АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Диплом: «Арал қамыстыбас» балық питомнигынде өсімдікқоректі балықтарды өсіру технологиясы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

 

«ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

 

ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

 

 

 

Жаңабай ГүлданаТемірбекқызы

 

«Арал қамыстыбас» балық питомнигынде өсімдікқоректі балықтарды өсіру технологиясы»

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

 

 

5В080400 — «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығы бойынша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

 

Технология және биоресурстар факультетi

 

Ара, құс және балық шаруашылығы кафедрасы

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

«Арал қамыстыбас» балық питомнигынде өсімдікқоректі балықтарды өсіру технологиясы»

 

                                                                                  Беттер саны _____

Сызбалар мен көрнектi                        материалдар саны____                                                                                      

 

Орындаған : Жаңабай ГүлданаТемірбекқызы

 

 

 

2018 ж. «____» _____________ қорғауға жiберiлдi

 

 

 

Кафедра меңгерушiсi,                       __________  Лукбанов В.М.

 

Жетекшiсi:                                        __________   Қайруллаев К.

 

Сарапшы                                            __________               ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­                                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

 

«ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

 

Технология және биоресурстар факультетi

 

Мамандығы 5В080400 — «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау»

 

Ара, құс және балық шаруашылығы кафедрасы

 

 

 

Дипломдық жұмысты орындау

 

 

ТАПСЫРМАСЫ

 

 

Студент: Жаңабай ГүлданаТемірбекқызы

 

Жұмыс тақырыбы: «Арал қамыстыбас» балық питомнигынде өсімдікқоректі балықтарды өсіру технологиясы»

 

 

Университет бойынша 2018  ж «_____»___________ № _____бұйрығымен бекiтiлген

Дайын жұмысты тапсыру мерзiмi 2018 ж  «_____» ______________

 

Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі:

  1. «Арал қамыстыбас» балық питомнигынде сипаттама
  2. Өсімдікқоректі балықтарға биологиялық сипаттама
  3. Тұқымдық балықтарды дайындау
  4. Дөңмаңдай балығының уылдырығы мен шәуетін алу,сапасын анықтау
  5. Дернәсілдерді өсіру және қоректендіру

 

Ұсынылатын негізгі әдебиет

 

  1. Қазақстан Республикасының су кодексі – Алматы : Юрист, 2005, 67 б.
  2. Куленов К. «Қазақстанның балық байлығы» Алматы 1967ж. Б.35 — 55
  3. Бәйімбет Ә.А. «Ихтиологияның негіздері» 126 б.
  4. Анисимова И.М. Лавровский В.В. «Ихтиология» М. 1991ж. 267 с.
  5. Привезенцев Ю.А. «Интенсивное прудовое рыбоводство» М. 1991ж. 308 с.
  6. Төлеуғалиев Т.М. «Балық өсіру» Алматы 1990ж. 287 б.
  7. Сәрсенбаев Р.С. «Тоған шаруашылығындағы байлық көзі» Алматы

    1984ж. Б. 66 -78

  1. Қаженбаев С. «Өнеркәсіптік негізде балық өсіру мүмкіндігі мен тиімдігі»

    Алматы 1996ж. 112 б.

  1. Карпевич А.Ф. Избранные труды: В 2-х т, Т. 2 Акклиматизаци гидробионтов

    и научные основы аквакультуры. М.: ВНИРО, 1998. 870 с.

  1. Акклиматизация рыб и безпозвоночных в водоемах . М. Наука, 1968. С.23
  2. Дукравец Г.М., Митрофанов В.П. История акклиматизации рыб в Казахстане

      В кн. Рыбы Казахстана, т. 5, Алма-Ата, Гылым, 1992, С. 6 — 44

 

Жұмыстың тараулары бойынша кеңесшілері

Тарау

Кеңесші

Мерзімі

Қолы

Әдебиетке шолу

Қайруллаев К.

Қазан, 2017 ж

 

Материалды зерттеу әдістері

Қайруллаев К.

Қараша, 2017 ж

 

Негізгі бөлім

Қайруллаев К.

Желтоқсан, 2017 ж

 

 

 

Кафедра меңгерушісі         ________________________           Лукбанов В.М.

 

Дипломдық жұмыс  жетекшісі      __________________           Қайруллаев К.

 

Тапсырманы орындауға                                                                                                             қабылдадым, студент            _______________________         Жаңабай Г.Т.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дипломдық жобаны орындау

ГРАФИГІ

Рет саны

Тараулар және  қарастырылатын сұрақтар тізімі

Жетекшіге ұсыну мерзімі

Ескертулер

1

Кіріспе

Қазан, 2017 ж

Орындалды

2

Әдебиетке шолу

Қазан, 2017 ж

Орындалды

3

Зерттеу әдістері мен материалдары

Қараша, 2017 ж

Орындалды

4

Өсімдікқоректі балықтарға биологиялық сипаттама

Қараша, 2017 ж

Орындалды

5

Тұқымдық балықтарды дайындау                                                                  

Қараша, 2017 ж

Орындалды

6

Дөңмаңдай балығының уылдырығы мен шәуетін алу,сапасын анықтау       

Қараша, 2017 ж

Орындалды

7

Уылдырықты ұрықтандыру , инкубациялау                                                  

Қаңтар, 2018 ж

Орындалды

8

Дернәсілдерді өсіру және қоректендіру                                                         

Ақпан, 2018 ж

Орындалды

9

Қорытынды

Наурыз, 2018 ж

Орындалды

10

Пайдаланған әдебиеттер

Наурыз, 2018 ж

Орындалды

 

 

Кафедра меңгерушісі         ________________________           Лукбанов В.М.

 

Дипломдық жұмыс  жетекшісі      __________________           Қайруллаев К.

 

Тапсырманы орындауға                                                                                                             қабылдадым, студент            _______________________          Жаңабай Г.Т.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

7

 

АНЫҚТАМАЛАР     

8

 

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР                                                                     

9

 

КІРІСПЕ  

10

1

ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ                                                                                       

12

1.1

Дөңмандай балығына биологиялық сипаттама

12

1.2

Амур балығына  биологиялық сипаттама

19

2

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

33

2.1

Зерттеу жұмыстарының деректері мен әдістемелігі                                         

33

2.2

«Арал қамыстыбас» балық питомнигыне сипаттама                   

38

3

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ                                                                  

43

3.1

Тұқымдық балықтарды дайындау                                                                  

43

3.2

Дөңмаңдай балығының уылдырығы мен шәуетін алу,сапасын анықтау       

45

3.3

Уылдырықты ұрықтандыру , инкубациялау                                                  

46

3.4

Уылдырықтың және дернәсілдің даму кезеңі                                                

48

3.5

Дернәсілдерді өсіру және қоректендіру                                                         

53

3.6

Шабақтарды теңізге жіберу                                                 

55

 

ҚОРЫТЫНДЫ

57

 

ПРАКТИКАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР                                                                     

58

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР                                                              

59

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

 

ГОСТ 7.1 – 2003. «Библиографическая запись. Библиографическое описание документа. Общие требования и правила составления».

ГОСТ 7.32 – 2001. «Отчет о научно – исследовательской работе. Структура и правила оформления»

ГОСТ 50 380 -92 Рыбы и рыбопродукты. Термины и определения

ГОСТ 1368-91 Рыбы всех видов обработки. Длина и масса.

ГОСТ Р 51497-89 Рыба, ракообразные и каракатица.

МЕСТ 7.1 – 2003. «Библиографиялық жазба. Құжатты библиографиялық мазмұндау. Құрудың жалпы талаптары мен ережелері».

МЕСТ 7.32 – 2001. «Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп. Рәсімдеу құрылымы мен ережелері».

ГОСТ 50 380 -92 Рыбы и рыбопродукты. Термины и определения

ГОСТ 1368-91 Рыбы всех видов обработки. Длина и масса.

ГОСТ Р 51497-89 Рыба, ракообразные и каракатица. Размерные категории

 

                                                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АНЫҚТАМАЛАР

 

Осы диплом жұмысында қолданған терминдердің төмендегідей анықтамалары бар:

Аккилиматизация —  белгілі бір түрмен олардын ұрпақтарын  жаңа бір ортаға жерсіндіру. 

Абиотикалық фактор  — судың физико-химиялық қасиеті

Бентофаг —  бентоспен қоректенетін организм.

Биологиялық мелиорация – ихтиофаунадағы түрлік құрамының жоғарлауы үшін жүргізілетін шаралар; маңызссыз балықтарды аулау; кәсіптік  және бағалы балықтардың тіршілік жағдайына  қолайлы орта туғызу; жыртқыш және өсімдікқоректі балықтарды суқоймаға жерсіндіру.

Балық питомниктер – балық өсіретін материалдарды өсіру.

Дернәсіл —  аралас қорекке көшу уақытына қабыршақтың бастамасы салынғанға дейінгі уақыт.

Фитофильдер – уылдырығын су өсімдіктеріне шашатын балықтар.

Фитопланктон – су қабатының төменгі сатысындағы бір клеткалы балдырлар мен бактериялар.

Фультон бойынша қондылық —  толық салмағы бойынша қондылық коэффициенті.

Фитофаг – өсімдіктермен қөректенетін организм.

Кларк бойынша қондылық —  іш құрлыссыз салмағы бойынша коэффициент қондылығы.

Кәсіптік аулау – белгіленген бір уақыт кезеңінде қолданылатын аулау құралдарының жалпы саны.

  Екі жылдық —  екі вегетациялық кезең өмір сүрген балық.

Порционды – уылдырықтарын бөліп-бөліп шашуы.

Ихтиология  —  балықтар жайындағы ілім.

Ихтиофауна —  суқоймадағы гидробионттардың түрлік құрамы.

Популяция —  белгілі бір аймақта мекендейтін,  белгілі аймақта  уылдырық шашып, қыстайтын, бір түрге жататын түрлі балық топтарын белгілейтин термин.

Шабақ – барлық денесі қабыршақпен қапталған, сыртқы пішін бойынша балыққа ұқсас.

Планктон —  су қабатын мекен ететін гидробионттар.

          Уылдырық шашу – балықтардың қоректену немесе қыстау аймағына уылдырық шашатын жерге көшуі.

 

 

 

 

 

 

 

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

 

м — метр

Q —  балықтардың толық салмағы;

q —  балықтардың   іш құрлыссыз салмағы;

L – балықтардың толық ұзындығы;

l –  құйрық қанатсыз ұзындығы;

n —  балық саны;

мм – миллиметр

см – сантиметр

кг —  килограмм

г —  грамм

т – тонна

км2 – 1 шаршы шақырым

км 3 – 1 куб шақырым

га — гектар

ж. – жыл

% — пайыз

т.б —   тағы басқа

          ТМД – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы

min —  минимум;

maх – максимум;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

        Тақырыптың өзектілігі.  Қазіргі ХХІ ғасырдағы адамзаттың шаруашылықтық іс — әрекетінің және қоғамның қарқынды даму барысында көптеген айтарлықтай су жануарларының,  соның ішінде балықтар түрлерінің тірішілік ету жағдайының өзгеру көбеюі экологиясы мен кейбір балық түрлерінің дамуының өзгерісіне әкелді.

         Еліміздің халқын белогы мол тағамдармен қамтамасыз етуде балық шаруашылығының, оның ішінде тоған балық өсіру саласының маңызы өте зор.Осыған байланысты елімізде тоған шаруашылығын өркендетуге зор көңіл бөлініп келеді.

          Қазіргі тоған балық шаруашылықтарының қажетті материалдық-техникалық базасы, балық өсіруге сәйкесінше әр турлі тоғандар, жем сақтайтын қоймала, инкубациялық аппараттармен және өндіріске керекті заттармен жабдықталған.

Қазақстанда тоған балық шаруашылығы соңғы жылдар ішінде құрамын кең жая бастады. Қәзіргі кезде су қоймасының көлемі 6000 га, оларда негізінен тұқы тұқымдас балықтар өсіріледі.

Ішкі су көздерінен ауланатын балықтар жоғарғы сапалылығынан құнды. Оларда адам ағзасына аса пайдалы ақуызды заттар көп болды. Қортпа, бекіре, көксерке, сазан сияқты сапасы жоғары балықтар тек қана ішкі су көздерінен – тоған, су қоймалар, өзен-көл сияқты сулардан ауланады. Сондай-ақ бағалы қара уылдырықта ішкі су көздерінің айлығы.

Шаруашылықта өсірілетін балықтардың өнімділік қасиетін және балықтардың биологиялық қасиетін жетілдіру, терең білімсіз және оның жеке дамуының заңдылықтарын білмей қол жеткізу мүмкін емес.

Балықтардың сапалақ және сандық өзгерісін білдіретін процесс, оның дамуы болып табылады, ал өсімін тек оның саны білдіреді. Организмнің дамуы бір ғана ұрықтанған жұмыртқа клеткадан басталады. Оның толық пісіп жетілуі бір — бірінен ажырамайтын екі процестің нәтижесінде жүреді: дифференсация мен өсу. Дифференсация — өсіп келе жатқан организмнің қасиеті болып табылады, ол тұтастың жеке бөліктерге тармақталуы мен қатпарлануын білдіреді. Бір текті ұрықтан күрделі организм индивидиумның пайда болуы — осы маңызды процесстің нәтижесі.

Өсу — бұл организмнің басты бөлігінің, салмағының артуы, сонымен бірге организмдегі бос энергия мөлшері артады. Күрделі организмдегі өсу көлемінің ұлғаюы, клеткалардың көбеюі және әр түрлі клетка аралық құрылымдар арқылы жүреді. Бұдан кез — келген көлемнің ұлғаюын, өсуі деп қарастыру дұрыс еместігі байқалады. Қорлық заттардың түзілуі, бөлініп шығарылған өнім, судың жай сіңірілуі (ісінуі), жыныс өнімдерінің жинақталуы — осы процесстердің барлығы өсуге жатпайды. Шабақтардың май жинақтауы, өсу процессімен тікелей байланысты, себебі ол өсуге қажетті энергия көзі болып табылады.

Балықтар өзінің барлық тіршілігі уақыты бойы өседі. Бірақта, бұл әр маусым бойынша, әр түрлі жастағы кезеңдерінде бір қалыпты жүрмейді. Жас балықтар ересектеріне қарағанда жылдамырақ өседі. Желінген қоректің аздаған мөлшері тіршілігін қолдауға, ал қалған басым бөлігі салмағының артуына жұмсалады. Кәрі даралар тұтынған қорегінің негізін организмнің тіршілік әрекетін қамтамасыз етуге жұмсайды, сондықтан оның тірі салмағы уақыт бірлігіне шаққанда аса мәнді емес. Бұдан белгілі бір жасқа жеткенде балықтардың өсуі тоқталады деген қорытынды тұжырымдауға болады.

Қазақстанда аквакультураның барлық бағыттарын дамытуға мүмкіншілік бар. Балық шаруашылықтық сулар қоры елімізде жеткілікті және балық шаруашылығы мен балық аулауды қарқынды дамытуға қолайлы жағдай да бар. Балық шаруашылықтық сулар құрамына Каспий теңізі акваториясы біршама бөлігі және Арал теңізі, Балхаш көлі, Алакөл көлдер жүйесі, Бұхтарма, Қапшағай, Шардара суқоймалары және басқа халықаралық, республикалық, жергілікті дәрежедегі сулар кіреді. Каспий теңізін қоспағандағы су көздерінің жалпы ауданы 5 миллион гектарды құрайды.

Балықтардың өнімділігі құрлық жануарларына қарағанда барынша жоғары. Бірақта бұл балықтың түріне қарай өте әрелкі. Пелагиалдік жүзбе уылдырық шашатын балықтар өнімділгі жоғары болады. Өсімдікке уылдырық шашатын балықтардың өнімділіг төмен болады. Ұрпақтарын қорғайтын немесе тығатын балықтардың да өнімділігі жоғары емес. Бір түрдің өзінде өнімділік бірдей емес, көлеміне, жасына, қоректенуі жағдайына байланысты. Өнімділікті абсолююті индвидуальді және салыстырмалы деп бөледі.

Еліміздің азық-түлік мәселесіндегі тоған балық шаруашылығын интенсивтендіру негізінде балық өсіретін шаруашылықтарда тауарлы балық өсіру он жылда шамамен үш есе ұлғайтылды.

Балықтардың алуан түрлілігін қорғай және сақтай отырып рациональды пайдалану балық шаруашылықтарының негізгі мақсаттарының бірі болып саналады.Сол себептен  өсімдік қоректі балықтарды жасанды жолмен өсіруін зерттеу өзекті болады.

Жұмыстың мақсаты тұқы тұқымдасының бір өкілі болып табылатын өсімдік қоректі балықтардың – шабақтық кезеңіне дейін дамуын және дернәсілдік сатыларын анықтау, ерекшеліктерін зерттеу. Қойылған мақсаттарға сай менің міндетім төмендегі жұмыстардан тұрады:

— Өсімдік қоректі  балықтарды жасанды ұрықтануы мен дамуын қарастыру

— Дернәсілдік дамуы сатыларын анықтау;

— Өндіруші балықтарды дайындау;

— Жасанды жолмен өсіру жолдары;

— Жыныс өнімдерін алу;

— Уылдырықтарды инкубациялау;

— Уылдырықтан шыққан,дернәсілдерді өсіру;

— Шабақтарды өсіру.

— Дипомдық жұмыс «Арал қамыстыбас» балық питомнигынде жүзеге асты.

 

 

 

2 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

2.1 Дөңмандай балығына сипаттама

 

Тұқы тұқымдасына тұщы сулы және жартылай өткінші балықтар жатады. Олардың жақтыларында тістері жоқ, бірақ жұтқыншақ тістері болады. Арқа қанаты біреу [1]. Тұқы тұқымдас балықтардың ішіндегі ең саны көп түр: әлемде 1000 түрі болса, оның 118 түрі ТМД суларында тіршілік етеді.

         Тұқы тұқымдастарының бас сүйектерінің сүйектенуі жақсы дамыған. Жүзу торсылдағы ішекпен жалғасып жатады. Қанаттары әдетте жұмсақ болады. Ішкі құлақтың жарғақты иірімдері мен торсылдақтың алдыңғы бөлімін жалғастырып тұратын сүйектер систематикасы веберов аппараты болады. Бұларда жақ сүйектерінде тістері болмайды., жұтқыншақ тістері деп аталатын тістері артқы желбезек доғаларында орналасады [2].

Өсімдік қоректі балықтар өте бағалы, зор кәсіпшілік маңызы бар балық. Оның еті дәмді және қоректік сапасы жағынан басқа көптеген балықтардан жоғары тұрады. Етінің майлылығы — 4,1%, ақуызы -16,5 %.

Өсімдік қоректі балықтар Қазақстан мен Орта Азия респуликаларының барлық су қоймаларына тараған.  Оның таралу шегі соңғы уақыт ішінде солтүстікке қарай алыстап, алтай өлкесінің су қоймаларына да ойдағыдай жерсіндірілді.   Тұқы тұқымдастар судың температурасына, ондағы оттегі мен азықтық қордың мөлшеріне талғамсыз. Жүрген жерінде түрлі жәндіктер мен өсімдіктер арасынан өзіне қажетті азықты оңай тауып алады. Личинкаларды, құрттар мен ұсақ шаяндарды, маллюскаларды, дән, бұршақ, картопты қорек етеді .

Өсімдік қоректі балықтар үш-төрт жасында жыныстық жағынан жетіледі. Судың температурасы 18-23 С болғанда мамыр айынан шілденің аяғына дейін уылдырық салады. Уылдырық шашу үшін ол жайылма суларға шығады, уылдырығын су асты өсімдіктерінің үстіне, сирек өскен қамыс-қоғаның арасына төгеді. Алдымен ұсақ сазандар, содан кейін орташа, ақырында ірі тұқылар уылдырықтайды. Уылдырық шашқан кезде тұқы қоректенбейді. Судың емпературасы 1-2 градусқа төмендегенде қыстау үшін терең апандарға кетеді. Олар қыстағанда үлкен үйі болып, шоғырланып жатады [4].

