МАЗМҰНЫ
Кіріспе
- ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Өз бетінше жұмыс жасау — шығармашылыққа баулудың көзі.
1.2. Шығармашылық жұмыстын негізгі бағыттары
- ОҚУШЫЛАРДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАР.
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
2.2. Оқушыларды шығармашылыққа баулуға арналған сабак турлері.
- ТАРАУ БАЛАНЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ ДЕП
АНА ТІЛІНІҢ МАҢЫЗЫ
3.1. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудағы факторлар
3.2. Шығарма жаздыру – оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулудың күрделі түрі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды. Мектеп түлектерінің дайындық деңгейі Мемлекеттік стандарт тағайындаған талаптардан төмен болмауы тиіс. Бұл деңгейлерге жету білім ұйымдарының алға қойған мақсаттарға жетуінің куәсі болып табылады. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар екі деңгейде беріледі: міндетті (минимум) және базалық.
Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының дайындығына қойылатын міндетті деңгей оқушылар дайындығының минимум денгейін анықтайды. Минимум деңгейге жету-оқушылардың міндеті болып табылады.
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу-әрбір ұстаздың басты міндеті. Қайсыбір мұғалімдер сабақтың жаңа түрлерін пайдаланса, кейбірі жаңашыл педагогтардың тәжірибесін қолданады. Қай әдісті пайдаланса да мақсат — бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт бойына сіңіру, пәнге ынтасын, қызығушылығын тәрбиелеу.
Сыныптағы барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес, сондықтан сабақ кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай мұғалім жұмыстың түрін таңдап, сол тақырыпты игеруді көздейді.
Бастауыш білім — үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік — дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дайындаудағы басты мақсаты — оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалылтасуына жол ашу.
Қазірде педагогика ғылымында оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беру мәселесі кеңінен көтерілуде. Алайда ол дарынды, талантты балалардың қабілеттерін дамытуды жүзеге асыру деген қорытындысынан әрі аса алмауда. Оның үстіне психология мен педагогика ғылымында әрбір баланың дарындылығы қандай дәрежеде екенін анықтайтын дәл өлшем әлі табылған да жоқ. Әр жеке тұлғаның шығармашылық қабілетінің дамуына кең жол ашылады, Осындай оқыту әдісі оқушылардың ақыл-ойын, шығармашылығын дамыту мәселесін шешеді,
Зерттеудің объектісі: бастауыш сыныптардағы оқу үрдісі.
Зерттеу пәні: оқушыларды шығармашылыққа баулу жолдары.
Зерттеудің мақсаты:
— бастауыш сынып оқушыларына шығармашылық тапсырма орындату
арқылы іскерлігін арттыру.
— оқушылардың шығармашылық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктерін анықтау.
— шығармашылық тапсырмаларды орындаудың жолдарын, шарттарын
іздестіру.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Егер оқушылар өз бетінше жұмыстарды ойдағыдай орындаса, онда шығармашылыққа баулу жұмысын қалыптастыруға болады
Зерттеудің міндеттері:
- Қазіргі дамыта оқу жағдайына сәйкес, бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулудың қажеттілігін дәлелдеу.
- Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу барысында орындалатын шығармашылық тапсырмалардың мазмұнына сипаттама беру.
- Еастауыш сынып оқушыларының шығармашылық тапсырмаларды
түсінуін және оны орындау жолдарын белгілеу.
Зерттеудің әдістері: Педагогикалық, психологиялық еңбектерді зерттеу, талдау. Оқулық, бағдарламаға талдау жасау, бақылау өткізу. Қорытындылау.
Диплом жұмысының теориялық қолданылымы:
Бастауыш мектептерде оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулуға байланысты ғылыми қағидалар мен тұжырымдар қазақ тілін окыту әдістемесі мен педагогика ғылымдарын теориялық тұрғыдан толықтырады.
Диплом жұмысының практикалық қолданылымы:
Диплом жұмысында ұсынылып отырған қазақ тілінде бастауыш сынып оқушьшарын шығармашылыққа баулу әдістемесі бастауыш сынып мұғалімдеріне көмекші құрал бола алады.
- ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Өз бетінше жұмыс жасау — шығармашылыққа баулудың көзі.
Мектепте білім беру-жауапты іс. Өйткені мектеп арқылы жеке тұлға тәрбиеленеді. Бүгінгі мектеп оқушысы-ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат.
Соңғы жылдары мектепте білім беру саласында заман талабына қажетті жаңартылған Өзгерістер мен зденістер қарастырылуда. Білім берудің мақсаты, мазмұны өзгерді. Соған сәйкес оқытудың жаңа технологиялары енгізілуде.
Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында К.Окуниннің «Проблемалық оқыту», В.Шаталовтың «Тірек сигналдарын пайдалана оқыту», Ж.Қараевтың «Саралап деңгейлеп оқыту», М.Жанпейісованың «Оқытудың модульдік технологиясы» мектеп тәжірибесінде кеңінен қолданылып келеді.
Бұл оқыту технологиялары оқушыны жан-жақты дамытуға, оқушының қызығушылығын оятуға, оқу іс-әрекеті арқылы оқушының ойлау мәдениетін дамытуға негізделген.
Дәстүрлі оқыту жүйесінде оқушы — оқыту үрдісінің объектісі болып табылады. Оқушының білімді игеруі көбінесе есте сақтауға, фактілерді жинауға, жаттауға негізделеді, ал білім берудегі жаңа технология бойынша оқушы оқыту процесінің субъектісіне айналады да, ойлау іс-әрекеті танып процесін тудырады. Таным процесі арқылы оқушының белгілі бір қасиет қабілеттері қалыптасады, дамиды.
Қазіргі білім беру жүйесіндегі озық технология — мен әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдалану оқушының танымдық және ақыл-ой белсенділігін арттырады.
Сондықтан да мектепте жеке тұлғаны дамытуға негізделген әдіс-тәсілдер іздестірілуде. Мектеп кез-келген оқушыға жақсы білім беретіндей етіп құрылуы тиіс. Сол себепті мұғалімнің алдында балаға «Қалай тиімді білім беру керек» деген мәселе тұруы тиіс.
Шығармашылық жұмыс және әрекет диалектикалық бір тұтастықты құрайды. Әрекет шығармашылықты тудырып, оны нақты болмысқа айналдырса, шығармашылық әрекетті ретінде оның амалдарын, тиімділігін анықтайды. Бұл мәселені зерттеген ғалымдар шығармашылық әрекет деп білімді жаңа жағдайда тасымалдай білу (ИЛ.Лернер, Я.А.Пономарев) мәселені шешудегі көргендік, қырағылық (А.Н.Лук), жаңалық тудыратын әрекет (Л.С.Выготский) деп тануды ұсынады.
Бастауыш мектеп оқушысының ашатыны тек өзіне ғана жаңалық болып табылатын субъективті жаңалық [1,48].
Шығармашылық әрекет арқылы бір жағынан адамның іскерлігі мен қабілеттері жетілсе, екінші жағынан материалдық рухани көзқарасы қалыптасып, адамзат мәдениетіне үлес қосылады.
Баланың табиғи, ашылмаған мүмкіндіктері неғұрлым үйлесімді толығырақ дамыса, ол есейген кезде қызметті де соғұрлым мазмұнды, жан-жақты, табысты атқарады. Шығармашылық әрекет арқылы оның жасампаздығы, іскерлігі қалыптасады.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қызығушылығын дамытуға жас мөлшері нағыз қолайлы синтезивті кез.
Дамыта оқытудың мақсаты — балаларға дайын пәндік білім. біліктердің белгілі бір жиынтығын берумен шектелмейді. Кеңес дәуіріндегі дайын нұсқаулар мен бұйрықтарды орындайтын адамдарды тәрбиелейтін қазіргі мектептерде орын алып отырған дәстүрлі оқыту жүйесі шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйрететін, оны қолдана білетін дамыған адамдарды дайындауға негіз бола алмайтындығын өмір көрсетуде. Сондықтан біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі етуде басшылыққа алатын нысана — дамыта оқыту жүйесі болады.
Оқыту барысында бастауыш мектеп окушыларының шығармашылық қызығушылығын дамыту барысында тапсырмаларды орындауға арналған қабілеттерін дамытуды жоғарыда белгіленген көрсеткіштер мен өлшемдерге сай келетіндей Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин сияқты ғалым педагогтардың еңбектерінің дидактикалық қағидаларына негізделген әдістеменін мазмұны жасалады.
Оған сәйкес оқулықтар мазмұны қайта қаралып, олардағы сұрақтар,
тапсырмалар, жаттығуларға дамытушылық сипат берілді. Оқулықтар
мазмұны шығармашылық тапсырмалармен толықтырылды.
Шығармашылық тапсырмаларды сұрыптау, оларды пайдалану кезінде, олар баланың өмірлік тәжірибесін молайтып, практикалық іс-әрекет дағдысын қалыптастыру көзделеді. Оқулықтар мазмұнында ұсынылып отырған шығармашылық тапсымалар баланы конвергенттік (бір бағыттағы, жүйелі логикалық) ойлаудан, дивергенттік (логикадан ауытқу) баланы ойлауға үйрететіндей етіп лайықталынып беріледі. Өйткені баланың шығармашылық тапсырмаларды орындауға арналған қабілеттерін, дамуы осы дивергенттік ойлаумен тығыз байланысты.
Сабақтардың практикалық бағытын күшейту, білімді жаңа жағдайға тасымалдай білу, сол арқылы өзінің ашқан «жаңалығының» қуанышын сезінетіндей болуы қарастырылды.
Баланың шығармашылық істеріне басшылық жасау, ондай нәтижеге жету үшін мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, сыйластық, түсіністік, ізгілік ұстанымдарына негізделеді. Сабақтағы оқушының орны, рөлі алмасты, оның еркіндігінің, дербестігінің болуы басты назарда ұсталды. Нәтижеде мұндай оқыту баланың ақыл-ойын дамытып қана қоймай, сол арқылы пайдалана білу, қоршаған дүниедегі жаңалықты көре білуге үйрететіндігі анықталды.
Оқушының дарындылығы жоғары болған жағдайда шығармашылық тапсырма орындау барысында өз тұжырымын дәлелдейді. Қажет жағдайда пікірталас туғызады, өз түсінігін жеткізе біледі. Өзіндік ойлауы мен топшылауы басым болады.
Кез келген мұғалім үздіксіз ізденіп, оқушыға қажетті ақпараттар жинап, бүгінгі болатын әрбір сабағына аз да болсын жаңалық енгізуге ұмтылуы керек. Менің ойымша, мұғалім тұлға деңгейінде танылуы тиіс. Ұлы педагог Макаренко: «Никакие рецепты не помогут, если в самой личности воспитателя есть болыпие недостатки» деген тұжырымына сүйенсек, мұғалім тек сабақты түсіндірумен ғана емес, қимыл-әрекетімен, сөйлеген сөзімен, басқаларымен жасаған қарым-қатынасымен оқушыға өнеге беретіндей болуы қажет. Білім сапасын көтерудегі ең басты тұлға-мұғалім.
Менің ойымша, 21 ғасырдағы мұғалім тұлғасын былай деп көрсетуге болады:
МҰҒАЛІМ |
өз білімін жетілдіретін өзін-өзі тәрбиелейтін педагогикалық мәдениеті бар айқын мақсаты бар жаңашыл |
ЖЕКЕ ТҰЛҒА
|
Міне, осындай жаңа талапқа сай мұғалім ғана оқушыларды шығармашылыққа баули алады.
Тұлғаны тұлға тәрбиелейтіндіктен жеке тұлға болатын мұғалімдерді
мектеп көбірек қажет етеді. Мектепке жаңашыл, мықты тұлға боларлық
мұғалімдерді қалай тартуға болады?
Талантты жастарды бос сөзбен мектепте мұғалім бол деп үгіттеу бос уақыт өткізумен бірдей. Егер мұғалім мамандығы беделді, құрметті мамандық деп есептеліп, жоғары оқу орнына түсуші талантты жастар мұғалім болуды таңдап жатса, білім беру сапасы да жақсарар еді. Американың өзінде мұғалімнің дәрежесін көтеру, талантты жастарды мектепке тарту үшін мұғалімнің еңбек ақысын көтеру туралы көп талас болды. Олай болса, Қазақстанда мектепке талантты жастарды тарту үшін мұғалім еңбегін мемлекет деңгейінде бағалау қажет.
Мектептегі оқу процесін өмірге дайындық деп қарамай, керісінше өмірмен бірге жүретін және ешқашан тоқтамайтын процесс деп қараған абзал. Мектеп фабрика емес, мұнда оқушы мен мұғалім алға қойған мақсатты сезініп, оны орындау арқылы өзгеріп-өсіп дамып отыратын «тірі организм». Француз ғалымдарының анықтауы бойынша, мұғалімдердің 85 пайызы сабақты түсіндіруде лекция тәсілін қолданады екен, алайда бұл тәсілден оқушының тек 25 пайызы ғана белгілі бір нәтижеге жететін көрінеді. Сондықтан да оқушының терең білім алуына көмектесетін әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдай білу-өте маңызды мәселе.
Мектепте оқитын әрбір баланың терең білім алуына қалай жетуге болады? Психологиялық зерттеулер бойынша, баланың білім алуындағы кемшіліктің себептерінің бірі-баланы жақсы көрудің жетіспеушілігі мен баланың өзін төмен бағалауы. Мұғалімнің міндеті-баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу. Өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады.
Педагогтар баланың нашар оқу себебін ішкі және сыртқы түрткінің (мотивация) жеткіліксіздігінен дейді. Мотивацияның жеткіліксіздігінің бірден-бір себебі-мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынастын дұрыс құрылмауынан. Баланың өзіне деген сенімін арттыру үшін оның кемшіліктерінен гөрі жеткен жетістігін айта отырып, қызығушылығын ояту керек. Баланың кемшілігін айтып, ол қылықтарын есіне түсірген сайын оның өзіне деген сенімін азайтып аламыз. Сондықтан да мұғалімнің оқушыны қолдауы, құрметтеп, сенім артқаны қажет. Бұған психологиялық тұрғыдан көңіл бөліп, әдістемелік шеберлікпен келу арқылы ойдағыдай нәтижеге қол жеткізуге болады. Сондықтан да әрбір ұстаздың психологиядан, педагогикадан, әдістемеден терең білімі болуы керек. Оқушының қолын білімге жеткізу үшін, сабақты тиімді оқыту үшін, мұғалімнің шығармашылық ізденісін жетілдіру үшін Интернетте озық тәжірибелер жинағынан тұратын арнайы сайт ашып, соны тиімді пайдаланса болар еді.
Соңғы кездері мектепте білім беруді ақпараттандыру жағдайын жақсартуды қолға алуда, Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі орта білім беру жүйесін ақпараттандыру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламасы мектептегі білім беруді ақпараттандыру процесіне негіз қалады. Алайда бұл бағдарламаны іске асыру кезінде негізінен мектептерді компьютермен жабдықтау жұмысы жүргізілді де, оқушының жан-жақты білім алып, әлемдегі өзгерістер мен жаңалықтар ағымынан хабардар болу, яғни ақпараттандыру жағдайы көздеген деңгейден төмен болып отыр. Бұған бір себеп, компьютермен жабдықталған мектептерде, әсіресе ауылдық жерлерде компьтермен жұмыс істейтін маман жоқ. Компьтерлік білімнің төмендігінен сабақта мұғалім осы техникалық құралдың мүмкіндігін пайдалана алмай отыр. Сондықтан да мектепте білім беруді жақсартудағы келелі мәселелердің бірі-аз уақыт ішінде ең қолайлы тәсілмен мұғалімдерге компьтерлік білім берудің жолын қарастырған дұрыс деп ойлаймын.
