АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Диплом: Жалпы білім беретін мектептерде жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру

Мазмұны

 

Кіріспе………………………………………………………………………………………………..3-7

 

I — тарау: Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіптік бағдар берудің

теориялық  негіздері.

1.1.Кәсіптік бағдардың мәні мен мазмұны…………………………………………..8-18

1.2.Оқушыларға кәсіби  бағдар  берудің  мүмкіндіктері …………………….19-26

 

II — тарау.  Жоғары сынып оқушыларына  кәсіптік бағдар берудің

әдістемесі.

2.1.Оқушыларға кәсіптік бағдар  берудің әдістері мен формалары……..27-34

2.2.Жоғары  сынып  оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын 

бақылау және  бағалау нәтижелері ……………………………………………………35-61

 

Қорытынды…………………………………………………………………………………………62

Қолданылған  әдебиеттер тізімі……………………………………………………..63-65

Қосымшалар.………………………………………………………………………………….66-69

 

 

 

Кіріспе

 

Қазіргі уақытта, мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар жұмысын үйлестіру үшін тәжірибе ретінде қалаларда, аудандарда кәсіптік бағдар беру орталықтарын құру қайта қолға алынып отыр.

Сонымен, алдағы уақытта халық шаруашылығының мамандар жөніндегі қажеттерін, өндірістік оқудың материалдық базасының мүмкіндіктерін, қалалық және ауылдық мектептердің мүмкіндіктерін ескере отрырып, мектеп оқушыларын еңбекке баулудың профильдерін, оқушылардың қоғамдық пайдалы және өнімді еңбегін өз дәрежесінде ұйымдастыру, олардың мақсаты,мазмұнды болуын, сөйтіп, жалпы білім беретін орта мектеп түлектерін дер кезінде еңбекке орналастыру тәрізді жауапты міндеттер тұр.

Қазіргі кезде саны бар сапасы жоқ оқу орындары да көбейіп білім сапасын төмендетіп жіберді. Сонымен қатар мектепті он екі жылдыққа көшіру мәселесі көптеп қолға алынып жатыр. Сол үшінде мектеп қабырғасынан жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарына мықтап көңіл бөлуді қажет етеді. Әрбір оқушы мектеп қабырғасын бітірісімен сұранысты айқындайтың маман болып жатса.

Қазіргі заманымызға байланысты оқушыларға білім беру, сонымен қатар олардың кәсіптік бағдарын айқындау қажетті болып отыр. Өйткені, оқушы мектеп бітірісімен ол мамандық таңдап, оқу орнына түскісі келеді. Осындай жағдайда олар қаншама мамандық ішінен өзіне керегін таңдай алмай адасады. Сол себептен де оқушылардың мамандық таңдауында оларға бірден бір көмекші оның сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, ата-аналары болмақ. Ал енді сол кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізуде қандай жағдайларды ескеру керек?

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 3 бабында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдалран негізгі принциптерінде: «Оқушыларды кәсіптік бағдарлау» принциптері қамтылған. Қазіргі заманымызда оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру әрбір ұстаздардың алдына қойған басты мақсаты деп ойлаймыз. Ал енді білім мен тәрбие беру мен қатар оқушыларға кәсіптік білім беру көптеп қолға алынып жүр. Оқушылар мектеп бітірісімен белгілі бір кәсіп иесі болу керек. Бірақ оны іске асыру үшін және кәсіптік мамандық игермес бұрын кәсіптік бағдар жұмыстарына үлкен-көңіл бөлу қажет. Себебі оқушының кәсіптік ынтасын, икемділігін білмей кәсіпке баулу мүмкін емес. Осы кәсіптік бағдар жұмыстарын не үшін жүргізу қажет? Қалай жүргізуте болады? Нәтижесінде нені көруге болады? Осы сүрақтарға нақтылы жауапты төмендегі зерттеу жұмыстарының нәтижесінен байқауға болады.

Қазіргі таңда мемлекеттің басты проблемаларының бірі -бұл білім, сол білімді сапалы меңгеру үшін мектеп кезеңінен бастап кәсіптік бағдар жұмыстарының жүргізілуі, яғни оқушылардың кәсіптік бағдары. Мектеп бітіруші оқушылардың мамандық таңдауы олардың басты мәселесі. Оның мамандықты дұрыс таңдауы қоғамға да, өзіне үлкен пайда келтірмек.

Кәсіптік бағдар көптеген сұрақтарды қамтиды, соның ішінде; әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, психология-педагогикалық, медициналық физиологиялық және танымдық сұрақтарды қамтиды. Мамандықты дұрыс таңдамау, кәсіптік бағдар жұмыстарының бұрмалануынан оқушылар мамандықтан жалыға бастайды. Бұл өзінің таңдаған мамандығына қанағаттанбауынан, мамандықты, жұмыс орнын аустыруына әкеліп соғады, жұмыстың ауысуы, жұмысшыны қайта даярлау — бұл мемлекеттің, кәсіпорындардың және оның өзіне экономикалық шығынға түседі.

Жалпы білім беретін мектептерде жоғарғы сынып оқушыларының кәсіптік бағдарын бақылау, болжау және түзетулер енгізу Республикадағы нарықтық қатынастарды реттейді оқушылардың мамандықты дұрыс таңдауына және қазіргі кездегі еңбек ресурстарындағы өнімді күштерді айқындайтын болады.

Қоғамдағы қайта дайындау міндетті түрде жастардың еңбекке деген мотивациясын, болашақ іскерлігін таңдауын өзгертеді. Сонымен қатар қазіргі таңдағы қатынастар олардың кәсіптік-квалификациялық құрылымдарының өзгеруіне басты себепкер болады.

Республикамыздағы экономиканың өсуі, әр-түрлі кәсіпкердік жаңа басқа да мамандықтардың шығуына байланысты еңбек рыногында бәсекелестік жүріп жатыр. Жастардың мүмкіндіктеріне, белгілі бір мамандыққа қызығушылығына қарай оларды жұмысқа орналастыру проблемасы тұр. Оқушылар мектеп қабырғасын бітірісімен сұранысты айқындайтын маман болуы қажет. Проблеманың бұл жерде шығуы, бітірушілер өздеріне қажетті мамандықты таңдай алмауында. Қазіргі кездегі қоғамдағы жұмысшы мамандыққа бағдар беру, яғни қоғамның сұранысын айқындау.

Проблеманың  қазіргі кездегі жағдайда байланысты туындайды, яғни оқушылар таңдаған мамандығы бойынша жұмыс істеуі оның жақсы маман болуы. Оның таңдаған мамандығының қазіргі кездегі сұранысқа еңбек нарығында сұранысқа ие болуы.Тақырыптың практикалық көкейтестілігі оқушылардың кәсіптік бағдар жұмыстарын бақылау, болжау және түзету модельдерінің  психология-педагогикалық жеткіліксіз (өңделмеуіне) қаралмауына негізделеді.

Кәсіптік бағдар мемлекеттің кадрларға деген сұранысын және адамның өзіндік икемділігіне қарай мамандық таңдауының өлшемдер жүйесі (психологиялық-педагогикалық, экономикалық және т.б.).

Жұмысшы мамандығына сұраныс және басқа да аспектілер көрініс тапты. Біз бірнеше әдебиеттерді қарастырып өтеміз.

Кәсіптік бағдар жұмыстарының ғылыми әдістемелік негізі П.Р. Атутов, С.Я. Батышев, М.Н. Махмудов, Г.А. Уманов еңбектерінде кәсіптік бағдардың саясаттық базасы, кәсіптік білім мен жалпы білім беруді біріктіру мәселелерін қарастырады.

А.Д. Сазонов, В.Д. Симоненко, B.C. Аванесов, Б.И. Бухвалов еңбектерінде кәсіптік оқу, еңбек процесіндегі оқушылардың кәсіптік бағдарының теориялық негіздері келтірілген.

Н.Н. Захаров еңбегінде мектеп оқушыларының кәсіптік бағдар жұмысының тәжірибесі және кәсіптік бағдар жұмыстарының медико-биологиялық, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік экономикалық аспектілері нақты көрініс табады.

Мамандық таңдаудағы әлеуметтік негізге байланысты сұрақтар                    В.А. Поляковтың, Р.Г. Гуровтың, И.Н. Назимовтың, В.Н. Шубиннің,                   С.Н. Чистякованың, С.Н. Чистяковтың, Г.Г. Агновойдың еңбектерінде талданған.

Психолого-педагогикалық консультация, оқушылардың кәсіптік бағдарын, жеке -тұлғаның икемділіктерін қызығулықтарын тәрбиелеу сұрақтары              А.Т. Ковалев, И.Н. Назимов, Е.А. Климов, Г.Н. Шунин, С.Д. Рубинштейн, Л.Н. Капустин, С.Н. Чистяков, С.В. Аванесов, В.Д. Симоненко еңбектерінде келтіріледі.

Кәсіптік бағыттылықтың сабақта және оқытудың басқа формаларында үйымдастырылу мәселесін В.П. Басаргин, А.В. Мордовская, Г.Ф. Вечерко еңбектерінде ашып көрсетеді.Ал Қазақстанда кәсіптік бағдар мәселелерімен Г.А. Уманов, А.П. Сейтешов, Б.Ж. Сыдықов, Л.В. Левонов, Б.А. Оспанов, Л.Х. Мажитова, Ж. Асқарова, Р.А. Озғамбаева және т.б. (өңдеді) айналысты.

Жолмұхан Түрікпенұлының «Кәсіптік бағдар» еңбегінде, кәсіптік бағдар пәнін оқу орындарында, орта мектептерде жоспарлау мен ұйымдастыру мәселелері, мектептің ата-аналармен және кәсіпорындармен бірлесіп атқаратын жұмыс түрлері жан-жақты баяндалған. Тәлім беру барысында шәкірттерді сынақтан өткізу, шыңдау жолдарын сөз еткен.

Бірақ-та, бүгінгі күнде арнайы зерттеулер оқушылардың кәсіптік бағдарын бақылау, болжау, түзету енгізудің нақты зерттеулері жоқ екенін көрсетті. Осыдан барып қайшылықтар туындайды.

Бұл қазіргі жағдайға бейімделген әдістемелердің болмауы, нәтижесінде оқушылардың кәсіптік бағдар жұмыстарының реттелуін және олардың кәсіптік бағдар жұмыстарына дайын еместігін көрсетеді. Осы қарама-қайшылықтарды шешу үшін ізденіс біздің жұмысымыздың (зерттеуіміздің) проблемасын көрсетеді.

Зерттеудің мақсаты; жалпы білім беретін мектептерде жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру процесін  бақылау, болжау енгізудің жүйесін жасау, оны ғылыми теориялық жағынан негіздеу және әдістемелік талдау жасау.

Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін мектептегі жоғары сыныптағы 

оқу-тәрбие үрдісі

Зерттеу пәні: жалпы білім беретін мектептерде кәсіптік бағдар беру

процесі.

Зерттеудің міндеттері:

— Жалпы білім беретін мектептерде жоғарғы сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру процесін  бақылау, бағалау және болжау   жолдарын айқындау.

— Қазіргі  кезеңдегі жүргізіліп жатқан кәсіптік бағдар жұмыстарының тиімді жолдарын анықтау;

— Жалпы  білім   беретін  мектептердегі   жоғары   сынып   оқушыларымен жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарының бірыңғай жүйесін құру;

Зерттеу базасы: Шымкент қаласындағы  № 50 А. Байтұрсынов атындағы гимназия  мектебінде  өткізілді.

 Жұмыстың практикалық маңыздылығы: жоғары сынып оқушысының  кәсіптік дайындығын диагностикалау жолдары,  кәсіптік бағдар жұмысын жүргізудің әдістемесі жасалынды.

Диплом  жұмысының құрылымы:  Диплом жұмысы  кіріспеден,  екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер  тізімінен  және қосымшадан  тұрады.
I тарау. Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіптік бағдар берудің

теориялық  негіздері.

1.1.     Кәсіптік бағдардың мәні мен мазмұны

Кәсіптік бағдар — бұл мамандық таңдаудағы жеке икемділіктерінің, қызығушылығының, кәсіптік ынтасына және қоғамның әр-түрлі деңгейдегі квалификациялы және әр-түрлі мамандық кадрларына сұранысымен жастарды дайындаудағы бағытталған іс-әрекет.

«Мамандық таңдаудағы жастардың ойлануы» атты еңбегінде Маркс былай деп жазған «Мамандық таңдау дегеніміз ол адамның бүкіл өмірін тас-талқан етіп, жоспарын жоқ етіп оны бақытсыз етуі мүмкін».

Тәжірибе көрсеткендей оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарының мұғалімін даярлаудағы негізгі кемшіліктері, олардың қазіргі кездегі өндіріс, ауыл-шаруашылығы, кәсіптік бағдар жүйесіндегі тапсырмаларды, мазмұнды прициптерді, әдістер мен формаларды жеткіліксіз меңгеру болып отыр. Бұл жерде айтпағымыз, әрбір мұғалім кәсіптік бағдар беріп отыруы керек. Қазіргі таңдағы шығып жатқан өндіріс жаңа мамандықтары бойынша, өзінің мамандығы бойынша шолу жасап отыруы керек.

Жастардың кәсіптік бағдары мәні жағынан тек қана педагогикалық проблема болып қоймайды. Оны қоғамдық проблема десе де болады, оны шешу үшін тек қана педагогтардың көмегі ғана емес, мектептің, мектепаралық оқу-өндірістік комбинатының (МОӨК), кәсіптік техникалық мектептің (КТМ), кәсіптік техникалық лицейдің (КТЛ), кәсіпорындардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік еңбекпен қамту қызметінің және т.б. бірлескен іс-әрекеті қажет. Кәсіптік бағдардың қоғамдық проблема ретіндегі мәні қоғамның кадрларға деген сұранысын, ондағы қайшылықты басып өтуден жастардың кәсіптік талпынысынан көрінеді. Әрине, бұл қайшылықты шешуде педагогикалық ұжымның, мұғалімдердің, оқушылардың еңбектік және кәсіптік дайындығына жауаптылардың іс-әрекеті басты роль атқарады. Кәсіптік бағдардың теориясы және әдіснамалық сұрақтарына келіп тоқталатын болсақ, оны төмендегіше қарастыруға болады екен.

Кәсіптік бағдардың мақсаты және тапсырмаларды теорияға және методологияға сүйене отырып жасалады. Теория мен әдіснамалық идеялар, көзқарастар, формалар, әдістер және принциптер түсініктері тексеріліп қалыптастырылады.

«Кәсіптік бағдар» түсінігі кімге болса да түсінікті. Бүл — оқушылардың сол немесе басқа мамандықтарға бағдары. Әдістемелік нұсқауларда да осындай анықтамалар береді, яғни ол жерде кәсіптік бағдар жұмыстарын жастарға мамандық таңдауда көмек ретінде көрсетеді.

«Кәсіптік бағдар» түсінігі көптеген ғылыми түсініктер сияқты бір орнында қалып қоймайды. Ол қоғамның мақсатының көзқарасына, тапсырмаларына, әдістеріне, формаларына, кәсіптік бағдардың мағынасына қарай дамып отырады.

Бұл түсініктің өзгеруі келтірілген анықтамалармен өзара байланысты, оның әр қайсысы кәсіптік бағдардың сол немесе басқада аспектілеріне әсерін тигізеді, қандайда бір функцияны бөліп көрсетеді, оның практикалық және теориялық даму деңгейін көрсетеді, басқару теориясының, педагогика, психология, позициясын қарастырылады.

Сондықтанда кәсіптік бағдардың жалпы анықтамасын бермес бұрын оның негізгі 3 кұраушысын; «іс-әрекет», «мамандық», «бағдар» нақтылап алайық.

Философиялық сөздіктерде «іс әрекет» түсінігі адамның спецификалық формасы табиғатқа қарым-қатынасын, оны саналы түрде өзгерту және пайдалану белсенділігі ретінде анықталады. «Іс-әрекет» ұғымының қарастырып отырған «кәсіптік бағдар» ұғымына енгізілуі кәсіптік бағдар ұғымын тек практика жағынан ғана емес, теориялық іс-әрекет ретінде, нақтылап айтсақ, белгілі бір білім дәрежесін ғана емес сол білімді меңгерудегі іс-әрекетті дисциплинаралық ғылыми бағытты көрсетеді.Кәсіптік бағдарда практикалық іс-әрекет туындап, теориямен толықтырыла түседі, нәтижесінде кәсіптік бағдарда теориялық және практикалық іс-әрекетті ажырамас бөлік ретінде қарастырамыз.

«Кәсіп» (лат. pofessio-белгілі бір іс-әрекеттің көрсеткіші, мамандық, profiteer-өзімнің ісім деп қарастырамын) — белгілі бір еңбек іс-әрекеті.

Атақты ғалым академик С.Г. Струмилинаның ойы бойынша бір біріне жақын мамандықтар топтарға біріктірілуі мүмкін, мысалы, металл өңдеушілер, ағаш өңдеушілер, музыканттар және т.б.

Бағдар түсінігі бірнеше ғылымдарда қолданылады, геометрияда бағдар тіке, қисық, жазықтыққа, химияда — молекулалардың бағдары. Бұл түсініктер астрономияда, географияда қолданылады. Мұндай жағдайда «бағдар» түсінігі барлық ғылымдарда орынды анықтау және қозғалыс бағытын таңдаумен байланысты. Энциклопедияда бағдар (фр. Orientation — шығысқа көрсетеді, лат. oriens — шығыс) тікелей мағнада түсіндіріледі.

Қандай анықтамалар келтірілсе де, «бағдар» түсінігі мамандық таңдауда  негізгі бағытты көрсетеді. Егер жастар мамандық әлемінде бағдар алып белсенді түрде сол мамандық оның өмірге талпынысына сай ма, соны біліп жатса, мұндай жағдайда оның мамандыққа бағдарын көрсетеді.

Егер де бағдар беру педагогикалық немесе басқа іс-әрекеттің объектісі болса, оның өзіне және қоғамға қажетті мамандық таңдауына бағдар жасалса,  онда оны мамандыққа бағдарлау дейді.

Практикалық жағы мемлекеттік және қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мектептердің сонымен қатар жалпы қоғамдағы және тұлғаның қызығуындағы әлеуметтік және кәсіптік анықталуындағы процесін дамытудағы жанұялардың іс-әрекетін қосады.

