АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Диплом: Іле-Балхаш бассейіндегі кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің биологиялық сипаттамасы

          ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

 

«ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

 

ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

 

 

 

Тумбаев Болат Алимханович

 

«Іле – Балхаш бассейіндегі кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің  биологиялық сипаттамасы»

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

 

 

5В080400 — «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығы бойынша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

 

Технология және биоресурстар факультетi

 

Ара, құс және балық шаруашылығы кафедрасы

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

«Іле – Балхаш бассейіндегі кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің  биологиялық сипаттамасы»

 

 

                                                                                  Беттер саны _____

                                                                           Сызбалар мен көрнектi                        материалдар саны____                      

 

Орындаған : Тумбаев Болат Алимханович

 

 

 

2018 ж. «____» _____________ қорғауға жiберiлдi

 

 

 

Кафедра меңгерушiсi,                      __________  Лукбанов В.М.

 

Жетекшiсi:                                        __________    Дабжанова С.Т.

 

Сарапшы                                           __________   Мамилов Н.Ш.

 

Нормаконтроль                                 ___________  Токсабаева Б.С.          ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­                                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

 

«ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

 

Технология және биоресурстар факультетi

 

Мамандығы 5В080400 — «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау»

 

Ара, құс және балық шаруашылығы кафедрасы

 

 

 

Дипломдық жұмысты орындау

 

 

ТАПСЫРМАСЫ

 

 

Студент: Тумбаев Болат Алимханович

 

Жұмыс тақырыбы: «Іле – Балхаш бассейіндегі кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің  биологиялық сипаттамасы»

 

 

Университет бойынша 2018  ж «_____»___________ № _____бұйрығымен бекiтiлген

Дайын жұмысты тапсыру мерзiмi 2018 ж  «_____» ______________

 

Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі:

  1. Балқаш көлінің экологиялық жағдайы.  
  2. Көксерке балығына жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижелері
  3. Тыран балығына жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижелері
  4. Кәсіптік балықтардың биологиялық алуан түрлілігін сақтау үшін жүргізілетін шаралар
  5. Балқаш су алабындағы теңбіл талма балығының морфологиялық өзгергіштігі

 

Ұсынылатын негізгі әдебиет

 

1.К.Күленов.Қазақстанның балық байлығы.Алматы:Қазақстан,1967-212бет.

          2.Қаженбаев Сырым. Өнеркәсіптік  негізде балық өсіру:мүмкіндік пен тиімділік.Алматы:Қайнар,1986-88бет.

          3.Телеуғалиев Т.М. Балық өсіру.Алматы:Қайнар,1990-248бет.

          4.К.К.Күленов,С.К.Күленова. Балық шаруашылығының орысша-қазақша қысқаша сөздігі.Алматы:Қайнар,1971-160бет.

          5.Р.С.Сәрсенбаев. Тоған шаруашылығы.Алматы:Қайнар,1984-108бет.

          6.Ә.А.Бәйімбет,С.Р.Темірхан Қазақстанның балықтәрізділері мен балықтарының қазақша-орысша анықтауышы. Алматы:Қазақ Университеті,1999-347бет.

          7.К.К.Күленов,С.К.Күленова Балық шаруашылығының орысша-қазақша түсіндірме с сөздігі, Алматы Қайнар, 1980ж-256 бет.

  1. Қайымов К. Балықтар әлемінде, Алматы: Қайнар, 1973ж – 192 бет.
  2. Рыбы Қазахстана: І-V том – Алматы: Наука, 1986ж-192бет.
  3. Қазақ Совет Энциклопедиясы – Алматы, 1972-1978жж

 

Жұмыстың тараулары бойынша кеңесшілері

 

Тарау

Кеңесші

Мерзімі

Қолы

Әдебиетке шолу

Дабжанова С.Т.

Қазан, 2017 ж

 

Материалды зерттеу әдістері

Дабжанова С.Т.

Қараша, 2017 ж

 

Негізгі бөлім

Дабжанова С.Т.

Желтоқсан, 2017 ж

 

 

 

Кафедра меңгерушісі         ________________________           Лукбанов В.М.

 

Дипломдық жұмыс  жетекшісі      __________________           Дабжанова С.Т.

 

Тапсырманы орындауға                                                                                                             қабылдадым, студент            _______________________          Тумбаев Б.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дипломдық жобаны орындау

ГРАФИГІ

Рет саны

Тараулар және  қарастырылатын сұрақтар тізімі

Жетекшіге ұсыну мерзімі

Ескертулер

1

Кіріспе

Қазан, 2017 ж

Орындалды

2

Әдебиетке шолу

Қазан, 2017 ж

Орындалды

3

Зерттеу әдістері мен материалдары

Қараша, 2017 ж

Орындалды

4

Балқаш көлінің экологиялық жағдайы.  

Қараша, 2017 ж

Орындалды

5

Зерттеу жұмыстары жүргізілген аймаққа физикалық географиялық сипаттама

Қараша, 2017 ж

Орындалды

6

Көксерке балығына жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижелері

Қараша, 2017 ж

Орындалды

7

Тыран балығына жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижелері

Желтоқсан, 2017 ж

Орындалды

8

Кәсіптік балықтардың биологиялық алуан түрлілігін сақтау үшін жүргізілетін шаралар

Қаңтар, 2018 ж

Орындалды

9

Балқаш су алабындағы теңбіл талма балығының морфологиялық өзгергіштігі

Қаңтар, 2018 ж

Орындалды

10

Қорытынды

Ақпан, 2018 ж

Орындалды

11

Пайдаланған әдебиеттер

Наурыз, 2018 ж

Орындалды

 

 

Кафедра меңгерушісі         ________________________           Лукбанов В.М.

 

Дипломдық жұмыс  жетекшісі      __________________           Дабжанова С.Т.

 

Тапсырманы орындауға                                                                                                             қабылдадым, студент            _______________________          Тумбаев Б.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

БЕТ.

 

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

7

 

АНЫҚТАМАЛАР

8

 

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

9

 

КІРІСПЕ

10

2

Әдебиетке шолу

11

2.1

Балхаш бассейнінің ихтиофаунасының  тарихи дамуы

11

2.2

Көксерке балығының систематикасы мен биологиясы

12

2.3

Сазан балығының систематикасы мен биологиясы  

13

2.4

Тыран балығының систематикасы мен биологиясы

14

2.5

Жайын балығының систематикасы мен биологиясы

15

2.6

Балқаш көлінің экологиялық жағдайы.  

16

3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

22

3.1

Зерттеу жұмыстарының материалдары мен әдістемелігі

22

3.1.1

Зерттеу жұмыстары жүргізілген аймаққа физикалық географиялық сипаттама

22

3.1.2

Зерттеу материалдары мен әдістемелігі 

28

3.1.3

Балықтардың биологиялық талдауы

28

3.2

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

31

3.2.1

Көксерке балығына жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижелері

31

3.2.2

Сазан балығына жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижелері

33

3.2.3

Тыран балығына жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижелері

34

3.2.4

Жайын балығына жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижелері

36

3.2.5

Кәсіптік балықтардың биологиялық алуан түрлілігін сақтау үшін жүргізілетін шаралар

38

3.2,6

Теңбіл талма балығының биологиялық көрсеткіштері

41

3.2.7

Популяцияның жастық құрамы

43

3.2.8

Қолайсыз жағдай индексі және морфопаталогия

44

3.2.9

Балқаш су алабындағы теңбіл талма балығының морфологиялық өзгергіштігі

45

 

ҚОРЫТЫНДЫ

53

 

ҰСЫНЫСТАР

54

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

55

 

 

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

 

ГОСТ 7.1 – 2003 «Библиографиялық көшірме.Құжаттың бибиографиялық сипаттамасы. Құрылудың жалпы талаптары мен ережелері »

ГОСТ 7.32-2001 Кітапхана және баспа жұмыстарының мәліметтері бойынша стандартты жүйесі. Ғылыми-зертеу жұмыстары бойынша есептер. Безендіру құрлымы мен ережесі.

ГОСТ 17.1.1.01.-77. Суды пайдалану мен қорғау. Негізгі терминдер мен анықтауыштар.

ГОСТ 12.0.004-90. ССБТ Еңбектің қауіпсіз жағдайын үйрету ұйымы.

ГОСТ 427-75 Өлшегіш метал сызыңғыштар. Техникалық жағдайлар.

ГОСТ 1625-89 Техникалық формалин. Техникалық жағдай.

ГОСТ 1770-74 Зертханалық өлшегіш шыны ыдыстар. Цилиндрлер, мензуркалар, колбалар, пробиркалар. Жалпы техникалық жағдайлар.

ГОСТ 6709-72 Дистелденген су.

ГОСТ 9284-75 Микроперепараттарға арналған жабын шынылар. Техникалық жағдайла.

ГОСТ 18300-87 Техникалық тазартылған этил спирті. Техникалық жағдайда.

ГОСТ 19908-90 Тигелдер, табақшалар, стақандар, колбалар, воронкалар, пробиркалар және кварц шыныдан жасалған мөлдір ұштық. Жалпы техникалық жағдайлар.

ГОСТ 21240-89 медициналық скальпельдер мен пышақтар. Жалпы техникалық жағдайлар және сынау әдістері.

ГОСТ21241-89 медициналық шаншушылар.

ГОСТ 24104-2001 Зерханалық жалпы жағдайында және үлгі таразылары. Жалпы техникалық жағдайлар.

ГОСТ 25336-82 Зерханалық шыны жабдықтар мен ыдыстар. Негізгі параметрлер, өлшемдері мен типтері.

ГОСТ25706-83 Лупалар немесе үлкейткіш шынылар. Негізгі типтері мен парамертлері. Жалпы техникалық жағдай.

ГОСТ 7636-85 Балықтар, теңізсүтқоректілері, теңіз омыртқасыздары және оларды өңдеу өнімдері. Талдау әдістері.

ГОСТ 50 380-92 Балықтар және балық өнімдері. Терминдері мен анықтауыштар.

ГОСТ 24896-81 Тірі балықтар. Техникалық жағдай.

 

 

 

 

 

 

 

 

АНЫҚТАМАЛАР

 

Осы диплом жұмысында қолданған терминдердің төмендегідей анықтамалары бар:

Ювинальді – жыныстық жағынан жетілмеген дарақтар.

Фитофильдер – уылдырығын су өсімдіктеріне шашатын балықтар.

Фитофаг – өсімдіктермен қөректенетін организм.

Кәсіптік аулау – белгіленген бір уақыт кезеңінде қолданылатын аулау құралдарының жалпы саны.

Уылдырық шашу – балықтардың қоректену немесе қыстау аймағынан уылдырық шашатын жерге көшуі.

Шабақ – барлық денесі қабыршақпен қапталған, сыртқы пішін бойынша балыққа ұқсас.

Абиотикалық фактор  — судың физико-химиялық қасиеті.

Екі жылдық —  екі вегетациялық кезең өмір сүрген балық.

Порционды – уылдырықтарын бөліп-бөліп шашуы.

Балық питомниктер – балық өсіретін материалдарды өсіру.

Ихтиофауна —  суқоймадағы гидробионттардың түрлік құрамы.

Популяция —  белгілі бір аймақта мекендейтін,  белгілі аймақта  уылдырық шашып, қыстайтын, бір түрге жататын түрлі балық топтарын белгілейтин термин.

Фитопланктон – су қабатының төменгі сатысындағы бір клеткалы балдырлар мен бактериялар.

Фультон бойынша қондылық —  толық салмағы бойынша қондылық коэффициенті.

Кларк бойынша қондылық —  іш құрлыссыз салмағы бойынша коэффициент қондылығы.

Планктон —  су қабатын мекен ететін гидробионттар.

Дернәсіл —  аралас қорекке көшу уақытына қабыршақтың бастамасы салынғанға дейінгі уақыт.

Ихтиология  —  балықтар жайындағы ілім.

Бентофаг —  бентоспен қоректенетін организм.

Биологиялық мелиорация – ихтиофаунадағы түрлік құрамының жоғарлауы үшін жүргізілетін шаралар; маңызссыз балықтарды аулау; кәсіптік  және бағалы балықтардың тіршілік жағдайына  қолайлы орта туғызу; жыртқыш және өсімдікқоректі балықтарды суқоймаға жерсіндіру.

