АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Шәкәрім Құдайбердіұлының философиясындағы адамтану бағыттары

                                                       Мазмұны

 

Кіріспе

 

1- тарау. Қазақ философиясы тарихындағы  Шәкәрім Құдайбердіұлы

мұрасының орны.

1.1. Шәкәрім дүниетанымы қалыптасуының тарихи-мәдени негізі.

1.2. Шәкәрімнің адам ілімінің философиялық-териялық өзектері.  

                                        

2- тарау. Шәкәрім Құдайбердіұлының философиясындағы адамтану бағыттары.

2.1. Табиғат, құдай және адам.

2.2 Шәкәрімнің  ар білімі.

2.3 Ұждан

 

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

          Бүгінгі күні халқымыздың рухани мәдениетінің тарихына, әсіресе оның гуманистік және ұлттық көріністеріне деген қызығушылық пен ынта бұрын болып көрмеген дәрежеде өсіп отыр.  Өткеніміздің прогрессивті философиялық дәстүрін оқып үйрену қоғамдық сананың даму заңдылықтарын тануда қазіргі теориялық ойды тереңдетуде және өзіміздің ғылыми танымымызды кеңейтуде маңызы өте зор.

         Жан-жақты жетілген адам мәселесі бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда өзінің маңыздылығын жоймаған  өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Біз соңғы уақытқа дейін “коммунистік манифесте” негізделген принциптер бойынша, коммунизмнің моральдық кодексі бойынша, адамның социалистік идеалына, яғни жеке тұлғаның мүддесі қоғамдық мүддеге тәуелді болу принципі тұрғысынан тәрбиеленіп, соны идеал тұтып, бар болмысымызды соған сәйкестендіре өмір сүрдік. Соңғы жылдары елімізде, Кеңес өкіметі кеңістігінде, жалпы дүниежүзіндегі түбегейлі         өзгерістерге байланысты бұрынғы құндылықтар өзінің мән-мағынасын жойса, жаңа құндылықта әлі бой көтере алған жоқ. Тек саяси- әлеуметтік немесе экономикалық емес рухани өмір тұрғысынан да транзиттік өтпелі кезең жағдайында өмір сүріп жатқан біздің еліміз үшін болашақты, алдағы мақсат- мүддені айқындау соған жету үшін белгілі бір әлеуметтік идеал моделінің түрін жасау арқылы адамдарды тәрбиелеу,олардың мүмкіндігінше, бүгінгі күн талабына   сәйкес келетін   жан-жақты жетілген адамды, немесе ұлы Абай айтқандай “Толық адамды” тәрбиелеу қазіргі Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да адамшылық абырой-қасиетті қалпына келтірудегі күресте Адамды, тұлғаны өз ұжданының бастапқылығын, тазалығы мен тұнықтылығын сақтауға шақырған Шәкәрім Құдайбердіұлы сияқты ойшылдарымыздың пафосы мен философиялық концепциясы зор көмек берері сөзсіз.

        Ұлтымыздың қоғамдық-философиялық ойы тарихында терең із қалдырған қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі Шәкәрім Құдайбердіұлының творчествосы энциклопедиялық білімділігімен, философиялық-теориялық ізденістеріндегі новаторлық әрекет-сипатымен ерекшеленеді. Алдыңғы қатарлы озық идеяларға сүйене отырып, Шәкәрім адамилық бастаманың шешуші ролі бекітіле көрсетілетін  философиялық, этикалық міндеттерді осы тұрғыдан қайта қарастыруды талап ететін бірегей гуманистік ілім жасады.

       Егемендікке қол жеткізген тәуелсіз мемлекетіміздегі қоғамдық- тарихи, әлеуметтік-саяси жағдайларға байланысты болып жатқан үрдіс өзгерістер барысында туындап жататын қайшылықтарды шешу, өз жолын, өз идеяларын нақтылау мен дамыту, дүниетанымдық қағидаларымызды айқындау, ұлттық сананың өсуі,мәдениетің қайта өрлеуі, халықтың рухани бастауларға көңіл және үзіліп қалған идеялық жалғастылықты іздеп толықтыру, жаңа қоғамымыздағы жеке адамдардың нақтылы әрекеттері мен қоғамдық ойларын жаңылмай саралау кезеңінде дүние бақытты және үйлесімді болуға тиіс және болады деп сенген, бірақ ол заман әрбір адам өзіндегі “нәпсі кеселін” жойып бүкіл адамзат тағдырына немқұрайдылықпен қарауды қойғанда ғана орнайды деп болжаған Шәкәрім Құдайбердіұлының философиялық ілімі, оның ішінде өзін- өзі іздеу және тануға, іштей түлеу, ширығу және дамуға құрылған бірегей адам концепциясы маңызды да ерекше жаңалық, терең де соны толықтыру болмақ. Өйткені қандай да болмасын, жаңа қоғамның сапалық жаңалығы, оны қалыптастырудағы жетістіктер сайып келгенде сол қоғамдағы әрбір тұлғаның имандылық жағынан жетілдіруімен өлшенеді. Шәкәрім Құдайбердіұлының философиясындағы адам мәселесін зерттеудің актуалдығын біз осыдан түйеміз.

Шәкәрім көзқарасындағы адам мәселесі шығыс пен батыс философиялық ілімдерін қатар қарастырып, керектісін алған синкретикалық сонылығымен [] қазақ қоғамының ΧΙΧ ғасыр аяғы мен ΧΧ ғасыр басындағы рухани және болмыстық ерекшеліктерін бейнелеуімен қазақ ұлттық философиясының антропологиялық дүниетанымының іргетасын қалап тұр.

Тақырыптың зерттеліну дәрежесі:

        Тоталитарлық мемлекет, басқару-әкімшілдік жүйе үстемдігі философияда да, бүкіл мәдениет тұтастығындағы сияқты философиялық бірлікті ыдырататын, маңызды мәселелерден бас тартып, философиялық ой-әрекеттің түрін ғана бейнелейтін қауіпті деформацияларға әкелді. Ашық апологеттік сипатқа ие болған мұндай философияда адам мәселесінің жете зерттеленуі тежеліп, реалды индивидтер болмысының өзіндік ерекшелігі мен қайталанбастығы еленбеді. Мәдениетімізде ұзақ жылдары бойы насихатталып келінген философиялық сциентистік мұраттардан енді ғана арыла бастаған бұрынғы Кеңестер Одағы философтарының адам мәселесіне деген ықылас-назарының күшеюін осылай түсінеміз.

        Бұл жағдай қазақ ұлттық философиясындағы адам мәселесіне де қатысты. Адамның өзі туралы, өз табиғаты, қоғамдағы орны мен ролі, өз еркінің бостандығы жайлы түсінігі ежелден түрлі рухани салаларда: фольклорда, әдебиетте, поэзияда, өнерде қалыптасты. Бұл жайлы қазақтың белгілі жазушы ғалымдары мен археолог, этнограф, тарихшы, ежелгі дәуір әдебиетін, қазақ әдебиеті тарихын зерттеушілері еңбектерінен құнды мағлұмат алудамыз.  

        Қазақ әдебиетінде адам мәселесінің қойылуы мен шешілуін зерттеген аға буын ғалымдар: М.Әуезов, Б.Майлин, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, М.Сильченко, Б.Кенжебаев, Ә.Қоңыратбаев, Х.Сүйіншәлиев, Н.Дүйсенбаев, Р.Бердібаев, М.Мырзахметов болды. Әйтсе де адам мәселесі жөніндегі жалпыланған толық түсінікті тек философия ғана бере алмақ. Бұл салада еңбек  сіңірген ғалым философтардан Қ.С.Бейсембиевті, М.С.Бурабаевты, О.А.Сегізбаевты, А.Х.Қасымжановты, Д.К. Кішібековті, М.Ш.Хасановты, М.С.Орынбековты атай аламыз.

        Жеке ойшылдардың дүнетанымындағы философиясындағы адам мәселесінің қарастырылуы туралы жазылған еңбектерден М.Мырзахметовтың “Абайдың адамгершілік мұраттары”,Ғ.Есімовтың “Хакім Абай”,М.С.Орынбековтың “Философское воззрения Абая” т.б. атауға болады.

       Соңғы жылдары, яғни 1988 жылдан Шәкәрім жайлы М.Мағауин, Қ.Мұқаметжанов, С.Дәуітов, Б.Сапаралин, Р.Сейсенбаев, М.Базарбаев т.б. жазып жүр.Жекелеген мақалалар арнаулы журналдар мен басқа да мерзімді басылымдарда жазылып жатыр, бірақ олардың көбі Шәкәрім дүниетанымын филологиялық, тарихи тұрғыдан қарстырады. Ал методологиялық көлемде Шәкәрім танымын, бүкіл фәлсапалық жүйесін ондағы жан, тән, жаратылыс, сенім мәселесін түгел қамтитын жүйелі де толық еңбектерден А.Әмребаевтың және Б.Айбековтың,  Шәкәрім Құдайбердиевтің адам философиясы жөнінде жазған диссертациялық жұмыстарын атай аламыз.

        Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты мен міндеттері:

Зертеу мақсаты-Шәкәрім Құдайердіұлының философиясындағы адам мәселесі жөніндегі көзқарастарына ғылыми-философиялық талдау жасау. Бұл мақсаттан мынадай міндеттер туындайды:

-Шәкәрім дүниетанымы қалыптасуының тарихи-мәдени негізін, философиялық-теориялық алғышарттарын ашу;

-Қазақ ұлттық философиясындағы адам мәселесінің қалыптасуы мен Шәкәрім Құдайбердіұлы кезеңіндегі адам мәселесі қойылысының ерекшеліктерін анықтау;

—  Шәкәрімнің философиялық антропологиясының принциптерін талдау;

-Шәкәрімнің адам мәселесі шеңберіндегі әлеуметтік- философиялық көзқарастарын талдау, олардың ойшыл өзі өмірде, ғылымда ұстанған кредосы, бағытымен байланысын анықтау;

-Шәкәрімнің этикалық көзқарастарын адам мәселесі тұрғысынан саралау, ойшыл негізге алған құндылықтардың қазақ халқының өмірде, танымда басшылыққа алатын рухани құндылықтарымен арақатынасын салыстыру.

Зерттеу жұмысымның жаңалығы Шәкәрім Құдайбердіұлы философиясындағы адам мәселесінің қарастырылып, қорытылуы мен оның көзқарастарының қазақ философиясы тарихындағы орны сипатталуымен анықталады. Нақты жаңалығы мынада:

-Шәкәрім философиясындағы онтологиялық жүйе құрылымы, оған негіз болған философиялық үлгілер зерттеледі.

-Шәкәрім көзқарастарындағы өлім мен ажалсыздық мәселелері талданады.

-Шәкәрімнің философиялық көзқарастарындағы антропологиялық аспект алғаш рет ашылады.

-Шәкәрімнің таным теориясының негізі ашылады.

-Шәкәрімнің адам және ерік бостандығы туралы тұжырымдары және оларға жетудегі құрал ролін атқарған философиялық, творчестволық әдісі анықталады.

-Адам табиғатын түсіндіруде қолданатын шәкәрім мистикасының рационалдығы ашалады.

-Үштік негізге құрылған философиялық ұғымдағы Шәкәрім “ұжданы” тарихи-философиялық герменевтикалық әдіс тұрғысынан талданады.

-Шәкәрімнің адам мұраты нақтыланады.

Зерттеу материалдары:

Ш. Құдайбердіұлының “Жазушы”, “Жалын”, “Қазақстан”, “Ғақлия” баспаларынан жарық көрген басты шығармалары, мерзімді баспамен Ұлттық кітапхананың архивіндегі диссертация залындағы материалдар қолданылды. Методологиялық құрал орнына, А.Қ.Қасабеков, М.С.Орынбеков мақалалары мен еңбектері,  М.Мырзахметовтың”Абайдың адамгершілік мұраттары”, Ғ.Есімовтің “Хакім Абай”аты кітаптары пайдаланылды.

          Бітіру жұмысымның құрылымы: кіріспеден, екі тарауға біріктірілген параграфтан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ι тарау. Қазақ философиясы тарихындағы  Шәкәрім Құдайбердіұлы

                                          мұрасының орны.

   

            1.1. Шәкәрім дүниетанымы қалыптасуының тарихи-мәдени негізі.

 

 

         1958жылы дүниеге келіп, 73 жасында асыра сілтеудің құрбаны болған Шәкәрім Құдайбердіұлы дүниетанымы ағартушылық бағыттың барлық өкілдерінікі сияқты өз кезеңіндегі тарихи, әлеуметтік жағдайлардың көрінісі ретінде қалыптасты.Ал ол кезең ірі оқиғаларға толы еді. Солардың ең бастысы қазақ елінің орыс еліне бодан болуы және Ресейдің отаршыл саясатынан туған өзгерістер болатын.  Бұл саясат мақсатының үш түрлі бағытта іске асырылғаны қазір нақты айтылып жүр: 1.Қазақ жеріне келімсектерді қоныстандыру тәсілімен тартып алып, түпкілікті меңгеру; 2. Рухани сағын сындыру үшін христиан дініне шоқындыру арқылы орыстандыру немесе ислам фанатизмімен уландыру; 3.Территориялық принципке негізделген болыстық сатылы- сайлау жүйесін орнықтыру арқылы өздерімен өздерін жауластырып қою.(1)

         Қазақтардың ұлттық санасын оятпау, азаматтың сезімін өшіріп, рухани құлдыққа танудың әдістері іске қосылысымен қазақтың елдік берекесі кетті. Бұл қаскөй құбылыстың зардабын  ΧΙΧ ғасырдағы қазақ ағартушылары сезініп, шығармаларында өздерінің іштей қарсылығын байқатты да. Ал 1905 жылғы орыстың буржуазиялық-демократиялық революциясының тікелей  әсерімен ұлттық сана-сезімі жағынан жаппай оянған қазақ оқығандары тікелей қарсылық та көрсетіп жатты. Осы құбылыстың бір көрінісіне Россия империясының қазақ елін идеологиялық жағынан меңгеру мақсатында астыртын жүргізіп келген миссионерлік саясатына қарсы туындаған қарсылықтың кейбір белгі берген түрлерін жатқызуға болады. Осы тұрғыдан қарағанда Ыбырай Алтынсариннің “Шариат-ул- Исламы” кітабы мен Шәкәрімнің “Мұсылмандық шарты” бір бағыт, бір межені ұстанғаны сезіледі. Бұлар уды -умен қайтаруға болады деген танымал күрес әдісін ұстанған секілді. Өйткені, бәрі де діншілдік ұғымның шеңберіндегі исламият догмаларын емес, діннің мән-мақсатын таныстыра отырып, негізінен адамгершілік тәрбиесі мәселесіне баса ден қойғаны байқалады. Сондықтан мысалы, Ыбырай Алтынсариннің “Шариат-ул-Исламы” кезінде: . . . балаларға ислам дінінің ақиқаттығын негіздейтін түсінікте бере алмайды”- деп сыналған. (2) Ал Шәкәрім өз дүниетанымының іргетасы ретінде жазған алғашқы кітабының өзінде діни түсініктегі ислам мен болмыс қағидаларын талдай отырып, адам табиғаты мен танымын, адам орнын анықтауға тырысады. “ . . . адам өзін-өзі білмекке әуелі жоғарыда айтылған қайдан жаралдым, не үшін жаралдым, түбінде не болмақпын деген үш сөзді ойласа керек! Онан соң басыма пайда, дүние ахиретіме пайда не іс қылып жүрмін, халыққа не пайда келтіріп жүрмін. Біреуге,яки өзіме зиян қылғаннан саумын ба, деп ойлау керек. Өйтіп өзін-өзі тексермей жүре берген адам жайдан мал, аңнан да төмен болады.(3) Қазақтың наным-сенім, діндарлығы жайлы ойлары жалпы сенім мәселесіне ұласып, зерттеу нәтижесі көсетіп бергендей Шәкәрімді өз теориясын жасап шығаруға жетелейді.

          Шәкәрімнің дүниетанымының қалыптасуы туралы сөз болғанда оның өміріндегі Абай ролі, Абай ықпалы жайлы арнайы айтпай болмайды. Шәкәрім ешбір оқу орнында оқымаған адам. Оның мектебі де , университеті де Абай.Шәкәрімнің шығыс, батыс әлемдеріне қызығушылығын оятқан басқа емес, өзінің ұстаз ағасы Абай.

           Абай жолын қуған Шәкәрім тарих өн бойында қалыптасқан қазақ халқының жан дүниесінен, ұлт санасындағы наным-сенім мен негізгі ұғым-түсініктен хабар беретін поэтикалық және философиялық құбылысты игереді. Канттық сипаттағы принципиалды дүниетанымдық: — Мен қайданмын? – Не істеуім керек? – Неден үміттімін? – деген сұрақтарға өзіндік жауаптары Шәкәрімнің ән-өлеңдеріне, проза, философиялық трактаттарына арқау болады. Шәкәрім өзіне дейінгі ойшыл ағартушы, ақын ғалымдардың, теоретиктердің көзқарастарына, жаңа заман рухани қазыналардың басты бағыттары мен негізгі сұрақтарына талдау жасайды. Көп мәселелерді өзіндік, соны көзқарас танытып, интерпретациялау мәнері мен позициясы, прогрессивті тұжырымдары бүгінгі күнмен үндес келетіндей дәрежеге көтеріледі. Сөйтсе де бұлардың бәрінен Шәкәрімнің “Абай алдында” алғаш тәлім- тәрбиесі, дүниетаным негіздері “мен мұндалап” алыстан көзге ұрады. Өзінің “Жастарға”, “Ашу мен ынсап”, “Анық пен танық”, “Қазақ”, “Насихат”, т. б. өлеңдерінде Абайды ұстаз тұтып, Абай ақылына жүгініп отырады.