Кәсіптік бағдар теориясын төмендегіше анықтасақ болады; кәсіптік бағдардың іс-әрекетінің қарқынды (эффектілі) болу үшін, идеялардың және көзқарастардың өзіндік мағынасының айтылуы.

Оқушылардың кәсіптік бағдар теориясының негізгі компоненттерін қарастырып өтейік. Олар; фактілер, заңдылықтар, прициптер. Кәсіптік бағдарда ғылыми әдістер көмегімен алынған нақты фактілер аз. Сондықтанда басты тапсырманың бірі — ол жаңа фактілер жинап, оларға дұрыс бағыт бағдар беру. Бұл жаңа фактілерді іздеу бір немесе бірнеше гипотезалар арқылы жүргізілсе ғана іске асады. Соңғысы теорияның бір бөлігін құрайды. Мысалы, әр бір аймақтың (ауданда) белгілі бір мамандық таңдауға әсер ететін өзінің спецификалық факторлары бар. Мұндай факторлардың гипотезасы қызығушылықты қалыптастыратын, оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмысының жақсаруына, іздену әдістерінің пайда болуына септігін тигізеді.

Кәсіптік бағдар теориясындағы басты компонент — заңдылықтарды анықтау. Оларды іздеу ғылыми іс-әрекеттің жалпы мақсатына (қызметіне) жатады.

Әрбір теорияның даму деңгейі принциптің сапасы мен оның құраушысы арқылы анықталады. Кәсіптік бағдардың принципін құрау (формулировать) үшін аз көңіл бөлініп жатқан жоқ. Бірақта кәсіптік бағдар жүйесінің өңделу жұмыстары бітті деп айта алмаймыз, алда барлық жайттарды қанағаттандыратын, қарсылықсыз жүйені қалыптастыру қажет.

Кәсіби бағдар беру іс-әрекетінің объектісі адамның өзін тануындағы әлеуметтік-кәсіптік процесс болғандықтан, біріншіден принцип топтарын жинақтап аламыз. Басқарылып отырған қыздар мен ұлдарды қоғамның әлеуметтік құрылымында өзіне мамандықты таңдап алуы.Осыған байланысты  кәсіби бағдар беру принциптерін мынадай етіп топтастырамыз.

 

 

 

 

Танымдық принцип. Мамандық таңдаудағы еңбек іс-әрекетіндегі тек өзінің ғана қызығуын емес қоғамға пайда келтіруде қанағаттандыратын ұмтылыста айқын көрінеді. Қазіргі кездегі ауыл-шаруашылығына қажетті мамандықты таңдауды сезіну, тұлғаның танымының дамығанын көрсетеді.

Сай келушілік принципі. Қызығушылығы икемділігі, ынтасы, таңдаған мамандығы сонымен қатар қоғамның жалпы қажетті мамандықтағы кадрларға сұранысын қанағаттандыру. Қоғамда өмір сүріп қоғамнан еркін, тыс болуға болмайды дегендей, өзінің жеке қызығуына қарай қоғамның сұранысын есепке алмай мамандық таңдауға болмайды. Тұлғаның және қоғамның қажеттіліктерінің сай келу принципінің бұзылуы кадрлардың кәсіптік құрылымындағы тепе-теңсіздікке алып келеді.

Белсенділік (активность) принципі. Мамандық таңдаудағы өзін тану процесіндегі тұлғаның іс-әрекеттің түрін сипаттайды. Кәсіпті белсенді түрде әркім өзі іздеуі қажет. Бұл жерде оқушылар күшін еңбектік және кәсіптік дайындау процесінде практикалық сынау, ата-аналар кеңесі және олардың кәсіптік тәжірибесі, әдебиеттерді (қызығып отырған мамандығы бойынша) іздену және оқу, әр-түрлі үйірмелерде жұмыс, курстарға қатысу, тәжірибе барысында жұмыс жасау және көптеген басқа да нәрселер басты роль атқарады.

Бұл топтағы соңғы принцип-даму принципі. Бұл принцип кәсіп таңдау идеясында тұлғаның квалификациясының дамуына, тәжірибесінің өсуінен жалақысының өсуінен және кәсіптік тәжірибесінің өсуінен, қоғамдық жұмысына белсене араласуынан, тұлғаның мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыратынын, тұрғын үйге, демалысқа және т.б. қажеттілігінен көрініс табады.

Кәсіптік бағдарда жалпы педагогикалық принциптермен тығыз байланысты (көбінесе қиылысатында) принциптер тобы бар. Ол, төмендегі принциптер;

кәсіптік бағдардың іс-әрекетінің нарықтық бағыты мамандық тандаудағы мәселе нарықтық тәрбиенің жалпы тапсырмаларымен тығыз байланыста шешу, дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру;

кәсіптік бағдардың өмірмен, еңбекпен, нарықтық құрылыстың тәжірибесімен байланысы, адамға ауыл-шаруашылығының квалификациялы

кадрларға сұранысы мамандық таңдаудағы алдын-ала көмегі;

кәсіптік бағдардың оқушылардың еңбек дайындығымен байланысы -оқушылардың техникалық шығармашылығын үйымдастыру, өнімді еңбек, қоғамдық пайдалы еңбек арқылы политехникалық білім беру еңбекке тәрбиелеу және оқытуды жақсы алдын-ала дұрыс қоятын принципі. Еңбек дайндығынан бөлініп кеткен кәсіптік бағдар белгісіз, түсініксіз сызықтар секілді болып түсініксіздікті тудырады және тұлғаның еңбектік және кәсіптік дамуына кері әсерін тигізеді. Кәсіптік бағдардағы қоғамның орта кәсіптік оқу орындарының, базалық шаруашылықтардың, жанұяның, мектептің өзара байланысы оқушылардың мамандық таңдаудағы оларға көмек көрсетудің жұмысымен тығыз байланыста болады. Осыдан барып бірігу іс-әрекетіне тұрғылықты (координациясының) мақсаттқа бағыттылығы артуы өсе түсуі жоспарланады.

Кәсіптік бағдардың тәрбиелік сипаты. Кәсіптік бағдар жұмысының еңбектік, экономикалық, танымдық, эстетикалық, құқықтық және физикалық тәрбиесі бірлігінде гармониялық тұлғаны қалыптастыру тапсырмасымен жүзеге асады.

Кәсіптік бағдар жұмысын жүргізудегі диагностикалық және тәрбиелік әркеттердің (подход) өзара байланысы, бір әрекеттің (подход) — екіншісіне қарама-қайшылықты болдырмайтын принцип. Оның әр қайсысы өзінің тапсырмасын шешеді;

дифференциалды және индивидуальды әрекет (подход). Оқушылардың өмірлік жоспардағы үлгерім деңгейіне жас ерекшеліктеріне және кәсіптік қызығушылығының жинақталған (сформированность) деңгейіне бағынышты. Оқушылар тобымен диференциялау әсер етудің қүралдарын анықтайды. Ол бір топта қарқынды болғанымен екіншісінде төмен болуы мүмкін.

Кәсіптік бағдар берудің әдіснамалық мәселесі. Кәсіптік бағдардың әдіснамасында мамандық таңдау барысындағы қоғамның және тұлғаның қызығушылығын оңтайландыратын негізгі қосымшаны, құрылымды және кәсіптік өзін таңдаудағы ғылыми проблеманы зерттеу әдістерді және жастарға әсер етудегі практикалық әдістердің негізі.

Кәсіптік бағдардың әдіснамалық сұрақтарына кәсіптік бағдар жүйесін анықтау және оны дамыту сұрақтары да жатады. Жалпы білім беретін және кәсіптік мектептің реформаларының негізгі бағыты оқушылардың кәсіптік бағдарды жақсарту тапсырмасы қойылған.

Кәсіптік бағдар жүйесінің жалпы анықтамасын жинақтамас бұрын, бастапқы бірнеше қосымшаны қарастырайық;

  1. Кәсіптік бағдар жүйелік іс-әрекетті көрсетеді, оның ішінде мақсаттық орналастыру, тапсырмалар, прициптер, формалар, әдістер, қарқындылық(эффективность) критерийлері, деңгейлері, бағыттары, аспектілері және басқада жүйелік және құрылымдық пайда болушы элементтер кіреді.
  2. Оқушыларды жалпы кәсіптік бағдар жүйесі олардың еңбек және кәсіптік дайындығының ішіндегі жүйе болып табылады.
  3. Кәсіптік бағдар жүйесі — қазіргі қоғам дамуы кезіндегі өндірістік ара қатынастар    және өндіргіш күштердің    құрылымдық жүйесіндегі тұлға бағдары жүйесінің бір бөлігі.
  4. Кәсіптік бағдар әлеуметтік жүйеге жатады, ол әр-түрлі проблемаларды соның ішінде, қоғамдық   өндірістегі   адам   дамуының   факторларына байланысты   проблемаларды   тудырады.   Кәсіптік   бағдарды   қоғамдық проблема ретінде санаса болады. Кәсітік бағдар жүйесінің проблемасын шешуде   бір   ғана   министрлік   (Білім   және   Ғылым)   немесе   бір   ғана ғылымның  (мысалы,  педагогика)  күші  жетпейді.  Сол үшінде  кәсіптік бағдар    жүйесі    тиімді    болуы    үшін    бірнеше    министрліктер    және ведмоствалар,   сонымен   қатар   әр-түрлі   мамандықтардың   ғалымдарын жұмылдырылуы қажет.
  5. Кәсіптік бағдардың қарқындылығына көптеген әр-түрлі объективті және субъективті факторлардың  әсері  бар.   Бұл  жүйені  ұйымдастыру  және басқару өте қиын. Осы және басқа да жағдайлар кәсіптік бағдардың қиын екенін көрсетеді.

Жоғарыда келтірілген 5 жинақталған қосымшадан, оқушылардың кәсіптік бағдар жүйесінің анықтамасы шығады.

Оқушылардың кәсіптік бағдар жүйесі — бұл жалпы қоғамдағы тұлға қызығушылығындағы оқушылардың өмірге бейімделуінің (өзін тануы) әлеуметтік және кәсіптік процесін дамытуға бағытталған, әртүрлі мемлекеттің және қоғамдық бірлестіктердің, мекемелердің, мектептердің, сонымен қатар жанұяның ұйымдасқан, басқару іс-әрекеті.

Кәсіптік бағдар жұмысы жүйесінің жалпы мақсаты — оқушыларды өзінің жеке қызығушылығын және қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыратын мамандықты таңдауға даярлау. Бұл мақсат оқушылардың еңбек даярлығына сай келеді және осы дайындық процесі арқылы таралады. Мектептегі, оқу-өндірістік комбинатындағы кәсіптік бағдар жұмысы жүйесіне төмендегі негізгі компоненттер кіреді; мақсат, тапсырмалар, негізгі бағыттар сонымен қатар оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмысының формасы мен әдістері.

Мектептің, оқу-өндірістік комбинатының кәсіптік бағдар жүйесі іс-әрекеті төмендегі бағыттардың  қамтиды;

1)  Кәсіптік ағарту, оның ішіне кәсіптік информация, кәсіптік (пропаганда) кәсіптік адаптация кіреді. Оқушыларды қазіргі кездегі қоғамға және жуық  20-30 жылдан кейінгі қажетті мамандық әлемімен сонымең қатар олардың практикалық мүмкіндіктерімен таныстыру.

Кәсіптік насихаттау әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрінде қарастырылады, оның негізгі функциясы білімді, идеяны, көркемдік бағалылықты тарату. Кәсіптік насихаттаудың сипатты шектелуі — мақсатқа бағыттылығы, дифференциалдылығы, жоспарлылығы, формалар мен әдістердің әр-түрлілігі.

Кәсіптік насихат базалық кәсіпорындарға, аудандарға, қалаларға және т.б. аймақтарға оқушылардың мамандық таңдауына белсенді әсер етуді мақсат етіп қояды.

2)  Тұлғаның мамандыққа мүмкіндігін және қызығушылығын анықтау үшін бағыттың кәсіптік диагностикасы. Бұл мақсатты орындау үшін анкеталық, аппаратуралық және тестік әдістер қолданылады.

3)  Кәсіптік   консультанттардың,   мамандардың   мамандық  таңдауда  берген көмегі.   Кәсіптік   консультацияда   барлық   оқушылар   мен   ата-аналар қамтылуы тиіс.

4)  Кәсіптік іріктеу мектептерде, оқу-өндірістік комбинаттарда жүргізіледі. Бұл жерде    таңдаушы    алдына    мақсат    қойылады,     яғни    ол    таңдаған мамандығының еңбек қиыншылықтарына қарамай оны меңгеруі керек.

5) Әлеуметтік-кәсіптік бейімделу оқу шеберханаларында, оқушылардың еңбек бірлестіктерінде және т.б. жүзеге асады. Әлеуметтік-кәсіптік бейімделупроцесі кең сатыда жоғарғы сынып оқушыларының базалық кәсіпорындағы өндірістік практикасы болып табылады.

6) Кәсіптік тәрбиелеуде  оқушылар  бойында таңдаған  кәсібіне  борыштық сезімін, жауаптылықты, кәсіптік құрметті қалыптастыруды мақсат етеді.

Жоғарыда келтірілген жұмыстың бағыттары өзара байланысты болсада әрқайсысы кәсіптік іс-әрекеттің әр бір облысы.

Әр-түрлі бағытта жұмыс жасауда кәсіптік бағдар жұмысының әдістері мен формасы шеңбері анықталады — бұл кәсіп туралы әңгімелер, кәсіпорындарға саяхат, анкета жүргізу, тестлер (кәсіптік икемділіктерді диагностикалау үшін), оқушылардың реферат жазуы, олармен бірге әр-түрлі ойындарды (дебат, пікірталас т.б.) өткізу.

Кәсіптік бағдар мәнінің ғылыми ізденіс әдістері қиынға түсуде. Кәсіптік бағдарды жеке ғылым ретінде бөліп қарау, оның өз алдын жеке әдістерінің болуын талап етеді. Бірақ кәсіптік бағдар проблемасын шешуде ғылыми зерттеу жұмысында педагогика, психология, экономика, социология, медицина әдістері қолданылады. Сондықтанда кәсіптік бағдар әзірше өз алдына жеке ғылым саласы ретінде қарастырмаймыз. Бұл қоғам және тұлға қызығуындағы, оның өзі таңдаған мамандығы бойынша қолданбалы тапсырмаларды шешуге арналған дисциплинарлық ғылыми бағыт.

Әдіснамалық негізгі басты мәнінің қатарына кәсіптік бағдар қарқындылығы критерилерін анықтайтын сұрақтар да жатады. Қазіргі уақытта мектептің, оқу-өндірістік комбинатының кәсіптік бағдар жұмысының қарқындылығын, оқушылардың қаншасы жұмысшы кәсібін таңдап және қаншасы сонымен жұмыс істеп жатқанын (пайыз бойынша) анықтау арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл критерий басты, бірақ жеткіліксіз. Басқа да көрсеткіштерді де есепке алу қажет. Мысалы, жоспарланған оқушылар саны орта кәсіптік техникалық училищелерде оқып, кәсіпорындарда жұмыс істеп жатыр, бүған әр-түрлі құралдар арқылы жетуге болады.

Мамандық таңдаудың жетістігі оқушының тұлғалық (жеке) және кәсіптік жоспарының еңбек сферасында қоғамдық талаптардың сай болуы. Сондықтанда кәсіптік таңдау қазіргі қоғамдағы кадр сұранысы құрылымынасай болса, соғұрлым кәсіптік бағдар жұмыстары жақсы жүзеге асады. Мұнда жағдайда кадрларға сұраныс тепе-теңдік өлшемі және шынайы таңдау кәсіпті бағдардың қарқындылығының басты критерии болып саналады.

Бізге белгілі болғандай мамандықты дұрыс таңдау еңбек сапасы ме өнімділігіне әсер етеді. Нәтижесінде мектеп, орта кәсіптік yчилищeлep  бітірушілердің кәсіпорындағы жұмыстарында жеткен еңбек жетістіктері мамандық таңдау жетістігінің басты критериі болып саналады.

Мамандықты және жұмыс орнын дұрыс таңдап, өзінің таңдауын қанағаттанса, онда ол басты психологиялық критерии болып саналады. Мамандыққа, жұмысына, жалақысына қанағаттану деңгейін бағалау үшін тестер, анкеталар қолданылады.

Практика көрсеткендей кәсіптік бағдарды дұрыс таңдауда жетістікте және құлдырау да бар. Жастар тәрбие жұмыстарының дұрыс, ұзақ қойыл нәтижесінде, кәсіпке оқытылып өмірге сай бағдары болып, нақты еңбек  дайындалса ғана жетістіктерге жете алады. Керісінше, құрғақ уәде болса онда олар құлдырауға ұшырайды.

Кәсіптік бағдар жұмыстарының қарқындылығының әділ көрсеткіші  оқу орнынан кейін, армия қатарын  бітіріп немесе  туған жеріне қайта оралу.

Қорытындылай келе, кәсіптік бағдар жұмыстарының қарқындылығының (тиімділігінің) басты критериі болып қаланың, ауданның, аймақтың, жалпы қоғамның актуальды мамандарға деген  сұранысына сай келу, мамандық бойынша жоғары оқу  орнына, колледждерге, орта кәсіптік техникалық училищелеге, жұмысқа орналасушыларға, оқушылар санының тепе-теңдігінің өлшемі.

 

 

1.2.Оқушыларға кәсіби  бағдар  берудің  мүмкіндіктері

Кәсіптік бағдардың мәні әлеуметтік жағдайда және күтпеген жағдайларға адасқан адамдарды қалдырмау. Сондықтанда кәсіптік бағдар адам мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастарды тудырудың басты факторы болады.

Оқу бағдарламасы және кәсіптік бағдар тәрбие жұмыстары бағдарламаларының жалпы бір мақсаты бар, ол — тұлғаны тәрбиелеу оны жан-жақты дамыту.