Ж.Аймауытовтың «Адамды ілтипатты ететін ереже қайсы десеңіз, мынау: нәрсе ұғындырылғанда оның барлық шарттары көрсетіліп, барлық жаңа нәрселерді туғызарлық болсын, бір сөзбен, нәрсені түрлендіру керек, тоқсан түрге түсіру керек» деген озық ойы әлі күнге дейін маңызын жойған жок- Қазіргі заманғы электрондық оқу материалдарына телекоммуникация құралдарын (видеокассета, оқу теледидардан т.б.) пайдалану, Интернет жүйесі арқылы ақпарат алу, сабақты түрлендіруге, баланы қызықтыруға жол» ашады. Осы сияқты жаңа оқыту құралдарын, жаңа әдіс-тәсілдерді іс-тәжірибеде тиімді пайдаланылады.
Шығармашылық жұмыста қазіргі заман талабына сай кез келген ортада, кез келген жағдайда өз ойын, пікірін жүйелеп айтатын мәдениетті дайындау үшін бастауыш сыныптан бастап баланы байланыстырын сөйлеуге үйретудің әртүрлі әдіс-тәсілдері іздестіріледі.
Көптеген ғалым педагогтардың, практик мұғалімдердін тәжірибесіне сүйенсек, оқу-тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесінде басты рөлді ең алдымен, оқушының өз бетімен әрекеті, белсенділігі атқарады.
Себебі, сабақ қанша сапалы болсын немесе мұғалімнің білімі, тәжірибелік шеберлігі мол болсын, бірақ бала тарапынан өзіндік белсенділік, әрекет болмаса жұмыстың нәтижелі, сапалы орындалуы мүмкін емес. А.Байтұрсыновтың оқу-ағарту саласындағы негізгі көзқарастарының ішінде біз көңіл аударалық мәселе-бұл автордың, «Қазақша оқу жайынан» атты еңбегінде айтқан пікірі.
Автордың пікірінше, білімді бала тәжірибе арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мадсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру.
Бұдан біз А.Байтұрсыновтың 20-30 жылдардың өзінде-ақ кейінгі жылдары Ресей ғалымдары В.Давыдов, Л.Занковтың дамыта оқыту теориясының негізі болған өз бетіндік танымдық-әрекеттік рөлін көре біліп, оның бала дамуындағы маңызын өз кезінде қозғағандығын байқаймыз. Бастауыш сыныптарда өз бетімен жұмысты ұйымдастыруда оның бағдарлама мазмұнына, талапқа сай болуы, түрлі мазмұнды және формада көрініс табуы, оқушыны шығармашылық бағытта жұмыс істеуге бағыттауы, сонымен қатар бағаланып, марапатталуы сияқты мәселелерге мән беріледі.
Осыған орай, өз бетімен жұмыс бастауыштың өзіне тән әдістемесіне сәйкес түрлі формада және мазмұнда көрініс табуда.
Өз бетіндік жұмыс-шығармашылық жұмыстың бастамасы болғандықтан оқушылардың шығармашылық қабілеттерін олардың өз бетіндік жұмысынсыз дамыту мүмкін емес.
Бастауыш мектепте өз бетіндік жұмысты тиімді ^йымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай- бұл окушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес’ өзівГдік ерекшеліктері. ӨЙткені бұл жастағы балалардың ойлау кабілеті жоғары және қиялдау, елестету, шығармашылық жұмысқа талпынысы басым болады.
Өз бетімен жұмыс түрлеріне қатысты материалды саралау және
тәжірибе қорытындысындағыдай шығармашылық жұмысқа баулып,
олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыратын өз бетімен
жұмыс түрлеріне мынадай 3 жұмыс түрлерін жатқызамыз:
- Логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар (құрастырмалы ойындар, ребус, сөзжұмбақ).
- Берілген тапсырманы түрлендіру (мәтіннің мазмұнын өңдеу т.б.).
- Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби
шығармашылық бағыттағы жұмыстар.
Мұнда басты назар аударатын мәселе-бұл оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету.
Өз бетінше жұмысты ұйымдастыру формаларын фронтальді және топтық деп бірнеше түрде алып қарауға болады. Өз бетінше жұмыстың ішінде ең көп таралып отырған тиімдісі: кітаппен жұмыс істей білу. Мұнда мәтінмен жұмыстың негізгі:
- мазмұнын баяндап беру
- мәтін бойындағы тапсырмаларды орындау
- мәтінді бөліктерге бөлу
- бөліктерге ат қою
- мәтін бойынша жоспар құру
Ондағы негізгі ойды анықтау тәрізді тапсырмаларды орындау, талдау жасау, салыстыру, материалды жинақтаумен, негізгі қойылатын талаптар осындай.
Бастауыш сынып оқушыларының өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы — жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік дағдысын дамыту.
Өз бетінше жұмыс |
зерттеу |
шығармашылық жұмыстар |
жаттығу |
Шығармашылық жұмыс қарағанда зерттеу сипатты жұмыспен ұқсас. Себебі, әрбір зерттеу сипаты бар жұмыста азды-көпті шығармашылық еңбек. Дегенмен оның өзіндік ерекшелігі бар.
«Шығармашылық-адамның белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең
жоғарғы формасы».
Шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыруы сыннан өткен мынадай түрлерін алуға болады:
- тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;
- арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;
- сөзжұмбақ құру, шешу;
- шығарма, шағын әңгіме, мәтін құру;
- әңгімелердің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу;
- қиялдау арқылы суретін салғызу, рөлге бөліп оқыту;
— ұнатқан кейіпкерге мінездеме беру, осы әңгіменің мазмұнына,
мағынасы кері әңгіме құру;
- мазмұндама түрлерін жазу;
- адасқан сөздерді орнына қою.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін-байыту, қиялын ұштастырумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.
Жаңа буын оқулықтарын оқытудағы қазіргі технологияны қолдану
келешек ұрпақтың еңбек етуіне, еркін дамуына, жан-жақты білім
алуына, белсенді шығармашыл болуына жағдай жасау керек.
Осыған сәйкес оқыту мазмұнын, түрін, әдісін дұрыс таңдай білу
қажеттілігі туады. Бала бойындағы қабілетін ашу-одан әрі жетілдіру
дамыта оқытудың негізінде зерттеушілік білігін және оңайлы шешімін
қабылдауға ынталандыру арқылы, бала бойына еркіндік, мақсаткерлік,
еңбексүйгіштік, белсенділік, өз пікірін саналы, шебер ортаға сала білу
сияқты оқыта отырып жалпы дамытуды үнемі сабақта жүйелі жүзеге
асырғанда жан-жақты гармониялық даму үшін негіз жасалады.
Өзіндік жұмыс балалардың шығармашылық әрекеті мен ынтасын дамытуда зор әсер білдіреді. Білім, білік, дағдыларын кеңейтуге ұжымдық сезімдерін, қайсарлық, табандылық, батылдыққа тәрбиелеуде және қалыптастыруда, көзделген мақсатқа жетуге және жеке тұлғалық, сапалық қасиеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Бастауыш сынып оқушылары бүгінде әрі субъект, әрі объект ретінде қарастырылады. Өз бетімен жұмыс жасағанда оқушының өзіне баға беріп, алдына қойған мақсаттың сәтті орындалуына ықпал жасайды, оқушылардың шығармашылығы мен қабілеттерін дамытады. Мектеп тәжірибесінде көбіне көп осы жағы ескеріле бермейді, бақылау тапсырманың дұрыс орындалуын нысана етеді. Бөгде адам мен өзінің ой- пікірлерін айтуға мүмкіндік береді.
Профессор Р.Г.Лембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мынадай шарттарға байланысты анықталады:
- оқушылардың істейтін жұмысының мақсатына айқын түсінуі;
- жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;
- жұмысты оқушылардың өз еркімен орындалуын көздеу керек.
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:
- мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;
- жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеу;
— мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестілігінің өзара байланысы, олардың жұмысты өз еркімен және қолдауымен істеуі, оған әсер ететін мотивтер т.б.
Оқушылардың өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша, өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстар жатады. Өздігінен істейтін жұмыстарын ана тілі сабағында түрлендіре іске асыруға болады. Ана тілі сабағында оқушылар жүйелі оқуға, ойды талдауға, мәтінді саналы түсінуге дағдыланады.
Тапсырманы орындағанда оқушылар дәптерлерін ауыстырып қарап, бірінің қатесін бірі түзейді, дұрыс жазу ережесін айтады, яғни олар консультанттар міндетін атқарады. [20;23]
1.2. Шығармашылық жұмыстын негізгі бағыттары
Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Ол үшін баланы бастауыш сыныптан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға дағдыландыру керек. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен.: «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Қабілеттілік-белгілі бір істі орындап шығуға мүмкіндік беретін адамның жеке басының қасиеті. Әр адамның белгілі бір әрекеттің бір түріне мүмкінділігін білдіретін дара ерекшелігі болады. Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдынын, болуына байланысты. Бала қабілетін дұрыс байқап, онымен сапасын арттыру мұғалімдердің маңызды міндеттерінің бірі. Қабілет негізі екіге бөлінеді:
- Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке жақтарын көрсететін
қабілет. - Жалпы қабілет.
Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, зейінділік пең бақылағыштық, зеректілік пен тапқырлық т.б. Осы сияқты ақыл-ой әрекетінде көрінетін ерекшеліктер жалпы қабілетке жатады. іс-әрекеттің жеке жақтарынан көрініп, онын нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретік қабілетті арнаулы қабілет дейді. Бұған суретшінің, музыканттың т.б. қабілеттерін жатқызуға болады.
Мұғалім ең алдымен сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге бағыттау керек. Яғни, оқушылардың назарын шығармашылық арнаға бұру үшін үнемі шығармашылық тапсырма міндеттер, жаттығу, ойын түрлерін ұсынған жөн. Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыларға ұсынудың жолын, әдіс-тәсілін білу керек:
— шығармашылық жаттығу ойын тапсырмалардың мазмұнын
жеткіншектердің жас ерекшелігіне және қызығушылығына үйлесуі керек.
— тапсырма- міндетпен танысқаннан кейін бала жұмысқа кіріседі.
Мұғалім оқушы шығармашылығын дамыту, бағыт-бағдар беру ісінде мыналарды ескеруі керек деп ойлаймыз:
— шығармашылық тапсырманың мазмұн түрін ойлап табу.
- шығармашылық міндеттерді оқушыға ұсынудың әдіс-тәсілін
меңгеру. - көркемдік шешімін табу, оқиға құру, образ жасау үшін кілт
боларлық жағдайларды тудыра білу.
Бастауыш сыныптарда оқушылардың қиялын дамытатын жұмыстың бір түрі-ойдан ертегі құрастыру. Оқулықтағы берілген ертегілермен танысқаннан кейін осыған ұқсас ертегі құрастырылып немесе ренішпен, өкінішпен аяқталатын ертегіні қуанышпен аяқталатындай етіп өзгерту баланы шығармашылыққа үйретумен қатар армандауға, қиялдауға жетелейді. Оқушылардың тілі шебер, ойы орамды болу үшін ана тілі, қазақ тілі оқулықтарындағы мақалдармен шебер жұмыс жасау қажет. Үйренген мақалдарды орынды қолдану керектігі түсіндіріліп, «Сөз тапқанға-қолқа жоқ» сайысын және «мақалдатып» айтысу жұмысын жүргізу оқушы тілін, ойын дамытудың ең шебер құрамы. Оқулықта кездесетін мақалдарға сай келетін оқиға ойластыру немесе сурет бойынша мақалдар айту да баланың дамуына өз әсерін тигізеді.
Шығармашылық — өте күрделі процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға тән. Оқыту барысында оқушылар шығармашылығын қалыптастыру және дамыту мәселесі шығармашылық процесстің қандай кезеңдерден тұратындығын және неден басталып немен аяқталатындығын білуді талап етеді. Шығармашылық процесс 4 кезеңге бөлінеді:
- Дайындық кезеңі.
- инкубация, жасырын идеялар, тұйыққа тірелу кезеңі.
- интуицияның жарқ етуі. Эврика.
- тексеру кезеңі.
Оқушыларды шығармашылыққа үйретудін тағы бір жолы — әңгіме жазғызу. Бұл жұмысты мен төмендегіше бастадым. Сынып оқушыларына қағаз таратылып беріледі. Оларға тақтада жазулы тұрған сұрақтардың астына жауап жазатын орын қалдырып, баған түрінде көшіріп алу тапсырылды. Бірінші сұраққа әркім жауапты өзі жазады, сосын жауабын қағаздың жоғарғы сұрақ жазылған бөлігін бүктеу арқылы көршісі көрмейтіндей етіп жауып, парталас отырған балаға береді. Екінші сұраққа сол бала жазып, жоғарыдағы ретпен жұмыс жалғаса береді. Ең соңғы сұраққа жауап жазылып біткенде, жұмыс жиналып алынады да, жалпы сынып алдында оқылады. Нәтижесінде қызықты, күлкілі оқиғалар, қысқа мазмұнды әңгімелер туып жатады. Сұрақтар мына төмендегідей болуы мүмкін:
Ол кім? (не?)
Ол қандай?
Қайда барды?
Кімді (нені) кездестірді?
Оқиға немен аяқталды?
Не туралы сөйлесті?
Әрі қарай не болды?
Әр бала — бір тұлға, оны көре білу сол бір әлемге жол табу әр ұстаздың міндеті. Себебі, біздің алдыңыздағы оқушы — біріншіден бала. Ал балаға ойын қажет. Сондықтан, сабақтағы ойын арқылы бала білімін шыңдап, ой-өрісін кеңейте алады. Ал ойынньщ өз мақсаты, жоспары, мәні қажетті заттары болады. Ойын — адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық әрекеті байқалады. Мұғалім сабақта баланы шаттандыратындай, ойын оятатындай, іскерлігін дамытатындай болу керек. Оқушыларды белсенділікке, саналы ойлана білуге, ой-өрісінің дамуына, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулуға үйрету мұғалімнің негізгі міндеті.
Ана тілі сабағында шығармашылыққа үйрету жұмысының бірі -жазғызуға баулу. Ұйқас сөздердің мәнін түсіндіріп, өлеңдегі ұйқастарды табуға көңіл белу.
4-сыныптарда балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда жұмбақтар, мақал-мәтелдермен сайыс сабақ өткізуде дамытушылық сипат беруді мақсат етеді. Олар:
- Оқиғаға байланысты мақал-мәтелдер айтқызу.
- Суретке қарап тұрып, бірнеше мақал айту.
Тапсырмаларды орындату арқылы сөздің құдіретін түсіну, мақалға деген қызығушылығын ояту, пайдалана білу міндеттері шешіледі. Мақал- мәтелмен жұмыс «айтыс» түрінде де жалғасын табады.