Қазақстанның су қоймаларында ақ амур мен дөңмандай балығы жақсы өседі. Мысалы, Арал теңізінде төрт жастағы тұқының ұзындығы 36 сантиметр, Балхаш көліне 40 сантиметрге дейін барады. Сондай-ақ ұзындығы бір жарым метр, салмағы 20 киллограмм сазанды да кездесіруге болады, бірақ бұл өте сирек ұшырайын жағдай. Жас тұқылар жағадан тез кетіп қалады да, оны аулау қиынға түседі, ірі тұқылар көктемде ауланады [5]. Амурдың  басым бөлігі мамырдың ортасына таман уылдырық салып болады да, өріске кетеді, бірақ уылдырық шашу үшін жағаға келген тұқының жеке үйірлері әлі де ұшырайды. Оның жаулары-жайын, шортан, алабұға, көксерке, ақмарқа сияқты жыртқыш балықтар және қара үйректер [6].

Әуесқой балықшылар ұсақ шаянды, нанды, бұршақты, дәндерді жем жасап, тұқыны қармақпен аулайды болады. Ал, балықшылар тұқыны кең көз сүзекті, ау, қабадан, катештермен аулайды.

Тұқы тұқымдас балықтарына ақ амур, дөңмаңдай және тұқы балықтары

жатады. Бұлардың бәрі тұқы тұқымдастарына жатады. Олардың атамекені Орталық және Оңтүстік Қытайдың жазық өзендері.

Дөңмаңдай балығының түрлері: Ақ және Шұбар.     

Осы аталған ақ, шұбар және кәдімгі дөңмаңдай балығы біздің республикамызда тұқыдан кейінгі өсірілетін негізгі балықтарға айналып отыр.

Қапшағай суқоймасына кәсіптік аулауда дөңмаңдай 1989ж.бастап кездеседі.Негізінде 1958ж.бастап Қазақстан суқоймаларына әкелінген.

Дөңмаңдай балығы тұщы суда өседі, ол үйір болып шоғырланып, өзен сағасындағы шұңқырларда қыстайды.Көктемде, су деңгейі көтерілгенде бұл балықтар көлдерге және өзен атырауындағы  жайылма суларға өрістеп шығады. Дөңмаңдай балығының бір ерекше қасиеті бар: ол кенеттен оқыс дыбыс шыға қалса, сол дыбыс шыққан жаққа қарай судан 1-2м биікке секіріп шығады.Оның жас шабақтары алғашқы кезде су балдырлары мен бірге зоопланктондарды да қорек етеді. Оның негізгі қорегі судың қабатында қалқып жүрген майда су балдырлары, шөппен қоректенетіндіктен оның ішегінің ұзындығы өзінің денесінің ұзындығынан 1,5 есе артық, оның себебі шөптің қорытылу мезгіліне байланысты [7]. Дөңмаңдай балығы тез өседі, ол 6-7 жасында жыныстық жағынан жетіледі, әдетте уылдырығынағыстың қиылысқан межелеріне салады.Ол маусым – тамыз айларында, судың температурасы 20-26 С0 болғанда уылдырығын шашады.

Шыққан жері – Амур, Сунгари, Уссури өзендерінде мекендейді. Қазір бұл балықтар Алматы облысының су қоймалары мен Арал теңізінің атырауындағы көлдерге ойдағыдай жерсіндірілген.

Ақ дөңмаңдай жоғарғы сатыдағы өсімдіктермен қоректенеді және жоғары эффективті биологиялық мелиораторлық қызмет атқарады.Ақдөңмаңдайдың негізгі қорегі судың қабатында болатын, суда бос қалқып жүретін фитопланктон мен олардың қалдықтары. Шұбардөңмаңдайдың Ақдөңмаңдайдан ерекшелігі ол фитопланктон мен қатар зоопланктон менде қоректенеді. Табиғи сулардағы және комплекстік бекітілген сулардағы өсімдіктердің  жетіспеушілігі ақ дөңмаңдайда ауыру және өлім туғызады [8].

Шұбар дөңмаңдай – жартылай өсімдік қоректі. Оның жақсы көретін қорегі – зоопланктон және детрит – оны алмастыратын қорек  болып табылады. Шұбар дөңмаңдайдың өсуіне қарай желбезек өскіндері арақашықтығы арасында біршама ұлғаю 20-75 мк жүреді. Соның нәтижесінде тұнылатын фитопланктонның сапасы өзгереді.

Жыныстық жетілуі Дөңмаңдай бассейініде ұзындығы 68-75 см жеткенде, 9-10 жасында, ал ақ дөңмаңдай ұзындығы 60-62 см, 7-8 жасында. Орталық Қытайда олар 4-5, ал оңтүстігінде -3-4 (ақ дөңмаңдай) немесе ақ дөңмаңдай 2-3 жылдығында жыныстық жетіледі. Шұбар дөңмаңдай ақ дөңмаңдайға қарағанда бір жыл кейін жетіледі [9]. Барлық түрлердің аталығы әдетте аналықтарға қарағанда бір жыл ерте өтеді.

Ақ дөңмаңдай мен дөңмаңдайдың өрістеуі тасқын кезінде, су температурасы  20-250С және жоғары онша терең немесе қайраңдарда түбі тасты өзеннің арнасында жүреді. Өсімдік қоректі балықтардың эффективті көбеюі суқоймаларда,

тоғандарда шындыққа сай емес. Сондықтан тауралық өсірудегі осы балықтарды өндіріудің  жалғыз әдісі зауыдтық әдіс болып табылады.[10]

Ақ дөңмаңдай және дөңмаңдайдың уылдырық шашуы үлестеп шашады. 

Көпшілік оқымыстылар солай деп есептейді бірақ бұл пікірге қайшы көз қарастарда бар.

Қазақстанға өсімдік қоректі балықтардың қиыршығыстық комплексі Қазглавгосрыбводпен Қытайдан Алма-Аты тоған шаруашылығына 1958 жылы әкелінген. Алма-Аты тоған шаруашлығына жіберген кездегі олардың салмағы 88мг, ұзындығы 33 мм жеткен болатын.

Өсімдік қоректі балықтарды әкелгеннен бастап тоған шаруашылықтарында минеральдық  тыңайтқыштар қолданыла бастады.

Өсімдік қоректі балықтарды зауыдтық жолмен өндіру Қазақстанда  1964 жылы басталды. Жұмыс Алма-Аты  тоған шаруашылығында  және бұл тәжірибелік мақсатта жүргізілді. 1964 жылы өсімдік қоректі балықтардың барлығы 327 мың дернәсілі алынды [11].

Кейінгі жылдары республикада өсімдік қоректі балықтарды өндірудің көлемі ұлғайды. Табиғи сулар мен комплекстік негізделген сулардағы өсімдік қоректі балықтарды өсіру  Қазақстанда толығымен қолданылмайды.  

Уылдырық шашу миграциялары кезінде көптеп шоғырланады. Балықтың уылдырық шашуға шығуы  сәуірде басталады. Уылдырық шашуға шығудың негізігі алғышарты – оңтайлы температураға жеткізу [12]. Қапшағай су қоймасында ақ және ала дөңмаңдайдың аталықтары мен аналықтары 4-6 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Қапшағай су қоймасындағы ақ дөңмаңдайдың ұзындығы 97,0 см және массасы 18,5 кг-ға жетеді.    

Шұбар дөңмаңдай Қапшағай және Шардара су қоймаларында, Іле және Сырдария өзендерінде кездеседі.

Шұбар дөңмаңдай 5-6 жасында жыныстық жағынан жетіледі, соның ішінде   аталықтарының да, аналықтарының да 75 % дарақтары 5 жасында жетіледі.   Қапшағай су қоймасындағы  шұбар дөңмаңдайдың ұзындығы 115 см және массасы 30,0 кг-ға жетеді, ал кейбір дарақтары 60-70 кг болып өседі. Ала дөңмаңдай ақ дөңмаңдайға қарағанда тезірек өседі. Аталықтары аналықтарына қарағанда тез өседі.     

Ақ және Шұбар дөңмаңдай Қазақстанның, Өзбекстанның, Ресейдің, Украинаның,

Беларусь Республикасының, Қытайдың балық өсіру шаруашылықтарында табыспен пайдаланылады.    

Өсімдік қоректі балықтарды негізгі өсірудегі абиотикалық фактор температура болып табылады. Өсімдік қоректі балықтар тұқыға қарағанда біршама жылу сүйгіш: оңтүстік аймақтарда өсіунен одан кем түспейді, ал орталық ендікте одан баяу өседі. Сонымен қатар олардың барлығы орталық және оңтүстік батыс аймақта қысты жақсы өткереді.

Қоректенуінде өсімдік қоректі балықтар бірінші жылында оларды бірге өсіргенде екі типті қоректену айқын байқалады. Бастапқы осы жылдықтардың қоректенуі ұсақ және зоопланктонмен қоректенуге негізделген. Бұл уақытта олардың арасында қоректік конкуренция туындалуы мүмкін. Ақырғы кезең – вегетативті кезеңнің қалған бөлігі арнайы немесе мамандалған қорекке көшу кезеңі.[13] Өрістеу тоғандарына су толтырар алдында оның дамбаларын және гидротехникалық құрылғыларын жөндеп, өлі шөптерін жинап тоғанға жағып жіберу керек (күлін тоғанға шашады), балық жинайтын арықтарды тазалап, су төгілетін жерге миллиметрлік тор орнатылды, содан кейін су беретін жерге маңыссыз майда балық қақыш орнаттылады. Тоғанды су жіберерден 1 ай бұрын қорытылмаган әкпен 50-100 г/м , арықтың түбін 80 г/м» заласыздандырады.

Өрістеу тоғанынын түбі шалғынды, ылғалды жақсы ұстайтын шөпті болуы
керек. Жаңадан салынған өрістеу тоғандарының түбіне 10-12 күнге дейін
шірімейтін өсімдік тұқымдарын себеді екен. Кәдімгі бекмания, канареечник
тростниковой, шалғынды лисохвост, батпақ жэне шалғындық мятлик т.б. ылғал ұстағыш өсімдіктерді қолданады [14].           

Шалғындық өсімдіктер уылдырықтарға субстратты ғана болып қоймай, оттегімен де қанықтырады, сол сиякты тоғанның табиғи қорегінің дамуын жандандырып, алынатын шабақтар санын ұлғайтады. 

Тоғандағы судың температурасы 16-170С болғанда өрістеу тоғанды маңыссыз балық қақкыш арқылы толтырады,ол жыртқыш балықтар, су қоңызы дернәсілдерін,   су кенелерін тағы басқа зиянкестерді ұстап қалады.

Жыртқыш  омыртқасыздардың  жаппай  дамып, балық уылдырықтары  мен дернәсілдерін жеп қоймас үшін тоғанды таңертеңгісін 4 сағат бойы толтырып, сол күні кешкісін тұқымдықтарды   өрістеуге   жібереді.   Тұқымдықтарды уылдырық шашуға жіберер алдында қайтара карап шығып, өлшейді және гонадалары жақсы пісіп жетілгендерін іріктейді.Өте мұқият болу керек денесіне жара түсірмеу қажет.

Кешке тоғанға өрістеуге жіберілген балықтар ертеңінде уылдырығын шашуы тиіс. Уылдырық шашуы судың 17-18°С температурасында басталады.

Көлемі 0,1 га болатын бір өрістеу тоғанына 2 ұя тұқымдық: 2 аналық және 4 аталық жібереді. Шағын көлемді шаруашылықта уылдырық шашудың фронтальді әдісі; қолданылады, яғни барлық өрістеу тоғандарын бір мезгілде балықтандырдық.Ірі шаруашылықтарда сатылы әдіс қолданылады.[15] Бұл жағдайда өрістеу тоғандарын топтарға жіктейді, әрбір топтарды бір күнде ұстайды. Әр тоғандар тобына тұқымдықтарды 1-2 тәуліктен кейін жібереді. Уылдырық шашу кезінде дөңмаңдайлар тоғанның таяз жерінде шұғыл және суды шашыратып козғалады. Олардың активті қозғалысы судың иісін тудырып, жабысқақ уылдырықтары су қабатында таралып өсімдіктерге барып жабысады да, сол жерде қабықшаны жарып шыққанға дейінгі дамуы жүреді. Әдетте өрістеу сол күні аяқталады. Сапасы мен санын аныктау үшін тоғанның әрбір жерінен уылдырық жабысқан шөптер жұлынып алынады да , зертханада бинокулар астында тексеріледі.Егер уылдырық сапасы қанағаттандырарлықсыз болса, тұқымдықтарды қордағылармен алмастырады. Уылдырық шашып болғаннан кейін, тоғанның суын ағызып, тұқымдықтарды аулап алып, оларды профилактикалык шаралардан өткізіп жаздық тоғандарға жіберіледі.[16]

Дөңмаңдайдың уылдырықтарының эмбрионалдық даму ұзақтығы температураға жәнс судың гидрохимиялык режиміне байланысты. Судың 17-200С температурасында дернәсілдердің жарып шығуы уакыты 3-6 күнді құрайды, температура көтерілген сайын жылдамдай түседі. Дөңмаңдай үшін эмбрионның оптимальді даму температурасы 16-24°С. Судың температурасы 27°С-тан жоғары болса дернәсілдердің тірі қалуы төмендейді. Сарыуызы көп үлкен уылдырыктағы эмбрионнің тірі қалуы орташа немесе майдаларына қарағанда жоғары [17].Дөңмаңдайдың предличинкасы қабықшадан бірінші шыққан күні субстратта қозғалыссыз жабысып тұрады. Екінші күннің соңына карай дернәсіл субстраттан ажырап,аралас қорекке көшеді. 5-6 тәулікте сарыуыз қапшығы солып олар толығымен сыртқы қорек-зоопланктонмен қоректенуге көшеді. Табиғи қорек нашар дамыса косымша қоректендіреді. Құрама немесе тірі қорек түрін беруге болады. 0,15-0.20 мм түйіршікті жемдер салмағы 7-8 мг личинкаларға да жарайды [18].

Личинкаларды өрістеу тоғандарында   салмағы 12 мг болғанша өсіреді. Бұдан салмағы төмен болса аулау кезінде    жылдам жарақатттанады  да, қалдықтың   көбеюіне әкеліп соғады. Личинкалардың   салмағы   50 мг   дейін

болғанша   калдырса   тоғандағы   зоопаланктон   қоры   таусылып,   қоректің жетіспеуінен өсу қаркындылығы баяулайды. Личинкалардың салмағы 30 мг болганша өсіру 10-14 күнді құрайды.  Бір тұқымды ұядан алынған личинкалар саны аймаққа байланысты 70-120 мың дананы құрау керек.

Балықтың өсу жылдамдығы мен гонадалардың дамуы арасында тығыз байланыс болады. Өсуінің баяулауы вителлогенездің басталуын тежейді, жұмыртка бездерінің дамуы ІІ даму сатысында тоқтап қалады. Қолайсыз жағдайларда жыныстық жетілген аналықтардың жайылуы олардың өніміділігінің төмендеуіне және уылдырық сапасының нашарлауына әкеледі. Аталық бездерінің дамуына өсу жылдамдығы жұмыртқа бездеріне қарағанда айтарлықтай аз әсер етеді [19]. Бірақ бұндай аталықтардың шәуеті аз және оның сапасы төмен болады.Жыныстық жетілген аналықтардың көбеюге пайдаланбаған уылдырықтары резорбцияланады. Жайылымның қолайлы жағдайлары жасалған уақытта шашылмаған ооциттердің резорбциясы оогенездің жолын бұзбайды және аналықтары келесі маусымда уылдырық шашуда қайтадан қолданылуы мүмкін.

Өсімдікқоректі балықтардың аталықтарының аталық бездері вегетациялық маусым бойы функциональды пісіп жетілу сатысынан шашылу жағдайына өтеді, бұл оларды көбейтуде бірнеше рет қолдануға мүмкіндік береді [20].

Өндірушілерді өсіру процессінде гонадалардың дамуына уақытында жыныстық жетілуді камтамасыз ететін жағдайлар жасалады. Өндірушілер жоғары өнімділікке ие болды.

Жаздық жайылым уақытында өндірушілердің өсу салмағы 1.5-2кг құрауы керек. Өндірушінің біріншілік салмағына уылдырық шашу алдындағы массасы алыдық. Осылайша, уылдырықты сауу есебінен жүретін аналықтың массасының жоғалтуын есептегенде, массасының өсуі аталықтарға қарағанда анағурлым көп болуы керек.

Ең жақсы балық шаруашылықтық нәтижелер 6-8 жастағы өндірушілерді қолданғанда (эксплуатацияның 2-4 ші жылы) алынады. Ересек жастағы аналықтардың жайылымдық жағдайларға талабы жастарына қарағанда жоғарырақ болды [21].

Өндірушілері  уылдырық шашуға дайындау қыстау корғау тоғандардан ауланғаннан кейін көктемде басталады.

Өсіру кезінде жыныс өнімдерін тек дені cay, закымданбаған өндірушілерден аладық, ол үшін балықтардың бонитировкасын жүргіздік. Бонитировка кезінде, балықты сырттай бағалау арқылы классқа бөлдік. Аналықтарды әдетте 3 класқа бөлеміз:

1 класқа салмағы және экстерьері белгілері ең жақсы. Орта жастағы (6 -8 жас) жыныс белгілері айқын белгіленген даралар жатады. Оларды уылдырық шашуға I — ші пайдаланады.

2 класқа — қалған аналықтарды қолданады.

Сырттай аталықтарды, өзгешеленбейтін аталықтарды 3-класқа жатқызады және оларды қолданбайды .

Аталықтарды 2 класқа бөледі. 1 класқа орта жастағы (5-7 жас) шәуеті қою, ағыңқы және экстерьері жақсы аталықтар жатады. Қалған аталықтар 2 класқа жатқызылып резервке қалады.

Тұқымның жынысын анықтау қиынға соғады ал жас және жыныстық жетілмеген дараларда сырттай анықтау мүмкін емес. Тек уылдырық шашу маусымында жынысты анықтауга болады [22].

Аналықтардын жыныстық тесігі үлкенірек, кішкене ісінген, қызыл, кұрсак қуысы ұлғайған болады.

Аталықтардың жыныс тесігі әлсіз боялған, кішкентай саңылау. Басында және желбезек кақпағында қатты сүйелдер пайда болады – ол неке сәні деп аталады [23].

Табиғи жағдайда уылдырық шашу нәтижесі өндірушінің сапасына және уылдырық шашу тоғанының дұрыс дайындалуына да байланысты.

Уылдырық шашуға кейбіреулер алдында-өндірушілерді ас тұзының 5%-к ерітіндісінде тұз ваннасында 5 мин өңдейді. Паразиттерге карсы өңдеуді қыстау тоғандарда синтетикалык бояғыштарды қолдану арқылы жүргізуге болады. 0,1 га — лық уылдырық шашу тоғанына 2 уя салады (2 аналық және 4 аталық) немесе өндірушілер тобын отырғызады. Отырғызуды кешке жүргізу керек.

Әдетте уылдырық шашу таңғы уақытта жүреді. Көбею кезінде аналық пен аталықтар шулап қозғалады. Аналықтың салынатын уылдырығы бірден аталық шәуеттерімен урықтанады. Уылдырығы жабысқақ болады ол бірден өсімдікке жабысады. Уылдырық шашу 3-5 сағатқа созылады. Көбеюден кейін өндірушілерді аулап, жаздық аналық тоғанға орналастыру керек. Егер уылдырық шашу кешігіп жатса өндірушілерді резервтік балықтарға ауыстырады [24]. Ұрықтанған уылдырықты сумнеттің температурасына байланысты 3-5 тәулікте дамиды. Уылдырықтың толық дамуы мен личинкалардын шығуына 60-80 градус күндегі жылу жиынтығы кажет. Тұкының эмбриональды дамуына қолайлы температураға 18 — 260 С.