Кәсіптік бағдардың тапсырмалары оқу пәндері және тәрбие жұмыстары бағдарламасында айқын көрініс табады:

— жалпы білім беретін оқу пәндерінің білім мазмұны, ғылыми теорияда

  өмір тәжірибесімен өндіріспен байланыста оқыту, тәрбие және кәсіптік

  бағдар бір мақсаты бар;

— оқушыларды еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу;

— оқушының икемділіктері мен қызығушылықтарын дамыту;

— оқушыларға жалпы және политехникалық білім негіздерін оқыту;

— оқушылардың өздерінің білімін көтеруге қызықтыру;

— жан-жақты дамыған оқушыларды тәрбиелеу;

— бітіруші   түлектерге   жоғарғы   оқу   орны   мен   жұмыс   саласын  

  таңдауға көмектесу.

Кәсіптік бағдардың негізі оның ішінде өндіріс процесінің барлық ғылыми негізі жатқан, еңбек дағдысын меңгеруге жағдай жасалатын, қарапайым еңбек қүралын пайдаланудың іскерлігін, оқушыларды өнімді еңбекке тарту, яғни политехникалық оқу болып табылады. Оқушыларды мамандықты саналы таңдауға дайындауда жалпы білім беретін пәндердің үлкен мәні бар. Жалпы пәндерді оқу процесінде негізгі тапсырманы бөліп қарастырған жөн; оқу пәндеріне және осы пәндерге жақын кәсіптерге тұрақты қызығуды дамыту және осы кәсіптерге сай икемділіктерді дамытып, ұйымдастыру, кәсіптік қызығуларды, икеділіктерді дамытып, ұйымдастыру кәсіптік қызығуларды,икемділіктерді, мүмкіндіктерді дамытуды кластан тыс және мектептен тыс жұмыстарда мүмкіндіктер жоғары. Айрықша кәсіптік бағдар мүмкіндіктері арнайы мектептерде белгілі бір пәнді тереңдетіп оқыту мектептерде, оқу-өндірістік комбинаттарда жасалған.

Орта кәсіптік білім беру оқу орындарының қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ереже.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2001 жылғы 4 шілдедегі №539 бұйрығында;

  1. орта кәсіптік оқу орындары орта кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады және еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша мамандар даярлаумен тәрбиелеуді қамтамасыз етеді.
  2. орта кәсіптік білім беру оқу орындарының алдына мынандай міндеттемелер қойылған болатын;

1)  нақты мамандықтар бойынша қажетті теориялық білімі жәке практикалық дағдысы бар білікті кәсіпті білімді мамандарды даярлау.

2)  еңбек    рыногымен    өндіріс    салаларының    талаптарына    сай    білікті мамандарды даярлаудың сапасын тұрақты жетілдіру.

Мектептегі кәсіптік бағдардың жақсы өңделген бағдарламасы барлық оқыту және тәрбие беру жүйесінде кәсіптік бағдардың басты ұтымды сілтемесі болып табылады.

Кәсіптік бағдар бағдарламасы Республикаға, ауданға (қала), әр мектепке бесжылдық сайын және әрбір оқу жылына құрылады (жасалады). Кәсіптік бағдардың бағдарламасы мазмұнының негізгі элементтерін қарастырамыз; -тұлғаны   тәрбиелеуді   және   дамытуды,   оқып   үйрену   (негізінде   кәсіптік қызығулары және икемділіктерінің тәрбиесі және дамуы, темперамент және мінезі);

— ауыл шаруашылығы және мәдениеті, түрлі кәсіптер қоғам жұмыстары

  туралы ақпараттар;

— консультация   —   жұмысқа   сұранысы   бар   мамандарға   ұсыныстар  

  және көрсетулер;

— мектеп бітірген соң оқу және жұмыс нәтижелерін бақылау;

бағдарламаның опперативті бөлімінде, қалай оқушы тәрбиелеу және дамыту, кәсіптік консультацияны және кәсіптік ақпаратты қалай ұйымдастыру, мектеп бітірген соң оқу және жұмыс нәтижелерін тіркеу және талдау жолдары дәлелденіп нақтыланды.

Оқушылардың мүмкіндіктері оқу және кәсіптік қызығулықтары әр-түрлі факторлардың әсер ету нәтижесінде құралады. Егер оның бәрі оң болса, онда шешуші фактор болып оқу және тәрбие беру деңгейі, мұғалімнің жеке қасиеті, оқу материалдық базасы.

Әрбір пән мұғалімі;

— нақты кәсіптік бағдарды іске асырады;

-сыныпта оқушылар арасында жолдастық қатынастарды реттейді;

-оқушылардың дүниетанымын, сенімін, моралдық, психологиялық

 сапасын, дамытады және реттейді;

— оқушыларды оқытады және кәсіптік бағдар сұрақтары консультатция береді, оқушылардың белгілі бір еңбек саласына және оқу пәніне қызғуын тудырады және осы қызығуларды одан әрі дамыту үшін ұсыныстар береді;

— қандай да бір тақырыпты өту барысында мұғалім тақырыбына сай ауыл шаруашылығы     және     мәдениеті     саласына    және     оған     байланысты мамандықтарды сипаттайды, белгілі мамандардың жұмысымен жетістіктері туралы әңгіме етеді;

— пәндік,   көркемдік   және   техникалық   үйірмелерде,   курстарда   дарынды икемділіктері, жоғары оқушыларды сабаққа одан әрі тарта түседі;

— оқушыларды толғандырып жүрген сұрақтар, мәселелер бойынша жеке әңгіме өткізу және ұсыныстармен көмектесу;

— оқушыларға оқу орнын және мамандық таңдауға көмектесу.

Оқушыларға кәсіптік бағдар беруде басты ролді сынып жетекшісі атқарады. Ол бірнеше жыл оқушылармен тығыз байланысқан ата-аналармен қарым-қатнаста.Ол оқушылардың әр қайсысының мінезін ерекшеліктерін,икеділіктерін өте жақсы біледі. Бұл сынып жетекшісінің ата-аналармен бірге окушыларға кәсіптік бағдар беруіне, мамандықты саналы таңдауында ролі жоғары екенін көрсетеді.

Сынып жетекшісі сыныпта кешенді кәсіптік бағдарды жүргізеді; барлық пән мұғалімдерінің жұмыстарын бағыттайды және ұйымдастырады; түрлі әдістермен тұлғаның ерекшеліктерін, икемділіктерін, кәсіптік қызығуларын оқып үйренеді; алынған ақпараттарды жүйелендіріп арнайы бланкалар толтырады; оқушыларды түрлі мамандықтармен таныстыруды ұйымдастырады; олардың қызығушылыктарына байланысты түрлі сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырады; кәсіптік консультацияға жетекшілік жасайды; әр оқушының жанұялық жағдайын біліп және ата-ананың олардың баласы таңдаған мамандығы бойынша пікірін біледі; педагогикалық кеңес кезінде мінездеме — ұсыныс талқылауды ұйымдастырады.

Оқушылардың өміріне кәсіптік бағдарды енгізу үшін оны мектепте белгілі бір ұйым немесе оны жүйелі басқару керек. Окушыны мамандықты саналы таңдауға дайындауды тек директор немесе оның оқу-тәрбие жұмыстары орынбасары ғана емес арнайы кәсіптік бағдар кеңесі, пән мұғалімдері, ата-аналар, қоғамдық ұйымдар мүшелері, мектеп дәрігері басқарады. Мектепте кәсіптік бағдар қызметін бүкіл педагогикалық ұжым және кәсіптік бағдар кеңесі жүргізеді. Кәсіптік бағдар кеңесі кәсіпті бағдардың барлық жоспарын тексеріп, бағалайды, оны бір жүйеге келтіреді, кәсіптік ақпаратты ұйымдастырады, кәсіптік консультацияны басқарады, мектеп төңірегінде сабақта мен түрлі шараларды өткізуді жоспарлайды және т.б. жұмыстарды жүргізеді. Жыл бойы әрбір пән мұғалімі «өзінің оқушысын» 5-10 мамандықпен таныстыруы қажет. Оқушыларды барлық мамандықтармен таныстырудың қажеті жоқ. Бірнешеуімен ғана бірақ  оның өзін терең таныстыру керек.

Оқушылардың еңбек және кәсіптік оқу мазмұны — оқушылардың кәсіптік бағдарының басты құралы.

Мектепте кәсіптік бағдар жұмысын жүргізуде пәндер арасында еңбек сабағының мүмкіндігі жоғары. Еңбекке оқыту сабағының теориялық бөлімін оқушыларды материалдық өндірістегі кәсіптермен, ауыл-шаруашылығының салаларымен таныстыруға қолдануға болады. Бірақта бұл жұмыс егер кәсіптік бағдар материалы сабақ тақырыбымен тығыз байланысты болса ғана тиімді, ал информация кәсіптік өсу мүмкіндіктері, еңбек шарттары кәсіптік адамға қоятын талаптары оның таралуы туралы мазмұнды қамтыса, яғни кәсіптік бағдар материалы еңбек сабағы барысында сабақтың теориялық және практикалық бөлімінде елеулі орын алады.

Мектеп шеберханаларында, оқу — тәжірибе бөлімдерінде, практикалық жұмыс және практика өту барысында жұмысшы кәсіптермен таныса отырып іскерлік пен дағдыны қалыптастыра бастайды және өзінің кәсіптік қызығуын, икемділіктерін дамыта отырып, өзінің сол немесе басқа мамандықты таңдауға дайындығын тексереді.

I — IV сыныптарда еңбек сабағында қазіргі кезде қағаздан, картоннан, пластилиннен, табиғат материалдарынан т.б. оңай бұйымдар жасайды.

V  — VII сыныптарда еңбекке оқыту мазмұны жеткіншектердің кәсіптік бағдарының дамуына және VIII -XI сыныптардан ары қарай кәсіптік оқуға жақсы база болып саналады.

VI  — VII сыныптан бастап-ақ берілген кәсіп бойынша еңбек мазмұнын осы кәсіптегі адамдар қандай салаларда жұмыс істеп жатыр, еңбекке жарағы және пәндері, олардың шығарып жатқан өнімдері, қазіргі өндірістегі кәсіптің маңыздылығы туралы мақсатты түрде кәсіптік дамуы туралы мәлімет келтіріп оның дамуы туралы әңгіме өткізу.

VIII — IX сынып үшін жоғарыдан бөлек мынандай ақпараттарды беру керек; еңбек шарты, берілген мамандықтың жұмсшысы қандай арнайы іскерлік пен дағдыны, жалпы техникалық жалпы еңбектік білімді меңгеру керектігін, кәсіптің адамға қоятын гигиеналық сипатын, психофизиологиялық талапты, еңбек ақы төлеу жүйесі, кәсіптің дайындық және квалификациялық көтерілу жүйесімен таныстырылып өтілуі қажет.

Еңбек сабағындағы кәсіптік бағдар жұмыстарына VIII — IX сыныптарда көптеп көңіл бөлу қажет, оларда бұл кезде қай кәсіпті таңдап, қайда барып оқысам деген сұрақ туындайды.IX сыныпты бітірген оқушының біраз бөлігі мектепте қалып оқуын X -XI сыныпта ары қарай жалғастырады және белгілі бір өзінің психофизиологиялық ерекшелігіне сай (дайындық) кәсіп меңгере бастайды. Мамандық таңдауда немесе өзінің болашақ кәсіптік іс-әрекет сферасын оқушы IX сыныпта таңдап қоюы қажет. Ол үшін мұқият (тиянақты) дайындалу керек. Осы мақсатта VII — VIII сыныптарда (VIII — IX) алынып тасталған «Өндіріс негіздері», «Мамандық таңдау» факультатив курстары қайта енгізілуі керек.

Кәсіптік бағдар мақсаты мазмұнының үлкен мүмкіндіктері X — XI сынып кәсіптік оқыту бағдарламалары бар. Мысалы, қазіргі кезде програмист, жас юрист, кіші медбике, және т.б. мамандықтар бар. Кәсіптік оқуды және кәсіптік жеке қызығушылығымен таңдай отырып оқушы таңдауын өзінің болашақ кәсіптік іс-әрекетімен байланыстырады.

Мұндай жағдайда еңбектік және кәсіптік оқу мазмүны оқу бағдарламалары мазмұны мен сай келуі I — XI сынып оқушыларының кәсіптік бағдарының басты шарттары болып саналады.

Еңбек сабағы.

I — VII сынып оқушыларының кәсіптік бағдары.

Оқушылардың кәсіптік бағдары мақсатқа бағытталған жұмысын I — IV сыныптардан бастап жүргізу керек. Оқушы ол кезде мамандық таңдаудан алшақ және арманы мен ойы тұрақты емес, айнымалы болады. Бірақ осы жастан бастап болашақ мамандық таңдаудың негізі қалана бастайды. I — IV сынып оқушысының мектептен алғаны оның есінде мәңгі қалып қояды.

I сыныптың бірінші еңбек сабағында оқушыны еңбек ету идеясына қызықтырып қою қажет. Осы сыныптан бастап фудаментті тұрғызып, келесі жылдары материалдық өндірістің кәсіптеріне қызығулықтарын және икемділіктерін дамытылып отырады. I — IV сыныптарда қағазбен, пластилиннен, картоннан, матамен және т.б. жұмыс жасауда оларды слесарь, дизайнер және т.б. көптеген кәсіптермен таныстыруға болады.

Бастауыш сыныптардағы кәсіптік бағдар жұмыстарының орта және жоғарғы сыныптардан айырмашылығы бар. I — IV сыныптарда оқушыларды белгілі   бір   мамандықты  таңдауға  мақсат  қойылмайды.   Оқушылар  еңбек етушілердің кәсіптік іс-әрекетінің элементтерімен танысуы керек.

I — IV сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар жұмыстары келесі тапсырмаларды қамтиды;

  1. оқушылар бойында еңбек — адам өмірінің негізгі мен еңбек арқасында

     ғана жетістіктерге жетуге болатынын, түсінігін қалыптастыру.

  1. оқушыларға адамдардың     қазіргі     ауыл     шаруашылығы,     өндірістік процестердің, жұмыс кәсіптерінің алғашқы кезеңін қалыптастыру.
  2. оқушылар бойында біздің елдің жұмысшылары міндетті түрде терең берік ғылым негіздері білімін меңгертуді қалыптастыру.
  3. оқушылардың жеке икемділіктері мен қызығулықтарын оқып үйрену.

Бұл тапсырмалар ғылым негізін оқуда, еңбек оқу сабағы және сыныптан тыс жұмыстары процесі кезінде мектеппен шешіледі.

Еңбек сабағы барысында оқушыларды, сол өңірде кең тараған кәсіппен таныстыру. Кәсіптік бағдар материалын сабақ тақырыбымен байланыстырып отыру қажет, осы жерде мақсатты түрде оқушылардың өздерінің ата-аналары өмірінен мысал келтіріп, қызықты фактілерді хабарлап отыру қажет.

Жоғарыда көрсетілгендей еңбекке оқыту пәні оқушыларды жаппай жұмысшы кәсібіне кәсіптік бағдардың және олардың бойында еңбек сүйгіштік пен кәсіптік басты сапаларын тәрбиелеуге мүмкіндіктерінің жоғарылығын көрсетеді.

Жоғары сыныптардағы еңбеке оқу процесіндегі оқушылардың кәсіптік бағдары.

Кәсіптік оқу — оқушылардың еңбек дайындығының соңғы (шешуші) этапы (кезеңі). Ол оқушылардың білімі, іскерлігі және дағдысын, политехникалық көзқарасын кеңейтіп, жалпы кәсіптермен таныстырады. Бұл жерде негізгі сабақ кәсіптік оқуда, кәсіп бойынша өткізілетін сабақ. Ол алғашқыда мектеп шеберханаларында және кабинеттерінде кейін, мектепаралық оқу-өндірістік комбинаттарда, базалық шаруашылықтардың оқу цехтарында жүргізіледі. Кәсіптік оқу процесі нәтижесінде, оқушылардың кәсіптік бағдарын тереңдете түсу қажет;

  1. Берілген кәсіп бойынша, еңбек мазмұны және сабақ материалы арасында органиакалық байланыстың болуы. Мұғалім кәсіптік оқу сабағы — кәсіптік бағдардың сабағы емес екенін білуі керек.
  2. Берілген бір ауданның белгілі бір кәсіпке қажеттілігі. Еңбек және кәсіптік оқу сабақтарында оқушыларға біріншіден базалық шаруашылық, аудан, облыс, республика өте қажет етіп тұрған мамандықтар (кәсіптер) бойынша мәлімет беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Мамандықты оқушы қызығып, қоғамның сұранысына сай және белгілі бір білім көлемін (мамадыққа сай) меңгерсе ғана біз оны саналы таңдау деп айта аламыз.

Көптеген жұмысшы мамандығы ішінен оқушыларға тек біреуін өзінің икемділіктері мен қызығушылығы барын таңдап алу керек.

Еліміздің бүгіні мен ертеңі қолында тізгіні бар жастардардың қолында. Олар қандай адамдар, олардың білім деңгейі, ақыл-парасаты, азаматтық қыры, халыққа сіңіріп жатқан еңбегі қай дәрежеде? Көп жағдайда адам өзінің рухани негізін отбасынан, балабақша, мектеп, жоғарғы оқу орнынан алады. Бірақ мұның бәрі бастама, адам өзін-өзі өмір бойы тәрбиелейді, білімін тереңдетіп одан әрі дамытып отырады.
II- тарау.  Жоғары сынып оқушыларына  кәсіптік бағдар берудің 

әдістемесі

2.1.Оқушыларға кәсіптік бағдар  берудің әдістері мен формалары.

Кәсіптік бағдар мағынасы — оқушының ерекшеліктерін ашу және осы ерекшеліктерді қандай жұмыстарда жоқсы қолдануға болатынын түсіндіру. Бірақта мектепте мұнымен ғана шектелуге болмайды, тұлғаның қасиеттері қандайда бір жұмыс қоятын, белгілі бір талаптармен сай келеді. Мектеп оқушыларды еңбекке даярлайды; политехникалық білім береді, кәсіптік қызығулықтары мен икемділіктерді құрайды және дамытады, жұмысшыларға құрметпен қарауға тәрбиелейді, мамандықты саналы таңдауға оқытып үйретеді.

Кәсіптік бағдар мектеп жұмысының жеке дара саласы бола алмайды. Ол бүкіл оқу-тәрбие жұмысымен тығыз байланысты. Жасөспірім, жастар жалпы және политехникалық дайындықты меңгерсе ғана, олар мамандықты саналы таңдауына болады.

