АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Жаһандану процесінің Қазақстандағы саяси мәдениетке тигізетін әсері

ӘЛ – ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

ФӘЛСӘФӘ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

САЯСАТТАНУ КАФЕДРАСЫ

 

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

 

Жаһандану процесінің Қазақстандағы саяси  мәдениетке тигізетін әсері

 

Мазмұны

 

Кіріспе………………………………………………………………..3 бет

 

1.Бөлім.  Жаһандану процесінің саяси мәдениетке тигізетін

әсердің  теориялық-әдістемелік негіздері.

        1.1Жаһандану  процесі, оның  негізгі ерекешеліктері………………6 бет

       1.2.Жаһанданудың саяси мәдениетке тигізетін әсерін

        бағалаудағы   әлеуметтік-мәдени тәсіл………………………..16 бет

1.3.Жаһандану жағдайындағы әлеуметтік-саяси

ұқсастық (идентификация)  мәселесі…………………………….33 бет

 

2.Бөлім: Жаһандану жағдайындағы Қазақстандықтардың

саяси   мәдениеті.

2.1. Жаһанды әлемдегі Қазақстан мемлекеті……………………37 бет

2.2. Қазақстан Республикасындағы демократиялық саяси

мәдениеті мен саяси сананың қалыптасу мен даму

үрдістері……………………………………………………………41 бет

 

Қорытынды…………………………………………………………55 бет

Сілтемелер тізімі……………………………………………………57 бет

Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………….59 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

       Қазіргі заманғы күрделі және қайшылықтарға толы,   мемлекет, әлеуметтік  топтар мен  жеке  индивидтер  дәрежесінде жүзеге  асып отырған, әлемнің  мәндік  белгісі- жаһандану процесі. Бүгінде, әлемдік қоғамдастық өмірінің барлық жақтарын қамтуға бет алған  жаһандану  процесі дүниежүзілік саясат  факторына айналып келеді. Жаһандану қай кезде басталды, оның  табиғаты қандай екендігі жайында ғалымдар мен  саясаттанушылардың әрқилы пікірлеріне қарамастан, қазіргі заманғы трихта бұл процесті ғылыми-техникалық революцияның  күрт  дамуына орай 1960 жылдардың  басымен   байланыстырады.

 Өзектілігі – жаһандану процесінің  бүкіл  әлемге кең етек жайып, қоғам өмірінің барлық салаларына:  экономикалық,  саяси, мәдени, әлеуметтік салаларға  өз әсерін тигізуде.  Әсіресе   жаһандану дүниесі  басқа  елдердің  алдына қойғаны секілді  біздің   еліміз  алдына  да  өте  күрделі  де принципті   мәселелер қойып отыр. Және  де осы  мәселелердің қалай шешілетіндігіне болашақта жас  мемлекетімізде көп  нәрсе  байланысты болмақ.  Жаһандану дүниесі көптеген, әсіресе дамушы немесе   біз секілді  өтпелі  кезеңді   бастан кешіп  жатқан  мемлекеттер  үшін  сандаған проблемаларды  көлденең тартатыны   барған сайын  айқындала түсуде. Сонымен бірге, бұл процестің адамзатқа  әкелетін жағымды жақтары да аз емес. Осы орайда Қазақстанның дербес  дамуы  мен сол жолымен нық жүріп келетінін ескере отырып, енді жаһандану жағдайындағы барша оңды  әсерлерін  игеріп, өзі соған кіріге отырып, оның серпінділігін сезінуші жақ қана емес, сездіруші жақ ретінде де әрекет етуді игеруі маңызды  болып отыр.

 Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбевтың 2004 жылы 23 сәуірде Алматыда өткен медиа форумда «Бірден-бір дұрыс үлгі- жаһандану талаптарына ұлттық мемлекеттердің бірте-бірте етін үйретуі болады.» айтқан сөздері де өзекті.[1]

 «Қазіргі  әлемде  сырттай  қарағанда сайыспайтын, бірақ  диалектикалық тұрғыда  бір-бірімен байланысты процестер жүріп  жатыр.  Бір  жағынан әлем  одан сайын іштей тұтастана түсіп, саяси, экономикалық және мәдени өлшемдердің көпшілікке  тиімді көрінген, кейде өкшемдікпен таңылған үлгілерді  кеңінен тарап,   жаһандану   қанаты кеңейе  түсуде.  Екінші жағынан,  бұрын  бодандықта  болып  келген  халықтардың  мемлекеттік тәуелсіздігін қалыптастыру мұмкіндігі күшейе түсті және  оны жүзеге асыруға халықаралық құқық пен халықаралық ұйымдардың қызметі игі ықпал етуде. Жаңа тәуелсіз  мемелекеттердің пайда болуы өз кезегінде сол мемлекетті  құрған  халықтың төлтумалығын, мәдени–рухани  табиғатын бүкіл  әлемге таратуға  мүмкіндіктер  ашады.  Басқаша  айтқанда, біз қазіргі кезңде  әр   түрлі  бағыттағы объективті  процестердің  күәсі   болып отырмыз.  Әлемдегі бірлесу мен  біріңғайлану  құбылыстары әр түрлі мемлекеттер мен аймақтардағы  халықтардың  өзіндік  мәдени-рухани  болмысын сақтап  қалуға ұмтылу процесі ауқымды көрініс табуда.  Мұның бәрі осы мәселелерді жүйелі  түрде ғылыми-теориялық  талдау   қажеттігін  өзекті  ете  түсуде.»[2.64бб]

Біз үшін жасанды, виртуалды  әлемде  жоғалып кетпеу,  жаһандану заманында өз төлтумалығымызды, қайталанбас   ұлттық  болмысымызды,  ұлттық ойлауымыз бен кейпімізді сақтап қалуымыз маңызды болып отыр. Батыс мәдениетімен бәсекеге түсе алатындай ХХІ  ғасырдағы  рухы  биік мәдениетімізді қалыптастырған жөн. Рухы мен  мәдениеті  биік деңгейдегі халық пен мемлекеттің болашағы  жарқын. Оған  ешқандай  күмән  болмас.

Жаһандану дүниесіне  кірудің  дұрыс формуласын табу, оған бейімделу, жаһандық  бәсекелестік күшейіп   отырған  жағдайда әлемдік экономикалық және  саяси  қатарда қолайлы  позицияда болу — өте маңызды  мәселе. Ал  ол  үшін, ең алдымен, жаһандану  процесінің  ерекшеліктері  неде  екенін түсінуге  әрекеттену   керек.

Мақсаты: Жаһандану процесінің мемлекеттің  саяси-мәдени салаларына  тизізетін әсерін айқындау.

Міндеттері:

1.Жаһандану процесінің ерекшеліктерін  ашып көрсету;

2.Басқа елдердің тәжірибесінде жаһандану процесінің әсерін         зерттеу;

3.Жаһандану жағдайындағы Қазақстан мемлекетіндегі демократиялық саяси мәдениет пен саяси сананың даму  мен   қалыптасу  үрдістерін көрсету.

Зерттеу обьектісі.

Зерттеу объектісіне жаһандану жағдайындағы Қазақстандағы саяси сана мен саяси мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы жатады.

Зерттеу пәні — жаһандану процесі мен қазіргі кезеңдегі жаһандану әлемдегі мәдениет пен ұқсастық мәселелері.

        Пайдаланылған әдістер:

— Тарихи әдіс. Жаһандану концепциялары мен ұғымының сонымен бірге, Қазақстандағы саяси сана мен саяси мәдениеттің қалыптасуымен,  әрі қарай дамуын  зерттеу  мақсатында қолданылған.

—   Кампаративистік   әдіс.  Жаһандану процесінің басқа да елдер мәдениеттеріне тигізетін әсерін және бұл процестің ондағы өту дәрежесін салыстыру мақсатында пайдаланылды.

— Әлеуметтік-мәдени әдіс. Жаһанданудың саяси мәдениетке тигізетін әсерін бағалауда қолданылды.

 Зерттелу  дәрежесі:

Қазіргі таңда  жаһандану  процесі мен  оның қоғамның түрлі  салаларына  тигізетін  әсері  жайлы көптеген Батыс ғалымдары, көршілес Ресей мемлекетінің ғалымдарымен қоса, бірқатар отандық зерттеушілер де айналысуда.  Мысалы, Батыстың  зерттеушілерінен келесілерді   бөлуге болады: У.Бек, П.Бергер, С.Хантингтон, А.Гидденс, Р.Робертсон, И.Валерстайн, А.Вебер және т.б. Ал, Ресейлік  зерттеушілерден: Пантин В.И., Панарин  А.С., Василенко И.В., Федотова  Н.Н.,  Э.А. Азроянц,  М.Г.  Делягин, В.И. Толстых, В.Гаджиев  және  т.б.  бұл процесті  зерттеумен  айналысуда.  Отандық  зерттеушілерге келер болсақ, олар: А.Нысанбаев, М. Ашимбаев, А. Арыстанбекова, Д.Тасмағамбетов, Р.Лебеков,  Н.Исингарин, Гаипов З.С., Лигновская  В.И.,   Ж. Джандосова, М. Шайхутдинов және  т.б. 

 Жұмыс: кіріспе,  негізгі —  2 бөлімнен,  қорытындыдан және пайдалынған әдебиеттер  тізімінен  тұрады. Ондағы 1-нші бөлім- жаһандану процесінің саяси мәдениетке тигізетін әсердің теориялық-методологиялық негіздеріне байланысты жазылып, келесідей  сұрақтарды қамтиды: процестің ерекшелігін сипаттаған ғалымдардың тұжырымдары; жаһанданудың даму концепциялары; жаһандану жағдайындағы саяси-мәдени ұқсастық мәселесі мен Қытай, Германия  және Түркия  елдерінің тәжірибесіндегі  мәдени   жаһандану;

Жұмыстың 2-нші бөлімі: Жаһандану жағдайындағы Қазақстандықтардың саяси мәдениеті деп аталып, келесі сұрақтарды қамтиды: Жаһанды  әлемдегі Қазақстан мемлекетінің орны  мен Республикамыздағы демократиялық саяси мәдениеті мен  саяси  сананың қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері.

  Жұмыстың барысында келесі  әдебиеттер пайдаланылды: М.Делягин «Практика глобализации: игры и правила» ;П.Бергер, С.Хантингтон «Многоликая глобализация»; Василенко И.А. «Политическая глобалистикаң; А.Нысанбаев «Жаһандану және Қазақстанның орнықты дамуы», «Человек и  открытое  общество», «О традиционной этике казахов»; Л.АБайдельдинов «Казахстан как политическая реальность»; Қазыбеков Н.А. «Саяси процестер: мәдениет-демократизация-жаһандану» және т.б.

Сонымен бірге,  бұл мәселеге байланысты жазылған келесі журналдардағы бірқатар мақалалар пайдаланды: «САЯСАТ», «АҚИҚАТ», «Қоғам және дәуір», «ПОЛИС», «Евразийское сообщество», «ІЗДЕНІС»   және т.б.

 

 

 

 

 

 

1.Бөлім.  Жаһандану процесінің саяси мәдениетке тигізетін

әсердің  теориялық-әдістемелік негіздері.

 

       1.1 Жаһандану процесі,оның негізгі ерекшеліктері.

 

 «Жаһандану» терминін алғаш рет «Гарвард бизнес   ревью» журналында жариялынған «Нарықтың жаһандануы» деген мақаласында Гарвард  бизнес мектебінің профессоры Теодор Левитт ұсынған болатын. Осы ұғым   арқылы ол  «жаһандық  фирмалар» деп  аталған  кәсіпорындардың жаңа  нышанындағы іс-әрекеті арқылы дүниежүзіндегі   нарықтардың  бірігуін атады. Оның пікірінше, жаөандану және технологиялар  халықаралық  қатынастрды анықтайтын  басты екі факторға айналды.

«Жаһандану»  термині 1980  жылдардың  ортасынан бастап,  ақпарат пен коммуникация саласындағы  жаңа технологиялардың күрт  дамуы  салдарынан капиталдың жарылыс  бейнелі  қозғалысы процесін, әрі қаржы сондай-ақ биржалық нарықтардың  интеграциясын бейнелеу үшін  қолданыла  бастады.  Сонымен, 1980 жылдардың соңында «Жаһандану» ұғымы экономикалық және  қаржы  саласына қатысты ғана айтылып келді.

ХХ  ғасырдың соңғы он жылдығында қырғи қабақ соғыстың  аяқталуына байланысты саяси процестер,  орасан зор көлемдегі экологиялық қауіп-қатерлер,  біртұтас жершарын ортақ сезінуге әкелген  экономикалық өзара тәуелділіктің  артуы  «Жаһандану» құбылысына экономикалық  қана емес, сондай-ақ саяси,  тарихи,  географилық және мәдени сипат бере келе, оның барынша кеңеюіне алып келді.

Француз ғылыми мектебінде «Жаһандану» ұғымы екі мағынаға бөлінеді: мондиализация («la mondіalіsatіonң француздың «la mondeң-бейбітшілік деген сөзінен)  және жаһандану («la globalіsatіonң). Бұл арада  «Жаһандану» терминімен одан да кең жаһандық процесс-мондиализацияның экономикалық және қаржылық жақтарын ғана айтады.

Паскаль Лороттың редакциясымен шыққан француздың «Мондиализация» сөздігің төмендегідей анықтама береді: «Мондиализация кедергісіз ғаламшарлық дамудың сатысын білдіреді,  онда  бәрі  де  жақын, қол жеткірліктей,  барлығы да бір-бірімен байланыста, осының  жағымды нәтижесіндей өзара тәуелділік пен ынымақтастық  арта түсуде». Бұл 1970 жылдардан бастап, әсіресе,  1980 жылдары қалыптасқан  біздің әлеміміздің  жай-күйі. Мондиализация, көрініп тұрғанындай,  интернационалданудың  (елдердің  және қызмет саласының бір бөлігін ғана қамтитын) соңы болып табылады және жаһанданудан (кедергілер мен арақашықтарды жоюдың үстіне ақпараттық технологиялардың көмегімен уақыт ұғымын да жоюға алып келетін) ерекшеленеді.

 Жаһанды даму концепцияларының 1960-1970-ші  жылдар аралығында пайда болуы ғалымдардың планетарлық мәселелердің асқынуына көпшіліктің көңілін аударуға  талпыныстары себеп  болды. Жаһанды даму концепциялары дегеніміз ол-әлемдік мәселелерді талдлау негізінде олардың шешудің жобалары мен  стратегиясын ұсынушы және ондай  өзгерістер мен трансформациялардың әлемдік қоғамдастықтағы салдарын болжау туралы теориялық құрылыстар. Ең алғашқы «Жаһанды тепе-теңдік жағдайы» деп аталған теорияны жасаушылар, Рим клубының «Даму мүмкіншіліктері» деген баяндамасында: қару-жарақ,  қоршаған  ортаның бұзылуы,  демографиялық өсу  мен  экономикалық тоқырау мәселелері қазіргі замандық адамның ұзақ мерзімді орталық мәселелері  ретінде жиі анықталып   отыр деп жазды.[3. 54б].

Жаһанды даму концепциясын жасауға, оны жасаушылардың  математикалық модельдеу  мен  жүйелі талдау әдістерін қолдану себеп болды.  Американдық ғалым  Джей Форрестер мен оның Денис  Медоуз бастаған  шәкірттері қолда  бар мәліметтерді  пәнаралық сипатта компьютерлік  зерттеу арқылы қорытындылау әдісін  ұсынды. Олардың ғылыми зерттеу пәні- дүниежүзілік  дамудың күрделі  көпфакторлы, өзара байланысты  процестері. Ең алғашқы   мұндай  зерттеулер формальды  математикалық сипатта болғандықтан,  оның негізі ретінде  тек әлемдік динамиканың   физикалық параметрлері   мен сандық   сипаттары  ескерілді.  Сондықтан   мұндай әдістің  жеткіліксіз және  тиімсіз екені  анықталды.  Алғашқы жаһанданулық концепцияларда тек жаратылысы-табиғи және ғылыми-техникалық факторларға мән қойылып, саяси, әлеуметтік, мәдени   және идеологиялық  фактор   ескерілмеді.

 «Даму мүмкіншіліктері» авторлары өздерінің болжауларында, 1970-1980-ші жылдары, адамзаттың өмірін, сондай-ақ жаһанды  даму сипаты  түбегейлі ықпал  көрсеткен ғылыми — техникалық прогрестің жаңа кезеңдік жетістіктерінің әлеуметтік мүмкіншіліктерін толығымен ескере алмады. Бірақ, зерттеу барысында әлемдік қауымдастықты  жаһанды көлемдегі қайшылықтардың  асқынуы мен дағдарысының  арасындағы байланыс  анықталды. Жаһанды даму мәселелерін алғаш зерттушілерден кейінгі ғылыми ізденістер нәтижесінде жаһандық даму  концепциялары  әлеуметтік-саяси   және гумманистік-антропологиялық  мәселелерге бұрылды. Мұндай бетбұрыс адамзаттың жаһанды  мәселелерінің,  әлеуметтік факторының  ролі мен маңызын  мойындауды сол кездегі   әлеуметтік  идеялар мен теорияларды қолдану мен жаңа концепцияларды ұсынуды білдіреді. Сондықтан жаһанды даму мәселелерінің саясаттанулық тақырыптары   да кеңейіп өсе түсті. Саясаттанудың ерекшелігімен байланысты әлемдік тәртіпті қайта қарастыру, дүниежүзілік үкімет пен  парламент  жасау, жекеленген қоғамдардың саяси жүйелерін  трансформациялау идеялары пайда болды. Мұндай идеяларда саясат  өрісінің нақты мәселелері жиі айқындалды. Бүгінгі кезде  жаһанданулық  концепциялар эволюциясының ең  маңызды бағыты — адам мәселесі мен  оның болашағы туралы  бағыт  қалыптасты. Біреулер  жаһандануды ХХ ғасырлық әлеуметтік  трансформацияның жаңа типі десе, басқалары оны әлемнің бірлесу жолындағы  адамзаттың жүріп  өткен барлық қадамдары деп ұғындырады, ал  үшінші біреулері  оны бірлескен тұтас  әлемді  қалыптастырушы процесс деп  дәлелдейді.

Әлемдік даму концепцияларын қалыптастыруда жаһанданулық зерттеулер орталықтары мен топтар ерекше роль атқарды.  Қазіргі замандық  концепциялардың дамуына әлемдік мәселелерді  түрлі қоғамдық-саяси қозғалыстар мен  жеке тұлғалардың  үлестері де  ерекше. Осылардың ішінде,  1968 жылы өзінің пайда болған  жерімен байланысты аталып кеткен, «Рим клубы»  ерекше орын алады. Себебі, әлемдік динамиканың алғашқы моделінің  пайда болуы  дәл  осы клубтың белсенді  инициативасымен байланысты.

Батыс елдерінде  өзінің тиімділігін көрсеткен либерализмнің жалпы идеологиясы мен практикасынан жаһанды либерализация   пайда  болды.  Жаһанданулық  үрдістерге ең басым ықпал еткен ол экономикалық либерализация. Бұл идеология экономикаға мемлекеттің кірісуін шектеу мен  оның субъектілерінің  дербестігінің дамуымен сипатталады.

Қазіргі замандық жаһанданулық жағдайда кеңістік пен уақыттың жаңа өлшемдерін игеру қажеттілігінің пайда болуы анық. Жаңа ақпараттық технологиялардың, олардың жаңа өрістер  мен әлемдік  аймақтарды қамтуының  маңызы өсе түсуі әлемнің «нығыздала» түсуінің үрдісі. Сондықтан, жалпы адамзаттық  өркениет тағдыры мен қазіргі замандық  өркениетке  тиесілі  бұл  процестің мәні неде болып тұр? Бүгінігі ғылымда көптеген зерттеушілер  жаһандануды модерннің бір бөлігі деп түсінуде. Бұл  процестің жандануы Батыстың ықпалы мен оның мәдениетінің бүкіл әлемге таралуымен  байланысты. Жаңа индустриялдық, ақпараттық технологиялар әлемнің түрлі аймақтарының арасындағы әрекеттестіктердегі  теңсіз фрагментациялардың  жаңа негізі болғанын айқындайды. Қазіргі замандық жаһандық кезенде  бай елдер мен кедей өмір деңгейлерінің арасындағы айырмашылық өсе түсуде. Жаһандану бүгінгі заманда   әлемнің   көптеген елдері үшін референттік көрсеткіш болғандықтан көп жағдайда ол құндылықты бағдарланулардың ерекше жүйесіне айналды. Бұл  жүйенің негізінде басым жағдайда батыстық  елдердің аксиологиялық жүйелері жатыр. Мысалы саяси жүйеде-демократия, азаматтық қоғам, горизонтальды байланыс; нарықтық шаруашылық жүйелері — жеке меншік  институттары, бәсекелестік, еңбекке жалдану  мен табыс; мәдени жүйесінің мәні — индивидуализм, прогматизм болып табылады. Сондықтан бүгінігі мәселе-жай кезекті халықаралық қатынастар жүйесін жасау емес, ол ортақ жаңа әлемдік ережені қалыптастыру мәселесі болып отыр.

Бұл құбылыстың әртүрлі аспектілерін зерттей келе, Кембриджде  2000 жылы шыққан өзінің  «Жаһандану дегеніміз не?» деген кітабында Ульрих Бек,   «Жаһандану — соңғы жылдары барынша кең тараған, көп ретте шындықтан алшақ болса да, пікірталастарда негізгі сөз ретінде қолданылатын сөзге айналды және алдағы жылдары да солай бола бермек. Алайда, дәл осы сөздің   мағынасы барынша аз анықталған, сондықтан көп  жағдайда орынсыз қолданылатыны да рас, соған  қарамастан саяси тиімді ұғым  болып  табылады.»

У.Бектің ойынша, жаһанданудың бірқатар өлшемдерін  ажырата білу  қажет.  Бұл орайда  олардың  кез  келген тізбесіне коммуникациялық технологияларды, экологияны,  экономиканы, іс-қимылды ұйымдастыруды,  мәдениет пен азаматтық қоғамды  енгізу лазым. Автор  «Жаһандану» дегеніміз экономиканың, ақпараттың, экологияның технологиялардың, мәдениаралық жанжалдардың және азаматтық қоғамның әртұрлі  өлшемдегі күнделікті іс-әрекеті үшін шекаралардың  маңызы барған сайын  азайып  бара жатқанын  білдіреді деп  санайды.  Ақша, технологиялар, тауарлар, ақпарат  және уландырғыш заттар шекаралар  жоқтай еркін  өте  бередің[5.724б].

Ал Гарвардың белгілі  ғалымы Стэнли  Хоффман  әлемде  «жаһандануды» қақтығысың жүріп жатыр  деп  пайымдайды, өйткені жаһандану оның пікірінше, әрқайсысының өз  проблемасы бар үш нысаннан тұрады. Бірінші-бұл экономикалық жаһандану, ол технологиялар, ақпарат,  сауда, шетелдік инвестициялар және халықаралық  бизнестегі революцияның   жемісі болып табылады. Оның басты ойыншылары  компаниялар,  инвесторлар,  банктер, жеке сектор,  сондай-ақ  мемлекеттер мен халықаралық  ұйымдар  болып табылады.  Компаниялардың мамандануы  мен интеграциялануы  ортақ байлықты арттыруға мүмкіндік  берді, алайда таза  капитализмнің логикасы әлеуметтік  әділдік үшін қолайлы емес.  Сондықтан  экономикалық жаһандану  мемлекеттер арасындағы және  олардың ішіндегі теңсіздіктің ықтимал  себепкері болып, жаһандық  бәсекелестікке және мемлекеттер мен  бұл процеске басқа да  қатысушылардыңт осы проблеманы шешуіне байланысты аландаушылық  пен торығуды  туғызады.

Келесі – мәдени жаһандану. Ол  технологиялық  революция және   экономикалық жаһанданудан туындайды,  олармен бірге мәдени тауарлардың  қозғалысына  ықпал етеді.  Мұнда униформатизация (немесе, жиі айтылғандай,  «америкалану») мен әртүрлілілік  арасында негізгі тандау тұр,  оның нәтижесі  жергілікті салттар  және тілдердің  қайта өркендеуінен  көрінетін  біркелкілікке қарсы реакция болып  табылады.

Ақырында аталған екі нысаннан  тұратын саяси жаһандану бар. Ол  Құрама Штаттардың  және  олардың саяси   институттарының басымдығымен, сондай-ақ халықаралық және аймақтық ұйымдар, үкіметтік емес байланыстар жүйесімен сипатталады.  Сонымен бірге, бұл ұйымдардың көпшілігінде,  автор айтуынша, демократиялық  жауапкершіліктің, билік пен беделдің аздығы білінеді.

