МАЗМҮНЫ
КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………2
|
І.САЯСИ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ- МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ………………………………………………………………………………………7
1.1 Саяси әлеуметтену: мәні мен қалыптасу тәсілдері………………7
1.2 Саяси әлеуметтік белсенділікті зерттеудің методологиялық негіздері………………………………………………………………………………………….11
- САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК БЕЛСЕНДІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПРОЦЕСІ (Қазақстан Республикасы мысалында)……………………………..22
- Саяси — әлеуметтік белсенділікті қалыптастырудағы отбасы мен орта мектептің ролі………………………………………………………………………………….22
- Жоғары оқу орнында саяси-әлеуметтік белсенділікті дамыту
жолдары……………………………………………………………………………………………………35
- Қалыптасқан жеке тұлғаның саяси-әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру жолдары……………………………………………………………….43
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………..55
СІЛТЕМЕ ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………………………..63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………….65
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін алуына байланысты республика өмірінің барлық саласында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Елімізде кең ауқымды терең экономикалық жөне саяси реформалар жүргізілуде, қоғамымыз демократияланып, жаңа түрпатты қатынастар орнауда.Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы егемен және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, өркениетті демократиялық құқықтық қоғам құру жолына түскен ел. Демократиялану процесінің әр елдің өзіндік ерекшелігіне сәйкес түрлі кезеңдерде жүзеге асырылатыны белгілі. Осыған орай қазақстандық қоғам саяси жүйенің түрлі салаларында демократиялық құндылықтарды орнықтырудың бастапқы кезеніңде даму үстінде. Осы тұрғыдан алғанда, қоғам өмірінде демократиялық, азаматтық жіне саяси институттардың өз-өзінен орныға алмайтыны белгілі. Олар қазіргі замаңдағы өзекті мәселелерді шеше алатын, саяси, әлеуметтік, құқықтық және тағы басқа бағыт-бағдарлары жетілген жеке тұлғаларға мұқтаж. Соған орай, қазақстандық қоғамға саяси іс-шараларға белсене қатысатын, мемлекеттін мүшесі ретінде өзінің міндетін орынддай білетін, жүргізіліп жатқан өзгерістеріді қолдайтын саяси әлеуметтенген жеке тұлғалар қажет. Дегенмен, өмірде білімді, шешен, белсенділігі төмен саяси жағынан хабары мол, немесе бейсаясатықты қолдаушы және т.б. сан алуан адамдар кездеседі. Сондықтан бүгінгі таңдағы қазақстандық қоғамның мақсаты –демократиялық құндылықтарды нысана ететін, саяси-әлеуметтік тұрғыда белсенділігі зор, саяси әлеуметтенген жеке тұлғаларды қалыптастыру болып табылады.ӨйткеніҚоғамдық-саяси жүйенің барлық саласы әрбір қоғам мүшесінен жоғары саналылықты, саяси процестерге белсене қатысуды талап етеді. Осымен байланысты қоғамдық құрылымды дамыту барысында жеке тұлғалардың саяси әлеуметтенуінің институттық тетіктерін қамтамасыз етудің басты мәселелерін шешу қазіргі кездегі маңызды жайт. Ол үшін отбасында, білім беру мекемелерінде, еңбек ұжымдарында, қоғамдық саяси ұйымдарда саяси әлеуметтену агенттері арқылы қоғамдық өмірдін саяси, эканомикалық, әлеуметтік және т.б салаларында қалыптасып жатқан институттардын мәні мен маңызы, олардың құрылымдық негіздері мен қоғамдағы қажеттілігі жайында айтылып, түсіндірілгені жөн. Сондай-ақ аталмыш мәселе бұқаралық ақпарат құралдары, теледидар мен радио арқылы насихатталуы қажет. Міне, осындай іс-шаралар қазақстандық қоғамдағы әрбір жеке тұлғаның бойында қоғамның ішкі және сыртқы саясатын жүргізуге, демократиялық құндылықтарды орнықтыруға атсалысуға қызығушылығы мен талпынысының арта түсуіне мүмкіндік береді.
Мемлекетіміз аяғына жаңа түрып келе жатқан кезде жас үрпақты нарықтық экономика талаптарына сай бейімдеп, жаңа қоғамдық қатынастар жүйесіне қосылуға бағыттап, демократиялық үрдіске сай тәрбиелеудің маңызы өте зор. Бүл салада ең алдымен жалпы білім беретін орта мектеп пен жоғары оқу орындарының алар орны ерекше.
Еліміздің егемендігін баянды ететін, оның нық нарықтық жолға түсіп, демократиялылығын дамытатын негізгі қозғаушы күш -жастар. Бүл жөнінде жастардың 1996 жылғы форумында Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Әр буынның өзіндік тағдыры бар. Сіздерде де ол өздеріңіздікі. Сіздерге осындай уақытта өмір сүру үлесі тиді жөне сіздер елді көтере аласыздар… Қуатты күш болғандықтан Қазақстан Республикасы кері бағытта жүргісі келмейтіндігін нық жариялай отырып, жастар жүргізіп жатқан реформалар бағдарын қолдай алады» -деп, республикамыздың жастарына үлкен сенім білдірді[1].
Жаңа саяси жағдайда өмір талабын кешегі күні өткен тоталитарлық жүйенің сүраныстары шеңберінде шешуге болмайтындығы белгілі. Ол үшін еліміздің азаматтары жаңа саяси жүйе түжырымдаған қоғам мақсатын жүзеге асыратындай бағдар үстап, бойына жаңа саяси құндылықтар игілігін сіңіріп, адамгершілік сапаға ие болуы керек. Мүндай ардақты борышты біздің жастарымыз сапалы білім алып, берік саяси сана қалыптастырып, отансүйгіш, үлтжанды болып, отанының мызғымастығын, түтастығын қорғауға, сол жолда жоғары саяси-өлеуметтік белсенділік танытса ғана ақтай алады. Сондықган елімізде жаңа саяси-әлеуметтік жағдайға байланысты ғылыми негізделген жастар саясатын жүзеге асыру талабы туындап отыр.
Өтпелі кезеңде үлттық және жалпыадамзаттық сапалы қүндылықтарды бойына сіңірген, жоғары саяси-өлеуметтік белсенділік танытатын түлғаны төрбиелеу, әсіресе, жас егеменді еліміз үшін өте қажет. Еліміздің егемендігі оның өркендеуі мен гүлденуі үшін ерінбей еңбек етіп, қажымас қайсарлық көрсететін саяси белсенді түлға қалыптастырғанда ғана баянды болмақ.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Саяси өлеуметтену және саяси белсенділік мәселесі қоғамдағы күрделі әлеуметтік-саяси жүйені, саяси институттарды, саяси процестер мен
партиялық жүйенің қалыптасуын зерттеп жүрген белгілі
саясаттанушылар Т.Т.Мустафиннің, И.Н.Тасмағамбетовтың,
Ә.Н.Нысанбаевтьщ, К.Н.Бурхановтың, Б.Г. Аяғанның, Л.С.
Ахметованың, Л.А. Байдельдиновтың, А.С.Балғымбаевтың,
Н.Ж.Байтенованың, К.У.Биекеновтың, А.Х.Бижановтың,
Л.М.Иватованың, Ғ.Ж.Ибраеваның, А.В. Соловьевтің, К. Л. Сыроежкиннің, М. С. Машанның зерттеул ерінде бұл мәселелерге де көңіл бөлінген болатын[2].
Саяси өлеуметтену жөне саяси белсенділік кеңестік кезеңде де біршама зерттелген тақырыптардың бірі болатын. Бірақ бүл мәселеге тек бір жақты көзқарас тұрғысынан қарап, яғни коммунистік идеологияны жүзеге асыру ерекшеліктері мен коммунизм қүрылысшысының бейнесін жасаумен ғана шектеліп отырды. Сондықтан мұндай жағдайда саяси-әлеуметтік белсенділіктің шынайы бет-бейнесін көрсетіп, сырын ашу мүмкін емес болатын. Алайда жеке адамды қалыптастыру, жас үрпақгы саяси әлеуметтендіру, болашаққа бағыт-бағдар сілтеу жөне басқа идеялық тәрбие беру мөселелері кеңес өкіметі кезінде В.А.Ануфриев, И.В.Бестужев-Лада, И.С.Кон, ААКоробейников, М.Н.Руткевич, М.Х.Титма, Э.А. Саар, Ф.Р.Филиппов, Е.Б.Шестопалдың және басқа ғалымдардың еңбектерінде орын алады[3]. Бүларда негізінен бүрынғы таптық идеологияның ыңғайына қарай социалистік саяси сана, оның қүрылымы, өлшемдері, объективтік жағдайлар мен субъективтік факторлардың ара қатынасы, социалистік қүндылықтар жөне басқа мөселелер қарастырылғанымен, бүл тақырыпты зерттеуге өзіндік үлес қосқан еңбектер болғанын айта кеткен жөн.
Бүл кезде республикамыз шеңберінде Р.Б.Абсаттаров пен Б.К.Байлярованың, В,В- Трошихиннің, О.Н.Белоустың, Қ.Ахметов-тың, О. Нүсқабаевтың еңбектерінде біз кдрастырып отырған мөселенің кейбір қырлары зерттелді[4].
Бір куанарлық жай — еліміз егемендігін алғаннан бері, біз
қарастырып отырған мәселеге өр түрлі жағынан қатысы бар тың
еңбектер жарық көрді. Олардың қатарына Р.Қ.Қадыржанов пен
С.Н.Нүрмүратовтың, Ә.Қ. Ахметовтың, А.Е.Әбілқасымованың,
Қ.Е.Көшербаевтың, М.Х.Рахымбектің, Е.Е.Бурованың,
Г.Т.Уранхаеваның, Р.С.Салыкжановтың, Г.ОАбдикерованың, Р.Ш.Сабированың, Т.Ж.Қалдыбаеваның, Л.Н.Қасымованың, Б.Туреханованың, Е.Ертісбаевтың жүмыстарын қосуға болады[5]. Аталған авторлардың еңбектерінде республикамызда жүргізіліп жатқан саяси реформаларға жан-жақты талдау жасалады, саяси әлеуметтенү, саяси белсенділік, жоғарғы білімнің жағдайы мен даму тенденциясы, оның ролі мен мазмүны, даму стратегиясы қарастырылады, социологиялық зерттеу материалдары беріледі.
Саяси әлеуметтену мөселесі саяси ғылымдарда да арнайы зерттеле бастады. Олардың қатарында МАСейтасқаровтың «Кдзақстанда саяси жүйенің жаңғыруы жағдайындағы саяси әлеуметтену ерекшеліктері», Е.Әбдірайымовтың «Оку-тәрбие процесіндегі студенттердің саяси бағдарларының қалыптасу ерекшеліктері», С.А.Қасабековтың «Политическое становление человека (теоретико-политологический аспект)», Ш.Омаровтың «Политические процессы в молодежной среде», Т.К.Биғожановтың «Политические аспекты формирования у молодежи культуры межнационального общения в Республике Казахстан» деген ғылыми зерттеулерін атауға болады[6].
Тұлганың саяси өлеуметтену жөне саяси белсенділік мөселелері
постсоциалистік кезеңдегі Ресей зерттеушілері А.Андреевтің, Е.А.
Ануфриевтің, Г.В.Шешукованың, Иванов В.Н. және В.Г.
Смолянскийдің, М.Р. Холмскаяның, А.И.Щербининнің, Е.Я.
Сергееваның, Н.В.Астраханцеваның, Э.В.Черняктың,
Г.Г.Дилигенскийдің, М.В.Ильиннің еңбектерінде де жан-жақты қарастырылған[7].
Жалпы саяси өлеуметтену және саяси белсенділіктің зерттелуіне шет елдік ғалымдар көп үлес қосты. Г.Алмонд, Н.Смелзер, Ежи Вятрдың, Д.Истон, П.Сорокиннің еңбектері саяси социологияның негізін қалады десе де болады[8].
Тоталитарлық жүйеден шыққан Қазақстан қоғамындағы саяси әлеуметтену мәселелерін зерттеудің енді негізі кдлануына байланысты және саяси белсенділік мәселесін жаңа тарихи жағдайда зерттеуге арналған еңбектердің болмауы бұл процесті түтас, кешенді түрде қарастыруды қажет етті. Сондықган осы зерттеуде жас мемлекетіміз аяғына нық тұрып кетуі үшін оның берік материалдық және рухани негізін қалайтын саяси белсенді тұлғаны қалыптастыру мәселелері алғаш қарастырылып отыр.
Зерттеу жүмысының мақсаты мен міндеттері. Бір қоғамдық қүрылыстан екіншісіне өткен өтпелі кезеңде бүрынғы саяси-әлеуметтік принциптер, ережелер, үстанымдар өзгеріп, жаңа сүраныстар пайда болады. Соған сәйкес еліміз егемендігін алғаннан кейін өскелең үрпақты, жастарды, ересек адамдарды жаңа қоғамдық қатынастар жүйесіне қосу, жаңа өркениетті өмір қүру, сол жолда аянбай еңбек етіп, белсенділік таныту талабы туады. Осыған орай зерттеу жүмысының негізгі мақсаты- республикамыздың өркениетті дамуы үшін жоғары саяси-әлеуметтік белсенділік таныта білетін жаңа түлғаны қалыптастыру жолдарын зерттеу және осы мәселеге байланысты әртүрлі тұжырымдамалар мен көзқарастар қалыптасты талдау. Бұл мақсат зерттеу жүмысына мынадай нақты міндеттер қояды:
- Қазақстандағы саяси әлеуметтену процесінің мазмұны мен
кезеңдерін, мақсатын нақгылау; - саяси өлеуметтену нәтижесінде қалыптасатын саяси-өлеуметтік
белсенділікке түсініктеме беріп, бүл мөселенің қашан және неге
байланысты өткір қойылған себептерін ашу, оның қүрамына
кіретін компоненттерді жөне негізгі бағыттарын көрсету, саяси
процеске араласу деңгейін білдіретін әлеуметтік көрсеткіштерді
анықгау; - жас үрпақгы отбасында саяси-әлеуметтік белсенділікке
тәрбиелеуге байланысты іс-әрекеттер мен қызметтердің негізгі
бағыттарын, сонымен қатар мүндағы үлттық мөдениет пен
халықтық педагогиканың рөлін ашып көрсету; - жалпы білім беретін орта мектепте оқушыларды саяси
өлеуметтендіруге, қоғамымыздың демократияланып, нарықтық
экономикаға өту жағдайында олардың бойларында қажетті саяси
қүндылықтарды қалыптастыру, сол жолда әлеуметтік-
гуманитарлық пәндердің қызметі мен алатын орнын анықтау,
оның тиімді әдіс- тәсілдерін пайымдау; - студент жастардың саяси қалыптасу ерекшеліктерін, оған қажетті
саяси қасиеттер мен сапаларды меңгертудің түрлері мен
жолдарын республикадағы сауалнамалардың қорытындылары
бойынша саралау, жастардың саяси-әлеуметтік белсенділігін
арттырудың әдістерін қарастыру; - орта және жоғары білімнің жай-күйі мен даму үрдістері,
Қазақстандағы білім реформаларының жолдары, орта және
жоғары білімнің жаңа үлгісінің басты мақсаттарын анықтау,
оларды ізгілендіру, гуманизациялау және гуманитарландыру,
идеологиясыздандырудың мөнін пайымдау; - ересек адамдардың саяси билікке араласу, ықпал ету жолдарын,
саяси-әлеуметтік белсенділігінің ерекшеліктерін, оны арггыру
жолдарын зерделеу, болашақтағы Қазақстан қоғамының саяси
және экономикалық түрақтылығын қамтамасыз етіп, өркениетті
дамытатын жаңа түрпатты түлғаны қалыптастырудың ғылыми
негізделген тиімді әдіс-тәсілдерін саралау; - түлғаның саяси қалыптасып, саяси-әлеуметтік белсенділігін
арттыруда отбасында, жалпы білім беретін мектепте, арнаулы
орта мектепте, жоғары оку орнында және ересек кезде
жүргізілетін жүмыстардың сабақгастығын сақтай отырып,
жоғары саяси сананы калыптастыруда адамның өзін-өзі
тәрбиелей, жетілдіре білуінің негізгі түрлерін анықтау; - өтпелі кезевде саяси-әлеуметтік белсенділік танытуға кедергі
болатын негізгі қиыншылықтар мен кдйшылықгар жөне оларды
жою жолдарын айқындау.
Зрттеу обьектісіне саяси әлеуметтену процесі мен кзеңдер барысында тұлғаның саяси-әлеуметтік белсенділігінің қалыптасу мәселесі алынды.
Бітіру жұмысының пәні болып жеке тұлғаның саяси-әлеуметтік белсенділігі алынды.
Деректік негізі ретінде Қазақстанның саяси дамуы скеріле отырып, жалпы адамзаттық құндылықтар жүйсі алынды, саяси ілімдердегі белгілі ториялық-методологиялық әдістер үлгісі пайдаланылды, талдау және жинақтау, тарихилық пен логоикалықтың бірлігі, жүйелілік, сабақтастық принциптері қолданылды. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбектеріндегі, Қазақстан Республикасы Конституциясындағы, «Білім туралы», «Жоғарғы білім туралы» Заңдарындағы, білім саласындыға мемлекеттік саясаттың нормативтік-құқықтық құжатарында көрсетілген қағидалары басшылыққа алынды. Сонымен қатар шетелдік саясаттанушылар ЕжиВятердың, Д.Истонның, Н.Смелзердің, П.Сорокиннің, отандық ғалымдардың ңбектрі жұмыстың теориялық тұжырымдамасын нақтылауға көмектесті. Зерттудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес арнайы саяси-әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелері дерек ретінде алынып саяси ғылымдағы және қоғамдық ғылымдарда басылымдардың матриялдары, статистикалық органдардың мәліметтері де қолданылады.
Бітіру жұмысының құрылымы және көлемі.Дипломдық еңбек кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан жөне пайдаланылған әдебиеттер тізімінен түрады. Жұмыстың жалпы көлемі 66 бет.
I.САЯСИ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ- МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Саяси әлеуметтену: мәні мен қалыптасу тәсілдері
Қазіргі әдебиеттерде жалпы түрде саяси әлеуметтену деп жеке адамның саясатқа тартылуы процесін түсінеміз.
Батыстық саяси ғылымдарда саяси әлеуметтену мәселелері дербес зерттеу саласы болып кейінгі уақытта, XX ғасырдың 50-ші жылдары аяғы және 60-шы жылдары басында қалыптасты. Сол кездерден бастап зерттеушілердің адамның саяси процеске ену заңдылықтарын, оның саяси мінез-құлқының және санасының генезисін зерттеуге қызығушылықтары арта түсті. Бұл қызығушылықтардың арту себептері бірнешеу. Біріншіден, батыс елдеріне соғыстан кейінгі жылдары саяси құндылықтары мен мақсаттарды ұрпақтан ұрпаққа өткізу тетіктерінің әр түрлі істен шығулары байқалады, «әкелер мен балалар» мәселелерінің ұшығуына әкелетідей 1986 жылы европа елдерінде жайылған студент жастар толқуын, хиппи, битолман, жалтырбас-неонацистер және т.б пайда болуын еске түсірейік.
Екіншіден, 60-шы жылдардың соңында батыс елдерде әлеуметтік эканомикалық процестер сипаты елеулі өзгеріп, «постиндустриялды (индустриялнудан кейін) даму» деп аталды. Бұл өзгерістер еңбектің сипатына, отбасылық қатынастарға, білімнің сапсы мен мазмұнына елеулі әсерлерін тигізеді. Бұл процестердің барлығы жастардың әлеуметтенуі шарттарын тікелей болсын, жанамалай болсын өзгертіп отырады.
Бір партияның және бір идеологияның жалғыз билеуі іске асып тұрған. Кенестік Одақта, саяси әлеуметтену мәселелері негізінен саяси тәрбие, саяси оқу және насихат міндеттері призмасы арқылы қаралды. «Саяси әлеуметтену» деген түсініктің өзі буржуазиялық ғылыми бағыт деп жарияланып, кеңестік саяси әлеуметтік әдебиеттерде қолдануға тыйм салынды.
80-ші жылдардың ортасында батыстық идеологтар осы түсініктер арқылы балалардың және жастардын сансына әсер жасайды және оларды өз идеологиясының ықпалында ұстай отырып мемлекеттік монополистік капитализмге көмектесуге ұмтылады деп тұжырымдалды.[1]
Біздінше «саяси әлеуметтену» атауы оған мазмұны жағынан жақын тәрбиелеу, өзін-өзі тәрбиелеу, жеке адамның қалыптасуы деген түсініктерден әлдеқайда кең жатыр. Егер жеке адмның саясатқа енуін мазмұны бойынша жеке адамның әлеуметтенуі мен дербестенуінің өз ара әсері ретінде қарастырсақ, онда қарастырылып отырған түсініктерді маңыздылғына қарай былай қарастырылуға болады: саяси әлеуметтену – саяси тәрбие –саяси өзін-өзі тәрбиелеу – жеке адамның саяси қалыптасуы.
Бұл қатарда саяси әлеуметтену жеке адамның бүтіндей саяси қалыптасуы процесін сипаттайтын ең ауқымды түсінік болып табылады. Мұнда саяси өмірдін саналы түрде меңгерілген түрлері және тәсілдерімен бірге, нәтижесінде жеке адамның маяси мәдениетпен қатысты және саяси қоғамның толыққанды мүшесі болатындай алдын-ала ескерілмеген, спонтанды әсерлері де кіреді.[2]
Саяси тәрбие саяси әлеуметтенудің жалпы барысының дербес жағда йы болып табылады және жеке адамға мақсатталған, жоспарланған ықпалдар жүйесін, оған әлеуметтік мәні бар саяси құндылықтар мен тәртіп үлгілерін ұсыну барысын білдірді. Бұл тұрғыда саяси тәрбие әлеуметтенуді іске асырудың басты жолдарының бірі болып табылады.
Саяси өзін-өзі тәрбиелеу – бұл адамның жоғарғы дәрежеде түсіне отырып, өзінің саяси мәдениеті мен саяси «Менің» жетілдірудегі өз бетінше әрекеті.
Саясаттану тарихында «саяси әлеуметтену» түсінігінің өзі социологияға XIX ғасырдың соныда адмның әлеуметтік табиғаты дамуын белгілеу үшін алғаш рет қолданылған «әлеуметтену» түсінігімен ұқсас пайда болды. Қазіргі әлеуметтік әдебиеттерде әлеуметтену деп, жеке адамның обьективті қоғам (топ, социум) дүниесіне жан-жақты және біртңндеп енуі барысын түсінеміз. Осыған ұқсас саяси әлеуметтену түсінігі қазіргі саясатануда жеке адамнын саясаттын обьективті әлеміне ену процесін көрсету үшін қолданылады.
Жеке адамның саясатқа енуінің қазіргі политологиялық концепциясының теориялық-методологиялық негізін құрайтын бүгінгі социология мен психалогияда өмір сүріп келе жатқан, әлеуметтену мәселелріне ыңғайлардың (подход) бірнеше түрін талджап қарайық.
- Мәдени әлеуметтік жол (подход). әлеуметтену мәдениеттің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілуі түрінде, сонымен бірге ортаның бейберкет (стихиный) әсері мен тәрбие және білім сияқты ұйымдастырылған ықпалдарды қамтитын әлеуметтік мұрагерліктін жалпы тетіктері ретінде қарастырылады. Әлеуметтену мәселесіне келудін бұл жолы саяси әлеуметтенудін мазмұнын қоғамның саяси мәдениетін қалыптастыру мен жанғырту деп түсінетін шетелдік және отандық саясаттануда кенірек қолданылды.
- Факторлық институттық жол. Әлеуметтену өзінің әр түрлі қозғаушы күштер, институтар және агенттер әрекеттерінің жиынтығы анықталады. Бұл жолдың негізінде Э.Дюркгейм, Т.Парсонс, Р.Мертондар жасаған әлеуметтенудің құрылымдық-функционалдық нұсқасы жатыр. Бұл социологтар жеке адамды әлеуметтік жүйеге тіркейтін тетіктердді іздеуге еркше көніл бөлді. Әлеуметтену бөлген жол шеңберінде әлеуметтік ролдерді игеру, енжар адамның мінез-құлықтын дайын стандартарына бейімделуі, мақсаттар мен мінез үлгілерінің бір ұрпақтан келесіне берілуі тұрғысында қарастырылады. Бұл әлеуметтік концепция қазіргі саясаттануда саяси әлеуметтенудін мәнін ашу мен анықтау үшін кеңінен қолданылады.
Ресей саясаттанушылары В.Пугачев пен А.Соловьев саяси әлеуметтену мәнін былай анықтайды: «адамдардын берілген саяси жүйеге қалыптасып және онда белгілі бір саяси міндеттердін атқаруына мүмкіндік беретіндей қасиеттер және ерекшеліктер қалыптастыруға әкелетін тұрғылық және рөлдік талаптарды, мәдени құндылықтар мен бағдарларды меңгеруі саяси әлеуметтену деп аталады».
- Әлеуметтік – психологиялық жол. Әлеуметтену адамдар арасындағы өзара әсер мен араласу нәтижесі ретінде қарастырылады. Бұл тәсіл негізінде Дж. Мидтің, Ч.Кулдың, У.Томастың символикалық интеракционизм социологиясы жатыр. Бұл әлеуметтік мектепке сай адам өзі тиісті әлеуметтік тұтастықтан жасалған. Осыдан әлеуметтену процесін талқылау принціпі шығады – ол берілген әлеуметтік тұтастықтан, күрделі топтық әрекеттен, яғни араласу мен әлеуметтік өзара әсерден бастау.
Осылайша Дж.Мид жеке адамның екі құрылымдық элементтерін ажыратты – I және МЕ. I – бұл жеке адам құрылымындағы қайталанбайтын, шығармашылық элемент. МЕ – бұл адамда басқалардан не бар, сол. Әлеуметтену МЕ арқылы, яғни әлеуметтік бақылаудың тұлғасы болып табылатын басқа жалпылама образ арқылы жүреді. «Әлеуметтік процесс басқа жалпылама түрінде ғана оған тартылған және оны қорғайтын индивидтердің әрекетіне әсер етеді, яғни қауымдастық өзінің жеке мүшелернің тәртібін бақылау жасайды, себбі әлеумттік процесс тура осы түрдегі анықтаушы фактор сипатында жеке адам ойламына енеді [3]. Қысқаша айтқанда, егер жеке адам өзіне ұсынылған топта болу тәртібі үлгілерін меңгрген жағдайда қоғам жеке адамды ти імді басқара алады.
Саясаттанушы Р.Қадыржанов жке адамның басқа саяси жүйеге қатысты бағдарындағы үш кезеңді айырып көрсетеді: саяси етенелестіру (идентификация), саяси снім және «ойын ережесі». Саяси етенлестіру индивидтің өз жауапкершілігі мен міндттілігін мойындайтын саяси қауымға және әлеуметтік топқа тиістілік сезімі деп түсінеміз. Саяси сенім индивидтің азматтық өмірде өзглермен ашық, бірлскен шыдасты өзара ірекетке дайындығын, сол сияқты индивидтің басқа адамдармен топтардың саяси өмірде онымн бірлесе қызмет істеуге дайындығына көз жеткізуін білдірді. «Ойын ережесіне» индивидтің азаматтық өмірде өзі бағынуы тиіс режелерді сезінуі жатады[4]. Еңк бастысы, бұл жерде топтарға, немесе партияларға бағдар жасау жеке адам мен «Біз» түріндегі жүйенің арасындағы маңызды субьективті түйісулерді блгілйтінің көрсту қажет. Ондай сезім қалыптаспай бір де бір саяси институттын, партияның, немесе ұйымның топталуы мүмкін емес.
- Психоаналитикалық жол. Әлеуметтену деп ережелерді, құндылықтарды, нұсқаларды, мәдениет және бүтіндй қоғам өндірген стереотиптерді игеру арқылы жеке бақылаудың дамуын, ішкі реттегіш жүйелерді, мінез түрлерін жасауды түсінеміз. Бұл ішкі ретегіштер адмның білдіруші инстинктерін игеруге (билік инстинктері, сексуалды инстинктер) және оларға бақылау жасауға қажет.
Бұл әдіске сай саяси әлеуметтену ісі – бұл саяси және әлеуметтікбақылауларды арнайы уәкілдер арқылы (бәрінен бұрын отбасы) жеке адамға біртіндеп көшіру болып табылады. Алайда, психологиялық талдауға сай, саяси мінездідің басты қозғаушы күші бәрібір инстинкт болып қалады.
- Персоналық жол. Әлеуметтену әлеумттік ортаға қалыптасумен ғана шектліп қоймайды, сонымен бірге жеке адамның өзіндік шығармашылық жүзеге асыруы (самореализация), өзін жаңартуы, өзін өзі тәрбиелеуі болып табылады (Ж.Пиаже, Дж.Адельсон, С.Реншон және т.б).
Қазіргі әдебиеттердегі әр түрлі анықтамалар мен тәсілдерді талдау негізінде саяси әлеуметтену екі жақты поцестрден тұрады деп тұжырым жасауға болады: бірінде ол саяси жүйе талп еткендей жеке адамныяң белгілі бір ережлерді, құндылықтарды меңгеру дәржесін қадағалап отырса, екіншісінде жеке адамның осы ережелермен құндылықтарды өзінің мінз құлқында, санасында бекіте отырып, қалауынша игргенің көрсетеді.
Саяси әлеуметтену мәселесіне обьективті жақындау барысында мынандай логикалық реттілік сақталуы тиіс:
- Әлеуметтенудің біз қолданбақшы қоғам ерекшелігіне жақын әлеуметтік нұсқасын таңдау. Осы арқылы біз нұсқаның түсінік беру және мәнің ашу қабілетін бөліп аламыз.
