АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Саяси процестерді жүзеге асыру барысындағы саяси лидердің ролі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті    

Философия  және саясаттану факультеті

Саясаттану кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

 

Саяси процестерді жүзеге асыру барысындағы саяси лидердің ролі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………..

 

  1. САЯСИ ЛИДЕРЛІКТІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
    • Саяси лидерліктің табиғаты мен мәні…………………………………………..…
    • Саяси лидерлік феноменін зерттеудегі ұғымдық-тарихи негіздер……
    • Саяси лидердің қазіргі түсініктемесі: теориялық аспектілер……..…..

 

  1. САЯСИ ПРОЦЕСТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫНДАҒЫ САЯСИ ЛИДЕРДІҢ РОЛІ (ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МЫСАЛЫНДА)

2.1 Мемлекеттік органдар дамуындағы президенттің ролі…………………….

2.2  Мемлекет басшысының Конституциямен белгіленген мәртебесі……

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………….

СІЛТЕМЕЛЕР…………………………………………………………………………….……

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ…………………………………………

ҚОСЫМША…………………………………………………………………………………..…

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Бітіру жұмыстың тақырып өзектілігі. Тарихтың әр кезеңіндегі қоғамда орын алған басшылар мен лидерлердің іс-әрекеттерін қарастыру, олардың ғасырлар бойы зерттелген және оның ары қарай дамуына көптеген теориялар ұсынылды. Жалпы адамзат өркениетінің даму кезеңдерінің барлығында, тіпті алғашқы қауымдық құрылыстан бастап, қоғамның өмір сүріп өзін одан әрі дамытуды ұйымдастыруына ықпал ететін, себебін тигізетін ерекше адамдардың индивидуалды қасиеттері әрдайым айқын көрініп отырды. Дара элементтерді бірлік жүйесіне реттеудің және оның іс-әрекетін анық белгілеудің міндетін өзінің ұйымдастырушылық қасиеті бар, оған қоса өзімен бірге белгілі бір топты ертіп жүре алатын қасиеті бар адам құрастыра біледі. Ортақ мүдделерді көздеп, оларға жету үшін алға қойылған мақсат-міндеттер шеңберінде белгілі бір топтың, одақтардың шешім қабылдау құқықтарын жүзеге асыратын  — лидер.

Бәрімізге белгілі тарихтағы маңызды рольге дара тұлғалар емес, халықтық бұқара ие. Қоғам өмірі мен тарихтың мәні өз мүддесін көздеп, сол мақсатын жүзеге асыруға талпынған іс-әрекетшіл азаматтардан тұрады.  Дегенмен, сол бұқара халықтың белгілі бөлшегі әлемге ерекше көзқараспен қарап, өз мүдделері мен өзге азаматтардың мүдделерімен санасып, олардың сәйкестіктері мен ерекшеліктері туралы ойлана бастағанда, қоғамда партиялар өмір сүруінің алғышарттары пайда болады. Осындай кездерде қоғам шеңберіндегі адамдардың мүдде-мақсаттары мен мемлекетті дамытатын бағыт-бағдарларды сәйкестендіріп, ортақ саясат жүргізетін азаматтар пайда болмағанда, айтылып кеткен жағдайлар жиі орын алып, мемлекеттің саяси тұрақсыздығына әкелуші еді. Бұл тұжырымдама лидерліктің қайнар көзін анықтайды.

Біз ұлттық саяси лидерлердің сыртқы саясат шеңберіндегі іс-әрекеттерін зерттеуді қарастыра келе лидерліктің еселеніп отырғандығын байқаймыз. Егер ол лидерлер толық изоляционизм позициясын ұстанбаған жағдайда олар өз конституенттары мен басқа ұлт өкілдер басқарушыларының және халықаралық ұйымдар арасында делдал қызметін атқаруға тиісті. Р.Патнэм айтып өткендей, мұндай саяси лидерлер қос ойынның қатысушылары немесе ойыншылары болып саналады – ішкі саясат және дипломатия деңгейінде. Дипломатиялық деңгейдегі келіссөздер мен сұхбаттардың жүзеге асулары және олардың нәтижелері ішкі саясат деңгейіндегі қолдауды қажет етеді, ал конституенттер мен сайлаушылардың қажеттіліктері мен мақсат-мүдделерін дипломатиялық деңгейдегі сұхбаттар мен келіссөздер анықтайды. Саяси қайраткерлер бір деңгейдегі жағдайды келесі деңгейдегі жағдайға нәтижелі, тиімді пайдалану үшін өте көп еңбек етеді.[10]

Зерттеу объектісі – тақырыптың ерекшелігі қоғамдағы индивидтің саяси лидерлік сипаты, саяси лидер, саяси элиталар, саяси басшылық және мемлекеттік билік нысандары болып табылады. Тақырыптың маңыздылығы тәуелсіз Қазақстанның егемендік жылдардағы саяси лидердің қалыптасуы,

 

қоғамдық ақпараттық-технологияның дамуы, қазіргі саясаттағы ғылыми техникалық прогрестің адамзаттың өмір сүруіне қажеттілігін жаңа реформаларға бейімдеу.

Тақырыптың зерттелу пәні — саяси лидерліктің теориялық және тәжірибелік негіздерін зерттеу.

Тақырыптың мақсаты мен міндеті — жалпы саяси лидерліктің саяси процестердегі алатын орнын белгілеу мақсатында қалыптасқан теориялық-әдістемелік және тәжірибе жүзіндегі негіздерінің мәнін ашу, саяси лидердің жалпы қоғамдағы маңызы және оның Қазақстан мысалында жүзеге асу ерекшеліктерін айқындау.

Лидерлік реттеушілік пен құрылымдық процестерінде түзетуді қажет ететін күрделі құрылымдық жүйелердің белгілі талаптарына сай негізде құрылады, ал ол өз негізінде қоғамдық ағзаның өмір сүруін қамтамасыз етеді. Бұл белгілі иерархиялық пирамидалық құрылым ұйымдары арқылы жүзеге асатын басқарушылық іс-әрекетін бөліп шығару жолымен дамиды. Мұндай «пирамиданың» төбесі — лидердің орны.

Лидерлік – көпдеңгейлік ұғым. Оның басқаруын қарастырғанда ең алдымен назарды лидердің өз сипатына, екіншіден оның сайлаушылары мен конституенттерінің қасиеттеріне, барлық саяси субъектілеріне аудару керек. Үшішіден, лидер мен оның конституенттерінің арасындағы байланыстарға, сонымен қатар төртіншіден, сол лидерлікпен басқарылып жатқан шеңберді (контекст)немесе белгілі жағдайды назарда ұстау қажет. Бұл төрт жағдай лидерліктің төрт бейнесінде көрінісін табады(images): ту ұстаушы(ұлы адам), қызметкер, саудагер және өрт сөндіруші.

Халықаралық байланыс шеңберінде саяси лидерлік қалай көрінеді(relationships) халықаралық қатынастардан өзгеше олар Г.Сондерспен қалай зерттеледі?(relations) Мақсаты осындай байланыстарды қалыптастыру және дамыту болған жағдайда не болады? Мұнда саяси ойынның деңгейлеріне тағы екеуі қосылады. Лидер өзінің назарын тек өзінің сайлаушылары мен басқа елдердің басқарушыларына ғана аудармауы тиіс, сонымен қатар басқа елдегі конституенттердің ықпалды көпшілігінің қажеттіліктері мен түсініктеріне, үміттеріне өте сақ әрекет етуі керек, және де оның белгілі байланысы(relationships), бір елдің лидерімен қалайша халықаралық саясат пен бүкіл мемлекетаралық қатынастар жүйесінде(foreign relations) жүзеге асатындығына назар аударуы қажет.[8]

Осы мақсатқа жету үшін, яғни лидерліктің саяси процестерге қатысуын теориялық негізінде зерттеу үшін, тақырыпты қажетті көлемде ашу үшін өзімнің алдыма мен мынадай міндеттер қойдым:

  • Жалпы лидерліктің мәні мен мағынасын ашу, оның саяси табиғатын белгілеу;
  • Саяси лидерлікті зерттеудегі ұғымдық-тарихи негіздеріне қысқаша шолу жасау (тарихтың әрбір кезеңіндегі ғұламалардың, би-шешендердің, зиялы ғалымдарының айтқан теориялары);
  • Саяси лидерлердің қазіргі түсініктемесі, саяси лидердің халықаралық шеңберде және мемлекеттің ішіндегі саяси процестердің, халықаралық қатынастардың ішінде алатын орнын қарастыру;
  • Мемлекеттік органдар дамуындағы президенттің ролін терең қарастыру (1991 жылдан бері қарай тәуелсіз Қазақстанның саяси құрылымындағы мемлекет деңгейіндегі лидердің маңызы);
  • Елдің саяси-әлеуметтік реформаларының дамуымен байланысты Конституция белгілейтін мемлекет басшысының мәртебесіне салыстырмалы талдау жасау;
  • Лидердің саяси міндетін атқару процесі барысындағы мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты кеңейту шараларына түсініктеме беру;

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Саяси лидерлік мәселесі философтар мен ойшылдардың көзқарастарын көптеген ғасырлар бойы қызықтырды. Антика дәуірінде саяси танымдар философиялық-этикалық турде болды, оның көмегімен  ежелгі грек ойшылдары өз заманының ақиқаттарын жеткізіп отырды. Олар гуманизм (адами қасиеттер) мен мораль туралы өздерінің идеалды нормаларын қалыптастырды, әділеттілік пен түсіністік заңдарына сәйкестендіріп мемлекеттік құрылымның идеалды модельдерін іздеді. Осылай, Платон бойынша идеалды мемлекетте билік шынайы білімі бар және бейбіт өмірді негіздеуші философтардың  қолында болуы керек.[2]

Саяси танымның белгіленуінің келесі кезеңі Ортағасырларға келеді, мұндағы ерекшеліктердің біреуі – қоршаған ортаны қарастырудағы діни көзқарастардың басым болуы. Ортағасырлық дүниетанымдардағы басым көпшілігі табиғаттағы және қоғамдық-жеке өмірдегі құдайдың маңызды ролін тану болып саналады. Жоғарыда айлылған сөздерден мынадай нәтиже шығады: билік құдайдың дегенінің жүзеге асуы, ал мемлекеттік билікке бағыну христиандық мораль талаптарының біреуі болып саналады. Мемлекеттік билік ққұдайдан шыққан деген идеяның негізін салушылардың бірі – христиандық ойшыл Фома Аквинский. Оның ойынша, тек кең пейілді және әділетті монархтың ғана билігі мемлекетте жердегі құдай билігінің шынайы көрінісінде болады.[2]

Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ойдың айқын көрісін көрсеткендердің бірі мемлекеттік қайраткер, тарихшы және ақын  Николло Макиавелли    болды. Саясаттың ғылымға айналуының біріншілігі де оның сіңірген еңбегі. Н.Макиавеллидің негізгі сіңірген еңбегі болып ол ұсынған саяси реализм қағидасы саналады, онда ой қорытындыланған белгілі жоспардан, адамгершіліктен бас тарту, саясатта шынайы талаптардың есепке алынуы, тәжірибелік мүдделердің саяси іс-әрекеттеріне бағыну сынды шаралар орын алады.[2]

Бір билеуші еріктің басқаруының тағы бір идеологы абсолютизмнің француздық өкілі, саяси ойшыл және заңгер Жан Боден болды. Ол өз  заманның маңызды ашуларының бірі – егемендік теориясының негізін салушысы болды, оның мәні – біржақты және біртекті билеу, саяси  одақтардағы  жоғарғы, абсолюттік және тұрақты билік.[3]

Жаңа заман дәуірі тарихи кезеңінде саясат пен мемлекеттің мәселесін қарастыруда ең айқын идеялар – жаратылыстық табиғи құқықтар мен қоғамдық  келісім теориялары болды. Қоғамдық құқықтың теориясын ағылшындық философ Томас Гоббс қарастырды.[3]

Саяси ойдың дамуының келесі кезеңі ағылшындық публицист, тарихшы және философ Томас Карлейль мен оның салған жолын жалғастырушы американдық философ, эссеист және ақын Ральф Уолдо Эмерсон сынды ғалымдардың  лидерлікті зерттеудің валюнтаристік теориясы бейнесінде көрініс тапты.[8]

Бұл ойлар Фридрих Ницшенің «жоғарғы адам» идеологиясында да қарастырылады.[3]

Лидерлікті түсінудегі көлденеңді батыстық әлеуметтанудың психологиялық бағытының негізін салушылардың бірі француз әлеуметтанушысы Габриэль Тард кеңейтті.[8]

Саяси лидерліктің типологияларын қарастыруда өзінің елеулі зор үлесін неміс социологы, философы және тархшысы Макс Вебер қосты. Оның «идеалды түр» теориясы лидерлерді авторитет көзіне байланысты жіктеу негізінде қалыптасты.[3]

Ары қарай саяси лидерлік мәселесінің зерттеулері итальяндық Гаэтано Моска, Вильфредо Парето және австриялық Р.Михельс негіздерін салған саяси элита теориясының шеңберінде көрініс табады.[8]

Саяси лидерліктің пайда болу мәселесінің толық мазмұнды және қамтулы еңбектерінің бірі болып француз сасаттанушысы Ж.Блондельдің зерттеулерінде кеңінен қарастырылды.[1]

Кеңес дәуіріндегі саясаттанудың даму тарихы, философия, мемлекет пен құқық теориясы секілді пәндер шеңберінде жүзеге асты. Саяси процестердің экономикалық дамумен бірігуі көрініс табатын маркс-лениндік қағидасындағы басым идеологиясының орын алуы қоғамның дамуында саяси лидерлердің ролін тусінуді шектеуге алып келді. Унитарлы идеологияға тән таптық біртектілік лидерлердің жалпы адамзаттық бастамасының оңтайлы ерекшеліктерін толықтай меңгеруге мұрша бермеді, өйткені ол кезде тарихтың негізгі әрекет етуші субъектісі болып халықтық бұқара саналды.

Елдегі идеологиялық күштердің әлсізденуі кезінде, 1990 жылдары толық емес ғылыми еңбек деп саналатын жұмыстар пайда болады. Бос кеңістік туғызған орындарды басу және өз заманындағы сұрауларға жауап іздеу жұмыстары, яғни зерттеулердің бұл мүмкіндіктері сол кездегі ірі саяси тұлғалардың өмірлік шығармашылықтарын қарастыруға арналды: Ленин, Сталин, Хрущев, Брежнев және т.с.с олардың қоршаған орталары туралы 1990 жылдары лидерліктің саяси мәселелерін қарастыратын бірнеше теориялық өңдеу жұмыстары пайда болды.[10]

Отандық тарихта мемлекеттің алдыңғы қатарлы тұлғалардың орны туралы сөз қозғаған қазақ ойшылы, саяхатшы,Орта Азия халықтарының мәдениеті мен тарихын зерттеуші Шоқан Уалиханов болды.[9]

Қазақтың ақын-ағартушысы Абай Құнанбаев философиялық-этикалық «Қара сөздерінде» өз елі үшін еңбек ететін лидердің қажет екендігін айтады, тек сондай қайраткер ғана мемлекетіне жақсылық жасауға қабілетті.[9]

Қазақтардың тарихы бойынша ең алғашқы зерттеу еңбегі болып қазақ интеллегенциясының көрнекті өкілі, Қоқан автономиясының тұңғыш премьер-министрі, тарихшы Мұхамеджан Тынышбаевтың «Қырғыз-қазақ халықтардың тарихы бойынша материалдар» атты еңбегі саналады. Автор «қазақ елі» деген ұғымды құрастырушы тайпалар мен рулардың пайда болуы және дамуларын кең қарастырады, оны терең бейнелейді.[9]

Біздің еліміздің саяси ойдың дамуының жаңа кезеңі қабылданбалы динамикамен белгіленеді. «Халық интеллегенциясы» ұғымының қалыптасуы мен дамуын ашық көрсетудің тұңғыш амалын Тұрар Рысқұлов, Ахмет Байтұрсынов, Смағұл Садуақасов, С.Қожановтың драмалық тағдырларының

мысалында қоғамдағы алдыңғы позиция ретінде қарастыруға «Болашақ үшін өткен туралы» атты мақалалар жинағының авторлары тырысты. «Мемлекеттің алдыңғы қатарлы тұлғалары: саяси портреттер» атты еңбектердің авторлары өздерінің мақсаттары етіп мемлекеттік қайраткерлерді Керей мен Жәнібек хандардан – тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаевке дейін тұлғалардың әрекеттерін талдауды қойды. Президентіміздің егемен Қазақстанның қалыптасуына қосқан үлесі  мен тәуелсіздік тұсындағы орны туралы ойларын айтуға болады.[9]

Диссертациялық зерттеулердің бірнешесі саяси лидерліктің әртүрлі аспектілерінен қарастыруға арналған: тоталитарлық қоғам жағдайында саяси әлеуметтанудың механизмдерін жалпы түсінудің тереңдігі; синергетика және сыни-әдістемелік рационализмдік сипатқа негізделген лидерлік феноменін зерттеулердің жаңа теориялық-әдістемелік негіздер ұсынылады; Б.Т.Көппаеваның «Қазақстандағы саяси лидерлік. Тарихи талдау тәжірибесі» еңбегінде кеңестік Қазақстандағы ірі саяси тұлғалар – Ж.Шаяхметов пен Д.А.Қонаев сияқты қоғам қайраткерлеріне баға беріледі. Отандық саясаттанудағы персоналия мәселелерін З.С.Гаипов «Бұйрықтық-әкімшілік жүйедегі тұлға: Т.Т.Тәжібаев – педегог, ойшыл, саясаткер» атты диссертациялық жұмыста қарастырды. Мұнда бұйрықтық-әкімшілік жүйедегі тұлғаның мәні мен ролі туралы мәселелер мемлекеттік іс-әрекет және оның өзінділігі, «жоғарылық» қысымға қарсыласу мүмкіндігі призмасынан өтеді.[11]

Жалпы бітіру жұмыстың көлемі – 57 бет, ал мазмұны кіріспе, екі негізгі бөлімнен, қорытынды, сілтемелер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

  1. Саяси лидерлікті зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері

 

1.1 Саяси лидерліктің табиғаты мен мәні

 

Лидерлік – көпдеңгейлік ұғым. Оның басқаруын қарастырғанда ең алдымен назарды лидердің өз сипатына, екіншіден оның сайлаушылары мен конституенттерінің қасиеттеріне, барлық саяси субъектілеріне аудару керек. Үшішіден, лидер мен оның конституенттерінің арасындағы байланыстарға, сонымен қатар төртіншіден, сол лидерлікпен басқарылып жатқан шеңберді (контекст)немесе белгілі жағдайды назарда ұстау қажет. Бұл төрт жағдай лидерліктің төрт бейнесінде көрінісін табады(images): ту ұстаушы(ұлы адам), қызметкер, саудагер және өрт сөндіруші.

Мартин Лютер Кинг бойынша, лидер — ту ұстаушыларды өздеріне тән қасиеттері ақиқатқа көзқарастарын ерекшелетеді. Оларда «арман» бар, оны шын мәнінде жүзеге асыру үшін лидер — ту ұстаушылар жиі саяси жүйені өзгертуге тырысады. Лидерліктің бұл түрін түсініп, ұғу үшін міндетті түрде  белгілі бір мақсатқа бағытталған лидердің адамдық жеке қасиеттері мен оны қоршаған бағынушыларын білу қажет. Лидер өтпелі жағдайды сипаттайды, оның жүзеге асу барысын қадағалап, саяси проблематикасын қалыптастырады(agenda)[10]

Қызметкердің бейнесін бағыныштыларының мүддесін қорғауға тырысатын лидер иемденеді. Дәл солардың мақсат-мүддесін көздеп, олардың

атынан сөйлейді, жұмыс атқарады. Тәжірибедегі мұндай түрдегі лидерлер сайлаушыларының қажеттіліктері мен сенімдерін күтумен жүреді. Сайлаушылар лидердің орталықтанған міндеті болатын тапсырмаларды дайындайды.

