмірімен, эстетикалық теория және практика, көркемдік шығармашылық, шеберлік мәселелерімен тығыз байланысқан. Эстетикалық талғам қабылданатын обьектінің сапаларына ғана емес, оны қабылдаушы, бағалаушы, танушы адамның өзіндік ерекшеліктеріне де байланысты. Адам қабілетінің күрделі иерархиясындағы эстетикалық талғам айырықша, өзекті ұстанымды иеленеді. Эстетикалық талғам мен оның қабілеттіліктерін құрайтын психикалық қасиеттер мен ерекшеліктер болмайынша кез келген іс-әрекет үлкен жетістікке жете алмайды. Ол адам іс-әрекетінің мақсаттылығын баса көрсетіп отырады. Эстетикалық талғам бұл субьектінің бағалау типі ғана емес, адамның іс жүзіндегі обьективті болмысқа қатынасының түрі. Мұндай қарым-қатынас табиғатқа шыққан топсаяхат, серуен кездерінде оқушының іс-әрекеті негізінде туындап, біртіндеп оның бейнелі ойына әсер етпек. Бастауыш сынып оқушыларының нақты обьектілерді байқап, бақылай көруінен бейнелі ойы туындайды. Эстетикалық аспектіде обьективті құбылыстардың сапасын бағалаумен қатар, адамның іс жүзінде меңгерген бұл сапаларды тану мөлшері де анықталады. Бұл шынайы әдемілік пен ұсқынсызды, қайғылыны немесе күлдіргіні көру, сезіну, түсіне алу және оны әділ бағалау. Бұл едәуір күрделі педагогикалық міндет. Қарапайым эстетикалық түсініктер мен пайымдаулар бастауыш сыныптарда қалыптасады.
Баланың эстетикалық талғамы оқу мен айналаны танудың алғашқы тәжірибелерінен дами бастайды. Оның қалыптасуының ең қарқынды кезеңі мектептегі оқу жылдары. Бұл кезде баланың табиғат көріністерімен, оның құбылысымен, өнер құбылыстарымен жүйелі танысып, көркемдік-шығармашылық қабілеттерін белсенді дамытуға мүмкіндігі көп.
Эстетикалық талғам оқушының эстетикалық дамуының басқа көрсеткіштерімен салыстырғанда едәуір нақтылы әрі педагогикалық жағынан ұйымдастырылған болып келеді. Бастауыш сынып оқушыларының көркемдік эстетикалық түсініктеріне сүйене отырып мұғалім оқушының талғамын жетілдіруге толық жағдай жасай алады. Эстетикалық талғамның көріністерінің бірі көркемдік талғам болып табылады. Онда оқушының әдебиет пен өнерге деген құндылық бағдары, жеке бағасы көрінеді [4, 36.б.].
Көркемдік талғамның дамуы оқушыларды бейнелеу өнері сабақтарында белгілі бір нәтижелермен сипатталатын эстетикалық іс-әрекетке баулиды. Балаларды сұлулық пен қайырымдылыққа үйретіп қана қоймай, оларды өмірде әрекетшіл болуға, яғни сұлулыққа қызығып қана қоймай, оны сақтай білуге, мейірімділікке, жақсылық жасай білуге тарту қажет.
Осы тұста егер «Дүниетану» пәні кез-келген табиғат нысанын сақтауға, қорғауға, қамқор болуға тәрбиелесе, оның көркемдігі мен әсерлілігін, сұлулығын бейнелеу бұл мақсаттың маңыздылығын күшейте түспек. Эстетикалық сапалары дамыған адам қоршаған дүниенің көркемдігін жақсы сезінеді, көбірек көреді, сезімі нәзік, өзін-өзі терең түсінетін болады. Табиғаттың әрбір көркемдігінен әсер алады.
Оқушыда бейнелейтін нәрсені шын беріліп қабылдау қабілеттері пайда болып, іс- әрекет кезінде жүзеге асыруға құмарлана, қызыға кіріседі.
Бейнелеу өнері – адамзат дүниесін, заттарды, табиғат құбылыстарын, қоғамды көркем бейнелейтін өнер түрі. Олай болса, бейнелеудің табиғатқа байланысты тұстарын жан-жақты қарастыру зерттеу көзіне айналуы тиіс.
Адамның эстетикалық санасының маңызды элементі – эстетикалық идеал. Бұл адамның шындық өмір құбылыстарының кемелдігі (мүлтіксіздігі) жайлы түсінігі. Эстетикалық идеал әсерленуден тыс болмайды, идеалды жасау үрдісінің өзі әсерлену актісі болып табылады. Эстетикалық идеал кез–келген іс-әрекет сапасының және шығармашылықтың негізі болумен қатар, өмір мен өнердегі сұлулықты бағалаудың өлшемін де көрсетеді.
Жеке тұлғаның эстетикалық қажеттілігі эстетикалық сананы анықтайды. Онда адамның қоршаған ортаға қарым-қатынасы мен осы қарым-қатынасқа бара бар бейнелеуі тұтасқан. Адамның эстетикалық қажеттілігі іс- әрекеттің барлық түрінде, оның ішінде өнерде басым көрінеді, онда адам өзін-өзі таниды, ойын жеткізеді, мүмкіншіліктерін іске асырады. Мәселен, оқушы көктемгі табиғаттың көркемдігін сезініп қабылдағаннан кейін оның суретін бейнелеп салуға машықтанады. Машықтану бірден пайда болмайды, ол қызығушылықтан, өз сезімін сыртқа шығарғысы келген қажеттіліктің нәтижесінде ғана туындайды.
Қажеттілік, қызығушылық, идеал, эстетикалық талғам жинақталып келіп, бастауыш мектеп оқушыларының жеке тұлғалық мотивациялық қажеттілік ортасын құрайды. Жеке тұлғаның бағыттылығы деп нақты жағдайлар, өзгермелі жағдайларға қарамастан, оқушының дүниеге, қоғамға, өзіне қарым– қатынасын анықтайтын тұрақты және басым мотивтердің жиынтығын айтамыз.
Жеке тұлғаның эстетикалық қасиеттерінің көрсеткіштері ретінде оның өмірдің әр түрлі қырларына қызығушылығын, эстетикалық әсерленуін, қоғамдағы мінез-құлық, таным, қарым- қатынас пен еңбек бағыттылығын атауға болады. Өмірдің барлық салаларындағы белсенді шығармашылық іс-әрекет те эстетикалық тәрбиенің көрсеткіші, ол эстетикалық қабылдаудың дамуына, эстетикалық құбылыстарға деген нәзік эмоциялы серпіліске, оларды тереңнен түсінуге, эстетикалық идеалды жүзеге асырудағы іскерлікке негізделеді [4, 37.б.].
Эстетикалық тәрбиенің құрылымын сипаттау өзара байланысқан бірқатар компоненттерді белгілеуге мүмкіндік береді, олар:
- эстетикалық тәрбиенің өзіндік ерекше міндеттері;
- әр түрлі іс-әрекет түрлері;
- эстетикалық тәрбие міндеттеріне сәйкес тәсілдер;
- жалпы тәрбие әдістерінің негізінде арнайы әдіс–тәсілдерді пайдалану;
- эстетикалық тәрбиеліктің қалыптасуы барысында көрінетін эстетикалық тәрбиенің нәтижелері [6, 4.б.].
Эстетикалық тәрбиенің тұтас процесінде бүтіннің ең маңызды бір буыны мен элементі бөлінуі мүмкін. Олардың біреуін табиғаттағы, еңбектегі, қоғамдық өмірдегі және де адамның мінез-құлқындағы әсемдікті дұрыс қабылдап, бағалай білудегі қабілеттілік, эстетикалық сезімнің қалыптасуы деп есептеу қажет.
Тәрбиенің ауқымы кеңейіп жағдай өзгерген сайын, теорилық білім толығып ол жедел дами бастады.
Қазақ халқының эстетикалық ой-пікірінің тарихы жөніндегі деректер ақын-жыраулардың творчествасында, әдеби мұраларында жиі кездеседі. Асан қайғының, Доспнбет, Ахтамберді, Бұхар т.б. қазақ жырауларының жыр толғауларында, еңбекші бұқараның ой-арманында эстетикалық ұғымдары жан-жақты белгіленген, қазақ халқының поэзиясында жырлау дәстүрге айналған.
Көне түркі мәдениетінің «Құдатқу білік», Диуани Хикмет үлгілері қазақ халқының эстетикалық мәдениетінің қалыптасуына зор ықпал етті.