Уылдырықтап шыққан эмбриондар бірінші 2 тәулікте аз козғалғыш болады, сарыуыз қапшыгы арқылы қоректенеді.

Көбеюші    тоғанда    қорек   ресурстары    тез   сарқылады,    сондықтан шабақтардың  бұл   тоғанда  өсу  ұзақтығы   10  тәуліктен   аспайды. Әдетте шабақтардың активті қоректенуінен кейін 3-5 тәулікте шабақтарды аулап шабақтық немесе өсіруші тоғанға отырғызады. Көлемі — бір шелекке немесе тегенеге қүяды   ол эталон болады. Табиғи уылдырық шашуда бірқатар кемшіліктер болады. Ол ауа-райына, тоғандарды дайындау сапасына, су деңгейінің ауытқуына және су өсімдіктердің дамуына байланысты. Соңғы жылдары дөңмаңдайды заводтық тәсілмен өндіру кең етек алуда. Оның артықшылығына келесілер жатады:

  1. Өндірушілерді дайындау процесін, жыныс өнімдерін алу, ұрықтандыру және уылдырық инкубациясын басқару мүмкіндігі пайда болады.
  2. Селекциялық процесті тездететін асылдандыру ісінің мүмкіндіктері айтарлықтай кеңиді.
  3. Алынған личинкалар инвазиялық аурулардан бос болады.
  4. Үйірлердің санын азайтуға болады. Бұл әдіспен аналықтың аталыққа
    катынасы 1 : 0.5.
  5. 5. Босаған көбеюші тоғандар басқа балық процестеріне қолданылуы мүмкін.

Жыныс өнімдерін  алу

          Зауыдтық тәсілмен ұрпақ алу келесідей процестерден тұрады:

  1. I) Уылдырық пеп шәуетті сауу

ІІ) Уылдырықты жасанды ұрықтандыру

уылдырық инкубациясы мен личинкаларды күтіп-бағу Инъекциялауға арналған гипофиздің мөлшері аналықтардың салмағы мен дене ауқымын ала отырып анықтадық. Есептеуді номограмма бойынша жүргізеді, ол үшін балықтын массасын дене ауқымына байланысты гипофиздің дозасына (мг/кг) көбейтеді. Екінші (рұқсат етілген) инъекцияда аналықтарға 3-5 мг/кг дене салмағына, ал аталықтарға 0,8-1,2 мг/кг есептеп ектік [25].

Алынатын уылдырық сапасын анықтаушы негізгі сәтке алдын ала және рұқсат етілген инъекцияның арасындағы интервалды дұрыс таңдау жатады. Судың температурасы жоғарылаған сайын интервал 20-220 С-та 24  сағаттан

27°С — тан жогары температурада 6-8 сағатқа дейін қысқарады. Сәйкесінше,

гормонный дозировкасы да қысқарады, әсіресе алдын-ала инъекция жасағанда

20 — рұқсат етілген доза (рұқсат етілген доза 3-5 мг/кг аналықтын салмағына) [26].

Жыныс өнімдерінің жетілуі инъекиядан кейін 10-12 сағаттан кейін 20-220С температурада жүреді.

 

2.2 Амур балығына сипаттама

 

Ақ амур — жылдам өсетін балық, салмағы 40-50кг, ұзындығы 1м жетеді. Жұмыр денелі, қабыршағы ірі. Басқа тұқы тәрізділер сияқты жақтарында тістері болмайды, ол қорегін астыңғы жақ сүйегінде орналасқан күшті ара тәрізді тістерімен үгітеді.

Өсімдіктекті қорекке тіршілігінің бірінші жылында, 3см кезінде көшеді. Ұзындығы 7-12см шабақтар егер рационында 30% жануар текті қоректер: коловраткалар, шаянтәрізділер, және хирономидтер кездессе жақсы өседі.  Одан әрі қоректік рационының негізін жоғарғы сатыдағы су өсімдіктері және су басқан жердегі және сумен шайылып келген құрлық өсімдіктері құрайды. Су өсімдіктерінен ақ амур: рдест, элодия, ряска,  роголистник, урутты қалайды. Балықтар жас майда өсімдіктерді мол пайдаланады, ол болмаған кезде ірілері әсіресе оңтүстік аудандарда қорек ретінде қатты өсімдіктерді де, тростник және рогоз сияқтылардыпайдаланады. Құрлық өсімдіктерінен ақ амур клевер, жоңышқа (люцерна), астық тұқымдастарды ұнатады[1,2].

Ақ амурдың тәуліктік рационы мен өсу жылдамдығы, жыныстық пісіп жетілуі жылдамдығы судың температурасына біршама байланысты. 25-300С температурада тәуліктік рационы балықтың салмағынан артық болуы мүмкін. Температураның 25-300С көтерілуі активті коректенуге бөгет жасамайды. Оптимальды температура төмендегенде қоректенуі қарқындылығы азаяды, ал температура 100С төмен болса ақ амур қоректенуін тоқтатады. Оңтүстік аудандарда судың жоғарғы температурасында амур жыл бойы қоректеніп өсе алады. Тек өсімдікпен қоректенетін балықтарда қоректік коэффициент оның түрлік құрамына байланысты. Ақ амур су өсімдіктерімен көп қоректенетіндіктен, оларды балық шаруашылықтық және техникалық суларда, каналдарда биологиялық мелиоратор есебінде падалануға болады[3].

          Ақ амурдың потенциялдық өсуі мүмкіншілігі өте зор. Оптимальды температурамен қолайлы оттегілік режимде, қоректің мол уақытында ақ амурдың 1,5 жасында салмағының 10-12кг жеткені белгілі. Ақ амурдың тіршілік ареалының солтүстік аймағындағы жасының шектелуі 20 жыл, оңтүстікте біршама қысқа. Жыныстық жетілуі тіршілік ету жағдайына байланысты әр түрлі жасында туындайды. Әдетте саламғы 6-8кг ақ амур 1 млн  көп уылдырық береді[4].

Өсімдік қоректі балықтар, соның ішінде ақ амур пелагофильді балыққа жатады, демек уылдырығын су қабатына шашады. Уылдырықты ағысы тез, 0,8-3 м/с жылдамдықпен ағатын ірі өзендер арнасында, температура 18,50С жеткенде шашады[4,5].

          Ақ амурдың уылдырығы батипелагиальдық: салыстырмалы салмағы судан біршама ауыр. Ол су қабатында дамып ағыспен төмен кетеді. Инкубациялық кезеңі температураға байланысты 18-20 сағатан (28-290С) 3 тәулікке дейін (180С) жетеді. Егер судың темепартурасы оптимальдыдан төмен немесе жоғары болса, эмбрионның дамуы бұзылады. Өсімдік қоректі балықтардың уылдырықтары мен ұрықтары судағы оттегінің мөлшерінің төмендеуіне өте сезімтал[6].

         Тұқымдық балықтарды дайындау. Өсімдік қоректі балықтарды өндірудің зауыдтық әдісі кезіндегі ең көңіл аударатын сәттерінің бірі, тұқымдық балықтардың бірі, өрістік топтарды ұстау және олардан жыныс өнімдерін алу уақытындағы әр түрлі жарақаттар алуы, сол сияқты өрістеуге физиологиялық пісіп жетілмеген немесе пісу уақыты асып кетуі де себеп болады. Осыған байланысты оларды міндетті түрде гипофиздік инъекциядан кейін пісіп жетілмеген аналықтарды қолданбау және азда болса, олардың өлімін азайту үшін, қысқа мерзім аралығында бонитировкалау қажет. Инъекциядан кейінгі ауруға ұшырамас үшін, олардың тұқымдықтарына эффективті зат ретінде пиницилин қолдану ұсынылады[7].

Тұқымдардың пісіп-жетілуі режимін және мерзімін анықтайтын  дифференциялық әдіс жолға қойылған. Ең алдымен, өндіру үшін өрістеуге даяр жақсы пісіп жетілген және қоңдылығы жоғарғы аналықтарды тоғанның терең қорегі аз түрінде ұстайды. Ал гонаданың жетілуінен артта қалып жатқан аналықтарды жақсы жылынатын, қоректік базасы жоғары тоғандарға жібереді, бұл олардың пісіп жетілуін жылдамдатады[8].

          Балықтардың өрістеуін олардың дернәсідерін өсіруге тоғанға ерте отырғызу керек екенін еске ала отырып, қысқа мерзім аралығында өткізу керек. Бір жағынан тұқымдықтарды тоғанда өрістеу температурасында және өрістік жағдайсыз ұзақ уақыт ұстау уылдырықтарды резервацияға ұшыратады[9].

Балықтарға гипофиздік ерітіндіні салғаннан кейін олар бірден өрістік жағдайдың болуына қарамастан өрістік күйге түседі.

          Дұрыс пісіп жетілу үшін – оттегінің қолайлы режим мөлшері және судың температурасы 19-200С төмен болмауы керек. Оттегі мөлшері 2 мг/л кем болса, аналықтар пісіп-жетілмейді. Температураның төмендеуі де олардың пісіп-жетілуіне қарсы әсер етеді[10].

          Асылдандыру ісінде, балықтарды қыстық тоғандардан аулауда зоотехникалық есептеулер(инвентаризациясыз) жүргізуді енгізбеу мүмкін емес.Тұқымдықтар мен жетілдірілетін жас балықтар басын инвентаризациялау процессі барысында олардың жынысын, салмағын, денсаулығын(сыртқы белгілері бойынша) қарап, әрбір жастық топтардың санын есептеп, жарақат алғандарын, ауруларын, денесінде кемістігі барларын, өспей қалғандарын жарамсыздыққа шығарады. Инвентаризация кезінде балықтарды таңбалайды. Сериялық таңбаны ақ амурларға екі жасқа толық жеткенде салады. Жеке нөмірді жетілдіру қатарынан, ересек өндіргіш топтар сатысынан өткенде береді. Күзде тоғаннан ауларда, өндіргіштер мен жетілдірілетін толықтырғыш балықтарды қыстауға отырғызар алдында балықтардың вегетациялық кезеңдегі өсуін тек салмағы бойынша анықтайды[10]. Бонитировка – яғни балықтардың өнімділігі мен асыл тұқымдық сапасын айқындау мақсатында, олардың барлық қолдану мерзімі барысында үш қайтара, жан-жақты жүргізілетін зерттеу. Ол асылдандыру жұмысының жоспарына өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Бірінші бонитировканы – ересек жетілдірілген топтар қатарынан өндіргіштер сатысына өткізгенде, екіншісін – екінші өрістеуден кейін, ал үшіншісін – аналықтарға 8-9 жыл болғанда, аталықтары 6-7 жасқа жеткенде жүргізеді. Бонитировка кезінде аналықтарды әдетте 3 топқа бөледі:

1-топқа салмағы және экстерьерлік белгілері ең жақсы, орта жастағы (6-8жас), жыныс белгілері айқын байқалатын даралар жатады. Оларды уылдырық шашуға бірінші пайдаланады.

2-топқа салмағы мен экстерьерлік белгілері төмен, толық жыныстық жетілмеген балықтар жатады. Олар келесі рет қолданылады.

3-топқа сыртқы белгілері бойынша аталықтардан өзгешеленбейтін аналықтар жатқызылады. Олар жарамсыз деп саналып, қолданылмайды.

Аталықтарды 2 топқа бөледі:

1-топқа орта жастағы (5-7жас) шәуеті қою, ағыңқы және экстерьері жақсы аталықтар жатады.

2-топқа шәуеті сұйық аталықтар жатқызылып, резервке қалады.

          Ақ амурдың жынысын анықтау қиынға соғады, ал жас және жыныстық жетілмеген дараларды сырттай анықтау мүмкін емес. Тек уылдырық шашу маусымында жынысты анықтау оңай болады. Аналықтардың жыныстық тесігі үлкенірек, кішкене ісінген, түсі қызыл, құрсақ қуысы ұлғайған. Аталықтардың жыныс тесігі әлсіз боялған, кішкентай саңылау түрінде болады. Аталықтардың басында және желбезек қақпақтарында қатты сүйелдер пайда болады- ол неке сәні деп аталады. Табиғи жағдайда уылдырық шашу нәтижесінің жақсы көрсеткіші өндіруші тұқымдық балықтардың сапасына және уылдырық шашу тоғанының дұрыс дайындалуына да байланысты[9,10,11].

          Көктемде  тоғандарды барлық өлген өсімдіктерден, қоқыстардан тазартып, тоған түбін кептіру керек. Тоған түбін сөндірілмеген әкпен 50г/1м2  өңдеуге болады. Тоған түбіне жұмсақ шөп еккен жөн, олар салынатын уылдырыққа субстрат қызметін атқарады. Егер өсімдіктер өспесе, онда жасанды субстрат жасауға болады. Ол үшін қылқан жапырақты ағаштарды,  мысылы, арша немесе сизаль арқанын және капрон талшықтарын қолданады.

          Тоғандардағы суды 16-17°С температура болған кезде, өндірушілерді отырғызғанға дейін 1-2күн бұрын құяды. Бұл жағдайда міндетті түрде балық қоспасын ұстаушы құрал орнатылуы керек.Уылдырық шашуға алдымен өндірушілерді отырғызғанға дейін ас тұзының 5% ерітіндісінде, тұз ваннасында өңдейді. Өңдеу уақыты бес минут. Паразиттерге қарсы өңдеуді қыстау тоғандарында синтетикалық бояғыштарды қолдану арқылы жүргізуге болады. 0,1 га-лық уылдырық шашу тоғанына екі ұя салады(екі аналық және төртт аталық) немесе өндірушілер тобын отырғызады. Отырғызу кешкі уақытта жүргізіледі.

Уылдырық шашу таңғы уақытта жүреді. Көбею кезінде аналықтар мен аталықтар шулап, тез қозғалады. Уылдырық аталық шәуетімен ұрықтанады. Уылдырық жабысқақ болады, ол бірден өсімдіктерге жабысады. Уылдырық шашу 3-5 сағатқа созылады. Көбеюден кейін өндірушілерді аулап, жаздық аналық тоғандарға орналастырады. Егер уылдырық шашуы кешігіп жатса, өндірушілерді резервтік балықтарға ауыстырады.

          Ұрықтанған уылдырық судың температурасына байланысты 3-5 тәулікте дамиды. Уылдырықтан шыққан эмбриондар бірінші екі тәулігінде аз қозғалғыш болады, саруыз қапшығымен қөректенеді. Көбеюші тоғандарда қөрек көзі тез сарқылады, сондықтан шабақтардың бұл тоғанда өсу ұзақтығы 10 тәуліктен аспайды. Әдетте шабақтардың активті қөректенуінен кейін 4-5 тәулікте шабақтарды аулап, өсіруші тоғандарға жібереді.

Табиғи уылдырық шашуда бірқатар кемшіліктер болады. Ол ауа райына, тоғандарды дайындау сапасына, су деңгейінің ауытқуына және су өсімдіктерінің дамуына байланысты.

          Соңғы жылдары ақ амурды зауыдтық әдіспен өндіру кең етек алуда. Оның артықшылығына келесілер жатады:

Өндірушілерді дайындау процессін, жыныс өнімдерін алу, ұрықтандыру және

уылдырық инкубациясын басқару мүмкіндігі пайда болды.

Селекциялық процессті тездететін, асылдандыру жұмыстарының мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейді.

         Алынған дернәсілдер инвазиялық аурулардан таза болады.

Үйірлердің санын азайтуға болады,бұл әдіспен аналықтың аталыққа қатынасы 1:0,5.

Босаған өрістеу тоғандары басқа балық өсіру процесстеріне қолданылуы мүмкін[11,12].

           Ақ амурды жасанды жолмен өсірудің жетістігі  гипофизарлық инъекция егу әдісін жетілдіру арқылы мүмкін болды. Гипофиздің физиологиялық әсерінің механизмін 30-шы жылдары Гербильский ашқан болатын. Гипофиздің гонадатропты гормоны овогенез бен спермотогенезді реттейтіні, жыныс жасушаларының пісіп жетілуіне, овуляцияның және шәуеттің түзілуіне әсер ететіні анықталған.

         Өндірушілерге балық гипофизінен гонадотропты гормонның суспензиясын балықтың бұлщықетіне іштей инъекция жасағанда, гормон қанға түсіп, жыныс процессін реттейді. Осы арқылы өндірушілердің  жыныс бездері 4- ші пісіп жетілу сатысынан 5- ші пісіп жетілу сатысына өтеді. Гонадотропты гормон түрлілік спецификалығымен ерекшеленеді. Осылайша, сазанның гипофизін тұқы тұқымдастарының өндірушілеріне, ақ амурға, сазанға, тұқыға еңгізеді[11].

Көктемде уылдырық шашатын балықтардың гипофизін уылдырық шашу алдында, күзде немесе қыста дайындайды. Жыныстық жетілмеген балықтардың гипофизі жарамсыз болады.

          Жасанды жолмен көбейту жұмыстары инкубациялық цехтарда, бассейндерде, инкубациялық аппараттарда және шабақ өсіруге арналған ыдыстарда жүзеге асырылады.

          Ең алдымен, үлкен жастағы аналықтарды (8-10жас), сосын жастары (6-7жас) қолдану ұсынылады. Бірінші рет уылдырық шашатын аналықтарды тоғандарға, табиғи уылдырық шашуға жіберген жөн. Өндірушілерді тоғаннан бассейндерге ауыстырады. Бассейндердегі су температурасын тәулік бойы оптимальді көрсеткішке дейін (18-20°С) жеткізіп, өндірушілерді сонда 4-5 тәулік ұстайды. Содан кейін гипофизарлық инъекцияның көмегімен уылдырығын алады. Әр бассейнде су шығыны 10-15л/мин болғанда, орташа салмағы 5-8кг 7-8аналық және 3-4 аталық ұстайды.

          Тәжірибеде екі қайтара инъекциялау қолданылады. Ондағы бірінші және екінші инъекциялар арасындағы қатынас 1:10, арасындағы интервал 12-24 сағат болады. Алдын-ала жүргізілген инъекция ядроның поляризациясын қамтамасыз етеді және овуляцияны қолдайтын мейозға даярлайды. Сөйтіп, осындай жолмен овуляция алдылық процесстер даярлығы бір реттік овуляция кезінде туындайтын кезекті қателіктерге жол бермеуге  мүмкіндік береді. Инъекцияға қажетті гипофиздің мөлшерін балықтың салмағы мен денесінің орамдық өлшемі бойынша анықтайды. Есептеуде нанограмма бойынша, яғни балықтың дене салмағы оның орамдық мөлшерін ескере  отырып гипофиздің көлеміне көбейтеді. Екінші қайтара инъекциялауда аналыққа 3-5 мг препарат әр бір килограмм салмағына есебінен енгізеді. Аталықтарына гипофиздік препаратты 0,8-1,2 мг/кг есебінде алады. Инъекциядан кейінгі жыныстық өнімнің пісіп жетілуі 20-220С температурада  10-12  сағаттан кейін басталады [12].

Жетілген жыныс өнімдерін балықтың құрсағын сығу арқылы алады. Ол үшін өнімдерін алар алдында өндірушілердің денесін 3% хлорамин ерітіндісімен сүртіп тазартады. Әр аналық пен аталықтың жыныс өнімдерін бөлек-бөлек ыдысқа сығып алады[13].

          Су жылылығының мөлшеріне байланысты ақ амурдың жыныс заттары 17-180С температурада 20-24 сағатта, 19-200С температурада 19-20 сағатта жетіледі. Балық уылдырығы және шәует қолмен сығылып алынады. Уылдырықтың әр литріне  3-5 мл шәует төгіледі де, үстіне 100-150 мл таза су құйылады. Осыдан кейін 30-40 секунд уақыт өткен соң, оны құс қауырсынымен араластырып ұрықтандырылады. Одан кейін оның жабысқақтығынан айыру үшін 1литр сүтке 5 немесе 8 есе су құйылып суытылады да, осы сүтерітіндісіндегі уылдырық инкубация аппаратына салынып компрессормен берілетін ауаның қысымы арқылы үрленіп араласып тұрады. Бұл процесс 30 минуттай жүргізіледі де, аппараттағы жабысқақтықтан айырылған уылдырыққа таза ағын су жіберіледі[14].