          Шәкәрімнің жалпы творчествосында Шығыс мәдениетінің орны ерекше болған. Ол Шыыс тарихы мен көркем әдебиетін түбегейлі меңгеріп, шығыс әлемінің рухани қазыналарын терең игеріп, түпнұсқадан оқып танысады.

Шәкәрімнің Шығыстың рухани қазыналарына қол артқанда сусындаған бұлақтары: поэзия классиктері,араб-парсы түрік тіліндегі ғұлама ойшылдар еңбектері болды.

          Шәкәрім Абай ағасы арқылы Физули, Шәмси, Сәйхали, Навои, Фирдоуси, Хожа Хафиз сияқты гуманистердің шығармаларын жасынан жаттап, соларға еліктеп өседі. Суфистер философиясы арқылы Платон, Аристотель, Сократ шығармаларымен таныс болады.

         Шәкәрім дүниетанымының философиялық негіздеріне тоқталмас бұрын тарих дамуы барысында адам мәселесіне қандай көзқарас, орын мен сипат берілгенін шолып өтпек қажет. Адам мәселесі қоғамдық өндіріс пен қатынас негізінде, сол дәуірдің саяси, тарихи, рухани және имандылық атмосферасынан туындайды. Солай бола тұра олардың арасында тікелей байланыс, тәуелділік жоқ. Материалды өндіріс даму дәрежесі адам мәселесінің нақты-тарихи мәніне тепе-тең келе бермейді.

          Адамзат санасының сәбилік кезеңі, алғашқы тарихи формасы- мифология болып табылады. Онда поэзия мен ғылым, дін мен мораль, рационалды технология мен табиғатқа, адамға ритуалды ықпал ету элементтері бар. Мифте индивидтің жеке тәжірибесін колективтің рулық тәжірибесімен сәйкестендіруге қоршаған ортаға бағдар жасап, бейімделуге мүмкіндік беретін жүріс-тұрыс үлгісі көрініс тапқан.Табиғат күштеріне деген құрмет, сақтық, қамқорлық қатынас және жеке бас тәртібін қауымдікімен үйлестіру деген принципиалды мәселе тұрғысынан миф тұрақты мәнге ие.

         Әскери демократия жағдайында беки түскен, ΧΧ ғасырға дейін көшпенді өмір сүрген қазақ халқы рулық қоғамда анимистік, тотемдік, шамандық нанымға ие болды.

         Қазақ ата- бабасының дүниетанымының атын жоғарғы күні- Тәңірден алатын “тәңірлік” деп атауға болады. Мәні жағынан отбасы мен бала-шаға жебеушісі Умай- ана келесі сатыда тұр.

         Ежелгі түріктер таным түсінігі негізінде зороастризм жатыр.  Қарама-қарсылықтар күресі рухы, адам жаны үшін мәңгілік космостық тартыс идеясы  адам табандылығы, беріктігі философиясы өзіндік этиканың тууына жағдай жасады. Зороастризм адамға Ахурамазад мен Ариман күресінен қалыс қалмау, жалғандық жасамау, бастапқы әділдік пен дүниенің дұрыс құрылғандығына сену жөніеде этикалық талап қойды, адамды уақытша жеңіліс үшін белсенді іс- әрекетке шақырып, әділетсіздік жайлаған уақыт үшін жауапкершілік артты.

        Сонымен рулық қоғамдағы ежелгі көшпендінің табиғаты- 1. бәрін билеп төстеуші қожа, бүкіләлемдік субьект; 2. күш- қуат беретін қолдап-жебейтін одақтасы; 3. өзіне ықылас, ынта жігерін салуды, ақылы мен күшін қатар қолданып қорғауды, қадірлеуді талап ететін қасиетті туған жер. Яғни, ежелгі қазақ танымында ер мен ел, атамекен немесе индивид, қоғам және табиғат диалектикалық бірлікте қарастырылады. Дәл осы үйлестік, тепе-теңдік арқылы  табиғат адамның жан дүниесі мен оның сыртқы көрінісі: іс-әрекет, қимыл-бағыт, ой-мақсат барысын анықтап отырады. Көшпендінің ішкі әлемі өзін қоршаған дүниемен табиғи болмыстық жолмен тұтасып кетіп жатады. Қоғамның, қауымның тіршілігі, қуаныш-қайғысының жаңғырығы табиғаттан қайтып жатады. Орасан зор, кең, шексіз бүтін обьект-тірі табиғат дала перзентінің өмір тіршілігіне онымен бірге қайғырып, жеңісіне қоса шаттанады.

         Ежелгі қазақ- табиғаттың лүп еткен тынысына, құбылысына ерекше сезімтал. Сондықтан да табиғатпен толық үйлесімдегі, диалектикалық тепе-теңдіктегі адам- ішкі және сыртқы жетілгендіктің белгісі.

        Адам-әулет, ел мен жер қорғаны. Адам- табиғат иіріміндегі жүгенсіз күштерді бойына жинақтаған космостық тұлға. Адам сезімдері біртұтас, оның тереңдігі, ішкі дүниесі обьективті сыртқы қимыл, іс-әрекет, сөз арқылы айқындалады. Оның эмоцианалды күйі мінез-құлық ерекшелігі де өзін қоршаған дүние сипатымен астасып жатады. Адамдағы жағымсыз қасиеттер, жалпы нашар адамдар табиғаттың жойқын күштерімен теңдестіріледі. Опасыздық, ұждансыздыққа өз халқы, өз ұлты, өз жері үшін жанын аямай қан мен терін төгіп жүрген батырлар үлгісі қарсы қойылады.сұлулық дифференциацияланбаған, ішкі тереңдікке бойламаған жалпы түрде, өмірге не көбірек қажет, не пайдалы болса, сол түрінде беріледі. Яғни, онда әдемілік пен тұрмыстық- практикалық идеалды мен материалды және практикалық- утилитарлық қоса біріктіріледі.

       Әскери- көшпенділік тұрмыс жағдайында туыстық байланыстардан құралған ру қауымы әскери тәртіпке бағынды, әскери қалыпта ұйымдастырылды. Мұндай тұрмыс түрі өзінің әрбір мүшесіне міндетті болды және  ешкімдіқоғамдық мәселеден қалыс қалдырған жоқ. Сан ғасырлы тарих бойында талай экономикалық төңкерістер болғанына қарамастан көшпенді қазақ қоғамы ΧΧ ғасырдың басына дейін өзінің басты ерекшелігін- спецификалық өндіріс әдісін  сақтап қалды. Қазақтардың қоғамдық – экономикалық өміріндегі мұндай өзгешілік обьективті дүниені қабылдаудағы өзіндік ерекшеліктерді тудырды. Нәтижесінде өз күші мен алғырлығына, адамдық, өнерпаздығына сену, сезіну-жайсаң тылсым күштер алдындағы шарасыздық туралы ойлардан азат еркін, құдайға тәуелсіз сом тұлға қалыптасты. Эпостық жыр, аңыздағы құдай мен аруақтар адамға қырсық әкелетін, көп нәрсе талап ететін кедергі деп емес, қолдап-жебеуші жанашыры ретінде көрінеді де, басты нәрсе адамның өзі және жеке бас белгілері болып қалды.

         Шәкәрім Құдайбердіұлының философиялық концепциясының негіздерін өзін қоршаған ортамен,сол кездегі ұлт өркениетінің тарихи-тұрмыстық,әлеуметтік-отбасылық т.б аспектілерімен байланыста қарастырар болсақ,Х²X ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының қоғамдық-тарихи,саяси-әлеуметтік сферасының басты белгісі:отарлық экспансиясының күшеюі,көшпенді өмір-салт дағдарысы-шарасыздықтан отаршылыққа бет бұру және ұлттық мәдени рухани әлемізде жасалынған апат-этнос идеясының жойылуы.