Аккилиматизация —  белгілі бір түрмен олардын ұрпақтарын  жаңа бір ортаға жерсіндіру. 

 

 

 

 

 

 

 

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН МӘНДЕР   

 

min —  минимум;

maх – максимум;

Juv —  ювинал;

м – метр

Сv – өзгергіштік коэффициент; немесе виреабелдік коэффициент;

X – арифметикалық орташа;

Mx – арифметикалық орташаның қателігі;

Р – айырмашылық сенімділігі;

Q —  балықтардың толық салмағы;

q —  балықтардың   іш құрлыссыз салмағы;

L – балықтардың толық ұзындығы;

l –  құйрық қанатсыз ұзындығы;

n —  балық саны;

мм – миллиметр

♀- аналық

♂- аталық

см – сантиметр

кг —  килограмм

г —  грамм

т – тонна

км2 – 1 шаршы шақырым

км3 – 1 куб шақырым

га — гектар

ж. – жыл

% — пайыз

т.б —   тағы басқа

          Қ.У.Ш.Ө.Ш – Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы

          ТМД – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі.  Адамзаттың шаруашылықтық іс әрекетінің және қоғамның қарқынды даму барысында көптеген су жануарларының, соның ішінде балықтар түрлерінің тіршілік ету жағдайының өзгеруі көбею экологиясы мен кейбір балық түрлерінің дамуының өзгерісіне әкелді.

Балық қорын рациональды пайдаланудың ғылыми негізін дамыту және балық өсіру шаруашылығының даму қарқындылығы балықтар жайлы білімдерді және олардың әртүрлі қоршаған орта факторларының әсеріне реакциясы туралы мәліметтерді білуді қажет етеді.

Балықтардың алуан түрлілігін қорғай және сақтай отырып рациональды пайдалану балық шаруашылықтарының негізгі мақсаттарының бірі болып саналады. Бұндай мәселелерді шешу бүкіл онтогенез кезеңін қамтитын балықтар физиологиясы, морфологиясы, экологиясы сияқты нақты білімсіз болуы мүмкін емес.

Соның ішінде балықтарының сазан, көксерке, тыран, жайын биологиялық ерекшеліктері  зерттелмеген.

Дипломдық жұмысымның мақсаты Балхаш көліндегі  кәсіптік маңызы бар балықтарының биологиялық жағдайын зерттеу. Жұмысымның мақсатына байланысты келесі міндеттер қойылды:

  • Іле-Балхаш бассейіне физикалық-географиялық сипаттама беру;
  • Сазан, көксерке, тыран, жайын кәсіптік маңызы бар балықтар түрлеріне биологиялық талдау жүргізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

2.1 Іле -Балхаш бассейнінің ихтиофаунасының  тарихи дамуы

 

Балхаш-Алакөл бассейнінің тарихы геологтармен (мысалы, Каспий, Арал және Зайсанға қарағанда) аздап толық зерттелген. Алакөл көлінің барлық жүйесін қамтитын  Үлкен Балхаш көлі деңгейінің өзгеруі толық құрғап кетуге  алып келіп, онда бұрыннан тірішілік ететін ихтиофауна толық жойылып,  орнына таулы өзендердің  ихтиофаунасымен  алмастырған [1].

А.М.Никольскийдің  ойы бойынша  Балхаш  ертедегі Ханхай суқоймасының  қалдығы және оның  пайда болуы  үштік кезеңге жатады [2].

Бұл сұрақты В.А. Обручевта  растайды. Бұл ойлар бойынша  кейбір палеонтологиялық дәлелдер бар.  Андреевка ауылында (Талдықорған облысы) ҚазССР Ғылым Академиясы зоология институтының  палеонтологтары тапир  және  даталанған  эоциндермен  бірге көмілген  амия балықтардың  қалдықтарын тапқан.

Төрттік кезеңде Балхаш көлі  кеуіп кеткен  және  көптеген  зерттеушілердің  айтуы  бойынша ортаңғы және жоғарғы  плейстоценде, голоценде Балхаш және Алакөл  арасында  ешқандай байланыс болмаған, осы ойға   гидробиологтар қосылады.  Балхаш Алакөлмен байланысын  мұзды дәуірден кейін үзген. К.В.Курдюковтың  айтуы бойынша (1951)  Алакөлден  солтүстікке қарай  қазіргі тереңдігінен шамамен 400 м биіктікте көлдік терассаның бар. Осыған  орай, ол   Балхаш пен Алакөл арасында байланыс орнағанын дәлелдейді.

Л.С.Бергтің ойы бойынша (3) Балхаш көлі салыстырмалы жақын уақытта  түгел кеуіп кеткен. Балхаш қазіргі кездегі  күйі бойынша – салыстырмалы жас  көл; оның шұңқырлары бұрын құрғақ болған.  Бұл жағдайды  Л.С.Берг мұзды дәуірден кейін болған  деп  есептейді.

Ф.А.Турдаковтың ойы бойынша бұрынғы кезде осында көл болған,  Іле және Ыстықкөл бассендерінде ол  ағып кету құбылысы  болуы  мүмкін. Тюп және Ирису өзендерінің ағып кету  бағытының ауысу мүмкіншілігін жою Ыстықкөл және Балхаш көлінің арасындағы  ихтиофаунаның ауысу мүмкіндігін туғызады.  Бұл болжау  күмән туғызбайды, бірақ түсінікті емес. Ыстықкөл  ихтиофаунасының шығуы  Балхаштан келген  келімсектерге  байланысты. Ф.А. Турдаковтың жазуы  бойынша Батыстағы Сан-Таш өрінде Ыстықкөл көліне жақын түр Sch. issykkuli  тіршілік етеді. Сонымен, Ф.А. Турдаковтың айтуынша таулы-азиаттық түрлер Балхаш бассейнінен шыққан. Оның  көзқарасы  бойынша Балхаштан Ыстықкөлге қара балықтар және көкбас балықтар енген, Балхаш бассейнінің таулы-азиаттық элементтері Іле өзенінің жоғарғы ағысынан, Нарын және Тарим өзендері арқылы  енгенін  А.А. Баймбетов та (4)  жанама  қолдайды.

Егер Л.С. Бергтың айтқаны рас  болып,   Балхаш шынымен мұзды кезеңнен  кейін  құрғаған  болса,  онда қара  балық және  талма  балықтар үшін  бастапқы суқойма  болуы  мүмкін емес.

“Балхаш  фаунасына  таулы-азиатық  өкілдері қайдан келген?” деген  сұрақ  туады.  Мүмкін олар  Ыстықкөл бассейні арқылы енген  шығар, әйтпесе  біз N. strauchi-дан бастап барлық талма балықтарын, D. Dybowskii-ден бастап көкбас балықтарын және  қара балықтарды  Қандысу және Ұласты өзендерінен, Зайсан бассейнінен енді  деп  айтуымызға  тура келер еді.  Мүмкін, Ф.А. Турдаков Балхаш және  Ыстықкөл ихтиоафунасының тарихи бірізділігін  зерттеудің  нәтижесінде  автоматты  түрде балықтардың таралу  жолына ауысып кеткен  болар.

Сонымен,  Балхаш бассейніне таулы-азиаттық түрлердің Ыстықкөл бассейнінен келген. Бұл олардың Балхашта пайда болғанының  ең  дұрыс  жолы [5].

 

2.2 Көксерке балығының систематикасы мен биологиясы

 

Тип: Chordata – хордалылар

Тип тармағы: Vertebrata – омыртқалылар

Класс үсті: Gnatohostomata – жақтылар

Класс: Osteichthyes – сүйекті балықтар

Отряд:  Perciformes — алабұғатәрізділер

Тұқымдас: Percidae —  алабұғалар

Туыс: Stizostedion – көксеркелер 

Түр: Stizostedion lucioperca – көксерке

 

Көксерке Қазақстан мен Орта Азияның барлық дерлік су қоймаларында таралған жыртқыш балық, еті өте дәмді, ұсақ қылтандары болмайды. Көксерке (судак) өзен, көлдерде, теңізде өседі. Көбіне судың түбінде болады, кейде оның бетіне де көтеріледі. Ол планктонға бай, оттегі мол су қоймаларын ұнатады. Көксерке лайлы және ластанған, сондай-ақ жағаларында өсімдік өскен су қоймаларында күн көре алмайды, қырылып қалады. Өзен атыраулары мен көл жағалауларына, қайыршақ тасты жерлерге сәуір-мамыр айларында судың температурасы 10-16 градус болғанда уылдырық салады. Көксерке теңіздерде де өседі және ол еш уақытта тұщы суға өтпейді. Сол жерде өсіп-өніп қыстайды.

Өзен – көлдерде ол уылдырықты 1 метрге дейінгі тереңдікте өсімдік түбірінің үстіне төгеді. Ұзындығы 50 см-дей, салмағы 3,5 кг-ға жететін ірі көксеркені уылдырығында 1 миллионға жуық түйіршік болады. Жалпы оның ұзындығы 50-120 см –ге, салмағы 6-10 кг-ға дейін барады. Ол уылдырық шашып болған соң, көксерке өзеннің ең таза аймағына, көлде ең терең жеріне кетеді. Ол өзінің шабақтарын сондай-ақ, басқа да ұсақ балықтарды қорек етеді. Жас көксерке құрттар мен личинкалар және планктон организмдермен қоректенеді. Көлдерде көксеркенің жас шабақьтарының азық жөнінен бәсекелестері – планктон қоректенетін балықтар, ол ересектері фарель, шортан және жайынмен талас жүреді. Алабұға мен шортан көксеркенің жауы, өйткені олар мұның жас шабақтарын жеп құртады. Балықшылар көксеркені сүзені, құрма аулармен, әуесқойлар қармақпен, спинингпен аулайды. Жазда таң сәріде жақсы ауланады. Көксерке тереңдікті тәуір көреді, тайыз, шөп өскен жерлерде сирек кездеседі.

 

 

2.3 Сазан балығының систематикасы мен биологиясы  

 

Тип: Chordata – хордалылар

Тип тармағы: Vertebrata – омыртқалылар

Класс үсті: Gnatohostomata – жақтылар

Класс: Osteichthyes – сүйекті балықтар

Отряд: Gypriniformes – тұқы тәрізділер

Тұқымдас: Cyprinidae —  тұқылар

Туыс: Cyprinus – сазандар

Түр: Cyp. Carpio arabnsis Spitcshakov – арал сазаны

 

Сазан — кәсіптік маңызы зор, бағалы балық. Ол тез жетіледі, еті өте дәмді. Терісі теңге қабыршықпен қапталған. Етінің сапасы мен тағамдық қасиеті басқа балықтардан көш ілгері тұрады. Етінің майлылығы – 4,1%, белогы – 16,5 %. Сазан Қара теңіз, Каспий және Арал теңіздерінде, Еділ, Жайық, Нұра, Амур, Шу өзендерінде, Балхаш көлі мен Орта Азия республикаларының барлық су қоймаларында кең тараған, тіпті Алтай өлкесінің су қоймаларында да жақсы өседі.

Сазан судың температурасына, оттегінің және азық қорының мөлшеріне талғамсыз. Тіпті батпақты (лай) тоғандарда да тіршілік ете береді. Сондықтан оларды қолдан жасалған су қоймаларында жаппай өсіреді. Жүрген жерінже өсімдіктер мен жәндіктердің арасынан өзіне қажетті қоректік азықтарды тез тауып алады. Личинколарды, құрттар және ұсақ шаяндарды, малюскаларды, дәнді бұршақты, картопты қорек етеді.

Сазан 3-4 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырықтарын судың жылылығы 18-19 градусқа жеткенде, сәуір айының ортасынан бастап шілде айының аяғына дейін шашады. Оның ұрықтылығы өте жоғары. Уылдырық түйіршіктерінің саны 96 мыңнан 1 миллион 810 мыңға дейін жетеді. Уылдырығын жайылма суларға шығып, су түбіндегі өсімдіктердің түбіне, сирек өскен қамыс-қоғаның арасына шашады. Алдымен майда сазандар, кейін орташа, ең соңында ірі сазандар уылдырықтайды. Бір еркегінің қасында 10-15 ұрғашысы еріп үйіріліп жүреді. Сазан бұл мезгілде азықтанбайды, уылдырықтар су астындағы өсімдіктердің өн бойына, сабақ бұтақшаларына жабысып қонады.