Ұрықтанған уылдырықты инкубациялық  «Амур» аппараттарына орналастырады.

          Дернәсілді жетілдіруді ИВЛ-2 аппаратында жүргізеді. Аппаратқа 1литр көлемге 5-7 мың уылдырық есебінде салады. Уылдырықтың инкубациясы кезіндегі ең басты факторлар судың температурасы мен оттегінің мөлшері. Уылдырықты салғаннан кейін судың ағындылығын 4-8 литр/минутына етіп қояды, ал оптимальды температура 22-250С және оттегінің мөлшері 4 мг/л төмен болмауы керек. Уылдырықтың инкубациясы көрсетілген режимде 23-30 сағатқа жетеді. Ал егер температураны 27-290С дейін көтерсе инкубация уақыты 17-19 сағатқа қысқарады. Дернәсілдердің уылдырықты жарып шығуы 1-3 сағатқа созылады. Егер жарып шығу уақыты кешіксе, онда суды жіберуді 3-5 рет әр 7-20 минут сайын тоқтатып, оны қолдан жарғызады.

          Инкубациялау арнаулы шыныдан жасалған 6-8 литрлік ыдыстарда жүргізіледі. Аппаратта су айналымы тоқтаусыз жүріп тұрады да, судың ағып шығуы 2-3литр. Бір аппаратқа 400-600 мың дана уылдырықты салуға болады. Өлген уылдырықтарды алып тастап отырады[15].

Сырттай қоректенуге көшуіне сәйкес балық дернәсілдер арнаулы қатайтып өсіру тоғандарына ауыстырылады.

          Амур аппараты – тұқытәрізді балықтардың, соның ішінде өсімдік қоректі балықтар, яғги, атап айтсақ ақ амур және ақ дөңмандай балықтарының уылдырығын инкубациялауға арналған. Аппаратқа 1 литрге 5-7 мың уылдырық есебінен уылдырық салынады, Уылдырық салынғаннан кейін су ағыны 4-8 л/ мин болатындай жасайды. Судың температурасы 22-25ОС және оттегі 4 мг/л төмен емес мөлшері оптимальды болып саналады. Осы температуралық режимде уылдырық инкубациясы 23-30 сағатқа созылады. Су температурасы 27-29ОС-қа көтерілгенде инкубация уақыты 17-19 сағатқа қысқарады. Дернәсілдердің уылдырықтан шығуы 1-3 сағатқа созылады.

Ақ амур балығының даму кезеңдері бірнеше даму сатыларынан тұрады:

А-эмриональдық даму кезеңі сатылары

Б- дернәсілдік кезеңінің даму сатылары

В- шабақтық кезеңнің даму сатылары

А-Эмбриональдық даму кезеңі сатылары

І-саты – жұмыртқа клеткасы мен жұмыртқа қабықшасы арасындағы қуыстың сұйықтыққа толу кезеңі (перивительдік кеңістіктің пайда болуы), плазмалық

төмпешік-бластодисканың пайда болу кезеңі.

          Жұмыртқа қабықшасы сарыуыздан ажырап, анимальды полюсте плазманың концентрациясы жүреді. Судың 22-260С температурасындағы ұрықтандыру басталған кезеңнен бастап, оның жасы барлық жағдайда көрсетіледі. Плазма айқын сызықты төмпешікке-бластодискаға айналады.  Осы уақытта перевительдік қуыстың сұйықтыққа толуы негізіне аяқталады. Бірақ, ол әлі де болса жалғаса береді. Осындай кеңістіктің болуы уылдырықтың айтарлықтай салмағы азайтады.

         Мұндай перевительдік кеңістіктің болуы уылдырықтың өзіндік салмағын азайтады да, оның су қабатындағы жүзгіштігін аттырады, ағынсыз суда уылдырық су түбіне батып кетеді.

ІІ саты. Ластодисканың бөлшектенуі екі бластомерден бластулаға дейін жүреді.

          Бластодиска екі бластомерге кейін төрт бластомерге бөлшектенеді.Одан сегіз бластомерге бөлшектенеді.Сонымен бірге, перивительдік полюстің салынуы және жұмыртқа қабықшасының созылуы аяқталады.

ІІІ саты. Гаструляция – ұрықтық жапырақшалардың пайда болуы.

          Бластодерма сарыуыз қапшығының үстіне қарай уылдырықтың төменгі вегетативті бөлігіне ұлғаяды, сонымен бірге бластодерманың шеткі аймақтарындағы бір бөлікте клеткалар қалыңдап, түйін түзеді. Клеткалар қарқынды бөлінеді және бластодерма ұлғаюы барысында ішке қарай айналады. Ұрытық жапырақшалары экто-, эндо- және мезодермадан тұратын ұрықтың бастамасы салынады. Бластодерманың өсуіне қарай сарыуыз қапшығындағы ұрық қалыңдайды және ұзарады.

          Гаструлация сарыуыздық қақпақ бластопордың бітелуімен тұйықталады. Ұрық бастамасы денесі жұмырланып, валик тәрізді форма алады. Оның кеңейген бас бөлімі анимальды полюстен басталады, тарылған бөлімі құйрық бөлімі вегетативтік полюсте аяқталады.

           ІV-саты. Ұрықтық жапырақшалардың негізгі органдарға дифференциялануы.

Көз көпіршігі түзіледі, хорда бастамасы салынады, мезодерма сигменттеле бастайды (екі самит пайда болады), бас миының негізгі бөлімінің бөлімдері (ми

көпіршігі) салына бастайды. Осыдан кейін көзінде хрусталиктер пайда болады,

есту көпіршіктері түзіле бастайды.

          Денесі көптеген бұлшық еттік сигменттерге, митомдарға сигменттелген. Хорда айқындала бастайды. Денесі өте сирек иіледі.

V саты. Сарыуыз қапшығының құйрық бөлімінен босауы, ұрық денесінің активті қозғалысының басы.

          Құйрық бөлімінің сарыуыз қапшығынан ажырауы нәтижесінде ұрықтың денесі түзіле бастайды. Ол бүйірінен бүйіріне иіліп жылдамырақ бұрылыстар жасай бастайды.

          Бұл первитальдағы сұйықтықтағы газ алмасуды, сонымен бірге тыныс алуды жақсартады да, одан әрі оның қабықшаны жарып шығуына көмектеседі. Басында және жүрегі аймағында көптеген майда көпіршіктер пайда болады, оның бөлген секреті ұрықтың қабықшаны жарып шығуы уақытына қарай, жұмыртқа қабықшасының беріктігін төмендетеді.

         VІ саты. Ұрықтың қабықшаны жарып шығуы. Ұрықтың қабықшаны жарып шығуы уақыты бір тәуліктік жасында басталып бір сағаттан бірнеше сағатқа созылады. Қабықшаны жарып шығу уақыты судың температурасына және оның оттегімен қанығуына қарай жүреді. Біршама жоғарғы температурада және оттегінің аз мөшерінде жарып шығу жылдамырақ жүреді. Созылыңқы жарып шығу дернәсілдің сапасының төмендігін көрсетпейді. Кезеңнің аяғында немесе басындағы жарып шыққан дернәсілдердің тіршілікке қабілеті бірдей болады.

          Денесі түзу,пигментсіз. Бұлшық ет сигметтері саны 29-31, құйрығында 12-14 болады. Көзінде онша үлкен емес пигметтік дақ болады. Есту капсуласында отолиттің астамасы байқалады.  Екі бөлім жүрекше мен қарыншадан тұратын жүрегінің пульсі көрініп тұрады. Қанның қалыптасқан элементтері қан тамырларында әлі болмайды. Дернәсілалды бұл сатыда қозғалғыш. Табиғи жағдайда олар бәсең судың ағысымен ағып кетеді. Инкубациялық аппаратты жүйелі түрде қимыл жасайды, яғни судың беткі қабатына көтеріледі, сосын төмен

қарай басымен төмендейді.

         VІІ саты. Эмбирональдық қантамырлық жүйенің түзілуі және қан айналудың бастамасы уақыты. Дернәсілалдының ұзындығы 6,5мм, жасы екі тәулік барлық тамырлары қанның формалық элементтерімен толады. Сарыуыз қапшығының ең алдыңғы бөлігінде кең кювер жолы орналасады, ал аналь қанаты қатпаршағы бөлігінде кеңейген құйрық венасы болады.

         VІІІ саты. Қозғалмалы – желбезек жақ аппаратының және оның қызметінің басталуы.

          Аузы төменгіден жартылай конус тәрізді түрге енді және қозғалмалы. Тері желбезек қақпағы желбезектің біршама бөлігін жауып тұрады. Желбезектеріндегі қан тамырлары бүкіл желбезек жапырақшаларына тармақталған, желбезектік тыныс алу басталады.

          Көзі толығымен пигменттелген, денесінде мелоноффорлар және диффузды сары пигмент пайда болады. Торсылдағының бастамасы пайда болады. Дернәсілалды дәл осы сатыда қозғалады.

         Инкубациялық цехтың соңғы өнімі – аралас қорекке көшкен дернәсіл. Осы этаптағы дернәсілдер алыс жолдық тасымалдауға төзімді келеді. Тоғандарды балықтандыруға салмағы 25-30 мг және одан жоғары зоопланктондық қорекке көшкен дернәсілдерді қолдану ұсынылады.

          Дернәсілдерді тиімді өсіру үшін олардың биологиясын, қоректенуін, сыртқы орта факторларына негізгі талаптарын білу керек.

          Дернәсілдік даму торсылдақтың ауамен толу мезетінен сырттай қоректенуге көшу уақытына дейін созылады. Осы периодтың басында дернәсілдерді сарыуыз қапшығының қалдығы болады. Сондықтан, олар біраз уақыт аралас қорекпен қоректенеді. Ересек ағзаның сипаттарын алғаннан кейін бұл период аяқталады[15,16].

Тұқы тұқымдастарына жататын өсімдік қоректі балықтар тұщы сулық және жартылай өткінші балықтар жатады. Олардың жақтарында тістері жоқ, бірақ жұтқыншақ тістері болады. Арқа қанаты біреу. Тұқы тұқымдасы- балықтардың ішіндегі ең саны көп түр: әлемде 1000 түрі болса , оның 118 түрі ТМД суларында тіршілік етеді[16].

          Тоған шаруашылығының дамуымен байланысты Қиыр Шығыстан республикамыздың суларына тұқының жаңа түрлерін әкеліп жерсіндіре бастады. Оған қара және ақ амур, ақ және шұбар дөңмаңдай жатады.

Қиыршығыстық өсімдік қореті балықтар комплексі үш түрмен берілген: ақ амур (Ctenopharyngodon idella Val); ақ дөңмаңдай (Hypophtalmichthys molitirix Val.) және шұбар дөң маңдай  (Aristichthes nobilis Rich). Бұлардың бәрі тұқы тұқымдастарына жатады. Олардың атамекені Орталық және Оңтүстік Қытайдың жазық өзендері[17]. 

Оларды өсірудегі қажетті гидрохимиялық режимдер тұқылардағыдай (сазан). Өсімдік қоректі балықтарды негізгі өсірудегі абиотикалық фактор температура болып табылады.  Өсімдік қоректі балықтар тұқыға қарағанда біршама жылу сүйгіш: оңтүстік аймақтарда өсуінен одан кем түспейді, ал орталық ендікте одан баяу өседі (әсіресе ақ амур). Сонымен қатар олардың барлығы орталық және солтүстік батыс аймақта қысты жақсы өткереді[18,19].

Қоректенуінде өсімдік қоректі балықтар бірініші жылында оларды бірге өсіргенде екі типті қоректену айқын байқалады. Бастапқы (отырғызғанан алғашқы 15-20 күнінде тоғандағы  үш түрдің жастары) осы жылдықтардың қоректенуі ұқсас және зоопланктонмен қоретенуге негізделген. Бұл уақытта олардың арасында қоректік конкуренция туындауы мүмкін . Ақырғы кезең – вегетативті кезеңнің  қалған бөлігі арнайы немесе маманданған қорекке көшуі уақыты[20].   

Ақ амур жоғарғы сатыдағы өсімдіктермен қоректенеді және жоғары  эффективті биологиялық мелиораторлық қызымет атқарады. Ақ амурды тоғанда пайдаланғанда көңіл бөлетін жағдай олардың тоғанда алатын орны. Өсімдіктекті қорек жетіспегенде ақ амур жасанды қоспаға көшіп тұқыға бәсеке тудыруы мүмкін және қоректің төленетін «пұлы» тиімділігі тұқыға қарағанда әлдеқайда төмен болуы мүмкін. Табиғи сулардағы және комплекстік бекітілген сулардағы өсімдіктердің  жетіспеушілігі ақ амурда ауру және өлім туғызады, бұндай жағдай Қапшағай су қоймасында орын алған болатын[21]. Жыныстық жетілуі Амур бассейнінде ұзындығы 68-75см жеткенде, 9-10 жасында, ал ақ дөңмаңдай ұзын – дығы 60-62см, 7-8 жасында[7]. Орталық Қытайда олар 4-5, ал оңтүстігінде 3-4 (ақ амур) немесе ақ дөңмаңдай 2-3 жылдығында жыныстық жетіледі. Шұбар дөңмаңдай ақ дөңмаңдайға қарағанда бір жыл кейін жетіледі. Барлық түрлердің аталығы әдетте аналықтарға қарағанда бір жыл ерте өтеді.

Ақ амурдың өрістеуі тасқын кезінде, су температурасы  20-25 0С және жоғары

онша терең немесе қайраңдарда түбі тасты өзеннің арнасында жүреді. Өсімдік қоректі балықтардың эффективті көбеюі суқоймаларда, тоғандарда шындыққа сай емес. Сондықтан тауарлық өсірудегі осы балықтарды өндіріудің  жалғыз әдісі зауыдтық әдіс болып табылады[22].

          Қазақстанға өсімдік қоректі балықтардың қиыршығыстық комплексі Қазглавгосрыбводпен Қытайдан Алма-Аты тоған шаруашылығына 1958 жылы әкелінген. Алма-Аты тоған шаруашлығына жіберген кездегі олардың салмағы 88 мг, ұзындығы 33мм жеткен болатын.

Қапшағай суқоймасына кәсіптік аулауда ақ амур 1989ж.бастап кездеседі.Ақ амур балығы тұщы суда өседі, ол үйір болып шоғырланып, өзен сағасындағы шұңқырларда қыстайды.Көктемде, су деңгейі көтерілгенде бұл балықтар көлдерге және өзен атырауындағы  жайылма суларға өрістеп шығады. Ақ амур балығының бір ерекше қасиеті бар: ол кенеттен оқыс дыбыс шыға қалса, сол дыбыс шыққан жаққа қарай судан 1-2м биікке секіріп шығады.Оның жас шабақтары алғашқы кезде су балдырлары мен бірге зоопланктондарды да қорек етеді. Оның негізгі қорегі судың қабатында қалқып жүрген майда су балдырлары, шөппен қоректенетіндіктен оның ішегінің ұзындығы өзінің денесінің ұзындығынан 1,5 есе артық, оның себебі шөптің қорытылу мезгіліне байланысты[21,22].

          Өсімдік қоректі балықтарды әкелгеннен бастап тоған шаруашылықтарында минеральдық  тыңайтқыштар қолданыла бастады.

          Өсімдік қоректі балықтарды зауыдтық жолмен өндіру Қазақстанда  1964 жылы басталды. Жұмыс Алма-Аты  тоған шаруашылығында  және бұл тәжірибелік мақсатта жүргізілді. 1964 жылы өсімдік қоректі балықтардың барлығы 327 мың дернәсілі алынды.

          Кейінгі жылдары республикада өсімдік қоректі балықтарды өндірудің көлемі ұлғайды. Табиғи сулар мен комплекстік негізделген сулардағы өсімдік қоректі

балықтарды өсіру  Қазақстанда толығымен қолданылмайды[23].

Авторлардың мәліметтерін талдай отырып, бұл проблема толық шешілмеген

екендігін анықтап, тұжырымдауға болады.

          Дөңмаңдай балығын жасанды өсіру.

Өрістеу тоғандарына су толтырар алдында оның дамбаларын және гидротехникалық құрылғыларын жөндеп, өлі шөптерін жинап тоғанға жағып жіберу керек (күлін тоғанға шашады), балық жинайтын арықтарды тазалап, су төгілетін жерге миллиметрлік тор орнатылды, содан кейін су беретін жерге маңыссыз майда балық қақыш орнаттылады. Тоғанды су жіберерден 1 ай бұрын қорытылмаган әкпен 50-100 г/м , арықтың түбін 80 г/м» заласыздандырады.

Өрістеу тоғанынын түбі шалғынды, ылғалды жақсы ұстайтын шөпті болуы
керек. Жаңадан салынған өрістеу тоғандарының түбіне 10-12 күнге дейін
шірімейтін өсімдік тұқымдарын себеді екен. Кәдімгі бекмания, канареечник
тростниковой, шалғынды лисохвост, батпақ жэне шалғындық мятлик т.б. ылғал ұстағыш өсімдіктерді қолданады [14].           

Шалғындық өсімдіктер уылдырықтарға субстратты ғана болып қоймай, оттегімен де қанықтырады, сол сиякты тоғанның табиғи қорегінің дамуын жандандырып, алынатын шабақтар санын ұлғайтады. 

Тоғандағы судың температурасы 16-170С болғанда өрістеу тоғанды маңыссыз балық қақкыш арқылы толтырады,ол жыртқыш балықтар, су қоңызы дернәсілдерін,   су кенелерін тағы басқа зиянкестерді ұстап қалады.

Жыртқыш  омыртқасыздардың  жаппай  дамып, балық уылдырықтары  мен дернәсілдерін жеп қоймас үшін тоғанды таңертеңгісін 4 сағат бойы толтырып, сол күні кешкісін тұқымдықтарды   өрістеуге   жібереді.   Тұқымдықтарды уылдырық шашуға жіберер алдында қайтара карап шығып, өлшейді және гонадалары жақсы пісіп жетілгендерін іріктейді.Өте мұқият болу керек денесіне жара түсірмеу қажет.

Кешке тоғанға өрістеуге жіберілген балықтар ертеңінде уылдырығын шашуы тиіс. Уылдырық шашуы судың 17-18°С температурасында басталады.

Көлемі 0,1 га болатын бір өрістеу тоғанына 2 ұя тұқымдық: 2 аналық және 4 аталық жібереді. Шағын көлемді шаруашылықта уылдырық шашудың фронтальді әдісі; қолданылады, яғни барлық өрістеу тоғандарын бір мезгілде балықтандырдық.Ірі шаруашылықтарда сатылы әдіс қолданылады.[15] Бұл жағдайда өрістеу тоғандарын топтарға жіктейді, әрбір топтарды бір күнде ұстайды. Әр тоғандар тобына тұқымдықтарды 1-2 тәуліктен кейін жібереді. Уылдырық шашу кезінде дөңмаңдайлар тоғанның таяз жерінде шұғыл және суды шашыратып козғалады. Олардың активті қозғалысы судың иісін тудырып, жабысқақ уылдырықтары су қабатында таралып өсімдіктерге барып жабысады да, сол жерде қабықшаны жарып шыққанға дейінгі дамуы жүреді. Әдетте өрістеу сол күні аяқталады. Сапасы мен санын аныктау үшін тоғанның әрбір жерінен уылдырық жабысқан шөптер жұлынып алынады да , зертханада бинокулар астында тексерыледі. Егер уылдырық сапасы қанағаттандырарлықсыз болса, тұқымдықтарды қордағылармен алмастырады. Уылдырық шашып болғаннан кейін, тоғанның суын ағызып, тұқымдықтарды аулап алып, оларды профилактикалык шаралардан өткізіп жаздық тоғандарға жіберіледі.[16]

          Дөңмаңдайдың уылдырықтарының эмбрионалдық даму ұзақтығы температураға жәнс судың гидрохимиялык режиміне байланысты. Судың 17-200С температурасында дернәсілдердің жарып шығуы уакыты 3-6 күнді құрайды, температура көтерілген сайын жылдамдай түседі. Дөңмаңдай үшін эмбрионның оптимальді даму температурасы 16-24°С. Судың температурасы 27°С-тан жоғары болса дернәсілдердің тірі қалуы төмендейді.