Бастауыш мектеп — оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын және жауапты жұмыс. Дамыта оқытудың басты мақсаты — баланы оқыта отырып шығармашылық бағытта жан-жақты тәрбиелеу. Шығармашылық дегеніміз- адамның өмір шындығында өзін-өзін тануға ұмтылуы мен ізденуі. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзін тануына көмектеседі. Бастауыш сынып оқушыларының зейіні тұрақсыз, импульсивті қабылдау мүмкіндіктері де әртүрлі болады. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, белсенділіктерін, қызығушылығын арттыру үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Олар;
- Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.
- Пікірталас тудыру.
- Логикалық ойлауын дамытатын ойындар мен тапсырмаларды шешу.
- Ой шапшаңдығын және сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.
Сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жұмыс түрлері:
- Мұражайларға апару.
- Әртүрлі кездесулер өткізу.
- Сайыс және пікірталастар өткізіп алған әсерлері бойынша шығарма жазу.
- Әрбір окытып отырған шығармалардың авторлары туралы толық
мағлұмат жинау және реферат жазу.
Осындай оқушылар жұмыстарды шығармашылыққа баулуға, оқушы бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға өз бетінше зор әсерін тигізеді. Бала ойындағы қабілетті ашу — оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.
Ұстаздың сабақ берудегі басты мақсаты баланы бастауыш сыныптардан бастап, шығармашылық ойларға және практикалық әрекеттерге дайын болуға, қызығушылыққа тәрбиелеу. Бұл мақсатты жүзеге асыруда әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, көптеген сабақ түрлерін өткіздім.
Олар: аралас сабақ, семинар сабақ, сайыс сабақ, ойын сабақ, тестік сұрақтар оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға үйретеді. Ойлай білген адам кейінгі мен бүгінгі өмірді салыстырмалы түрде тани білуге тырысады.
Ана тілі сабағында баланың шығармашылық қабілетін дамытуға ең басты назарға алатын нәрсе:
- Өлең шығаруға үйрету.
- Ұйқасын тапқызу, сөз бен сөзді байланыстыру.
- Ой тастау, бір оқиғаны суреттеу арқылы өлең жолдарын құрастыру.
Өлең жолын құрастыру 1-інші сыныптан бастап сауат ашу барысында басталады. Ол үшін оқушыларға алдымен ұйқас сөздердің мәнін түсіндіріп, ұйқастарды табуға тапсырма беріледі. Әрине жұмыс нәтижелі болу үшін бұл әдістерді тұрақты түрде және жиі қолданып отыруы керек. Осының арқасында 4- сыныптарда оқушылар өлең шығаруға төселіп қалады.
Қазіргі жаңа буын оқулықтарында оқушыға «өлең жалғастырып көр», «өлең жаз» деген тапсырмалар жиі кездеседі. Бірақ осы өлеңді жазу үшін оқушыны неге, қалай үйрету керек? Өлең жазу не үшін және қандай мақсатқа керек? Сөз өнерін меңгеру барлық адамдарға суреткер болу үшін емес, ешкімге тәуелді болмау үшін керек. Шығармашылыққа баулуға сыныптан тыс жұмыс түрлері:
— мектеп шеберханасына, мұражайға бару, әртүрлі кездесулер
бойынша шығарма жазу.
— суретті кітапша жасату, жазбаша баяндату.
- мектептегі үйірмелерге сыныптан тыс жұмыстарға қатысуына
жағдай жасау. - газет-журналдарға жазғызып және оны оқу үрдісінде үнемі
пайдалану. - ауыз әдебиетінің түрлерін пайдалану.
- әрбір оқылып отырған шығарманың авторы туралы мағлұмат беру.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу, шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байыту қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге әсерін тигізеді. Оқушының шығармашылықпен айналысуы, үшін қолайлы жағдай туғызу керек. Оқушының бәрі бірдей бір өнерге жақын болуы мүмкін емес, олардың қабілеті әртүрлі. Сол себептен балаларға берілетін шығармашылық өз бетінше деңгейіне қарай беріледі. Жалпы алғанда біздің мақсатымыз — оқушының тілге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, ана тілінің қасиетін ұғындыру, сонымен бірге, шығармашылық шеберліктерін шыңдау. Оқулықтардағы материалдарды талдай отырып «Ана тілі» оқулығындағы прозалық және поэзиялық туындылар арқылы беріледі. Мысалы: 4- сыныпта 135 шығарманың 58-і поэзиялық туынды, 77-сі прозалық туынды. 4- сыныпта 8 шығармашылық тапсырма берілген.
- «Менің ботам», «Менің құлыным» тақырыптарында өлең не әңгіме
құрастыр. - Батыр бала мен Шұбар ат (өлеңді жалғастыр) [7.31 ]
- С.Торайғыров. Туған еліме (өлеңді жалғастыр) [7.137]
- С.Сейфуллин. Наурыз (өлең үлгісімен өлең құрастыр) [7.167]
- К.Жұмағалиев. Туған өлкем («Менің Қазақстаным» тақырыбына
әңгіме не өлең құрастыр) [7.195] - А.Сопыбеков. Сапар мен парта (салақ оқушы туралы өлең не
әңгіме құрастыр) [7.229] - «Менің ботам», « Ақ бота» тақырыптарына өлең не әңгіме құру.
[7.237] - К.Жұмағалиев. Мен соғысты жек көрем (Бейбітшілік, достық
туралы өлең не әңғіме құру) [7.273]
Оқушыларға «Өздерің өлең құр», «Өлеңді жалғастырып келіңдер» деп айту оңай болғанмен, өлең жазуға үйрету оңай жұмыс емес. Ол үшін оқушыларды жетелейтндей, қызықтыратындай шығарым -тапсырмалар берген жөн. [26.1-44].
Мұғалімнің шығармашылығы:
- Стратегиялық- ұзақ уақытта міндеттер шешіледі.
- Практикалық-тәрбиелік еңбекке баулу белсенділігін арттыру
әлеуметтік пікірін қалыптастыру дербестікке тәрбиелеу. - Оперативтік-дереу шешу тәсілін табу оқушымен бірге қызмет ету.
Мотив» тілек предметі басқаша айтқанда оқушының білімі оның танымдық қажетіне айналуы. Мотив-латын сөзі қозғаушы итермелеуші оятушы күш деген ұғым.
Таным мен мотивация сабақтас. Ой-жаңбыр болса бұлтты айдайтын жел-мотивация. Шығармашылық-баланың танымдық қабілеттеріне мотивациялық тұрғыда басшылық жасау нәтижесінде туатын құбылыс.
Этика-құлық. Эвристика-тапқырлық.
Эвристика грек сөзі эврика-табамын ашамын. Мұғалім шебер қойылған сұрақтар арқылы оқушыны жетелеп танымдық белсенділігін көтермелейді іздендіреді дәлелдейді қорытындылайды тұжырымдайды, Эвристикалық әдіс ішінара-іздестіру әдісі.
Проблемалық әдіс грекше problema — міндет тапсырма. Проблемалық оқыту белгілі бір міндеттерді шешуге жол ашу.
Проблемалық ситуация — шешілуі қиын жолды іздестіру. Жеңіл шешілетін міндет немесе мүлдем шешілмейтін мәселе болса проблемалық ситуация тумайды.
Сабақ-оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Мұғалім сабақта дара топтық ұжымдық жұмыстың түрлерін ұйымдастырады. Тексеру:
- Күнделікті:
- ауызша сұрау.
- жазбаша.
- графикалық жұмыс.
- практикалық жұмыс.
- Мерзімді:
- ауызша сынақ алу
- жазбаша бақылау
- тестік бақылау
- Қорытынды:
— тоқсандық
— жартыжылдық.
— жылдық.
— емтихандар.
Тапсырма- міндеттелген іс, жұмыс.
Жаттығу- ережелерді тәжірибеде орындау
Тапсырмалардың ауқымы кең. Сөзжұмбақ, суретпен әңгіме, мәтінмен жұмыс, тесттік тапсырмалар сияқты түрлері көп. Ал жаттығу болса, грамматикалық ережелерді бекітеді.
Шығармашылық деңгей:
- Мотивациялық компонент.
Өлшем дегеніміз — шығармашылық қабілеттердің деңгейін анықтауға арналған белгілер мен көрсеткіштер. Мотивациялық компонентке құмарлық, жаңалыққа қызығушылық, дербестік, жақсы баға алуға талпынып жатады.
Құмарлық — жаңалықты білуге, терең ұғынуға талпынады, үнемі сұрақ қояды. Жаңалыққа қызығу-баланың ақыл-ойы, ішкі күштері оған ерекше қуат беріп, алға ұмтылдырады.
Дербестік — балаларды өзіне үлестіреді, тапсырылған істе бірден бастамалық көрсетеді, тез шешім табады. Жақсы баға алуға талпыныс – жақсы баға күшіне күш, жігеріне жігер қосады. Әрі қарай оқуға деген негізгі мотив қалыптасады.
- Интеллектуалды-логикалық компонент.
Бұл компонентке талдау, жинақтау, абстракциялау, салыстыру, дәлелдеу, пайымдау, түсіндіру сияқты қасиеттер жатады.
Талдау — тұтас затты, түсінікті, мазмұнды бөліктерге бөлу, ал жинақтау оған керісінше процесс.
Абстракциялау-ақылдылықтың белгісі. «Маңызды» мәселені «мәні төмендеу» мәселеден ажырата білуде байқалады. Ойлау- шығармашылық ойлаудың басты проблемалық жағдайдан басталады. Мәселені өз бетінше шешеді,ойы сергек, өзінше ойлауы бар.
Салыстыру — объектілердің ұқсастығын, айырмашылықтарын ажырата білу елеулі белгілерін анықтау.
Дәлелдеу-бұл күрделі интелектуалдықты талап етеді. Белгілері: өз ойын жеткізе білу, мәселені баяндауда негізгіні көмекшіден ажырата білу проблеманы шешудің жолдарын ашу.
- Эмоционалды- сезімдік компонент.
Бұл компонентке шығармашылық қабілеттерді дамытуда басты орын алатын қиялдау, шабыт, интуиция сезім, белсенділік сияқты қасиеттер жатады.
Қиялдау — болжау, елестету. Жаңа образдар мен шешімдер жасау үшін шығармашылық қиял керек.
Шабыт — адамның күш-жігері шоғырланған әрекет. Жаңа ойлар, жаңа идеялар тасқынымен, саналықпен, өнімді ойлаумен сипатталады.
Оны даму ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық әсіресе
интеллектуалдық тұрғыда баланы жаңа психикалық сапаға Интуиция-
шешімнің жолдары мен шарттарын жете меңгерместен-ақ істе нәтижеге
жету.
Сезімдер — алдына қойған мақсатқа жетудегі мінез-қүлық көрінісі. Сезімсіз ізденушілік болмайды. Жоғарғы сезімдер істі нәтижелі аяқтауға көмектеседі. Интеллектілік сезімділік аңғарылады.
Белсенділік — қойылған проблеманы өз бетінше бастап нәтижелі аяқтау.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін талдау алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері, дей келе олар қоғамдық тарихи іс -әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап көрсетеді.
«Қабілеттер-білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері» — дейді А.В.Петровский. «Қабілет- іс-әрекеттің белгілі бір түрі ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті» — деп жазады Т.Тәжібаев.
Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейі болатындығын дәлелдейді.
Репродуктивті (өнімсіз)- іс-әрекетті; не білімді берілген үлгі бойынша қабылдау, меңгере алу деңгейі.
Шығармашылық жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Ал шығармашылық сөзінін мәні неде? Шығармашылық сөзінің термині шығару іздену ойлап табу жетістікке қол жеткізу деген сөз. Ал шығармашылық мәселесін терең зерттеген Я.Н.Пономарев көтереді.
Шығармашылық қабілет деген не? ІІІығармашылық әрекет өте күрделі процесс және ол адамға ғана тән. Шығармашылық — адам іс-әрекетінің түрі.
Бастауыш класс оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекеттерде дамиды.
Біріншіден — кез-келген бала адамзат баласынын, осы кезге дейінгі жинақтаған тәжірибесін меңгеруге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды, білім білік дағдыны қабылдайды. Екіншіден — кез-келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы ол баланың өзін-өзі қалыптасуын, өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдер іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.
Екі әрекетте оқушылар екі түрлі мүдделер көзделген әр түрлі мақсатты шешеді. Оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекет нақты жағдай шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады.
Бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Ол үшін мына төмендегі шарртар орындалуы тиіс.
Бірінші – баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін ерте бастап қолға алу. Мысалы біз тіл үйрету үшін баланың туған сәтінен бастап сөйлесе бастаймыз ғой.
Екінші — баланың жүйелі, тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық әрекеттер, жағдайына болуы. Ерекше ойды талап ететін әлеуметік қарым-қатынастар шығармашылық қабілеттер дамытуға тиімді әсер етеді деп ойлаймыз.
Үшінші — шығармашылық жұмыстар баланың ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жетуі керек. Күн асқан сайын ол деңгей биіктей беретіндей болуы қажет. Осьшдай тынымсыз ой қызметі ғана бала дамуында үлкен нәтиже береді.
Төртінші — және ең негізгі шарт — бала әрекеттің әр түрімен айналусыға, тыңдауына деген еркіндігінің болуы. Баланың жұмыспен айналусыға деген қызығушылығы, қанша уақыт айналысамын десе өз еркі болуы керек. Мұндай қызығушылығы, қажеттілік, табысқа жетудің бірден-бір кепілі болып табылады. Бірақ балаға берілетін еркіндік үлкеннің қамқорлығын, көмегін талап етеді. Міне, бұдан шығармашылық қабілеттер дамытудың бесінші шарты шығады. Еркіндік — ойға не келсе соны істеуге, ал қамқорлық көмек бала үшін жұмыс істеуге айналмауы керек. [20; 5]
- ОҚУШЫЛАРДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАР.
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл адамдар қажет.
Сондықтан сабақтарда тек білімдік мақсаттарды шешіп қана қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін дамытудың жолын қарастырған жөн. Ол үшін сабақтарда түрлі қызықты ойындар, ойын-тапсырмалар, логикалық тапсырмалар пайдаланудың мәні зор.
Бастауыш сынып оқушыларының ой шапшаңдығын дамытып, тілін дамытып, шығармашылығын арттыратыы жұмыстардың бірі — өлең құрастыру.
Ең алғаш «ұйқас» деген сөздің мағынасын түсіндіріп, оқыған өлеңдегі ұйқастарды тауып, қалай жазылып тұрғанын талдаудың мәні зор. Содан кейін өлең құрастыруға жаттығу есебінде мына төмендегідей жұмыс жүргізуге болады:
Жұмыстың немесе ойынның аты «Лимерик». Бұл ойынды Эдвард Лир деген ағылшын ойлап тапқан.
Ойынның шарты: белгілі бір құрылымға бағынатын мазақтама, күлдіргі өлең шығару. Ол құрылым бойынша өлең бес тармақтан тұруы шарт. Сонымен әр тармақта сілтеме беріледі.
Айталық, бірінші тармақ — кейіпкер, екінші тармақ — кейіпкерге мінездеме, үшінші, төртінші тармақ – қимыл — әрекет, оқиға, бесінші тармақ — оқиғаға авторлық көз қарасы, кейіпкердің іс- әрекетіне бағасы. Мысалы:
Болыпты бір пенде кейіпкер
Өзі аңғал әпенде мінездеме
Түбі тесік шелекпен оқиға
Су тасыпты ұзақ күн
Әй, жарымес әпенде автордың көзқарасы.