Қазақ ағартушыларының эстетикалық тәрбие саласында ранайы еңбектер жазып қалдырмағаны белгілі. Алайда өздерінің саяси қоғамдық және ғылыми және әдеби еңбектерінде қазақ халқының эстетикалық мәдениетінің, өнерінің даму барысында аса көңіл бөлді. Қазақ ағартушыларының эстетикалық көзқарасы мен орнықты пікірлерінің халықтық дүниетанымдық көзқарастарымен тығыз байланыстылығы сол өздері өмір сүрген дәуірдегі тарихи жағдайлардан туындап отыр. Ол заңды құбылыс. Бұл жердегі басты мәселе ағартушылардың эстетикалық тәрбиенің жан-жақты, жүйелі талдап зерттеулерінде емес, керісінше мүмкіндігінше сол проблемалар жайлы сөз қозғап, өз көзқарастары мен пікірлерін айтып тұжырымдауында жатыр. Қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа ауыз екі шығармашылығы арқылы беріліп отырған эстетикалық көзқарастары мен пікірлерін айтып тұжырымдауында жатыр. Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаев шығармаларында теория жүзінде талдап, қорытындылады. Шоқан Уәлиханов қазақ халқының ауыз әдебиетін жинауда көп еңбек сіңірді. Ал, халық ауыз әдебиеті жастардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыруда айрықша роль атқарды. Сонымен қатар ол осы мұраларға бірінші болып ғылыми пікір айтушы болды. Шоқанның идеялары өзінен кейінгі ағартушы — ғалым Ыбырай Алтынсарин шығармаларында, әлеуметтік қызметінде дамып, тереңдей түсті.
Ы. Алтынсарин өзінің педагогикалық еңбегінің барысында халық мұрасына: ауыз екі шығармашылыққа, салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа ерекше зер сала оырып жастардың эстетикалық сезімдеріне әсер ету жағын қарастыруды Ы. Алтынсариннің дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына атасы Балқожаның ықпалы болды.
Ы. Алтынсарин өзінің педагогикалық еңбегінде, әсіресе «Қазақ хрестоматиясында» ендірген ауыз әдебиеті материалында тек білімділік, өнегелік, адамгершілік ақылгөйлік сипат қана емес, сондай-ақ жастарды жоғары талғамда нәзік сезімталдыққа баулу бағытын көздеді.
Қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбаев жастарды тәрбиелеудің әр түрлі жолдарын ұсынды. Ол жастарды үнемі достық, татулық, әділеттік, дұрыстық сияқты адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге шақырды.
Абай жастарды тәрбиелеудің әр түрлі жолдарын, ең алдымен жанұяда және әдебиет арқылы тәрбиелеуді ұсынды. Балалардың дүниеге көзқарасын және мінезін қалыптастыруда жанұяның ролі аса зор екендігін ескере отырып, Абай балаларды тәрбиелеу үшін ата-ананың өздері де жақсы тәрбиеленген болуы керек екндігін ескертті.
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастырудың маңызы
Баланың эстетикалық көзқарастарын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әр түрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады. Кіші мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарастары үздіксіз дамиды. Оған себеп болатын нәрсе — оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге түсуі.
Эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеудің негізгі құралы — өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп оның көзқарасына және оны қалыптастыруға жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеу тәрбиенің басқа саласымен тығыз байланысты. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу — адамдардағы әсемдікті еңбек мазмұны мен процесін танымай саналы тәртіп пен мінез-құлықты тәрбиелеу мүмкін емс. Сондай-ақ әсемдікке көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, ендігі белсенді іс-әрекеттен және мұраттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды.
Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарыныан, еңбек іс-әрекеттерінен , еңбек нәтижесінен көруді және ләззат алуды үйретіп қна қоймайды, күнделікті өмірде әсемдікті жасау ынтасы мен іскерлігін тәрбиелейді.
Сонымен, эстетикалық тәрбие табиғаттағыөнердегі еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау одан ләззат алу эстетикалыққ тәрбие дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарас қалыптастырады.
Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі – эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды үйрету. өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырыспады. Ал кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікті сезу үшін, оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка, және ән саласынан әрбір адамда білім болуы . Айналадағы дүниеге сезімталдықты эстетикалық қабылдауды және қажет. Білім адамды әдеміліктің объективті критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі түсінеді, қырағылығы ықыластық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі.
Эстетикалық танымның дамуына көбінесе өнер үлгілерін қабылдау мен, не тегін де шығармашылықпен байланысты іс-әрекеті мүмкіндік береді.
Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің бірі баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп және оның замандарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға өзгеріс жасауы қажет. Өмірге енген эстетика (еңбек, табиғат эстетикасы, адамдар қатынасы және жай-жағдай эстетикасы) адамды сүйсіндіреді. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке көркемдікке өз үлесін қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет.
Оқушылардың эстетикалық мәдениеті және белсенділігі тұтас педагогикалық процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбек демалысы эстетикалық бағытта тиімді ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік элементтерін енгізе алады.
Эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеті — өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту. Осыған орай, мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіншіліктерін және қабілетін барынша ашу керек.
Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары — әдебиет және өнер. Олар зоридеялық тәрбиелік роль атқарады. Әдебиет пен өнер оларды қуанышқа бөлейді, жігерлендіреді. Олардың идеялығынан баюына игі әсер етеді. өнер және әдебиет адам санасына белгілі көзқарастар әр түрлі құралдар арқылы әдебиетте — проза, (поэзия кескіндеме, жанр, пейзаж, мүсіндеу – бюст, т.б. шкада, симфония, оратория, ән) енгізіледі.
Белгілі орыс суретшілері П.А. Педотовтың, В.Г. Петровтың, Е.Репиннің, В.В. Верешагиннің, И.И. Шишкиннің, И.Н. Левитанның; Және қазақ суретшілері Ә. Қастеевтің, М.Кенебаевтың, Қ. Шаяхметовтың т.б. шығармашылығымен байланысты бейнелеу өнері оқушылардың тәрбиесіне күшті ықпал етеді.
М.Горкий, М.А. Островский, А.А. Фадеев, М.А. Шолохов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов, т.б. еңбектеріндегі адам баласының бақытты және бостандығы үшін күрескерлердің бейнелері жастарды ұлы ерлікке рухтандырады. Сонымен өнер мен әдебиет адам дамуының және рухани өсуінің басты шарттары болып табылады.
Әдемілікті сезуде эстетикалық көзқарастарды қалыптастыруда табиғат зор роль атқарады. Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, сезімін дамытады. Эстетикалық түсінігін байытады. Адам табиғатты бақылаушы ғана емес, ол тұтынушы сұлулықты жасаушы шығармашылық қызметкер. Сондықтан өзінің күшін қабілетін адамдар бақыты үшін табиғатқа өзгеріс жасауға жұмсау қажет. Мысалы: қала мен селоны тұрған жерлерді көгалдандыру, бақ және гүлдер өсіру, мәдениет және демалыс орындарын әшекейлеу – бұл зор эстетикалық қамқорлық.
Оқушылардың эстетикалық түсініктері, олардың еңбекке әсемдік тұрғысынан қатынасы, өзіндік белсенді іс-әрекеттермен байланысты екенін көрсетеді. Мәселен өзі шешу мүмкіндігі болған да ғана оның әрі мінез-құлықтық, әрі әсемдік көңіл күйі жай табады, тояттайды.
Жемісті еңбектен қанағаттандыруы, көңілдің жай табуы, эстетикалық бала үшін көп жағдайда бір нәрсе.
Оқушылардың оқу еңбегіне талғампаздық қатынасын дамыту, оның оқудың қорғаушы күші, дем берушісі ретінде пайдалану үшін балалардың өзіндік белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру, көркемдік ләззат және құлықтық шығармашылық қабілеттері артады. Қажеттегі біліктерімен жағымды әдет-дағдыларымен бірге қатар эстетикалық сезімдер қалыптасады.
Ана тілі сабақтарында оқушылардың тілін дамыта отырып, мұғалім суретке қарап әңгіме құрауды әсер алған оқиғаларды айтып беруді қиын да жаңа белгілерді жасауға үйретеді. Көркемдікті сезінуге талғамы пайда болып олардың рухани күші дамиды.
Музыка сабақтары өте әсерлі сезімдерді оятып, музыка мұраттарын қалыптастырып, бала тәртібіне ықпал етеді. Музыканы тыңдау, ән салу балалар үшін өнегелік әсемдік мәні бар себебі к өтеріңкі көңіл, ержүректік сезімдерден ортақ әсер алу оларды рухани өрлеу үстінде біріктіреді және топтастырады. Сондықтан саналы тәртіп пен мінезқұлықтық тәрбиені күшейту үшін музыка пәні бағдарламасында халық әндерін игеруге үлкен мән берілген.
Музыка пәнінің бағдарламасы ән салу және жазылып алынған музыкалық шығармаларды тыңдау негізінде оқушылардың есту қабілеттерін дамытуды көздейді. Бастауыш сынып мұғалімі музыка сабағын өзі жүргізетіндей даярлығы болу керек. Немесе музыка сабақтарына тікелей қатысып, ол пәнді жүргізушімен тығыз байланыста отырып, басқа сабақтарда сыныптан тыс жұмыстарды музыканың адам өміріндегі алатын орны туралы әңгімелер өткізуі керек.
Бейнелеу өнері сабақтарының да балалардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуде ықпалы мол. Кескіндеме мүсін-сызықтық суреттер, сәулет өнері туралы құралдарымен бірге өмір, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі. Бейнелеу өнері шығармалары әсемдік үшін күреске шақырады, адамдар мұраттарына, күнделікті өмірдегі тәртібіне үлкен ықпал жасайды.
Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзіктікті сезінуі, алған әсерлерін бейнелеу, сызықтық сурет салу сауатын менгеру жеке балаларда кескін, мүсін сызықтық суреттерде әсемдікті жасау қабілеті олардың өзіндік іс-әрекеті бейнелеу өнерін тану барысында қалыптаса бастайды.
Көркем әдебиет және тарих пәндері оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады. Олардың қоғамдық өмірдің, адамдар қатынасының, еңбектің эстетикасын тануға үміттендіреді. Әсіресе әдебиет сабақтары оқушыларды әдемілікке баулиды, таным ынтасының бейімділігінің, қабілетінің дамуына ықпал жасайды.
Мектептегі оқу пәндерінің оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ролін орасан зор десек, ол асыра бағалау болмас еді.
Мектептегі эстетикалық тәрбие оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысының жүйесінде кеңінен пайдаланады. Эстетикалық тәрбиенің өмір елегінен өткен көптеген формалары бар. Шығармашылық үйірмелер – олар әдебиет, музыка, хореография, бейнелеу өнері т.б.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі — көрмелер, сайыстар. Көрмеде оқушылардың бейнелеу өнері, қабырға газеттер, қолжазба журналдары көрсетіледі. Сайыста жақсы лирикалық, эстрадалық әндер, әңгімелер орындалады. Сайыс оқушыларды қуанышқа бөлейді, келешекке үмітін тұтандырады.
Мектеп және сынып бойынша алдын-ала жасалған жоспарларға сәйкес эстетикалық саяхат өткізіледі. Саяхаттың негізгі объектілері (көркем галерея, мұражай, табиғат, театр, кинотеатр, түрлі көрмелер).
Көркемөнерпаздар үйірмесі оқушылардың өнерге әуестігін, қызығушылығын, талғамын дамытуда үлкен роль атқарады.
Көркемөнерпаздар үйірмесі сынып, сыныпаралық және мектеп бойынша ұйымдастырылады.
Эстетикалық тәрбие жұмысына көмектесуде мектеп кітапхансының мүмкіншілігі бар.
Сыныптан тыс эстетикалық жұмыстың барлық түрлері оқушылардың еріктік, қызығушылық бейімділік принциптері іске асырылады.
Мектеп оқушылардың эстетикалық мәдениетіне басқа факторларда әсер етеді, жарық сынып бөлмесі, әдемі мектеп жиһаздары, демалыс бөлмелері, қолайлы жұмыс орны оқушылардың эстетикалық дүниетанымының негізгі көзі.
Басты мәселе, күнделікті өмірдегі әсемдіктің адам мен табиғаттың бірлеске әректінің күшімен пайда болғанын ұғындыру. Осының негізінде ғана оқушы өз еңбегінің пайдалы екенін және оның сұлылығын жасайтын адам екенін түсінеді. Мұны жүзеге асыруд көпшілікке хабар тарату құралдарын және баспа сөз материалдарын кеңінен пайдалануға болады.
Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шеші үшін халықтың осы уақытқа дейінгі тәжірибесін меңгеру қажет.
Мәдени құндылықтарын жасауда әр халықтың өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы қазақ халқына көшпенділік өмір жағдайында табиғи өзгерістерге байланысты өре нәзіктік байқағыштыққа тән. Кең далада қозғалыс бағытын дұрыс табу, жайылымдардың күйін ақтау, ауа-райының өзгерісін алдын-ала болжау, өсімдіктің атын қойып табу т.с.с.
Халық әрдайым әсемдікті іздеді, қолдан жасады және оны өмірде, тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады. Оны халқымыз үй жиһаздарын жасауынан және оны әсемдікті сезінудегі тәрбие құралы ретінде пайдалануынан көруге болады.
Қазақ халқының музыкалық аспаптарының түрлілігі таң қаларлықтай. Олар бос уақытты пайдаланып жас ұрпаққа берудегі ісіне қызмет етеді.
Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдар, олардың әшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала. Ағаш, тері өңдеу, метал өңдеудегі өнері әлемге белгілі.
Эстетикалық тәрбиенің күрделі мәселелерін айқындауда біз халықтың жинақтаған педагогикалық білімі мен тәрбие тәжірибесіне сүйенуіміз қажет.
Жеке адамның жалпы мәдениеті яғни эстетикалық тәрбиенің маңызды жақтары ізеттілік, ұқыптылық, жылы шырайлылық, қайырымдылық, тазалықты сақтау т.б.
Жалпы эстетикалық мәдениет — бұл қатынас эстетикасы, манера (өзін-өзі ұстай білу үлгісі), дене қимылы, т.б. А.С. Макаренко, еңбектерінде бұл проблемаларға зор мән берілген.
Үйелменде ата-аналармен, мектеп оқушылары және мұғалімдермен басқа адамдар мен қатынас жасау эстетикалық тәрбиенің іргетасы. Мұндай қатынас балалардың күнделікті өмірінде, іс-әрекетінде қалыптасады, эстетикалық сезіміне үнемі әсер етеді. А.С. Макаренконың айтуы бойынша адамдармен шырайлы қарым-қатынас, көршілерге қайырымды, сенімді дос және өнегелі болу осының бәрі моральдық эстетиканың басты саласы.
Әрбір үйелмен өз үйіне жылы жағдай жасауға тырысады. Әртүрлі үй-дүние-мүліктерінің өз орнында әдемі ыңғайлы тұруын ыңғайластырады. Жұмыс істейтін және демалатын бөлмелерді өте қолайлы етіп жабдықтайды. Үйелмен балаларды үй ішінде өзінің жеке заттарын нәрселерін ретке келтіріп ұстауға, күтуге, үйді жинауға, тазалықты сақтауға үйретеді. Осында йжұмыстардың барлық түріне балаларды қатыстыру әке мен шешенің, ересектердің басты міндеті.
Оқушылардың үй жағдайын өзгертуге байланысты жұмыстарға қатыстырып отыру керек. Мысалы, бөлме қабырғаларына жапсырылатын тұс қағаздары, терезе перделерін қалай таңдап алу керек, бөлмелерде жиһазды қалай әдемі етіп орналастыруға болады, бөлме өсімдіктерін өсіру, оларды күту, яғни осы сияты жұмыстарды өз бетімен орындауға үйрету, дағдыларын балалардың эстетикалық сезімін, танымын тәрбиелейді және эстетикалық ұғымды қалыптастырады.
Адамның сыртқы көрінісі, киімі, жүріс-тұрыс, оның эстетикалық мәдениетіне байланысты. Киім эстетикасы сән қазіргі өмір талабына сәйкес болуды қажет етеді. Ескірген сән бойынша киіну адамды сұрықсыз етеді, оның сүйкімділігін жояды. Сәнді дұрыс пайдалану — бұл әдемілікті сезіну, өмірге адамның бейнесіне сергітуші жаңалықтар енгізу.
Артық сәндену, түрлі формаларға, түстерге елікте адамға абырой әпермейді. Сырт киімді, аяқ киімді, шашты баптауға, өскелең өмір талабына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдап алуы керек. Басқаша айтқанда, адамды қымбат мүліктердің көрмесіне айналдыруға болмайды. Киім-кешек эстетикасында сұлулықтың өлшемін есепке алу керек.
Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен дүниесінің ұштасып жатуы эстетикалық сұлулықтың белгісі. Оқушылардың эстетикалық танымын, сезімін, мәдениетін, білімін, көтеруде ең басты сүйеніші мұғалімдер мен ата-аналар. Олар өздері үлгі болып эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұны, формаларын және әдістерін жетілдіру жоларын іздестіріп іске асырады.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
әр түрлі өнер адамдарының іс-әрекеті арқылы баланың тәртібіне;
өмірге көзқарасына , түсінік құлықтарына игі әсер ету;
қоғамдағы, табиғаттағы, өнердегі әсемдікті түсіне білу, байқай білу қабілеттерін дамыту;
Эстетикалық талғамын дамыту, дұрыс пікір айта білуге, бағалай білуге тәрбиелеу, оның дамуына көмектесу;
Баланың көркем өнерге деген қабілетінің шығармашылықпен ұштасуына көмектесу. Ал, адам өмірі мен табиғаттағы әдемілікті түсіну, бақылау, байқау, пайдалану үшін жастардың сауатты, терең білімді болуы қажет, тіпті көркемөнер салаларын әдебиетті, музыканы, сәулет өнерін, живописьті, кино мен театрды түсініп, олардан жанға рухани азық, ләззат ала білу үшін де сезім — түйсігі ұшқыр, ақыл – ойы алғыр білімді адам болуы керек.
Балалардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады.
Әсемдікті көре түсіне жсай білу олардың рухани өмірін байытады. Қызғылықты етеді. Біз әр адамды адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз. Сондықтан да әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсінуге байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көзқарасы мен мұраттарының болуы керек екендігі шығады.