Сарыуызы көп үлкен уылдырыктағы эмбрионнің тірі қалуы орташа немесе майдаларына қарағанда жоғары [17]. Дөңмаңдайдың дернәсілдері қабықшадан бірінші шыққан күні субстратта қозғалыссыз жабысып тұрады. Екінші күннің соңына карай дернәсіл субстраттан ажырап,аралас қорекке көшеді. 5-6 тәулікте сарыуыз қапшығы солып олар толығымен сыртқы қорек-зоопланктонмен қоректенуге көшеді. Табиғи қорек нашар дамыса косымша қоректендіреді. Құрама немесе тірі қорек түрін беруге болады. 0,15-0.20 мм түйіршікті жемдер салмағы 7-8 мг личинкаларға да жарайды [18].

Личинкаларды өрістеу тоғандарында   салмағы 12 мг болғанша өсіреді. Бұдан салмағы төмен болса аулау кезінде    жылдам жарақатттанады  да, қалдықтың   көбеюіне әкеліп соғады. Личинкалардың   салмағы   50 мг   дейін болғанша   калдырса   тоғандағы   зоопаланктон   қоры   таусылып,   қоректің жетіспеуінен өсу қаркындылығы баяулайды. Личинкалардың салмағы 30 мг болганша өсіру 10-14 күнді құрайды.  Бір тұқымды ұядан алынған личинкалар саны аймаққа байланысты 70-120 мың дананы құрау керек.

Балықтың өсу жылдамдығы мен гонадалардың дамуы арасында тығыз байланыс болады. Өсуінің баяулауы вителлогенездің басталуын тежейді, жұмыртка бездерінің дамуы ІІ даму сатысында тоқтап қалады. Қолайсыз жағдайларда жыныстық жетілген аналықтардың жайылуы олардың өніміділігінің төмендеуіне және уылдырық сапасының нашарлауына әкеледі. Аталық бездерінің дамуына өсу жылдамдығы жұмыртқа бездеріне қарағанда айтарлықтай аз әсер етеді [19]. Бірақ бұндай аталықтардың шәуеті аз және оның сапасы төмен болады.

Жыныстық жетілген аналықтардың көбеюге пайдаланбаған уылдырықтары резорбцияланады. Жайылымның қолайлы жағдайлары жасалған уақытта шашылмаған ооциттердің резорбциясы оогенездің жолын бұзбайды және аналықтары келесі маусымда уылдырық шашуда қайтадан қолданылуы мүмкін.

Өсімдікқоректі балықтардың аталықтарының аталық бездері вегетациялық маусым бойы функциональды пісіп жетілу сатысынан шашылу жағдайына өтеді, бұл оларды көбейтуде бірнеше рет қолдануға мүмкіндік береді [20].

Өндірушілерді өсіру процессінде гонадалардың дамуына уақытында жыныстық жетілуді камтамасыз ететін жағдайлар жасалады. Өндірушілер жоғары өнімділікке ие болды. Жаздық жайылым уақытында өндірушілердің өсу салмағы

1.5-2кг құрауы керек. Өндірушінің біріншілік салмағына уылдырық шашу алдындағы массасы алыдық. Осылайша, уылдырықты сауу есебінен жүретін аналықтың массасының жоғалтуын есептегенде, массасының өсуі аталықтарға қарағанда анағурлым көп болуы керек.

Ең жақсы балық шаруашылықтық нәтижелер 6-8 жастағы өндірушілерді қолданғанда (эксплуатацияның 2-4 ші жылы) алынады. Ересек жастағы аналықтардың жайылымдық жағдайларға талабы жастарына қарағанда жоғарырақ болды [21].

Өндірушілері  уылдырық шашуға дайындау қыстау корғау тоғандардан ауланғаннан кейін көктемде басталады.

Өсіру кезінде жыныс өнімдерін тек дені cay, закымданбаған өндірушілерден аладық, ол үшін балықтардың бонитировкасын жүргіздік. Бонитировка кезінде, балықты сырттай бағалау арқылы классқа бөлдік. Аналықтарды әдетте 3 класқа бөлеміз:

1 класқа салмағы және экстерьері белгілері ең жақсы. Орта жастағы (6 -8 жас) жыныс белгілері айқын белгіленген даралар жатады. Оларды уылдырық шашуға I — ші пайдаланады.

2 класқа — қалған аналықтарды қолданады.

Сырттай аталықтарды, өзгешеленбейтін аталықтарды 3-класқа жатқызады және оларды қолданбайды .

Аталықтарды 2 класқа бөледі. 1 класқа орта жастағы (5-7 жас) шәуеті қою, ағыңқы және экстерьері жақсы аталықтар жатады. Қалған аталықтар 2 класқа жатқызылып резервке қалады.

Тұқымның жынысын анықтау қиынға соғады ал жас және жыныстық жетілмеген дараларда сырттай анықтау мүмкін емес. Тек уылдырық шашу маусымында жынысты анықтауга болады [22].

Аналықтардын жыныстық тесігі үлкенірек, кішкене ісінген, қызыл, кұрсак қуысы ұлғайған болады.

Аталықтардың жыныс тесігі әлсіз боялған, кішкентай саңылау. Басында және желбезек кақпағында қатты сүйелдер пайда болады – ол неке сәні деп аталады [23].

Табиғи жағдайда уылдырық шашу нәтижесі өндірушінің сапасына және уылдырық шашу тоғанының дұрыс дайындалуына да байланысты.

Уылдырық шашуға кейбіреулер алдында-өндірушілерді ас тұзының 5%-к ерітіндісінде тұз ваннасында 5 мин өңдейді. Паразиттерге карсы өңдеуді қыстау тоғандарда синтетикалык бояғыштарды қолдану арқылы жүргізуге болады. 0,1 га — лық уылдырық шашу тоғанына 2 уя салады (2 аналық және 4 аталық) немесе өндірушілер тобын отырғызады. Отырғызуды кешке жүргізу керек.

Әдетте уылдырық шашу таңғы уақытта жүреді. Көбею кезінде аналық пен аталықтар шулап қозғалады. Аналықтың салынатын уылдырығы бірден аталық шәуеттерімен урықтанады. Уылдырығы жабысқақ болады ол бірден өсімдікке жабысады. Уылдырық шашу 3-5 сағатқа созылады. Көбеюден кейін өндірушілерді аулап, жаздық аналық тоғанға орналастыру керек. Егер уылдырық шашу кешігіп жатса өндірушілерді резервтік балықтарға ауыстырады [24]. Ұрықтанған уылдырықты сумнеттің температурасына байланысты 3-5 тәулікте дамиды. Уылдырықтың толық дамуы мен личинкалардын шығуына 60-80 градус күндегі жылу жиынтығы кажет. Тұкының эмбриональды дамуына қолайлы температураға 18 — 260 С.

Уылдырықтап шыққан эмбриондар бірінші 2 тәулікте аз козғалғыш болады, сарыуыз қапшыгы арқылы қоректенеді.

Көбеюші    тоғанда    қорек   ресурстары    тез   сарқылады,    сондықтан шабақтардың  бұл   тоғанда  өсу  ұзақтығы   10  тәуліктен   аспайды. Әдетте шабақтардың активті қоректенуінен кейін 3-5 тәулікте шабақтарды аулап шабақтық немесе өсіруші тоғанға отырғызады. Көлемі — бір шелекке немесе тегенеге қүяды   ол эталон болады. Табиғи уылдырық шашуда бірқатар кемшіліктер болады. Ол ауа-райына, тоғандарды дайындау сапасына, су деңгейінің ауытқуына және су өсімдіктердің дамуына байланысты. Соңғы жылдары дөңмаңдайды заводтық тәсілмен өндіру кең етек алуда. Оның артықшылығына келесілер жатады:

  1. Өндірушілерді дайындау процесін, жыныс өнімдерін алу, ұрықтандыру және уылдырық инкубациясын басқару мүмкіндігі пайда болады.
  2. Селекциялық процесті тездететін асылдандыру ісінің мүмкіндіктері айтарлықтай кеңиді.
  3. Алынған личинкалар инвазиялық аурулардан бос болады.
  4. Үйірлердің санын азайтуға болады. Бұл әдіспен аналықтың аталыққа
    катынасы 1 : 0.5.
  5. 5. Босаған көбеюші тоғандар басқа балық процестеріне қолданылуы мүмкін.

Жыныс өнімдерін  алу

          Зауыдтық тәсілмен ұрпақ алу келесідей процестерден тұрады:

  1. I) Уылдырық пеп шәуетті сауу

ІІ) Уылдырықты жасанды ұрықтандыру

уылдырық инкубациясы мен личинкаларды күтіп-бағу Инъекциялауға арналған гипофиздің мөлшері аналықтардың салмағы мен дене ауқымын ала отырып анықтадық. Есептеуді номограмма бойынша жүргізеді, ол үшін балықтын массасын дене ауқымына байланысты гипофиздің дозасына (мг/кг) көбейтеді. Екінші (рұқсат етілген) инъекцияда аналықтарға 3-5 мг/кг дене салмағына, ал аталықтарға 0,8-1,2 мг/кг есептеп ектік [25].

Алынатын уылдырық сапасын анықтаушы негізгі сәтке алдын ала және рұқсат етілген инъекцияның арасындағы интервалды дұрыс таңдау жатады. Судың температурасы жоғарылаған сайын интервал 20-220 С-та 24  сағаттан

27°С — тан жогары температурада 6-8 сағатқа дейін қысқарады. Сәйкесінше,

гормонный дозировкасы да қысқарады, әсіресе алдын-ала инъекция жасағанда

20 — рұқсат етілген доза (рұқсат етілген доза 3-5 мг/кг аналықтын салмағына) [26].

Жыныс өнімдерінің жетілуі инъекиядан кейін 10-12 сағаттан кейін 20-220С температурада жүреді.

Әр аналықтың уылдырығын жеке-жеке ыдысқа саудық. Уылдырықты алу мезетінде шәует алынып қоюы керек. Оны салқын қараңғы жерде сақтадық. Уылдырықты ұрықтандыруды құрғақ тәсілмен жүргіздік. 1 л уылдырыққа 3-5 аталықтан алынған 5 мл шәует қолдандық [27]. Шәуетті құстың қауырсынымен біркелкі етіп уылдырықтың үстінен араластырдық. Одан кейін ыдысқа 100-150 мл су құйып уылдырықты 1-2 мин бойы жақсылап араластырдық. Осы уақытта уылдырықтың ұрықтануы жүреді. Сосын тағы су құйып ерітіндіні қайта төгу арқылы уылдырықты тазартық. Операцияны 2-3 рет уылдырық шырыштан, қан ұюынан толығымен тазарғанша жүргіздік. Шайылған және ұрыктанған уылдырықты ВНПИИПРХ инкубациялық аппаратына орналастырдық, Личинкаларды ұстау үшін ИВЛ-2 аппаратын қолдандық. Сонымен қатар уылдырықты инкубациялауға және личинкаларды ұстауға «Амур» аппаратында қолдануга болады [28].

Уылдырықты аппараттарға 1 л көлемге 5-7 мың уылдырық есебінен салдық. Инкубация кезінде ең шешуші мәнді температуралық және 02 – режим аткарады. Уылдырықты салғаннан кейін су ағыны 4-8 л/мин болуы керек. 22-25°С температура және 02-нін құрамы 4 мг/л-ден төмен емес жағдай оптимальды деп есептеледі. Осы температуралық режимде уылдырықтың инкубациясы 23-30 сағатка созылады. Егер судың температурасы 27-290С-қа көтерілсе инкубция уақыты 17-19 сағатқа қысқарады. Уылдырықтан дернәсілдердің шығуы 1-3 сағатта жүреді. Егер дернәсілдердін уылдырықтан шығуы кешігетін болса, онда судың келуін 3-5 рет 7-20 минутқа тоқтатып жасанды стимуляциялау арқылы жүзеге асырылады.

Өндірушілерді уылдырық шашу алды тоғандарына күздік бонитировка немесе ерте көктемде отырғызу

Суқоймалардағы өндірушілерді күзде дайындап 0,6 га-дан үлкен емес тоғандарға отырғызу. Егер өндірушілерді уылдырық шашу уақытында ауласа, онда оларды бірден көбеюге қолдану керек [29].

          Бұл бөлімнің қорытындылануы, бұл проблема толық шешілмеген және авторлардың деректері бір – біріне ұқсамайды

 

 

 

2  ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ

2.1 Зерттеу жумыстарының  әдістемелігі мен деректері

 

          Өндіруші тұқымдық балықтар – бұл жыныс өнімдері, яғни уылдырығы мен шәуеті  ұрықтануға жарамды дайын балықтар.Бірақ олардың жыныс өнімдері керек уақытында дайын болмау себебінен,ақ амур балығының уылдырығымен шәуетін алу үшін тұқымдық өндіруші балықтарға гипофизарлы инъекция енгізілді. Инъекция мөлшері аналық балықтың салмағы мен дене орамы өлшемі бойынша алынды (сурет 1).

 

 

Сурет 1 — Аналық балықтың дене орамы бойынша алынатын инъекция дозасы

 

Тұқымдық балықтардың уылдырығы мен шәуеті судың белгілі бір температурасында пісіп жетіледі.

 

Кесте 1- Инъекциядан кейінгі өндірушілердің пісіп-жетілу уақыты

 

Судың температурасы, 0С

Пісіп жетілу уақыты, сағат

                          17-18

20-24

19-20

18-20

20-22

14-18

Ескерту кесте өзіндік жұмыстан алынды.

 

          Судың температурасы 17-18°С болғанда жыныс өнімдерінің пісіп-жетілу уақыты 20-24 сағат,ал 20-22°С температурада 14-18 сағат болады.

          Ауа райы суытып, судың температурасы төмендеп, амурдан уылдырық алу  қиындағанда да шаруашылық қызметкерлері қолдан су жылытып, уылдырық алу жұмысын тоқтатпады.

          Жұмысқа қолданып отырған деректер дипломдық жұмыс тәжірбиесі кезінде 2016 – 2017жылы «Арал қамыстыбас» балық питомнигынде алынды. Тұқы тұқымдас балықтарының ішіндегі өсімдік қоректі балықтардың  эмбриональдық даму сатысын бақылау жұмыстарын жүргізу процессіне қатынасып зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Балықтарды қолдан өндіріп-өсірудің барлық процестері оны таңдап алынған әдістемелерге сай, техникалық және ұйымдастыру ерекшеліктеріне қарай бірнеше бөліктерге бөлуге болады:

— жетілген тұқымдықтар алу;

— уылдырық және шәует жинау;

— уылдырықтарды ұрықтандыру;

— уылдырықты инкубацияға дайындау;

— уылдырықты инкубациялау;

— тірі уылдырықты тасымалдау;

Жыныстық өнімінің пісіп жетілуін жылдамдату үшін гипофизарлы инъекция тәсілі қолданылады.

Гипофиздік суспезия жіберілгеннен кейін балықтар уылдырық шашу жағдайына бірден өтеді, өрістеу жағдайының болу-болмасына қарамастан. Олардың пісіп-жетілуіне қалыпты оттегілік режим (4 мг/л) және судың 19-200С төмен болу керек.

Гипофиздік инъекцияны екі қайтара енгізу қолданылады. Бірінші және екінші инъекция аралығы 12-24 сағат мөлшері 1:10 қатынасы. Алдын-ала жіберілген инъекция ядроның поляризациясын қамтамасыз етеді және мейозға даярлайды, овуляция процесі жүреді. Бұл жол бір реттілік инъекция кезіндегі овуляция алдылық процестің бұзылуынан сақтайды.

Екінші инъекция 3-5 мг препарат әрбір килограммға есебінен салады. Аталықтарына 0,8-1,2 мг/кг препарат енгізіледі, жыныс клеткаларының өнімі инъекциядан инъекциядан 200С температурада 10-12 сағат өткенде пісіп жетіледі.

Уылдырық   пен шәуеттің сапасын анықтау. Уылдырықтың  көлемдік және салмақтық әдіспен санын анықтауға болады. Уылдырықтың санын анықтауда көлемдік әдісте 0,5 литрлік кружка және 1-5 см –тық стакан пайдаланамыз.

          Алдымен кружкамен барлық уылдырықтың көлемін есептеп аламыз. Сосын, өлшегіш стаканды уылдырықпен толтырып, ондағы уылдырық санын санаймыз. Стаканды уылдырықпен толтырып, оны санауды 3 рет қайталаймыз, осылайша орташа санын анықтаймыз. Стакандағы уылдырықтың орташа санын анықтап алғаннан кейін  барлық уылдырықтың көлемін анықтаймыз.

          Салмақтық әдіспен анықтағанда ең алдымен барлық уылдырықтың салмағын өлшеп алып, сосын уылдырықтан аз-аздап екі-үш порция (кіші порция 0,2-0,4 грамм, орташа 0,5-3,0 грамм, үлкен 10-20 грамм) алып өлшейміз. Содан кейін әр порциядағы уылдырықты жеке жеке санап, 1 киллограммдағы уылдырықтың орташа санын анықтаймыз. Бір киллограммдағы  уылдырықтың орташа саны шыққан соң, барлығын киллограммға көбейте саламыз.

        Шәуетің сапасын бағалау үшін оны сумен араластыра отырып, микроскоптың

астында қараймыз. Спермаларды  қозғалыс сипатына байланысты 5 классқа бөлеміз:

5- барлық спермалар қозғалғыш;

4- барлық спермалар қозғалғыш, бірақ біраз бөлігі тербермелі қозғалыс жасап ауытқиды;

3- барлық спермалар қозғлғыш, бірақ олардың көп бөлігі терелмелі қозғалады;

2- спермалардың негізгі бөлігі қозғалмалы, қозғалыс негізінен тербермелі;

1- спермалардың көп бөлігі қозғалыссыз.

Жұмысқа әрине, 5 және 4 класстың спермалары жарайды. Шәуеті сапалы аналықтарды екінші рет 10 тәуліктен кейін қолдануға болады.

          Алынған уылдырық 30-45 минут, ал спермалар 1,5 сағат бойы ұрықтануға жарайды.

Зерттеу жұмыстары барысында әрбір үлгідегі уылдырық саны саналып дамыған уылдырықтың қабығын алып тастап эмриональдық және дернәсілдік сатысын МБС 10 бинокулярмен қарап шығып сызба нұсқасын жасалады, сол арқылы олардың даму барысын балықтардың даму сатысын әдебиеттермен салыстыра отырып даму сатыларын анықталады.

Тұқы балығының даму кезеңдері бірнеше даму сатыларынан тұрады:

          А-эмриональдық даму кезеңі сатылары

          Б- дернәсілдік кезеңінің даму сатысы

          В- шабақтық кезеңнің даму сатылары

          А-Эмбриональдық даму кезеңі сатылары

          І-саты – жұмыртқа клеткасы мен жұмыртқа қабықшасы арасындағы қуыстың сұйықтыққа толу кезеңі (перивительдік кеңістіктің пайда болуы), плазмалық төмпешік-бластодисканың пайда болу кезеңі.