Оқушылар жұмыстарынан:
- Болыпты бір тышқан
- Өзі қорқақ адамнан
Әрең шығып інінен
Айтып берер бір әуен
Әнші тышқан болдың сен.
- Болыпты бір балапан
Өзі сондай ашушаң
Қанатын қағып ойнайды
Аяғы оның талмайды
Балапан — ай, балапан.
Бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамытатын жұмыстың бір түрі — ертегі, әңгіме құрастыру. Алғашқыда сурет бойынша әңгіме құрудан басталған бұл жұмыс бірте-бірте күрделене түседі. Бұдан соңғы кездерде оқыған ертегінің мазмұнына сәйкес әңгіме құрастыру сияқты болып жалғаса береді. Тек бұл жұмыс тұрақты түрде жүргізіліп тұруы керек.
Ауызша суреттеу.
Алғашқы кезде қиындау тиеді, өйткені, ол ауызша айтуға әлі дағдылана қоймаған. Үйде ол оқығанын не өзіне, не ата-анасына айтпайды. Тек оқыл шығумен шектеледі. Бұдан баланың ез ойын айтуы, оны әртүрлі сөздермеы жеткізіп, ұйқасын келтіреді.
Диафильм құрастыру.
Диафильм — суретті шығарма. Суреттер тірек ретінде пайдаланылады.
Енді оқушылар жоғарыда сөз етліген ауызша суреттеуді қағазға бейнелейді.
Ол арқылы оқыған шығармаға деген өз көзқарасын, сезімін білдіреді.
Диафильм құрастыру оқушылар алдына төмендегідей мақсаттар қоюдан басталады:
- тақырыпты қызықты эпизодтарға бөл.
- Диафильм кадрларының ретін көзіңе елістет
- Оларды альбом бетіне сал.
- Кадрлардағы сюжеттер бойынша әңгімелеп бер.
- Егер қиындық туғызса, әр кадрға қысқа текст құрастыр.
- Кадрлар бойынша әңгімеле. Әңгіме толық мазмұнды болсын.
Кадрлар бойынша әңгімелету баланың байқағыштығын, ойын, тілін дамытады. Негізгіні анықтай білу, лигоканы есте қатаң сақтау, өз ойын жүйелеп айта білуге үйретеді.
Драмалау
Драмалау — баланың қабілеттерін дамытудың негізгі кілттерінің бірі.
Балалар шығарманың кейіпкерлеріндей өздерін сезіну арқылы тәжірибе
жинақтайды, мінез-құлығын қалыптастырады. Оқушыларды шығармашылық жұмыстың мұндай түріне тарту арқылы олардың қоршаған дүниеге деген көзқарасын қалыптастыруға, сезімдерін, қабілеттерін дамытуға болады. Драмалау балалардың ойын, тілін дамытады.
Сөз өнері — өнердің биік шыңы. Ұлы ұстаз А.Байтұрсыновтың пікірі бойынша «Сөз өнері — адам санасының үш негізіне: ақылға, қиялға, көңілге сүйенеді» деген. Ендеше, сөз өнерін меңгерту үшін осы үш істі бірлікте қарастыруымыз керек.
- Балаларға қысқаша ертегі, әңгіме оқып, қызық жеріне
келгенде үзіп, /»Контексті үзу» тәсілі/ өз ойынша аяқтауды
оқушыға тапсыру. - Сөздік ойындар.
- Ұйқас ұсыну арқылы өлең шығару.
- Берілген мәтіндегі бір бөлікті өзі ойдан шығару /басы,
аяғы, соңы/. - Берілген тірек сөздер арқылы қызықты мәтін құрастыру
т.с.с. - Тірек-сызбалар, символикалық белгілер, суреттер арқылы ертегі құрастыру.
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамытуды жетілдіру бағытында жүргізілетін жұмысты 3 топқа бөліп, соған сәйкес мынадай жаттығулар қарастырылады.
жаттығулар |
танымдық |
|
шығармашылық |
Ізденушілік қабілетті дамытуға арналған жаттығудың бір түрлі — мәтінді редакциялау. Мысалы, екі түрлі тақырыпта жазылған өлең жолдары ауыстырылып беріледі де, оқушы осы екі өлеңді дұрыстап, ұйқастырып, екі бөлек жазуы керек немесе нөмірлеп шығады.
- Күшігім менің саққұлақ
- Жалқау бала құрысып
- Келеді, әне, шапқылап
- Өз-өзіне тырысып
- Сақтығынды көрейін
- Түске дейін жатады
- Койшы атаға берейін
- Шешесімен ұрысып
Оқушы осы сияқты тыпсырмаларды орындау арқылы өлең мағынасын толық түсінуге, шығарманың негізгі идеясын анықтауға, ұйқас сөздерді табуға үйренеді.
Мәтін қатесін түзетуге арналған тапсырманың бір түрі мынадай: оқушы өлеңге керекті сөздерді тауып, орнына қою керек.
Көкте көкбақалар парады
Бізге үмітпен қарады
Құмалақты
Бір құстар
Домалатып барады
Оқушы сөздердің орнын тауып, қою керек.
«Ұйқас табу»‘ тапсырмасының бір үлгісі мынадай:
«Менің мысығым» өлеңіне /1 сынып/ сөздің орнына берілген сурет бойынша ұйқас сөз іздейді.
Бар менің /мысықтың суреті/
Көрсен оның пысығын
Қақпақылдап ойнайды
Ол әжемнің /ұршықтық суреті/
Ұйқас сөздер: мысығым, пысығын, ұршығын.
Шығармашылық қабілетін дамытуға арналған жаттығудың бірі -ұйқас табу арқылы өлең құрастыру. Мысалы, «Қзрмырадағы балақан» жапон ертегісіне /4 сынып/ өлең шығарудың мынадай үлгісін пайдаландым:
«Қаңғыбас Таро»
Екі көзі…
Көше кезіп са…тап
Қорлық көрген Таромыз
Енді жалқау бол…ды
Жалқау болса оңб…ды
Үн үйлесімі, әуез бен ырғақ баланың жан дүниесіне, танымына жақсы
әсер етеді. Үнтаспадан тыңдау арқылы есте сақтау ауызша айтқанға
қарағанда нәтижелі екенін байқадым. Мысалы, баланың өзіне таныс ән
әуеніне салып, ережені әнге қосып айту әрі қызық, әрі ұғымды, есте сақтау
оңайырақ.
Ең бастысы, оқушыға берілген кез келген тапсырма баланың тікелей сезімі, эмоциясы арқылы қабылданатындай, қызығушылық тудыратын болуы қажет.
Ал, өз ойынан ертегі құрастырып үйрету тапсырмасында В.Я.Пропптың символикалық тіреу сызбаларының төмендегідей түрі пайдаланылады.
Ертегі құрастыру |
Басты кейіпкер |
Басты кейіпкердің басқа кездесуі кейіпкермен |
Қандай проблемалық мәселені шешуге болады? |
Мәселені шешудегі басты кейіпкердің іс- әрекеті |
Соңғы шешуші сәт |
Қол жеткен жеңіс |
Символикалық белгілер бойынша ұтымдар, сөздер әртүрлі символдар, схемалар, суреттер арқылы беріледі. Тірек-сызбаны пайдаланьш, ауызша сабақ айту оқушылардың ынта-ықыласын арттырады. Осы сияқты сызбалар оқушының мәтін мазмұнын жүйелеп, рет-ретімен айтуына көмектеседі. Кейде символикалық белгілерді оқушының өздері ойлап тауып, бір-біріне жасыруға болады. Ең бастысы — бұл жұмыс жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.
Ал, сөздік ойындар әдісін пайдаланғанда, жылдамдықты қажет ететін тапсырмалар беріледі. Мысалы, /құмсағатты пайдаланамын/ 1 минут ішінде: «е» дыбысы екі рет кездесетін сөздерді ойлап жазады. Кім көп сез жазады, сол жеңімпаз болады.
Міне, осыған ұқсас тапсырмаларды орындау ойын түрінде берілсе, әрі қызықты, әрі жылдам, әрі ойлау процесімен қатар жүреді.
Менің ойымша, кез келген мұғалім заман талабына сай білім беру сапасын көтеру үшін жаңа оқыту тәсілдерін саралай отырып, өз шығармашылығын жетлідіріп, үнемі ізденіс үстінде болады.
4 сыныптарда санмалық, макал-мәтелдер сияқты жанрларды өткенде оқушыларға өз жандарынан ауыз әдебиетінің осы түрлерін шығаруға, не еске түсіріп дұрыс қолдануға үйрету керек. Бұл жұмысты төмендегідей етіп ұйымдастыруға болады.
Санамақ, мақал — мәтел |
Оқиғаға байланысты мақал-мәтел айт, өзің оилап шығар |
Керісінше, мақал- мәтелге сай келетін оқиға ойластыр |
Сурет бойынша бірнеше мақал айт |
Берілген мақалдың мазмұнына сай келетін иллюстрациялар тауып әкел |
Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың қай пәнде болсын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту, олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойын, ынтасын арта түседі.
Тіл дамытуға арналған тапсырмалар:
- Кез келген газеттен дауысты дыбысы бар 10 сөзді теріп ал, тап, Оларды қарандашпеи дөңгелектеп сызып қой, орнын анықта /басында, ортасында, соңында/
- Открыткаға қарап отырып, қызықты қысқа әңгіме құра /немесе суреттің мазмұнына сәйкес өлең, ән, мақал-мәтел тап/
- Ең жақсы көретін гүл, не ағаш, не жыл мезгілді бейнеленген сурет тап. Оларға сәйкес өлең, тақпақ, мақал-мәтел ойластыр.
- «Мектепке келер жолда» деген тақырыпта әңгіме айт. Мақсат: онда өмірдегі әдемілікті көруге. жазуға тырыс
- «Алтын күз» тақырыбына диафильм жаса. Ол үшін дәптердің бетін алдымен екіге, сосын тағы да екіге бүкте. Сонда төрт квадрат шығады. Оларға нөмерлер қой. Әр квадратта күздің өзіңе ұнаған: бейнелерін сал. Оларды әңгімелеп беруге әзірлеп.
2.2. Оқушыларды шығармашылыққа баулуға арналған сабак турлері.
1- әдістеме
Сабақтың тақырыбы: Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер.
Сабақтың мақсаты:
- 1. Білімділік: Оқушыларды халық ауыз әдебиеті шығармасының түрлері жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдермен таныстыру.
- Дамытушылық: Халық шығармасының бұл түрлері бір-бірінен ажырату, мәнін терең ұғынып, мағынасын аша білуін және оқушылардың ойлау қабілетін, тілін дамыту.
- 3. Тәрбиелік: Оқушылардың халық ауыз әдебиеті шығармасы арқылы ұлттық сезімін оятып, кішіпейілділікке, ізеттілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Проблемалық және ойын әдісі.
Сабақтың түрі: Тренинг сабақ.
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, дүниетану, қазақ тілі.
Көрнекіліктер: Үлестірмелі қима қағаздар.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
а. Сәлемдесу
ә. Топтарға бөлу
- Жаңасабақ
Мұғалім: Бүгінгі сабағымыз тренинг түрінде өтеді. Тренинг сабақтың мақсаты — сендерді ұйымшылдыққа, топтасып жұмыс істеуге, ойларыңды ашық айтуға дағдыландыру. Сабақты бастамай сөздерді оқи отырып топтарға бөлейік. Қоржын, Асық, Сандық, Шаңырақ, Қобыз.
Осылайша сыныпты екі топқа бөле отырып, ережесімен таныстыру:
- Тыныштық сақтау
- Бірін-бірі тыңдау
- Қол соғу
Әрбір дұрыс жауап 3 ұпаймен бағаланады.
Ә/ Енді эр топ өздерінің:
Топ басшысының
Уақыт есептеушісің
Жазып отырушысын
Көпшілікке таныстырушысын сайлау керек.
Мұғалім: Әрбір топтың топ басшысын, топ мүшелерін сабақ бойына бақылап, соңында еңбегіне қарай бағалайсыңдар.
Мұғалім:
I бөлім — кіріспе бөлім. «Білгенге — маржан, білмегенге — арзан»
- Әр топқа тапсырмалар таратамын. Ойнануға екі минут беріледі.
Тапсырмалар:
№ 1. Жаңылтпашты қалай түсінесің?
№ 2. Жұмбақты қалай түсінесің?
№ 3. Нақыл сөзді қалай түсінесің?
№ 4. Мақал деген не?
№ 5. Мәтелді қалай түсінесің?
№ 6. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы бар ма?
- Оқулықпен жұмыс
II бөлім. Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпашты оқу
«Халық айтса, қалт айтпайды» атты бөлімде топ басшылары келіп тапсырма
алады. Орындауға 2 минут, түсіндіруге 2 минут
Мақал-мәтелдердің мағынасын ашып түсіндіру керек.
- Жаман аттан аяғым артық, жаман жолдастан таяғым артық
- Әркімнің өз жері — жұмақ
- көзсіз күнелтсең де, көпсіз күнелте алмайсың
- Білімсіз адамның сөзі білектей, білімді адамның сөзі жібектей
- Қолы қимылдаған адамға кедейлік жоқ, аяғы қимылдаған адамға алыстық жоқ
- Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер
Әр топқа беремін тақырыпты, сендер тақырыпқа сай 3 мақал-мәтел айтуларың керек. Ойлануға 1 минут.
1-топ. Туған жер — Отан туралы. Өнер-білім туралы.
2-топ- Ынтымақ — бірлік туралы
Үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие туралы.
ІІІ-бөлім. «Ойлан тап»
А. Бұл бөлімнің ережесі бойынша екі топқа жеке-жеке жұмбақ жасырамын. Шешуін екі тілде қазақша, орысша айту керек.
- Бір үйге көзсіз боп басыңды сұғасың, бұл үйден көрген болып
шығасың /мектеп/ - Тындырып адам жұмысын, тазартып үйдің жуды ішін. Кейде дауыл
соғады, кейде ішіне сорады /шаңсорғыш/ - Ымырт түссе шығамын, таң атқанда батамын. Көк теңізде
шашылып, көзімді ілмей жатамын /жұлдыздар/ - Ішегіне мұз қатқан, өзін-өзі мұздатқан /тоңазытқыш/
Ә. Сөз жазылған парақшалар таратамын /қайың, кітап, қоян, домбыра/
Әр топ /екі-екіден/ өзіне тиісті сөзге жұмбақ құрастырады.
Ойлануға 2 минут. Құрастырған жұмбақтарын басқа топқа жасырып, шешкен топқа ұпай қосылады.
ІV-бөлім. «Кім жаңылыспайды?»
Ортаға топ басшыларын шақырып, жаңылтпаштар оқимын. Бірден жаңылыспай айту керек:
- Тарғыл итім талға оралды,
Талға тағы барып оралды
- Тау дәу болады,
Дәу тау болады
- Аңқау жалқауды жалқаусың депті
Жалқау аңқауды аңқаусың депті
- Шүрегей сүңгігіш пе,
Сүңгір сүңгігіш пе?
- Дәптермен жұмыс
- Кодоскоггаен жұмыс
- Сабақты бекіту, қорьпу
— Трениг сабақ ұнай ма?