ІІ ТАРАУ: ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1. Бастауыш мектепте эстетикалық тәрбие берудің жолдары
Бастауыш сыныптар үшін бейнелеу процесі оның нәтижесі мен суретінен гөрі маңыздырақ. Ол қандай сюжет таңдап алуды, нені салуды, бұл суретке қандай бояу мен сызықтар әдемі және орынды болатындығын беріле ойластырады. Егер педагог балалар үшін қызықты және маңызды тақырып ұсынса, онда бейнелеу процесі әрбір оқушының салатынын суретіне әрқашан эмоциялы көңіл бөлумен қатар жүреді. Мұндай кезде балаға суреттегі барлық кейіпкерлерге жан біткен тәрізденіп, оның барлығы өзі болып көрінеді. Ол осы оқиғаның қатысушыларын ойлап тауып қана қоймай, жақсы және жаман туралы өз түсінігін пайдалана отырып, олардың қылықтары мен жеке бастарының қасиеттеріне баға береді. Мұнымен қатар бала олардан өзіне ұнағандарының бәрін: әсемдік, мейрімділік, әділеттілік адалдықты иеленіп алады.
Бейнелеу әрекеті балаларды шығармашылық сипатқа ие болғанда ғана нәтижелі тәрбиелейді. Шығармашылық әрекетпроцесінде әр бала бұрын білмейтін немесе түсінбейтін жаңа құбылыстарды, қатынастарды, қимыл әрекеттерін игереді.
Балалардың шығармашылық белсенділігі өз-өзінен пайда болмайды, оған ынта тудырып, сабақта шығармашылық жағдай жасау керек. Мысалы: тапсырма, оның мазмұны мен құрылымы балалардың шығармашылық белсендіктерінің маңызды шарты. Бұдан әрі педагог балалардың шығармашылық бейнелеу процесіне басшылық жасайды. Ол оқушылардың әрекеті мен суреттеріне ескерту жасап естеріне салады, оны бағалайды. Сөйтіп, балаға және оның жұмысына деген деген өзінің қатысын білдіреді.
Мұғалім балалардың шығармашылығына белсене қатысады.
Біріншіден, ол әр оқушыны шығармаға сәйкесмақсатқа жетектейді, балалар мұғалімнің ойына сәйкес әрекет жасайды.
Екіншіден, балаға көмек бере отырып, мұғалім тапсырманы баланың өмірді түсінуіне сәйкес келетін міндеттерді шешуге бағыттайды және суретте оның жеке басының қабілеті мен дарынын барынша жүзеге асырады.
Демек бейнелеу өнері баланы болмысты қабылдауына белгілі бір дәрежеде мақсат қояды екен. Бұл ретте тиісті процесс бейнелеу міндеттерімен ғана шектеліп қана қоймай, сонымен бірге баланың рухани өмірінің басқа жақтарын да қамтиды. Оның тұтастай түйсіну қабілеттеріне әсер етеді.
Осы жөнінде Н.К. Крупская былай деген: «Балалар сурет салуды ұнатады. Өмірді бақылау сурет сабағының міндетті түрдегі шарты болып табылады. Адамдардың мінез құлқын бейнелеу ерекше маңызға ие. Адамды бейнелеу баланың адамдар жөніндегі түсініктерін тереңдетеді, оның бойында мінез құлықты адамгершілік және эстетикалық құралдармен бағалауға деген қажеттілікті тудырады».
Яғни, бақылау алғашқы кезде адамдардың мінез –құлқының кез келген мазмұнды жағына жасалады.
Мысалы мұғалім балаларға: «мектепте келе жатқан жолда нендей қызықты жағдайларды көрдіңдер?» — деген сұрақтың төңірегінде ойластырып, бақылауды ұсынады. Содан соң балалар осы тақырыпты суреттеу арқылы бейнелейді. әрине, суреттеу үшін балаға бәрі бірдей қолайлы емес.
Бала сурет арқылы өзін қоршаған өмір құбылыстарына баға береді. Сурет кейіпкерлерінің өмір құбылыстары, мінез-құлықтары баланың мағұламаттары, қажет етуі мен мұраттары арқылы айқындалады. Сурет баланың бейнелеу шығармашылығы процесінің үстінде оның қиялымен жасалған өмірдің жаңа көрінісі болып табылады. Бала бұл өмірді жасап қана коймай, оның өзі осы өмірге қатысып отырады. Бйейнелеу қызметі процесінің осы ерекшелігі баланы тәрбиелеу үшін маңызды, өйткені толқыныс үстінде баланы оқиға қаһарманына айналдырады, кейіпкердің бойындағы қасиеттердіөз бойына көшіреді. Бала бұл арқылы сан түрлі рольдерді меңгереді. Бала сурет салғанда өзінің көңіл толқыныстарын білдіріп отырады, біреулері қолдарын ерсілі-қарсылы сермейді, дауыстап әңгімелеседі. Өлең айтады, басқалары жай ғана сыбырлап сөйлеседі, енді біреулерінің бет бейнесі өзгереді. Мұның бәрі де жан толқынысынан немесе басқаның ренішін өзіне қабылдай білуден, өзін басқаның орнына қоя білу қабілетінен келіп туады. Мұның өзі әрекеттерін талдай білуге байланысты болады да, түбінде өзін-өзі тәрбиелеуге көмектеседі.
Сурет салып машықтанған бала белгілі суретшілердің салған суретін көргенде егжей-тегжейлі бояуларына дейін назар аудармай қоймайда. Мұның өзі баланың эстетикалық талғамын жетілдіре түседі. Мектептегі сурет сабағы арқылы балалардың эстетикалық талғамын жетілдіре түседі. Мектептегі сурет сабағы арқылы балалардың эстетикалық даму дәрежесін жоғарлатуға ойдағыдай үлес қосып жүрген мұғалімдердің жұмыс тәжірибесі осыны көрсетеді.
Т.Шевченконың «Келі түйген қазақ әйелі» деген картинаны жолдастарына мазмұндап бергенде мынадай басты қасиеттеріне тоқталады:
Мұнда үлкен келідегі бидайды түйіп тұрған жай әйелді бейнелейді. әйел бір сәт жұмысын қойып, қалжырап келі сапқа сүйеніп тұр. Сұлулық атаулыға Т.Шевченконың сезімталдығы болды, бұл нағыз шындықтан алынған сұлулық, өйткені оның өзі айтқандай, адамның парасатын паш ете отырып, ол: сұлулық деген біздің жүрегіміздің маңында ұйысып жатпайды, — дейді. Бұдан жас баланың дүниеге деген көзқарасының белгілі бір дәрежеде қалыпты ұстанғандығын, жалған сұлулық пен шын сұлулықты ажыраты білгендігін көруге болады.
Баланың өзін қоршаған дүниені өнер арқылы танудың бір жолы. Ол – бейнелеу өнері екен. Ол – біздің өзімізді қоршаған дүниені көре отырып, жанды-жансыз заттарды кейіптеп түсініп, бейнелеуге болады.
Сондықтанда мектептегі сурет сабағы – бейнелеу өнерінің негізі болып табылады. Бейнелеу өнері қоғамның рухани қажеттерінің бірі. Ол оқушыларды ол адамзат мұраттары рухында тәрбиелеуде жастардың моральдық бейнесін, оның бүкіл ой-арманы мен сезімдерін қалыптастырудың құралы.
Бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие берудегі жұмыстың нәтижелі болуы:
- мектептегі сурет пәнінен сабақ беретін мұғалімге байланысты ;
- сол мектеп ұжымының бейнелеу өнерін көрнекті құрал,сурет деп қарамай, өмірді өнер арқылы танудың құралы деп қарағанда ғана іске асады;
Сурет салмас бұрын оқушыларға:
- оқушыларға суретті көрсету және талдау;
- суреттегі басты тұлғаны анықтау;
- суреттің мазмұнын түсіндіру;
- шығарманың (суреттің) көркемдік қасиеті, авторлық шеберлігі жайында оқушыларға аңғарту;
- суреттің идеясы;
- суреттің авторы, оның өмірі мен творчествосы жайында қысқаша, қызықты мағұлмат беру.
Жалпы білім беретін мектептердегі бейнелеу өнерін оқытудың негізгі мақсаттарының бірі-оқушыларға көркемдік білім негіздерін меңгерту. Композиция, симметрия, түсті тану негіздерін оқушыларға таныстырудың алғашқы сатысы оларға өнер шығармаларын талдау барысында беріледі. Бұл үшін жеке немесе бірнеше суретшінің шығармалары таныстырылып, әрбір жұмыстың көркемдік ерекшелігіне сай талданады.
Бастауыш сыныптардағы сәндік қоданбалы өнер шеберлерінің туындыларын таныстыру көркемдік білім негіздерін оқушыларға үйрету мақсатында жақсы нәтижелер береді.
Тәжірибе жүзінде суретшілердің жұмыстарын оқушыларға көрсету арқылы композиция ұғымына, түстерді тану теориясына байланысты түсініктер беру керек. Ол үшін сабақтың алдына оқушылардың затты бейнелеу кезеңінде немесе тақырып бойынша сурет салу барысында суретшінің картиналары эпидиоскоп арқылы экранға түсіріп көрсетіледі. Суретшінің картинасын көрсету негізінде оқушыға ең қажетті деген көріністерге тоқталып, көркемдік мазмұны күрделендірілмей, қарапайым тілмен әңгімелейді.