Мектептегі кәсіптік бағдар бойынша педагогтардың негізгі функциялары;

— оқушы тұлғаны қалыптастыру және дамытуды, оқып үйрену (соның ішінде қызығулары, икемділіктерін, мінезін, тұлғаның моральдық сапасын және бағытын);

— икемділіктерді қалыптастыру және дамыту туралы әңгімелесу, белгілі бір кәсіпке (мамандыққа) қарама қайшылықтар туралы түсіндіру;

— практика   кезінде   әрбір   оқушы   өздерінің   кәсіптік   қызығулары   және икемділіктерін тексеруге жағдай жасау;

— оқушыларды Республикадағы, аудандағы, қаладағы негізгі жұмыс түрлері мен таныстыру;

— әрбір  кәсіптің  ауыл шаруашылығы  және  мәдениеті,  кез  келген  кәсіпті құрметтеуді,   оқушыларды   аудан,   қала,   Республиканың   еңбек   сіңірген адамдарымен таныстыру;

— белгілі бір кәсіп және мамандық қоятын білім, іскерлік, дағдыны сипаттау, ауыл    шаруашылығы    жұмыс    үшін    қандай    ақыл    ой,    күш-жігерлік тапсырмаларды және икемділіктер қажет екенін анықтау;

-таңдаған кәсібін және жүмыс барысында алда кездесетін қиындықтарды игеру мүмкіндіктерін көрсету;

— еңбек    жағдайы    және    сипаты,    қоғамдық    өзара    қарым-қатынастар, қызығулықтар және жұмысшылар жалақысы туралы ақпарат беріп отыру;

— қазіргі кезде жаңа техника мен технологияның енуіне байланысты әр кәсіптің еңбек жағдайы, сипаты өзгерулерімен таныстыру;

— оқушыларды мамандық таңдауға сүрақтар бойынша консультациялар беру;

— бітірушілерді   мектеп  бітіргеннен   соң  да  оқу  және  жұмыс  нәтижелері ақпаратын талдау және талқылау:

Кәсіптік бағдарды іске асыра отырып, төмендегілерді есепке алу керек:

— кәсіптік бағдар барлық оқушыларға қажет және ол түлғаның жан-жақты

  дамуына жағдай жасауы керек;

— кәсіптік бағдар барлық оқу-тәрбие жұмыстарының интегралдық бөлімі болып табылады, сондықтанда мектептің барлық оқу және тәрбие бағдарламасында мектептегі және мектептен тыс жұмыстарда басты орын алуы қажет.

— кәсіптік   бағдар   жұмыстарын   бастауыш   сыныптардан   баланы   мектепте тәрбиелеу және дамытудан оқудың алғашқы жылдарынан, бастап жүргізу;

-тұлғаның қасиетіндегі негізі объективті критерилері оқушылардың іс-әрекетінің айқын жағдайларындағы көрсеткіші (оқушыны жұмыста тексеру нәтижесі), яғни оқушылардың қасиетінің сабақтарда, мектеп шеберханаларындағы сабақтарда, оқу тәжірибе бөлімдерінде, пән көркемдік және техникалық үйірмелерде және қосымша курстарда, МОӨК-ғы сабақтарда, өндірістік тәжірибеде қоғамдық және қоғамдық пайдалы еңбектерде көрінуі;

— оқушы тұлғаны дамытудағы негізгі жағдай оның айқын жағдайлардағы іс-әрекеті болып табылады;

— мамандықты   еркін   әрі   саналы   таңдау   үшін,   болашақ   буынның   ауыл шаруашылығы және мәдениеті, негізгі салаларының, түрлі кәсіптер және ауыл   шаруашылық   кадрларға   сұранысын,   түрлі   мамандықтарды   игеру мүмкіндіктері  туралы  негізгі  жалпы  политехникалық  және  білім  өрісін кеңейту;

— барлық оқу-тәрбие процесі кезінде кәсіптік қызығулықтарды икемділіктерді, мотивтерді оқушылар ойын сонымен қатар мамандық таңдау мотивтерін басқаруды тәрбиелеуді қалыптастыруға және дамытуға аса көңіл бөлу қажет;

— кәсіптік консультация, ұзақ жүйелік және оқу барысы кезінде оқушыны

  тәрбие және өнімді еңбек жан-жақты болғанда ғана іске асады;

— кәсіптік бағдардың іс әрекетінің, оның нәтижесін тексеру және бағалау,

  мектептің, отбасының және қоғамның нақты жоспарын талап етеді;

— кәсіптік бағдарды ғылыми басқару үшін кәсіптік бағдар қызметінің болуы

  керек.

Мамандық таңдау — жауапты да күрделі іс-әрекет. Кәсіп пен мамандық ұғымдарын қамтитын түрлі қызмет салалары өте көп. Тек кәсіптік техникалық оқу жүйесінің өзінде ғана 1500 — ден асатын кәсіптің түрі бар екен. Ал, жалпы қоғамдағы мамандықтың қазіргі кезде 30 мыңнан асады екен. Сол үшінде мектепті бітірген жастардың алдында қаншама кәсіптің ішінен өзіне қажетті біреуін таңдау міндеті түр. Бір адамның бірнеше кәсіппен айналысуға білімі, қабілеті болғанымен соның ішінде біреуіне ғана ынтасы ерекше болады. Оқушылардың мамандық әлемінде адаспауы үшін оларға көмек беру керек. Ол үшін мынандай мәселелерге ерекше көңіл бөлу  керек.

  1. Оқушының таңдаған мамандығы еңбек рыногында сұранысқа ие ме? Сол аймаққа (өңір бойынша) қажетті мамандықтарды айту, мамандығының болашағы туралы, ол алдағы уақытта керек пе, жоқ па.
  2. Мамандықтың адамға қоятын талаптары, яғни еңбекке даярланғының (жан-жақты; медециналық және т.б.) болуы. Профессиограммаларды білу қажет.
  3. Мамандыққа оқыта отырып сол адамның қаблеттілігін білу. Мамандық таңдауда сынып жетекшісінің, пән мұғалімдерінің, ата-аналардың атқарар ролі ерекше. Сынып жетекшісі мамандық таңдауда әр-түрлі әдістерді қолдануына болады. Соның ішінде анкеталық сұрақтар беру, жеке әңгімелер өткізу және т.б.

Оқушы мамандықты өзі таңдайтын болса жемісі нәтижелі болады. Сонымен қатар мамандық таңдауда кездесулер (мамандармен) өткізуде оқушыға жақсы көмек десе де болады. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей мамандармен жақсы ұйымдастырылған кездесулер оқушыларға өте әсер етті. Мамандық таңдау барысында сынып жетекшісінің оқушыларымен түрлі оқу орындарына саяхаттар ұйымдастыруына болады.

Кәсіптік бағдар беру — көп салалы әрі қиын үрдіс. Кәсіптік — техникалық мектептерде ол жас жұмысшы маман дайындап, оларды өндірісте кездесетін қиындықтарды жеңе білуге үйретуге бағытталған. Шын мәнінде, бұл — мектеп бастау алатын әлеуметтік кәсіптік бейімделу, кәсіптік тәрбие. Оның тиімділігі кәсіптік мектептегі оқу — тәрбие үрдісі өндіріске қаншалықты жақын екендігіне байланысты. Бұл мәселені шешу табандылықты, тиімді жұмыс әдістері мен түрлерін қолдануды қажет етеді.

Кәсіптік бағдар беруде әрбір оқушының психофизиологиялық жеке қасиеттері, мамандық таңдаудағы басты себептері назардан тыс қалмауы керек. Жаңадан оқуға қабылданған оқушылар туралы мәліметтерді ескере отырып, өндірістік оқу шеберлері мен топ жетекшілері өз жұмыстарын жоспарлауы қажет.

Кәсіптік мектептің инжинерлік-педагогикалық мамандары болашақ оқушыларын орта мектепте оқып жүрген кезінде-ақ танысып, бақылап, зерттей бастайды. Бұл кәсіптік мектепте кездейсоқ адамдар қабылдануының алдын алуды, оқушының қалаған мамандығына психофизиологиялық тұрғыдан сай келуін қамтамасыз етеді. Топтар жасақталғаннан кейін өндірістік оқу шеберлері мен топ жетекшілерінің алдына оқушыларды зерттеу мен бақылау жұмысын жалғастыру міндеті қойылады, оның басты мақсаты қалаған мамандыққа деген оқушының қызығуын бекіту.Оқушының зерттеу жұмысының екі кезеңін анықтауға болады; алдын-ала танысу және күнделікті сабақ пен сабақтан тыс шараларға қатысуын зерттеу. Алдын-ала танысу жас өспірімнің сауалдамасын зерттеу және сол оқыған мектеп оқушыларымен, мұғалімдерімен, ата-анасымен әңгімелесуден басталады. Көп жағдайда алынған мәліметтер біржақты немесе толық болмайды. (мысалы, оқушы басқа жерден келген болса).

Оқушылардың кәсіптік мектепке дейін байқалмаған қасиеттері мен қабілетінің кейде алғашқы пікірге қарама-қарсы ашылуы жайлы көтеген мысалдар келтіруге болады. Сондықтан, өндірістік оқу шебері мен топ жетекшісі толық мәліметтерді күделікті зерттеу, оқушы өміріне ықпал ете отырып араласу (сабақтан тыс шаралар, үйірме жұмыстарына қатысу) арқылы ала алады.

Оқушы мінездемесін зерттеу арқылы алынған мәліметтер салыстыруға, сараптауға негізделуі керек. Бұл кезде, ең бастысы, үнемі қайталанып отыратын әдістен кездейсоқтылықты ажырата отырып, жинақталған мәліметтерді біріктіру керек. Тәуелсіз мінездемені тұлғаның түрлі шараларға қатысуын білу, әңгімелесу және сауалнама алу арықлы ұйымдастырады. әңгімелесу жоспарлы түрде, белгілі бір бағытта өтуі керек. Оның тиімді болуы ұстаздың педагогикалық тәжірибесіне байланысты, әңгіме тек жеке емес, топпен өтілуі де мүмкін. Топпен әңгіме өткізуге дайындық кезінде оның мақсатын, ауқымын, орнын белгілеп алған жөн. Оқушылар қоюы мүмкін сұрақтарға талдау жасау қажет. Әңгімелесу барысында алынған мәліметтер шара өтілген соң жазылуы керек.

Сауалнама кешенді ақпарат алу мақсатында қолданылады. Сұрақ өте көп болмауы, жинақы оның қойылуы шарт. Жауаптар сараптаудан өтіп, алынған мәліметтер басқа да жұмыс түрлері негізінде алынған мәліметтермен салыстырылады.

Оқушы зерттеу үшін зертханалық және табиғи эксперимент қолданылады. Арнайы ұйымдастырылған жағдайға өтетін табиға эксперимент тұлғны зерттеу барысында алынған мәліметтердің дұрыстығын тексеру үшін пайдаланылады. Кәсіптік оқыту жағдайында өткізілетін табиғи эксперимент берілген есептерді шешу түрінде өткізілуі мүмкін. Мысалы, станокта жұмыс істеп тұрған оқушыға ауызша тапсырма беріледі; «Бір ақау шықты, сен не істейсің?». Кәсіби бағдар беру мақсатында ақпарат және ЭЕМ қолдануға болады.

Оқушыны зерттеуде әр-түрлі әдістер қолданылса, мәліметтер жан-жақты және толық болады. Жинақталған мәліметтерді толық сараптаудан өткізіп, өндіріс шеберлері мен топ жетекшілері оқу-тәрбие жұмысына қажет деген өзгертулер жасайды, оларды жүзеге асырады. Осымен түлғаны зерттеу тоқтатылмайды, ол оқушы кәсіптік мектепте оқып жүрген уақыт бойы жалғасып отырады.

Өндіріс шебері мен топ жетекшісінің басты міндетерінің бірі -оқушылардың денсаулығы мен табиғи өсуіне қамқорлық жасау. Таңдаған мамандық оқушының психофизиологиялық ерекшеліктеріне сай болғанда ғана жұмысшы мамандығына оқыту мен өндірістегі еңбек жасөспірім денсаулығына оң ықпал етеді. Шебер мен топ жетекшілерінің кәсіптік мектептегі медицина қызметкерлерімен өзара байланысының мәні зор. Дәрігер оқушылардың денсаулығы мен дамуындағы ерекшеліктерін жүйелі түрде бақылап, дер кезінде болашақ мамандық иесіне ақыл-кеңес беріп отыруы тиіс. Медицина қызметкері жүйелі бақылау мәліметтері негізінде оқушыларды кейбір қажетті емдеу жолдары туралы ата-анасымен, мұғалімдермен алдын-ала жүгізуінің де мәні бар.

Өмірде кездесіп жататындай, кейде оқушы өзінің денсаулығына сай келмейтін мамандықты меңгеруге әрекеттенеді. Медицина қызметкері мен педагогтың бірлескен қызметі арқылы жас жанның қалаған мамандығы бойынша білім алуына көмек, яғни ұқсас мамандыққа ауысу мүмкіндігі жасалуы тиіс.

Соңғы жылдардағы зерттеулер мен практика анықтағандай болашақ мамандардың кәсіптік білімді өз дәрежесінде меңгеруінің негізі педагогтардың ұжымдық ізденісіне, жаңашылдығына байланысты. Ізденіс нәтижесінде оқу-тәрбие жүмысындағы тиімді әдіс тәсілдерді пайдаланудың да мәні ерекше.

Оқушыларға    кәсіби бағдар берудің  негізгі    формалары: оқу лекциялары, саяхаттар, пәндік сабақтар және техникалық үйірмелер, кәсіптік бағдар әдебиеттері, кино және сахналық қойылымдар, курстар, оқу өндірістік практикасы, конференциялар, олимпиадалар, тақырыптық кештер, диспуттар, әр-түрлі маман иелерімен, оқушылардың ата-анасымен мектеп түлектерімен кездесулер, қоғамдық пайдалы еңбек, әр түрлі жиындар, кәсіптік бағдар кабинеті немесе бұрышы. Осыған байланысты оны мына сызба арқылы көрсетуге болады:

 Кәсіптік бағдар әдістері әр-түрлі. Оқушының (жеке тұлғаны) зерттеу мақсатында педагогикалық бақылауды, іс әрекет қорытындысын (талдауларын) оның оқу биографиясындағы нәтижесін, анкеталық, интервью алу, әңгімелесу, социометрия, психоло-педагогикалық және лабораториялық эксперименттер, психологиялық тестілерді қолданылады.

Кәсіптік ақпаратта әңгіме, демонстарциялау, лабораториялық және практикалық тапсырмалар, кітаппен жұмыс.

Кәсіптік консультация ұзақ жүйелік бақылау және түрлі оқып үйрену әдістермен жүргізілген бақылау көмегімен анықталған және нақтыланған, сонымен қатар консультация кезінде психологиялық және лабораториялық эксперимент, медициналық және түрлі әдіс көмегімен тұлғаның мінездік қасиеттерін есепке алады.

Кәсіптік бағдар беру әдістерінің сан қырлы салаларын екі топқа бөліп көрсетуге болады;

  1. a) оқу процесіндегі іс әрекет — кәсіпорындағы өндірістік практика;

б) сабақтан тыс жұмыстар барысы.

Ұжымдық әдіспен топ, бригада болып жұмыс істеу жақсы жетістіктерге жеткізеді. Кәсіптік мектептің оқу жоспарының кешеніне қоғамдық, жаратылыстану, математика, кәсіптік-техникалық білім салалары енгізіледі. Бұл салаларыда кәсіптік бағдар берудің мақсат міндеттері айқындалады. Оқушылардың үздіксіз білім алу жүйесінде әлеуметтік кәсіптік тәрбие беру ісі оң нәтижелерін көрсетуде. Сондай-ақ жоғарыда атап көрсетілген жүйені мектептерде ғана емес, кәсіптік мектептерде де іс жүзіне асыру мүмкіндігі мол.

 

 

 

2.2  Жоғары  сынып  оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын 

бақылау және бағалау нәтижелері  

Мектеп бітірушілердің мамандықты дұрыс таңдауы кәсіптің қоятын талаптары бойынша оқушылардың мүмкіндіктерін, икемділіктерін, қызығушылығының кәсіпке жарамдылығын көрсетеді.

Кәсіптік бағдар бойынша мектептің практикалық жұмысы кезіндегі көкейтесті сұрақтар; оқушыларға кәсіптік айқындалуы кезінде қалай көмек көрсету, олардың икемділіктерін адекваталық психологиялық әдістер бойынша қалай анықтау керек? Бірақ бұлармен барлық мұғалімдер таныс емес.

Төменде 7-11 сынып оқушыларымен кәсіптік диагностиканы жүргізу мүмкіндіктерін келтіреміз. Арнайы кәсіптік мүмкіндіктері құрылымында адамдардың төмендегі сапалары, қызығулықтары, қажеттілігі, мотивтері, икемділіктері және жеке өзінің қасиеттері оның басты компонеттері болып табылады.

7 сынып оқушыларының кәсіпті диагностикасының әдістері. 7 сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері, олар бұл жаста кәсіптік жоспары әлі құрылмаған, өзіндік талдаулары мен өзіндік бақылауы жоқ. Осыған байланысты оқушының бойында көрініп тұрған кәсіптік қызығушылықтарын айқындау үшін қарапайым экспертті әдістерді; дифференциалды диагностикалық сауалнама, диагностикалық сұхбат және оқушының оқуда және оқудан тыс іс-әрекетінің эксперттік қорытындысы.

Дифференциалды — диагностикалық сауалнама.

Мәлімет (инструкция); «Осы оқуды бітірген соң, сіз кез келген жұмысты істей білесіз. Егер де сізге екі мүмкіндіктің біреуін ғана таңдау болса, сіз қайсысын қалар едіңіз?»

1а. Мал шаруашылығы

1б. Машиналарға,  приборларға қызмет көрсету (байқау, реттеу).

2а. Ауру адамдарға көмектесу.

2б. Есептеуіш машиналардың схемаларын, таблицаларын, программаларын құру.

3а. Көркемдік открыткалардың, плакаттардың, кітаптардың көркемделуін бақылау.

3б. Өсімдіктердің дамуын, жағдайын бақылау.

4а. Материалдарды өңдеу (ағаш, мата, метал, пластмасса және т.б.)