— Сабақтың басында қойған мақсатымызға жеттік пе?
- 6. Бағалау
- Үйге тапсырма:
Өнер-білім туралы мақал-мәтел жаттау .
Мұғалім ешуақытта балаларға дайын тұжырым, дайын қорытынды ұсынбауы тиіс. Әсіресе балалардың ана тілі сабағыңда өз бойынша ойланып, әр түрлі фактілерді, адамгершілік қасиеттерді кейіпкерлердің іс-әрекетін, мінез-құлқын салыстырып білуге, қоғамның моральдық принциптеріне сүйене отырып, өмірдегі қарам-қайшылықтарды адамгершілік тұрғыдан бағалай білуге үйренуі керек. Бұл өте маңызды. Егер балалар өз бетінше қорытынды жасауға қиналып жатса, онда мұғалім адамгершілік ережені қорытып шығаруға көмектесетін иллюстрациялар тірек-сызбалар, көрнекіліктер ұсынады.
2-әдістеме
Сабақтың тақырыбы: Б.Бұлқышев, «Ана»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Шығарманың тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын
жүргізу, мазмұнын меңгерту.
Дамьпушылық: Оқушылардың көркем сөзді, көркем ойды өз сөздік қорларына қолдана алу, соның нәтижесінде ауызша сөйлеу дағдыларын, тілдерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Бала бойына ананы сыйлау, құрметтеу, өнеге тұту сияқты ізгі қасиеттерді сіңіру.
Сабақтың көрнекілігі: Б. Бұлқышев портреті, «Ана» кім тізбегін құру бойынша жасалған сызба
Сабақтың түрі: Шығармашылық ізденіс сабағы
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру бөлімі
- Өткен материалдармен жұмыс. Ө. Бөкей «Апамның астауы»
- Жаңа материал
- 1. Кіріспе әңгіме
Үйге берілген тапсырмалар бойынша әрбірінің өз аналарың жайлы жылы лебіз, жақсы-жақсы ой толғап келіпсіңдер. Бүгінгі сабағымызда ана тақырыбын ары қарай жалғастырамыз. Ол — Баубек Бұлқышевтың «Ана» деп аталатын шығармасы.
- Автордың қысқаша өмірі
- Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
— Ал, қазір «Ана» шығармасының мазмұнымен танысайық
- Мәтінге сұрақтар қою
- Мәтіннің негізгі идеясы не?
- Теңізге нені теңейді?
1916 жылы Қарағанды Жезді |
«Есімізде қанды жорыұқтар» «Заман бізідікі |
Автор портреті |
Өте білімді, сауатты «Балалық шақ» |
Шығармалары орыс, қызық тілдерінде |
Ұлы Отан соғысына қатысқан Аға леитенант |
1944 жыл Украина |
- Адамның есінен не нәрсе ешқашан кетпейді? —
- Ананы қай кезден бастап іздейсін?
- Мәтінді тізбектей оқыту
- Мәтінге таңдау жұмыстарын жүргізу:
- Мәтінде қандай теңеу бар?
- Неге теңізге теңейді?
— Осы жолдағы ананың тілі, ананың махаббаты деген тіркестерге қалай
түсінесің? /Сызбасы құрылады/
Ананың тілі |
Мейірге толы сөзі |
Жылы сөз |
[ : ;
Еркелете сөйлеуі |
Ананың махаббаты |
Баласын жақсы көру |
Балаға жүрек жылуы |
Ерекше махаббаты |
Бұл жауаптарға төмендегідей кесте құру
Қамқоршы |
Ақылшы |
¥стаз |
Ақылшы
Пос |
Мейірімді жан |
Пана |
Мейіоімді жан
Жарық өмір сыйлаушы |
Аяулы жан |
ІІІ. Сөздікпен жұмыс:
Уанбай — жұбанбай, жылай беру, еш нәрсеге көнбеу
Құндақта — жөргек, нәрестелік шақ
- Дәптермен жұмыс:
А/ сызбаларды жазу
Ә/ «Ана кім?» тізбегін тагы қалай толықтыруға болады? /Өзіндік жұмыс/
- V. Үнтаспадан ән тыңдау: «Ару ана» әні
- VI. Қорытынды : М. Сөзі
— Қазір орындарыңнан тұру сұралады. Ана — ұлы, ана- қымбат, ана-құдіретті жан. Олай болса, ананың құдіретіне бас иейік!
- Үйге тапсырма: Осы мәтінді оқып кел. «Ана» жайлы материалдар
жинақтап келу. - Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысына қарай бағалау.
3-әдістеме
Сабақтың тақырыбы: Қарабатыр /Ы.Алтынсарин/ .
Сабақтың мақсаты: Ертегіні оқыту, ертегі мазмұнын түсіндіру
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға ертегідегі негізгі ойды, идеяны ұғыңдыру.
Ертегі мазмұнын өз сезімен баяндай білуге төселдіру. Дамытушылық: Балалардың шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін дамыту. Есте сақтауың, қабылдауын қайта жаңғырту қабілетін жамыту.
Тәрбиелік: Елін сүюге, қоршаған ортаға, құстарға қамқорлық сезімін ояту, өз оқу әрекетін саналы ұйымдастыра білуге үйрету.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: мұғалім сөз әдісі, сұрақ-жауап әдісі, ой қозғау
Сабақтың көрнекілігі: Ы. Алтынсарин суреті, шығармалар жинағы, оқулық
Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру.
- М.Әуезов. Бүлдірген тере барғанда
- Мәтінді бөлім бойынша әңгімелеу
Сұрақ- жауап әдісі арқылы үй тапсырмасын бекіту.
Жаңа сабақ.
І Ой қозғау стратегиясы
- Ертегі дегеніміз не?
- Ертегі түрлерін ата?
- Жаңа сабақты хабарлау.
- Ы. Алтынсарин өмірі. /қысқаша мәлімет/
- Мәтінмен жұмыс.
а/ Мұғалімнің мәтінді оқуы.
ә/ Сұрақтар қою
- Сөздік жұмыс
- Ертегіні мазмұндау
- Ертегідегі құстарды атау:қарға сауысқан тырна қаз ақку қарлығаш
- Тауып оқу.
а/ Баласын сағынған анасының әкесінің қарындасының зарын тауып оқу - Тізбектей оқу.
а/ Ертегіні дүрыс әрі мәнерлеп тізбектеп оқу.
- Сурет дәптермен жүмыс.
А/ Осы ертегінің мазмунына сурет салу.
ә/ Осы суреттерді пайдаланып «диафильм» жасау.
- Толғаныс стратегиясы.
А/ Ертегінің мазмұны арқылы не сезіндің?
- «Бетпе-бет» хабары арқылы ертегі көрсету.
Қорытынды.
Сөзжұмбақ шешу.
- Ы. Алтынсарин ертегісінің кейіпкері
- «Абай жолы» авторы.
- «Ормандағы оқиға» әңгімесінің авторы
- Абайдың ағасы.
- М.Мағауин әңгімесі
- М.Д. Зверев әңгімесі.
Үйге тапсырма
Ертегіні оқу мазмұндау
Бағалау.
Анатілі
Сабақтың тақырыбы: Киіктің айласы
Сабақтың мақсаты: Әңгіме мазмұнын түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
- Жабайы аңдар, олардың өмірімен таныстыру, пайдасы, зияны туралы айту.
- Ойлау қабілеттерін жетілдіру, шығармашылыққа баулу.
- Оқушыларды табиғатты қорғауға үйрету.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: ой қозғау, негізгі ойды еуреттеу, салыстыру.
Сабақтың барысы: Алғашқы ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Негізгі бөлім.
Ой қозғау Киік туралы не білеміз?
Мүйізінен дәрі Мейірімді Әдемі
Киік
Сүйкімді Жүйрік Еті пайдалы
Киіктің суретін көрсетіп, барлық дене мүшесіне зейін қоя суреттеп шығамын.
- Әңгімені түсініп оқу. Сұрақ қою арқылы әңгіменің мазмұнын ашу
- Әңгімеде киіктің айласын қай жерден көруге болады?
- Мәтінде берілген қиын сөздердің мағынасын аш?
Сәске кезінде – түс мезгілі
Шоқақтай-ақсаңдап
Таяқ сілтем-жақын жер
Орғып-секіріп
Діңкесі құрыған-шаршаған
Осы сөздерді пайдаланып сөйлем құрату
Мәтін бойьшша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар:
— Тірең сөздер арқылы киік туралы әңгіме құрау. (Қызыл кітап, қой мен ешкі малына ұқсас, көзі мөлдіреп тұрады, қорегі шөп, еті дәмді)
5 жолды өлең
1.Не? Киік
- Қандай? Әдемі, сұлу.
- 3. Не істеді? Жайылып жүрді
- Сөйлем құрау. Киік әдемі аң.
- Мағыналас сөз. Ақбөкен.
Ойын. «Жануарлар баласын тап».
Аю күшік
Қасқыр шенжік
Түлкі қонжық
Киік құралай
Жолбарыс бөлтірік
Қорытынды бөлім
- Мәтінде не туралы айтылған?
- Киік балаларын қасқырдан құтқару үшін қандай айла жасады?
- Киіктің бір текесі он шақты қасқырды қалайша алдап кетті?
- Киіктің лағын қалай атайды?
Үйге тапсырма
3 ТАРАУ БАЛАНЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ ДЕП
АНАТІЛІНІҢ МАҢЫЗЫ
3.1. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудағы факторлар
Ұзақ жылдар бойы идеологиялық институтқа айналып кеткен мектеп қайтадан мәдениет ошағына айналып келеді. Қай халық үшін де ұлы мұрат — ана тілі мен төл мәдениетін сақтау және болашаққа аманаттау міндеті — ең алдымен білім беру саласымен байланысты.
Қазақстандағы эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы мен дамуын халықтың сан ғасырлық тарихымен, тұрмыс-тіршілігімен және мәдениетімен тығыз байланысты. Адамдардың сырт тұрпатында, қарым-қатынастарында, киім-кешегімен үй-жайларында, өндірілген заттарында, тілі мен өнер туындыларында — осының бәрі эстетикалық мәдениеттің, эстетикалық талғам мен ұғымдардың ерекшеліктері мен принциптері көрінетіні даусыз.
Педагогика ғылымымен халық мұрасы зөрттеуге, ұлттық өзіндік ерекшеліктерді сақтауға, ұмыт бола бастаған дәстүрлерді, тарихи әділдікті, мәдеииетін, тілі мен дінді қалпына келтіріп, олардағы педагогикалық жағынан барлық проглесшіл нәрсені анықтауға және осының негізінде ғылыми негізделген ұсыныстарды талдап, енгізуге тиіс.
Республиканың егемендігі, ұлттық сана — сезімнің өсуі, мәдени және рухани дәстүрлердің, тіл мен діннің қайта өркендеуі жағдайында эстетикалық тәрбиедегі ғылыми негізделген ұсыныстарды талдап жасауға қажеттілік қана өсіп қоймай сонымен бірге оларды іске асыру мүмкіндіктері де анағұрлым ұлғайды.
Тіл мәселесіне келгенде халқымыз ұзақ жылдар бойы тұншығып келгені аян: ұлттық ұятты тұсы елдіктің намысы екенін сезінсе де, қолдан келер қайраны жок, іште бұлқысып келеді. Сондықтан да тіл туралы заңды өлгені тіріліп, өшкені жанғандай айқайлап қуана қарсы алады. Көңілде көз, көкірегінде оты бар азаматтың бәрі де ана тілі теңдігі, ана тілдің мәртебесі үшін ат салысады.
Қасиетті ана тіліміздің маңдайын жарқыратып, бағын ашуға аттанған жолы алмағайып ауыр, жүгі алтыннан асыл ұлы кештің жанкешті сапарының басталғанына да біраз жылдан асты.
Осы уақыт ішінде бұл кептің еткен жолы, басқан белі, асқан асуы аз емес екен. Алдағы бір басты парыз ана тілінде ойлап, ойындағысын ана тілінде іске асыра алатын ұрпақ тәрбиелеу бізге парыз. Бұл жөнінде аз айтылып жүрген жоқ, бірақ нәтижесі көбінесе — көп белгілі нақыл сөзді еске түсіреді: диірменнің тас айналуында, ашуы да аз емес, бірақ тартылған бидай, алынған үн жоқтың қасы.
Тіл — дүниеде адамзатқа тән баға жетпес қасиет. Онсыз адам хайуанатпен тең. Ана тілі — әр адамның өз ұлтының жан-дүниесімен мәдениетінен, ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.
Ұлттың тілі — әр халықтың өзіндік ой — санасы мен парасын, бүкіл болмыс — тіршілігі мен сезім түйсігін ұрпақтан — ұрпаққа жеткізетін күре тамыр. Онсыз халық — аты бар да заты жоқ тобыр.
Тіл — сөйлеу, ойлау қарым- қатынас құралы ғана емес, ол саясат пен идеология тетігі.
Көп елдің аңыз әпсанасы мен даму заңдылықтарын жан -жақты зерттеуге бағытталған мемлекеттік іс — шаралар кешені.
Балалардың білімге деген құштарлығын ояту мен оны нығайтып отыру үшін сабақтың қиындық дәрежесі мен оның жүргізілу қарқыны да өте маңызды. Сабақтағы барлық басқалай тәрбие жұмыстар оқу материалдарының мазмұнын, оқыту мен сабақты ұйымдастыру әдістеріне негізделеді. Мәселен, сабақты ұйымдастыру мәселелері, оқушыларды тәртіптілікке тәрбиелеу педагогтың алдында тұрған аса маңызды міндеті болып табылады. Бірақ оның өзі де басты міндетке оқушылардың оқуға деген ынтасын қалыптастыру міндетіне бағындырылған.
Мұғалім балалардың бойында оқу материалының мазмұнына деген ынта-ықыласты оята алса оларды жаңа білімдерді игеруге құлпындыра алса, сабақ үстіне тәртіп сақтаудың қосымша шараларын қолданудың қажеті болмай қалады.
Ана тілі сабағында балалардың адамгершілікке оқыту мен үйрету әр түрде болып келеді.
Бұл кестеде көріп отырғанымыздай оқытудың әдіс-тәсілдері берілген. Әдістердің қызметі, олардық тарамдарға бөліну кезегі. Міне, осы тұрғыдан мұғалім кестедегі оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін таңдап алуына болады яғни білім көзін ашумен қатар тәрбие қырларын қатар жүргізуге мол мүмкіндік береді.
Мұғалім ана тілі сабағында бір жазушының шығармасын, әңгімесін өту барысында оқушыларға достық туралы айтатын болсақ, сол төңірегінде әңгіме өрбітеді. Балалар қалай дос болады, бір-біріне қалай көмектеседі, не үшін урысады, қалайша табысатынын мұқият жеткізуге тырысады.
Мұғалім ана тілі сабағы үстінде балалардың белгілі бір факторлар төңірегінде ой толғауға туындаған сұрақтарға өз беттерімен жауап іздеуге, жолдастарымен пікір таласы үстінде өз пікірін қорғауына мүмкіндік бергенде олардың ақындылық, сыншылдық сияқты жеке басының аса бағалы қасиеттерінің дамуына жол ашады. Балаларға оқуға қалай болса солай, енжар қарайтын сыныптар жайында жиі естуге болады. Ал бұл жөнінде төменгі сынып оқушылары табиғатынан білуге ынтызар келеді. Балалардың бойында оқуға деген ынта-ықыласын тәрбиелеу-олардың белсенділігіне жол ашумен, сөз етіп отырған жайға ынтықтырумен тығыз байланысты.