10 минут өткеннен кейін. Жұмыртқа қабықшасы сарыуыздан ажырап, анимальды полюсте плазманың концентрациясы жүреді. Судың 22-260С температурасындағы ұрықтандыру басталған кезеңнен бастап, оның жасы барлық жағдайда көрсетіледі. 40 минут өткеннен кейін плазма айқын сызықты төмпешікке-бластодискаға айналады.  Осы уақытта перевительдік қуыстың сұйықтыққа толуы негізіне аяқталады. Бірақ, ол әлі де болса жалғаса береді. Дәл осы кезеңде уылдырықтың диаметрі 3,8-4,0 мм жетті.

Мұндай перевительдік кеңістіктің болуы уылдырықтың өзіндік салмағын азайтады да, оның су қабатындағы жүзгіштігін аттырады, ағынсыз суда уылдырық су түбіне батып кетеді.

          ІІ саты. Ластодисканың бөлшектенуі екі бластомерден бластулаға дейін жүреді.

1 сағат өткеннен кейін бластодиска екі бластомерге бөлшектенеді.

1 сағат 20 минут өткеннен кейін төрт бластомерге бөлшектенеді.

1 сағат 40 минуттан кейін сегіз блстомерге бөлшектенеді. Ерте морула (ірі клеткалы) 2 сағат 30 минуттан кейін басталады. Кейінгі (көп клеткалы) морула 4 сағат 50 минуттан кейін басталады.

Сонымен бірге, перивительдік полюстің салынуы және жұмыртқа қабықшасының созылуы аяқталады.

Уылдырықтың ісінуі соңында жұмыртқа қабықшасының көлемі 4,32 -5,32мм,

ал жұмыртқаның өзінің көлемі бұрынғы қалпында 1,2-1,3 мм болып қалады. 6 сағаттық жасында бластула стадиясы басталады.

ІІІ саты. Гаструляция – ұрықтық жапырақшалардың пайда болуы.

 7 сағат 10 минуттық жасында. Бластодерма сарыуыз қапшығының үстіне қарай уылдырықтың төменгі вегетативті бөлігіне ұлғайды, сонымен бірге бластодерманың шеткі аймақтарындағы бір бөлікте клеткалар қалыңдап, түйін түзеді. Клеткалар қарқынды бөлінеді және бластодерма ұлғаюы барысында ішке қарай айналады. Ұрытық жапырақшалары экто-, эндо- және мезодермадан тұратын ұрықтың бастамасы салынады. Бластодерманың өсуіне қарай сарыуыз қапшығындағы ұрық қалыңдайды және ұзарады.

  Гаструлация 12 сағат 10 минуттық жасында сарыуыздық қақпақ бластопордың бітелуі мен тұйықталды. Ұрық бастамасы денесі жұмырланып, валик тәрізді форма алады. Оның кеңейген бас бөлімі анимальды полюстен басталады, тарылған бөлімі құйрық бөлімі вегетативтік полюсте аяқталады.

  ІV-саты. Ұрықтық жапырақшалардың негізгі органдарға дифференциялануы.

 15 сағаттық жасында көз көпіршігі түзелді, хорда бастамасы салынды, мезодерма сигменттеле бастады (екі самит пайда болды), бас миының негізгі бөлімінің бөлімдері (ми көпіршігі) салына бастады. Осыдан 6 сағат өткеннен кейін көзінде хрусталиктер пайда болды, есту көпіршіктері түзіле бастады.

Денесі көптеген бұлшық еттік сигменттерге, митомдарға сигменттелген. Хорда айқындала бастады. Денесі өте сирек иіледі.

V саты. Сарыуыз қапшығының құйрық бөлімінен босауы, ұрық денесінің активті қозғалысының басы.

1 тәулік 5 сағаттық жасында. Құйрық бөлімінің сарыуыз қапшығынан ажырауы нәтижесінде ұрықтың денесі түзіле бастайды. Ол бүйірінен бүйіріне иіліп жылдамырақ бұрылыстар жасай бастады.

Бұл первитальдағы сұйықтықтағы газ алмасуды, сонымен бірге тыныс алуды жақсартады да, одан әрі оның қабықшаны жарып шығуына көмектеседі. Басынд және жүрегі аймағында көптеген майда көпіршіктер пайда болды, оның бөлген секреті ұрықтың қабықшаны жарып шығуы уақытына қарай, жұмыртқа қабықшасының беріктігін төмендетеді.

VІ саты. Ұрықтың қабықшаны жарып шығуы. Ұрықтың қабықшаны жарып шығуы уақыты бір тәуліктік жасында басталып бір сағаттан бірнеше сағатқа созылады. Қабықшаны жарып шығу уақыты судың температурасына және оның оттегімен қанығуына қарай жүреді. Біршама жоғарғы температурада және оттегінің аз мөшерінде жарып шығу жылдамырақ жүрді. Созылыңқы жарып шығу дернәсілдің сапасының төмендігін көрсетпейді. Кезеңнің аяғында немесе басындағы жарып шыққан дернәсілдердің тіршілікке қабілеті бірдей болды.

Дернәсілалды деп аталатын жарып шыққан ұрықтың ұзындығы 5,0-5,2 мм құрайды.

Денесі түзу, пигментсіз.  Бұлшық ет сигметтері саны 29-31, құйрығында 12-14 болады. Көзінде онша үлкен емес пигметтік дақ болады. Есту капсуласында отолиттің астамасы байқалады.  Екі бөлім жүрекше мен қарыншадан тұратын жүрегінің пульсі көрініп тұрады. Қанның қалыптасқан элементтері қан тамырларында әлі болмайды. Дернәсілалды бұл сатыда қозғалғыш. Табиғи жағдайда олар бәсең судың ағысымен ағып кетеді. Инкуациялық аппаратты жүйелі түрде қыймыл жасайды, яғни судың беткі қабатына көтеріледі, сосын төмен қарай басымен төмендейді.

VІІ саты. Эмбирональдық қантамырлық жүйенің түзілуі және қан айналудың бастамасы уақыты. Дернәсілалды ұзындығы 6,5 мм, жасы екі тәулік  сағат барлық тамырлары қанның формалық элементтерімен толған. Сарыуыз қапшығының ең алдыңғы бөлігінде кең кювер жолы орналасады, ал аналь қанаты қатпаршағы бөлігінде кеңейген құйрық венасы ар.

VІІІ саты. Қозғалмалы – желбезек жақ аппаратының және оның қызметінің басы.

Дернәсілалды ұзындығы 7,5мм, жасы 3 тәулік 4 сағат. Ауызы төменгіден жартылай конус тәрізді түрге енді және қозғалмалы. Тері желбезек қақпағы желбезектің біршама бөлігін жауып тұрады. Желбезектеріндегі қан тамырлары бүкіл желбезек жапырақшаларына тармақталған, желбезектік тыныс алу басталады.

Көзі толығымен пигменттелген, денесінде мелоноффорлар және диффузды сары пигмент пйда болды. Торсылдағының бастамасы пайд болды.        Дернәсілалды дәл осы сатыда қозғалады.

Б-дернәсілдік кезеңінің даму сатылары

І саты. Дернәсілдің аралас қоректенуі.

Дернәсіл ұзындығы 7,5 мм, біраз үлкенірек, жасы 4,5 тәулік. Торсылғады ауаға толы, эмбрионның тыныс алу органы редукцияланған, тыныс алу тек желбезек арқылы жүреді. Су қабатында жүзіп жүреді. Денесі біршама пигменттелген, ішегінің алдыңғы бөлігінде бауыр бастамасы салынады.

Осы стадиядан бастап оларды алыс жерлерге тасымалдауға және тоғандарға жіберуге болады .

ІІ саты. Дернәсілдің тек сыртқы қорекке көшуі. 

Жасы 7 тәулік. Сарыуыз қапшығы толығымен резорбацияланған. Жалпы қанаттық қатпаршақтарынан тақ қанаттары арқа, құйрық, аналь қанатарының қалақшалары жекелене бастады. Хордасы түзу аяқталады, құйрық қалақшасы дөңгеленіп келеді. Ауызы соңғы, жақ-желбезек аппараты қозғалмалы. Тоғанда дернәсілдер жағалауды бойлай миграция жасайды.

ІІІ саты. Тақ қанаттарының қалыптаусы.

Ұзындығы 8 мм шамасында, жасы 9 тәулік. Құйрық қанатының астыңғы қалақшасынан қанаттың сәулелері түзіледі. 16 тәуліктік жасында 9 мм ұзындықта барлық тақ қанаттарының арқа, аналь, құйрық қанаттары айқын жекеленген және оларда қанаттарының сәулелері пайда болған. Хордасының соңғы ұшы жоғары қарай иілген. Құйрық қанаты қалақшасының ортаңғы бөлігінде ось пайда болады. Біршама кейін жақсы жетілген торсылдақ көпіршігінің артқы бөлігі мен оның алдыңғы бөлігі түзіледі. Құйрық қанаттары салына бастады. Осы сатыдан бастап дернәсіл одан әрі шабақ судың жағалаулық бөлігінде жүреді, сол жерде қоректенеді.

ІV саты. Жұп қанаттарының қалыптасуы. Дернәсіл ұзындығы 11,5 мм, жасы 20 тәулік, тақ қанаттары жақсы жетілген. Қанат қатпаршақтары арасындағы

қоспалары редукцияланған. Кеуде және құрсақ жұп қанаттарында қанат сәулелері пайда  болды. Құйрық қанаты терең ойысты. Торсылдағының екі өрімі де жақсы жетілген.

Шабақтық кезеңнің даму сатылары І саты.

Қабыршақтың бастамасының салынуы.

Шабақтың ұзындығы 2,0 см. Жасы 1 ай.  Денесінің ортаңғы жолағы бойында қабыршақ пайда болады. Құрсағында құрсақ қаатының соңында аналь қанаты алды қатпаршағы аздап сақталған. Аузы соңғы үшкір, жақтары бір деңгейде жабылады, құйрығы айыр тәрізді. Жұп қанаттары жақсы жетелген. Кеуде қанаттары құйрық қанаттарының негізіне  әлі жетпеген.

ІІ саты. Қабыршағы жетелген шабақ.

Денеснің ұзындығы 4-5 см. Жасы 1,5 ай. Аналь алды қатпаршағы толығымен жойылған, барлық денесі қабыршақпен жазылған, оның ортаңғы бөлігінде бүйір сызығының каналдары тесіктері көрініп тұр.

 

2.2 «Арал қамыстыбас» балық питомнигыне  жалпы сипаттама

 

Мемлекет басшысының балық кластерін дамыту туралы тапсырмасына байланыста Сыр өңірінде айтарлықтай жұмыстар атарылуда. Соның бірі «Қамыстыбас балық питомнигінің» су айдындарын балықтандыру жөніндегі жүргізіп жатқан жұмыстары. Балық өсімін молайту бағытындағы «Қамыстыбас балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны елімізге танымал кешенді кәсіпорынның бірі. Ол екі балық өсіру питомнигін біріктіреді. Бірі аудан орталығы Арал қаласынан 120 шықырым жердегі әйгілі Қамыстыбас көлінің жағасындағы Қосжар ауылында орналасқан «Қосжар балық өсіру питомнигі болса, екіншісі аудан орталығынан 220 шақырым жердегі Сырдария өзенінің жағасындағы Тастақ ауылында ірге тепкен «Тастақ балық өсіру питомнигі». Қамыстыбас балық өсіру питомнигі 1947 жылы Каспий теңізіндегі севрюга-бекіре тұқымдас балықтарды Арал теңізіне жерсіндіру мақсатында салынған. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты «Қамыстыбас балық өсіру» питомнигі республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны қазір тұқы, шөп қоректі ақамур, дөңмаңдай тұқымдарының түрлерін өсіреді. Осы жұмыстарды жүргізу үшін жалпы көлемі 263 гектар жеткіншек балықтарды өсіру тоғандары ұйымдастырылған. Қазір Қызылорда облысының көлдерінен жылына мың тоннадай балық ауланып отырған болса, тауарлы-көл балық шаруашылығын ұйымдастырған кезде жылына 11 мың тонна балық аулауға болады. Ол үшін Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу инситуты инвациялық жобалар жасауда. Әзірге, осы Арал ауданындағы Қосжар балық питомнигі ел қажетіне жарап отыр. Соның бірі өзен жағасына жақын теңіз қолтығында орналасқан Тастақ балық өсіру питомнигі. Оның Кіші Арал теңізіне жіберіліп жатқан шабақтарының салмағы 20 гарамманан асады, ұзындығы да стандартқа сай. Жұмыстың барысын орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің үстіміздегі жылдың 19 ақпанындағы №51 санды бұйрығымен құрылған комиссия мүшелері бақылап, қадағалап отыр. Бүгіні балық шабақтары ауланып отырған Тастақ балық питомнигінің суының тұздылығы өте жоғары емес, балық өсіруге қолайлы. Балықтың жемдік қоры мұнда жақсы дамыған алғашқы өсу кезінде салмақ алуына тиімді.

 

 

 

Сурет — 2 Инкубциялық цехы.

Аудан географиясы.Оңтүстік бөлігін түгелдей Арал теңізі алып жатыр. Аудан батысы мен солтігінде Ақтөбе облысының Шалқар және Ырғыз аудандарымен, солтүстік-шығысында Қарағанды облысының Ұлытау ауданымен, оңтүстік-шығысында Қызылорда облысының Қазалы ауданымен, оңтүстігінде Қарақалпақстанмен шектеседі. Тұран ойпатында орналасқан аудан батыста Үлкен және Кіші Борсық құмдары, солтүстік-шығысын Баршақұм, шығысын Арал Қарақұмы алып жатыр. Арал теңізі жағалауында КөкаралКөктырнақБарсакелмесШұбартарауызҚұланды түбектері, Чернышев, Тұщыбас, ШевченкоБутаков шығанақтары және Берг мойнағы орналасқан. Қарашоқы (283 м), Алтыншоқы су (209 – 247 м аралығында), т.б. таулар кездеседі. Жер бедері, негізінен қоңыржай белдеудің Солтүстік Арал провинциясын алып жатқан жазық ландшафттан тұрады. Солтүстік-батысында біршама көтеріңкі, аласа келген қыраттар мен таулар орналасқан. Аудан жерінің ең биік жері – Шевченко шығанағынан солтүстік-батыста жатқан тау (324 м). Солт-нде Алтыншоқысу (абсолютiк биіктігі 249 м), Тербенбес (208 м), Көлқарашоқы (240 м), Көкарал түбегінде Дәуіт (161 м), Көктырнақ түбегінде Үшшоқы (188 м) таулары орналасқан. Бірнеше ірі құмды алқаптар бар. Олар – солтүстік-батысындағы Кіші Борсық құмы, солт-нде Баршақұм, орталығы бөлігінде Арал Қарақұмы, Жіңішкеқұм, Дарбас құмы. Арал т. жағалауында Көкарал, Көктырнақ, Барсакелмес, Шұбартарауыз, Құланды түбектері, Чернышев, Тұщыбас, Шевченко, Бутаков, Сарышығанақ шығанақтары және Берг мойнағы орналасқан. Түбектерде Изенарал, Ұзынарал, Қаратөбе, Домалақ, Айдарлы, т.б. мүйістер бар. Ауданның солтеңізінің құмды-төбелі өңірінде малға жайлы шұратты жерлер көп. Әсіресе қыстаулар (Бөбешік, Мейірман, Манасбай, Көкқабақ, Дөңгелексор, Науша, Шұрық, т.б.), жайлаулар (Қарабұлақ, Шағатай, т.б.) және құдықтар (Төртқұдық, Берді, Аймандай, Ұзақбай, Нұраөлген, Ақтан, Сабырбай, т.б.) орналасқан. Аудан аумағы геол. тұрғысынан Тұран плитасының мезозой-кайнозой шөгінділерінен түзілген. Оңтүстігінде Әмудария мегаантиклиналімен шектеседі. Шөгінділерінің қалыңд. 1000 – 1500 м-ден (шығысында) теңіз жағалауында 2000 м-ге жетеді. Ауданды екі бөліп Аралға құятын Сырдария өз. ағып жатыр. Оның атырауында аудандағы көлдердің басым бөлігі орналасқан. Ірілері: Қамыстыбас, Тұщыбас, Шөмішкөл, Ақшатау көлдері, т.б. Атырауынан біршама алыста жатқан көлдерге Жақсықылыш к. жатады. Жер асты суы солтүстігінде сәл кермек татиды (5 – 8 г/л), солтүстік-шығысында тұщы (1 г/л), орталығы бөлігі мен Сырдың атырауында сәл кермек және кермекті (3 – 5 г/л). Грунт сулары ауданның солтүстігінде 3 – 10 м, орталығы 2 – 3 м тереңдікте. Су қабаты негізінен құмдақты-сазды, кейде сазды-батпақты қабатта кездеседі. Аудан аумағында Арал – Сексеуіл артезиан алабы жайласқан. Артезиан суы альб-сеномен, және палеоген-неоген (негізінен, эоцен және палеоцен) қабатында. Солтүстік-шығысында артезиан суы 100 – 200 м, ортасында 200 – 300 м, теңіз жағалауында 20 – 150 м тереңдікте жатыр. Судың минералд. сәл кермектен (5-тен 50 г/л) тұщыға дейін (1 – 3 г/л) өзгереді. Аудан өте қуаң шөлді белдемде жатқандықтан оның топырағының басым бөлігі сұр, сортаңды сұр, құмды және тақыр тәрізді топырақтан тұрады. Сыр бойы (аңғары мен жайылмасында) шалғынды сұр, бозғылт сұр және батпақты-сазды топырақ қалыптасқан

Арал ауданының климаты тым континенттік. Орташа ауа температурасы қаңтарда – 13 – 15°С, шілдеде 24 – 35°С. Жауын-шашынның мөлшері 100 мм-ге жуық. Аязсыз күндер саны 160 тәулік, қар жамылғысы жұқа (10 см), ол 80 күндей жатады. Вегетация кезеңінің жылдық температура жиынтығы солтүстігінде 3400 °C, оңтүстігінде 3800 °C. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. солтүстігінде 150 мм, оңтүстігінде 105 мм. Оның 80%-ға жуығы көктем мен күз айларына келеді. Атмосфера қуаңшылықтың орташа мөлшері 50 тәулік. Аудан өте құрғақ агроклиматтық ауданға жатады. Сондықтан гидротермиялық коэффицент 0,3-ті құрайды, яғни ылғалдылығы өте төмен аймаққа жатады. Аудан аумағында желдің басым бөлігі солтүстік-шығыс (22%) және оңтүстік-батыстан (18%) соғады. Қыста солт-тен соғатын жел 24%-ды құраса, жаздағы жел 26%-ды құрайды. Желдің жылдық орташа жылдамд. 4 – 4,5 м/с.

Балық шаруашылығын дамыту үшін ең әуелі тауарлы балық шаруашылығын жолға қоюдың қажеттілігі белгілі. Қазіргі уақытта Қызылорда облысының аумағында жылына 15,0 миллион данаға дейін біржаздық тұқы және өсімдікқоректі балық түрлерін өсіретін «Қамыстыбас балық питомнигі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны балық шабақтарын өсіретін және Арал теңізінің ихтиофаунасын қалыптастырумен айналысып отырған Арал өңіріндегі жалғыз кәсіпорын болып тұра, ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің республикалық меншіктегі мекемелерді оңтайландыру жөніндегі комиссияның 2014 жылғы 15 мамырдағы №17-5/И-373 хаттамалық шешіміне сәйкес 5 жылға сенімді басқаруға сатып алу құқымен 2015 жылы жекешелендірілетін кәсіпорындардың тізіміне енгізілген. Көкарал су тоспасы салынғаннан кейін жоғалып кеткен балықтардың 15-16 түрлері қалпына келіп, кәсіби аулау дәрежесіне жеткен. «Қамыстыбас балық питомнигі» жылына 14,8 миллион дана біржаздық және 420 мың дана екіжаздық тұқы, өсімдіктектес балықтардың шабақтарын өсіріп, табиғи су айдындарына жіберуде. Бұл үшін питомникке жылына республикалық бюджеттен 200 миллион теңге қаржы бөлінуде. Кәсіпорында 130-дан астам адам жұмыс атқарады. Қызылорда облысында балық кластерін дамыту ісі қазіргі уақытта балық өсіруді дамытып, оның көлемін арттырып, балық шабақтарын тоғандарда өсіру және су айдындарын балықтандыруды қамтамасыз етуді қажет етеді. Осы жауапты істің барлығын атқару Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты «Қамыстыбас балық питомнигі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына жүктелген.