Қазақстанның халықтық сипаты бар өнерінің көмегі көп әсер етеді. Суретші Ә.Қастеев малшылар мен егіншілер, металлургтер мен кеншілер, геологтар мен мұнайшылар арасында, тау мен құмдағы жайылымда өнеркәсіптің алып құрылыстары мен жаңа орталықтарында болып, жасампаз еңбектің ерлерімен араласып бірге жүріп, бәрін көріп, бүгнгі сәулетті өмірдің терең мәнін және туған жердің әсем көрінісін сезімтал ойымен, ұшқыр өнерімен бейнелейді.
Сол сияқты кең байтақ республикамыздың керемет бай табиғатының тағы бір әсерлі жаршысы-халық суретшісі, профессор А.М. Черкасский, қазақтың қарт суретшілерінің бірі Ә.Ысмайылов пейзаждарының өзіне тән әсемдік белгілерінің ажарлы белгілері бар. Ол өзінің картиналарында туған жердің туын, құзын кең байтақ, даласын әдемі суреттейді.
Н. Тансықбаевтың «Таудағы мұз айдыны», «Талғар аттары» секілді пейзаждары керемет сұлу суреттер.
Қазақ сурешілерінің көптеген шығармаларында туған елдің тарихи, иллюстрациялық қала мен колхозды ауылдың жаңа тұрмысы, осы заман жастарының өмірі нанымды жатық бейнеленеді. Туған Отанына, өз халқына деген олардың сүйіспеншілігі елдің орасан зор табыстарына ізденімпаз, тапқыр суретшілерді қызу іске рухтандырады.
Республиканың дарынды суретшілерінің туған жер тақырыбына жазған шығармаларында адам мен табиғаттың байланысы, туған өлкенің әсем көрінісі ерекше сезіммен шешіледі. Өнер иелерінің еңбектері арқылы оқушылар өз өлкесінің сұлу табиғатын, өз халқының тұрмысы мен әдет ғұрпын тани түсуге мүмкіндік алады.
Жас жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беру үшін өнердің қай түрі болса да баланы қоршаған өмір шындығынан, табиғаттан халықтың ұнамды дәстүрінен, мұрасынан алынғанда ғана ол ұғынымды да, одан туыншынып ләззаттануға да болатынын байқаймыз.
Халықтың өзіндік ерекшелігін бейнелеген өнер ғана жастарға үлкен эстетикалық тәрбие берудің құралы бола алады. Мысалы: балалардың қызығушылығын арттыру үшін ұлтымыздың ежелден келе жатқан ою өрнектерін талдап, өнердің бірнеше түрі бар екендігіне көздерін жеткізу, олардың ой елеген толғантуға мол әсерін тигізеді.
Демек, қазақ халқының өмірінде ежелден келе жатқан ағаштан жасалатын үй бұйымдарының алатын орны зор екендігі, ағаш өңдеуді кәсіп еткен шеберлерді халық олардың өндіретін бұйымдарына қарай «үйші», «ерші», «арбашы», «ұста» деп даярлайтындығы жайлы мәлімет беріп, оларды көрсету.
Әрине, ұлтымыздың бұл өнері оқушылардың ынталарын одан әрі арттырады.
Бейнелеу өнерінің бір саласы — қазақ халқының өмірінде ғасырлар бойы біте қайнасып сіңіскен қол өнері болып табылады. Он саусағынан өнері тамған халықтың шеберлері ұрпақтан-ұрпаққа өзінің бай тәжірибесін қалдырып, ұлттық көркемдік дәстүр мен стильдің қалыптасуына үлгі таратып, халық шеберлерінің көркемдік жолындағы қиялы бірінші ретте ою-өрнек өнерінде мейлінше анық көрініс тапты. Тұрғын үйді, тұрмыс бұйымдарын, үй жиһазын, киімді, аңшылық құралды, аттың ер-тұрманын, ою-өрнек, шеберлері безендіріп әшекейлейді.
Халықтан шыққан асқан шебер зергерлер әдемі сақина, білезі, сырға, жүзік, белбеу, түйме, шолпы, алқа жасады. Зергерлер асыл тастарды, алтын мен күмісті оюлап безендіру техникасын әбден жақсы меңгерді.
Қазақтың қол өнері халықпен бірге жасайды. Ол халықтың сана-сезімінің, ой-өрісінің өсуімен байланысты түрмен мазмұн жағынан байи түспек, дами бермек.
Әдемілікке іңкәрлік, оған жан-тәнімен талпыну-адам баласының игі қасиеттрінің бірі. Бұл рухани тілекті қанағаттандыруда бейнелеу және қолөнері елеулі табыстарға жетті.
Демек, бейнелеу өнерін оқыту барысында оқушыларға эстетикалық тәрбие беріп ,оның эстетикалық талғамын қалыптастыруда мәдени мұраның мәні де өте зор болып саналады.
Оқу бағдарламасында өнерді қабылдау бөліміне екінші – сыныпта жиырма бес сағат берілген. Мұнда:
- кеңістегі заттардың орналасуын бақылап, қабылдап түсіну;
- перспектива (тасадан көру);
- сұлу сурет (живопись) өнерінің мәнерлеу құралдары, түс және жарық туралы түсінік; түс гаммалары; долбар (набросок);
- мүсін өнерінің мәнерлеу құралдары; көлем; форма; фактура (тегіс, бұлдыр);
- сәндік қолданбалы өнердің мәнерлеу құралдары; симметрия; өрнектердің қайталануы; түстер үйлесімділігі; формасы;
- халық өрнектерінің тұрмыста (киімде, бұйымда) пайдалануы;
- графика өнері; сызық; нүкте; иллюстрация; этикеткалар;
- сәулет өнері; тұрғын үйлер; өнеркәсіп орындары; діни үйлер мен құрылыстар, құрамды бөліктері (тіреу, қорған, балкон).
Ал практикалық іс-әрекеттер мазмұнына – 26 сағат; жазықтықта бейнелеуге – 10 сағат бөлінген.
Мұнда 2-сынып оқушыларына берілетін білім, іскерлік пен дағдының мазмұны төмендегідей негізгі түстер тобындағы түс реңктерін жасау. Мысалы: сары, сары-қызыл, көк-көгілдір, жасыл-сары. Бір түспен бірнеше заттардың түсін бере білу. Бояуды сұйық, қою түрінде пайдалану, мысалы: шөп, пияз, қияр, қарбыз. Бөлме өсімдіктері.
Суретші шығармасындағы түстер гаммасын ажырату. Колорит, жылы, суық түстер. Мысалы «Оңтүстік базары», «Сібір магистарлі», «Күзгі жаңбыр».
Натюрморт. Затқа қарап сурет салу, бірнеше бұйым жиынтығын бейнелеу тұрмыс заттары. Жеміс — жидектерді бейнелеу.
Бейнеленетін зат, оқиға, көріністерге лайықты аң, ұшқан құс; серуендеп жүрген адамдар. Көлем, форма, түс. Нәрсені бір – бірімен салыстыру арқылы бейнелеу. Заттың үлкен кішілігін бере білу. Долбар (набросок) жасау. Мысалы: бәйтерек ағаш, зәулім үй. Қала, ауыл көріністерін бейнелеу. Табиғат әсемділігіне арнап суреттер салу (жыл мезгілдеріне байланысты).
Оқу құралдары: суретшілір шығармалары: Р.Сахи «Биші қайыңдар», «Қапал Арасан-»; Ж.Шәрденов «Медеу мұз айдынында», «Таудағы қыс», «Алмасу»; Ә.Жүсіпов «Бақыт»; А.Ғалымбаева «Қымыз», «Дастархан», «Бақытты күн»; С.Мәмбеев «Киіз үй»; Қ.Телжанов «Ата мекен», «Көкпар».
Мүсіндеу өнері бойынша жұмыс мазмұны:
Безендіру, әшекейлеу. Жануарлар бейнесі. Мысалы: құстың балапаны, ит, аю т.б.
Көлем. Пішін. Бірнеше затты, нәрсені біркелкі сандау арқылы композиция құрау. Мысалы: дастархан басында. От басы мүшелерін санау. Үйрек және балапандары. Ыдыстар.
Қозғалыстағы қалыпты бере білу. Мысалы: «Сырғанақта» Иподром (ат шабыс), «Көкпар». Материалтану. Фактура. (Ағаш, сүйек, қола, темір, сазбалшықтан жасалған бұйымдарды ажырату).
Сәндік қолданбалы өнерге 15 сағат бөлінген. Ою-өрнектер. Долбар (набросок) жасау. Бояумен жұмыс. Ылғал қағазда бояу. «Мүйіз» , «Шұғыла», «Балдық», «Тұмарша» т.б.
Киіз үй жабдықтары. Алаша. Сандықша, кілемше (алдын-ала салынған суреттерді өрнектермен безендіру). Симметрия шешімдерін табу.
Графикадағы мәнерлеу құралдары сызық, нүктелерден бейне құрау. Графикалық өрнектер құрау.