Мұғалім балалардың айтқандарына, қойған сұрақтарына шындап құлақ асады. Баларды сұрақты ойластыра қоя беруге баулуды және оқушылардың сұрақтарына жауапты асықпай береді. Қойылған сұраққа берілуге тиісті жауапты балалардың өздері іздестіреді, ал мұғалім оларды дұрыс жолға салып отырады.
Бастауыш сыныптарды балалар мен мораль туралы әңгімелерді жиелі түрде жүргізу өте маңызды. Бұл әңгімелерді оқушылар бойында адамгершілік мағлұматтарды орнықтыруға мүмкіндік беретін басты мәселелер қамтылуға тиіс. Балаларға адамгершілік тәрбие беру жұмысын жан-жақты қамтитын жоспар бойынша әңгімелер өткізіп отыру тәжірибесін зерттеу, мұғалімдердің бұл әңгімелерді әртүрлі тақырыптарда жүргізілітендігін көрсетеді.
Сабақ тақырыбы: Б.Бұлқышев, «Ана»
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Шығарманың тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізу мазмұнын меңгертеді;
Дамытушылық: Оқушылардың ойын ұшқырлау.
Тәрбиелік: Бала бойына ананы силау, құрметтеу, енеге тұту сияқты ізгі қасиеттерді сіңіру.
Сабақтың көрнекілігі:
- Б.Бұлқышев портреті:
- Автордың «Заман біздікі» кітабы:
- «Ана тілі» тізбегін құру бойынша жасалған сызба:
- Бейне таспаға түсірілген мәтін мазмұнына сай сүреттер:
- Ұнтаспа:
- Дидактикалық материалдар;
Сабақтың түрі: Шығармашылық ізденіс сабағы.
Сабақтың барысы:
- I. Ұйымдастыру кезеңі.
- II. Өткен материалдармен жұмыс Ө.Бөкей. «Анамның астауы»
— Үйге қандай тапсырма берілді?
1) Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап алу.
- Әңгімі кімнің атынан баяндалған? Жазушының ілтипатпен,
ыстық сезімнен есепке алып отырған кім? - Шығармада автордың ерекше көңіл күйін білдіріп тұрған
қандай сөздер бар?
— Апасын аңсаған сезімі қалай берілген?
2) Шығармадан ұнатқан үзінділер жатқа сұралады.
3) Оқушылардың өз аналарына жазып әкелген портреттік
суреттемелер мен мінездік сипаттаулары оқылады.
4) «Анамның астауы» шығармасының жемісіндегідей өз
аналарының өмірі жайында жазып әкелген шығармалары болса
оқылады.
III Жаңа материал 1) Кіріспе әңгіме,
— Үйге берілген тапсырмалар бойынша әрбірің өз аналарың
жайлы жылы лебіз, жақсы-жақсы ой талдап келіпсіңдер. Бүгін
сабағымызды ана тақырыбын әрі қарай жалғастырамыз, жалпы
ана тауға ортақ оның бойындағы ізгі қасиеттері мен ананың
құдіретін әсем де әсерлі жолдармен суреттеген оқулығымызда
тамаша бір шығарма беріліпті.
Ол Баубек Бұлқышевтың «Ана» деп аталатын шығармасы. Автор жайлы оның «Заман біздікі» кітабына ол туралы жазған естелікті оқып бердім. Ағыбаев Қанағат дейтін салдат маған Баубектің қаза тапқанын хабарлап жазған хатында. «Баубектің өзім қолымнан жерлеп, қабірінің басына аты жөнін толық жазып кеттім. Баубектің жазған — сызғандары менің қолымда қалды», — дейді.
Ал осымен аты аталған Ағыбаев Қанағат деген азамат, бүгінде ардагер, өзімізді гимназияда ұстаздық ететін Ағыбаева Гүлзейнет Қанағатқызының әкесі екендігі айтылып, ол кісінің фотосы көрсетілді.
- Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп жатқа оқуы.
— Ал қазір «Ана» шығармасының мазмұны мен танысалық.
- Мәтінге сұрақтар қою.
- Мәтіннің негізгі идеясы не?
- Теңізге нені теңейді?
- Адамның есінен не нәрсе ешқашан кетпейді?
— Ананы қай кездөн бастап іздейсің?
- Мәтінді оқушыларға тізбектеп оқыту.
- Мәтінге талдау жұмыстарын жүргізу. Мәтінде «Ананың жолы» басқа делінген. Басқаны қалай түсінеміз?
— Ана деген сөздің өзі ыстық дейді. Себебі ана деген сөз бойға
жылу тартады. Сондықтан ыстық.
Сол себептен де ана дегенде толдымай тың жүрек, тасымайтын қан сезбейтін сезім бопуға мүмкін емес дейді.
— Осы тіркестерді қалай түсінуге болады?
1) Толқымайтын жүректіркесіне келейік.
— Адам жүрегі кай кезде толқиды?
2) Тасымайтын қан тіркесі:
— Бұл тіркес тура мағынада алып қарауымыз керек, Себебі
шын мәнінде қан тасымайды ғой. Не тасиды? Су тасиды.
3) Сезбейтін сезім.
— Алдымен, сезім дегеніміз не? Ол сыртқы дүниенің
құбылысын, адамның ішкі жан дүниесінде әсер етеді.
- Ендеше ана деген сөздің біздің жан дүниемізге әсер етуі
мүмкін емес. Сонда жүрек толқығанда, қан тасығанда, адамның
ішкі жан дүниесінде шаттық сезім пайда болады. - Жалпы осы үш тіркестің берер мағынасы біреу. Яғни
баланың анаға деген шексіз махабаты.
5) Үй тапсырмасын беру.
Үйге осы мәтінді жаттап келу тапсырлады. Бұған қоса ана жайлы материалдарды жинақтау.
6) Дәптермен жұмыс. «Ана кім?» сұрағынан құралған жауаптар тізбегін жаздыру.
ІV. Дидактикалық материалдармен жұмыс.
Қазақ халқының ағартушысы, балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсариннің «Ананың сүюі» өлеңіндегі әр шумақ жолдарын оқушы өз сөздерімен әңгімелеп жеткізеді.
- V. Үнтаспадан «Ару ана» әні тыңдалады.
VІ Қорытынды. Мұғалім сөзі.
Сонымен қорыта келгенде Қазақстандағы білім беру жағдайының ерекшелігі — оның түрлі дағдарыстар кезеңінің қабат келуінде. Олар: әлемдегі білім беру дағдарысы және білім берудің өтпелі дәуірдегі дағдарысы. Өз кезегінде білім берудің дағдарысы қоғамдық өмірдің барлық саласына кесірін тигізеді, әрі бұған ерекше алаңдаушылық туғызады.
Дағдарыстан шығу қалыпты өркениеттік дамудың саласына оралу тек озық технологиямен жаңа техникалық, машықты мамандармен ғылыми жетістіктерді ғана емес, сонымен бірге ұлттың рухани мәйектердің, мінез-құлық және мәдени игіліктердің, әдеп-ғұрып пен салт-дәстүрдің, ой мен тілдің қайта түлеуін қажет етеді.
Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен тусініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Баланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп жетілуі белгілі әлеуметтік ортамен тәрбие әсер етеді.
Әлеуметтік орта мен тәрбие балаға әртүрлі дәрежеде әсер етеді. Өйткені баланың сырткы әсері қабылдауы, оның ішкі сезіміне, санасына байланысты.
Бүгінгі таңда адамның әқыл-ойы, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар артуда. Мұндай күрделі міндеттерді шешуде орта мектептің бастауыш сатысының алатын орны ерекше. Оқушылардың білім берудің барлық кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз бастауышта қалатындығы баршамызға белгілі. Оқу-тәрбие үрдісінде шығармашылық тұлға қалыптастыру үшін әр оқушының бойында батылдық, еркіндік, үшқырлық, сезімталдық, талдай-жинақтай білу сияқты кешенді қасиеттермен қатар, ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, шығармашылыққа деген құштарлығы болуы керек. Бүгінде шығармашылық қабілеттерін дамыту басты назарда болып отыр. Ал оқушыда шығармашылық белгілерінің болмауы үлкен проблемаға айналып ойландыруы тиіс. Бір айта кететін мәселе шығармашылық тапсырмалар өз дәрежесінде орындалып, тиісті нәтиже беру үшін, оларды дұрыс ұйымдастырудың ролі зор. Оқушыларды қызықтыру, ойландыру, барлық жауаптарды тыңдау, оларды талдау, дұрыс шешімді дәлелдеу сияқты кезеңдер тәсілі сақталуы керек. Өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шеше білу, мемлекетімізді өркениетке жеткізу шығармашыл адамдардың қолынан келмек. Тек шығармашылық адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Жеке тұлғаның шығармашылығын дамыту бастауыш мектепте ерекше орын алады. Өйткені бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттерін дамытуға кеп мүмкіндіктер бар. Ол үшін:
бастауыш сынып оқушыларының интелектуалдық, рухани, табиғи нышандарын дамытуға өзінің қызығушылықтары мен бейімділіктерін іске қосуға мүмкіндік жасау:
- жеке адамдық сенімдерін қалыптастыруға көп көңіл бөлу —
ұжымдық және жеке іс — әрекеттер тәсілдерін үйрету - баланың еркін шығармашылықпен ойлауына оның барлық
қабілеттерін дамытуға өз күшіне деген сенімінің болуына жағдай
жасау.
Мұғалім айтады, түсіндіреді, оқушы тыңдайды, орындайды. Оқыту әрекеті оқушының өзі қоймаған сұрақтарына қайтарылған жауап түрінде құрылады. Мұғалім оқушы атқаруға тиісті іс-әрекеттің көп бөлігін өзі істейді. Осыдан барып, оқушының іздену, зерттеу, саралау, сараптауға деген қажеттіліктері жоғала бастайды. Қысқаша айтқанда интелектуалдық, нышандары дамымай жұтаңдыққа ұшырайды. Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін әр сабақта оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы оқушыны ізденуге, зерттеуге, саралай, сараптай білуге үйрету қажет. Шығармашылық-жаңа нәрсе ойлап табуға бағьпталған қабілеттер деңгейі. Шығармашылық әрекет оқушының ақыл-ойын талантын, жалпы өзін дамытады. Шығармашылық әрекеттерді орындау арқылы баланың өзін-өзі қалыптасуына өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді, Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Шығармашылық іс-әрекетке оқушының іздену жұмысы басты нысанада болады. Білім, білік дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, проблеманы бұрынғы тәжірибеге сүйене отырып шешуді, обьектінің жаңа функциясын көре білу, проблеманы шешудің балама жолдарын таңдай білу, жаңа обьект, жаңа шешім табуды белгілейді. Өз тәжірибемізге сүйене отырып, шығармашылық іс-әрекет деп мәселені оқушының өз бетінше шешуі, бурынғы білімін пайдалана отырып, жаңа әдіс, мол шешім таба білуі, шешімінің тапқырлығы деп білеміз. Бүгінгі бастауыш сынып оқушылары кез келген шығармашылық тапсырмалар орындауды табысты меңгере алады. Біз бұған оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмаларды орындау барысындағы жүргізілген зерттеу жұмысы кезінде көзіміз жетті. Мысалы сурет бойынша шығарма жазу кезінде сыныптағы оқушылар барлығы дерлік өз ойларын дамыта отырып жазып шықты, Жыл мезгілдерін бақылай отырып «Қыс мезгілІ» тақырыбына жазылған шығармалары да жоғары денгейде жазылды. Жеке оқушыларға да сурет бойынша әңгіме құрастыру, өлең, мақал-мәтел таңдап жазу сияқты тапсырмалар бөрілді. Шығарма жазу кезінде ақпаратты мәліметтерді жүйелеп, саралап, салыстыра отырып өз беттерінше құрастыра алады. Оны оқушылар жазған шығармаларынан байқауға болады. Сыпыптағы барлық оқушыларды жақсы көрсеткішке жеткізу үшін әр оқушының қабілетіне сай деңгейлік тапсырмалар беру қажет. Өте қабілетті оқушыларға өз бетінше жұмыс орындатуға тапсырмалар беріледі. Қабілеті өте төмен оқушыға қосымша сабақ өткізіледі. Ол оқушы сабақ үстінде етілген жаңа материалды бірден меңгере алмауы мүмкін. Сондықтан сабақ соңында ол оқушымен жеке жұмыс жүргізіледі. Оқушылар қабілеті жететін деңгейде тапсырмалар беріледі. Оқушының оқу машығы, жазу сауаттылығы төмен болғанымен, математика пәніне деген қызығушылығы жақсы. Көбейту, қосу, азайту амалын біршама жақсы меңгерген. Ән айтып, би билеуді ұнатады. Қандай оқушы болмасын ән айтуды, ертегі құрастыруды, би билеуді, сурет салуды ұнатады. Бұл әр бала бойындағы табиғи нышандардың жоғары қабілеттер деңгейіне көтерілуіне баланың белсенділігін, қызығушылығын дұрыс ұйымдастырған оқу-тәрбие жұмысына байланысты. Балаларда кездесетін баяулық, сылбырлық, тұйықтық, бұйығылық оның табиғатының әсері емес кеп жағдайда оқыту мен тәрбиенің нәтижесі ондағы әміршілдіктің, әкімшілдіктің салдары. Әр баланың даму ерекшеліктерін ескермегендіктен сыныпта үлгермейтінін, тәртіпсіз оқушылар болуы мүмкін.
Жүргізген зерттеу жұмысымызда N50 А.Байтұрсынов атындағы 3″а» сыныбында 27 оқушы оқиды. Сыныптағы оқушыларды қабілеттеріне қарай 4 топқа бөлуге болады.
- Өте қабілетті оқушылар — 8
- Қабілетті оқушылар -10
- Қабілеті орта оқушылар — 8
- Қабілеті төмен оқушылар -1
Сынып оқушыларының қабілеттеріне қарай жеке тапсырмалар беріп олардың шығармашылық қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Сынып оқушыларының ата-аналарын да мына төмендегіше деңгейде топтастырып, баласының оқуына қаншалықты көмектесетінін анықтайды.
- бағдарламаны біледі, түсінеді, баласына кемектесетін ата-
аналар - бағдарламаны біледі, түсінеді бірақ баласының сабақ оқуына көмектеспейді.- 7
- көмектескісі келеді, бірақ бағдарламаны білмейді. -8
- мүлде баласының сабақ оқуына көмектеспейді, тек қана
киіндіру, бағып-қағу деп түсінетін ата-аналар.
Отбасында үйде баланың сабақ оқуына көмектесіп, қадағалап отыратын ата-аналардың балалары жақсы оқиды. Сондықтан ата-ананың көмегі, қадағалауы қажет.
Бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекетін пәнаралық байланыстар негізінде қалыптастыру ісі нәтижелі болуы үшін оқытудың жаңа технологияларын дұрыс пайдаланудың мәні зор. Бүгінгі күні балама оқу жүйелері, әртүрлі әдістемелер көптеп саналады. Солардың ішінен әр ұстаз өз дайындық деңгейіне сынып ерекшелігіне сай келетінін таңдап, оны шығармашылықпен пайдалана білуі қажет. Білім алу, шеберлікке, іс-әрекет дағдыларына үйрету мен меңгеру барысы және адамды өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы — оқыту, Қазіргі ғылыми техникалық прогестің жағдайында жаңа әлеуметтік талаптарға, оқушылардың жеке басының даму мүмкіндіктеріне сай оқытудың мазмұны мен әдістері жетілдірілуде. Ол үшін мұғалімнің педагогикалық шеберлігі қойылған оқу тапсырмалары мен бағдарламаларына сәйкес оқыту тәсілдерін, әдістерін пайдаланған жөн.
Бастауыш сыныптағы оқу процесі пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырылып оқушылар жүйелі, тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық әрекеттер жағдайында болса, олардың шығармашылық іс-әрекетінің қалыптасуының нәтижелілігі арта түседі.
3.2. Шығарма жаздыру – оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулудың күрделі түрі
Қазақ әдебиеті — туған халқымыздың қасіретті кешегісі мен бақытты бүгінінің, ғажайып болашығының ерекше тарихымен, көркем шежіресімен таныстыратын пән. Бұл — халықтың ерте заманнан келе жатқан көркем рухани жан байлығының тарихы. Ана тіліміздің бар асыл қасиеті, ұлтымыздың бітім-болмысы, тұрмыс-тіршілігі, «әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, дүниетанымы да әдебиеттегі туындылардан көрінеді.
Әдебиет — сөз өнері. Сөз өнері — өнердің ең негізгі бір саласы. Әдебиет пәні де өнер пәні. Жазушы Ғ. Мұстафин: «Әдебиет — адамтану ғылымы ғана емес, адам тәрбиелеуші құрал», — дегендей әдебиет — азаматтық ізгі қасиеттерге баулушы, тәрбиелеуші құрал.
Әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі байиды. Туған тілін сүюден бастап елін, адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдері тәрбиеленеді. «Әдебиет арқылы жасөспірімдер алдында еліміздің тарихы, оның ғасырлар қойнауында қалған сөз сандығы ашылады,
«Қазіргі уақытта әдебиетті оқытудың басты мақсаты» оқушыларды сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, ата-баба өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, сол арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, парасаттылыққа, сұлулыққа т.б. тәрбиелеу» (Қ. Бітібаева).
«Оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушы шығармашылығын дамытудың тағы бір қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Қоғам қашан дадарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж болып келген. Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Түр-сипаты мүлде бөлек жаңа дәуір туып келеді. Сол дәуірге сай өзгеше қабілет-қасиетке ие жаңа адам пайда болды. Қазіргі кезеңде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытта шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігіне қажет етеді» (Қ.Әбдібекқызы). Сондықтан әдебиетті оқытуда мұғалім оқушыларға көркем туынды туралы оқулық авторы, не ғалымдар пікірін қайталауды, не соны қаз-қалпында мазмұндатуды мақсат етпей сол көркем туынды туралы оқушының пікіріне, ойына ерекше құрау керек.
Әдебиет сабақтарында ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын таныстыру және оларды талдату кезеңдерінде оқушының сол шығармағы көзқарасын, пікірін көркем сез тілімен жазбаша жеткізу, сауаттылығын арттыру және айналадағы болып жатқан құбылыстарға өз ойын білдіру, яғни шығарма жаздыру арқылы алған білімдерін қорытындылайды, тереңдетеді.
«Шығарма» деген сездің негізінде «шығару» деген ұғым жатады, яғни ойдан шығару, ойлап шығару» (Қ. Бітібаева).
Шығарма — белгілі бір автордың өз ойынан жазған шығармашылық еңбегі. Қоғамдық үлкен мәні бар, жұртшылыққа танылған туындылардан бастап, газет-журналдарға жазылған кішігірім мақалаға дейінгі еңбектер шығарма деп аталады.
«Шығарма — оқушылардың шығармашылық жұмысы. Себебі олар өздерінің шығармаларында берілген тақырыптың мазмұны мен идеясына сәйкес өздерінің дүниетанымын, білімін, естіген, көрген, сезген, бақылап түйгендерін, әсерлерін, көзқарасын, түсінген. берген бағасын баяндап, суреттеп жазады. Демек, шығарма оқушылардың қиял дүниесінің қазынасы, ойлау жұмыстарының жемісі, ойдан шығару өнерінің нәтижесі болып табылады. Ал жазылған шығарма сапалық жағынан қандай дәрежеде орындалып шықты — ол әрбір оқушының біліміне, талабы мен талантына, шеберлігі мен дағдысына байланысты» (А, Кешімбаев).
«Шығарма — оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушыдан көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсерлі, көркем тілмен жүйелі баяндауы талап етіледі» (Жазбаша бітіру емтихандарына арналған ереже).
Жоғарыдағы әдіскер-ғалымдардың пікірінен туатын ой: жоғарғы сынып оқушыларының шығарма жұмысы – оқулықтан не белгілі бір сын-мақаланы көшіріп немесе мұғалімнің ой-пікірін өңін айналдыра жазып құтылу емес, шәкірттің көркем туындыны оқығанда алған әсерін, ақынның, жазушының шығармашылық өмір жолымен танысқанда білген, көңіліне түйген, таныған өзіндік ойлары мен сезімін дұрыс жазып беруді талап ету керек. Сонымен бірге онда әңгіме етіліп отырған мәселе әдеби көркем тілмен берілуі қажет.
Әрине, мұндай талапты орындап шығу — бір күннің немесе бір айдың, қала берді, бір жылдың жұмысы емес, бүкіл орта мектеп көлемінде игерген білім мен жаттығу, машықтану, меңгеру негізінде ғана ұзақ мерзімде қол жететін жауапты іс.
Шығарма жазу үшін ең бастысы оқушының өзіндік ойы мен топшылауларын, көзқарасын сауатты, көркем тілмен дәлелдер келтіре, жүйелі түрде жазбаша жеткізе алуында десек, бүл істерді шәкірт бірден меңгере алмайды. Меңгеру үшін мұғалімнің басшылығымен түрлі жаттығулар жүргізуді, дайындық пен машықтануды, дағдылануды керек ететін күрделі жұмыс. Оқытушы жағынан үнемі қажымай, ерінбей үйрету керек.
Ал үйрету үшін алдымен мұғалімнің езі шығарма жаза алу керек. «Мұғалімнің өзі де шығармашылықпен айналысады және өзінің жазған дүниелері женінде оқушылармен үнемі пікір алмасады» (Қ.Әбдібекқызы). «Өзі шығарма жаза алмайтын мұғалім жағада тұрып жүзуді үйреткен су жаттықтырушысына тең» (С. Ион) — деп орынды айтқан. Өкінішке орай кейбір жас мұғалімдеріміздің өзі шығарма жұмыстарына шорқақ. Сонда олар шәкірттерге нені үйретеді?
Ұстаздықтың басқа кәсіптерден ерекше бір өзгешелігі — үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау. Бұл ұстаздар қауымының мәңгілік ұраны болуға тиіс. Осы мамандықты таңдар кезде көптеген атқарылар жұмыстар барын ойлану керек: үйрену, іздену, ерінбеу, дағдылану, үйрету…
Негізінде төменгі сыныпта үйрету шығармалары көбірек орындалып, дайындық жұмыстары орынды жүргізілсе, жоғарғы сыныптарда шығарма жазу жұмысы оқушыға да, мұғалімге де жеңілдеу болады. Бұл жерде айта кететін бір жайт өркениетті елдерде, мысалы, Америкада 2-сыныптан бастап «Шығарма» деген арнаулы пән жүреді екен.
«Дер кезінде орта буынның шығармашылық дамуын бағыттап, бағдарламаса, онда жоғарғы сыныпқа келгенде, көбінің шығармашылық мүмкіндігі шектеліп, тоқырап қалады. Бұл жастағылар лирикалық, публицистикалық шығармаларға, үлкен жанрларға қалам тартуға әуес. Терең ой толғауға, лирикалық көңіл-күйді суреттеуге, жұмбақтылыққа, ішкі жан-дүниесінің сырын зерттеуге ұмтылады» (Қ.Әбдібекқызы). Сондықтан шығарма жаздыру жұмысы бастауыш сыныптарда негізі қаланып, жоғары сыныптарда дамыта отырып жалғастыру мұғалімнің біраз тер төгіп, еңбектенуін талап етеді.
Шығармашылық жұмыста оқушылардың зейінін, ынта-ықыласын, қабілетін тежейтін кедергілер (өзіне сенімсіздік, өзіне риза болмаушылық, жалқаулық т.б.) кездеседі. Осы кедергілердің алдын алу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданып төмендегідей жұмыстар жүргізу керек:
— мұғалім — оқиға, сюжет құру, образ жасауда жазушылық шеберлік танытса, оқушылар ерекше еліктейді, өздерінің күшіне деген сенімі қалыптасады;
«Сенің қолыңнан бәрі де келеді. Сен қабілеттісің. Тек жазуды қолға алсаң болды,» — деп, баланың еркін билеп, сенімін ұялату;
— оқушының кішкене жетістігін мадақтау, көтермелеу: үздік
шығармаларды сыныпта оқытып, оған құрбыларының жағымды
көзқарасын ояту, оқушы басылымдарына шығару, жарыстарға қатыстыру, тіпті әдебиет пәнінен тоқсандық қорытындыда ең жоғары бағаға дейін қою (әсіресе «үшке» оқитындарғд) т.б.
— белгілі ақын-жазушылардың, өнер адамдарының шығармашылық лабораториясынан қызықты жайттарды әңгімелеу;
— шығармашылық іске ден қойып, басын бастау — оқуды тастап кетпеу үшін қолайлы жағдай туғызу;
— ең бастысы, шығармашылық оқушыға шын ләззат, қуаныш
сезімін — әкелуге тиіс. Бұл — жаңаны жасау қуанышы, өзі жасаған тың
дүниеден алған жан ләззаты;
— қазіргі кезең талабы — деңгейлеп оқыту, іздендіру арқылы дамыта оқытуды пайдалана отырып оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру.
Негізінде шығарма жазу — ұстаздың білімін, шеберлігін, еңбегін айқындайтын, ал оқушының әдебиеттік ұғымын, алған білімін, танымын байқайтын, сынайтын көрсеткіш.
Шығарма жаздырудың басты мақсаты не деген сұрақ төңірегінде ой өрбітсек, әдіскер-ұстаз Қ.Бітібаева мектепте шығарма жаздырудың ең басты мақсаттарын былай көрсетеді:
- Бала білімін бақылау, білім деңгейін тексеру.
- Жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда пайдалана білу.
- Ойлау еңбегіне өз беттерімен іздендіру, өз пікірін салыстыру, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
- Оқушылардың қабілеті мен дарынына әсер ету, шығармашылық жұмыстарға баулу.
Бұдан шығатын тұжырым: шәкіртті өз ойын» өз пікірін орынды. әдеби тілмен дәл әрі нақты жеткізе алатын сауатты азамат етіп тәрбиелеу, шығармашылық күрделі ой еңбегіне үйрету. Бұл — басты мақсат. Ал шығарма жаздырудағы басты міндет — шәкірттерді кітаппен жұмыс істей алуға, өздігінен ізденө білуге, өмірде көрген, естіген, оқыған мәселелер төңірегінде пікірін дұрыс жеткізіп, ой-түсінігін, сезімдік әсерлерін нақты тұжырымдап жаза алуға дағдыландыру, жаттықтыру, меңгерту, дамыту.
Шығарма жаздыру — балаға білім беру ісінің ең күрделі, маңызды жұмыстарының бірі. «Шығарманың күрделілігі сол, бұл-оқыту процесіндегі бірден-бір жеке дара орындалатын жұмыстың түрі. Қарастырылған мәселе, жазатын тақырып, біреу болса да, әр оқушы оны өзінше жеткізеді, яғни тілі, пікірі, қорытындысы сол көркем туынды, не кейіпкерді қабылдау дәрежесіне байланысты» (Қ.Бітібаева). Бірақ барлық оқушыға қойылатын талап біреу — шығарманы жақсы жазу.
Негізінде шығармаға қойылатын талаптар оқушы дәптерінің бірінші бетінде болуы керек. Оқушылар соны басшылыққа ала отырып жазады. Шығармаға қойылатын негізгі талаптардың соңғы үлгісі — «Қазақ тілі мен әдебиетінен қазак, тілінде оқытатын мектептердегі жазбаша бітіру емтихандарына қойылатын талаптар мен бағалау өлшемдері» атты нұсқау ережеде былай берілген:
- Тақырыпты оқушынын өз ойы және өз сөзі әрқилы (оқулықтан көшірмей) толық аша білу.
- Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын
нақты ашуға талпыну. - Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көпсөзділікке
жол бермеу. - Шығармада сөз болған жайды оқушының өзі ғана емес,
басқаларға да түсінікті болатындай орамды тілмен. аз сөзге көп
мағына сыйғыза баяндауы. - Шығарманың барлық бөлімдерінің бір-бірімен тақырып,
негізгі ой арқылы шебер байланысуы. - Шығарманың кіріспе мен қорытынды белімдерін қоса
алғанда тұтас жұмыстыц 4/1 бөлігіндей болуы қажет. - Міндетті түрде жоспары болуы және шығарма мазмұнын
жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет. Жоспар болмауы себепті шығарманың бағасы кемітілуі мүмкін. Жоспар тақырыбына байланысты нақты жасалынады. - Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.
- Оқушының өз шығармасында әр түрлі көркем шығарма
кейіпкерлерін салыстыра отырып, орынды жерде дәйексөз келтіруі, ауыз әдебиеті үлгілерінен, сын мақалалардан әдебиеттану еңбектерінен өте шағын үзінділерді қисынымен қолдануы жоғары бағаланады, бұл оның терең білімін танытады. - Шығармада қолданылған дәйексөздің қайдан алғандығы
айқын көрсетілуі және ол оқушының ойын қайталамай, оны
дәлелдеуі, жалғастыруы қажет. - Шығармада жазушының өмірбаянына, әдеби шығарманың
жазылу тарихына, тарихи оқиғаларға, кейіпкерлерге қатысты
қателіктер жіберілмеуі керек. - Оқушының жұмысы стильдік біртектілігі мен тіл шеберлігіне қарай (сөздік қоры, сөйлем құрылысы, материалды берудегі көрікті ой, көркем тілі, тілінің образдылығы, ой сергектігі, сезімталдығы) бағаланады.
Бұл талаптарға қосымша ретінде мына төмендегілерді ескерген жөн:
- ұмытып кетпес үшін байқаған емлелік қателер мен тыныс
белгілерін бірден қойып, сауатты жазу. Сауаттылық – шығарма үшін ең маңызды мәселе; - жазу мәдениетіне де ерекше көңіл бөлу (таза, ұқыпты жазу,
әрі әрбір әріптің айқын, көркем жазылуы, дәптердің ақ жиегіне
өтпеу, жаңа жолдан бастау, дәптер тысындағы тазалық пен
көркемділік т.б.)
Жоғарғы сынып оқушылары жазатын шығарманың түрлері туралы ғалым-әдіскерлер мен ізденімпаз жаңашыл мұғалімдер әр түрлі пікірлер айтады. Солардың бір-екеуіне тоқталайық. Мәселен, Ә. Қоңыратбаев шығарма түрін үшке бөледі:
- Оқылған мәтіннен туатын мінездемелік (публицистикалық)
шығарма, Оның өзі дара мінездеме, салыстырмалы мінездеме,
топтамалы мінездеме түріндө жүргізіледі. - Оқушының өзіндік тәжірибесіне негізделген еркін тақырыптағы шығармалар.