Жаһанданудың артықшылықтары дауссыз деп  санайды Хоффман, бұның дәлелі ретінде ол  кері шегінудің болмайтындығын және бұлтартпастығын атайды. Сонымен  бірге, оның қол жеткізу шектеулі болып  қалып  отыр, өйткені ол  көптеген кедей елдерді экономикалық  дамудың және әлеуметтік жағдайлардың біркелкі болмағандығынан, мүмкіндіктен  айырады.  Азаматтық қоғам,  автордың  пікірінше, эмбрионалды  күйде қалуда, ал  адамдардың жағдайын кедергілерді жою арқылы   жақсарту идеясы күмәнді болып табылады.[6.104б]

Жаһанданудың халықаралық саясатқа ықпалының  көптеген факторларының арасынан автор барынша  маңызды үш факторды бөліп  қарайды. Біріншісі, институттарға қатысты.  Көптеген мемлекеттер  өздерінің егемендігінің әлсізденуіне әкелетін жаһанданудың   талаптарын  құлықсыз  қабылдайды. Сонықтан БҰҰ билігі  де шектеулі, әрі көп жағдайда теориялық болып  табылады.  Мемлекеттер жаһанданудың немесе «гуманитарлық интервенция»,  сондай-ақ  лаңкестікпен  күрес   оқиғаларының  соққысын  көбірек  сезінген  сайын,  өздерінде бардан  айырылып қалмауға ұмтыла түседі, сондықтан әлемдік мемлекетке қарай қозғалыс  шындықтан   алыс жатыр.

Екіншіден, жаһандану азаматтықтың ұлттық  табиғатын  жоққа шығармайды. Экономикалық өмір жаһандық масштабта жүріп жатыр,  алайда  адмдардың белгілі  бір  ұлтқа  жатуы  сақталуда – осыдан мәдени  гомогенизацияның  күшті қарсылығы туындайды.

Бүгінгі  әлем технологиялар  саласында біріккенімен, ұжымдық  сана немесе  ұжымдық ынтымақтастыққа жеткен жоқ.

Үшіншіден,  жаһандану, әртүрлі кедергілерді  азайта отырып,  жанжалдар мен  терроризмнің  таралуына қолайлылық  туғызады.

Шың мәнінде бүгінігі техника алыс елдер мен континенттер арасын жақындастырды, электрондық  ақпараттық және байланыс құралдары кез-келген жерге хабар жеткізіп болған  оқиғалар туралы мәлімет  алуға мүмкіншілік береді, ұлтаралық корпорациялар жұмыс күштерінің миграциясын ынталандыра  отырып өндіріс пен  тауарлар нарығын жаһанды деңгейге кеңейтуде. Жаһандануды көп жағдайда шекарасыз барлық өрістерге жаһанды біркелкілікті орнатушы бірлескен қаржылық   және    ақпараттық нарықтың қалыптасуы деп ұғыну да кездеседі. Осы феноменді зерттеушілердің алғашқыларының бірі ресейлік ғалым М. Делягиннің дәлелдеуі бойынша  жаһанданудың өзіндік сипатталушы ерекшеліктері бар: елдер арасындағы әкімшілік барьерлердің бұзылуы; аймақтық  қаржылық нарықтардың планетарлық  бірлесуі; жалпы  әлемдік сипаттағы қаржылық ағымдарды, бәсекелестікті, ақпаратты және технологияларды  игеру. Бұл процестің  өте маңызды ерекшелігі – бүкіл әлем көлемінде жай қаржылық және ақпараттық нарықты   қалыптастыруында емес, ол көп жағдайда адамның коммерциялық және  оның   барлық  әрекеттері  жүзеге   асатын   қаржылық-ақпараттық  кеңістікті қалыптастыруы  (7.15бб.)

Бірақ та бүгінде жаһанданудың жалпы мойындаған   концепциясы жоқ. Әлі де бұл термин түрлі елдерде, аймақтарда, қоғамдар  мен ғылыми пәндерде өзіндік  ерекше  мәндерге  ие болып   отыр. Соған қарамастан бұл процесс әлеуметтік — мәдени көптүрліліктің өсуін меңзейді. Басқаша айтқанда ол өте күрделі көп өлшемді процесс және ұқсастық пен өзгешелікті,  әмбебаптық пен фрагментаризмді ұғындыратын құбылыс.   Кейбір ғалымдардың, бұл процесті біріңғайлықты  қалыптастырушы әмбебаптық үрдіс деп қарастырады. Мұның айқын мысалы ретінде – жаһанды капиталистік экономиканың өсуіне мән берілуші  жаһанданудың экономикалық дискурсы  бола алады. Мұндай позиция әсіресе американдық саясаттанушылар мен әлеуметтанушыларына тән. Әлемдік-жүйелік баптың теоретиктері көп уақыттан бері әлеуметтік  даму  процесін ерекше  экономикалық  теория арқылы талдап келе  жатыр. Ондай зерттеушілердің алдыңғы  қатарында И.Валерстайн тұрғаны белгілі. Сондай-ақ, Париж Университетінің профессоры Ата  Худаштиан:  жаһандануды жетік түсіну үшін  бұл құбылысты тарихи аспектіде зерттеу қажет.  Жаһандану тарихи кезең болып  табылады, себебі  ол  коммунизм күйреген сәттен  бастап  пайда болып тарихтың жаңа фазасын жасады. Осы  мәселе туралы    Ә.Н.Нысанбаев өз ойын былай жеткізеді: Батыстың интеллектуалдық элитасы жаһандану  феноминін көп жағдайда асырып көрсетеді.  Олар  жаһандық    процестердің,   сондай — ақ өзара мәдени алмасудың өте  ерте кезден пайда болғанын  және Ерте Дүниенің   алғашқы  өркениеттер  уақытынан бастап әлемдік тарихтың маңызды  элементтері болғанын  ескере  бермейді. Біздің бүгінде  тап  болып отырған құбылыстарымыз   өткен  замандарда   сан рет  болып және оларды  сол процестер дүниеге   әкеліп  отырған. Көптеген тұрғындардың империялық  жүйеге бірігуі, олардың мәдени үстемдігі мен  кейінгі  күйрелуші империлардағы локалдық қайта  өрлеу ретінде танылған мәдени фрагментациялық  бөлінулері көп жағдайда зорлық — зомбылықпен жүріп отырған   көне құбылыс.[8.5б.] Осы пікірге  қосыла отырып К.С.Гаджиев: Егер өркениеттердің тарихи понарамасына ретроспективті түрде көз жіберсек, олардың әрқайсысы  бір  жағынан қоршаған ортаға әрқандай ықпал етіп, байланысып, алмасып отырса, екінші жағынан олардың  өздері сыртқы әсерлер мен ресурстарды-адамдық, материалдық-қабылдап  оларды игеріп өздерін ұдайы өзгертіп жаңарып  отырды деп  көрсетеді. [9.119бб]

Дамудың батыстық  үлгісінің   басымдылығын мойындау құқықтық режимдерді,  өмір  салтын,    құндылықтар  жүйесін  унификациялауға себеп болады.  Сондықтан мәдени — өркениеттік жүйелердегі  адамдардың  өмір салттарын  әмбебаптау  үрдісі  байқалуда.  Әлемдік аренада  Батыстық модель  «өркениеттік  стандарттың» үлгісіне  айналды. Кейбір жағдайларда жаһандану  әлемдік  унификациялау  процесі ретінде қарастырылғанда ол экономикалық  және  мәдени  империализмнің жаңа формасы немесе вестернизация, американизация, жаңа отаршылдық  ретінде  талқыланып  жүр.  Себебі, жаһандану туралы теориялық зерттеулердің  басым көпшілігін  ағылшындық, скандинавиялық  және  американдық  ғалымдар  жасаған. Ал  американизациялау  деген  шын міәнінде  жаһандануды  американдық ұлттық  мәдениет  элементтерімен  толықтырылған  нақтылықты  білдіреді.  АҚШ   қазіргі уақытта  әлемнің  ең  ықпалды  ақпаратты орталық.  Сондықтан ұлттық  егемендікті шектеу,  әлемдік тұтас  құқықтық  аланды жасау, әлемдік экономикалық және саяси басқару органдар  концепциялары өзінің  дамуын жалғастыруда.  Мәдениет  өрісіндегі  американизацияның  ерекшелігі рационалдық матрицалардың иррационализациялануы мен сандық сипаттарға, тұтынудың өсуіне, сапалық деңгейді  қолдауға, мәдени образдарды виртуализациялауға жете мән  қойылуында. Осылардың салдарынан өзге елдер өкілдерінің  жаһандануды  вестернизацияның  жаңа  түрі  деп  айтуына негіз  болып  отыр.

Жаһандану мен модернизациялақ процестер өзара  қиылысып отырғандықтан  олар бір-біріне ұқсас және  жақын  міселелерді туындатады. Оның себебі, жаһандану  модернизация сияқты  социумды, ал онымен бірге  бүкіл  әлемді  өзгертуді  көздейді.  Бірақ ондай  өзгерістердің салдары немесе нәтижелері  әртүрлі  және олар әртүрлі бағаланып отырады. Бұл процестер біреулер үшін оптимизм мен  жақсылықтың бастамасы болса, ал басқа біреулер  үшін жат, жағымсыз құбылыс. Әрине  оларды  түсінуге болар, себебі өзгерістер көптеген адамдардың  үйреншікті  жағдайларын  бұзу мен  бірге оларды  маргиналға айналдыруда. Ғылыми еңбектерде жаһандану мен вестернизацияның арақатынасы туралы екі зерттеу бабы байқалады. Біріншісіне сәйкес жаһандану модернизацияның салдары немесе нәтижесі, ал  модерндік ол – Батыстық дамудың өнімі. Басқаша айтқанда, оны кеңейтілген вестернизация, батыстық капитализм мен батыстық институттардың таралуы ретінде ұғынуға болады. Мұндай көзқарасты С.Амин, Л.Бентон қолдайды. Ал, А.Гидденс, Р.Робертсон, М.Олброудың  теориясына сүйенген екінші бапқа сәйкес, жаһандану вестернизацияға қарағанда әлде қайда  кең процесс ретінде  жарияланды.  Оның дәлелі, жаһанданулық процеске қатысып отырса да олардың негізгі құрылымдарына вестернизация ене қоймаған  Оңтүстік-Азиялық елдері көрсетуге болады.  Көптеген  батыстық  емес мемлекеттер жаһадануды  өздеріне туған қатер  деп санайды.

Осыдан бірнеше он жылдық бұрын, ішкі және сыртқы саясат тек ұлттық мемлекеттердің функциясы болатын. Ал қазіргі  жаһандану кезеңінде тіпті басқа жағдай қалыптасуда – бүкіл әлем бірлескен комплекске айналуда. Мұндай жағдайдың бірден бір себебі, саяси  қайраткерлер мен  ұйымдардың, Үкіметтер мен мемлекеттердің болып  жатқан оқиғаларды  бақылау, шешімдерді  қабылдап оларды жүзеге  асыру қабілеттері  тек олардың ішкі мүмкіншіліктеріне емес, сондай-ақ сыртқы әлемдегі  жағдайлар мен ықпалдарды ескеру қабілеттерімен  байланысты. Ұлттық мемлекеттер шекарасына  сырт  елдерде   немесе халықаралық ұйымдармен қабылданаған шешімдер  мен әрекеттерінің ролі өсе түсуде. Ұлттық экономикалар   арасындағы шекаралар  азайып бұрын тек ішкі саясат мәселелеріне тиесілердің көпшілігі халықаралық — саяси сипат алуда. Басқаша айтқанда, бұрын болмаған, ішкі  саясат пен сыртқы саясаттың өзара іштесу процесі үдей түсуде. Барлық бұрынғы  ережелер,  тәртіптер  мен  әдеттер  бүгінгі саяси басқару практикасына жеткіліксіз.  Мұндай үрдістер  кейбір  мемлекеттердің  халықаралық субъектісі ретіндегі ролін өзгертеді. Қазіргі уақытта  халықаралық қатынастар жүйесінің жалпы   трансформациялануы анық. Саяси шешімдерді қабылдауда үкіметтік  емес  ұйымдардың ықпалы өсе түсуде.  Ұлттық және халықаралық емес ұйымдар – құқық қорғаушы, діни, экономикалақ т.б. – қоғамдық  пікірлерге, саясатқа, заң шығаруға белсенді ықпалдарын тигізіп, өздері  әлеуметтік қорғау  қызметін атқарып,  кейбіреулері БҰҰ-ның комитеттері мен  комисияларының жұмыстарына қатысып отырады. Мұның өзі үкіметтік  емес  субъектілер  бұрын мемлекеттер атқаратын біршама қызметтерді өздері атқаруда. Сонымен халықаралық қатынастар жүйесінің жалғыз қатынасушысы ретінде болған мемлекеттер бүгінде демонополизациялануда. К.С.Гаджиевтің айтуынша, қазіргі замандық әлемдік  қауымдастықта кем дегенде қатынастардың үш комплексі анықталған: мемлекет пен мемлекет, мемлекеттер корпорациялардың корпорациялармен қатынастары.  Сондықтан  егеменді ұлттық мемлекеттер  өте күрделі процестерге қатысуда.[9.119бб] Осы процестер  Дж  Розенаудың  «әлемдік саясаттың екі әлемі» туралы пікірге келуіне  негіз болды.  Бірінші әлемде егеменді ұлттық мемлекетер болса, ал  екінші  әлемде мемлекеттік емес ұйымдар, бірлестіктер,  корпорациялар  т.б.

Соңғы он жылдықта шетелдерде жаһандану мен демократизация жәй  доминанта емес, олар қазіргі замандық әлемнің даму үрдісінің өзара толықтырушысы және өзара нығайтушысы деген көқарастар басым.  Олар мұндай тезисті  күмәнсіз шындық ретінде көрсетіп, ешқандай теориялық дәлелдеуді қажет етпейді деген пікірді қорғайды. Әрине жаһандану мен демократизацияның өзара себептелуі туралы көзқарас асығыс тұжырым.  Шын  мәнінде әлемдік  саяси  практика көрсеткендей жаһандану мен демократизацияның өзара  байланыстары өте  күрделі де біркелкі емес. Бір жағынан жаһанданулық процестер экономикалық даму демократиялық реформаларды ынталандырып отырса, /Оңтүстік Корея, Тайвань/, екінші жағынан  ол     авторитарлы   режимдердің легитимдігін нығайтуда /Синтапур, Сауд Арабиясы/. Басқаша  айтқанда,  жаһандану мен демократизацияның себептелген  байланыстары біркелкі реттілікке /линейный/ сыйыспайды. Себебі жаһандану біздің әлемді «нығыздаумен» бірге ол   түрлі қатынастардың /экономикалақ, әлеуметтік,  саяси, технологиялық т.б./ көп  жақтарын ажыратып бөлшектейді. Жаһандану теңсіздік дәрежесін көбейтіп дамудан қалыс қалғандарды постиндустриялдық авангардтың шикізаттық ресурсына айналдырып олардың  даму ұмтылыстарының перспективасын мәнсіз етеді. Әлемнің жаһандану әсерінен жіктелуі тек әлеуметтік — экономикалық құбылыс емес, ол саяси және әлеуметтік — мәдени сипат алуда.  Мысалы бүгінгі діни фундаментализмнің өзі жаһандану мен демократизацияның тиімді симбиоздық кескіні туралы пікірлерді көп жағдайда қиялға айналдырады. Сондықтан, жаһандану демократияны ұғынудың  проблемалық аланың қайта қарастыруға итермелеп  те отыратыны байқалады. Басқаша айтқанда  ең алдымен демократияның «көлемі» мен «өлшемі»  және демократиялық  құрылыстың өзі  туралы мәселелер  туындауда.  Себебі антикалық полис демократиясы  ұлттық мемлекет  практикасына жарамсыз болғандай, ұлттық мемлекет  шеңберінде  қалыптасқан демократиялық практика  жаһандалған  әлемге бейімсіз  болуы мүмкін. Осы пікірге сәйкес, кейбір  жағдайларда демократия ұлттық мемлекет шеңберінде дамушы «ішкі процесс»  ретінде танылады. Біз үшін  демократизация күні кеше өзінің ауқымы жағынан  жаһанды,  ықпалы   жағынан универсалды болып көрінгенмен,  бүгінгі күн оның  өзін сын  көзбен қайта  ойластыруды талап етеді.

Қарастырылып отырған процестің мәселесі — дәстүрлі емес  «ашық»  жаңа  жүйелі әлемге түрлі халықтар мен   мемлекеттер бірдей дайындықсыз, өздерінің экономикалық, әскери-стратегиялық және ақпараттық әлеуметтері жағынан айтарлықтай айырмашылықтармен келеді.  Ал жаһанданған  әлемде олардың арасындағы  мұндай айырмашылықтар жақындаудың  орнына олар алшақтап бара жатыр. Мұндай жаһандалануда әлем  жекеленіп  іштей шиеленіскен,  белсенділер;   үстемшілер және біршама  енжарлы   элементтер болып  бөліну   қалпында.  Қазіргі  замандық   әлемнің мұндай тұрпаты жаһанданулық процестегі ондай элементтердің  конструктивті ролін  жоққа   шығарып, өздерінің  экономикалық, саяси және мәдени қиындықтары мен мәселелерін солармен байланыстыруда. Мысалы, А.С.Панариннің айтуынша,  ондай  мәселелерге:  табиғи ортаның  бұзылуы, экономикалық босқындар,  жаһанды қаржылық спекуляциялар, әлемдік  компьютерлік  қылмыстар,  халықаралық қылмыстар мен терроризм, халықтардың мәдени және ұлттық ұқсастықтарын  жоғалту қаупі т.б.  жатады.[10.11бб]

Тұтастай алғанда, ресейлік ой-парасатына  жаһандануға  деген жақтырмаушылық көзқарас тән. Ресей саясаттанушысы  А.Панарин өзінің «Жаһанданумен дерттену» атты монографиясында жаһандану процесін  жойқын сынға ұшыратты. Ол  жаһандануды «үшінші  дүние»  елдері  үшін,   дамушы және  өтпелі кезең   елдері  үшін апатты  жоба   ретінде көрсетті,    жаһандануды табиғи ресурстарды соңғы рет  бөлу, экономикалық жағынан барынша дамыған державалардың пайдасы  тұрғысынан, трансұлттық корпорациялардың  пайдасы тұрғысынан  ұлттық  мемлекеттерді жаңағы ресурстарға деген меншік  құқығынан  айыруды  мақсат ету деп  түсіндірді. Оның  айтуынша,  мұндай  бөлудің нақты  тетіктері ретінде   шикізат ресурстарын мүмкін  болғанша аз өңдей  отырып, басым  түрде экспорттау,  капиталды әкету эконномика инфрақұрылымының жоқтығы, ұлттық элитаның  халық мүддесін сатып кетуі, ұлттық мемлекеттілік пен  дәстүрлі  мәдениеттің  күйреуі  бой көрсетеді  деп баяндайды.[11.184бб]

Сонымен жаһандану деген не? Бұл сұраққа ресейлік ғалым В.М.Межуев «Әлемдік қауымдастықты құрушы ұлттық мемлекеттер мен аймақтардың, өзара тәуелділігінің өсуі, олардың барлығына ортақ экономикалық, саяси және мәдени жүріс-тұыс тәртіптері мен ережелерінің бірітіндеп бір жүйеге бірігуі» деп анықтама береді.[3.18 б].

  Сондықтан, егер жаһандануды  тек әлемдік  капиталистік  жүйенің экспансиясына, нарықтық  жаһандануға теңестірген  жағдайда болашақтың  ондай  болуы мүмкін.

Қазіргі таңда жаһандануға енудегі бірнеше үрдістер байқалады:

1.Өзгерістердің аумақтылығы мен   комплекстілігі,  әлеуметтік  құндылықтардың барлық параметрлерінің трансформациялануы. 

Жаһандану теоретиктері  жекеленген  жақтардың нақтылы өзгерістеріне емес, олар  өзгерістердің  өзара байланысуы мен  өзара себептелуіне  мән қояды. Басақаша айтқанда олардың көңілі иновациялардың кеңістіктік — географиялық параметрлеріне ауысқан. Трансформациялық процестер  қоғамның  барлық микроқұрылымдарына еніп  бұрынғы жабық әлеуметтік бітімдерді ашып отыр.  Бұл процестің бойлап  тереңденуі  әлеуметтік  уақытты  да қабылдауды өзгертеді. Әлеуметтік  уақыт  болса,  бірқатар кесімдерге  бөлініп олардың әрқайсысына ерекше қысқа  мерзімді өмірлік  «жобаға»  сәйкестеледі. Ал  әр  кесімнің  «жобасы» аяқталған кезде даму  траекториясын  радикалды өзгертуші  жаңа кесім пайда  болады. Оған ұйғарылғандар үшін, тіпті жанұйя  сияқты дәстүрлі институттың  өзі  экспериментке  айналуы  мүмкін. Айналадағының   барлығы  тұрақсыз  болып субъектілердің мұндай  процестерге   жедел  бейімделуін  талап    етеді. Сондықтан өзгерушілік   пен   «бейімдеушілік» ең  басты позитивті  құндылыққа айналады.

  1. Жаһандық құндылықтар мен бағдарланулардың локальдықтан  басым  болу.

Жаһанданудың  әлеуметтік  құрылымға  терең бойлап  олардың  субъектілерін  жаңа мәнділік иесі  қылу оның  маңызды ерекшелігі.   Жаһандық шындықтар әлеуметтік  сана мен жүріс — тұрыстың тіпті  ең консервативті  және тұрақты құрылымын  түбегейлі өзгертеді.  Сондықтан ескіден арылу  процесі  өте  жедел  және  анық  өту   үстінде. Кезкелген инновация алдын — ала тиімді деп қабылданады,  себебі ол  жаһанды.  Сонымен  жаһандық,  ең жоғарғы құндылық  дәрежесіне  ие  болуда.  Ендігі жерде жалпы әлемдік деңгейге шығу  үшін  локальды әлеуметтік институттарға вертикалды иерархияның   барлық  сатыларынан өтіп    отырудың керегі жоқ.  Жанұйя, кіші топтар,  жергілікті  ұйымдар,  қозғалыстар мен институттар жаһандық процестерге қатысудың  жаңа формаларын  көрсете  отырып,  өздері  тікелей жаһанданылуда. Вертикалды иерархияның мәні күрт  төмендеуде.  Ақпарат, қаржыландыру, түрлі  көмектер  жоғарыдан    келмейді,   олар горизонтальды жолмен келуде.  Түрлі  деңгейлер бір бірінен  қашықталып дербес   тіршілікке ұмтылады. Бұл үрдістің негізді екендігі электораттардың макросаясатқа деген күмәнданудың өсуінен байқалады. 

  1. Мәдениеттің гибритизациясы. 

Жаһандану, біздің мәдениет туралы  түсінігімізді   радикалды  түрде өзгертуде. Бүгінгі жаңа жағдайда   бірікпейтін  бөліктерден тұратын, тым тұрақсыз да дәстүрлі контекске қайшы  келетін көптеген түрлі жаһанды  және локальды «әлеуметтік — мәдени»  гибридтердің  пайда  болуын  көрсетіп отыр.

 4.Ұлттық мемлекеттік факторлардың әлсізденуі.    

 Жаһандану ұлтшылдықтың кезкелген   көріністерінің, ұлттық мемлекеттердің, ұлттық әлеуметтік  дәстүрлердің  немесе сананың белгілі  түрінің   мәнін  шайқатуда.  Түрлі қоғамдар  өздерінің горизонтальды  құрылымы бар   конгломерациясын  жасауда.

 5.»Ішкі» феномендердің босатылуы, «сыртқы шығуы».          Құндылықтар мен құндылықты бағдарлануларды  интернационализациялау қоғамның  реттеуші — нормативтік қызметін  айтарлықтай  трансформациялап және азаматтық  қоғам  мен басылып  отырған,  бұрын  әлеуметендірілмеген  «ішкі»  феномендер  жаһандық   процестер  мен  институттарда маңызды орын  табуда.   Түрлі  әлеуметтік  «типтер» мен  модельдердің  болуы, рационализациялаудың принципінің бірі болмауы,  «ішкі» феномендермен еркін қатынас жасау әлемнің  жаһандық — постмодернистік кескінінің  ажыратылмас бөліктері.

  1. Рационалдылықтың «қазіргі замандығынан», «болашақ замандық» типіне өтуі.

Жаһандану ерекше  нормативті — теориялық  парадигма /үлгі/ ретінде «қазіргі замандық» қоғам шеңберінде жасалған рационалдық концепцияны  да  өзгертуде.  Рационалдылықтың, көптүрліліліктің  еркіндігін көздеуші  жаңа моделі өзінің бейнесін «мультикультуризм теориясынан» тауып   отыр. Оның негізінде регионалдық және кәсіби топтардың мәдени карталарының алуан  түрлілік принципі жатыр.