       Басы хан Кенесары болып,1866-1868 жылғы әкімшілік реформасына қарсы бағытталған кіші жүз жеріндегі жиырма жылға созылған ел көтерілістерін жаншу нәтижесінде қазақ халқының елдікке,еркіндікке талпынған ниеті мен әрекеті аяусыз тапталды.Отарлық саясат өз мақсатына жетер жолда алға қарай үлкен секіріс жасады.Ал отарлық жүйе тетігі шыр айналып,реформа шаралары біртіндеп іске аса бастағаннан-ақ қазақдеген асау халықтың мойнына ілінген құрық кенеттен тынысын тарылтып,қандай да болмасын “халық”деп аталатын қоғами құрылымның ең жанды жері-мемлекет көлеміндегі этнос идеясы күрт жаншылды.Ұлттық сана саяси,экономикалық,идеялық-құрамдас бөлімдердің бәрін көктей ететін өзегі мен байланыстырушысы десек,жоңғар шапқыншылығына біржолата тойтарыс бергеннен кейінгі жерде жаңа оянып,жас нәрестенің еңбегіндей енді бекіп келе жатқан ұлттық санаға зардабы ғасырға жетер соққы берілді.Бұл-этнобиологиялық,этномәдени тұтастану процессімізге,ұлттық тұтастығымызға түскен жік,қағылған сынаның ең мықтысы әрі қатыгезі еді.Алғашқы қамал алынған соқ кейінгісі қиындық туғызған жоқ;мемлекет,жер,тіл,мәдениет функциясы қайта қарастырылды.

        Өмір салт құрылымының,елдің таным-түсінігінің бүтіндей түрленуі ұлттық дүниетанымға қойылған үлкен сын болды,мұндай жағдайда қазақ халқы,оның өнері мен мәдениеті жаңа рухани құндылықтарды игеругі тиіс еді.Тарихи мен өмір-салт ерекшелігіне байланысты шапшаң,бар күш-қуатымен жұмыла игеретін,сыртқы жерді әзірлікпен бойына тез сіңіретін,өзгерістерге өте сезімтал ұлтымыздың синкретикалық ойлау үрдісі бұл жерде де өз жемісін көп күттірген жоқ.Ғылым,өнер,мәдениет салаларының бір-бірімен бәсекелесе,есі шығып құмарта кіріскендері сондай,өз халқының тарихи өткенін,түп-тамырын ысырып,естен шығарып алуы өз алдына әңгіме.Сондықтан Шәкәрім философиясы мен ондағы адам мәселесі ойшылдың өмір сүрген дәуірінде күрт өзгерген ұлт тарихы,экономикасы мен ыдырап,бытарай түскен ұлттық сана нәтижесінде жаңа заманға сай қалыптасқан жаңа адам үлгісінің көрінісі болды.

          “Қазақтың Сократы” атанған Шәкәрім өз философиялық ізденістерінің орталығына субьект мәселесін-адамды қойды және өзінің басты міндетін адамшылық дүниетанымының рационалды негіздерін қалыптастырудан көрді.

      Шәкәрімше, дүние алғашқы жаратушы-Себепсіз-Себептен жаратылады.Адам өмірінің басталуында жан мен тән күресі жатыр.Шәкәрім философиясы материя мен рухтың өзара қатынасы мойындайтын рационалды философия түріне жақын.Солай болғандықтан Шәкәрім философиясындағы мақсаттылық та этикалық принциптермен тығыз байланысты болып келеді.

     Антика дәуіріндегі субьект мәселесі алға қойған Сократ ілімін дамытушы Шәкәрім үнді буддистік медитация,христиандық транс пен терең ішкі үзіліс әдістері арқылы құдайды өзінен іздеуді уағыздайды,бағыттарды,өз ғасырындағы ғылым мен мәдениеттің жаңалықтарын талдап,толғай келіп адамға бағытталған Батыс философиясын қамтуға тырысып, “керегін алып”,ақылы ұнағанын жаңалап қосып, XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Қазақстан философиялық ойының деңгейін көрсетіп берген жаңа сипаттағы соны да бірегей синкретикалық ұждан концепциясын жасады.

 

1.2.     Шәкәрімнің адам ілімінің философиялық-териялық өзектері.

 

 Шәкәрім танымының идеялық-теориялық негіздерін тарихи-философиялық анализ жасау-күрделі міндет.Оның ойлауындағы қайшылықтар,тереңдік,бірегейлік-  XIX ғасырдың екінші жартысындағы қоғамдық қатынастар,орыс және Қазақстан Ағартушылығының спецификалық белгілерімен анықталады десек те, Шәкәрім-алып ой, асқақ эрудиция елесі.Оның философиялық көзқарастарында өзіндік әдіспен барлық дерлік Шәкәрімге дейінгі және оның кезіндегі философиялық  ілімдерінің барлық элементтері көрініс тапқан.Өмірінің соңына қарай Шәкәрім творчествасы иррационализм мен мистицизмге бет бұрумен  ерекшеленгенімен, оның философиясы тарихтағы алғашқы, негізгі, рационалды философиялық жүйе.

     Шәкәрім өмірде, ғылымда, философияда барлық нәрсені ақылға салып, күдікпен қарауды ұсынады.Бірақ сенім жайлы өз ұғымын Шәкәрім “білетін, бірақ сенбейтін”скептицизмге қарсы қояды.Өйткені Шәкәрім скепсисі-методологиялық скепсис.

      XV ғасыр аяғында адамзат атаулының федолдық тәуелдіктен азат болу, созылмалы соғыстан, эпидемиялардан құтылу үміті мен ағартуға, ғылым мен өндіріске қажеттілігінің оянуы Европа Ағартушы  қайраткерлерінің назарынан антика дәуірінің гуманистік идеяларына, қайта өрлеу дәуіріне, Бэкон, Гоббс, Локк, Спиноза, Лейбниц, Юаден, Ларосифуко т.б. Сол кездерде біршама даму алған утопиялық социолизм идеяларына аударды. Антропология, этнография, эмбриология, физиология салаларындағы тамаша зерттеулер метафизикаға шешуші шабуыл жасауға қолайлы жағдай жасады.Адам мәселесі-XV ғасырдың екінші жартысындағы тарихтың басты тақырыбына айналды. Жасалған зерттеулерді, теориялардың, басында француз, неміс, бүкіл саңлақтары тобы құрылды. Сондықтан ол дәуірдің идеялық атмосферасы мен философиясының көптеген бағыттары сол кезде жаңа пайда болған: деистік материализм, берклиандық, волтериандық, юмизм, руссоизм;

Франциядағы: Дидро, Гольбах, Гельвеций, Ламетри; Германиядағы: Лессинг, Галлер, Платнер, Гердер, Кант, Гете; Америкадағы: Франклейн, Пейн, Рош, Джеферсон; Россиядағы: Аничков,  Ломоносов, Сумарков, Новиков, Батурин, Радищев т.б атымен байланысты болды, бастау алды немесе астасып жатты.Кейін XХ ғасыр Шәкәрім кезіндегі философиялық жүйелердің пәні мен мазмұны да көбіне осы аталған ойшылдарға байланысты болды. 

Философияның пәні мен міндеттері, түрі мен мазмұны жағынан өзгеріп отырады. Жаңа заман философиясының мазмұнын өзгерткен басты мәселе- оның философиялық антропологиялық қойылымы еді. Дәл осы жаңа заманда адамтанумен байланысты білімдер комплексі, ал ең бастысы- ағарту дәуірінің  әлеуметтік сұранысы философия дамуының маңызды тенденциясының бірі- философиялық антропологияға  үлкен ықпал жасады.

       Шәкәрімнің антикалық философияға қазына- иондық философ Пифагордан бастап Демокрит, Эпикур, Сократ ілімін, платонизмді, Аристотельді оқып-білгені дін түрлерімен (әсіресе шығыстық) қатар ортағасырлық философиялық ойлаудың ортодоксальды емес дәстүрлерімен, неоплатондық пантеистік бағытпен жақсы таныс болғаны шығармаларының өн бойынан көзге ұрып тұрады.

Адамның өзінің дүниеге берік, творчестволық және тәуелсіз орнына, дүниені және өзін тану мүмкіндігіне сенімін оятқан бостандық мұраты, Адам қасиеті мен оның қайталанбас, айырбасталмас құндылығы рухани климат болып табылатын Ренессанс кезеңінің гуманистік философиясын қабыл алып, меңгергенін көреміз.

         ΧV ғасырдың 2-ші жартысы мен ΧVΙΙΙ ғасырдың басы аралығында ескі дүние мен жаңа дүние, қоғамдағы консервативті және прогрессивті күштер, дін мен ғылым арасындағы ұрыс жүріп жатқан нағыз шайқас алаңы- астрономия болды. Ортағасырлық діни ілім жердің құдай ілтипат- рахымы түскен планета, адамның әлемдегі айрықша пұрсатты жағдайы түсінікке негізделген болатын. Ежелгі грек астрономы Аристархтың дана ойы ұмытылған еді. Николай Коперник ғылым тарихында төңкеріс жасап, геоцентристік түсінікке құрылған жасанды жүйенің тас-талқанын шығарып, геоценетристік теория жасады. Ғылымдағы бұл жаңа тенденция Ленардо да Винчи, Иоганн Кеплер, Галилео Галилей творчествосында көрініс тапты.