Саудагер – лидерлер үшін ең маңызды болып седіру немесе көндіру қасиеттері саналады. Осының арқасында оның идеялары ме жоспарлары оның конституенттары «сатып алады» және соны жүзеге асыруға тырысады(buy) Гарри Трумен айтпақшы : «Президент билігінің мәні мынада – мәселен, халықты біріктіріп және істерді еш күмәнсіз атқаратындай етіп көндіру қажет» Бұл жағдайда лидерлік лидер мен өзі қалыптастырған сайлаушыларының қарым-қатынас негізінде пайда болады. Айтылып өтілген мағыналар лидердің өзінен мүмкіндік иемденеді және өзінің саясатына қолдау табу үшін, оны жүзеге асыру үшін ынталанатын лидердің стратегиясын да иемденеді.

Лидер — өрт сөндірушілер лапылдап жанған өртті өшірумен айналысады, яғни қоршаған ортаның лидерлік конституенттеріне араласуы барысында туылған мәселелерге әрекет етеді. Мұндай лидерлер әр жағдайда пайда болған оқиғалар мен мәселелерге құлақ түреді. Моменттің қиын-қыстау талаптары олардың іс-әрекеттерін анықтайды.

Тәжірибеде көптеген лидерлер лидерліктің төрт бейнесін әр алуан тәртіпте және келісімінде пайдаланады. Әрбір белгілі момент шеңберінде лидерлер өз мақсаттарын конституенттерінің мүдделерімен сәйкестедіреді. Тиімді әрекет етуші лидерлер олардың позициялары сақтап тұратын

 

коалициялар құрады, ал олар өз кезегінде конституеттерінің қажетті талаптарын өтеуге міндетті.

Бәрімізге белгілі тарихтағы маңызды рольге дара тұлғалар емес, халықтық бұқара ие. Қоғам өмірі мен тарихтың мәні өз мүддесін көздеп, сол мақсатын жүзеге асыруға талпынған іс-әрекетшіл азаматтардан тұрады.  Дегенмен, сол бұқара халықтың белгілі бөлшегі әлемге ерекше көзқараспен қарап, өз мүдделері мен өзге азаматтардың мүдделерімен санасып, олардың сәйкестіктері мен ерекшеліктері туралы ойлана бастағанда, қоғамда партиялар өмір сүруінің алғышарттары пайда болады. Осындай кездерде қоғам шеңберіндегі адамдардың мүдде-мақсаттары мен мемлекетті дамытатын бағыт-бағдарларды сәйкестендіріп, ортақ саясат жүргізетін азаматтар пайда болмағанда, айтылып кеткен жағдайлар жиі орын алып, мемлекеттің саяси тұрақсыздығына әкелуші еді. Бұл тұжырымдама лидерліктің қайнар көзін анықтайды.

Сонымен, саяси лидерлік – бұл заң негізінде қолдау тапқан ұйымдарға, топтарға немесе қоғамдарға приоритетті ықпалы бар бір немесе бірнеше адамдардың өзара байланыстары жүретін күрделі құбылыс.Оның өзіндік сипаттамалары үш құрыламды бөліктерден тұрады:

  1. Лидердің жеке қасиеттері. Оларға мәселелерге тез сіңу немесе оларды тез сезіну, оған үйрену, өз мақсатына жетудегі бағыттарын жетік білу, өз дегенінде нақты тұру.
  2. Лидер өз басқармасындағы құралдар мен ресурстардың болуы, яғни топтардың, партиялардың, бюрократия, соттар, заң шығарушы органдар, БАҚ, сонымен қатар лидердің ісіне көмегін немесе кеселін тигізетін нәрселер.
  3. Оған әсер ететін және ол әрекет етіп жатқан немесе белгілі бір ситуация. Бұл компоненттердің маңыздылығы мынада: саяси лидерліктің ерекшеліктерін көрсететін саяси өзгерістер «лидер міндетті түрде араласатын, оған ықпал етуші уақытша және тұрақты ортаның нәтижесі ретінде суреттеледі, бейнеленеді және ары қарай дамиды.»

 Бұл құрылымдар үздіксіз симбиоз жағдайында саяси лидердің әрекетінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.[6]

 

1.2 Саяси лидерлік феноменін зерттеудегі ұғымдық-тарихи негіздер

 

Жалпы адамзат өркениетінің даму кезеңдерінің барлығында, тіпті алғашқы қауымдық құрылыстан бастап, қоғамның өмір сүріп өзін одан әрі дамытуды ұйымдастыруына ықпал ететін, себебін тигізетін ерекше адамдардың индивидуалды қасиеттері әрдайым айқын көрініп отырды. Дара элементтерді бірлік жүйесіне реттеудің және оның іс-әрекетін анық белгілеудің міндетін өзінің ұйымдастырушылық қасиеті бар, оған қоса өзімен бірге белгілі бір топты ертіп жүре алатын қасиеті бар адам құрастыра біледі. Ортақ мүдделерді көздеп, оларға жету үшін алға қойылған мақсат-міндеттер шеңберінде белгілі бір топтың, одақтардың шешім қабылдау құқықтарын жүзеге асыратын  — лидер. «Лидер» ұғымы «leader» деген ағылшын сөзінен енген, аудармасы «ертіп жүруші, жетекші» деген мағына береді, ол өзіне одақтасу қызметі мен бар топтардың іс-әрекетін ұйымдастыру қызметін қосады. Басқа адамдарға әсері мен ықпалы зор және олардың іс-әрекетін қадағалап отыратын, қоғам өмірінде доминатты орын алушы лидерлік әр тарихи кезеңде, әр салада пайда бола береді.[1]

Лидерлік реттеушілік пен құрылымдық процестерінде түзетуді қажет ететін күрделі құрылымдық жүйелердің белгілі талаптарына сай негізде құрылады, ал ол өз негізінде қоғамдық ағзаның өмір сүруін қамтамасыз етеді. Бұл белгілі иерархиялық пирамидалық құрылым ұйымдары арқылы жүзеге асатын басқарушылық іс-әрекетін бөліп шығару жолымен дамиды. Мұндай «пирамиданың» төбесі — лидердің орны.

Неғұрлым рельефті болып биліктің ерекше түрі ретіндегі лидерлік адамдар іс-әрекетінің саласында, яғни саясат атты ортада пайда болады. Егер билік – индивидуум немесе дара топтың  қоғам мүшелерінің еркілерін өзіне қаратудағы мүмкіндігі болса, онда саяси лидерлік ең алдымен, өзінің кең ауқымдылығымен, халықтың белгілі көпшілігін сапалы және ерікті түрде бағындырушылығымен, көпшіліктің жетекшісі ретінде тануға дайындығымен ерекшеленеді. «Саяси лидерлік. Жалпылама талдауға жол» атты өзінің еңбегінде Ж.Блондель саяси лидердің іс-әрекетін бөліп көрсетеді, яғни «басқаларды позитивті немесе негативті іс-әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу немесе ең ақырында ештеңе істемеулеріне ықпал жасау әрекеттері» Саяси лидерлік ортаны өзгертуге бағытталған іс-әрекеттерден тұрады және де ол лидердің жеке қасиеттері болса ғана жүзеге асады. Жоғарада айтылған себептерге байланысты ол ең қиын және жалпылау билік түрін көрсетеді.[1]

Дегенмен  колоссальді адамдардың ұйымын басқару үшін тек жеке қасиеттерге ие болу аз болады. Саяси лидерлік институциализация және формализация (ресми бекіту) ұйымдарымен тығыз байланысты. Аз топтық интеграциялық кішкене ұйымдарда үздіксіз байланыста лидер есебінде белгілі бір ұйымдастырушылық қасиеттерге ие тұлға көрінеді. Бірақ мұндай жағдайда институциализация процесі болмауы мүмкін, ол үшін ұжымдық іс-әрекеттердің тиімділігі анық функционалдық-қызметтік дифференциациясынның және олардың мамандандырылған болуы, сонымен қатар басқарудың оперативтілігі және бағынудың қатаңдығы сақталатын адамдардың ірі бірліктерінің болуы міндет.

Көптеген ізін жалғастырушылар, олардың әркелкілігі лидер мен оның конституенттерінен өзіндік механизм тарапынан білімді талап етеді. Лидер табиғи физикалық тұрғыда кез-келген адаммен ашық байланыстарға түсе бермейді, оған жалғыз өзіне бүкіл ақпараттарды игеру мүмкін емес, әр топтың мәселелерін қарастыру, оны түсіну де қиынға түседі. Бұл нормативті-аксиологиялық тәртіп өкілдерінің көлемдерімен белгіленген ұйымдардың мүшелері арасындағы биліктің тік (басқару-бағыну) және көлденең (коррелятивті бірдеңгейлік байланыстар) жүйесін еске түсіреді.[7]

Басқарудың  институциализация қызметі формальді(ресми) лидерлік ұғымында көрінеді. Ресми лидер – қалыптасқан нормативті процедуралар негізінде сайланған немесе тағайындалған әкімшілік биліктің өкілі. Мұндай лидерліктің өкілі ұйымның мүшелеріне приоритетті әсер ете келіп, белсенді түрде мемлекеттік аппараттың мүмкіндіктерін қолданады.

Бейресми(формальді емес) лидерлік топ мүшелерінің жеке қарым-қатынастарында пайда болып, ең негізі өз лидерлеріне деген сенім болатын өзара қарым-қатынастардың субъективтілігімен сипатталады. Мұндай жағдайда міндетті түрдегі саяси-құқықтық құзыреттерінің болмауына қарамастан лидердің билігі ұйым мүшелерінің авторитетінің негізінде құрылады. Лидердің авторитеті – бұл топтардың мүдделерін көздеу, оларды көрсету, олармен санаса білу және адамдардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігіне оңтайлы реакциясы; сонымен қатар оның жеке қасиеттеріне – көрсетілген ерігі, ақылы, эрудициясы, өмір сүруге құштарлығы және т.б айырмашылық қасиеттері. Ол ізін жалғастырушылардың ерікті түрдегі лидерді мойындауына, оны басқаруға құқылы лидер деп тануға әкеледі. Бейресми лидерлік жиі саяси оппозицияның пайда болуына себепкер болады. Бұл лидерліктің екі түріне сәйкестену немесе толықтыру жағдайы кезде авторитетті басқарушыда ұйымның тиімділігі артады.

Ресми және бейресми лидерлік саяси лидерлікті сипаттайтын екі факторды көрсетеді. Саясатта ресми лидерлік алдыңғы қатарлы болып келеді, себебі билікті игерудегі ресми-қызметтік статусы тек индивидуалды қасиеттерге ғана тәуелді емес(бірақ ол да қажетті нәрсе) сонымен қатар ұйымның ықпалы мен күштеріне де тәуелді. Болып жатқан  оқиғаларға жоғарғы билік құрылымдарының өкілдері ең аз белсенділікке ие болса да шешім қабылдауға өз әсерін тигізеді. Бейресми лидерлік тек қоғамдық қатынастардың субъективті-эмоционалды жақтарын ғана көрсетеді.[11]

       Саясаттануда басқарушы лидерлерді екіге бөледі. Біріншісіне – эгоцентристік түрі,ол билікті өзіне материалды және рухани құндылық көздерін игеру деп санайды(яғни байлық, престиж, танымалдық, жариялық, қоғамның ең жоғарғы таптарына қол жеткізушілік және т.с.с) немесе билікті біреудің тәуелділігінен, бағынуынан ләззат алушылық ретінде түсіну(саяси садизм)

       Лидердің екінші түрі – социоцентристік, яғни оның іс-әрекетінің ең маңызды мәні ретінде Отанына қызмет ету, өзінің алдында ешқандай эгоцентристік мақсаттарды көздемей, қоғамдық міндеттерді атқару.[5]

       Сонымен, лидерліктің пайда болу себептерін, оның мәні мен ерекшеліктерін қарастыра келіп, саяси ойдың дамуында әлеуметтік маңызды біріншіліктің ұғым теориясы қалайша пайда болғанын көруге болады.

Саяси лидерлік мәселесі философтар мен ойшылдардың көзқарастарын көптеген ғасырлар бойы қызықтырды. Антика дәуірінде саяси танымдар философиялық-этикалық турде болды, оның көмегімен  ежелгі грек ойшылдары өз заманының ақиқаттарын жеткізіп отырды. Олар гуманизм(адами қасиеттер) мен мораль туралы өздерінің идеалды нормаларын қалыптастырды, әділеттілік пен түсіністік заңдарына сәйкестендіріп мемлекеттік құрылымның идеалды модельдерін іздеді. Осылай, Платон бойынша идеалды мемлекетте билік шынайы білімі бар және бейбіт өмірді негіздеуші философтардың  қолында болуы керек. Және лидерліктің тек осындай жоғарғы планкасы ғана ортақ мүдделерді ақылмен басқаруды қамтамасыз етеді. «Мемлекетте философтардың басқаруына дейін немесе патшалар мен билердің айтуға тұрарлықтай әрі жақсы, әділетті философияға берілмесе, ол екеуі — мемлекеттік билік пен философия бір арнаға келіп құймайды: оған дейін мемлекет зұлымдық пен қауіп-қатерден құтылмайды» Антика заманының ойшылдарының философиялық-дүниетанымдық көзқарастарында лидерлік саясатта тұлғалық немесе даралық сипатқа ие. Бұл кезең философия мен этиканың, саясаттың арасындағы дисстанцияларының(шеттерінің) анық болмауымен көрінеді және саяси теорияның дамуында мотализаторлық анықтамаларға ие.[2]

Саяси танымның белгіленуінің келесі кезеңі Ортағасырларға келеді, мұндағы ерекшеліктердің біреуі – қоршаған ортаны қарастырудағы діни көзқарастардың басым болуы. Ортағасырлық дүниетанымдардағы басым көпшілігі табиғаттағы және қоғамдық-жеке өмірдегі құдайдың маңызды ролін тану болып саналады. Жоғарыда айлылған сөздерден мынадай нәтиже шығады: билік құдайдың дегенінің жүзеге асуы, ал мемлекеттік билікке бағыну христиандық мораль талаптарының біреуі болып саналады. Мемлекеттік билік құдайдан шыққан деген идеяның негізін салушылардың бірі – христиандық ойшыл Фома Аквинский. Оның ойынша, тек кең пейілді және әділетті монархтың ғана билігі мемлекетте жердегі құдай билігінің шынайы көрінісінде болады. Тек осындай лидер өзінің міндеттерін бұлжытпай орындауға қабілетті – тұрғылықты азаматтардың қажеттіліктерін өтеп, бейбітшілікті сақтайды және барлығының жақсы өмір сүруін қамтамасыз етеді.[2]

Батысевропалық ортағасырлық саяси ой қоғамдық-саяси құрылымының түсініктемесі құдайшылдық болатын христиан моралінда дамыды. Христиан дінінің канондары мемлекеттік білім негізінде жаңа сипаттағы қағидаларды ойлап тапты, яғни басқарушылардың жауапкершілігі, заңның әділеттілігі, ортақ мүддені қамтамасыз ету.

Нарықтық қатынсатардың дамуы барысында саясат пен құқықты түсіндірудің діни-теократикалық сипаттамаларына өзгеріс еніп, оның орнын Қайта өрлеу дәуірі деп аталатын жаңа тарихи кезең ауыстырды. Бұл кезең әлемді теоцентристік қабылдаудан антропоцентристік қабылдауға өтумен сипатталады. Реннесанс дәуірі тарихта діннің орны доминантты емес, яғни аз мөлшердегі тарих кезеңін қамтиды. Алдыңғы қатарда адамның бейбіт өміріне, оның жердегі бақытының талпынысы деген идеялардың теориялары тұрады. Саяси ойды дамыту да көптеген өзгерістерге ұшырады. Саяси процестерді теологиялық, діни-этикалық түсіндірудің орнын адам қажеттіліктерін рационалды-сыни түсініктемелер басты. Мемлекет пенқұқықтың жаңа қағидалары саяси тәжірибенің  талдауына сүйеніп, бар саяси қатынастарды кең игеріп, оның табиғатын түсіндірумен айналысады.

Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ойдың айқын көрісін көрсеткендердің бірі мемлекеттік қайраткер, тарихшы және ақын  Николло Макиавелли    болды. Саясаттың ғылымға айналуының біріншілігі де оның сіңірген еңбегі. Н.Макиавеллидің негізгі сіңірген еңбегі болып ол ұсынған саяси реализм қағидасы саналады, онда ой қорытындыланған белгілі жоспардан, адамгершіліктен бас тарту, саясатта шынайы талаптардың есепке алынуы, тәжірибелік мүдделердің саяси іс-әрекеттеріне бағыну сынды шаралар орын алады. Оның ойынша, саясат моральдық қағидаларға негізделмеуі керек, ол елгілі мақсаттарға жетуге баынуы қажет. Саяси мақсаттарды таңдау жағдайларға негізделеді, сондықтан да мақсаттарға жетудегі құралдар моральді қағидаларға емес, жағдайлар мен басқарушылардың мүмкіндіктеріне сәйкестенуі керек. Мемлекеттік қайраткерлердің жеке қасиеттерін назардан шығармай Макиавелли мынаны анық түсіндіреді: тек талант пен шексіз энергия иелері ғана жағдайларға төтеп бере алады. Макиавелли қағидасының ең негізгі леймотиві – қоғамның барлық таптарын қосып, қоғамдық тәртіпті қолдау және өз мемлекетін сақтап қалу үшін әр түрлі құрал-жабдықтарды пайдаланатын берік саяси биліктің символы ретіндегі лидер.[2]

Бір билеуші еріктің басқаруының тағы бір идеологы абсолютизмнің француздық өкілі, саяси ойшыл және заңгер Жан Боден болды. Ол өз  заманның маңызды ашуларының бірі – егемендік теориясының негізін салушысы болды, оның мәні – біржақты және біртекті билеу, саяси  одақтардағы  жоғарғы, абсолюттік және тұрақты билік. Мемлекеттік биліктің ең басты сипаты ретінде Ж.Боден оның әрдайым басшылыққа ие және бар басшылықтардан да биік тұратындығын қарастырды. Егемендік халыққа емес, монарх иелігінде болады. Және де монарх, Боден бойынша, «құқық пен заң көзі» болып саналады. Мемлекеттің жоғарғы лидерінің міндеттері елдің монолитті саяси біртұтастығын қалыптастыру мен орталықтанбау, бөлшектенуге қарсы тұру әрекеттерінде бірігеді.[3]

Жаңа заман дәуірі тарихи кезеңінде саясат пен мемлекеттің мәселесін қарастыруда ең айқын идеялар – жаратылыстық табиғи құқықтар мен қоғамдық  келісім теориялары болды. Қоғамдық құқықтың теориясын ағылшындық философ Томас Гоббс қарастырды. Бұл қағиданың негізгі жағдайлары мемлекеттің пайда болуын құдай еркінің көрінісі ретінде емес, саналы түрде қоғамда биліктің ерекше жүйесін қалыптастырып және оған бағынуды міндет еткендігін қарастыруға мүмкіндік береді. Гоббс мықты абсолюттік мемлекеттік билікті жақтайды, өйткені оның ойынша, тек ол ғана  адамдардың «жаратылыстық табиғи жағдайларының» қалдықтарын жоюға қабілетті және «бәрінің бәріне қарсы соғысын» тудырады. «Егемен» бейнесінде мықты саяси биліктің қажеттілігі тұрақты мемлекет қалыптасуының алғы шарты ретінде көрінеді.[3]

Осылайша, адамзат өркениеті дамуының тағы бір кезеңі, Жаңа заман дәуірі адамның ақыл-ойына, оның мемлекеттік билік жүйесін қалыптастыру мүмкіндіктеріне негізделген мемлекеттің пайда болуының жаңаша қағидаларын ұсынды. Бұл кезеңнің әйгілі ойшылдары саясатқа ғылыми қызығушылығының өрісін кеңейтіп, саяси саланы адамдардың өмірлік шығармашылықтарының ерекше түрі ретінде қарастыруға ары қарай септіктерін тигізді.

Саяси ойдың дамуының келесі кезеңі ағылшындық публицист, тарихшы және философ Томас Карлейль мен оның салған жолын жалғастырушы американдық философ, эссеист және ақын Ральф Уолдо Эмерсон сынды ғалымдардың  лидерлікті зерттеудің валюнтаристік теориясы бейнесінде көрініс тапты. Бұл  философиялық ағымның негізгі идеясы «орташа бұқараның» басындағы саяси процестердің рухани қайраткерлердің  «кейіпкерлер культі» ұғымымен тығыз байланысты.[8]

Бұл ойлар Фридрих Ницшенің «жоғарғы адам» идеологиясында да қарастырылады. Неміс философы адамзатты тек өз мақсаттары мен үлгілеріне жетудегі құрал ретінде санайтын биологиялық жоғарғы түр – индивидуумның қажеттілігін түсінуге тырысты. «Адамзаттың бірден-бір міндеті болып ұлы адамдарды дүниеге әкелу саналады, және осы қайылған мақсатты іс жүзіне асыруы үшін күндіз-түні жаппай еңбек етуі керек» деп санайды ол. «Ұлы» адам — моральдің ешқандай нормаларымен байланыспаған, «жақсылық» пен «зұлымдық» ұғымдарының арасында тұратын, қарапайым адамдарды бағындыратын, адам-лидердің алғы шарты болатын әдемі де қатты, батыл, ержүрек тұлғаның барлық керемет қасиеттерінің бірігуі. Ницше бойынша, құндылық – бұл адам өзіне биліктің игере алатын ең жоғарғы, ең көп саны.[3]

Лидерлікті түсінудегі көлденеңді батыстық әлеуметтанудың психологиялық бағытының негізін салушылардың бірі француз әлеуметтанушысы Габриэль Тард кеңейтті. Оның саяси лидерлік теориясының дамуына қосқан үлесі «шығарма немесе туынды» және «еліктеу» сияқты категориялардың ашылуында орын алды. «Туынды» — белгілі тұлғалардың іс-әрекетінің нәтижесі ретінде көрінетін әлеуметтік прогрестің жалғыз көзі. Адамдардың көпшілігі өзіндік  әлеуметтік шығармамен айналысуға бәрі қабілетті емес. Әлеуметтік өмірдің негізгі заңы болып «еліктеу» яғни лидер қарамағындағылардың өз лидерлеріне еліктеулері саналады, осының арқасында топтық және қоғамдық нормалармен құндылықтар пайда болады.[8]

Саяси лидерліктің типологияларын қарастыруда өзінің елеулі зор үлесін неміс социологы, философы және тархшысы Макс Вебер қосты. Оның «идеалды түр» теориясы лидерлерді авторитет көзіне байланысты жіктеу негізінде қалыптасты. М.Вебер лидерліктің үш түрін ұсынды: 1) дәстүрлік, мұнда лидерлік құқығы қоғамда орын алған салт-дәстүрлерге негізделеді; 2) рационалды-ресми лидерлік, қарастырылатын қоғамдағы заңды процедуралардың ресми бекітілуі жағдайында ғана пайда болады; Лидер билік құзыреттерін салт-дәстүр мен ерекше жеке қасиеттерінің күшінен емес, жүйәнің біртұтастығы тұрғысынан қарастырғандағы рационалды белгілі мемлекеттік қызмет өкілі күшінен иеленеді. М.Вебер лидерліктің дәл осы түріне ерекше назар аударады, себебі оның ойынша, лидерліктің дәл осы түрі рационалдық қазіргі заманғы европалық мәдениеттің анықтаушы сипаты болып табылады; 3) саяси лидерлік теориясының үшінші түріне харизматикалық түр жатады, ол лидердің жоғарғы мүмкіндіктерінің, яғни оның тұлғалық культінің, қасиеттерінің сенімдеріне негізделеді және ол эмоционалды сипатқа ие. Харизматикалық лидер революциялық роль атқарады, себебі ол қоғамда белгіленген шектен тыс саяси инициативаларымен алаңға шығады. М.Вебердің саяси лидерлікті зерттеудегі теориясына қосқан үлесі болып саяси билік легитимдігінің әлеуметтік қағидасын қалыптастыруы саналды.[3]

Осылайша, саяси ойдың дамуына XIX ғасыр аяғы-XX ғасырдың бас кезеңіндегі әлеуметтік теориялар ықпал етті. Қазіргі саяси ғылым үшін әлеуметтанудың маңызы болып саясат туралы танымды айқынырақ көрсету мен тәжірибелік шешімдер үшін қол жеткізу саналады.

Ары қарай саяси лидерлік мәселесінің зерттеулері итальяндық Гаэтано Моска, Вильфредо Парето және австриялық Р.Михельс негіздерін салған саяси элита теориясының шеңберінде көрініс табады. Заңгер, әлеуметтанушы Г.Моска саяси элитаның қалыптасу мәселесін талдай келе, мынадай қорытындыға келеді: элитаның құрамына ену үшін тек адамдарды басқара білу қабілеті ғана емес, сонымен қатар материалдық-моральдық және ақыл-ой, жоғарғы білім қасиеттерге ие болуы қажет. «Саяси ғылым негіздері» атты еңбегінде Г.Моска әр қоғамның мызғымас заңын, яғни басқарушылар мен бағынушылар болып екі тапқа бөлінуді ерекше қарастырады.

Экономист және әлеуметтанушы В.Парето өз қағидасын ойлап тапты және ол қағида бойынша, тәртіп пен білім нәтижесінде пайда болған әлеуметтік және жеке қасиеттермен көзге көрінген таңдамалы азшылық қоғамды басқарады. Оның басқарушы элита түрлерінің «түлкі» мен «арыстан» сынды ауысу теориясы саяси лидерліктің мәнін, оның қоршаған ортасымен мызғымастығын анықтауға көмектеседі.

Экономист және әлеуметтанушы Р.Михельс «олигархиялық тенденцияның темір заңын» «ашты» және ол теория бойынша демократиялық құрылыстан қоғамның олигархизациясына өту заңдылықтары көрсетіледі. Р.Михельс мынадай қорытынды жасайды: қоғамдық ұйымдар элитарлықты, яғни приоритетті ұйымдық қасиеттерге ие тамаша адамдардың бөлінуін қажет етеді.

Бұл ойшыл-саясаттанушылардың сіңірген еңбектері болып олардың лидерлерге тән сипаттамаларды толық түсіндірулері және олардың шыққан тектері мен элиталық топқа жатқызу процестері табылады. Жалпы алғанда,

 

Г.Моска, В.Парето, Р.Михельстің еңбектері элита мен лидерлікті саяси таным шеңберінде теориялық және эмпирикалық зерттеуді ары қарай дамытуға, оны кең ауқымда қамтуға өздерінің зор елеулі үлестерін қосты.[8]

Саяси лидерліктің пайда болу мәселесінің толық мазмұнды және қамтулы еңбектерінің бірі болып француз сасаттанушысы Ж.Блондельдің зерттеулерінде кеңінен қарастырылды. Эмпирикалық материалдарды жалпылай келе (Лассуэл, Стогдилл, Бэсс) ол жеке қасиеттердің талдауына және оның саяси лидердің түрінің қалыптасуына әсерінің талдауына кең ұғымдық шолу жасайды. Дәстүрлік әлеуметтік қабылдаулардағы «индивидуалистік» сипатқа ие әдістерді біріктіріп, саясаттанушы лидерліктің тиімділігіне тұлғаның әсер етуінің жүйелік талдауын негізге алады. Лидердің әлеуметтік шығу ортасы, оның білімі мен айналысатын істері сынды факторларды сынап бағалау үшін ол лидердің өмірбаянын көпжақты қамту көзделді. Ж.Блондель мынадай қорытындыға келеді: лидерлік адам табиғаты мен оның аспектісінің барлығымен де тығыз байланыста болады, бірақ приоритетті қасиеттер ретінде ақыл-ой, білім, ерік және сөзінен қайтпаушылық сияқты ерекше сипаттарға ие нәрселерді таниды. Лидерлер – бұлар «өз мақсаттарына өте берік бағытталған адамдар» Ж.Блондель лидер өзінің басқаруында орын алатын «құралдарды» және өзі әрекет ететін ситуацияларды зерттеуге ерекше назар аударады деп санайды. Бұл мәселенің терең зерттелуіне қарамастан, Ж.Блондель саяси ғылымның осы бөлімді одан ары кең қарастыруда бірнеше сұрақтарды реттеп қойды.[1]

Кеңес дәуіріндегі саясаттанудың даму тарихы, философия, мемлекет пен құқық теориясы секілді пәндер шеңберінде жүзеге асты. Саяси процестердің экономикалық дамумен бірігуі көрініс табатын маркс-лениндік қағидасындағы басым идеологиясының орын алуы қоғамның дамуында саяси лидерлердің ролін тусінуді шектеуге алып келді. Унитарлы идеологияға тән таптық біртектілік лидерлердің жалпы адамзаттық бастамасының оңтайлы ерекшеліктерін толықтай меңгеруге мұрша бермеді, өйткені ол кезде тарихтың негізгі әрекет етуші субъектісі болып халықтық бұқара саналды.

Елдегі идеологиялық күштердің әлсізденуі кезінде, 1990 жылдары толық емес ғылыми еңбек деп саналатын жұмыстар пайда болады. Бос кеңістік туғызған орындарды басу және өз заманындағы сұрауларға жауап іздеу жұмыстары, яғни зерттеулердің бұл мүмкіндіктері сол кездегі ірі саяси тұлғалардың өмірлік шығармашылықтарын қарастыруға арналды: Ленин, Сталин, Хрущев, Брежнев және т.с.с олардың қоршаған орталары туралы 1990 жылдары лидерліктің саяси мәселелерін қарастыратын бірнеше теориялық өңдеу жұмыстары пайда болды. Зерттелетін мәселелерінің сұрақтар мазмұны өте кең : лидер авторитетінің философиялық түсінуден бір білгілі тұлғаның басқару тәртібіне дейін.[9]

Отандық тарихта мемлекеттің алдыңғы қатарлы тұлғалардың орны туралы сөз қозғаған қазақ ойшылы, саяхатшы,Орта Азия халықтарының мәдениеті мен тарихын зерттеуші Шоқан Уалиханов болды. Абылай ханның өмірін зерттей келе, оған өзінің атына сай болуға көмектескен «Абылайдың өзінің жеке қасиеттері» деп көрсетеді. «Ол халықтың алдында беделге ие

 

бола білді және ол бедел мистикалық сипатта болды. Абылай ханның мықты жеке билігі қазақ жеріндегі рулар мен тайпалардың қоғамдық келісімі мен теориялық бірлестігін сақтауға ықпал етті»[9]

Қазақтың ақын-ағартушысы Абай Құнанбаев философиялық-этикалық «Қара сөздерінде» өз елі үшін еңбек ететін лидердің қажет екендігін айтады, тек сондай қайраткер ғана мемлекетіне жақсылық жасауға қабілетті.

Қазақтардың тарихы бойынша ең алғашқы зерттеу еңбегі болып қазақ интеллегенциясының көрнекті өкілі, Қоқан автономиясының тұңғыш премьер-министрі, тарихшы Мұхамеджан Тынышбаевтың «Қырғыз-қазақ халықтардың тарихы бойынша материалдар» атты еңбегі саналады. Автор «қазақ елі» деген ұғымды құрастырушы тайпалар мен рулардың пайда болуы және дамуларын кең қарастырады, оны терең бейнелейді. Хандардың іс-әрекетіне ерекше тоқталып, М.Тынышбаев олардың саясатындағы ұлттық мемлекеттік пен халық бірлігінің өрістуіне негізделетін бағыттарын бөліп көрсетеді.[9]

Біздің еліміздің саяси ойдың дамуының жаңа кезеңі қабылданбалы динамикамен белгіленеді. «Халық интеллегенциясы» ұғымының қалыптасуы мен дамуын ашық көрсетудің тұңғыш амалын Тұрар Рысқұлов, Ахмет Байтұрсынов, Смағұл Садуақасов, С.Қожановтың драмалық тағдырларының мысалында қоғамдағы алдыңғы позиция ретінде қарастыруға «Болашақ үшін өткен туралы» атты мақалалар жинағының авторлары тырысты. «Мемлекеттің алдыңғы қатарлы тұлғалары: саяси портреттер» атты еңбектердің авторлары өздерінің мақсаттары етіп мемлекеттік қайраткерлерді Керей мен Жәнібек хандардан – тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаевке дейін тұлғалардың әрекеттерін талдауды қойды.Диссертациялық зерттеулердің бірнешесі саяси лидерліктің әртүрлі аспектілерінен қарастыруға арналған: тоталитарлық қоғам жағдайында саяси әлеуметтанудың механизмдерін жалпы түсінудің тереңдігі; синергетика және сыни-әдістемелік рационализмдік сипатқа негізделген лидерлік феноменін зерттеулердің жаңа теориялық-әдістемелік негіздер ұсынылады; Б.Т.Көппаеваның «Қазақстандағы саяси лидерлік. Тарихи талдау тәжірибесі» еңбегінде кеңестік Қазақстандағы ірі саяси тұлғалар – Ж.Шаяхметов пен Д.А.Қонаев сияқты қоғам қайраткерлеріне баға беріледі. Отандық саясаттанудағы персоналия мәселелерін З.С.Гаипов «Бұйрықтық-әкімшілік жүйедегі тұлға: Т.Т.Тәжібаев – педегог, ойшыл, саясаткер» атты диссертациялық жұмыста қарастырды. Мұнда бұйрықтық-әкімшілік жүйедегі тұлғаның мәні мен ролі туралы мәселелер мемлекеттік іс-әрекет және оның өзінділігі призмасынан өтеді.[9]

Саясаттанудың маңызды бөлгінің құбылысы ретіндегі саяси лидерлікті зерттеу қажеттілігі саяси процестерді толық түсіну үшін, өткеннен проекциямен болашаққа саяси лидердің іс-әрекетін дұрыс бағалай білу үшін керек.

 

 

 

1.3  Саяси лидердің қазіргі түсініктемесі: теориялық аспектілер

 

Саяси ойын деңгейлері. Біз ұлттық саяси лидерлердің сыртқы саясат

шеңберіндегі іс-әрекеттерін зерттеуді қарастыра келе лидерліктің еселеніп отырғандығын байқаймыз. Егер ол лидерлер толық изоляционизм позициясын ұстанбаған жағдайда олар өз конституенттары мен басқа ұлт өкілдер басқарушыларының және халықаралық ұйымдар арасында делдал қызметін атқаруға тиісті. Р.Патнэм айтып өткендей, мұндай саяси лидерлер қос ойынның қатысушылары немесе ойыншылары болып саналады – ішкі саясат және дипломатия деңгейінде. Дипломатиялық деңгейдегі келіссөздер мен сұхбаттардың жүзеге асулары және олардың нәтижелері ішкі саясат деңгейіндегі қолдауды қажет етеді, ал конституенттер мен сайлаушылардың қажеттіліктері мен мақсат-мүдделерін дипломатиялық деңгейдегі сұхбаттар мен келіссөздер анықтайды.[10] Саяси қайраткерлер бір деңгейдегі жағдайды келесі деңгейдегі жағдайға нәтижелі, тиімді пайдалану үшін өте көп еңбек етеді. Осылай, М.Горбачев өз әкімшілік басқаруының басында халықаралық аренада тұрақты жағдайларға бағытталған көптеген сыртқы саяси инициативалар жүйесін жүзеге асырды, мұның тиімді жағы – ішкі саясатта міндетті түрде жүзеге асырылатын өзгерістерге назар аударуға мүмкіндік алды. Ал Р.Рейган күш позициясынан Кеңес Одағымен келіссөздер жүргізуі үшін әскери шығынды көбейтті.[8]

Халықаралық байланыс шеңберінде саяси лидерлік қалай көрінеді(relationships) халықаралық қатынастардан өзгеше олар Г.Сондерспен қалай зерттеледі?(relations) Мақсаты осындай байланыстарды қалыптастыру және дамыту болған жағдайда не болады? Мұнда саяси ойынның деңгейлеріне тағы екеуі қосылады. Лидер өзінің назарын тек өзінің сайлаушылары мен басқа елдердің басқарушыларына ғана аудармауы тиіс, сонымен қатар басқа елдегі конституенттердің ықпалды көпшілігінің қажеттіліктері мен түсініктеріне, үміттеріне өте сақ әрекет етуі керек, және де оның белгілі байланысы(relationships), бір елдің лидерімен қалайша халықаралық саясат пен бүкіл мемлекетаралық қатынастар жүйесінде(foreign relations) жүзеге асатындығына назар аударуы қажет.[8]

Басқа елдің қоғамдары не құрастыра алатындықтарына көңіл аударған лидер екі елдің де ішкі күштеріне тиімді, қолайлы саясатты қалыптастыруы үшін сол елдің басшыларымен жұмыс істеуі әбден мүмкін. Лидерлер өз жоспарларында өзге елдің қоғам қайраткерлеріне қаншалықты сене алатындығын және онда қандай альтернативалар немесе белгілі іс-әрекеттер қолдау таба алатындығын ұғуға көп мүмкіндік алады. Осылай, жұмыс істей келе екі елдің қоғамдарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін лидерлер өз байланысының үздіксіз болуына мүмкіндік иеленді. Өзге елдің сайлаушыларының қоғамдық санасына түсініссіздік лидерлер арасындағы байланыстар мен қатынастарға кесел келтіруі мүмкін. Бұл қағиданы өз тәжірибесінде Дж.Картер Кеңес Одағымен байланысын жақсарту мақсатында кеңестік диссиденттердің қолдауын қажет етіп және КСРО-дағы адам құқының бұзылуын ашық даттаған кездегі жағдайында көзін жткізген болатын.[5]

Халықаралық байланыс халықаралық шеңберде дараланып қалмайды, тұйықталмайды, бірақ әртүрлі сыртқы саяси қатынастар мен халықаралық

қатынастар ықпалында болып, әсер ету қаупінде болады. Мысалы, кеңес-американдық қатынастардың дамуы Қиыр Шығыстағы жағдайдың шиеленісіне өз ықпалын тигізеді. Лидер өзінің мүдделі халықаралық байланысының тұрақтылығы үшін өзге аймақтар мен мәселелі облыстардың саясатымен теңесе білуі тиіс. Өзінің жеке сайлаушыларын тану, сонымен қатар өзге елдің конституенттары мен басшылықтарын тану лидерді екі түрлі саяси бағыттар мен мәселелер өзара сәйкестенуі және осы байланысқа қандай да болсын салада қандай іс-әрекет әсер ету мүмкіндігі туралы анықтауға бағыттайды.

Екі ансамбль: жеңіс және мақсатқа жету. Екі деңгейлік халықаралық ойынға қатысушы лидер үшін жеңіс ансамблінің қағидасы өте зор(win set) Мұның астарында лидердің конституенттерінің қолдауына ие болуға мүмкіндік болатын келіссөздер ортасы көрінеді. Ал төрт деңгейлік халықаралық ойынды жүргізуші  лидерлер үшін өзара мақсатқа жету ансамблінің қағидасы өте зор(mutual-gain set) Екі топтың конституенттері үшін қажетті және қажет емес, қадай және қайда жүзеге асырылып жатқандығын, қай қатынастарды тұрақты байланыс үшін сақтау қажет екенін анықтау өте маңызды. Өзара байланыста аймақтық конфигурация нәтижелі күш қолдануды анықтайды. Айталық, лидерлер мақсат ретінде жай байланыстың сақталу міндетін қойды. Өзара қарым-қатынастар аймағы қаншалықты кішкентай мөлшерде болса, соншалықты тез лидерлер өздерінің істерінде тиімді мүмкіндіктерді ойынның ережелерін анықтау және пікір алмасуы үшін қолдануға тиісті болады.

Лидерлердің өздерінің тұрақты шешім қабылдау қасиеттерінен басқасы олардың өзара байланысын сақтауға қабілетсіз. Өзара қарым-қатынастық аймағы қаншалықты үлкен мөлшерде болса, соншалықты лидерлерге іс жүзіндегі мәселелер мен оларды шешу жолдарына назарын бағыттау оңайға түседі. Екі жақтың қалыптасқан байланыстан өз пайдасына тиімді жақтарын қалай пайдалану керектігін ойлайды.

Рейганның басшылығы екі шекті анықтайды. Өзінің әкімшілік басқаруының басында, яғни Кеңес Одағы «зұлымдық империясы» ретінде танылғанда АҚШ пен КСРО арасындағы байланыс туралы оның конституенттері не ойлайтындығы және ол туралы кеңестік бетте не дейтіндігі жайында білмеді деп айтуға болады. Кеңестік лидерлерге Рейганды байланыс сақтау мақсатында көндіру қиынға соқты. Дегенмен, Ю.Андропов пен М.Горбачев кеңестік сыртқы саясат бағытын ауыстырып, мүмкіндік қарым-қатынас бейнесін көрсететін инициативасын ұсынғаннан кейін Рейганның әкімшілігі байланыстарға мүдделі бола бастады. Мысалға, олар стратегиялық мәселелер бойынша қарым-қатынас аймағының мәселелері кеңейе бастағанын және олар кеңестік жақпен келіссөздер барысында оңтайлы нәтижелерге жетуін сезінген кезде американдық саясаткерлердіңм мүдделері кенеттен өсті, ал оның кеңестік-американдық байланыстарды қалыптастыру фокусы белгілі мәселелер мен оларды шешу жолдарын қарастыруға көшті.[10]

Сезіну таланты(эмпатия) Халықаралық саяси ойындарды жүргізуге барлық лидерлер қабілетті емес. Ол үшін «өзге аяқ киімді киіп көру» қажет, яғни оның орнында болып, иеленіп көру керек — өзге мәдениет пен дін және                                         идеология адамдарының жағдайын сезінуі тиіс. Пайда болған әр қақтығыстарды екі жақты тиімділік позициясынан қарастыру керек(win-win attitude) Ұлттардың экономикалық, әскери салада шыдамдылық танытып, бірыңғай келісімге және шешімге келуге сенімнің өзара тәуелділікті тану және оны қабылдау өте маңызды. Осы сипаттамалардың әрқайсысы байланыстарды оңайлатады және лидерлер үшін басқа лидерлер мен оның конституенттерінің себепті мотивтерін түсіну мүмкіндігін арттырады. Осыны толығырақ қарастырайық.

Эмпатияға қабілет, яғни басқаның көзқарасын түсіну, оны қабылдау лидер үшін өзге басқарушылардың конституенттері нені күтеді және сенеді – соны анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар, өз іс-әрекетінің еріктілігі, дербестігінің шігі көріне бастайды. Қазіргі национализм дәуірінде лидерлер үшін және өзге елдің қоғамдық пікірлерінің деңгейлерін ұғыну да маңызды, яғни олардың сана сезімі, ұлттық атақ-даңқ, құрмет(патриотизм) секілді сезімдері, өз саяси бағдарламаларына шынайылық және «түр сақтау» және т.б. қарама-қарсы пікірді қабылдау – осының бәрін анықтауға көмектеседі. Осындай өзге елдің әрекетін қабылдау, оны игеру шеңберінде олар міндет артпайды. Өзге лидерден және оның қасындағыларынан аса шынайылық талап етілмейтін және сонымен қатар, оны эгоизм санатында кінәламайтын жағдайларда сенімнің шынайы дамуына негіз туады. Эмпатия қаншалықты қиын болса, соншалықты екі жақтың ерекшеліктері айқындала бастайды, дегенмен егер дәл осындай пікірлердің немесе көзқарастардың өзара қарым-қатынасы мүмкіндігінше жақсы болса, оған қоса қазіргі жағдайды түсінушілдігінің жалпы нәтижелері де тамаша қарқында болуы мүмкін.

Келіспеушіліктерді екі жаққа да тиімді позициясынан қарастыру лидердің конфликтіні шешуді жеңімпаздар мен жеңілгендер деп бағалауын көрсетеді. Ол ақиқат пен нөлдік сома призмасында қарастырылады(non-zero-sum) Келіссөздердегі материалдар мынаны дәлелдейді: егер акцент өзара пайдаға түсірілсе, ұзақ уақытқа негізделген байланыстар мүмкіндіктері мен осы арқылы әр жақтың пайдасына тиімділігі шынымен де артылады, кеңейеді. Лидерлер осы екі жақтың серіктестік қарым-қатынастар арқылы өз мақсаттарына жетуге үміттенген өзара байланыс қалыптастырады. Мұндай жағдайда жақсы оңтайлы мүмкіндіктер жеңіске жетеді, себебі бір жақтың жеңісі міндетті түрде екінші жақтың жеңілісіне әкелмейді. Өзара әрекет барысында өзінің жағдайын жақсарту және өзгеге қолдау көрсету мүмкіндіктері пайда болады.[5]

Екі жақты пайда қағидасы бойынша, ұлттардың әскери және экономикалық салалардағы өзара тәуелділікті мойындау байланысты қалыптастыруға жағдай жасайды. Халықаралық шеңберде өз мақсатына жету үшін лидер өзге лидерлермен және тәртіптермен өзара  қарым-қатынастарға ынталанады.Ең басты міндет болып өзара тәуелділікке назар аударатын байланыстарды іздеу табылады, яғни өзге елдерге өз ықпалын тигізетін

елдермен қарым-қатынастар. Оны орнату және дамыту үшін ең маңызды себептер ізделеді: екі жақ та жеңіске жетуі мүмкін. Осындай көреген лидерлер өзара байланыстар жүйесінің болашақтағы қиындықтары мен болуы мүмкін деген мәселелерді болжауға қабілетті болады. Көптееген белгілі мәселелерді өңдеуде әрқайсысы әр жақтың жеңісіне ықпал ететін екіжақтық байланыстардың кешені орын алуы мүмкін.Ең маңызды міндет болып өзара қарым-қатынастар аймағын және олардың бір-біріне әсерін анықтау табылады. Көптеген американдық және кеңестік лидерлер өзге демыған елдердің теңдігін және олардан тәуелділігін мойындағылары келмеді, оған себеп — өздерін ұлы держава ретінде саап, халықаралық деңгейдегі өмірдің негізгі бағыттары мен өмір  сүру барысын көрсетуінде болды.

Байланыстар күтімді қажет етеді. Егер жалпыға ортақ мүдделер мен мәселелер болмаса, олар өзара гүлдене бермейді. Халықаралық мәселелерді қарастыру біркелкі шешімге, келісімге келу арқылы жүзеге асады. Лидерлерге саяси мақсатты анықтау мен оларға жету жолдарын-құралдарын  белгілеу үшін екі жақтың да конституенттерін ат салыстыру қажет. Басқалай айтқанда, бүкіл процесс — оған бағынатын және оның позициясы өзгелерге ықпал етуші болып саналатын қоғамдық сананың дамуы басты орын алатын оқу процесі. Сондай-ақ ол халықаралық қатынастардың өзегін түсініп, кейін оған өзі де қосылады. Келісімге келу, яғни консенсусты өңдеп шығару процесінде қоғамдықты оның ойлары мен идеяларын, мәселелерге немесе белгілі сұрақтарға көзқарастарын пайдалану үшіни ғана қатыстырады. Келісімге келу конституенттермен бірге жүзеге асса, олардың байланыстарынан оңтайлы пайда, тиімді әрекет көп болады, әсіресе екі жақтың конституенттері де тең білімді деңгейде болса. Сонымен қатар мұнда көзқарастардың үйлесуі — өзара түсіністікке және келесі жаққа сенуге дайындық арқылы жүзеге асады.

Ең соңғы сипаттама – шыдамдылық. Қатынастарды қалыптастыру уақытты талап етеді, кейде алға екі адым жылжу үшін екі адым артқа шегінуің керек болады. Өзара байланыстарды көру үшін оны орнату уақытымен санасуың керек. Шыдамдылықпен қоса, белгісіздік (неопределенность) алдындағы көнушілік, ұзақ мерзімді мақсат үшін қысқа мерзімге артқа шегінушілікке дайындық, ең ақыр соңында мақсатқа жетуге және мәселелерді шешуге деген сенім, оптимизм.

Оптималды зерттеу әдісі. Егер конституенттері біртекті болса, ал оларды қызықтыратын мәселелер саясаттанған және оларды шешу лидер мен оның  конституенттеріне неғұрлым жақын болған жағдайда соғұрлым лидерлердің өзара байланыс жағдайлары мен бір-бірінің қоғамдықтарын түсіністіктерінің даму мүмкіндіктері көп болады. Мұндай жағдайда лидер өзінің стратегиясын келесі жақтың оны түсінетідігіе еш күмәнданбай жүргізе береді. Өзге жақтың конституенттерімен байланыс құруға жәе олардың өз  лидерлеріне ғана емес, сонымен қатар өзге де серіктестеріне сенуге мүмкіндік туады. Ары қарай, лидер келесі жақтың қоғамдық көңілі туралы жетік ақпаратын байланыс құрғанда тиімді пайдалануы мүмкін. Лидер тіпті

өзінің пайдасына оны өз одақтасы ретінде көруі үшін келесі жақтың лидерлері мен конституенттерінің мүдделерін көздеуі әбден мүмкін. Бұл мағынада Горбачевке американдық қоғамдық санасын игеру жолында, әсіресе екі жақтық стратегиялық қарусыздануға мүдделі және өзара қауіпсіздік идеясын жақтаушы топтар арасында ерекше жеңіске ие болды. Олар оны бейбіт қоғам құрушы ретінде танып, оған деген өз көзқарастарын өзгертті.

Халықаралық деңгейде тар мәселенің тар немесе тұйық ортада орын алған байланыстардан көрі мәселенің кең ортаға ықпал етуге бағытталған байланыстары өте жақсы дамиды. Ондай қатынастарды сақтау, оны одан әрі дамыту лидерге және оның конституенттеріне берер үлестің кепілі болып саналады. Дәл осылай басқа да байланыстарға әсер ететін қатынастарды дамыту өте тиімді. Мұнда лидер бар қатынастарға оптималды деңгейді қамтамасыз ету үшін координациялық мәселелермен ұшырасады. Осылай, кеңестік-американдық байланыс әлемдік деңгейдегі болып жатқан оқиғаларға, Қиыр Шығыс пен Латын Америкасын қосып айтқанда әсер етіп отырады.[10]

Егер лидерлер халықаралық байланыстарды қалыптастырғысы келсе, олар өздерін төрт деңгейлік ойынның мүшелері сияқты сезінулері керек. Оларға тек өздерінің сайлаушыларының қажеттіліктері мен тілектері ғана емес, сонымен қатар өздеріне маңызды деген елдермен тиімді байланыс үшін лидерлер мен оның конституенттерінің мүдделерімен санасуы қажет. Байланыстардың дамуы әр деңгейде болып жатқан нәрсе нәтижеге әсер ететін төрт деңгейлік ойын лидерлерді өте қызықтырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Саяси процестерді жүзеге асыру барысындағы саяси лидердің ролі (Қазақстан Республикасының президенті мысалында)

 

2.1 Мемлекеттік органдар дамуындағы президенттің ролі

 

1990 жылдан бастап мемлекеттік биліктің тұрақты және тиімді ұйымдасуының түрін іздеу мақсатында ең алғашқы парламенттік тәртіппен қазіргі жағдайдағы басқарудың президенттік жүйесіне дейінгі уақытта қиын жолды бастан кешті.

Президенттік биліктің тарихи тағдыры, оның қайнар көзі және ары қарай дамуы ҚазақКСР-нің «ҚазақКСР Конституциясына(Негізгі Заңына) толықтырулар мен өзгертулер енгізу және Президенттің орнын белгілеу» туралы 1990 жылы 24 сәуірдеті заңымен тығыз байланысты. ҚазақКСР-нің президенттің орнын бекіту әрекеті тәуелсіз мемлекеттің саяси жүйесінің қалыптасуына маңызды, шешуші ықпал жасады, КСРО-ның құлдырауынан кейін мемлекеттік биліктің орнығуын қамтамасыз етті.[9,11]

Қазақстанда президент орнын(постын) енгізу демократиялық елдермен бірге мемлекеттік даралыққа ынталануын және өркениетті саяси жүйесінің қалыптасуын дәлелдейді. Сонымен қатар, мемлекеттің дамуымен белгіленген ерекшеленетін, белгілі саяси жағдайы мен саяси мүдделер қатынастарымен айрықшаланатын Қазақстандағы президенттіктің әу бастан-ақ өзіне тән қасиеттері мен халықаралық тәжірибе мынаны дәлелдейді – және ол өте заңды: елдің даму сипаты президент институтының мазмұнына тікелей байланысты ең қатаң конституциялық моделіне еліктеушілік мынадай институтқа оның тән қасиеттерінің көрінуін алып тастамайды.

Президенттіктің саяси жүйенің қалыптасуы мен дамуының ішіндегі мән-маңызының объективті талдауы үшін барлық жағдай-талаптар мен қажеттіліктерді, соның ішінде тарихи, ұлттық және мәдени елдің ерекшеліктерін де есепке алу қажет. Сол немесе басқа да биліктің таңдауы, билік жүйесін жүзеге асыру және егер де ол жаңа саяси жүйенің қалыптасуы барысында пайда болса, олар биліктің тұрақтылығы мен оның тиімділігінің деңгейін арттыру үшін, оның қажеттіліктерімен үздіксіз байланыста болады.

Президенттің жағдайының қасиеттерін анықтауда маңызды факторлар болып елдің алдында жүргізген жағдайлары, саяси күштер мен саяси мәдениет деңгейлерінің қарым-қатынастары саналады. Сонымен қатар, кейде шешуші маңызды рольге ие болатын субъективті факторларды да айтып кетелік.

Қазақстандағы президенттіктің қалыптасуы республикада болған терең дағдарыс талаптарында жүзеге асты,әсіресе бұл жағдай экономика саласында көрініс тапты. Дәстүрлі экономикалық байланыстардың үзілуі, жоспарлы экономиканың ауыр халде болуы, кеңестік экономикалық құрылымның айқын көрінген диспорциялары тұрғындардың өмірлік деңгейінің күрт төмендеуі мен әлеуметтік қысымдардың кеңеюіне әкелді. Этносаралық және конфессияаралық қатынастар, осы ерекше жағдайларда, мемлекет тарапынан ерекше назарды қажет етті. Мемлекеттік басқарудың бұрыңғы жүйесі қазақстандық жаңа ақиқатта алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді, тапсырмаларды жүзеге асыруға шамасы келмеді, ал коммунистік партияның

гегемониясының ликвидациясымен байланыста қоғамның бар салаларындағы пайда болған вакуум(бос кеңістік) мемлекеттік биліктің жаңа құрылымдарын және олердың тиімділігін қажет етті.

Өкілетті органның тиімсіз әрекеттері, мемлекетті басқарудағы белгілі мәселелерді шешудегі олардың әлсіздіктер, атқарушы құрылымның әрекетшілдігін қалыптастыруға шамасыздығы айдан анық көріне бастады. Жоғарғы Кеңестің іс-әрекеті көпшілік уақытта митингтік және конфронтациялық сипатқа ие болады. Өкілдік биліктің әлсіздігі мемлекеттік органдардың қайта ұйымдастыру сипаты мен бағытын айқындап береді.

Осы белгілі тарихи жағдайларда Қазақстанда президенттікті енгізу, бір жағынан мемлекеттік биліктің тұрақты жіне мықты болуының қоғамдық қажеттіліктерін көрсетеді, екінші жағынан бүкілхалықтық сайлауда сайланған президентпен байланысты демократиялық күтімдерді көрсетеді.

Уақыттың аз мөлшерінде мемлекеттік механизм уақытының адекватты қажеттіліктерін қалыптастыруда өзінің жолын таба білген, Өазаөстанның қазәргі жағдайы мен болашағының сұраныстарына толығымепн жауап беруші жас тұрақты мемлекет ретіндегі Қазақстанның бүгінгі тәжірибесі мүдделі болып саналады.

Жаңа мемлекеттіліктің қалыптасуы, мемлекеттік биліктің жаңа механизмдерінің пайда болуы мен оны жүзеге асыру тек объективті ғана емас, сонымен қатар субъективті қиындықтарды басынан кешірді. Және де осы мәселенің бір бөлігі саяси салада, екіншісі құқықта, ал үшіншісі ұйымдастыру саласында.

Президенттікті құрудағы маңызды мәселелердің бірі болып оның конституциялық мәртебесін анықтау, ол сәйкес билік түрін таңдау. Және де тек басқару түрі президенттіктің белгілі моделін анықтайды. Сондықтан да жаңа саяси жүйесін қалыптастыруда пайда болатын сұрақтардың бірі болып президенттік немесе парламенттік басқару түрін таңдау мәселесі болды.

Парламенттік, президенттік, аралас басқару түрлерінің бәрі мемлекеттік президент институтын өздеріне қосады. Жүйелердің негізгі ерекшелейтін сипаты болып үкіметтің саяси жауапкершілік мәселесі саналады.

Президенттік республиканың негізгі белгісі болып парламенттің алдында жүргізіп отырған саясаты үшін атқарушы биліктің жауапкершілікті болмауы және керісінше, парламенттік жүйе парламенттің алдында үкіметтің саяси жауапкершілігі сипатталады. Аралас жүйелер үкіметтің екі жақты жауапкершілігімен сипатталады: президент пен парламент алдында.[13]

Саясаттануда парламенттік, президенттік немесе аралас республиканы қалау қатынасында бірлік жоқ. Бұд өте күрделі дискуссиялық мәселе. Оған сұраныс тек саяси ғылымдардың қажеттіліктерімен ғана емес, сонымен қатар ең алдымен оның кең тәжірибелік мағынасымен. Ақырында, биліктің бөлінуінің белгілі жүйесін таңдау, әсіресе, өтпелі кезеңде көпшілік уақытта барлық мемлекеттік механизмдерінің тиімділігін анықтайды.

 

Кезекті де дәлелді анықтаулар, президенттік жүйеге сыни көзқарастар әйгілі саясаттанушы Йелль Университетінің саясаттану және әлеуметтану профессоры Х.Дж.Линцпен жасалды.

Х.Дж.Линц бойынша, президенттік жүйемен салыстырғанда тұрақты демократия үшін, әсіресі саяси құлдырау және партиялардың көп мөлшерде болған жағдайда парламенттік жүйе тұрақты болады, дегенмен ол  парламенттік жүйеге қарағанда демократияның сақталуына аз деңгейде ықпал етеді. Демократияның қалыптасуы мен бекітілуі үшін парламентаризм ауыспалы негізге ие.[10]

Өзінің позициясын түсіндіру мақсатында Х.Дж.Линц президенттікке қауіп-қатер жүргізеді, қысқаша мазмұнда келесідей мағына береді:

Президенттік жүйенің басқару қаупі болып электоральдық қағида «жеңімпаз бәріне ие болады» деп саналады, сайлауда сәйкесінше ставкаларын кеңейтеді, ал ол өз кезегінде қоғамның құлдырауына әкеледі. Сайлау алдындағы қатаң компаниялар күресінің процесінде экстремистерден өте күрделі әсер алу қаупі туады. Сонымен қоса, президент сайлаулары басқа сайлауларға қарағанда әлсіз үкіметтің болуына салдарын тигізеді.

Х.Дж.Линц бойынша, президенттік жүйелердің ақау және осал жерлері  — сайлау нәтижесінде билікке келген президент пен парламент легитимдіктерінің қарама-қайшылықтарында болды. Белгілі жағдайда президент парламент алдында өз легитимдігінің приоритетіне қорытынды жасай алады. Біртекті парламенттің көнімінде керісінше конфликт қашымсыз.

          Х.Дж.Линцтің пайымдауы бойынша, президент билігі айтарлықсыздай, ал президенттік тәртіп парламенттікке қарағанда компромисс пен консенсусқа жету үшін өте аз мүмкіндік қалдырады.

          Президенттіктің әлсіз жағы болып әрқашан ауыспалы жағдайларға бейімделудің болмауы саналады. Қаншалықты парадоксальды болса да қарастырылып отырған жүйенің осал жерлерінің мән-мағынасы мынада: премьер-министрдің билігімен салыстырғанда құзыреттерінің көлемі бойынша президенттің билігінің осал жерлеріне қатысты болады. Оппозицияның  осал жерлері, олардың белгісіздігін, үкіметтік орындарды оған бермейтін жартылай мәртебесін Линц моменттің кері жақтарына жатқызады.

          Парламенттік жүйеде қарастырылған конституциялық механизмдерге қарағанда президенттік басқару жүйесінің кемшіліктері заң шығарушы және атқарушы биліктердің қатаң бөлінуінде көрінеді. Президент құзыретінің белгіленген мерзімі конфликттік жағдайда пайда болу мүмкіндігін одан сайын арттыра түседі, өйткені сайлауаралық кезеңде лидерлер және үкіметтің ауысуымен шешім қабылдауға жол бермейді.

          Американдық саясаттанушылар А.Степан мен К.Скачтың айтулары бойынша, парламенттік басқару жүйесіне қарағанда президенттік басқару жүйесінде әскери төңкерістер жиі болады. Олардың пайымдаулары бойынша, парламенттік басқару жүйесінде билік тармақтарының арасында конфликттердің пайда болуының алдын алу үшін конституциялық

 

құрылымдардың барлығын пайдалана алуында. Жекеше алсақ, мемлекеттік механизмдерінің келісімде және сәйкесінше болуларының себебі аз мөлшерде болсын парламенттің қолдауына ие болмаса, үкіметтің құрылу мүмкіндігі болмайды.[8]

          Президенттік басқару жүйесінде атқарушы және заңшығарушы билік тармақтарының қарым-қатынастарының сәйкестіктері түкте маңызды емес. Бұл әсіресе төмендегідей жағдайларда көрінеді: президенттік және парламенттік көпшіліктерінің әр түрлі саяси партияларға жатқан жағдайда; Одан басқа, президенттік республикада не мемлекеттен, не парламенттен қолдау таппаған президентті, егер конституцияны бұзған жағдайда ғана болмаса, ол президентті өз билігінен тәжірибеде мүлдем мүмкін емес.

          Осылайша, президенттік басқару жүйесі заңшығарушы және атқарушы билік тармақтарының бір-бірінің алшақтықтары мен тәуелсіздіктеріне алып келеді, ал ол өз кезегінде олардың қатынастарының шиеленістерін тудырады. Одан басқа, бұл жүйе биліктің саяси тармақтарында конфликттерін шешу механиздерін қарастырмайды. Посткеңестік мемлекеттерге президенттік басқару жүйесінің классикалық американдық үлгісін енгізу шаралары ешбір нәтиже бермегені кездейсоқ емес және де ол өз кезегінде билік қарым-қатынастарының басқа жүйеге көшуі қажеттілігіне алып келеді.

          Линцтің оппоненттері болып көптеген қатар ғалымдар, соның ішінде Д.Г.Горовица, М.С.Шугарт, Дж. М.Кэри сынды зерттеушілерді атап көрсетуге болады.

          Жалпы айтқанда, Линцке қарсылас даттаушыларының айтқандарының мәні мынадай : президенттік басқару жүйесінің негізгі қағидалары қолдауға ие болу керек деген идеясына сай келеді. Президенттік басқару жүйесі сайлаушыларға атқарушы биліктің құрылымы туралы толық және анық мағлұмат бере алады. Оған тән кемшіліктердің өздері мажоритарлы дамуларды жеңу үшін өте қолайлы.

          Әлемдік саяси ғылымның мэтрі С.М.Липсет институционалды әдісті жақтаушылар жиі назарларынан тыс маңызды аспектілерге өзінің назарын аударады, ол – мәдени фактор. Ғалым демократияның тұрақтануына институттарының анықтаушы ықпал етуі туралы пікірлерді бөліспейді, ол мәдени аспектіге көп көңіл бөледі. «…Алдыңғы тарихи дамудың ерекшкліктерімен байланысты мәдени факторды өзгерту өте қиын. Саяси институттар, соның ішінде сайлау жүйелері мен конституциялық құрылымдарды өте оңай өзгертуге болады. Сондықтан тұрақты демократиялық басқаруларға өтудің бекіту мүмкіндіктерін қалайтын адамдар саяси институттар, оның ішінде соның ішінде сайлау жүйелері мен конституциялық құрылымдарды өзгертуге көңілдерін бөледі…Дегенмен, осы бағытқа күш салулардың мағыналы нәтижеге жету туралы мәліметтер өте аз.» Осылайша, С.М.Липсет өз көңілін маңызды мәселелерге аударады, өйткені кез-келген саяси институттардың тиімді және жұмыстарының нәтижелі болуы дәл сол мемлекеттің мәдениеті мен дәстүрлеріне сәйкес болуымен анықталады.[5]

 

 

          Шын мәнінде, қазіргі таңда президенттік және аралас басқару жүйелерін таңдаудың себептерінің бірі болып саяси мәдиниеттің төмен деңгейі мен саяси келісім мәдиниетінің негізсіздігі саналады деген көзқарас жалпықабылданған болып табылады.

          Президенттік жүйелерді зерттей келе, әйгілі саясаттанушылар М.С.Шуберт және Дж. М.Кэри  нақты президенттік басқару жүйесі мен премьер-министрлік жүйелердің қасиеттеріне ие гибридтік тәртіптерді айыру қажеттіліктерін бөліп көрсетеді.[10]

          Шынымен де, әлемде қазіргі таңда аралас басқару жүйесі оңтайлы жақтарын синтездеу негізінде барлық басқару жүйелерінің классикалық түрінің кемшіліктерін жеңу үшін жасалып жатырған шаралар болып саналады. Бұл құбылысты посткеңестік мемлекеттерге жатқызуға болады, себебі оолрада аралық басқару жүйесі басым. Бұл өтпелі кезеңде қажет болған мемлекеттік — құқықтық және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету міндетіне жауап беретін адекватты шешім еді.

          «Классикалық » аралас, яғни гибридтік басқару жүйесінің мысалы ретінде Француз республикасын көрсетуге болады. («рационалданған» парламентаризм). Француз конститусиясының негізгі жағдайларын алуға ынталану кездейсоқ болмап еді, өйткені олар оны 1958 жылы мемлекет дағдарысы кезінде қабылдаған еді.

          Бұрын Францияда болған биліктің дағдарысы парламенттік республиканың кері жақтарының көрсеткіші болды, ең алдымен атқарушы биліктің тұрақсыздығыжәне нәтижесінің тиімсіздігінің көрсеткіші еді.

          Әлеуметтік тәжірибенің синтезіне және белгілі басқару жүйесін алуға негізделген басқару жүйесін құрғандықтан Қазақстанда шетте қалған жоқ. Дегенмен, алғашында Қазақстанда президенттік постты еңгізумен өзіндік Кеңестік мемлекеттердің анық қасиеттерін өзіне қосқан өзіндік басқару жүйесін пайда болды. Президент алғашқы мәртебесінің өзінділігі өкілдік органдардың толыө биліктерін сақтауға жәнеоларға мемлекет басшысының тәуелділігін сақтап қалуға ынтасын көрсетті. Шын мәнінде, дәл осы кезеңнен бастап көп саяси құзіретке ие билік орталығы ретіндегі Жоғары Кеңес өз билігін бірте-бірте президентке бере бастады. Бұл процесс өте заңды еді, өйткені дәл сол жағдайдағы жаңа мемлекеттіктің негізгі шарты ретіндегі биліктің консолидациясын тек президенттік институт қана жүзеге асыра алатын еді. Қазақстанның саяси жүйе консолидациясының ерекшелігі тек мемлекеттік биліктің ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік президенттің және президенттік құрылымдардың айналасында элитаның консолидациялану процесі болып табылады.

          Алғашында президент тек мемлекет басшысы болып бекітілуіне қарамастан, 1990 жылы 24 сәуірде қабылданған заң президенттің Министр Кеңесі, яғни үкіметтің оны құруға мүмкіндік береді. Дәл осы кезеңнен бастап, президент

  • Жоғары Кеңеске, Министрлер кеңесінің төрағасының орнына кандидатураны белгілеуге және оның өз міндеттерінен босатылуы туралы Жоғары кеңеске айту мүмкіндігіне ие болды;

 

  • Министр Кеңесінің төрағасымен келісіп, Жоғарғы Кеңестің бекітілуіне, Үкімет мүшелерінің қызметіне тағайындалуы және қызметтен босатылуы;
  • Министр Кеңесінің төрағасының ұсынысы бойынша Министр Кеңесінің құрылымын бекітуге және оған өзгерістер енгізу құқына ие болды.
  • Сонымен қатар, президент Министр Кеңесінің ұсынысы бойынша Министрліктер және мемлекеттік комитеттерді құру немесе қалыптастыру, олардың жұмыстарын қысқарту құқығына ие.
  • Президент пен атқарушы билік арасындағы қатынастарының маңызды аспектісі болып үкіметтік актілерді тоқтату құқығына ие болу саналады.[9]

          1990 жылы 25 қазанда ҚазақКСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы қабылданған декларациясы президент мәртебесін өзіне әкелді, оның тек мемлекет басшысы емес, сонымен қатар Жоғарғы атқарушы және шешім қабылдау билік ретінде анықтады. Бірақ, атқарушы билік тұңғыш рет өзінше мемлекеттік билік тармағы ретінде 1991 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі» туралы Заңымен анықталады.

          Атқарушы биліктің заңшығарушы биліктің тәуелсіздікке ие болу жолында 1991 жылдың соңында өткен бүкілхалықтық президент сайлауы маңызды адым болды. Атқарушы биліктің күшті және мықты болу тенденциясы күшке ие бола бастады.

          Қазіргі таңда демократиялық дамыған мемлекеттерге шетел мемлекеттеріндегі атқарушы биліктің күшеюі XX ғасырдың екі дүниежүзілік соғыстар аралықтарында, әсіресе екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңге келуі тән. Бұл құбылыс мемлекеттің экономика саласындағы күшею ролімен, пайда болған мәселелердің кеңеюі және күрделенуімен, оларды тез шешу қажеттілігінен туындады. Тәжірибе көрсеткендей, осындай жағдайды тиімді шешім қабылдай алатын атқарушы билік мемлекеттік биліктің барлық ауыртпалық орталығы болып саналады. Бұрынғы КСРО елдерінде атқарушы биліктің күшею XX ғасырдың 90-жылдарына келуі де заңды.

          Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесі дамуының жаңа кезеңі 1993 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылдануымен байланысты Қазақстанның негізгі заңы ең алдымен президенттің басшылық ететін атқарушы биліктің күшеюін көрсетеді, және өз кезегінде президент алдында үкіметтің жауапты екендігін көрсетеді. Үкіметтің Жоғарғы Кеңес алдындағы жауапкершілігі заңдарды атқару мәселесі бойынша сақталды. Қазақстанның алғаш конституциясының мазмұнындағы радикалды моменттер кемшіліктер мен қайшылықтар жүйесінің мәні келесідей еді:

  • Президенттің Жоғарғы Кеңестің заңпроектісіне вето салу құқығының болуы және Жоғарғы Кеңесінің президент ветосын ығыстыруы;

 

  • Президент өзінің құзыретін атқара алмаған жағдайда парламент депутаттарының жалпы санының 2/3 даусынан кем емес жинағанда ғана отставкаға кету мүмкіндігі болады;
  • Өзінің қызметін атқара алмаған жағдайда үкімет(Министрлер Кабинеті) жалпы үкіметтің немесе оның жеке бір мүшесінің отставкаға кетуінде;[13]

Мұндай кемшіліктер мен қайшылықтардың «қисынды» сипаты толық емес еді, билік тармақтары арасындағы конфликтілерді шешу механизмдерін іс жүзінде мазмұнына қосылады. Ал ондай конфликтілер мемлекетке өте қауіпті еді. Жалпы алғанда, әлсіз дамыған демократия жағдайында қалыптасқан басқару жүйесі парламентінің екі рет ыдырауына алып келген саяси билік тармақтарының арасындағы конфликтілерде көрініс тапғһқан бірқатар маңызды кемшіліктерге ие болды.

Демократиялық саяси жүйенің әрекетшілдіктері оның өкілдік институтының тиімді іс-әрекеттерінің үздіксіз байланыста болады. Өз ісін дұрыс білмейтін парламент өзі қызмет етіп жатқан белгілі бір жүйе шеңберінде саяси жүйенің тиімділігін бұзады. Ол, әсіресе, 1993 жылдың желтоқсаны 1994 жылдың наурыз айлары аралығында ,ҚР Жоғарғы Кеңесі тараған кезеңде тұңғыш мамандандырылған парламенттік Конституциялық сот тарқатқан уақыт, яғни 1995 жылдың (наурыз-желтоқсан аралығында) көрініс тапты.

1993 жылы парламенттің тарқатылған ең негізгі себебі болып, біздің ойымызша, кеңестік саяси жүйенің реликтісі —  Жоғарғы Кеңес сол уақатта экономикалық өзгерістерді өткізу қажеттілігі болған заңшығарушы және нормативті-құқықтық базаларды қалыптастыру және оны өңдеумен кеш қалды.

Өлмелі Кеңестердің құлдырау жағдайында мемлекет басшысы реформаны тез қабылдануына ықпал ететін, үкіметпен «біртәртіпті» жұмыс істей алатын мамандандырылған, кішігірім және жағдайларға тез бейімделгіш парламентті құруға жол ашты. Бірақ, 1994 жылы 7 наурызда сайланған ҚР тұңғыш мамандандырылған парламент өзгермелі дамып жатқан жағдайға адекватты түрде жауап қайтара алмады. Мемлекет басшысының заңшығарушы және атқарушы билік тармақтарының арасындағы қатынастары конструктивті болды деген үміті ақталмады. Жаңа парламент жұмысының басталуынан бір ай өткеннен кейін депутаттар С.Терещенко үкіметіне сенімсіздік білдірді, Н.Ә.Назарбаев сөйтіп компромисс іздеу қажет екендігін сендіру үшін парламент отырысына келуге мәжбүрлі болды.[6]

          Парламент өзінің жұмысқа қабілетсіздігінен үкіметпен «біртәртіпте» жұмыс істей алмады. Бір жыл уақыт аралығында тек жеті заңпроектісі ғана қабылданды, ал экономикалық өзгерістер перменентті заңшығарушы және нормативтік-құқықтық базамен қамтамасыз етілуді қажет етті. Дәл осы уақытта атқарушы билік өз дамуында бір қадам жоғарылады, өйткені нарықтық экономика институты ретінде және өзінің мамандандарылғандығы мен динамикалығының арқасында болды. Атқарушы және заңшығарушы билік тармақтарының арасында үздіксіз қарама-қайшылық қаупі төнді.

Біздің пікірімізше, модернизация жағдайында Қазақстан жүйесінің тиімсіздігі объективті негіздерге ие. Дамыған көппартиялық жағдайда парламенттік жүйе тиімді қызмет ете алады. Қазақстанда көппартиялық саяси жүйенің қалыптасу процесінің күрделі және қарама-қайшылық жағдайында ғана дамыды. Ол бастапқы кезеңде болады, қоғамның бір бөлігін ғана қамтып, ондағы өздеріне тән мүдделері бар әлеуметтік топтар мен топтар соңына дейін қалыптаспаған еді. Осы уақытқа дейін парламенттегі бірде бір партия анық артықшылықтарға ие емес, сондықтан үкімет ұзақ келісімдік және тұрақсыз көппартиялық коалициалар негізінде құрылуға мәжбүр. Қазақстанның партия жүйесінің осалдығы субьективті емес, обьективті себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, әлеуметтік стратталу процесі аяқталмады және жоғарғы деңгейдегі саяси мәдениет негізіндегі азаматтық қоғамның әлі қалыптаспауы еді. Орта тап қалыптаспаған қоғамда жоғарғы саяси мәдениетті құру және оны сақтау үшін материалдық алғышарттар болмайды. Соған қоса, азаматтық қоғам да әлі қалыптасу кезеңінде болды.

Екіншіден, партиялық жүйенің негізі болып табылатын әлеуметтік институттар да айқындалмады.

Сол себептердің салдарынан орталықтанған бағыттардың партияларды қосып айтқандағы саяси партияларда идеялық-ұйымдасушылық анықталмаған.Одан басқа, Қазақстанның саяси партиялық жүйесінде реформаторлық элита сүйене алатын реформалардың анық белгіленген центристік платформасы жоқ. Солардың салдарынан парламент тиімді және маманды жұмыс істей алмайды, және кезекті экономикалық реформалардың өткізуін қамтамасыз ете алмады.

Бұл мәселе тәжірибе жүзінде парламенттік модель қызметін атқара алмаған жағдайда ең алдымен әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру, қоғамды басқарудың жаңа жүйесін қалыптастыру шараларын жүзеге асыру үшін барлық елде өз президентіне белгілі мерзімге толық төтенше құзыретін беруде көрініс тапты. Сондықтан президенттік басқару жүйесіне өту және атқарушы биліктің күшеюі модернизацияның заңды тарихи-саяси кезеңі болып табылады.

Президенттік басқару жүйесі тоталитарлық және авторитарлық тәртіппен демократиялық-құқықтық мемлекетке өту кезеңдерінде ең тиімді көрсеткішті көрсетеді. Ол әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру мақсатында және көпшілік, азшылық арасындағы өркениетті қатынастарды құруында саяси-құқықтық база қалыптастыру — ең негізгі міндет жағдайында көрінеді.

Парламент болмаған кезде Қазақстанда президент Н. Ә. Назарбаев 511 жарлық шығарды, оның 132-сі нормативтік база құру негізінде экономиканы дамытуға бағытталған, сонымен қатар мемлекеттік құрылыс мәселесін шешуге бағытталған заң күшіне ие еді.[9]

 

 

 

 

2.2  Мемлекет басшысының Конституциямен белгіленген мәртебесі

 

1995 жылы мемлекеттің жаңа конституциясы қабылданды, ал Бүкілхалықтық референдумда 2000 жылдың желтоқсанына дейін президент Н. Ә. Назарбаевтың құзіреті ұзартылды. Осы кезден бастап, президенттік институтының қабілеті тек саяси жүйенің модернизацияшеңберінде ғана ашылмай, сонымен қатар Қазақстандық қоғамның трансформациялану процесінде маңызды рольге ие болды.

Қазіргі таңдағы заңдық күші бар конституциямен анықталған Қазақстан Президентінің конституциялық мәртебесі үш негізгі маңызды құрылымдардан тұрады :

  • президент – мемлекеттің басшысы;
  • президент – мемлекет органдарының өзара қарым-қатынастарының және келісімді жұмыс істеуін арбитр ретінде қамтамасыз етеді және конституция кепілі болып табылады.
  • Президент биліктің атқарушы тармақтарына қатысты анықтаушы жағдайға ие. Мұндай құзырет президентке саяси жүйені модернизациялау және Қазақстан қоғамының транформациялану процесінде маңызды роль ойнауына мүмкіндік береді.[14]

1993 жылғы Конституцияға қарағанда, 1995 жылы қабылданған Конституция бойынша президенттік институт атқарушы билікпен бірікпейді, ал керісінше, Қазақстан халқының мемлекеттік бірлігін жүзеге асырады және оның көрінісі болып табылады.

Қазақстандағы президент жағдайының ерекшелігі заң шығарушы биліктің аморфтылығы мен әлсіздігі саяси тұрақсыздық жағдайында заңды болып табылатын президенттік билікті күшейту қажеттіліктеріне бағытталмауында. Президенттік биліктің ерекше құзыреттілігі биліктің тиімділігінің күшеюіне, жалпыұлттық міндеттерді шешудегі оның іс-әрекетінің келісімді болуына ықпал етеді.

Қазақстан президенті жеткілікті деңгейде құзыретке ие, оның бір бөлігін президент өзі атқарады, ал қалған бөліктерін басқа мемлекеттік органдармен бірігіп жүзеге асырады. Солардың ең негізгілерін айтып өтелік.

Мемлекет басшысы саясаттың ішкі және сыртқы негізгі бағыттарын анықтайды, халықаралық қатынастарда Қазақстанды таныстырады және мемлекеттің Қарулы Күштерін басқарады.

Президенттің негізгі құзыреттерін шартты түрде келесідей топтарға бөлуге болады. Бұл, негізінен, ұйымдастырушылық мәселелері: парламенттің бірінші сессиясыншақыру; заң шығарушы органдардың кезекті және кезектен тыс сайлауларын белгілеу; Үкіметтің құрылымын анықтау; орталық органдарды құру, қысқарту және қайта құру; ерекше маңызды мәселелер бойынша, Үкімет отырысында төрағалық ету; оған бағынатын президенттің қорғаныс қызметі мен Республикалық Гвардияны құру; Қауіпсіздік Кеңесін құру; Жоғарғы Сот Кеңесін құру; Әсіресе, президенттің уақытынан бұрын тарату құқықтарын айтып көрсетуге болады.

Президенттің ерекше прорегативасына кадрлық сұраныстарды, сұрақтарды шешу де кіреді:

  • Парламенттің келісуімен Премьер-Министрді, Ұлттық Банк төрағасын тағайындайды;
  • Премьер-Министрдің ұсынысымен – Үкімет мүшелерін;
  • Есеп комитетінің төрағасы, демократиялық өкілдіктер басшыларын, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасын;
  • Шет ел Ішкі істер Қорғаныс Министрлігі, мемлекеттік хатшыларды тағайындау және қызметтен босату;[14]

Қазақстан президенті биліктің бірде-бір тармақтарына кірмей, бірақ олардың қызмет етулерін қамтамасыз ететін арбитр болып саналады және олардың үшеуіне де әсер ете алатын механизмдерге ие болады.Бірақ президенттің атқарушы билік құрылуына және қызмет етуіне әсері атқарушы билікке әсерінен толық көрініс табады.

Атқарушы биліктің құрылуы мен жүзеге асуына президентәсер ету рычагтарының негіздері болып келесі жағдайлар есептеледі:

1) Президент парламенттің келісімі бойынша Премьер-Министрді қызметіне тағайындайды және одан босата алады. Премьер-Министрдің ұсынысымен мемлекет Үкіметінің құрылымын анықтайды, оның мүшелерін тағайындайды және қызметтен босатады. Бұл президенттің Үкімет құрамына жеке әсерлерінің жоғарғы деңгейлігін көрсетеді.

2) Үкіметтің отставкалары туралы мәселелері, Үкімет немесе оның жеке мүшелері өз инициативасы бойынша тек оған президенттің келісімімен ғана іске асырылатындығы Конституцияда белгіленген;

3) Егер мемлекет президентінің актілеріне, заңдарына, Конституцияға қарама-қайшы келді деп шешкен уақытта президент Үкіметтің Бұйрықтары мен Жарлықтарын толық немесе жартылай тоқтатуға, кідіртуге құқылы.

4) Қайта сайланған Президенттің алдында Үкімет өзінің құзыреттерінен босатылады. Бұл орынға жаңадан келген президентке жаңа Үкіметті тағайындауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік билік жүйесіндегі арбитр бола отырып, ол өз қарамағында әрекетшіл мемлекеттік-құқықтық институттарға ие болады. Ең алдымен оған парламенттік Конституциялық белгілі жағдайларда тарату құқығы, мемлекет басшысы алдында Үкіметтің жауапкершілік жатады.

Президенттік институт пен Үкіметтің қатынасы Қазақстанда президент билігінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді, тұрақтылық пен мемлекеттік басқарудың кезектілігі, саяси тұрақтылықты да қамтамасыз етеді. Үкіметке қатысты президенттің анықтаушы жағдайы атқарушы биліктің дуализмінен құтылуға көмектеседі, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Президенті арасындағы саяси бірлігінің алғышартын мазмұнына қосады.

Ерекше топқа заң шығару процесіндегі президенттің қатысуымен байланысты мәселелерді айтып көрсетуге болады.

Біріншіден, парламент қабылдаған қабылдаған Заңға қол қояды. Ол Заңды 15 күн ішінде қайта қарастыру және сайлануға қайтаруға құқылы.

Екіншіден, парламент президентке  заң шығару құзыретін 1 жылға дейін бере алады. Ол президент қабылдаған актіліердің барлығы да заңды күшке ие бола алады деген сөз.

Үшіншіден, бүкіл республика территориясына міндетті түрдегі Бұйрықтар мен Жарлықтар шығара алады. Ол заңпроектілердің ең приоритеттілігін анықтауға құқылы және өзі өзекті деп санайтын заңпроектілерін жедел түрде парламентке қарастыруды ұсына алады.

Сонымен қатар, президент жалпысаяси және әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешеді. Оған мыналар кіреді: мемлекет басшысы ұсынатын приоритетті даму туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары; республикалық референдумдардың тағайындауы; азаматтық мәселелерін шешу; саяси баспана беру; азаматтарға мейірімділік көрсету және т.б. мәселелер. Одан басқа, президент төтенше құзыреттерге ие: демократиялық институттарға немесе тәуелсіздікке және территориялық біртұтастыққа қауіп төнген жағдайда Премьер-Министрмен, парламент палаталарының төрағаларымен, Жоғарғы Сот төрағасымен кеңескеннен кейін ол төтенше жағдайды енгізуі мүмкін, ары кеткенде тіпті толық және жартылай мобилизациясын жариялайтын әскери жағдайды енгізуі мүмкін. Одан басқа, мемлекеттің қоғамдық-саяси өмірінде жүзеге асырылып жатқан реформалар барысында осы президенттің көпсанаулы қызметтері мен орындары көрініс таба бастады.

Біріншіден, президенттік мемлекеттердің партиялық-саяси жүйесінің дамуында мықты стимул және бағыт болып есептеледі. Дәл 1999 жылы мемлекет басшысының сайлау процесінде жаңа партиялар мен қозғалыстарды құруда көрінген азаматтардың саяси мүдделерінің құрылымдануының күрделі шиеленісі болды.

Екіншіден, президенттік қоғамдық сананың құндылықтық бағыттарда трансформациялық құлдырау кезеңі үшін маңызды нәрсені қамтамасыз етті, яғни ол демократиялану процесінің қайтымсыздығына реформалардың кезекті бағыттарымен сенімді кепіл етті.   Биліктің барлық тармақтарының  қызмет ету келісімдіктерін қамтамасыз ете отырып, президенттік қайтымды байланыстың әрекетшіл мезанизмдерінің ытлап тауып және іске қоса отырып, ол билік пен қоғам арасындағы шынайы диалог жүргізу мүмкіндігін тудырды. ал бұл өз кезегінде саяси жүйенің толығымен жауап қайтару тиімділігінің мүмкіндігі мен икемділігін анықтады, саяси тұрақтылық пен азаматтық әлемнің пайда болуына әкеліп соқты.

Әлемнің көптеген дамыған демократияландырудың маңызды мәселелерінің бір болған, ал Қазақстанда демократиялық шешімге ие болған ұлтаралық қатынастар мәселесі президенттен ерекше шешім алады. Қазақстан Халықтарының Ассамблеясын құру мемлекеттің ұлтаралық саясатына жоғарғы институционалды деңгей берді, ал өз кезегінде президент шеңберінде этникалық мәселелерді, олардың саясилануынсыз тиімді шешуге мүмкіндік берді. Бұл президенттік институтпен жеке басқаратын президент ұлтаралық келісім саясат тиімділігінің кепілі ретінде өзінің ролін бекітті. Және белгілі құқықтанушы, заң ғылымдарының докторы Котов А.К. айтуы

бойынша, президенттік басқарудың қазақстандық түрі «…қоғамдағы біртұтас мемлекеттік биліктің қызмет етуі мен бөлінуі жүйесінің лық аяқталуының шегіне ие болды».[11]

Қазақстан үшін биліктің жаңа моделін жасап шығаруда екі критерий орын алады: біріншіден, оның жоғары деңгейлерде берік болуын қамтамасыз ету; екіншіден, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси процестерге биліктің әсер етуінің тиімділігін қамтамасыз етті.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың айтуынша, мұндай президенттік басқару түрі мынадай жағдайларда ерекше тиімді болады: «елдегі жағдай айқындалмаған кезде кең территориялды елдер мен көпұлтты мемлекеттерде тұрақтылық пен басқа қоғамдық жүйеге өту мен реформалар кезінде тиімді болды. Қазақстанда және бұрынғы Кеңес республикалар саясаттарында болып жатқан радикалды төңкерістер мемлекеттің, яғни мемлекет басшысының қадағалауымен өтуі керек, олай болмаған жағдайда бәрін жемқорлық топтар мен қылмыстық бірлестіктер анықтайды. Осылайша, мұндай бақылау реформаның бар процесінің қорытынды жеңісі үшін анықтаушы мәнге ие болады».[9]

Президенттің заңшығарушы, атқарушы және сот жүйесі – билік тармақтармен өзара қарым-қатынасы мен өзара әсерлерінің жүйесі – қатып қалған құрылым емес. Ол уақыттың қажеттіліктер мен байланысты бейімделу мүмкіндігінің жоғарғы дәрежесін көрсетеді. Басқару жүйесінің конституциялық деңгейде эволюциялық маңызды моменті болып 1998 жылғы Қазақстан Республикасына енгізілген өзгертулер мен толықтырулардан көрініс тапты. Олар президент пен заңшығарушы биліктің пайдасына бөлінген билік құзыретін дәлелдейді.

Жаңа енгізулер негізінде келесідегідей болды.[15]

Біріншіден, бірнеше өзгертулер президенттің конституциялық-құқықтық мәртебесіне қатысты.

Конституцияға енген толықтырулар мен өзгерістердің жүзеге асуын көңілге алатын болсақ, ол 1999 жылы 10 қаңтарда болған Қазақстан Республикасы президентінің ұзақ мерзімді сайлауында өз көрінісін тапты, және де ең алдымен, ашып айтатын болсақ, президенттің құзыреттілігі 5 жылдан 7 жылға ұзартылды, президент орнына кандидат үшін жоғарғы жас (үлкен жас) – 65 жас болды, 50 пайыздан астам сайлаушылардың қатысуы болса, сайлау өтті деген жағдай ликвидацияланды.

Президенттің міндеттерін атқару алғашында Сенаттың, парламенттің жоғарғы палатасының төрағасына берілетін, ал егер Сенат палатасының төрағасы өзіне президенттің міндеттерін мойына алмаса, президенттің құзыреттіліктердің орнын басуға премьер-министр құқылы еді. Ал қазіргі өзгертулер мынаны дәлелдейді; қазір қызметтік орындар қатары көбейе бастады: алдымен құзыреттілік Сенат төрағасына, кейін парламенттің төменгі палатасының төрағасына (мәжіліс), ал ақырында – премьер-министрге беріледі.

Екіншіден, үкіметке қатысты парламенттің құзыреті кеңейді.

Конституциялық нормалардың жүзеге асып жатқанға сәйкес, парламент президентке заңды дұрыс атқармау жағдайында қызметтен босату туралы жолдаулармен (сұрақтар, ұсыныстар) шағымдануы мүмкін. Соңғы шешімді президент шешеді. 1998 жылы Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес, депутаттардың үкімет мүшелерінің қызметтен босату туралы президентке айтлыған жолдаулары қабылданбаған жағдайда депутаттар үкімет мүшелерін қызметтен босатылуын 2/3 кем емес дауыстарымен қайтадан қорғайды. Президенттің алдында. Бұл жағдайда президент үкімет мүшелерін қызметтен босатады.

Үшіншіден, парламент және президенттің өзара қарым-қатынстарына өзгерістер енгізілген.

Парламент президентке Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынуға құқылы болады. Президент олармен келісуі де мүмкін немесе оларды қарамауға да мүмкін болады. Ал қазір президент парламенттің ұсыныстарын қарамаған жағдайда, яғни парламент Конституцияға енгізілген толықтырулар мен өзгерістерді республикалық реформаларға шығарса, оны президент қабылдамаса, парламент әр палатасының депутаттар жалпы санының 4/5 көпшілік дауысымен Конституцияға толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы Заңын қабылдауға құқылы. Президент екі шешімнің біреуін қабылдауға немесе қабылдамау құқығына ие. Егер қабылдамаған жағдайда президент бұл мәселені референдумда шешеді.

Төртіншіден, өзгерістер сайлау жүйесіне енгізілген.

Сот билігіне қатысты, биліктің басқа да тармақтарына қарағанда сот билігі аз реформаланды. Жалпы алғанда, мұндай жағдай тек Қазақстанда ғана орын алмады, сонымен қоса посттоталитарлық мемлекеттерде де өз көрінісін табуда. Көптеген зерттеушілердің айтуынша, бұл жағдай айқын материалдық келісімдіктермен және құқықтық-саяси жүйеде соттың толық ролін қамтамасыз ету үшін қажетті құқықтық кепілдіктермен белгіленеді.

Нақты жағдайларда заңдық күшке ие Конституцияға сәйкес, соттық корпустың қалыптасуында басты рольге президент ие:

  • Жоғарғы сот кеңесінің негізделуі бойынша Жоғарғы Соттың төрағасының кандидатын және оның коллегиясы мен судьяларын сайлауға ұсынады;
  • Жоғарғы сот кеңесінің негізделуі бойынша облыстық деңгейлерде және оларға тең соттың төрағалары мен коллегиялары және судьяларын қызметке тағайындайды;
  • Квалификационды әділет коллегияларымен негізделген Әділет министрлігінің ұсынысы бойынша ол мемлекеттің басқа соттың да төрағалары мен судьяларын тағайындайды.

Одан басқа, 1995 жылғы Конституцияға сәйкес, президент құрамына —  Конституциялық Кеңес төрағасы, Жоғарғы Сот төрағасы, Генералды Прокурор, Әділет министрлігі, Сенат депутаттары және мемлекет басшысының өзі тағайындаған тұлғалар мен судьялары кірген Жоғарғы Сот Кеңесін басқарды. Бірақ, 1998 жылы Н.Ә.Назарбаевтың өз инициативасы бойынша, билік тармақтарының әрекетінің реттелуі мен оның бөліну

классикалық қағидасын күшейту құзыретін Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасына берілді.[15]

Демократиялық саяси жүйенің ішінде ерекше маңызға ие басым элементтері болып конституциялық бақылау органдары саналады. Олардың ерекше жағдайы былай анықталады: Конституциялық Соттар – бір жағынан сот билігінің негізгі бөлігі болып сипатталатын әділеттілік органы; ал келесі жағынан, олар – Конституциялық органдар қатарында тұратын (мысалы, президент, парламент, үкімет) мемлекеттік билік органдары.

Саяси жүйеде конституциялық бақылау органдары орындайтын саяси рольдің басымдылықтары болып алдымен билік бөлінісінде қажетті жағдай ретінде көрінуі саналады, сонымен қатар билік тармақтарының шиеленісуіндегі делдалдар мен арбитрлар болып көрінуі саналады. Осынысымен олар саяси тұрақтылықты, легитимацияны және конституция шнңберінде бекітілген саяси процестердің дамуын қамтамасыз етеді.

Конституциялық бақылау органдарына саяси шешім қабылдау процесніде маңызды роль табысталды: олар саяси шешім қабылдауының негізінде құқықтық шектеулердің қызметін жүзеге асырады. Конституциялық Әділет органдарының шешімдері құқықтық мәнге ие және өз ісінде заңдық салдарға алып келеді (конституциялық дауда барлық жақтарына міндетті түрдегі). Конституциялық соттың адамдар мен азаматтардың теңдігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау процесі де өте маңызды жағдай

Қазақстанның тұңғыш мамандандырылған Крнституциялық бақылау органы, яғни Конституциялық Сот, өз міндетін саяси-құқықтық жүйеде асыра білді. Дегенмен де, ол өз әрекеттілігінде артық саясилануда айыпталып, өз тағдырын сәйкесінше шешті. Мемлекет президенті, Конституциялық Соттың орнына келген белсенді рольге ие.

Мемлекеттегі жоғарғы билік тармақтарының ұйымдастық әрекетін қамтамасыз ете отырып, президенттік кері байланыс механизмдерінің іс-әрекетіне негізделген билік пен қоғам арасындағы диалогтың ашық өтуіне мүмкіндік туғызды. Өз кезегінде оған өзінің мақсаты етіп азаматтық бейбіт өмірді сақтау және саяси тұрақтылықты қамтуды қойған саяси жүйенің басым тиімділігі мен әрекеттілігі тәуелді болды.

Келесі жағдайға назар аудару өте қажет. Қазақстан Республикасының 1995 жыл қабылданған Конституцияның жүзеге асуынан бастап парламент ролі мағынасыз, әлсіз мәнге ие болды. 1998 жылы қабылданған Конституциялық өзгерістер де жағдайды орнынан қозғамады. Елдегі Конституция өзіне «рационалистенген» парламентаризм қағидасын қосты, бұл біріншіден, президент пен атқару билікке басым құзыреттерді, әсіресе парламентке әсер ету құзыретін беруде болды; ал екіншіден, атқару биліктің мағыналы түрде компетенциясының келуі болды. Дегенмен, бұл байланысты өте заңды сұрақ туады: қазақстандық қоғам мен мемлекетте эволюция мөлшерімен бұл ақталды ма, жоқ па?

Қазақстанда теңдікті, анық жұмыс істеуші экономикалық жүйені құру алғышарттары, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның құрылуы мен

дамуы, және т.б. қоғамдық дамуды тек мүмкінді ғана емес, сонымен қатар конституциялық механизмдерінің демократиялануына қажетті ететін сөзсіз оңтайлы факторлар және әсіресе, заңшығарушы қызметті жүзеге асыратын жоғарғы өкілдік органдардың құқығының кеңеюінің ерекшеліктері.

Бізге мәлімдей, парламенттің мәртебесінің күшеюі 1998 жылы қабылданған оның құрылу реті мен билік тармақтарының өзара қатынастарының өзгеруін қарастыратын конституциялық өзгерістер нәтижесінде болды. Бірақ та, соңғы кезде парламенттің құқықтарын кеңейтуге бағытталған ұсыныстардың көпшілігі келе берді. Бұл жоспарда, біздің ойымызша, 2000 жылы Қазақстанның Даму Институты және ақпаратты-аналитикалық орталық жүргізген эксперттық сұрау нәтижелері мүдделерін көрсетті. («Еуразия» қорының қолдауымен). Осы сұрауда депутаттар, аналитиктер, мемлекеттік қызметкерлер қатысты (Астана, Алматыдан 48 маман).

Сұрауға қатысушылар Қазақстанның парламентінің әрекетшілдігінің тиімділігін мынадай жағдайлармен кеңейтуге болады деп ойлайды:

  • парламенттің бақылау құзыреттерін кеңейту арқылы (68,8%);
  • барлық жаңа заң жобаларының қабылдауы мен жасалуы және қарастырылуына мүдделі жақтастарды регламенттау (45,8%);
  • бюджеттік саясат саласында парламенттің құхзыретін кеңейту арқылы (43,8%);
  • сайлау жүйесін демократияландыру арқылы (41,7%);
  • парламенттің атқарушы биліктен қаржылық және материалдық техникалық қамтылу әрекетін тәуелсіздендіру арқылы (33,3%);
  • сайлаушылардың депутаттарға пікірлері туралы норма енгізу арқылы (29,2%);
  • атқарушы биліктің құзыретін азайту арқылы (22,9%);
  • парламенттің бір палаталы құрылысына қайту арқылы (20,8%);
  • депутаттардың материалдық-техникалық қамтамасыздықтарын арттыру (оргтехниканы беру, көмекшілер штатын енгізу және т.б.) арқылы (18,8%);

10) депутаттық қолсұқпаушылықты алып тастау арқылы (16,7%);

11) парламентке конституциялық нормаларын түсіндіруді ұйымдастыру құқығын беру арқылы (14,6%);

12) парламентке заңдарды түсіндіру құқықтарын беру арқылы (20,8%);

13) парламентке заң жобаларын енгізу реті мен процесін өзгерту арқылы (12,5%);

14) заңшығармашылық әрекет орталығын маманды комитеттерге, комиссияларға және депутаттық ұйымдарға ауыстыру арқылы (12,5%);

15) депутаттық корпустың санын арттыру арқылы (8,3%);

16) парламенттің кадрлық құзыретін арттыру арқылы (8,3%);

17) парламенттің тарату институттарын шегеру арқылы (8,3%);

18) депутаттық құзыреттердің мерзімін шегеру арқылы (6,3%);[9,11]

Бірақ біздің ойымызша, парламент заңшығарушы қызметін атқаратын жоғарғы өкілдік органның қабілетін толыққанды пайдаланбайды. Бұл туралы

перзиденттің, Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында айтылды: «…Өз дамуымызда біздің мемлекеттігіміз парламент конституциясында көрсетілген құзыреттерді толық айдаланған дағдайда, соның ішінде үкіметке қатысты құзыреттерін толық пайдаланатын жағдайға кезеңмен келе жатыр. Парламент пен үкімет арасындағы тұрақты, күнделікті диалог, заңшығарушылық бірлік жұмыстары – мемлекеттікті күшейтудіің маңызды талабы болып табылады».[7]

Өтпелі қоғам жағдайындағы стратегиялық жоспарлау – Қазақстанның демократиялық модернизациясының жеңісі тәуелді болатын маңызды және өте керекті мәселе. Қазіргі жағдайдағы батыстық саясаттану мектебі қоғамның кенеттік және радикалды қайта құруға қарсы тұрады. Олар жақсырақ әдіс ретінде саяси қақтығыстар мен дағдарыстардың алдын-алу және эволюциялық өзгерісуіне бағытталған жай еппен жүретін реформаларды таниды. Дәл осындай әдіс Қазақстанның өзгеру міндеттері мен мақсаттарын, негізгі жағдайларын және оның жолдары шешілу, әдістерін анықтаған  «Қазақстан —  2030» стратегиялық дамуда көрсетілген. Мұнда бір жағдайды бөліп көрсетуге болады, қоғамның бар дамуының стратегиясын жүзеге асыру мен оны жауапты және салмақты қалыптастырудың шынайы субъектісі болып саяси конъюктурадан бір минутта бос және саяси биліктің ең әрекетшіл де динамикалық институтын бейнелейтін мемлекеттің президенті ғана болды.

«Қазақстан – 2030» стратегиясында оның жүзеге асуының құралдары мен жолдары, бағдарламалық өңдеулердің кешені жақсы көрсетілген, ал ол өз кезегінде жақын мерзім арасында президенттіктің сипатын көпшілік уақытта анықтайды.[17]

Мыңжылдықтардың тоғысында геосаясат пен уақыттың шақырылымдары мен қалыптасатын қауіптердің жағдайында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету осы қауіп –қатерді жеңу мен алдын алудың мықты және тиімді шаралардың мобилизациялық және адаптациялық түрлерінің болуын қажет етеді, ал ол өз кезегінде болашақта президент билігінің мықты және жұмысшыл институтының сақталуының қажеттілігін анықтайды.  Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның консолидациясының бұл жағдайда сақталуы тұрақты саяси стержень болып табылатын президенттің айналасында мүмкін болады.

Қазіргі және болжамды тұрақсыз әлемдік конъюктура жағдайындағы шетелдік инвестицияның жоғарғы деңгейімен нарықтық дамыған экономикаға негізделетін тұрақты экономикалық бойды қамтамасыз ету, біздің ойымызша, тек мемлекет президентінің қолынан келетін қосымша саяси кепілдіктер мен тадаптардың жауапкершіліктерін талап етеді.

Осылайша, Қазақстанда президент институты мемлекеттің тарихи, саяси және мәдени дамудың ерекшеліктерімен анықталған тоталитарлық қоғамнан азаматтық қоғамға өту кезеңінде пайда болды. Демократиялық өзгерістердің, ұлттық қауіпсіздіктің кепілінің, жалпы алғанда Қазақстанның тәуелсіз егемендігінің негізгі рычагы ретінде ол өзінің міндетін орындап келеді.[16]

Қазақстанда президенттік институтының дамуының кезеңдену мәселесі мәнді мүдде білдіреді. Өкінішке орай, отандық ғылымда ол өзіне міндетті

ағартуларды алмады.  Барлығы қайта өңделуден, жасаулар мен ашылулардан белгілі назарды тек Т.С.Донаков пен Е.К. Ертісбаев жасаған кезеңдену иеленеді:

Солай, Т.С.Донаков төрт кезеңді бөліп көрсетеді:

1) сәуір-қараша 1990 жыл – Қазақстанда президенттіліктің бекітілу кезеңінен бастап. Президент дәлелді түрде мемлекеттің биліктің партиялық-кеңестік жүйеде Жоғарғы Кеңес сайлайтын мемлекет басшысы мәртебесіне ие болды;

2) 1990 жылдың – 1993 жылдың тамыз аралығы. Бүкілхалықтық сайлаумен президент бірдей атқару билігінің басында тұрды;

3) 1993 жылдың қаңтары – 1995 жылдың тамызы аралығы. Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясында президент пен мемлекет басшысы мәртебесі мен атқарушы биліктің бірігуі туралы бекітілуі. Бұл кезең бізге мәлім дағдарыстарға әкелген президенттік республиканың постулаттары мен кеңестік мемлекеттік құрылым моделінің араласуымен сипатталады.

4) 1995 жыл – біздің жағдайымызға дейінгі аралық. Бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституцияда президенттік басқару жүйесі бекітілген. Президент атқарушы билік басшысының мәртебесін жоғалтып, бүкілхалықтық сайланған мемлекет басшысы болды, ал ол өз кезегінде мемлекеттік билік тармақтарының барлығынан алшақтатады және оған жауапкершілік және келісімді қызмет етуді қамтамасыз ететін арбитр ролін сомдауға ықпал етеді. Тәжірибе президенттік Республиканың француз моделіне жақын таңдаулы мемлекеттік құрылыстың оптималдылығын көрсетеді.[11]

Белгілі саясаттанушы Е.К.Ертісбаев Қазақстанның саяси жүйесінің эволюциясының төрт кезеңін бөліп көрсетеді: «…Парламенттік республика кезеңі (1991 жыл сәуір-қараша). Бұл кезде атқарушы билік тіпті толығымен съездер мен Кеңес республикасының Жоғарғы Кеңестің бақылауында қалды. Бұл жағдай КОКП-ның бірінші секретарының қызметінің президент құзыретінен басым болуымен шиеленісе түсті…. Жартылай президенттік республика екінші кезеңі. (1991 жылдың қараша – 1993 жылдың қаңтары) Бұл жүйеге өту 1993 жылғы Конституцияның қабылданғаны мен мемлекет басшысын тікелей жалпылама сайлау негізінде орнына тұрғызудан кейін болды. Ол өз кезегінде бұрынғы кеңес жүйесіндегі кеңестік-коммунистік түрмен президент институтының пайда болуының аралығында компромисс болды» деп есептейді. Президенттік республика кезеңі.  (1993 қаңтар – 1995 наурыз).[11]

Қазақстанда президенттік билік заңды түрде 1993 жылы мемлекет Конституциясымен бекітілді. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш негізгі Заңының жағдайының ақиқаты классикалық президенттік басқару түрінің қалыптасуына өз әсерін тигізген атқарушы биліктің құқықтары мен қызметтерін шектеді. 1995 жылғы Коснтитуция (француз моделіне сүйеніп жасалған) Президенттің мемлекет басшысы, жоғарғы құзыреттегі тұлға, және де Конституцияның әшкерленбеуі мен адам және азаматтардың

бостандығының, халық бірлігі мен мемлекеттік биліктің белгісі мен кепілі ретіндегі жаңа мәртебесін бекітті.[14]

Қазақстанда мықты президенттік республикасының пайдасына саяси жүйенің мүлтіксіз дамуы Н.Ә.Назарбаев тұлғасымен тығыз байланысты. КСРО-ның құлдырауынан кейін республиканы басқарған н.Ә.Назарбаев лидердің харизматикалық түріне тән жоғары қажетті халықтың сенім иесісіне ие болды.

Бұл жағдайға қатысты, мемлекетіміздің басшысының өзі өзіне есеп береді, ал ол мұнда көрінеді: «Мен түсінемін, — деп жазды өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде – құқықытық мәдениет болмаған қоғамда мән-мағына заңдылықтарға емес, сол заңдылықтар шеңберінде әрекет ететін лидерге беріледі. Осыған байланысты, өзімнің басты міндетім етіп жағдайды өзгертуді санаймын. Кішкентай адамның болуы және болып жатқан жағдайға жәй қарап, не боларын күтетін үнсіз көпшіліктің болуы тұрақты жағдайды қалыптастыруға кері ықпалын тигізді.

Қазіргі кезеңде біз Қазақстанда тұлға мен топтардың диктатурасының алдын алу үшін бар мүмкіндіктерді жасадық».[7]

Бес жылдан кейінгі өткізілген 1996 жылы жүргізілген әлеуметтік сұраулардың нәтижелері Н.Ә.Назарбаевты Президент тағындағы әрекетін өте жоғары деңгейде бағалады. Президент қызметіндегі Н.Ә.Назарбаев тұлғалық қасиетіне берілген респонденттің көпшілігі мынамен белгіленеді: 27,5% — Қазақстанның тәуелсіздікке ие болғандығы; 17,8 % — азаматтық әлем және саяси тұрақтылықты сақтауда; 14,1% — Семей ядролық полигонын жапқанда; 8,0% — ТМД құруда; 7,0% — қылмыстықпен күрес «Тәртіп» бағдарламасында; 4,1% — Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдағанада; 4,1% — ұлттық валютаны енгізуімен; 3,4% — ядролық қаруды таратпау Келісіміне қол қоюмен; 2,6% — Қазақстанды әлемдік одақтастық және БҰҰ, ЮНЕСКО, ОБСЕ ұйымдарына қосылуымен; 1,7% — жаңа астанаға ауысуымен; 1,1% — мемлекеттік елдің нысандары мен рәміздерін қабылдауда — әнұран, ту, елтаңба. Осыған қарағанда, тұрғындар өз президенттінің макромемлекеттік істеген әрекеттерін, еңбектерін жоғары деңгейде бағалайды.[9]

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның және оның лидерінің халықтық мәртебесі мен атағы көтерілді (айтарлықтай). Осылай деп БҰҰ-ның бас хатшысының орынбасары В.Петровский «қазақстандық саясатқа тән ғаламдық және болашақ ойлауды» жоғары бағалады.[11]

Қазақстандағы және ТМД мемлекеттердің демократиялық қайта құрулары қоғамтанушылардың алдына нәтижелері тіптен өзгеше әдістерді қажет ететін жаңа мәселелерді қояды. Осы мәселенің күшін зерттей келе, сыртқы саясаттың қалыптасу процесі мен сыртқы саяси процестегі мемлекет басшысының ролі бүкіл ТМД мемлекетінің өзекті мәселелері болып жатыр. Ал ол өз кезегінде тек қағидалы жаңа әдіс-тәсілдер халықтық бірлестіктегі жаңа қағидаларды жасап жығуға және ғаламдық жағдайындағы саяси лидерліктің әрекеттену міндеттерін анықтауға көмектеседі.

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Бәрімізге белгілі тарихтағы маңызды рольге дара тұлғалар емес, халықтық бұқара ие. Қоғам өмірі мен тарихтың мәні өз мүддесін көздеп, сол мақсатын жүзеге асыруға талпынған іс-әрекетшіл азаматтардан тұрады.  Дегенмен, сол бұқара халықтың белгілі бөлшегі әлемге ерекше көзқараспен қарап, өз мүдделері мен өзге азаматтардың мүдделерімен санасып, олардың сәйкестіктері мен ерекшеліктері туралы ойлана бастағанда, қоғамда партиялар өмір сүруінің алғышарттары пайда болады. Осындай кездерде қоғам шеңберіндегі адамдардың мүдде-мақсаттары мен мемлекетті дамытатын бағыт-бағдарларды сәйкестендіріп, ортақ саясат жүргізетін азаматтар пайда болмағанда, айтылып кеткен жағдайлар жиі орын алып, мемлекеттің саяси тұрақсыздығына әкелуші еді. Бұл тұжырымдама лидерліктің қайнар көзін анықтайды.

Сонымен, саяси лидерлік – бұл заң негізінде қолдау тапқан ұйымдарға, топтарға немесе қоғамдарға приоритетті ықпалы бар бір немесе бірнеше адамдардың өзара байланыстары жүретін күрделі құбылыс.Оның өзіндік сипаттамалары үш құрыламды бөліктерден тұрады:

  1. Лидердің жеке қасиеттері. Оларға мәселелерге тез сіңу немесе оларды тез сезіну, оған үйрену, өз мақсатына жетудегі бағыттарын жетік білу, өз дегенінде нақты тұру.
  2. Лидер өз басқармасындағы құралдар мен ресурстардың болуы, яғни топтардың, партиялардың, бюрократия, соттар, заң шығарушы органдар, БАҚ, сонымен қатар лидердің ісіне көмегін немесе кеселін тигізетін нәрселер.
  3. Оған әсер ететін және ол әрекет етіп жатқан немесе белгілі бір ситуация. Бұл компоненттердің маңыздылығы мынада: саяси лидерліктің ерекшеліктерін көрсететін саяси өзгерістер «лидер міндетті түрде араласатын, оған ықпал етуші уақытша және тұрақты ортаның нәтижесі ретінде суреттеледі, бейнеленеді және ары қарай дамиды.»[5]

 Бұл құрылымдар үздіксіз симбиоз жағдайында саяси лидердің әрекетінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Лидерлік – көпдеңгейлік ұғым. Оның басқаруын қарастырғанда ең алдымен назарды лидердің өз сипатына, екіншіден оның сайлаушылары мен конституенттерінің қасиеттеріне, барлық саяси субъектілеріне аудару керек. Үшішіден, лидер мен оның конституенттерінің арасындағы байланыстарға, сонымен қатар төртіншіден, сол лидерлікпен басқарылып жатқан шеңберді (контекст)немесе белгілі жағдайды назарда ұстау қажет. Бұл төрт жағдай лидерліктің төрт бейнесінде көрінісін табады(images): ту ұстаушы(ұлы адам), қызметкер, саудагер және өрт сөндіруші.

Лидерлік реттеушілік пен құрылымдық процестерінде түзетуді қажет ететін күрделі құрылымдық жүйелердің белгілі талаптарына сай негізде құрылады, ал ол өз негізінде қоғамдық ағзаның өмір сүруін қамтамасыз етеді. Бұл белгілі иерархиялық пирамидалық құрылым ұйымдары арқылы жүзеге асатын басқарушылық іс-әрекетін бөліп шығару жолымен дамиды. Мұндай «пирамиданың» төбесі — лидердің орны.

Тәжірибеде көптеген лидерлер лидерліктің төрт бейнесін әр алуан тәртіпте және келісімінде пайдаланады. Әрбір белгілі момент шеңберінде лидерлер өз мақсаттарын конституенттерінің мүдделерімен сәйкестедіреді. Тиімді әрекет етуші лидерлер олардың позициялары сақтап тұратын коалициялар құрады, ал олар өз кезегінде конституеттерінің қажетті талаптарын өтеуге міндетті.

Дегенмен  колоссальді адамдардың ұйымын басқару үшін тек жеке қасиеттерге ие болу аз болады. Саяси лидерлік институциализация және формализация (ресми бекіту) ұйымдарымен тығыз байланысты. Аз топтық интеграциялық кішкене ұйымдарда үздіксіз байланыста лидер есебінде белгілі бір ұйымдастырушылық қасиеттерге ие тұлға көрінеді. Бірақ мұндай жағдайда институциализация процесі болмауы мүмкін, ол үшін ұжымдық іс-әрекеттердің тиімділігі анық функционалдық-қызметтік дифференциациясынның және олардың мамандандырылған болуы, сонымен қатар басқарудың оперативтілігі және бағынудың қатаңдығы сақталатын адамдардың ірі бірліктерінің болуы міндет.

Саясаттанудың маңызды бөлгінің құбылысы ретіндегі саяси лидерлікті зерттеу қажеттілігі саяси процестерді толық түсіну үшін, өткеннен проекциямен болашаққа саяси лидердің іс-әрекетін дұрыс бағалай білу үшін керек.

Лидерлердің өздерінің тұрақты шешім қабылдау қасиеттерінен басқасы олардың өзара байланысын сақтауға қабілетсіз. Өзара қарым-қатынастық аймағы қаншалықты үлкен мөлшерде болса, соншалықты лидерлерге іс жүзіндегі мәселелер мен оларды шешу жолдарына назарын бағыттау оңайға түседі. Екі жақтың қалыптасқан байланыстан өз пайдасына тиімді жақтарын қалай пайдалану керектігін ойлайды.

Егер лидерлер халықаралық байланыстарды қалыптастырғысы келсе, олар өздерін төрт деңгейлік ойынның мүшелері сияқты сезінулері керек. Оларға тек өздерінің сайлаушыларының қажеттіліктері мен тілектері ғана

емес, сонымен қатар өздеріне маңызды деген елдермен тиімді байланыс үшін лидерлер мен оның конституенттерінің мүдделерімен санасуы қажет. Байланыстардың дамуы әр деңгейде болып жатқан нәрсе нәтижеге әсер ететін төрт деңгейлік ойын лидерлерді өте қызықтырады.

Осы жалпы саяси лидерліктің саяси процестердегі алатын орнын белгілеу мақсатында қалыптасқан теориялық-әдістемелік және тәжірибе жүзіндегі негіздерінің мәнін ашу, саяси лидердің жалпы қоғамдағы маңызы және оның Қазақстан мысалында жүзеге асу ерекшеліктерін айқындау – бітіру жұмыстың негізгі мақсаты болды, ал оған жету үшін мынадай міндеттерді атқардым:

  • Жалпы лидерліктің мәні мен мағынасын ашу, оның саяси табиғатын белгілеу;
  • Саяси лидерлікті зерттеудегі ұғымдық-тарихи негіздеріне қысқаша шолу жасау (тарихтың әрбір кезеңіндегі ғұламалардың, би-шешендердің, зиялы ғалымдарының айтқан теориялары);
  • Саяси лидерлердің қазіргі түсініктемесі, саяси лидердің халықаралық шеңберде және мемлекеттің ішіндегі саяси процестердің, халықаралық қатынастардың ішінде алатын орнын қарастыру;
  • Мемлекеттік органдар дамуындағы президенттің ролін терең қарастыру (1991 жылдан бері қарай тәуелсіз Қазақстанның саяси құрылымындағы мемлекет деңгейіндегі лидердің маңызы);
  • Елдің саяси-әлеуметтік реформаларының дамуымен байланысты Конституция белгілейтін мемлекет басшысының мәртебесіне салыстырмалы талдау жасау;
  • Лидердің саяси міндетін атқару процесі барысындағы мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты кеңейту шараларына түсініктеме беру;

Жалпы алғанда, бітіру жұмыс толықтай өз мақсатына жетті, тақырып ойдағыдай ашылды деуге кәміл айтуға болады.

Саясаттанудың маңызды бөлгінің құбылысы ретіндегі саяси лидерлікті зерттеу қажеттілігі саяси процестерді толық түсіну үшін, өткеннен проекциямен болашаққа саяси лидердің іс-әрекетін дұрыс бағалай білу үшін керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СІЛТЕМЕЛЕР

 

  1. Блондель Ж. «Политическое лидерство» Москва-1990г (138-1140бб)
  2. «Антология мировой политической мысли» II том — Москва-1997г 139б
  3. «Антология мировой политической мысли» V том — Москва-1997г 228б
  4. Байдельдинов Л.А. «Основы политологии» Учебное пособие «Стратегия»- Алматы-2002г 185б
  5. Джунусова Ж.Х.. «Республика Казахстан: президент. Институты демократии» «Жеті Жарғы» -Алматы-1996ж 123б
  6. Джунусова Ж.Х., Булуктаев Ю.О., Козелецкая Г.В. «Политология» Курс лекций — Алматы-1998г 112б
  7. «Елбасы» «Ана тілі» — Алматы-1996ж 213б
  8. Абашкина Е., Косолапова Ю. «О теориях лидерства в современной политической психологии США: экономика, политика, идеология» 75б
  9. Нұрпейісов Е.К., Котов А. «Қазақ мемлекетінің хандық-биліктен президенттік республикаға дейін» «Жеті Жарғы» — Алматы-1996ж 81б
  10. Фролова М.А. «Политическое лидерство» «Политическая стратификация» — Москва-1994г 204б
  11. Куппаева Б.Т. «Политическое лидерство» Некоторые аспекты теории и истории. Алматы-1996г 69б
  12. «Первые лица государства: политические портреты» «Білім» — Алматы-1998г 45б
  13. 1993 жылғы қабылданған «Қазақстан Республикасының Ата Заңы»
  14. 1995 жылғы қабылданған «Қазақстан Республикасының Конституциясы»
  15. 1998 жылғы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
  16. «Жаңа Әлемдегі Қазақстан» Елбасының 2007 жылғы халқына жолдауы.
  17. Назарбаев Н.А. «Казақстан — 2030» Қазақстандықтардың қауіпсіздігі, гүлденуі мен жағдайларын жақсатудың даму бағдарламасы. Елбасының 1998 жылғы халқына жолдауы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

 

Іргелі еңбектер:

 

  1. «Политическое лидерство в современном Казахстане: методология, методологические и теоретические аспекты» Институт философии МН – АН РК — Алматы-1998г 128б.
  2. Назарбаева Д.Н. «Демократия политических систем стран СНГ» 220б.
  3. «100 великих правителей»
  4. Назарбаев Н.А. «На пороге XXI века» «Атамұра» — Алматы-1996ж
  5. Назарбаев Н.А. «Критическое десятилетие»
  6. Назарбаев Н.А «Эпицентр мира»
  7. Видова О. «Н.А.Назарбаев: портрет человека и политика» «Білім» — Алматы-1996г
  8. Касымбеков М. «Институт президентства как инструмент политической модернизации» — Астана-2002г 260б.
  9. Ашин Г.К «Основы элитологии» Выпуск I. — Алматы-1996г

10.Блондель Ж. «Политическое лидерство» Путь к всеобщему анализу.  Москва-1992г 164б.

11.Адилова Л.Ф. «Имидж лидера в современном политических практиках»

12.«Общая и прикладная политология» Под ред. Жукова И.В. — Москва-1997г

13.Назарбаев Н.А. «В потоке истории» «Атамұра» Алматы-1999г

  1. Пугачев Г.П., Соловьев И.Е. «Введение в политологию»
  2. Мельник В.Г. «Политический словарь»

16.«Казахстанская политическая энциклопедия» Алматы, 1998г

17.Куппаева Б.Т. «Политическое лидерство в Казахстане: опыт                                исторического анализа» Дис. к.п.н. Алматы, 1997ж

  1. Адилова Л.Ф. «Теоретические и прикладные основы формировании имиджа политического лидера» Дис. к.п.н. Алматы, 2003г

19.«Роль интеллегенции в реализации политической модернизации  Республики Казахстан» Алматы, 2005г

20.«Философские аспекты исследования политического лидерства» Алматы, 2000г

21.«Процесс формирования внешней политики государства: роль главы государства» Алматы, 2000г

22.«Институт президентства как инструмент политическоой модернизации: на примере Республики Казахстан» Алматы, 2002г

23.«Формирование имиджа лидера в политических процессах Казахстана» Алматы, 1999г

24.«Институт президентства и возростание его роли в процессе суверинизации Казахстана» Алматы, 2002г

25.«Проблемы политического лидерства в контексте социально-политического развития общества» Алматы, 1998г

 

Заңнамалық құжаттар:

 

  1. «Президентская республика: Казахстанская модель на переходном этапе» Отчет о НИР — 1997г
  2. «Методология и методика изучения политического лидерства в обществах транзитного типа» Эмпирические исследования ведущих политических субъектов в Казахстане. Отчет о НИР — 1998г
  3. «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы-2007ж

 

Мерзімді басылымдар:

 

  1. Гринстайн Ф. «Личность и политика» // «Социально-политический журнал» №2, 1995г
  2. Ильин М.В., Коваль Б.И. «Личность в политике: Кто играет в короля ?» // «Полис» №6, 1991г
  3. Рокмен Б. «Политическое лидерство» // «Современное государство и право» №5, 1988г
  4. Тулегулов А.К. «Политическая элита Казахстане: анализ биографий» // «Саясат» №1, 1998г
  5. Андреев «Политический авторитет и политик» // «Социально-политический журнал» №1-№2, 1990г
  6. Микхенс Л. «Борьба вождей между собой за власть» // «Диалог» №7, 1990г
  7. Пашин Г. «Политическое лидерство: оптимальный стиль» // «Полис» № , 1993г
  8. Изтаева А. «Қазақтың ұлттық лидерлерінің саясатындағы сабақтастық» Салыстырмалы талдау // «Саясат» №9,2006ж
  9. Изтаева А. «Абылай хан тұсындағы қазақ мемлекетінің саяси құрылымы» // «Саясат» №5, 2006ж
  10. Самай А. «Понятийно-историографический обзор политического лидерства» // «Саясат» №10, 2005г
  11. Авиценова Г.А. «Политическое лидерство» // «Современное государство и право» №5, 1993г
  12. Маргарет Дж.Херман «Стили лидерства в формировании внешней политики» // «Полис» №1, 1991г
  13. Кермонн Ж.Л., Шабо Ж.Л. «О принципе легитимности» // «Полис» №5, 1993г

 

Интернет деректері:

  1. www.akorda.kz
  2. www.goocle.kz

 

ҚОСЫМША

 

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

 

            1-бап.
            1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 4, 217-құжат; 1998 ж., № 20, 245-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
            1.2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
“3. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның елордасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның елордасы Астана қаласы болып табылады.”.
           2.5-бапта:
1) 1-тармақтағы “Қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірігіп кетуіне, мемлекеттік” деген сөздер “Мемлекеттік” деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 2-тармақтағы “қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қаржыландыруға” деген сөздер алып тасталсын.
           3. 9-баптағы “нышандары” деген сөз “рәміздері” деген сөзбен ауыстырылсын.
           4. 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
“2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.”.
           5. 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
“2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен“2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.”.
5. 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
“2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.”.
           6. 34-баптың 2-тармағындағы “нышандарын” деген сөз “рәміздерін” деген сөзбен ауыстырылсын.
           7.41-бапта:
1) 1-тармақтағы “жеті” деген сөз “бес” деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 2-тармақтағы “кемінде он бес” деген сөздер “соңғы он бес” деген

сөздермен ауыстырылсын.
          8. 42-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
“Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды.”.
         9.43-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
        10.44-бапта:1) 2), 3), 4), 5), 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
“2) Республика Парламентіне және оның Палатасына кезекті және кезектен тыс сайлау тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақырады; Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;
3) Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын айқындайды; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта құрады, Республика Үкіметінің мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қызметке тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметі мен Премьер-Министрінің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінаратоқтата тұрады;
4) Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайды; оларды қызметтен босатады;
5) Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта құрады, олардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;”;
“7) Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;”;
2) 13) тармақшадағы “наградтайды” деген сөз “марапаттайды” деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 16) тармақшадағы “консультациялар алысқаннан” деген сөздер “консультациялардан” деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
“20) Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Сот Кеңесін құрады;”.
           11. 46-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
“4. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады.”.
          12. 47-баптың 3-тармағы “Республика Парламентінің” деген сөздерден кейін “немесе Парламент Мәжілісінің” деген сөздермен толықтырылсын.
          13. 50-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
“2. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. 3. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады.”.
          14. 51-баптың 1, 3, 4, 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
“1. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.”;
“3. Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.
4. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады.
5. Республика Парламенті депутаттарын сайлау конституциялық заңмен реттеледі.”.
         15.52-бапта:1)1-тармақ алып тасталсын;2) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
“5. Парламент депутатының өкілеттігі орнынан түскен, ол қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша депутат іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
Парламент депутаты:1) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;
2) оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде өз мандатынан

айырылады.
Парламент Мәжілісінің депутаты:1) депутат конституциялық заңға сәйкес өзін сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған;
2) конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан кезде өз мандатынан айырылады.
Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының өкілеттігі Республика Президентінің шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Парламент және Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттігі тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісі таратылған жағдайларда тоқтатылады.”.
         16. 53 және 54-баптар мынадай редакцияда жазылсын: “53-бап
Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
2) Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді;
3) Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы;
4) соғыс және бітім мәселелерін шешеді;
5) Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды;
6) Конституциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;
7) палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерді тыңдайды

8) Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      54-бап
1. Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі — Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды, оның ішінде:
1) республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
2) мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды;
3) Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;
4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін айқындайды;
5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;
6) рақымшылық жасау мәселелерін шешеді;
7) Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды.
2. Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі – Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы:
1) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді талқылайды;
2) Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді. Егер Мәжіліс пен Сенат әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екі көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді растайтын болса, Президент бір ай ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығын ең болмаса палаталардың бірі еңсермесе, заң қабылданбайды немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі. Парламент қабылдаған конституциялық заңдарға Мемлекет басшысының қарсылығы осы тармақшада көзделген тәртіппен қаралады. Бұл ретте Парламент Президенттің конституциялық заңдарға қарсылығын әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде төрттен үшінің даусымен еңсереді;
3) республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтереді.”.
         17. 55-бапта:1) 1) тармақшадағы “, алқалар төрағаларын” деген сөздер алып тасталсын;2) 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:“2) Республика Президентінің Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру;”;3) 4) тармақша алып тасталсын;4) 5) және 6) тармақшалар мынадай редакциядажазылсын:“5) Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі функцияларын орындау;6) Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.”

  1. 56-бап мынадай редакцияда жазылсын:
    56-бап
    1. Мәжілістің ерекше қарауына мыналар жатады:
    1) Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау;
    2) Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру

3) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау;
4) Конституциямен Парламент Мәжілісіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2. Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен, Мәжіліс депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша Мәжіліс Үкіметке сенімсіздік білдіруге хақылы.”.
        19. 57-баптың 1) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
“1) Конституциялық Кеңестің екі мүшесін қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;”;

6) Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы. Есепті тыңдау қорытындылары бойынша Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен оны қызметтен босату туралы Республика Президентіне өтініш жасауға хақылы. Егер Республика Президенті мұндай өтінішті қабылдамай тастаса, онда депутаттар Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен алғашқы өтініш берілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін Республика Президентінің алдына Үкімет мүшесін қызметінен босату туралы мәселені қайталап қоюға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті Үкімет мүшесін қызметінен босатады;”.
         20. 58-баптың 3-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
“7) палаталарға Конституциялық Кеңестің, Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар ұсынады;”.
21. 59-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
“4. Парламент сессиясын, әдетте, Республика Президенті ашады және сессия Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырыстарында жабылады. Парламент сессиялары аралығындағы кезеңде Республика Президенті өз бастамасымен, палаталар төрағаларының немесе Парламент депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің ұсынысымен Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыра алады. Онда сессияны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады.”.
           22. 61-бапта:1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
“1. Заң шығару бастамасы құқығы Республика Президентіне, Парламент депутаттарына, Үкіметке тиесілі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады.”;
2) мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
“5-1. Мәжіліс депутаттары қараған және олардың жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен мақұлданған конституциялық заң жобасы Сенатқа беріледі, онда алпыс күннен асырылмай қаралады. Сенат депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен қабылданған жоба конституциялық заңға айналады және он күн ішінде Республика Президентіне қол қоюға ұсынылады. Конституциялық заң жобасын тұтастай қабылдамауды Мәжіліс немесе Сенат Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жүзеге асырады.Сенат депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен конституциялық заң жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Мәжіліске жіберіледі. Егер Мәжіліс

депутаттардың кемінде үштен екісінің даусымен Сенат енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келіссе, конституциялық заң қабылданды деп есептеледі. Егер Мәжіліс, Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулар бойынша дауыс беру кезінде олармен депутаттардың кемінде үштен екісінің даусымен келіспесе, онда палаталар арасындағы келіспеушіліктер келісу рәсімдері арқылы шешіледі.”;
3) 6-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
“Республика Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісіне енгізілген заңнамалық актілердің жобалары үшін мұндай қорытындының болуы талап етілмейді.”;
4) 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:“7. Үкімет енгізген заң жобасының қабылданбауына байланысты Премьер-Министр Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкіметке сенім туралы мәселе қоюға хақылы. Бұл мәселе бойынша дауыс беру сенім туралы мәселе қойылған сәттен бастап қырық сегіз сағаттан ерте өткізілмейді. Егер сенімсіздік білдіру туралы ұсыныс палаталардың әрқайсысының депутаттары жалпы санының көпшілік даусын ала алмаса, заң жобасы дауысқа салынбай қабылданды деп есептеледі. Алайда Үкімет бұл құқықты жылына екі реттен артық пайдалана алмайды.”.
          23. 62-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
“6. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша кемінде екі оқылым өткізу міндетті.”.

          24.63-бап мынадай редакцияда жазылсын :“63-бап
1. Республика Президенті Парламент палаталары төрағаларымен және Премьер-Министрмен консультациялардан кейін Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарата алады.
2. Парламентті және Парламент Мәжілісін төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңінде, Президент өкілеттігінің соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейінгі бір жыл ішінде таратуға болмайды.”.
          25. 64-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
“2. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты.”.
          26. 67-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын.

  1. 68-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
    “2. Үкімет мүшелерінің өкілді органның депутаттары болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқаруға, кәсіпкерлік іспен шұғылдануға, заңнамаға сәйкес өздерінің лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ.”.
    28.70-бапта:
    1) 1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
    “1. Үкімет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің алдында өз өкілеттігін доғарады.
    Республиканың Премьер-Министрі жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім туралы мәселе қояды. Мәжіліс сенім білдірген жағдайда, егер Республика Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, Үкімет өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.”;
    “3. Парламент Мәжілісі немесе Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда Үкімет орнынан түсетіні туралы Республика Президентіне мәлімдейді.”;
    2) 6-тармақтың екінші сөйлемі алып тасталсын.
  2. 71-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: “3. Конституциялық Кеңестің екі мүшесін – Республика Президенті, екі-екі мүшеден тиісінше Сенат пен Мәжіліс тағайындайды.
    Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын жаңартылып отырады.”
  3. 72-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
    “2-1) Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды;”.
    31. 74-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
    “2. Конституциялық емес деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің күші жойылады және қолданылуға жатпайды.”.
    32.75-бапта:
    1) 2-тармақтағы “алқа заседательдерінің” деген сөздер “алқабилердің” деген сөзбен ауыстырылсын;
    2) 3-тармақтағы “және Республиканың жергілікті соттары” деген сөздер “, Республиканың жергілікті және басқа да соттары” деген сөздермен ауыстырылсын;
            33. 81-баптағы “және жалпы сот ісін жүргізудің соттарда қаралатын” деген сөздер “, жергілікті және басқа да соттарда қаралатын” деген сөздермен ауыстырылсын.
            34. 82-бап мынадай редакцияда жазылсын:
    “82-бап
    1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасын және судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды.
    2. Жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды.
    3. Соттарда конституциялық заңға сәйкес сот алқалары құрылуы мүмкін. Сот алқалары төрағаларына өкілеттіктер беру тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.

  4. Жоғары Сот Кеңесі Республика Президенті тағайындайтын Төрағадан және басқа да адамдардан құралады.
  5. Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және жұмысын ұйымдастыру заңмен белгіленеді.”
  6. 84-бап алып тасталсын.
    36. 86-бапта:
    1) 2-тармақтағы “төрт жыл” деген сөздер “бес жыл” деген сөздермен ауыстырылсын;
    2) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    “5. Мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын Республика Президенті тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған ретте де оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады.”.
              37. 87-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
    “4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметке тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының келісімімен Республика Президенті тағайындайды. Өзге әкімшілік-аумақтық бөліністердің әкімдері қызметке Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен тағайындалады немесе сайланады. Республика Президенті өзінің ұйғаруы бойынша әкімдерді қызметтерінен босатуға хақылы
  7. Мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселе қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда мәслихат өз депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен әкімге сенімсіздік білдіруге және оны қызметінен босату жөнінде тиісінше Республика Президентінің не жоғары тұрған әкімнің алдына мәселе қоюға хақылы. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады.”.
    38. 89-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
    “2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғын халық тікелей жүзеге асырады, сондай-ақ ол мәслихаттар және халық топтары жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылады.
    Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру заңға сәйкес берілуі мүмкін.
    3. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мен олардың қызметі заңмен реттеледі.”.
               39. 91-баптың 1-тармағының соңғы сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
    “Республикалық референдумға шығарылған Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар, егер олар үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп

есептеледі.”.
       40. Мынадай мазмұндағы 94-1-баппен толықтырылсын

“94-1-бап
Конституцияның 41-бабы 1-тармағының Республика Президентінің өкілеттік мерзімін белгілейтін ережесі 2005 жылғы 4 желтоқсандағы сайлауда сайланған Республика Президентінің жеті жылдық өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты өткізілетін президенттік сайлау қорытындысы бойынша Республика Президенті болып сайланған адамға қолданылатын болады.”.
           2-бап.
1. Қазақстан Республикасының Парламенті мен оның палаталары осы Заңда өздері үшін көзделген конституциялық өкілеттіктерді үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттік мерзімі аяқталған соң алады.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының лауазымды адамдарға өкілеттік берудің жаңа тәртібін белгілейтін нормалары осы лауазымды адамдардың өкілеттік мерзімі аяқталуына немесе өкілеттіктерінің тоқтатылуына қарай қолданысқа енгізіледі.
3. Жоғары Сот Кеңесі Әділет біліктілік алқасының аудандық және оларға теңестірілген соттар төрағалары мен судьяларының лауазымына үміткер адамдарды конкурстық іріктеу және аталған мемлекеттік лауазымдарға тағайындау үшін ұсыным беру жөніндегі өкілеттіктерін “Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” Конституциялық заңға, “Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы” Заңға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен соң және “Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасы туралы” Заңның күші жойылды деп танылғаннан кейін алады. Аталған өзгерістер мен толықтырулар күшіне енгенге дейін бұрын Конституцияда белгіленген тәртіп қолданылады.
4. Конституцияда көзделген соттың тұтқындауға санкция беруі тиісті заңнамалық актілер қабылданғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
          3-бап.
Осы Заң, осы Заңның 2-бабының ережелері ескеріле отырып, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2007 жылғы мамырдың 21-і. № 254-ІІІ ҚРЗ