Ауа-райының қолайлы жағдайында сазан уылдырығынан шыққан личинка 2 күн бойы өсімдікке жабысады. Олар бастапқы кезде коловротка және шаянтәрізділермен қоректенсе, 18-20 күннен кейін зоопланктон және хирономид личникаларымен азықтанады. Сазан жедел өседі, сазанның алғашқы жылғы уақ шабақтарының өзі 100 грамға дейін тартады, ал екінші жылы 500-700 грамм, тіпті 1 килограммға жетеді.

Сазан ұзақ уақыт – 50 жылдай тіршілік етеді. Кейбіреуінің салмағы 20 кг (өте сирек) тартады.

Судың жылылығы 1-2 градусқа төмендегенде қысқы орны- су түбіндегі терең апандарға кетеді де үйірімен шоғырланып жатып алады.

Сазанның жаулары – жайын, шортан, алабұға, көксерке, ақмарқа сияқты жыртқыш балықтар және қара үйректер.

Әуесқойлар сазанды ұсақ шаянның етін, нан, бұршақ дәндерді жем жасап қармақпен аулайды. Оны таңертеңнен бастап түске дейін мол аулауға болады. Ал, балықшылар сазанның кең көз сүзекі, аумен, қабада, катештермен аулайды.

 

2.4 Тыран балығының систематикасы мен биологиясы

 

Тип: Chordata – хордалылар

Тип тармағы: Vertebrata – омыртқалылар

Класс үсті: Gnatohostomata – жақтылар

Класс: Osteichthyes – сүйекті балықтар

Отряд: – Cypriniformes  — тұқытәрізділер

Тұқымдас: Cyprinidae —  тұқылар

Туыс: Abramis – тырандар 

Түр: Abramis brama hinnalus – тыран

Түрше: Ab.brama orientalis Berg – шығыс тыраны

Тыран республикамыздың су қоймаларында кеңінен тараған кәсіпшілік балық. Орта Азия республикаларының су қоймаларында да өседі. Соңғы жылдарда тыранды жерсіндіру мәселесі мықтап қолға алынды; қәзір солтүстік, шығыс және оңтүстік облыстарының көптеген су қоймаларында өсірілді.

Тыран бөгеген суларда жақсы өсіп-өнеді. Тыранның еті дәмді, майлылығы 4 %, белок 17%. Тыран уылдырықтар алдында едәуір серуендеп алады. Тыран жартылай көшпелі және тұрақты болып екіге бөлінеді. Тыран суы тұнық та терең өзен, көлдерді ұнатады, бірақ жазда азығы мол тайыз аймақтарда болады. Жартылай көшпелі табанның уылдырықтар алдында көтерілуі сәуір айында басталады. Ол ағысқа қарсы жоғары көтеріліп өзеннің арнасын жапсарлап шоғырланады.

Тыран үйірсек келеді, басқа балықтармен салыстырғанда өте сақ, тәжірбиелі жетекшісімен үш бұрыш жасап жүзіп жүреді. Бастаушы балық біраз оқшау және міндетті түрде үйірден жоғарырақ болады. Ол бір жаққа бұрылса, бүкіл үйір оның соңынан ереді. Тұрақты табан жылдар бойына өзінің ұнатқан мекенінде құмдауыт шұңқырларда немесе қайраңдарда болады. Тыранды тұнық өзен, көлдерден, тоғандардан іздстіруге болады. Салмағы 1 килограмдық, одан да асатын табанды кез-келген шортан жұтып жеп қоя алмайды. Сондықтан кейде жыртқыш балықтар – көксерке, шортандармен бірге табанда жүре береді.

Тыран 3-4 жасында жыныстық жағынан өсіп жетіледі. Ол оңтүстіктегі су қоймаларында наурыз-сәуірде, солтүстікте мамыр-маумсымда уылдырықтайды, оны өсімдіктерге бай жағалық тайыз аймақтарға салады. Уылдырықтап болғаннан кейін көлге кетіп, мұндай тайыз жерлерде болады. Оттегі аз су қоймаларында өмір сүре алмайды.

Тыран құрт-құмырсқалардың лиинкаларын, малюскаларды және басқа да су түбіндегі ағзаларды қорек етеді. Тыран уылдырық шашу кезінде қоректенбейді, уылдырық салғаннан кейін мықтап қоректенеді, бұдан соң оның азықтануы біраз тежеледі де, күзгі жортуыл кезінде қайта күшейеді. Салқын түсе табан су түбіндегі шұңқырларға қыстауға жатады.

Тыранды қыстауға бет алғанда, көктемде және уылдырық салғаннан кейін алғашқы күндері қармақпен жақсы аулауға болатындығын әуесқой балықшылардың тәжірбиесі көрсетіп береді; негізгі тұрағы болып саналатын шұңқырдан шұңқырда да ойдағыдай ауланады. Тыран жыраларды, құлаған топырақ кесектері бар терең жерлерде, шалқып тасыған лай суда жақсы ұсталады. Тыранды көктемде аулау өнімді келеді.

Тыранды аулау балықшының өте шебер болуын талап етеді. Оны аулағанда жақсы тасаланып отыру керек. Тыранды қармақпен, сүзекі, қабадамен аулайды. Түрлі азықтық өсімдіктер, шыбын-шіркей, қызыл құрт жем болады. Тыран таң сәріде және ай жарығанда жақсы ауланады.

 

  • Жайын балығының систематикасы мен биологиясы

 

Тип: Chordata – хордалылар

Тип тармағы: Vertebrata – омыртқалылар

Класс үсті: Gnatohostomata – жақтылар

Класс: Osteichthyes – сүйекті балықтар

Отряд: – Osteichthyes  — жайынтәрізділер

Тұқымдас: Siluridae —  жайындар

Туыс: Silurus  – жайындар 

Түр: Silurus glanis Linnaeus  – кәдімгі жайын 

 

Жайын – денесі жалаңаш (қабыршақсыз), созылыңқы, жұмсақ терімен қапталған. Басы көлемді, жалпақ дорсавентральді. Аузы үлкен, астыңғы жағы шығыңқы, басының ұзындығының 60%-тін құрайды.

 Жақтарында майда артқа қайырылған конус тәрізді өткір тістері бар. Көздері кішкентай ауыз бұрыштарының жоғарғы жағында орналасқан.

Жайын балығының мұртшалары 3 жұп болып келеді. Бір жұбы үстіңгі жақта, ал қалған екеуі астыңғы жақта орналасқан. Үстіңгі жақ мұртшалары ұзынырақ болып келеді және денесінің төрттен бір бөлігінен  немесе одан да көп.

Жайын балығы тез өседі. Шабақтар мамыр айының аяғында орташа 1,5 см- 2,8 см ұзындыққа ие болады. Жыныстық жетілуі 3-4 жылдық кезінде, кейде аналықтар 2 жылдық жас шамасында жыныстық жетіледі.

Жайын – жыртқыш балық, оның қорегінің негізгі бөлігі балықтардан тұрады.

Уылдырық шашу экологиясы бойынша жайын балығы литофильді балықтарға жатады. Субстрат ретінде олар уылдырықтарын (қамыс, қоға) 30-70 см тереңдіктегі суасты өсімдіктеріне шашады, кейде 160 см тереңдіктерде кездесуі мүмкін. Көбіне жайындар өсімдіктерден «ұяшықтар» жасайды. Уылдырық шашу кезінде «неке ойындары» жүреді, олар әсіресе таң ертең және кешке.

 

2.6 Балқаш көлінің экологиялық жағдайы.  

 

 Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы: 17 – 22 мың км2, ұзындығы 600 км-ден астам, ені шығыс бөлігінде 9 – 19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді. Суының көлемі шамамен 100 – 110 км3. Су жиналатын алабы 500 мың км2-ге жуық. Орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78,2%-ын береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты, т.б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді және көптеген жыра-жылғамен тілімденген, ал оңтүстік жағалауы – суы біртіндеп тартылған кезде жиналған шөгінділерден пайда болған құмды ойпат. Көлдің көптеген шығанақ, қойнаулары бар, аралдары аз, үлкендері: Басарал, Тасарал. Балқаш туралы алғашқы жазба деректер 13 ғасырдан белгілі. Көлді тиянақты зерттеу 17 ғасырда басталды. Орыс картографы және тарихшысы Семен Ремезов 1695 жылы «Бүкіл Сібір жері мен қалаларының сызбалары» («Чертежи всех сибирских городов и земель») атты атласында Балқашты «Теңіз» деген атаумен көрсеткен. 18 ғасырдың басында көлде геодезиялық өлшеу жұмыстары жүргізілді. Балқаш 19 ғасырда Клапроттың (1836) және швед картографы Иоганн Ренаттың (Жоңғарияның картасын жасаған) карталарында бейнеленді. Пауль Рихтгофен (1877) мен Александр Гумбольдтың (1844) еңбектерінде Балқаш туралы деректер бар. Балқашты зерттеуге Ресей ғалымдары да (Иван Мушкетов, Лев Берг, т.б.) ат салысты. Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановта Балқаш алабын зерттеп, сипаттаған. 1920 жылдан бастап Балқаш көлін кешенді зерттеу басталды, көптеген экспедициялар ұйымдастырылды. Көлдің экологиялық жағдайын, суының химиялық құрамын, өсімдік, жануарлар дүниесін, алабының физикалық-географиялық сипатын зерттеумен 1970 – 90 жылдары ххҚазақстан Ғылым академиясының институттары, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ ххгидрометеорологияъъ ғылыми-зерттеу институты, бірнеше жобалау институттары, т.б. айналысты.  