         Байқап отырсақ, Шәкәрім Ренессанс дәуірінде пайда болған ерекше философия саласы- табиғат философиясымен де таныс болғанын көреміз. Және жай ғана таныс емес, кәсіпқой ғалым дәрежесінде ой тұжырымдаушы, 1882жылдан “Астрономия” журналын шығарып, Марс, Ай      , т.б. жұлдыздарға зертеу жүргізген Камиль Фламмарион, ежелгі дүниенің атақты зерттеушілері Птоломей, Гиппарх атымен толықтырушы.

        “Сыры жасырын нәрселермен жан туралы, тіпті қымбатты кітап жазған Камиль сезімінде тоқтап қалсақ алданамыз. Иондық- гректің Пифагор деген білімдісі тіпті кішкентай жердің айналасында өзге планеталар айналғаннан гөрі жер һәм өзге планеталар күннің айналасында айналғаны ақылға сиымды, аспанның механика заңына да жөн дегенде сол заманның зор ойшылдары Платон,Архимед, аспан ғылымына жүйрік Птоломей, Гиппарх күлкі қылмас еді.”(  )

          Жай ғана хабарлап қоймай, Шәкәрім жаратылыс саласында ертедегі және қазргі идеялар арасына параллель жүргізіп, қорытынды жасайтын аналитик ескерту жасап сын айтатын критик дәрежесінде ой толғайды:  “Менің ойымша, ескі замандарда ойламаған ой, айтылмаған сөз, істелмеген іс қалған жоқ. Бәрінің басын олар бастап кеткен . Бірақ көп заман өту, қазаға ұшырау сияқты  себептермен жоғалған, ұмытылған. Әйтсе де қаншадан кейін екенін өзі білсін, келген уақытының киімін киіп жаңарып шыға келеді.

        17,18,19 жүз жылдарға Европа білімдері баяғы грек- ионның Эпикур, Демокриттерінің ойларын жаңғыртып отырған жоқ па? 19 жүз жылда болған Дарвин әлде қашан сүйегі қурап қалған Маненнің таяғына кез келіп, соны үкілеп отырған жоқ па? 16 жүз жылдағы Коперник сүйегінің күлі де қалмаған грек-ионнның Пифагорының бөркін тыстап киіп отырған жоқ па? Жақын арада таптық деп жүрген электрия қуатын грек-ионның ілдеқашанғы табысы тапқан жоқ па еді?” []

          ΧΥΙΙΙ ғасырдың үшінші жартысындағы философиялық ойдың дамуы ғылыми жаратылыстық және гуманитарлық ұғымдарды біріктіруге ұмтылысымен анықталады. Бұл тенденция екі бағытта іске асты:

1.Адам табиғи дүние бөлшегі ретінде қарастырылды;

2.Материалды(тәндік, физиологиялық) мен руханилық (идеалды, “құдайлық”) қарама-қарсылығын мойындауы себепті адам “құдай құдіретінің тәжі” ретінде табтғатқа қарсы қойылды.

          Көрсетілген бағыттардың алғашқысы өз мәселелерін болмыс пен құбылыстардың материалды негізін мойындай отырып қарастырады. Табиғат пен адам бірлігі, адамдағы физикалық пен руханилықтың арақатынасын түсіндіруде ғылыми жаратылыстық материализм өкілдерінің жаңа физикасы мен химиясы, Ломоносовтың “жер қабаттары” теориясы, материяның сақталуы мен қозғалыс заңы, Р. Бошковичтің,А. Лавуазье, Д.Дальтон, Дж. Пристли, А. Каверзнев, К. Вольф, П. Паллас, Ж. Бюффон ізденістерінің үлкен мәні болды. Олар шығармаларында “өзара әрекет” динамизм,химизм, т.б. принциптерге соны түсініктеме беріп, электромагнитті және гравитацияның өрістері жайлы ұғымдарға жақын қорытындылар тұжырымдалады.К. Вольф және Дж. Пристли өліден тірі тууы мүмкіндігі жайлы, “өлі материяның” “тірі материяға” айналуы туралы идеялар ұсынды.

          Философиялық творчествоның мәні мен мазмұны,анықтаушы факторы-философиялық антропология болып табылатын Шәкәрім дүниетанымын зерттей келіп, ойшыл бұл бағыттарды да тереңдей оқып, жақын танысқан деген қорытындыға келеміз. Оны осы бағыт өкілдерінің бірде атын атап, түсін түстеп кетуінен (Лавуазье),[] немесе сол өкілдердің тұжырымдарымен сарындас ойларынан [] ол теорияның кімге тиесілі екендігі жөнінде болжам жасай аламыз.

       Шәкәрімнің философиялық мағынадағы творчестволық қалыптасуы “қажылық” кезеңінен басталады.Стамбул мен Париж кітапханаларында “түсіп сәуле соқыр көзге”, Шәкәрім үшін “ауыр тұман” ашылады. Ең алдымен исламға, қазақтың мұсылманшылығына қанағаттанбаған Шәкәрімді сенім, дін мәселесі қызықтырады. Абайдан кейінгі ұстазы санаған Л.Толстоймен хат алысқан Шәкәрім орыстың философиялық идеализм өкілдерінің бағыттарымен таныс болған. Барлық діндер екі бөлімнен тұрады: бірі-иман (адам өмірі туралы), екіншісі- метафизикалық- діни догматтардан, әр діннің метафизикасы әр түрлі де, иман мәселесі бірдей болуы қажет, нағыз діннің басты мазмұны адамгершілік болуы тиіс деп есептеген, “жан-адам санасының себебі, бүкіләлемдік ақылдың имманациясы” деп жазған Толстой ойлары Шәкәрім философиясының өн бойында жаңғырып отырады.( )

        Ақыл-ойдағы немесе сезімдегі біржақтылық адам ішкі дүниесінің бүтіндігін, тұтастығын жояды, ал толық және жоғары ақиқат ақыл, сезім, қайрат, ұждан бірлігінен туады деп есептейді Шәкәрім. Сондықтан ол позитивизмнің  сезім мүшелері, түйсік арқылы жинақталған тәжірибені көбірек жақтайтын өкілдерін, мысалы, А. Контты сынайды:

 

                             “Оларды сөзбен қайраған,

                               Ақылдан алыс айдаған ,

                               Ойменен тапқан бұлдыр деп,

                               Дене мен пәнге байлаған,

                                Баяғы Конттың сөзі еді

                                Жаңаны көрсе жүгірген,

                                Ақылдан әбден түңілген,

                                Осыдан дұрыс жол жоқ деп,

                                Бұл уды судай сімірген,

                                Дененің соқыр көзі еді.” []

 

ХΙХ ғасырда өте елеулі ағым позитивизмнен ол кезінде орыс тіліне аударылып Семейге жеткен шығармалары арқылы танысқан болу керек. Батыстың бұл аталған ойшылы философияға дәстүрлі көзқарасты жоққа шығарып, оны жағымды (позитивті) ғылымға айналдыруға күш салған, оған орай тың тұжырым жасаған тұлға.

        Ғылым және философия ақыл-ойдың дерексіз нәтижесі болып қана қоймай, өмірге пайдалы болуы шарт. Шәкәрім де ғылымның нақтылы адамдарға әкелетін тікелей пайдасы туралы  айтады.

         Контты сынаған Шәкәрім сол позитивизмнің келесі бір өкілі  Г.Спенсердің іліміне байыптылықпен қарағанын аңғару қиын емес.( )               И. Кант секілді дүниені “танылатын” және “танылмайтын” деп бөлетін, “танылмайтынды” бар екендігін ғылым мен дін бірдей мойындайтын “алғашқы себеп” деп атаған Спенсердің идеясын ғана емес, Шәкәрім атауларын да алған ба деп ойлаймыз. Бұдан басқа қоғам құрылымын оның мүшелері арасындағы қызметі жіктелінген ойларын Шәкәрім дәл осы Спенсердің әлеуметтік көзқарастарынан алған болуы мүмкін. Шәкәрім өз онтологиясын негіздеуде түрлі космологиялық ілмдермен: эволюционизм, дарвинизм және сол кезде Европада кең тараған антидарвинистік теориялармен жақын танысқанын көреміз. Және соңғысын жылы қабылдап, эволюцияны- “ақылды себептің” қозғауынан туатын органикалық, мақсатты, салдарлық процесс деп түсінген.                          