.

 

 

 

 

 

Сурет — 3 «Арал қамыстыбас» балық питомнигындегі  инкубциялық аппараттары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

3.1    Тұқымдық балықтарын дайындау

 

Жыныс өнімдерін алу үшін гипофизарлық инекция жасау әдісі қолданылады. Оңтүстік аймақтарда аналықтары өрістеуге мамыр айында дайын болады. Ұрпақ алу жұмысын судың температурасы тұрақты орташа 19-200С болғанда жүргізеді. 4 стадиядағы пісіп-жеткен аналықтары ғана гонадатроптық гармонға нәтиже береді. Тұқымдардың пісіп-жетілуі режимін және мерзімін анықтайтын  дифференциялық әдіс жолға қойылған. Ең алдымен өндіру үшін өрістеуге даяр жақсы пісіп жетілген және қоңдылығы жоғарғы аналықтарды тоғанның терең қорегі аз түінде ұстайды. Ал гонаданың жетілуінен артта қалып жатқан аналықтарды жақсы жылынатын, қоректік базасы жоғары тоғандарға жібереді, бұл олардың пісіп жетілуін жылдамдатады. (кесте 2)

Гипофиздік инъекция мөлшері аналық балықтың салмағы мен дене орамы өлшемі бойынша алынады.

 

Кесте 2 -Гипофиздік инъекциядан кейінгі өндірушілердің пісіп-жетілу уақыты

 

Судың температурасы, 0С

Пісіп жетілу уақыты, сағат

17-18

20-24

19-20

18-20

20-22

14-18

Ескерту – кесте өзіндік жұмыстан алынған.

 

Гипофиздік иньекциядан кейін өндірушілердің пісіп – жетілу уақыты судың

температурасына байланысты. Судың температурасы 17-180С болғанда 20-24 сағат, 19-200С болғанда 18-20 сағат, 20-220С болғанда 14-18 сағатта пісіп жетіледі.

          Балықтардың өрістеуін олардың дернәсілдерін өсіруге тоғанға (3 — сурет) ерте отырғызу керек екенін еске ала отырып, қысқа мерзім аралығында өткізу керек. Бір

жағынан тұқымдықтарды тоғанда өрістеу температурасында және өрістік жағдай –

сыз ұзақ уақыт ұстау уылдырықтарды резервацияға ұшыратады.

 

 

 

Сурет – 4 Дөңмаңдай балығының шабақтарын өсіру тоғаны

 

    Балықтарға гипофиздік ерітіндіні салғаннан кейін олар бірден өрістік жағдайдың болуына қарамастан өрістік күйге түседі. 

Тәжірибеде екі қайыра инъекциялау қолданылады. Ондағы бірінші және екінші инъекциялар арасындағы қатынас 1:10, арасындағы интервал 12-24 сағат болады. Алдын-ала жүргізілген инъекция ядроның поляризациясын қамтамасыз етеді және овуляцияны қолдайтын мейозға даярлайды. Сөйтіп, осындай жолмен овуляция алдылық процесстер даярлығы бір реттік овуляция кезінде туындайтын кезекті қателіктерге жол бермеуге  мүмкіндік береді. Тұқымдардың пісіп жетілуін жылдамдатуға сазанның, тыранның, жайынның, мөңкенің гипофизі қолданылады.

Инъекцияға қажетті гипофиздің мөлшерін балықтың салмағы мен денесінің орамдық өлшемі бойынша анықтайды. Есептеуде панограмма бойынша, яғни балықтың дене салмағы оның орамдық мөлшерін еске ала отырып гипофиздің көлеміне көбейтеді. Екінші қайтара инъекциялауда аналыққаа 3-5 мг препарат әр бір килограмм салмағына есебінен енгізеді. Аталықтарына гипофиздік препаратты 0,8-1,2 мг/кг есебінде алады. Инъекциядан кейінгі жыныстық өнімнің пісіп жетілуі 20-220С 10-12  сағаттан кейін басталады.

 

 

 

3.2. Дөңмаңдай балығының уылдырығы мен шәуетін алу және сапасын анықтау

 

         Өндіруші балықтар – бұл жыныс өнімдері, яғни уылдырығы мен шәуеті,  ұрықтануға жарамды дайын балықтар. Осы өндіруші балықтарды дайындап

алғаннан кейін жыныс өнімдерін алуға кірісеміз.

Уылдырықты және шәуетті таң сәріде, күн көзі шықпаған, жарық сәулесі тікелей түспейтін уақытта алады. Ауа температурасы су температурасына жуық болуы тиіс

Балықтың басын бір қолымен басып ұстап, екінші қолымен құйрығын қозғалмас үшін баса отырып, бас бармақ саусағымен және сұқ саусағын пайдалана отырып, уылдырықты итеріп, сыға бастаймыз. Уылдырық арнайы таза және құрғақ ыдысқа сығып аламыз. Шәуетті де осы әдіспен сығып аламыз.

 

 

 

Сурет  5  Дөңмаңдай балығының аталығынан шәует алу кезеңі.

 

Балық уылдырығын зауыдтық әдіспен алып оны инкубациялау, уылдырық шашу науқанын тұрақты уақытта және ауа-райының өзгеруіне тәуелсіз табиғи тұрғыдан жүргізілетін кіші тоғандарда тұқының уылдырық шашуынан артықшылығы көп болып табылады.

Тұқымның личинкасын алуда осы зауыдтық әдіс интенсивтендіру шараларының алдыңғы қатарында тұр. Бұл әдіспен алынған балықтың өсу маусымы 15-20 күнге ұзара және осының нәтижесінде жаздық шабақтың салмағы 8-10 граммға дейін қосымша өсіп салмақ қоса алады және тоғанның гекторының балық өсімін беру мүмкіншіліктері 4-5 центнерге қосымша артады.

Зауыдтық әдіспен личинка алу технологиялық процесі негізінде мынадай бөліктерден тұрады:

Аталық және аналық балықтарды гипофиз ерітіндісімен инъекция бергенге дейін тоғанда ұстау жағдайы;

оларға гипофизбен инъекция жасау;

инъекциядан кейін ұстау жағдайы;

жыныстық заттарын алу;

уылдырықты ұрықтандыру және оның жабысқақтығынан айыру;

уылдырықты арнаулы аппараттарда инкубациялау;

балық личинкасын өздігінен қоректенуге көшкенге дейін ұстау;

балық личинкасын тасып оларды тоғандарда отырғызу.

Балықтың жыныс заттарын керек уақытында алу мақсаты мен аталық және аналық алыққа гипофиздің ерітіндісін егу профессор Н.Л.Гербильскийдің әдісімен жүргізіледі. Ол үшін тұқы, сазан, табан, мөңке балықтарының ацетонда кептірілген гипофизі пайдаланылады. Балықтың жыныс заттарын керек уақытында алу мақсаты мен аталық және аналық алыққа гипофиздің ерітіндісін егу профессор Н.Л.Гербильскийдің әдісімен жүргізіледі. Ол үшін тұқы, сазан, табан, мөңке балықтарының ацетонда кептірілген гипофизі пайдаланылады.

Жетілген жыныс өнімдерін балықтың құрсағын сығу арқылы алады. Ол үшін өнімдерін алар алдында өндірушілердің денесін 3% хлорамин ерітіндісімен сүртіп тазартады. әр аналық пе,н аталықтың жыныс өнімдерін бөлек-бөлек ыдысқа сығып алады.         

         

3.3 Уылдырықтарды ұрықтандыру, инкубациялау

 

Қолмен аналықтан сығылып  алынған уылдырықтың әр литріне, аталықтан сығылып алынған шәуетті 3-5 мл құямыз.(7 — сурет)  Оның үстіне 100-150 мл таза су құйамыз. Бір-екі минуттан кейін оны құс қауыросынымен ақырындап араластырамыз. Осылай ұрықтандыру процессі жүреді.

Одан кейін ұрықтанған уылдырықтардың жабысқақтығынан айыру үшін әр литр сүтке 5-8 еселеп сүт құйып, соған араластырамыз. Оны алып «Вейс» аппараттарына саламыз. Ол «Вейс» аппараттарында екі-үш күн тұрып, уылдырықар ісінеді. Өлген уылдырықтарды тазалап отырамыз.(11 — сурет) Содан кейін уылдырықтарды арнайы ыдысқа құйып алып, «Амур» аппараттарына саламыз. «Амур» аппараттарында дернәсілдер пайда болады. Ол «Амур» аппараттарында 3-4 күн тұрады.

 

 

  Сурет – 6Дөңмаңдай балығынан алынған уылдырыққа шәуетті косу.

              Ескерту – сурет зерттеу жұмыстары кезінде түсірілген.

 

 

 

           сурет – 7  Дөңмаңдай балығының аналығынан алынған уылдырыққа таза су құйып құс қауырсынымен араластыру.

            Ескерту – сурет өзіндік жұмыс кезінде түсірілген.

 

Амур аппараты тұқытәрізді балықтардың уылдырығын инкубациялауға арналған. Аппаратқа 1 литрге 5-7 мың уылдырық есебінен уылдырық салынады, Уылдырық салынғаннан кейін су ағыны 4-8 л/ мин болатындай жасайды. Судың температурасы 22-25ОС және оттегі 4 мг/л төмен емес мөлшері оптимальды болып саналады. Судың температурасы 22-25ОС және оттегі 4 мг/л төмен емес мөлшері оптимальды болып саналады. Осы температуралық режимде уылдырық инкубациясы 23-30 сағатқа созылады. Су температурасы 27-29 ОС-қа көтерілгенде инкубация уақыты 17-19 сағатқа қысқарады. Дернәсілдердің уылдырықтан шығуы 1-3 сағатқа созылды.

Судың температурасы 22-25ОС және оттегі 4 мг/л төмен емес мөлшері оптимальды болып саналады. Осы температуралық режимде уылдырық инкубациясы 23-30 сағатқа созылады. Су температурасы 27-29 ОС-қа көтерілгенде инкубация уақыты 17-19 сағатқа қысқарады. Дернәсілдердің уылдырықтан шығуы 1-3 сағатқа созылды.

     Аппаратта үш түрлі жағдай өтеді: уылдырық инкубациясы, дернәсілалдыларды ұстау, дернәсілдердің пайда болуы, әр аппаратқа орта есеппен 4500 данаға дейін ұрықтанған уылдырық салынады.

Пайда болған дернәсілдерді  арнайы қаптарға салып, оттегі үрлеп, транспорттармен дайындалған тоғандарға тасымалдайды. Одан кейін ұрықтанған уылдырықтардың жабысқақтығынан айыру үшін әр литр сүтке 5-8 еселеп сүт құйып, соған араластырамыз. Оны алып «Вейс» аппараттарына саламыз. Ол «Вейс» аппараттарында екі-үш күн тұрып, уылдырықар ісінеді. Өлген уылдырықтарды тазалап отырамыз.

 

3.4 Уылдырықтың және дернәсілдің даму кезеңі

 

Жинақталған материал бойынша уылдырықтың ұрықтануынан кейін аппаратта инкубацияланған  әртүрлі үлгідегі уылдырық алынды. 

МБС-10 бинокулярымен қарағанда I саты – Жұмыртқа клеткасымен мен жұмыртқа қабықшасы арасындағы қуыстың сұйықтыққа толу кезеңі (перивительдік кеңістіктің пайда болуы), плазмалық төмпешік-бластодисканың пайда болуы кезеңі  және кейбіреулерінің жұмыртқа қабықшасы сары уыздан ажырап, анимальды полюсте плазманың концентрациялануы  байқалды.

Дәл осы кезеңде уылдырықтың диаметрі 3,8-4,0 мм жетеді.

Мұндай перивительдік кеңістіктің болуы уылыдырықтың өзіндік саламағын азайтады да оның су қабатындағы жүзгіштігін артырады; ағынсыз суда уылдырық

су түбіне батып кетеді.

2-ші үлгіде II саты. басталды. 1 сағат өткеннен кейін бластодиска 2 бластомерге бөлшектенгенін байқадық .Уылдырықтың ісінуі соңында  жұмыртқа қабықшасының көлемі 4,32-5,32 мм; ал жұмыртқаның өзінің көлемі бұрынғы қалпында 1,2-1,3 мм.

3-ші үлгіде 4-8 бластомерге  бөлшектенді.

4-ші үлгіде Ерте морула (ірі клеткалы) 2 сағат 30 минуттан кейін басталды, кейінгі

5-ші үлгіде (көп клеткалы) морула басталды.

Сонымен бірге перивителдік полюстің сулануы және жұмыртқа қабықшасының созылуы аяқталды.

Уылдырықтың ісінуі соңында жұмыртқа қабықшасының көлемі 4,32-5,32 мм; ал жұмыртқаның өзінің көлемі бұрынғы қалпында 1,2-1,3 мм болып қалды.

6-шы үлгі 6 сағаттық жасында бластула стадиясы басталды .

7-ші үлгіде 7 сағаттық жасында III сатысы басталды. Гаструляция – ұрықтық жапырақшалардың пайда болуы байқалды . Ұрықтық жапырақшалары-экто-, эндо- және мезодермадан тұратын ұрықтың бастамасы салынды. Бластодерманың өсуіне қарай саруыз қапшығындағы ұрық қалыңдайды және ұзарады .  

12-ші үлгіде Гаструляцияның 12 сағат 10 минуттық жасында сарыуздық қақпақ бластопордың бітелуімен тұйықталады. Ұрық бастамасы денесі жұмырланды да білік тәрізід пішін алды. Оның кеңейген бас бөлімі анимальді полюстен басталды, тарылған бөлігі құйрық бөлімі вегетативтік полюсте аяқталды. 15 – ші үлгіде IV саты ұрықтық жапырақшалардың негізгі органдарға дифференцияцалануы жүреді.

15 сағаттық жасында көз көпіршігі түзілді, хорда бастамасы салынды, мезодерма сегменттеле бастайды (екі сомит пайда болады), бас миының негізгі бөлімінің бөлімдері (ми көпіршігі) салына басталғаны байқалды.

21 үлгіде көзінде хрусталиктер пайда болды, есту көпіршіктері түзіле бастады. Денесі көптеген бұлшық еттік сегменттерге митомдарға сегменттелген, хорда

айқын байқала бастады.

24-ші үлгіде V саты басталды. Сарыуыз қапшығынан құйрық бөлімінен босауы, ұрық денесінің активті қозғалысының басы басталу кезеңі байқалды. Құйрық бөлігінің сарыуыз  қапшығынан ажырауы нәтижесінде ұрықтың денесі түзіле бастады .

Оның бүйірінен бүйіріне иіліп жылдамырақ бұрылыстар жасайтын уақытына сай келеді. Бұл перивитальдағы сұйықтықтағы газ алмасуды, сонымен бірге тыныс алуды жақсартады да, одан әрі оның қабықшаны жарып шығуына көмектеседі. Басында және жүрегі аймағында көптеген майда көпіршіктер пайда болады, оның бөлген секреті ұрықтың қабықшаны жарып шығу уақытына қарай жұмыртқа қабықшасының беріктігін төмендетеді.

25-26 үлгілер VІ саты. Ұрықтың қабықшаны жарып шығуы. Ұрықтың қабықшаны жарып шығу уақыты бір тәуліктік жасында басталыпбір сағаттан бірнеше сағатқа созылады. Қабықшаны жарып шығу уақыты судың температурасына және оның оттегімен қанығуына қарай жүреді. Біршама жоғарғы температурада және оттегінің аз мөлшерінде жарып шығу жылдамырақ жүреді. Созылыңқы жарып шығу дернәсілдердің сапасынының төмендігін көрсетпейді. Кезеңнің аяғында немесе басындағы жарып шыққан дернәсілдердің тіршілікке қабілеті бірдей болады. Дернәсілалды деп аталатын жарып шыққан ұрықтың ұзындығы 5,0-5,2 мм құрады .

Денесі түзу, пигментсіз.  Бұлшық ет сигметтері саны 29-31, құйрығында 12-14 болады. Көзінде онша үлкен емес пигметтік дақ болады. Есту капсуласында отолиттің астамасы байқалады.  Екі бөлім жүрекше мен қарыншадан тұратын жүрегінің пульсі көрініп тұрады. Қанның қалыптасқан элементтері қан тамырларында әлі болмайды. Дернәсілалды бұл сатыда қозғалғыш. Табиғи жағдайда олар бәсең судың ағысымен ағып кетеді. Инкуациялық аппаратты жүйелі түрде қыймыл жасайды, яғни судың беткі қабатына көтеріледі, сосын төмен қарай басымен төмендейді. Жоғары көтерілген дернәсілалдылар судың ағысымен аппараттан ағып кетеді.

27-28 үлгілер VІІ саты. Эмбирональдық қантамырлық жүйенің түзілуі және қанайналудызң бастамасы уақыты. Дернәсілалды ұзындығы 6,5 мм, табиғи жағдайда дернәсілалдылар су ағысымен ағып кетеді.

 

 

 

Cурет 8  Дөңмаңдай балығының  ұрық қабықшасын жарып шыққан дернәсілдер

 

29-шы үлгі VІІІ саты. Қозғалмалы желбезек – жақ аппараттарының және оның қызметінің басы. Дернәсілалды ұзындығы 7,5 мм . Ауызы төменгіден жартылай конус тәрізді түрге енді және қозғалмалы. Көзі толығымен пигметтелген, денесінде меланоффорлар мен диффузды сары пигмент пайда болады. Дернәсілалды дәл осы сатыда қозғалғыш болып келеді, активті қозғалады, ауаны жұту арқылы торсылдағын ауаға толтыру үшін оқтын-оқтын жоғары көтеріліп қояды.(13 — сурет)

Дернәсілдік кезеңнің даму сатысы.

I саты. Дернәсілдің аралас  қоректенуі.

Дернәсіл ұзындығы 7,5 мм біраз үлкенірек, жасы — 4,5 тәулік

II саты. Дернәсілдің тек сыртқы қорекке (экзогенді) көшуі. Жасы 7 тәулік.. Сары уыз қапшығы толығымен резорбацияланады.

          Жалпы қанаттық қатпаршақтарынан тақ қанаттары арқа, құйрық аналь қанаттарының қалақшалары жекелене бастайды.

          Хордасы түзу аяқталады, құйрық қалақшасы дөңгеленіп келеді. Ауызы соңғы,

жақ желбезек аппараты қозғалмалы.

Торсылдағы ауаға толы. Эмбрионның тыныс алу органы редукцияланған,

тыныс алу тек жабыра арқылы жүреді. Дернәсіл активті қозғалады. Пигменттелген.

III саты. Тақ қанаттарының қалыптасуы. Ұзындығы 8 мм шамасында, жасы 9 тәулік. Құйрық қанатының астыңғы қалақшасынан қанаттың сәулелері түзіледі. 16 тәуліктік жасында, 9 мм ұзындықта барлық тақ қанаттарының –арқа, аналь, құйрық қанаттары айқын жекеленген және оларда қанаттарынң сәулелері пайда болған. Хордасының соңғы ұшы жоғары қарай иілген. Құйрық қанаты қалақшасының ортаңғы бөлігінде ойыс пайда болды. Құйрық қанаттары салына бастаған. 

IV саты. Жұп қанаттарының қалыптасуы.

20 тәуліктік жасынлда дернәсіл ұзындығы 11,5 мм жетеді. Тақ қанаттары жақсы жетілген, қанат қатпрашақтары арасындағы қоспалар редукцияланған. Кеуде және құрсақ — жұп қанаттарында қанат сәулелері пайда болды. Құйрық қанаты терең ойысты. Торсылдағының екі бөлімі де жақсы жетілген.

Дернәсіл сыртынан қарағанда бар жағынан шабаққа ұқсайды, бірақ онда әлі жақсы дамыған аналь қанаты алды қатпаршағы сақталған.

Шабақтық толық жетілуі 1 айға дейін созылады . Барлық денесі қабыршақпен жабылған, оның ортаңғы бөлігінде бүйір сызығының каналдары тесіктері көрініп тұр.

Уылдырықтың сапасы мен дамуының бұзылуы. Біздің жұмысымыздағы кейбір ұрықтанбай қалған уылдырықтардың себебі уылдрықтың сапасының төмен болуында және дернәсілдердің кемістігі уылдырықты оның овуляциясынан кейін аналық денесінде артық уақыт ұстап қалудан. Овуляцияланған, демек ястыкта ұлпамен және қантамырларымен байланысын үзген өсімдік қоректі балықтардың уылдырығы ұзақ уақыт аналық денесінде жата алмайды себебі ол жақсы тыныс алуды талап етеді. Сондықтан уылдырықты дәл уақытында сауу өте маңызды.

Аналықтың денсінде ұзақ сақталған уылдырық сарқырап тез ағып кетеді. Артық ұсталған уылдырық әдеттегіге қарағанда «сұйық», овариальдық сұйықтығы көп болады.Уылдырықтар аздаған сұйықтықтың артық мөлшерінде аналық денесінің өзінде әдеттегіден ірірек болып келеді, кейде қабықшаның сарыуыздан алшақталуы басталады және оның ақайраңдануы байқалады.

 

Кесте 3-Дернәсілдерінің дамуының морфологиялық ерекшеліктері

 

Даму мерзімі

Ұзындығы

Морфологиялық белгілері

В

5,6-6,5

Торсылдақ ауаға толы. Сарыуызы көп. Қоректенуі аралас, эндогенді қоректенуі артық. Желбезек қақпағы толық емес.

С1

6,5-7,0

Сарыуызы жоқ. Қоректенуі эндогенді. Құйрығы бүрмесінің төменгі бөлігінде мезенхиманың жиналуы. Желбезек қақпағы толық емес.

С2

7,0-9,0

Тақ қанаттардың түзілуіҚұйрық қанатының төменгі қалақшасында гипурамийлер мен терілі қанатты сәулелер пайда болған.

Д1

9,0-10,0

Торсылдақтың екінші (алдыңғы) камерасы ауаға толады. Арқа және анальқанаттарында сүйекті сәулелер, құйрық қанаттарында – сүйекті сәулелер. Жұп қанаттары түзеледі. Арқа және аналь қанаттары құйрық қанатымен жіңішке қылта арқылы байланысады.

Д2

10,0-13,5

Құйрық қанаты айыр формалы. Арқа аналь қанаттары сүйекті сәулелері пайда болады. Арқа және аналь қанаттары құйрық қанатымен жіңішке қылта арқылы байланысады.

Е

13,5-15,0

Барлық қанаттарында сәулелері дамиды. Құрсақ қанаттары аналь маңы бүрмелерінің жиегінен асады. Ішегінде екі ілмек пайда болады.

Ескерту – кесте өзіндік жұмыстан алынған.

 

Дернәсілдердің дамуының морфологиялық белгілері бастапқы кезде ұзындығы 5,6-6,5 болғанда торсылдағы ауаға толы. Сарыуызы көп. Қоректенуі аралас, эндогенді қоректенуі артық. Желбезек қақпағы толық емес. Соңғы даму кезеңдерінде ұзындығы 13,5-15,0 болғанда барлық қанаттарында сәулелері дамиды. Құрсақ қанаттары аналь маңы бүрмелерінің жиегінен асады. Ішегінде екі ілмек пайда болады.

 

Кесте 4-  Дернәсілдің өсуі

 

Жасы,тәулік

4,5

9

16

20

1-1,5 ай

Ұзындығы,мм

7,5

8

9

11,5

Толық жетілу

Ескерту – кесте өзіндік жұмыстан алынған.

 

Дернәсілдің тәуліктік және айлық жетілуі. Дернәсілдерге 4,5 тәулік болғанда олардың ұзындықтары 7,5мм –ге жетеді. Дернәсілдердің толық жетілуі 1-1,5 айда толық жетіледі. 

 

 

 

 

 

3.5  Дернәсілдер мен шабақтарды  өсіру және қоректендіру.

 

Көктемнің алғашқы күндерінен бастап, өсіру тоғандарын  жұмысына кіріседі. Оларды тазартады, топырағы қышқылданған жерлеріне әк шашады. Жалпы тоған түбін культиватормен қопсытып, сыйр жоңышқаны сұлы араластырып егеді. Тоғанға шабақ жіберердің алдында он-он екі күн бұрын суға толтырады.

Инкубациядан шыққан дернәсілдерді осы алдын-ала дайындалған тоғандарға

арнайы қаптармен оттегі құйылған күйде машина, тракторларға салып тасымалдап,

тоғандарға жібереді. Оларды осы кезден бастап қоректендіре бастайды.

Инкубациядан шыққан дернәсілдерді осы алдын-ала дайындалған тоғандарға

арнайы қаптармен оттегі құйылған күйде машина, тракторларға салып тасымалдап,

тоғандарға жібереді. Оларды осы кезден бастап қоректендіре бастайды.

 

 

 

Сурет 9 Өсімдік қоректі балықтардың дернәсілдерін тасымалдау.

           Ескерту – өзіндік жұмыс кезінде түсірілге сурет.

 

          Личинкалық кезеңде қысқа уақытта 10-15 тәулікте организмнің морфологиялық және физиологиялық түбегейлі өзгерісі жүреді. Сондықтан бұл балық өміріндегі ең маңызды уақыт, себебі дәл осы периодта балықтың ең көп шығыны болады. Амур және дөңмандай балығының личинкалық периоды 6 этаптан тұрады.

Дернәсілдің өмір сүруі мен өсуін анықтайтын негізгі факторларға судың температурасы, оттегінің мөлшері, қоректік база, жыртқыштар мен жауының болуы жатады. Сондықтан, осы факторлардың оптимальды және шектік мәнінің болуы личинкаларды өсірудің өндірістік технологиясының жетілдіруіне әсер етеді. Личинкалардың тіршілік ететін температураның диапазоны кең, жоғарғы летальды шекара 340С, оптимальды 26-280С.

 Шабақтарды өсіру. Сыртқы қорекке көшкен дернәсілдер сыртқы орта жағдайларының өзгерісіне өте сезімтал келеді. Сондықтан қазіргі кезде дернәсілдерді тіршілікке төзімді сатыларына дейін өсіру қолға алынуда.

Дернәсілдерді өсіру 1 га және терендігі 1 м шабақтық тоғандарда өсіреді.

Отырғызу тығыздығы қоректік жағдайларға байланысты 3-4-тен 8-10 млн дана га — га дейін болуы мүмкін. Дернәсілдерді көшіргеннен кейін тоғандарға минералды тыңайтқыштарды енгізеді — 1 га-га 50кг аммиактық селитра және 20-25 кт суперфосфат.

 

 

Кесте 5 —  Шабақтарға арналған құрама жем мөлшері; %

 

р/с

 

Құрамындағы заттары

Мөлшері, %

1

Балық ұны

35

2

Қоректік ашытқы

50

3

Құрғақ сүт

 6

4

Бидай ұны 1 сорт

 8

5

Күнбағыс сұйық майы

 1,5

6

ККП препараты

 0,35           

7

Меонин препараты

 0,15

Ескерту – кесте өзіндік жұмыстан алынған.

 

Шабақтарды өсіру үшін тоғандардан басқа бетондык бассейндерді немесе полиэтилен пленкасымен қапталған ағаш латоктарын пайдаланады.   Лотоктардың өлшемі 4×0,6×0,6 м. Бассейндер мен лотоктарға отырғызу тығыздығы 100-150 мың дана/м3. Лоток пен бассейндерде сабақтарды өсіргенде қоректендіру жүргізеді. . Бассейндер мен лотоктарға отырғызу тығыздығы 100-150 мың дана/м3. Лоток пен бассейндерде сабақтарды өсіргенде қоректендіру жүргізеді.  Ол үшін соя және балық қоспасын қолданады, ол 60% — балық, 15% -ұн, 7% — қан ұнынан, 12% — майсызданған сүттен, 5% — өсімдік майынан және 1% витаминдердің қоспасынан тұрады. Қоспаны түйіршік түрінде, ал өсімдік майынсыз — порошок түрінде қолдандық. Қоспаны гранулалар түрінде, ал өсімдік майынсыз — порошок түрінде қолдандық. Күніне 12 ретке дейін қоректендірдік. Өсірілген шабақтардың60-70% тірі қалады екен.

Жем құрамы келесідей негізгі элементтерден тұрады: 1) құрамында алмаспайтын амин қышқылдары тобы мен протеині бай 1 сұрыпты балық ұныны; 2) толық құрамды белогі жақсы қортылатын, жеңіл сіңірілетін, көміртегі мен витаминдер тобының алыну жеңіл құрғақ сүт. 3) қоректік ашытқы.

Теңізге жіберер алдында өсімдік қоректі (ақ амур мен дөңмандай) балықтарының шабақтарына биологиялық талдау жүргізіледі.

 

Кесте 6 — Дөңмаңдай шабақтарының биологиялық сипаттамасы 

 

          Белгілері

N

                         Дөңмаңдай

М±m

Cv,%

L,мм

     10

        180,9±9,5

              17,8

l,мм

10

        174,6±8,2

             14,8

Q,г       

10

        108,5±4,14

             12,01

G,г

10

        80,6±3,26

             13,7

Fulton

     10

        2,9±0,25

              26,1

Clark

10

2,49±0,24

              31,8

Ескерту – кесте өзіндік жұмыстан алынған.

 

6 – кестенің мәліметтерін талдағанда мынандай заңдылық байқалады. Толық

ұзындығы құйрық қанаттынсыз айырмашылығы 7мм , толық салмағы ішкі құрлысынсыз салмағынан айырмашылығы 27г (Р > 0,999). Көрсеткіштердің вариабелдігіне қарасақ ұзындығын және салмақ көрсеткіштерді тұрақты деп санауға болады. Ал Фультон мен Кларк көрсеткіштері бойынша қоңдылығының деңгейі кең. Фультон мен  Кларк көрсеткішінің аиырмашылығы 0,39г (Р > 0,999). Онда тұжырымдайтынымыз бұл шабақтардың қоңдылығы топ арасында айырмашылығы үлкен сол себептен бұл көрсеткішке көп факторлар әсер етеді. 

 

3.6  Шабақтарды теңізге жіберу.

 

Көкарал су тоспасы салынғаннан кейін жоғалып кеткен балықтардың 15-16 түрлері қалпына келіп, кәсіби аулау дәрежесіне жеткен. «Қамыстыбас балық питомнигі» жылына 14,8 миллион дана біржаздық және 420 мың дана екіжаздық тұқы, өсімдіктектес балықтардың шабақтарын өсіріп, табиғи су айдындарына жіберуде. Бұл үшін питомникке жылына республикалық бюджеттен 200 миллион теңге қаржы бөлінуде. Кәсіпорында 130-дан астам адам жұмыс атқарады. Қызылорда облысында балық кластерін дамыту ісі қазіргі уақытта балық өсіруді дамытып, оның көлемін арттырып, балық шабақтарын тоғандарда өсіру және су айдындарын балықтандыруды қамтамасыз етуді қажет етеді. Осы жауапты істің барлығын атқару Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты «Қамыстыбас балық питомнигі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына жүктелген.

 

 

Сурет 10 Дөңмаңдай балығының шабақтарын теңізге жіберу

 

Уақыты жеткенде тоғандағы суларды ағызу арқылы азайтып су деңгейі төмендегенде майда көзді аумен сүзіп алып, аудан шелекпен арнайы қаптарға салып, қаппен контейнерлі транспорттарға салады. Сол транспорттармен теңізге апарып құяды.  

 

 

Сурет 11 «Арал қамыстыбас» балық питомнигынде тоған.

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Зерттеу жұмыстарды талдай келгенде «Арал қамыстыбас» балық питомнигынде жүргізілді. Шаруашылықтың негізгі мақсаты шабақтарды өсіріп теңізге жіберу. Біздің мақсатымыз өсімдік қоректі балықтарға жататын ақ амур балығымен дөңмандай  балығының шабақ кезеңіне дейін даму сатыларын зерттеу.

  1. Өндіруші балықтарды дайындап, гипофизарлы иньекция егу арқылы уылдырығы мен шәуеті алынды.Иньекция салған соң, 20-220С су температурасында 14-18 сағат өткеннен кейін тұқымдықтардың жыныс өнімдері пісіп жетілді.
  2. Шәуеттің сапасы 5 класс бойынша анықталды. Уылдырықты ұрықтандырғанда алынған уылдырықтың әр литріне, 3-5мл аталықтан алынған шәует құйылды. Оны құс қауырсынымен жайлап араластырып, үстіне 200-250мл таза су құйылды. Осылай ұрықтану процессі жүрді.
  3. Уылдырықты жабысқақтығынан айыру үшін бір литр сүтке 5-8 есе су құйылып, «Вейс» аппаратына салынды. «Вейс» аппаратында екі тәулік тұрды. Өлген уылдырықтар тазаланып отырылды. Кейін «Амур» аппаратына ауыстырылды. Аппаратқа 1 литрге 5-7 мың уылдырық салынады.Әр аппаратқа орта есеппен 4500 данаға дейін ұрықтанған уылдырық салынады. Судың температурасы 22-250С болады.
  4. Пайда болған дернәсілдерді арнайы қаптарға салып, транспорттармен дайындалған арнайы тоғандарға тасымалдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҰСЫНЫСТАР

 

«Арал қамыстыбас» балық питомнигынде өсімдік қоректі балықтарды қазіргі технологиялық жағдайға сай өсіру үшін ұсынатын ұсыныстар төмендегідей:

  1. Дернәсілдерді өсіретін инкубациялық аппаратты жаңарту жөн.
  2. «Арал қамыстыбас» балық питомнигынде арнайы мамандар саны жеткіліксіз. Сол себептен, кадрлар жағын жақсарту.
  3. Шаруашылықты су тазалығын тексеретін құрал жабдықтармен толықтыру
  4. Шаруашылықта өсірілетін балық түрлерін көбейту.
  5. Шаруашылықтағы жас шабақтарды екі жылдыққа дейін арнайы тоғанда ұстап, содан кейін теңізге жіберу керек, себебі, жас шабақтар жыртқыш балықтардың оңай азығы болып табылады. Сол себептен мемлекет қазынасына зиян келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Қазақстан Республикасының су кодексі – Алматы : Юрист, 2005, 67 б.
  2. Куленов К. «Қазақстанның балық байлығы» Алматы 1967ж. Б.35 — 55
  3. Бәйімбет Ә.А. «Ихтиологияның негіздері» 126 б.
  4. Анисимова И.М. Лавровский В.В. «Ихтиология» М. 1991ж. 267 с.
  5. Привезенцев Ю.А. «Интенсивное прудовое рыбоводство» М. 1991ж. 308 с.
  6. Төлеуғалиев Т.М. «Балық өсіру» Алматы 1990ж. 287 б.
  7. Сәрсенбаев Р.С. «Тоған шаруашылығындағы байлық көзі» Алматы

    1984ж. Б. 66 -78

  1. Қаженбаев С. «Өнеркәсіптік негізде балық өсіру мүмкіндігі мен тиімдігі»

    Алматы 1996ж. 112 б.

  1. Карпевич А.Ф. Избранные труды: В 2-х т, Т. 2 Акклиматизаци гидробионтов

    и научные основы аквакультуры. М.: ВНИРО, 1998. 870 с.

  1. Акклиматизация рыб и безпозвоночных в водоемах . М. Наука, 1968. С.23
  2. Дукравец Г.М., Митрофанов В.П. История акклиматизации рыб в Казахстане

      В кн. Рыбы Казахстана, т. 5, Алма-Ата, Гылым, 1992, С. 6 — 44

  1. 12. Каженбаев С. Рыбное хозяйства Казахстана и проблемы повышения его

      эффективности, Алма-Ата, Гылым. 1987, 176 с.

  1. 13. Вовк П.С. Биология дальневосточных растительноядных рыб и их

      хозяйственное использование в водемах Украйны.-Киев: Науковка думка,  

  1. 245 с.
  2. 14. Кормилин В.В.Растительноядные рыбы- важнейший резерв рыбоводства на

      внутренних водоемах Казахстана Алма-Ата, 1988, С. 1-5

  1. 15. Виноградов В.К. Об использовании растительноядных рыб для зарыбления

      естественных водоемов и водохранилищ // Тр. ВНИИПРХ. 1976 . 256 с.

  1. 16. Данченко А. Питание и пищевые взаимоотношения сеголетков

      растительноядных рыб и карпа при выращивании в поликультуре Тр.   

      ВНИИПРХ, 1976  С. 50-58

  1. 17. Данченко А. Функциональная морфология фильтрационного жаберного

      аппарата и избирательность питания толстолобика  Интенсификация

      прудового рыбоводства.- Вып. 11. –М., 1974. С.199-208

  1. 18. Рыбное богатство Казахстана (справочник рыбовода) – Алма-Ата,

      Казгосиздат, 1963. 264 с.

  1. 19. Виноградов В.К. Роль растительноядных рыб в товарном рыбоводстве //

      Рыбное хозяйство.-1979-№5. С. 10-12  

  1. 20. Иванов А.И. Рыбоводства в естественных водоемах, М,. 1991. 265 с.
  2. 21. Таиров Т.М. Рыбоводство и рыболовство, Алма-Ата.: Кайнар, 1989. 356 с.
  3. 22. Горбач Э.И. Возрастной состав, рост и возраст наступления половой

      зрелости карповых рыб. // Вопросы  ихтиологии,-1961, С.86 -90

  1. 23. Макеев А.П. О созревании самок растительноядных рыб в Туркмении и

      некоторые наблюдения за развитием их икры // Новые исследования по

      экологии и разведению растительноядных рыб. М.: Наука, 1958. С. 5-20

  1. 24. Алиев А.С. Основные вопросы биотехники искусственного разведения

      растительноядных рыб в производственных условиях // Новые исследования

      по экологии и разведению растительноядных рыб.-М.:1968.С. 24-35.

  1. 25. Науменко и др. Справочник инспектора рыбоохраны, Киев, 1979. 186 с.
  2. Бәйімбетов.Ә.А Темірхан.С.Р Қазақстанның бекіретәрізділер мен

      тұқытәрізділердің қазақша-орысша анықтауышы. Алматы, 1999. 378 б.

  1. 27. Правдин .И.Ф «Рукаводство по изучению рыб» Москва, 1966. С. 7-179.
  2. 28. О рыболовстве: Сборник нормативы правовых актов.-Алматы: Юрист, 2005,
  3. Филонец П.П. Очерки по географии внутренних вод Центрального, Южного и Восточного Казахстана. Алма-Ата, 1981. С. 177-181.
  4. Филонец П.П. Омаров Т.Р. Озера Центрального и Южного Казахстана. Алма-Ата, 1973. 198 с.
  5. Стрельников А.С. Морфобиологическая характеристика  промысловых  рыб  Алакольских  озер //  Биология  водоемов  Казахстана: (сборник  работ  Каз.филиала  ВГБО).: Алма-Ата.1970.-с. 115-119.    
  6. Никольский Г.В. Частная ихтиология. М., 1950
  7. Никольский Г.В. Экология рыб. М, 1972 г.

Рыбы  Казахстана  в  5  томах- Алматы: Наука, 1989-т.5

  1. Аннотированный каталог круглоротых и рыб континентальных вод России // Под ред. Ю.С.Решетникова. М.: Наука, 1998. 218 с.
  2. Атлас пресноводных рыб России: В 2 т. Т.1. // Под ред. Ю.С.Решетникова. М.: Наука, 2002. 379 с.