Бұл жұмыстардың нәтижесінде көлдің табиғи орнықтылығын сақтап қалуға бағытталған нақты шаралар белгіленді, олардың біразы жүзеге асырылып, көл деңгейінің құлдырауы тоқтады. Көл шөл және шөлейт климаттық белдеуде орналасқан. Қаңтардағы орташа температура –15 – 170С, шілденің орташа температурасы 240С. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлшері 120 мм. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 55 – 66%, желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,5 – 4,8 м/с. Жел көлдің батыс бөлігінде көбінесе, солтүстіктен, шығысында – солтүстік-шығыстан соғады. Осы себепті көлде үнемі күшті толқын болады. Жаздағы булану ауа райына байланысты 950 мм-ден 1200 мм-ге дейін ауытқиды. Көл беті көбіне қарашаның аяғында қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді. Мұздың қалыңдығы кей жылдары 150 см-ге жетеді. Таудағы мұздықтар еріген кезде (маусым – шілде) су деңгейі біраз көтеріледі. Көп жылдық су деңгейі тербелісінің мөлшері үш метрден асады. 20 ғасырда Балқаш көлінің деңгейі 1908 және 1961 жылы көтеріліп, 1946 және 1987 жылы төмендегені байқалды. 1970 жылдан бері Іле өзені бойында Қапшағай бөгенінің салынуына байланысты көлдің табиғи гидрологиялық режимі көп өзгеріске ұшырады. Балқаш – жартылай тұщы көл. Суының химиялық құрамы көл алабының гидрографиялық ерекшеліктеріне байланысты. Көлге сұғына еніп жатқан Сарыесік түбегі Балқашты екіге бөледі, гидрологиялық және гидрохимиялық жағынан бір-бірінен өзгеше батыс және шығыс бөліктері ені 3,5 км Ұзынарал бұғазымен жалғасады. Судың минералдылығы мен тұздылығы бұл екі бөлікте екі түрлі. Көлге ағып келетін судың негізін Іле өзені құрайтындықтан, батыс бөлігінің суы тұщы (0,5 – 1 г/л), түсі сарғылт-сары, лайлы. Шығыс бөлігінің суы тұздылау (5 – 6 г/л), түсі көгілдір, ашық көк. Балқаш фаунаға бай. Көл түбінде моллюскілер, судағы ұсақ жәндіктердің дернәсілдері, шаян тәрізділер тіршілік етеді. Батыс бөлігі планктонға бай. Көлде балықтың 20-дан астам түрі бар, мұның 6 түрі ежелден көлдің өзінде өскен балықтар (Іле, Балқаш көкбасы, Балқаш алабұғасы, т.б.), қалғандары басқа жақтан әкелінген (карп, аққайран, шип, көксерке, Арал қаязы). Ауланатын балық (жылына 9 – 10 мың т) – сазан, көксерке, Балқаш алабұғасы, маринка, аққайран. Көл суы жағалауындағы өнеркәсіп орындары (Балқаш кен-металлургия комбинаты, т.б.) мен елді мекендер қажетіне пайдаланылады. Жылы мезгілде Балқашта су көлігі қатынайды. Басты айлақтары: Балқаш, Бурылбайтал, Бөрлітөбе.[1] Балқаш – Қарағанды облысындағы қала, Мойынты – Ақтоғай темір жол бойындағы станса, Балқаш көліндегі пристань. Сарыарқаның оңтүстігінде, Балқаш көлінің солтүстігіндегі Бертіс шығанағының жағасында, Қарағандының оңтүстік-шығысында 487 км жерде орналасқан. Халқы 73,5 мың адам (2006). Қала 1932 жылы Балқаш көлінің солтүстігінде 20 км жердегі Қоңырат мыс кені мен Қарағанды көмірінің негізінде жұмыс істейтін ірі мыс қорыту зауытының құрылысына байланысты салына бастады. Байыту комбинаты, ірі жылу электр орталығы, жөндеу, механика мыс қорыту зауыты, т.б. өндіріс ошақтары дүниеге келді. Қысқа мерзім ішінде салынған оннан аса жұмысшы қалашықтарының бірігуінің нәтижесінде 1937 ж. Балқаш қаласы пайда болды. Балқаш еліміздегі түсті металлургияның ең маңызды орталықтарының бірі. Мұнда құрамында мыс және түсті прокат зауыттары, өндіріс газдарынан күкіртті натрий мен күкірт қышқылын алатын химия өнеркәсібі бар «Балқашмыс» акционерлік қоғамы жұмыс істейді. Оның өнімдері шет елдерге шығарылады. Жылдық өнім көлемі жүз мың тонна. Қалада тарихи-өлкетану мұражайы, екі спорт кешені, жүзу бассейні, Қазақ балық шаруашылық ғылыми-зерттеу институты, тау-кен-металлургия техникумы, педагогикалық, медициналық училищелері, Қарағанды политехникалық университетінің жалпы техникалық факультеті, музыка мектебі, жиырма шақты орта және сегіз жылдық мектеп, екі халық театры, бейнестудия, т.б. мәдениет, денсаулық сақтау мекемелері бар. Балқаш – ірі жол торабы. Әуе, темір және автожолдар қаланы Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Шымкент қалаларымен, Мәскеу және Орталық Азия республикаларымен байланыстырады. Балқаш көлі – Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан тұйық көл. Касспий, Арал теңіздерінен кейін аумағы бойынша үшінші орында. Көлдің батыс және шығыс бөліктерінің минералдарыны екі түрлі болып келеді, бөліктер жіңішке бұғазбен жалғасады. Батыс бөлігінің суы тұщы, ал шығыс бөлігі жағында ащы болады. Балқаш көлі – Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтиды. Бетпақдала жерімен шектеседі. Орта ғасыр карталарында Балқаш Орта Азияның Жетісу аумағына енген.

 Балқаш көлінің суының екі бөлікте әр түрлі болғаны ғарыштан айқын көрінеді. Шығыс жағындағы ащы көл түсі көк болса, батыс бөлігіндегі тұщы су түсі сұр болады.

 Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі. Көл Балқаш – Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі – 501 мың км2 , ұзындығы – 605 км, ені – 9-74 км аралығында. Ал ең терең жері – 26 м. Бұл көлдің 1970 жылдардағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері Балқашқа құяды. 

Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орналасқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады. 

Ұзақ жылдар тіршілігі тыныш болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістіктерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарқанд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа құймайды. Аталған антропагендік жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені бойына салынған Қапшағай сү қоймасы да әсер етеді. 1970 жылы Қапшағай суқоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған қосымша Іле өзенін қоректендіріп отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300 мың м3 су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты. 

Іле – Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынща пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25%-ға азайды. Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле – Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалыптасқан тепе-теңдік заңын бұзды. 

Іле – Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс – қоғаның жоғалуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді. Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда. Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, гербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалды. Іле – балқаш алқабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған. 

Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. “ Қызыл кітапқа” енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б құстар қазір өте сирек кездеседі. 

Іле – Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи – табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорық қорлар бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 млн астам халық тұрады. Ең ірі қалалары – Алматы, Талдықорған, Жаркент. 

Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері, Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын – мырыш комбинаттары осы аймақта тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы “Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы” атты халықаралық деңгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды. 

Балқаш көліне әр түрлі химиялық тыңайтқыштар қосылған күріш суын жібермеу мақсатында игі жұмыстар жүзеге асырылуда. Мысалы: соңғы уақытта күріш шектерінен бұрынғыдай су жырылып шығуына жол бермейтін болдық. Мұның өзі, біріншіден – суды ысырап етпеудің, екіншіден – Балқашқа барып құятын судың тазалығын сақтаудың бірден – бір тиімді жолы. Суды үнемді пайдаланудың тағы бір жолвн тауып отырмыз. Мысалы бір гектар жердегі қамыс 13 мың текше метр су жұтады екен. Сондықтан да өткен екі жылдан бері күріш шектерінің жиектерін қамыстан тазалау жұмыстары қолға алына бастады. Мұның да екі жақты пайдасы болып тұр. Біріншіден – су үнемдеуге қол жетті. Екіншіден – қамыс мал азығы ретінде пайдаланылды. Бұл да Балқаш көлін құтқаруға бағытталған үлкен үлес емес пе?! Балқаш көлі — Қазақстандағы ең ірі эко жүйелердің бірі. Көл Балқаш – Алакөл ойысында орналасқан. Келемі — 501 мың км2, ұзындығы — 605 км. ені — 9-74 км аралығында. Ал ең терең жері — 26 м. Бұл көлдің 1970 жылдардағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері Балқашқа құяды.

Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орна-ласқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.

Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарқанд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа құймайды.

Аталған антропогендік жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені бойына салынған Қапшағай суқоймасы да әсер етеді. 1970 жылы Қапшағай суқоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған косымша Іле өзенін қоректендіріп отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300 мың м3 су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы (БАК) салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты. 

Іле — Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25 %-ға азайды. Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле — Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалпытасқан тепе-теңдік заңын бұзды.

Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары. Іле — Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан төменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаншылық пен аңызақ желдер үдеді.

Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда.

Іле — Балқаш экожүйесіннің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, гербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда.

Іле — Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған.
Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көк-құтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі.

Іле — Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 млн. астам халық тұрады. Ең ірі қалалары — Алматы, Талдықорған, Жаркент.

Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері, Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақта тұрақты тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы «Балқаш көлін құтқару, оның бүгіні мен болашаға» атты халықаралық дейгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды. 

Оның негіздері: 

  1. Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу. 2. Қапшағай суқоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру. 3. Алқада және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту. 4. Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру. 5. Суармалы жерлердің көлемін шектеу. 

Балқаш көлін құтқару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес Еуразияны да бұрын-соңды болмаған экологиялық апаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау баласының парызы. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ

3.1 зерттеу жұмыстарының материалдары мен әдістемелері

3.1.1 Балхаш көлінің физико-географиялық сипатамасы

 

Балхаш көптеген басқа шөлді зоналы көлдер сияқты таулы  тізбектің  төменгі  жағына бейімделген. Оның бассейнінің көлемі 501000 км² құрайды, көлдің ылғалды вертикальді тау бөліктеріне бейімделген жерінде судың активті жиналуы Б.П. Панов  бойынша (1933) 176500 км², ал Д.Г.Сапожников (1951) бойынша 132985 км² құрайды. Көлдің суының жиналуының активті  бөлігі бассейннің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерінде орналасқан. Бассейннің солтүстігінде және солтүстік-батысында тегістіктер орналасқан. Балхаштың өзінің су жиналу  көлемі Б.П.Панов  бойынша көлдің  көлеміне тең, ал Д.Г.Сапожников бойынша жағалау жолағымен шектелген. Басқа көзқарастар бойынша тегістікте  судың жиналуын активті және пассивті бөліктерге бөледі. Жалпы активті судың жиналуы көл бассейнінің жалпы көлемінің 113 — құрайды. Балхаш бассейнінің мұндай ерекшелігі оның ландшафттық жағдайын және рельефтерінің орналасу ерекшеліктерін құрайтын барлық комплекстерден туындайды [14].

Балхаш бассейні Азия материгінің орталық бөлігінде орналасқан және оңтүстігінде Жоңғар-Алатауымен, шығысында және солтүстік-шығысында Шыңғыс және Тарбағатай тауларымен, солтүстігінде Арал-Ертіс су бөліктерімен, ал оңтүстігінде және оңтүстік-батысында Шу-Іле бөліктерімен шектелген Оңтүстік Қазақстанда орналасқан [14].

Балхаш оңтүстіктен ағатын тарамдарының суларымен қоректенеді. Оларға Қаратал, Ақсу, Лепсі, Іле және Аягөз өзендерінің тарамдары және маусымдық тарамдар-Еспе, Текреш, Мойынты, Бақанас, т.б. жатады. Батыстан Балхашқа –Жартынын, Қараш және Наузал өзендері құяды. Оңтүстік тарамдары  көл үшін маңызды, әсіресе Іле өзені. Іле өзенінің жиналған суы Жоңғар-Алатауы мен Тянь-Шань жоталарының арасында орналасқан. Бассейннің көлемі 1300913 км² кеңістікті алады, ал жалпы Балхаштың жиналған суының 26% құрайды. Іленің қайнар көзі Текес және  Күнгес өзендері болып табылады. Текес өзені өзінің басын Хан-Тәңірі, Тянь-Шань тауларының биік нүктелері орналасқан Теріскей-Алатау жоталарының ең биік жерінен  алады. Балхашқа Іле, Үш үлкен-Топар, Көк-өзек және Жиделі тармақтарымен құяды. Жиделі және Топар өздерінің суларын  Балхашқа  құяр алдында Балхаш жағалауын бойлай төмен орналасқан үлкен өзен жүйесіне  құяды. Іленің ұзындығы -1152 км.

Қаратал өзені Іледен кейінгі  екінші  өзен. Бұл  Балхашқа батыс жағынан құяды. Ол өзінің басын Жоңғар-Алатауының батыс баурайынан алады. Өзеннің ұзындығы 350 км.  Аягөз өзені ол өзінің басын 1000 м биіктіктегі Тарбағатай баурайынан алады. Оның тармақтарының ең маңыздысы Балхаш –Ертіс су бөліктеріне жататын Шыңғыс тау жоталарынан  ағатын Солтүстік өзені. Аягөздің қоректенуі аралас. Көктемде еріген қармен, жазда жауын-шашын көмегімен қоректенеді. Овнң ұзындығы 380 км. Ақсу  сағасы Лепсі сағасымен жақын орналасқан, деңгейлері жзоғарылаған кезеңде біртұтас құйылады. Ол өзінің басын 4000 м биіктікте Жоңғар-Алатауының мұзынан алатын биік таулы, мұзды өзен болып табылады. Ақсудың ұзындығы-228 км.

Тоқырау өзінің    басын 1150 м биіктіктен алады. Оның жалпы ұзындығы 274 км. Тоқырау өзені сыртынан Балхаш көлінен оқшауланған. Тұрақты жоғарғы ағысы болмағандықтан өзінің суын Балхашқа жерасты  суы  түрінде жеткізеді. Өзен көктемде еріген  қармен, ал қалған уақытта жерасты  суларымен қоректенеді.

Жерасты  сулары   Балхаштың қоректенуінде  ішкі ағынның маңызы зор. Судың жиналу активтілігінің жоғалуында Балхаш шұңқырының түбінде орналасқан шөл маңызды  роль атқарады, бірақ шұңқырдың ерекшелігіне байланысты бұл сулардың сулардың азаюы көлдің беткі ағысына әсер етеді. Көптеген факторлардан Балхаштың ішкі ағысының маңызы зор екенін  көруге  болады. Балхаштың жерасты  суларымен қоректенуінің  бір жолы ежелгі  Іле өзендерінің тарамдарымен байланысты. Қазіргі уақытта олар құрғақ ложбина болып табылады [14-15]. 

Балхаштың қоректенуінде өзен ағыстары-66,42, ал жерасты  қоректенуі-5,17% құрайды. Өзендердің ішінде өзінің қасиеті  бойынша өзен ағыстарының ¾ немесе 74-76% беретін Іле өзені болып табылады. Көлдің қоректенуінде шөлдің әсері  2 түрлі. Бір жағынан олар көлдегі беткі судың жиналуының активтілігін 65% қысқартады, ал екінші жағынан- төменгі  ағысындағы көлдің тармақтарының суының минерализациясын жоғарылатады.

Көлдің сулы массалары П.Ф. Домбрачеваның  есептеуі бойынша Балхаштағы судың мөлшері 111499338000 м³ құрайды. Осыған орай Балхаштың шығыс бөлігіндегі судың мөлшері 521147744000 м³ құрайды. Бұдан Балхаштың батыс бөлігінің көлемі, шығыс бөлігіне қарағанда 1,5 есе үлкен, ал судың мөлшері бойынша Балхаштың шығыс бөлігінде 1,1 есе көп, ол көлдің шығыс бөлігінің терең екендігімен түсіндіріледі. Су мөлшерінің көлемі — әрбір көлдің табиғи көрсеткіші болып табылады. Әрбір көлдегі судың химиялық құрамы, температурасы және т.б. қасиеттері оны қоректендіретін сумен ғана емес, судың алмасу интенсивтілігімен және су массаларының қоршаған ортамен, яғни атмосферамен, көлдің түбімен және жағалауымен байланысуына байланысты.  Бұл байланыстар тығыз болған сайын температураның, судың химиялық құрамының өзгеруі қоршаған ортаның өзгеруіне сәйкес келеді.  Бұл  байланыстың интенсивтілігі көлдегі судың массасының көлемі және кеңістігі арасындағы өлшегіштердің қатынасымен байланысты. Соңғысына а) судың орташа көлемі, көлдің беттік бірлігімен өлшенеді; б) судың орташа көлемі жағалау сызығының бірлігімен өлшенеді; в) көлдің сулы массаларының көлемі жыл бойы аққан ағыстағы судың көлеміне және көлдің беткі қабатына түсетін атмосфералық жауын-шашынның мөлшеріне қатынасы  жатады [14].

Көл деңгейінің маусымдық өзгеруі әрбір көлдің деңгейінің маусымдық өзгеруі жыл бойғы келіп түсетін және жұмсалатын оның сулы массасының балансымен тығыз байланысты. Балхаш деңгейінің маусымдық өзгеруі туралы айтатын болсақ, өздерінің суларын көлге алып келетін өзендердің орташа айлық  жұмсау өзгерістерін, судың беткі қабатының булану әсерін, сонымен қатар көлге түсетін жауын-шашынның әсерін және көктемдегі жағалаудан бастап ағыстың мөлшерін бақылау керек. Ішкі жерасты суының ағысы және көлдің ложесі арқылы судың инфильтрациялануы теңдей деп саналады. Сондықтан Балхаш  деңгейінің өзгеруінің жалпы амплитудасы мына формуламен анықталады.

 

       Sd+O+Sr            iS

h=—————— – ———                                                                       (1)

              S                   S

 

Мұндағы

h-судың деңгейі;

Sd-берілген уақыттағы суммарлы өзен ағысы;

O-сол уақыттағы көлге түскен жауын-шашын мөлшері;

Sr-жағалау жолағындағы көктемгі ағыс;

iS-көлдің бетіндегі судың булануы.

S-көлдің мөлшері.

 

Жылдық кесінді бойынша көлдің деңгейінің маусымдық өзгеруіне өзеннің ағысы және көлдің беткі қабатының булануы әсер етеді. Жаз айында су балансы бойынша Балхаш көлінің барлық тармақтарына қарағанда Іле және Қаратал өзендері маңызды роль атқарады. өйткені басқалары жазда құрғап кетеді немесе аз ғана ағыс береді, ол Балхаш деңгейінің өзгеруіне әсер  тепейді.  Екі  өзен де таудағы қарлардың көмегімен  қоректенеді.     Іле өзенінің ¾ бөлігі өзеннің ағысы болса, өзінің 3/2 бөлік суын вегетациялық кезеңде Балхашқа құяды. Іленің тасуы  мамыр айында басталып, қыркүйек айында аяқталады. Судың тасуы маусым, шілде және тамыз айларында  төмендейді. Сондықтан Балхаш деңгейіне Іле өзенінің су тысқындарының әсерін осы 3 айларда күту керек. Вегетациялық кезеңде өзен ағыстары Балхаш деңгейін 0,58 м көтереді, ал оның беткі қабатының булануы деңгейді 1,4 м төмендетеді. Жаз айларында 2 судың деңгейі 0,82 м тордың әсерінен төмендейді.  Балхаш деңгейінің жоғары болуы наурыз-маусым айлары. Деңгейінің төмендеуі-қараша-желтоқсан айлары.  Мұз қатқан күннен бастап судың булануы тоқтайды. Сондықтан өзеннің ағысының минимальдылығына қарамастан қыста деңгейі жоғарылайды.  Бірақ қыста су деңгейінің  көтерілуі 29 см-ден аспайды.  Көлдің деңгейінің өзгеру сипатына қарай жорамалдауға болады, яғни көктем және жаз айларында тауларда және өзендерден  жиналған алювиальді сулар көлге тек жаздың екінші жартысында жетеді, бұл мерзімнің соңында ашық сулардың деңгейінің бірден түсіп кетпеуіне кедергі жасайды және қыста көлдің негізгі қоректену көзі болып табылады. Алювиальді судың ағысы жаздың екінші жартысында Балхаш деңгейінің төмендеуіне теріс әсер ететін булануды бейтараптайды. Наурызда қардың еруіне байланысты Балхаштың суының деңгейі су тасқыны болған жылдары 12-15 см-ге көтеріледі. Маусым айында Балхаштың деңгейінің көтерілуі аяқталып, оның төмендеуі басталады. Сондықтан Балхаш деңгейінің маусымдық өзгеруі күрделі, әр түрлі элементтердің байланыстарымен байланысты [14].

Балхаш басқа көлдерге қарағанда қолайлы жағдайлармен ерекшеленеді. Яғни оған атмосфераның сулы массасының әсеріне, шұңқырдың өте терең болмауына және су айнасының көлемі үлкен болуына байланысты басқа терең көлдергідей. Мысалы, Байкал диспропорция болмайды. Жыл бойғы орташа жылу қоры тұрақты емес және ол 1337х10 –2483082х10  бол.кал. өзгереді. Көлдің суының жылу қоры аз ақпан айында, ал көбі шілде  айында, қаңтар, ақпан, наурыз айлары қысқы жылу қоры болып табылса, ал мамыр, шілде,  тамыз және қыркүйек жазғы, көктем  ең қысқа мерзім болып табылады. Судың жылуы наурыз айларында басталады. Жылудың берілуі шілде  айларында байқалады. Балхаштың сулы массасының максимальді сууы  қазан айы болса, ал минимальдысы – желтоқсан айы. Бұл кезде  мұз түзіледі. Судың және ауаның орташа айлық  температурасының күзгі өзгеріс кезеңі қыркүйек айында  байқалады. Қараша судың жылуын көп беретін ай болып табылады. Наурыз айында судың жылуы оңтүстік тармақтарының жылы суының әсерінен, ал тамыз айы су массасы мен  жылуды жоғалту, буланудың әсерінен деп түсінуге болады. Қараша айында жылудың көп берілуі беткі қабаттың +4°C дейін сууына  және олардың судың түбіне түсуіне байланысты. Жылу қорының желтоқсан айында аз  өзгеруі мұздың түзілуімен  байланысты. Судың жылуы сәуір айында басталады. Бірақ күшті желдердің әсері сәуірде суды суытуы мүмкін. Мамыр және маусым айларында Балхаштың суы одан ары қызады, термиялық режимі тұрақты болады. Маусым айынан бастап судың жылуы төмендейді, тамыз айының екінші жартысында көл суыйды [14]. 

 

 3.1.1 Зерттеу жұмыстары жүргізілген аймаққа физикалық географиялық сипаттама

Балқаш алабындағы өзендер. Балқаш көліне құятын өзендерінің алыбы 390 мың шаршы шақырым. Өзендерінің көбісі Жоңғар және Іле Алатауларынан басталады. Өзендердің ішіндегі ең үлкені — Іле. Бұдан басқа Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендері бар. Іле Текес тармағын қосып санағандағы ұзындығы 1384 шақырым. Су жиналатын алабы 153820 шаршы шақырым. Осы алапта ұзындығы 10 шақырымнан жоғары 853 өзен бар. Оның ішінде ұзындығы 100 шақырымнан 200 шақырымға дейін жететін 7 өзен, ал Шелек пен Шарын өзендерінің ұзындығы 250-350 шақырымға барады. Іле өзені — Балқаш алабындағы өзендердің ішіндегі ең маңыздысы, ол Балқаш алабындағы 70 пайызын суландырады. Іленің Қазақстан территориясындағы ұзындығы 740 шақырым. Іле Текес және Күнгес өзендерінен құралады.Текес өзені Теріскей Алатауының мұздағынан басталып, 150 шақырым аққаннан кейін Қытай Халық Республикасының терриориясынан басып, Күнгес өзенімен қосылған жерінен Іле өзені деп аталады. Ол зәулім-зәулім биік таулардың арасымен өтіп, жол-жөнекей көптеген өзендермен қосылады, соның ішіндегі суы ең молы — Қаш өзені.

 

 

 

Сурет 1.   Іле өзені

 

Қазақстан территориясында Іленің ені 100 метрден астам. Өзеннің оң жақ жағалауын Жоңғар Алатауы, сол жақ жағалауын Кетпен таулары қоршап тұр. Осы таулардың көптеген өзендері Ілеге құяды. Олардың біразы бау-бақша, егіс, шабындықты суландыруға пайдаланылады (сурет 5). Ілеге сол жағынан қосылатын өзендердің ең ірілері — Шарын мен Шелек.

 

 

 

Сурет 2.    Ағысы жай Іле өзенінің тармағы

 

Іле өзенінің жылдық орташа су шығыны секундына 460 текше метр, ал деңгейінің ең биік мөлшері тамыз айы — осы уақытта су шығыны секундына 914 текше метрге жетеді, ал ең аз мөлшері қаңтар айы — секундына 203 текше метр. Іле балыққа өте бай. Онда сазан, көкбас, алабұға, амур жалғантеңге балығы, жетісу гольяны, амур бұзаубас балықтары бар. Соңғы жылдары арал ұзын мұртты, арал шабағы, тұқыбалық және көксерке балықтары жіберілді.

 

3.1.2 Зерттеу материалдары

 

Зерттеу жұмыстарының материалдары Іле-Балхаш бссейіндегі кәсіптік балықтары болып табылды (сазан, көксерке, табан, жайын).

Зерттеу материалдары 2017 жылдың мауысым-шілде және қыркүйек-қараша айларында жиналған. Ихтиология материалдары жалпы әдістермен қолданып жиналды. 

 

3.1.3 Балықтардың биологиялық талдау

 

Балықтардың  биологиялық талдауына келесідей өлшемдер кіреді:

  1. Балықтың толық салмағы, г (Q)
  2. Балықтың ішкі құрылысынсыз салмағы, г (q)
  3. Балықтың толық ұзындығы (L-тұқыларды өлшеу сызбанұсқасында аb сызығы)- жалпы немесе абсалютті ұзындығы
  4. Құйрық қанатынсыз ұзындығы (l- сызбанұсқада аb сызығы)

Кейде балықтардың кеңейтілген биоанализі жүргізіледі, бұл жағдайда сонымен қатар, дененің ең биік жері, дененің ең аласа жері, басының ұзындығы, бас сызығы.

Биологиялық анализді сонымен қатар, систематикалық жүргізгенде қажетті мезеттердің біріне материалды жасына байланысты анықтау да болып табылады.

Балықтардың жетілу коэффициентің анықтау. Аталықтар мен аналықтардың гонадаларының жетілу коэффициентін анықтау үшін, (сонымен қатар порционды уылдырық шашатындары да) барлық жетілу кезеңдері, бес пен алтыншы кезеңдерден басқасы аптекалық немесе басқада нақты таразыда  өлшенеді. Гонадалардың барлық салмағы журналға жазылады. Материалдарды лабораториялық өңдегенде жетілу коэффициенті келесі формуламен өлшенеді: 

      К= qх100/ Q

Мұндағы К – ізделінетін жетілу коэффициенті

q – гонадалардың салмағы, г, Q – балықтың салмағы, г.

Жетілу коэффициентінің мәні туралы және балықтарда жыныс өнімдерінің жетілуі туралы Н.В.Никольский (1974), И.Ф.Правдин (1966) және т.б. қараңыз.

Өнімділікке арналған материалдарды жинау.

Өнімділік  түрлік белгі, оның өлшемі онтоенезде және қоршаған жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан өімділікті ихтиологиялық көрсеткіш ретінде қарастырады.

Бір уақытта уылдырық шашатын аналықтардың өнімілігін анықтау үшін материал жинағанда келесідей жұмыстар жасайды:

  1. Әр аналық биологиялық талдауга алынады
  2. Алтыншы жетілу сатысында екі гонада да аптекалық (немесе басқа нақты) таразыда өлшенеді. 1000 грамнан асатын жұмыртқа бездері 1 г дәлдікке дейін, 500-1000 г – 0,5г дәлдікке дейін, 500 грамнан азы  0,1г дәлдікке дейін өлшенеді.
  3. Гонаданың ортаңғы бөлігінен 0,5-1 г навеска алынады (егер уыдырық ірі болса, 10-20 грамға дейін алынады), дәлдігі 0,001 г, этикетка жазылады суқойманың атауы, бақылау күні, журнал бойынша особьтың номері, оның ұзындығы, сосын навесканы тикеткамен бірге дәкеге орап, фиксациялушы ерітіндіге орналастырады. Фиксциялаушы ерітіндіге формалинның 4% изотоникалық ерітіндісі алынады (100мл формальдегед, 900 мл су және 7грамм ас тұзы).

Егер ары қарай әрбір уылдырықтың диаметрін өлшеу керек болса, навесканы пеницилиннің немесе басқа үлкендеу флакондарға салып (бірақ уылдырық қысылмай бос жатуы керек) . лабораториялық жағдайда әр навесткаға уылдырықтың санын бүкіл гонадаға салмағымен бірге санау керек. Порционды уылдырық шашатын балықтардың пробасын жинау барлық уылдырық шашу кезеңіне созылуы керек, бұл әр порциядағы уылдырықтың санын нақты анықтауға мүмкіндік береді.

Балықтардың жасын анықтау барлық балықтар үшін маңызды. Ол үшін қабыршақ жамылғысы бар балықтардың желбезек қақпағын және омыртқаларын алады. Балықтың жасын желбезек қақпағы бойынша, омыртқасы, отолиті, арқа және кеуде қанаттарының қатты бірінші сәулелері бойынша анықтайды – осының барлығы қабыршақ кітапшсына салынып, этикеткіленеді.

Қабыршақ барлық балық түрлерінің денесінің ортасынан арқа қанаты мен алдыңғы бөлігінен алған жөн. Егер арқа қанаты бірнеше болса, онда қабыршақты біріншісінің астынан, басына жақын жерден алады. Қбыршақты бүйір сызығынан жоғары, бірақ одан алыс емес жерден алу керек. Егер балықтың үйір сызығы жоқ болса, онда қабыршақты бүйірінің ортасынан арқа қанатының асытынан алады.

Қабыршақты балықтардың өлшемдері мен салмағын алғаннан кейін ғана алады. Оны алдымен балықтың денесінен шырыш пен басқа балықтардың жабысып қалғанқабыршақтарын алып тастау керек. Әр блықтан 10-20 қабыршақтан алу керек, одан кейін зерттегенде ең жақсы 5-8 қабыршағын алады.

Қабыршақты «қабыршақ кітапшасына» салады («қабыршақ кітапшасы» деп 12 беттік дәптердің жартысынан жасайды, жиегіне жақын жерде бетті бүгеді). «Қабыршақ кітпшасына» мәлімет қарындашпен жазылады: қабыршақ алынған балықтың түрі, №, Q, q, l, жынысы, гонадаларының жетілу кезеңі, күні жазылған.

Омыртқаларын, әдетте ең ірілерінен басына жақын жерден алады. Ол үшін қайшымен немесе пышақпен қабырғаларын бөліп омыртқаларын шығарады. Басқа ұлпалар мен сүйектерден тазартып, егер балық ірі болса, пакетиктерге салып ары қарай Бинокуляр арқылы жасы анықталады.

Балықтардың жынысының жетілу сатысын анықтау. Балықтарда жыныс өнімдерінің жетілуі 6 сатыға бөлінеді. Жетілу сатысын анықтау балықшылар үшін маңызды, себебі сол арқылы алдағы өндірістік процесстерді жоспарлайды.

 

Жыныс өнімдерінің жетілу сатылары

Жетілу сатылары

Жетілу сатыларына мінездеме

1

Жұмыртқалар мен тұқымдар жұқа сияқты көрінеді және балықтың жынысын тек гистологиялық әдіспен анықтау

2

Жұмыртқаларда қан тамырлары пайда болады.

3

Жұмыртқаларда түйіршік құрылымы байқала бастайды, бірақ уылдырықтар үйірімен болып көрінеді.

4

Уылдырықтар жекелеп ажырайды

5

Құрсақ бөлігін қысқанда, жыныс өнімдері шығады

6

Ұрық шашып болғаннан кейін   гонадалар бос және шашылған уылдырық күйінде болады.

 

Балық қоңдылығын анықтау. Балық қондылық дәрежесін анықтау үшін Фультон коэффициенті кеңінен қолданылады, ол мына формуламен есептелінеді:

                                  У= Q: 100/ l3

Мұндағы, У – қондылық коэффициенті

                   Q  – балық салмағы, г

                  l – балықтың тұмсығынан бастап, қабыршақты жабынына дейін, см

Балық қоңдылығын анықтау үшін балықтың жалпы салмағы барлық ішкі құрылысымен бірге. Бұл әдісте балықтың жеген қорегі мен жыныстық жетілген өнімдері бұл формуланың мәнін бұзады.

Балық қоңдылығын анықтау үшін кеудесінің ұзындығын есепке алу керек, өйткені балықтың осы қоңдылықтың негізгі көрсеткіші.

Біршама нақты қоңдылық коэффициент көрсеткіші Кларк бойынша есептелінеді. Бұнда былықтың салмағын ішкі құрылысынсыз анықтайды. В.Г.Никольский осы екі әдістіде қолдануды ұсынады. Бірақ бұл әдістер балық қоңдылығын салыстырмалы түрде ғана есептеуге мүмкіндік береді.

Балық шаруашылық практикасында, әсіресе тұқымдылықтарының қоңдылығын, балықтың ұзындығы мен ең үлкен биіктігінің қатынасын алып есептейді. Егер қатынасы үлкен болса, соғұрлым балық қоңды. Бұл әдісте тиімсіз. Мысалы, дене ұзындығы жоғары балық қоңдылығы төмен болуы мүмкін.

Қоңдылықты есептеудің тағы бір әдісі, В.В.Покровский әдісі балықтың уылдырық шашу мерзімін анықтап, егер уылдырық шашу мерзімі жақындаса, балық қоңдылығы жоғары деп есептейді.

В.А. Амосовтың әдісі балықтың арқасының көлденең контурына жүгінеді. Оның айтуынша балықтың барлық еті кеудесі мен құрсағына емес, арқасына жиналады, сол арқылы балықтың қоңдылығын есептейді.

Ал негізгі әдіс ол балықтың қабыршақты жабынының соңына дейінгі ұзындығы, бас ұзындығы, денесінің ең үлкен биіктігі, арқасының ең үлкен биіктігі және т.б. бұл өлшем арнайы прибормен анықталады.

 

  • ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Іле-Балхаш бассейндегі негізгі кәсіптік балықтарға: көксерке,  сазан, торта, тыран және т.б. жатады. Зерттеу жұмыстары жоғарыда айтылған балық түрлеріне жасалды.

 

  • Көксерке балығына жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижелері

 

  Биологиялық анализ көксерке балығына негізгі көрсеткіштері бойынша жасалынды және нәтижелері 1 кестеде келтірілген.

 

1 кесте. Көксерке балығының биологиялық талдауының негізгі  көрсеткіштері

Q, г

q, г

L, см

l, см

Жынысы

Жыныс өнімдерінің жетілу сатысы

Фультон бойынша қоңдылығы

Жасы, жылдар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

270

210

23

18

ювинал

4,63

2+

2

330

250

29

23

ювинал

2,71

2+

3

350

280

32

25

ювинал

2,24

2+

4

780

690

38

31

VI

2,62

3+

5

1100

920

45

38

VI

2,005

4+

max

1100

920

45

38

 

 

4,63

4+

min

270

210

23

18

 

 

2,005

2+

орташа

566

470

34

27

 

 

2,84

3+

 

Биологиялық негізгі көрсеткіштерді есептегенде балықтардың жалпы салмағы (Q), ішкі құрылысынсыз салмағы (q), жалпы ұзындығы (L) мен құйрық қанатынсыз ұзындығы (l) және Фультон бойынша қоңдылықтары есепке алынды.

Көксерке балықтарының биологиялық көрсеткіштерінде Фультон бойынша қоңдылығы №1-ші балықтарда 4,63 болса, керісінше №5-ші балықтарда 2,005-ке дейін төмендеген. Максимум және минимум көрсеткіштерді есептегенде көксерке балығының 2+ және 4+ жас аралығындағы орташа қоңдылығы 2,84- ке тең болды.

 

 

Сурет 3.    Балхаш көліндегі көксерке балығы

 

 Есепке алынган 5 дана балықтың 3 данасында жынысы жетілмеген. Қалган 2 балықтың 1-шісі аталық және жынысы өнімдері VI жетілу сатысында, ал 2-шісі аналық және жыныс өнімдері VI жетілу сатысында.

 

 

Сурет 4.  Көксерке балығының жынысын анықтауда

 

  • Сазан балығына жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижелері

 

Сазан балығына әдістемелікке сәйкес биологиялық талдау жүргізілді.

Биологиялық анализ сазан балығына негізгі көрсеткіштері бойынша жасалынды және нәтижелері 4 кестеде келтірілген.

Сазан балығының биологиялық негізгі көрсеткіштерін есептегенде Фультон бойынша қоңдылығы 2+ жастағы балықта 8,54, 3+ жастағы балықтарда 5,76-6,25, ал 4+ жастағыларында 2,17-4,56 көрсеткішке ие болды. Есепке 420 граммнан 1100 граммға дейінгі аралықтағы салмақпен 5 дана балық алынды. 5 балықтың жалпы ұзындығы 22 см-ден басталып, 48 см-ге дейін өсті. Сонымен қатар әр балықтың максимум, минимум және орташа көрсеткіштері де есептелінді.

 

2 кесте. Сазан балығының биологиялық талдауының негізгі көрсеткіштері

Q, г

q, г

L, см

l, см

Жынысы

Жыныс өнімдерінің жетілу сатысы

Фультон бойынша қоңдылығы

Жасы, жылдар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

420

310

22

17

ювинал

8,54

2+

2

500

460

27

20

III

6,25

3+

3

740

320

25

25

IV

5,76

3+

4

1000

870

35

28

VI

4,56

4+

5

1100

950

48

37

VI

2,17

4+

max

1100

950

48

37

 

 

8,54

4+

min

420

310

22

17

 

 

2,17

2+

орташа

784

666

328

25,4

 

 

5,456

3+

 

Есепке алынган 5 дана балықтың 1 данасында жынысы жетілмеген. Ал 4 балықтың 1-шісі аналық және жынысы өнімдері ІІI жетілу сатысында, 2-шісі аналық және жыныс өнімдері ІV жетілу сатысында, Қалган 2 балық аталық және жыныс өнімдері VI жетілу сатысында.

 

 

Сурет 5.    Сазан балығының жыныс өнімдері

 

  • Тыран балығына жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижелері

 

Тыран балығына әдістемелікке сәйкес биологиялық талдау жүргізілді.