        ХV ғасырдың соңғы онжылдықтарында Европа, Россияда теософиялық-алхимиялық шығармалар кең тарап, түрлі спеиритуалистік, алхимиялық клубтар, астрология мен подоскопия, граф Калиостроның сеанстары үлкен қызығушылық тудырып жатты. Парижде болып  мистикалық газеттер “Равель”, “Клубты” және осы тақырыптағы әдебиетті көптеп оқыған Шәкәрім француздың белгілі философтарымен қатар, өткен ғасырдың отызыншы-қырқыншы жылдарындағы сол кездегі жұрт әуейі болған Бональд, Шатобриан, Баллаши,   Де Местр, Ю.Штиллинг ойларымен жақсы таныс болған деп айта аламыз. Мұны ХV ғасырдың аяғында Франция мен Германияда кең танымал болған, планеталар адамға айрықша күш арқылы әсер етеді, сол күшке ие болған  адам оны басқаларды емдеуге пайдалана алады деп есептеген  австриялық дәрігер теориясын өз жүйесіне қалай ұтымды қолданғанынан көреміз: “Осы күнде сыры табылған физика жаралыс жолынан жоғары қуаттың  барлығы 1738 жылы 1815 жылы өлген Месмер деген Германияның докторы хайуан магниті деген нәрсені тауып, сонымен ауруларды емдеген. Оны бүкіл Европа білімділері тексеріп, бір қуаттың барлығын мойындаған. Месмер өзі доктор, көп ғылымды адам, бірақ емдеуді ғылым жолымен емес, бір шелек суды өзінің бір түрлі жолымен магниттейді де, сол суға кейін аяғын сұғып, кейін құйынып жазылады. Суды магниттегенде сиқыршы жәдігөйлер сияқты ақылға қонымсыз Алатау жақтағы қарақұрт шаққанды емдейтін тарамшы дейтіндер сияқты-ау деймін.

         Францияда оны тексеруші комисия шығып, хайуан магниті  түбі білімсіз болса да, әсер беретіні рас екен деп жар салған. Бұл хайуан   магнитінің түбі білімсіз болғаны сияқты электрияның да түбі білімсіз. Бірақ электрияның не нәрседен шығатыны менен неғылып іске жарайтыны табылғандықтан, ғылым еріксіз қабыл алып отыр.Сымсыз телеграмм шықпай тұрғанда жаралыс жолымен іс қуғандар оны мүмкін дер ме еді? Соған қарағанда магнитизм, спиритизм, телепатиялар да бүгін түп себебі табылмай тұрған қуат екенін мойындау керек ( ) дейді.

         Шәкәрімнің өз өмірі мен әлеумет тұрмысындағы оқиғаларға оның танымындағы жаңғырық тарихи із ретінде  белгілі бір кезең немесе бағыт тура келіп отырады.

        Шәкәрімді де Абай, Шоқан, Ыбырай секілді өз халқының өркениетті ел қатарына қосылып, экономикалық және рухани гүлденуі басқаларға үлгі болса деп армандады. Үміт-арманның  шындыққа айналар тұсы деп сенген қазан төңкерісі кезінде жаңа қоғам қандай болуға тиістігін анықтамақ болып әлеуметтік теорияларды қарастырады, өзі дұрыс деп тапқан “ұждан” ілімін жұртына ұсынуды және оған жетер жол  өнер-білімге шақырды, өз ақыл-ойы күшін адам, ұлт пен ұлт қоғам, әлеуметтік орта мен тұлға, жалпы мен жекенің қатынасы мәселесіне бағыттады.Өмірі мен дүниетанымы қалыптасуы ауыр жағдайда және терең драгматизмге толы Шәкәрім қоршаған ортаның өзгеруі, “бұзылуы” және жөнделуіне сенімі азаюы салдарынан суфизмге бет бұрды.

        Абай секілді Шәкәрім де суфизмнің көрнекті өкілдері әл- Ансари, әл-Халладж, Ғазали, әл-Хамадани, Санаси, Фаридаддин-Аттар, Румидің ықпалымен дүниетанымдары қалыптасқан Физули, Шәмси, Сәйхали, Навои, Сағди, Фирдоуси, Хожа Хафиздерді пір тұтқан. Әсіресе соңғысынан көп аударма жасап, өзі де оған еліктеп “Иманым” атты таза суфистік стильдегі терең мағыналы үлкен циклді өлеңдер тобын жазады. Бұдан басқа да әр жылы “Жарымды жаным сүйді, сүйе алмай жаным күйді,” “Сұраған жанға сәлем айт,” “Қорқыт Қожа Хафиз түсіме енді де”,- атты өлеңдерінде ұстазы атын ойына алып отырған. Бұл туындының бәрі ойшылдың идеялық диапазонының кеңдігін, өз заманымен  үндес болып, ондағы аса күрделі мәселелерді теориялық тұрғыдан көрсетудегі азапты талпыныстарын белгілейді.Адам өмірін қалай түзеуге болады? Адам қайткенде тату тұра алады?- деп толғанады ойшыл. Бұл сұраққа жауап ретінде түрлі әлеуметтік, қоғамдық теорияларға тоқталып, адам мінез-құлқына әсер ететін қоғамдық құбылыстар ішіндегі ерекше роль атқаратын ұғымдармен идеяларды  талдап, адам мен қоғамның байланысы жөніндегі механистік түсінікті, Шопенгауэрдің пессимистік философиясын, “табиғи құқық”, “қоғамдық келісім”, “ақылды өзімшілдік” теорияларын сынай келіп, бұларды жекедей алғанда ешқайсысы да адам өмірін түзе алмайды- деп тұжырымдайды. Оптимистік дүниетаным жасауға тырысып Шәкәрім ақыл-ой тұрғысынан алғанда, өмір азабы адам тіршілігінің атрибуты бола алмайтындығын дәлелдейді. Адамзат одан құтылуға тиіс және құтыла да алады. Бұл мақсатқа жетуге, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі- адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге тыныштық жоқ”-дейді Шәкәрім. [  ]

        Шәкәрім танымы идеялық- теориялық дамудың күрделі жолын басып өтті. Сөйтсе де Шәкәрімнің идеялық-философиялық мұрасын ғылыми бағалау, оның дербес, сомтұлғалық, бірегей еместігі туралы пікірді толық жоққа шығарады. Қазақ ойшылы дүниетанымының қалыптасуы мен көзқарастарына батыс еуропалық және шығыс философиялық жүйелерінің әсері болғанын терістеу ойымызда жоқ. Бірақ бұдан оның мұрасын еліктеу жемісі деп атау ұшқарылық болар еді. Өйткені ғылым таза жерде еш негізсіз емес, теория мен практиканың, ғылым мен өндірістің  бүкіл нәтижесі мен жетістіктеріне сүйене отырып дамитын болғандықтан, ондай ықпалды әрбір ойшыл, әр ғалым сезінеді.Ал Шәкәрім дүниетанымына  келетін болсақ, ойшыл өз жүйесіндегі қайшылықтарына қарамастан, философия мен әлеуметтік өмірде қоғам мен ғылым талап еткен мәселелерді өзі сезініп, өзі қойып, өздігінше шешті.

         Шәкәрім танымына қозғау берген ірі әлеуметтік, рухани оқиғалардың ең бастысы- деспоттық режимге соққы берген, шығыс елдерінің оянуына қозғау болған 1905 жылғы революция болды.

        Келесі маңызды оқиға- 1914 жылы бірінші дүниежүзілік соғыс болды.  Адамзатың және жалпы адамзат мұраттары бірлігінің аяқ асты болуы, жоққа шығарылу оқиғасы Шәкәрімді бүкіл адамзат қамы мен келешегі туралы терең ойларға жетеледі.

        1917жылғы февраль төңкерісі қазақ азаматтарында ұлыс сезімінің көтерілуіне зор себеп болды. Ауылда сөйленіп жүрген ұлт қамы, ұлт мұңы іс жүзінде жарықа шығатындай көрініп Шәкәрім жарқын ойлар мен жоспарларға кенеледі. Төңкерістің болғанына, бостандық туғанына қанағаттанады, әлеумет жұмысына араласа бастайды.

        Азамат соғысы 1919 жылдың 1 желтоқсанында аяқталып, Семей облысында кеңес үкіметі түпкілікті орнайды. “Бостандық таңы атты”! деп адал ниетімен қуанып, рухы көтеріліп шабыттанады Шәкәрім. Бірақ көп ұзамай-ақ шет аудандарда болып жатқан заңсызықты, шолақ белсенділікті елдің, елдің бұрынғыдан да ауырлай түскен әлеуметтік-экономикалық жағдайын көрген Шәкәрім сеніммен бұрынғы жолынан айырып дағдарады. Бапяғыдан беріле жүрегіне сіңіріп, қасиетті деп жүрген мұраты, мақсаты әп-сәтте тас-талқан болады. Біржолата не қыларын білмей ашынған, сасқан ойшыл бұл халде қалуға болмайтындығын, бір шара бір жол іздеу керектігін түсініп қайғыға батады. Айналып келіп халқын өлеңдерімен түртпектейді. Бірде үміт-сеніммен сөйлесе, бірде ұлт шамына тиіп ауыр айтады. Ақырында халқына қадірлі дананың әр сөзінде жаңа бекіп келе жатқан қоғамдық тәртіп негізіне үлкен қопарылыс жасауы мүмкін екенін тез аңғарған “сезімтал” өкімет құрығынан ажал табады. Логикалық тұрғыдан алғанда, Шәкәрім өлімі дәл осылай “ қарақшылар басшысы” ретінде атылып, құр құдықа жерлеу де емес-көмілу сценарийіне құрылуға тиіс еді. Сонда ғана авторитарлық режим өзіне наразылық білдіруге тырысқан  Шәкәрімнің өзінен ғана емес, аруағынан және оның  халқынан да айызы қана отырып өш алған болар еді. Көзге көрінбес режиссер, оның жолға қойылған алып та құбыжық аппараты өз міндетін жауаптылықпен тыңғылықты орындағандықтан бәрі ойдағыдай іске асты.