4б. Тауарды сату, жарнамалау оны тұтынушыға жеткізу.

5а. Статьяларды, ғылыми-жаңалық кітаптарды талқылағанды.

5б. Көркемдік кітаптарды талқылағанды (немесе концерттерді, қойылымдарды).

6а. Жас төлді өсіргенді (әр түрлі пародадағы жан жануарды).

6 б. Қандай да бір іс әрекетті (еңбек, оқу, спорт) орындауға жолдастарыңды (немесе кіші балдарды) жаттықтыру.

7а. Кескіндемелердің, суреттердің көшірмесін жасауды (немесе музыкалық аспаптарды туралағанды).

7б. Қандайда бір жүк (көтергіш немесе транспорт) құралын — кранды, тракторды және т.б. басқару.

8а. Адамдарға мәлімет беру, қажетті нәрселерді түсіндіру (анықтама бюросында, саяхаттарда және т.б.).

8б. Көрмелерді т.б. нәрселерді көкемдеп өңдеуді (немесе концерт, қойылымдарды дайныдауға қатысу).

9а. Заттарды, бұйымдарды (киімді, техниканы) жөндеуді.

9 б. Текстердегі, таблицалардағы, суреттердегі қатені іздеп тапқанды.

10а. Жануарларды емдегенді.

10б. Санақ, есеп жүргізгенді.

11а. Өсімдіктердің жаңа түрін өсіргенді.

11б. Өндірістік бұйымдардың (машиналар, киімдердің, үйлердің, тамақ және т.б.) жаңа түрлерін жобалап конструкциялағанды.

12а. Адамдар арасындағы түсінбеушілікті, ұрыс-керісті, шешіп, түсіндіріп оларды жазалауды, мақтауды.

12 б. Сызу жұмыстарын (тексеру, нақтылап ретке келтіру) атқару.

13 а. Көркемдік үйірмелер жұмысына қатысу.

13 б. Микробтар өмірін бақылау, оқып үйрену.

14а. Медициналық приборларға, аппараттарға қызмет көрсету, жөндеу.

14 б. Адамдарға жараланғанда, күйгенде және т.б. жағдайларда медициналық көмек көрсету.

15а. Бақыланып отырған жаңалықтар, жағдайларды, өлшеніп отырған объектінің және т.б. нақты сипатын, есебін түзуді.

15б. Жағдайларды (бақыланып немесе болып жатқан) көркемдеп сипаттауды.

16а. Емханаларда лабораториялық анализ жасағанды.

166. Ауруларды қабылдағанды, олармен сөйлескенді, қарағанды, емдегенді.

17а. Мектеп (помещении) қабырғаларын, бұйым беттерін сырлағанды, жазғанды.

17 б. Машиналарды, приборларды монтаждағанды немесе жинағанды.

18а. Құрдастарыңмен немесе кішілермен мәдени саяхаттарды мұражайға және т.б. ұйымдастырған ды.

18 б. Концерттерге қатысқанды, сахнада ойнағанды.

19а. Сызба бойынша бөлшектерді, бұйымдарды (машина, киімді), құрлысты дайындағанды.

19б. Сызу мен айналысқанды, картаның сызулардың көшірмелерін көшірумен айналысқанды.

20а. Орман, бау-бақша зиянкестерімен, өсімдік ауруларымен айналысқанды.

20б. Компьютерде (жазу машиналарында, телетайпта, теру машиналарында және т.б. жұмыс істегенді.

     

Нәтижені өңдеу.

Бұл қарапайым әдіс көп уақытты алмайды. Оқушыларға кәсіптік айқындалуы үшін олар жазбаша түрде 20 сұраққа жауап беруі керек. Ол үшін әрбір оқушы белгілі формадағы жауап парағын (қосымша — 1) толтыруы керек. Тордағы номерлі және әріпті белгілер      сұрақтың     номері     және     әріптерімен     бірдей     екені оқушыларға түсіндірілуі керек. Сұраққа жауап беру сол тордағы тұсына қосу немесе алу белгісін қою арқылы болады. Кез келген сұраққа өткізусіз жауап беру керек және біреуіне алу екіншісіне қосу белгісі қойылуы керек.

Жауап парағын өңдеу (тексеру) өте оңай. Кәсіби консультант (мұғалім немесе сынып жетекшісі) тіке орналасқан қатардағы қосу белгісін санап төменгі торға жазып қояды.

Сұрақтар төмендегіше  топталып құрастырылған; 1) қатардағы, олар «Адам — Табиғат» кәсібіне қатысты (табиғатты Т — шартты белгісімен белгілейік), екіншісінде «Адам — Техника» (Т), үшіншісінде «Адам — Адам» (А), төртіншісінде «Адам — таңбалы жүйе» (Ж), бесіншісінде «Адам — көркем бейне» (К). Барлық сұраққа жауап бергеннен соң жоғары торлардағы олардың шартты таңбаларын ТТАЖК қоюға болады.

Қосу белгісі қайсысында көп болса, соған қызығушылығының, икемділігінің бар екенін көрсетеді.

Диагностикалық сұхбаттың әдісі. Сұхбат кезінде оқушыдан оның қызығушылығы, икемділіктері туралы қосымша бағалы қажетті ақпарат алуға болады. Сұхбат кезінде оның нағыз қызығатын іс әрекеттері, оқу пәндеріне, көз қарасын және болашаққа деген жоспарын білеміз.

Сұхбат кезінде оқушы 8-9 сынып кезінде кез келген пән бойынша білімін тереңдеткісі келе ме немесе 9 сыныптан кетеді ме, мектептен шыққан соң не істейді, оған қандай өмір сүру қызықты және т.б. айқындауға болады.

9-10 сынып оқушыларының кәсіптік диагностикасының әдістері.

«Қызығушылық картасы»

Мәлімет; «Сендердің оқуды жалғастыруларыңа немесе қызықты жүмысқа түсулеріңе мүмкіндіктерің бар. Ол үшін сендерге мамандықты таңдауға көмектесу үшін, сұрақтар тізбесін ұсынамыз. Әрбір сұраққа жауап берместен бұрын ойланыңдар, әрі нақты дұрыс жауап беруге тырысыңдар. Егер сізге біз қойған сұрақ өте ұнайтын болса жауап парағының тұсына екі қосу белгісін қойыңыз, егер жай ұнайтын болса, онда бір қосу, егер білмейтін, күдіктенетін болсаңыз — нол; егер ұнамаса — алу; егер мүлде ұнамайтын болса екі алу белгісін қойыңыз.Әрбір сұраққа толық жауап беріңіз. Түсініксіз сұрақтарды сұрап алыңыз. Жауап парағын толтыру уақыты шектелмейді. (қосымша – 2)

Сұрақтар

Сіздер… ұнатасыздар ма?

1.Физика сабағын.

2.Математика сабағын.

  1. Химия сабағын.

4.Астрономия бойынша мақала немесе кітап оқығанды.              

5.Жануарларға тәжірибе жасау туралы оқығанды.

6.Дәрігерлер өмірі туралы оқығанды.

7.Ауыл  шаруашылық өсімдіктері  мен жануарлары туралы оқығанды.

  1. Орман (ағаштар) туралы оқығанды.
  2. Әлем әдебиеті класиктерінің шығармаларын оқығанды.

10.Газет-журналдар    оқығанды,    радио тыңдағанды, телехабарларды

     көгенді.

11.Тарих сабағын.

12.Театрларды, мұражайларды,  шығармашылық   көрмелерді

     тамашалағанды.

13.Геологиялық экспедиция  әдебиеттері туралы оқығанды.

14.Түрлі елдер,  олардың экономикасы, мемлекеттік       құрылымы       туралы 

     оқығанды.

  1. Жолдастарыңды қоғамдық жұмыстарды орындауға ұйымдастырып,

      оларды басқарғанды.

  1. Милиция жұмысы туралы оқығанды.
  2. Ұшқыштар, теңізшілер туралы  оқығанды.
  3. Тәрбиеші, жетекшілер жұмысы туралы оқығанды.
  4. Станоктар құрылысымен және жұмысымен танысқанды.
  5. Түстік тамақ дайындағанды.
  6. Құрылысшылар туралы оқығанды.
  7. Өзіңіз оқитын, жұмыс     істейтін, түратын          жеріңіздің         

      сәнімен айналысқанды.

  1. Техниканың қарқындылығы туралы оқығанды (Жас техник, Авто мир,

      За рулем және т.б.).

  1. Тұрмыстық электро және    радио приборлар құрылысымен

      танысқанды.

  1. Физика бойынша ғылыми   танымал жаңалықтарды, әдебиеттерді

      оқығанды.

  1. Математика бойынша ғылыми танымал жаңалықтарды,

      әдебиеттерді оқығанды.

  1. Химия төңрегінде болып    жатқан жаңалықтар   туралы  

      (журналдардан, радио-теле   хабарлардан   және   т.б.) білгенді.

  1. Космонавтар туралы телехабар  көргенді.
  2. Биологияны оқығанды.
  3. Аурудың пайда болуымен оны емдеу жолдарынмен қызыққанды.
  4. Ботаниканы оқығанды.
  5. Орманда, тоғайда уақыт өткізгенді.
  6. Сын-әдеби мақалаларды оқығанды
  7. Қоғамдық өмірде белсене араласқанды.
  8. Тарихи оқиға жайлы      кітаптар оқығанды.
  9. Симфоникалық музыка тыңдағанды.
  10. Жаңадан ашылған пайдалы қазбалар туралы білгенді.
  11. Географиялық жаңалықтар туралы  білгенді.
  12. Болып жатқан жағдайлар     мен жұмыстарды талқылау.
  13. Кішілердің немесе құрдастарыңның арасында тәртіпті қадалағанды.
  14. Ел ішінде саяхат жасағанды.
  15. Жолдастарыңа қиын тапсырманы шешуді, сөйлемді дұрыс жазуға

      және т.б. түсіндіргенді.

  1. Түрлі аспаптармен танысқанды.
  2. Үй шаруашылығы туралы сабақтар.
  3. Құрылыс саласында болып   жатқан жаңалықтар туралы білгенді.
  4. Фабрикаларға барғанды.
  5. Машина механизмдері құрылысымен танысқанды.
  6. Радиотехника саласында болып жатқан жаңалықтар туралы ғылыми

      танымал   журналдар, мақалалар

  1. Физикалық құбылыс теориясымен айнаылсқанды.
  2. Қиын математикалық тапсырмаларды шешкенді.
  3. Химия бойынша тәжірибе жүргізіп, химиялық реакция  барысын 

      қадағалағанды.

  1. Аспан әлемін қадағалағанды.
  2. Өсімдіктерді қадағалағанды.
  3. Жараланғанда алғашқы медициналық көмек көсеткенді, байлап 

      таңғанды және т.б.                                 

  1. Жануарларды өсіргенді оларға  қарағанды.
  2. Гербарии жинағанды.
  3. Әңгімелер және өлеңдер жазғанды.
  4. Басқа адамдардың мінезін,   өмірін бақылағанды.
  5. Тарихи үйірмелерге қатысқанды, өткен         уақыттағы        

      оқиғаларға материалдар іздегенді.

  1. Сахнаға шыққанды, хорда    өлең айтқанды.
  2. Минералдар жинағанды оның түзілуімен қызыққанды.
  3. Туған өлкенің табиғатын танып  білінеді.
  4. Мектепте қоғамдық мейрамды ұйымдастырғанды.
  5. Адамдардың мінезіне аса көңіл аударғанды.
  6. Автомобильге қызмет көрсеткенді, үйірмелеріне  (автошкола)

      қатысқанды.

  1. Кішкентай балдармен уақыт өткізгенді (оларға кітап оқып,

      көмектескенді. 

  1. Түрлі заттар мен     бөлшектерді  дайындағанды.
  2. Саяхат кезінде тамақты ұйымдастырғанды.
  3. Құрылыста болғанды.
  4. Киім тіккенді.
  5. Велисопед, тігін машинасы, сағаттар және т.б. механизмдерін жөндеп

      жинағанды.

  1. Тұрмыстық электр және  радио приборларды жөндегенді.
  2. Спорт секцияларында айналысқанды.
  3. Математикалық үйірмелерге қатысқанды.
  4. Түрлі сұйықтыр дайындап реактивтермен айналысқанды.
  5. Планета, галактика туралы оқығанды.
  6. Биология үйімелеріне қатысқанды.
  7. Ауруларға қарағанды, оларға көмек көрсетенді
  8. Табиғатты бақылағанды бақылау күнделігін жүргізгенді.
  9. Тал отырғызғанды және  оларға қарағанды.
  10. Библиографиялық сөздіктермен істегенді.
  11. Бір жұмыстан екінші жұмысқа тез қосылғанды.
  12. Тарихи тақырыптарда докладтар оқығанды.
  13. Музыкалық аспаптарда ойнағанды, сурет     салғанды     немесе    

      ағашты кескенді.

  1. Минералдардың түзілуін сипаттауды.
  2. Географиялық экспедицияларға қатысқанды.
  3. Халықаралық жағдайлар туралы хабарламалар айтуға шыққанды.
  4. Милиция қызметкерлеріне көмектескенді.
  5. Жас теңізшілер үйірмесіне қатысқанды.
  6. Тәрбиешінің (жетекшінің) айтқан жұмысын істегенді.
  7. Еңбек сабағы.
  8. Таныстарың киім  алып    жатқанда оларға ақыл-кеңес бергенді.
  9. Құрылысшы жұмысын бақылағанды.
  10. Тігін өндірісімен танысқанды.
  11. Ұшақ, кеме, корабль    жобаларын жасағанды.
  12. Электорприборларды және радио қабылдағыштарды жинағанды.
  13. Физика бойынша олипиадаларға қатысқанды
  14. Математикалық олимпиадаларға қатысқанды.
  15. Химия бойынша тапсырмаларды  шешкенді

100.Астрономиялық   үйірме жұмыстарына қатысқанды.

101.Жануарларға тәжірибе жүргізгенді.

102.Адам ағзасының функциясын және аурулардың    пайда    болуын   

       оқып үйренгенді.

103.Жаңа ауыл шаруашылық дақылдар алу мақсатында тәжірбие жүргізгенді.

104.Табиғатты      қорғау      ұйымының мүшесі болғанды.

105.Оқу   конференцияларына, диспуттарға қасысқанды.

  1. Өмірдегі оқиғаларды құбылыстарды талдағанды (қорытындылағанды).
  2. Еліміздің өткен өміріне қарауға.
  3. Мәдениеттің дамуының тарихына және  теориясына   қызығушылық

        білдіргенді.

  1. Берілген тапсырма бойынша қиын жұмыстарды, тапсырмаларды бастан

        өткергенді.

  1. Географиялық материалдар жинаумен айналысқанды, географиялық

       карталар құрғанды.

111.Түрлі   мемелекеттердің  саяси құрылысын оқығанды.

112.Юрист жұмысы. 

113.Жас  косманавт  үйімелеріне барғанды.

114.Мұғалім жұмысы.

  1. Зауыттарда болғанды.
  2. Адамдарға түрлі қызмет көсеткенді.
  3. Құрылыс жұмыстарына қатысқанды.
  4. Өндіріс тауарларының дайындалуымен танысқанды.
  5. Техникалық сызбалар мен схемалар.
  6. Көрсеткіштерді алу үшін   өлшеу  құралдарын пайдаланғанды.
  7. Физика бойынша тәжірибе жүргізгенді.
  8. Математикалық білімді ережені, формуланы талап ететін

        жұмыстарды орындау.

  1. Химиядан тәжірибе өту   кезінде  мұғалімге хабарлап отырғанды.
  2. Басқа планеталар туралы мәлімет жинағанды.
  3. Танымал, атақты биологтардың жұмыстары туралы оқығанды.
  4. Санитарлық ұйымның белсенді мүшесі болғанды.
  5. Еңбек құралдарына және    ауыл шаруашылық  машиналарына

        қарағанды.

  1. Орман шаруашылығының жүргізілуімен танысқанды.
  2. Сөйлемдердің және сөздердің пайда болуын оқып үйрену.
  3. Күнделік арнап, мектеп және қалалық газеттерге  ескертулер жазғанды.
  4. Басқа елдердің бұрынғы   тарихи кездерін оқығанды.
  5. Бір көрген киноны,  пьесаны, қойылымды қайталап көргенді.
  6. Атақты геологтар өмірі  және еңбектері туралы оқығанды.
  7. Біздің планетамыздың географиясын оқып үйренгенді.
  8. Танымал саясаткерлердің өмірі оқығанды.
  9. Досыңның, танысыңның және т.б. шешімін дұрыс бағалай білгенді.
  10. Жылжымалы құралдар туралы кітаптар оқығанды.
  11. Балаларды тәрбиелегенді және оқытқанды.
  12. Білікті жұмысшының іс   әрекетін қадағалағанды.
  13. Көптеген адамдармен араласқанды.
  14. Құрылыс объектілерін жобалағанды.
  15. Жеңіл өндіріс көрмелерін  тамашалағанды.
  16. Машиналарды жобалағанды, сызба жұмыстарын орындағанды.

 

Нәтижені өңдеу.

Оқушылар барлық сұрақтарға жауап бергеннен соң әр қатардағы қосу және белгілерін санаймыз. Әр қатар әр-түрлі іс әрекет сферасына сай келеді. Бірнеше (3-4) қосу белгілері көп қатарларды бөліп аламыз. Максималды қосу белгісі бар, жоспарланған іс әрекет сферасын көрсетеді, оны біріншіден оқушылардың қызығушылығының бағытын бағалауда есепке алған жөн. Егер қосу саны бірнеше қатарда бірдей болса, онда алу белгісі бар аз қатары басым болады.Тұжырымды қорытынды шығару үшін алу белгісі көп қатарға да көңіл аудару қажет. Көрсеткіштерді талдау барысы кезінде қосу және алу белгілерінің көлденең орналасуын да есепке алу керек. Жауап парағындағы бірінші екі қатар (1-ден — 48-ге дейінгі сұрақтар) жалпы беткі қызығушылықты көрсетеді. Одан кейінгі екі қатар (49-дан 96-ға дейін) оқушылардың икемділігі терең танып білуге ұмтылысының мазмұнын көрсетеді. Соңғы екі қатар (97-ден 144-ке дейін) белгілі бір дамыған іскерлік пен дағдының және икемділігінің бар екенін, практикалық іс әрекетке ұмтылысын көрсетеді.