Биологиялық анализ тыран балығына негізгі көрсеткіштері бойынша жасалынды және нәтижелері 6 кестеде келтірілген.

Тыран балығының биологиялық негізгі көрсеткіштерін есептеу барысында кестеде көрсетілгендей Фультон бойынша қоңдылығы максимум 8,89, минимум 4,37, орташа қоңдылық 6,958 болды. Есепке алынған 5 балықтың салмақтары 1+ жас – 120 грамм, 2+ жас- 160 грамм, 3+ жас-300-390 грамм, 4+ жас-435 грамм. Жалпы ұзындықтары 15 см-ден 27,5 см-ге дейін, орташа салмақ 281 грамм, орташа ұзындықтары 21,1, ал орташа жас көрсеткіші 2,5 жас.

 

 

3 кесте -Тыран балығының биологиялық талдауының негізгі көрсеткіштері

 

Q, г

q, г

L, см

l, см

Жынысы

Жыныс өнімдерінің жетілу сатысы

Фультон бойынша қоңдылығы

Жасы, жылдар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

120

80

15

11,5

ювинал

7,89

1+

2

160

120

17,5

12,4

ювинал

8,39

2+

3

300

250

20,5

15

VI

8,89

3+

4

390

320

25

19,5

VI

5,25

3+

5

435

350

27,5

21,5

V

4,37

4+

max

435

350

27,5

21,5

 

 

8,89

4+

min

120

80

15

11,5

 

 

4,37

1+

Орта-ша

281

244

21,1

15,98

 

 

6,958

2,5+

 

Есепке алынган 5 дана балықтың 2 данасында жынысы жетілмеген. Қалган 3 балықтың 2 балық аналық және жынысы өнімдері

VI жетілу сатысында, 1 балық аталық және жыныс өнімдері V жетілу сатысында.

 

 

                      Сурет 6.   Тыран балығын өлшеу

3.2.4 Жайын балығына жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижелері

 

       Биологиялық анализ жайын балығына негізгі көрсеткіштері бойынша жасалынды және нәтижелері 4 кестеде келтірілген.

 

Сурет 7.    Жайын балығының бас ұзындығын өлшеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 кесте .Жайын балығының биологиялық талдауының негізгі көрсеткіштері

Q, г

q, г

L, см

l, см

Жынысы

Жыныс өнімдерінің жетілу сатысы

Фультон бойынша қоңдылы-ғы

Жасы, жылдар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

210

170

18,5

15

ювинал

6,22

2+

2

420

380

27,8

23

III

3,45

2+

3

800

730

37,6

32

IV

2,44

3+

4

1200

950

48,5

42,5

V

1,56

4+

5

2000

1700

66

59

VI

6,22

5+

max

2000

1700

66

59

 

 

6,22

5+

min

210

170

18,5

15

 

 

0,97

2+

Орта-ша

926

786

39,68

34,3

 

 

2,928

3+

 

Балықтардың жас көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, 1+ жастан 5+ жасқа дейінгі балықтардан 1 данадан таңдалып алынды.

Жайын балықтарынан биологиялық көрсеткіштерін есептеуге 2+ және 5+ жас аралығындағы балықтар алынды. Фультон бойынша қоңдылығы балық жасы өскен сайын қоңдылық көрсеткіші төмендей береді. 1+ жастағы салмағы 210 грамм, ұзындығы 18,5 см жайын балығының қоңдылығы  6,22 –ге тең болса, керісінше салмағы 2000 грамм, ұзындығы 66 см 5+ жастағы балықтың қоңдылығы 0,97 көрсеткішзке ие болды. Осылайша 1+ мен 5+ жас аралығында 5 дана балықтың Фультон бойынша орташа қоңдылығы 2,928 болды.

 Есепке алынган 5 дана балықтың 1 данасында жынысы жетілмеген. Қалган 4 балықтың 1-шісі балық аналық және жынысы өнімдері III жетілу сатысында, 2-шісі балық аталық және жынысы өнімдері IV жетілу сатысында, 3-шіci балық аналық және жынысы өнімдері V жетілу сатысында, 4-ші балық аналық және жынысы өнімдері VI жетілу сатысында.

 

  • кесте. Кәсіптік маңызы бар балықтардың жыныстық қарымқатынасы

 

Балық түрлері

Аналығы

Аталығы

Балауса

Барлығы

Көксерке

1

1

3

5

Сазан

2

2

1

5

Тыран

2

1

2

5

Жайын

3

1

1

5

 

Есепке алынган 20 дана балықтың 7 данасында жынысы жетілмеген. Қалган 13 балықтың 8 балығы аналық: оның ішінде 2 балық III жетілу сатысында, 1 балық IV жетілу сатысында, 1 балық V жетілу сатысында, 3 балық жынысы өнімдері VI жетілу сатысында;  5 балық аталық: оның ішінде 1 балық IV жетілу сатысында, 1 балық V жетілу, 2 балық VI жетілу сатысында. 

 

3.2.5 Кәсіптік балықтардың биологиялық алуан түрлілігін сақтау үшін жүргізілетін шаралар

 

Балхаш көлінде биологиялық алуан түрлілігін сақтау үшін келесі шаралар жүргізіледі:

— Балхаш көлінде барлық учаткілерді ұтымды  пайдалану;

— өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығының ластанған суларынан кешенді шараларды жүргізу;

— жыл сайын наурыз айының 15-ші жұлдызынан бастап маусым айының 30-ына дейін балықтардың  уылдырық шашуына байланысты балық аулауга тыйым салыну  мерзімі жүргізіледі, бұл шарада барлық балықшылар алдын-ала ескертіріледі;

— судың бетіне арнайы суға батпайтын жалауалар әр 100 метр сайын қойылады, суқоймаға кірер жолда әуесқой балықшыларға арналған ескерту белгілері  қойылады және күзет қызметкерлері мен арнайы қайықтар іске қосылады;

— балық қорын сақтау үшін қосымша шараларды ұйымдастыру.  

 

6 кесте.Балхаш көлінде кәсіптік балықтардың салмақтық құрамы, г

Жасы

Көсерке

Сазан

Тыран

Жайын

2+

330

420

160

26

3+

780

620

340

75

4+

1100

1000

435

168

5+

 

 

 

227

 

          Кестеде негізгі кәсіптік балықтардың жасына байланысты орташа салмақтары келтірілген. Ең жоғары салмақтары дөңмандай балығында  1200г — 5+ жасында және жайын балығында 2000г — 5+ жасында.  

 

Сурет 8. Балхаш көлінде кәсіптік балықтардың салмағы бойынша динамикасы 

 

7  кесте.Балхаш көлінде кәсіптік балықтардың өлшемдік құрамы, см

 

Жасы

Көсерке

Сазан

Тыран

Жайын

2+

23

22

17,5

6

3+

38

26

23

8,5

4+

45

47

27,5

10

5+

 

 

 

14

 

Кестеде негізгі кәсіптік балықтардың жасына байланысты орташа ұзындықтары келтірілген. Ең жоғары ұзындықтары дөңмандай балығында  50,5г — 5+ жасында және жайын балығында 66см — 5+ жасында. 

 

Сурет 9.  Балхаш көлінде кәсіптік балықтардың өлшемдігі  бойынша динамикасы

 

 

Сурет 10.    Балхаш көлінде кәсіптік балықтардың ауланған мөлшерінің пайыздығы

          Диаграммада Балхаш көлінде 2017 жылы кәсіптік балықтардың ауланған пайыздық мөлшері келтірілген. Ең жоғарғы көрсеткіш көксерке мен сазан балықтарына тиесілі.

 

3.2.6 Теңбіл талма балығының биологиялық көрсеткіштері

Балқаш су алабының кіші су қоймаларындағы теңбіл алма балығының биологиялық көрсеткіштері кесте 9 берілген.

 

Кесте 8 – Балқаш су алабының кіші су қоймаларындағы теңбіл талма балығының биологиялық көрсеткіштері

 

 

Әдебиеттегі мәліметтермен салыстырғанда [88] барлық зерттелген Балқаш су алабының барлық кіші су қоймаларында теңбіл талма балығының Фультон бойынша қоңдылығыжоғары. Бұл қорекпен жеткілікті түрде қамтамасыз етілгендігін дәлелдейді. Кларк бойынша әдебиеттерде ешқандай мәліметтер жоқ.

3.2.7    Популяцияның жастық құрамы

 

Популяцияның жастық құрамы олардың жағдайларының маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Кесте 9 теңбіл балығы сұрыптауларының жастық құрамы туралы мәліметтер көрсетілген.

Кесте 9– Теңбіл талма балығының сұрыптауларының жастық құрамы (%)

 

 

Зерттелген теңбіл талма балығы сұрыптамаларының ерекшелігі 1 жылдық даралардың болмауы болып табылады. Бұл, осы түрдің майда даралары өзеннің ашық үлкен аймақтарында тіршілік етуден қашып, ересек даралары қашатын майда су сағалары мен кішкене бөгеулерді қалайтынына байланысты. Теңбіл талма балығының максимальді өмір сүру ұзақтығы 7 жыл.

 

3.2.7 Қолайсыз жағдай индексі және морфопаталогия

 

Жүргізген зерттеудің нәтижесі бойынша, Ю.С.Решетников және т.б. ұсынған балдық бағалау жүйесі мен су қоймалардың жалпы маңызы бойынша бөлінуі, Балқаш су алабының кіші су қоймаларында балықтар тобының жайын экспертті бағалау үшін қолайсыз жағдай индексі теңбіл талма балығы үшін барлық зерттеу жүргізген су қоймаларда салыстырмалы экологиялық қолайлы аймаққа сай келетінін анықтады (кесте 10).

Теңбіл талма балығының қолайсыз жағдай индексінің жоғары мәні Кіші Алматы өзенінде қараша айының басында, Үлкен Алматы өзенінде маусым айының басында және Самсы өзенінде маусым айында байқалды.

Шарын өзенінде 30 мамырда, Кіші Алматы өзенінде 25 қарашада, Үлкен Алматы өзенінде 18 шілдеде флуктуируялық асимметрия жоғары болды – бұл балықтардың дамуы үшін ортаның өзгергенін көрсетеді. Флуктуируялық асимметрия көрсеткіштерінің жоғары болуы, сыртқы ортаның өзгерістеріне негізделген, жеке дамудың гомеостазының бұзылуын көрсетеді. 

 

Кесте 10 – Балқаш су алабының кіші су қоймаларынан ауланған теңбіл талмабалығының ішкі мүшелерінің патологиясы мен интегралды көрсеткіштері (%)

 

 

Организмнің детоксикалық жүйесінде – бауыры мен бүйрегінде патологияның табылуы – Балқаш су алабының кіші су қоймаларының суларында улау факторларының бар екенін көрсетеді.

 

3.2.8 Балқаш су алабындағы теңбіл талма балығының морфологиялық өзгергіштігі

 

Кіші Алматы өзеніндегі (16 маусым 2017ж.) * Кіші Алматы өзені (2 шілде 2017ж.) теңбіл талма балығын биотоптық (көлдік-өзендік) салыстыру нәтижесінде (кесте 34) CD критериі бойынша жоғарғы және төменгі жағының ұзындығы, кеуде бөліміндегі омыртқаларының саны, Фультон және Кларк бойынша қоңдылығынан үлкен өзгергіштіктер табылды. Дивергенция критериі бойынша келесі белгілгілер өзгергіштікке ұшыраған: балықтың толық ұзындығы, балықтың құйрық қанатынсыз ұзындығы, кеуде қанаттарының сәулелерінің саны, құрсақ қанатының негізіне дейінгі аралық, кеуде мен құрсақ қанаттарының ара қашықтығы, денесінің ең биік бөлімі, құйрық қанатының жоғарғы, төменгі қалақшасының ұзындығы.

2 шілде және 20 шілдедегі Кіші Алматы өзеніндегі теңбіл талма балығының сұрыптамаларын салыстыру нәтижесінде (кесте 11) CD критериі бойынша арқа қанатының тарамдалған сәулелері, Кларк бойынша қоңдылығы, жоғарғы және төменші жағының ұзындығы өзгеріске ұшыраған. Дивергенция критериі бойынша келесі белгілгілер өзгергіштікке ұшыраған: балықтың толық ұзындығы, денесінің ең биік бөлімі, құйрық қанатының жоғарғы, төменгі қалақшасының ұзындығы.