- Әлеумттенудін институттары мен уәкілдері орындайтын міндеттерді айқындауға мүмкіндік бертін әлеуметтенудің макроәлеуметтік дңгейлердегі субьектін және обьектін шекту.
- Саяси әлеуметтену процесінің мақсатын, мазмұнын, тәсілдерін және құралдарын айқындау.
Саяси әлеуметтнуді зерттеудегі субьективті жақындаудың да өзіндік міндет логикасы бар:
- Жеке адамның қайсы қоғамда болмасын басым болып келетін психологиялық нұсқасын таңдау (мысалы, Э.Фром сипаттама бергендей кңестік қоғамда жеке адамның авторитарлық типі кең тараған).
- Осы типтегі жеке адамның әлеуметтік-психологиялық тұжырымдамасына талдау жасау.
- Өзгермлі әлеуметтік -саяси жағдайдағы жеке адамың зерттелуші типінің етенелесуі мен бейімделуі дағдарысы және оның саяси мінез-құлқының мүмкін түрлрі.
Сайып келгенде, көптеген қоғамдық қатынастардың ішінде
жоғарыда көрсетілген үш сала адамның адам болуына, қоғамдық
өмірге енуіне, рухани жан-дүниесінің дамуына, саяси тұлға ретінде
қалыптасуына тікелей әсер етеді. Сонымен қатар жас жеткіншек
белгілі бір жерде, тарихи дәуірде, әлеуметтік және этникалық
ортада өседі, оқу оқып, тәрбие алады. Соның бәрі жинақтала келе
адамның болмысын байытып, өзіне тән мінез- құлқын,
адамгершілік қасиеттерін, қайталанбас жан – дүниесін қалыптастырады.
Саяси-өлеуметтік белсенділік саяси өлеуметтенудің нәтижесі болып есептеледі. Сондықтан да автор саяси әлеуметтену ұғымының мазмұнын ашуға үлкен көңіл бөлген. «Саяси өлеуметтену» үғымы 50-жылдары Г. Хайманның зерттеулерінің арқасында ғылыми айналымға енді [4]
Осы кезге дейін Батыс ғалымдары өлеуметтенуді зерттеуге арналған социология мен психологиядағы зерттеу стратегиялары қүрылып, мынадай үлгілер жасалған болатын:
І.Әлеуметтену инкультурация ретінде
2.Әлеуметтену жеке бақылаудың дамуы ретінде
З.Әлеуметтену түлғааралық қатынастың нәтижесі ретінде
4.Әлеуметтену рольдік жаттығу ретінде
5.Әлеуметтену әлеуметтік үйрету ретінде
б.Әлеуметтенудің когнитивтік моделі [5]
Саяси өлеуметтенуді зерттеу осы үлгілердің өр түрлі қосылыстары негізінде дамыды.
Түлғаның саясат әлеміне енуі туралы саяси зерттеулер қазіргі кезеңде екі бағытта дамып отыр. Біріншісі дөстүрлі саяси теориядан бастау алатын институционалды талдау бағыты. Бүл бағытта сипаттамалық өдістер мен мәселенің философиялық және тарихи жағына басым. Ал екінші бағытқа іс-өрекет немесе бихевориалдық бағытты жатқызуға болады.
Саяси белсенділік кең және тар мағынада қолданылады. Ол жоғарғы, орташа және төмен дәрежедегі белсенділікке б Ал енді саяси әлеуметтену үғымы туралы анықтамалар да оның әр түрлі қырын ашуға бағытталған. Г.Алмонд саяси өлеуметтенуді «индивидтің саяси мөдениетке кіріспесі» деп есептейді
Ресей ғалымы Г.Б.Шешукова саяси өлеуметтену мазмүны жағынан үрпақтан үрпаққа қүндылықтар, нормалар, іс-әрекет үлгісін беру процесі деп есептейді. Сонымен бірге саяси әлеуметтенуді өлеуметтік бақылаудың бір түрі ретінде қарастырады
Америкалық саясаттанушы Ф. Гринштейн саяси әлеуметтену үғымын мына жағдайларда қолдануға болады деп есептейді:
І.балалардың саяси бағдарын зерттеу барысында;
2.қоғамдағы басым нормалар мен ережелерді зерттегенде;
З.әр түрлі саяси теориялардың азаматтардың өмірінің өр түрлі кезендеріне әсерін зерттегенде;
4.әлеуметтендіру институттарының қызметіне бақылау жасаған кезде/19/.
Сонымен саяси өлеуметтену саяси қүндылықгарды қабылдау, саясаттағы «ойын ережесімен» танысу және соған сай іс-әрекет ету немесе оны өзгертуге үмтылу. Саяси өлеуметтенудің нөтижесінде түлға қоғамдағы басты идеяны жүзеге асырушыға айналады. Қоғамды дамытудың прогрессивті идеясын жүзеге асырушыны біз саяси-әлеуметтік белсенді тұлға деп атай аламыз.
«Саясаттанудың энциклопедиялық сөздігінде» көрсетілгендей, «саяси- әлеуметтік белсенділік деп әлеуметтік топтардың, жеке адамдардың саяси, әлеуметтік- экономикалық тәртіпті немесе институттарды жетілдіруге, өзгертуге байланысты атқарған іс-әрекетін айтады» /21, 259 б./. Алайда адамдар өзі өмір сүріп отырған қоғамдық құрлысты жетілдіру, өзгерту үшін ғана емес, оны сақтап қалу үшін де саяси- әлеуметтік белсенділік көрсетуі мүмкін. Бұл пікір аталған энциклопедияда көрсетілмесе, келесі сөздік оны толықтырған. Онда оған мынадай анықтама беріліпті: «Саяси- әлеуметтік белсенділік- адамдардың немесе саяси- әлеуметтік топтар мен бірлестіктердің өмір сүріп отырған қоғамдық өмірдің әлеуметтік және саяси құрлымын сақтауға немесе өзгертуге бағытталған саналы, мақсатты тіршілік әрекетінің көрінісі» /22,15 б./. Алайда, біздіңше, профессор В.Ф.Халиповтың редакциясымен шыққан «Саясаттану сөздігінде» берілген анықтама дұрысырақ сияқты. Онда: «Саяси белсенділік- тұлғаның, топтың, әртүрлі саяси күштердің белгілі бір әлеуметтік- экономикалық және саяси мақсаттарға жетуге бағытталған табанды іс- әрекеті,[7]-делінген. Мұнда саяси- әлеуметтік белсенділіктің мәні ашылып берілген.
1.2. Саяси — әлеуметтік белсенділікті зерттеудің методологиялық негіздері
Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы- ғалымдарды өте ертеден толғандырып келе жатқан мәселе. Ол туралы ғылыми әдебиетте неше түрлі пікірлер мен көзқарастар бар. Мәселен, ежелгі грек ойшылдары Платон мен Аристотель адамның дамуын маңдайға алдын-ала жазылған тағдырмен байланыстырып, оны тұқым қуалаушылық табиғатынан деп түсіндіреді. Аристотель кұл болушылықты, қоғамда бағынушы мен бағындырушы болуын заңды құбылыс деп санады. Сондықтан қүлдар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді.
Тұқым қуалаушылық теориясын негіздеп, уағыздаушы ілімнің бірі — преформизм. Оны жақтаушылар жыныс клеткаларында ұрықтың дамуы мен одан пайда болатын организмнің белгілерін алдын-ала анықтайтын материалдық қүрылымдар бар деп санайды. Сондықтан жеке адамның дамуы соған байланысты деп пайымдайды.
Америка ғалымдары Эдуард Торндайк (1874-1949), Джон Дьюи (1859-1952) және басқалар да жеке адамның дамуын оның генімен тікелей байланыстырады. Сондықтан баланың дене бітісі, ақыл-ой ерекшеліктері адамға туа бітеді деп қарайды.
Бұл аталған бағыттар мен ғалымдар жеке адамның дамуын негізінен биологиялық себептермен тусіндірсе, басқа ғалымдар бірінші кезекке қоғамның рөлін қояды. Мәселен, оған утопиялық социализм негізін салушылар- ағылшының гуманист — ойшылы Томас Мор 1478-1535 және италиян ойшылы Томмазо Кампанелла 1568-1639 жатады. Олар жеке адамды дамытуда оны оқытып, білім беру шешуші рөл атқарады деп дәлелдейді. Бұл процессті утопиялық социалистер еңбекпен ұштастырады
Олардың бүл саладағы идеяларын XIX ғасырда А.Сен-Симон, Ш.Фурье, Р.Оуэн сияқты утопист- социалистер қостады. Олар балалардың жан-жақты дамуы, жарасымды жетілу тәрбиеге байланысты деп тұжырымдады. Еңбек пен тұрмыстың адамгершілік нормалары адамның кәміл сеніміне, дағдысына, өмірлік қажетіне айналуын қалады.
Ата-ананың, басқа адамдардың қамқорлығы, көмегі, тәрбиесінің нәтижесінде ғана жас бала адам қалпына келіп, ақыл-ойын толықтырып, түлғаға айналады. Өмірде әр түрлі себептермен кішкентай сәби балалар жыртқыш аңдардың ортасына түсіп, солардың ортасында тіршілік еткендіктері тарихтан белгілі. Солардың барлығында балалар адамдық қасиеттерінен айырылып, толығынан жануарлар қатарына қосылып кеткен. Төрт аяқтап еңбектей жүгіріп, суды жұтып ішуге үйренген, айналасындағы жануарлардың іоқимыл, әрекеттерін қайталап, соларға еліктеген. Ал кезінде олардың да дені сау, еңбекке бейім, сөйлеу, екі аяғымен тік жүріп кету мүмкіндігі оларда да болған ғой. Демек, биологиялық факторлар мен себептер өз күшімен адамға адамдық қасиет, тағдыр тудыра алмайды екен. Бір ғажабы олардың бірталайын адамдар ұстап, арнайы күтіп, тәрбиелеп- бағып, үйретіп, адам қалпына келтірмек болған ғалымдардың талпынысынан жөнді нәтиже шықпаған. Олар адам қоғамында өскен тұлғалардай бола алмаған. Бұдан ғалымдар биологиялық тұқым куалаушылық тек таза табиғатқа- генге байланысты екендігін, ал әлеуметтік тұқым қуалаушылық ұрпақтан- үрпаққа, халықтан- халыққа, ғасырдан- ғасырға ұласып отыратынын және ол өмір сүру, күнделікті іс- әрекет, тәжірибенің арқасында ауысатындығын дәлелдеді. Демек, адам әзінің адамдық қасиеттерін өзі сияқты адамдар арасында, қоғамдық ортада ғана қалыптастырып, дамытады, яғни «кісі дегеніміз- бүл жаңа сападағы индивидтің, өзімен бірге іштей тумаған, белгілі тарихи- мәдени ортада өтетін өмір барысында қалыптасатын әлеуметтік- психологиялық және моральдық қасиеттері қосындыларының иесі, ақиқат болмысты тануға және өзгертуге бағытталған жасампаз әрекет субъектісі» /10, 180 6.1. Адам өзінен-өзі қоғамдық өмірге бейімделіп, араласып, сіңісіп кете қоймайды. Бұл туралы кезінде мектептерде қызмет етіп, педагогикалық еңбектер жазып қалдырған қазақтың майталман ақыны М.Жұмабаев: «Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда, адам баласы туғанда өте әлсіз, зағып, осал болып туады. Малдың төлі туа сала аяқтанады. Тауықтың балапаны жұмыртқадан жарылысымен жүгіріп кетеді. Ал адам баласы туғанда іңгәлаған айқайы мол бір кесек ет. Ақылы, есі жоқ. Мінекей, адам баласы осылай өте әлсіз боп туып, аса баяу өсетіндігінен, оның денесіне, жанына азық беріп, өсуіне көмек көрсетпей, яғни оған тәрбие қылмай болмайды, — деген.Ол үшін балны даярлау керек. Бұл процесті ғылыми тілде жас ұрпақты әлеуметтендіру деп атайды. Мәскеудің шығарған «Қысқаша әлеуметтік сөздігінде» оған мынадай анықтама берілген: «Әлеуметтендіру дегеніміз — белгілі бір қоғамға, әлеуметтік қауымдастыққа, топқа тән мінез — құлық үлгілерін, құндылықтарды, қалыптарды, нұсқаларды, іс-әрекет жасау үлгілерін оқу, игеру арқылы тұлғаның қалыптасу процесі [8]»Әлеуметтену» үғымына берілген мүндай анықтаманы басқа сөздіктерде де кездестіруге болады/13/.
Алайда бұл анықтамамен профессор Г.М.Андреева келіспейді. Ол «әлеуметтену» ұғымын кең ауқымда қарап, екі жақты процесс ретінде сипаттайды. Бір жағынан бұл ұғым жеке адамның белгілі бір әлеуметтік ортаға еніп, онда жинақталған әлеуметтік тәжірибені меңгеруін білдірсе, екінші жағынан ол өзінің белсенді іс-әрекетінің арқасында әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесін ұдайы толықтырып, жетіліп отырылуын қамтамасыз ете алуы, әлеуметтік ортаға белсенді түрде қосылуы деп пайымдайды.
«Егер, — дейді автор, — әлеуметтену процесінің бірінші жағы -әлеуметтік тәжірибені меңгеру — бұл ортаның адамға тигізетін ықпалын сипаттаса, онда оның екінші жағы әлеуметтенген адамның өзінің ортаны өзгертуге бағытталған белсенділігін танытады. Адам тек әлеуметтік тәжірибені меңгеріп қана қоймайды, оны өзінің саналы өмірінде жаңа мазмүнмен толықтырады, қажетіне пайдаланады. Біздіңше, Г.М.Андрееваның дәлелі дүрыс сияқты. Сонымен, әлеуметтену адамнан қоғамда қалыптасқан адамгершілік, салт- дәстүр, әдет- ғұрып, мінез- кұлқын, қағидаларын, адамзат жасаған өмірлік құндылықтар мен талғамдарды, рухани байлықтарды бойына сіңіріп, меңгеруін талап етеді. Адам соған орай өзінің іс- әрекетін, жүріс- тұрысын, мінез- құлқын бейімдеп, қоғам талабына сәйкес әрекет жасайды.Соның нәтижесінде адам бойында өзінің мінез- қүлқын, істеген іс- әрекетін басқа адамдардың сондай жасаған қылықтарымен салыстыру, соған байланысты баға беру, сөйте келе өзінің кім, қандай екенін түсіну, яғни адамның өзін- өзі танып-білу қабілеті жетіледі. Соған байланысты ол қоғамнан өз орнын табуға, оған пайда келтіруге тырысады.
Жасөспірімнің қоғамдық қатынастар жүйесін танып- білуі, оның әлеуметтеніп, тұлға ретінде қалыптасуы, Г.М.Андрееваның айтуынша, біріншіден, іс-әрекет жасап, қызмет ету аясында, екіншіден, басқа адамдармен ой алмасу, қарым-қатынастарда болу жағдайында, сондай-ақ, үшіншіден, адамдардың сана-сезімінің пісіп-жетіліп өзіндік сана қалыптасу жағдайында өтеді.
Жас ұрпақты әлеуметтендіруге үлкен әсер ететін екінші сала-тілдік қатынас. Ол адамдардың бір- бірімен түсінісу қүралы. Тіл арқылы адамдар пікір алмасып, пікір таластырады, қоғамда қалыптасқан адамгершілік принциптерін игереді, адамзат жасаған құндылықтар мен тағылымдарды бойларына сіңіреді, өзін- өзі ұстауды, қоғамдық өмірге саяси белсенді араласуды үйренеді. Тілдің арқасында жас балалар оқып, білім алады, дүниеде не болып, не қойып жатқанын естіп біледі, ой өрісін кеңейтіп, санасын толықтырады, айналада болып жатқан қоғамдық- саяси оқиғаларға баға береді. Тіл тек қатынас құралы емес, сонымен бірге, ол әр халықтың тарихы, оның өмірін, тіршілігін, шаруашылығы мен мәдениетін білдіреді.
Жоғарыда көрсетілгендей, жас ұрпақты әлеументтендіруде айтарлықтай орын алатын үшінші сала- адамдардың сана-сезімінің жетілуі, олардың өзін-өзі тануы, өзіндік санасының қалыптасуы. Сананың негізінде білім жатыр. Білімді тудырып, дамытқан танымдық ізденіс, бір нәрсені білуге, ұғынуға деген талпыныс, қүштарлық. Адам өзін объективтік дүниеден бөле қарап, өмірге өзінің қатынасын, іс- әрекетін, ойлары мен сезімдерін, мақсат- мүдделерін түсініп және оларға баға бергенде, өзін тұлға ретінде үғынғанда, өзін- өзі түсініп біледі. Өзіндік сана арқылы адам өзін- өзі танып кана қоймайды, өзінің істеген іс-әрекетін ой елегінен өткізіп, оған баға береді, өзін басқа адамдармен салыстырады. Адам өзін- өзі сезініп, білгеннен кейін өмірдегі алатын орнын іздейді, ұжымның, әлеуметтік тобының, ұлтының мақсат- мүдделерін сезінеді.. Солардың негізінде оның қоғамдық сана- сезімі оянады. Өзіндік сананың дамуы арқасында адам өзін көрсеткісі келеді, жалпыадамзаттық құндылықтарды түсінеді, соларды сақтап, одан әрі дамытып, белсенді өмір позициясын білдіріп, саяси- әлеуметтік белсенділік танытады.[10].
Сайып келгенде, көптеген қоғамдық қатынастардың ішінде
жоғарыда көрсетілген үш сала адамның адам болуына, қоғамдық
өмірге енуіне, рухани жан-дүниесінің дамуына, саяси тұлға ретінде
қалыптасуына тікелей әсер етеді. Сонымен қатар жас жеткіншек
белгілі бір жерде, тарихи дәуірде, әлеуметтік және этникалық
ортада өседі, оқу оқып, тәрбие алады. Соның бәрі жинақтала келе
адамның болмысын байытып, өзіне тән мінез- құлқын,
адамгершілік қасиеттерін, қайталанбас жан – дүниесін қалыптастырады.
Саяси белсенділік ұғымы кең және тар мағынасында қолданылуы мүмкін. Кең мағынасында саяси билікке қоғамды революциялық өзгерістерге, оны реформалауға бағытталған іс-әрекеттер жатады. Оған заң қызметін өзгерту, нәсілдік және әлеуметтік ескі үғымдарға қарсы күресу, саяси және діни өз еркін білдіру және т.б. кіреді.
Жеке деңгейде саяси белсенділік деп жеке адамның саяси процестерге белсенді қатысуға тырысуы, өзінің саяси қүқықтары мен мүдделерін қорғауға және оны кеңейтуге бағытталған тіршілік әрекетінің жиынтығын айтады.
Саяси- әлеуметтік белсенділік қоғамдық белсенділіктің бір түрі. Ол адамдардың білімінің, қабілетінің, әдеті, мақсаты, мүддесінің мүмкіндіктерінің жүзеге асу деңгейін бейнелейді.
Саяси- әлеуметтік белсенділік білдіргенде азаматтар, партиялар, лидерлер қоғамның мүддесіне сай келетін, оны одан әрі нығайтатын және тұрақтандыратын конструктивті іс-әрекеттер жасауы мүмкін. Сонымен қатар саяси-әлеуметтік белсенділік қоғамдық- саяси өмірдің шырқын бүзар антидемократиялық, үлтшылдық, шовинистік, сепаратистік, экстремистік және тағы басқалар сияқты кертартпа идеялар мен әрекеттерді дамытуға да бағытталуы мүмкін. Сондықтан қоғам мен мемлекет жеке түлғаның саяси- әлеуметтік белсенділік таныту мәселесінде бей- жай қалуы тиіс емес. Олардың мақсаты- конструктивті, игілікті саяси-әлеуметтік белсенділікті қолдау және дамыту болып табылады. Өйткені, ол- қоғамдық дамуды жылдамдататын шешуші күш. Ал жоғарыда көрсетілгендей, кертартпа идеялар мен іс- әрекеттерге дер кезінде тойтарыс берілуі керек.
Саяси белсенділік жеке адамдардьщ мемлекеттік және қоғамдық үйымдардың жұмысына қатысу дәрежесімен де айқындалады. Оның сипаты қоғамның саяси жүйесімен және саяси режимдермен тікелей байланысты. Тоталитарлық және авторитарлық жүйелер мен режимдерде бүқараның саяси белсенділігі төмен болады, билік жүргізушілердің ырқына бағынышты болғандықтан саясатқа немқүрайды қарап, саяси енжарлыққа душар болады. Тек демократиялық саяси жүйе мен режимде ғана адамдардың шынайы саяси белсенділігі жүзеге асады.
Саяси белсенділіктің екі түрлі мәні бар: біріншісі-жасампаздық саяси белсенділік. Ол саяси жүйені өркениетті дамуына бағытталған: екіншісі- қиратушы, теріс саяси белсенділік. Оған қазіргі кезде ғаламдық деңгейде қалыптасып отырған терроризм, экстремизм жатады. Бүгінде терроризм адамзат тағдырына қауіп төндіруде. Әртүрлі діни сенімдер мен топтық мүдделерді бүркеніп саяси жүйенің дамуына, демократиялық құндылықтардың қалыптасуына тосқауыл жасауда.
Саяси белсенділіктің түбегейлі мақсаты-азаматтық қоғамды қалыптастыру. Саяси белсенділіксіз азаматтық қоғамды орнату мүмкін емес. Мүның өзі біздің ізгі мүратымыз. Оған тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті, адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және бір тұгас кешенін, отбасын, ата-ананы және баланы мемлекеттің қорғауын, идеологиялық және саяси әр алуандылықты және тағы басқа да Конституцияда бектілген қазақстандық азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады (Конституцияның тиісті бөлімдері мен баптарында атап көрсетілген).
Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» (I бөлім, Ібап) тұжырымдалған. Осыған жетер жолда саяси белсенділіктің алатын орны мен маңызы зор.
Саяси белсенділіктің рухани негізі — саяси мәдениет. Саяси мәдениетті қалыптастырмайынша қоғамның алуан түрлі топтарының, әлеуметтік жіктерінің, ұлттық қауымдастықтардың саяси белсенділігін жүзеге асыруға болмайды. Бұлар бір — бірімен тығыз диалектикалық байланыстағы құбылыстар. Ал, саяси мәдениет отбасынан бастап, балалар бақшасы, мектеп, орта және жоғарғы оқу орындарында, еңбек ұжымдарында қалыптасады.
Саяси- әлеуметтік белсенділік әрқилы деңгейде көрініс беруі мүмкін. Оны жоғары, орташа, төмен дәрежедегі белсенділік деп бөлуге болады. Жоғарғы деңгейдегі белсенділікке өзіне де, өзгеге де жоғары талаптар қойып, қоғамдық, жалпыадамзаттық мүдделерді биік санап, саяси- әлеуметтік жұмысқа шығармашылық тұрғысынан қарап, іс- әрекет жасау жатады.
Орта дәрежедегі белсенділік өз ісін өзі білетін, өзінің үйреншікті әдетін күнделікті кайталап, орындайтын, тапсырған істі ұқыптылықпен орындайтын жеке тұлғаларға тән. Бұлардың өмірде өз белсенділігі болғанымен, шығармашылар, ізденімпаздар, жасампаздар емес, катардағы орындаушылар. Жалпы алғанда қоғам мүшелерінің негізгі бөлігі өмірге, іске осылай қарап, тапсырманы, қызметін адал орындап, орта дәрежелі белсенділік білдіреді.
Төменгі дәрежедегі саяси- әлеуметтік белсенділік білдіретін адамдардың да өз көзқарастары, позициялары бар. Оларды өз кезегінде бірнеше топқа бөлуге болады. Біреулері белсенді болуға мүмкіндіктері бар, белсенді болғылары да келетін, бірақ сол мүмкіндігін іске асыра алмайтын керенау, еріншектер кездеседі. Олар кейде белсенділіктің жолын таппайды, іздене де қоймайды, оған жетуге жігері жетпейді, мойны жар бермейді. Екіншілеріне қоғамдық, ұжымдық мүддені теріс түсінетін, олардың алдына қойған стратегиялық мақсатына, сол жолда атқарып жатқан іс-әрекетіне сенбейтін, өзімшіл, демагог, мансапқорлар жатады. Үшіншілері қоғамда жасалып жатқан реформаларға, өзгерістерге қарсы шығып, қолынан келгенше кедергі жасағылары келетіндері де кездеседі.27, 113-115 6./.
Қазақстандық зерттеуші Г.Уранхаева белсенділіктің дөстүрлі жөне дәстүрлі емес ресурстарына көңіл бөлген. Белсенділіктің дәстүрлі түрі табыс көлеміне, біліміне, өлеуметтік дәрежесіне байланысты болса, ал дәстүрлі емес ресурстарға жас мөлшеріне байланысты белсенділікті жатқызады/30, 67 б./.
Әдетте саяси-әлеуметтік белсенділікті зерделегенде зерттеушілер оның жоғарыда көрсетілгендей, ең алдымен еркіндікпен байланыстырады. Адам үшін еркіндік- мақсат. Сондықтан ол алдына әрқашан мақсат қойып, соған жетуге тырысады. Өмірдегі түрлі оқиғаларды осы басты өлшемге бейімдейді, жұмылдырады. Соған жету жолында әрекет жасайды, бар жігерін жұмылдырып, қайрат қылады. Ол үшін, Абай айтқандай, адамға мінез керек. Бұл жөнінде данышпан Ақын; «Қылам дегенін қыларлық, түрам дегенде түрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайратты болсын! Бүл бір ақыл үшін, ар үшін болсын!-деген.
Алға мақсат қою өмірде болуға тиіс бірнеше мүмкіндіктердің ішінен біреуін таңдауды және оны саналы турде шешуді, іске асыруды талап етеді. Сондықтан мақсат қою еркіндікпен, белсенділікпен, шығармашылықпен тығыз байланысты.
Ұят сезімінен өзін-өзі бағалау ретінде ар-ұждан, өзіңнің күнәңді түсіну туындайды. Ар- ұждан өкініш пен біреудің қайғысына ортақтасу қажеттілігіне әкеледі. Бұдан келіп адамның адамгершілік тұрғысынан өзін- өзі жетілдіру және басқа адамдармен тілектестік, ынтымақтастықта болуға тырысушылық сезімдері оянып, қалыптасады.
Адамның дамуы үшін ең қолайлы жағдайды жасайтын-сүйіспеншілік. Күнделікті қажырлы еңбек арқасында біте қайнасып, басқа адамдармен қоян- қолтық өмір сүрудің нәтижесінде адам адамды сүюге үйренеді. Өзіңнен басқа адамдарсыз өмірді көңілге қондырып, көзге елестету де қиын. Сондықтан да болар казақ «адамның өмірі адаммен » деген.
Біз жоғарыда адамның саяси әлеуметтік белсенділігі еркіндікпен байланысты дедік. Еркіндік адамды өзіне- өзін аштырады, өзінің «МЕН»-ін де көрсетеді. «МЕН» басқа адамдармен қатынассыз, өзімен өзі, жападан жалғыз еркін бола алмайды. Өйткені онда ол басқа адамдардан, қоғамнан шеттелуі мүмкін. Ал жеке тұлға адамзаттың рухани тәжірибесін елемей, ескермей, онымен қатынасқа түспей тұра алмайды. Оған қоғамда қалыптасқан дәстүр, оқыған кітаптары, өнер жетістіктері және т.б. әсер етеді. Сондықтан өзіңнің даралығыңды қалыптастырып, бекіту басқа адамдардың да өздерін жеке тұлға ретінде бағалауын, санауын, мойындауды, сыйлауды білдіреді.[11].
Саяси- әлеуметтік белсенділік жөнінде сөз болғанда қоғамдық және жеке деңгейге тоқталмауға болмайды. Себебі белсенділіктің дамуының өзі жеке тұлға мен қоғам арасындағы қайшылықты шешуге байланысты. Сондықтан әрқашан осы екі құрылымды үйлестіру, қандай қоғамдық жүйе тұлғаның саяси-әлеуметтік белсенділігін ашып, арттыруға мүмкіндік бере алу мәселелері ғалымдарды бағзы заманнан толғандырып келеді. Үжымдастырудың қай түрі болмасын қоғамды тұтас, түгелімен ұйымдастыруға, оның каржысын ортақ мақсатқа бағындыруға тырысады. Ол өзін-өзі билеудің ешқандай түріне жол бергісі келмейді.
Егер қоғам немесе мемлекет жеке адамнан жоғары қойылса, олардың мақсаты түлғаны дамытуға қайшы келсе, онда олардың қоғамдық мүддемен сәйкес келетін мақсаттары ғана шындық ретінде саналады. Яғни жеке тұлға бір топқа жатып, өзін сол топтың мақсат-мүддесіне бағындырғанда ғана көзге ілінеді. Сондықтан ұжымдық философияда қандай болсын өркениеттіліктің жемісі болып саналатын гуманистік кұндылықтар өгей баланың күнін кешеді.
Адамдардың саяси әлеуметтенуі туралы кең тараған болжам — пікір жасағандар америкалық саясаттанушылар Д.Истон мен Дж.Деннис. Олар «саяси қолдау» атты теорияны ойлап шығарды. Олардың ойынша, саяси жүйе адамға оның әр түрлі өмір кезеңдерінде (жастығында, бозбала кезінде, ересек шағында) саяси өзін-өзі қалыптастыруына жол ашады. Саяси жүйенің мұндағы мақсаты — тұлғаның үстемдік етіп тұрған жүйеге оң бағдар ұстауын қамтамасыз ету.
Д.Истон мен Дж.Деннис » Балалар және саяси жүйе» деген еңбегінде ұнамды бағдар қалыптастыруда адамның бала кезінде бойына сіңірген саяси әлеуметтік үстанымдары үлкен рөл атқаратындығын атап көрсетеді. З.Фрейд сияқты олар да жас кезінде бойды билеп, санаға сіңген сезімдер кейін пайда болғандарға қарағанда қиынырақ ығыстырылады және өзгереді деп санайды. Баланың (үш жастан бастап) саяси әлеуметтенуін олар саяси дамудың жүйелі алмасатын кезеңі, сатысы ретінде қарайды. Соның нәтижесінде саяси жүйеге үнамды, оң бағдар қалыптасады. Американың саяси жүйесінде баланың санасында билікке деген сенім ұялауына президент пен полиция қызметкерлері ерекше рөл атқарады. Өйткені оларды жас балалар теледидардан жиі көреді және тез таниды.
Д.Истон мен Дж. Деннис саяси жүйенің көзге көрінетін атрибуттарының, атап айтқанда президентке, полиция қызметкерлеріне, мемлекеттік жалау мен елұранға қатынастарын анықтау үшін 12 мың американдық балаларға сауалнама жүргізген. Биліктің бұл символдарының балаларга әсер ету сипатына байланысты олар үш жас пен он үш жас аралығындағы балалардың әлеуметтенуінде 4 кезеңнің (сатының) болатындығына көз жеткізген.
І.Саясаттану кезеңі — баланың ата-ана билігінен де жоғары, мәні зор саяси биліктің бар екендігі туралы сезімнің қалыптасуы.
2.Кейіптену кезеңі, яғни баланың санасында саяси биліктің нышанды қайраткер (президент, полицей) арқылы нақтылы көзге көрінетін кескін, сипат алуы.
З.Идеализациялау — ел басындағы саяси тұлғаларға тек қана жағымды қасиеттер тән деп сеніп, оларды дәріптей ұғыну кезеңі.
4.Институциялану — баланың билік жөнінде институционалдан-ған (тәртіпке келтірілген, ұйымдасқан мекемеге айналған ) түсінікке өтуі. Яғни билікті жеке жауапкершіліктен айырылған институттар (партия, сот, парламент, армия, т. с.с.) арқылы ұғынуы.
Д.Истон мен Дж. Деннистің ойынша саяси әлеуметтенудің америкалық нұсқасы барлық демократиялық қоғамға пайдалануға болатын әмбебап тәсіл сияқты көрінген. Бірақ олардың тәсілі бойынша Еуропа елдерінде өткізілген эмпирикалық зерттеудің нәтижелері бұл тұжырымның теориялық жағын теріске шығарды. Ол зерттеулер саяси мақсаттарды ұғыну процесі мен саяси өзін-өзі ұстаудың үлгілерінің әрбір нақтылы қоғамда өзіндік ерекшеліктері, өзгешеліктері болатындығын көрсетті. Өйткені олар мәдени ортаның және басқа жайттардан, кейде кездейсоқ жағдайларға да байланысты болады екен.[13].
Мәселен, фрацуз саясатшысы А.Першерон өз елінің 4,5,6 сынып балаларының саяси даму барысында маңызды рөл атқаратын кейіптену және идеализациялану кезеңдері француз оқушылары үшін оншалық мәні жоқ екен. Олар үшін ең қажетті кезең — институциялану сатысы көрінеді. Яғни олар айтарлықтай ықпалы бар абстрактілі, дерексіз институттарға көбірек мән береді. Бұлай болатын себебі француз қоғамының ерекшеліктерінде екен. Олармен салыстырғанда америка қоғамы мәдени біртектілігімен сипатталады. Олардың түпкілікті құндылықтарға (дарашылдық, жеке табысқа жетушілік, байлыққа ұмтылу, ғылымға сүйену, прагматикалық ойлау және іс- әрекет жасау, заңға мойынсыну, саяси іс — әрекетке қатысу, жеке тұлғаның еркіндігімен кұқығы және т.б.) бағдар ұстауы мәдени біркелкі орта қалыптастыруына мүмкіндік жасайды. Ол жеке тұлғаның тұрақты, жалпыға бірдей қабылданған қалыптар мен үлгілерді жасауға мүмкіндік береді. Саяси жүйе оларды әрбір жеке адамның санасына сіңіреді. Ал Батыс Еуропа елдері, оның ішінде Франция мемлекеті, өзінің мәдени — діни әртүрлілігімен ерекшеленеді. Сондықтан мұндағы тұлғаның саяси әлеуметтенуі жалпы саяси жүйенің емес, оның қай әлеуметтік топқа мүше екендігіне, қай жікке жататындығына, солардьщ қандай саяси қүндылықтарға бағыт — бағдар ұстауларына байланысты. Екіншіден, жеке адамның (әсіресе баланың) билікке психологиялық жағымды ұстаным алу күрделілігі француз саяси мәдениетінің ерекшеліктерінен шығады. Францияда саяси және азаматтық қоғам айқын ажыратылған және олардың ара қатынастары құкықтық мемлекет ережелермен бекітілген. Елдегі тәртіп, қағидалардың жеке жауапкершіліктен айрылып, иесізденген сипаты әлеуметтік және этникалық топтардың тәуелсіздігін, олардың билік басындағылардың зорлық — зомбылық, бассыздығынан сақтай-ды. Мұндағы билік пен азаматтық қоғам катынастарының астарында қоғамдағы дәстүрлі күшті және бюрократтанған мемлекеттен өзін сақтандыруға тырысушылық жатыр. Соның нәтижесінде Батыс Еуропа елдерінде адамдардьщ әлеуметтенуі екі арадағы көптеген әлеуметтік факторларға байланысты болады және күрделі келеді.
Француз оқушыларының саяси әлеуметтену процесіндегі ерекшеліктері билік пен түлғаның арасында тығыз байланыс барлығын, олар бір — біріне өзара әсер ететіндігін көрсетіп берді. Сананың қалыптасу заңдылықтарын өзінің когнитивтік даму деп аталатын теориясында швейцариялық психолог Ж.Пиаже тұжырымдады. Ол сана дамуының 4 кезеңін атап көрсетеді.
«Сенсорлық — моторлық» деп аталатын сана дамуының бірінші сатысында ( баланың туғанынан 2 жасқа дейінгі аралықты қамтитын) баланың қоршаған ортаның заттар бейнесінде қабылдап, түсінуі қалыптасады.
«Операция алдындағы» деп аталатын екінші сатысында (2 жастан 7 жасқа дейінгі аралық ) баланың іс — әрекеті ой — сана түрінде бейнеле-неді. Бұл кездегі баланың ойлауы өзіндік «МЕН» тұрғысынан пайымдаумен сипатталады.»Нақтылы операциялар» деп аталатын үшінші сатыда (7 жастан 11 жасқа дейінгі аралық) баланың санасы тікелей қабылдаудан, ұғынудан айығып, босайды.
Соңғы, төртінші сатыда ( 12 жас пен 15 жас аралығында) бала жас өспірім санына өтіп, оның санасы «формалдық операциялар» кезеңіне көтеріледі. Мұнда жеткіншек ойлаудың жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке көшкен ой — тұжырымдар түйіп, адамгершілік мәселелерін пайымдап, болашақ туралы толғам жасайды.
Саясаттанушылар саяси мәдениеттің құрылымын қарастырғанда оның негізгі үш бөлімнен тұратындығын атайды. Бұл бөлімдер адамдардың саяси бағдарламаларындағы төмендегідей үш түрмен:
- билік құрамына қатынасымен;
- қоғамның басқа мүшелеріне қатынасьшен;
- өзінің саяси белсенділігіне байланысты [13].
Бұл құрылым саяси белсенділікпен астасып жатқандықтан оларға толығырақ тоқталған жөн.
Билік құрылымдарына бағдары өз кезегінде екі түрлі тармаққа бөлінеді: а) елдегі саяси тәртіпке қатынасына байланысты, б) саяси жүйедегі «кіріс » және «шығыс» тетіктеріне бағытына қарай. Тәртіптік бағдар жеке адамның билік құрылымдарының іс — әрекетіне берілетін бағасын қамтиды, яғни билік қүрылымдарының «кіріске» жауап беріп, дүрыс шешімдер қабылдауы («шығыс»).
Жеке адамның саяси жүйедегі «басқаларға қатынасына» қарай бағдары үш тармақтан түрады: а) саяси ұқсастыру (идентификация); ә) саяси сенім; б) «ойын ережелері» . Саяси ұқсастыру (етенестіру) жеке адамның өзін белгілі бір саяси қауымдастыққа (ұлтқа, мемлекетке, қалаға, аймаққа) немесе әлеуметтік топқа жатқызу сезімін білдіреді. Әдетте адам оларға адалдығын, жауапкершілігін және міндеттілігін сезінеді. Саяси сенім жеке адамның азаматтық өмірде ашық, бірге, өзара іс — әрекетке дайындығын айғақтайды. Сонымен бірге ол басқа адамдар немесе топтар онымен саяси өмірде ынтымақтасуға дайын белгілі бір ережелерге бағыну, оларды орындау керектігін түсінуін білдіреді.
Тұлғаның өзінің саяси белсенділік қатынасының бағдары екі тармақты қамтиды:
1)саяси құзіреттілігі; 2) саяси маңыздылығы.
Саяси құзіреттілік жеке адамның қоғамдық өмірге қатынасуының жиілігін және оған қатынасқандағы әдіс — тәсілін, қоғамдық істерде қолайлы саяси жағдайларды пайдалануға дайындығын айқындайды. Саяси маңыздылық адамдардың істеген саяси іс — әрекеттері саяси процеске ықпал ететіндігін сезінуді білдіреді. Бұл белгілі бір қоғамдағы адамдардың бағыттары, ұстанымдары, бағалары, сезімдері, сайып келгенде, олардың саяси өмірін анықтайды. Оларды схема түрінде шамамен былай бейнелеуге болады (таблица 1):
Таблица 1
Бағдары |
Айқындамасы |
|
1 |
2 |
|
Саяси ұқсастыру |
Қандай болсын мемлекеттің азаматтығы. Жеке адамның оң немесе теріс сезім білдіретін саяси бірлестіктері және топтары. Жеке адамның ең көбірек іс — әрекеттеріне қатынасатын саяси бірлестіктері мен топтары. |
|
Саяси сенім |
Әр түрлі топтармен әр түрлі саяси — әлеуметтік іс — әрекеттерде ынтымақтасуға ықыласы. Топтарда мүше болуы. Сенімі, саяси дәлелдері, мүшелік түрі және т.б. қарай топтық рейтингі. |
|
Саяси бағдарлары |
Қоғамдағы саяси тәртіптің заңдылығына сенім. Саяси тәртіптің негізгі саяси институттары мен символдарына сенімі мен баға беруі. Саяси тәртіптің саяси іс-әрекетіне қолдау көрсету немесе қарсылық білдіруге қатысы. |
|
«Ойын» ережелері» |
Саяси пікірлерін білдіру тәсілдері. Саяси міндеттемелерді (өзінің және қоғамның басқа мүшелерінің) үғынуы. Билік шешімдерін қабылдау түрлері жөніндегі түсінігі. Саяси ауытқу және айырмашылықтарға көзқарасы. |
|
Саяси маңызды-лығы |
Адамдар пікіріне биліктің жауапкершілікпен қарайтынына сену. Азаматтық белсенділік пен қатынасудың маңыздылығын түсіну. Саяси өзгерістің мүмкіндігіне сену. |
|
|
|
|
Саяси құзыреттілік |
Дауыс беру және басқа саяси белсенділік танытудың жиілігі. Саяси оқиғалар және олардың адамдарға ықпалы жөнінде хабардар болу. Саяси істерге кұштарлық. |
|
«Кіріс— шығыс» |
Саяси билікке қанағаттану. Азаматтардың саяси талаптарының билікке әсер етуі туралы хабардар болуы. Билік қабылдаған шешімдердің тиімділігіне сенім. |
|
Бұл көрсетілген кестеге қарай тұлғаның саяси — әлеуметтік белсенділігін, жалпы саяси мәдениетінің деңгейін айыруға болады.
Сонымен, жеке тұлғаның саяси-әлеуметтік белсенділігіне ғалымдар ертеден назар аударған. Алайда ғылыми тұрғыда ол XX ғасырдың 50-60-шы жылдарынан бастап қана терең зерттеле бастады. Оған бұл кездегі Батыс елдеріндегі саяси-әлеуметтік өзгерістер, рухани дағдарыс себеп болды. АҚШ —тың және басқа Батыс Еуропа елдерінің жастары бұрынғы дәстүрлі құндылықтарды мойындамай, өздерінше кері құндылықтарды алға тартты. Мұндай жағдайда Батыс елдеріндегі билік басындағылар және ғалымдар оларды саяси — әлеуметтік тұрғыдан тәрбиелеп, дұрыс жолға салып, бағыт-бағдар берудің ғылыми жолын іздеді.
Саяси -әлеуметтік белсенділік деп тұлғаның, топтың, әр түрлі саяси күштердің белгілі бір әлеуметтік- экономикалық және саяси мақсаттарға жетуге бағытталған табанды іоәрекетін айтады. Ол белсенділіктің бір түрі және саяси мүддемен тығыз байланысты. Ол мүддені асыру үшін адам ерік — жігер көрсетеді.
Адамның қоғамдық мәні — өмір сүрген ортасы, әлеуметтік жағдайы, білімі, санасының жоғары немесе төмен болуы, оның жеке адамға тән қасиеттерінің қалыптасуының шарты. Ал, әлеуметтендіру тәрбие берумен тікелей байланысты. Тәрбиенің түрлері де алуан түрлі; жас бала өмірге келгеннен бастап, қартайып өмірінің соңына дейін тәрбиеден өтеді. Тәрбие екі жақты: жас өспірімдерге тәрбие беру, ересек адамдарға тәрбие беру, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Тәрбие берудің мақсаты мен мазмұны, әдістері мен түрлері, жолдары мен қүралдары педагогика ғылымында оның талаптарына сай жан-жақты, әрі терең талданған. Біздің тақырыбымыздың шеңбері кең. Сондықтан зерттеу объектісі болып отырған мәселені біз саяси ғылымдар принциптері мен әдістеріне, сол сияқты өз тәжірибемізге сүйене отырып қарастыруды жөн көрдік.
- САЯСИ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЛСЕНДІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПРОЦЕСІ.(Қазақстан Республикасы мысалында.)
2.1. Саяси — әлеуметтік белсенділікті қалыптастырудағы отбасы мен орта мектептің ролі.
Адамның саяси жүмысқа саналы түрде және өз еркімен қатысу деңгейіне байланысты саяси әлеуметтенуді ғалымдар әдетте алғашқы (немесе бірінші) және екінші деп екі түрге бөледі. Алғашқы әлеуметтенуге бала кездегі және бозбала кездегі саяси білім алып, саяси көзқарасының қалыптасқан кезін жатқызады. Мұнда жас ұрпақ саяси үғымдарды алғаш рет естіп, мағлүматтар алады. Олар біртіндеп саяси өмір қүбылыстарына адамның жеке қатынасын қалыптастырады. Екінші әлеуметтенуге бұрынғы алған құндылық бағдарлар мен ұстанымдар негізінде жеке адамның саяси жүйемен белсене әрекеттесу кезеңі кіреді.
Тұлғаның саяси қалыптасуына, бір жағынан, оның күнделікті өмір сүретін ортасы, яғни отбасы, құрбы-қүрдастары, ауылдасы, бейресми топтар және т.с.с. стихиялы түрде катынасса, екінші жағынан мемлекет тарапынан арнайы үйымдастырылған тәрбие жүйесі, саяси партиялар, қоғамдық —саяси үйымдар қатысады. Мемлекеттік тәрбие жүйесін өз кезегінде макро деңгейлік және микро деңгейлік етіп екіге бөлуге болады. Макро деңгейлік жүйе өзінің стратегиялық бағдарламаларын , мақсат-мүдделерін, саяси құндылықтарын насихаттап, азаматтардың санасына сіңіріп отырады. Микро деңгейге мақсатты оқу- тәрбие жұмыстарын тікелей жүргізетін жалпы білім беретін орта мектеп, арнаулы орта мектеп, жоғары оқу орындары жатады[14].
Ф. Бурлацкий мен А. Галкин адамның саяси әлеуметтенуін сипаттай келе оның тетіктерін шартты түрде екіге бөледі: а) бірінші саяси әлеуметтену. Ол негізінен отбасы және оған жақын ортада өтіп, өзіндік кәсіби іс-әрекетке кіріскенге дейінгі мерзімді қамтиды; б) екінші саяси әлеуметтену. Ол өз алдына еңбек етіп, белсенділік көрсету барысында саяси тәжірибе жинақтау арқылы қалыптасады[15].
Қазіргі қоғамда саяси әлеуметтену едәуір ерте басталады. Үш-төрт жасар балалар өз мемлекетінің рәміздерін, кейбір саяси қайраткерлерді ажырата біледі. Әрине, саясат туралы білімді жас үрпақ мектепте алып, оған деген белгілі бір қатынастары мектеп жасында қалыптасады. Алайда бала бақша, мектеп, туған-туыстары, теледидар жэне т.б.жас жеткіншектерді саяси жэне экономикалық өмірге ерте қызықтырып тартады.
Американың белгілі саясаттанушылары Д.Истон мен Р. Хесс:» Кемелденіп, ер жету сатысына енетін саяси жүйе мүшесінің нағыз қалыптасу кезеңі, сірә, үш пен он үш жас аралығы болар—дейді.
Америка мамандарының ойынша нақ осы кезеңде қоғамдағы тәртіп пен қауым жөнінде балалардың негізгі саяси бағдарлары қалыптасады және бекиді. Сонымен бірге, олардың ойынша , бұл бағдарлардың саналы негізі шамалы, сезімдік, эмоциялық реңі басым және дерексіз, абстрактілік жақтарымен ерекшелінеді.
Балалар мен ересектердің саяси әлеуметтенуінде айтарлықтай ерекшеліктер болады. Мысалы, кіші Орфиль Г.Брим бұл туралы былай дейді:
1.Ересектердің әлеметтенуі ең алдымен сыртқы жүріс-тұрысы, өзін-өзі ұстауында белгілі болады, ал балалардың әлеуметтенуі негізгі қүндылықтар бағытын түзеді.
2.Ересектер қоғамдағы қалыптарға, қағидаларға баға берулері мүмкін, балалар оларды тек игеруге , меңгеруге қабілетті.
З.Ересектер әлеметтенуінде қара мен ақтың арасында сұрғылт түсті реңдер бар екендігін түсінеді. Ересектер жүмыстағы, үйдегі, қоғамдық шараларды жэне т.б. атқару барысындағы рөлдердің талаптарына сай бейімделулеріне тура келеді. Оларға » мынау жақсырақ», «мынаның зияндығы азырақ» деген сияқты ұғымдарды пайдалануға тура келетін күрделі жағдайларда басымдылықты белгілеулеріне тура келеді. Олар туған-туыстарымен келісе бермеулері мүмкін.
4.Ересектердің әлеметтенуі адамға белгілі бір дағды, әдеттерді игеруге, меңгеріп кетуіне көмектесуге бағытталады. Балалар әлеуметтенуі ең алдымен олардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын дәлелдеуді қалыптастырады. Мысалы әлеуметтену арқылы ересектер әскер немесе партия мүшесі болады, ал балаларды қоғамдағы ережелерді орындауға, абай болуға, әдепті болуға үйретеді[16].Поляктың көрнекті әлеуметтанушысы Е.Вятрдьщ ойынша жастардың саяси мәдениетінің қалыптасып, саяси әлеметтенуіне негізінен үш компонент, атап айтқанда отбасы, қүрдастар тобы, оқу орындары мен ақпарат құралдары шешуші рөл атқарады. Ата-ананың үйінде үстемдік ететін жағдай өз бетімен өмір құруға бет алған жеке адамның кейін оның саяси іс-қимылына үлкен маңызы бар боларлық, мысалы ризаластық іс-әрекеттер жасай алатын, өз көзқарастарына сәйкес келмейтін мәселелерді талқылай алатын, агрессивтік мінездер көрсететін немесе көрсетпейтін сияқты, ерекшеліктерді қалыптастырады.
Бұл ғалымның ойынша жас жеткіншектердің саяси мәдениетінің қалыптасуына құрдастар тобы айтарлықтай әсер етеді. Ол бұл топты баланың отбасында ұғынып, меңгерген көзқарастарды басқа пікірлермен салыстыратын бірінші форум деп санайды. Сол арқылы құрдастар тобы үлкендердің бақылауынсыз өз көзқарастарын алғаш рет тұжырымдауына және айтуына мүмкіндік жасайды. Құрдастар тобы арасындағы биліктің өз баспалдағы (иерархиясы) бар, ынтымақтастықтың және іс-әрекет жасау, жүріс-тұрыстың өз үлгілері мен ережелері бар. Олар, бір жағынан, үлкендер өмірінен алған үлгілердің көрінісі болса, екінші жағынан, өз топтарында бағалы саналатын мінез-қүлық принциптерінің жеке үлгілеріне жатады[17].
Ең соңында Е.Вятр өскелең ұрпақтың саяси әлеметтенуінде оқу орындары мен ақпарат құралдарының маңызды рөл атқаратынын атап көрсетеді /35, 378 б./. Сонымен қатар ғалым адамның саяси әлеметтенуінде үш элементтің ешқайсысына бірінші орынды бермейді. Онысы, біздің ойымызша, дұрыс та. Өйткені олардың әр қайсысы өсіп келе жатқан ұрпақтың өсіп жетілуінде елеулі орын алады.
Э.Берн адам үш күшті басқаруға тиіс-өзін, басқа адамдарды және табиғатты- және осыған байланысты адамның бойындағы екі күшті ұмтылыс-жасампаздыққа және қиратушылыққа ұмтылу қалыптасады деп есептейді. Сондықтан да жалпы белсенділікті жасампаздыққа бағыттау үшін және керек кезінде кедергілерді қирата білуге дайындау үшін жас баланы да осы үш күшті игертуге тәрбиелегенде ғана белсенді болуы мүмкін.
Жас балдырғандарды қоғамдық өмірге даярлауда отбасы ең алғашқы және басты рөлді атқарады. Онда оларға әсіресе ата-ананын айтқан пікірлері, қабылданып жатқан шешімдерге берген бағалары т.с.с. жас бала оларды арнайы тындап, мән бермегенімен, ойын арасында естігеннің өзінде біртіндеп белгілі бір ой қалыптастырып, тұжырымдар жасайды және өз әрекетін бағалауға үйретеді. Сондықтан ата-бабаларымыз «ұяда не көрсен, ұшқанда соны ілесің» деп өмірдің тәжірибесін қорытындылай келе айтқан. Сонымен бірге үлкендердің теледидардан, хабарлар беріліп жатқанда, көркем әдебиет немесе баспасөз материалдарын оқығанда жасаған түсініктемелері, толықтырулары, өздерінің оларға деген көзқарастарын, қатынастарын білдіруі, пікір алмасуы да айтарлықтай ықпал етеді.
Ресей зерттеушілері Г.А.Аминев пен А.А.Копанева «Жоғары сынып оқушыларының саяси мәдениеті» деген еңбектерінде жоғары сынып оқушыларының саяси мәдениетін қалыптастыру барысында бірнеше түрге, атап айтқанда романтиктер отбасы, іскерлер отбасы, дарашыл-зерделілер (интеллектуалдар) отбасы, тұтынушылар отбасы деп бөледі. Бірінші түрге жататын отбасыларда қоғамдық-саяси белсенділік жоғары бағаланады және жастарға жағымды, дұрыс ықпал ететін саясатқа, саяси білім алуға шын мүдделілік байқалады.
Біз жоғарыда саяси-әлеуметтік белсенділік танытуға тікелей әсер ететін күш — ерік, жігер дедік. Сондықтан отбасында жас бөбектерді ерікке, жігерлілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Жас балдырған өзі киініп, тамақтанғысы, ыдыс-аяқты жинап, үй сыпырғысы келеді. Бұл бала табиғатына тән заңды қасиеттер де ерікті талап етеді. Баланың ойын әрекетін дұрыс ұйымдастыру, басқа балалармен бірлесіп ойнауға, ойын тәртібін төселдіру арқылы да оның ерік сапаларын тәрбиелеуге болады, Мектеп жасына дейінгі балалар өте еліктегіш келетіні де белгілі. Олар өмір тәжірибесінің аздығынан кез келген қылықтарға (тіпті жаман болса да) еліктей береді. Сондықтан әрбір ата-ана ерік тәрбиесінде өзінің мінез-құлықына бекем болып, балаға жаман мінезді көрсетпеуге тырысуы керек.
Отбасында жас бала шыншылдық пен адалдық, батылдық пен батырлық, сөз бен істің бірлігі сияқты қасиеттерге тәрбиеленеді. Батылдыққа, жігерлілікке, алда кездескен қиыншылықтарды жеңуге үйренбеген баладан ертең Отанын қорғап, үлттық мүддені көздейтін, саяси-әлеуметтік белсенділігі бар азамат болып өсуі екіталай. Балалардың айтқанының бәрін істей беру жақсылыққа әкелмейтіні белгілі. Сонымен қатар оның әрбір қылығын қатаң бақылауға алынуы да баланы дербес әрекет ету қабілетінен айырады. Соның нәтижесінде ол өзіне көрсетілгенді ғана істеуге мәжбүр болады, соған әбден үйренуі мүмкін.
Ерік-жігерді тәрбиелеуде баланың жеке басын жақсы тани білу, оның әрекетінің негізгі мазмұнын түсіну, соған орай тиісті тәрбие тәсілдерін қолданып отыру жақсы нәтиже береді. Ерікті шыңдау саяси-әлеуметтік белсенділік тәрбиесінің басты мәселелерінің бірі. Әрбір адам өз еркінде жақсы сапалар қалыптастыру арқылы ізгілікті, демократиялы қоғам орнату ісіне үлес қосатыны сөзсіз.
Сонымен, жеке түлғаның саяси-әлеуметтік белсенділігіне бүрын да назар аударылғанымен, ғылыми түрде XX ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап терең зерттеле бастады. Оған бүл кездегі Батыс елдеріндегі рухани дағдарыс себеп болды. АҚШ-тың және басқа Батыс Еуропа елдерінің жастары бұрынғы дәстүрлі қүндылықтарды мойындамай, өздерінше кері қүндылықтарды алға тартты. Мүндай жағдайда Батыс елдеріндегі билік басындағылар және ғалымдар оларды саяси-әлеуметтік түрғыдан тәрбиелеп, дұрыс жолға салып, бағыт-бағдар берудің ғылыми жолын іздеді.
Саяси-әлеуметтік белсенділік деп түлғаның, топтың, әртүрлі саяси күштердің белгілі бір әлеуметтік-экономикалық және саяси мақсаттарға жетуге бағытталған табанды іс-әрекетін айтады. Ол белсенділіктің бір түрі және мүддеден туады. Ол мүддені орындау, іске асыру үшін адам ерік-жігер көрсетеді.
Саяси әлеуметтенуді ғалымдар алғашқы (немесе бірінші) және екінші деп екі түрге бөледі. Бірінші саяси әлеуметтену негізінен отбасы және оған жақын ортада өтіп, өзіндік кәсіби іс-әрекетке кіріскенге дейінгі мерзімді қамтиды және ол стихиялы түрде қалыптасады. Екінші саяси әлеуметтену өз алдына еңбек етіп, белсенділік көрсету барысында саяси тәжірибе жинақтау арқылы қалыптасқан және арнайы үйымдастырылады.
Сонымен, саяси әлеументтенуді ғалымдар алғашқы (немесе бірінші) және екінші деп екі түрге бөледі. Бірінші саяси әлеуметтену негізінен отбасы және оған жақын ортада өтіп, өзіндік кәсіби іс-әрекетке кіріскенге дейінгі мерзімді қамтиды және ол стихиялы түрде қалыптасады. Екінші саяси әлеуметтену өз алдына еңбек етіп, белсенділік көрсету барысында саяси тәжірибе жинақтау арқылы қалыптасады және арнайы ұйымдастырылады. Жас балдырғандарды қоғамдық өмірге даярлауда отбасы ең алғашқы және басты рөлді атқарады. Онда бала тұңғыш рет өмір жолымен танысады, моральдық қалып, ережелерді игереді, қарым-қатынас жасау белседілігіне үйренеді. Отбасында жас балдырғандарда алғашқы адамгершілік сана-сезімі қалыптаса бастайды. Онда жас сәбилер әдептілік, сыпайылық пен адалдық, батылдық пен батырлық және басқа да асыл қасиеттер жөнінде мағұлматтар алып, жадына тоқиды. Өсе келе бүл ардақты құндылықтар баланың мінез-құлқында білініп, іс-әрекетінде көрініс табады, олардың көбінің өмір бойы арқа сүйер ар-ожданы мен ұятының өзегі болып қалады. Жас ұрпақты отбасында тәрбиелеуде халқымыздың сан алуан ғасырлар бойы жинақталған, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәлім-тәрбиенің, төлтума халықтық педагогиканың орны зор.
Қазіргі кезде мектепке дейінгі тәрбие ошақтары жағдайларының тым нашарлығына қарамастан, 2-6 жас аралығындағы балалардың саяси әлеуметтенуіне үлкен үлес қосып отыр. Балалар бақшасында қатынасқа үйрену, қоршаған ортаны түсіну процесі де қатар жүруде. Бірақ, өкінішке орай, қазіргі кезде Қазақстандағы 2-6 жас аралығындағы балалардың үштен бірі ғана балалар бақшасына барады. 1991 жылы Қазақстандағы 2 миллион 300 мың мектепке дейінгі балалардың тек жартысы ғана балалар бақшасына баратын еді. Ал 1993-1999 жылдар аралығында ауылдық жерлердегі балалар бақшасының барлығы дерлік жабылса, ал қалалардағы балалар мекемесінің жартысынан көбі жабылып, құрылыстары сатылып кетті. Мәселен, 1992-1993 оқу жылында республикада 8895 мектеп болса, 1999 жылы олардың 8091 —і қалды. 1991 жылы бала бақшаның саны 8881 болса. 1999 жылы олардың 924-і ғана қалды.
Жалпы қазіргі кезде Қазақстанда өтпелі кезеңнің әсерінен отбасының және балалар мекемелерінің саяси әлеуметтендіру институты ретіндегі ролі біршама төмендеді. Себебі статистикалық мәліметтерге қарағанда 2001 жылы Қазақстанда 6,2 мың жаңа отбасы пайда болса, 2,4 мың отбасы ыдыраған екен. Міне осындай жағдайда отбасының әлеуметтендіру ролі төмендеп, балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқының ауытқушылығы күшейіп барады.[18].
Орта мектепте саяси-әлеуметтік белсенділікке тәрбиелеу. Жас үрпақты қоғамдық өмірге, саяси-әлеуметтік белсенділікке тәрбиелеуде жалпы білім беретін мектептің орны ерекше. Себебі өскелең ұрпақтың болашақ тұлға ретінде қалыптасуына мектепте алған білімі мен тәрбиесі орасан зор ықпал етеді. Мұнда жас жеткіншектер алдағы өмір бойы азық болар сапалы білім алуымен қатар Отан алдындағы азаматтық борышын адал орындауға, неше түрлі мамандықтар туралы мағлұмат алып, солардың ішінен өзінің болашақ мамандығын таңдауға, қоғамдық жұмыстарға, саяси өмірге белсенді қатысуға үйренеді. Жас ұрпақ саясат жөнінде білімді мектепте алып, оған деген белгілі бір қатынастары соның қабырғасында қалыптасады. Олар еліміздің демократиялық даму жолына түсіп, нарықтық экономикалық талабына сай өмір сүріп жатқанда жаңа жағдайларға сәйкес өз бетімен ғылыми тұрғыдан ойлауға, соған байланысты іс-әрекет жасауға қабілеті мен мүмкіндігі бар және нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде туындаған саяси-рухани, экономикалық дағдарыстарға мойымайтын жігерлі ұрпақ болулары керек. Сонымен қатар жалпы білім беретін мектеп жас ұрпаққа жоғары рухани ұлттық сезімі оянған, адам құқықтары мен бостандықтарын жақсы сезінетін, әрдайым саяси-әлеуметтік белсенділік танытуға дайын, өзін де, өзгені де кұрметтейтін, өзіне-өзі сенімді елдің болашақ иелерін оқытып, тәрбиелейді. Сондықтан өскелең ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер ұжымынан бүл жауапты да құрметті жүмыс үлкен кәсіби мамандық пен біліктілікті, жауапкершілік пен төзімділікті талап етеді. Көп жылғы оқу-тәрбие жұмысының барысында мүнда айтарлықтай білім беру жүйесі қалыптасқан. Оның негізгі мақсаты-Отанын сүйген, өндірістің сан түрлі салаларында, ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер ошақтарында белсене қызмет ете алатын, дүниеге дұрыс көзқарастың негізі қаланған, мінез-құлық мәдениеті мен эстетикалық талғамы жоғары, рухани дүниесі бай, білімді адамдарды дайындау.
Осы мақсатқа байланысты оның төмендегідей маңызды міндеттері бар:
- ғылым мен тәжірибенің жетістіктеріне сай жеке адамдарды
қалыптастыру және дамытуға мүмкіндіктер тудыру; - тұлғаның рухани байлығы толықтырып, күш-қуатын ашу;
- жеке басында адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік
негіздерін қалау; - қоғамның саяси-әлеуметтік өміріне белсене қатынасуға тәрбиелеу;
адам құқықтары мен бостандықтарын жақсы білу және сыйлау; - адамның шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасау;
- кәсіби білім алуына мүмкіндік тудыру және т.с.с.
Білім беру жүйесі арқылы адамзаттың сан ғасырлар бойы жинақтаған ілімі мен құндылықтары ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, одан әрі дамиды. Бұлардың бәрі жас ұрпақтың саяси белсенділігін арттыруға зор әсер етеді, азамат ретінде қалыптасуына тұғыр болады.
Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан кейін жағдай өзгерді. Сонымен бірге білім беру процесінде көптеген проблемалар да пайда болды. Бұрын коммунистік идеологияның, орталықтың ығына қарай жазылған оқулықтардың орнына егемен еліміздің мақсатына сай келерлік оқулықтар мен оқу-құралдарын, жаңа оқу бағдарламаларын шығаруға тура келді. Қазіргі өркениетті өмір талабына сай оны ақпараттандыру, компьютерлендіру талаптары туды. Тәуелсіздікке кол жеткен соң, қазак тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алғаннан кейін қазақ мектептерінің санын көбейту керек болды, соған байланысты казақ тілін жақсы білетін мүғалімдерге қажеттілік туды. Осының бәрі, сайып келгенде, республикамыздағы білім беру жүйесін түбегейлі өзгертуді алға тартты. Еліміз егемендігін алғаннан бері бұл реформа бірнеше кезеңді басынан кешірді.
I кезең- 1991-1993 жылдарды қамтиды. Бүл кезде жаңа талаптарға сәйкес, әсіресе жаңа экономикалық жағдайларға икемделу негіздері қаланды. Атап айтқанда «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Одан көп ұзамай Білім министрлігінің алқасында жалпы білім беретін орта мектептің тұжырымдамасы талқыланып, бекітілді. Онда жаңа мектептің мақсаты, міндеттері, құрылымы және жаңартуға қажетті қағидалар анықталды.
- кезең-1993-1996 жылдарға келді. Бүл кезде заң негізінде
реформаның даму жолдары мен бағыттары айқындалды. Білім беру
жүйесіне байланысты көптеген тұжырымдамалар жарық көрді. Соның
ішінде «Қазақстан Республикасында жалпы білім мазмұнының
тұжырымдасы», «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім
беру тұжырымдамасы», «Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат
тұжырымдамасы», «Гуманитарлық білім бағдарламасы», «Болашақ»
Республикалық бағдарламасы» және т.б. атауға болады. Бұл
құжаттарда мектептердің білім мазмұны, оның ғылыми негіздері мен
принциптік қағидалары, оқу жоспарлары мен бағдарламалары және
т.с.с. мәселелер қарастырылды. - кезеңге 1996-1998 жылдар кіреді. Бұл кез білім беру саласын
басқаруды орталықсыздандыру және қаржыландырумен ерекшеленеді.
Баламалы білім беру мекемелеріне, мемлекеттік оку орындарын
қолдаудың жаңа жолдарына жағдай жасалды. - кезең 1998 жылдан басталады. 1999 жылы маусым айында
«Білім туралы» Заң қабылданды. Онда ұлттық білім жүйесінің жаңа
үлгісі көрсетілген. Ол ЮНЕСКО-ның халықаралық білім беру
стандартына сәйкес келеді. Жаңа үлгіде білім берудің үздіксіздігі және
сабақтастық принциптері сақтала отырып, оның мынадай сатылары
белгіленген:
І.Мектеп жасына дейінгі тәрбие және оқыту;
2.0рта білім;
З.Жоғары білім:
4.Жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Бұл салалардың бәрінің өз міндеттері, қызметтері бар. Олар өскелең үрпақты алдағы бүкіл өмір жолында өзін-өзі одан әрі дамытып, сомдау үшін қажетті білімдер негізімен және дүниені танып-білуімен өзгертудің ғыльши әдістерімен қаруландырады.
Білім беру процесін реформалауда айрықша атауға тұрарлық тағы бір жайт-Қазақстан Республикасы орта білім жүйесін мемлекеттік ақпараттандыру бағдарламасының қабылдануы. Оны 1997 жылы 22 қыркүйекте Ел Президенті өзінің жарлығымен бекітті. Ол 1997-2002 жылдарға арналған және бес кезеңде өтеді. Оған бөлінген қаржының жалпы көлемі 154 миллион долларды құрайды. Жалпыға бірдей білім беретін орта мектептің негізгі міндеті-оқушыларға сапалы білім беру, ең алдымен олардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, жетілдіру. Қазіргі ғылыми-техникалық ақпараттың күн сайынғы қарқынды тасқыны оқушылардың дайын білімді баяу қабылдаушы ғана болып отыруын қаламайды. Оқушылар ғылыми-жетістіктерді еркін меңгерген және оны шапшаң өзгермелі жаңа өндіріске пайдалануға психологиялық жағынан дайын азамат болып шығарылуы керек. Яғни бүгінгі өмір оқушы жастардың интеллектуалдық дайындығын дамыту қажеттілігін туғызып отыр. Онсыз оқу бітірушілер жоғары және арнаулы орта оқу орындарына түсіп, өндірістің түрлі салаларында, ғылым мен мәдениет ошақтарында табысты қызмет ете алмайды. Бірақ орта мектеп оқушыларға сапалы білім беріп кана қоймайды, сонымен қатар саналы тәрбие де береді.[20].
Жалпы білім беретін мектеп жас жеткіншектерге қоғамның прогрессивті, демократиялық даму принциптерін үйретіп, елінің болашағына мүлтіксіз сеніммен қарайтын, сол үшін аянбай еңбек етіп, саяси -әлеуметтік белсенділік таныта білетін болашақ тұлғаларды дайындауға оқу —тәрбие жұмысын жұмылдыруға тиіс.
Мектеп — мемлекет пен бұқараның арасындағы алтын көпір. Мектеп қабырғасында, оқушылар үйінде алған адамгершілік тәрбиесін өрістетіп, шыңдай түседі. Ол ең алдымен күнделікті өмірге қажетті қарапайым қарым-қатынас пен мінез-қүлық ережелерін меңгеруден басталады. Бұл жолда мектепке келген жас балдырған өзін көпшілік ішінде ұстай білуді, қоғамдық тәртіпті сақтау керектілігін үйретіледі. ¥стаздардың өздерінің жас шәкірттерінің әрбір жақсы істерін қалт жібермей байқап, мадақтап, басқаларға үлгі боларлықтай атап отырғаны жас сәбиді жігерлендіре түседі. Жаман қылық жасаса, олай жасамау керектігі жақсылап түсіндіріледі немесе жазаланады. ¥стаздар шәкірттерін мектепке келген алғашқы күннен бастап басқа балалармен өзара құрмет пен сыйластыққа, достық пен ынтымақтастықта болу керектігі, басқа ұлт пен ұлыс өкілдері балаларына құрметпен қарау керектігін, сонымен қатар өзінің кадір-қасиетін түсірмеу керектігін, ұстамдылық пен төзімділік білдіру, басқаның пікірін тыңдап, құрметтеу керектігін түсіндіреді. Оларға әділетті болу және оны әркез қорғай білудің мәні ашылады.
Өсіп келе жатқан ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеуде казіргі педагогика жетістіктерінің әдіс-тәсілдерімен қатар жалпы әлемдік педагогиканы да орынды пайдалана білген жөн. Бұрынғы Кеңес өкіметі кезінде партиялық- таптық идеологияның ықпалымен ұлттық мәдениеттің халықтык тәрбие түріне ескінің сарқыншағы ретінде қарап, менсінбей, мән бермеген кездері болған. Шын мәнінде қандай ұлттың рухани өмірінде болсын халықтық педагогиканың әсері елеулі орын алады. Олай болатын себебі халықтық тәрбие ғасырлар бойы түрлі ұлттар мен ұлыстардың өмірлік тәжірибесінен туып, жинақталып, атадан балаға қалып келе жатқан бай мұра. Сондықтан жас жеткіншектерді тәрбиелегенде әлемдік өркениеттің бұл саладағы қолы жеткен табыстарын ұлттық мәдениеттің озық үлгілерімен тығыз байланыста, кіріктіре пайдаланса нұр үстіне нұр болмақ. Сонымен бірге жалпыадамзаттық құндылықтар әртүрлі халықтардың, әртүрлі діндердің, әртүрлі мәдениеттердің, әртүрлі дәуірлердің өмір тәжірибесінен жинақталып, қорытылған, неше түрлі сыннан өткен, адамзаттық мақсат-мүдде, талап —тілектеріне жауап беріп, қанағаттандырып келе жатқан және халықтарды жақындастыра, табыстыра түсетін күш.
Сонымен қатар республикамыз нарықтық экономикаға жол түзеп жатқанда, «өркениетті нарыққа ену гуманитарлық білім беруде нарықтық пайымы биік кадрларды тыңғылықты даярлауға барынша бағдарлауды талап етеді. Бұл ретте гуманитарлық білім беру мәдени түлеу және әлеуметтік тәжірибені жаңғырту құралы ретінде адамгершілік қадір-қасиеттің тозғындауына, мәдениет пен білімге деген нигилистік көзқарасқа қарсы тұруға тиіс. Нарықтық қатынастардың ізгілікке бағдарланған тұлғаның қалыптасуына тигізетін ықпалын анықтап алу қажет…»/46/. Нарықтық экономика әлі өркениетті деңгейге көтерілмей жатқанда біраз адамдардың, соның ішінде жастардың да, басқалардың есебінен байып, еңбек етіп, тер төкпей ақша тауып, жеңіл өмір сүруге бой ұрып жүргендігін өсіп келе жатқан жастарға айтып түсіндіріп, олардың бойына арлылық, әділеттілік, имандылық сезімдерін сіңірудің маңызы зор. Олар бойына қазіргі байыған «жаңа қазақтардай» Ресейден не басқа шет елдерден әнші, артистерді шақырып, олардың қалтасына қыруар ақша салмай, өз елінің өнер қайраткерлеріне қамқорлық көрсетіп, отандық өндірісті дамытып, қайырымдылық қорларға жең ұшын беріп, көмек көрсетіп, халқының ризашылығына бөленгендері ғанибет. Өсіп келе жатқан жастардың санасына мұндай сезімдер сіңсе, өскенде көбі оны ұмыта қоймайды. Демек, нарықтық қатынастардың өтпелі кезеңі ізгілік пен адамгершілік қасиеттеріне көлеңке түсіріп отырған кезде, өскелең ұрпақты бұл дерттен арашалап, өркениетті жолға түсіру, нарықтық экономика әлеуметтік бағытталған болу керектігін оқушыларға жеткізе түсіндіру мектеп мұғалімдері мен тәрбиешілерінің маңызды міндеттерінің бірі. Кейбір азаматтар өндірісте жақсы істегенімен, сырт көзге үқыпты, сыпайы адам болып көрінгенімен, шын мәнінде ол жеке басының ғана пайдасын ойлайтын, қоғамға көзқарасы қалыптаспаған, екі жүзді адам болуы да мүмкін. Демек, білімділік пен тәлімділік біртүтас дүние емес. Теориялық білімділік пен адамгершілік кейде бір адамның бойында бірдей бола бермейді, бірі болса, екіншісі жетпей жататын кездері болады. Калтасында дипломы бар адамның, әкімшілік басшысының өз мамандықтары бойынша сайрап тұрғанымен, нақтылы өмірде іс-әрекетке келгенде адамгершілік жағынан ақсап жататыны кездесіп тұрады. Бүл жөнінде В.Г.Белинский:»Білім мен дамудың көптеген түрлері бар және де олардың әрқайсысы өзінше маңызды, бірақ олардың бәрінен де адамгершілік білімі жоғары тұруға тиіс. Бір білім сізді ғалым етеді, басқа біреуі — ақсүйек адам, үшіншісі — әкім, әскери, саяси т.б. адамдар етеді, ал адамгершілік білімі сізді тек қана «адам», яғни құдай берген тамаша қасиеттердің бәрін бойына жинақтаған, сондықтан да жануарлар дүниесінен жоғары түрған тірі жан иесі етеді. Ғалым, ақын, жауынгер, заң шығарушы, тағы сол сияқтылар болу жақсы, бірақ саяси-әлеуметтік болмысқа лайық, адамдар арасындағы алуан түрлі қарым-қатынасты терең түсіне білетін өмірлік позицияны қалыптастырады. Білімділік — жеке бастың білімді меңгеріп, оны өмірде қолдана білуі, білік, дағдыларын иеленуі. Ал тәрбиелік -адамдардың қоғамдық және этикалық адамгершілік қарым-қатынастағы ерекшеліктері. Осыған орай А.С.Макаренко: «Тіпті аса білімді деген азаматтың өзі қабілетімен, іс-әрекетімен көзге көрінгенімен, оның бойында әлеуметтік және рухани дұрыс қарым-қатынас қалыптаспаса, ол толық жетілген азамат болып саналмайды. Сондықтан да баланың бойына жоғары адамгершілік сезімді ұялату — тәрбиенің басты міндеті», /48, 158 б./ — деген. Ал адамгершілік, мінез-құлық арнайы тәрбие жұмысы арқылы, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым-қатынасы арқылы қалыптасатын дүние.[26].
Жалпы білім беретін мектепке сабақтан тыс уақытта жүргізілетін ұлтаралық қатынас мәдениетін тәрбиелеу мақсатында атқарылатын іс-шаралардың түрлері негізінен алғанда төмендегідей болып келеді:
- Қазақстан Республикасының тұрғындары қазақ халқы мен
республиканы мекендейтін басқа да сан алуан үлттар мен
үлыстардың арасында орныққан азаматтық татулык пен
ұлтаралық келісімді, өзара құрмет пен сыйластықты, ынтымақ пен
достықты одан әрі нығайтып, сақтау үшін мемлекет басшылығы
тарапынан істеліп жатқан іс-шараларды үнемі әңгімелеп,
насихаттау; - халықтар достығы тақырыбына жиі-жиі кештер өткізу;
- шет елдерден еліміз Қазақстанға келіп, осында оқып жүрген
студент жастармен кездесулер өткізіп отыру; - әр ұлттың төл мерекелерін көп болып,бірігіп тойлау;
- әртүрлі ұлт өкілдері көркемөнерпаздарының ән-күй кештерін
жиі-жиі ұйымдастырып отыру; - ұлттар достық клубын құру;
- жазғы достық лагерін ұйымдастыру[29].
Үлтаралық қатынас мәдениетіне тәрбиелегенде үлтшыл
болмаңдар, интернационалист болыңдар деген сияқты құрғақ әңгіме, жайдақ үгіт-насихаттың орнына өмірден алынған, газет-журналдар, радио, теледидарда келтірілген халықтар арасында туған шынайы достық, ынтымақтастық жөнінде нақтылы әңгімелер, оқушыларды кызықтыратын тартымды деректерді тілге тиек еткен көбіне көп пайда келтіреді.
Мен басшылық ететін мектепте оқушыларда ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру мақсатында бұл мәселені педагогикалық кеңесте, әдіснамалық тәжірибе алмасу сағаттарында, сынып жетекшілеріне арналған семинарларда жүйелі түрде қаралып, талқыланып отырады. Осы мақсатта мектебімізде мұғалімдерге арналған «¥лтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары» деген арнайы семинар өткізіледі. Онда белгілі ұстаздар өздерінің бұл саладағы жетістіктерімен, іс-тәжірибелерімен бөлісіп, жас мұғалімдерге ақыл-кеңестерін айтады.
Оқу жасындағы балаларды тәрбиелегенде олардың жас ерекшеліктерін ескере жүргізудің мәні зор. Ғалымдар 11 мен 14 жастар аралығындағы балаларды жеткіншектерге жатқызады. Бұл кезде олар намысқой келеді. Көбісі үлкендердің қамқорлығын, бақылауын үната бермейді, бұйырып немесе зекіре сөйлегенді жек көреді. Ата-аналар немесе мүғалімдер тарапынан мұндай қылық байқалса, оны озбырлық ретінде санап, айтқанды орындамай, орындаса да немкетті жасап, қарсылық білдіргілері келеді. Бұл ертеден келе жатқан кұбылыс. Оны әдетте «әкелер мен балалар» мәселесі деп атайды.
Оқушылар 14 пен 17 жастар аралығында жасөспірімдік шаққа жетеді. Бұл кезде олар дене кұрылысы, ой-өрісі, психологиялық болмысы және тағы басқалар жағынан үлкендерге жақындайды. Олар Отан, қоғам, мемлекет алдында тұрған негізгі саяси-әлеуметтік міндеттерді түсінеді. Жоғарғы сыныптарда өздерінің болашақ мамандығын таңдап алу мәселесі жиі толғандырады. Бұл жастағыларға әсіресе әкімшілік-әміршілдік тәсіл, шараларды азырақ қолданған жөн. Өйткені мұндай әдіс олардың намысына тез тиеді. Сондықтан бұл шақта жасөспірімдердің іс-әрекетіне өте төзімділікпен, жауапкершілік-пен, көрегендікпен қарап, оларға өздері орындайтындай жауапты істерді тапсыруға болады.
Бұл кезде олар өмірдің мәнін ұғынуға, адамдар арасындағы қарым-қатынастың мән-мазмұнын түсінуге тырысады. Бүл жастағы оқушылардың жүріс-тұрысында, өздерін өздері ұстауында едәуір өзгерістер туады. Мәселен, қыз балалар сәнді киініп, сыланып-сипанып жүре бастайды, өзінің де, өзгенің де жүріс-тұрысына, киім киісіне мән береді, өздеріне басқа адамдардың назар аударғанын ұнатады. Ер балалар өздерін бозбала ретінде сезінеді, қыздарға кұрмет көрсетіп, қырындай бастайды. Ер балалар арасында жолдастық, достық сезімдері дамиды. Кеш болса өзара кездесіп әңгімелесуді, музыка тыңдауды ұнатады. Мұғалімдер жасөспірімдердің алғашқы сезімдерін күлкі етпей, өте ыждағаттықпен, байыппен қарап, оларға жолдастық, достық, адамгершілік, махаббат және басқа адамдық қасиеттердің шын мәнін ашып түсіндіріп, оларға байсалды бағыт-бағдар берген абзал. Қыздар мен ер балалар өз бойларында қандай жалпыадамзаттык және ұлттық биік қасиеттерді жиюы керектігін мораль оқығандай мезі қылмай, орынды түрде, тылсымдап жетелеріне жеткізген жөн.
Сайып келгенде, мектепке дейінгі балалық шақтан жасөспірімдік шаққа дейін балалардың бейімділігі мен қабілетін және мінез-құлқы мен темпераменттерін оқу-тәрбие жүмысының барысында мүғалім, тәрбиеші, ата-аналар үнемі еске алса, олардың дүрыс дамуы мен қалыптасуына жан-жақты ықпал жасай алады[30].
Жоғарғы сынып оқушыларын өмірдің пайда болуы мен дамуы, оның мән-мазмұны, адамның дүниедегі орны, ол не үшін тіршілік етеді, өмір шындығын танып-білудің жолдары, коғамның даму заңдылықтары, басқа елдердегі адамдардың өмірі мен қызметі, тіршілік-тынысы, өз үлтының тарихи және дамыған елдердің даму ерекшеліктерідоғамда қопарылыс жасаған қайраткерлердің өмірі мен қызметтері және т.б.
I кезең 11-12-14-15 жастар аралығын қамтиды. Бұл кезеңді
бозбалалық шаққа, яғни балалық пен жігіттіктің екі аралығындағы
әлеуметтену кезеңіне жатқызады. Бозбалалық шақтың негізгі
әлеуметтік қызметі-оқу.
II кезең 14-15-17-18 жастар аралығын қамтиды. Бұл жасөспірімнің
әлеуметтену сатысы. Бұл кезде жастардың әлеуметтік жағдайы әр
түрлі. Біреулері жалпы орта білім беретін мектептердің немесе
кәсіптік-техникалық училищелердің оқушылары, екіншілері арнаулы
орта білім беретін оқу орындарының студенттері, үшіншілері өз
алдына еңбек жолын бастаған жасөспірімдер. Бұл шақта олардың
қоғам алдындағы жауапкершіліктері де арта түседі: 14 жасында кейбір
жастар одақтардың қатарына өтсе, 16 жасында азаматтық куәлік
немесе төлқұжат алады, ал 18 жасында халық депутаттарын сайлауға
қатысады. Сонымен қатар бұл мезгіл жасөспірімнің өз тағдырын өзі
шешуге ұмтылушылық, өмірдегі, қоғамдағы орнын белгілеуге
құштарлық кезеңі. Олар үшін ең жауапты, терең әлеуметтік мәні бар
басты міндет-мамандық таңдау, өмірден өз орнын таба білу. Жалпы
жастық шақ әлеуметтенудің бастапқы түрлерінің аяқталу мезгілі
ретінде қарастырылады.
III кезең 17-18-23-25 жастар аралығын қамтиды. Бұл аралық
орнықты, яғни біржола әлеуметтену кезеңіне жатқызылады. Бұл кезде
адам биологиялық тұрғыдан да, әлеуметтік тұрғыдан да толық ер
жеткен естияр адам. Оның әлеуметтік-психологиялық бейнесі енді
жасына қарап емес, мамандығына, әлеуметтік орнына қарап
анықталады. Оларға білім беру жалпылама емес, арнаулы кәсіптік
сипатта жүргізіледі. Оның үстіне кәсіптік-техникалық училищедегі
немесе арнаулы және жоғары оқу орнындағы оқу еңбектенудің белгілі
бір түрі ретінде каралады. Жас азаматтардың басым көпшілігі отбасы
иесі атанады. Жалпы қоғам бұл екі аралықтағы жастарға тек
әлеуметтенудің объектісі ретінде ғана емес, сонымен қатар қоғамдық-
өндірістік қызметтің белсенді субъектісі ретінде де қарайды. Олардың
еңбектегі жетістіктерін «үлкендердің» өлшемімен бағалайды. Олардан
еңбекке деген құлшынысты, творчестволық қатынасты талап етеді.
Ал, 25 жастан кейін әлеуметтенген, қалыптасқан ересек адамның әрі
қарай дамуы басталады[31].
Адамның саяси әлеуметтенуіне байланысты ғалымдар арасында кең тараған пікір-саясат әлемі жөніндегі ұғым жас кезден қалыптаса бастайды деген тұжырым. Алайда бұл қағидамен швейцарияның балалар психологиясы бойынша маманы Ж.Пиаже келіспейді. Оның ойынша балаларда он бір жасқа дейін қисынды, абстрактілі пайымдау қабілеті онша дамымаған. Сондықтан оларда саясат жөнінде көзқарас жүйесі жоқ, өз жағдайын саяси феноменмен байланыстырмайды, саясат жөнінде ойламайды да. Расында да, саяси шындык мемлекет және билік қатынастары жөнінде төменгі сынып оқушыларында саяси биліктің негіздері мен тетіктері, оны қолға алу, саяси процеске қатынасу туралы түсінігі көмескі келеді.
Қазіргі кезде білім жүйесін реформалауда ЮНЕСКО-ның «XXI ғасырға арналған білім философиясы» (1980 ж) атты жобасына сәйкес білім берудің жаңа философиясының мынадай негізгі принциптері басшылыққа алынуда:
- Білімге гуманитарлық, гуманизациялаушы, адамды түзеуші
фактор ретінде қарау; - Педагогикалық меңгеру процесі ретінде дәстүрлі түсінуді адам
бейнесінің қалыптасуына жәрдемдесетін шығармашылық актімен
ауыстыру; - Философияның білім саласына қатысты танымдық,
методологиялық және жобалау- бағалау (аксеологиялық) қызметін
зерттеу [32].
Орта білім беру жүйесінде гуманитарлық даярлыққа қойылатын жалпы талаптар мектептегі оқыту мен тәрбиелеу мақсатын жүзеге асыруда қолданылуда. Бастауыш мектептің өзінде баланың барлық танымдық және психологиялық мүмкіндіктерін жетілдіріп, адамның күнбе-күнгі өмірінде білім алудың қандай келешегі болатынына оның көзін жеткізу қажет. Бастауыш мектепті бітірген оқушы төңірегіндегі оқиғалар жайындағы әсерін қисынды да жүйелі түрде баяндап, жанындағы адамдармен ешбір қиындықсыз, белсене қарым-қатынас жасауды үйренуге, алған білімін түйсініп, өмірде қолдана білуді талап ететін міндеттерді шешу дағдыларын толық игеруге тиіс.
Ендігі жерде негізгі мақсат-қоғамды ізгілендіру, білімді гуманитарландыру болып табылады. Оған жету кұралы-зиялылықты қалыптастыру, сезім, көңіл-күй мәдениетін тәрбиелеу, өмірлік құндылықтар мен бағдарлардың белгілі бір жүйесін орнықтыру. «Гуманитарлык білім беру адамның әлеуметтік-мәдени тұрпатын сомдау тәсілі ретінде көрінеді, өйткені ол жеке тұлғаның дамуындағы сыңаржақтылық пен толымсыздьщты еңсеруге жәрдемдеседі, әр кісінің азаматтық тұғырын табуына жетелейді, сол арқылы оның ішкі әлеуетін ашуына деген мүмкіндігін кеңейтеді. Алдына қоғамды демократиялық ағартуды мақсат етіп қоятын гуманитарлық білім беру адамдардың әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқына, этносаралық, әлеуметтік-топтық, мемлекетаралық қатынастардың жай-күйіне тікелей ықпал етеді, жаңа мемлекетік тектестікті, артықшылық берілетін құндылықтар жүйесін және азаматтардың өмірлік бағдарын, ізгілікті қоғамдық, рухани бітімін қалыптастырады[34].
Жас ұрпақты саяси-әлеуметтік белсенділікке тәрбиелеуде оларды қоғамдық жүмыстарға барынша тарту, араластыру, жүмылдырудың мәні зор. Оқу, тәрбие процесінде алған, жинақтаған теориялық білімдерін олар практикада қолданып, іске айналдыруы, оқушыларды жігерлендіреді, ынталандырады. Қолдарынан іоәрекет келетіндігін байқап, өздеріне сенімділігі күшейеді. Сондықтан оларды мектептегі өзін-өзі басқару жүмысына, неше түрлі мейрамдарды, жарыстарды үйымдастыруға конференциялар мен басқа шараларды өткізуге көптеп тартқан пайдалы.
Жас ұрпақты жоғары саналылыққа, саяси-әлеуметтік белсенділікке тәрбиелеу ең алдымен сабақ үстінде, оқу процесі барысында жүргізіледі. Соған байланысты мектепте оқылатын әрбір пән жас жеткіншекте болашақ тұлғаның саяси белсенділігін, адамгершілік позициясын қалыптастырудың пәрменді құралы болуға тиіс. Бұл жолда әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің -әдебиет, тарих, адам және қоғам, экономикалық география сабақтарының орны бөлек.
Жас ұрпақты отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуде тарих пәнінің мұғалімдері елеулі жұмыс атқаруда. Өйткені, Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында «атты еңбегінде жазғандай; «…біздің болмысымыздың ең көкейкесті сұрақтарын-ұлттық үндестігіміздің мән-маңызы неде, қазіргі Қазақстан үшін мәдениетке қатысты үлгінің қандай қонымды, біздің ұлттық санамыздың арқауы неде, қазіргідей жедел қүбылатын заманда «МЕН » дегізерлік ұлттық қасиеттерді қалай сақтап қалуға болады». Міне, мұның бәрі де нақтылы өмірмен беттескен саясаттың сұрақтары. Ал оның жауабы бүгінгі өмірмен ғана астасып жатқан жоқ, тұнығы мен тұманы қабаттасқан тарихтың тұңғиығымен де тамырласып жатыр.
Қазақ халқы өзінің ата мекеніне он бір Англия немесе бес Франция, тіпті Батыс Еуропа толық сыйып кететін 2,8 млн шаршы шақырымнан астам байтақ жерді көз алартқан жаулармен арыстандай алпарысып, қорғап, шашау шығармай бізге мирас етіп тастап кетті. Жас ұрпақ оны мақтан тұтуы керек және тарихтың осылай жалғасуын өз мойындарына алулары керектігін терең түсіндіруге тырысамыз.
Мектебіміздің әрбір сыныбында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы, Әнұранының безендірілген суреттері ілінген. Оқушыларға егемендік деген не, мемлекеттік рәміздердің авторлары кім, бұл рәміздердің әрбір элементі нені — соның бәрін жете түсіндіреміз. Салтанатты кештер өтер алдында міндетті түрде Еліміздің Әнұраны орындалады, оны мүғалімдер де, оқушылар да тік тұрып тыңдайды. Әрбір оқушы Әнұранның мәтінін жатқа біледі. Мүндай мемлекеттік рәміздердің мазмұнын терең білу әрі түйсіну біздің еліміздің болмысындағы осынау маңызды белгілерге деген ықылас, кастерлеу мен мақтаныш сезімдерін күшейте түседі деп сенеміз. Дана дипломаттың осы қазақты суреттеп, сипаттауында халқының қадір-қасиетін қастерлеу, үлттың өзін сезінуі, еліне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш аңқып тұр. Бұл қазақтың әнұранындай атадан балаға қалып сақталған алтын сөз исі қазақ баласын бей-жай қалдыра алмайды. Сондықтан дана бидің бұл сөзіне арнайы сабақ бөліп, терең талданса дейміз.
Саяси белсенділікке тәрбиелеуде мектептен тыс жүмыстың үлкен роль атқаратыны белгілі.Біз халықаралық үйымдардың көмегінің нөтижесінде қүрылған «Үлттық пікір-сайыс орталығы», ИФЕС сияқты үкіметтік емес ұйымдардың окушылардың саяси өлеуметтену процесіне, олардың белсенділігін қалыптастыруға үлкен ықпал етіп отырғанын атап өтуді жөн көрдік.
Оқушылардың жауабына қарағанда макро деңгейде саяси көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыруға, саяси-әлеуметтік белсенділікке итермелейтін жайтқа ең алдымен бүқаралық ақпарат құралдары — баспасөз, теледидар, радио жатады. Оларды оқушылардың 53,4 пайызы көрсеткен. Екінші орындағы көркем әдебиет пен өнер 31,1 пайызды алады. Микро деңгейде бірінші орынды әлеуметтік-гуманитарлык білімдер 23,5 пайыз құрайды.Түлға аралық қарым-қатынас арасында ата-ананың рөліне 37,6 пайыз, пән мүғалімдерінің үлесіне 23,4 пайыз, кластары мен достары 21,9 пайыз келеді. Қалыптастыру жүмыстарын мемлекеттік патриоттық тұғырнама принциптері негізінде жүргізудің рөлі мен орны ерекше. Өйткені олардың жеке түлға ретінде қалыптасуының бастапқы кезеңі мектеп қабырғасындағы шаққа келеді және саяси көзқарастың іргетасы қалана бастайды. Жаңа ұрпақтын, болашақ азаматтық бағдары олардың патриотизмі, туған жерге етенелігі көп ретте үстаздарға, мектептегі тәрбиеге байланысты. Өйткені оқушылардың зиянды әдеттерден, есірткеден сақтап, бойларында салауатты өмір салтын орнықтыруға мектеп үжымының күш- қуаты жетеді. Ел үшін оның балалары балғын шағынан тәуелсіз Қазақстан үшін мақтаныш сезімін бойларына сіңіріп, оның тарихы мен заңдарын, мемлекеттік нышандарын білгені өте маңызды.
2.2 Жоғары оқу орнында саяси-әлеуметтік белсенділікті дамыту жолдары.
Зерттеушілердің көбінің пайымдауынша адамның саяси-әлеуметтік белсенділік танытып, саяси қатынастар мен байланыстарға «өз » үлесін қосуы 18 жастан басталады. Бұл кез жастардың көпшілігінің жалпыға бірдей орта мектепті бітіріп, жоғары немесе арнаулы орта оқу орындарына түсіп, білім алуымен тұспа-тұс келеді. Сонымен бірге бұл шақ олардың ой-өрісі кеңейген, жаңалыққа, жасампаздыққа, білімге құмар, өздерін болашаққа дайындап, ізденген кезі.
Академик И.С.Конның ойынша, 17 мен 25 жас аралығындағы азамат биологиялық тұрғыдан да, әлеуметтік тұрғыдан да толық ер жеткен естияр адам. Оның әлеуметтік-психологиялық бейнесі жасына қарап емес, мамандығына, әлеуметтік орнына қарап анықталады. Оларға білім беру жалпылама сипатта емес, арнаулы кәсіптік сипатта жүргізіледі. Оның үстіне кәсіптік-техникалық училищедегі не арнаулы және жоғары оқу орнындағы оқу еңбектенудің белгілі бір түрі ретінде қаралады. Жас азаматтардың басым көпшілігі отбасы иесі атанады. Жалпы қоғам бұл екі аралықтағы жастарға тек әлеуметтендірудің объектісі ретінде ғана емес, сонымен қатар қоғамдық-өндірістік қызметтің белсенді субъектісі ретінде де қарайды.Олардың еңбектегі жетістіктерін «үлкендердің» өлшемімен бағалайды. Олардан еңбекке деген құлшынысты, творчестволық қатынасты талап етеді. Ал, 25 жастан кейін әлеуметтенген, қалыптасқан ересек адамның әрі қарай дамуы басталады[35].
Студент жастар қоғамның интеллектуалдық потенциалының негізгі қайнар көзі болып табылады. Олардың атқаратын әлеуметтік маңызды міндеті — жоғары маманданған кәсіби ой еңбегінің әр түрлі мамандықтарын игеру және атқару мақсатында белгілі бір білім жүйелері мен практикалық дағдыларды меңгеру. «Бүгінгі күні оқу орнын бітіріп отырған жас өз мамандығының тарихы мен теориясын игеруге, өзара қарым-қатынас жасау үшін сондай-ақ мамандандырылған сабақтар үшін қажет болатындай көлемде шет тілдерін білуге; өз ойын қисынды баяндай білуге, дәлелді пікір сайысқа бара алатындай, іскерлік әңгімеге оның кез келген тұсында араласа алатындай болуға; осы заманға халықаралық, іскерлік, кәсіби ізетті білуге; өнер әлемімен әрдайым қарым-қатынаста болуға деген қажеттілікті сезінуге; өздігінен білім алуға бейім болуға тиіс[36].
Сонымен қатар білім беру жүйесі студент жастарды саяси өмірге қатыстыру, олардың дүниеге ғылыми көзқарастарын қалыптастыру, өзгермелі саяси жағдайда өзіндік дұрыс шешім қабылдап, оны жүзеге «Жоғары білім мемлекет қызметінің барлық жақтарына-экономикалық, әскери, экологиялық, технологиялық, мәдени, басқару және басқа салаларына түгел дерлік ықпал етеді. Рухани өндірістің аса маңызды бұл саласы қоғамның қызмет етуінің интеллектуалдық және экономикалық базасын құрайды. Ол мәдениетті сақтаудың және оны болашақ ұрпаққа жеткізудің басты құралы болып табылады[37].
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының жоғары білім жүйесінде 51 мемлекеттІк, 99 мемлекеттік емес (он шақтысы шет ел оқу орындарымен біріккен) жоғары оқу орыны, оның ішінде екі автономиялық университет: Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттык университеті және Қ. А. Иассауи атындағы Халықаралык қазақ-түрік университеті жұмыс істейді. Мемлекеттік жоғары оқу орындарының 17-сі Алматы қаласында орналасқан, онда барлық студент-жастардың 31 пайызы оқиды. Мемлекеттік жоғары оқу орындарында 21 мың оқытушы, оның ішінде 1200-ден астам ғылым докторлары, 7,5 мың ғылым кандидаты қызмет етеді. Шамамен республикада 500-ге жуық мамандықта студенттер оқытылады [61].
Республикамыз егемендігін алғаннан бері жоғары білім жүйесінде бірталай оң өзгерістер болып жатыр. Еліміздегі білім реформасының жиынтық бағыты адамға, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің жоғары оқу орындарының деңгейіне бағытталған. Соның бір айғағы ретінде Қазақстан Республикасы өкілдерінің Лиссабон Конференциясына қатысуын және ресми емес жағдайда «Лиссабон тану конференциясы » деп аталатын » Еуропа аймағында жоғары білім саласындағы біліктілікті тану туралы » Конвенцияға қол қоюын атауға болады. Бұл Конвенцияға біздің еліміз қол қойған алғашқы жалпы еуропалық қүжаттардың бірі болып табылады және Еуропа қауымдастығының Қазақстан Республикасындағы жоғары білім жүйесін танығанын көрсетеді. Конвенцияның негізгі қағидаларын жүзеге асыру жоғары орындарының білім беру қызметінің сапасы үшін жауапкершілігін едәуір арттырады. Бұл құжатты еліміз Парламенттің қос палатасы да бекіткен[38]. Енді, — Н.Ә.Назарбаев айтқандай, — ахуалды терең таразылау, дамуымызды әлемдік тәжірибе тұрғысынан талдау және реформалауымызды іске асыру мен жаңа институттарымыздың қалыптасу дәрежесін үздік әлемдік тәжірибемен салыстыру маңызды» /62, 8 6.1.
Республикадағы жоғары білім саласы демократиялануда, ондағы басқару жұмыстары біртіндеп орталықсыздандырылуда, олардың жаңа құқықтық-нормативтік негізі жасалуда, жаңа мемлекеттік жоғары білім стандартты жүзеге асырылуда, жоғары оқу орындарының бәрінде қазақ тілі пәні енгізіліп, оқытылуда халықаралық білім беру стандартына сәйкес келеді. Жаңа үлгіде білім берудің үздіксіздік және сабақтастық принциптері сақтала отырып, мынадай сатыларға бөлінген :
- Мектеп жасына дейінгі тәрбие және оқыту.
- Орта білім.
- Жоғары білім.
- Жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Мұнда бұрынғыдай кәсіптік-техникалық және орта арнаулы білім беру жеке саты ретінде қарастырылмаған. Сондай-ақ кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау да бөлек саты ретінде бөлінбейді, олар қосымша кәсіби білімнің түрі ретінде қаралады.
«Жаңа модельдегі жоғары білімнің құрылымында 3 саты белгіленген: базалық жоғары білім ( бакалавриат), арнаулы жоғары білім, ғылыми-педагогикалық жоғары білім (магистратура)». Бұл аталған сатылар республика жоғары оқу орындарының бірқатарында енгізіліп, алғашқы бакалаврлар мен магистранттар даярланып шығарылады.
1999 жылғы жоғары білім беру тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік заказдар, студенттік кредиттер кіргізілді, сырттан қаржыландыратын студенттер саны көбеюде. Осы жүйе бойынша Республикамыздың жоғары оқу орындарында соңғы екі оқу жылында студенттер қабылданды. Бұлай оқуға алу әдісі өзінің жақсы жақтарымен көрініп, көпшілік жұртшылықтың ойынан шықты.
Оқу орындарында білім беруді ақпараттандыру жүйесі айтарлықтай дамып келеді. Оған мысал ретінде жоғары оқу орындарының алдыңғы қатарлары халықаралық «Интернет» жүйесіне қосылғандығын атауға болады. Біраз оқу орындарында студенттердің білімі тест арқылы бағаланады. Кейбір жоғары оқу орындарында студенттердің қалауы бойынша арнаулы курстар немесе қосымша шет тілін игеру сияқты игілікті істер істелуде.
Жоғары оқу орындарының құқықтары өсті. Қазір олар жеке консультациялар мен репетиторлықтан бастап, әр түрлі қысқа мерзімдік курстардан ақылы негізде берілетін толық жоғары білімге дейінгі кең ағарту қызметін ұсына алады. Олар сондай-ақ отандық және шет елдік әріптестерімен тікелей байланыстар орнатады, кадрларды даярлау және қайта даярлау, оқытушылардың біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу, студенттер мен аспиранттар алмасу саласында өзара ынтымақтастық туралы контрактілер жасайды, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырады, өздерінің жеке валюта қорын, шағын және бірлескен кәсіпорындар қүра алады. Жоғары білім жүйесінде мемлекет бюджетінен тыс қаржылар есебінен оқитын студенттер саны өсіп келе жатыр. Бұрын бұл жүйе бір оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын өз еріктері бойынша тандайды, авторлық бағдарламалар арқылы оқуларына болады.
Қаржы жағдайының қиындығына қарамастан жас мемлекетіміз өскелең ұрпақты дүние жүзінің таңдаулы университеттерінде оқытуға үлкен мән беріп жатыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев студенттерді АҚШ- та, Англия-да, Германия мен Францияда оқыту үшін әрқайсысына 25 мың доллардан 250 степендия тағайындады. «Болашақ» бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесінде нормативтік-құқықтық базасы жетілдірілді. Қазақстандағы жоғары білімнің міндеті БҰҰ-ға мүше елдердің, Лиссабон Конференциясына (1997 ж.) қол қойған 47 мемлекеттің білімге көзқарастарына, XXI ғасырға арналған Бүкіл дүниежүзілік Жоғарғы білім декларациясында (Париж, 5-9 қазан 1998 ж) үйлеседі, ол жоғарғы білімнің мынандай басты мақсаттары мен құндылықтарын жариялайды:
-ол адам қүкықтарын, демократияны, бейбітшілікті нығайту мақсатында барлық азаматтардың бүкіл өмір бойы жеке дамуы мен әлеуметтік әрекетіне қажетті мүмкіндіктерді қамтамасыз етуі тиіс;
-ғылым мен технологияны дамыту жолымен қоғамның мәдени, әлеуметтік және экономикалық дамуына жәрдемдесу;
— жоғары білікті мамандарды, бір мезгілде өзі үшін және елдің
болашағы үшін жауап бере алатын азаматтарды даярлауды жүзеге
асыру;
-ұлттық және аймақтық мәдениетті сақтауға, көтеруге және таратуға көмектесу, мәдениет арқылы үлттық тұрақтылық пен топтасқандыққа, өзара түсіністік пен бейбіт ынтымақтастық мақсатында аймақтық интеграцияға жәрдемдесу;
— қоғамдық құндылықтарды қорғауға және таратуға, моральдық
және этикалық проблемаларды шешуге, стратегиялық мақсаттар мен
гуманитарлық қайта өрлеуді талқылауға көмектесу;
-тұтас алғанда, қоғамның, оның ішінде осы қоғамның білім жүйесінің дамуы мен жақсартуына жәрдемдесу.
Жоғарғы оқу орындарында, Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру түжырымдамасында көрсетілгендей; «Кез келген жоғары оқу орнын бітіруші игеруге тиісті негізгі жеке қасиеттер, адамгершілік өлшемдер мен гуманитарлық бағдарлар жиынтығы ретінде мыналар танылуы мүмкін:
- философиялық даярлық (өйткені дүние тану мен түйсінудің
негізін құрайтын да, дүниені түсіндіру қабілетін іске асыратын да,
өмірдің мәнін іздегенде қүндылық бағдар беретін де осы); - нарықтық экономиканың әлеуметтік бағытталуы туралы
қазіргі түсініктердің негізінде қалыптасатын экономикалық
біліктілік; - мәдениеттің негізгі кезеңдеріне түсінік беру;
- әлеуметтік—мәдени даму заңдылықтарын түсіне отырып,
- тарихи жылнамаға талдау жасай білу; қазіргі өркениет
жолдарын пайымдау қабілеті; - қоғамдағы институттардың қүрылымы мен функциялары
жайында нақты түсініктің болуы; тарих субъектілерін, оның ішінде
осы заманғы әлеуметтік күштер, қазіргі қоғамның әлеуметтік
қүрылымы туралы кең ауқымды түсінік; әлеуметтік-технологиялық
даму мәселелерінде еркін бағыт-бағдар ұстай білу.
Бұл мақсат — міндеттерді орындауда, студент жастарды саяси қалыптастыруда, оларды саяси- әлеуметтік белсенділікке дайындауда гуманитарлық қоғамдық пәндердің орны ерекше. Студент жастардың саяси көзқарасын қалыптастырып, оларды саяси -әлеуметтік белсенділікке ең көп баулитын саясаттану пәні. Мұнда студенттер саясат, саяси билік және оның қызметтері мен түрлері, саяси жүйе, мемлекет, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет, саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстар, саяси тәртіп, саяси қызмет пен саяси топ бастаушылық, адам құқықтары мен бостандықтары, саяси мәдениет пен саяси идеология, саяси шиеленіс пен саяси процесс, саяси даму мен саяси бейімделу және тағы басқа маңызды саяси мәселелер туралы жан-жақты мағлұматтар алады, саяси теорияларды зерделеп, саясат әлемінің сыр-сипатын біледі, тереңіне сүңгиді. Жоғарғы оқу орнында жүргізілетін әлеуметтану пәні қоғамның, әлеуметтік қатынастар мен әлеуметтік қауымдастықтардың тіршілік етуі және дамуы туралы мағлұматтар береді.
Экономикалық теория нарықтық экономика жағдайында тиімді өмір сүрудің жолдарын сілтейді. Сонымен қатар жастардьщ саяси-әлеуметтік белсенділігін арттыруға ықпал ететін Қазақстан тарихы, құқық, дінтану, экономикалық география және басқа сабақтардың да ерекше маңызы бар.
Болашақ иесі жастарды саяси өмірге дайындап, бағыт-бағдар беретін, келешек өмірінде өзекті сұрақтарға жауап беретін, саяси үстаныстарды қалыптастыратын еліміздің Ата Заңы — Қазақстан Республикасының Коституциясы. Мұнда жастар биліктің тармақтарға бөліну принциптері, Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылымы, Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық, қоғамдық бірлестіктер, Қазақстан Республикасының азаматтығы, қолданылатын құқық, қоғамдық бірлестіктер, Қазақстан Республикасының азаматтығы, адам құқықтары мен бостандықтары, мемлекет ісін басқаруға қатысу, сайлау мен сайлану құқықтары, Қазақстан Республикасының Президентінің мәртебесі, оны сайлау тәртібі, оның қызметі мен құқықтары, өкілдері, Республика Парламентінің мәртебесі, құрылымы, өкілеттік мерзімі, мәжіліс депутаттарын сайлау, сенатын құру, Қазақстан Республикасының үкіметі, оның мәртебесі, құрылу тәртібі, құзіреті, құрылуы мен құрамы, Коституциялық кеңес, Сот және сот төрелігі, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару және басқа өмірлік мәні бар сауалдарға жауап алады. АҚШ-та және өркениетті дамыған бірқатар елдерде елдің Конституциясы арнайы оқытылады. Алайда студенттердің негізгі ісі оқу болғандықтан еліміздің ішіндегі және шетелдердегі саяси жағдайлар, ондағы болып жатқан бай саяси процесс жөнінде мағлұматтарды қоғамдық пәндерді оқу барысында алып, түсінбеген сұрақтарын анықтай алады, оқытушылармен, қатарлас студенттермен ой бөліседі, пікір таластырады. Сонымен қатар оқушылар студент жастарды саяси-әлеуметтік белсенділікке тәрбиелейді. Бұл жауапты істе оларды ең алдымен саяси мәдениетке үйреткен жөн. Саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығын атайды. Оған өкімет пен азаматтардың қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқалар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі жатады. Оған ең алдымен саяси сана, адамның, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді /63,147 67.
Жастар жаңа студенттік ортаға еңгенде олардың алдарына саяси
бағдарлар қойылады. Саяси бағдар (политическая установка) деп адам
санасында тұрақтанған ой-түжырымдарын іске, әрекетке айналдыруда аралық рөл атқаратын саяси сананың маңызды компоненттерінің бірін атайды. Саяси бағдарды былай жіктеуге болады:
- Әлеуметтендіру —студенттерді қоғамның, белгілі бір әлеуметтік
топтың мүддесіне сәйкес келетін саяси нормалар мен құндылықтар
жүйесіне енгізу; - Көндіктіру (адаптация) —оларды жаңа саяси ортаға бейімдеу,
дағдыландыру; - Қорғаушылық —қызу саяси жағдайлар кезінде олардың
құқықтарын (статус квосын) сақтауға көмектесу; - Танымдық —саяси білім, қалыптар, құндылықтар жүйесіне тән
танымдық мәліметтерден хабардар ету
Мұндай саяси бағдарлар беру студенттердің саяси белсенділігін арттырып, оны бір бағытқа бастайтын, олардың іс-әрекеттерін реттеп отыратын орасан зор күш болып табылады. Саяси бағдар қаншалықты белсенді және орнықты болса, тұлға сонымен соншалықты сәйкес әрекет етеді.
Осы стратегиялық бағытка сәйкес Қазақстан Республикасында жоғарғы білімді дамытудың принциптері мен басымдықтары анықталады. Оған кіретіндер:
- Қазақстан Республикасы барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі; жалпыадамзаттық қүндылықтардың, жеке адамның еркін дамуының, адамның құқықтары мен бостандықтарын
- Республика халқының жоғарғы білімінің барлық деңгейін,
дәрежесі мен түрлерін пайдалану теңдігі, азаматтардың
интеллектуалдық даму, психофизиологиялық және жеке
ерекшеліктерін ескере отырып, ата-аналар мен студенттердің жоғары оқу орнында оқудың тілі мен түрін таңдау еркіндігі;
З. Жеке адамның күш-қуатын ашуды ынталандыру, жоғары білімнің гумандық және дамытушы сипаты, құқықтық және экономикалық бағыттылық;
- Білімді демократиялық, мемлекеттік-қоғамдық басқару, білім мекемелерінің автономиялығын, оларды оқыту мен тәрбиелеудің ұйымдық құқықтық формалары бойынша, іс-әрекет бағыттары бойынша алуан түрлілігін кеңейту;
- Ұлттық басымдықтарды сақтау және қолдау арқылы дүниежүзілік білім кеңістігіне интеграциялану;
б. Жоғары білімді, ғылым мен өндірісті интеграциялау қоғам дамуының ғылыми-білім және әлеуметтік-мәдени аспектілерінің синтезі;
- Білім процесінің үздіксіздігі, оның сатыларының сабақтастығын
қамтамасыз ету; - Тарихи сана-сезімді қалыптастыру, жоғары мектепте білім алу
және тарихты құрметтеу ахуалын орнату; - Ұрпақтарды әлеуметтендіру, оқыту мен тәрбиелеудің ажырамастығы, жоғары мектеп контингентін кәсіптік білім мен дағдылар әлеміне, қоғамның, өркениеттің, мәдениеттің, этикалық нормалар жүйесін интеграциялау;
- Жоғарғы білімнің дүние жүзінде қол жеткен биік сапа деңгейіне бағдарлану, оқитын бір адамға есептегенде қаржылық, материалдық-техникалық, интеллектуалдық және ақпараттық қамтамасыз етудің халықаралық талаптарына сәйкестік;
П.мемлекеттік жүйенің толық құқықты құрамдас бөлігі жеке білім секторын тану.
Саяси белсенділікке ықпал ететін қуатты күштің бірі —саяси сенім. Соңғы кезде жүргізілген социологиялық зерттеулердің нәтижелеріне сүйенсек, жастардың саяси сенімі біршама өзгерістерге ұшырапты. Бұрын ол негізінен мемлекетіміздің тәуелсіздігі, егемендігі сияқты саяси құндылықтарға сенім білдіріп, оларды басты бағдар етсе, енді негізінен жалпыадамзаттық гуманистік құндылықтардың күшіне арқа сүйей бастаған. Яғни мұнда өмір сүру, білім алу, материалдық және рухани байлық сияқты құбылыстар алғашқы орынға шыға бастағанын білдіреді. Студент жастардың саяси қалыптасуына әсер ететін келесі фактор —олардың саяси құндылык бағдарлары. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде профессор С.Мырзалының басшылығымен бұл мәселе басқа да сұрақтармен қатар зерттелген. Сауалнамаға 262 студент тартылған. Оларға таңдау жасауға 24 күндылықтың аттары аталған. Солардың ішінде оннан артығы саясатпен тікелей байланысты. Жастарға ең маңызды деген 5 құндылықты және қажетті шамалыларының ішінде 5-ін көрсету ұсынылған. Өмірлік позицияларын қалыптастыруға тікелей әсер ететін маңызды құндылықтарға студенттер мыналарды жатқызған: денсаулық (198 студенттің жауабы), бейбітшілік (196), студенттер еркіндігі (75); ең төмен бағаланған құндылықтар деп мыналарды атаған: билікке жету (108), жүмыс табу (103), ел азаттығы (88), студенттерге көмек көрсету (52), қызықты өмір (51). «Бақыт» деп нені санайсыздар деген сұраққа студенттердің көбі материалдық жағынан жеткілікті өмір сүруді атаған. Ал «ел азаматтығын» бағалағандар негізінен орыс тілді жастар. Яғни бұл жайт басқа ұлт өкілдері арасында , әсіресе жастар арасында , шынайы патриотизм мен ұлтаралық қатынас мәдениетін жете түсіндіруді талап етеді.
Жоғары оқу жүйесінде оң өзгерістермен қатар көлеңкелі жақтар да баршылық. Республикамызда мемлекеттік емес оқу орындарының саны көп өсті. Оның жақсы жағы да бар. Алайда олардың көбінің материалдық-техникалық базасы тым төмен. Штаттағы оқытушыларының арасында ғылыми дәрежелері бары аз. Жатақханалары, кітапханалары жоққа тән. Оқу -әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен айтарлықтай қамтамасыз етілмеген. Олардың көбі мемлекеттік стандартты бұзып, гуманитарлық сабақтардың сағатын азайтқан. Сондықтан бір оқытушы бірнеше пәннен сабак береді. Мұндайда сапалы білім беруге күдік тудыруға болады.
Студенттерді саяси- әлеуметтік белсенділікке тәрбиелеуде жастар ұйымының орны ерекше. Республикамызда мүшелерінің көптігі жағынан да, ресми қолдауға иелігі жағынан да көзге түсетіні де, қомақтысы да Қазақстан Жастар Одағы. Ол бүрынғы Қазақстан комсомолы ұйым ретінде тарағаннан кейін үйымдасқан (1991 ж.) Алғашында сол ұйымның жалғасымыз деп жариялағанмен, кейінірек коммунистік идеологиядан іргесін аулақ салды. Қазақстан Жастар Одағы өз бағдарламасында республикадағы кәсіпкерлік пен нарық принциптеріне қолдау көрсететіндігін және республика азаматтығын тәрбиелеуді басты міндет деп қарастыратындығын білдірді [40]. «Қазақстанның болашағы үшін» деп аталатын Республиканың жастар қозғалысы, мысалы, еліміздің жастарының өз Отанына азаматтық, әлеуметтік дербес қалыптасуын жүзеге асыру үшін қажетті құқықтық және саяси — экономикалық жағдайларды жасауға, тудыруға атсалысуда және оны алдарына қойған басты мақсаттарының бірі деп есептейді. Бірақ бұл міндетті олар әлі айтарлықтай орындай алмай келе жатқан сияқты. Оған жоғарыда келтірілген көптеген мысалдар дәлел бола алады. Алайда біз бұл ұйым болашақта жүмысын жандандыра ма деген министрлігі 30- ға жуық жастар және балалар ұйымдарын тіркеуден өткізген болатын.Олардан бері де бірталайы тіркелді.
Қазақстан территориясында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде және халықаралық деңгейде әрекет ететін бірнеше жастар қозғалысының бөлімшелері мен басқа елдердегі жастармен байланыста болғылары келетін ұйымдар бар. Оларға Қазақстан жастарының ынтымақтастық Ассоциациясы, Қазақстандағы қытай-корей жастарының «Шығыс» Ассоциациясы, «Азат» жастар Альянсы және т.б жатады. Студенттік ұйымдарға студенттердің ұлттық спортының Одағы, республикалық «Өркен» спорт клубы, экономика және басқаруды үйренетін студенттер мен жас мамандардың Ассоциациясы, халықаралық жастарға көмек беретін «Дарын» қоры, әл-Фараби атындағы жас таланттарды қолдау қоры, республикалық гуманитарлық «Иман» қоры және т.б. кіреді.
Аталған жастар мен студенттердің үйымдары мен бірлестіктері әлі қарқын алып, құлаштарын кең жая қойған жоқ. 1993 жылы жастар жөніндегі Мемлекеттік комитеттің жүргізген сұрауларына қарағанда жастардың көпшілігі аталған ұйымдар мен бірлестіктерді білмейтін болып шықты. Студенттердің тек 5,1% ғана жастар жөніндегі комитеттердің жұмысын оң бағалады. Әрине ол кез бұл үйымдарды ұйымдастыру, қалыптастыру кезеңі болатын. Одан бері де бірталай уақыт өтті. Алайда жастар ұйымдары жанданып кетті деп айта алмаймыз. Ол үшін жастар өздері саяси-әлеуметтік өмірге белсене, жігерлі араласулары керек. Сондықтан, Астана қаласында студенттер мен жастар өкілдерінің кездесуінде Н.Назарбаев айтқандай, жастар өз тағдырын өз қолдарына алулары керек. Олар бүкіл мемлекеттің бүгінгі күні мен келешегін айқындайтын шешуші күш. Соған орай Президент Қазақстанда өз қатарында жастардың әртүрлі топтары мен бірлестіктерінің өкілдерін біріктіретін, әкімшілік, парламент және үкімет алдында олардың мүдделерін қорғайтын мықты ұйымның керек екендігіне назар аударды. Сонымен қатар жоғары оқу орындарында саяси-әлеуметтік белсенділікті арттыратын коғамның одан әрі демократизациялануы, адам құқықтары мен бостандықтары, экология, жастарды толғандыратын мәселелер және басқалар жөнінде жүйелі түрде жастар конференцияларын, диспуттар, дөңгелек столдар ұйымдастырылса, радио, теледидардан оларға арнайы уақыт бөлінсе игі болар еді.
Сонымен, табиғат пен қоғамдық құбылыстардың даму заңдылықтарын білетін, дүниеге берік ғылыми көзқарасы қалыптасқан, өтпелі заманда өз мүддесі мен қоғамдық мүдделерді ұштастыра алатын, адамгершілігі мол, жалпыадамзаттық және ұлттық мақсат-мүдделерді игерген, еліміздің болашағын қолдарына алып, әрі дамытып кете алатын республикамыздың жан-жақты гүлденіп, өркендеуі үшін аянбай еңбек ететін жастарды қалыптастырудың мақсаты мен қозғаушы күші егеменді мемлекетіміздің саяси-әлеуметтік сүранысынан туындап отыр. Республикамыз егемендігін алғаннан бері еліміздің демократиялануына, нарықтық қатынастарға өтуінде және басқа өмірлік талаптарға байланысты жоғары білім беру жүйесінде реформалар жүргізіп, олар бірсыпыра оң өзгерістер әкелуде. Студент жастардың саяси мәдениетін қалыптастырып, саяси-әлеуметтік белсенділігін арттыруда негізгі рөлді гуманитарлық қоғамдық пәндер атқаруда. Осыған орай еліміздің Ата Заңы орта мектепте немесе жоғары оқу орнында арнайы оқытылса дұрыс болар еді. Жоғары оқу орындарында жастарға саяси бағдар беріп, адамгершілікке, ұлтаралық қатынас мәдениетіне тәрбиелеудің, ғылыми негізделген тиімді жастар саясатын жүргізудің, оларды қоғамдық-саяси жұмыстарға барынша пайдалану да өз жемісін бермек. Бүл іс-әрекеттердің бәрі жинақтала келе республика жастарын саяси-әлеуметтік белсенділікке тәрбиелеп, болашақта ұлттық және жалпыадамзаттык мүддеге қызмет еткізеді. «Бірлесе отырып жасаған ғаламдық мінез-құлық принциптері үшінші мыңжылдық адамдарына таза кәсіби этика шеңберінен шығуға көмектесуі және дүниежүзілік жоғары білім жүйесі арқылы адамзаттық проблемаларды шешу жөніндегі азаматтық белсенділікке тартуы тиіс
2.3. Қалыптасқан жеке тұлғаның саяси-әлеуметтік белсенділігің қалыптастыру жолдары.
Адамның саяси әлеуметтенуі, қалыптасуы, саяси өмірге белсене араласуы отбасындағы тәрбиемен, оның кәмелеттік аттестат, азаматтық төлқұжат, диплом немесе жеке тұлғаның қалыптасуымен шектелмейді. Ол бір актілі процесс емес. Жеке адамның белгілі бір әлеуметтік топқа енуіне, саяси оқиғаларға қатынасуьшен, саяси ахуалдың өзгеруіне және т.б. байланысты өмір мазмұны күннен-күнге жаңа сапалық касиеттермен толығып, толысып отырады. Адамның дүниеге көзқарасы жаңа ғылыми тұжырымдармен, өмірлік тәжірибенің пайымдауларымен толыгады. Яғни саяси әлеуметтену ешқашан шегіне жетіп, тоқырап қалатын құбылыс емес, олар өмір бойы созылады. Өмірден үйреніп, тәжірибе жинақтау барысында адам жаңа саяси көзқарастарға келіп, бойына жаңа құндылықтар, саяси қасиеттер сіңірумен қатар бұрынғы берген саяси бағаларын қайта қарап, ой-тұжырымдарын өзгертуі мүмкін. Ересек кез — адамның жетілген шағы және жауапты саяси-әлеуметтік белсенділік таныта алатын кезі.
Саяси қалыптасу процесінде соғыс, революция, саяси және экономикалық дағдарыстар сияқты стихиялық жағдайларды да естен шығаруға болмайды. Саяси әлеуметтенудің ерекшеліктері әсіресе саяси жүйенің дағдарысқа түскен кезінде байқалады. Мұндай жағдайда бұл мәселе басқаша өлшем алып, саяси әлеуметтену процесі бұзылады, өзіндік ерекшеліктер, жаңылыстар пайда болады. Қоғам туралы бұрмаланған көзқарастар туып, олар тұрақты сипат алуы мүмкін. Мұндай көрініс ұзақ уақыт дау-жанжал, кикілжіңде дамыған немесе саяси жүйесі айтарлықтай дағдарысқа ұшыраған елдерде байқалады. Мұндай жағдайда адамдар бағдарлық жүйесін жоғалтып, тұрақты саяси іс-әрекет жасауды үйрену м үмкіншілігінен айырылады. Нәтижесінде қоғамда бірігушілік, түрақтылық процесі бүзылады.
Саяси әлеуметтенуге, саяси белсенділікке әсер ететін факторларды саяси және саяси емес деп екі топқа бөлуге болады:
— саяси емес топқа отбасы, мектеп, ұжым, айнала қоршаған орта, діни қатынас және т.с.с. жатады;
-саяси топқа мемлекеттік кұрылыстың сипаты мен түрі,саяси іс- әрекетіне ықпал етеді, арнайы тетіктер арқылы оны бақылап отырады. Саяси және мемлекеттік құрылымдар көпшіліктің ой-пікіріне икемделгіш, билік басындағы адамдардың ығына жығылатын конфромистік, үстемдік етіп отырған саяси жүйеге адал болатын мүшелерді қалыптастырғысы келеді.
Саяси қалыптасудың нәтижесінде саяси қүндылықтар мен мақсаттар тұрақты және жұмыс істейтін элементтерге айналған белгілі бір тұлғаның қүрылымы пайда болады. Адам коммунистік болсын, фашистік болсын сеніммен анасынан тумайды. Саяси әртүрлі іс-әрекет жасау және әртүрлі саяси көзқарасты үстануы объективті саяси жағдайдың және жеке түлғаның ерекшеліктеріне байланысты болады.
Демократиялық қоғамда саяси тәрбиеленген адам жеке тұлғаның азаматтық өзін-өзі билеу еркін жоғары бағалап, соны қорғайды және нығайтуға әрекет етеді. Ол саяси белсенді түлға. Ол ең алдымен өзінің сайлауға және сайлануға қүқығының барлығы, референдумға қатысуы, үкіметтің іс-әрекетін сынай алатындығы арқылы мемлекет билігіне, заңға ықпал жасауға қүқығы бар деп санайды.
Саяси қалыптасу процесі, саяси-әлеуметтік белсенділік таныту, билікке ықпал жасаудың тарихи сипаты бар. Мүның бәрі саяси жүйенің ерекшеліктерімен, жеке түлғаның объективтік жайттарды рухани түсінуі, үғынуымен айқындалады.
Саяси дамудың сабақтастығы, саяси құндылықтардың ұрпақтан үрпаққа үласып, жалғасуы жеке адам мен биліктің өзара қатынасының, әрекеттестіктерінің түрлерін топтап көрсетуге мүмкіндік береді. Жеке адамның саяси есейгендік дәрежесін, дербестігін, өзінің саяси жағынан жасаған таңдауына жауапкершілігін бейнелейтін оның іс-әрекетінің тұрақты үлгілерін айшықтау екінші саяси әлеуметтену кезеңіне сай келеді.
Әлеуметтенудің бұл сатысында билік пен жеке адамның саяси әрекеттестігі әңгімелесу, мәмілеге келу немесе олардың арасындағы жанжал, дау-дамайға негізделуі мүмкін. Оның себебі қоғамда басымдық ететін саяси мәдениеттің түріне, оның біртектілік, бірыңғайлығына немесе оның ішіндегі әртүрлі субмәдениеттің болуына байланысты. Мәдени біртектілігінің деңгейі, оның ішінде ең алдымен тарихи және ұлттық дәстүрлердің, дінге сену ортасы нақтылы қоғамдардьщ саяси әлеуметтенуінің неғұрлым түрақты сипатын айқындауға мүмкіндік береді. Аталған ерекшеліктерге экономикалық және әлеуметтік қатынастар да ықпал етуі мүмкін. Батыс саясаттануында жеке адамдарға белгілі бір саяси іс-әрекет жасаудың үлгілерін белгілейтін ережелер мен саяси құндылықтар сипатының негізінде саяси әлеуметтенуді үйлесімді, алуан түрлі, дау-дамайлы, гегемонистік деп төрт түрге бөлінеді.
Саяси, экономикалық даму жағынан кейін қалған елдердің саяси әлеуметтенуі дау-дамайлық типімен ерекшеленеді. Халықтың көбінің әлеуметтік жағынан жоқшылықта, аштықта, жалаңаштықта күн кешуі, жеке адамның өзі шыққан туысқандық тобының, руының, тайпасының жергілікті құндылықтарын қатаң сақтап, басшылыққа алуы, ұстануы сол құндылықтардың иелерін билікпен келісімге келуі қиындатады. Бұл қоғамдардағы мәдениеттің айтарлықтай әр тектілігі саяси зорлық-зомбылықтың бой көрсетуіне негіз болады. Мысалға Ауғанстанды алайық. Онда тайпалық құндылықтарды басшылыққа алу бұл елді екіге бөлді: оңтүстігінде пуштундар өз құндылықтарын жоғары санаса, солтүстігінде тәжік-өзбектер өз қазыналарын артық көреді. Тіпті жақында бұл елдің басшылары әлемдік өркениеттің ескерткіші болып саналатын Будданың екі ескерткішін Б¥¥ Бас хатшысы Кофи Ананның және ЮНЕСКО-ның өтінішіне қарамай, олармен санаспай талқандады. Мүндай елдерде саяси әлеуметтену процесі ұзаққа созылатын әскери қарсы тұрушылық жағдайында да өтеді. Мысалы, Эфиопияда тигрояна, оромо, эритрейліктер деген үш ұлыс тұрады. Олар әрқашан билік үшін өзара таласып, күресіп келеді. Оншақты жыл бұрын олар қалған этникалық топтарға недәуір автономия бермек болып келіскен болатын. Алайда 1992 жылы ең көп этникалық топ-оромо өзінің бұрынғы одақтасын, яғни халық саны жағынан ең аз топ — тигроянаны аймақтық сайлау кезінде оның нәтижелерін бұрмалады деп айып тағып, көтерілісті бастады. Ал тигрояна сан жағынан аз болса да елдегі қарулы күштердің негізін құрайтын. Соны пайдаланып олар оромоға қарсы бүлік көтерді және соның арқасында жеңіске жетті. Нәтижесінде сан жағынан аз тигрояна билігін жүргізіп, елді басқарып отыр
Батыс зерттеушілері саяси әлеуметтенудің гегемонистік түрін де атап көрсетеді. Онда адам саясатқа енгенде бір таптың ( мысалы, буржуазия немесе пролетариаттың), діннің немесе саяси идеологияның (мысалы, коммунистік, либералдық, фашистік және т.б.) сын көзбен қарайды. Саяси әлеуметтенудің бұл түрі Кеңес өкіметі кезінде жөне басқа да социалистік елдерде үстемдік етті [41].
Экономикасы тұрақты, билік құрылымы берік, орнықты елдерде адамның саяси қалыптасуы тиянақты ойластырылған, қоғамдық өмір сүру жүйесінің әлеуметтік мәдени ережелеріне сүйенеді. Онда отбасы, мектеп, мемлекет, саяси партиялар және т.б. бірін —бірі өзара ортақ мақсаты — саясаттың қоғамдық субьектісін, азаматтық санасы дамыған саяси белсенді тұлғаны қалыптастыруды негізінен қамтамасыз етеді.
Ал біздің Қазақстан Республикасы сияқты өте қиын өтпелі кезеңді басынан өткізген елдерде адамның саяси өмірге дайындалып, енуі басқаша жағдайда өтеді. XX ғасырдың 80-ші жылдарына дейін бұрынғы Кеңес өкіметі елдерінде, жоғарыда көрсетілгендей, саяси әлеуметтенудің идеологиялық өктем гегемондық түрі билік етті. Ол коммунистік құндылықтарды капиталистік кұндылықтарға қарсы қойды. Қоғамдық өмірдің барлық саласы, соның ішінде адамның саяси, рухани дамуы, әлеуметтендіру институттары тоталитарлық жүйенің қатаң бақылауында болатын және коммунистік идеологияның ыңғайына қарай саяси тәрбие жұмысын атқаратын. Алайда халқымыздың Е.Бекмаханов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайлов, О.Сүлейменов сияқты және басқа біртуар зиялылары қылышынан қаны тамған тоталитарлық тәртіп кезінде де саяси белсенділіктерін танытып, еліміздің шынайы тарихын, қайталанбас мәдениеті мен салт-дәстүрлерін әлемге, өз халқына паш етуге, қазақтың тамаша қазына құндылықтары бар екенін көрсетіп , оның саяси санасын көтеріп, жігерін қайрауға тырысып бақты.
XX ғасырдың 90-шы жылдарының басында КСРО-ның ыдырауы , коммунистік идеологияның күйреуі саяси әлеуметтенудің бұрынғы жүйесінің жойылуына алып келді. Егемендік алған Қазақстан Республикасында кеңестік кұндылықтардың көбіне сенім кетіп, беделінен айрылды. Ал либералдық саяси құндылықтар халықтың санасына сіңіп, бойын билей қойған жоқ. Отбасының көбі балаларын саяси-әлеуметтік тәрбиелеуден бұрын күнделікті күнін күйттеп, нан табудың әуресімен жүр. Балалар, жастар үйымдары экономикалық, идеологиялық дағдарыстарды бастарынан кешіріп, саяси үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге жөнді мұршалары келмей жатыр. Елімізде азаттық қоғам бой көтергенімен көппартиялық та көбіне формальды түрде қалып отыр. Оған дәлел азаматтардың саяси партиялар қатарына енуге деген үмтылысының мәз еместігі. Сондықтан бұл партиялар халықты саяси тәрбиелеу дәрежесіне қол жеткізе алмай келеді.
Адамдардың саяси қалыптасуына жария өкіметтің де ықпалы шамалы. Заң органдарының саяси өмірге әсері төмендеп кетті. Оның белгілі. Атқарушы биліктің экономикалық саясаты ақсап жатқанда оған иек артудың да қажеті аз. Осы себептерге байланысты жұртшылық арасында саяси самарқаулык, бейжайлық, бойкүйездік көбейіп, саясаттан шеттелу жағдайы басым. Өйткені анкета сұрақтарына жауап бергендердің 90 % Қазақстан Республикасының Конституциясын оқымапты, 75% республикамыздағы бірде —бір партияның атын атай алмаған, респонденттердің 90% жалпы партияның керегі де жоқ деген /65, 45 6.1. Мұндай саяси немқұрайдылықтың себептеріне тоталитарлық заманда идеологияның адамдарды мезі қылуы, қазіргі әлеуметтік және экономикалық дағдарыстың салдары, демократиялық басқару жүйесінің орнықпауы, азаматтық қоғам, құқықтық мемлекеттің қалыптасуы және т.б. жататын сияқты.
Ф.Бурлацкий мен А.Галкин саяси әлеуметтенудің бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасу процесін сипаттай келіп, оны шартты түрде екіге бөледі: а) көбіне отбасы және оған жақын ортада өтетін, өзіндік кәсіби (немесе кәсіби қызметке дейінгі ) кезеңді қамтитын алғашқы саяси әлеуметтену; б) өзіндік еңбек белсенділігі процесінде саяси тәжірибе жинау арқылы туатын екінші саяси әлеуметтену[].
Бүгін саяси жүйе мен азаматтардың арасында тұрақты кері байланыс болуға тиіс. Саяси жүйе жүргізіліп жатқан өзгерістерге адамдардың психологиялық дайындығын білулері керек. Саяси процесте жеке тұлғаның пікірін менсінбеу, елемеу, енжар келісімпаздар, конформистер ұрпағын қалыптастырады.
Республикамыз егемендігін алғаннан бері қоғамымызда адам санасын, зейінін, зердесін түмшалап келген тоталитарлық сарқыншақтардан, теріс пайым үғымдардан арылта алатын айтарлықтай демократиялық үрдістер, өзгерістер енгізіле бастады. Сайлау жүйесінде реформа жүргізілді. Соның негізінде 1999 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің, одан кейін Парламенттің тура және жалпыға бірдей сайлауы өтті. Парламент сайлауы аралас жүйе бойынша сайланды. Оған партиялар тізімі бойынша сайлау қарастырылды. Дәйекті саяси реформалардың нәтижесінде Қазақстанда төмендегідей ерекшеліктері бар саяси жүйенің типі қалыптасты:
-мемлекеттік қүрылыста бірыңғай мемлекеттік билік заң
шығарушы, атқарушы, сот билігіне бөлініп, негізінен бекіді;
-мемлекет басшысы және өкілетті органдар жалпыға бірдей сайлау
арқылы сайланатын болды;
-саяси алуандық заң жүзінде бекітілді, көппартиялықтың
қалыптасуы басталды;
-мемлекеттік емес ақпарат органдары құрыльш, жұмыс істейді
-халықтардың, барлық этникалық топтардың теңдігі заң жүзінде бекітілген және жұмыс істейді;
-нарықтық экономиканың іргетасы қаланды /81,21 б./.
Қазіргі таңда еліміздің әрбір азаматы көкейіндегі ойын бүкпесіз ашық айта алады. Тоталитарлық қоғамдағыдай емес, елдің саяси жүйесіне, биліктің әр тармағына өз көзқарасын еркін білдіруге, өзінің мақсат-мүдесіне сәйкес келетін саяси ұйымдарға мүше болуына, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге, кәмелеттік жасқа толған азаматтардың Республикадағы сайлауға қатысуға және сайланушының еркін таңдауына құқықтар берілген және олар орындалып та жүр. Демократиялық принциптің дамуы ретінде елімізде баламалық негізде алғаш рет өткізілген Қазақстан Республикасының Президентінің сайлауын айтуға болады. Одан кейін Парламентке және жергілікті маслихатқа сайлаулар өтті. Олар Қазақстандық саяси жүйенің дамуына серпін берді. Сайлау алдыңдағы науқанда халықтьш саяси белсенділігі байқалды. Бір депутаттық орынға орта есеппен сегіз адам ұсынылды. Партиялар тізімі бойынша сайланатын бюллетендерге тоғыз саяси партия кіргізілді. Олар өз қатарларынан 65 кандидатты ұсынды.
Жеке түлғаны саяси-әлеуметтік белсенділікке тәрбиелегенде ең алдымен оның стратегиясы мен тактикасын анықтап алу қажет. Ол елдің саяси стратегиясы және тактикасымен астарлас келеді. Өйткені тұлға елдің, халықтың, адамзаттық мақсатына қызмет етуі керек. Сондықтан түлғаның саяси белсенділігін сол мақсатқа бағыттау қажет. Саяси стратегия деп партия қызметінің ірі тарихи кезеңдегі жалпы бағытын айтады. Саяси тактикаға стратегиялык мақсатты жүзеге асыру жолында нақтылы жағдайдағы партияның іс-әрекеті, оның таяудағы мүддесін орындаудың әдіс-тәсілдері кіреді. Саяси стратегия түпкілікті мақсатты көздеген, ұзақ мерзімге арналған, есептелген болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының үзақ мерзімді саяси стратегиясы еліміздің Ата Заңы — Конституциясында атап көрсетілген. Ол елімізде демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру. Бүл саяси стратегия Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында нақтылана түскен: «… ұзақ мерзімді кезең жайында айтқан кезде, мен, мемлекет басшысы ретінде, біздің еліміздің мұраты; ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау деп санаймын». Ал Республикамыздың жақын арадағы саяси стратегиясы да сол жолдауда көрсетілген: «2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады…». Бұл жолдар тек халықтың рухын көтеру үшін ғана айтылмаған, біздің ішкі мүмкіндіктеріміз бен «Стратегиялық міндеттерді шешу мынадай концептуалдық негіздерді жасауды көздейді;
-қоғамның білікті кадрларға мұқтаждығын, оларды қайта даярлау мен мамандығын арттыруды қамтамасыз ету;
-азаматтық патриотизмді, өз Отаны — Қазақстан Республикасына құрметпен қарау, мемлекеттік рәміздердің мәнін түсіну, Конституцияға қарсы көріністерге төзбеушілік сезімін тәрбиелеу;
- жеке адамның рухани, шығармашылык дене мүмкіндіктерін
дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін
қалыптастыру, жеке адамды дамыту жағдайларын жасау жолымен
интеллектіні байыту; - білім бағдарламаларын игеру үшін, қазақ халқының, көп ұлтты
Қазақстан халықтарының тарихын, мәдениетін, салттары мен
дәстүрлерін зерттеу үшін, жеке адамның отбасы, халык, қоғам және
мемлекет алдындағы құқықтары мен міндеттерін, Қазақстан
Республикасының мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси
өміріне қатысу қажеттігін ұғынуы үшін жағдайлар жасау» /45,126./.
Бұл саяси стратегиялық мақсатты жүзеге асыру жолындағы нақтылы саяси тактика және Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің маңыздыларының бірі — қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық. Ол қоғамның жылдам және өркениетті дамуына үлкен ықпал жасайды.
Саяси жүйеде жеке тұлға өзін белгілі бір саяси қауымдастықпен үқсастырады, етенелестіреді (идентификациялайды). Басқа сөзбен айтқанда адам өзін белгілі бір ұлтпен, мемлекетпен, қаламен мақсат-мүддесін бір санайды, өзінің жауапкершілігін, міндетін сезінеді. Саяси етенелестіру адамның қарым-қатынас қажеттігін қанағаттандырумен де астасып жатады. Саясатта жеке түлға үлкен топтармен қарым-қатынасқа түседі, олардың мақсат-мүдделеріне қанығып, іс-әрекеттеріне ықпал етерлік мүмкіндік алады. Қарым-қатынасқа қажеттілік табиғи қажеттіліктің бір түрі. Өйткені мұнда өзін қоғамның мүшесі, азаматы ретінде сезінеді. Өзінің басқа ірі, кең аукымды әлеуметтік топтармен байланыста екендігін сезіну олардың іс-әрекетіне жеке жауапкершілік алғандығын білдіреді. Сондықтан саясат, басқа жағын айтпағанда, тұлғаның қуатты құралы болып саналады. Қазақстанда турған халыктагшын үлтына. Қазақстанның азаматымын» деген сезімі болуы керек. Ондай сезім жоқ жерде елдің саяси-мәдени кеңістігі тарылады, қоғамның саяси тұрақтылығына нұқсан келеді. Біздегі азаматтық теңестіру туралы сөз болғанда зерттеушілер қазақ халқында, Қазақстанда тұратын ұлттар мен ұлыстардың өкілдеріне бұл процестің өзіндік ерекшеліктері бар екендігін және оларды ескеру қажеттігін атап көрсетеді. Оларға мыналар жатқызылады;
-казак халқының саяси шоғырлануы әлі аяқталмаған процеске жатады;
-қазақтың саяси мәдениеті ¥лы даладағы әр түрлі этностардың сұхбаты нәтижесінде қалыптаса бастаған;
-қазақтың саяси архетипі көшпелілік және отырықшы құндылықтарды қатар қамтыған;
-қазақтың саяси-кұқықтық санасы отарлау нәтижесінде әбден шайқалған (Гегельдің айтқанындай, көп жағдайда «айрылған сана»);
— Қазақстанда саяси идентификация француздық модель негізінде жүргізіліп жатыр. Француздық үлгіде халық, ұлт және мемлекет бір-бірімен теңестіріліп құрастырылады. Біздің елімізде де саяси тұрақтылық үшін «Қазақстандық» деген белгі республиканың барлық азаматтары үшін бірдей болуы қажет /68, 136 6.1. Республикамызда тұратын халықтар Қазақстанның мемлекеттік құрылысының іргесіне мәдени тақылеттестікті ұлтының негізінде емес, азаматтығының негізінде қалыптастыру керектігін жақсы түсінгендері жөн. Сонда ғана Қазақстан Республикасының іргетасы берік болады.
Қазақстанда азаматтық татулық пен ұлттық келісімді тұрақтандырудың тиісті жолдарының бірі — ұлтаралық қатынас-тарды жетілдіре беру және қазіргі заман талаптарына сай саяси мәдениетін қалыптастыру. Ұлтаралық қатынас мәдениетіне әртүрлі ұлт өкілдерінің бойында татулыққа, өзара түсінушілікке, байсалдылыққа, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеу, өз халқының ұлттық-мәдени ерекшеліктерін сақтай отырып, басқа ұлт пен ұлыстардың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, рухани байлығын, мәдениеті мен өнерін меңгеруге ұмтылушылық және сыйлау, құрмет сезімін қастерлеп қалыптастыру, үлттық менмендікке және шовинистік дандайсушылыққа ымырасыздықты орнықтыру жатады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабының екінші тармағында: «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, рпына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды»,-делінген. Мұның өзі ұлтына қарамастан, барлық азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз етеді. Қазақстанда кімнің болсын, ұлттық құқығына қысым жасайды деп бағалауға болатын бірде-бір заң жоқ.
Қазақстан егемендігін алғаннан бері ұлтаралық қатынастар мен үлттық мәдениеттерді дамыту мақсатында бірталай істер тындырылуда. Әрбір этностың емін-еркін күн кешуіне, өз тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін, ұлттық ерекшеліктерін сақтап, дамуына мүмкіншілік туғызылуда. «Қазақстандағы мәдениет саласы — мемлекеттің сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де барлық ұлттық мәдениеттердің төлтумалығын түлету мен дамыту арқылы біздің мемлекетіміздің сан жұрттық бірегей келбетін сақтап қалуға деген ыстық ықыласының тамаша айғағы. Бүл — ұлттық театрлар мен мектептер, ұлттық фольклор мен діни түлеу мүмкіндігі[41]. Мемлекеттік басқару жүйесінде кадрларды іріктеуді алатын болсақ, республикамызда ТМД елдерімен салыстырғанда түңғыш рет мемлекеттік қызметке кадрларды конкурс негізінде іріктеп алу басталды. Онда үлтына қарап емес, біліміне қарап объективті түрде қабылданады. Жоғарғы оку орындарына да компьютерлік сынақтан өткен жастар ғана алынады. ¥лттық мәдениеттерді дамыту үшін мемлекет тарпынан үлкен материалдық қаржы бөлініп отыр. Мәселен, 2000 жылы оған мемлекеттік бюджеттен 9 миллиард 100 миллион теңгеден аса қаржы бөлінді, демеушілік және меценаттық қаражаттан тартылған сома да 4 миллиард 800 миллион теңгеден асып жығылады .
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев халқымыздың жүріп өткен жолын саралай келіп: «Қазіргідей өзара қатынас бізге аталарымыз бен әкелерімізден қалған. Оны нашарлатпай, қайта жақсарта түсіп, балаларымызға аманат ету — біздің міндетіміз», /85/ — деген.
Үлтаралық қатынасты дамытуда тілдің рөлі өзгеше. Н.Назарбаев айтқандай: «Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени түтастығына ең негізгі үйытқы болған-оның ғажайып тілі’759, 28 67. Ол ұлт болмысының бір көрінісі.»Этникалық түтастықтың түп негізі тілі болса, ондай тілсіз үлтық түтастықтың да болуы мүмкін емес’759,61 б./. Тоталитарлық қоғам кезінде тіліміз отбасылық тілге айналуы, заманның мәжбүр етуіне байланысты орысша оқыдық, балаларымызды да орысша оқыттық. Енді егемендігімізді алған соң «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл- қазақ тілі» /24, 6 67 болды. Көптен күткен арманымызға жеттік. Енді өзіміз сол тілді жақсы меңгеруіміз, балаларымызға үйретуіміз керек. Сонда Қазақстанда түратын басқа үлттар мен ұлыстар да үйрене бастайды. Бұл жолда құралақан да емеспіз. Қазақ тілін білетін адамдардың саны өсіп келеді. Мәселен, социологиялық сауалнамаларға қарағанда 1944 жылмен салыстырғанда 1998 жылы қазақ тілін жетік білетін студенттерінің саны 16,7 пайызға өскен, ал қазақ тілін жақсы білетін орыс жастарының саны 6,4 пайызға өскен. Алайда «Тіл туралы Заңның» қабылданғанына және қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілуі конституциялық жолмен бекітілуіне қарамастан, орыс тілінің аясы бұрынғысынша басым түсіп отыр. Мемлекеттік тілдің оқытылып, үйретілуі әлі сылбыр. Оған оқу құралдары, мамандар жетіспейді. Қала берді өзіміз де отбасында орысшалап кететін кезіміз болады. Мүның бәрі қазақ тілінің аясын, әлеуметтік қызмет өрісін кеңейтуге, кеңсе іс-қағаздарын қазақша жүргізуге, ресми қарым-қатынаста қазақ тіліне көшуге теріс әсерін тигізуі сөзсіз.
Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, Республика қызметінің келесі түбегейлі принциптерінің бірі-қазақстандық патриотизм. Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Қазақстан патриотизмі сезімін тәрбиелеу хақында ашықтан ашық айтатын да, осы бағытта жұмыс істейтін де сәт туды». Патриотизм сезімі арқылы өзіміздің туып өскен елімізге деген, оның тарихына, өзіміз ажырамас бөлшегі болып саналатын халыққа деген сүйіспеншілікті бейнелейді. Бұл сезім адамның асыл қасиетіне жатады, ол адамдарға өз халқының игілігі үшін құлшына қайрат жасауға үмтылдырады, жігерлендіреді. Республикамыз көпүлтты мемлекет. Алайда бүған отансүйгіштік пен үлтжандылықты қарсы қоюға болмайды. Бүл жөнінде Н.Ә.Назарбаев былай жазады: «Қазақстан — қазақ ұлтының жер бетіндегі жалғыз мемлекеті, бірақ ол өз азаматтарының үлтына, тіліне қарамай, бәрінің бірдей тең қүқықтарын қамтамассыз етеді. Алайда біз көп этносты мемлекет болуға тырыспауымыз қажет. Себебі, көп этностық кез келген мемлекеттің ірге тасындағы ақау, сызат іспеттес… Яғни этникалық бірігу, бірегейлену мемлекеттік ауқымда емес, үлттық ауқымда жүзеге асуы қажет. Мүндай бірігу мемлекеттің ірге тасын бекітеді, үлттың да рухани-мәдени жағынан молығуына, кемелденуіне жеткізеді. Осындай үлттық бірегейлену процесі неғұрлым тез жүзеге асса, еліміздің экономикалық өсуі мен дамуы да, үлттық қауіпсіздігінің нығаюы да, азаматтық қоғам құруға талпынған демократиялық реформаларымыз қарқынды әрі орнықты бола түсер еді. Қазақстандық патриотизм, отансүйгіштік, ұлтжандылық идеялары мемлекеттік мүдде, ұлттық мүдде ұғымдарымен тығыз байланысты. Соңғы екеуі жақын мағынада қолданылғанымен араларында айырма бар. Мемлекеттік мүддеде мемлекеттің алға койған мақсаты, соны орындауға тырысуы көзделсе, ұлттық мүдде деп өз халқының мақсат-мүддесін сезініп, біліп, оны іске асыруға тырысушылықты айтады. Кейде олар қайыспай, арасында қайшылықтар да тууы мүмкін. Оған дәлел қазір көп айтылып, шешуін кутіп жүрген жерге жеке меншік орнату мәселесі. Мемлекеттік тұрғыдан алғанда — экономикалық реформаны жеделдету, шетел инвесторларын тарту үшін, қаржы мәселесінің тапшылығы және т.б. мәселелерге байланысты, әлемдегі өркениетті елдермен бірегей болу мақсатында — ол дұрыс та шығар. Бірақ, халықтың көпшілігінің пікіріне қарағанда, бұл идея әзір біздің ұлттық мүддеге сәйкес келе қоймайды. Өйткені ауыл қазақтарында қаржы жоққа тән. Ал жерге жеке меншік орнаса, ақшалылар, соның ішінде көбі шетелдіктер, оны сатып алып, жергілікті халық тағы шетте қала ма деген қауіп жібермейді. Жекешелендіру кезіндегі жіберілген қателіктер, бұрмалаушылықтар нәтижесінде көпшілік халық дымсыз қалды. Сондықтан «аузы күйген үрлеп ішеді» демекші қарапайым жұртшыльщ бұл идеяға сене қоймады. Оның кейбір қырын заңгер З.Кенжалиев былай сипаттайды: «Ал, екінші жағынан, қазақтық ұлттық сана мемлекетіміздің аяғына нық тұрып кеткендігіне әлі де болса толық сенімді емес, оның тәуелсіздігі, тұтастығы берік баяндылық деңгейіне күмәнді екендігін танытты. Сондықтан осы мәселелер төнірегіндегі өз қаупін, алаңдаушылығын жер проблемасын көтеріп, талқылау барысында да жасыра (баса) алмады. Жерге әсіресе нарықтық (экономикалық) категориялар тұрғысынан қарамауды (әлі ертелеу), оның Отандық, ұлттық, мемлекеттік болмысын жоғары ұстап, қазіргі таңда тек соларды басты нысана етуді талап етті». Соңғы онжылдықта гуманизм принциптері дүние жүзінде заңды түрде үстемдік етіп, қазіргі уақытта білім, мәдениет, ғылым, философия салаларындағы тірек және әрекет етуші принциптерге айналды. Гуманизм дүниежүзілік кауьшдастықтың қоғамдық дамуының саяси принципі, стратегиялық мақсаты ретінде жарияланады».
Жеке тұлғаның, халықтың саяси өмірдегі белсенділігін қоғамдағы саяси күштер мен басқарушы ұйымдардың қызметіне қатынасы арқылы анықтауға болады. Әзір Президентке, оның жүргізіп отырған саясатына халық тарапынан сенім мен қолдау көрсету баршылық. Ал саяси партиялар жөнінде оны айту қиын. Қазір республикада тіркеуден өткен әртүрлі идеологиялық бағытта 16 саяси партия бар.
Саяси жүйені күшейту және дамыту мақсатында 1999 жылы елімізде Парламент депутаттарының бір бөлігін партия тізімі бойынша сайлау практикасы енгізілді. Алайда Қазақстанның саяси партиялары әлі әлсіз. Олардың көпшілігінің халықтың нақты әлеуметтік тобына, жігіне бағытталған анық, түсінікті, солардың ойынан шығарлық бағдарламалары жоқ. Олардың саяси-экономикалық, идеологиялық және әлеуметтік мақсат — мүраттары бір-бірін қайталайды. Олардың елдегі саяси процеске айтарлықтай себептерге байланысты халық арасында саяси партиялардың ықпалы шамалы.
Жеке тұлғаның саяси-әлеуметтік белсенділігіне қоғамның экономикалық даму деңгейі мен экономикалық өсу қарқыны үлкен ықпал етеді екен. Оны Польша ғалымдарының зерттеулері дәлелдеді. Бүл түжырымды С.Мырзалы былай түйіндей түседі: «Видимо ценности патриотизма, гордости за Родину, ее независимости и т.д., нельзя укоренить душу людей одними моральными проповедями, пока мы на деле не обеспечим достаточную материальную жизнь людей, возможность самореализации в любом деле». Бүл түрғыдан алғанда республика халқының жағдайы әзір мәз емес. Мәселен, Біріккен Үлттар Үйымының мағлұматтары бойынша, Қазақстан Республикасы 1993 жылы Б¥¥-ның 148 мүшесі арасында адамзат дамуының индексі жөнінен 61 орында болса, 1997 жылы 93 орынға түсіпті .
Адамдардың материалдық қажеттіктерін қамтамасыз ету үшін, Отанымыздың экономикалық жағдайын тезірек көтеру үшін ең алдымен аянбай еңбек ету керек. Оған біздің шамамыз жетеді және оны біз үшін ешкім істемейді. Ол туралы Н.Ә.Назарбаев былай деген: «…біздің жасымызға жеткенде балаларымыз бен немерелеріміз мақтан ете алар Қазақстанды қүру жөніндегі үмітіміз бен арманымызды іске асыру үшін қажетті осынау орасан зор жұмысты өзге ешкім де емес, тек біздің өзіміз ғана игере аламыз». Еңбек-адамның әлеуметтік белсенділігінің болмыстағы ең негізгі өлшемі. Еңбексіз қоғамда, нағыз адам да жоқ. Қоғамдағы барлық өзгерістерді жасаушы күш — қалың бұқараның еңбектегі белсенділігі. Ойшылдар, ғалымдар дүниенің, қоғамның даму заңдылықтарын ашып, түсіндірсе, көпшілік халық сол білімге негізделген еңбек етіп, өзі өмір сүрген дүниені өзгертеді. Қоғамды, дүниені түсіндіру мен өзгерту арасында тығыз байланыс бар. Оларды өзгерту үшін өзгертудің қажеттігін түсіну керек, ал ол түсінілгеннен кейін оны іске асыру керек. Адам дүниенің, қоғамның даму заңдылықтарын ашу үшін және ол жаңалықтарды адамның болашағына, бақытына пайдалану үшін саяси-әлеуметтік белсенділік таныту керек. Э.Батталовтың ойынша, қазіргі қоғамда еңбек және саяси белсенділіктің арасында алшақтық бар. Сондықтан тұлғаның саяси белсенділігі емес, оның саяси процесте жеке басының қатысуы шешуші рөлді атқарады. Мәселен, ашылған жаңалық экологиялық жағдайға нұсқан келтіру мүмкін немесе халықты қырып-жою мақсатында пайдалану және т.с.с. болуы мүмкін. Шын саяси белсенділік осындайда, адамзатқа қиянат жасауға жол бермеуде көрінеді. Баяғы тоталитарлық заманда жеке тұлғаның еркіндігі мен бостандығы үшін күрескен А.Д.Сахаровтың, Семей полигонын жабуға күш-жігерін жүмсағын О. Сүлейменовтың, 1986 ж. Желтоқсан оқиғасының шындығын ашуға мұрындық болған М. Шахановтың және т.б. аяулы азаматтардың саяси-әлеуметтік, азаматтық белсенділігін, қажырлы еңбегін адамзат ешқашан ұмытпайды.
Жалпы жеке тұлғаның саяси-әлеуметтік белсенділігін арттыру үшін, біздіңше, мемлекеттің саяси идеологиясы болуы керек. Кеңес өкіметі заманындағы идеология адамдардың мақсат-мұраттарына, әдет-ғұрпына, салт-санасына, мінез-құлқына, ой-өрісіне, саяси құндылықтарына зор нүқсан келтіргені мәлім. Халықтың одан мезі болғаны да белгілі. Алайда оны мүлдем сырып тастауға болмайды. Мәселе оның мөлшерін сақтауда, шектен тыс кетпеуде. Белгілі мөлшерде халықты саяси тәрбиелеу өте қажет. Оны қандай ел болса да жүргізеді. Мысалы, Америка Құрама Штаттарын алайық. Сол американың ғалымдары оқушылардың мектепте қалай саяси әлеуметтенуін зерттепті. Сонда 12 мың ак нәсілді оқушылардың 95 пайызы «Америка-жер жүзіндегі ең таңдаулы ел» деген тұжырыммен келіскен. «Америка туы- дүние жүзіндегі ең жақсысы» деген пікірде болған. Бұл ой-пікірлер, зерттеушілердің ойынша, негізінен күнделікті педагогикалық ықпалдан туады. Зерттеу барысында мүғалімдердің 99 %-і класта оқушыларға АҚШ туын көрсетіп отырған, 91 %-і оқушылардан туға берілгендіктерін дәлелдеуді талап екен, 60 %-і күн сайын патриоттық («Тамаша Америка» сияқты) әндерді шырқатқан. Американың ең демократиялы ел, басқа елдерге үлгі екендігі туралы күнсайын неше түрлі ақпарат құралдарында мағлұмат беріліп, насихатталып тұрады.Идеология адамдарды рухани біріктіріп, топтастырудың және басшылықтың қүралы. Саяси қатынастар саласында олардың іс-әрекетіне бағдар береді, еркін қалыптастырады, саяси қызметке үмтылдырады, белсенділігін арттырады. Саяси қызметке қатысушылардың іоәрекетіне мақсаттылық, жүйелілік, дәйектілік енгізеді.
Мемлекетпен қатар (көп жағдайда сонымен тығыз байланыса отырып) тұлғаның саяси-әлеуметтік белсенділігін қалыптастыруға қоғамдық үйымдар, әсіресе саяси партиялар қатысады. Олар азаматтарды өз партиясының бағдарламаларымен таныстырады, партияларға және партиялық жүйелерге белгілі бір көзқарасты, қатынасты қалыптастырады, партия мен мемлекеттің қатынасы жөнінде мағлұмат береді. Тәуелсіздік алғалы Қазақстанда көптеген саяси партиялар дүниеге келді, кейбіреулері Қазақстан Республикасының парламентінде белсенді жұмыс істеуде.
Жеке тұлғаның саяси-әлеуметтік белсенділігін арттыруда қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар үлкен рөл атқарады. Олар азаматтық қоғам, демократиялық саяси жүйе орнатуға тікелей себепші болады. Олар саяси билік үшін тура күреспегенімен де қоғамдағы мәні зор. Осы жағынан алғанда Қазақстанның саяси өміріндегі кейбір жаңа үрдістерге, соның ішінде жуықта дүниеге келген «Қазақстанның демократиялық таңдауы» және басқа да ешқандай құқықтық, Конституциялық нормаларды бүзбай заң жүзінде қүрылған және әрекет ететін партиялар мен қозғалыстарды айтпауға болмайды. Олар өзінің бүқаралық сипатымен, халықтың тікелей мүддесін қорғайтындығымен, дербестігімен елдің болашағын анықтауға, дамудың демократиялық бағытының өрісін кеңейтуге айтарлықтай үлес қосады. Қоғамдық- саяси үйымдардың ішінде тәуелсіз кәсіподақ, діни үйымдар, бірлестіктер, шығармашылық одақтар жүмыс жасайды. Ядролық қаруды сынауды тоқтату, полигонды жабу үшін «Невада- Семей» қозғалысының саяси, тарихи маңызы зор қызметін, «Арал- Балқаш» экологиялық комитетінің жүмыстарын халық зор ризашылықпен еске алады. Қоғамдық үйымдар мен қозғалыстар, оларды ұйымдастырушылар мемлекетпен, партиялармен, халық бұқарасымен байланыс орнатуда, халықтың мүддесін қорғауға сан алуан істерді атқарды. Алайда қазір олардың ісі де бәсеңсіп кетті. Шын мәнінде қоғамдық- саяси ұйымдар саяси партиялармен бірге өтпелі замандағы тарихи үлы іске үлкен өз үлестерін қоса алады.
Жеке түлғаның саяси- әлеуметтік белсенділігін қалыптастыруға діни үйымдар да қатынасады. Қазақстан егемендігін алғаннан бері олардың рөлі артып келеді. Мүмкін казіргі жағдайда адамдардың өз күшіне, ертеңгі болашағына сенімнің аздығынан құдайдан қайырым, көмек күтуі де бар шығар. Қайтсе де дін орындары жақсы мен жаман, дүрыс пен бүрыс жөнінде көзқарас қалыптастырып, ізгілікке, имандылыққа баулиды. Алайда, біздіңше, республикамыздағы мұсылман дін орындары халық арасында әлі жөнді ықпалын көрсете алмай жатқан сияқты. Оған дәлел- экономикалық қиыншылықты пайдаланған басқа діндер қазақ жастарын өз қатарына кеңінен тартуы. Ол болашақта келешегімізге өзінің теріс әрекетін тигізері сөзсіз.
Сонымен, жеке тұлғаның саяси әлеуметтенуі, қалыптасуы, қоғамдық өмірде саяси- әлеуметтік белсенділік танытуы белгілі бір кезеңмен, нәтижемен шектелмейтін, өмір бойы созылатын процесс.
Адамның ересек шағы жауапты саяси- әлеуметтік белсенділік таныта алатын кезі екінші саяси әлеуметтенуге жатады. Республикамыз егемендігін алғаннан бері бүл бағытта айтарлықтай оң өзгерістер болып жатыр. Сайлау жүйесіне реформа жүргізіліп, баламалы негізде Қазақстанның Президенттік және Парламенттік сайлаулары өткізілді. Республикамызда азаматтық татулық пен ұлттық келісім түрақтануда. Оның тиімді жолдарының бірі- халықтық ұлтаралық қатынас мәдениетіне тәрбилеу. Оның басты мақсаты- көп ұлтты Қазақстан халқының материалдық және рухани құндылықтарын, өнерін, мәдениетін меңгеру негізінде олардың бойында жалпымемлекеттік және өзіндік ұлттық мүдделерін үйлесімді сабақтастығын қалыптастыру. Бұл жолда Қазақстан халықтары Ассамблеясының айтарлықтай үлесі бар. Ұлтаралық қатынаста қазақ халқы басқа халықтарды біріктірудің ұйтқысы болуымен қатар өзі де іштей бірігуі қажет. Қазақстанның тұтастығын сақтап, гүлдендіру үшін республика тұрғындарының бойында ұлтжандылықты, отансүйгіштікті, Қазақстан патриотизмі сезімін тәрбиелеудің маңызы зор. Жеке тұлғаның саяси- әлеуметтік белсенділігі оның дүниеге ғылыми көзкарасына, бойына сіңген адамгершілік нормаларына, басшылыққа алған саяси құндылықтары мен ұстанымдарына, елдің демократиялық дамуы мен экономикалық даму деңгейіне байланысты. Өйткені олар адамдардың іс- әрекетіне бағыт- бағдар бере отырып, қызметке ұмтылуына серпін туғызады. Жеке тұлға ашық, демократиялық қоғамда ғана дараланып, еркіндігін сезініп, саяси-әлеуметтік белсенділігін толық таныта алады. Республика халқын рухани біріктіріп, топтастыратын мемлекеттік саяси идеология жасаған дүрыс. Саяси- әлеуметтік белсенділікті қалыптастыратын қоғамдық күштерге мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық- саяси ұйымдар мен қозғалыстар, бұқаралық ақпарат құралдары жатады. Жоғарыда аталған әлеуметтендіру институттарының ішінде мүмкіндігі мен ресурстары жағынан ең ықпалдысы-мемлекет болып отыр. Бірақ мемлекет әзірге Қазақстан қоғамын саяси топтастыруға шамасы жетпей отыр. Ал саяси партиялар мен қоғамдық саяси ұйымдар өздерінің әлеуметтендіру қызметін жүзеге асыра алмай отыр. Сондықтан Қазақстан қоғамында саяси әлеуметтендірудің дағдарысы байқалады. Зерттеуші М.А.Сейтасқаров «саяси әлеуметтендірудегі дағдарыстың негізгі себебі біріктіруші мақсат пен мүдделердің болмауынан» деп есептейді.
Саяси әлеуметтендірудегі олқылықтар әдетте болашақ ұрпаққа зиянын тигізіп жатады. Себебі саяси әлеуметтену процесінде дұрыс бағыт алмаған тұлғалар өз белсенділіктерін қоғамдық тәртіпті бұзуға немесе саяси жүйеге қарсы бағыттауы мүмкін. Сонымен бірге саяси әлеуметтендірудегі кемшіліктер тұлғалардағы конформизмнің күшеюніе алып келеді, ал ол өз кезегінде саяси жүйенің өзін-өзі сақтау қасиетіне әсер етеді.
Сондықтан да қазіргі Қазақстан қоғамындағы саяси әлеуметтендіру институттарының қызметіне жаңа серпіліс қажет және ол кезекті бір саяси науқанға айналмай жүйелі сипатқа ие болуы керек. Тек сонда ғана Қазақстан қоғамы дамыған елдер қатарына қосыла алады.
Қорытынды.
Қоғам- адамдардың белгілі бір мақсатқа жетуі үшін біріккен бірлестігі. Ал енді осы мақсатты қоғам мүшелерінің барлығы толық түсінгенде және қолдағанда ғана бірлестік белгілі бір нәтижелерге жетеді. Сондықтан қоғамның жетістігі оның әрбір мүшесінің саяси-әлеуметтік белсенділігіне байланысты. Жеке тұлғаның саяси-әлеуметтік белсенділігіне ғалымдар өте ертеден көңіл аударған. Афины демократиясының тарихын зерттеушілердің бірі Аристотель де жеке тұлғаның сапалық қасиеттеріне көп көңіл бөлген болатын.
Алайда ғылыми тұрғыда саяси-әлеуметтік белсенділік мәселесі XX ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап терең зерттеле бастады. Оған бұл кездегі Батыс елдері жастарының елден ерек оғаш іс-әрекеттері, жүріс-тұрыстары себеп болды. Бұл жылдары АҚШ және Батыс Еуропа елдері үшін бетбұрыс жылдары болып, өнеркәсіп өркендеп, капиталистік елдер қатты дамып, постиндустриалды деңгейге жетті. Алайда саяси жүйе бүл өндірістік дамуға ілесе алмай, дағдарысқа түсті. ¥йымдасқан жемқорлық көбейді. Жеке тұлға саяси жүйеден шеттелді. Нәсілшілдік тоқтамады. Адамзаттың тіршілігіне қауіп төндіретін ядролық сынақ өрістей берді. Осы және басқа себептермен жас ұрпақ дәстүрлі демократиялық құндылықтарды қабылдамай, оларға сенімсіздік білдірді. ¥рпақтар арасындағы қақтығыс ұлғайды.
Мұның бәрі билік басындағыларды, Америка және Батыс Еуропа халқын бейжай қалдырмады. Өсіп келе жатқан жастарды саяси-әлеуметтік жағынан тәрбиелеп, жалпыадамзаттық құндылықтар жағынан белсенді бағыт-бағдар беруге кірісті.
Енді егемендігімізді алып, еңсемізді көтергенде, бұрынғыдай орталыққа жалтақтамай, жалпақтамай, коммунистік идеологияның ығына жығылмай, жеке түлғаның саяси-әлеуметтік белсенділігінің шын мән-мағынасын ашып, халқымызды, әсіресе, еліміздің болашағы жастарды, осы түрғыда тәрбиелейтін уақыт жетті.Сонымен қатар, Қазақстан егемендігін алғаннан кейінгі өтпелі заманда өндіріс орындары тоқырауға түсіп, жүмыссыздықтың көбеюі, тұрмысқа қажет заттардың бағасы қатты көтеріліп, қарапайым халықтың түрмыс-жағдайының күрт нашарлауы, ақша айналымының түрақсызданып, бағасының қүлдырауы және басқа қиыншылықтар көңілге кірбің түсіріп, мемлекеттің жүргізіп жатқан саясатына, үстанған бағыт-бағдарына күмән келтіріп, сенімсіздік тудырды. Бәз біреулер баяғы кеңестік өмір, тоталитарлық тәртіпті аңсаса, екіншілері қылмыс жасауға барып, маскүнемдікке түсіп, нашақорлыққа салынып, жезөкшелікпен айналысуда. Осындай өтпелі шақта ел азаматтарының сана-сезімі мен көңіл-күйлеріндегі күдік пен қайшылыққа толы ауыр толғаныстарды сейілтіп, әсіресе жастарға белгілі бір бағыт-бағдар беріп, мемлекет басшыларының жүргізіп отырған саясатына сенім тудырып болашаққа үлкен үмітпен қарайтын, нарықтық қытынастар жолына көшкенде жаңа қоғамдық сұраныстарға жауап беретін, азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет орнататын жаңа тұрпаттағы тұлғаны қалыптастыру мәселесі алдыңғы қатарға шығады. Отбасынан бастап ересек адамдарға дейінгі аралықты тұтас қамтып, олардың ерекшеліктері мен сабақтастығын кешенді зерттеудің қажеттілігі туады.
Саяси — әлеуметтік белсенділік жалпы белсенділіктің бір түрі. Белсенділік деп адамның жасампаздық іс-әрекетін айтамыз. Тіршілік және іс-әрекеттер процесінде адамньщ қарым-қатынас жасау, таным, өзін-өзі тәрбиелеу және басқа белсенділігі дамиды.
Саяси-өлеуметтік белсенділік дегеніміз қоғамдағы өрбір тұлғаның өз мақсаттарын еркін, саналы түрде саяси жүйенің жасампаздық, жалпыадамзаттық негізгі мақсаттарымен байланыстырып, оны жүзеге асыруға тікелей атсалысып, қолдау білдіруі. Ол белгілі бір мүддеден (мотив) туады. Ол мүддені орындау, іске асыру үшін адам ерік-жігер көрсетеді. Ерік (воля) деп өз қажеттілігіне билік жүргізуді, талап-тілегіңді саналы мақсатқа бағындыру, мінез-құлқынды меңгеруді айтады. Ол тұлғаның белсенділігін арттырады. Белсенділік шешім қабылдатады. Ол шешімді орындау ушін батылдық, табандылық, қажырлылық, төзімділік көрсету керек.
Саяси-әлеуметтік белсенділік таныту үшін адам ең алдымен саяси әлеуметтенуі керек. Саяси әлеуметтену деп белгілі бір қоғамға тән саяси құндылықтар мен мәдениет ережелерін жеке адамның немесе топтың меңгеріп, соның арқасында саяси рөлдер мен қызметтерді тиімді атқара алуын айтады. Ол еркіндікпен байланысты. Ал еркіндік адамның өзіне-өзін аштырады, өзінің «МЕН» — дігін көрсетеді.
Саяси-әлеуметтік белсенділік қоғамдық және жеке деңгейде көрініс береді. Осы екі деңгейдегі саяси-әлеуметтік белсенділік ұштастырыла, сәйкестендіре жүргенде ғана жемісті болады. Қоғамдағы моральдық принциптер жеке тұлға еркін болғанда, олар өз беттерімен шешімдер қабылдауға мүмкіншіліктері болып, сол принциптерді сақтау үшін өз еріктерімен жеке пайдасын құрбандыққа шалғанда ғана қызмет ете алады.
Тұлғаның саяси жұмысқа саналы түрде және өз еркімен қатысу деңгейіне байланысты саяси әлеуметтенуді ғалымдар алғашқы (немесе бірінші) және екінші деп екі түрге бөледі. Бірінші саяси әлеуметтену негізінен отбасы және оған жақын ортада өтіп, өзіндік кәсіби іс-әрекетке кіріскенге дейінгі мерзімді қамтиды. Екінші саяси әлеуметтену өз алдына еңбек етіп, белсенділік көрсету барысында саяси тәжірибе жинақтау арқылы қалыптасады.
Жеке тұлғаның саяси қалыптасуына, бір жағынан, оның күнделікті өмір сүретін ортасы, яғни отбасы, құрбы-құрдастары, ауласы, бейресми топтар және т.с.с. стихиялы түрде қатынасса, екінші жағынан мемлекет тарапынан арнайы ұйымдастырылған тәрбие жүйесі, саяси партиялар, қоғамдық-саяси ұйымдар қатысады. Мемлекеттік тәрбие жүйесі өз кезегінде макро және микро деңгейде жүргізіледі.
Жас балдырғандарды қоғамдық өмірге даярлауда отбасы ең алғашқы және басты рөлді атқарады. Онда бала тұңғыш рет өмір жолымен танысады, моральдық қалып, ережелерді игереді.
Бала белсенділігінің ең алғашқы түрінің бірі — қарым-қатынас жасау белсенділігі. Ол адамның бүкіл өмірі бойы дамиды. Басқа адамдармен қатынас жасау белсенділігінің мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар ересек адамдардың іс-әрекетіне еліктеп, олармен қатынас жасауға үйренеді.
Жас ұрпақты отбасында тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақталған, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәлім —тәрбиенің, төлтума халықтық педагогиканың орны зор. Оның өзекті арқауында үлттық сана-сезім, қадір-қасиет, ар-ождан, ұлтжандылық, отансүйгіштік және т.б. жатады. Отбасында жас бала ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, жөн-жоралғылары мен рәсімдерді, қоғамда қалыптасқан ережелерді, адамдар арасындағы қарым-қатынас, ұлттық рухты үйренеді.
Зерттеуде Қазақстандағы саяси әлеуметтенудің бірінші кезеңіне талдау жасай келе, өтпелі кезеңде экономикалық жағдайдың әсеріне байланысты отбасы мен мектепке дейінгі мекемелердің саяси әлеуметтендіру қызметі толыққанды мәнге ие болмай отырғаны анықталды. Ал бұл жағдайға Қазақстан саяси жүйесі тарапынан әсер етуге тырысушылық өте әлсіз болып отыр.
Жас үрпақты қоғамдық өмірге, саяси -әлеуметтік белсенділікке тәрбиелеуде жалпы білім беретін мектептің орны ерекше. Мұнда жас жеткіншектер алдағы өмір бойы азық болар сапалы білім алумен қатар Отан алдындағы азаматтық борышын орындауға, болашақ мамандығын таңдап алуға, қоғамдық жұмыстарға, саяси өмірге белсенді қатысуға үйренеді. Олар еліміздің демократиялық даму жолына түсіп, нарықтық экономика талабына сай өмір сүріп жатқанда жаңа жағдайларға сәйкес өз бетімен ғылыми тұрғыда ойлауға, соған байланысты іс-әрекет жасауға қабілеті мен мүмкіндігі бар және нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде туындаған саяси-рухани, экономикалық дағдарыстарға мойымайтын жігерлі ұрпақ тәрбиелейді. Сонымен қатар жалпы білім беретін мектеп жас ұрпаққа жоғары рухани ұлттық сезімі оянған, адам құқықтары мен бостандықтарын жақсы сезінетін, әрдайым саяси-әлеуметтік белсенділік танытуға дайын, өзін де, өзгені де құрметтейтін, өзіне-өзі сенімді елдің болашақ иелерін оқытып үйретеді.
Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан бері білім жүйесінде бірнеше кезеңнен тұратын реформалар ұйымдастырыльш, ЮНЕСКО-ның халықаралық білім беру стандартына сәйкес жаңа үлгі жасалды. Онда білім берудің үздіксіздігі және сабақтастық принциптері сақталған. Орта білім жүйесін толық информациялауға бағытталған мемлекеттік ақпараттандыру бағдарламасы қабылданды. Жақында орта мектепті реформалап, 12 жылдық етпек деген сөз бар. Осыған орай, біздіңше, бастауыш мектепті 5-6 жылдық етіп жасаса дұрыс болатын сияқты. Өйткені, мұндай жағдайда бірнеше ұстаздар білім беріп, тәрбие жүргізер еді де, бастауыш мектеп оқушыларына тұтас ұжым ықпал етер еді. Сөйтіп, бастауыш мектептегі оқу-тәрбие жұмысы тереңдей түсер еді.
Жалпы білім беретін мектеп оқу-тәрбие барысында өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпыадамзаттық құндылықтарды бойларына сіңіреді, адамгершілік, моральдық қасиет, ережелерге тәрбиелейді, шығармашылық ойлау қабілетін ұштайды. Оларды туған Отанына деген шексіз сүйіспеншілік рухында, оны қорғауға әрқашан әзір болуға, қоғамда қабылданған тәртіп, құқықтық, мінез-құлық ереже-талаптарын құрметтеу және орындау, үлкендерге, өзге адамдарға құрметпен қарау және т.б. қасиеттерге баулиды.
Өскелең үрпақтың болашақ түлға ретінде қалыптасуына, қоғамдық өмірге кіріп, саяси-әлеуметтік белсенділік танытуына жалпы білім беретін мектеп ролін саралай келе және Қазақстандағы білім беру концепциясына талдау жасай отырып, оны жүзеге асыру барысында түлғаның орта мектеп шеңберінде саяси әлеуметтену ерекшеліктерін есепке алып отырғанын және саяси белсенділікке тәрбиелеу процесінің біршама жүйелі сипатқа ие болып келе жатқандығын айтпай кетуге болмайды.
Жеке түлғаны саяси-әлеуметтік белсенділікке тәрбиелеуде жоғары оқу орындарының маңызы зор. Бүл кез жастардың ой-өрісі кеңейген, жаңалыққа, жасампаздыққа, білімге қүмар, өздерін болашаққа дайындап, ізденген, саяси қатынастар мен байланыстарға өз үлестерін қосуға дайын шағы. Студент жастар қоғамның интеллектуалдық қайнар көзі. Жоғары білім беру жүйесі кәсіби мамандыққа дайындау мен бірге оларды саяси өмірге қатыстыру, дуниеге ғылыми көзқарастарын қалыптастыру, өзгермелі саяси жағдайда өзіндік дұрыс шешім қабылдап, оны жүзеге асыру жолында саяси белсенділік таныту сияқты міндеттерді атқарады.
Республикамыз егемендігін алғаннан бері жоғары білім жүйесінде бірталай оң өзгерістер болып жатыр. Жоғары білім жүйесі мәні мен бағыттылығы негізінен алғанда тәуелсіз мемлекеттің одан әрі қалыптасу процесімен байланысты оның экономикасьшен, нарықтық қатынастарға өтуімен, дуниежузілік білім кеңестігіне интеграциялануымен ерекшеленеді және сипатталады. Соның бір аймағы — Қазақстан Республикасы өкілдерінің Лиссабон Конференциясына қатысуы және «Еуропа аймағында жоғары білім саласындағы біліктілікті тану туралы» Конвенцияға қол қоюы. Оның қағидаларын жүзеге асыру жоғары оқу орындарының білім беру қызметінің сапасы үшін жауапкершілігін едәуір арттырады. Республикадағы жоғары білім саласы демократиялануда, олардың құқықтары өсті, оқу орындарында білім беруді ақпараттандыру жүйесі дамып келеді.
Жоғары оқу орындарында студент жастарды саяси-әлеуметтік белсенділікке тәрбиелеуде гуманитарлық қоғамдық пәндердің орны ерекше. Философия, саясаттану, әлеуметтану, Қазақстан тарихы, экономикалық теория және басқа пәндерді оқу барысында жастар терең теориялық білім алуда. Бұлармен қатар жеке түлғаны саяси қалыптастыруда зор рөл атқаратын Ата Заңымыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы. Батыс елдерінде, әсіресе АҚШ — та, өз Конституциясының әрбір бабын саралап оқытады. Сондықтан біздің ұсынысымыз — Қазақстан Рееспубликасы Конституциясы орта мектепте немесе жоғары оқу орнында арнайы оқытылса. Сонда жастар өз құқықтары мен бостандықтарын да жақсы білер еді, заңдылықты тереңірек түсініп, оны көбірек сыйлар еді. Дәріс және семинар сабақтарында студенттерді барынша пікірталасқа тартып, күнделікті болып жатқан еліміздегі және шет елдердегі саяси өзгерістерді талқылап, оларды өз көзқарастарын дәйекті дәлелдей алатындай етіп тәрбиелесе, өзінің және басқа жоғары оқу орындарындағы ғылыми-теориялық конференцияларға баяндамалар дайындатып, шығарып сөйлетіп, кәсіптік және шығармашылық одақтардың, жастар бірлестіктерінің жүмыстарына жиі араластырса, саяси партиялардың, қоғамдық-саяси ұйымдардың, қозғалыстардың жұмысынан хабардар болса, дөңгелек стол, тағы басқа студенттердің ой-өрісін кеңейтетін шаралар кеңінен өткізілсе, студент жастардың саяси-әлеуметтік белсенділігі арта түсер еді. Сонымен бірге ең бастысы студенттердің өзін-өзі басқару органдарының қалыптаспауы да олардың өзіне деген сенімін төмендетіп отыр. Басқа сөзбен айтқанда, студент жастар саясаттың объектісі ғана емес, белсенді субьектісі де болулары керек. Теориялық білім практикалық іс-әрекетпен ұштасқанда, тәжІрибелік іске асқанда ғана өз нәтижесін береді. Қоғамдық-саяси ұйымдардың жұмысына араласу арқылы олардың құрылымымен, бағдарламаларымен, тыныс —тіршілігімен, жүмыс істеу тәсілімен, іс-әрекетімен танысады, үйренеді. Мүндай жұмыс жастардың ерік-жігерін қалыптастыруға, өздерін көрсете білуге, мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі, саяси көзқарастарын шыңдайды.
Қазір жоғары білімді дамытудың мазмұны оны ең алдымен ізгілендіруге, яғни оны гуманизациялауға және гуманитарландыруға бағытталған. Бүл бүкіл білім, оқу-ағарту, тәрбие жүмысын гуманистік бағдардағы адам тәрбиелеуге жүмылдыру керектігін білідіреді. Мектеп пен жоғары оқу орнында оқытылатын әрбір пән адамның ішкі жан дүниесін, адамгершілік қасиеттерін аша түсуге бағытталуы керек.
Республикадағы жоғары оқу орындарында жүргізілген сауалнамаларға сүйенсек, студенттер арасындағы сүйікті адамымен тіл табысу, отбасылық дәстүрді, білім алуды, достармен қарым-қатынасты жоғары қүндылық ретінде санаған, өмірге күштарлық, белсенді көзқарасқа деген кызығушылық сияқты көңілге қонар ұнамды көрсеткіштермен қатар өздерінің саяси қүқықтарын білмейтін, елдегі саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстардың мүшесі болмақ түрсын, олардың аттарын да біле бермейтіндер жеткілікті. Студенттер ең беделді мамандықтарға заңгер, банкир, бизнесмендерді жатқызады. Ең басты мотивке көп ақша табуды атайды және мұны нарықтық философия ретінде санайды. Мұның бәрін өтпелі заман, нарықтык экономиканың әсері, студенттердің саяси қалыптасу процесінің әлі жетілмегендігі десек те мемлекет тарапынан жасампаз қоғамдық әрекет пен оқытушылар жағынан тиянақты, терең ойластырған тәрбие жүмысын талап етеді.
Студент жастардың шешілмей жатқан мәселелері де жеткілікті. Олардың ішінде ең маңызды — студенттердің оқуы мен өмір талаптарын қаржыландыру. Мәселен, жоғарыда көрсетілгендей, 1997 жылы Қазақстанда 1 адамға білім беру жүйесінде жұмсалған қаржы 97 доллар болса, Ресейде — 239, ал АҚШ —та 5735 долларды құрайды. Егер қоғамымыз қазір білімге көңіл бөлуіне тура келеді. Ал түрмедегі түтқынды үстау үшін 10 есе артық қаржы жүмсалады. Олай дейтініміз, жоғарыда көрсетілгендей, Алматы қалалық орталығы жүргізген зеттеулері бойынша (1995 ж ) мектеп бітірушілердің арасында рэкитер, сутенер, киллер, «түнгі көбелек» болғысы келетіндер де аз емес екен. Жатақханада түрған студенттерге көбінде отыратын орындық, жазатын стол, киім ілгіш сияқты ең қарапайым қажетті заттар жетіспейді.
Мұның бәрі республикамызда ғылыми негізделген тиімді жастар саясатын жүргізуді талап етеді. Қабылданған жастар туралы бағдарламалар үкіметте қаражаттың жетіспеуінен жүзеге аспай отыр. Қазір республикамыздың экономикалық жағдайы түзеліп келе жатқан сияқты. Соны пайдаланып халқымыздың, еліміздің болашағы — жастарға оқып, білім алуға жағдай жасалғаны жөн. Сонымен қатар жоғары оқу орындары оқытушыларының жағдайы да мәз емес. Жылдық 1000 сағаттық сабақты жүргізу, өзінің кәсіби деңгейін көтеру үшін ғылыми әдебиетті қадағалап оқып, білімін жетілдіріп отыруы өте қиын.
Түлғаны саяси қалыптастыру жөне саяси-өлеуметтік белсенділігін арттыру институты ретінде жоғаріы оқу орындарының қызметі үлттық мүддеге сәйкес бүрынғы қүндылықгарды қайта қарау негізінде кәсіби білімді, берік саяси-өлеуметтік кезқарасқа ие, үлтжанды жаңа үрпақгы қалыптастыру түғырнамасын жүзеге асыруға бағытталып отырғаны куанарлық жағдай. Енді осы процесті тереңдету үшін студент жастардың түлғалық қасиеттерін дамытып, үштау мақсатында жоғарғы оку орнын одан өрі демократияландыру, студенттердің саяси-әлеуметтік белсенділігін жүзеге асыратындай жағдай жасау, ынталандыру, бастамашылықтарына қолдау білдіру кджет болып отыр.
Жеке түлғаның саяси әлеуметтенуі, қалыптасуы, саяси өмірге белсене араласуы отбасындағы тәрбиемен, кәмелеттік куәлік, азаматтық төлқүжат немесе диплом алумен шектелмейтін, өмір бойы созылатын процесс екені белгілі. Ол адамның есейген, ересек шағында да толысып, өзгеріп, жетіледі және екінші саяси әлеуметтену кезеңіне сай келеді. Ересек шақ түлғаның кемелденген, жетілген, жауапты саяси-әлеуметтік белсенділік таныта алатын кезі.
Әлеуметтенудің бүл сатысында билік пен жеке адамның саяси әрекеттестігі әңгімелесу, мәмілеге келу немесе олардың арасындағы жанжал, дау-дамайға негізделуі мүмкін. Оның себебі қоғамда басымдық ететін саяси мәдениеттің түріне, оның біртектілік,бірыңғайлығына немесе оның ішіндегі әртүрлі субмәдениеттің көп болуына байланысты. Мәдени біртектілігінің деңгейі, оның ішінде ең алдымен тарихи және үлттық дәстүрлердің, дінге сену ортасы нақтылы қоғамдардың саяси әлеуметтенуінің неғұрлым тұрақты сипатын айқындауға мүмкіндік береді. Аталған ерекшеліктерге экономикалық және әлеуметтік қатынастар да ықпал етуі мүмкін. Батыс саясаттануында жеке адамдарға белгілі бір саяси іс-әрекет жасаудың үлгілерін белгілейтін ережелер мен саяси құндылықтар сипатының негізінде саяси әлеуметтенуді үйлесімді, алуан түрлі, дау-дамайлы, гегемонистік деп төрт түрге бөледі.
Ал біздің Қазақстан Республикасы сияқты елдерде тоталитарлақ қоғамның демократиялық тәртіпке өту кезеңі жеке тұлғаның саяси қалыптасуына екі түрлі әсер етуде. Біріншіден, қоғамдық өмірдің демократиялануы жеке адамның саяси процеске қатысу мүмкіншілігін кеңейтеді. Әсіресе, тәуелсіз ақпарат құралдары арқылы азаматтардың билік құрылымдарының іс-әрекеті жөнінде алатын мағлұматтары көбейіп, хабардарлығы артады. Бүл бұрын саясаттан шеттелген адамдарға саяси қозғау салады, түрткі болады. Екінші жағынан, өмір деңгейінің төмендеуі, егемендік алуға байланысты туған арман-аңсар, үміттің онша орындалмауы, жұмыссыздықтың көбеюі, білім мен мәдениет жүйесінің құнсыздануы, халықта саясатқа деген селқостық, сенімсіздік, саясаттан шеттеушілік сезімін тудырды. Қоғам мүшелерінің көпшілігі саяси-қоғамдық жүмысқа қатысқысы келмейді. Бұл жеке түлғаның саяси-әлеуметтік белсенділігіне әсер етпей қоймайды.
Саяси енжарлық, бойкүйездік құбылысына соңғы кезде ғалымдар мен саясаттанушылар назарын көп аударып жүр. Ол, әсірісе сайлаушылар тарапынан өкіметтің өкілдік органдарына сайлауға қатысқысы келмеуінен байқалады. Қазіргі кезде ол тіпті демократиялық тәртіпке ұзақ жылдар бойы өмір сүріп, тұрақтанып, бекіген елдердің өзінде де көрініс береді. Оған әр түрлі саяси тәртіптегі елдер әр түрлі қарайды. Дегенмен, саяси енжарлық бірталай жағдайда қоғам дамуына зиян келтіреді. Әсіресе, демократиялық деңгейге көтерілмеген елдерде, басқасын айтпағанда, азаматтардың саяси селсоқтығын билік басындағылар өз пайдасына айналдырып кететіндігі жиі кездеседі. Сондықтан азаматтардың саяси өз қүқықтарын пайдаланып, саяси билік мәселесіне белсенді араласуы елдің прогрессивті дамуына тікелей әсер етеді.
Ересектердің саяси қалыптасуы балалардың, бірталай жағдайда жастардың, саяси әлеуметтенуінен ерекше. Өйткені, олардың негізгі мақсаты — материалдық және рухани қүндылықтар жасау. Олар қоғамдық-саяси оқиғаларды тереңірек түсінеді және соған орай өз көзқарастарына іс-әрекеттеріне өзгерістер енгізіп отырады.
Республикамыз егемендігін алғаннан бері қоғамымызда айтарлықтай демократиялық үрдістер, өзгерістер болып жатыр. Сайлау жүйесінде реформа жүргізілді. Соған байланысты 1999 жылы баламалы негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің, одан кейін Парламентінің сайлауы өтті. Қазіргі таңда еліміздің әрбір азаматы көкейіндегі ойын бүкпесіз ашық айта алады, өзінің мақсат-мүддесіне сәйкес келетін саяси ұйымдарға мүше бола алады, жиналыстар, митингілер мен шерулерге қымсынбай қатыса алады.
Еліміздің стратегиялық жоспары белгіленді. Ол — демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру. Енді осы бағытта бүкіл Қазақстандықтар болып, жоғары саяси-әлеуметтік белсенділік танытып, еңбек етуіміз керек. Оның тиімді жолының бірі — ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру және жетілдіру. Социологиялық зерттеулердің нәтижесі бойынша көпшілік халық бұл салада Президентіміздің жүргізіп отырған саясатын қолдайды. Қазақстан халықтары Ассамблеясы да айтарлықтай жұмыс жасауда. Алайда оны тұрақтандыру үшін әлі қызмет етуге тура келеді. Сонымен қатар, Н.Назарбаев айтқандай, ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыруда қазақ халқы біріктіруші рөл атқаруы тиіс. Ал ол үшін алдымен өз үлтымыздың ішіндегі бірлікті нығайтуымыз керек.
Келесі түбегейлі принциптің бірі — қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Сауалнамалардағы жауаптарға қарасақ, әсіресе орыстілділер тарапынан ондай сезім аз. Мүмкін оған елдің экономикалық даму деңгейі мен өсу қарқыны да әсер етіп отырған болар. Біздің республика осында тұратын халықтардың ортақ мәдениеті, бәріміздің тағдырымыз бір, болашағымыз осы мемлекеттің өркендеп даму, гүлденуіне тікелей байланысты екендігін, әсіресе басқа ұлт өкілдері санасына жеткізе, сіңіре білуіміз керек. Сондықтан да оқу-тәрбие мекемелерін, ақпарат құралдарын қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде, оны насихаттауда көп іс күтіп тұр.
Жеке түлғаның саяси-әлеуметтік белсенділігін арттыру үшін (ұлтаралық қатынас мәдениетіне және қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу үшін де ) мемлекеттің саяси идеологиясы болуы керек. Ол адамдарды рухани біріктіреді және топтастырады. Саяси қатынастар саласында олардың іс-әрекетіне бағдар береді, еркін қалыптастырады, саяси белсенділігін арттырады. Ол демократиялық ашық қоғамның саяси құндылықтарын адамдардың санасына сіңіру үшін қажет.
Жеке тұлғаны саяси-әлеуметтік белсенділікті тәрбиелеуде айтарлықтай жетістіктермен қатар кемшіліктер де бар. Олардың ішінде бастылардың бірі — өтпелі кезеңдегі экономикалық жағдай. Ол халықтың әл-ауқатын нашарлатып қана қойған жоқ, мәдени-ағарту орындарын да күйзеліске ұшыратты. Көпшілік елді мекендерде мектептер мен бала бақшалар жабылды. Ал мәдениет ошақтарының қалғаны некен-саяқ. Кітапханалар, демалыс үйлері, театрлар жабылып, бұрынғыдай тұрғындардың дүниетаньшын кеңейтетін тетіктер шектелді. Ауылдық жерлердің тұрғындарының көпшілігі электроэнергия жоқтығынан теледидар көре алмайды, газет-журналдар жаздырып алуға шамасы жетпейді, радио істемейді. Сондықтан елімізде саяси-әлеуметтік белсенділік танытуға мүмкіндік азайды. Бұл мемлекетімізді қатты ойландыратын жағдайлар.
Жеке тұлға ашық, демократиялық қоғамда ғана дараланып, еркіндігін сезініп, саяси-әлеуметтік белсенділігін толық таныта алады. Оны қалыптастырытын қоғамдық күштерге мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық-саяси үйымдар мен қозғалыстар, дін орындары, бұқаралық акпарат құралдары жатады. Мұның бәрі халық үшін, оның әл-ауқатын, рухани байлығын көтеріп саяси-әлеуметтік белсенділігін арттыруға қызмет етуі керек.
Сонымен, егемендігімізді алғаннан бері еркіндіктің не екенін түсініп, жасампаз күшін сезіне бастадық. Енді сол егемендікті қорғай алатын, ұлттық мақсат-мүддені жақсы ұғынған, ұлтжанды, отансүйгіш, елді өркениетті жолға бастайтын, сол жолда саяси -әлеуметтік белсенділік таныта білетін жеке тұлғаны дайындауымыз керек.
СІЛТЕМЕ ӘДЕБИЕТТЕР
- Назарбаев Н.Ә. Еліміздің ертеңі — сенімді қолда. // Егемен
Қазақстан. — 1996. 12 қазан. - Мустафин Т.Т. Проблемы формирования демократической
политической культуры//Республика Казахстан: политика
развития.Алматы, КазНГУ-ИРК, -С. 16-25; - Тасмагамбетов И.Н. Реформа образования-стратегический курс обновления казахстанского общества// Саясат.-1995.- №1.-С.25-30;
- Нысанбаев А.Н. Қазақстан. Демократия. Рухани жаңару.-Алматы:Қазақ энциклопедиясы, 1999.-416 б.;
- Бурханов К.Эволюция социально-политической системы Казахстана в XX веке. Дис. д-ра полит.наук.-Алматы, 1997,-296 с;
- Аяган Б.Г. Государство Казахстан: эволюция общественных систем.-Алматы: Жазушы, 149 с;
- Ахметова Л.С. О патриотизме и идеологии общенациональной
государственности//Мысль.-1995.- №11.-С.8-12; - Байдельдинов Л.А. Этнический фактор в политике и в жизни //Саясат.-1999.- №9.-С.53-56;
- Балгимбаев А.С. Пути достижения духовного согласия//
Республика Казахстан: политика развития.Алматы, КазНГУ-ИРК,
-С.25-28; - Бижанов А.Х. Қазақстандық
патриотизм-ынтымақтастық қайнар көзі//Ақиқат.-1997. -№11.-8-12 б; - Соловьев А.В. Политические партии и общественные движения Казахстана.- Алматы, 1993.- 76 с;
- Сыроежкин К.Л.,Акимбеков С.М. Казахстан в транзитный период: проблемы развития. //Вестник КазГУ. Сер.
Политология.-1998.- №1.-0.61-67; - МашанМ.С.Целополагание политической системы Казахстана //Евразийское сообщество: экономика, политика, безопасность.-1999.- №1.-0.61-67
- Ануфриев В.А. Социальный статус и активность личности. —
М. Политиздат, -137 с; - БестужевЛадаИ.В.Молодость и зрелость: Размышления о некоторых социальных проблемах молодежи. — М.: Политиздат, -.207с;
- КонИ.С.Психология старшеклассника. — М.: Просвещение, 1980,-191с.;
- КонИ.С. Ребенок и общество.- М.: Просвещение, 1988.-269с;
- Коробейников А.А.Человек в социалистическом обществе; формирование социальнойактивности.-М.:Политиздат,.-136с.;
- Руткевич Л. А.Общественные потребности, система образования, молодежь. — М.: Политиздат, 1988.-222 с;
- Титма М.Х., Саар Э.А.Молодое поколение.-М.:Мысль,1986.-.254 с;
- Филиппов Ф.Р. Школа и социальное развитие общества. — М.: Педагогика, 1990. —156 с;
- Шестопал Е.Б. Личность и политика: Критический очерк современных западных концепций политической социализации.-М.:Мысль, 1988.-203 с.
- АбсаттаровР.Б., БайляроваБ.К. Идейно-политическое
воспитание в студенческом коллективе. — Алма-Ата: КазГУ, 1989.-
32 с; - Трошихин В.В. Политическое развитие личности. — Алматы: Наука,
— 158 с. - Қ.Е.Көшербаев,А.Е.Әбілқасымова,Ә.Қ.Ахметов,М.Х.Рахымбек. Қазақстан Республикасында жоғары білімді дамыту стратегиясы.Алматы:
Білім, -232б.; - ТурехановаББ.Политические ценности населения Казахстана в контексте социальных изменений//Казахстан-Спектр.-2000.№3-4.-С.6-19
- Сейтасқаров М.А. Қазақстанда саяси жүйенің жаңғыруы жағдайындағы саяси өлеуметтену ерекшеліктері. Саяси ғылым. канд. диссерт.-Алматы, 2000.-142 6.;
- Ануфриев Е.А. Политическая социализация личности как проблема современной политологии // Вестник Московского уни-верситета. Сер.18. Социология и политология.1997.-№3.- С.35-44;
- Шешукова Г.В. Роль и место системы образования в политической социализации населения современной России// Теоретический философский журнал 1998.-№4 // Эл. вариант: һир: //диаке. огепЪигд.ш/сиіШге/сгесіо/.;
- Иванов В.Н., Смолянский В.Г. Политическая социология: очерки. М., 1994.-250 с;
- Холмская М.Р. Политическое участие как объект исследования// Полис- 1999.-№5.- С. 170-175;
- Черняк Э.В. Влияние типов политических режимов на социальную активность личности.-Казань, 1993.-210 с; Дилигенский Г.Г. Индивидуализм старый и новый. Личность в постсоветском социуме//Полис.-1999.-ЖЗ.-С.5-15;
- Еже Вятр.Социология политических отношений- М.: Прогресс, 1997. -с. 463 ;
- Смелзер М. Социология.- М.:Феникс, 1994.-688 с;
- П.Сорокин Человек. Цивилизация. Общество.- М., 1992.-320 с.
- Мухаев Р.Т. Политология. Учебник для вузов. М.:Приор, 1997,-с.368
- Краткий словарь по социологии.- М.: Политиздат, 1988.-с. 479
- Словарь-справочник по социологии и политологии.- М.: Знание, 1996.- 334 с.
- Философский словарь.- М.: Политиздат, 1986, 590 с;
- Шестопал Е.Б. Личность и политика: Критический очерк
современных западных концепций политической социализации.-М.: Мысль,
1988.- 203 с; - Абай. Қара сөз. Поэмалар. Книга слов. Поэмы.-Алматы: Ел,1993.-272б.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер:
- Политология. Учебник для высших заведений. Под общей редакцией А.Н.Нысанбаева.- Алматы: Ақыл кітабы, 1998. 368 с.
- Политологический энциклопедический словарь. // Общ.ред и сост. Ю.И.Аверьянов.-М.: Изд. Моск.коммерч.ун-та, 1993,-431 с;
- Словарь- справочник по социологии и политологии.- М.: Знание, 1996.-С.272;
- Политологический словарь. Учебное пособие // Р.Г.Григорьян, А.В.Демин и др.; Под ред. В.Ф.Халипова.- М.: Высшая школа, 1995, 192с;
- Политическая социология.-М.:Мысль, 2000.-294 с;
- Смелзер Н. Социология.- М.: Феникс, 1994.- с.688 с.
- Вятр Ежи. Социология политических отношений.М.: Прогресс, 1979.-463
- БернЭ.Чтотакое человек//Теорияличностивзападноевропейской американсой психологии.Хрестоматия по психологии личности.-Самара:»Бахрах», 1996.-480 с.
- Аминев Г.А., Копанева А.А. Политическая культура учащихся старших классов. — М.: Знание, 1987. — 80 с.
- Пиаже Ж. Избранные психологические труды. Психология интеллекта. Генезис числа у ребенка. Логика и психология.- М.: Просвещение, 1969.- 659 с.
- Назарбаев Н. Қазақстанның болашағы- қоғамның идеялық бірлігінде.- Алматы: «Кітап», 1993. 32 б.
- Еже Вятр.Социология политических отношений- М.: Прогресс, 1997. -с. 463 ;
- Смелзер М. Социология.- М.:Феникс, 1994.-688 с;
- П.Сорокин Человек. Цивилизация. Общество.- М., 1992.-320 с.
- Мухаев Р.Т. Политология. Учебник для вузов. М.:Приор, 1997,-с.368
- Абай. Қара сөз. Поэмалар. Книга слов. Поэмы.-Алматы: Ел,1993.-272б.
- Назарбаев Н. Тарих толқынында. — Алматы. Атамұра, 1999.- 296 б.Үлан.- 2002.-6 тамыз және 13 тамыз
- Жамбылов Д. Саясаттану негіздері. — Алматы: Жеті Жарғы. 2000 — 240 б.
Мерзімді басылымдар:
- Казахстанская правда.- 2000 г.- 26 декабря.
- Нурмашева Р. Союз молодежи сознательно выдерживал паузу//Казахстанская правда.- 1995.- 5 августа
- Шауенов Е., Джумабаев Е., Бельгибаев С.О реформировании образования в Республики Казахстан // Саясат.- 2001.№2.- 75 б.
- Кекильбаев А. Суровое испытание накануне перемен // Казахстанская правда.- 1996.- 12 ноября
- Ашимбаев М.С. К вопросу о факторах и особенностях политического развития Казахстана // Саясат.- 2001. -№37- 21 б.
- Әуелғазина. Т.Қ. Қазақстан қоғамын демократияландыру жағдайындағы саясиәлеуметтендіруді жүзеге асыру мәселелер.// Саясат.-2005.- №10.15б
- Т.Қ. Әуелғазина. Жеке тұлғаны саяси әлеуметтендіру.// Саясат.-2005.- №9. 62б.
- Ә.Исаев. Қазақстан жастарын саяси әлеуметтендіру. //Саясат.-2004.- №6.58б.
- Әбдраймова.Г.Қ. Жасиар жаңарып жатқанқоғамда: кеше, бүгін, ертең. //Саясат.-2004.- №9.36б.
- Г. Нұрынбетова. Саяси қатысу мәселесі зерттеу обьектісі ретінде. //Саясат.-2004.- №12.36б.
- Г. Нұрынбетова. Саяси билікке қатысу: тарихы және эвалюциясы. //Саясат.-2004.- №4. 29б.
- Г. Нұрынбетова. Ел азаматтарының саяси қатысу ерекшеліктері. //Саясат.-2005.- №9. 49б.
- С.Мусатаев. Социализация образования в Казахстане. //Саясат.-2004.- №9. 32б.
- Г.Сарсенбекова. Образование и воспитание как исток формирование личности. //Саясат.-2004.- №9. 24б.
Нормативті әдебиет:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы.-Алматы: Қазақстан, 1998.-96;
- Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі. — Алматы: Жеті жарғы, 1996.- 368 б.
- Н.Назарбаев. Қазақстан — 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. — Алматы:Білім, 1998. — 96 б .
- Халыктың рухани — мәдени дамуы —Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтудың негізі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының VII сессиясында сөйлеген сөзінен // Егемен Қазақстан.- 2000 ж.- 16 желтоқсан
Зерттеу жұмыстар:
- Уранхаева Г.Т. Проблема социально-политической активности студенческой молодежи Республики Казахстан (социально-философский анализ). Дис. канд. философских наук.-Алматы, 1993.-127 с.
- Калдыбаева Т.Ж. Социальная роль детских дошкольных учреждений в современном Казахстане, Дис. д-ра соц. наук.-Алматы, 1994.- 281 с;
- Әбдірайымов Е.Б. Оқу-тәрбие процесіндегі студенттердің саяси бағдарларының қалыптасу ерекшеліктері. Саяси ғылым. канд. дисерт. авторефераты-Алматы,2000.- 28 с;
- Касабеков С.А. Политическое становление человека (теоретико-политологический аспект). Дис. канд. полит. наук.- Алматы, 1996.-141 с;
- Бигожанов Т.К. Политические аспекты формирования у молодежи культуры межнационального общения в Республике Казахстан. Дис. канд. полит. наук. -Алматы, 1998.-128 с.
- АбдикероваГ.О.Социологический анализ проблемы политической социализации личности.Дис.канд.соц. наук. -Алматы,1997.-135 с;
- СабироваР.Ш.Исследованиединамики самосознание личности студентов современного вуза. Дис.канд.соц.наук.-Алматы,1999.-153с;