Жалпы, қазіргі замандық ақпараттық байланыс технологиялардың  дамуы экономикаға, саясатқа, мәдениетке   және  субъектілердің әрекеттеріне түбегейлі өзгерістер әкелді. Көп жағдайда ұлттық мемлекеттер мен бірге әлемдік саяси процестердің маңызды жаңа субъектілері ретінде, мемлекеттен тәуелссіз әрекет етуші, трансұлттық ұйымдар мен қозғалыстар,  индивидтер белсенділік көрсетеді. Мұндай құбылыстар халықаралық мәселелердің даму динамикасына тегеурінді ықпал етуде. Әлемдік жаңа инфраструктура  негізінде көптеген халықтардың, елдер мен аймақтардың әрекеттестігінің экономикалық, экологиялық,  саяси,  әлеуметтік,  мәдени  т.б. формаларының көлемі  өсіп  тереңдеді. Сондықтан, жаһандану туралы пікірталастардың мәні тек оның ұғымдық түсінігімен байланысты емес.

 

1.2 Жаһанданудың тұлғаның саяси мәдениетіне   тигізетін әсерін бағалаудағы  әлеуметтік-мәдени тәсіл.

 

Жаһанданудың өзіндік идеясының беделін сақтау мақсатында оның өзге моделін қарастыру  қажет. Ол мәдени жаһандану. Мәдениетті   жете ұғыну және оның  қызмет  етуінің нәтижелері,  әлемдік  көлемде жаңа шындықты жасаудағы  жаһанды эволюцияның факторы.  К.Манхейм  1930-шы жылдары саяси демократия деген мәдениеттің жалпы  қамтушы принципінің  бірден  бір көрінісі  деген  пікірді айтқан.  Сондықтан мәдениетті экономикалық жаһандануға қарсы жай реакция деместен, оны жаһанданудың шешуші  аспектісі  ретінде  түсінуге болады.  Осыған  байланысты  Н.Н.Федотова:  мәдениеттің  жаһандануы  әлемдік  көлемде мәдени   біркелкілікті орнату деген емес.  Бұл  процесс мәдени қақтығыстар мен қайшылықтарды қамтып  отырады.  Түрлі мәдениеттер мен өркениеттер қақтығыстары мен қайшылықтары қазіргі замандық   көп  полярлы әлемнің  негізгі факторы  деп көрсетеді.[13.18б]  Басқаша айтқанда, мәдениет пен  дамудың  өзара себептелуі  мен  әлеуметтік-мәдени   динамика  қазіргі  замандық әлемнің кеңістік — уақытық трансформация үлгісін  жасаушы  деген пікірге келеміз.  Жаһандану процесінің  кеңістіктік — уақыттық  динамикасының  өзіндік әлеуметтік өлшемі ретіндегі анықтаманы З. Бауман былай  келтіреді: Кімдер мұны өзіне мүмкін ете алса, олар уақытқа сай өмір сүреді. Ал кімдердің мүмкіндіктері болмаса, олар «кеңістікте» тіршілік  етеді.  Алдыңғылар үшін кеңістіктің маңызы жоқ,  ал  кейінгілер болса, бар  күшін  салып  өз кеңістігіне мән   беру  үшін  күреседі.[14.176бб]

Сонымен жаһандану ол Азияның өрлеуі ғана емес, ол Шығыс  пен Батыстың байланыстарының күшейуі және  батыстық емес қазіргі замандық дәстүрлі құндылықтар мен мәдениеттің  экстенсивті туралы ғана емес.  Батыстық мәдениеттің өзі де  батыстық емес мәдени және құндылықтық бағдарланудың ықпалын сезінуде. Мұндай  процестің барысында мәдениеттердің өзара енісуі мен бәсекелестігі жүруде. Американдық  белгілі ғалым С.Хантингтон, экономика мен ақпарат өрісіндегі жақындасулар мәдени айырмашылықтарды асқындырады, ал соның салдары локалды немесе жаһанды деңгейдегі  даудамайларды туындатуы мүмкін  дейді.[15.18б]  Бұл пікірге У.Ганнерс қосыла отырып-мәдениеттің унификациялануын; бөтен мәдениеттермен толығуын;  батыстық емес елдерде батыстық мәдениеттің құлдырауының; диалог пен алмасу нәтижесінде  әлемге ортақ мәдениеттің болу мүмкіндігін болжайды. 

Ал Э. Валерстайн жаһандануды  нақтылы  барлық мәдениеттерде  жаңа жаһанды мәдениет  пен әлеуметтік  контекстің жасалуы ретінде түсіндіреді. Ол  мәдени  координаттар жүйесін білдіретін «геомәдениет»  түсінігін ұсынды. Қалай болғанымен бүгінгі халықаралық әрекеттестіктің позитивті де жақтары бар. Өзара  әрекеттестік  барысында Шығыс  елдері өз экономикасында батыстық технологияларды қолдануға мүмкіндік  ашылады.  Сондықтан қазіргі замандық жаһандану үшін жаңа философия қажет. Ол Шығыс пен Батыстың өзара түсіністік  философиясы болуы тиіс. М.А. Бирюковтың пікірінше, қазіргі замандық жаһандану өркениеттер, аймақтар, ұлттық мемлекеттер, жергілікті халықтар, мемлекетінен айрылғандарға  өздерінің тарихы мен ұқсастықтартарын құрастыру үшін  жаһанды жағдай жасауда. Әлемдегі халықтар мен  аймақтарда өзіндік ерекшелік көріністер  күрт өсуде.  Жерігілікті дәстүрлер  мен ерекшеліктерді қорғау жаһанды феноминге айналды.  Жаһандану  әлі  де  болса  өз  территориясы мен  табиғи ресурстарын бақылаушы  ұлттық  мемлекеттердің әлемдік  аренада жетекші субъект ретіндегі  ролін  жаңаша  ұғынуды  талап  етуде. Жаһандану заманында ұлттық мемлекеттердің автономиясы мен егемендігі тұрақты  түрде тарылуда. Екінші жағынан, көп жағдайда  халықаралық кооперация  мен интеграция мемлекеттерге өздерінің ұлттық және  стратегиялық мүдделерін тиімді қорғауға мүмкіндік береді. Коммуникациялар, көпшіліктік  турризм мен көптеген миграциялар ұлттық мемлекет саясатының дәстүрлі ұғымын өзгертуде. Бұл процесс көп  уақыттан бері  ұлттық тіл мен  локальды  таптауындарға  сүйенген  саяси   қауымдастық  туралы түсінікке де  қатысты.  Жаһандануды қарапайым  түрде түсінуге   болмайды. Себебі ол   бейбітшілік пен  келісімді  нығайтуға әсер ету мен  бірге  ұлтшылдық және этносепаратистік   көңіл күйлерді де күшейте түсуде. Соңғы жылдары әлемде ұлттық партиялар мен қозғалыста айтарлықтай өсті. Кейбір жағдайларда  ұлтшылдықтың өсуі  жергілікті ұлттық  дәстүрлердің жаһандануға қарсы күрестің формасы болды. Ұзақ тарихи перспективада ұлттық мемлекеттер жаһанданудың аспектісі ретінде дамыды деп айтуға болады.[16.33бб]

Жаһанданудың  мәдени аспектісі, соның ішінде инвидтердің санасы жайлы көптеген ғалымдар зерттеулерін жүргізді. Олардың бұл мәселе жөніндегі бірқатар тұжырымдарына тоқталып кетейік.

Ақпараттық  технологиялар  анағұрлым  табысты  болып,  енді коммерциялық тиімді бизнес   ретінде  заттарды   қайта   жаңарту  емес, индивидуалды, коллективистік  адам санасын  жаңғырту  болып  табылады.

Ақпараттық технологиялар алғаш рет, сананы  қалыптастырудағы  мемлекеттік    үгіт-насихатқа қарағандағы  ең  жеңіл технологиялар мен  механизмдерді  дүниеге әкеліп, коммерциялық  тиімді  және де  баршаға  қол жеткізерлік  болды.  Нәтижесінде  санамыздың өзгеруімен, енді  ұлттық  тіпті «әлемдік» үкімет   емес, кезкелген  әлемдік  «продукт» айналысады.  Алдыңғы  қатарға  PR технологиялар шығып,  бұл технологиялар дәстүрлік маркетингке қарағанда тауарды адамдардың мұқтаждықтары мен талаптарына бейімделмей,  керісінше керекті  тауарға адамдарды  бейімделу үстіде. Сана қалыптастырудың ең тиімді бизнеске кәсіпке айналуы — коммерцияның жеке мәселесі емес.  Ол жалпы  адамзаттың  дамуын өзгертуде:  егер де бұрын адамзат  қоршаған  әлемді өзгертсе, енді адамзат өзін — өзі   өзгертуде. Өз әрекетінің эффективті, ықпал ету мен тартымды күшіне  орай, ақпараттық қоғам элитасы  болып,  сана қалыптастыруға қатысатын кезкелген адам бола алады.  Бұл «ақпараттық қоғам» ерекше дүниетанымдық көзқарасқа, өзіндік  құндылықтар жүйесі мен жүріс — тұрыстың стиліне  ие болып,  қазіргі  танда әрбір қоғам шеңберінде қоғамдық және индивидуалдық сананы өзгерту  мен қалыптастыруға қатысады.[16.185бб]

Жалпылықтың белгісі жаһандану, өзінің гумандық мәні мен талқылауда стандарттылық пен унификациялаудан бөлек. Жаһандану –өзіндік ерекшеліктері  мен индивидуалдылық қасиеттерінен ешкімді бас тартуға   міндеттенбейтін  баршаға ортақ және  тиесілі процесс. Екінші жағынан, жаһандының  барлығы тек  локальды, жеке және автономды  болып қалмай, енді баршаға ортақ болып келеді. Бұл неліктен  және қалай мүмкін болып отыр?  Осы сұрақтың жауабы, адамдық қатынастардың барлық жүйесін гумманизациялауға  қабілетті жаһандануды  процесс  ретінде ашып, түсінуге толықтай мүмкіндік береді.

Жаһанданудың мәнін  феноменологилық  жағынан гөрі құбылыстар мен процестердің тереңірек деңгейінде ашуға болады.  Бастамасы ретінде  келесі объективті фактіні:  әлемде автономды,  басқалардан бөлек  болып, өзара байланыссыз ешбір мемлекет, ешбір халық  өзі шеше алмайтын  мәселелердің пайда болуын мойындау  болып табылады. Кезкелген ұйымдастырушылық шектеулер  мен саяси қадағалауларды аттап өткен ақпараттық технологиялардың дамуынана туған әлемдік кеңістік пен уақыттың  тығыздалуына орай, енді халықтар мен мемлекеттердің өзара араласудағы ұйреншікті амалдар  мен  механизмдер  енді көздеген нәтижені бермей, қажетті қызмет атқармауда.  Мемлекеттер   мен  қоғамдар қазіргі заман,  уақыт талаптарынан туған мәселелрді  өзара келісіп, бірлесіп шешуге  мәжбүр болды.  Өзара тәуелділікті жаһанданған қоғамның  тек  қана тенденция  мен қажеттілік ретінде түсінбей, сонымен бірге  оны адамдар ынтымақтастығының   негізгі принципімен  бірлесіп  тұрудың  заңын ету  қажеттілігін  түсіну болып табылады. Жаһандану көбінде  болжамсыз да қайшылықтарға толы феномен. Сондықтан, бұл процесті  зерттеумен айналысқан  авторлардың концепциялары мен көзқарастардың негізін белгілеп,  ажырату маңызды. Философиялық -әлеуметтік концептуалды жағынан қарағанда, әлемнің біртұтастық  жөніндегі көзқарастарға ерекше   көңіл бөлуге жөн.

Біз барлығымыз — христиандар  мен мұсылмандар, иудейлер мен буддистер, әртүрлі мәдениеттердің адамдары болып, ортақ жер шары кеңістігінде өмір сүріп жүрміз. Бөлек уақыттық белдеуде, әртүрлі күнтізбектер бойынша өмір сүре отырып, қазіргі заман  атты  кезеңнің адамдарымыз! Бізді  ортақ  игілік пен махаббат   сезімі ғана біріктірмейді, сонымен бірге, түрлі  саяси,  діни көзқарастардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарына  қарамай, баршаға  төнген қайғы — қасірет  те біріктіреді.  Бұл – аурулар,  жер,   су  апаттары, өлім алдындағы қорқыныш  пен болашаққа деген сенімссіздік. Осыдан көретініміз, зұлымдылық   оған қарсы тұру үшін адамдарды біріктіретін бірден — бір факторы болғаны.

Жаһандану — әлем қауымдастығының барша халықтыры, мәдениеттері   және  өркениеттерімен жоғарғы игілік ретінде,  тек егер де өзіңе адам мен аламзат өмірі үшін күресті жеңу үшін қажетті талаптарын  біріктірсе  ғана қабылданады. Міне бүгін, осы  талаптар мен қажеттіліктерді өтеудің  уақыты келді.

Өркениеттердің қақтығысынан өзгеше,  біз – мәдениеттер мен өркениеттердің алуан түрлілігін,  адамдар  мен халықтардың, ұлтттар мен  мемлекеттердің бір — бірімен, табиғатпен  бірлесіп  өмір сүрудің  тарихи қалыптасқан тәсілі ретінде түсінеміз.  Ерекше көңіл – біртұтастыққа, дәлірек айтқанда, алуан түрліліктегі біртұтастыққа бөлінеді.   Мұндай бағыт және көзқарас жаһандану феноменін толықтай түсіну  үшін анағұрлым тиімді де жемісті болып келеді.  Басқаларға  өмір сүруге кедергілерді туғызбай, өмір  сүруге үйренуде жаһанданудың негізгі ойы  жатыр.

Бірлік пен біртұтастық басымдылықтарында тұрып, әрине  құндылықтардың маңыздылығы тұрғысынан төмен  деңгейде  тұрмаған  әлемнің алуан түрлілігін ескермеуге де болмайды.  Ал, гегемонист -глобалистер  мұны  ескермей, халықтар мен этностардың өмір сүру келбеттерінің ерекшеліктері мен мәдениеттерін өшіріп,  олардың біріңғай өркениеттік болмысқа табынуды көздейді. Баршаға «эталонды» тиімді әлемдік тәртіп  пен өмір  салтын жүктеу дағдарысын тарихтағы болған ұлы империялар  мен «ұлы  ойлардың» құлдырауынан көруге болады.

Сондықтан да, әлем тұтастығы мен бірлігі жөніндегі тұжырымдарды тек  экономика және  экологиялық салаларға байланысты көрсеткен  зерттеушілердің сақтанғыштығын түсінуге  болады.

Саясат пен мәдениет салалары жайында сөз  қозғағанда, мұндай тұжырымдарды олар біркелкі қолдана алмайды. Жаһандану өзі туралы   бұл салаларда түсінік беріп, олардың толыққанды дамуы мен тіршілік етудің басты принципі мен заңы  болуы тиіс. Жаһанданудың талаптары  мен мәселелері ортақ  байланыс нүктесіне ие болып, жаһанды қоғам болашағының адами өлшемдері  жөніндегі  сұрақ пен сол жаһандану процесінің төңірегінде шоғырланған. Оның  барлығы да, келер  әлемдік  тәртіп,  жүйе  мен  жаңа  заман   қаншалықты адамзатқа тиімді,  гуманды  болады деген сұраққа келіп тіреледі.  Міне, осы сұраққа бүкіл әлем жауап беруге тырысады. Әлемдік діндер мен мәдениеттер ынтымақтастық, шыдамдылық, бостандық, теңдік, бауырластық,  келісім  және    басқа   да адам болмысының өмірлік мәндері мен универсалды құндылықтарды қалыптастыруға   өзінің үлкен  үлесін қосты.  Әрбір тарихи  кезең бұл  құндылықтарды жүзеге асыруға тырысты. Бірақ,  өкінішке  орай, бұл игілікті де жоғарғы мақсаттарға жетуде бұрмаланған тәсілдерді  қолдану кесіренен аяғында бұл талпыныстар сәтссіздікке ұшырап отырды.

Жаһанды  әлем дәуірі – бұл адамзаттың бір тұтастығы идеясын жүзеге асыруға  уақыты мен сәтін салады. Жаһанды қоғамның  әлеуметтік, рухани және этикалық парадигмасына  бағытталған ізденістер,  міне бұл мақсатты көздейді.   Ал олардың қаншалықты  сәтті болғанына жаһандану прцесінің соңғы нәтижелері  мен тағдыры тәуелді. [17.188бб]

Жаһандану процестері жөніндегі түсініктер  әлем дамуының  тек бөлек аспектілеріне тиесілі ғана  болып тұрған таңдаулы көзқарастардың болуы  дұрыс емес. (Мысалы,  экономикалық, саяси және технологиялық). Назар кеңістігінен тыс, әлемнің алуан түрлі процестері мен оларды  айқындаушы факторлар  қалып отыр, ал оларды ескермесек, бұл жайлы көрініс  фрагментарлық болуға ықтимал. Әдеттегідей, әлем кезекті  тарихи кезеңнің өзгеруіне дайын бола алмады және де бұл  дайын болмаушылық интеллектуалды, сонымен бірге институционалды салада  сияқты психологиялық салада  да көрініс табады.  Әсіресе, қазіргі таңда назардан тыс қалып отырған  дүниетанымдық  ұстанымдар мен құндылықтардың маңыздылығы мен ролі ерекше. Осыған  орай, мәселені келесідей қоюға болады:  «Бұрыңғы дүниетанымдық көзқарастар мен құндылықтық ұстанымдардың өзгеруінсіз, «жарық болашаққа» өтуге  бола ма? Немесе нақтырақ айтқанда, неолибералды экономикасына, тұтынушылық қоғам мен бұқаралық мәдениетке ие Батыс қоғамы үшін бұл «жарық болашаққа» қол жеткізе алады ма?». Бұл  сұраққа өзіндік жауабын   профессор  В.И.Пантин беріп, оның пікірінше: «…қоғамда ұстемдік етіп отырған дәстүрлі құндылықтар  жүйесі мен  дүниетанымдық  көзқарастардың өзгеруінсіз, жаңа саяси  әлеуметтік институттарды қабылдауға,  жаңа эффективті технологияларды пайдалануға, сонымен бірге мықты  демократияны орнатуға  мүмкіндік болмайды.»[18.32бб].

Жаһандану европалық құндылықтар жүйесінің  трансформацияланудың кезеңі ретінде қоғам  тарихындағы құндылықтар жүйесінің  эволюциясының  жаһандалынған кезеңіне  алып келді.   Жоғарғы  құндылықтан  бас тарту басқа да  құндылықтардан бас тартуға апарды. Құдайдан бас тарту мен көсемге деген сенімссіздік жағдайында азамматық мұрат болып,  түрлі «міндеттерң мен беделге көз жұмуға алып келетін шекссіз  бостандық қалыптасты. Адам енді, тек өз күшіне сенуге мәжбүр болды. Бостандыққа деген табынушылықты уағыздаған қоғам сырттан жүктелген жалған ойларға қарсы сақтана алады. Өйткені, ашық  азаматтық талқылау бар нәрсені  жайына қоюға мүмкіндік береді. Бірақ, бұл бостандық қоғамы   өзіне-өзі, өзінің шекссіз бостандыққа  ұмтылған  қажеттіліктеріне  тәуелді болып қалады. Жоғарғы руханилық ролі бірте-бірте  төмендеп, алдыңғы қатарға материалдық құндылықтар  шығады. Адамдар өздерін тәуелссіз сезінуге көмтесетін ақшаға, материалдық  дүниегге сыйына бастайды. Жаһандану–бұл  адамдарды батыстық санау жүйесіне аударуға  деген үмтылыс. Тауарлар мен әртүрлі қызмет түрлерінің әлемдік нарықтағы  шекссіз айналуы этностар мен халықтардың  автономиясы мен егемендігіне тап болады. Әдеттегі жағдайда  тауарлардың мұндай шекссіз айырбастауы идеялық — мәдени, руханилық жақындау мен унификацияланумен толықтыруды қажет етді. Ал егер де, мәдени интеграция жасанды процесс ретінде ғана қабылданып  отырса,  экономикалық   жаһандану  антиглобализмді  жандандырады.[19.191бб]

       Тарихи  процестің объективті  жүріс  тұрғысынан  қарағанда, қазіргі таңдағы жаһанданудың мақсаты – экономикалық, саяси, технологиялық қоғамның жаһанды қоғамға өтуге қалыпты жағдай жасау.  Бұл  жердегі жаһанды қоғамның басымыдылығы ретінде  Мегақоғамның рухани орнығуы мен адамның  жаңа инвидуалдылық санадан бірлік, ұжымдық санаға өту болып табылады. Қазіргі Мегақоғамның құрылымы күрделене   түсті.  Бұл  екі бөлікті  қатынастардан  (мемлекет — мемлекет) көп бөлікті қатынастарға (мемлекет — транснационалдық экономикалық құрылымдар – алықаралық институттар — халықаралық саяси  емес  ұйымдар) өтуде  және   осыған  орай,  халықаралық  қатынастармен қатар ішкі  жаһанды қатынастардың пайда  болуында   байқалады. Әлемді  ондағы адам  әрекеттерінің  бөлек  салаларын  ғана  ескеріп,  суреттеуге болмайтындығына  оралатын болсақ, Мегақоғамның барлық толыққанды  бөліктерінің  қарастырылуы міндетті. Сонның  ішінде,  әсіресе   бөліп  шығаратыны  үш  түрлі  салаларға жатқан факторларды  ескеру қажет:

  1. табиғи орта (табиғат);
  2. жасанды орта (мәдениет);
  3. адмның ішкі дүниесі (адам).

Содан басқа, атқаратын функциялардың ролі мен  ерекшеліктеріне байланысты  бүкіл  Мегасоциумнің дамуы мен жағдайын айқындайтын   бірқатар  салаларды бөліп шығаруға болады. Атап өткен  класификацияның  құрылымын келесідей көрсетуге  болады:

 

Табиғи   орта

(табиғат)

 

Жасанды    орта

(мәдениет)

Адамның ішкі дүниесінің ортасы

(адам)

·        Ғарыш

 

 

·        Жер

 

·                    Социосфера

 

·                    Техносфера

 

·                    Діндер

 

·                    Шығармашылық  мәдениет   пен  көңіл — күй   көтеру индустриясы

 

·                  Адам психикасы

 

·                  Қоғамдық сана

 

·                  Саяси сана

 

·                  Саяси құндылықтар

 

 

Жаһанданудың негізгі ерекше  көрінетін процестер  саясат және экономика салаларда орын  табады.  Міне,  осы   процестерге зерттеушілер өзінің бар назарын салды. Басқасы  болса,  не мүлдем  назардан тыс  қалып, не оған ерекеше  көңіл салуға мән бермейді. Айта  кететін бір жайт,  антижаһандық қозғалыстардың пайда  болуына  да осы мәселе  себеп болған. Сонымен бірге, жаһанданудың қазіргі таңдағы процесінде адам әректінің қайсы бір салаларына тиесілі қалыптасқан формаларды  байқауға болады.

Жаһандану процесінің адам әрекетінің кезкелген  салаларында  орын табуын  және сол салаға байланысты жаһандану процесінің ерекшеліктерін келесі кестеден көруге  болады:

Адамзаттың түрлі салалардағы тіршілік әрекеттеріндегі жаһандану тұрпаттары (формалары).

Жаһандану  аймағы  (сферасы)

 

Жаһандану процесінің түріне қысқаша мінездеме

 

1.

 

Табиғат

 

Табиғатты «бағындыруң, оның индустриалды жүйеге интеграциялануы (техносфераға), табиғи ресурстарды пайдалану ұшін күрес

2.

Экология

 

Табиғи ортаның бұзылуы,  оның техногендік қағынуы мен шекраларды білмейтін адамзатқа қауіпті жүйелерді (саяси,   экономикалық, әлеуметтік)  пайда  болуы.

 

3.

Экономика

 

Нарық фундаментализмнің формасын  иеленген    неолиберализм.

 

 

4.

Саясат

 

Бір  полярлы жүйе  және  империоглобализм саясаты ретіндегі гегемонизм.

 

5.

Мәдениет

(сөздің тар мағынада)

 

Бұқаралық мәденеиет, вестернизация, антимәдениет.

 

6.

Дін

 

Секуляризация, экуминизм, неодіндер,  синкренизм.

 

 

7.

Социосфера

 

Дәстүрлі қоғамдық қатынастардың  әлеуметті -ақпараттық технологиялармен  ығыстырып,  әлеуметтік  байланыстардың виртуализация-лануы.

 

8.

Адамның ішкі  дүниесі

 

Қоғамдық және индивидуалды сананың ақпараттық унификациясы мен өмірдің  технологизациялану нәтижесінде әлеуметсіздендіруі.

          Сонымен, түрлі көзқарастарға орай, ақпараттық қоғамның қалыптасуы мәдени  біркелкілікке әкеледі,  ал ол өз кезегінде американдық (дамушы елдердің  жағдайларында – Европа — американдық)  экономикалық  және мәдени  экспансия әсерімен  жүрген батыстану процесінде орнайды.  Тез қарқынмен  таралып отырған американдық  тұтыну стандарттар кұнделікті сананы материализациялап,  мәдени  унификациялану дәуірінің пайда  болуы туралы көзқарастарды  туғызады.  «Жаһанды мәдениет» элементтеріне тұтынудың біріңғай модельдерімен бірге, жаһандану процесіне қатысып  отырған  негізгі акторлардың  ұлттық  мәдениеттеріне тиесілі нарық  пен  демократия  институттарына бағдарлары да жатады. Бірақ, мұндай жағдайда  осы  бағдарларда   құндылықтық ұстанымдар мен  ортақ этикалық  принциптердің  жергілікті  орын алуы жөнінде әңгімені қозғауға бола ма? Өйткені әңгіме, маңыздылығының түрлі дәрежесіндегі әлеуметтік — мәдени қоғамдастық жайлы болып тұр. Орталық пен перифирия арасындағы алшақтық бұл сауалға біркелкі жауап беруге мүмкіндік бермейді. Сонда да, » әлеуметтік жауапкершілігін» қолдаушылардың пікірлерінше, бұл сауалдың жауабына жаһанданудың  жаңа әлемнің реттелуін қамтамассыз ете алатын  жаһанды  азаматтық  қоғамның   институционализациялау  тұрпаттары мен әлеуметтік өзін — өзі  ұйымдастыру тәжірибесі тәуелді.  Әлеуметтік өзгерістердің мәдени мотивациясын  бөліп шығару, қазіргі  заманға қатысты интенсивті  трансшекаралық  процестерді  сараптаудағы эффетивті құрал  болып табылады.  Өйткені, әлеуметтік – мәдени процестер ұлттық  мемлекеттер шеңберімен шектелмейді.  Олар үнемі өзгермелі әлеуметтік болмысты бейнелеп,  институттар деңгейіне дейін трансляциялау жолымен инвидуалды мінез — құлықты бейнелейтін қазіргі қоғамдардың институционгалдық құрылымына әсер етіп,  бұл өзгерістерге жауап қайтарады.

Питер Бергер мен Самуель Хантингтонның «Многоликая глобализация» кітабына, ондағы зерттеулерге сүйене отырып, бұл процестің Қытай, Германия мен Түркия мемлекеттерінің мәдениеттеріне тигізген әсерін және жаһанды әлемдегі осы елдердің алатын орнына қысқаша шолу жасайық.

Қытай: басқарылатын жаһандану

Питер Бергер өзінің зерттеу жұмысын 2 бөлімге бөліп,  біріншісінде  мәдени жаһанданудың қозғаушы 4 күшін, ал екінші бөлімде осы процестің әлеуметтік құрамы мен агенттерін  сараптайды. Сонымен, бұл зерттеу бойынша, Қытайға байланысты мәдени жаһандануды қозғаушы 4 күшті атап көрсетеді: іскер элитасы, интеллектуалдар тобы, бұқара мәдениет пен қоғамдық қозғалыстар. 1990 жылдардың соңында жаһанданудың бұл төрт қозғаушы күштердің  әсерін, әлеуметтік өмірдің түрлілігіне қарамастан, байқаудағы қиындақ болған жоқ. Сонымен, жаһанданудың қозғаушы күші ретіндегі ең қуаттысы бұқаралық мәдениет болып, ал әлеуметтік қозғалыстардың әсері жағдайға байланысты өзгеріп отырады; сонда да екеуі де қарапайым адамдардың күнделікті өмірлеріне тікелей ықпал етуде. Ал, транснационалдық ғылыми және іскер элитасының ықпалы болса, керісінше белгіленген әлеуметтік топ шеңберімен шектеледі. Билік партиясы жаһанданудың осы төрт қозғаушы күштердің ықпалын шектеп, өз бақылауына алу үшін біраз кұш жұмсап, бірақ көбінде бұл талпыныстар сәтссіздікке ұшырап отырған. Ал, енді бұл процестерге жеке — жеке тоқталып кетейік.

  1. Іскер элита жағдайы.

Қытайдағы кейбір кәсіпкерлер Батыста білім алып, өздерінің батыстық әріптестері іспеттес, батыстық  өмір салтын ұстануда.  Ендігі  сұрақ  іскер элитасы мен қоғамдағы мәдени құндылықтар немесе компаниялар мүддесі мен ұлттық мәдени дәстүрлердің арасында шиеленістердің болуы жөнінде жорамалауға ғана болады.

Жалпы айтқанда, қытайлық іскер мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері жөніндегі сұрақ социализмнің өтпелі кезеңіндегі пайда болған бөлек нарық экономикасы мен жеке меншіктің алуан түрлі формалардың пайда болуымен байланысты туды. Қазіргі уақытта кәсіпорын мемлекеттің не бір топтың, не жеке тұлғаның иелігінде болып, біріккен немесе  тәуелсіз шетел кәсіпорын да болуы мүмкін. Өзінің түріне сәйкес болып, компания қызметкерлері сыртқы әлемге кіруге әртүрлі  мүмкіндіктерге, түрлі іскер этикасына, айырмашылық  құндылықтар  мен жүріс-тұрыс  шаблондарына ие болады.  Нақты айтқанда, мемлекеттік  кәсіпорындарда жұмыс істеп жүрген қызметкерлер жоғарғы қызметте  отырғандарға  қарағанда, әдеттегідей консервативті,  сыртқы  әлемдегі өзгерістерге сезгіш болып келеді. Бірақ шың мәнісінде, мемлекеттік компаниялар мен үкімет арасындағы жақын, тіпті туыстық қатынастар нәтижесінде, бұл кәсіпорындардың мененджерлері мен басқарушылары іскер элитасы мен саяси элитаны еске салады. Олардың көбісі жиі-жиі Еуропа мен Солтүстік Америкаға барып  тұратын, көбінде шетелде білім алғандар. Біріккен және шетел кәсіпорындарының жетекші мамандары өздерінің мемлекеттік кәсіпорындардағы қызмет атқарып жүрген әріптестеріне қарағанда, көбірек батыстанып   кеткен. Ең қызығы,  олардың  өз  жұмыс  орындарында батыстық мәдениетті уағыздауы,  ал жеке өмірлерінде  дәстүрлі қалып отырғанында. Олар өздерін жаңа «кофуцияшылдық саудагерң типіне жатқызады.  Бұл  жердегі «кофуцияшылдық саудагерң термині келесіні білдіреді: кәсіпкер, сонымен бірге дәстүрлі қытайлық мәдениеттің  мәнін түсініп, меңгерген ғалым ретінде қалыптасып, енді өзін жинаған білімдері мен мәдениетін күнділікті өмірде жүзеге асыруға  арнап, саяси элитамен тығыз қатынаста болады. Пекиндегі осы топтың танымал өкілдерінің бірі Чжэнь Тяньшэнның тұжырымы бойынша:

 «кофуцияшылдық саудагерді» кәсіпкер  болған  жай ғана ғалым ретінде айқындауға болмайды.  Өзінен-өзі  мәдениетті меңгеру ешкімді де  «кофуцияшылдық саудагер» етіп  жасай алмайды. Ең маңыздысы адам жүріс-тұрысының конфуцияшылдық жүріс — тұрыс нормалары мен моральға, әділеттілікке,  тілектестікке,  сыпайылыққа, адалдық пен саналыққа сәйкес болуы қажет.

Іскер элита өкілдерінің  «кофуцияшылдық саудагер» мұраттарын ұстап  отырғанына Қытайдағы кәсіпкерлік үшін  қолайлы, ерекше жағдайлардың жасалуы бірден — бір себеп болды. Жиырма жылдық уақытта жүргізілген реформаларға қарамастан, қытай нарығы әлі де, мемлекет стратегиялық нарық ресурстарды бақылап, ірі кәсіпорындар мен фирмаларға иелік етудің нәтижесінен, белгілі бір саясатты жүзеге асыру арқылы жеке кәсіпорындардың тағдырын шеше алатындай екі түзу бойынша дамып отырған жүйе ретінде қалып отыр. Бергердің  зерттеулері бойынша,өзінің жетістіктері мен жемістерін жаңа технология мен мененджменттің енгізуімен  байланыстырса да,іс жүзінде жоғарғы дәрежеге жетудегі басқарудың батыстық модельдері мен стильдерін екінші орынға қояды.

  1. Интеллектуалдық клубтар.

Мәдени жаһанданудың екінші интеллектуалдық клубтық  мәдениет жағдайы  батыстық қоғамға тән қырларға толы. Баршаға  мәлім болғандай, Қытай Коммунистік Партиясының (КПК) билігі мен легитимділігі маркситстік идеология мен жоспарлы экономиканың  қоғамдағы үстемдігінде ұсталынып отыр.

Дэн  Сяопинмен  жүргізілген реформалардан қалған партиялық мемлекеттің төрт негізгі принципі: дамудың социалистік жолы, пролетариат  диктатурасы, Коммунистік партияның лидерлігі  мен Мао Цзедуннің идеяларына деген сенімділік әлі күнге дейін ескі идеологияның діңгегі болып, сонымен бірге, коммунистік үстемдіктің белгісі болып отыр.    Бұл  төрт принципті жоққа шығаруға тырысқан кезкелгенді билік партиясы қатаң жазалайды. Осы жағдайда билік партиясына қарсы ашық шыға алмай,  марксистік теориялардан кетіп, жаңа басқа  теориялық жүйелерді қалыптастыру интеллегенция үшін ең тиімді де  дұрыс стратегия болып тұр. Бұл болса жаңа қоғам мен жаңа мәдениетті сынаудағы батыстық теориялар мен парадигмаларды пайдалануды білдіреді. Батыстық ойдың  барлық теориялар мен түрлерінің 1980 жылдары дамыған кезде Вебер, Фрейд, Сартр және Леви-Стростың еңбектері қытай тіліне аударылып, аттары интеллигенция мен студент қауымының лексиконында жиі қолданып, Қытай қоғамы демократия және нарық экономикасымен жақын    таныса бастады. Бұл  кезде Батысқа деген бағдар аяғына дейін қалыптасып   болмады. Сол кездегі зерттеушілер Қытайдың модернизацияланудың жалғыз жолы – бұл Батыстан  үйрену  деп есептеген. Бірақ та, бұл тенденциялар 1989 жылдың 4 маусым күні Тянь-аньмынь аланындағы оқиғадан кейін  тоқтатылды.

1990 жылдары кейбір зерттеушілердің кофуцицийшылдық пен дәстүрлердің тиімді негізді іздестіргенімен, ең белсенділері деконструктивизм, постколониализм және басқа да  постмодернистік теорияларды пайдаланып модернизация жоспарын   сыңи сараптаған.   Ағылшын кітаптарды аударудың жаңа толқыны  басталып, Мишель Фуко, Эдвард  Саид, Пьер Бурдье мен Жак Дерида қытайлық постмодернистердің  жаңа мұраттары бола бастады.   Сонымен қатар, бұл постмодернистік тенденциямен бірге интеллектуалдар қатарынан  жаңа либералдар Юрген  Хабермас  пен  Фридрих Фон Хайектің еңбектерің аударып, таратып жүрген. 1997  жылдан кейін, бұл қалыптасқан  жағдай жаңа оңшылдар мен жаңа либералдар  арасындағы қызу пікір- таластармен  толықтырылды.

«Білім жүйесінің жаһандалуына» септігін тигізетен басқа фактор ол–қаржылық көмек. Әлеуметтік және гумманитарлық  салалардағы зерттеулер  көп  қаржыны қажет еткенідктен, ал олар болса тек саяси биязы болған жағдайда ғана  мемлекет тарапынан қаржыландырып отырғанына байланысты, тәуелсіз  және ашық  ойлайтын ғалымдар шетел зерттеу  орталықтарынан, шетел  қорларынан қаржы  алып, шетел ғалымдарымен ақылдасып жұмыс істеуге  мәжбүр  болды.  Бірақ  та, осы  жердегі  кезкелген  зерттеу жобалары  сырттан  қаржы  ала алмайды. Олар міндетті түрде батыс стандарттарына сай,  батыстың  академиялық нормаларын ұстанып,  қаржы бөлетін  ұйымның мүддесіне сәйкес  жүргізілуі керек. Нәтижесінде қытай зерттеушілер теориялық және методологиялық  жағдайда толығымен батыстық ғылыми қауымдастыққа  айналады. Сонымен бірге, Транс Ұлттық  Компаниялар универститеттерге гранттар мен степендияларды бөлу арқылы студент  қауымына үлкен әсер етуде.

Қазіргі таңда Қытайлық ғылыми қауымдастықтың алдында екінің бірін алу тұр.  Яғни, бір жағынан, қатаң басқаратын партияның мемлекеттік қорларды қадағалауы мен қаржы жағынан қолдау көрсетіп жүрген шетел ұйымдары, екінші жағынан,қытайлық мәдениетті әлемдік капитализмнен сақтап қалу,сонымен бірге,қоршаған әлем  үшін  елді  ашық қылатын  реформаларды жүргізу тұр.  Соңғы жылдары мұндай батыс ғылыми қауымдастығының қытай қоғамына әсеріне қарсы күрес ретінде әлеуметтік ғылымдарының қытайландыруға ұмтылу болып табылады.

 3.Бұқаралық мәдениет.

Бұқаралық мәдениет сөзсіз жаһанды әсердің ең  күштісі болып табылады.

Мәдениеттің жаһандануы кино, журнал, поп музыка т.с.с арқылы жүретін процесс. Олардың барлығында адамның индивидуалистік қасиеті,  тұтынушылық   қабілет  және материалдық игіліктерге деген ұмтылыс баяндалады. Нәтижесінде,  мәдениет батыстанып, өзгеріске  ұшырап отырады.

  1. Әлеуметтік қозғалыстар.

Әлеуметтік қозғалыстардың ішінен, әсіресе діни қозғалыстар партиялық  биліктің қатаң бақылауында  болады, өйткені олар  оппозициялық күшке айналып кетуі әбден мүмкін. Мысалы, мүшелігі жағынан 70 млн.-ға жеткен демалу жаттығуларын уағыздаған Falun Gong  ұйымын репрессиға ұшырап, ал лидері болған профессорды Нью-Йоркке жіберді. 1999 ж. Шілде айында мемлекетепен қаржыланған Falun Gong  ұйымына қарсы ұлттық кампания басталды. Партияның мобилизациялануымен, БАҚ-ды пайдаланып, бұл ұйымды жауып,ал оның белсенді мүшелеріне қарсы құқық жүйесін пайдаланып, жазалады.

Енді басқа да әлеуметтік қозғалыстарды қарастырып кетейік. Тұтынушылар құқығын, қоршаған ортаны  қорғау және феминизм қозғалыстары қалай десек те, жаһанданумен байланыста болады. Алғашында кенеттен пайда болған тұтынушылар құқығын қорғау қозғалысы батыс ресурстарын пайдаланбай, билік партиясының бақылауында болған. Бұл қозғалыс «бұқаралық ұйымң ретінде тіркелгенімен, кезкелген деңгейдегі басшылар мен орынбасарлар міндетті түрде партияның мүшесі болуы тиіс еді. Бұл ұйымға ресми көмек көрсетіп, билік партиясы тұтынушылар нарығының қызметіне қатысты бірқатар  құқық нормалардың қабылдауын талап етті. Егер де тұтынушылар құқықтарын қорғау қозғалысы кезкелген сырттан келген әсермен тек жанама түрде байланыста болса, қоршаған ортаны қорғау қозғалысы көптеген жаһанды факторлардан туындап, жеке қорлар мен БҰҰ-ң қолдауымен құрылған болатын. Басқа қозғалыстарға қарағанда мұндай қозғалыстар шетелден моральді және материалды көмек алып, үкімет бақылауынан біршама тәуелсіз болып келеді. Феминистік қозғалыстар да Қытай қоғамында кең етек жайып, өз әсерін мәдениетке тизіуде.

Көріп отырғанымыздай, Қытай қоғамы  батыстанып, құндылықтарын өзгеру үстінде, ал зер салып қарасақ, көбінде импортты мәдениет Қытайда трансформацияланып, локализацияланады. Осы жерде туындайтын сұрақ батыс мәдениеті мен құндылықтары үнемі тіпті, локализациялану кезінен кейін де, тек батыс қоғамына тиесілі ғана болып қалып  отырады ма? Шетел мәдениетінің локализациялануы мен сыртқы мәдениетті түсінуге деген жаңа тәсіл расында да, Қытайдағы қазіргі жаһандануды түсінудегі негізгі кілт болып табылады. Бұл тәсілді 1990 жылдардағы   «Қытай әлем үшін, әлем Қытай үшін!ң деген ұраннан байқауға  болады.

Сонымен мәдени жаһандануға белсенді  үлесін қосуда  келесі  әлеуметтік топтарды бөліп шығаруға болады:

1)Қытайға мәдени тауарларды шығарып, экспорттайтын ТҰК мен шетел ұйымдары;

2)Мәдени нарығын  қадағалау  арқылы шетел мәдениеттің ағымдарын реттейтін  қытайлық  мемлекеттік құрылымдар;

3)Мәдени жаһандану процесінің  қатысушылары мен коментаторлары Қытай  интеллегенциясы мен мәдени элитаның басқа да өкілдері;

4)Қытай жастары;

Жаһанданудың осы төрт аспектісі бір-бірімен тығыз байланыста болғанымен, билік партиясы бұлардың әсерін  бақылап, реттеу үшін түрлі тәсілдер мен механизмдерді пайдаланып  жүр. Жаһандану  дәуіріндегі Қытай мемлекеті мәдени нарықты қалай бақалайтыны күрделі де зерттеулерді көп қажет ететін тақырып. Бұл тақырып терең зерттеулерді қажет еткендіктен, партия қолданатын негізгі стратегиларды ғана атап көрсету жөн болар.  Бұл біріншіден, әсері күшейе түскен шетел, негізінен батыс мәдениетіне қарсы бағытталған идеологиялық шаралар. Либералды көзқарастағы интеллектуалдар мен элита өкілдері мемлекет тарапынан саяси  идеологиялық  орынсыз  шабуылдарға жиі ұшырап отырады.   Екіншіден,  билік  партиясы негізгі ұйымдарға жүргізілген бақылауды ешқашан да тастаған емес. Сонымен бірге, мәдени нарықтың  негізгі секторларына: баспасөз, кино — телеиндустрия  мен БАҚ-на бақылауды жүргізуде.  Әрдайым өзінің идеологиялық  және саяси ұстанымдарына  байланысты  кітаптар, журналдар мен фильмдер жабылып жүр.

Жаңа заманға байланысты туындаған ішкі және  халықаралық аренадағы өзгерістерге  қарай, стратегиялар да өзгеруі мүмкін, бірақ КПК-ның  жалғыз өзгермейтін басқарушы болып қалуы, сонымен бірге модернизацияның басты басқарушысы болып  қалу мақсты ешбір өзгеріссіз қалып  отыр. КПК-ның пікірінше, Дэн Сяопиннің 4 принципіне қарсы шаралардың барлығы бақыланып, жазалануы тиіс,  ал жаһандану болса бұл тізімнен шығарылмайды,  сондықтан да бұл процестің қоғамдағы  кең таралуы мен әсерін партияның назарынан тыс қалдырмау керек.

Қорытындылай келе, Қытайдағы мәдени жаһандануға бірнеше қызықты ерекшеліктер тән:

1) жаһандану–партиялық мемлекет алдында тұрған модернизацияға бағытталған шаралардың ажырамас бөлігі ретінде қабылданып отыр;             

2)  мәдени элитаның үлкен бөлігі жаһандану процесінің күшейюін алға тартып, батыс мәдениеттің әсері мен локализация арасындағы көпір болып табылады;

3) Қытай партиялық мемлекеті бұл процестің барлық аспектілерінде белсенді лидердің қызметін атқарып, соған байланысты өз билігі мен беделін сақтап қалуды көздейді;

4) халық бұқарасы да шетел мәдениет элементтерін меңгеріп, олардың жергілікті жағдайларға бейімделуін көздеп,  ол үшін күшті талпыныстар жасауда.

Осы барлық ерекшеліктерге қарап, Қытай жағдайынан мәдени жаһанданудың жаңа түрін байқауға болады. Ол: негізгі рольді мемлекет ойнаған, ал туындап отырған жаһанды мәдениетте өз құқықтарын игеру үшін элита мен халық бұқарасы келісіп әрекет ететін басқарылатын процесс.[20.27-57бб]

 

Германиядағы мәдени жаһандану.

ГФР-на шетелден келгендер көбінде Германияның өзінің саяси, экономикалық және әлеуметттік мәдениетімен АҚШ-ын еске салатынына таң қалып отырады. Тіпті көбіне Германия басқа батыс елдерінің ішінен жаһанды тәртіп орын алған мемлекет ретінде көрініп, ал бұл елге тән мәдени ерекшеліктерді көбінде көп күш жұмсап, байқауға болады. Бірақ та, әлі де немістерге тән өзіндік өмір салтын көруге болады, сонда да жаңа технологиялардың дамуы мен жаһанды белгілер бұған кедергі тигізіп отырады. Жергілікті және аймақтық ерекшеліктер, кішігірім қалашықтар жаһанды мәдениеттің тікелей әсерінен және онымен күресу нәтижесінде өз бейнесін өзгертуде.

Бірақ та, Германияның батысы мен шығысы әлі де болса, өзіндік ерекшеліктерімен өзгешеленіп, ал кейінгі кезде араларында мәдени жақындасу байқалады. Шың мәнісінде, Шығыс Германия американизацияланбаған, ондағы телеарналар әлі күнге дейін дәстүрлі өмір салтын уағыздайтын ескі фильмдерді көрсетеді. Қазіргі таңда Германия барлық көрсеткіштер бойынша, алдыңғы қатардағы мемлекетке жатады. Ал, модернизация деңгейі бойынша, АҚШ-нан кейінгі  екінші орын үшін Жапониямен бәсекелесуде.

Неміс мәдениетінің ерекше дәрежеде жаһандану прцестеріне ашық екені ешбір күмән туғызбайды. ІІ-нші дүниежүзілік соғыстан кейін ГФР-да жаһандану толқындары өтіп, неміс қоғамының барлық деңгейіндегі қайта құруына мүмкіндік туғызды. Осы неміс қоғамының жаһандану күштеріне ерекше ашық болуы нацистік кезеңнен қалған із бен қайғылы соғыстағы жеңіліспен түсіндіріледі.

Сасяси жағынан елдің батыс бөлігі–ГФР аяғына қайта түруға мәжбүр болды. Ішкі фракцияларының пікір-таластары нәтижесінде, әсіресе американдық түріндегі батыс либералдық демократияны үлгі етіп алуға шешім қабылданды. Ұлтшылдықтың кезкелеген көрінісін айыптап, конституциядағы мемлекет ролін түсіндірудегі батыстың демократиялық тұрі қаланды.

Қоғамдағы интеллектуалдық элита, БАҚ нацистік өткен шақтың іздерін жою үшін, тұрғындардың саналарында антифашистік, бейбітшілік идеяларды тудыруда үлкен тәрбие жұмыстарын жүргізіп отырған. Соңғы жылдары, «европеизация» мен «жаһандану» ұлтшылдық фундаментализмнің уын қайтарып, нәтижесінде көпшіліктің қолдауын тапты. Батыс Германияда ескі құндылықтардан бас тартып, космополиттік идеялар кең етек жайды. Қазіргі таңда Германия болашағы жайлы қоғамдық пікір — таластарда 2  түрлі мәселелер кешені орын алады. Бірінші кешенге:  бүкіл  қоғамға  тиесілі және де жаһанданудың біріңғай бұқарасында  жоқ болып кететін мәдени ұқсастықты іздеу; Екінші кешен келесідей мәселелерді қамтиды: 1) адам құқықтарының кеңейюі мен оларды сақтау; 2) әлеуметтік жауапкершілігі бар ашық нарықты қалыптастыру; 3)қоршаған ортаға деген жауапкершілікті тудыру  механизмдерін табу; 4) этикалық тұрғыдан корректі технологиялық инновацияларға қолдау көрсету;

Жоғарыда айтылып кеткендей, немістер өз қайғылы тарихына есеп беріп, өзінің халықаралық мәселелерімен жалпы европалық контекстіге ену үшін көп күш жұмсап, ал қазіргі жылдары олардың осы үмтылысы маңызды орынға ие болды. Қалыптасып отырған біріңғай европалық позицияны күшейту мақсатында Германия мен Франция потенцияалды серіктестерді біріктіруді көздейді. Оларды ортақ бір мақсат–Американың   қол астында толықтай жинақталмаған жаһанданудың жаңа  бағытын қалыптастыру.  Бұл үшін Еуропада жаңа қоғамдық институттарды  қалыптастыру қажет.

Германияның бизнес элитасы іскер тілі ретінде ағылшын (оның американдық түрін) тілін пайдаланады.  Сонымен бірге, жаһанды контекстегі кәсіпкерлік әрекет туды.  Бұл әрекеттің негізінде корпоративтік мәдениет пен  корпоративтік ұқсастық жатады.  Неміс интеллектуалдары өзін, қашан да «жаһанды мәдениетті»  айқындап, барша әлем тарапынан қолдау тауып жүрген жаңа  демократиялық, экономикалық  құрылымдары мен этикалық нормалардың бір бөлігі ретінде түсінеді. Ал қозғалыстар болса, өзгеріске ұшырап, енді жаһанды идеялар төңірегінде  бірікті.[21.131бб]

 

Түркиядағы мәдени  жаһандану.

Әлемдегі  әлеуметтік, саяси қозғалыстардың болжауссыз  болуы мен тез  қарқынды дамуы «енді қалыптасқан саяси  қатынастар мен саясаттың  өзіндік пішінінң өзгертудегі негізгі факторы болып  табылады. Енді тек «ұлттық контексте» ғана саясатпен айналысу қиынға түсіп, мүмкінсіз болды. Нәтижесінде,  этникалық мемлекет, ұлттық ұқсастық және ұлттық экономика  іспеттес қазіргі түсініктер  әлеуметтік және саяси өзгерістерді сараптағанда өзінің  эвристикалық қабілетін  жоғалтты.

Сонымен,  мемлекет аралық қатынастар мен бөлек ұлттық  бөліктер арасындағы қатынастар емес, универсалды батыстық құндылықтар мен жергілікті жердегі өзінің ерекше  ұқсасуды  сақтап  қалу талаптары арасындағы қатынастар  қазіргі  жаһанды әлемдегі әлеуметтік өзгерістердің мәні мен бағдары болды.

Бұл жағдайда Түркия  тізімнен  шықпай,  керісінше  соңғы  жылдары түрік  қоғамы тез қарқынды әлеуметтік, экономикалық, мәдени және саяси өзгерістерді бастан кешірді.  Бұл өзгерістер әлеуметтік өмірдің әрбір саласында көрініс  тауып отыр.  Енді бұл мәселеге байланысты негізгі үш  жағдайға тоқталып кетейік.  Біріншіден,  исламның  шарықтауы; екіншіден, бұл  шарықтау түрлі формаларда  көрініп,  түрлі дискурстар мен тәсілдердің пйда болуына мүмкіндік туғызды; үшіншіден, жаһандану процестері исламның саяси, экономикалық және мәдени  сфераларда маңызды ролдің ойнауына өз әсерін  тигізеді.

Саяси  ландшафта Түркияда радикалды  өзгеріс өтті. Ислам дүниетанымы саясаттанылып, «саяси ислам» түркиялық саясаттың ең ықпалды күші мен айқындаушы элементіне айналды. Экономикалық салада  байқағандай,  ислам идеология мен  исламдық  құндылықтардың ролі бірте-бірте  өсе түсуде: өзінің акторлары мен дискурстары  және стратегиясымен «экономикалық  ислам» пайда болды. Сондай-ақ азаматтық  қоғамды құрайтын интеллектуалдық өмір, ұйымдардың белсенділігі, бұқаралық мәдениет пен түтынушылық  мәдениет, осының барлығы  исламдық белгілер, дәстүрлер мен  төл  мәдениетін  сақтап қалудың  діни  талаптарын ұстануымен толықты. Сонымен, «мәдени исламң Түркия қоғамының әлеуметтік  және  мәдени өміріне еніп, оның  қалыптасуына едәуір ықпалды  жузеге  асырды.

Жаһандану процестері осы салалардың әрқайсысында маңызды роль ойнап, саясатта, экономика мен мәдениетте жүрген  прцестерді исламдық  түсінудегі  құрамды «интегралынаң    айналды.  Жаһандану  мен исламның қатар  өмір сүруі-экономикалық өмірдің  мінездемесін айқындайды. Бірақ  та, осы жердегі толықтаушы екі жағдайды айтып кету керек. Біріншіден, экономикалық,  әлеуметтік өмірдегі мәдени жаһандану батыстық құндылықтар  мен діни  талаптардың қатар өмір сүруі қандай түрге ие болатындығына  түрлі әсер тигізеді;  Екіншіден, жаһандану мен исламның қатар өмір сүруі  әртүрлі дәрежеде  болып, түрлі мағынаға  ие болуы мүмкін. Нәтижесінде, түрлі теориялық құрылымдар, стратегиялар мен қақтығысуларға ие болып, әлеуметтік өмірдің әрбір салада түрлі көрініс табады. Осы орайда айтар болсақ, мәдени жаһандану – қазіргі құндылықтар мен дәстүрлі нормаларының қатар өмір сүруіне мүмкіндік беретін Жан — жақты, күрделі процесс. Жалпы  айтқанда,  экономикалық және азаматтық қоғамның барлық өкілдерін толғандыратын келесі  мәселелерді бөліп  шығаруға болады: 1) қазіргі өмірлік мәнінің өзгерілуі; 2) түркиялық  күшті мемлекет дәстүрлерінің дағдарысы; 3) қырғи-қабақ соғыстың аяқталуы мен 4)  жаһандану процесі;

1980 жылдардан бастап, түркия қоғамы «ауқымды өзгерістерді»  бастан кешіріп, нәтижесінде жаһандану процестері әлеуметтік процестерге өз әсерін тигізе бастады. Жаһандану жалпы айтқанда,  мемлекеттер арасындағы өзара байланыстарды білдіріп, әлемнің бір бөлігіндегі жүріп жатқан оқиғалар, енді басқа бөлек мемлекеттерге экономикалық, мәдени  және саяси әсерін тигізіп отыратынын білдіреді. Осы  орайда, мәдениетті саясат пен экономика салаларына қарағанда  болмашы ретінде қарастырмауының қажетті екенін көруге болады. Өйткені, мәдениет жаңа күштердің пайда болуына мүмкіндіктерді туғызып,  сонымен бірге,  саясат және саяси қызметкерлер жайлы күшті мемлекеттен тысқары ойлануға итермелейді, ал бұрын саясаттан тысқары қалып отырған ұқсастықтарға қазіргі заман жайлы көзқарастарын өзгертуге мүмкіндік беріп  отыр. Сонда да, өзгерістердің негізгі факторларына  айналған  мәдениет, әлеуметтік  өмірдің  түрлі салаларында біркелкі көрініп отырмайды.

Мәдени жаһандану  батыстық    құндылықтар мен  мәдениет түрлерінің универсализациялануымен қоса, жергілікті құндылықтар мен дәстүрлердің жаһандануына мүмкіндік береді. 1990 жылдардағы дәстүрі күшті мемлекетінің дағдарысы мәдени  жаһанды процесімен бірге азаматтық қоғамның санды және сапалы дамуына  алып келді.  Оларды келесідей қарастырған:

1) демократия процесінің «қабілетті элементің; 2)Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы тұрақтылыққа жетудегі «қажетті фактор»;3) түрік мемлекетін модернизациялаудағы «маңызды элемент»; 

Азаматтық қоғам  идеясы түрік академиялық  және қоғамдық өмір тарапынан қолдау тауып, уағыздалып жүрді.  Сонымен бірге, Түркияда көптеген адам құқықтарын, қоршаған ортаны қорғаудағы ұйымдар қызмет атқаруда. Сонымен бірге,  мәдени жаһанданудың мәдени, экономикалық  және интеллектуалдық өмірге тигізетін әсерлерге бұқаралық  мәдениет те  қосылды. Сонымен, зайырлы идеологиялар мен исламдық   дәстүршілдікті поляризациялайтын саясат саласына қарама — қарсы. 1990ж. бұқаралық мәдениет  аумағында «ұқсастықтардың алуантүрлілігі  мен плюрализмге шақыру, жергілікті ерекшеліктер мен  құндылықтарының өсуі және тұтынушылық  мәдениеттің пайда болуың көрінісне күәгер болдық.

Түркиядағы түрлі мәдени жаһанданудың қоғамға тигізетіен әсерлерді белгілеп, келесі қорытындыға келуге болады: бұл  жердегі жаһанды мен локальдылығының өзара байланысы қақтығыс ретінде емес,қатар өмір сүру ретінде  жүріп жатыр, ал бұл фактіні ескеру Түркиядағы демократияны орнатудағы маңызы зор.[22.314бб]

 

1.3.Жаһандану жағдайындағы ұқсастық  (идентификация) мәселесі.

 

Ұлттық мемлекеттер, олар жасаған институттар мен бірге жаһанды аренада бүгінде индивидтерге  ұлттық мемлекеттердің  саяси  жүйесінен тыс саяси шешімдірді қабылдауға қатысуға мүмкіндік беруші үкіметтік емес ұйымдар, ассоциациялар  мен корпорациялар,  көпшіліктік  ақпарат құралдары,құқық қорғаушы және экологиялық қозғалыстар  т.б. пайда болды. Бұл, жаһандану мен бірге индивидтер  ролінің  өсе түсуін  көрсетеді.  Бүгінгі индивидтер жаһанды түрде әрекет жасайды және  Интернет арқылы жаһанды саясат пен байланысқа қатысып  ұқсастық/идентификация/ іздестіреді. Кең мағынадағы   шығармашылық шын мәнінде жеке тұлғаның өзін  өзі ұқсастыру механизіміне айналуда. Әркім өзі мәдениетке үлесін коммуникациялық  алаңды құрастыру арқылы қоса алады. Мұндай жаңа субъектілердің әлемдік деңгейде  белсенділік көрсету талпынастары айқындала түсуде. Жаһандану адамның  өзін өзгертуі күмәнсіз болып  отыр.  Соның нәтижесінде мәдени демократияның негізі жасалып  тұтас  ақпараттық алаңды жасауға  бағытталған  мәдени саясат  жеке  мәдени  тәжірибелерді  ұғындырып, бағыттап, оларды әлеуметтік мәні бар  ұқсастыққа айналдырады. Ұқсасу,  бүгінгі жедел  өзгеруші әлеуметтік-мәдени  шындықтың бел ортасында  тұрған мәселе. Сондықтан оны  әлеуметтік-мәдени динамиканың векторын анықтаушы екенін ескере  отырып,  өзіндік  ұқсасу процесінің тұрақты қызметі барысында субъект  өзін    өзі таниды, өмірлік мәнді жасап  оны өзгертеді және оларды сыртқы дүниеге бейімдейді  деуге болады.  Басқаша айтқанда, ұқсасу, жеке тұлғаны,  қоғамды, мәдениетті өзара  байланыстырушысы екені анық. З.Бауман айтқандай «ұқсасу мәселесі» ол-бұрыңғы ұқсасу өз  құндылығын  немесе жағымды кескінін жоғалтқан уақытта басқа таңдауды жасай білу мәселесі.  Бұл мәселе  шешілу барысында  индивид  өзіне бұрын  жүктелген әлеуметтік  рольден босатылып  ол жаңа  ұқсастықты іздестірумен болады [23.180бб]. Қазіргі жаһандану мәселелерін   зерттеушілердің басым көпшілігі – осы процесс  ықпалы мен адамзат бір жағынан көптеген дәстүрлі гумманистік  құндылықтарды  жоғалтып отырса, екінші жағынан олар  өздірінің болашағына қажетті де маңызды жаңа құндылықтарды қатар іздестіріп табуда.  Ал  ондай құндылықтар бұрыңғылардың қаншалықты жағымды болатыны  —    басқа мәселе.

Тұлғаның ұқсастық мәселесі- адамның өзін айқындаушы,  өзіндік өмір келбетінің  әлеуметтік-мәдени негізін  белгілеп,  басқа адамдарға  қарағанда  өз ерекшеліктері мен  айырмашылықтарын белгілеуде ерекше  орын алды. Өмірінің барысында адам ұқсатықтың түрлі аспектілерін жүзеге  асырады: отбасылық,  этникалық,  аймақтық,  кәсіби, конфессионалдық және т.б.  Ұқсастықтың  бұл аспектілері адамға көпөлшемді әлеуметтік өмірде бағдарлы болуға мүмкіндік  беріп,өмірдегі негіздер мен тіректі иеленуге септігін тигізеді.[24. 3б]

Жаһанды әлем  жағдайында индивидтер мен қоғамдық институттар арасындағы өзара  әрекеттесу қалай  жүзеге асырылады? Жаһандану процестері бар механизмдерге өзгерістерді енгізе ме, әлде мүлдем  басқа  әлеуметтік тәжірибе туғыза ма? Осындай жаһанды әлемде индивид өзін қандай құндылықтар мен жүріс-тұрыс модельдеріне жатқызып, бұл әлемде өзін қалай сезіп отырады?  Осы  сұрақтарға  жауаптардың ізденісі әлеуметтік-мәдени  сараптаманың негізінде жатыр.

П.Сорокин «әлеуметтік-мәдени өзара әрекеттің  құрылымында» үш компоненттерді бөліп шығарған: «өзара  әрекеттің субъектісі ретіндегі тұлғаны;  өзіндік әлеуметтік-мәдени қатынстары  мен өзара әрекет  етуші индивидтер жиынтығы ретіндегі қоғамды және де өзара әрекететушілердің иеленген құндылықтар,  нормалар  мен ұғымдардың жиынтығы ретіндегі мәдениетті.  Осы үштіктің ешбір мүшесі екеуінсіз  өмір сүре алмайды».[25. 218бб.]

Әлеуметтік — мәдени сараптаманың субъектісі мен объектісі ретіндегі мәдениеттің ең когнитивті кеңістігінде үш  деңгейді бөліп шығаруға болады:  «адамды қоршаған ортаны»,»адамдар мекендейтін жасанды орта» ретінде  мәдени  әрекеттің спецификалық   түрлерінде — өнідірісте, коммуникацияларда, ақпараттарда көрініс табады. Мәдениеттің осы жалпы (бірінші)  деңгейі «өмір сүру технология мен түрмыс тәсілін» білдіреді. Жаһандану экспаниясының жағдайында қалыптасып отырған трансшекаралық мәдени кеңістікке  мәдени формалардың түрлілігінің өсуі тиесілі болады.

Мәдениеттің екінші, ортаңшы  деңгейі индивидтердің  жүріс-тұрыстарын реттеуші бағдарлар,  құндылықтар мен жүріс-тұрыстың шартты белгілерін қамтиды.  Дәл осы деңгейде, әлеуметтік қатынастар мен әлеуметтік-мәдени, саяси ұқсастық қалыптасады. Осы  жердегі жаһандану процестері мәдени  модельдері, құндылықтық бағдарлар  мен қалауларды,  рәміздерді мен белгілер жүйесінің  таралуында жүзеге асады.  Ал осының барлығы біріңғай ақпараттық — коммуникациялық  алаңда жүзеге асып отырады.

Мәдениеттің үшінші деңгейінде  (бұл жерде  ол жалпы мәдени құндылықтар мен модельдерін айқындаушы амалдар жиыны  ретінде) бұқаралық мәдениет  жеке көркем шығармашылықпен  қатар өмір  сүреді.  Қазіргі әлемде  шығармашылық тәжірибенің  жалпыға қол жеткерлік продукт трансформацияланудың  функциясы  тиесілі  технологияларға  өтті. Ұқсастық шапшаң өзгеріп отыратын әлеуметтік-мәдени  шыңайлықтың  ортасында жатыр.  Дәл бұл ұқсастық атап кеткен   «тұлға-қоғам-мәдениет» үштіктің  бөліктерін  байланыстырып отырады.

Жалпы айтқанда, ұқсастық – адам мен қоғамның өзара  интеграциясын білдіреді. Ұқсастыққа қарсы – мәдени  алуантүрлілілік–мультикультуризм  тұрады.  Ұқсастық саясаты,  жаһандану  туғызған –  жаһанды  әлемде  тұрғанын сезгендер  мен локальді мәдениеттің адамдары арасындағы шиеленістердің  өсе түсуіне қарсы жауап болып табылады. Қоғамдар мен мәдениеттердің көптүрлілігі жаһанданумен  жойылйп кетпейді. Ал  жаһанды әлем категорияларымен ойлайтын адамдар мен өзін локальді субмәдениетпен сәйкестіретін адамдар арасындағы қақтығыс, бұл – мультикультуризм  мен ұқсастық арасындағы қақтығыс болып табылады.Ұқсастықтың  негізін дәстүрлі,  ұлттық  мәдениет  құрайды.  Соңғысы үшін жаһандану күрделі сынақ ретінде болып тұр. Ұқсастықты сақтап қалудың негізгі амалы  мәдениеттер сұқпаты мен сабақтастық болып  табылады. Жаһанданған әлемде ұқсастық мәселесі күнделікті  өмірдің де,  ғылымның да негізгі дискурсы болып келеді.

Оның негізгі себептері: 1-ден, мүлдем ұқсамайтын мәдениеттердің  өзара әрекеттесудің  потецияалды алаңның кеңеюі; 2-ден,тек Ресейде ғана емес,сонымен бірге басқа да халықтар,қоғамдар мен индивидтер ұқсастық дағларысын бастан кешіруде. Ұқсастықтың өзгеруі мен ізденуі мәселелері бұрыңғы кеңестік мемлекеттер мен қоса, демократиялық  батыс мемлекеттеріне де тиесілі болып тұр. Қазіргі таңда, ескі ұқсастықтар өз мәнін жоғалтып, жаңа ұқсастықтар әлі де табылмайтын кезеңде, бұл мәселе универсалды болып келеді;               3-ден, жаһандануға қатынасу мен оны түсіну, жер шарының  қай жерінде ол туралы сөз қозғағанға тәуелді болып тұр. Бір жағынан  оны сапар кешіп жүрген,  ағылшын тілде сөйлейтін  адам қабылдаса,  екінші жағынан әлем жөнінде тек БАҚ арқылы  түсінікке ие, өз мемлекеттен еш жерге  шықпаған  адам қабылдайды. Бұл екі жағдайдағы адамдардың жаһандануды қабылдауы  мен түсінуі екі түрлі.  Ұқсастықтың дағдарысы кезінде, әсіресе дұрыс таңдалған мемлекеттік саясат маңызды қызмет атқарады. Мұндай саясаттың  мақсаты–әлеуметтік және мәдени бағдармаларды жүзеге асыру арқылы қоғамдағы түрлі мәдениеттер мен этникалық және де басқа қауымдастығының қатар өмір  сүруін қамтамассыз  ету болып табылады. Бұл жердегі ерекшеліктер мен айырмашылықтар әлеуметтік және мәдени түрлілікпен саяси плюрализмнің, ал одан кейінгі – демократияның имманентті  мінездемесі ретінде қарастырылады.  Сондықтан, «бұқаралық сфераның эволюциялық дамуы, өмір сүруі  мен үйлесімді қызмет етуінің  шарты–толеранттылық  мәдениет болып табылады».

Жаһандану жағдайында үнемі адам алдында  ұқсастықтың  сакральді деңгейін  қайта қалыптастыру  мен мүмкін  және болған  ұқсастықтың  бұзылуы кезіндегі сакральдіні қалпына келтіру мәселесі тұр.[26.50-57бб]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Бөлім: Жаһандану жағдайындағы Қазақстандықтардың саяси мәдениеті.

 

2.1.Жаһандану әлеміндегі Қазақстан

 

Әрбір  мемлекет,  қоғам, тіпті  тұтас бір  халық  болсын  өзінің тарихи дамуында түрлі кезеңдерден өтетіні хақ. Міне, осындай процесс барысында қоғамдық  қатынастардың  жүйелі түрде  болсын немесе стихиялы түрде  болсын белгілі бір өзгерістер  құшағына енуі  заңдылық.  Ғылымда бұл  мәселелерді  формациялық, не өркениеттік парадигмалар тұрғысынан  қарастыру дәстүрі орын  алғаны белгілі. Осы орайда айта  кететін  бір  жай-көптеген зерттеулердің  нәтижесіне үңілсек, қоғамдық жүйедегі қандай  да болмасын  саяси өзгерістер  барысында мазмұны жағынан  да, құрылымы жағынан да жиі  айнитын сол қоғамның саяси мәдениеті мен санасы екенін  аңғарамыз.

Егер бүгінгі заманның жаһандық  мәселелері тоғысын мұқият  сараласақ, олардың бір-бірімен іштей байланысып жатқандығына көз жеткізу қиын емес. Мұның өзі оның әрқайсысын басқалармен бірге кешенді қарастырғанда ғана толық шешуге болады деген сөз.  Мәселен, дамушы елдердегі көптеген  мәселелер  кедейліктен туындап отыр, яғни екінші дүниежүзілік  соғыстан кейінгі жылдары адам басына шаққандағы ұлттық табыс деңгейі  тұрғысынан дамыған  және дамушы елдер    арасындағы  айырмашылық елеулі болса, қазір бұл айырмашылықтар  тіпті өсіп кетті.

ХХІ ғасырда ғылыми жаңалықтар  мен зерттеулердің мәні өлшеусіз өсетін  болып отыр. Мұның өзі республика зиялылары мен ғалымдарынан жаңа технологиялар мен техникаларды талдап жасауға барынша ден қойып, оларды ел игілігіне қызмет еткізуді, Қазақстанның Ресей және Қытай сияқты ұлы көршілерімен тарихи тағдырластығының, Орта Азиядағы елдермен туыстық   тамырластығының дәнекерлерін  тауып,  солардың  негізінде бүгінгі  ынтымақтастығының   қжеттігін ғылыми негіздеуді талап етеді.

Батыстың білімі, ғылымы, технологиясы, техникасы, инвестициясы біздер үшін өте қажетті. Жаһанданудың бір формасы ретіндегі батыстану–бұл тек қазіргі батыстың технологиясын, экономикалық өнідірісті ұйымдастыру формалары мен  әскери-техникалық  мәдениетін қабылдау  ғана емес, сонымен қатар ол ең алдымен  әлеуметтік  реттеудің (демократиялық-саяси құрылым, адам құқығының басымдылығы, тұлғаның өзінідік жетілуі  үшін әлеуметтік  жағдайдың либералды  типі,  діни және ұлттық  төзімділік және т.б.)  әлеуметтік-мәдени қалыптары кешенін қабылдау.  Бұл белгілер бойынша Азиядағы батыстанған қоғамдарға тек Жапония сияқты  3-4 ел ғана жатады. Көптеген қоғамдарда батыстану прцесі, батыстық үлгілерді қабылдау зиялы қауым  мен дәстүрлі қоғамды жақтаушылардың  қарсылығын тудыруда .

Батыс өркениетінің негізінде еркін тандау және жеке бастама  жасай алатын жеке адам   бостандығы идеясы жатыр.  Адам құқығы-батыс өркениетінің сонау Ежелгі Грекиядан алған идеясы. Қазіргі заманғы мәдениеттер мен өркениеттердің өзара  әрекеттестігі мен сұхбаты, өркениеттіліктің тиімді үлгісі адамның өзіндік рухани  жетілу идеясымен астасып жатады.

Бұл мәселедегі негізгі талас тудыратын жағдай өркениеттердің өзара кірігуі мен ұштасып  кетуіне қарсылықта болып тұр. Бұл Батыс мәдениетінің басымдық танытуы жергілікті халықтың  төлтумалық сипатының жоғалуына алып келуі мүмкін деген қауіпке негізделген позиция. Адам еркіндігі идеясы кез келген мәдениеттің негізін құрайтындығы екі түрлі себептерге байланысты:

Бірінші себеп – этикалық. Бұл процестер төмендегідей принциптермен астасып жатады: адам өзінің тағдырын өзі тандау құқығы, өзінің табиғат берген қабілеті мен дарынын дамыту, зорлық-зомбылыққа түспеу және т.б. Бұл тұжырымға қарсы шығу, еркіндік принципіне қарсы болу–адамның өзіне өзі қарсы болуы, бұд өмірдің өзіндік құндылығын терістеуге әкеліп соғады.

Екінші себеп қоғамдық дамудың қажетті тиімділігіне негізделген. Өркениеттер бәсекесі қазіргі таңда шындыққа айналып отыр. Бісеке экономикада, саясатта, әскери салада,  идеологияда, мәдениетте т.б. бар. Ол, негізінен, саяси деңгейдегі дерек болып отыр. Бір — біріне қарама — қарсы бағытталған саяси блоктары бар бөлшектенген әлем негізгі идеологгиялық мақсат ретінде осы күрестегі үстемдік пен жеңісті көздейді.

Өркениеттердің күресі жөніндегі Америка профессоры С.Хантингтонның пікірімен келісуге де  немесе келіспеуге де болады. Бәлкім бұл өркениеттер арасындағы күрес емес, идеологиялар расындағы, қоғамдық жүйелер расындағы күрес болар, дегенмен де жанжалды жағдайдың бары рас,  және мүны мылтықсыз майдан  деуге де болады.  Әрбір майданның  өз  заңдары  бар және біз білетін   кез  келген майдан технологиялық прогрестің қуатты қозғушысы ретінде көрініс береді. Жеңіс үшін барлық күштер жұмсалады және соғысушы жақтардың мүмкіндіктері де толық сарқылады. Сондықтан мылтықсыз майдан жағдайында, яғни экономикадағы, идеологиядағы бейбіт қарсыласу екезеңінде бәсекелесуші қоғамдардағы белсенді және еркін тұлғаның ролі бірінші орынға шығады.

Қоғамның негізінде жатқан мәдени  нормалар, дәстүрлер, өркениеттік типтер әртүрлі болуы мүмкін,  бірақ қоғамның дамуы, оның қызметінің негізгі механизмі адамзат қоғамдарының барлық типтері үшін ортақ принциптер мен талаптарға бағынышты болып келеді. Басқаша  айтқанда,  кез келген қоғам өзіне барынша тиімді көрінген үлгіге  қарай ұмтылады. Мәселе сол қоғамның жаңаға қалай бейімделе алуында, ондағы өзгерістердің жылдамдығында.  Қазіргі кезенде рационалды ойлау мен ғылымды меңгеруге ұмтылу барлық қоғамдар үшін тән құбылысқа айналды және олар нарық жағдайында қоғамдық прогрестің негізін құрайды. Білімнің сандық тұрғыдан жинақталуы күрт өсуде. Қоғамдық процестер мен технологиялық прогрестің қарқыны шапшаңдап кетті. Міне, осы процестер болашақта әлемнің біріңғайлануының  негізі болуы мүмкін, ал жаһанданудың өазіргі кезеңдегі байқалып отырған белгілері бұл процестің тек бастамасы ғана.

Рационалдықты, гуманизмді, зайрлықты  ешкім ойлап тапқан жоқ, олар қоғамдық дамуды үйлестіріп отырады. Сондықтан оларды батыс өркениетінің өнертапқыштығы деп айтудың өзі артық.  Батыс  тек басқалардан бұрын  «қазіргі кезеңге» жетті, қоғамдық дамудың қарқынды жолына түсе алады. Демек, адам еркіндігі жайлы батыстық идея деп жүргеніміз тіпті де таза батыстық нәрсе емес. Бұл құндылық  әрбір мәдениеттің, әрбір өркениеттің түп тамырында жатыр.[27.236б].

Олай болса, қазіргі заманғы өркениеттер мен мәдениеттер арасындағы келіспеушілік  неден пайда болып отыр? Біздің   ойымызша, бүгінгі өркениеттердің бір-бірімен тиімді сұхбатының қиындықтары алдымен бөтен мәдени үлгі өктемдігін жек көруге негізделген деген тұжырымды  келтіру қисынды. Батыстану мен қоғамды жетілдіру бір-біріне жақын терминдер  болғанымен мағыналары  әр түрлі. Олардың әр түрлілігі өктемдік көрсету  деңгейіне байланысты. Мысалы, қазір бүкіл Шығыс  елдеріне өктем түрде ене бастаған бұқаралық мәдениетті алайық. Бұқралық мәдениетті Батыстың өзінде нарық туындатты және оның  мақсаты пайда табу, сатылу. Яғни оның дәстүрлі мәдениеттен айырмашылығы тауар болғанында және бұл тұрғыдан алғанда оны шын мәніндегі мәдениет деп айтуға болмайды. Дәстүрлі қазақ қоғамы мәдениеті еш уақытта тауар деп қабылдамады, біздің дәстүрлі мәдениетіміз қоғамның шаңырағын ұстап тұрған діңгектердің бірі. Мәдениет дәстүрлі қоғамда қасиетті, киелі. Ол миф, бірақ нақты өмір сүретін, қоғамдық құрылымдар арқылы үнемі қайта жаңғырып отыратын миф.

Ал Батыстың бұқаралық мәдениеті тауар  және сондықтан да белсенді, барлық елге тез бойлап еніп, таратушыларға пайда әкелуге тиіс. Батыстық бұқаралық мәдениеттің белсенді түрде басқа елдерге енуінің басқа себебі- адамдардың  жаңалыққа қараы ұмтылысы, яғни модаға  еліктеушілік сияқты өмірде жиі кездесетін әуестікте жатыр. Соныдықтан дамушы елдерге ол өте жылдам еніп отыр.

Дегенмен бұқаралық мәдениеттің өзіне тәс ерекше қасиеттер бар. Олар:  әмбебаптылығы мен кең таралуға бейімділігі. Ол әлемнің жаһандануының, қазіргі кезеңдегі өркениетті сұхбаттың  негізгі  тетіктерінің  біріне  айналуда. Бұқаралық  мәдениет әлем туралы ақпарат беріп отырады, басқалардың өмірін, бізге түсініксіз адамдардың тіршілігін көрсетеді, әр түрлі мәдениеттер өкілдерінің жақындығы мен бірлігін түсінуге мүмкіндіктер ашады. Ол қарапайым және табиғи. Тек оның батыстық негізге арқа сүйетіндігі көпшілікке күмән туғызады, бірақ жаһанданудың әрі қарай белең алуы  бұқаралық  мәдениеттің бұл қасиетін әлсіретеді. Тіпті, таяу болашақтағы бұқаралық мәдениет туындыларында азиялық және шығыстық сипат басым бола бастауы мүмкін.

Шығыстың рухани мәдениеті Батыстың мәдениетінен кем түспейді, тіпті әлем туралы біртұтастанған көзқарас және діни-философиялық түсініктердің әмбебаптылығы  бойынша одан асып түседі. Бұған қазіргі әлемдегі Шығыс, Азия философиясына деген қызығушылықтың арта түскені дәлел бола алады.

Қазіргі кезеңде барлық әлем үшін дүниені біртұтастық ретінде қабылдау және пайымдай білу маңызды болып отыр. Батыс өркениеті ықпалымен қоршаған ортаға  пайда табу көзі  деп қарау, оны технологиялық тұрғыдан бөлшектеу жер бетіндегі тіршілікті сақтап қалуға қауіп төндіріп  отыр.  Шығыстың философиялық принциптері мұндай әрекетті қабылдамайды және мұндағы әрбір өмірдің құндылығы идеясы,  зорлық  жасамау принциптері жаңа экологиялық сананың негізін  қалауы тиіс.

Өркениеттердің дамуы және олардың  бір-біріне  жақындауы,  тиімді сұхбатқа ашықтығы толығымен олардың даму қарқынына байланысты. Қоғамдық құрылымның  бұрынғы тоталитарлық формалары сұхбатқа онша бейім емес блды, өйткені олардың  негізінде жабықтық және консервативизм жатты. Соңғы жалдардағы қоғамдық жүйелердің іштей  жетілуге ұмтылуы әр түрлі әлемдер мен өркениеттер арасындағы шекаралардың  ашылуына бастама жасады.  Жаһандану мен  барлық елдердегі мегаполистер құрылу  құбылысы  осы ойды  барынша  растайды.[28.109бб]

Жаһанданудың  ұйытқысы ұлы   державалар  болып  отыр. Бұл құбылыс әлемдік деңгейде өріс алуы тиіс заңдылық десек болады. Сондықтан  одан тіпті,қорғануымыз да мүмкін емес.  Тек  біз оның жағымды қырларын  қабылдай отырып, жағымсыз қырларынан сақтана білуіміз керек. Осы жердегі жағымды қыры дегеніміз жаңа технология мен өмірдің барлық саласындағы өзіміздің тірлігімізге сәйкесетін  жаңалықтар. Жалпы  адамзатқа тән жақсылықтардың бәрі де біздің халқымызға  жат  емес.  Біздің ата-бабаларымыздың өмір — тірлігіне зер салғанда жалпы адамзаттық құндылықтарды, оның  ішінде білім алуды құрмет тұтқанын ұғыну қиын емес. Тіпті қазақтың мәдениеті мен дәстүрлерінде  бүкіл адамзатқа өнеге болатындай үрдістер аз емес екенін мақтана айтуға болады. Ресейдегі, Батыстағы, тіпті өз еліміздегі саясаткерлер мен ғалымсымақтар біздің халқымызды біржақты бұрын да, қазір де жабайы деп түсінген жәйттерді аз естіп жоқпыз. Шын мәнінде қазақтар қазіргі жаһандастырушылар көтеріп жүрген жалпы адамзаттық құндылықтарың негізін қалаған бірі дер едім. Қазақтар өздерінің  өздерінің көшпелі мәдениетімен  бірге мұсылман діннің  өмір салтына  үйлесімді қырларын ғана  қабылдаған.

Қазақстан Республикасы – еуразиялық ел, ендеше,  оған еуразиялық  идеясы өте жақын. Еуразиялық идея   Еуропа  мен Азияны біріктіреді, бірақ олар өзінің философиялық мәні тұрғысында Батыс пен Шығыс деген терең  ұғымды білдіреді.

Біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз географиялық  тұрғыдан  ғана емес, демографиялық және мәдени тұрғыдан  да  Еуропа мен  Азия, христиандық пен исламның тарихи әлемі  аралығында жатыр. Еуразия кеңістігі бойынша біздің елімізде ғана славяндар мен түркілердің іс  жүзіндегі үйлесімді қатынасы, достығы, ислам мен христиандық арасындағы рухани келісім іске асып отыр. Осының арқасында Еуразиялық экономикалық қауымдастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы сияқты аймақтық ұйымдар құрылып, жаһандану процесінің зиянды салдарына тосқауыл қойылуда.

Үшінші мыңжылдықта  қарқыны  жеделдей түсер жаһандық тұтастану,  шекара талғамайтын қаржы мен ақпарат ағындары   өзін сақтап  қалмақ болған әрбір ұлтты жаңа қатер  қаупінен қорғануға  мәжбүр етіп отыр. Ендігі жерде өзіндік «менін» сақтауға ұмтылған әрбір жұрт, ең алдымен, тарихи жадын, бірегей ұлттық болмысы мен ойлау машығын, өзіндік дүниетанымын, ана  тілі  мен ерекше ділін, дәстүрлі төл мәдениетін дамыту,  аман алып  қалу жолында жанталасуы қажет.

Қазіргі әлемде ұлттық мәдениеттен тілі ағылшын болып  табылатын жаһанды мәдениетке өту процесі байқалуда.  Американдық  доллар  бүкіл  әлемде қолданыс  тауып,  Батыстың бұқаралық мәдениеті біздің өмірімізге шапшаң   енуде. Қоғамның либералды-демократиялық моделі әр  түрлі деңгейде болғанымен көптеген  мемлекеттерде орнығып келеді. Ал, әлемдік ақпараттық кеңістік (интернет  және басқа  жаңа ақпараттық технологиялар) құрылу  жағдайларында,  әсіресе  тілдік  және мәдени ұқсастықты, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа халықтарының дәстүрлі мәдениетін сақтап қалу  ең озықты мәселе болып тұр.

Мәдениет пен білім салаларында әлдеқайда үлкен әсерге  либералды-демократиялық қоғам құндылықтары ие.   Қазақстан халықтарының  мәдениеттерінің  дәстүрлік  құндылықтары мен мұраттарына сырттан туындаған қысымға жиі-жиі ұшырап отырады. Сондықтан, біз өзіміздің тарихи, мәдени   мұраларымызды сақтай келе, батыстық мәдениетпен байланысып, бір — бірімізді толықтырып, байыта білуіміз керек. Әңгіме ең біріншіден,   қазақ мәдениеттің   батыстық   мәдениетке   бәсеке болуы қабілетін дамыту туралы болып отыр.[28.12бб]

 

2.2. Қазақстан Республикасындағы  демократиялық  саяси  мәдениеті мен саяси сананың  қалыптасу  мен  даму үрдістері.

 

Жалпы саяси ғылымда саяси мәдениет ұғымы  түрлі мағынада қолданылады,   бірақ  оның  түпкі  мәні бір,   ол-тарихи дамудың саяси  өмірінде қалыптасатын дәстүрлер,  құндылықтар, идеялық ұстанымдар  мен саяси іс-әрекеттер жүйесі.[30.174бб]. Демократиялық  қоғамның  саяси мәдениетінің  ерекше сипаттамалары қандай деген сауалға   біршама түсінік Г.Алмонд  пен С.Вербаның «Азаматтық мәдениет»  еңбегінде  көрініс  тапқан.  Либералдық демократиялық саяси мәдениетті зертте отыра  Г.Алмонд пен С.Верба олардың дамыған елдерге тән   түрлерін көрсетті. Шартты   түрде осындай саяси мәдениет «азаматтық» деген  атауға ие  болады. Олар  нақты өмірде  таза тұрінде кездеспейтін   саяси  мәдениеттің  үш  идеалды  түрін-қауымдық,   бодандық  және белсенді түрлерін бөліп  көрсетті.   Саяси мәдениеттің  осы  алғашқы  екі түрін азаматтардың саяси процестерге  қатысуларының мүлдем жоқтығы  мен төмен деңгейі жақындатса, саяси мәдениеттің  үшінші,  белсенді  түрі бұлардан ерекшеленеді, өйткені  мұнда азаматтар тек саясатқа қатысуға мүдделі ғана болып қоймай, сонымен қатар  оған  қатынастағы  белсенді әрекеттерге бағдарланған. Осы аталған  саяси мәдениеттің    үш түрінің бірлігі  негізінде және үшінші түрдегі саяси мәдениет алғашқы екеуінен  басым түскен жағдайда   « азаматтық мәдениет»  пайда болады.[31.134бб]

Осы ой желісінде кеңестік  және посткеңестік саяси мәдениеттің  «азаматтық» үлгіге сәйкестігінің шамасы қандай деген сұрақтың  туындауы  заңды. Осы сұраққа жауап беру « азаматтық   мәдениет»  ұғымының қолдану шегін өтпелі кезең жағдайындағы  өзггеріс процестін басынан өткеріп жатқан қоғамның саяси мәдениетін талдауға көмектесетіндіктен, осында орынды сауал туындайды: саяси мәдениет өзгермейтін  құбылыс па, әлде рационалды  бой үйретудің жемісі ме?

Зерттеушілердің пікірінше, әр кезеңдегі кеңестік саяси мәдениет, авторитарлық режимге бейтарап  та,  оппозициялық болып та көрінуі мұмкін. Осы орайда саяси-мәдени  трансформацияның жауапты  факторларының ішінен ғалымдар саяси институттардың   маңызды ролін бөліп  көрсетеді. Осы үрдістен  шығар болсақ, кеғестік саяси мәдениеттің сыртқы пішінін анықтаған жүріс-тұрыс нормалары сыртқы факторлардың ықпалымен  қалыптасты деп  айтуға  болады.

«Сыртқы факторлар» сол кезеңнің  саяси-институционалдық  астарымен  берілді, өйткені  саяси-мәдени құндылықтар өзгеріп отыратын жағдайларға  сәйкес  бейімделіп отырады. Әрине, саяси  институттар саяси  мәдениетті түбірлі  түрде өзгерте алмағанымен, олар  азаматтарды  өздерінің   мәдени  нормаларын жүйе  талабына бейімдеп,  отыруына көндіре  алады. Ал,  егер кеңес адамдарының   сол  кездеггі режимге көрсетіп отырған лоялдығы тек   өмір   сүріп  отырған  саяси  жағдайға төселу болса  ше?  Яғни  мұндай жағдайдағы адамдардың  шынайы  құндылығы  авторитаризм   құндылығынан тым алыс  та болуы мүмкін.

Саяси  мәдениет  бірқатар   жағдайларда  тұрақты  құбылыс ретінде  қарастырылады. Дегенмен, мәдениеттің  қалыптасуы   ұзақ мерзімді процесс болғандықтан, нормалар мен құндылықтардан тез өзгерісті кұтуі қиын. Көптеген зерттеушілердің пікірі  бойынша, «кеңестік»   кезеңнен қалған саяси-мәдени құндылықтар көп жағдайда посткеңестік даму процесіне біршама әсер етеді. Сол  кезеңнен қалған  саяси мәдениеттің мінездемесі қандай?  Бұл  мәселе жөнінде екі қарама-қарсы  пікір  бар.

Көптеген зерттеушілер  кеңестік саяси  мәдениет революцияға  дейінгі  саяси қағида мен құндылықтарды қайта жандандырды деп санайды, яғни олар мыналар: «өкілдіктің әлсіздігі  мен тиімсіздігі, саяси қатынасудың төмен  деңгейі,  авторитаризм   мен  бюрократизм».  Бірқатар  посткеңестік  зерттеулер де осы пікірді қостайды. Мәселен,  А.Финифтер  поскеңестік саяси құндылықтардың «авторитарлық сипаттамасын» былай көрсетеді: бұл  елдерде институттар  өзгергенімен нормалар өзгерген  жоқ. Түбірлі  құндылықтарды  өзгерту оңай емес, сондықтан да осы елдердегі демократияландырудың болашағы беймәлім ң.

Дегенмен, жаһанданған  әлемде адамдардың өмірлік бағдары  әлемдегі   өтіп жатқан  ауқымды  процестерге  сәйкес өзгеріске тұсіп, тұрғындарда жекешілдік құндылықтардың маңызы өсе түсіп отыр,  яғни адамға  өзін, өз  мүмкіндігін жұзеге асыруға заңды  құқығы бар еркін, тәуелсіз  тұлға ретінде түсіну  тән. Әрине, адамдарға пайдалы болуға ұмтылу, өмірдің мәнін қоғамдық  маңызды жұмыстардан  табу секілді  құндылықтар өзінің маңызын жоғалтып,  олардың артыңғы қатарға жылжуы өкінішті.  Осы орайда, қазіргі  кұнде, адамдар құндылықтарында  алдыңғы қатарға өмірлік мәселелрді өз кұшімен шешуге байланысты мәселелер шыға бастағандықтан тұтынушылық құндылықтардың басым екендігін  айта кету керек. Сондықтан да билік органдарының адамдарға өз мүмкіндігін жүзеге  асыруларына жағдай жасауы экономикалық  та,  саяси да міндет, яғни тұлға  өз мүмкіндігін  жүзеге  асыра алса  ол қоғамға  пайда келтіреді, немесе, керісінше  сенімнің ұзілуіне байланысты апатияға беріліп, сарыуайымдылыққа бой ұрады.

Осы орайда   айтар болсақ,  кеңестік қоғамдық тәжірибе толық түрдегі саяси демократия әлемінде өзін еркін  сезінетін  адамдардың қалыптасуына ұзақ уақыт бойы мұрша бермегендіктен, бүгінгі қазақстандық қоғам мұндай  кұйден әлі алыс. Ескі қоғамдық құрылымдардың тез күйреуі мен жаңасының  бей-берекет  қауырт пайда болуы жағдайында қоғам бөлшектене жіктелуде.  Өмір сүруге ұмтыла отыра адамдар қоғамдық істерден шеттеп қалуда, ал  адам өзінің нақты өмірлік мүдделерін анықтап  көрсететін азаматтық қоғам  құрылымдарынан  шеттеп қалған жағдайда оның тұрақты саяси көзқарасы мен позициясын қалыптастыратын негіз жоқ. Ол мұндай жағдайда бірсәттік  конъюнктуралық көңіл-кұйде  болады. Тек азматтық  қоғам қайнауында ғана демократиялық саяси мәдениет пайда болып  өзінің дамуына бастау ала алады.

Көрнекті француз әлеуметтанушысы А.  Де Токвиль  азаматтық қоғамның әлеуметтік макроқұрылымдарының қызметіне индивидтердің белсенді қатысулары тек қана демократиялық жергілікті  басқаруға нақты негіз ғана тудырмайды,  сонымен қатар азаматтарға саясатты өздерінің  жеке мүдделері мен жеке  күштерін  жұмылдыратын сфера ретінде тұсінуге серпін беріп, демократиялық мәдениетті  орнықтыруға алып келетін, өзін-өзі  тәрбиелеудің  саяси процесі  жүретін базисін тудырады деп санайды. Осы негізде демократия саяси басқаратын жүйеден  азаматтырдың күнделікті  қызметімен астарласа  отыра  өмір  үлгісіне  айналады. Тек осы алғышарт  ғана бұқаралық әлеуметтік  шығармашылықпен тыңая  түсетін демократияға соны серпін  беріп, оған  қоғамды басқарудың  басқа формаларымен салыстырғанда артықшылықтар   береді.  «Демократия,- дейді  А. Де  Токвель  — адамдарды  ең  жетілеген сауатты басқарумен қамтамассыз ете алмағанымен, ол көп  жағдайда қабілетті үкіметтің  өзі дәрменсіз, яғни қандай қолайсыз жағдайда да ғажайыпты тудыра алатын жан-жақты белсенділік пен күш-жігерді тудырады. Демократияның шынайы басымдылығының өзі осында».[32.559бб]

Енді   Қазақстанды қазіргі заманғы джемократиялық елдердің  қатарына  жетуіне мүмкіндік беретін шарттарды анықтайық. Ең бастысы – демократиялық  және  авторитарлық  компоненттегі өзара қатынастағы диспропорциялықтан өту, ал екіншіден қоғамдық  мәдениеттің деңгейі өсуі қажет. Енді елімізде  осы міндеттердің қалай шешімін  тауып  жатқандығын көрелік.

Бүгінгі   күндегі еліміз шынайылығында  демократиялық мешеулікті жоюға қатынастағы  үрдістің бар екені анық. Тұтас алғанда,  бұл оңды ұрдіс болғанымен, мемлекеттің осы процестің шегін көрсетпеуі алаңдатады, ал бұл өз кезегінде өтпелі кезеңнің қоғамдық санада тұрақты  құбылыс ретінде  орнығуына алып  келеді. Осы орайда, өкінішке орай,  мемлекеттің тоталитаризм шаңырауына  қайта «құлауының»  апаттық жағдайының мүмкіндігін  жоққа шығаруға болмайды.

Қоғамдық  мәдениет деңгейіне келер болсақ,  мұндағы жағдайдың  да ерекше   назарда болуы  керектігі талас  тудырмайды. Демократиялық мемлекеттің дамуы,  қоғамымыздың  тұрақтылығы мен ұлтаралық келісім процесінің тереңдеуі көптеген мәселелерді  шешуден бөлек, жалпыға  ортақ саяси  сауаттылықтың болуын  қажет етеді.  Әлеуметтік тәжірибе саяси  мәдениетке тәрбиелеудің,  қоғамның барлық мүшелерінде өтіп  жатқан  процестерге өзіндік көзқарастарының болу   қажеттілігін көрсетіп отыр.  Мұнсыз аса күрделі саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелрді түсіну,  рационалды шешім қабылдау, яғни бір сөзбен айтар болсақ, шынайы демократиялық қоғамда өмір сүру  мүмкін  емес.

 Г.Алмонд пен  С.Верба  еліміздегі қазіргі таңдағы өтіп жатқан процесті түсінуге аса маңызды пікір білдіреді: егер адамдар белсенді азаматтық  идеалына сәйкес өмір сүрмесе, онда демократияның орнауы екіталай.[33.136бб] Сондықтан еліміз нақтылығында постсоциализмнің электикалық саяси мәдениеттің  орнына, азаматтылыққа тәрбиелеу мен «азаматтық саяси мәдениетті» қалыптастыру аса маңызды.

Осыған орай «азаматтылықтың, ең біріншіден, саясатқа қатыспаудың антитезасы ретіндегі қоғамның саяси ісіне  белсенді түрде қатысу, өзінді азамат,  саяси қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде сезіну, азамат ретінде көрінуге қабілеттілік пен дайындық деп түсінген жөн. Ортақ қабылданған пікір бойынша, саяси қатысудың сипаты мен бағытына әсер етуші шешуші фактор – демократиялық құндылықтарды  қабылдау мен игеруден көрініс табатын қоғамның саяси мәденитінің деңгейі болып табылады. Яғни қоғамдық санада демократиялық құндылықтардың мәнділігі жоғары болған сайын, азаматтардың саяси қатысу деңігейі де жоғарылайды және осының көрінісі іспетті азаматтардың мемлекетпен өзара  әрекеті де өркениеттірек бола түседі. Керісінше, демократиялық құқық пен бостандықтың мәнін төмен бағалау,  тұрғындардың  бірқатар бөлігінің саясаттан алшақтай түсуіне алып  келуі мүмкін.  Осы  орайда, қоғамдық шынайылық   көрсетіп  отырғандай,  еліміз тұрғындарының демократиялық құндылықтарды қабылдаулары мен олардың  нақты саяси қатысуларының арасында қатаң тәуелділік жоқ.

Еліміз  тұрғындарының   басым  көпшілігі қоғамдық  өмірді ұйымдастыру мен мемлекеттің сайланбалы органдарын  қалыптастыруға ықпал ете алатын саяси қатысу формаларының бірден-бір тиімді, көңілге қонымды тәсілі ретіндегі демократияның  түбірлі құндылығын  мойындап  отыр.  Бұл электоралдық процестің «байырғылануымен» осы құндылықтардың бұқаралық санада бірітіндеп терең тамыр жайып, саяси қатысудың белсенді үлгісінің қолдау ала бастағанын көрсетеді. Дегенмен  мұндай «байырғыланудың» басқа тұсы  да  бар–  ол электоралдық процедураның еліміздің  және оның азаматтарының өмірінде  оңды өзгерістер болуы үшін беріп отырған  мүмкіндігіне қатынастағы сарыуайымдылықтың өсуі.  Осы сарыуайымдылықтың  күшеюінің тағы бір себебі–мемлекет пен қоғамның  арақатынасы жырақтала түсуде және адамдар  осы процеске  соған сәйкес  үн қатуда.

Осы  орайда, таң   қаларлығы, саясаттың ұстем  топ өкілдерінің қолдарына  жинақталуына  наразылық білдіре отыра, немесе, керісінше «мемлекетті» саясатына ықпал етуде барлық адамдар  тең мүмкіндікке ие болу керекң деген пікірмен келісе отыра, азаматтардың көпшілігі  осы мүмкіндікті  қолдануға немесе  оны жүзеге асыруға ұмтылмайды, яғни олардың құндылықтарында  этатистік  сенімдер басым орын алады.  Еліміздегі  қазіргі таңдағы жаңа нарықтық шынайылыққа бейімделу  жағдайында белсенді саяси  іс-әрекеттер  көптеген  адамдардың  мүддесінде шеткері  орын алуда.  Мұның  себебі–адамдар өмілік белсенділіктерін өздеріне  пайдалы  басқа салалар  мен формада   жүзеге  асырып жатқандықтан,  олардың құндылықтарында қоғамдық және саяси  өмірге белсенді қатысу басты басылымдалықты  иеленбеуде деп   айтуға  болады.

Яғни, осы ой   желісінен  шығар болсақ,  біздің қоғамымызда  саяси абсентеизм  өткір   кұйде қалып отыр. Саяси қатысудың   нақты формалары мен олардың  қажеттіліктерінің деңгейіне келсек,  кейінгі ағымдарға бақылау  жасау, бір жағынан,  төмен материалдық қамтамассыз  етілу  көпшілікте  наразылықтық  көңіл-күйді  күшейте  түссе,  екінші жағынан, керісінше  оны қоғамның саяси өмірінен алшақтатып,  тұрғындардың белгілі бір бөлігінің саяси белсенділігін «суыта түсуде» деген  пікірге  келуге болады.

Кезкелген қоғамда демократияның  пайда болуының қажетті алғышарты–онда азаматтық мәдениет  пен онымен тығыз байланысты демократиялық саяси мәдениеттің өмір сүруі болып   табылады. Қазіргі таңда қоғамымызда демократиялық  саяси мәдениет  енді қалыптаса  бастады.   Алайда, оның осы қоғамда тамыр  жайған   құндылық нормаларына,  онда қабылданған саяси жүріс-тұрыс  үлгілеріне сүйенбей пайда бола алмасы  анық.  Батыс   елдерінде  азаматтық  саяси мәдениет  өзіне  ескі  бағдарларды   қамти  отыра және оларды жаңа  бағдарлармен   үйлесімді  ендіре отыра,  бірітіндеп жинақталуының нәтижесінде  қалыптасты,яғни дамудың  сабақтастығы  қамтамасыз  етілді.  Біздің  қоғамымыз  жағдайында мұндай жол  айтарлықтай күрделенген.  ХХ  ғасырда  еліміздің саяси мәдениетінің мінездемесіне тоталитарлық  режимдердің   тұтастай  әлеуметтік топтарды жойып жіберуі, экономикалық дамуды   нарықтық  реттеуден  бас  тартуы, халқымыздың дәстүрлік ұрпақтар  сабақтастығы  мен  дәстүрлі өмір образының құндылықтарының дамуын бұзған коммунистік идеологияның күшпен  таңылуы қатты соққы  берді.  Одан бөлек,   дәстүрлі  қазақстандық саяси  мәдениеттің  тағы  бір  ерекшелігі – ондағы мәдениеттер мен құндылықтардың арасындағы  терең ішкі қайшылықтардан көрініс  табады.  Азаматтардың  өз дәстүрлері, құндылықтары,  басшылары мен тағы басқа да  өз   принциптерінің дұрыстығына деген  мызғымас сенімі,  олардың   ортақ  келісімге   келуіне жол бермейтін  көптеген идеялық   бағдарлары, біздің қоғамымыздағы алшақтықты  қоздыра түседі.  Яғни, көптүрлі өзара керағар  субмәдениеттердің  болуы Қазақстанның саяси құрылысының біртұтас құндылығын   айқындауға, оның  мәдени көптүрлілігін саяси ауызбірлікпен алмастыруға, мемлекет пен қоғамның ішкі тұтастығын қамтамасыз етуге толыққанды мүмкіндік бермейді. Осы негізде айтар болсақ, қоғамның әлеуметтік әрекеттілігі мен  онда өмір сүріп жатқан әртүрлі  саяси субмәдениеттер қоғамдық-саяси өмірді тұрақсыздандыратын кез  болуы мүмкін.  Әртүрлі субмәдениеттердің қоғамның  бәріне ортақ саяси мәдениет шеңберінде өзара әрекет  ете  отыра ғана  бір-бірімен өзара  тіл   табысып кете  алады.

Осы ретте елімізде мекендейтін халықтардың саяси мәдениеті   өздерінің сапалы  мінездемелері тұрғысынан бір-бірімен сәйкес  келмейтіндігіне  кұмән  келтіруге  болмайды.  Және  аталмыш субмәдениеттердің «жақсы-жаманң,  «жоғары-төмен» принципі бойынша бөлудің керегі  жоқ.  Олар тек әртүрлі және  ол,          ең біріншіден, осы халықтардың әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарынан туындайды. Субмәдениеттегі айырмашылықтар  қоғамымыздағы  қазіргі күндегі бар   өмірлік мәселерді  қабылдаудан, тіпті оларды  шешу  жолдарынан  да   көрініс  табады. Саяси мәдениеттің  алшақтығы,  әсіресе  үйреншікті  түсініктер  мен қағидалар күйреп,  саяси  мәдениет нормаларының сабақтастығы үзілген  шағында, аға ұрпақ  пен қалыптасып келе жатқан   жаңа ұрпақтың  саяси мәдениеттерінің   арасында анық бір алшақтық  пайда болған қоғамдық дамудың өтпелі кезеңдерінде  анық көрінеді.  Сондықтан Қазақстандағы демократияға  өту процесінде  мәдениеттердің әртектілігін  ескермей  жүргізу мүмкін  емес.

Демократияға біртекті  емес, көпқұрамды қоғамдардың өтуі  мәселесін зерттеген американ   саясаттанушысы  А.Лейпхард, осындай   өтпелі кезеңде қауымдастық демократия тәсілін  дұрыс  жол деп есептейді. Оның мәні – қоғамның сегменттері   арасындағы бірқатар, ең  өткір  қайшылықтарды  шеше алатын  қоғамдағы әртүрлі жағдай жасау. Ол  осы орайда,  қоғамның мәдени,  тілдік,  этникалық  әртектілігін  тұрақсыздыққа  жол беретін фактор ретіндегі ойларға қосылмайды. «Сегментарлық қарама-қайшылықпен» алшақталған көпқұрамды  қоғам, саяси  қарама-қайшылықтар толығынан қоғамның әлеуметтік бөлінуімен  сәйкес келетін,  яғни қоғам ішінде өмір сүріп отырған шектер бар кезде  өмір сүреді.  Сегментарлық қарама-қайшылықтар діндік,  идеологиялық,  тілдік, аймақтық, мәдени, нәсілдік не ұлттық  сипаттарға ие болуы  мүмкіндігін көрсете келе, ол осындай  қарама-қайшылықтар  негізінде  қалыптасқан   тұрғындар топтарын, көпқұрамды   қоғамның сегменттері деп  атайды. Саяси прцеске көпқұрамды  қоғамның  сегменттерін және қоғамдағы өмір сүріп  отырған барлық алшақтанған топтарды араластыру  мен ендіру сегментарлық  плюрализмді немесе, басқаша айтқанда қоғамдастық демократияны  орнықтырады. Осы  орайда,  аталмыш  жол  көпқұрамды  қоғамда тұрақты демократияның орнауына кепіл бола алмайтындығын, ол тек  соған  белгілі бір мүмкіндіктер  ғана беретіндігін ескеруіміз қажет.[34.39бб]

Осы жағдайда бүгінгі Қазақстан үшін  бірден-бір тиімді модель —  мемлекет институттары  реформаларды халықтың көпшілігінің   мүддесіне орай  жүргізетін және   қоғамдағы субмәдениеттердің  өмір сүріп,  қызмет атқаруларына мүмкіндіктер беретін  әлеуметтік демократия ғана болуы мүмкін. Осындай жағдайда отандық ғалым Р.Кәдіржанов мынадай ой білдіреді: «Посткоммунистік  елдер,  оның ішінде  Қазақстан жағдайында да, осы елдердің тұрғындарының  көпшілігіне тән аномия  жағдайынан өту тек әлеуметтік-экономикалық дағдарысты шешуді ғана емес,  сонымен қатар саяси жүйенің  консенсустық  мәдени тұғырын  нығайта түсуді  де қажет етеді, яғни тұрғындарды ортақ іске жұмылдыра  түсетін құндылықтар жүйесін қалыптастыру мен орнықтыру аса маңызды».[35.16 бб]

      Демек, Г.Алмонд  пен С.Верба,айтқан: «әлде бір қоғамның саяси  мәдениеті  туралы ой   шерткенде,  біз сол қоғамның  санасында,  сезімдерінде көрініс табатын саяси жүйені еске аламыз» [36.478 бб].

       Қалай десек  те, саяси  мәдениет  ұғымы  өзінің  ғылыми анықтамасын  әлдеқашан тапқаны  белгілі. Дегенмен, саяси мәдениеттің ғылымда келтірілген анықтамалары мен тұжырымдарын негізге ала отырып, өтпелі кезеңді бастан кешіріп отырған қоғамдағы саяси мәдениеттің  өзгеру барысын  жете қарастыру керек.

Қазақстандық саясаттану ғылымында саяси сана мен мәдениет туралы жеке, әрі көлемді зерттеулер өте аз. Алайда, саяси сананы қоғамдық сана, ұлттық сана-сезім, психология, тарихи сана категорияларымен байланыстыра және саяси мәдениет ерекшеліктеріне баса назар аударатын, жалпы теориялық дәрежеде қарастыратын зерттеулер бар.  Бірақ саяси сана мен саяси мәдениет күрделі әлеуметтік құбылыс болғандықтан, оны жеке категория ретінде қарастыру өзінің өзектілігін әлі де сақтап отыр.

Жалпы саяси сана мен саяси мәдениет туралы сыр шерткенде адам факторын, яғни адам дүниетанымы мәселесіне тоқталмау мүмкін емес. Шын мәнінде әлемде неше адам баласы болса, сонша көзқарастар мен дүниетанымдар бар. Дәл сол сияқты әрбір халықтың,ұлттың өзіне тән дүниетанымы болатыны заңдылық. Егер  белгілі бір ұлтты бір-бірімен тығыз генотиптік  және басқа да байланыстармен шырмалған  жеке адамдар қауымдастығы  деп қарастырсақ,  онда жоғарыда келтірілген  дәейк күмән туғызбауы керек. Демек, қазіргі уақытта адамзат  дүниетанымын батыстық және шығыстық  деп екіге бөлуге болады. Бұл стериотиптерге адам факторы тұрғысынан  түсінік беру үшін әлемнің  екі ұлы классиктері — И.Кант пен Ф.Ницшеге жүгінейік.  И.Канттың категориялық императиві тұрғысынан алғанда  «адам деген көзқарас құрал ретінде емес, үнемі мақсат ретінде қалыптасуы шарт» [37. 830бб].  Яғни, бұл батыстық дүниетанымның  негізінде жатқан тезис. Шынында да  Батыс қоғамдарында Жаңа   дәуірден бастап, қандай  мәселеде  болмасын адам  факторының ерекше орынға ие екендігі жасырын емес.  Ал Шығыс  қоғамдарында керісінше,  мәселенің шешімінде адамның жеке ролі төмендетіліп көрсетіледі. бұл жайға Ф.Ницше былай анықтама береді: «Адамда ең маңыздысы мақсат емес, оның өткен мен бүгінді жалғастыратын көпір екендігі:  адамды сол үшінде жақсы көруге болады.»[38. 9б].

Яғни,  бұл қазіргі ғылымда  қайта  қарауды қажет етпейтін негізгі тұжырымдар.  Ал енді Еуропа мен Азияның  арасын  жалғап, «дауыл  халық»  атанған қазақтардың дүниетанымын  қайда жатқызуға болады?  Осы орайда көптеген  жылдар бойы дала халықтарының дүниетанымдарын  жарым-жан  етіп  келген  ой — тұжырымдардың жоққа шыққанын  тілге тиек  етейік  және мұны жоққа шығарған  жергілікті  ғұламалар емес,  Л.Гумелевтің  этногенез  концепциясы екендігін айту керек. Кезінде «әлемнің орталығы — Еуропа,ал қалғандары оның перифириясы  деген тұжырымды алға тартқан еуроцентризмнің дала халықтарына «жетілмеген» ретінде  қарауына тосқауыл қоятын  кез келді».

Тағылық немесе  артта қалушылық туралы  идеялардың  өзі  уақыттың тек синхронды шкаласын қолданудың  нәтижесінде, яғни  жасы жағынан әртүрлі халықтарды құрдас  ретінде қараудан туып отыр.  Бірақ  бұл  әдістің  ешқандай мәні жоқ, себебі  бұл бір мезетте  профессорды, студентті  және мектеп оқушысын салыстырғанмен  тең деп айтып кеткен  Л.Гумелев  ойының жаны  бар екенін  мойындамау қиын. Яғни, артық болмаса да, қазақ  ешкімнен де  кем емес, оның  өзіне тән  қайталанбас  дүниетанымы бар.

Демек, өзге де қоғамдастықтар  секілді,  қазақ ұлтының  өз ерекшеліктері жетерлік. Бұл ерекшеліктер  бір  күнде  немесе  бір жылда пайда болмағаны бесенеден белгілі. Қазіргі уақытта  кейбір зерттеушілердің еңбектерінде саяси құрылымның  реформалануы,  жалпы қоғамдық  өзгерістер  Қазақстан  үшін «жаңалық»  іспетті  деген  ойларды  жиі байқауға болады. Әрине, бұл ойлар  жеке бір  мәселені   локальді түрде қарастырудан тууы әбден   мүмкін, бәрақ  кеңінен алғанда біздің ел үшін трансформация, өзгеріс  ұғымы  жаңалық емес.

Өз тарихында Қазақстан  белгілі формациялық   кезеңдерді толық  бастан кешірмесе  де, қоғамдық   жүйенің  тұбегейлі өзгерістерін бастан  кешіргені анық. Ішкі және көбіне сыртқы  факторлардың әсерінен болған бұл  өзгерістер  барысында  қазақ қоғамының  тек саяси,  әлеуметтік,  экономикалық бағдарлары ғана ауысып қана қоймай, сонымен қатар  дүниеге деген көзқарасының  да  терең  өзгерістерге  ұшырағанын байқаймыз. Егер  XV қазақ ұлт болып  қалыптасып,  Ұлы далада өзінің орынын айқындатса,  кейін келе Ресей, Қытай  сияқты елдермен  қарым-қатынас жасап,  батыс пен шығыс мәдениетін бойнына  сіңіре білді.  Қазақстанның  патшалық Ресейге қосылуы мен Кеңістік   дәуірдегі  кезеңдерін қазақ  қоғамының  саяси мәдениетіндегі  тағы бір сілкініс  кезеңі деп қарастырған  жөн. Ал қазіргі кездегі   қазақстандық қоғамның  өтпелі шақты  бастан кешіріп отырғаны  саяси  мәдениеттің  жаңа  сапалы өзгерістер  құшағына енгенін  дәлелдейді.

Ендігі  жерде  бұл өзгерістердің  сипатына келер  болсақ, онда қазақ тарихының түрлі кезеңдерінде өткен трансформациялық процестер бір-біріне қатысты радикалдылығымен  ерекшеленетін  тілге тиек еткен жөн. Бір  ғана  мысалды  алып қарайық,  көшпелі өмір салтының  көзді ашып  жұмғанша  отырықша  шаруашылыққа ауысуы қоғамның  дәстүрлі  стереотиптерінің жойылуына әкеліп соқты. Бірақ  бұл дәстүрлердің толықтай жоғалуы тарихи сабақтастық  заңдылығы тұрғысынан алғанда  мүмкін емес  екендігін  айта кетейік.  Себебі, бұл жайт бүгінде өз көрінісін  жиі тауып жүр. Мұны қалай түсінуге болады?

Әрине қазақ  даласының  оңтүстік өңірлеріндегі жер игеру  шаруашылығы  адам  заманнан бері бар нәрсе. Дегенмен,  «қазақ қарға тамыр»  демекші  олардың   көшпелі тайпалармен  тығыз байланыста  болуы бұл  өңірде де көшпелі өркениеттің  жайылуына қолайлы  жағдай туғызғаны аян.  Дәл осы сияқты мысалдар толып  жатыр.  Дегенмен,  бұл мәселенің   астарын  қазбаламастан,  біз қазақстандық  саяси мәдениеттің  қазіргі жай-күйіне назар аударайық.  Себебі біздің  қоғамның  бүгінгі таңда бастан кешіріп отырған кезеңінің өзіндік  спецификасы бар  және бұл  ерекшелікте дәстүрлік  ұғымының маңызы зор.

Мәдениет- бұл  адамзат өмірінің  бүкіл саласын қамтитын, қоғамдық  жүйенің толымды қызметін қамтамассыз ететін рухани  компонент.  Ол-адамның  рухани  еңбегінің өнімі,  қоғамдық  өзггерістер   жиынтығының маңызды бөлігі:  экономика,  саясат  және әлеуметтік құрылымдарды реттеудің   маңызды құралы және осы  процестің  жемісі. Нақты идеалды тұрғыдан қарасақ,   мәдениет — жеке  адам  мен  бүкіл қоғамды,   адамның  бақыты мен  болашағы  жолындағы  құндылықтарды  дамыту арқылы  адамзат   балысын   Жан — жақты  жетілдіру болып табылады.   Демек,  жаһандану  жағдайындағы мәдениеттің  міндеті–мәдени  плюрализмді, этиканы, ұлттық және әлемдік өркениет  деңгейіндегі өзіндік болмыс пен өзара ықпалдасуды қамтамассыз ету. Бұл–қоғамның ішкі қатынастарын жаһандық сипатта   реттеу  мен  әр түрлі халықтардың өзара  ықпалға  бейімделу мүмкіндігі. Яғни, қазақ халқының  әлемдік мәдени  процестерге  бейімделуі  мемлекеттік  саясатының  ұлттық  мәдениетке  жан-жақты   қолдау  көрсетуі мен дұрыс нәтиже  бермек. Жан-жақтан  қоршап алған жаһандық  (американдық,  батыстық,  славяндық)  мәдениеттер ықпалы күшейген тұста қазақ мәдениетін әлемдік деңгейге көтеру тек  ұлттық   құндылықтарды  қадірлеу арқылы   ғана   іске  аспақ![39.14бб]

Егеменді ел болғалы республика басшылығының  бастауымен Қазақстан  халқының төл  тарих,  салт — дәстұр,  ұлттық мұра сияқты  құндылықтарды қайта жаңғыртуға  бет бұрғаны белгілі.  Бірақ сонымен қатар,  жалпымемлекеттік даму жолын  демократиялық, нарықтық бағытта дамыту қағидасының бекітілуімен, ел өміріне  батысеуропалық құндылықтардың енуіне   жол ашылды.

Тәуелсіздіктің алғашқы  жылдары ұлттық руханиятты қайта  түлету үрдістері ерекше белсенділікпен жүріп,одан кейінгі кездері біршама бәсендеген сияқты. Есесіне батыстық құндылықтардың әлде — бір  эталон  қызметін атқаруы жиіледі, себебі нарықтық эконоиканың бірден бір талабы  ашық қоғам құру еді.  Әрине, бұл процестердің   өз деңгейінде реттелмеуі  қоғамдағы  дәстүрлік пен  жаңашылдықтың арасындағы  теке-тірестің тууына, ал ол өз кезегінде қоғам санасында  қайшылықтардың пайда болуына әкеліп соғатын еді. Осыны негізге  ала отырып,  біздің  саяси  мәдениеттің дәл  қазіргі жағдайына қандай  баға  беруге болады,  соған жауап беріп  көрейік.

Ол үшін, біріншіден, жалпылай  алғанда  Қазақстан  қоғамын,оның ойлау тәсілін, санасын  қайда (Еуропаға  ма,  әлде Азияға ма)  жатқызуға болатындығын  анықтау  шарт. Екіншіден, қазақстандық саяси мәдениеттің  дүниенің екі бұрышына датән емес  ерекшеліктерін айқындау қажет.

Сонымен,  Қазақстан Республикасы негізін қазақ ұлтты  құраған, осы республика аймағын мекен ететін  халықтардың  еркімен құрылған мемлекет екенін  ескерсек,онда қазақтардың этногенотипін шығыс жарты  шарына жатқызуға болады.  Мәселенің даулы екеніне қарамастан,  қазақстандық қоғамға шығыстық ойлау тәсілі, анғырақ  айтқанда оның  кейбір  белгілері тән деп алайық. Себебі, бүгінгі өркениеті кеше   ғана пайда  болған Еуропаға қарағанда, мыңдаған жылдық тарихы бар шығыс өркениетімен көп ғасырлар  бойы  тығыз байланыста  болған көшпенді  қазақ үшін Азияның өмірі түсініксіз деп айту қиын. Тіпті осы  заманға лайық өмір  салтын қазақ  даласына кеңес үкіметі  алып келді деген сәуегейліктің керегі  шамалы. Мәселен, кейбір зерттеушілердің пайымдауынша, КСРО тоталитарлық  мемлекет ретінде өзінің бастауын шығыс  деспотиясынан алатын    көрінеді.  Демек, бұл тұрғыдан кеңестік  қоғамдағы дүниетаным революцияға дейінгі  көзқарастардан түп-тамырымен ерекшеленеді деп ойлау  артық.

Шын  мәнінде  мәселенің шешімі бір нүктеден   шығатыны  белгілі, ол-  материалдық өндіріске  қатысты қоғам  құрылымның ерекшеліктері. Яғни, шығыс қоғамдарында қоғамдастық, коллективистік  бастамалар бірінші тұрса,  батыста  жекешілдік принципі жоғары тұрады. Жалпы мұндай жағдайдың себебін ғалымдар  әлеуметтік — экономикалық   саладан іздеуге  тырысады.

Расында өмірге деген индивидуалистік  көзқарастардың тууы  материалдық  жеке меншіктің пайда  болуымен, яғни, «мынау менікі», «мынау сенікі» деген ұғымдардың шығуымен байланысты. К.Маркстің ойынша  тап аралық  күрестің  пайда болуы да осы кезден басталады.  Мәселен, өзінің  ғылымға азиаттық өндіріс тәсілідеген атпен еніп кеткен атақты теориясында К.Маркс былай дейді: «Егер  өндірушілер (шаруалар) жердің жеке меншік иелерінен гөрі, Азиядағыдай бірден мемлекетпен  бетпе-бет  келер  болса, онда рента да, салық та жерге  төленетін бірбағамға сыйюшы еді. Мұндай жағдайда мемлекет  жердің  жоғарғы меншік иесі болып табылып, жерге қауымдық иелену мен пайдалану ережесі жүреді» [40. 129б].

Бұл ойдың дұрыс-бұрыстығын талдап жаппай-ақ,  бірден  қоғамның әлеуметтік-экономикалық  жағдайы, көбіне-көп  оның әлеуметтік-психологиялық жай-күйіне  ықпал ететінін  айта кету керек. Демек, батыс  қоғамдарындағы  әлімсақтан бері  келе жатқан жекешелдікке  деген ұмтылыс,  бүгінгі нарық  заманының  бет-бейнесін  құрғанын көреміз.  Олай болса  бүгінгі біздің  осы бағыттағы ұмтылысымыз  орында ма?  Иә,  орынды, себебі, жоғарыда  айтқанымыздай, қазақстандық  қоғамның жалпы ойлау  мәтінінде батысқа да, шығысқа да тән  ерекшеліктер бар.

Өздеріңіз  білетіндей, қазақ  халқының пайда болуына әсер еткен этногенетикалық үрдістердің түп тамыры ежелгі  дүние тарихының  қойнауынан  бірақ шығады.  Бұл үрдістер  ықылым  заманнан бері Орта  Азияның кең даласындағы этникалық және  саяси  қатынастардың даму ерекшеліктерімен  бірдей өзгеріп отырды.

Тарихтың  әр кезіңінде Қазақстан территориясында пайда болып немесе  жойылып отырған этникалық топтар мен  тайпалар, кейіннен  қазақтардың өмір салтына айналған, көшпелі мал  шаруашылығының тұрақтануына әкеліп соқты. Әрине, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстігі-шығысында егіншілікті кәсіп еткен, отырықшы аудандардың болғаны рас.  Бірақ, бұл  жерлерді қоныстанушылардың  өзі, көршілес көшпелі тайпалармен тығыз байланыста болғандықтан, көшпелі өмір салтының ықпалында қалғанын жасыра алмаймыз.  Сондықтан, ертедегі  қазақтардың  дүниетанымы жайлы сөз қозғағанда көшпендінің менталитеті  түрғысынан қараған жөн.