 

Кесте 11 – Антропогенді жүктемелерді бастан кешкен өзендердегі теңбіл талма балығын морфологиялық салыстыру

 

 

Теңбіл талма балығын Кіші Алматы өзені, жаз айы * Үлкен Алматы өзені, жаз айы салыстыру нәтижесінде (кесте 35) дивергенция критериі бойынша келесі белгілгілер өзгергіштікке ұшыраған: балықтың толық ұзындығы, балықтың құйрық сабақшаының ұзындығы, көзінің диаметрі, жоғарғы және төменгі жағының ұзындығы, антедорсальды, постдорсальды арақашықтық, аналь, құрсақ, кеуде қанаттарының негізіне дейінгі ара қашықтық, басының ұзындығы, құйрық қалақшасының ұзындығы.

Теңбіл талма балығын Үлкен Алматы өзені, 18 шілде мен 12 маусым салыстыру нәтижесінде (кесте 12) Tst критериі бойынша: балықтың толық ұзындығы, балықтың құйрық қанатынсыз ұзындығы белгілері бойынша үлкен өзгергіштіктер анықталды. CD критериі бойынша: Фультон мен Кларк бойынша қоңдылығы, антедорсальды ара қашықтық, көзінің диаметрі, жоғарғы және төменгі жағының ұзындығы, басының биіктігі өзгерген. Дивергенция критериі бойынша келесі белгілгілер өзгеріске ұшыраған: балықтың толық ұзындығы, балықтың құйрық сабақшасынсыз ұзындығы, кеуде бөліміндегі омыртқаларының саны, дене салмағы, ішкі мүшелерінсіз дене салмағы, антедорсальды, постдорсальды ара қашықтық, аналь, құрсақ, кеуде қанаттарының негізіне дейінгі ара қашықтық, құйрық сабақшасының ұзындығы, басының ұзындығы, тұмсығының ұзындығы, көзінің диаметрі, басының биіктігі, денесінің ең биік бөлімі, денесінің ең жуан бөлімі, денесінің ең жіңішке бөлімі, аналь қанатының биіктігі, кеуде қанатының ұзындығы, құрсақ қанатының ұзындығы.

 

Кесте 12 – Антропогенді жүктемелерді бастан кешкен өзендер арасындағы теңбіл талма балығын морфологиялық салыстыру

 

 

Теңбіл талма балығын Үлкен Алматы өзені, жаз айы * Үлкен Алматы өзені, күз айын салыстыру нәтижесінде (кесте 36) Tst критериі бойынша төменгі жағының ұзындығы, CD критериі бойынша кеуде қанатының негізі өзгергіске ұшыраған. Дивергенция критериі бойынша келесі белгілгілер өзгеріске ұшыраған: балықтың толық ұзындығы, балықтың құйрық сабақшасынсыз ұзындығы, постдорсальды ара қашықтық, аналь, құрсақ қанаттарының негізіне дейінгі ара қашықтық, құйрық сабақшасының ұзындығы, басының ұзындығы, аналь қанатының биіктігі, кеуде қанатының ұзындығы.

Теңбіл талма балығын антропогенді жүктемелерді бастан кешкен Үлкен Алматы өзені, күз айы мен Кіші Алматы өзені жаз айымен салыстыру нәтижесінде (кесте 13) CD критериі бойынша Фультон мен Кларк бойынша қоңдылығы, аналь қанатының ұзындығы, дивергенция критериі бойынша: балықтың толық ұзындығы, балықтың құйрық сабақшасынсыз ұзындығы, антедорсальды, постдорсальды ара қашықтық, аналь, құрсақ қанаттарының негізіне дейінгі ара қашықтық, кеуде мен құрсақ қанаттарының аралығы, құйрық сабақшасының ұзындығы, денесінің ең биік бөлімі, аналь қанатының биіктігі, кеуде қанатының ұзындығы өзгеріске ұшыраған.

 

Кесте 13 — Антропогенді жүктемелерді бастан кешкен өзендер арасындағы теңбіл талма балығын морфологиялық салыстыру

 

 

Теңбіл талма балығының сұрыптамаларын Самсы өзені жаз айы * Үлкен Алматы өзені күз айымен салыстыру нәтижесінде (кесте 14) CD критериі бойынша Фультон және Кларк бойынша қоңдылығы, тұмсығының ұзындығы, басының биіктігі, маңдайының жалпақтығынан өзгерістер байқалды. Дивергенция критериі бойынша келесі белгілер өзгеріске ұшыраған: балықтың толық ұзындығы, балықтың құйрық сабақшасынсыз ұзындығы, антедорсальды, постдорсальды ара қашықтық, аналь, құрсақ, кеуде қанаттарының негізіне дейінгі ара қашықтық, кеуде мен құрсақ қанаттарының аралығы, құйрық сабақшасының ұзындығы, басының ұзындығы, басының биіктігі, денесінің ең биік бөлімі, денесінің ең төменгі бөлімі, аналь қанатының биіктігі, кеуде қанатының ұзындығы, құйрық қанатының жоғарғы және төменгі қалақшасы.

Теңбіл талма балығының сұрыптамаларын Самсы өзені жаз айы * Кіші Алматы өзені жаз айымен салыстыру нәтижесінде (кесте 37) CD критериі бойынша Кларк бойынша қоңдылығынан, құйрық қанатының жоғарғы қалақшасынан өзгерістер байқалды. Дивергенция критериі бойынша келесі белгілер өзгеріске ұшыраған: антедорсальды, постдорсальды ара қашықтық, құрсақ қанатының негізіне дейінгі ара қашықтық, құйрық қанатының жоғарғы және төменгі қалақшасы.

 

Кесте 14 – Самсы өзенінен ауланған теңбіл талма балығын морфологиялық салыстыру

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Зерттеу жұмыстарды қортындылай келгенде Іле-Балхаш бассейінде кәсіптік балықтардың алуан түрлілігінің жалпы саны 12  түрі анықталды. Балхаш көлі, Іле өзені Алматы облысында орналасқандықтан  Іле-Балхаш бассейіне жатады. Балхаш көлінің жалпы ауданы    501000 км²  және судың сыйымдылығы 521147744000 м³.   

Зерттеу жұмыстардың барысында әр кәсіптік балықтарына морфологиялық және биологиялық талдаулар жүргізілді және келесі нәтижелер анықталды:

— көксерке балығының орташа кәсіптік ұзындығы (l) 27см және толық салмағы 566г болды. Ауланған балықтардың ішінде 3 балығы жетілмеген және қалған екі балық VI жетілу сатысында болып анықталды, себебі олар ерте өріске шығады;

— сазан балығының орташа кәсіптік ұзындығы (l) 25,4см және толық салмағы 784г болды. Ауланған балықтардың ішінде 1 балығы жетілмеген және қалған 4 балық III, IV және VI жетілу сатысында болып анықталды;

— тыран балығының орташа кәсіптік ұзындығы (l) 15,9см және толық салмағы 281г болды. Ауланған балықтардың ішінде 2 балығы жетілмеген және қалған 3 балық V және VI жетілу сатысында болып анықталды;

— жайын балығының орташа кәсіптік ұзындығы (l) 34,3cм және толық салмағы 926г болды. Ауланған балықтардың ішінде 1 балығы жетілмеген және қалған 4 балық III, IV, V және VI жетілу сатысында болып анықталды.

Іле-Балхаш бассейінде биологиялық алуан түрлілігін сақтау үшін Балхаш көлінің барлық участкілерін ұтымды  пайдаланылады, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығының ластанған суларынан кешенді шаралар жүргізіледі, жыл сайын наурыз айының 15-ші жұлдызынан бастап маусым айының 30-ына дейін балықтардың  уылдырық шашуына байланысты балық аулауга тыйым салыну  мерзімі жүргізіледі, бұл шарада барлық балықшылар алдын-ала ескертіріледі,  судың бетіне арнайы суға батпайтын жалауалар әр 100 метр сайын қойылады, суқоймаға кірер жолда әуесқой балықшыларға арналған ескерту белгілері  қойылады және күзет қызметкерлері мен арнайы қайықтар іске қосылады, балық қорын сақтау үшін қосымша шараларды ұйымдастырылады.

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

 

1 Балхаш көлінде көксерке, сазан, тыран, жайын балықтары қазіргі таңда азайып бара жатқаннан кейін олардын қорын көбейту шараларды жүргізу қажет.

2 Уылдырық шашу кезінде аулауға тыйым салу.  

3 Аулаған кезде жас балықтарды қайтадан суқоймаға жіберу.

 

 

  ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

       1.К.Күленов.Қазақстанның балық байлығы.Алматы:Қазақстан,1967-212бет.

       2.Қаженбаев Сырым. Өнеркәсіптік  негізде балық өсіру:мүмкіндік пен тиімділік.Алматы:Қайнар,1986-88бет.

       3.Телеуғалиев Т.М. Балық өсіру.Алматы:Қайнар,1990-248бет.

       4.К.К.Күленов,С.К.Күленова. Балық шаруашылығының орысша-қазақша қысқаша сөздігі.Алматы:Қайнар,1971-160бет.

       5.Р.С.Сәрсенбаев. Тоған шаруашылығы.Алматы:Қайнар,1984-108бет.

       6.Ә.А.Бәйімбет,С.Р.Темірхан Қазақстанның балықтәрізділері мен балықтарының қазақша-орысша анықтауышы. Алматы:Қазақ Университеті,1999-347бет.

       7.К.К.Күленов,С.К.Күленова Балық шаруашылығының орысша-қазақша түсіндірме с сөздігі, Алматы Қайнар, 1980ж-256 бет.

  1. Қайымов К. Балықтар әлемінде, Алматы: Қайнар, 1973ж – 192 бет.
  2. Рыбы Қазахстана: І-V том – Алматы: Наука, 1986ж-192бет.
  3. Қазақ Совет Энциклопедиясы – Алматы, 1972-1978жж
  4. Промысловые рыбы СССР – М.: Пищепромиздат, 1949ж-230бет
  5. Никольский Г.В. Частная ихтиология, М.: Высшая школа, 1971-472с.
  6. Линдберг Г.У. Определитель и характеристика семейств рыб мировой фауны – Л.: Наука, 1971-472с.
  7. Скорняков В.И., Аполиова Т.А., Мухордова Л.Л. Практикум по ихтиологии – М.: Агропромиздат, 1986-269с.
  8. Берг Л.С. Рыбы пресных вод СССР и сопредельных стран – М.: Изд. АН СССР, 1932-1933; 1948-1949.
  9. Карпевич А.Ф. Избранные труды: В 2-х т, Т. 2 Акклиматизаци гидробионтов и научные основы аквакультуры. М.: ВНИРО, 1998. 870б.
  10. Акклиматизация рыб и беспозвоночных в водоемах СССР. М. Наука, 1968. 272 б
  11. Дукравец Г.М., Митрофанов В.П. История акклиматизации рыб в Казахстане В кн. Рыбы Казахстана, т. 5, Алма-Ата, Гылым, 1992, 6-44б.
  12. Каженбаев С. Рыбное хозяйства Казахстана и проблемы повышения его эффективности, Алма-Ата, Гылым. 1987, 176 б.
  13. Вовк П.С. Биология дальневосточных растительноядных рыб и их хозяйственное использование в водемах Украйны.-Киев: Науковка думка, 1976. -245 б.
  14. Кормилин В.В. Растительноядные рыбы- важнейший резерв рыбоводства на внутренних водоемах Казахстана Алма-Ата, 1988, 1-5 б
  15. Рыбное богатство Казахстана (справочник рыбовода) – Алма-Ата, Казгосиздат, 1963.-264 б.
  16. Иванов А.И. Рыбоводство в естественных водоемах, М,. 1991.
  17. 24. Таиров Т.М. Рыбоводство и рыболовство, Алма-Ата.: Кайнар, 1989, 68 -238 б.
  18. Привезенцев Ю.А., Власов В.А. Рыбоводства, М.: 2004, 456 б. Редактор Г.А. Зайцев. Заводской способ получения личинок растительноядных рыб (Рекомендации) М.: Агропромздат, 1988. 33-б.
  19. Науменко и др. Справочник инспектора рыбоохраны, Киев, 1979.