Соған қарамастан Шәкәрім өмірі мен философиясы әлеуметтік әділетсіздіе, адамның өз ар тазалығын сақтау, адамдағы жағымсыз әдет-қылықтармен күрес жолдарын, сол күресте көмек болар теория іздеу, жасауға арналған  азапты да ардақты өмір болуымен құнды.

Қарастырылған мәселелерді қысқаша қорытатын болсақ, Абай арқылы үш рухани қайнар бұлақты меңгерген Шәкәрімнің ағартушылық идеясын қабылдауы да Абай тәрбиесі мен оқытуы арқасында оның өз сеніміне айналды. 

          Шәкәрім Құдайбердіұлыеың адам мәселесіне қатысты теориялық ізденістері мен позициясына гуманистік алғышарттар мен зерттеу обьектісіне деген сындарлы, рационалды қатынас тән. Шәкәрім көзқарастарындағы адам жөніндегі ойлары жан-жақтылығымен және тереңдігімен ерекшеленеді.

Шәкәрім өз дүниетанымы бойынша демократ, гуманист, ағартушы, насихатшы, географиялық ұлт тегіне тәуелсіз аттар, озық ойлар сөздерін таратушы.

Құдайбердіұлы Шәкәрім тұрмыс пен қоғамның болмыстық мәселелерінен шет қалу позициясын ұстаған емес. Керісінше, өмір бойы өз елінің идеялық, басты саяси оқиғаларының орталығында болып екі дәуір арасындағы заман лебін толық сезінді және Л.Гумилев тілімен айтқанда пассионарий немесе тоқтаусыз ерік иесі екенін дәлелдеді: бүкіл қуаты мен мүмкіндіктерін, өзі ашқан жаңалықтарын халқының өміріне қатыстыруға жұмсады. Осылайша өзінің даңқты ата Құнанбай, дана аға Абай әулетінен туған нағыз халық ұлы екенін көрсетіп берді.Кейін, өмірі соңында бәрінен аулақтап сопылық тіршілік кешуінің, әрекетсіз әрекет позициясын көрсетуінің өзі де болмыс құбылыстары мен оқиғаларына белсенді қатынас сипатында болды.

 

 

                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2- тарау. Шәкәрім Құдайбердіұлының философиясындағы адамтану бағыттары.

 

                           2.1. Табиғат, құдай және адам.

 

 Шәкәрім адам көзін табиғатқа, өзіне, дүние құрылымының негіздерін ашуға тырысты. Фәлсапаның басты объекті және негізгі субъекті адам екенін көрсетті. Адам мәселесі Шәкәрім творчествосының орталық тақырыбы болып табылады. Адам феноменін ол табиғат пен тарих мүмкіндіктерінің өзіндік өлшемі, материалды үлгісі ретінде қарастырады. Сонымен қатар  Шәкәрімнің дүниенің адами сипатына жааған анализі оптимистік тұжырымдар мен соны да бірегей концепцияға әкелді.

Шәкәрім өз философиясындағы алғашқы міндет – тұтас әлемдік картинаны жасауда деп білді. Ойшыл дүниедегі адам орны мен табиғатын сол әлемдік тұтастық тұрғысынан қарастырады. Қысқасы, адам туралы ілімнің негізіне Шәкәрім белгілі онтологияны қояды.

Шәкәрім философиясындағы негізгі мәселелер XIXғ. Екінші жартысы мен XXғ. Басындағы маңызды философиялық міндеттерді бейнелейді. Бұл тақырыпқа арналған басты шығармалары: “Үш анық” трактаты, “Тіршілік жан туралы”, “Тұмақ өлмек тағдырдың шын қазасы”, “Адам немене”, “Тәңірі мен жан”, “Анық пен танық”, “Жан мен дене һәм көңіл” деп басталатын өлеңдері, “Тау басындағы ой”- циклды өлеңдер жинағы.

Барлығында да жан мен тән, ақыл-ойлылық пен материалдық, адам жолдары, адам өмірі мен дүние құрылымы қарастырылады. Және өз философиялық тұжырымдарын бекіте түсу мақсатында Шәкәрім әр түрлі білім саларына –физика, химия, ботаника, физиология, психология, антропология, этнография, педагогика, тарих, философия, логикаға жүгінеді.

          Оның жаратылыс тарихы, тіршіліктің шығуы туралы түсінігін мынандай жолдары баяндайды:

                               “Өсімдік күннен алады ас,

                                 Күн суық болса,түпке қаш.

                                 Дым тиіп, нұр кеп жылатса

                                 Өс тағы жайнап, көңіл аш”-

                                 Дейтұғын жанда мән болар.

                                 Жұмыртқада ұрық жатпайма?!

                                 Олар да тамақ татпайма?!

                                 Жылынса, яки егілсе,

                                 Онан да таңы атпайма?

                                 Орасаң джа өлмес бидайы.

                                 Жандықта шаһуат болмай ма?

                                 Жатынға барып қонбайма?

                                 Құбылып қаннан тән жасап,

                                 Түзеліп әбден торлмай ма?

                                 Сіздерге мәлім әр жайы.[]

 

Немесе,

 

                                   Жанына қарай тән өскен

                                   Өсімдік жаны нашар боп,

                                   Олардан жәндік және өскен

                                   Жәндіктен адам таралған.

                                   Жадында қанды емізген.

                                   Ауызсыз қорек жегізген,

                                   Өзінді-өзім дегізген

                                   Тіршілік содан таралған[]

 

Яғни, Шәкәрім органикалық тіршіліктің біртіндеп дамитындығын, жәндіктің өсімдіктен, адамның жәндіктен таралу идеясын құптайды.

                                 Жан беріп жарық жылы нұрдан,

                                 Күн атам, жерді буаз қылған.

                                 Өсімдік туған осыдан.

                                 Жетіліп, өсіп толғанда дән,

                                 Құрт болған дәнде неше мың сан,

                                 Жаралып шықтық біз содан.

                                 Ұсақ құрт дәннен жарып шыққан,

                                 Жасаған құрттар әр түрлі тән,

                                 Құс, балық, шаян-көп айуан

                                 Айуаннан өсіп болдық адам,

                                 Кейіміз есті, кейіміз надан

                                 Жанымыз-күннен келген нұрдан,

                                 Тәніміз топырақ пен судан

                                  Күн атам, анық жер анам.[]

 

 

          Жаратылыс, Шәкәрімше,даму баспалдақтары мен жетілу формаларына жіктеледі. Дүниелік тұтастықтың түрлі құрылым формаларын горизонтальды түрде Шәкәрім төрт топқа бөледі: бірінші-өсімдік, екінші- жан-жануар, үшінші- адам, төртінші- “алғашқы себеп”; Шәкәрім адамды мұнда жер бетіндегі тіршілік түрлерінің бірі ретінде жіктелу сатысының жоғары баспалдағына қояды. Әйтсе де Шәкәрім адамның әлемдік дамуға әсерін мойындағанмен, антропоцентризмді  жата-жастана қолдамайды.

          Шәкәрім түсінігіндегі мәнді ұғым оның қозғалыс туралы түсінігінде:

 

                                   Жаралыс басы-қозғалыс,

                                   Қозғауға керек қолғабыс.

                                   Жан де, мейлің, бір мән де

                                   Сол қуатпен бол таныс.

                                    Әлемді сол мән жаратқан[]

 

Ары қарай,

 

                                     Қозғалмаса көшпейді,

                                     Көшпеген нәрсе өтпейді.

                                     Өспеген нәрсе өзгермес,

                                     Түрден ол түрге түмпейді.

                                     Қозғалыс түрлеп таратқан.[]

 

          Шәкәрімше, дүние-біртіндеп туатын қажеттігіне қарай белгілі тәртіппен себеп-салдар қатынасы бойынша дамып отыратын мақсатты процесс:                  

                                   Табиғат неше түрлі тән жаратты,

                                   Не үлкен, не кішкентай тән жаратты.

                                   Керексіз, жансыз нәрсе жаратқан жоқ

                                   Есепсіз қанша мың мен сан жаратты.[]

 

Одан әрі Шәкәрім өз ойын жаратылыстану саласындағы терең білім танымына сүйене отырып өрбітеді.