- Оқиғаны кәдімгі жазушыларша суреттеп жазу.
Ал Ә. Көшімбаев өзінің «Қазақ әдебивтін оқыту методикасы» деген кітабында шығарманың үш түрін көрсетеді:
- Әдеби тақырыпқа.
- Әдеби-публицистикалық және шығармашылық сипаты бар тақырыптарға жаздырылатын шығармалар.
- Іс қағаздарына байланысты жазба жұмыстар: конспект, хаттама, істелінген жұмыс жайында есеп беру.
Соңғысы әдіскер-ғалым, жаңашыл мұғалім Қ.Бітібаеваның әдістемелік еңбегінде шығармаларды мынадай түрлерге беледі:
- Публицистикалық шығармалар. Оған очерк, фельетон, мақалалар, пікірлер жаздыру жатады. Мысалы, «Тіл тағдыры – ел тағдыры», «Жариялылық — бақыттың басы».
- Шығармашылық бағыттағы шығармаларға әңгіме, инсценировка, өлеңдер жаздыру жатады (әдеби жанрларды басшылыққа алады).
- Ғылыми зерттеу сипатындағы шығармалар. Оған реферат, ғылыми сипаттағы мақала, аннотация, әдеби шолулар, пікірлер жатады. Мысалы, «Бейімбет әңгімөлеріндегі деталь, штрихтың маңызы».
- Әдеби тақырыптарды қамтыған, білім дәрежесін, тіл байлығын тексеруге арналған шығармалар: «Біржан мен Сара» айтысындағы Біржан мен Сараның сипаты, «Абай жолы» эпопеясындағы кедейлер өмірінің жанды суреттері, Бақтығұл қылмыскер ме, әлде әділдік іздеуші ме? т.б.
Жоғарыдағы әдіскер-ғалымдардың шығарма түрлері туралы негізгі сипаттамаларына сүйене отырып, жоғарғы сынып оқушыларының шығармаларын тақырыбы мен мазмұнына қарай жалпы екі түрге бөлдік:
- Әдеби туындылар жайындағы шығарма, яғни тақырыптық шығарма. Мысалы: «Абай жолы» эпопеясындағы Құнанбай бейнесі, «Жұлдызды ғұмыр» (Ш. Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы), Ер Түріктің ұрпағы (Мағжан поэзиясындағы ұлтжандылық, сарын), Ғ. Мүсірепов әңгімелеріндегі аяулы аналар, Абайдың табиғат лирикасы, «Сыр сандықты ашып қара» (С. Сейфуллин — лирик ақын) т.б,
- Оқушының өзі және қоршағаны орта жөніндегі шығарма, яғни еркін тақырыптағы шығармашылық жұмыс, Мысалы: «Сүйемін туған тілді — анам тілін», «Үш бақытым: туған жерім, ана тілім, халқым туралы», «Ұстаздық еткен жалықпас», «XXI ғасыр… Мен саған сенемін!», «Тәуелсіздік — ел тілегі» (Тәуелсіздіктің 10 жылдығына байланысты).
Еркін тақырыптағы шығармаларда оқушылардың өздері көргені, көңілге түйгені, олар жайындағы әсері, арманы, дүниетанымы т.б. қамтылады. Бұл шығармашылық жұмыс оқушыны ізденуге, ойлануға, өмірді тануға, ойын жүйелі бере білуге, жатық, әдемі сөйлеуге, сауатты жазуға дағдыландырады. Төменгі сыныптарда шығарманың осы түрі көбірек қолданылады. Ал жоғарғы сыныптарда еркін тақырыптағы шығарманың күрделі түрі жазылады.
Кейінгі кездері еркін тақырыпта жазылатын шығармалардың мына түрлерін жаңашыл мұғалімдер көптеп қолдануда: шығарма-миниатюра, шығарма-ой толғау, шығарма-көзқарас, өзінің әдеби еңбектерінің үлгісі т.б.
Шартты түрде алғанда, шығарманы түр-түрге бөлгенімен қойылатын талап біреу — оқушыны шығармашылық жұмысқа үйрету, білгендерін іздендіре отырып дамыту, ойын нақты, тұжырымды дәлелдермен, деректермен жеткізе білу, сауаттылығын арттыру.
Енді жоғарғы сыныптарда шығарманы қанша рет жаздыру керек, көлемі мен уақыты қандай деген сұрақтар төңірегінде тоқталып өтейік,
Оқушыларға шығарма жұмыстарын оқу жылы бойына мұғалімдер басшылық ете отырып, саны емес, сапасына қарай жиі жаздырғанда ғана, оқушылар шығарма жазып үйрене алады.
Сонымен бірге, шығармашылық жұмыста баланы үнемі үзбей, сатылы түрде дағдыландыру керек. Бұл үшін мұғалім оқу жылы басталар алдында, оқушылардың сыныпта және үйде жазатын шығармаларының тақырыптарын, олардың санын, мерзімін оқу бағдарламасына енгізіп, күні бұрын белгілеп қою тиіс. Және өтілген сабақтарда оқушыларды шығармашылық жұмысқа бағыттап отырғаны жөн.
Шығарма жұмысы сыныпта да, үйде де орындалады. Сыныпта жазылатын шығармалар оқушыларға таныс, әдебиет сабағында өтілген болуы тиіс. Алынған тақырып шәкірттердің жас ерекшеліктеріне, білім дәрежесіне сай болу керек. «Сыныпта жазылатын шығармаға сабақ кестесінен қатарынан екі сағат беріледі.
Үйде орындаләтын шығарма оқушылардың ез бетімен жұмыс істеп дағдылануына үйретеді. үйге берілетін жұмыстың уақыты шамамен 7-10 күндей.
Жоғарғы сынып оқушыларына жыл бойына жаздырылуға тиіс шығармалардың саны шамамен 8 шығармадан кем болмауы керек. Бірақ көп жаздырамын деп, санын қуалап, «формализмге» салынбай, сапасына ерекше көңіл бөлу қажет.
Шығарманың көлеміне келетін болсақ, әр сыныпта, яғни жас ерекшеліктері мен білім дәрежесіне сай шығарма көлемі әр түрлі болады. Соңғы үлгідегі нұсқау ережеде шығарма көлемі былай белгіленген: 5-сынып — 0,5-1 бет; 6-сынып — 1-1,5 бет; 7-сынып-1,5-2 бет; 8 сынып — 2-3 бет; 9-сынып — 3-4 бет; 10-сынып-4-6 бет; 11-сынып — 6-8 бет (оқушы дәптерінің беті).
«Оқушы шығармасының құрылысы: тақырып, жоспар, эпиграф (мүмкіндігіне қарай, міндетті емес), кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, сонымен бірге материалды баяндау «әдісі мен оның реттік жүйесі сияқты мәселелерден тұрады» (Нұсқау ережеде).
Енді тақырып, жоспар, эпиграф жөнінде қысқаша тоқтала кетейік. Қауі шығарманың болса да тақырыбы мен идеясы болады. Тақырып — талдап, талқыланып отырған мәселенің қысқаша атауы, жазылуға тиісті мәселенің шындығы әрі жаршысы. Еркін тақырыптағы шығармалар көбіне кең тақырыпта болып келеді. Мысалы: «Менің сүйікті мамандығым», «Ардақтайық та құрметтейік Ананы!» т.б. Ал үлкен тақырыптың жеке бөлігі болып келетін шығарма тақырыптары да бар. Мысалы: С. Көбеевтің «Қалың мал» романындағы Ғайша бейнесі, Абайдың табиғат лирикасы т.б. Кейбір тақырыптар кейіпкерге, оқиғаға, идеясына, сезімге байланысты да айтыла береді: «Ботагөз», «Абай» т.б. Тиісті тақырыптар жан-жақты ашу үшін сол шығармаға негіз болған ойдың түп қазығы, ой арқауы, оның идеясы болады.
Негізінде бір сыныпқа бір ғана тақырып бермей, бірнеше тақырып беріп, оқушылардың қалауына салу керек. Сонда оқушылар таңдаған тақырыбымен шабыттана шығармашылықпен жұмыс істейді.
Оқушыларға қай тақырыпта шығарма жаздырса да мұғалім бұл жұмысты жүйелі жүргізуі тиіс. Қарапайым шығармадан бастап, күрделіге қарай сатылай бірте-бірте баулу керек.
Шығарманың тақырыбы мен көлемі жоғарғы сыныптарда бірте-бірте ұлғайып күрделене түседі. Мәселен, 9-сыныптағы шығармаларда жеке кейіпкерге немесе кейіпкерлердің бір тобына, белгілі бір ортаның тұрмыс-тіршілік жағдайын суреттеу түрінде мінездеме береді. Ал, 10-сыныпта көбіне мінездеме түріне келіп, талдау жасалады.
Шығарма жұмысындағы күрделі істің бірі — шығармаға жоспар жасау. Кез келген жұмыс жоспарсыз жасалынбайды. Сол сияқты оқушы шығармасы да тақырып таңдап алынған соң жоспар жасаудан басталады. Төменгі сыныптарда көбінесе мұғалімнің көмегімен жасалса, жоғарғы сыныптарда мейілінше өздігінен жасауға үйреткен жөн. Егер оқушыларға тақырып қиын болса, сыныпта немесе қосымша сабақта жоспар құруға көмек жасау болады.
Шығарма жоспары — оқушының таңдап алған тақырыбының негізі үшін жасалған жобасы, ойын рет-ретімен жазуға жетелейтін бағыт-бағдары, дайындалған қаңқасы. Жоспар бүкіл шығарманы, оның идеясын, құрылысын және мазмұнын толық қамтитындай етіліп жасалуы керек. Сонда оқушы сол жоспарды бағытқа ұстап, содан ауытқымай, мысал келтіре, ойын дәлелді етіп жазады.
«Оқудың түбі — үйрету, үйренгенін дағдыға айналдыру» (Ә.Қоңыратбаев) десек, жоспар жасауға үйрету кезеңі төменгі сыныптарда жүргізіледі, ал үйренгенін дағдыға айналдыру, қалыптастыру кезеңі жоғарғы сыныптарда жұреді. Жоспар жасау тек шығарма жазуда ғана қолданылмайды, ол сабақта мәтінді, белгілі автордың шығармасын талдағанда, мазмұндама жұмысында да қолданылады. Төменгі сыныптарда жоспар жасап үйрету туралы Ә. Қоңыратбаевтың «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы» деген еңбегінде өте жақсы жазылған.
Алдымен шығарманың құрылысына тоқталып, қандай жүйеде жазылатынын көрейік (Е.Дайрабаевтың үлгі-нұсқасы): 1. Әңгіме түріндегі шығарма жүйесі:
І Кіріспе (басталуы).
- II. Негізгі бөлім:
а) оқиғаның байланысы;
ә) оқиғаның шиеленіске жеткен жері;
б) шешілуі.
III. Қорытынды (эпилог).
- Талдау түріндегі ойға құрылған шығарма жүйесі:
- Кіріспе бөлім.
Тақырыпқа жүктелетін міндет.
- Негізгі бөлім:
а) тақырып көтерген мәселе;
ә) ұсынылған дәлелдер;
б) дәйектеме түріндегі сөздер;
в) өзіндік ойлар, тұжырымдар, ұғымдар, сезінулер.
III. Қорытынды бөлім.
Ұсынылған мәселені жинақтау.
Әрине, оқушы шығармасы міндетті түрде осы жүйеде орындалсын демейміз, ол тек ойды қалыптастыру үшін беріледі.
Шығарма мазмұнын қалай ашу керектігіне қарай жоспар жай және күрделі болып екіге бөлінеді. Жай жоспарда шығарма мазмұнын ашатын басты-басты мәселелерді ғана көрсетеді. Ал күрделі жоспарда көрсетілген әрбір ірі мәселе іштей тармақтапып бөлінеді, солардың көтерілуі, шешілуі жоспарланады.
Күрделі жоспар негізінен үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерден. Шығарманың кіріспе бөлімінде көркем бейненің қай шығармадан алынғанын, авторын және сөз етейін деп отырған оқиғаның қашан болғанын, мұны тудырған себептері баяндалады, яғни негізгі бөлімде айтылатын ойдың бастамасы, дайындаушысы кіріспе деуге болады. Сонымен бірге оқушы ұсынылған тақырыпты қалай түсінеді, нені жазуды алдына мақсат етіп қойды, міне, осы жайлар кіріспеде тиянақталып айтылуы қажет.
Шығарманың негізгі бөлімінде оқушы сөз етіп отырған мәселені қандай дәрежеде түсінгені, өз көзқарасы тұрғысынан дәлелдер мен мысалдарды қаншалықты біліп, қалай бағалайтыны баяндалып, әңгімеленеді. Шығарманың кіріспе бөлімі жағынан алғанда, жалпы шығарманың төрттен біріндей болуы керек. Ал, керісінше, негізгі бөлімге көп орын берілуі тиіс. Өйткені. ол тақырыптың мазмұнын ашатын дәлелдеуші — негізгі бөлім.
Қорытынды бөлім — оқушы шығармасының қорытынды тұжырымы, түйіні. Мұнда оқушы сөз етіп отырған тақырыптан алған мақсатын, әсерін, жазушы туралы пікірін білдіреді.
Енді жоспардың бірнеше мысал-үлгісін көрсетейік.
Еркін тақырышпаш жоспар үлгісі:
Наурыз — халық мейрамы
Жоспар .
Кіріспе бөлім.
Наурыз мерекесінің халық ауыз әдебиетіндегі алатын орны.
- Негізгі бөлім:
а) Наурыз — қазақтың жыл басы.
ә) Наурыз мерекесіндегі халықтық әдет-ғұрыптардың көрінісі.
ІІІ.Қорытынды бөлім.
Наурыз — халық мейрамы.
Амансыз ба?
Ұлыс оң болсын!
Ақмол болсын!
Қалайда барсаң жол болсын!
Әдеби шыәармаларәа күрделі жоспар улгісі:
Шығармашылық бағыттағы күрделі жоспар үлгісі:
Соңғы кезде мектептерде шығарманы жоспарсыз жаздырып жүр. Ол оқушылардың жұмысын жеңілдеткенімен, көптеген қиындықтар туғызады: жүйелі жазылмайды, тақырыптан ауытқиды. Ал, төменгі сыныптардағы (шығармашылық бағыттағы еркін тақырыптарға) шығармаларды жоспарсыз жазса да болады.
Шығарманың мазмұнын аңғару үшін оның алдына қысқаша үзінді немесе нақты сөз келтіреді. Ол — шығарманың эпиграфы, Эпиграф шығармаға өң беріп, оның идеясын алдын-ала білдіріп тұрады. Эпиграф етіп, көбінесе, халыққа танылған адамның нақыл сөздері, шығармасы талданып отырған ақын-жазушылардың өз сөзі, өлең шумақтары және мақал-мәтелдер алынады. Мысалыға, «Абай өлеңдеріндегі өлөң-жыр, ән-күй тақырыбы» деген шығарманың эпиграфы етіп Абайдың мына өлеңін алса болады;
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй!
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР