АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Диплом: Мұсылман мемлекеттеріндегі әйелдердің әлеуметтік портреті

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

 

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ МЕТОДОЛОГИЯ  КАФЕДРАСЫ

 

ДІНТАНУ БӨЛІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұсылман мемлекеттеріндегі әйелдердің әлеуметтік портреті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жұмыстың жоспары:

 

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

  І Ислам дініндегі әйел мәселесінің теориялық негізімен  мұсылман ғұламаларының интерпритациясы

 

  • Ислам дінінің әйелге беретін құқығымен қазіргі мұсылман ғұламаларының интерпретациясы.
  • Мұсылман елдеріндегі гендерлік саясаттың ерекшелігі, тарихы мен бүгінгі күні. 
  • Жаһандану процессінің мұсылман мемлекеттеріндегі гендерлік саясатқа тигізген әсері.

 

ІІ Әлемдік мұсылман елдеріндегі әйелдер мәселесіне анализ

 

2.1Сауд әйелі: модернизация процессіңнің қоғамға ықпалы және Ислам рольі

2.2  Иран Ислам  Республикасындағы «әйелдер сұрағының» эволюциясы

2.3  Қазіргі Түркия мемлекетіндегі әйелдер жағдайының ерекшелігі

2.4  Қазақстан әйелдері: тарихы мен  бүгінгі күні

 

Қортынды бөлім

Сілтемелік әдебиеттер

Қосымша әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ БӨЛІМ

 

ХІХ – шы ғасырдың ортасынан бастап батыс ықпалымен мұсылман мемлекеттерірің әлеуметтік және экономикалық өмірінде, рухани танымдарында болып жатырған өзгерістер күшейе түсті. Біртіндеп әлемде ғылыми техникалық революциямен басталған жаһандану процессі мұсылман елдеріне де жетті.

Ислам дінінің Еуропаға таралуымен  мұсылман әлемінің батыспен бара – бара тығыз қатынаста бола бастауы, батысқа жұмысшы күшінің, ал шығысқа инвестицияның ағылуы, туризмның дамуы, екі әлемде өзара сыртқы миграцияның күшеюі, т.т. процесстер – батысты шығысқа, ал шығысты батысқа жеделдете аша бастады. Азия мен Африкада көп колонияларынан айрылса да батыс елдері осы жерлерде өз тілімен  мәдени құндылықтарын тастап кетті.

Бірақ қазіргі шығыстың толығымен батыстық стандартқа өтпеуінің және жаһандану процесінің бұл аймақта өте баяу жүруінің бірден – бір  себебі – Ислам діні мен құндылықтары болып отыр. Әйтседе футурологтардың айтуынша болашақтағы батыс пен шығыстың интеграциясымен шығыстың секуляризациясы қайтарылымсыз процесс. Модернизация процессінің идеологтарының айтуы бойынша мұсылман әлемі батыс өркениетінің эволюциясын қайталауы тиіс, яғни лаицизм (зайырлы мемлекет) жолына түсіп, елдің барлық институттары толық секуляризация поцессіне ұшырауы тиіс.   Өйткені қазірдің өзінде – ақ шығыстағы Ислам мемлекеттерінде батыс әсерімен жаңа ұрпақ тәрбиеленуде, ал ұрпақ келбеті – болашақтың келбеті екенін ұмытпауымыз керек.

Ұрпақ тәрбиесі – ананың қолында, өйткені әйел – ана, әйел – тәрбиеші, ал бұл – табиғат заңы. Әрбір қоғамда болсын, мемлекетте болсын әйелдің жағдайы қаншалықты құрметті орында болса, соншалықты дәрежеде ел болашағы жарқын болмақ. Ислам дініндегі әйел адамның дәрежесі үлкен, өйткені Ислам әйел адамға ең біріншіден ана, адал жар, отбасы ұйытқысы ретінде қарайды.

Мұсылман елдерінің батыс әсерімен өзгеруі бұл елдерде Ислам дінінің реформалануына әкелді, ал ол өз негізінде шариғатқа сүйенген қоғамның барлық институттарына өзгерістер енгізді. Оның ішінде Исламның ең маңызды институттардың бірі саналатын отбасы — әйелдерің «эмансипациясы» әсерімен өзгеше мәнге ие бола бастады.

Мұсылман әйелдері Исламның бастамасында жаңа мемлекет құру ісіне белсене араласып өздерін көрсете білді. Артық айтқан болмас, Мұхаммед пайғамбардың (с. ъ. с) ағартушылық ісіне қолауды оның жанындағы ең жақын серіктері — әйелдері, қыздары, туысқан әйелдері, үй жұмысшылары  көрсетті. Бірақ Халифат шекарасы өскен сайын, феодалдық мемлекеттер қалыптасып, қоғамдық құрылыс күрделене түсті. Осыған байланысты әйелдердің қоғамдық  өмірі мен саясаттағы рольі біртіндеп бәсеңдей түсті. Кейіннен соңғы орта ғасыр дәуірінде әйелдер  орны тек үй, отбасы шеңберімен шектелді. Тек ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Шығыстың модернизациясының бір көрінісі ретінде әйелдер әлеуметтік және саяси сахнада көрінді.

Саясаттанушылар, социологтар, экономисттер, шығыстанушылар, дінтанушылар шығыстың секулиразиция процессіне тап болатындығы туралы айтқан болатын, шыныменде ХХ – ғасырдың басында дәстүрлі мұсылман мемлекеттерінде  либеризациялық процестің басталып, кейбір елдер батыстық – демократиялық, ал басқалары, капиталистік даму жолын таңдауы, олардың ойын дұрысқа шығарғандай болды. Бірақ ХХ – ғасырдың ІІ жартысында керісінше реисламизация процессі басталып, ол  “Исламдық жарылыс” немесе “мұсылмандық қайта жаңғыру” деген атқа ие болы.

1993 жылы Флорида штатының университетінде өткен “Исламның қайта  жаңғыруы” атты дөңгелек үстел үстіндегі конференцияда, мұсылман әлемі мен АҚШ – тың шығыстанушылары жиналды. Бұл конференцияда көптеген батыс пен шығыс арасындағы түсінбеушілік тудырған мәселелермен қатар мұсылман мемлекетіндегі әйелдердің қазіргі кездегі жағдайы да сөз болды.

ХХ ғасыдың екінші жартысында әлем мұсылман әйелдерінің қара жамылған Иран – ирак соғыстарына, 90 – жылдардың қараша айларында Сауд Аравиясында автомобиль айдауға рұқсатты талап еткен әйелдер демонстрациясына куә болды. Ал Ислам ғұламаларының әйелдерге белгілі бір дәрежеде шек қоюы, өздерінің шынайы Ислам заңдарына сәйкес құқықтары үшін күрескен, радикалды әйелдер топтарының пайда болуының бастамасы болы.

Бұндай әрекеттердің себептері мен салдарлары туралы мәселе көтеру өте маңызды, өйткені әлемдегі өзгерістер Қаазақстан қоғамына да ерте ме, кеш пе, міндетті түрде әсер етеді. Өйткені Қазақстанның өткені, бүгінгісі, болашағы осы Исламмен байланысты болмақ, қазақтың ұлттық мінез-құлқының негізгі ерекшелігінің астарында  да Ислам ықпалын айқын сезінуге болады.

Берілген курстық жұмысымда мұсылман елдеріндегі әйелдер мәселесі көтере отырып, олардың қоғамдық портретіне, негізгі рольі мен алатын орнына  талдау жасауға тырысамын. Қазіргі кездегі мұсылман мемлекеттерінің жиынтық мысалдары ретінде үш мемлекет – Сауд Аравиясы, Иран және Түркия алынған, өйткені бұл елдердердің қоғамдық құрылыстары мен әйелдер турасында ұлттық  саясаттарындағы ерекшеліктерінің негізі шариғат заңдарына бағынса да тарихи, территориялық, әлеуметтік, экономикалык,  геополитикалық ерекшеліктеріне байланысты жаһандану процессі әрбіреуіне өзіндік әсер беріп өзгерткен. Сол елдер қатарына Қазақстанды талдауға көңіл бөлу өте маңызды, өйкені еліміздің гендерлік саясатында діннің әсерін талдап қарастыру ұлттық ерекшелігіміздің  негізгі мәселелерін айқын көрсетіп бермек.

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

І  Ислам дініндегі әйел мәселесінің теориялық негізімен  мұсылман ғұламаларының интерпритациясы

 

  • Ислам дінінің әйелге беретін құқығымен қазіргі мұсылман ғұламаларының интерпретациясы.

Әйел – ана, әйел – жар, әйел – перзент. Бұл – Исламның әйелге деген көзқарасы.

Расында, Ислам әйелді ұрпақ тәрбиешісі етіп құрметтеді және қоғамның түзелуін әйелдің түзелуіне, бұзылуын әйелдің бұзылуына байланыстырды. Өйткені, әйел өз үйінде ұлы іс атқарады. Бұл — ұрпақ тәрбиесі. Осыдан барып қоғам қалыптасады. Ал, қоғамнан мемлекет пайда болады. Ислам әйелді соншалық құрметтегеннен Құран Кәрім сүрелерінің біреуін әйелдерге арнап «Ниса» («Әйелдер») деп атады. Бұл Исламның әйелге, әсіресе анаға ерекше мән беруін көрсетеді. Өйткені, Аллаһ Тағала Өзіне құлшылық етуге бұйырғаннан кейін, ата-анаға жақсылық жасауды ескертеді.

«Раббы «Өзіне ғана ғибадат етулеріңе және ата-анаға жақсылық етулеріңе әмір етті.»   (Исра 17:23)

Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уа сәллам, әйелге балалар тәрбиесін аманат етіп жүктеп, әйелді құрметтеп былай деген:

«…Әйел — күйеуі үйінде басшы және қол астындағыларға жауапкер». (Бухари және Муслим жеткізген).

ИСЛАМ ДІНІНІҢ КЕЛУІНЕ ДЕЙІН АРАБ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ  АРАБ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ЖАҒДАЙЫ

Надандық дәуірінде әйелдің мираста ешқандай хақы жоқ еді. Олар бұл жөнінде: «Мирасты тек қана қылыш көтеретін және ұрпақты қорғайтын кісі ғана апады», — дейтін. Әйелдің күйеуінен талап қылар ешқандай хақы жоқ еді. Талақтың (ажырасу) шектелген саны жоқ болатын. Сондай-ақ, көп әйел алудың белгілі бір саны болмайтын. Егер бір кісі қайтыс болса, оның әйелін басқа әйелінен перзенттері болса, сол перзенттерінің үлкені алуға лайықты еді. Ол перзент бұл әйелді әкесінен қалған басқа да дүние-мүліктермен бірге мирас деп есептейтін. Абдуллаһ ибн Аббастан, ради Аллаһу анһу, риуаят: «Егер бір кісінің әкесі немесе қайын атасы қайтыс болса, бұл кісі одан қалған әйелді алуға тиісті еді. Егер қаласа, бұл әйелді қол астына алып қалатын. Немесе, әйел алған маһрін (қалың малын) қайтарып бергенге дейін оны ұстап тұратын, кейде әйел байғұс маһрін қайтарып бере алмай өліп кететін».  Жәһилиет дәуірінде идда сақтау мерзімі (күйеуі қайтыс болған әйел аза тұтып отыратын мерзім) бір жыл болатын. Күйеуі қайтыс болған әйел өте көріксіз, жаман түрде аза тұтып жүретін. Ең жаман киімдерін киіп, сәнденбей, хош иіс сеппей, өте жаман бейнеде отыратын. Жуынбайтын, тырнақ-шаштарын алмайтын, адамдармен қарым-қатынас жасамайтын және оларға көрінбейтін. Бір жыл мерзім өткеннен кейін, өте жаман кейіпте шығатын.

ИСЛАМ ӘИЕЛДІ ҚҰРМЕТТЕЙДІ

 Ислам жәһилиет дәуіріндегідей әйелді жек көріп, қараламады. Қайта әйелден бұл қорлықты апып тастайтын әділетті орнатты. Әйел — еркектің серігі. Ер кісінің құқықтары болғанындай, әйелдің де құқықтары бар. Сонымен қатар, өзінің жаратылысына, болмысына тән міндеттері де бар. Ал, ер кісі қуатты, қолы кең, мінезі өткір, қиындықтарға төзімді болғандықтан, әйелге басшылық етеді. Ол — әйелді қорғайтын, еңбек етіп асырайтын басшысы.

Міндет жүктеу және орындау мәселесінде әйелді ер кісімен тең етті. Және оған апу-сату, қарыз беру, мүлікке ие болу секілді тағы да басқа құқықтарды беріп, бекемдеді.

Ислам әйелді құрметтеді. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде адамзатты еркек пен әйелден жаратқандығын және олардың орталарындағы іс ерекше тақуа және ізгілікпен болатындығынан хабар берді:

«Ей, адамдар! Біз сендерді бір еркек (Адам ата) және бір әйелден (Хауа ана) жараттық. Және сендерді танысуларың, қатынас жасауларың үшін едер, рулар еттік. Расында сендердің Аллаһ қасындағы ең беделділерің көп тақуалық қылатындарың. Аллаһ әр нәрсені білуші әрі хабардар».  (Хужурат 49:13).

 Әйелге білім беруге мән берді. Абу Сағид Әл-Худридан, ради Аллаһу анһу, риуаят етіледі:

«Әйелдер: Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, «Сізге келіп үйренуде ер кісілер бізден озып кетті. Біз үшін де бір күнді белгілеп берсеңіз» — десті.

Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, олар үшін бір күнді белгілеп, сол күнде олармен кездесіп, уағыз-насихат қылды. Және оларды бірнеше істерге бұйырды. Сол айтқан сөздерінің ішінде мына сөздер де бар еді: «Сіздерден қайсыбір әйелдің үш перзенті қайтыс болып, ол бұған сабыр етіп, риза болса, бұл оған тозақтан қорған болады». Бір әйел: «Екеу болса ше?» деп сұрады. Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам: «Екеу болса да » — деп жауап берді». (Бухари).

 Аллаһ Тағала әйелді құрметтегендіктен оны ер кісілермен бірдей зікір етті:

«Сөз жоқ, мұсылман ерлер және мұсылман әйелдер, момын ерлер және момын әйелдер, бой ұсынушы ерлер және бой ұсынушы әйелдер, шыншыл ерлер және шыншыл әйелдер, сабырлы ерлер және сабырлы әйелдер, ықыласты әйелдер, садақа беруші ерлер және садақа беруші әйелдер, ораза ұстаушы ерлер және ораза ұстаушы әйелдер, ұятты жерлерін қорғаушы ерлер және әйелдер, Аллаһты көп зікір етуші ерлер және әйелдер; Аллаһ олар үшін жарылқау және ірі сыйлық әзірледі». (Ахзаб 33:35)

“НИСА” СҮРЕСІ — ӘЙЕЛДЕРГЕ КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ

Аллаһ Тағала Құран Кәрімде «еркектер» деген сүре түсірмеген. Бірақ, «Ниса»- («Әйелдер») атты сүре түсірген. Бұл — әйелдерге көрсетілген құрметтің дәлелі. Бұл — сүреде әйелге, отбасына, мемлекетке, қоғамға байланысты көптеген маңызды мәселелер сөз болған. Сүренің көптеген аяттарында әйелдердің құқықтары туралы баяндалады. Сондықтан да сүре «Ниса» деп аталған. Осы сүреде мынадай мәселелер қаралады:

  1. Аллаһ Тағ ала еркектің қабырғасынан әйелді жаратып, олардан ерлер мен әйелдерді таратты. Аллаһ Тағала Құранда:

«Ей, адам баласы! Сендерді бір жаннан (Адам атадан) жаратқан және одан оның әйелін (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар». (Ниса 4:1)

Бұл аят «Хутбатул-хажа» — «Қажет хұтбасының» бір бөлігі. Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, хұтбасын осымен бастайтын. Сондықтан бұл аят әсіресе үгіт, уағыз-насихат айтушылар үшін өте маңызды болып табылады.

  1. Жетім әйелдердің құқықтарын қорғау. Аллаһ Тағала:

«Егер (үйленгенде) жетім әйелдер жайында әділетсіздік істеуден қорықсаңдар, өздеріңе жаққан басқа әйелдерден екі, үш және төртке дейін үйленіңдер. Сонда егер тең ұстай алмаудан қорықсаңдар, онда біреу алыңдар немесе қолдарыңдағы күң де болады. Әділетсіздік істемеуге жақынырағы осы». (Ниса 4:3)

Уруа ибн Зубайр, ради Аллаһу анһу, Айшадан, ради Аллаһу анһа, Аллаһ Тағаланың: «Егер жетім әйелдер жайында әділетсіздік істеуден қорықсаңдар…»деген сөзі туралы сұрады. Айша, ради Аллаһу анһа, айтты: «Ей,бауырым! Егер жетім қыз өзінің малымен бірге қожайынының қол астында болса, ол қыздың малы мен сұлулығына қызығып үйленгісі келеді. Бірақ оған берілетін қалыңды тугел бермей, әділетсіздікке жол береді. Сондықтан кісілердің әділетсіздікпен жетім қыздарға үйленулеріне тыйым салынды. Тек қалыңдарын (маһр) түгөл, әділеттілікпен бергендерге ғана рұқсат етілді. Сондай-ақ, олардан басқа да ұнаған әйелдерге үйленулеріне бұйырылды». Айша, ради Аллаһу анһа, тағы былай деді:»Бұл аяттан кейін адамдар Расулуллаһқа, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, әйелдер жөнінде пәтуа сұрап келді. Сонда Аллаһ Тағ’аладан мына аят түсті:

«Сенен әйелдер жөнінде пәтуа сұрайды…» (Ниса 4:127)

Айша, ради Аллаһу анһа, айтады: «Ал, осы аяттың жалғасындағы «…Оларға үйленгілерің келмейді…»дегенде Аллаһ Тағала адамдардың егер жетім қыздың малы аз және онша сұлу болмаса, оларға үйленгісі келмейтіндігін нұсқап отыр. Осыған байланысты мұсылмандарға жетім қыздардың малы мен сұлулығына қызығып үйленулеріне тыйым салынды. Тек әділдікпен істейтіндерге ғана рұқсат етілді». (Бухари жеткізген).

  1. Әділдік ете алмаудан қорықса, бір әйелмен шектелу. Өйткені, Аллаһ Тағала:

«Егер тең ұстай алмаудан қорықсаңдар, онда біреу алыңдар…», — деген. (Ниса 4:3)

Міне, мұны да әйелдерге көрсетілген құрмет деп бағалау керек.

  1. Мұра бөлісте әйелдердің де үлесі бар. Аллаһ Тағала:

«Әке-шеше және жақындардың қалдырған нәрселерінен еркектерге де үлес бар. Әке-шеше және жақындардың қалдырған нәрселерінен әйелдерге де үлес бар. Аз әлде көп болса да, одан өлшеулі несібе бар». (Ниса 4:7)

Ал, жәһилиет дәуірінде мирас тек еркектерге ғана беріліп, әйелдер одан құр қалатын.

  1. Еркек пен әйелге мұра бөлістегі айырмашылық.

Аллаһ Тағала:

Аллаһ сендерге балаларың жайында; бір еркекке екі әйелдің мирасындай үлес бұйырады…» — деген. (Ниса 4:11)

Яғни, Аллаһ Тағала мұра бөлісте бір еркектің үлесіне екі әйелдің үлесін тең етіп беріп әділдікпен іс қылуды бұйырады. Өйткені, ер кісі бала-шағаларын асырайды және әйелге маһр (қалың) береді. Абдуллаһ ибн Аббастан, ради Аллаһу анһу, айтады:

«Мал-дүние бала үшін едіде, өсиет қылу құқығы әке-шешеде болатын. Аллаһ Тағала бұлардан қалағанын жоққа шығарып, бір еркекке екі әйелдің үлесін белгіледі. Ал, әке-шешенің әрқайсысы үшін алтыдан бір және үштен бірдеп белгіледі. Әйел үшін сегізден бір және төрттен бір деп белгіледі. Ал, ер үшін жартысын және төрттен бір деп белгіледі». (Бухари жеткізген).

  1. Күйеу келісім бойынша қалыңдыққа маһр береді. Аллаһ Тағала:

«Әйелдердің маһрін ықыласпен беріңдер. Сонда егер әйелдер өз көңілдерінше, сендерге маһрдан бір нәрсені кеңшілік етсе, (кешсе) онда оны жеңдер, сіңімді, жұғымды болсын».(Ниса 4:4)

Абдуллаһ ибн Аббас, ради Аллаһу анһу, айтады: «Маһрды (неке қиылатын кезде) атап, белгілеу парыз. Өтірік айтып, жалған белгілеу дұрыс емес. Ер кісі маһрді ықыласпен, шын жүрекпен беруі керек. Маһр аталып, белгіленгеннен кейін, егер әйел оның кейбірінен өз еркімен бас тартса, еркек оны өз пайдасына жұмсасын. Бұл оған халал әрі дұрыс».

  1. Еркектерді әйелдерімен жақсы қатынас жасауларына бұйыру. Аллаһ Тағала:

«… Және әйелдермен жақсы шығысып, өмір сүріңдер…»,-деп бұйырды. (Ниса 4:19)

Яғни, шамаларыңыз келгенше әйелдеріңізге жақсы сөз айтыңыздар. Істеріңізді, көріністеріңізді жақсы, әдемі қылыңыздар. Өйткені сіз де әйеліңіздің сізге солай қатынас жасауын қалайсыз. Ендеше сіз де оған сондай қатынаста болыңыз. Аллаһ Тағала сол себепті:

«Ерлердің әйелдердегі хақтары секілді, әйелдердің де ерлерде белгілі хақтары бар», — деген. (Бақара 2:28)

Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам:

«Сіздердің ең жақсыларыңыз — әйеліне жақсылық еткендеріңіз. Әйеліне жақсылық етуде мен сіздердің ең жақсыларыңызбын», — деген. (Термизи жеткізген).

  1. Ер кісі әйелін жек көріп, жақтырмайтын болса да жақсылық жасауы керек. Аллаһ Тағала:

«…Егер оларды жек көрсеңдер, сендердің жақтырмаған нәрселеріңде Аллаһ көп жақсылық жасап қойған болуы мүмкін». (Ниса 4:19)

Яғни, егер оны жек көрсеңіз де сабыр етіп, бірге өмір сүре берсеңіздер, сіздер үшін бұл дүниеде де, Ақыретте де көп жақсылық болуы мүмкін. Абдуллаһ ибн Аббас, ради Аллаһу анһу: «Егер шыдап, оған жақсылық жасап өмір сүре берсе, одан бір бала туылып, сол арқылы көп жақсылық болуы мүмкін». Расулулаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам: «Мү’мин ер мү’мін әйелді жек көріп, тастап кетпесін. Егер оның бір мінезіне риза болмаса, басқа бір қасиетіне риза болады», — деген. (Муслим жеткізген)

  1. Ажырасқанда маһрды қайтарып алу мүмкін емес. Өйткені Аллаһ Тағала Құранда: «Егер де жұбайдың орнына басқа жұбай алғыларың келсе, оған толып жатқан маһр берген болсаңдар да, одан еш нәрсе алмаңдар. Оған жала жауып, ашық күнәлі болып аласыңдар ма?» — деген. (Ниса 4:20)

Яғни, сіздердің біреуіңіз әйелімен ажырасып, басқаға үйленгісі келсе, егер оған асып-тасыған маһр берген болса да, одан еш нәрсені қайтарып алмасын. Аллаһ Тағала аяттың жалғасында былай дейді:

«Олар сендердің ауыр серт алып, (некеленіп), бір-біріңе қосылған едіңдер ғой». (Ниса 4:21)

Абдуллаһ ибн Аббастың, ради Аллаһу анһу, айтуы бойынша «ауыр серт» деген — ер мен әйелдің» ортасындағы қиылған неке. Ол тағы бір сөзінде: «Әйелмен не жақсы өмір сүреді, не жақсылықпен ажырасады», — деген. Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, қоштасу хажылығында:

«Әйелдерге жақсылық жасаңыздар. Өйткені сіздер оларды Аллаһтың аманаты етіп алдыңыздар және олармен қосылуды Аллаһтың сөзімен (некелеп) халал етіп алдыңыздар», — деген. (Муслим жеткізген)

  1. Әйелді құрметтеу көріністернің тағы бірі: өзінің жақын туысқандарымен және емшектес адамдармен тұрмыс құрудың харам етілгендігі. Аллаһ Тағала:

«Сендерге аналарың, қыздарың, қыз туыстарың, әкелеріңмен туысқан әйелдер, шешелеріңмен туысқан әйелдер, өркек және қыз туысқандарыңның қыздары, сүт емізген аналарың, емшектес қыз туыстарың, қайын аналарың, жақындасқан әйелдеріңнің (бұрынғы күйеуінен болған) қолдарындағы өгей қыздарың, егер ол әйелдерге жақындаспаған болсаңыздар, сендерге бір оқасы (күнәсі) жоқ. Бел балаларыңның әйелдеріне және туысқан екі қызға қатар үйленулерің — харам қылынды. Бірақ өткен өтті. Әлбетте, Аллаһ тым жарылқаушы, ерекше мейірімді». (Ниса 4:23)

Мұндай туысқан ерлер мен әйелдердің тұрмыс құруларының харам етілуінде адамның жаратылысы мен бітім-болмысы, табиғаты талап ететін үлкен пайдалы жақтары және белгілі бір өзіндік мақсаттары бар. Мәселен, туысқан екі қызға қатар үйлену апалы-сіңлілер ортасында қастық тудырады.

ЕРКЕК  ЗОРЛЫҚ  ЕТУ  ҮШІН  ЕМЕС,

ТӘРТІП  ОРНАТУ ҮШІН БАСШЫЛЫҚ ЖАСАЙДЫ

Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам: «Адам баласының әрқайсысы — басшы. Ер кісі әйелінің — басшысы. Ал, әйел — үй тірлігінің басшысы», — деген. (Әл-Әлбани дұрыс деген).

Ер кісінің әйелге басшылық етуі — қоғам сәулетін және отбасы тәртібінің бұзылмауын талап ететін заңдылық. Бұл басшылық елбасының және әкімдерінің басшылығына ұқсайды. Өйткені, бұл — адамзат және ислами қоғам талап ететін қажетті нәрсе. Мұсылман кісі қаншалықты білімді, тақуа болса да халифаға қарсы шықса күнәһар болады. Дегенмен, басшылыққа ер кісі әйелге қарағанда қуатты әрі мықты. Ол өмір шайқасына кіріп, оның жауапкершілігін мойнына алады. Мәселен, үлкен-үлкен жұмыс орындарымен әскери істерді де, жоғарғы мемлекет басшылығын да ер кісілер басқарады. Жалпы, қоғамда көбінесе маңызды істердің бәрін ер кісілердің басқаратыны — өмір шындығы. Мұндай істерде әйел кісінің табысқа жетуі өте сирек. Олар тек ер кісілердің көмектесуімен табысқа жетуі мүмкін.

Еркектің басшылық етуі әйелдің құрметін, беделін түсіру емес. Сондықтан да Аллаһ Тағала «Еркектер — әйелдердің билеушісі» деген сөзді қолданбай, өте жұмсақ сөзбен:

«Еркектер әйелдерге басшылық етеді…», — деді. (Ниса 4:34)

Бұл сөз — еркектердің әйелдерді қорғайтындығын, асырайтындығын, басқаратындығын ұғындырады. Басшының міндеті зорлықпен билікжүргізу емес, керісінше, жөндеу, ретке салу.

ЕРКЕКТЕР ӘЙЕЛДЕРГЕ БАСШЫ

Аллаһ Тағала:

«Еркектер — әйелдерге басшы. Өйткені, Аллаһ бірін-бірінен артық қылды. Және олар мал жұмсайды. Ал, жақсы әйелдер — бой ұсынушы, Аллаһ қорғауға бұйырған абыройын қорғаушы. Ал, әйелдердің бас тартуларынан шошысаңдар, сонда оларды насихаттаңдар және оларды төсектерінде тастап қойыңдар. (Сонымен де болмаса), оларды сабаңдар. Ал егер олар сендерге бой ұсынса, онда оларға зиян болардай жол іздемеңдер. Расында, Аллаһ өте жоғары, тым ірі». (Ниса 4:34)

Ибн Касир бұл аятқ түсінік бере отырып, былай дейді: «Еркек — әйелдің басшысы, оның үлкені және әкімі, ол қисайып, қыңыр мінез көрсеткенде тәртіпке салады. Еркектер — әйелдерден абзал. Ер кісі — әйел кісіден артық. Сондықтан да пайғамбарлық, басшылық, қазылық секілді тағыда басқа істер-еркектерге тән. Өйткені, Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уа сәллам:

«Өз істерінде әйелді басшы етіп алған қауым ешқашан жаманшылықтан құтылмайды», —  деген. (Бухари)

Себебі: бұл істер әйелдің табиғатына және негізгі міндетіне сай келмейді. Әйелдің негізгі міндеті: бала көтеру, бала туу, үй жұмыстарын басқару, балаларды тәрбиелеп, дінін, Отанын қорғайтын ұрпақ дайындау болып табылады.

Аллаһ Тағаланың «…Олар мал жұмсайды…» — деген сөзінің мәнісі ер кісілер Құранда, Пайғамбардың хадистерінде міндет еткені бойынша әйелге маһр береді. Және оны асырайды, өмірге қажетті барша нәрселермен қамтамасыз етеді. Осы ерекшеліктері мен табиғи қасиеттеріне байланысты еркектер әйелдерден абзал болып жаратылған және оларға үс етілгендігімен ол әйелге басшы болуға лайықты. Ал Тағала Құранда:

«…Әйелдерден гөрі ерлердің дәрежесі артық…”, — деген.

(Бақара 9:228).

Ал, әйелдің міндеті: Аллаһ Тағаланың бұйырғ бойынша күйеуіне бағыну, оның туысқандарына жақсы жасау және күйеуінің малын қорғау.

Әйелдердің күйеулеріне бағынушы ізгілері күйеу жоқ кезде де, өз абыройларын және күйеулерінің  дүниесін қорғайды.

ИСЛАМНЫҢ АНАНЫ ҚҰРМЕТТЕУІ

Аллаһ Тағала Құранда: «Аллаһқа ғибадат етіңдер. Және оған еш нәрсені ортақ қылмаңдар. Сондай-ақ әке-шешеге жақсылық жасаңдар…», — деген. (Ниса 4:36)

Бұған түсінік берген Абдуллаһ ибн Аббас, ради Аллаһу анһу: «Аллаһ Тағала бұл аятта әке-шешеге жақсылық жасауды және олраға биязы болып, қатты жауап қайтармауды, көздеріне қадалып қарамауды әрі оларға дауыс көтермеуді бұйырды. Керісінше, перзенттері олардың алдында қожайынының алдында тұрған құл секілді түруын ескертеді», — деген.

Аллаһ Тағала Құранда тағы да былай деген:

«Раббың Өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық жасауларыңды әмір етті. Ал, егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе «түһ» деме. Сондай-ақ, ол екеуіне зекіме, сыпайы сөз сөйле. Кішірейіп, мархабат құшағын жай да: «Раббым! Ол екеуі мені кішкентай кезімде тәрбиелегендей, Сен де оларды мархабатыңа бөлей гөр». (Исра 17:23-24)

Аллаһ Тағала бұл екі аятта пенделеріне Өзіне ғана құлшылық етуді әмір етіп, Өзіне құлшылық етумен бір қатарда әке-шешелеріне зекулері, әсіресе шешелеріне сыпайылықпен жылы сөз айтуға тиіс. Бір кісі Расулуллаһтың, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, қасына келіп: «О, расулуллаһ, жақсы қарым-қатынас жасауыма адамдардан кім лайықты?» — деп сұрады. Расулуллаһ, салла АллаПу алейһи уә сәллам: «Анаң»деді. Ол кісі: «Сосын кім?» — деді. РасулуллаҺ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам: «Анаң» деді. Ол кісі:»Сосын кім? — деді. Расулуллаһ тағыда: «Анаң»деді. Олкісі: «Сосынкім?» — деді. Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам: «Әкең» деді. (Бухари және Муслим)

Міне, көріп тұрғандарыңыздай, Расулуллаһтың, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, шешеге жақсылық етуді үш рет қайталауы, бұл — сөзсіз әйелге деген құрмет.

                                        ЖҰБАЙЛАРДЫҢ ХАҚТАРЫ

Расында Ислам әйелді құрметтеді. Әйел үшін бірнеше хақ берді. Және әйелінде күйеуінің бірнеше хақы бар. Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, бұл туралы ең үлкен жиналыста — қоштасу хажылырында Арафат тауында тұрған сәтте жариялады. Сол сәттегі Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, хұтбасында мына сөздер де айтылды:

«Әйелдер жөнінде Аллаһтан қорқыңдар. Өйткені, сіздер оларды Аллаһтың аманаты етіп алдыңыздар. Сондай-ақ, олармен қосылуды Аллаһтың сөзімен (неке) халал етіп алдыңыздар. Сіздердің олардағы хақтарыңыз: Олар сіздер жақтырмайтын ешбір кісіге төсектеріңізді бастырмайды, үйлеріңізге кіргізбейді. Егер олар бұны істеп қойса, онда оларды ауыртпайтындай етіп ұрыңыздар. Ал, олардың сіздердегі хақтары: оларды әділетпен асырау, киіндіру. Шынында, мен сіздерге бір нәрсені қалдырып бара жатырмын. Егер мұны мықты ұстасаңыздар, ешқашан адаспайсыздар. Бұл — Аллаһтың кітабы. Сіздер мен туралы сұраласыздар. Сонда не дейсіздер?» Айналасындағылар: «Расында, сіз өз міндетіңізді орындап, жеткізіп, насихат еткеніңізге куәлік береміз», — десті. Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, сұқ саусағын аспанға көтеріп, адамдарға қаратып үш рет: «О, Аллаһ, куә бол» деді. (Муслим жеткізген)

Бұл үлкен хұтбадан алынатын пайдалар:

  1. Әйелдердің хақтарын ақтауға әрі оларға жақсылық жасап, жақсы өмір сүруге үндеді. Әйелдің хақтары баяндалған және оларды орындауға әлсіздік танытпауға үндеген тағы да басқа көптеген хадистер бар.
  2. Шариатта көрсетілген неке қию жолымен әйелдерге қосылу халал болды. Аллаһ Тағала айтқан:

«Өздеріңе жаққан әйелдерден екі, үш және төртке дейін үйленіңдер…». («Ниса» 4:3)

  1. Әйел кісі күйеуінің үйіне күйеуі жақтырмайтын бірде-бір кісіні кіргізуі мүмкін емес. Ол бөтен ер кісі болады ма, әлде күйеуінің жақын туысқандарынан болады ма, бәрі-бір. Өйткені, имам Ән-Науауи айтқандай, қайтару барлығын өз ішіне алады.
  2. Егер әйел кісі күйеуіне қарсы келетін болса, онда күйеуінің жеңіл-желпі үруына болады. Әсіресе бетке ұрудан және бетті балағаттаудан сақ болу керек. Өйткені бұл Аллаһтың жаратқаны және соққыдан көз, құлақ секілді мүшелер залалданып қалуы ықтимал.
  3. Сахабалардың Расулуллаһтың, салла Аллаһу алейһи уа сәллам, пайғамбарлықты жеткізіп, аманатты орындап, Үмметке насихат еткеніне куәлік беруі.
  1. Аллаһ Тағаланың жоғарыда, ғарыштың үстінде екенін дәлелдейді. Өйткені, Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, аманатты жеткізгендігіне Аллаһты куә ету үшін саусағын аспанға көтерді. Осы секілді басқа да көптеген аяттар мен хадистер Аллаһ Тағаланың аспанда екенін дәлелдейді. Төрт мазһабтың басшылары және басқалар да осы сөздерді айтқан. Ал, кейбір адамдардың «Аллаһ барлық жерде» деген сөздері қате. Себебі: Аллаһтың болуы мүмкін болмаған, дәретхана секілді лас орындар бар. Бірақ, «Аллаһ Өз білімімен барлық жерде бізбен бірге. Ол бізді көріп, естіп тұрады» десек, бұл дұрыс болады. Өйткені, Аллаһ Мұса мен һарунға, алейһиссәлам: «Расында, мен сендермен біргемін. Сендерді естіп, көріп тұрамын»,-деген. (Таһа 20:46)

ЕРКЕК ПЕН ӘЙЕЛДІҢ ЖАРАТЫЛУ СЕБЕПТЕРІ

  1. Аллаһ Тағала адамзатты ұлы мақсат үшін жаратты. Бұл ұлы мақсат — құлшылық. Құлшылықты бір Аллаһқа бірде-бір мақұлықты қоспай жасау үшін Аллаһ Тағала:

«Мен жындар мен адамзатты Өзіме құлшылық етулері үшін ғана жараттым», — деген. (Зарият 51:56).

  1. Аллаһ Тағала адамзатты еркек, әйел етіп жаратты. Әрі олардың әрқайсысыларына өз табиғатына, болмысына, шамасына, құдыретіне қарап, бір-бірінен өзгеше ерекшеліктерді тән етті. Сондықтан олардың әрқайсысына жүктелген міндеттің айырмашылығы бар. Бұл айтылмай қалғандықтан емес, керісінше біліп, әдейі істелген. Өйткені, Ол жаратушы әрі бәрін біледі.

«Жаратқан білмей ме? Ол — өте жұмсақ, әр нәрседен хабардар». (Мүлік 67:14)

  1. Ер кісінің міндеттері: Тіршілік етіп, ырыздық-несібе іздеу және әйелін, отбасын асырау. Ал, бұл міндетті әйел кісі толығынан орындай алмайды. Сондықтан әйелдің міндеті: Тіршілік етіп, ырыздық-несібе табу жолында шаршап-шалдығып келген еркекті қарсы алып, оның шаршауын басу. Бұл оған демалыс және қолдау болып табылады. Аллаһ Тағала:

«Сендерге оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда еткендігі — Аллаһтың белгілерінен. Әлбетте, осыларда ойланған қауым үшін белгілер бар». (Рум 30:21)

Сонымен қатар, әйел кісі күйеуі жұмыста болған уақытта балаларды тәрбиелейді.

  1. Сондай-ақ, кір жуу, тамақ пісіру секілді ер кісі толығымен орындай алмайтын міндеттер бар. Бала көтеру, бала емізу секілді мүлде шамасы жетпейтіндері тағы бар. Сондықтан, ер кісі мен әйел кісі күн мен түн секілді. Әрқайсысының міндеті бар. Күндіз адам айналаны көреді, әрекет етіп, жұмыс істейді. Отбасын асырау үшін тіршілік етіп, ризық-несібе табады. Бұл мысал ер кісіге сай келеді. Ал, түн — тыныштық, ұйықтап дем алу үшін. Бұл — әйелдің мысалы. Жоғарыда келтірілген аят осыны нұсқайды.
  2. Демек, ер кісі мен әйел кісінің әрқайсысының өмірде өз міндеті бар. Олардың бірі екіншісінің міндетін орыңцауға әрекет етпей-ақ қойсын. Өйткені, бұл әрекеттен ештеңе шықпайды. Егер әрекет етсе нәтиже керісінше болып, өздеріне, не балаларына, не қоғамға зияны тиеді. Себебі, олар жаратылыстарына, бітім-болмыстарына қарсы жол ұстайды. Аллаһ Тағала:

«Аллаһ жаратылыста адам баласын соған арнап жаратқан. Аллаһтың жаратуында өзгеріс болмайды. Осы тұп-тура дін. Бірақ, адамдардың көбі түсінбейді». (Рум 30:30)

ЕР  КІСІНІҢ  ӘЙЕЛ  КІСІДЕН ӨЗГЕШЕ БОЛУ  СЕБЕБІ

Ер кісінің міндеті мен атқартын жұмысы әйел кісінікінен өзгеше болғаны секілді, шариат үкімдерінде де өзгешеліктер бар:

  1. Куәлік. Ислам бірер іске куә болу үшін екі ер кісіні шарт еткен. Егер екі ер кісі болмаған жағдайда бір ер кісі және екі әйел кісі болуы шарт. Аллаһ Тағала:»…Егер екі еркек болмаса, өздерің риза болған куәлардан бір еркек, екі әйел болады…». (Бақара 2:282).

Бұл әйелді кемсіту немесе қорлау болып табылмайды. Әйел кісі табиғаты бойынша қылмыс, алу-сату, қарыз беру секілді істерге аз мән береді. Сондықтан әйел мән бермей немесе балалар тәрбиесі, үй жұмыстары секілді істермен шұғылданып, ұмытып қалуы мүмкін. Оның тағы да бала емізу, хайз, нифас сияқты мерзімдері бар. Сондықтан оның қасында тағы бір әйел болса, оның есіне салады. Бұл шындықтың бас көтеруін, зұлымдықтың кетуін жақындатады. Сол үшін Аллаһ Тағала жоғарыдағы аяттың жалғасында:

«…Егер екеуінің бірі жаңылса, екіншісі оның есіне салады…» деді. (Бақара 2:282).

Демек, Ислам әйел кісінің куә болып, куәлік беруін қабылдайды. Тек егер ол ұмытып қалса немесе ақиқат пен зұлымдыққа мән бермей қойса, оны ескертіп, есіне салатын екінші әйелдің болуын шарт етеді.

  1. Мирас. Аллаһ Тағала:

«…Бір еркекке екі әйелдің мирасындай үлес…». (Ниса 4:11)

Бүл — әйел кісінің қүқын аяқ асты ету емес. Жоқ, мүлде олай емес. Керісінше, оны қорғау. Өйткені, әйел кісі мирастан өз үлесін алып түр. Ал, ер кісі мирастан екі есе артық алады. Себебі ер кісі әйелді асырауға міндетті әрі оған маһр береді. Және аза түтып отырған әйелге де ақшасын жұмсайды. Ал, әйел кісіге бұлардың ешбірі міндеттелмеген. Демек, мирас алуда әйелдің ер кісіден өзгеше болуы оның хақысын және құрметін түсіргеннен емес, керісінше оның атқарар міндеті ер кісінікінен өзгеше болғандығына байланысты.

  1. Диа (құн). Егер адамды әдейілеп емес, абайсызда өлтіріп қойса, құнын төлеу. Ислам ер кісінің құнын әйел кісінікінен екі есе артық қылып төлеуді парыз етті. Өйткені, егер өлтірілген адам ер кісі болса, онда оның отбасы асыраушысынан айырылады. Сондықтан отбасы оның құнын әйелін жоғалтқан отбасына қарағанда екі есе етіп алады. Себебі әйел кісі ешкімді асырауға міндетті емес, керісінше, еркекасырайды, яғни құн мәселесіндегі ер кісі мен әйел кісінің өзгеше болу себебі олардың міндеттерінің өзгешелігіне байланысты.
  2. Мемлекет басқару. Мемлекет басшысы немесе Исламда әмірлік ететін кісінің ерекшелігі: намазда имам, соғыста әскери басшы болуында. Ал, әйел кісінің жаратылысындағы нәзіктік, денесіндегі әлсіздік, сондай-ақ бала көтеру, хайз секілді ер кісіде кездеспейтін істердің болуымен бұл секілді жұмыстарға шамасы жетпейді әрі мүмкін де емес.
  3. Талақ — ажырасу. Ер кісі әйел кісіге маһр бергенде де және иддада отырғанда да (яғни, әйел күйеуінен ажырасқаннан кейін, басқа күйеуге шығуға рұқсат етілгенге дейінгі аралықтағы мерзім) оны асырауға ақша жұмсайды. Ер кісі мінезі салмақты, ашуын ақылға жеңдіре біледі және әйелге қарағанда жағымсыз нәрселерге сабырлылық сақтай біледі. Сондықтан шамалы ашуланып қалумен талақ етуге асықпайды. Егер талақ мәселесінде ер кісі мен әйел кісі бірдей болғанда, онда Еуропа елдеріндегідей талақ бірнеше есе көбейіп кетер еді. Осы себептерді назарға ала отырып, Ислам талақ ету — ажырасу құқығын ер кісіге ғана берді.

Осы тақырып аясында мен Мұхаммед ибн Жамил Зи’ну өз пікірімді білдермекпін: Негізінде талақ мұсылман әйел үшін нығметжәне құрмет. Өйткені, Ислам талақпен әйелді қиын өмірден немесе залым, әділетсіз күйеуден немесе екі жақтың туысқандарының араласып тұруына қарамай, ерлі-зайптылардың ортасындағы бақытсыздықтың жалғасуы немесе олардың ортасында махаббаттың жоқтығы секілді бірге өмір сүруге кедергі болып тұрған, тек ажырасумен ғана тыныштық табатын себептермен құтқарады. Сондай-ақ, Ислам талақты бірнеше басқыш етті. Аллаһ Тағала айтқан: «Талақ екі рет. Сонда не жақсылықпен ұстау немесе жақсылықпен ажырасу керек». (Бақара 2:229) Бірінші талақта ердің әйелін қайтарып алуына, әйелдің де қайтып келуіне құқысы бар. Екінші талақта да осылай. Ал, үшінші талақтан соң әйел күйеуіне харам. Егер әйел басқа күйеуге тиіп, сосын ол күйеу оны талақ етіп жіберсе ғана, бұрынғы күйеуі жаңадан неке қиып, оған үйленуі мүмкін.

                       МҰСЫЛМАН ӘЙЕЛДЕР КИІМІ

 

Аллаһ Тағала Құранда былай деген:

«Ей, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мү’мин әйелдерге айт: «Үстеріне бүркеншіктерін орансын. Бұл — олардың танылуларына, сондай-ақ зиян көрмеулері үшін жақсы. Аллаһ аса жарылқаушы, тым мейірімді». (Ахзаб 33:59)

 Әйел кісінің басын жауып жүруі Құранда бұйырылған:

«Бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін көрсетпесін…». (Нур 24:31)

Ашық-шашық жүрудің барша түріне тыйым салынған. Аллаһ Тағала айтқан:

«Бұрынғы жәһилиеттегідей ашылмаңдар». (Ахзаб 33:33)

Жәһилиет (надандық) дәуірінде әйелдер бастарына орамал тартып, арқаларына түсіріп алатын. Мойындары, омыраулары, құлақтары сырғаларымен көрініп тұратын. Аллаһ Тағала мү’мин әйелдерді бұндайдан қайтарып, бүркеніп жүруді бұйырды.

Киімнің шарттары:

1 . Киім әйелдің бүкіл денесін, бетіне дейін жабуы тиіс. 2. Әйелдің бейне-мүсінін, омырауын білдіріп тұратын дәрежеде тар болмағаны жөн.

  1. Дене көрініп тұратындай жұқа болмау.
  2. Кәпір әйелдердің киіміне ұқсамау. Өйткені, Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам:

«Кім өзін бір елге ұқсатса, олда солардан деген. (ӘбуДауд жеткізген. Әл-Әлбани сенімді деген)

  1. Ер кісілердің киіміне ұқсамау. Өйткені, хадистерде бұған тыйым салынған.
  2. Көз тартатындай немесе түрлі-түсті болмау. Бір түсті болғаны абзал.

Ер кісі мен әйел кісінің киімі:

Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам:

«Кім тәкәппарлықпен киімін сүйретіп жүрсе, Қиямет күні Аллаһ оған қарамайды», — деген. Умму Салама, ради Аллаһу анһа: «Онда әйелдер етектерін не істейд;?»-деп сұрады. Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам: «Бір қарыс ұзын етіп алады»-деді. Әйел: «Аяқтары ашылып қалады ғой» — деді. Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам: «Бір құлаш ұзын етіп алады. Сосын қоспайды», — деген. (Термизи жеткізген)

Хадистің пайдасы:

  1. Әйел кісінің киімі тобыққа дейін жауып тұратын ұзын болуы керек. Ал, ер кісілердікі керісінше. Оларға Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, киімдерін қысқа етіп киіп, тобықтан түсірмеуге бұйырып:

«Шалбарды тобықтан төмен кигеннің орны — тозақта», — деген. (Бухари жеткізген)

Ал, біздің заманымызда бұл іс керісінше етек алды. Ер кісілерер ұзын киім киіп, тозаққа кіруге дайын болып жүр. Ал, әйелдер тобықтан жоғары етіп, қысқа киіп жәннатқа кіруден мақұрым қалуда. Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам:

«Жартылай жалаңаш жүруді ұнататындар — басқаны да өздеріне еліктіретін әйелдер. Шаштары түйенің қисайып тұрған өркешіне ұқсайды. Олар жәннатқа кірмейді әрі оның иісін де иіскей алмайды. Негізінде оның иісі біршама қашықтықтан келіп тұрады». (Муслим жеткізген)

Яғни, балтырын немесе денесінің бірер жерін ашып жүретін, жұқа киім киетін немесе шашын түйенің өркешіндей етіп түйіп жүретін әйел жазасын алмайынша жәннатқа кірмейді.

  1. Әйелдің сыртқа шығуына болады. Бірақ денесін көрсетпегені дұрыс. Өйткені, бл көп жағдайда дау-дамайға себеп болады. Негізінде әйелдің ашылып жүруі өзін кәпірлерге ұқсату болып табылады. Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам:

«Кім бір елге өзін ұқсатса, олда солардан», деген. (Әбу Дауд жеткізген.)

  1. Әйелдің бетін жабуының мәні Расулуллаһтың, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, мына сөздерінен айқын аңғарылады:

«Әйел туыстары алдында бетін жаппайды және қолғап кимейді». (Бухари жеткізген)

Демек, әйел бөтен ерлер алдында денесін ашық-шашық ұстамайды.

ХИЖАБ ӘЙЕЛДІ ҚҰРМЕТТЕУ ӘРІ ҚОРҒАУ

Шынында, Ислам әйелді құрметтеп, оны жаман нәрселерден, адамдардың көздерінен қорғау мақсатымен және сол арқылы қоғамның тыныштығын сақтау үшін оған хиджабты парыз етті.

Хиджаб — ерлі-зайыптылар ортасындағы махаббаты сақтайды. Өйткені ер кісі әлдебір әдемі әйелді көрсе, өз әйеліне деген көзқарасы өзгеріп, орталарындағы қатынас нашарлауы ықтимал. Тіпті ол жүрегіне шоқ салған сол әйелдің кесірінен өз әйелімен ажырасып кетуі де мүмкін.

Исламның көзқарасы бойынша мұсылман әйел, бейне бір, иесі адамдар көзінен жасыруға тырысатын қымбат бағалы гауһар тас секілді.

Шығыстанушы ғалым Франсуаз Саган былай деп жазды: «Ей, шығыс әйелі, сені өз атыңмен атап, хижабыңды шештіріп, сені еркектермен тең етуге шақырып тұрғандар бұрын біздің үстімізден күлгендей сенің үстіңнен де күліп тұр.»

Фун Хармер: «Хижаб — әйелдің құрметін, беделін сақтайды», — деген.

КӨП ӘЙЕЛ АЛУ — ӘЙЕЛ ҮШІН ҚҰРМЕТ

Ислам даналықтарының бірі сол — ол көп әйел алуға рұқсат береді. Негізінде бұл — ер кісіден бұрын әйелдерге пайдалы. Өйткені басы артық көптеген қыздар, жесірлер өз үйлерінде әкелерінің, араларының, перзенттерінің қолдарына қарап қалмай, күйеулерінің үйлерінде бақытты өмір сүреді.

Ислам заңдылығы бойынша көп әйел алуға тыйым салуға шақыру ұрпақтың азаюына себеп болады. Сонымен қатар, көп әйел алуды жоя отырып, қалган әйелдер мен қыздардың көбеюіне әрі олардың бұзықтыққа, зинаға беріліп кетуіне себеп болады. Статистикалық мәліметтер бойынша, әйелдердің саны ер кісілерге қарағанда көбірек. Соғыс кездерінде ер кісілер құрбан болады. Сондықтан Ұлы Отан соғысынан кейін Германияда әйелдер көп әйел алуға рұқсат етуді талап етіп шерулер жүргізген.

Көп әйел алу қазіргі заманымызға да сай келеді. Өйткені әрбір ұлт халқының санымен ерекшелінеді. Олардың саны көбейген сайын атақ-беделдері артады. Палестина, Ирак, Босния, Герцоговина, Кашмир, Ауғанстан секілді тағы да басқа мұсылман елдерінде болған соғыстар ер кісілердің азайып, жесір әйелдердің көбеюіне себеп болды. Ислам діні осындай әйелдердің аштыққа ұшырамауы, бұзықтыққа ұрынбаулары үшін көп әйел алуға рұқсат еткен.

Анни Бесант айтады: «Егер жағдайға туралықпен қарап, әділет таразысымен өлшейтін болсақ, онда әйелді өзінің нәпсісі үшін ғана ұстап, одан жалыққан күні тастап жүре беретін қалыптасқан әдеттен гөрі Исламдағы көп әйелділіктің әлде қайда артық екені айқын болады».

МҰСЫЛМАН ӘЙЕЛДІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ШАРТТАРЫ

Мұсылман елдерінде Батыс елдеріндегідей емес, әйелдің жұмыс істеу тәртібі болып саналатын басты ерекшеліктер мынадай:

  1. Әйел кісінің жұмыс орнында ер кісімен араласпауы қажет, өйткені, бұл араласу — ер кісіге де, әйел кісіге де зиянды.
  2. Әйел кісі күйеуі, әкесі, ағасы сияқты оған жауапты кісінің келісімімен жұмыс істеуі тиіс.
  3. Жұмыс әйелдің табиғатына сай келуі керек, әрі ол ауыр машақаттан, шаршаудан қиналудан алыс болуы тиіс.
  4. Әйел кісінің қоғамға пайдалы орындарда жұмыс істегені жөн. Мәселен:

Тәлім-тәрбие саласында: Қыз балаларға тәлім-тәрбие берумен ер кісілердің емес, әйел кісілердің айналысқаны жөн.

Медицина саласында: Әйел кісілерді ер кісілер емес, әйел кісілер емдеуге тиіс.

Киім-кешек тігу саласында: Әйел кісілер киім тіктіруде ер кісілерге емес, әйел кісілерге барғаны абзал.

Жұмыс әйел кісінің көп уақытын алмауы тиіс. Өйткені, ол үй жұмыстарын істеуге, күйеуінің қалауын орындауға да, әсіресе балаларының тәрбиесіне уақыт бөлуі қажет.

Жұмысқа барада аса сәнденбеуі, бетіне опа жақпауы, иіс су сеппегені дұрыс. Керісінше, денесін жауып тұратын ұзын киімін (хижабын) киіп шығуы керек.

ҚҰРАН ӘЙЕЛДЕРДІ ҚҰРМЕТТЕЙДІ

 

Ислам әйелдерді құрметтеп келді. Қыздарды жек көру, олар туғанда қайғыру секілді істердің жәһилият дәуірінің жаман әдеттері екенін баяндап, оларға тыйым салды.

Аллаһ Тағала айтқан:

«Егер олардың біреуі қызбен сүйіншіленсе, оны ашу кернеп, беті қап-қара бола бастайды. Өзіне берілген жаман хабардың салдарынан елден жасырынады. Оны қорлыққа шыдап ұстау немесе топыраққа көміп тастау керек пе? Ал, олар нендей жаман үкім береді». (Нахыл 16:58-59)

Таңданарлығы бүгінгі таңда да мұсылман ерлер мен әйелдер қыздың дүниеге келуінен гөрі ұл баланың дүниеге келуін жақсы көреді. Оларға Аллаһ Тағала мына сөздері арнады:

«Көктер мен жердің мүлкі — Аллаһқа тән. Қалағанын жаратады. Кімге қаласа — қыздар, кімге қаласа — ұлдар береді. Немесе ұлдар мен қыздарды жұп-жұбымен береді. Сондай-ақ қалағанын бедеу етеді. Әлбетте, Ол — толық білуші, аса күшті». (Шура 42:49)

Аллаһ Тағаланың бергеніне шүкіршілік етіліп, қабыл алынуы тиіс. Уәсила ибн Әл-Асқа’ айтады: «Әйелдің қасиеттілігінен қыз бала ұл баладан алдын зікір етілді. Өйткені, Аллаһ:

«Кімге, қаласа — қыздар, кімге, қаласа — ұлдар береді», — деп, қыздармен бастады. Абдулла ибн Омардан, ради Аллаһу анһу, риуаят өтілді: «Оның қасында бір кісі болатын. Ол кісінің бірнеше қыздары бар еді. Ол қыздарының өлімін тіледі. Сонда Абдуллаһ ибн Омар ашуланып: «Оларды сен ризықтандырасың ба?» — деді.

Ибн әл-Қаийм айтады: «Аллаһ Тағала әйелдер жөнінде:

«Егер оларды жек көрсеңдер, сендердің жақтырмаған нәрселеріңде Аллаһ көптеген жақсылық етіп қойған болуы мүмкін» — деген. (Ниса 4:19)

Сол сияқты қыз балаларда да пендеге дүние мен ақиретте көптеген жақсылықтар болуы мүмкін. Адамға оларды жек көргені үшін Аллаһ Тағаланың пендесіне риза болып, оған берген нәрсесін жек көрген болатынын білсе жеткілікті.

Расулуллаһтың, салла Аллаһуалейһи уә сәллам, тұрмыс құрып жатқандарды «Қошқардай ұлды болыңдар» деп құттықтаудан қайтарғандығының себебі сонда шығар. Өйткені, бұл құттықтауда қыздар емес, ұлдар туралы тілек бар. Хасаннан, ради Аллаһу анһу, риуаят етіледі: «Уқайл ибн Абу Талиб жушам руынан бір әйелге үйленді. Қауым адамдары келіп: «Ұлды болыңдар» — десті. Сонда Хасан: «Олай демеңіздер. Себебі Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһиуә сәллам, бұлай деуден қайтарған» — деді. Олар: «Ей, Абу Зайд, онда не дейік?» — десті. Ол:»Аллаһ сіздерге береке беріп, бақытқа бөлендірсін» — деңіздер. Бізге осылай деңдер деуші еді». (Ахмад жеткізген).

ИСЛАМНЫҢ ӘЙЕЛ АБЫРОЙЫН ҚОРҒАУ

 

Аллаһ Тағала мұсылман әйелдің абыройын қорғағаны соншалық, бұл жөнінде қияметке дейін оқылатын Құран түсіріп, онда мұсылман әйел турапы жаман сөз таратпау керектігін ескертті. Аллаһ Тағала былай деген:

«Сондай абыройлы әйелдерге зина жаласын жапсырғандар кейін төрт куә келтіре алмаса, онда оларга сексен дүре соғыңдар және олардың куәліктерін мүлде қабыл етпеңдер. Міне, солар — бұзықтар». (Нур 24:4)

Аллаһ Тағала бұл аятта мүсылман әйелге зинамен жала жауып, бұған төрт куә алып келе алмаса, оған жаза етіп сексен дүре соғылуын белгіледі. Сонымен бірге бұған қоса олардың куәліктері мүлде қабылданбауын ескертті. Сосын оларды өздеріне лайықты болған бүзықтық сипатымен сипаттады.

Аллаһ Тағала бұл жазамен ғана шектелмей, оларды бұдан да ауырлау жазамен қорқытты:

«Расында, абыройлы момын, ақ ниет әйелдерге жала жапқандар дүние-ақыретте қарғалады және олар үшін аса зор азап бар. Қиямет күні олардың тілдері, қолдары, аяқтары не істегендеріне куәлік береді. Сол күні Аллаһ оларға байланысты лайықты жазасын береді. Сондай-ақ рас, Аллаһтың ашық  шындық екенін олар біледі». (Нур 24:23-25)

Мү’миндердің анасы Айшаға, ради Аллаһу анһа, зинамен жала жабылған оқиға жөнінде Аллаһ Тағала оның пәк екенін баяндап мына сөздерін түсірді: «Сендерге өсек айтып (жала жауып) келген топтың сөзін (ісін) жаман   деп есептемеңдер. Керісінше ол сендер үшін жақсы. Олардың әрбіреуі күнә тапты. Олардан басшылық еткен үлкеніне зор азап бар». (Нур 24:11)

МҰСЫЛМАН  ӘЙЕЛДІҢ  ДІНДЕГІ ТҰТҚАН ОРНЫ

Мұсылман еркек болсын, әйел болсын әрқайсысы Аллаһқа деген махаббатын жариялап, Аллаһты — Раббысы, Исламды — діні, Мұхаммедті, салла Аллаһу алейһи уа сәллам — пайғамбары деп, риза болғаннан кейін Ислам тәлімдеріне толық түрде сенуі тиіс. Өйткені, бұл дін ер кісі мен әйел кісінің дүние және ақыретте бақытты болулары үшін келген. Аллаһ Тағала айтқан:

«Шын мәнінде, момындар Аллаһ пен Пайғамбарға үкім ету үшін шақырылғанда, олардың сөздөрі «Естідік, бой ұсындық» деу болады. Міне, бұлар — құтылушылар». (Нур 24:51)

Мұсылман әйел Ислам тәлімдері мен үкімдеріне қүлақ асуы керек. Өйткені, бұл тәлімдер мен үкімдер оның Аллаһ жаратқан бітім-болмысына сай құқықтарын қорғау үшін келген. Аллаһ жаратқандарын өте жақсы білуші “…Жаратқан білмей ме? Ол тым жүмсақ, әр нәрсені толық білуші”. (Мулік 67:14)

Аллаһ Тағала және айтқан:

«Аллаһ және Елшісі қашан бір іске үкім берсе, момын ер және момын әйел үшін істерінде ерікті болуға болмайды. Сондай-ақ, кім Аллаһқа, Елшісіне қарсы келсе, ашық адасқан болады». (Ахзаб 33:36)

Аллаһ Тағала, Расулуллаһтың сөзіне қарсы келетіндерді қорқытып былай деген:

«…Оның әміріне қарсы келетіндер өздеріне бір апат жетуінен немесе жан түршігерлік азап келіп қалуынан сақ болсын». (Нұр 24:63)  [ 11]

Әйелдерге қатысты Исламның негізгі заңдылықтары осындай. Бірақ уақыт өткен сайын адам қоғамына өзгерістер енді. Сол секілді мұсылман елдерінің гендерлік саясатында да  заманауи талаптарға сай  көптеген реформалар мен өзгерістер енгізілуде.

ХІХ ғасыдың 70 – жылдары мұсылман мемлекеттерінде “ мұсылман реформациясы” деген бағыт пайда бола бастады. Ол мұсылман елдерінде болып жатырған экономикалық, саяси, әлеумттік мінездемедегі ірі өзгрістердің салдары еді. Қоғамдық өмірді реформациялау ең біріншіден Ислам негіздеріне ағартушылық жұмыстарын жүргізумен іске асатын болды, өйткені мұсылмандық шығысқа Ислам жай дін ғана емес, ол қоғамдық және жеке өмірді қадағалайтын құндылықтар жүйесі болып  табылыды.

Араб мұсылмандарының ойында «еуропалықтардың экспансиясы» әуелден келе жатырған християндық батыс пен мұсылмандық шығыс арасындағы күрес ретінде қалыптасты. ХІХ ғасыдағы орыс – түрік, италиан – түрік, ХХ ғасыдағы Балкан түбегіндегі  соғыстар осы болжамның дәлелі ретінде көрінді, ал еуропалықтардың “рухани колонизациясы” күшті қарсы тұрулықтан басқа еш нәрсеге әкелмеді.

Сол кездегі өте атақты “Исустың өмірі” атты кітап авторы француз философы Э. Ренан 1883 жылғы Собон университетінде өткен “Ислам және ғылым” атты семинарда мұсылман өркениетін жоққа шығаратын дәрәсі  шығыстың бетке ұстар ғалымдары мен батыс ғалымдары арасында үлкен дау – дамай тудырды. Шығыс ғалымдарының ойынша мұсылмандар ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени, әдеби, рухани мұраның иелері, әрі осының негізінде осы заман талаптарына сай өркениет құра алады деп дәләлдеді. [11]

Реформаторлар Ислам негізінде еуропалықтардың қоғамдық – саяси теориялары мен құқықтық  нормаларын шариғатқа сай етіп модернизациялап, дінді өзгеріп жатырған экономикалық , саяси құбылыстарға сәйкестендіруге тырысты. Ислам реформаторларының батапқы қайнарлық теориялары: Ислам – мұсылмандардың рухани негізі, әрі мүсылман елдерін күйзелістен алып шығатын жалғыз ғана жолы деп түсіндірді. Қоғамдық құрылысты қайта жаңғыртудың бір бастамасы ретінде араб реформаторлары әйел мәселесін көтерді.

Әйелдер мәселесі Ислам негізі Құран мен суннада бірдей қаралған. Құран аяттарында отбасы мен некенің идеалды деп танылған модел берілген. Ол – жеке – меншіктелген моногамиялық, ал кейбір жағдай белгілі бір рұқсаттармен полигамиялық отбасы. Отбасылық қарым – қатынас Исламның құқықшығару жүйесі Шариғатта берілген. Исламның отбасылық — некелік институты — ең консервативті, өзгерістер мен жаңа идеяларды қабылдамайтын бөлігі.

ХХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыдың басында мұсылман әйелдерінің жағдайын  қазігі заман талабына сай етіп қайтадан қарастыру  мен модернизациялау ісін Ислам реформаторлары: Мухаммд Абдо, Рашид Рида, Саляма Муса, Абд ар – Рахман аль Кауакиби, Тахир аль Хаддар сияқты авторлар қарастырды.

Алғашқылардың бірі болып некелік – отбасылық құқықытар нормасын реформациялауға тырысқан Мысырдың ағартушыларының бірі Касим Амин болды. Кейіннен осы автордың көзқарастары негізінде қазіргі заманғы реформаторлар өз  идеялары мен концепцияларын құрды.

Реформаторлардың  идеялары — Исламның негізгі адамгершілік — моральдық концепцияларын дамытып, қазіргі адамың адамгершілік концепцияларымен біріктіре отырып, жас ұрпақты Исламдық рухпен  тәрбиелеуде бүтіндей жүйені қалыптастыру. [12] Діннің модернизациялау идеясына тек реформаторлардың өзі ғана емес, қоғамның басқа да мүшелері – саяси және қоғам қайраткерлері, жазушылар, жуналисттер, мәдениет қызметкерлері т.т   адамдар да қосылды.

Қазіргі кездегі модернисттер өткен реформаторлар секілді әйелдер жағдайын талдауда бір идеяны ұстанады. Олардың ойынша әйелдердің мұсылман  қоғамына араласпау себебі Исламда емес, осы керісінше Ислам құқықтық  негіздерін кейбір ғалымдардың халыққа дұрыс түсіндірмеуі себебінен оның салдары ретінде әйел құқықтарының дұрыс іске аспауы деп түсіндірді. Исламда әйелдерге ерлердің басшылық етуі —  әйелді бүгінгі таңда біз куә болып отырған Батыс қоғамындағы болып жатырған көптеген жаманшылықтардан және сан ғасырлық қанаудан сақтау үшін жасалған деп қарастырады.[13]

Қазіргі кездегі модернизация Исламдағы әйелдерді батыс қоғамынан өзгертіп тұрған құқықтық жағдайының барлығына жуық жақтарын қамтиды: полигамия мен неке, отбасы мәселесі, талақ яғни ажырасу, хиджаб т.т.

Әрбір жаңа өзгертулерінде Исламда қолдау таба отырып модернисттер теле және радио хабарларда үнемі шығып жүр.

Мұсылман некесі өзіндік ерекшеліктерге ие. Құран мұсылмандардың некеге тұруын қажеттілік пен парыз деп біледі. Негізгі төрт мазхабтың [14]  бірі ханафит мазхабының негізін қалаушы Нұғман Абу Ханифаның шариғаттық құқықтану кітабы “Хидаяда” неке ұғымына мынадай анықтама беріледі: Неке – балалы болуды заңдастыру мақсатындағы келісім  — шарттың ерекше түрі. [15]

Қазіргі кезде мұсылмандық құқық әлемде Мороккадан бастап Океания елдерінің бірі саналатын Фиджиға дейін 70 – тен астам елдерде жүзеге асуда. Әлемде 1.5 млрд. адам өзін мұсылманмын деп есептейді. Кейбір араб және араб емес мемлекеттер өзін Ислам мемлекеттері деп атады, мысалы Пакистан Ислам Республикасы, Хашимиттік Иордания патшалығы, Иран Ислам Республикасы т.т. Ислам дінің мемлекеттік дін деп қарастырған мемлекеттерде аз емес, мысалы: Сирияда – 1973 жылы, Пакистанда – 1973 жылы, Иран Ислам Республикасында – 1979 жылы т.т. [16]

Шариғаттың отбасылық – некелік құқығында ( көбіне Ханафиттер мазхабымен Шафиғиттер мазхабында) некеге түсуші әйелдер мен еркектердің жасы, әлеуметтік және материялдық жағдайы ескерілу керектігі туралы айтылады. [17]

Қазіргі кездегі мұсылман модернисттері мен консерванистері арасындағы ең талқыланатын мәселердің бірі полигамия, өйткені полигамия – әлемнің өзге  мемлекеттерінде жоқ,  тек Ислам дінінде рұқсат етілген әрі көптеген мұсылман елдерінде практикаланатын құбылыс. Полигамия — әйелдердің жағдайымен тікелей байланысты отбасы ішінде  ер мен әйел арасында негізгі құқықтарды сипаттап беретін қарым – қатынас. Мұсылмандар халқының көпшілік бөлігін құрайтын әлемнің көптеген  мемлекеттерінде, тіпті Қазақстан мен Ресейдің өзінде де полигамия — әлеуметтік стратегиялық мәселе ретінде қарастырылған, бірақ Қазақстаннан басқа, мемлекеттік заңшығару негізінде Ислам діні тұрған араб мемлекеттерінде полигамия —  заңмен рұқсат етілген. Мысалы Йемен Араб Мемлекетінің 1978 жылғы Отбасы заңында ер адам бір  уақыт арасында саны төртеуден аспайтын әйелдермен некеде бола алады, бірақ мынадай шартттар орындауы тиіс:

  1. Әйелдеріне әділ қарым – қатынаста болу керек;
  2. Оларды толық қамтамассыз ете алатындай дәулетті болуы керек;

Ал бұл шарттар орындалмаған жағдайда ер адамның бірнеше әйел алу құқығы жоқ. [18] Кейбір араб мемлекеттерінің отбасы заңында кездесетін, белгілі бір шарттар мен рұқсаттарды орындау арқылы бірнеше әйел алу құқығы берілетін кездер де болады, олар төмендегідей:

  1. Екінші немесе кейінгі некелері туралы соттан рұқсат алуы, ал сот болса азаматтың физиологиялық мөмкіндіктері мен жағдайын тексеріп болғаннан кейін ғана рұқсат береді;
  2. Екінші әйел алу үшін заңды себеп болуы шарт, мысалы: бірінші әйелінің бедеулігі;

 Ал, 1959 жылы қабылданған 88 – ші заңда бұл екі шартқа үшіншісін: Ер адамдардың әйелдеріне әділетті болуын талап етті.

Мұсылман елдерінің ішінде жалғыз Тунисте ғана полигамияға тиым салынған. 1959 жылғы Азаматтық Кодекстің 18 бабында: “Полигамия – тиым салынған. Егер, қандай да болсын азамат бірінші некесін бұзбай екінші әйелге үйленсе, ол бір жылға түрмеге қамалып, 240 мың франк көлемінде айып – пұл төлейді” ,- деп жазылған.

Бұл заңды сол кез де ел президенті болған Хабиба Бургиби шығарды. Полигамияға тиым салу  Исламның негізгі заңдылығын мойындамағанды білдіреді. Бірақ мұны Хабиба ханым өзінше түсіндірді.

Ел президенті  бұл өзгерістеден басқа: неке шартына өзгерістер ендірді, талаққа ( тек ер адам қалауымен болатын ажырасу) тиым салды,  мұра мәселесінде көптеген жаңалықтар ендірді. [19]

 Хабиба ханым, жасаған реформалары негізінде кей кездерде Түркиядағы Мұстафа Кемальменде салыстырылып айтылып жүрді. Тунистің әйелдер саясатында Ислами негізден ауытқуында ең біріншіден француздардың ықалы білініп тұрды.

Қазіргі кездегі мұсылман модернисттері мен консерванистері арасындағы ең талқыланатын мәселердің тағы бірі — хиджаб мәселесі. Бұл  мәселе төңірегінде мұсылман ғалымдарының сүйенетін негізі – Құран аяттары мен сүрелері болып отыр, тек бұлардың айырмашылығы интерпритациясының әртүрлігінде.

Хиджаб — әйелдің тек киім үлгісін ғана білдірмейді, ол шариғатпен белгіленген әйел адамның күнделікті өмірде, қоғамда жүріс – тұрысының идеалды  модельі ретінде берілген нормалар жиынтығы болып табылады.

Саул Аравиясының Ислам діндарларының бірі Мұхаммад ибн Алави аль – Малики аль – Хасанидың “Ислами әдебтің отбасы құрылымында көрінуі” атты еңбегінде: “Хиджаб – Ислам символы.”  деп айтты.

Дегенмен мұсылман діндарларының арасында әйелдердің жамылуы турасында әлі күнге дейін айтыстар жүруде, бірі әйел адамдар толығымен , оның ішінде бет пен қолды да жабу керек десе, бірі шариғатта оны ашуға рұқсат берілген дейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Мұсылман елдеріндегі  гендерлік саясаттың ерекшелігі, тарихы мен бүгінгі күні. 

 

 

1.3 Жаһандану процессінің мұсылман мемлекеттеріндегі гендерлік саясатқа тигізген әсері.

ХХ ғасырдың ортасынан бастап араб-мұсылман елдерінің қоғамдық өмірінде батыс елдерінің әсерімен айтарлықтай өзгерістер бола бастады. Арабтар мен еуропалықтарының тығыз араласуы, батыс мәдениетінің ықпалын күшейтті. Жаңа өзгерістердің басталуына батыста білім алған жастар ықпал етті. Жастар қозғалысының негізгі мақсаты – батыс колонизаторларынан өз елдерін азат ету болатын, кейін араб әйелінің эмансипациясы мәселесі де көтеріле бастады.

Әйел мәселесіне алғашқылардың бірі болып көңіл аударған араб ағартушыларының бірі сириялық Бутрус аль-Брустани еді. Ол 1849 ж. әйел адамның білім алуы оның күйеуіне де әсіресе балаларына үлкен көмегі болатындығын айтты.

1872 ж Египетте атақты ағартушы Рафаа ат-Тахтави хедив Исмаил тұсында елде қыз балалаға арналған әйелдер мектебін ашып, оған “Балалар мен қыздарға арналған қолқанат (бастау)” деген кітап шығарды. Ол “Әйелдер — мәдениет ғимаратының негізі, ал ұлтты бұл фундаментсіз жасау мүмкін емес. Дамуға, бағытталып бірақ әйел сұрағын шешпеген халық бір аяғы жоқ, ақсақ, бірақ әлемді жаяу аралағысы келетін адамға ұқсайды”,- деп түсіндірді. [1]

Осы кездерде алғашқы әйелдер қозғалыстары, алғашқы әйелдер журналдары: “Аль-Фатат” (“қыз”), “Анис аль – Джалис” (“Мың бір түн” ертегісінің басты кейіпкер әйелі), “Фатат аш-Шарк” (“Шығыс әйелі”) шыға бастады.

Осы кезеңде “мұсылман – реформаторлығы” деген атқа ие болған жаңа ағым пайда болды.

Реформаторлар қоғамда шешуші рөлді дін атқарады, тек Ислам незінде ғана, Құранан бастау алып өркениетке жетуге болады деді. Бірақта ол үшін Исламның таза түрі керек. Олардың бастапқы тезистері мынадай: “Мұсылмандардың рухани өмірі дінде, ал осы дін ғана мұсылмандардың болашағын қамтамассыз ете алады”.[2]

Ел болашағын өркендету идеялары мұсылман ғалымдарын екіге бөлді: реформаторлар мен ағартушылар.

Реформаторлар – қоғамның прогрессивті дамуын тек дінді реформалау мен  жаңа заман талабына сай етіп жаңарту керектігінде көрді. Ағартушылар – қоғам дамуын дінді сол күйінде қалдырып, қоғамды білім алу мен ағарту ісіне бұру арқылы қамтамасыз етуге болады деп түсінді.

Ислам реформаторларының бірі Джамаль ад-Дин альАвгани және оның жақтастары Исламның қазіргі өркениетке қайшы еместігін, оны тек алғашқы тазалығын қайтарып, ғасырлар бойы жиналған қақтан тазалау керек деп айтты.

Прогрессивті Ислам ғалымдарының ойынша көптеген қоғамдық қайшылықтар, оның ішінде әйел мәселесі де Ислам нормаларын дұрыс түсінбегендік пен ғасырлар бойы оның бұрмалануы салдарынан қоғамда рольаралық қайшылықтарға тап болғанында деп көрсетті. Мысалы: Аль-Азхардың ғалымы шеих Мухаммад Абдоның айтуынша құранның 3 сүресіндегі 193 аятымен және осыған ұқсас аяттарда әйелдердің ер адамдармен тең құқылығы дәлелденген. Ал Құрандағы көпәйелділік (полигамия) мәселесі шын мәнінде қажеттілік емес, тек рұқсат берілген әрекет екендігін айтты, яғни моногамия полигамиядан көрі ұтымдырақ деп түсіндірді.

Ғасырдың басында осы әйелдер мәселенің батыспен шығыс ғалымдарының еңбектерінде көп жазылуы, ең біріншіден әйелдер сұрағының актуалды проблема қатарында болғанын дәлелдейді.

Шығыстағы әйел эмансипациясын бара – бара тек теориялық негізде нақтыланбай, практикалық жалғасында таба бастады. Алғашқылардың бірі болып әйел эмансипациясын жақтап күрес ашқан адамдар: Касим Аминь мен Мұстафа Кемаль болды.

 Касим Аминь шығыс әйелінің сұрағына тарихи ыңғай жасап, сол кезде болған әйелдер жағдайы Аллаһ Т. Құранда баяндатған заңына қарсы деп түсінік жасайды. Оның “Жаңа әйел” [3], “Әйел азаты” деген еңбектерінде мұсылман елдеріндегі әйелдер жағдайы діннің салдарынан емес, осы елдердеге тарихи этнографиялық, әлеуметтік ортаның ғасырлар бойғы әсерінен пайда болды деп түсіндіреді. Ислам дін ретінде бұған қатысы жоқ деді. Касим Аминнің ойы бойынша қазіргі кезеңде мұсылман мемлекеттеріне бірнеше реформалар ендіру керек, бір-ақ олар Исламның негізгі заңдарымен қайшылыққа ұшырамай құрылу тиіс, бірақ екінші жағынан батыстық өмір салтқа көз жұма соқырдай ілесуде  керек емес, өйткені батыспен шығыстың даму жолы, қоғамдық құрылысы тым өзгеше деп түсіндірді.

Атақты Мысырдың ұлтазаттық күрескері Мұстафа Кемаль де әйелдер сұрағын өзінше түсіндіруге тырысты. Мысалы: батыс журналиттерімен кездесу кезіне олардың: “Исламның полигамия арқылы әйелдерді төмендетеді ме?”,-  деген сұрағына ол былай деп жауап берді: “Ислам — көп әйел алушылықты қолдамайды тек рұқсат береді, ал мұсылмандардың жаппай полигамиялық некеге ұмтылуы, ең біріншіден Алла рұқсатын асыра сілтеп  пайдалануынан” ,-деді.

 Мұстафа Кемаль әйелдің орануын Ислам заңы деп біліп, әйелдің негізгі  рөлі — отбасы, жолдасының сүйеніші болу екендігінде дегенді айтады. Ол өзінің бір сөздерінде:  “Біз бүкіл Еуропаға еліктейтін маймыл болғымыз келмейді” деді. [4]

Екі күресшінің көзқарастарын көптеген адамдар қолдады. Олардың ойынша хиджаб әйел адамның дамуына кедергі болмайды.

Араб елдерінде әйелдер мәселесінің көтерілу барысын бірнеше сатылы кезеңдерге бөлуге болады:

І кезең: ХІХ ғ. ІІ жартысы – бұл кезең әйелдер туралы алғашқы еңбектер жазылған уақыт болып саналады.

ІІ кезең: ХХ ғасырдың басы. Бұл кездерде әйел сұрағының идеологиялық негізі қаланды.

ІІІ кезең: ХХ ғасырдың ортасында алғашқы әйелдер қозғалыстары өз жұмысын кеңейте дамытты. Алғашқысында бұл қозғалыстар саяси бағытталып, империализмге қарсы күрес сипатында болды. Ал кейін гендерлік теңдікке шақыруға бағытталды.  Ең бірінші әйелдердің саяси қозғалыстары пайда бола бастады.

Араб – мұсылман әйелдерінің жағдайының жақсаруы ең біріншіден сол кезеңде көпшілік мемлекеттердің әлеуметтік – экономикалық ақуалының өсуімен байланысты болды. Осы кезеңде мемлекеттер әйелдерге саяси және әлеуметтік құқықтар бере бастады. Мысалы: Египет Республикалық конституциясында әйелдерге ер адамдармен тең құқық берілді. Конституцияның 19 бабы әйелдер мүддесін қорғап: “Мемлекет әйелдерге үй жұмысынан тыс қоғамдық еңбекті жеңілдетеді” деп түсіндіреді. [5]

1917 ж. құрылған “Египет әйелдерінің одағы”  1919 ж. “Ұлттық тәуелсіздік үшін” деген ұранмен демонстрацияға шықты. Ел  тәуелсіздігі жолында Египетте әйелдер де қүресті. Бұл күрес  туралы ел тарихшысы Абд ар – Рахман ар – Рафии былай деді: «Әйелдер өз күштерімен мөмкіндіктері шеңберінде күреске белсене араласты». [6]

Иракта да әйелдер қозғалысы біртіндеп дами бастады. Олардың ең алғашқысы: “Ирак әйелдерінің құтқару Одағы” (ИӘҚО) 50 ж. құрылған болатын. БҰҰ-ң 1985 ж. статистикалық мәліметтерінде Иракта 6 млн 327 мың әйел адамның 2 млн 614 мыңы яғни 41% сауатты екендігі тіркелген. Осы мәліметтерге сүйенсек бастаушыда оқитын қыздар саны — 110143, кәсіби техникалық мектепте – 12660 әйелдер, мұғалімдер дайындайтын мектептерде – 12246 қыздар, орта педагогикалық оқу орындарында – 2174, ал жоғарғы оқу орындарында – 29501 әйел адам оқыды. Экономикадағы әйелдердің орны туралы статистикада былай делінген: 64,4% — ауыл шаруашылығында, 10% — өндірісте, 20% — тұрмыс саласында  жұмыс жасады. [7]

1956 ж. 13 – тамызында Тунисте “Әйел Статусы” туралы заң қабылданып, бұнда ел басшылары әйелдерге ер адамдармен қоғамдық өмірде, орта және арнайы білім алуда тең құқылы екенін жариялады. Әлеуметтік қамтамасыз ету мен еңбек қорғанысы саласында көптеген шаралар жасалды:

  1. екіқабат және босану кезеңінде әйелдерге ақылы демалыстар берілді;
  2. балаларға арналған мекемелер көбейді;
  3. Сауатсыздықты жою мәселесі турасында курстар ашылды.

Бахреинде 1955 ж. Алғашқы Англияның отаршылық саясатына қарсы әйелдер ұйымы құрылды. Бахреиннің “Әйелдер жаңаруы” ұйымының артынан көптеген басқалары да ашыла бастады. 1971 ж. Үздіксіз әйелдермен ердердің бірігіп империализмге қарсы күресінен кейін, Бахреин көптен күткен өз тәуелсіздігін алды.

Ирорданияда әйелдер қозғалысы 1967 ж. “Араб әйелдерінің лигиясы” деген атақ алып, Англияның басқыншылық соғысына қарсы күресті.

Сирияда 1969 ж. конституцияға әйелдер мәселесі жөнінде өзгерістер енгізіліп, онда былай делінген:

“Мемлекет әйелдердің қоғамдық өмірге араласуының барлық мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді”. Сириялық әйел қоғамдық өндірісте еңбек жасауға құқық алып, білім алуға, демалысқа, дәрігерлік қызмет көрсету т.т. мүмкіндіктеріне қол жеткізді. [8]

Иеменде басқа да араб елдері секілді тәуелсіздік соғысына әйелдер араласты. Мысалы: 1962 ж. 1-ақпанында Хормаксарының әйелдер колледжында қыздар ереуілге шығады. Олардың негізгі мақсаттары — ағарту саласында басқыншылардың ықпалын азайту болатын. Олардың үкіметке қойған талаптары төмендегідей болды:

  1. Колледж директоры ағылшын әйелінің оқушыларға үнемі тұрпайы мінез көрсеткені үшін жұмыстан шығару;
  2. Жоғарғы оқу орнына араб қыздарын көбірек алу;
  3. Оқуды араб тілінде өткізу;

 Бұл ереуілді қаланың қалған колледждері мен мектептері де қолдады. Тек 3 аптадан кейін ғана қан төгіс репрессия жолымен басқыншылар бұл ереуілдерді баса алды. [9]  1967 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін әйелдер елде шынымен үлкен саяси күшке айнала бастады.

1977 ж. шыққан «Еңбек туралы» заңда ер мен әйелдерге бірдей ақы берілуі мен жұмыс жасайтын ана-әйелдерге жеңілдік берілді. [10]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ Әлемдік мұсылман елдеріндегі әйелдер мәселесіне анализ

 

2.1  Сауд әйелі: модернизация процессіңнің қоғамға ықпалы және Ислам рольі

Қазiргi таңда Сауд Аравиясындағы саяси әрi әлеуметтiк процестердiң динамикалық түрде алға жылжуы, қаржылық және экономикалық күшi, Ислам дiнiнiң шығуы,  мемлекеттiң Ислам заңы – шариғат бойынша құрастырылуы, мұсылмандардың ең қастерлейтiн жерлерi Мекка мен Мединаның осы елде орналасуы, оны сөзсiз мұсылман әлемiндегi елдердiң көшбасшыларының  бiрi ретiнде қарастыруды қажет етедi.

ХХ — ғасырға Сауд Аравиясы жер ресурстарының сарқылмас молдығымен ең бай әрi дамыған мемлекет ретiнде аттады. Қазiргi Сауд қоғамының басты экономикалық көрсеткiшiнiң бiрi  мұнай туралы айтқанда, ол тек табиғи ресурс ретiнде ғана емес , сонымен қатар бұның негiзiнде пайда болған негiзгi салдарлары ретiнде: жаңа технологиялар, ақша , жаңа геосаясат, жұмысшы күш, жаңа кластар мен топтардың қалыптасуы, жаңа демографиялық тенденциялар, жаңа құндылықтар мен қайшылықтарды да қарастырамыз. [20]

 Соншама байлықтың, онымен бiрге келетiн капиталистiк қатынастардың елде қалыптаса бастауы , Шығыс елдерiң жалпы даму жолымен келе жатқан сауд қоғамының тарихи алға басуын күрт өзгерттi. Экономикалық өркендеумен пайда болған жаңа нарықтық қатынастар Сауд Аравиясы қоғамын қазiргi таңда екi әлемге бөлiп отыр: Ислам дiнi және тарихпен қалыптасқан қоғамдық өмiр, салт–дәстүр, ал екiншi жағынан жаңа технологиялар, экономикалық қуат, байлықпен келетiн капиталистiк қарым — қатынастар. Сауд Аравиясындағы модернизация процесi елдiң дәстүрлi жүйесiн  кемелдендiре отырып, Қиыр Шығыс елi – Жапонияның  мысалына ұқсас қоғамдық құрылысқа әкелдi, яғни бiр мемлекет жүйесiнде жаңа дәуiр талаптарына сай технологиялық прогрестермен бiрге сан ғасырлық  тарихы бар Ислам қағидаларының ұштасуынан пайда болған жаңа «араб – мұсылмандық модельiндегi»  елдi қалыптастырды.              

        Сауд Аравиясының бiрден – бiр даму ерекшелiгi  — капиталистiк модернизацияның тек экономикалық сферамен шектелуi. Яғни мемлекеттiң саяси,  әлеуметтiк, мәдени өмiрiнде жаңа қатынастар көп өзгерiс әкелмеуде. Ғасырлар бойы қалыптасқан мұсылмандық дәстүр ел экономикасының дамуымен бiрге сақталуда, бұның басты себебі болып елдгi билiктiң негiзгi ресми формасы вахаббизмге негiзделген Ислам дiнi екендiгiнде. Вахаббизм – Сауд Аравиясы қоғамының тарихи маңызды компонентi ретiнде әлi күнге дейiн өз маңызын жоймады.  Бұл дiни доктринаның негiзiне  Исламның шынайы дiн ретiнде жаңғыруымен бастапқы тазалығын сақтау жатады.

        ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында басталған әлемдiк өзгерiстер, жаһандану процессiнiң белең алуы — Сауд Аравиясына да әсерiн тигiзбей қоймады. Елдегi жаңа саяси, әлеуметтiк, экономикалық өзгерiстер вахаббизм отаны саналатын Сауд Аравиясын жаңа сатыға көтердi.  Қазiргi таңда технологияның дамуына байланысты ақпараттың бұқаралық сипат алуы, әрi оның лезде таратылу мөмкiндiгiнiң болуы, сауд қоғамын әлемге, ал әлемдi сауд қоғамына ашып бердi. Осыған байланысты мұсылман  ғұламалары бүгiнгi күннiң ерекшелiгiн ескере отырып, бұрын тек сауд  қоғамында ғана емес мұсылман әлемiнде болмаған жаңа құбылыстарға шариғатқа негiзделiп жаңаша талдау беруде . Абдаль Азиз патшаның Университетi жанындағы зерттеу орталығының бас жетекшiсi З. Сардар, бұл құбылысқа былайша анықтама бередi: «Соңы жоқ өзгерiстер әлемiнiң  сүйенiш нүктесi ретiнде басты рухани тiрек етiп бiрқалыптылықты айтамыз, бiрақ онымен қатар өзгерiмсiз құндылықтарда қандайда болсын ауытқулардың болу мөмкiндiгiн жоққа шығармайды, өйткенi олар тек өз табиғатынан мобильдi болып келетiн өзгерiстердi буындайды». [ 21]

Ислам — Сауд Аравиясы мемлекетiнiң негiзiн құрайды, сондықтанда мемлекет iсiне қол сұққандық дiнге қол сұққандықпен тең. Ислам дiнiнiң сауд қоғамына әсерiнің күштiлiгi сонша, мемлекет — қоғам- адамның әлуметтенуi — дiн арқылы жүредi. Дiн қоғамның барлық инстиуттарының негiзiн құрайды , тiптi адамның рухани сана – сезiмiнде де дiннiң әсерiн көруге болады.  Бұның бiрнеше себептерi бар:

  1. Ислам дiнiнің осы мемлекет территориясында пайда болуы;
  2. Тек Сауд Аравиясы мұсылмандардың қасиет тұтатын жерлерiнiң қорғаушысы;
  3. Жалпы мемлекеттiң ондаған ғасырлық тарихында басқа да мұсылман елдерi сияқты ( мыс. Мағрибты – француздар, Оңтүстiк Иемендi – ағылшындар ) бiрде — бiр рет колонизациялық басып алушылықта  болмауы,  яғни басқа мәдениеттің әсерiне тап болмауы.

 Сол себептi ол «мұсылман әлемiнің » елдерi арасында ерекше орын алады.

 Сауд әйелiнiң қоғамдық күш болып сахнаға шығуы — осы қоғамда болып жатқан  динамикалық өзгерiстерiнің көрiнiсi ретiнде әрi оның әлi күнге дейiн әлемге жабық сауд қоғамын танудың жаңа жағын ашып берген есiгi ретiнде қарастыруға мөмкiндiк бередi. Бүгiнгi таңда сөзсiз сауд әйелi өз елiнiң әлеуметтiк әрi экономикалық өмiрiнде маңызды роль атқарады.

ХХ ғасырда әйел мәселесiн реформалау процесiнiң жалғасуы патша Фейсалдың жұмысымен тiкелей байланысты. Ол туралы америка БАҚ — ы балай деп жазды: «Ол — қиялшыл да революционер де емес. Ол Құраннан бас қа ешбiр идеологияны мойындамайды. Ал оның реформалары сатылы әрi әмбебап.» [22] Бұл мәлiмдеменi Д. Холдинде  дәлелдедi. Фейсал патша алғашқылардың бiрi болып әйел сауаттылығын барлығына бiрдей етiп мiндеттедi.

Алғашқыда мемлекет жанынан қыздарға арналып 16 бастапқы мектеп ашылса,  1970 жылы бұндай мектептер саны — 406 жеттi , онда 115 мың, [23]   ал 1983 жылы 700 мың қыздар, ал қазiргi таңда бастауыш мектеппен университет аралығында 2 млн. — ға жуық оқушы қыздар  оқиды. [24]  

   Үкiмет жаныныда әйелдердiң бiлiм алу сұрақтарына байланысты арнайы генералды өкiлеттiлiк құрылған, олардың қарамағында 11 қыздар колледждерi бар, негiзгi жұмыстары – осы колледждегi оқушыларды жоғарғы оқу орындарына бөлу ісі болып табылады. Бұл 11 колледждерде әртүрлi мамандықтар бойынша бiлiм беріледi : өнер , бiлiм беру, ғылым.   

    Фадха патшаның айтуы бойынша бiлiм берудегi осындай алға басушылықтартар (7 университет және оншақты мың әртүрлi типтегi мектептер)- “елдiң қазiргi даму дәрежесiне жету үшiн үлкен көмегiн әкелдi”. [26]    

Жаңа жұмыс орындарының пайда болуы, елде жұмыс күштерiнің жетiспеушiлiгiн тудырды , сол себептi Сауд басқарушы элитасы арасында әйел еңбегiн пайдалану туралы сұрақ туды. Осы мәселе жөнiнде «Нейшнл кэмикл индастриз» компаниясының президентi Мұхаммад Бадрави былай деп айтты: «Урбанизация процесi қол еңбегiне деген көзєарасты бiртiндеп өзгертедi. Ал бұл негiзде ертеңгi күнi әйел еңбегiне деген сұраныс экономикалық қажеттiлiк ретiнде туындайды . [27]       

Қазiргi таңда Сауд әйелiнiң iшiнде ғылым докторлары, универсиет профессорлары, математиктер, қоғам қайраткерлерi, колледждер деканы, радио директорлары , әйел көйлектер салондарының иелерi, яғни кәсiпкер әйелдер, банк директорлары, журналисттер т.т. бар. 80 – жылдары сауд қоғамында әйелдердiң жаңа жұмыс саласы – банктiк iс пайда болды. Бұның негiзi ретiнде Құранның әйел адамдарға өз мүлкiнiң толық иесi болуға рұқсат беруi жатты. Бұл құқыққа Құран 1500 жылдай бұрын уақытта рұқсат берсе, ал мысалы француз әйелдерi өз меншiгi болу құқығына тек 1938 жылы ғана ие болды. [28] Ислам заңына сәйкес  әйел өз меншiгiне, табыс көзiне, ақшасына толық құқылы.[29]   

1980 жылдың қаңтарында «аль – Рихси» компаниясы Эр – Риядта,  кейiн филиалы ретiнде Джиддада валюта ауыстыру мен қаржыға байланысты алғашқы әйелдер банкiн ашты. Осы банктің 1982 жылдың ортасына таман елде әйел – банкирлер басшысы болып келген 13  бөлiмшелерi болды, ал бұл банктер жұмысында көбi жоғарғы экономикалық және административтi бiлiмдерi бар 120 әйел жұмысшы жұмыс жасады.  Бұндай қызметті престиждылығын, осы жұмысқа тұрғысы келетiн әйелдер санынының бәсекестiгiнен – ақ бiлуге болады. Мысалы: «Ар – Райхи» компаниясының батыс бөлiмiнің аумақтық басшысы Сулейман аль – Эвайдқа   елдегi алғашқы әйелдер банкiнiң Джиддалық  бөлiмiнде жұмыс жасағысы келетiн әйелдердiң атынан жұмысқа алу туралы өтiнiшпен бiр күн iшiнде 150 хат түстi. Ал банктiк iстi жөндеп бiлмеген әйелдер үшiн ол арнайы семинарлар ашты.[30]     Ал 1984 жылы әйелдер банктерiнiң авуарлары елдегi барлық банктер фондының 20% құрады.[31]

1981 жылы Үкiмет әйелдерге арналған азаматтар қызметi советi жанынан бөлiмше ашты, оның негiзгi мiндетi  азаматтық жұмысшылардың жұмысқа тұруын қадағалау. Қазiргi таңда Сауд Аравиясында әйлдер маңызды экономикалық  әрi әлеуметтiк  күшке айналуда.

Сауд Аравиясы толығымен Ислам заңдарына бағынған ел болғандықтан, Сауд қоғамының сахнасына әйелдердiң шығуының да өзiндiк әлеуметтiк – экономикалық, әрi саяси  спецификасы бар.  Елге келетiн әлемдiк өзгерiстер ең бiрiншiден «ислами фильтрдан » өтiп барып, қоғамдық қажеттiлiкке қолданылады. Ал Ислам заңдылығына байланысты әйелдер ер адамдармен еркiн түрде араласа бермеуi тиiс, сондықтан әйел адамның Сауд Аравиясындағы қоғамдық жұмысы ер адамдармен бiрге емес, бөлек сегрегацияланған түрде жүредi.  Бүгiнгi күнi сауд қоғамы екi қоғамға бөлiнген:  әйелдер және ерлер, әрi олар арасындағы қарым — қатынастар ислам заңдылыєтарымен белгiленген.

Ислам дiнi әйел адамды жанұяның ұйытқысы,  ардақты ана, аяулы , адал жар ретiнде таниды. Сондықтанда Сауд Аравиясында бұл мәселелерге үлкен көңiл бөлiнген. Сауд әйелiнiң үй шаруасынан тыс қоғамдық жұмыстарға араласуы, оның ел ертеңiне немқұрай қарамайтынының көрсеткiшi деп бiлуге болады,  өйткенi қаншалықты әйел адам бiлiмдi әрi сауатты , көзі ашық болса, болашақ ұрпақтың заманына сай дамуы да осыған байланысты болмақ. Бала тәрбиесiнде әйел адамның рольiнiң маңыздылығын жете түсiнген сауд басшылары елдегi әйелдердiң рухани дамуына көп көңiл бөледi.

Елдiң гендерлiк саясатының көрсеткiшi ретiнде сонау 50-жылдары құрылған қоғамдық — саяси ұйым – Сауд Аравиясының демократиялық әйелдер Ассоциясының жұмысын қарастыруға болады.

Соңғы жылдары Сауд Аравиясында әйел мәселесiндегi бiршама өзгерiстердің басты себептерiн келесідей етiп  атап көрсетуге болады:

  1. Елдiң соңғы 40 – 45 жылда әлеуметтiк – экономикалық дамуы, экономикалық жетiстiктер, ұлттық табыстың өсуi, мұнайдан түскен қаржы негiзiнде өмiр сүру деңгейiнiң өсуi.
  2. Елге шетел жұмыс күшiнiң көптеп ағылуы және оның мемлекеттiң байырғы тұрғындарына әсерi. Шетел жұмысшылары елге тек еңбек күштерiн ғана емес, өз дүниетанымдарын, өмiр сүру стильiн әкеледi. Мысалы: жас сауд қыздары мысырлық, палестиналық өз құрдастарымен бiрге тұрады, олармен университетте, мектептерде , дүкендерде кездеседi. Көптеген сауд әйелдерi өз үйiнде Оңтүстiк Азиядан – Тайван,  Филиппин, Шри Ланкадан келген үйжұмысшыларын ұстайды, кейбiр үйлерде балалар туған тiлi араб тiлiнен көрi тай немесе филиппин тiлiн жетiк бiледi. Осындай мәдениетердiң араласуы олардың дүниетанымдарының артуына септiгiн тигiзедi.
  3. БАҚ — ң дамуы, спутниктiк телебайланыс, компьютер, интернет желiсi, электрондық почта секiлдi байланыстардың әрбiр үйге қолжетiмдi болуы.
  4. Ауыл тұрғындарының қалаға көшуi , жаңа өмiрге үйренуi.
  5. Некенiң полигамдық түрiнiң азайып , оның орнына моногамдық некенiң көбеюi, бұл жанұяларда ер адамдардың әйелдерiне , қыздарына бiлiм беруге ұмтылуы.
  6. Әйелдердiң әлеуметтiк активтiлiгiнiң көрiнiсi ретiнде елге таралған әйелдер қайрымдылық қорларының жұмысын айтуға болады. Олардың жұмыстары әртүрлi: әйелдерге арналған кiтапханалардың ашылуы, бұқаралық семинарлар мен лекцияларды өткiзу, әйелдердi тоқыма, тiгiн iсiне үйрету.[32] Бұл қайрымдылық қорларын басқару мен қадағалау iсiн патша үйiнің әйелдер бөлiгi атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2  Иран Ислам  Республикасындағы «әйелдер сұрағының» эволюциясы

Жоғардағы Сауд Аравиясымен мысал сүннет жолымен жүретiн мемлекеттің мысалы болса, ал Иран республикасымен мысал шейiттiк жолды таңдаған мемлекеттiң мысалы болмақ.

Иранда антишахтық революцияны басқарған аятолла Р. Хомейни шах режимінің құлауында Иран әйелдерінің үлесі шексіз екенін мойындаған болатын. Осы кезден бастап руханият әйелдермен тығыз жұмыс жасай бастайды, олардың жұмыстарының негізгі бағыты — Ислам құндылықтарын негізге ала отырып елдегі шах режиміне қарсы тұру болатын. Шынымен де бұндай саясат табысты еске асырылып, шах режимінің құлар тұсында оншақты және жүздеген мың иран әйелдері ислам киімдерін киіп үкіметке қарсы демонстрацияға шықты. Олардың негізгі қойған талаптары – ел билігінен шахты алып тастау, әрі Исламдық үкімет құру болды. Сол кездің деректері бойынша, басына орамал тақпаған демонстранттық әйелдер мыңдаған теңіз көпірігіндей чадрадағы мұсылман әйелдер арасында көрінбей кеткен. Революция өтіп кеткен уақытта, бұл қозғалыстағы әйелдер рөлін Хомейнидің өзі жоғарыға бағалап, ең біріншіден бұл жеңісті ерлерден көрі әйелдердің еңбегі басым болғанын айтты. “Әйелдер – сіздің өзіңіздің бірінші қатарда екендігіңізді дәлелдедіңіз. Ерлердің алдында екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Ерлер сіздерден үлгі алып шабыттанды. Иран ерлері иран әйелдерінен сабақ алды” — деп айтты.[33]

 Шын мәнінде революциядағы әйелдердің қатысуына әділ де жоғары баға бере отырып Хомейни бұл қоғамдық потенциалды революциядан кейінгі кезде де қолдануды есептеді. Оның бір дәлелі ретінде әйелдердің саяси әрі әлеуметтік белсенділігіне қолдау ретінде көптеген өтініштердің қабылданулары. Ол былай деп айтты: — “Әйелдер саясатпен айналысуға толық құқылы. Бұл олардың құқықтары мен қатар міндеттері де. Бұл олардың отан алдындағы парыздары”.[34]

Хомейни Ислам Иран Республикасының (МИР) жаңа конституциясының 20 бабына енгізу туралы санкция жариялады. Бұл баптың мәтіні келесіндей: “Иран қоғамының барлық мүшелері, әйелдермен ерлер заңмен бірдей қозғалады” және Ислам заңдылығына сәйкес мәдени, әлеуметтік, экономикалық, саяси құқыққа ие.

Революциның жеңісінен кейін көп ұзамай халықаралық әйелдер күннің қарсаңында, 1979 ж 7 наурызында Хомейни әйелдерге – “Ислам заңдарына сәйкес барлық әйел адамдар қоғамдық орындарда шариғатқа сәйкес киім “Хиджабта” болу керек” —  деген жолдау жіберді. Келесі күні Тегеран көшелеріне бұл декретінің қабылдануына қарсы 15000 әйелдер шықты. Демонстрация таратылды, бірақ келесі күні ол жалғасты тапты. 10 наурызда. Премьер-министр Базарган Хомейннің сөзін талдай келе, оның сөздерінің дұрыс түсінбегенін, хиджабты кіргізу күштеумен болмайтындығын айтты. Десе де 11 наурызда 20 000 әйел Тегеран университетіне қарай шеруге кетті. [35]

 Осымен революциядан кейін алғаш рет әйелдер сұрағы басқарушы топтың да, барлық Иранның аумағын да да, халықаралық деңгей де де көтерілді. Бұл шеруді тек Иран Халық партиясы (коммунистер) мен Федайндер ғана қолдады. Ал болашақтағы оппазициялық Иран халқының Муджахединдарының Ұйымы, Телегани, Банисадр сияқты лебералды ағым аятоллалары жоғарыдағы жолдауды қолдады. Бірақ шахтық режимді қолдаған жүздеген мың орамалдағы әйелдердің біреуі де осы жолдауға қарсы көтерілмеді.

Батыста Иран басшыларының мұсылмандық киімді енгізу туралы шешімін бірден адам құқығына қарсы тұратын әділетті емес шешім деп қабылдады. Олар Иран басшылығының осы шешімді қолдайтын жақтарының аргументтеріне құлақ аспады.Иран айтуынша бұл киім үлгісі ондаған ғасырлар бойы мұсылман шығысының киім үлгісі ретінде әйелдермен қолданылып келген, ал демонстрация туралы айтар болса, мысалы: өткен ғасырдың 20 жылдары батыс стандарттары мен құндылықтарын өз елдерінде қолданысы келген Түркия, Авганистан, Кавказ, Орта Азия елдерінде мұсылман – киімін жақтаушылар мен ел үкіметі арасында бұдан да анағұрлым қатыгез қарсы тұрулар болғанын айтты. Тек бірнеше жылдар өткен соң ғана батыс елдері мұсылмандық киімді қолдану үлкен саяси сұраққа айталатындығына және бұл мәселе тек Ислами мемлекеттерде ғана емес өз елдерінде де туындайтынына көз жеткізді. Мысалы: 90 жылдардағы Батыс Еуропада тұрғылықты мұсылман әйелдерінің қоғамдық орындарда, мектептерде, университетте бастарына еркін орамал тағып жүруін талап еткен үлкен шерулер болып өтті.

Мұсылман мемлекеттерінің өзіне келсек,  бұнда ислами киім үлгісін кию шешімін биік органдарынан гөрі көп жағдайда әйелдердің өздері шешуде. Оның бір мысалы ретінде Түркияны алуға болады. Бұл мемлекетте әйелдер қоғамдық орындарда хиджаб кию рұқсатын шерулер жүргізу арқылы қол жеткізген.  Немесе Афганистандағы талибандар кезіндегі әйелдердің ресми киімдері болып саналған чадра, бүкілі халықаралық биліктің талибандарының билігін құлатқаннан кейін де өз күшінде қалғанын да келтіруге болады.

Сол секілді Хомейнидің жолдауы Иран қоғамында бірдей емес реакция тудырса да, жылдам іске асты, өйткені оны көпшілік Иран әйелдері қолдады.

Иран әйелдерінің елдің тарихи сахнасына шығуы көпшілік жағдайда иран-ирак соғысынан кейін басталды. Осыдан кейін Иранда әйелдер қозғалыстары пайда болып, жеке бір мәселе ретінде әйелдер сұрағы қарастырыла бастады.

Иран басшысы имам Хомейни өзінің бір сөзінде былай деді: “Ислам қоғамында әйелдер ерікті, олардың университеттерге түсуіне, қызмет атқаруында, мәжілісте депутаттық мандат алуына еш кедергі жоқ”. Бірақ  өкінішке орай әлі де Иранда 80 жылдары елдің әлеуметтік, саяси-экономикалық өмірінде әйелдердің рөлі өте аз болатын. 

Осы жылдары Иран маманданған жұмысшыларын жоғалта бастады, өйткені көпшілік әйелдер жұмысынан бас тартқан болатын. Мысалы: өндірісте әйелдер саны 1976 — 77 жылдары 13,8%-ке болса, 1986 жылы 8,9% дейін қысқарған болатын. [36] Бұл құбылыстың бірден бір себебі —  иран-ирак соғысынан кейін елде демографиялық жарылыс болуы, оның нәтижесінде Иран халқы соғыстан кейінгі 15 жыл арасында 2 есеге өсіп 80 ж. соңына Ирандағы орташа, семья құрамы шамамен 5 адамға дейін жетті. [37]  Айтып кететін мәселе, осы жылдары бала туу жасындағы елдің 96% әйелдері некеде болған еді. Әрине бұл жағдайда көпшілік әйелдер өз көңілін болашақ ұрпаққа ауыстырып, үй шаруашылығынан тыс жұмыс атқаруға мүмкіндігі болмады.

Ал имам Хомейнидің өзіне келсек, ол өз өліміне дейін Иран әйелдерін қолдайтын жолдаулар жасап тұрды. Мысалы: 1989  ж. СССР -ға бағытталған имам Хомейннің жеке жарлығын, М.С.Горбачевке беру үшін құрылған ресми өкілеттігі делегаттар құрамына ол атақты ислам ғалымдарымен, имамдарының қасына әйел адамды да қосты.

Жалпы Имам Хомейни әйелдің негізгі рольі ұрпақ тәрбиелеу мен отбасы туралы қамқорлық деп білсе де, қоғамда Иран әйелдерінің беделге ие болуына бар үлесін қосты. Хомейни өз өліміне дейін елдегі әйелдердің арасына батыс ықпалын ендермеуге тырысты.

80 жылдардың аяғынан 90 жылдардың басына дейін елде әйелдер қозғалысының активизациясы барысында, онда үш формалды емес топтар пайда бола бастады. Оларды былай көрсетуге болады:

  • Консервативті мұсылман әйелдері;
  • Реформаторлы мұсылман әйелдері;
  • Батыстық бағыттағы зайырлы сипаттағы Иран әйелдері;

Консервативті мұсылман әйелдеріне — көпшілік жағдайда жоғарғы мемлекет басындағы билік органдарындағы әйелдер кіреді. Олардың көпшілігі Иран республикасының басшыларының туыстары, кейбіреулері билік органдарында жасады. Мысалы: Хомейндің қызы Захру Мұстафали, өкіл қызы Фатима Табатабай, Х.Рафсанджанның қыздары Фаизе Хашеми және Фатима, Бақылау кеңесінің беделді мүшесі Аятолла Хазамлидың қызы – Мариям Хазали, мәжіліс депутаттағындағы әйелдер, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың мүшелері: мысалы: КСИР және Ислам дағуатының ұйымы т.т. және  қарапайым халық. Олардың көпшілігі елде билігі бар әйелдер, балалар, жасөспірімдер, спорттық ұйымдардың басшылары болды. Олар Ислам заңдылықтарының әділетті түрде орнығуы мен жасалуы үшін күресті. Әйелдердің Исламға тән киім киюі, мінез —  құлқы Исламға сай болуы, Ислам діні шеңберінде әйелдердің білім алуы, қоғамдық өмірге араласуы, саясатта орын алуы т.т. мәселелерді көтерді. Мысалы: Фаизе Хашеми, Иран Ислам Республикасының Олимпиядалық комитетінің басшысы бола отырып, әйелдердің спортқа белсене араласуын қолдады, әсіресе халықаралық деңгейде көрінуін. Оның жетістіктерінің бірі болып 1997 ж. Тегеранда өткен әлем мұсылман әйелдерінің олимпиядалық ойындарының өтуі еді. Елдегі атақты әйел депутаттарының бірі Мариям Бехрузи парламенттің 1 – ші және 2 — ші сайлауында Ислами ұйымның ең радикалды партиясының бірі «Федаяне Ислам»  атынан шыққан болатын, оның негізгі ұраны Ислам заңдылықтарының таза күйінде елге оралуы еді, парламенттің  3 — ші мәжілісте әйелдерге әлеуметтік еркіндік беруге және отбасы кодексіне өзгерістер енгізу үшін, әйелдердің шетелде оқу құқығы  үшін дауыс берді, ал парламент сайлауының 4-ші отырысында 1992 ж. прагматикалық қанатының көшбасшысы ретінде жеңіске жетті. [38]

Хомейнидың қызы Зухра Мостафави 1993 ж. өз ұйымы – Ислам республикасын әйелдер ұйымы атынан президенттік сайлаулада К.Рафсанджаниды қолдады.

Иран әйелдерінің екінші тобы – Ислам заңдылықтарының модернизациясы мен қазіргі кезең талаптарына сай реформалануын қолдады. Олар көбіне әйелдердің периодтты түрде шығатын “Зане Руз”, “Фарзане”, “Занан” — баспалары маңында шоғырланды. Олардың қатарына ең біріншіден марқұм Аятолла Телеганидың қызы — Азам Телегани жатады, ол “Ислам революциясының” әйелдер ұйымын басқарады. Экс-премьер-министр А.Мусавидың әйелі – Зухра Рахневадпен басқалары тұтасымен алғанда олар Али Шариати көзқарасын бөлісіп қолдаса да, екінші жағынан, Ислам заңдарының ел басшыларының қолданысы мен интерпретациясына қарсы болды. Олар ер мен әйелдердің физиологиялық, көңілі — күй тұрғысында әртүрлі екендеріне келісе отырып, оларды бұл негізде қанауға болмайтындығын айтты.

Кейде жоғарыда айтылған екі топ қосылып кетеді. Мысалы: 1990 ж. ел президенті Х.Рафсанджанидың жарлығына қарсы тұрды. Оның мазмұны төмендегідей еді: Үйленуге шамасы келмеген жас жігіттерге (сиге) уақытша некеге рұқсат берілуі (Уақытша неке (сиге) – тек шейіт ағымына тән). Бұл жарлыққа қарсы аргумент етіп әйелдер ұйымы жас жігіттердің тек тәндік ләззәт алып, еш жауапкершілікке ұшырамайтындығын келтірген болатын. [39]

Үшінші топта орта тапқа кіретін білімі бар әйелдер тобы болды. Олардың көбі өндірісте жұмыс істейді, кейбіреулері денсаулық сақтау, білім беру салаларында да қызмет жасауда. Олар көбіне Ислам негізіне сүйенген басшылар көп әділетсіздіктерді тудырды деп ойлайды. Бұл топқа өкілі ретінде 2003 ж. Нобель сыйлығының лауреаты Ширин Эбадиды жатқызуға болады. Ол Иранда тек бостандық үшін күрескер ғана емес адвокат ретінде де белгілі болды.[40]

Осы үш айтылған Иран әйелдерінің активті топтары әйелдердің көпшілігінің әртүрлі топтарымен қолдау табуда, олар көп нәрселер жасады, өте көп өзгерістерге қол жеткізді.

Иран әйелдерінің ең үлкен жеңісі болып олардың «әйел сұрағын» саяси сахнаның ортасына әкелуі болды. Әйелдер сұрағы бүгінгі күні Иран баспасының бетінде ең көп жазылып жүрген мәселе. Бұл сұрақ Иран парламентінде де, басшылықтарда да көтеріледі. Керек десеңіз әртүрлі халықаралық форумдарда да соңғы кездері жие талқыланады. Қазір Иранда ең ауыр деген әйелдер мәселесі күн тәртібінен алынған.

Үшінші мыңжылдыққа Иран – заңшығару, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, тұрмыстық өмірінде әйел орнының өзгеруімен енді. Иран мәжілісіндегі депутат әйелдерінің саны өткен жылдармен салыстырғанда өсіп 13 адамға жетті, олардың қолдауы негізінде маңызды заңдар қабылданды.

Иран әйелдері мәселелерінің алға басушылығы 1993 ж. жүзеге асты. Бұл жылы ел президенті Х.Рафсанджани сайланып, ол бойынша президентінің кеңесшісі етіп ел тарихында алғаш әйел-кеңесші Шахле Хабиби қойылды. Осы жылдың қаңтарында Иран басшылары әйелдерге оқуға тыйым салынған барлық пәндерді ашып береді. Жалғыз ғана білім беру саласындағы шектеу болып тұрмыстағы қыздардың мемлекет қаржысымен шетелде оқу мүмкіндігі болды. Сол жылы еңбек заңдарына келесідегі өзгертулер ендірілді:

        — әйелдердің жұмыс күні қысқарылды;

  • зейнетақыға ер адамдармен салыстырғанда 5 жылға ерте шығу мөмкіндігі болды;
  • 15 жасқа дейін қыз балалардың жұмысқа алынбады;
  • жыл сайын 12-30 күнге дейін ақылы демалыс берілді; [41]

2001 ж. Иран БҰҰ-ның әйелдер шектелуінің барлық формасын жою Конвенциясына қол қойды.

Бұл өзгерістер Иран әйелдерінің өміріне айтарлықтай өзгерістер әкелді. Мысалы: ресми деректер бойынша әйел студенттер саны 40%, ал талапкерлердің ішінде 50% жеткен. [42]

Көптеген әйелдер басшылық орындарға ие болуда, мысалы: Иран деректеріне сүйенсек 90 ж. соңында 91 әйел адам сот жүйесінде басшылық орындарда жұмыс істеген, 185 әйел — юристер адвокаттық лицензия алған, 886 мың Иран әйелдері спортпен шұғылданады.[43]

Әйел денсаулық сақтау саласының дамуы адамдардың өмір ұзақтығына да әсер етті, бірінші күні елдегі орта жас – 68 жылды құрайды.

Мәселе тек сандық көрсеткіштерде емес. Соңғы жылдары Ирандағы әйелдер мәселесінде шынымен сапалық өзгешіліктер болып жатыр.

 Ирандағы әйелдер қозғалысы дамудың үстіне дамуда.

 Осы жерде 2003 ж нобель сыйлығының лауреаты Шырын Әбаденің сөзі мысал бола алады:

«Сіз мұсылман бола тұрып демократия үшін күресе аласыз» деген еді.

 

 

 

 

 

 

  • Қазіргі Түркия мемлекетіндегі әйелдер жағдайының ерекшелігі

 

Түркия елінің соңғы 90 жыл арасындағы күресі қазіргі кезең тарихында елеулі орын алады. Оның себебі – ел тарихында. Осман мемлекеті – мұсылман империясының арасындағы бірінші және жалғыз болып ХХ ғ. басында дейін Ислам дінін мемлекет негізінде сақтап келіп, ғасыр басында заиырлы мемлекетке айналған республика. Қазіргі таңда Түркия даму барысында келе жатқан мемлекеттердің бірі.

Осыдан 20-30 жыл бұрын Түркия елі толығымен батыстық басқыншы мемлекеттерінің қол астында болған еді. Осман мемлекеті басқа мұсылман мемлекеттеріне қарағанда батыс елдерімен шекаралас болуы елдің тарихы дамуындағы болашағын айқындап беруші факторға айналды.

ХІХ ғасырдың ІІ жартысында мемлекеттің басшылық тобы елді «еуропаландыру» мақсатында бірнеше шаралар өткізді. Олардың бірі әйел мәселесі жөнінде болды.

Әйелдерді саяси-экономикалық сахнаға әкелу мақсатында ең бірінші қадам ретінде сауат ашу мәселесінен бастады. ХХ ғ. Басында бұл ортада еуропалық білімі бар – кішкене әйелдер тобы пайда болды.  1908 жылы елде ең алғаш «Фаали Нисван» деп аталыпты. Атақты жазушы Халиде Әдиб басқарған әйелдер клубы ашылды, ол балаларға қамқорлық көрсетуге бағытталған университет орталықтары болды. Одан да бұрын 1877 ж. Балкан соғысы кезінде Түркиядан Қызыл крест және қызыл    Жартыай    ұйымының медбикелер дайындайтын алғашқы әйелдер бөлімі ашылды. «Нисван Дарилфунун» атты өзіндік әйелдер университетін құрғаннан кейін, 1914 ж. Стамбул университетінде әйелдерге арналған үздіксіз курстар ашылды. 1914 ж 7 мұсылман әйелдері телефон Компаниясына қызметкер ретінде алынған болатын. Стамбулда көркемөнермен айналысқан алғашқы әйелдер қатарына нәзік өнер Академиясын бітірген экс премьер-министрдің анасы Фатманазлы ханым болды. Ол Анкарада әйелдер лицейінде сабақ берді, ол Республикандық халық саяси партиясының әйелдер секциясының председатель қызметін атқарды.

Осы уақытта әйелдерге білім беруге бағытталған компания өз жұмысын бастады [44].

Әйелдердің саяси-әлеуметтік өмірге араласуы 1920 жылдан басталды. Олар өз елінің тәуелсіздігі үшін, шетел басқыншыларына қарсы бағытталған ұлттық азаттану күресіне белсене қатысты.

Бұл соғыс тарихы әйелдер ерлігіне толы. Көптеген деректелген ақпарат көздерінде олардың әскери әрекеттерге қатысқандығы куәланған: қару жарақ қоймасынан жолдама тасыған, соғыста қаза тапқан командирлердің орнына тұрып, күрес майдандарында басшылық еткен. Оның үстіне әйелдер  әдетті рөлдерді атқарды – емханаларда жараланушыларға көмек көрсету, жанұяларын қамтамасыз ету, керек десеңіз қарулы отрядтарды тамақпен қамтамасыз ету де олардың нәзік мойнындарында болды. Онымен қатар әйелдер осы заттарды керек жерлеріне тасып та отырған.

Әйелдер елден интервенттерді қуумен, имперализмге қарсы күресте өздерін — өздері таныта білуі — Түркия Республикасын құруда әйелдердің рөлі азшылықта болмағанын дәлелдейді. Айтып кететін жағдай, бұл соғыс шығыстағы әйелдер қатысуымен алғашқы батыс имперализміне қарсы күрестің бірі болды. 1920 Түрік халқының ұлтазаттық күресі өршіген уақытында Түркияның коммунистер партиясы құрылды (ТКП). Сол кездің өзінде Түркияның ірі қалалары Стамбул, Анкара, Измир, Бурса, Эскишехирда осы ТКП-ң филиалдары ретінде әйелдер ұйымдары жұмыс жасады. Олардың бетке ұстар ұрандары: “Әйелдер мен ерлер бірігіп азаттық үшін күресу керек” деген болатын. Ең бір ықпалды әйелдер ұйымының бірі әйелдер халық партиясы және әйелдер теңдігі одағы болды. ТКП жанындағы әйелдер филиалдары көптеп ашылды.

Ұлтазаттық күрес шеңберінде әйелдер бөлімдері бұқара арасында саяси тәрбиелеу мен әскер қатарына солдаттар таңдады, кейбіреулері саяси партияларды, бөлімшелерін ұйымдастырушылық ісімен айналысты. Мысалға: Суат-Дервиш – ТКП жанындағы арнайы әйелдер бөлімінің басшысы, ТКП-қ, шығыс халқының 1920 ж Басуда өткен съезінің лауреаты болды. Түркиядағы әйелдердің қазіргі өмірге араласу кезеңін 3-ке бөлуге болады.

  1. Әйелдердің қоғамдық өмірге араласуының жаңғыруының алғашқы кезеңін бірінші дүниежүзілік соғыс пен кіші Түрік революциясы кезеңіне жатқызуға болады. Осы кезде әйелдер қоғамдық өмірге белсене араласа бастады: әртүрлі кәсіпорындарда, пошталық әкімшілікте, банктерде, ауруханаларда жұмыс жасайтын әйелдер саны артты.
  2. Келесі кезең Түркияның саяси тәуелсіздік алуы, Түркия Республикасының құрылуы, жаңа заңдар қабылдануы, әйелдердің дүниетаным шеңберінің өсуі оларды елдің саяси-экономикалық, әлеуметтік өмірде бара-бара үлкен ықпалды күшке айналу кезеңі болды.
  3. Үшінші кезеңге қазіргі Еуропалық одаққа кіруінің барысындағы дайындық кезеңін алуға болады.

Қазіргі таңда әйелдер Түркияда ерлермен қатар ел қоғамының елеулі бөлігін құрайды. Әйелдер тек табиғатына тән спецификалық қызмет орындарында ғана емес, әскерилер, програмистер т. т сияқты осы заман талабына сай мамандықтарды иеленуде.

Дегенмен әйелдер қозғалыстары көбінесе шынайы Ислам қағидаларының іс жүзіне асырылуын көздеді. Яғни, Ислам заңдылықтарына сүйене отырып әйелдердің қоғамдық рөлдерін реттеуге талпынды. Бұл ұйымдардың ісі көбіне қайрымдылық кештер өткізу, аспаздық мектептеррін ұйымдастыру, мұсылман киім үлгілері көрмесін жүргізу т. т. мәдени шаралар көрсетумен байланысты болды. Бұл ұйымдардың көпшілігі қазіргі күнге дейін жұмыс істейді.

Жаңа конституцияның өмірге келуі көптеген әйелдердің зайырлы құқықтарға ұмтылысын күшейтті. Кейбір ұйымдар мешіт арқылы некені жойып, оның орнына азаматтық неке кодексін жасауды, көп әйелділікті жоюды т.т. бұрын заңда болмаған өзгерістерді ендіруді талап етті.

Мемлекетпен дінді алшақтатуға тырысқан ел басшылары ХХ ғасыр басында діни мектеп-медреселерді жаппай жаба бастайды, ал мектептерде оқу жоспарының бірегей жүйесін ендіріп, шариғат соттарын жойып, зайырлы азаматтық кодексті енгізді т.т.

Осылайша елдегі секуляризация саясатын Исламның мемлекеттің қоғамдық-саяси өмірінде лезде шектелуіне әкелді. 1934 ж. Конституция зайырлы мемлекет принциптарын орнатты.

Анкара университетінің социологтарының бірі әйелдер социологиясы саласының профессоры Нермин Абадан Унаттың айтуы бойынша: Республикалық Түркия мемлекетінің өмірінде ең маңызды оқиғалардың бірі әйелдердің ашылуы, яғни ел дамуындағы оның рөлінің қайта қаралуы болды. Оның айтуынша Түркия Республикасының негізін қалаған Ататүрік әйел мен ер адамның білім алуда бірдей мүмкіндікте болуын қалаған адам екенін айтты.[45]

Ататүрік көбіне заңмен әкімшілік нормаларына көп көңіл бөлді, оның ойынша осы жағдайлар түрік қоғамында әйел мен ер адамдардың теңдігін қамтамасыз етеді деп ойлады.

1925 ж Түркияның Жоғарғы Ұлттық Одағы әйелдерге шенеунік болуға рұқсат берді, әсіресе соғыстан кейін әйелдер көбіне ер адамдардың орнын басып отырды. Келесі жылы жаңа азаматтық кодекс қабылданып, ол бойынша неке туралы заңға сәйкес көпәйелділік жойылды, діни неке орнына азаматтық неке орнады, мұралық туралы бірнеше сұрақтар шешіліп, жаңа заң тұрмыс құру жасын 16 – дан бастап белгіледі.

Ататүрікке шетел журналистерінің бірі енді әйелдердің жағдайы туралы сұрағанда, ол “ Біздің елде әйелдер ер адамдармен толығымен тең, олар өз бостандығын жаулап алды ”,- деп жауап берді.[46]

1929 жылы Ататүрік әпкесі Сеили Кемаль басшылық еткен түрік әйелдерінің одағы ресми статусқа ие  болды, осы жылы “Түрік әйелдерінің одағы” әйелдердің саяси-құқықтары үшін аумақты күресін бастады. 1930 ж әйелдерге муниципалды сайлауларға қатысуға рұқсат берілді, 1930-1934 ж конституцияға енгізілген өзгерістерде парламентке сайлауға да қатысу құқығы берілді.

1934 ж Түркия конституциясында ер адаммен әйел адамның тең құқығылы мәлімделді. Мемлекет өз көмегіне отбасы институтын құрып, ана және сәби қорғаныс жұмысымен айналысатын арнайы коммитет ашты.[47] Бұл реформаларға көптеген анықтама бере отырып, түрік социологтары әйелдерге саяси құқық берілуі оның эмансипациясында өте маңызды қадам деп түсіндірді.

Түрік социологы Абадан – Унат түркия әйелдерін 6 топқа бөледі:

1) кішкене қалалықтар (касаба);

2) мигранттар;

3) гентекондтар – жұмыс іздеген ішкі мигранттар.

4) тұрғылықты қала тұрғындары; — орта таңи жататын.

5) мамандық бойынша жұмыс жасайтындар;

6) үйде отырған әйелдер; [48]

Оның айтуынша осыған байланысты әйелдердің қоғамдағы рөлдері, де өзгереді. Мысалы: Оңтүстік Шығыс Анталияның өндірістегі әйелдер рөлі өте үлкен болса да әлеуметтік өмірде олардың қатысы білінбей отыр.

Ауылдық жерлерде ауылшаруашылық өте жақсы дамыған, сондықтан бұл салада әйелдер мен ерлер еңбегі үлкен сұраныста. Жұмысшылар күнұзақ еңбектену салдарынан, елде болып жатқан өзгерістер бұл аймақта онша білінбейді.

1989 деректер бойынша ауылшаруашылықтағы жұмыс істейтін 1000 адамның 497-сі әйелдер болған. Ауылдық жерлерде әйелдердің 90%  — не жуығы үйшаруашылығындағы әйелдер болып табылады. Олардың беделдері көбіне  жасына, балаларының санына байланысты еді.

Өндірісте әйелдер көбіне жеңіл, тігін және тоқыма, тамақ, темекі сияқты жеңіл салаларына көптеп шоғырланған. Бірақ әйелдердің алатын жалақысы ер адамдарға қарағана аздау. Десе де 1951 ж жалақы теңдігі туралы заң бұл жағдайды жақсы жағына өзгертуге көп әсерін тигізді.

Осыдан 50 жылдай бұрын шамамен әйелдердің қалалық жерде 56%, ал ауылдық жерлерде әйелдердің 70% сауатсыз болса, қазіргі кезде Түркияда сауатсыз әйелдер аз. [49]

Елдің әлеуметтік экономикалық жағдайының ауырлауы, инфляция, жоқшылық, жұмыссыздықтың өсуі, ең қажетті заттардың қымбаттауы т.т. негативті факторлар әйелдер жағдайына әсер етіп қоймай, ауыр салдарларға да әкелді. Мысалы: қазіргі таңда әйелдер жезөкшелігі 1980 жылменмен салыстырғанда 110 есеге өскен. [50]  Бұл сан жағынан жан түршіктіретін статистика үстіне өкінішке орай жасөспірімдер жезөкшелігі де кіреді.

Жалпы елдің қоғамдық өміріне өзгерістер енгізген Мұстафа Кемаль (Ататүрк) реформалары өз кезегінде қоғамның кейбір жақтарын қамтыса да қоғамдық қатынастардың негізін қозғамады.

Түрік ғалымы Т.Тимурдың айтуынша: “Кемальдің реформалары елде Ислам заңдарын тек құқықтық негізде өзгертсе де, Ислами дүниетанымды қозғамай өз қалпында қалдырды”.  М. Кемальдың ойынша Ислам ел сувернитетін сақтайтын негізгі фактор ретіне жүзеге асуда, ал жалпы дінді олар капиталистік ел қажеттіліктеріне сай бұрмалады . [51]

Түркияның Ислами ғұламалары елдің жаңа саясатына деген көзқараста екі түрлі ойда болды. десе де көбірек бөлігі немализм саясатына жағымсыз көзқараста болды. Десе де әйел мәселесінде ғұламалар Құранмен және  шариғатпен берілген әйелдердің қоғамдық өмірін Ислам заңдылықтарына байланысты өзгерту туралы айтылды, онымен қатар Түркияның  барынша дамуы тікелей шариғатты қаншалықты таза күйінде ұстайтынша байланыста екенін көрсетті.

Ататүркінің секулизациялық реформалары елдің әскери және бюрократиялық бөліміне және интелегенцияларға ғана  тарады. Ал ауылдық жерлерге Кемальдың реформалары көп әсер еткен жоқ, ел басшыларының антиисламдық саясаты да аудандық аумақты қамтымады. Бұл әйелдер саясатына да әсер етті.

Елде әйелдер ұйымдарының біркелкі орналаспағандығы көптеген қиыншылықтарға әкелсе де, олардың ішінде ең ірілері Түрік әйелдер Одағының  құрамындағы мүшелері қазіргі таңда 70 мыңнан асып кеткен, әрі елдің барлық уәлиеттерінде орналасқан. ТӘО-ң жарғысына байланысты негізі мақсаты — әйелдердің мәдени деңгейін арттырумен  “демократиялық режим” барысында оларда әділеттілік сезімдерін ояту. Ұйымға әйелдер мен ер адамдар бірдей кіреді, сондықтан ең біріншіден жоспарға жұмыс істейтін әйелдердің экономикалық жағдайын жақсарту бірінші мақсат болып енді.

Елдің әлеуметтік экономикалық өмірінде әйелдер уақыт өте маңызды рөльге ие болып келе жатыр. Саяси партиялар оларды өз жағына тартып алуға тырысады.

Түрік әйелдерінің жағдайын анализдеу барысында оның құрамының біркелкі еместігін айтуымыз керек, әйелдердің кәсіби іс-әрекетіне, білім деңгейіне, әлеуметтік – экономикалық жағдайына байланысты  статусы да әрқилы. “Қалықтар” мен “ауылдықтардың”, “білімді” мен “білімсіз”, “қазіргі күндік” және “дәстүрлік” деген категорияларына байланысты әйелдерді 2 үлкен топқа бөлуге болады:

  1. қала тұрғындардың бір бөлігі,шаруа әйелдер;
  2. жоғарғы және орта топ әйелдері, жұмысшылардың бір-бөлігі;

Бірінші топқа 14 жастан жоғары, елдегі әйелдер санының 60 – 70 % алатын бөлігі жатады.

Екіші тобқа — әйелдердің білім дәрежесі жоғарлығы, дүниетанымның тереңдігі, қоғамдық істерге араласу деңгейнің жоғарлығымен ерекшеленетін  тобы жатады. [30]

Түрік социологы Абадан Унат өзінің бір сөзінде былай деп айтты: “Әйелдердің әлеуметтік еркіндігі, білімі, индивидуалды тәуелсіздігі – оның экономикалық белсенділігіне алғышарт болып келеді”. [52] Яғни елдің экономикалық прогресімен әлеуметтік өзгерістері арасында тығыз байланыс болады.

Жалпы Ислам әйелдердің қоғамда және жанұяда беделін орнықтырып берді, сондықтан осы фактор ғасырлар бойы Ислам дінінің негізімен дамыған мұсылман қоғамдарда әйелдердің негізгі рөлін анықтап берді. Және айтып кететін бір мәселе, Ислам әйелді ең біріншіден ана ретінде, жанұя ұйытқысы, адам жар ретінде қарайды, сондықтан да мұсылман социологтары әйелдердің қоғамдағы рөлін тікелей мағанасында емес, әйелдің қоғам болашағына әсерін және қоғам прогрессіндегі рольін  ол  тәрбиелейтін ұрпақ негізінде көрсетеді.

Түркия елдің басшылары қаншама еуропаланған қоғам құру үшін реформалар жүргізсе де, әлі де болса да бүл мемлекете Ислам өз құндылығын жоймады. Керісінше, адамдар Исламнан қазіргі заман талабына сай өзгерістер негізін ала отырып, өздерінің қоғамдық өмірін модернизациялауда. Басқа мұсылман елдеріндегідей Түркияда да Ислам әлеуметтік мораль нормаларының негізі ретінде тек қоғамдық емес, жеке өмірді де модельдеуде. Түрік ғалымы Б.Боран айтқандай: “Адамның мінез-құлқы, дүниетанымдық түсінігі, ондағы иддивидтың рөлі, оның құқықтары мен міндеттері – осының барлығы мұсылмандық дәстүрден, идеалдардан бастау алады”.[53]

Елдегі әйелдер қоғалысы түрік әйелдерінің мүдделерін қорғау мақсатында көптеген жұмыс жасауда. Мысалы. 1976 ж. “Түрік әйелдерінің Одағы” жыл басынан  50%  өскен еттің қымбаттауына қарсы көтерілді. Бұған қарамастан елде мемлекеттік статистика институтының мәліметтері бойынша коммуналды қызмет салалары; газ, электро энергия  – 10% -тен —  35% — ке дейін өскен.

1975 ж. құрылған Анкара университетінің соц. ғыл. докторы Берки Онгер басқаратын “Түрік прогрессивті әйелдер Ұйымы” өз қатарына 22% жұмысшы әйелдерді, 2 үй шаруашылығындағы әйелді, 17 оқытушыларды, 10-қызметкер, 8 оқушы, 6,5% денсаулық сақтау қызметкерлерін, 1 шаруа, 3% еркін мамандық иегерлері әйелдерін қосты. Қазіргі кезде ұйымда 19 мың мүше, 22 бөлімшелері бар.

Қазіргі таңда Түркияның ішкі және сыртқы саясаты дамып келуде. 1982 ж. қабыланған жаңа конституциясының саяси бөлімінде болашақта Түрік елі —  Ататүрк принциптарымен дамытып мемлекет екендігі көрсетілген. Онымен қатар конституцяда бастапқы және орта мектептерде мемлекет қадағалауымен міндетті түрдегі діни білім енгізілген. [54]

Жалпы Түркия мемлекетінде әйелдер сұрағын қарастыруда бұдл мәселені қоғамдық жағдайымен бірге алып талдау  керек, өйткені қоғамдық және  саяси өмірде болған өзгерістер елдегі әйелдер жағдайымен тікелей байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Қазақстан әйелдері: тарихы мен бүгінгі күні

 

Қазақ қоғамындағы әйелдер сұрағы  қазақ тарихымен тығыз байланысты. Мемлекет тарихында әйелдер сұрағын менің ойымша қазан революциясына дейінгі қазақ әйелі, совет кезеңіндегі қазақстандық әйел  және  тәуелсіздік алғаннан кейінгі бүгінгі қазақ әйелі деп үш кезеңге бөліп  қарастыру керек. Себебі ертедегі көшпелі қазақтарға Исламның әсері, Кеңес мемлекеті орныққаннан кейін қазақ даласына әртүрлі ұлт өкілдерінің келуі, әсіресе орыстардың ағылуы себебінен  байырғы тұрғындардың сана сезімдеріне бір жағынан мемлекет саясаты, бір жағынан көптеген ұлт өкілдерінің әсері түбегейлі өзгерістер енгізуі себебінен әйелдердің де жағдайы да өзгерді. Тәуелсіздік алғаннан кейін, ендігі кезекте қазақтардың әйел мәселесіндегі саясаты тіпті басқаша сипат алды.

Осыған байланысты Қазақстандағы әйелдер жағдайын мен үш кезеңге бөліп қарастыруды жөн  көрдім:

Бірінші кезең – Кеңес үкіметінің орнығуына дейінгі кезең.

Орта Азия мен Қазақстан территориясына Ислам діні VII ғасырдың екінші жартысында Самарханд, Бұқара, Шаш, Насаф, Кеш, Хорем, Ходжент, Баласағұн, Үзгент, Ниса қалалары орналасқан Мәуреннахрға соғыс ашқан  бірінші Омаяндар халифы Муавии ибн – Суфьян тұсында ене бастайды. Исламның Қазақстанға енуі мен орнығу процессі өте баяу әрі қиын жағдайларда жүрді. Оның бірден  — бір себебі: Исламға дейінгі көшпенділер арасында басқа шомандық, заостралық сияқты діни сенімдердің мықты орнығуы, оның қалдықтары біздің қоғамымызда әлі күнге дейін бар.

Ислам позициясының  орныға бастауы Қараханидтан тұсында басталды. Бірақ алғашқыда Ислам тек қалалар мен ауылдық аймақтарда, яғни отырықшық аймақтарының  жұртшылығының арасында ғана орнады.

Ал Орта Азия мен Қазақстан территориясының көшпенділерінің арасында Исламның таралуы ең біріншіден Хожа Ахмед Яссауи атымен байланысты болды. Бұл кісіні түрік мұсылмандары Мұхаммад пайғамбардан кейін қасиет тұты, ал өмір сүрген және Ислам негіздерін таратқан Түркістан қаласы әлі күнге дейін кіші Мекка деп аталады.

Яссауи, оның атымен аталған ірі дербіштер орденінің негізін қалаушы болды. Бұл орден кейіннен түріктер арасында Исламның таралуына үлкен әсер етті.

Мұсылмандар дінінің толығымен орнауы Алтын Орданың Исламды қабылдауымен аяқталды, кейін араб елдерінің елшілерімен толықтырылды.

Қазақ даласында Ислам негіздері көшпелілердің арасында феодалдық қатынастардың орнығуының негізін қалап, оны тездеті. Осыған байланысты әйел адамның рольі де өзгере бастады.

Ислам заңына сәйкес, қазақ халқында әйел адам аяулы ана, адал жар ретінде өте құрметтелді. Бұған дәлел ретінде ежелден келе жатырған ауыздан – ауызға тараған батырлар жырларында, аңыз әңгімелерінде әйел адамның ақылдылығын, тапқырлығын, сұлулығын сипаттайтын деректер аз емес. Бірақ кейіннен Ислам дінінің негіздерінде берілген әйел адамның шынайы құқығын бұрмалануы қазақ қоғамында көптеп кездесе бастады. ХІХ ғасырдың аяғы мен  ХХ ғасырдың басында әйел адам теңсіздігі туралы мәселе бой көтерді. Осы кездердегі С. Көбеев, С. Торайғыров, С, Сейфуллин, Б. Майлин сияқты жазушылармен ақындар  шығармалармаларында қазақ қоғамындағы әйел адамның ауыр  жағдайы туралы баяндалады. Ғасырлар бойы қалыптасқан феодалдық  қарым – қатынастардың көрінісі болып  қалың мал,  әмеңгерлік сияқты мәселелер терең негіз алды. Жас қыздың  өз жарын таңдау құқығы оның ата – анасына беріді, бұл бір жағынан дұрыс, өйткені енді өмірін бастаған жастар үшін өмірлік тәжірибесі мол ата – ана  ақылы өте керек, бірақ жас әрі сұлу қыздардың қалың малы көп шалдарға жар болуы, ата – ананың қыз бақытын емес, өздерінің қал – ауқатын көбірек ойлағанының көрсеткіші болды.  

Қазақтарда руралық қатынастар өте мықты болды, сондықтан әйел адамды басқа бір ру өкілдеріне тұрмысқа бере отырып, руаралық қатынастарды орнату мәселесі өте маңызды болды, ал әмеңгерлік салт — руаралық қатынастарды жаңғырту үшін керек негіз болды.

Патша өкіметінің отарлық саясатының басталуы, қазақ әйелдерінің жағдайына азын шоғын өзгерістер енгізді. Ислам негіздерінде әйелдер мен ерлердің білім алуға бірдей құқылығы туралы айтылса да, қазақ  қоғамында  әйел адамдардың білім алуы өте қиын мәселе болды. 1911 жылғы санақ бойынша, бүкіл Қазақстан территориясында небаржоғы 7 гимназиямен училищелер болды,  онда тек қазақ шенеуніктері мен қазақ элитасының балалары оқыды. Ақмола және Семей облыстарын қосып санағанда оқитын  қазақ балаларының саны 1,33% құрады, ал оның 0,19% ғана қазақ  қыздары болды. 1911 жылы бастауыш  орыс – қазақ мектептерінде шамамен 6756 қазақ балалары оқыса, оның 284 –і қазақ қыздары болды. [55] 

Патша билігі алғашқы кезінде елде християн дінін орнатқысы келген алғашқы әрекеттері сәтсіз аяқталып, оларға Ислам дінін қолдаудан басқа амал қалмады. Қазақстанға  Ресейден көбіне татар молдалары ағылып келе бастауы ислам негіздерінің орнығуна әсер етті.

Екінші кезең – социалистік революция жеңісімен Кеңес Үкіметінің орығуынан кейінгі кезбен 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейінгі кезең. 

Кеңес Үкіметі  орнағаннан кейін елде секуляризациялық процесспен бірге  Исламмен қатар басқа дін өкілдері заңсыз түрде репрессивтеумен жалғсқан атеисттік саясат жүргізіле бастады. Социалистік революцияның жеңіске жетуімен атеитік саясаттың басталуы ежелден келе жатырған қазақтардың феодалдық қатынасы негізінде құрылған әлеуметтік – саяси өмірін түп негізінен өзгерте бастады.  Бұл әсіресе әйел мәселесінде айқын көрінді. Кеңес Үкіметі жұмысының орнығуының бірінші күнінде әйел теңсіздігін қолдйтын барлық заңдар жоққа шығарылды. Әйелдердің саяси теңдігі қеңестердің 1918 жылғы алғашқы конституциясында белгіленді. 1917 – 1918 жылдар аралығында  әйелдерге ер адамдармен қатар саяси, азаматтық, отбасылық – некелік, білім алу саласында теңдік  берілді. Әйелдердің еңбек қорғаныстары және сәби мен ана қорғанысы туралы заңдар қабылданып, еңбек етуде бірдей ақы төлену туралы актілер жасалды. [56]

Кеңестердің аймақтарда әйел  мәселесін шешуіде экономикалық, мәдени ерекшеліктермен қатар көпұлттылық мәселесін қарастыруды қажет етті , өйткені Кеңес Үкіметі бірігу барысында оның құрамына кірген мемлекеттердегі ұлттар әртүрлі даму дәрежесінде болды. Оның ішінде ең ерекше деп табылғандар шығыстағы Орта Азия мен Қазақстан халқы болды. Олардың негізгі ерекшелігі — әліде болса капиталистік қатынастардың орнықпауы салдарынан, әйелдер сұрағына түбегейлі өзгерістер жасауға әлі де дайын еместігі болатын. Партияның VII съездінде С. М. Киров былай деді: “… әйелдер мәселесі – ең нәзік мәселе болып табылады…”. [57] Сол себепті В. И. Ленин бұл мемлекеттерді социалистік қатынасқа өткізгенде өте сақ, жүйелі және баяу болу керектігін айтты. [58]

 Кеңестер әйелдер эмансипациясын заңдық негізде  бекіту арқылы бастады. 1918 жылы қабылданған кодексте некедегі әйелдер мен ерлер теңдігі туралы айтылды. 1920 жылдың 28 желтоқсанда қалың малдың жойылуы туралы декрет қабылданды. 1923 – 1935 жылдар арасында 1 – қаңтар қазақ әйелінің азат алу күні болып тойланды. 1921 жылы Қазақ әйелдерімен жұмыс жасайтын бөлім ашылып, онда А. Оразбаева, Н. Арықова, М. Бегалиева, С. Есова секілді әйелдер жұмыс жасады. Қазақ ССР – нің басшылығында  бірінші әйел болып Алма Оразбаева өз жұмысын бастады.  1920 жылы әйелдер бөлімі Бөкей ордасында, Семейде, Ақмолады ашыла бастады. Ол бөлімшелердің негізгі міндеті әйелдер арсында сауатсыздықты жою мен жұмыс кадрларын дайындау еді. Әйелдердің көптеген тұрмыстық мәселелерін шешуде “Қызыл Киіз үйлер”  құрыла батады. Олар ауыл – ауылдарды аралап, әйелдердің мәселелерін ортақ  жиналыстарда шешті.

Тек 1943 жылы ғана діни конфессияларға деген көзқарастар өзгеріліп, Орта Азия мен Қазақстанның діни басқарма жұмысы қайтадан қалпына келтірілді, бірақ бұл тек ұлттарға көретілген “құрмет” нысаны болды, шын мәнінде оларөз жұмысын толық атқара алмады.

Осылайша 1988 жылы “Аргументы и факты” атты газетте әйелдер жағдайы туралы мақала мәліметтері бойынша былай делінген: “Қазіргі таңда СССР – да әйелдер 53% құрайды. Жынысаралық теңдік орнатылуы Кеңес Үкіметінің ең үлкен жетістігі болып табылады. Біздің елде әйелдердің білім деңгейі ер адамдарға қарағанда көбірек, өйткені жоғарғы және орта білімі бар адамдар арасында әйелдердің саны 60% құрайды.

Жарты миллионға жуық әйелдер өндірістерде, мекемелерде, ұйымдарда басшылық орындарды атқарады, ал шамамен бір миллионға жуығы цехтарды, бөлімшелерді басқарады. әйел инжинерлер осы мамандық иелерін қосып есептегенде 58% құрайды, ал агроном, зоотехник, ветеринарлар – 45% құрайды. Әйелдердің көпшілігі тамақ өндірісі мен саудада жұмыс атқарады — 81%, денсаулықсақтауда, әлеуметтік  қамтамассыз етуде — 81%, халықтық білім алуда — 75% құрайды”. [59]

Кеңес Үкіметі қазақ әйелінің жағдайын өзгертті. Ендігі кезекте әйелдер жұмысы ұйшаруашылығынан тыс жалғасып, қоғамдық  өмірге әйелдердің еркін  араласуы негіз алды.

Үшінші кезең – Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алғаннан бастап қазіргі күнге дейінгі кезең.

Бұл кезең тәуелсіздік алған жас мемлекетте Кеңес Үкіметінің мұрасының орнына жаңа әлеуметтік қоғам құрыла бастады. Жаңа ғана тәуелсіздік алған мемлекетиер өз дамуының басында үлкен қиыншылықтарға тап болды. Ең біріншіден экономикалық қайта құрылу, әрбір мемлекеттің өзіндік жаңа бюджетін қалыптастыру. Екіншіден  өзіндік ұлттық мұраны сақтап қалу арқылы халықты жаңа даму сатысына алып шығу. Мемлекеттің барлық саяси, экономиклық күші енді жаңа қоғам құруға бағыталды. Осы үлкен өзгерістер айнасында қазақ әйелдерінің де рольі өзгеше сипат ала бастады.

Кеңес Үкіметінің құқық жағынан әйелдерге ерлермен тең еткен жағдайы оларды посткеңестік кризис кезеңінде қимылсыз қалдырмады. Кеңес Үкіметі құлаған сәтте көптеген әйелдер жұмыссыз қалды.  Сол кезде әйелдердің көбі ұсақ — түйек сауда мен саттыққа бас ұрды. Экономикалық тығыршықпен инфляция,  жұмыссыздық сияқты ауыр салдарларға әйелдер  ер адамдардарға қарағанда тез бейімделіп, өз отбасын ер адамдармен қатар қамтамассыз етуге кірісті.

Сол кездері қазіргі таңда “бизнисмен әйелдер” деп аталатын әйелдердің негізі қалыптасты. Тәуелсіз қазақстанның алғашқы он жылдығы қөбіне экономикалық қиыншылықтарға төтеп берумен өтті десекте болады. Ал қазіргі  таңда экономикалық жағдай жылдан жылға жақсарып келуде, ал әйелдердің құқықтары мен жағдайы совет кезеңімен салыстырғанда анағұрлым  кеңеюде. Ендігі кезекте ел  арасында рухани ұраға алаңдаушылық, өз дінін, тілін, мәдениетін қайта жаңғыртуға деген қажеттілік тууда. Соңғы жылдары демографиялық алға басуылықтар да өз көрінісін табуда, яғни әйелдердің көп бөлігі үй, бала, отбасы тәрбиесіне өте үлкен бетбұрыс жасады деп айтуға болады.

Ислам дінінің жаңғыруы және 1990 жылы елде Қазақстан мұсылмандарының рухани Басқармасы құрылып, оны Ратбек Қажы Нысанбайұлы басқарды, ал қазір оның орнына бас мүфти болып философия ғылымдарының докторы, ғалым Дербісәлі Әбсаттар сайланған.

Қазіргі таңда елде 24 ұлт өкілдері кіретін 11 млн мұсылмандар бар, бұл шамамен халық санының 65% құрайды.

Ақпарат көздерінің әрбір адамға қол жетімді жағдайда болуы,  изоляцияланған Кеңестік кезеңмен салыстырғанда қазақтардың дүниеге деген, өз тарихына және діні — Исламға деген қызығушылықтарын кеңейтуде. Сол себепті қазіргі жастардың көбі Ислам дініне бетбұруда, олардың ішінде қыздар да аз емес, тек бір ғана кішкене айырмашылық – олар Ислам негіздерін алдағы ұпақтан  емес, ақпарат көздерінен алуда. Сол себептен де екі ұрпақ арасында бұл турасында түсінбеушілік тууда. Оның бір мысалы ретінде – 2003 жылғы “Ақжүніс” бағдарламасының бір хабарында осы екі ұрпақ арасындағы қақтығыстардың көрініс табуынан жоғарғы және орта оқу орындарынан орамалдағы қыздарды шығарып тастауы.

Дегенмен, айтып кететін бір ерекше жағдай, Қазақстанда Ислам нормаларымен жүретін адамдар саны, әсіресе әйелдер арасы әліде болсада аз. Көп жағдайда қазіргі кезде елдегі Ислам тек символикалық түрде сипат алған, яғни сенушілер өздерін  “этникалық мұсылмандар” қатарына жатқызады. Бұның мағанасы – ата –  баба дінін сақтап қалу мақсатымен өздерін белгілі бір дін өкіліне жатқызу, мысалы: орыстар – християндар деген сияқты, қазақтар міндетті түрде мұсылман болу керек.

Жоғарда айтылған ерекшеліктер Қазақстан қоғамын әлемдегі басқа да мұсылман елдеріндегі қоғамдық құрылыстан өзгертіп тұр. Бұл жағдай мемлекет конституциясында зайырлы бағытты таңдаған Қазақстаннның әйелдер саясатына да өзгеше бағыт береді. Жалпы ел тәуелсіздігін алған тұста Конституцияның алғашқы бабында азаматтардың жынысына, ұлт ерекшелігіне, ұстанатын дініне қарамастан заң алдында бірдей құқылы деген мәлімдемесі қазіргі таңда іс жүзіне толық іске асуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Біздің әлем екі бөлікке бөлінген: ерлер мен әйелдер. Олардың қарым – қатынасы: маххабат, сүйіспеншілік мәселесі, сатқындық, мәңгілік достық т.т толдып жатырған сезімдер негізінде тарих қалыптасты, бүгінгі күн болуда және болашақ құрылады.

Әйелдер — адамзаттың жартысынан көбін  құрайтын бөлімі. Қазіргі таңда әйелдер өте көп жетістіктерге жетуде. Мұсылмандық шығыс болсын, зайырлы батыс болсын, буддашыл Аспан Асты мемлекеттер болсын, қызу қанды Латын Америка әйелдері болсын, әйтеуір бүкіл әлемде әйелдер ең ықпалды күшті құрайды. Барлық уақыттың ғұламалары әйелдер туралы айтқан, айтып жатыр, болашақта айтады да. Олардың ер адамдармен теңдігі туралы сұрақ барлық әлемде ең актуалды мәселе болып саналады.

Әйелдер әлемнің ең активті бөлігі деп айтсақ болады. Бірақта олардың активтілігі әр уақытта  өздері өмір сүрген ортаның экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайына байланысты. Әйелдер жағдайын ең тұрақтандырған  Ислам негіздерін ұстанған мұсылман мемлекеттерінің өзөдерінде де осы сұрақ аясында өзгерістер болуда.

Курстық жұмысымда мен Сауд Аравиядағы, Иран, Түркиядағы және Қазақстандағы  мұсылман әйелдерінің жағдайын, әлеуметтік портретін сипаттап әрі  Исламның әйелдер мәселесінде ықпалын барынша объективті түсіндіруге тырыстым. Бұл елдер Исламның негізгі ошақтары ретінде әйел мәселесінің еркшеліктерімен байланысты ерекшеленеді. Мысалы: Сауд Аравиясы — Ислам қалыптасқан негізгі сүннет мемлекеті саналады, ал Иран негізгі шейт мемлекетінің мысалы, бұл екі ел арасында әйелдер құқықтарымен отбасылық нормалар арасында өзгешеліктер бар. Ал Түркия мұсылман мемлекеттерінің әлемі ішінде ең бірінші рет зайырлы сипат алып, Еуропалық стандартқа көшкен мемлекет. Ал Қазақстан болса, тарихында Ислами мемлекеттік пен атеитік бағыт ұстанған мемлекеттікті басынан кешірген, ал қазіргі таңда индивидуалды мемлекеттік құрылымға талпынған ерекше ел болып табылады.

Гендерлік социология  және дінтану арасында қатынас орнату мақсатында жазылған бұл еңбекте осыған байланысты төмендегідей  ұсыныстар бергім келеді:

  • Қазақстан қоғамының тарихи ерекшелігін ескере келе гендер мәселесінде шығыс тәжірибесін қолдану;
  • Гендерлік саясатты жүргізуде Ислам заңдылықтары мен қазақи салт — дәстүр призмасынан өткізу арқылы ортақ саясат жүргізу;
  • Дін социологиясын барынша дамыту;

 Соңында өз ойымды қорыта келе осы мәселе төңірегінде жазылған студенттер арасындағы ең алғашқы еңбектердің бірі екенін айтып кету керек . Сондықтан белгілі бір дәрежеде кемшіліктер болуы мөмкін, ол үшін алдын ала кешірім сұрағым келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

СІЛТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Анис аль – Макдиси. Литературные направления в современном арабском мире. Каир, 1990 ж.

 

  1. Аль – Манар. 9 – шы том.

 

  1. Касим Амин. Новая женшина\ Перевод со 2 – го издания и предисловие И. Ю. Крачкого.

 

  1. Али Фахми Камиль. Работа Мустафа Камиля за 34 года жизни.  Т.9. Каир, 1980

 

  1. Конституция Республики Египет. М., 1956.

 

  1. Абд Ар – Рахман ар – Рафии. Восстание 1919 года в Египте. М., 1954.

 

  1. Абдель Рахман Дербенди. Указ. Соч.

 

  1. Современная Сирия. М., 1974.

 

  1. Гусаров В. И. Аден. М., 1981.

 

  1. Шайдуллина Л. Арабской женщине – равные права с мужчинами\\ Азия и Африка сегодня. 1979 ж. №2

 

  1. Мухаммад Жамиль Зину Әйелдер құрметі. А. Шапағат – нұр 2005 жыл

 

  1. Аль – манар. Т. 3. 1898. 53 – бет

 

  1. Усманов М. А. Некоторые методологические вопросы изучения модернизации современного Ислама. Вып. М. 1980. 255 – 256 беттер

 

  1. ٨ .ص – ١٩٧. ،ٺو ،ﮦ ﺭﻤﻟ ﻮ  ﻢﻼﺳﻻﺍ  ﺩﯿﻣﺴ

 

  1. Мазхаб – Исламда құқықтану мектеп дегенді бідіреді Негізгі төрт мазхаб бар: Ханафиттер мазхабы, Маликиттер мазхабы, Ханбалиттер мазхабы, Шафиғиттер мазхабы. Мазхабтардың атауы неізін қалаушылардың атынан пайда болған.

 

  1. Хидая (мұсылмандық құқықтың түсіндірмесі). Т. 1 Ташкент, 1893. 131 – бет

 

  1. Сагадар М. Основы мусульманского права. М. 1968. 90 – бет

 

  1. Сюкияйнен Л. Мусульманское право. М. 1986

 

  1. Осында

 

  1. Rich and Poor States in the Middle East, Egypt and the New Arab Order. Ed by M. H. Kerr and El – Spayed Assign. The American Press, Egypt, p. 18

 

  1. Sardar Z.  The future of Muslim civilization, London, Croom helm, 1979,         p 43.

 

  1. Current biography. New- York, 1966, vol. 27, №5, p .15

 

  1. Саудовская Аравия.(справочник) М. 1990.

 

  1. A decade of progress. Ministry of information Kingdom of Saudi Arabia. p.34
  2. , p.35

 

  1. Guardian, 1990, Febr. 5.

 

  1. Al — Sibaa’i, Mustafa, Al – Mara ah Baynal Fiqh Walkanoon , Habel, Syia , 1966, p. 31

 

  1. Status of woman in Islam. Published by Muslim students Association  of the US and Canada,  9

 

  1. Christian Science Monitor, 1980, December 17.

 

  1. Mode, 1984, 3 – 4 

 

  1. Аль – Жазира. Эр – Риад,. 20- қаңтар, 1982 жыл

 

  1. Женщины мира, 1975. N 2. Стр. 33

 

  1. газета Ресалят, 30.12.1995.

О

  1. Осында

 

  1. сында

 

  1. Haider Moghissi. Public life and women ` s resistantce. In Iran after revolution. New York, 1995. p. 253

 

  1. Третий взгляд. №53, март 1998

 

  1. Кейхан, 3.06.1993.

 

  1. Зан – е Руз, 8.12.1989.

 

  1. Зан – е Руз, 3.12.1990.

 

  1. Iran Year Book 1989\1990 pp 12 – 17

 

  1. Третий взгляд, №53, март 1998

 

  1. Третий взгляд, №55, май 1998

 

  1. Слово Женщины, 1975,№5

 

  1. Abadan – Unat N. Toplumsal degizme ve Turk Kadini. Ankara. 1979

 

  1. Emel Dogramaci. Turkiyede kadinindunu ve bugunu. Ankara. 1989

 

  1. Слово женщины. 1979 №4

 

  1. Abadan – Unat N. p. 26

 

  1. Ibid, p. 33

 

  1. Inequalities of women in Turkey. – In of press Foreingn Bureau, June, 1987

 

  1. Иванов И. И. Ислам в политической жизни Турции. М., 1983

 

  1. Abadan – Unat N. p. 26

 

  1. Слово женщины, 1975, №3

 

  1. Turkiye Gumhuriyet. Istambul, 1982

 

  1. Садуакасова К. Развитие женского образования в Казахстане. А., 1969

 

  1. Большая советская энциклопдия 9-том. М., 1972

 

  1. Известия. 1987. 4 – қазан.

 

  1. Ленин В. И. Полное собрание сочинении. 43 – том.

 

  1. Аргументы и факты. 1988. № 10.

 

 

ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Құран. Халифа Алтай қоры.

 

  1. Гараджа В. И. Социология религии. М., 1996

 

  1. Султангалиева А. К. Ислам в Казахстане: история, этничность, общество. Алматы, 1998

 

  1. Ислам және Қазақстан мәдениеті. Алматы, 2003

 

  1. Иванов В. Религии Казахстана. А., 1993

 

  1. Аширов Н. Нравственные поучения современного Ислама. М.,1977

 

  1. Вагабаев М. В. Ислам и женщина. М., 1968

 

  1. Вагабаев М. В. Ислам и семья. М., 1980

 

  1. Жданов Н. В. Игнатенко А. А.  Ислам на пороге ХХ века. М.1989

 

  1. Ислам и женщины востока. Ташкент. 1990

 

  1. Ажибаева А. Д. Женщины и социальный прогресс. А., 1989

 

  1. Аженов М. С. Бейсенбаева Д. Э. Социальная страфикация в республике Казахстан.  А., 1997

 

  1. Садуакасова К. Развитие женского образования в Казахстане. А., 1969

 

  1. Islam. ru

 

  1. Iran. ru

 

  1. Dumaem. Ru

 

  1. Press.ru

 

  1. Muslim. ru