Көленеңінен орналасқан қосу және алу белгілері қызығушылықтың қаншалықты екенін, икемділіктің көрінуі туралы ақпарат береді. Қосу белгілерінің көп болуы кәсіптік қызығушылықтың жақсы дамығанын көрсетеді. Қосудың аз алудың көп болуы кәсіптік және танымдық қызығушылықтың ұйымдастырылмағанын көрсетеді.

 «Қызығушылық картасы» жауап парағының қосымшасы.

(дешифратор)

1.  Физика.

15. Қоғамдық жұмыс.

2.  Математика.

16. Құқық.

3.  Химия.

17. Транспорт.

4.  Астрономия.

18.Педагогика.

5.  Биология.

19.Жұмысшы мамандықтары.

6.  Медицина.

20.Қызмет көрсету саласы.

7.  Ауыл шаруашылығы.

21.Құрлысшы.

8.  Орман шаруашылығы.

22.Орман өнеркәсібі.

9.  Филология.

23.Техника.

10. Журналистика.

24. Электротехника.

11. Тарих.

 

12. Өнер.

 

13.Геология.

 

14. География.

 

«Коммуникативті ұйымдастырушылық қабілеті»

әдістемесі.

Мәлімет; «Сіздер төменде келтірілген сұрақтарға жауап беруіңіз керек. Әр сұрақ бойынша еркін және сол сұрақ тұсына «+», «-» белгісін қойыңыз. Басқа ешқандай белгі қоймаңыз. Бұл жерде жақсы жаман жауаптар жоқ».

Сұрақтар:

1. Сіздің  әрдайым   араласатын достарыңыз көппе?

2. Көптеген жолдастарыңызды өзіңіздің шешіміңізді мойындайды ма?

3. Жолдастарыңыз сізді өкпелетіп қойса, сізді көп толғандырады ма?

4. Туындаған   критикалық  жағдайларда сізге бағдар (дұрыс бағыт)

    алу қиын ба?

5. Түрлі  адамдармен   танысуға ұмтылысыңыз бар ма?

6. Сізге  қоғамдық  жұмыстармен айналысқан ұнайды ма?

7. Сізге уақытты адамдармен емес, кітап немесе  басқа жұмыстармен

    айналысып өткізу ұнайды ма?

8. Жұмысыңызды  іске асыру кезінде қиындықтар  жолықса  сіз  оңай

    берілесіз бе?

9. Сіз өзіңізден жасы үлкен адамдармен оңай араласып кете аласыз ба?

10.Өзіңіздің жолдастарыңызбен түрлі қызықты ойын-сауықтарды,

     салтанатты кештерді ойлап тауып ұйымдастырғанды ұнатасыз ба?

    11. Жаңа қосылған ортаңызға сіңіп кету сізге қиын ба?

    12. Бүгінгі  бітіретін істі  ертеңге қалдырған күндеріңіз жиі  болған ба?

13. Бөтен адамдармен араласып кету сізге оңай ма?           

14.Жолдастарыңыздың сіздің айтқан  іс әрекетіңіз бойынша жұмыс

      жасауына талпындыңыз ба?

15.Жаңа үжымда қалыптасу сізге қиын ба?

16. Жолдастырыңыз    уәдесін,    міндетін орындамаған     жағдайларда                   

      сіздің олармен  араларыңызда түсініспеушілік болады ма?

17. Сәтті жағдайларда  жаңа  адаммен танысып араласуға ұмтыласыз ба?

              18.Жауапты жұмыстарды шешу кезінде сіз міндетті өзіңізге көп аласыз

              19.Сізді айналадағы адамдар жалықтырадыма, оңаша  қалғыңыз келеді?

               20.Сізге   түсініксіз   жағдайларда   дұрыс бағдар ала алмай қаласыз ба?

              21.Сізге әрдайым  адамдар  арасында болған ұнайды ма?

    22. Егер бастаған  ісіңізді  аяқтай  алмаи қалсаңыз сіз жаман күйде

      боласыз ба?

    23. Адаммен   танысу   кезінде   (егер   сіз бірінші    танысу    керек   

     болсаңыз) қысылып,  ұялып,  ыңғайсызданасыз ба?

    24. Жолдастарыңызбен жиі араласу сізді жалықтырады ма?

    25. Сіз ұжымдық  сауық шараларына қатысуды ұнатасызба?

26. Жолдастарыңызды толғандырып жүрген сұрақтарды шешу

      барысында сіз басымдылық көрсетесіз бе?

    27. Сіз өзіңізге жақсы таныс емес адамдар арасында сенімді емессіз?

    28. Өзіңіздің әділдігіңізді дәлелдеуге сіз сирек ұмтыласыз?

29. Сізге мүлде таныс емес жағдайды игеріп кетудің еш қиындығы жоқ?

30. Мектептегі   қоғамдық   жұмыстарыға  қатысасыз ба?

31.Өзіңіздің    таныс    адамдар    ортасын шектеуге(жолдастарыңыздың       

     көп емес болғанына) ұмтыласыз ба?

32.Сіздің пікіріңізді немесе шешіміңізді жолдастарыңыз бірден

     мақұлдамаған болса, оны  орындатуға  сіз ұмтылмайсыз?

33.Сізге таныс емес ортада  өзіңізді ығайсыз сезінесізбе?

34. Жолдастарыңызға түрлі шараларды ұйымдастыруға   белсене  

      араласасызба?

35. Көпшілік         адамдар         арасында сөйлегенде     өзіңізді     сенімді    

      әрі ұстамды ұстай білесіз бе?

36. Іс жұмыстар мен кездесулерге сіз жиі кешігесіз бе?

37. Сіздің жолдастарыңыздың көп екен, сол рас па?

38. Сіз өзіңіздің   жолдастарыңыздың арасында әрдайым белсендісіз  бе?

39. Онша  таныс емес адамдар мен араласқанда сіз жиі өзіңізді

      ыңғайсызсезініп, қобалжисыз ба?

40.Жолдастарыңыздың үлкен ортасында сіз өзіңізді сенімді сезінесіз бе?

 

Диагностикалық  сұхбаттың  жауап парағы

1

11

21

2

12

22

3

13

23

4

14

24

5

15

25

6

16

26

7

17

27

8

18

28

9

19

29

10

20

30

Нәтижені өңдеу.

Жауап парағындағы көрсеткіштерді сандық өңдеу үшін, жауап нақты дұрыс берілген жауабы болу керек (дешифратор). Ол жерде коммуникативті немесе ұйымдастырушылық дәрежесі айқындалады. Дешифратор көмегімен сай келген сұрақтар алынады. Коммуникативті немесе ұйымдастырушылық икемділігінің бағалы коэффициенті (К), әр тараудағы мүмкін болатын санның (20) сай келуінде байланысты.

                                                   Xk                          X0

                                         Кк =——-   және  К0 =——-:

                                                   20                           20

мұнда, К — бағалау коэффициентінің өлшемі; Хк және Хо — дешифратор жауабымен сай келгендер.

КҰҚ әдістемесінің дешифраторы.

Коммуникативті икемділіктер.             Ұйымдастырушылық икемділіктері.

1 +

11-

21 +

31-

 

2 +

12-

22 +

32-

3-

13 +

23-

33 +

 

4-

14 +

24-

34 +

5 +

15-

25 +

35-

 

 6 +

16-

26 +

36-

7-

17 +

27 +

37 +

 

 8-

  18 +

28-

 38+

9 +

19-

29 +

39 —

 

10+

20-

30 +

40-

 

Нәтижені бағалау.

Бұл әдіс бойынша алынған көрсеткіштер 0-ден 1-ге дейін (вариант), 1-ге жақын көрсеткіш коммуникативті және ұйымдастырушылық қабілетінің жоғары деңгейін, 0-ге дейін жақын — төменгі деңгейді көрсетеді. Бағалау коэффициенті — бұл зерттеудегі көрсеткіштердің алғашқы сипаттамасы. Нәтиженің сапалы болуы үшін бағалау шкаласы қолданылады.

 

Коммуникативті икемділіктерді бағалау шкаласы.

К

О

Коммуникативті икемділіктердің     айқындалу деңгейі.

0,10-0,45

1

Төмен

0,46 — 0,55

2

Ортадан төмен

0,56 — 0,65

3

Орташа

0,66 — 0,75

4

Жоғары

0,76 — 1

5

Өте жоғары

 

Ұйымдастырушылық икемділіктерді бағалау шкаласы.

К

О

Ұйымдастырушылық   Икемділіктердің    айқындалу деңгейі.

0,20-0,55

1

Төмен

0,56 — 0,65

2

Ортадан төмен

0,66 — 0,70

3

Орташа

0,71-0,80

4

Жоғары

0,81-1

5

Өте жоғары

 Мектеп бітірушілердің икемділіктерін кәсіптік айқындау.

11  сынып оқушыларына төмендегі келтірілген 50 іс-әрекетті мұқият оқып шығуды ұсыныңыз. Оларды сұраққа жауап беруге сұраныңыз және оны балл түрінде бағалаңыз. Сұрақтар барлық іс-әрекетті қамтиды.

Іс-әрекет түрлері:

 

1. Әр түрлі  текстерден,  мақалалардан мәлімет алып оны белгілі бір орны

   бойынша    жинақтау.    (материалдар жинау)

2. Физика     пәнінде     лабораториялық жұмысты          орындау         

    кезінде  тәжірибелік   жұмыстарды   орындау (схемаларды құрастыру

    және жинау, олардағы        ақауларды        жөндеу, прибордың және т.б. 

    жұмыс  істеу принциптерін білу).

 

3. Ұзақ  уақыт  бойы  (1   жылдан  аса) өсімдіктердің      дамуын,        өсуін

    қамтамасыз  ететін  (суғару,   орнын ауыстырып      қондыру,      тыңайту)

   барлық   жұмыстарды  өзіндік, шыдамды түрде атқару.

4. Әңгімелер, өлеңдер   шығару, қызықты шығармалар жазу.

5. Өзінің айналасына ашуын, өкпесін, жаман көңіл күйін көрсетпеу, өзін-  

    өзі ұстау.

7. Физика  бойынша  тапсырмаларды шешу, физикалық процестерді  және

    заңдылықтарды білу.

8. Өсіп (дамып) жатқан өсімдікке ұдайы бақылау  жүргізу  және 

    көрсетілген мәліметтерді      күнделікке     жазып отыру.

9. Жіптен,      кепкен      өсімдіктерден, металлдан, материалдан, ағаштан

    өз қолыңмен әдемі бұйымдарды жасау.

10.Кез-келген  адамға,  ол  бір  нәрсені білгісі       келсе,       бірнеше       рет

     қайталауыңыз   керек   болса   да   еш қиналусыз, шыдамды түсіндіру.

11. Қазақ    тілі,    әдебиеттер    бойынша жазылған жазбаша     жұмыстарда

     қателерді оңай табу.

12.Химия    бойынша    тапсырмаларды шешу,   химиялық      процестерді,

     химиялық элемент қасиеттерін білу.

13.Түрлі   өсімдіктердің    даму ерекшеліктерін   және   оны   сыртқы

     түрлерін ажырату.

14.Атақты  графика,   ескерткіштерді, суреттерді    қайта    салу    өнерімен

     айналысу.

15. Әрқашан    да    және    үнемі    түрлі адамдармен арласу.

16. Шет тілі сабағында сұрақтарға жауап беру, сұрақтар қою, тексті,

     тақырып бойынша әңгімелерді айтып беру.

17.Қандайда бір механизмдерді (мотоцикл, велисопед), электротехникалық       

     приборларды (шаңсорғыш, үтік) жөнедей білу.

18.Өзінің   бос   уақытысының   көбісін жануарларды  асырап  және  

     оларды бағумен айналысу.

19.Өз жолдастары   және  үлкендер арасындағы өзінің өлеңдерін, әндерін

     шығару.

20. Адамдарды  сөзінен  бөлмей, шыдамды, мұқият тыңдау.

21. Шет тілі сабағында тапсырмаларды орындау  барысында ешбір

      қиындықсыз шет   тілі текстерімен жұмыс істеу.

22. Электрондық     аппараттарды (телевизор,   магнитофон, қабылдағыш)        

      жөндеу  және пайдалану.

23. Үлкендердің айқанынсыз жануарларды қарау және  күту жұмыстарын:

      тамақтандыру, тазалау, емдеу, үйрету атқару.

24. Көпшілік, көремендер арасында түрлі ролдерді ойнау, бейнелеу,

      өлеңдерді оқу және т.б. жасау.

25. Кішкене   жастағы   балаларды   іске, ойынға қатыстыру.

26. Формуланы,  заңдылықтарды, теоремаларды    пайдалана    отырып

      логикалық  ойды  талап ететін математикалық,  химиялық

      тапсырмаларды орындау.

27. Құлыптарды,   крандарды, жиһаздарды, ойыншықтарды жөндеу.

28. Жан-жануарлар  түрін (тұқымын, парода); аттардың,   құстардың,  балық тардың, насекомдардың ажырата  білу;  олардың сыртқы сипатын  білу.

29.Жазушыны   драматургтың, суретшінің,    режиссердің,    актердің

     жасаған жұмысының талантылығын (немесе керісінше) айқын көру;

     оны ауызша  немесе   жазбаша   түрде  жеткізе білу.

30. Адамдарды жұмыстарға, қанадайда бір  мерекелік шараларға

      ұйымдастыра білу.

31. Математикалық   формула, заңдылықтар және оларды қолдану жағынан

     жоғары білімді талап ететін, математикалық  тапсырмаларды шешу.

32. Жақсы  қоғалысты  қолдың икемділігін  талап  ететін жұмыстарды;

     станокта жұмыс істеу, электрлік тігін машинасында жұмыс жасау, майда

     бөлшектерден тұратын  бұйымдарды жөндеу, жинау.

33.Өсімдіктегі,    жануардағы    өзгерісті сыртқы  түрінен  немесе  оның 

     жай күйін бірден байқау.

34.Музыкалық саймандарда  ойнау, көпшілік орында өлеңдер айту, би

     билеу.

35.Түрлі адамдармен міндетті араласуды талап ететін жұмыстарды

     орындау.

36. Көрсеткіштерді есептеу және сандық есеп     (формула     бойынша    

      және формуласыз)       жүргізу,       осының негізінде      түрлі     

      заңдылықтарды, нәтижелерді шығару.

37.Бөлшектерден    моделді,    бұйымды, жаңа     нәрсені     құрастыру    

     және конструкциялау.

38.Биология, ботаника,   зоология бойынша   тереңдеп    оқып    үйрену

    (ғылыми   әдебиеттерді,   лекциялар, ғылыми баяндамалар тыңдау).

39.Жаңа   нәрселерді   конструкциялау, қағазда    және    түпнұсқада    жаңа

     киімдерді,   әшекейлерді   және   т.б. нәрселерді келтіру.

40. Адамдарға  әсер   ете   білу; қайшылықтарды   болдырмау,   ұрыс-

      керістерді шешу.

41. Шартты   таңбалы   ақпараттар   мен жұмыс   жасау;   Картаны,  

      схеманы, сызба жұмыстарын салу, құрастыру.

42. Заттардың, фигуралардың, кеңістікте орналасуын елестетуді талап

      ететін тапсырмаларды орындау.

   43. Биологиялық      үйірмелерде,      зоо үйірмелерде  және  т.б  үйірмелерде

         оқу.

44.Басқаларға  қарағанда  тез,  жылдам қарапайым нәрседен, таң қаларлық

     өзгешелікті көре білу.

45.Адамдардың (алыс адамдар болса да) көңіл, олардың проблемасын

     түсіну, оларға    қолдан     келгенше     көмек көрсету.

46.Іс-қағаздары жұмысын: жазу, көшіру, есептеу,   тексеру,   шығару  

     қатесіз ұқыпты орындау.

47.Математикалық,  логикалық, техникалық  тапсырмалардың қарапайым,

     қысқа, жылдам шешімін таңдау.

48.Өсімдіктермен,    жануарлармен    ауа райы       жағдайларына,      

     ластыққа қарамай жұмысты қиналмай атқару.

49. Жасалынып жатқан еңбекті ұқыпты, күтімді тиянақты орындау.

50. Өзінің ойын ашық хабарлап жеткізе білу.

 

Ал енді балалар олардың іс әрекетін сипаттайтын бағалау шкаласын қойып

шықсын.

 

  1. Сіздің өзіңіз таңдаған іс -әректті орындау қаншаықты қолыңыздан келеді?

— әрине, ойдағыдай, жақсы — 2,

— орта атқарамын,

— нашар, (оншалықты емес).

  1. Сіз жұмысты атқарып жатқан кезіңізде өзіңізді қандай күйде

сезінесіз?— ойдағыдай, (жақсы, қызықты, жеңіл) — 2

— онша емес, (бәрі бір) — 1,

— жақсы емес, (жақсы емес, қызық емес, қиын) — 0.

  1. Осы іс әрекет   түрі    сіздің    болашақ   өміріңіздегі   

жұмысыңызға қосылғанын қалайсыз ба?

— Иә — 2,

— Маған бәрі бір — 1 -Жоқ-0.

Балл түріндегі өзінің бағасын балалар жауап парағына енгізу керек (сұрақ номері мен жауап номері сай келеді). Әр клетка үш сұрақ бойынша балды қойыңдар. Әр бір сұраққа жауап берер алдын алдымен «іскерлікті» (1), одан кейін «қарым қатнасты» (2), соңында «мақсат-мұратты» (3) бағалау керек. Осы ретпен бағалау баллдары қойылады.

Егерде балалар келтірілген сұрақтармен таныс болмаса, онда екі алғашқы сұрақты (1) және (2) қалдырып (сызықша қойып), үшіншісіне жауап беруге болады. Сұрақтарды оқи отырып «сирек», «оңай» және т.б. сөздерге көңіл аудару қажет. Жауаптар осы сөздердің мағынасын есепке алу керек.

Егерде келтірілген бірнеше іс әрекеттен біреуін болсада жасай алатын болса, онда оқушылар оны үш түрлі бағамен есептейді.

Тапсырманы мұқият, асықпай орында.

Нәтижені өңдеу.

Нәтижені өңдеу жұмысы кезінде жауап парағының (қосымша-3) оқушылар іскерлікке 0 балл немесе сызықша қойылған сұрақты танып алыңыз. Мұндай жағдайда қалған екі сұраққа қойылған балл суммалары есепке алынбайды. Олар әрбір іс әрекет сферасын сапалы талдау кезінде ғана есепке алынады. Оқушының әрбір кәсіптік іс әрекетінің «мақсат-мұратынан» бөлек, «қарым қатынасынан» бөлек, «іскерлігінен» бөлек жинаған баллдарының жалпы суммасын есептейміз. Нәтижесінде оқушылардың қандай мамандық сферасына қызығатынын байқаймыз. Нәтижені нақты бағалау кезінде оқушының кызығушылығы, икемділігі туралы қосымша ақпарат аламыз.

Экстраверсия — интраверсия анықтау әдістемесі.

Жұмыс мақсатын түсіндермей балаларға төмендегі мәліметті беріңдер: «Жауап парағын алған соң, сіздер бірінші сұраққа жауап беріп сұрақ номерін қоса дәптеріңізге жауап белгілейсіз. Осылай кезекпен кезек сұрақтарға жауап бересіз. Сұрақтарға тек «иә» немесе «жоқ» деп жауап бересіз. Сұрақтарға жауап беру кезінде; «Басқа келген алғашқы жауап, әрине, дұрысы болып саналады». Оқушыларға сұрақ жазылған бланканы тартыңыздар және жұмысқа кірісуге тапсырма беріңіздер. Сұрақ парақшасы 57 сұрақты қамтиды, оның ішінде 24 — Э-И (экстраверсия-интраверсия) шкаласы бойынша, 24 Н (неитроизм) шкаласы және 9 Ж (жалған) шкаласы бойынша.

Сұрақтар

1.  Жаңалыққа (идеяға) сіз бірден «ояна», сергек  күймен  қарайсыз    ба?

     (Жаңалықты тез қабылдай аласыз ба).

2   Сізді түсінетін, көңіліңізді аулайтын, ойыңзды                              

     растайтын жолдастарыңызды қажет етесіз бе?

3.

4.  Сіз «жоқ» деп жауап беруге қиналасыз ба?

5.  Сіз    алдымен    шешім    қабылдаудан бұрын ойланасыз ба?

6.  Сіз егерде бір нәрсені орындауға уәде берсеңіз әрқашанда, уәдеңізде  

     тұра аласызба? (ол сізге қаншалықты қиын, әрі   жайсыз   болсада,  

     уақытыңызды алатын болсада)

7.  Сіздің көңіл — күйіңіз жиі көтеріле ме?

8.  Сіз   ойланбай,   тез   сөйлейсіз   және шешім қабылдайсыз ба?

9.  Сіз ешбір себепсізден себепсіз өзіңізді бақытсыз сезінесіз бе?

10. Бәсеке (спор) үшін сіз бәріне барасыз ба?

11. Сіз   бөтен   әдемі   қызбен   (жігітпен) танысқан     кезде     ұялып,    

     өзіңізді ығайсыз сезінесіз бе?

12.Сіз кейде ашуланып, өзіңізді ұстай алмай қаласыз ба?

13.Өзіңіздің бір сәттік көңіл күйіңізге қарай   жұмыс   жасайсыз   ба?  

     (көңіл күйің  қалай   болса  жұмысты  солай істейсіз)

14. Егер    сіз    болып    қойған    тірлікке біреуге     жасамауға     және    

     айтуға болмайтын    сөз айтып қойсаңыз, сіз оған   ұзақ   уақыт  

     көңіліңізде   ұстап (уайымдап) жүресіз.

15.Сіз адамдармен кездесуге қарағанда кітаптарды оқығанды ұнатасыз ба?

16. Сіз ренжіту оңай ма?

17. Сіз көпшілік (компанияда) арасында жиі болғанды ұнатасыз ба?

18. Сіздің   кейде   басқалардан   жасырып қалатын ойларыңыз болды ма?

19. Сіз кейде өзіңізді өте қуатты сезініп барлығы    сіздің    қолыңызда   

     сияқты сезінесіз, немесе тіпті керісінше ме?

20.Сіз өзіңізге көп жолдастарға қарағанда аз    болса    да    жақын   

     достарыңыз болғанын қалайсыз ба? (жүз сомың болғанша жүз досың

     болсын)

21. Сіз жиі армандайсыз ба?

22. Сізге айқайласа сіз де солай жауап қайтарасыз?

23. Сіз өзіңізді жиі кінәлі санайсыз ба?

24. Сіздің    барлық    мінезіңіз,     істеген істеріңіз жақсы әрі тартымды?

25. Өз   көңіліңізге   ерік   беріп   көпшілік (компанияда)        арасында       

      көңіл көтергенді ұнатасыз.

26. Өзіңізді   сезімтал   және   нәзік   адам санайсыз ба?

27. Сізді көңілді сергек адам деп санайды ма?

28. Сіз     егерде     маңызды     жұмысты бітірсеңіз, оны одан да жақсы

      атқаруға болатын еді деп ойлайсыз ба?

29. Көпшілік   орында   (ортада)   сіз   көп сөйлемейсіз бе?

30. Сіз    кейде    артық    әңгіме    (өсек) айтасыз?

31. Сіз кейде басыңызға әр түрлі ойлар келе бергендіктен ұйықтай

      алмайсыз ба?

32. Сіз   егерде   қандай   да   бір   нәрсені білгіңіз келсе, оны оқып аласыз

      ба немесе сұрап аласыз ба?

33.Сіздің    жүрегіңіз    қатырақ    соққан кездері болады ма?

34. Сізге үнемі ұқыптылықты талап ететін жұмыс ұнайды ма?

35. Сіздің қорыққан сәттеріңіз болған ба? (приступ)

36. Егер   тексеруден   қорықпасаңыз   сіз өзіңіздің жүгіңізге ақша төлейтін

     бе едіңіз?

37. Сізге  бір -бірімен әзілдесіп,  бірін-бірі мазақ етіп отыратын орта

      ұнайды ма?

38. Сіз тартымды емессіз?

39. Сізге    жылдамдықты   талап  ететін жұмысты атқару ұнайды ма?

40. Сізді болып қалатындай келеңсіз істер мазалайды?

41. Сіз асықпай жай жүресіз бе?

42.Сіздің   жұмысқа   немесе   кездесуге кешіккен кездеріңіз болды ма?

43.Сіздің түсіңізге қорқынышты түстер жиі кіреді?

44. Сіз әңгіме айтқанды жақсы көресіз, бөтен   адамдар   мен   сөйлесіп  

      қалу (араласу) мүмкіндігін жібермейтініңіз рас па?

45. Сізді      қандай      болсын      аурулар ойландырады ма?

46. Егер сізді адамдармен араластырмай қойса онда сіз өзіңізді өте

      бақытты сезінесіз бе?

47. Сіз өзіңізді шыдамызбын  (нервныи) деп айта аласыз ба?

48. Сіздің    таныстарыңыздың    арасында сізге ұнамайтыны бар ма?

49. Сіз өзіңізге өзіңіз сенімдімін деп айта аласыз ба?

50. Егер   сізге   жұмысыңыздағы   немесе жеке қателіктеріңізді көрсетсе

      сіз тез өкпелеп қаласыз?

51.Көңіл көтеру кештерінен шындап қанағаттануқиын  деп санайсыз.

52. Сіз басқаларға қарағанда өзіңді төмен санау толғандырады ма?

53.Сізге қызықты емес топтардың көңіл күйін көтеру өте оңай ма?

54. Сіз    өзіңіз    түсінбейтін    нәрселерді айтқан кездеріңіз болған ба?

55. Сізді    өзіңіздің   денсаулығыңыз толғандырады ма?

56. Сіз   басқа   біреуге   күлгенді (мазақтағанды) жақсы көресіз бе?

57.  Сізді  ұйқысыз  түндер   мазалайды ма?

 

Сұрақша «кілті».

 

Ж

 

Ия

6

24

36

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоқ

12

18

30

42

48

54

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Э-И

Ия

1

3

8

10

13

17

22

25

27

39

44

46

49

53

56

Жоқ

5

15

20

29

32

34

37

41

51

 

 

 

 

 

 

 

Б

Ия

2

4

9

7

11

14

16

19

21

23

26

28

 

 

 

Жоқ

31

33

35

38

40

43

45

47

50

52

55

57

 

 

 

 

 Нәтижені өңдеу.

Зерттеу нәтижесін өңдеу келтірілген «кілт» көмегімен өңделеді. Оқушылардың экстрарлығын Э-И шкаласы бойынша 12 баллдан жоғары көрсеткіші, 12 баллдан төмен шкала интровертивтілігін көрсетеді. Бейтарап жағдай 12 баллдан жоғары шкаланы көрсеткен жағдайда болады. 4-5 баллдағы көрсеткіш жалған (Ж) шкаланы көрсетеді. Ол тек шеткі (критический) жағдайларда ғана қолданылады. Ж шкаласы оқушы мінез құлқын көрсеткіш индикатор болып табылады көруге болады.Оқушының арманы мектеп қабырғасын бітіріп оқу орнына түсу, мамандық таңдау. Ол қай мамандықты таңдасам екен деп адасуы мүмкін. Осы жерде тағы бір — әдісті ұсынуға болады. Осы жерде оларға, олардың ата-аналарына бірден-бір бағыт беруші кәсіптік икемділігін, мамандыққа қызығуын зерттеуге арналған кәсіптік бағдарлама кітапшалары (қосымшалар — 4, 4.1.) жәрдем бере алады. Кәсіптік бағдарлама кітапшасының мақсаты, оқушыларға, олардың ата-анасына кәсіп таңдауына нақтылы ұсыныстармен жәрдем беру. Оқушының қызығушылығын, дүниетанымын және т.б. мүмкіндіктерін айқындау. Мектеп қабырғасын бітіргенде оның мамандықты саналы таңдауына көмек беру. Кітапша барлық пән мүғалімдермен сынып жетекшілері, ата-аналар бақылауымен зерттеледі. Мұнда оқушыларды жан-жақты зерттеу қарастырылған. Кәсіптік бағдарлама кітапшаларын зерттеу жұмысымызда да қолданып оң нәтижелерге қол жеткіздік.

Оқушылармен         жүргізілген,         сұхбаттар,         анкеталық, диагностикалық сауалнамалар, әдістемелердің қажеттілігі зерттеу барысында тиімді екені анықталып, нақтыланды.

Оңтүстік Қазақстан облысында 12 аудан (ауылдық); Қазғұрт, Арыс, Бәйдібек,  Мақтаарал, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Созақ, Төлеби, Түлкібас, Шардара және 8 қала; Шымкент, Арыс, Кентау, Түркістан, Жетісай, Сарыағаш, Ленгер және Шардара бар.

Бүкіл облыстағы мектептер санын — 967 болатын болса оның 801-і ауылдық жерлерде орналасқан, оның ішінде орта мектеп — 689; ішкі оқыту мектебі — 143; бастауыш мектеп — 135 құрап отыр. Оларда барлығы 515 871 оқушы, орта мектептерде — 474 855; ішкі мектептерде — 31915; бастауыш мектептерде — 8 353 сандықты көрсетуде. Орта мектептегі оқушылар саны -34479, үздік бітіргендері — 1115, ішкі мектептер — 49380, үздік бітіргендері -2029.

Мектеп жасына дейінгі орындары — 103, ондағы балалар — 13953. Кешкі мектептер — 5 оларда балалар — 2610;

Шағын мектептер — 240, оның ішінде — 131 орта, ішкі — 27, бастауыш — 82 құрайды.

Кәсіптік техникалық мектептер — 21, оларда 9096 бала оқиды. ( 10 көмекші қосалқы мектер бар. Облыс бойынша 3 Мектепаралық оқу-өндірістік комбинаттары бар. Оның екеуі Шымкент қаласында, біреуі Отырар ауданында.

Соңғы жылдары облысымызда дипломды жұмыссыздардың көбейіп кеткені жөнінде жиі жазылып та айтылып та жүр. Сонда да бір бірінен аумай қалған мамандарды даярлауды және сол мамандық бойынша оқуды да қоймай келеміз. Былтыр облысымызда меншіктің түрлі формасындағы 29 оқу орны мен олардың филиалдары, 24 колледж, 21 кәсіптік-техникалық мектеп бар-ды. 2007 жылы Жоғарғы Оқу Орны (ЖОО) 11176, колледжде 3210, кәсіптік мектептерде 3212 жас қабылданып оқыды. 2001 жылы 1 қаңтарында жоғарғы оқу орны 47427, колледждерде 11687, кәсіптік-техникалық мектептерде 8520 жас білім алды. Жалпы бұл жылы облыстағы мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орындарында 61782 жас оқыған екен. Ал биылғы жылы 2002 жылдың өзінде атары белгісіз қаншама оқу орындары ашылды.

Даярланып жатқан кадрлар қазіргі еңбек рыногінде сұранысқа ие ме? Мамандықтар мен кәсіптер тізіміне жасалған талдаулар бірқатар жоғарғы оқу орындары мамандықтарының бірін бірі қайталайтындығын көрсетеді. Олардың көпшілігінде кадрлар гуманитарлық бағдардағы экономикалық және заң мамандықтарына басымдылық беріле отырып даярланады. Мемлекеттік оқу орындарын алып көрелік. «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша 7 ЖОО-ның алтауында, «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша үш ЖОО-да даярланады. «Экономикалық бухгалтерлік және бақылау» мамандығы бойынша 13 колледждің алтауында. «Қаржы және несие» мамандығы 4 ЖОО мен 2 колледжде, «Кеден-ісі» мамандығы бойынша 54 ЖОО мен 3 колледжде, «Құқықтану» мамандығы бойынша 5 ЖОО мен 3 колледжде, «Банк-ісі» 3 колледжде даярланады екен. Бұл жерде тек мемлекеттік оқу орындарын айтып жатырмыз. Осы жоғарғы оқу орнын бітірген жастардың барлығы жұмысқа орналасып кете ала ма?

Университеттен болсын мектептен болсын белгілі бір мамандық алғандар қазіргі еңбек рыногы жағдайына бейімделмей шығуы, содан барып дипломды жұмыссыздар қатарын толықтыра түсуде. Қазір шамамен 193 бухгалтер, 202 инженер, 159 мұғалім, 182 мейірбике, 83 экономист жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр екен. Бұл тек ресми мәліметтер.

Үстіміздегі жылы Республика мектептерін 140031 түлек бітіріп шықты оның 122-і «Алтын белгі» иегері болса, 75-і халық шаруашылығы және республика пән олимпидаларының және ғылыми жобалардың жүлдегерлері. Соның биыл Республика бойынша 124415 түлек ЖОО-на құжаттар тапсырды (2006 жылы — 43 мың, 2000 жылы — 103 мың, 2007 жылы — 142 мың). Күндізгі оқу нысаны бойынша — 104300 өтініш, сырттай оқу нысаны бойынша — 11269 өтініш, оқудың жеделдетілген нысаны бойынша — 8846 өтініш берілген. Бұл сандарға үңілсек талапкерлер биыл түлектер санының — 88,8% құрайды. (2006 жылы — 53%, 2007 жылы — 68%) Осы түлектердің 25 мыңы грант және несие жүйесі бойынша ЖОО-на түсуі тиіс.Олардың 30 %-і екі деген бағаға алды. Тек 311 талапкер ғана өте жоғары деген балл жинады. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы мамандығына сұраныс біршама артқанын көрсетеді.

Мамандықтар ішінде конкурсы ең жоғары болған мыналар; қаржы және несие — қазақ бөлімінде бір орынға 57,3 талапкер, орыс бөлімінде — 66,7; бухгалтерлік есеп және аудит — 28,5 және 34,8; кеден-ісі — 29,4 және 22,6; әлемдік экономика — 13,1 және 24,5; ақпараттық жүйелер -9,6 және 15,8.

Педагогикалық мамандықтар бойынша; тарих және география — қазақ бөлімінде бір орынға 25,6 талапкер. Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі — 23. Шет тілі (ағылшын тілі) — 19,3.

Биылғы жылы талапкерлердің жол қатынасын ұйымдастыру (әр бір орынға 32,3 қазақ бөлімі, 17,5 — орыс бөлімі. Есептеуіш техника мен желілерді бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету (6,8 және 15,4), мұнай, газ және көмірдің химиялық технологиясы (16,4 және 5,8) сондай-ақ„мұнай мен газ кен орындарын игеру. Мұнай мен газ геологиясы сияқты инженерлік -технологиялық мамандықтарға да қызығушылықтардың артқанын байқауға болады.

Қысқасы Республика бойынша бір орынға 4-9 үміткерден келеді. Ендігі мақсатымыз осы болашақ мамандарды жұмысқа орналастыру мәселесі тұр. Оңтүстік Қазақстан облысында дәл бүгінгі күні 73 біріккен және шетелдік кәсіпорындар 9415 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп жұмыс істеп жатыр. Кәсіпорындар негізін мұнай өңдеу, цемент, фармацевтік препарат, киім, жиһаз, темекі өнімдері, тоқыма бұйым, сусын шығарудың технологиялық жабдықтарын, монтаждау мен құрылыс жұмыстарына қызметке шоғырландыруда.

Облысымыз жұмыс қолы жетіп артылатын аумақтың бірі болып саналады. Кәсіптік бағдар беру кезінде аудан, аймақ ерекшеліктерінде де есепке алу керек. Әр ауданның өзіне қажетті мамандары даярлануы қажет. Мысалы, Арыс қаласын алатын болсақ, ол жерге негізінде теміржол станциясы болғандықтан (қаласының өзінде) түрлі механиктер мен жөндеушілерді талап етеді.    Ал,    ауылдық    жерлеріне    келетін    болсақ    ол    аймақ    егін,    малшаруашылығымен айналысатын болғандықтан жерге түрлі ауыл шаруашылық мамандықтары қажет (Мал дәрігері, Фермер, Ауыл шаруашылық, силикатты қосындылармен жұмыс жасайтын және т.б.).

2006 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша облыстағы еңбек ресурстары 1019,2 мың адамды құрады. Бұл жергілікті тұрғындардың 51,6 %-і. Облысымызда жүз мыңнан астам жұмыспен қамтылмаған адам бар. Жұмыспен кемуі мен еңбек рыногындағы проблемалардың негізгі себебі-бос жұмысшы күштеріне деген сұранстың азюынан болып отыр. Айталық, 2001 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша әрбір бос орынға 19 жұмыссыздан келген екен. Облыстың еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қамту департаментінде 2007 жылдың 1 шілдеге дейін тіркелген жоғары білімді жұмыссыздар саны 16324 адам, олардың арасында мамандығы, жұмыс стажы бола тұра жұмысын еріксіз жоғалтқандар 2600 адамға жеткен.

Еңбек нарығындағы қатаң бәсекелестік жағдайында жастарды жұмыссыздық мәселесі ұдайы алаңдатуда. ҚР-да ресми тіркелген жұмыссыздар саны 2007 жылдың аяғында 251381 адамды немесе халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 3,9 пайызын құраса, оның ішінде жастар 72679 адамды немесе 28,9 пайызды құрады. Жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіштері жөнінен Қызылордада алда болып отыр (4187 жұмыссыз жастар немесе облыс бойынша ресми жұмыссыздардың 42,3 пайызы), Атырау (4387 адам және сәйкесінше 33,1 пайыз), Маңғыстау (6681 адам немесе 36,8 пайыз), Жамбыл (3154 адам немесе 32,5 пайыз), Шығыс Қазақстан (11130 адам немесе 31,1 пайыз), Оңтүстік Қазақстан (5606 адам немесе 29,9 пайыз) және Қарағанды (5726 адам немесе 29,6 пайыз). Негізінен жұмыссыздар қатарын кәсіби жұмыс тәжірибесі шамалы жастар толықтыруда. Мысалы, жұмыс тәжірибесі 1 жылдан 5 жылға дейінгі жұмыссыз жастар 22,3 пайызды құраса, 5-10 жыл арасындағылар 22,6 пайыз, 10 жылдан жоғарғылар 10,4 пайызда құрайды. Жұмыспен қамту қызметінің көмегімен 2007 жылдың 1 жарты жылдығында өтініш білдірген жастар арасынан 17,7 мыңы (салыстыру үшін 2006 жылдың осы кезеңінде 10,5 мыңы) жұмысқа орнасатырылып, жастарды жұмысқа орналастыру  деңгейі  26,2   пайызды  көрсетіп   отыр  және  бұл  Республика бойынша тұтас алғандағы көрсеткіштен 0,5 пайызға төмен. Жұмыссыз жастарды әлуметтік қолдаудың тағы бір белсенді нысаны кәсіби дайындық, қайта даярлау мен жұмыссыздардың біліктілігін арттыру болып табылады. 2000 жылдың бір жарты жылдығында жұмыспен қамту қызметінің көмегімен бар болғаны 2,3 мың жұмыссыз жас азамат оқумен қайта даярлаудан өтті.

Президентіміз Н.А. Назарбаев соңғы қойылған талаптарының бірі — ол ауылдық жерлерді көтеру. Жұмыссыздық мәселесі ауылдық жерлерді айналып өтпеген. 2007 жылдың бір жарты жылдығында ауылдық жерлерде жас жұмыссыздардың саны 21,1 мың болып, барлық жас азаматтардың 31,2 пайызын құрады.

Жастардың жұмысқа орналасуына кедергі келтіретін негізгі себебіне (жастардың бағалауынша) мынаны: тұрғылықты аудандар жұмыс орындарының жоқтығы (49,3 пайыз) жатқызылды. Мұндай бағалау әскери қызметшілерге 59 пайыз, мемлекеттік қызметшілерге 53,7 пайыз, жұмыссыздарға 53,6 пайыз, ғылым, білім және мәдениет саласының қызметкерлеріне 54,5 пайыз және ауылдық аумақтар мен шағын қалалардың жастарына 54 пайыз қатысты болып отыр.

ЖОО-ның 2006-2007 жылдар арасындағы салыстырмалы өзгеріс саны 51-ге көбейді. Ал тек мемлекеттік ЖОО-да дәріс алатындардың саны 99535 адамды құрайды. Статистика мәліметтері жоғары білімді адамдардың анағұрлым көбейгендігін көрсетеді. 2006/2007 оқу жылының өзінде-ақ ҚР-ның жоғары білім инфрақұрылымы 55445 маманды даярлап, олардың саны алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 3675 адамға өскенін байқатты. Бірақ та «саны бар да, сапасы жоқ» деп айтпақшы, жылдан жылға жоғары білімге ие адамдар санының өсуі сол адамдардың жоғары білім ұяларында алған білімінің сапасына күмән тудырады. Алайда бұл мәселе әлі де болса шешімін табуға қажетті.

Колледж саны 2007 жылы 274 бірлікті құрап, 2006/2007 жылдары колледждер түлектері 51913 адам болды. 2000-2007 жылдар аралығындағы өзгерістер динамикасы арнайы орта кәсіби орта білім бар мамандар санының 9510-ға кемігенін көрсетеді. Ал кәсіби мектептердің жай күйі қуантарлық жағдай тудырмады. 2000-2007 жылдар арасында кәсіби мектептер саны 146-ға кеміп, 2000 жылы 304-ті құрады. Ол аздай кәсіби мектептерді бітірушілердің саны тұрақты әрі үздіксіз (2000 жылы 79017-ден 2006 жылы 41527-ге дейін) азаю үстінде. 

Жастардың заңгер мамандығын 20,2 пайызы, экономист мамандығын 14,8 пайызы, банк қызметкерлігін 9,6 пайызы, шетел тілдерінің аудармашылығын 5,7 пайызы, электрондық есептеуіш машинаның операторлығын 5 пайызы және салық инспекторлығын 4,5 пайыз иеленгісі келетіні мәлімденді. Бұл мамандықтарды таңдауда жастардың гедонистік және шығармашылық -ал туристік бағыттарындағы материалдық жағдайды жақсарту, қамтамасыз етілген өмір сүру, қоғамға пайдалы болу, өзін-өзі тұрақты жетілдіру мүмкіндігінің болуы, т.с.с. факторлары әсер етті.

Біздің зерттеу жұмысымыздың нәтижесі көрсетіп тұрғандай кәсіптік бағдардың жүргізілуі, оқушылардың қазіргі кездегі сұранысқа сай еңбек етуі болып отыр. Ол мектеп қабырғасын бітірісімен белгілі мамандық алмаса да мамандыққа бағыт-бағдар алып шығуы қажет. Яғни, оқу орнына бармаған жағдайда жұмыссыздар санын көбейтпей өзінің кәсібін жасау. Ал оқу орнына барған жағдайда өзінің икемділігіне, қызығуына, қоғам қызығуына сай мамандықты дұрыс әрі, саналы таңдауы. Өмірде өз орнын табуына өте қажетті кәсіптік бағдар жұмыстары әлі де болса күрделі зерттеуді, оны жеке ғылым саласы ретінде қарастыруды талап етеді.

Қорытынды.

Ж. Аймауытов «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асырудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кімде-кім өзіне ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Өз орнында істелген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ»-дейді.

Соңғы кездері 12 жылдық білім беру туралы мәселесі қолға алынып жатыр. Осы орайда бірінші кезекте кәсіптік білімге көңіл бөлінеді, яғни оқушылар мектеп бітірісімен сұранысқа сай маман болып шығуы қажет. Ал, мамандық иесі болу үшін баланың икемділігі, қызығушылығы, білімі жан-жақты зерттелуді қажет етеді.

Біздің зерттеу жұмысымызда осы кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізудің, оқушыларға, олардың ата-аналарына мамандықты саналы таңдауына көмектесу барысында жүрді.

Диплом жұмысымызда кәсіптік бағдарды жүргізудің бірнеше тәсілдерін жүзеге асырудың тиімділігі көрінді. Нақтылап айтсақ №2 МОӨК-да №51, 52, 53, 54, 56, 60 орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларына жүргізілген зерттеуде оқушылардың мамандыққа деген икемділіктері мен қызығулары анықталды. Енді осы кәсіптік бағдарлама кітапшаларын қолдану аймағын кеңейтуді мектептерге ұсынып отырмыз. Яғни, мұндай кітапшаларды тек жоғарғы емес төменгі сыныптардан бастап қолға алу қажеттігі бар екені айқындалды.

Зерттеу жұмысымыздың дәлелділігі, мектептердің іс тәжірибесіне енуімен нақтыланып, кәсіптік бағдарлама кітапшаларының оқу-тәрбие барысында қолданылуы болып отыр.

Атақты ұстаз Ахмет Байтұрсынов; «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек»,-деп ұлы өсиет қалдырғаны белгілі. Сондықтан әр оқушыға өз орнын табуға ұстаз ісімен нақтылы көмек көрсетсек.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы.Алматы, 2007.
  2. Жолмұқан Түрікпенұлы. Кәсіптік бағдар. -Алматы: Санат, 1995-145 бет.
  3. Мектеп және мамандық таңдау. Мектеп баспасы, Алматы: 1973-207 бет
  4. Витиньш В.Ф. Реформа школы и профессиональная ориентация

    школьников; — М.: Педагогика, 1988-120 с.

  1. Захаров Н.М. Профессиональная ориентация школыников. — М.:

    Просвещение, 1988-272 с.

  1. Климов Е.А. Как выбрать профессию. — М.: Просвещение, 1990-160-с.
  2. Клосова Л.А. Профессиональная ориентация учащихся и труд семейные

     династии. — Воронеж: Изд. Вор. универ, 1992-136с.

  1. Чистяков С.Н., Захаров Н.М.Профессиональная ориентация школьников.

    — М.: Педагогика, 1987-160 с.

  1. Шадиев Н.Ш.     Венкласная     и     внешкольная профессиональная

     ориентация учащихся. — Ташкент: Фантазия, 1988-112 с.

10.Калугин Н.И. и другие. Профессионалыная ориентация учащихся. — М.:

     Просвещение, 1983-190 с.

  1. Кальней В.А. и другие. Основы методики труда и профессионального

      образования. — М.: Просвещение, 1988-179 с.

  1. Сейтешов А.П. Пути профессионального воспитания учащихся

      молодежа. — Алматы: Мектеп, 1988-189 с.

13.Чистяков  Н.Н.  жәнө т.б.   Еңбек пәні  мұғаліміне оқушылардың

     кәсіптік бағдары туралы. — Алматы: Мектеп, 1988-176 бет.

14.Мудрик А.В. О воспитании старшеклассников. — М.: Просвещение,

     1981-146 с.

15.Дьяченко Н.Н.  О профессиональном орентации молодежа. — М.:

     Высшая школа, 1969-135с.

16.Профессиональная орентация учащихся. / А.Д. Сазонов, В.Д.

    Симоненько, С.В. Аванесов, Б.И. Бухалов; Под. ред. А.Д. Сазонов. — М.:

      Просвешение 1988-235 с.

  1. Профессионалыная орентация и обучение труду в сфере обслуживания.

      — М.: Высшая школа. 1979-137 с.

  1. Профессиональная орентация молодежи. /Сб. ст. Науч ред. и автор К.К.

       Платонов. — М. Высшая школа. 1978-199 с.19. Профессиональная

       орентация молодежи. / (А.Д Сазонов, Н.И.  Калугин, А.П.  Меныциков

       и другие). -М.:  Высшая школа, 1989-223 с.

  1. Человек и профессия. — Под. общ. ред. Е.А. Климова. -Ленинград,

       1979-147 с.

  1. Шевченко Ю.А. Край удивительных профессии. — М.: Просвещение,

       1981-123 с.

  1. Школа и выбор профессии. — Педагогика, 1987-121 с.
  2. Трудовое обучение, воспитания и профессиональная ориентация

       учащихся средных общеобразовательных школ. / Под. ред. В.М.

       Каратова. — М.: Просвещение, 1980-237 с.

  1. Мир профессии: Человек — техника. / (Составитель Р.Д. Коверина).- М.:

       Мол. гвардия, 1988-335 с.

  1. Мир профессии: Человек — знаковое система. (Сборник/ сост. С.Н.

      Левиева и др.) — М.: Мол. гвардия, 1988-351 с.

  1. Мир профессии: Человек — художественный образ: (Энцикл. идз. / Сост.

      А.И. Смирнова.) — М.: Мол гвардия, 1987-383 с.

  1. Школа и труд. / Под. ред. П. Р. Атутова, В.А. Кальней. -М.: Педагогика,

      1987-276 с.

  1. Раиса Коверина. Изучение способностей школьников

       — основа профориентации.//Народное образование N 5, 2001, 129-136 с.

  1. Раиса Коверина. Изучение способностей школьников

    — основа профориентации. // Народное образование N 6, 2001,111-114

  1. Күнпейіс Ж. “Еңбекке баулу” пәнін оқыту әдістемесі. -А., 2005.
  2. Бабанский Ю.К. Оптимизация учебно — воспитательного процесса

      (метод. основы). -М., 1982.

  1. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. Алматы:

      Мектеп, 1998.  

  1. Жарықбаев Қ.Б. Қазақ тәлім — тәрбиесінің ғылыми — педагогикалық

      негіздері. – Алматы, Рауан, 1996.

  1. Шукина Г.И. Активизация познавательной  деятельности  учащихся в

      процессе  обучения. -М., 1979.

  1. Бастауыш сыныптардың типтік оқу бағдарламалары. — Астана: Қ.Р.

      Білім және ғылым министрлігі, 2003..

  1. Поляков С.Д. О новом воспитании. -М. 1990. 143 с.
  2. Әбілова З., Қалиева Қ. Этнопедагогика оқулығы. – Алматы: РБК,
  3. – 254 — 283 б.
    ҚОСЫМШАЛАР.

Қосымша-1

 

Диагностикалық сұхбаттың жауап парағы.

Оқушының аты-жөні________________________________

Сынып___________Мектеп №___________Күні____________

 

 

 

 

 

3 б

 

66

 

 

76

 

 

 

 

10 а

 

 

10 б

 

11 а

11 б

12а

12 б

13 а

13 б

14а

14 6

15 а

15 б

16а

 

166

 

17а

 

17б

18а

 

18 б

 

19а

 

19 б

 

10 а

 

 

20 б

 

Т

Тех.

A

ТЖ

КБ

 

Қосымша 2

 

«Қызығушылық картасы» жауап парағы.

Оқушының аты-жөні__________________________________________

Сынып___________Мектеп №____________Күні_________________

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

41

42

43

44

45

46

47

48

49

50

51

52

53

54

55

56

57

58

59

60

61

62

63

64

65

66

67

68

69

70

71

72

73

74

75

76

77

78

79

80

81

82

83

84

85

86

87

88

89

90

91

92

93

94

95

96

97

98

99

100

101

102

103

104

105

106

107

108

109

110

111

112

113

114

115

116

117

118

119

120

121

122

123

124

125

126

127

128

129

130

131

132

133

134

135

136

137

138

139

140

141

142

143

144

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 3

Жауап парағы. «Кәсіптік дайындылықты» анықтау.

Окушының аты-жөні_____________________________________________

Сынып__________Мектеп №____________Күні________________

1  2  3

1  2  3

1  2  3

1  2  3

1  2  3

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

41

42

43

44

45

46

47

48

49

50

Таңба

Техника

Табиғат

Көркем бейне

Адам

 

Ескерту*

  1. 1 және 2 сұрақты өткізіп жіберуге болады, ал 3 міндетті түрде жауап

      берілуі керек.

  1. Егер «іскерлікке» «0» балл қойылған болса, онда келесі сандарды

     есептеу керегі жоқ.

  1. Савдарға қарамай «білімге», «іскерлік», «қарым-қатынасқа» қарай

    бағалану керек және жоғары бағаланған (2,2, 2, 2, 2,1, 1, 2, 2,2,1)

    сұрақтарды кеңінен қарастыру керек.

  1. Оқушьшың кәсіптік іс әрекеті дұрыс ұйымдастырылуы үшін, әрбір

   сұрақты терең қарастырып өту керек.
Қосымша 4.

 

Зерттеу жұмыстары.

Сыныптардың зерттелу            кезіндегі   бағалануы    (жоғары, жақсы,орта,төмен).

10-сьшып

11-сынып

1. Пән үлгерімі.(пәндер)

 

 

2. Жеке қабілеті:                      

 

 

а/ Педагогтік

 

 

б/ Ұйымдастырушылық

 

 

в/ Техникалық

 

 

г/ Математикалық

 

 

д/ Артистік

 

 

е/ Сурет

 

 

ж/ Ерекше   қызығатын   пәндері   және  

     т.б. қабілеттері.

 

 

 

 

3. Анықталған икемділіктері.

 

 

а/ Ой жұмысы

 

 

б/ Еңбекке

 

 

в/ Сабақтан тыс қатысатын факультеті т.б.

 

 

г/ Әуестенетін басқа да нәрселер.

 

 

4. Жан-жақты даму ерекшеліктері

 

 

а/ Ойлау қабілеті

 

 

б/Зейіні

 

 

в/ Фантазиясы

 

 

г/ Жалпы ой-өрісі

 

 

д/ Тапқырлығы

 

 

ж/ Шапшандығы

 

 

з/ Эмоциясы (көңіл күиі)

 

 

и/ Шешім қабылдауы

 

 

к/ Дербестігі

 

 

л/ Шыдамдылығы

 

 

м/ Ұқыптылығы

 

 

н/ Тәртіптілігі                             

 

 

о/ Орындаушылық қабілеті      

 

 

п/ Адамгершілігі, адамдармен тіл

    табысуы.т.б.

 

 

 

 Қосымша 4.1.

5. Жанұяның оқушыға көз қарасы.

 

 

а/ Жақсы көреді

 

 

б/ Көңіл бөлмейді

 

 

в/ т.б. жайлар

 

 

Оқушының ата-анаға көз қарасы

 

 

а/ Сыйлайды

 

 

б/ Тыңдайды

 

 

в/ Селқос

 

 

г/ Сыйламайды

 

 

д/ Тындамайды

 

 

ж/ Олармен санаспайды.

 

 

6. Топтағы орны.

 

 

1. Лидер

 

 

2. Тұйық

 

 

3. Сыйлы т.б.

 

 

7.Қызығатын мамндықтары.

 

 

а/ Еңбекке көзқарасы  Қ.П.Е.

 

 

б/МОӨК-те тандаған мамандығы

 

 

в/Еңбек практикасы.

 

 

8. Медициналық  көрсеткіштері.  

  (мамандыққа жарамжылығы бойынша).

 

 

 

 

Ескертулер