Кеңес  ұкіметінің  зобалаң  жылдарында тарихты  бұрмалау кесірінен жалпы «көшпенді» ұғымы қатыгездік, жаугершілік сияқты  түсініктермен  теріс бағалағаны  белгілі.  Не десек те,  осы күнгі  біздің  төл  тарихымызда  бәрі де орнына келіп, терең ғылыми зерттеулер  нәтижесінде өткенімізге оң  баға  берілуде. Бірақ,  сол  баяғы «кеңестік тарихпен» тәрбиеленген миллиондаған  адамдардың  санасында көшпенділерді  әлде-бір тағы халықпен  шатастыру  сияқты фактілердің  болуы  әбден мүмкін.

Тіпті,қазіргі  ғылымға етене еніп  кеткен, көшпенді ұғымын  бұрмалайтын «номад», «скотовод»  сияқты сөздердің даңқты тарихы бар көшпелі  қазақ мемлекеттілігін   жоққа шығарумен   тең екенін  айта  кету қажет. Сондықтан, көшпенділік  ұғымына жете талдау жасап, оның дұрыс түсінігін ұсыну  керек. Екінші жағынан,  мұның  жалпы қазақтардың  дүниетанымына,тіпті қазіргі күнге   дейін  қазақстандық   саяси мәдениетте  өз көрінісін тауып жүрген  кейбір жайттарға  түсінік берері хақ.

Біріншіден, көшпенділік өмір  салты  тау мен  орманы аз кең далада ғұмыр кешуге  ең қолайлы, мал  шаруашылығымен айналысқан адамдардың табиғи қажеттілігінен туған шара.

Екіншіден, дүниежүзілік теңіз жлдарының ашылуына дейін,құрлықтағы қандай да болмасын қатынас көшпелі халықтардың  арқасында жүзеге асып  отырғаны  белігілі. Тарих беттері көрсеткендей, Моңғолия мен Дунай  өзенінің  аралығындағы кең алқапты  алып жатқан  Ұлы  дала ежелден  бері көптеген көшпенді халықтардың  Шығыстан Батысқа  қарай   жылжуындағы әлде бір көпір   қызметін  атқарған.

Олар тек көшіп — қонып  қана қоймай, ұлы мәдениет  иелері ретінде  дүниенің екі бұрышын жалғастыра білді.  Бұл жайттың  растығын қазіргі  күні табылып жатқан археологиялық қазбалар  мен тарихи жазбалар дәлелдеуде. Егер ежелгі  скиф,  ғұн,  түркі,  моңғол  мәдениеттерінің   қазақ даласына салып   кеткен іздерін   ескерсек,  онда   олардың   әр қайсысының   көшпенді  қазақ  менталитетінің құрылу барысына қайталанбас  таңба салып  үлгергенін  байқау   қиын  емес.

Демек, көшпенділік,  біріншіден,қазақтардың ой-санасына өз руына  берілгендік негізіндегі  корпоротивтік  сезімнің   кіруіне, екіншіден,  нақты мәселеге  қатысты  консервативті  ойлау  тәсілін  енгізді. Ал бұл қасиеттің жаман емесітігін  сөз арасында  айта кеткен  жөн.  Осы арада  мынадай сұрақтың  туындауы орынды:  ХІХ-ХХ ғасырлардағы  қазақ даласын  отарлау  кезеңінде осы  қасиеттердің жойылып, кетпегеніне қандай  кепілдік беруге болады?

Бұл қасиеттер  қандай да болмасын күрделі өзгерістерге ұшырай  қоймаған.  Себебі, патшалық  Ресей тұсында орыс әкімшілігі қазақ даласына  батыстық үлгілерді ендіруден гөрі, «бөліп  ал да, билеп  бер» деген ұранмен рулық санаға  аса мән берген. Бұл  жайт жергілікті халықтың еріксіз рулық  бірлікке ұмтылуын қаматамассыз етті. Ал кеңес үкіметі болса,   интернационализмаясында ұлттық  нышандарға  қаскөй  болғанымен, халықтың жадында коллективтік дәстүрлердің  сақталуын жақтағаны белгілі.

Саяси сана мен мәдениетке қоғам  дамуның тарихи қалыптасқан ішкі ұлттық сипаттағы тәжірибелермен қатар, еуразиялық  пен жалпы түрік құндылықтар мен ұстанымдар да,ауқымдырақ  дүниежүзілік сипаттағы қатынастар да әсер етіп отыр. Олар негізінен еліміздің халықаралық  қатынстарға интеграциялануы дәрежесіне байланысты.  Бұл,әсіресе жаһандану процесі сфераларының барған сайын  кеңейе  түсулерінен  айқын  көрінеді. Олар ұлттық бағдарлы саяси идеология мен  мәдениетке, қоғамдығы топтар мен жеке тұдғаларға әзірше бейтаныс    әлеуметтік  ойлар  мен  сезімдерінің жүйелерін, түрлі геосаяси  ұстанымдар мен мәдени — рухани бағдарларды енгізулері мүмкін.

Егеменді саяси сана субъектісі өзінің көп өлшемді таным  қабілеті арқасында бұл жаңа лептің түпкі  астарларын   жеткілікті деңгейде бейнелеген жағдайда,  даму диалектикасына, оның демократиялық  бағытта өрбу  тенденцияларына  да айқындаушы ықпал  жасай алады.  Міне,  сондықтан, әрбір белсеңді Қазақстан азаматы бұл көпдеңгейлі құндылықтар мен ұстанымдар жүйелерін өзіндік сипаттағы шартты  сатылар деңгейінде топтастырылған  рухани  көздер ретінде қабылдаған жағдайларда,  өзінің тәуелсіздік жылдарында қалыптасушы демократиялық көзқарастары  мен саяси ұстанымдарында белгілі бір сабақтастық пен біріктіргіш сипаттағы  әлеуметтік ойлар мен көңіл — күйлердің әсерлерін сезіп  ғана қоймай,  сол жаңартушы  бағыттарды пәрменді қызмет ете алар еді.

Міне сөйтіп, жаңа,  мәдени  мазмұнға бай саяси сана мен саяси мәдениет, әрбір  саналы азаматтың  саяси, әлеуметтік мазмұнға толы қоғамдық қатынастарды демократиялық  бағытта  жетілдіре түсуіне ықпал  ететін   оңтайлы  көзқарастар жүйесі ретінде танылуы тиіс.

Демек, қазіргі қазақстандық саяси мәдениет  Кеңес үкіметі кезінде немесе 1991 жылы алынған  егемендіктен   бері құрыла  бастады деу  қате  пікір.  Бүгінгі қазақстандық саяси мәдениет   қазақ қоғамында ғасырлар бойы  қалыптасқан  дәстүрлі ой-сана мен кешегі күрделі бетбұрыс кезеңінен  бастап саяси  жүйеге ене    бастаған   жаңа құндылықтардың шиеленісінен   тұратыны жасырын емес. Сондықтан, бүгінгі елеміздегі  саяси  мәдениетке өтпелі кезеңді  бастан кешіріп отыр деген  түсінікпен қараған жөн. Сонымен қатар, Қазақстан қоғамының ерекшеліктеріне  сай  тұрақты демократиялық  саяси мәдениет  пен сананың құрылуы көбіне-көп жоғарыда аталған «ескі» мен  «жаңа» арасындағы  синтездің   болуы  және  бұл  үрдістің  дұрыс   жүргізілуіне  байланысты айта кету керек.

Ал мұндай  үрдістерді ойдағыдай жүргізуге болатындығын  әлемнің  бірқатар  мемлекеттеріндегі  мысалдар  дәлелдеп отыр (Жапония, Түркия,Оңтүстік Корея).  Сонымен қатар, бұған кері мысалдар  да толып жатыр. Мәселен, көптеген  сарапшылар ХХІ  ғасырдың  серкесі  деген  болжам дасап  отырған Қытайдың тәжірибесін қарастырып  көрелік.  Әрине, Латын  Америкасының бірқатар  елдеріне  қарағанда  Қытайда  бұл   үрдіс  ұзақ  уақытқа  созылып, көптеген сүріністер  арқылы көзделген  мақсатқа  жақындағаны рас.  Дегенмен, Қытай  қоғамында о бастан-ақ  дәстүрлі мен  дәстүрлі  емес саяси   құндылықтардың табиғи синтезделуінен  гөрі,  дәстүрлі   қоғамға жаңалықтың   күштеп,  жасанды  түрде  енгізілуі фактілері  орын алғаны   белгілі.

Демек, бұл  тәжірибелердің қазақ үшін,  Қазақстан үшін маңызы зор. Оларды біліп, өз пайдамызға дұрыс пайдалана білу алдағы күннің  міндеті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Жұмыстың  барысында көптеген ғалымдардың  бұл мәселе  жөніндегі пікілерімен  танысып, осы орайда Президентіміздің  келесі сөздері  де өзекті:

«Кезкелген мемлекеттік тәуелсіздіктің қалыптасу  тарихы,  ол тек  қоғамдық — саяси   қайта құру  ғана  емес… Сонымен бірге, ол әрқайсымыздың  бүкіл  халықтың әлемдік өркениетке қайта оралуы,  содықтан бұл оралу жолдың дұрыс  стратегиясын таңдап, алға жүру  үшін  ақырғы мақсаттың — әлем  мен  әлемдік қауымдастықтың бар бейнесі  мен қырларын айқындау қажет. Ал, жаһандану  тенденциялардың объективтілгі мен шарасыздығына сүйене отырып, ашық  қоғамды  құрастыру — қалыпты  даму  принциптердің  негізінде   қалыптасып  отырған  айтарлықтай дамушы  қоғамды құрудағы  ең   қалыпты жол» [29.221б].

Бүгінде жаһанданудың жалпы мойындаған концепциясы жоқ. Әлі де бұл термин түрлі елдерде, аймақтарда, қоғамдар  мен ғылыми пәндерде өзіндік  ерекше  мәндерге  ие болып   отыр. Соған қарамастан бұл процесс әлеуметтік-мәдени көптүрліліктің өсуін меңзейді. Басқаша айтқанда ол өте күрделі көп өлшемді процесс және ұқсастық пен өзгешелікті, әмбебаптық пен фрагментаризмді ұғындыратын құбылыс.  

       Дегенмен, жаһандану адамзат  қоғамы дамуының қазіргі кезеңімен   орайласатын  және әрбір  тарихи процеске тән   жағымды да  жағымсыз аспектілері  мен ерекшеліктері  бар  барша әлемге ортақ процесс болып табылады.  Бұл  процестен сырт қалу қаншалықты мүмкін болмаса, оған қарсы күресу де соншалық мүмкін емес. Алайда осы процестің барлық құрамдас бөліктерін терең оқып-зерттеу, оның жағымсыз жақтарын ғылым мен күш-жігерді біріктіру жолымен жеңілдету әрі айқын,  әрі барынша қажет.

Бүгінгі күні жаһанданудың шегі, қоғамдардың саяси және мәдени жүйелеріне  оның  ену қабілеті туралы мәселелер өте маңызды болып отыр. Жаһандану процесі  тек  әлемдік нарығымен тұтынуды жедел түрде дамытуға қолайлы жағдай туғызу мен қатар, ол әлемнің барлық елдері үшін ортақ өмір келбетін  қалыптастыруға ықпал жасайды. Сондықтан көптеген елдер мен  үкіметтер ұлттық мәдени құндылықтар мен мәдени ұқсастықтарды сақтап  қалу мәселесімен байланысты  өздерінің абыржуын байқатуда.

Жаһандану процестерінің түрлі қоғам мәдениеттеріне тигізетін әсері жайлы П.Бергер мен С.Хантингтонның  «Многоликая  глобализация» кітабы баяндайды.   Авторлар  бұл  процестің  Қытай, Германия  және Түркия мәдениеттеріне төрт қозғаушы күш: іскер элитасы, интеллектуалдар тобы, бұқара мәдениет пен қоғамдық қозғалыстар арқылы әсер тигізетінін көрсетті. Бұл күштердің нәтижесінде қоғам түбегейлі өзгеріп,адам санасы, жүріс-тұрысы, қоғамдағы қатынастардың барлығы  да басқа мәнге  ие болуда. Жаһанданудың осындай әсерлерге қарсы тұру мақсатында  жүргізілген, әсіресе мемлекеттік саясаттың ерекше мағыздылығын айта кету жөн. Өзіндік төлтума мәдениеттерін, құндылықтары мен ділдеріннің жаһанды, бұқаралық мәдениет әлемінде сақтай біліп, сонымен бірге ешкімнен де қалыспайтын  дамуды осы елдердің   тәжірибесінен көруге болады.

Бұл елдердегі жүріп жатқан  процестерді  біздің  елімізде де  байқауға болады. Қазақстанның саяси санасы мен саяси мәдениетіне қоғам дамуының тарихи қалыптасқан тәжірибелерімен қатар, еуразиялық пен жалпытүріктік құндылықтар мен ұстанымдардан да  ауқымдырақ  дүниежүзілік  сипаттағы қатынастар  да  әсер етіп отыр. Олар негізінен еліміздің  халықаралық қатынастарға интеграциялану дәрежесіне  байланысты. Бұл, әсіресе, жаһандану процесі сфераларының  барған сайын кеңейе түсулерінен  айқын   көрінеді.  Олар  ұлттық бағдарлы  саяси идеология мен мәдениетке, әлеуметтік  ойлар мен  сезімдерінің  жүйелерін,  түрлі геосаяси  ұстанымдар мен мәдени — рухани  бағдарларды енгізуде. Егеменді саяси  сана субъектісі өзінің  көп өлшемді таным  қабілеті  арқасында бұл   жаңа лептің түпкі  астарларын жеткілікті  деңгейде бейнелеген  жағдайда, қоғамның  даму диалектикасына, оның демократиялық бағытта өрбу  тенденцияларына да  айқындаушы ықпал   жасай алады. 

Міне,  сондықтан   әрбір белсенді Қазақстан  азаматы бұл көпдеңгейлі құндылықтар мен  ұстанымдар  жүйелерін өзіндік   сипаттағы  шартты  сатылар деңгейінде  топтастырылған   рухани көздер  ретінде қабылданған  жағдайдайларда,  өзінің тәуелсіздік жылдарында  қалыптасушы демократиялық  көзқарастары мен саяси ұстанымдарында  белгілі бір сабақтастық  пен біріктіргіш сипаттағы әлеуметтік ойлар  мен  көңіл-күйлердің  әсерлерін  сезіп ғана  қоймай, сол жаңартушы  бағыттарды пәрменді қызмет ете алар еді.

Қазіргі таңда жаһанданудан оқшалану – қатерлі  тұйықтық,  бұл ретте оған  түскен елдер үшін   келеңсіз салдар  орасан  ауқымға жетеді.  Жаһанданудан  оқшалану – өзіңді  басқа елдерден және жалпы   әлемдік  дамудан кейіндеп  қалуға  әдейлеп түсіру болмақ.  Мұндай елдерде, асыра айтпағанның өзінде болашақ жоқ. Жаһанданудың  аса  принципті  мәселелерінің бірі — одан  «темір пердемен»  оқшалануға болмайды,  алайда,   сонымен қатар осы заманғы ашық   әлем  беретін тиімділікті барынша  пайдалану  жағдайында  түрлі құралдардың көмегімен оның теріс  ықпалын азайту керек.  Осы мәселені дұрыс  шешуге,   дұрыс  стратегияны тандай  білуге көптеген  мемлекеттердің, соның ішінде Қазақстанның  болашағы байланысты болады.

 

 

 

Сілтемелер  тізімі:

 

  1. Назарбаев Н.А. «Егемен Қазақстан» 2004 – 25 сәуір.

2.Нысанбаев А. «Глобализация и устойчивое развитие   Казахстана» Алматы,2002ж.

3.Межуев В.М. «Проблемы современности  в  контексте   модернизации  и  глобализации»//Политика.- 2000.№3

4.Лейбин В.И. «Модели мира »  и образ  человека. Краткий анализ  идей Римского  клуба. М.,-1998ж.

5.Бек  У. «Что  такое  глобализация?» Пер. с  нем.-М.:Прогресс-Традиция, 2001. С.304

6.S.Hoffman. The Clash of Cіvіlіzatіons.// Foreіgn  affaіrs.№3

7.Делягин М. «Практика глобализации: игры и правила новой эпохи» М.:2000ж. 15бб.

8.Нысанбаев А. «Глобализация и транзитное общество»//Саясат. 2001ж, №10.

9.Энцеклопедия  глобалистики. М.:2001ж

10.Бұл жерде.

11.Панарин А. «Имперская республика» на пути к  мировому господству.// Общественные  науки и современность.-1999ж.-№4.

12.Панарин А. «Искушение глобализмом». М.:Изд-во  ЭКСМО-Пресс, 2002ж.

13.Федотова Н.»Возможна ли мировая культура?» //Философские  науки-2000г.№4

14.Бауман З. Индивидуализированное  общество.  М.,2000г.

15.Хантингтон С. «Столкновение цивилизаций.»                   //  Политические  исследования-1994г.-№1

16.Бирюков М. «Глобализация: интеграция и дифференциация культур» //Философские науки №4 2000г с.33-42

17.Энцеклопедия глобалистики. М.:2001ж.

18.Бұл  жерде.

19.Пантин В. Социоестественная история и  глобализация.//Материалы постоянно действующего междисциплинарного семинара Клуба ученых «Глобальный мирң. Вып. 3(15).-М.:»Издательский дом Новый век», Институт  микроэкономики,222,-32с.

20.Энцеклопедия глобалистики.М.:2001ж.

21.П.Бергер, С.Хантингтон «Многоликая глобализация»  М.:2004ж. Издательский дом Аспект пресс.

22.Бұл  жерде.

23.Бұл жерде.

24.Бауман З. Индивидуализированное общество.М.:2000ж.

25.Байдельдинов Л.А. «Казахстан как политическая реальность» Институт развития Казахстана, А.:2000ж.

26.Нысанбаев А. «Глобализация и устойчивое развитие   Казахстана».А.:2002ж.

27.Сорокин П. Человек.Цивилизация.Общество. М.:1992ж.

28.Федотова Н. «Кризис идентичности в условиях  глобализации» //Человек. 2003ж.-№6.

29.Нысанбаев А. «Глобализация и транзитное общество» //Саясат,2001ж.- №10.

30.Назарбаев Н.А. «Критическое деситилетие»

31.Политическая энцеклопедия в 2-х томах.М.:Мысль,2000ж.

32Алмонд Г.,Верба С. «Гражданская культура.Политические установки и демократии пяти наций» //Антология мировой политической мысли в 5-и томах. М.:Мысль,1997-Т2

33.Алексис де Токвель. «Демократия в Америке»-М.: Прогресс,  1992ж.

34.Бұл   жерде.

35.Лейпхард А. «Демократия в  многосоставных обществах: сравнительное исследование».М.:Аспект  пресс, 1997ж.

36.КадыржановР.»Консалидация  политической  системы Казахстана:проблемы  и перспективы».А.:1999ж.

37.Бұл жерде.

38.Кант И. «Метафизика нравов  в  двух частях»//Антология мировой  политичесой мысли.-М.:Мысль  1997.Т2

39.Ницше Ф. Собрание  сочинений в 2-х томах.М.:Мысль 1990,-Т.1. 831с.

40.Маркс К. Собрание  сочинений. М.:Наука,1963.-Т21.с129.

41.Т. Дөрбетхаұлы  «Қазақ мәдениетін дамытудың ерекшелігі  мен  болашағы».//Саясат,2002ж. № 11.14бб.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиет тізімі

 

Монографиялар:

1.Нысанбаев А. «Глобализация и устойчивое развитие   Казахстана» Алматы 2002ж.

2.Лейбин В.И. «Модели мира »  и образ  человека. Краткий анализ  идей Римского  клуба. М.1998ж.

3.Бек  У. «Что  такое  глобализация?» М. 2001.

4.Панарин А. «Искушение глобализмом». М. 2002ж.

5.Бауман З. Индивидуализированное  общество.  М.,2000г.

6.П.Бергер, С.Хантингтон «Многоликая глобализация»  М.:2004ж.

7.Бауман З. Индивидуализированное общество.М.:2000ж.

8.Байдельдинов Л.А. «Казахстан как политическая реальность» Институт развития Казахстана, А.2000ж.

9.Нысанбаев А. «Глобализация и устойчивое развитие   Казахстана».А.2002ж.

10.Сорокин П. «Человек.Цивилизация.Общество». М.1992ж.

11.Назарбаев Н.А. «Критическое деситилетие»

12.Алексис де Токвель. «Демократия в Америке»  1992ж.

13.Лейпхард А. «Демократия в  многосоставных обществах: сравнительное исследование».М. 1997ж.

14.КадыржановР.»Консалидация  политической  системы Казахстана: проблемы  и перспективы».А.1999ж.

15.Ницше Ф. Собрание  сочинений в 2-х томах.М. 1990,-Т.1.

16.Маркс К. Собрание  сочинений. М.1963..

17.Жамбылов Д.Тәуелсіздік және саяси сана.  А.:Жеті жарғы 1999ж.

18.Назарбаев  Н.А. «Идейная  консалидация  общества как  условие прогресса Казахстана»,  Алматы 1993г.

 

Мақалалар:

1.Нысанбаев А. Дербес даму және Қазақстан//Егемен Қазақстан.  2001ж.9қараша

2.Бурбаев  Т. Казахстанский менталитет  в контексте   глобализации.//Мысль,2002ж.-№11

3.Галкин, Красин » Культура толерантности  перед вызовами глобализации «.//Социальные  исследования. 2003ж.- №8

4.Мамыканов  Б.  «Глобализация  и проблемы  национальной трансформации в странах ЦА»//Саясат,2004ж.-№10

5.Артемьев А.И. «Политическая культура в реалиях современного  Казахтанского общества»//Саясат. 2002ж.-№4-5.

6.Іңкәрбаев Е.»Постотолитарлық  кеңістіктегі саяси өзгерулердің ерекшелігі.»//Саясат.2002ж.-№1

7.Чепинский  С.»Историческое время и   глобализация»

//Политические исследования. 2004ж.-№4

8.Лукин  А. «Мир  глобализирующийся  и взаимозависимый»

//Политические исследования. 2004ж.-№5

9.Сухарев  А. «Президент Казахстана  об актуальных  проблемах национального,  регионального   и глобального  бытия»

//Политические исследования. 2004ж.-№6

10.Левин И. «Глобализация и  демократия».//Политические исследования. 2003ж.-№2

11.Иглицкий   А.»Глобализация: за гумманистический и демократический  выбор»//Политические исследования.

12.Т. Дөрбетхаұлы  «Қазақ мәдениетін дамытудың ерекшелігі  мен  болашағы».//Саясат,2002ж. № 11.

13.Бұлұтай  М. Жаһандастыру және біздің  ел.

//»Жас алаш»2002ж. №58

14.Әлімұлы  А.  Қазақстанға қандай қазақ керек?(Тағы да жаһандану туралы)// Заң газеті 2002ж.  17шілде.

15.Алмонд Г.,Верба С. «Гражданская культура.Политические установки и демократии пяти наций» //Антология мировой политической мысли в 5-и томах. М.:Мысль,1997-Т2

16.Кант И. «Метафизика нравов  в  двух частях»//Антология мировой  политичесой мысли.-М.:Мысль  1997.Т2

17.Федотова Н. «Кризис идентичности в условиях  глобализации» //Человек. 2003ж.-№6.

18.Нысанбаев А. «Глобализация и транзитное общество» //Саясат,2001ж.- №10.

19.Межуев В.М. «Проблемы современности  в  контексте   модернизации  и  глобализации»//Политика.- 2000.№3

20.S.Hoffman. The Clash of Cіvіlіzatіons.// Foreіgn  affaіrs.№3

21.Делягин М. «Практика глобализации: игры и правила новой эпохи» М.:2000ж.

22.Нысанбаев А. «Глобализация и транзитное общество»//Саясат. 2001ж, №10.

23.Панарин А. «Имперская республика» на пути к  мировому господству.// Общественные  науки и современность.-1999ж.-№4.

24.Федотова Н.»Возможна ли мировая культура?» //Философские  науки-2000г.№4

25.Хантингтон С. «Столкновение цивилизаций.»//  Политические  исследования-1994г.-№1

26.Бирюков М. «Глобализация: интеграция и дифференциация культур» //Философские науки №4 2000г

27.Пантин В. Социоестественная история и  глобализация.//Материалы постоянно действующего междисциплинарного семинара Клуба ученых «Глобальный мирң. Вып. 3(15).-М.:»Издательский дом Новый век», Институт  микроэкономики

Энциклопедиялар:

  1. Энцеклопедия глобалистики.М.:2001ж.

2.Политическая энцеклопедия в 2-х томах.М.2000ж.

3.Казахстанская политологическая энциклопедия. Алматы 1999г.

4.Энциклопедия Мефодия и Кирилла.  М. 1997г.