Плакаттық графиканы пайдаланып безендіру. Шығармалар. Иллюстрациялар. Ертегілер елінде. Мысалы: «Күн астындағы күнекей қыз», «Жезтырнақ», «Алтын сақа» т.б.
Бейнелеу өнері пәні біртұтас оқу тәрбие үрдісінің ерекше қырларын ұйымдастыра отырып, сананың эстетикалық түрлеріндамытудың, оқушының шығармашылық әлеуетін практикалық іс-әрекет арқылы ашудың алғы шарттарын жасайды, қажетті біліктер мен іскерліктерін қалыптастырады.
Бағдарламада бейнелеу өнері түрлеріне жыл бойы материалдар нақты бөлінеді. Тоқсан бойынша бөлу мұғалімнің бірте-бірте жүйелі түрде оқу тәрбие міндеттерін іске асыруын көмектеседі.
Жылдың аяғында ұжымды жұмыс істеуді кеңінен қолдану керек, барлығы бірігіп, шалғындағы шешек атқан гүлдер мен балалар серуендеп жүрген орманды салуды көздейді. Жасаған композицияны балалар қызықтай алуы үшін сыныпта арнайы бұрыш ашып, біраз уақытқа дейін іліп қоюға болады. Енді 2-сыныптағы бейнелеу өнері сабағында оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде оның эстетикалық талғмын қалыптастырудың жолдарын қарастыралық.
2.2. Эстетикалық тәрбие берудің қазіргі жағдайы
Оқушыларға эстетикалық тәлім-тәрбие беру, олардың бойындағы қабілет-дарынды ұштау бүгінгі таңда ерекше жолға қойылып отыр.Ал бейнелеу өнері — оқушыларға эстетикалық тәрбие пәндерінің бірі. Ендеше, әсіресе қазақ бастауыш мектептерінде бұл пәнге қойылатын талап «негізгі» деп аталып жүрген сабақтардан кем болмауға тиіс. Өйткені қазақ бастауыш мектептерінде оқитын балалардың көпшілігі балабақшаға бармаған диқандар мен малшылырдың балалары болып келеді. Сондықтан да мектеп табалдырығын алғаш аттаған балалар үшін мұғалім жарық көзі ғана емес, жылу көзі де.
Мұғалімнің жақсы дидактикалық әсерлігінің болуы қазіргі кезде маңызды, өйткені жалпы теорияны білмейінше, бірдеңені дүниеге әкелуге болмайды, ал сабақ беру процесінің өзі өнер. Балаларды өзінің пәніне ынталандырып, оларды өнердің әсемділігімен таңырқату арқылы дербес ойлау әрекеттеріне қозғау салу керек. Бұл эстетикалық тәрбие беруді жүзеге асыратын педагогты айналаға зер салуға, оқушының одан әсемділікті көре білуіне, өмір мен өнердің фактілеріне дұрыс баға бере білуіне көметесуге міндеттейді.
Бейнелеу өнерінің эстетикалық талғам қалыптастырудағы орны ұшан теңіз. Н.Г. Чернышевский айтқандай: «Айналадағы әсемдікті түсіну, таңырқана тамашалау адамды жарқын қуанышқа бөлейді, тамашаға таң қала тәрбиелеу тәтті қиял туғызады, сайып келгенде эстетикалық рахатқа бөлейді».
Психология ғылымы сезім мен тебіреніс бірге жүрген жерде, ой жүйесінің қабылдағыш қасиетінің ұйытқысы болатынын әлдеқашан дәлелдеп берген болатын. Бұл екеуі қатарласа отырып, білімнегіздерін тиянақты игеруге, адамның жеке басының жан-жақты қалыптасуына шексіз ықпал жасайды. Өйткені оқыту процесінде өнер саласының түрлі тізбегін адам санасына құя берумен қатар, олардың құпия астарына көзін толық жеткізбейінше, эмоциялық сезім тудырмақ емес. Ұғыну, сезіну, талғампаздық жарыса жүрсе ғана жарасымды. Демек, оқыта отырып адамның ой-қиялын оятып қана қоймай, оны тұтандыра білу қажет. Сонда ғана қолға алып отырған материал жаң жағынан бейнелі құбылыста танылып, өнерге эстетикалық көзқарас өрістей бермек.
Тегінде эстетикалық сезім құдіретін затты көру ғана емес, сезіну оятады. Халық өнерін сезіммен тану немесе шындық объектісін сезіне қабылдау – көрген мен естігеннің мән-мазмұнына қанығудың алғашқы баспалдағы. Эстетикалық талғам ерекшеліктерінің бірі адамның тарихи мұраға, халық өнеріне көзқарасы оның өз өмір тәжірибесімен астасын жатуында. Осыдан барып оқушы әрбір халық туындысын ой елегінен өткізе қабылдайды, оның қашан, қайда нендей жағдайда пайда болғанын болжайды, ішкі сырына қанығады. Демек эстетикалық қабылдаудың шығармашылық жағы деп оқушының оқығанын өз білімімен салыстыра түсінуін айтамыз. Осыған орай бейнелеу өнері сабағында халық өнерін пайдаланып, оны түсіндірумен қатар оқушыларға осы материал төңірегінде сұрақ қою, оқушы қиялын толықтырып, нақтылы шындықты іздетіп таптыру қажет-ақ. Әр түрлі бояулы, мазмұнды, оқушыларға түсінікті етіп көшіріліп салынған суреттер көптеп қолданылса, бұл сезім мен ұғыну дағдыларын дамыта берудің шын сұлулықты түсіндірудің, оқушынышығармашылықпен шұғылдандырудың, ой белсенділігі мен әрекет амалдарын арттырудың мол мүмкіншіліктері болып табылар еді.
Эстетикалық қабылдау құбылыстың сырт бейнесі мен ішкі сырын – шындықты танытады, яғни өнердің көркін ғана көрсетіп қоймай, адамның осы өнерге деген көзқарасын айқындайды.
Эстетикалық талғам ерекшеліктерінің бірі адамның тарихи мұраға, халық өнеріне көзқарасы оның өз өмір тәжірибесімен астасын жатуында. Осыдан барып оқушы әрбір халық туындысын ой елегінен өткізе қабылдайды, оның қашан, қайда нендей жағдайда пайда болғанын болжайды, ішкі сырына қанығады. Демек эстетикалық қабылдаудың шығармашылық жағы деп оқушының оқығанын өз білімімен салыстыра түсінуін айтамыз. Осыған орай бейнелеу өнері сабағында халық өнерін пайдаланып, оны түсіндірумен қатар оқушыларға осы материал төңірегінде сұрақ қою, оқушы қиялын толықтырып, нақтылы шындықты іздетіп таптыру қажет-ақ. Әр түрлі бояулы, мазмұнды, оқушыларға түсінікті етіп көшіріліп салынған суреттер көптеп қолданылса, бұл сезім мен ұғыну дағдыларын дамыта берудің шын сұлулықты түсіндірудің, оқушынышығармашылықпен шұғылдандырудың, ой белсенділігі мен әрекет амалдарын арттырудың мол мүмкіншіліктері болып табылар еді.
Осы мақсатта жүргізілген жұмыстардың нәтижесі ретінде оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру бағытындағы 2 сыныпта өткізілген бейнелеу өнері сабақтарымыздан мысал келтірейік:
Сабақтың тақырыбы: «Туған жердің күзгі көрінісі»
Сабақтың түрі: Жазықтықта бейнелеу
Сабақтың мақсаты:
1.Білім беру: перспектива, композиция туралы білім беру.
2.Дамытушылық: эстетикалық талғамдарын дамыту, пейзаж жанры туралы білімдерін арттыру.
3.Тәрбиелік: эстетикалық тәрбие гигиеналық, қауіпсіздік ережелерінен тәрбие беру.
Сабаққа қажетті құрал жабдықтар:
1.Оқытушыға: сабақ жоспары, оқулық, көрнекілік реппродукциялар, кесте, слайд т.б.
2.Оқушыларға: альбом, қарындаш, бояу, қалам, су құятын ыдыс және шүберек.
Сабақтың жоспары:
Оқушыларға қоршаған табиғаттың әсемділігі көңіл-күйі туралы білімдерін кеңейту.
- Ұйымдастыру-0,5-1минут.
- Тақырыпты түсіндіру: әңгімелеу (пейзаж туралы репродукциялар арқылы түсіндіру)-10-12минут.
- Практикалық жұмыс-30минут.
- Қорытындылау-2-3минут.
Оқу проблемалары:
-жыл мезгілдері, атаулары, айырмашылық белгілері;
— күзгі табиғат бояулары, сұлулығы, күз айларының қазақша аттары;
— күзгі табиғат құбылыстарының көңіл-күйін суреттеп айтып беру;
— күз мезгілінің адамдар өміріндегі мәні мен орны туралы түсінік.
Көрнекі құралдар: суретшілердің күз көріністеріне арналған шығармалардың репродукциялары, түрлі-түсті слайдтар (Ә.Қастеев, Қ.Телжанов. М.Мынбаев, әртүрлі ағаш жапырақтары, көкөніс, жеміс-жидектер суреті).
Әдеби шығармалар М.Әлімбаев «Күз», Қ.Мырзалиев «Күміс қоңырауы» жинағынан күз туралы өлеңдер.
Сабақтың мазмұны: сабақты оқушылардың жыл мезгілдерінің атаулары, олардың өзіндік ерекшеліктері; бейнелерін, күз айларының қазақша атауларын, күздің өзіне тән образды ерекшеліктерін айтып беруден бастаймын. Туған жердің көркем табиғатының көріністері туралы әңгімені оқушылардың күнделекті байқау, көру барысында жинақталған әсерімен жарасымды байланыста өткізе отырып, оларға күз мезгілінің бояу түстерінің өзгеруі, ауа-райының құбылыстарына байланысты табиғат көңіл-күйін (көңілді, ызғарлы, сүреңсіз, қуанышты, байсалды) ажырата білуін қамтамасыз етемін.Оқушыларға сұрақтар бере отырып, олардың күз мезгілінің өзіндік белгілерін басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігін бейнелеп айтып берулерін талап етіп, сұрақтар қоямын.
1) Балалар, көргендерімізді, байқағанымызды еске түсіріп көрейік, әр жыл мезгілінің келгенін қалай білеміз?
2) Күзгі табиғат жаз мезгілінен қандай белгілерімен ерекше?
3) Күзгі табиғаттың жапырақтары, даладағы өсімдіктер қандай түрге енеді (бояу түстері).
Сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып әртүрлі ағаш жапырақтарының бояу реңктерін (сары, жасыл-сары, қызыл-сары, қызғылт) жапырақтардың ағаш басынан күзгі ұқандарын еске түсіріп айтып беруін талап етемін.
Демек, бұл сабақта оқушының айналадағы өмір шындығын байқау, сезіну, талдай білу дағдыларын қалыптастыра түсуге қажетті оқу-тәрбие мәселелеріне көңіл бөлемін.
Мысалы: күзгі табиғат құбылыстарының дыбыстары – жаңбырдың дыбысы, желді күнгі ағаш, орман үні, қайтқан құстар әуені, түскен жапырақтардың сыбдыры, мүмкіндігінше қарай музыка шығармасы Д.Нүрпейісова «Бұлбұл», А.Тілендиев «Аққу» күйлерін тыңдатамын. Тағы да сұрақ қоямын: «Күз мезгілдерінің қандай қасиеттері ұнайды?», өзіңнің туған өлкеңнің көркем көріністері , міне, осындай сұрақтар қою арқылы балалардың күзгі табиғатқа, туған жерінің сұлулығына деген көзқарастарын олардың байқампаздық сезім деңгейін бағдарлаймын.
Көркем табиғат көріністері бейнеленген суретті шығармаларды көрсете отырып оқушыларға нұсқаулы түрде сұрақтар қойдым. Үш түрлі суретті көрсеттім: «Балалар мына суретке мұқият қараңдар: суретші қай жыл мезгілін суреттеп көрсеткен? Ойлаңдаршы! Қандай белгілеріне қарй көркем табиғат екнін (немесе оқиғаның күз мезгілі өтіп жатқанын) айқындаңдар. Бір сәт ойларыңды жинақтап, күз бояуларын, күзгі жапырақтардың түстерін айтып беріңдер».
Оқушыларға сұрақ-жауап түріндегі әңгіме барысында күзгі табиғаттың әр кезеңінің сипатын, көңіл-күйін, бояу түстерінің өзгерістерін көрсетем
- ашық күнгі күздің алғашқы маусымды (қуанышты, байсалды, сергек);
- бұлтты, тұманды күзгі күндер (түнерген, бұлыңғыр, түксиген);
- жаңбырлы, желді күндер (ызғарлы, қаһарлы).
Күз маусымымен адам өмірі туралы мағұлматтар:
- күзде астық піседі, адамдар астық өнімін жинайды, жер жыртылады, күздік егін егіледі, қыстық азық-түлік дайындайды;
- күзгі ағаштар отырғызу,айналаны тазалау.
Сосын балаларға көңілді күздің суретін салғызамын. Балалар әр түрлі, яғни әр қайсысы күздің сұлулығын сезіне отырып , тазалық ережесін сақтай отырып балалар практикалық жұмысын жасайды.
Балалар табиғат көрінісін бейнелеуді шартты жағдай деп есептеу керек.Себебі оқушылар табиғат көрінісін бейнелеу арқылы табиғи бояу түстерінің үндестігін меңгеруді үйренеді. «Сондықтан балалар, тікелей табиғат көрінісін бейнелеп үйренген жақсы.» Айналамызды қоршап тұрған табиғат әрбір адамға айрықша әсер етеді.
Сабақ қорытындысы:
Бүгінгі өткен тақырыпты қорытындылай келе балалардың сабақты қуанышты меңгергенін бақылай келе оқушылармен пікір алысамын.
Бүгінгі өткен жаңа тақырыптар бойынша сұрақтар қоямын:
- Балалар, бүгінгі өткен сабақ сендерге ұнайма?
- Сендер бұл сабақтан не түсіндіңдер?
Бағалау:
- Балалар, өте жақсы жауап бердіңдер – деп, балаларды бағалаймын .
Түсінбеген оқушыларға жеке көмек көрсетемін. Сосын үйге тапсырма беремін:
- өз бетінше немесе ата-аналарымен күзгі табиғаттың бояуларының түстерінің өзгерісін байқау;
- әр түрлі ағаштардың, жапырақтардың гүлін алып гербарий жасау;
- бояу қарындаштарымен ақ қағазға күзгі көріністегі ағаштар суреттерін салу.
Міне, осымен сабағымызды аяқтаймыз.
Бұндай сабақ оқушылардың қоршаған ортаға деген талғамын қалыптастырады.
Оқушының эстетикалық талғамын қалыптастыруда бейнелеу өнері сабағының орны ерекше. Дегенмен, эстетикалық тәрбие мектепте өтілетін түрлі пәндер мен тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысқан түрде жүргізіледі. Бұл жерде мұғалімнің жетекшілік және ұйымдастырушылық жұмыстарындағы шығармашылығын қажет етеді. Мұғалім баланың эстетикалық талғамын арттыру мақсатында қазақ халқының қолданбалы өнерін мадақтайтын көрсеткіштерді, Қазақстан суретшілерінің шығармалары мен шағын ғана өмірбаяны, жазылған автопортреттерін, ұлттық бейнелеу өнеріне қосқан суретшілер мен халық зергерлерінің шығармаларын сынып ішін безендіруде кеңінен қолданса, олардың еңбегін жоғары бағалаған еді.
Төменгі сынып жасындағы балалардың барлығы дерлік көркемдік әрекетке, әсіресе, бейнелеу өнеріне қабілеттілік көрсетеді. Бұл, әрине, әсіресе, бейнелеу өнеріне қабілеттілік көрсетеді. Бұл, әрине, балада өмірге эстетикалық тұрғыдан ұғыну қажеттігін тудырады, ол кез-келген әлеуметтік қажеттілік сияқты тәрбие арқылы көтермелегенде ғана ойдағыдай қалыптасады.
Бейнелеу әрекетінде баланың бақылағыштық, қиял, көру арқылы есте ұстау, оның қабылдау ерекшелігі тәрізді көптеген нышандар айқындала түседі. Мұнымен бір мезгілде балада айрықша эстетикалық алғырлық, өмірдегі әсемдікті түсіну және бағалай білу қабілеті қалыптаса бастайды. Албұның өзі 7-10 жастағы балаларда құбылыстаға моральдық баға берумен байланысты, олар үшін әдемілік пен жақсылықта айқын шек жоқ, ол біртұтас және «жақсы» деген түсінікте жинақталған. Әсемдікті қабылдай білу баланың өмірін байытады, қоғамдық құбылыстадың кез-келген көріністеріне ынталарын артыра түседі және әдемілікті бағалап, қорғау қабілеті оның эстетикалық талғамы қалыптасады. Өз оқушыларының жақсы сапаларымен көркемдік қабілеттеріне сенетін мұғалім ғана ойдағыдай тәрбиелейді.
Эстетикалық талғамның қалыптасуы түйсіну (түсті, кеңістікті, қозғалысты) нәзіктігімен тікелей байланысты. Балалар түсті және түс реңктерін неғұрлым нәзік ажырата білсе, олар әдемі бояу түстерінің үйлесімділігін қабылдаудан соң соғұрлым тереңірек қуаныш сезінеді.
Әдістемеміздің нәтижесін алу үшін біз оқушылардың жұмысын 2 «б» сыныбы – бақылау сыныбымен салыстырдық.
2-ші сынып оқушылары суреттерін талдау
Бағалау өлшемдері |
2 «а»
|
2 «б» |
||||
а |
ә |
б |
а |
ә |
б |
|
% |
11 |
6 |
12 |
13 |
6 |
9
|
а. Суретте картинадағы табиғат дұрыс берілген;
ә. Суретте картинадағы табиғат кейбір кемшіліктермен берілген;
б. Картинадағы табиғат дұрыс берілмеген.
Соңында біз өз жұмысымызға талдау жасадық. Сыба түріндегі мысал график-формасында келтірілген.
Оқу жылы аяғында
Бағалау өлшемдері |
2 «а»
|
2 «б» |
||||
а |
ә |
б |
а |
ә |
б |
|
% |
17 |
8 |
4 |
14 |
8 |
6
|
а. Суретте картинадағы табиғат дұрыс берілген;
ә. Суретте картинадағы табиғат кейбір кемшіліктермен берілген;
б. Картинадағы табиғат дұрыс берілмеген.
Соңында біз өз жұмысымызға талдау жүргіздік. Сызба түрдегі мысал график формасында келтірілген.
Тәжірибелік – педагогикалық жұмыстың соңында біз жұмыс қорытындысын бастапқымсен салыстырып, суретте көрсетілген төмендегідей нәтижелерді алдық.
Нәтижелер көрсеткендей біздің бейнелеу өнерінен сабақ жүргізу әдісіміз өзінің тиімді екендігін көрсеткен. Сабақ барысында ойындар, өлеңдер, жұмбақтар мен көрнекті құралдарды, экскурсиялар мен әңгімелер жүргізу – бұлардың барлығы оқушыларды эстетикалық тәрбиелеуді дамытуға ықпал етеді, кейін де бұл тәсілдерді бейнелеу өнері әдістерімен балаларды эстетикалық тәрбиелеуде қолдануға болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бастауыш сынып оқушыларын эстетикалық тәрбиелеудің міндеттерін іске асыруда ақпаратты-рецентивті (түсіндірмелі-иллюстративтік) әдіс баса орын алды. Себебі, бұл әдіс заттар мен құбылыстарды бақылау, балалардың заттарды зерттей қарауы, суреттер мен картиналарды қарап, талдауы, оқу фильмдері мен басқа да техникалық құралдар бойынша көруді ұйымдастыру барысында іске асады. Осы көріп-байқағандарын, одан аңғарған деректерін қабылдауды күшейту үшін және оның есте қалу дәрежесін нығайту мақсатымен бұл тұста сөздік, көрнекілік, т.б. сол сияқты әр түрлі ақпарат көздері де қоса қолданылады. Мұндай жағдайда оқушылар заттар мен құбылыстарды тек көріп, сол арқылы қабылдап қана қоймай, оған қосымша түрлі ақпараттық мағлұматтармен толықтыра отырып, білімді ой елегінен өткізіп, тиянақты түрде саналы қабылдап, оны есте сақтауы күшейеді. Сонда ғана оқушылар кейін кез келген жағдаятта осы алған ұғымдары негізінде сол заттың не құбылыстың бейнесін салуға, жапсыруға не мүсіндеуге дайын болады.
Картиналар, түрлі-түсті бейнелі суреттер арқылы қоршаған орта заттары және құбылыстарымен таныстыру барысында біз оқу әрекеттерінің ішінде практикалық әрекеттерге көп көңіл бөле отырып, оқушылардың сенсорлық тәрбиесінің қалыптасуына жағдай жасауға тырыстық. Себебі, бастауыш сынып оқушыларының ең басты психологиялық ерекшелігі-олардың сенсорлық қабылдауының басымдығы. А.С. Макаренко айтқандай, оларға бірнеше рет сипаттап айтқаннан гөрі бір рет көрсету, ұстап, сезінулеріне, сипап көрулеріне, тағы да басқа сезім мүшелерінің қатысы арқылы заттың басты қасиеттерін қабылдауына жағдай жасау орынды болатынын байқадық.
Оқушының қоршаған орта көріністерін бейнелеу өнері арқылы сезімдік-бейнелі қабылдап, оны өздігінен дәлелдеп негіздеуіне мүмкіндік беретін арнайы білім мен шеберлікті меңгеруі керек. Бұл заттар мен құбылыстарды бақылау, олар туралы ақпараттар алу, пікірталас, әңгімелесу сияқты жүйелі жүргізілетін жұмыстардың және түрлі практикалық іс-әрекеттердің барысында жинақталған білім негізінде қалыптасты. Мысалы, күзгі жапырақтарды бейнелеуге оқушыларды дайындау үшін мұғалім алдымен жапырақтардың түсуін, оның түсін бақылатады. Бақылаған көріністерінен қорытынды жасату мақсатымен жапырақтың түсі мен реңдеріне оқушылардың көңілін аудара отырып, әр түрлі ағаштардың жапырақтарымен таныстырады. Сонымен қатар, жапырақтың қай кезде, неліктен түсетіні жайында әңгімелеседі. Бұл әңгімеге оқушылардың дүниетанудан алған білімдері негіз болады. Жер бетін жапқан жапырақ көрінісі сары кілемге ұқсап жатқанда, ақындар өлеңінен де үзінді оқуға болады. Мұндағы мақсат оқушылардың эстетикалық сезіміне әсер ету, күзгі көріністің өзіндік көркемдігін көре білуге жетелеу. Мұнан әрі мұғалім И. Левитанның ²Алтын күз² картинасын пайдаланып, осы көріністі суретшінің қалай суреттегенін, оның неге «Алтын күз» деп аталғанын талдатады. Оқушылар алдымен табиғи ортадағы күз көрінісімен бетпе-бет танысып, күзгі көріністің басты ерекшелігіне көңіл аударса, енді осыны қылқалам шеберінің қалайша суреттегенін байқайды. Бұл табиғат көрінісін бейнелегенде шындықтың суреттелетінін сезінуге мүмкіндік береді. Оқушылар да осы арқылы өз шығармаларында шындықты бейнелеуге тырысады. Мұнан әрі мұғалімнің оқушылармен әңгімелесуіне, сол арқылы картинаның мазмұны мен маңызын талдауға мүмкіндік туады. Бұл әдістердің негізінде мына мақсаттар жүзеге асады:
— сезімдік–бейнелі қабылдауды қалыптастыру;
-заттар мен табиғат құбылыстарын, пейзаждық жанр шығармаларын талдау негізінде жалпылама ұғымдар қалыптастыру;
— өнер шығармаларының мазмұнын түсініп, әсерлі құралдарын талдау;
— қоршаған табиғат пен өнер шығармаларынан бояулар үйлесімділігін көре білуді қалыптастыру;
— туған табиғат әсемділігін сезіну мен түсіну қабілеттерін дамыту оны шексіз сүйе білуге үйрету.
Әңгіме барысында мұғалімнің оқушыларға қоятын сұрақтары төмендегідей:
- жылдың кез келген мезгілінде және кез келген табиғат жағдайларында қоршаған табиғаттың әсемдігін көре білуге және түсінуге жетелеу;
- қоршаған ортаға байланысты туындаған мен өнер шығармаларын қабылдауда оқушылардың сезімдері мен көңіл – күйлерін тудыру;
- шығарманың негізгі мазмұнын түсінуге әкелу;
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІЦ ТІЗІМІ:
- Қазақстан Республикасының орта білім берудің мемлекеттік стандарты
2- кітап Республикалық басылым. Алматы, 1998, 198 б. - Қазақстан Рсслубликасынын Заңы «Білім туралы» / Егемея Казақстан,
№11,маусым 1999,3 б. - Келімбетов Ы. «Ежелгі дәуір әдебиеті», Алматы: Анатілі — 1991. -192 б.
- Абай «Қара сөздер». Алматы: 1993, 152 б.
- Ушинский К.Д. «Избранные педагогические сочинения», в 2-х томах,
теоретическис проблемы педагогики. М: Педагогика АПН, 1974, 584с. - Алтьшсарин Ы. Соб. соч. в 3- томах Алма-Ата: Наука 1976, 3 14 с.
- Макаренко А.С. Избранные педаготические сочинения в 2-х томах М:
Педагогика 1977. - Шәкірім Қүдайбердіүлы. Үш анық. Алматы «Қазакстан» және
«Ғақлия» ғылыми-әдеби орталығы, 1991, 80 б. - Аймауытов Ж. Бес томдык, шығармалар жинағы. 4-том. Психология
/ред. алқасы С. Қирабаев М.Базарбаевт.б. Алматы: Ғылым, 1998, 4486. - Байтүрсынов А. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер, пуб. мақалалар
және әдеби зерттеулер (қүр. Ғ.Нүрғалиев). Алматы: Жалын, 1999,4646. - Жүмабаев М. Шығармаларькөлеңдер, поэмалар, қара создер
(қүрастырған Абдуллин). Алматы: Жазушы, 1989, 448 б. - Выготский Л.С. Проблемы психологического развития ребенка
Изобразительные психологические исследования. М: Издание Акад. пед.
наук. 1965, 62 с. - Мүканов М. Педагогикалық психологиялык очерктер. / Қаз ССР. оқу
министр. пед. ғылым. институты. Алматы: Қаз. мем. оку-пед. басылым,
1972,2116. - Жарықбаев Қ. Психологияның қысқаша библиографиялық көрсеткіші 1
-болім. Қазақ тіліндегі материалдар. Алматы: Қаз. ССР оқу министрлігі
1967,