       Болмыс, Шәкәрімше-рухтың көрінісі. Шәкәрім болмысын шартты түрде үшке бөлуге болады: 1.Материалды болмыс немесе табиғи болмыс; 2.Әлеуметтік болмыс; 3.Рухани болмыс. Болмыстың үшінші түрі алдыңғылардың субстанционалды бастамасы болып табылады. Рухани болмыс- белгілі дәрежедегі белсенді күш. Дәл осы рухани болмысты Шәкәрім дүние бірлігіеің негізі деп біледі. Бұл ойлардан шәкәрімнің Гегельдің обьективті идеализміне жақындығын байқаймыз.Бірақ Шәкәрім ешбір жерде оған сілтеме жасамайды, Платонның неоплатониктер философиясына іш тартатындығын байқатады.

       Рухани болмыс “таза ақылдың” қабілет-күші толық ашылатын табиғи болмысқа әсер еткенмен, Шәкәрім түсінігінде олар тек әлеуметтік болмыста ғана бірігеді: “ақыл-ой” және адам бір-біріне жат емес. Өйткені, тірі тіршілік түрлері ішінде адам ғана ойлау қабілетіне ие.

       Өмірінің соңына қарай Шәкәрімнің адам  және оның дүниедегі орны жайлы ойлары белгілі тұжырымдар жинақ –жүйесіне-өзіндік философиялық бағдарға мақсатталып қалыптаса бастайды. Онтология, адамтану мәселесінде Шәкәрім жеке бөлініп алынған дара құбылыстан жалпыға қарай қозғалуға тырысты. Ойшылдың индивидуалды адам тіршілігі менен тұтас әлем, космос арақатынасы мәселесіне ден қоюы XVIIIғ. аяғы мен  XIXғ. Басындағы дүние жүзі ғалымдары мен философтарының жалпы қызығушылығын бейнелейді. Және оның бұл тақырыптағы шығармаларынан философиялық антопогонездің басты идеясы-болмыс заңдарына сүйене отырып, адамдағы “заттылық” пен “ойлылық”, “жан” мен “тән” бірлігін ашатын құрылым айқындалады және нақты қалыптасады.  Сонымен қатар, Шәкәрім философиялық ойы адам табиғатының құрамы мәселесіне ғана емес, бұл құрамның тірі тіршілік жүйесінде дамуы және бұл жүйеде көріну ерекшеліктері мен эволюциясы мәселесіне де жақындай түсті. Адамның пайда болуы мен өліміне дейінгі өмір жолын қорыту мақсатында  Шәкәрім эволюция, эпогинез теорияларының  негізін салушы Дарвиннің, Дортманның идеяларына сүйенеді. Шәкәрім түсінігінде әрбір тіршілік түрі  жаңа құрылымға қозғау береді. Осылайша өз кезегімен толысқан организм қалыптасады, дамиды. Адамның онтогенетикалық дамуына қатысты идеялар қазақ ойшылының санасында эволюциялық және диалектикалық ұғымдармен ұштасып, жалғасын тапты.

        Шәкәрім “адам”-“орта” мәселесін онтогенез және эпигенез тұрғысынан қарастырады. Бірінші кезекте ойшыл үшін адамды материалды және рухани табиғаттар бірлігі ретінде қарастыруы маңызды болды. Осыған байланысты Шәкәрімді осы екі табиғаттың: материалды мен руханилылықтың арақатынасына байланысты сұрақтар толғандырады. Адам тіршілігінің алғышарты қашан және қай түрде пайда болды? Адам қуаты және ақыл-ойы кімнен?,Неден? Сезім мүшелері қалай пайда болады және қызмет етеді?

        Шәкәрім қойылған сұрақтарға жауап  беру барысында еуропалық және шығыстық дәстүрлі бағыттарға сүйенеді. Материалистік тұрғыдағы жауаптармен қатар табиғат пен адамды құдайдың жаратқандығы туралы идеяларды сынайды. Нәтижесінде, жаратылыстық және адамтану ілімдеріне сүйене отырып, адам- ұзақ та күрделі жеке (индивидуалды) жалпы (жалпыадамдық) процестің нәтижесі деген қорытынды жасайды. Фактілерге, ғылыми қорытындыларға сүйеніп жасаған синтезінде Шәкәрім адамға, адамдар қауымына, адамзатқа кеңістік пен уақыт жағдайында тарихи-генетикалық болмыстың “тіршілік түйіні” ретінде құрметті орын бөледі.

        Шәкәрім адам мәселесінде Табиғат пен әлеумет тұтастығын ескермеуге болмайтындығын ұмытқан емес. Адам табиғат нәтижесі, оның тірі элементі болғандықтан қашан да оның жалпы даму, жетілу шарттарын, өмір сүру ортасы мен жағдайларын ескеріп отыру қажет. Шәкәрім: “Адам құрамының бүкіл табиғатпен бірлігі постулатын, тіршілік құрылымының күрделену есебінен болатын, төменгіден жоғары түрге қарай үдемелі дамуы жөніндегі жүйелі аңғару қиын емес.Ондағы әрбір элемент, материя даму заңына- қарапайымнан күрделіге бағытталады және бағынады: белгілі бір кезеңде жан-жануар пайда болады, одан соң адам”.[ ]

         Шәкәрім өмір сүрген кезеңдегі жаратылыстану табиғаттағы болмыс түрлерінің универсалды байланысы жөніндегі идеямен қаруланған болатын. Гердер, Дидро, Вольф, Кант, Каверзнев, Паллас, бұл қорытындының жағымды методологиялық ролін дәлелдеп берді. Дүниенің бірлігі мен тұтастығына сенім идеясы қазақ ойшылының да философиялық көзқарастарының теориялық принципіне айналды. Адам организмі, Шәкәрімде, тірі мен өлі немесе жан мен тән бірлігінен тұрады. Бұл бірлік тек адам құрамының ғана емес, табиғат пен жалпы жаратылыстың да екі бастамадан тұратындығын білдіреді. өз кезегінде –“заттылық”немесе “тәндік” атомдар бөлінісінен көрінеді.Табиғаттағы бүкіл дамумен өзгерістер осы болмыс негізі-атомдар мен оған қозғау беретін тірі “қуат” арасындағы қарым-қатынасқа байланысты деп шешеді Шәкәрім.

         Адамдағы тәндік пен табиғаттағы “заттылық” арасындағы ұқсастық жөніндегі ой Сократқа дейінгі философтардан  белгілі. Олар адам денесі  дүние сияқты сандық және сапалық бөліктерден   тұрады деп есептеген. Әйтсе де Шәкәрім бұл салыстырмаға байланысты сананы, психикалық процестерді онтологизациялауға, натурилизациялау дәрежесіне төмендемейді.

         Шәкәрім тіршіліктің “төменгі құрылымынан” жоғарғы форма түріне өсіп, күрделеніп, дамып отыратын және қалай болса солай ретсіз,жүйесіз жаратылып емес, қажетілігіне қарай белгілі тәртіппен себеп-салдар қатынасы  бойынша дамып отыратындығын, “адам құрамының” сол тіршіліктің дамуы барысындағы өзара тығыз бірлестіктегі бөлшегі және жаратушы рақымының арқасында жанның ең күрделі түріне ие болған бөлшегі екендігін жазады.

 

                             Табиғат, неше түрлі жан жаратты.

                             Не үлкен, не кішкентай тән жаратты.

                             Керексіз, тәнсіз нәрсе жаратқан жоқ,

                             Есепсіз қанша мың мен сан жаратты.

                             Өсімді ең күшті жан адамда тұр,

                             Алдында жақсы да тұр, жаман да тұр.

                             Өзгенің бәрі жалғыз адам үшін

                             Жаралып орны-орнымен ғалам да тұр.[ ]

 

        Шәкәрім ұғымында адам баласының тәндік бөлігі, “сауыты” табиғи жолмен “айуаннан өсіп жаратылса “, танымдық, психологиялық қабілеті жан шарапаты арқасында қалыптасады. Өйткені, адам жаратылысы үстінде  табиғат болып көрмеген дарындылық танытып, өз дамуы сатысында ілгері қарай үлкен қадам жасаған: оған жан-жануарлардың бойдандығыдан айрықша ақылды жан немесе таза ақыл берген. Таза ақыл- адам жаны қабілетінің көрініс беруі. Таза ақылдың арқасында адам абстрактылықты меңгереді, пайдалыны зияндыдан ажыратады.

         Шәкәрім адамды культ дәрежесіне көтеруден, адамды- “микрокосмос”, ал жалпы космосты “үлкен адамға теңеуден аулақ”. Адамның табиғи-биологиялық тіршілік ретіндегі аяталған түр екенін айтқанмен, дәл Адамда, Адам арқылы жаратушы өзін танып біледі дегенді айтпайды. Өйткені, Шәкәрімдегі Т әңірі адам тұлғаланбаған, адамша бейнеленбеген.

          Шәкәрім теориясы қарапайым: Адам бейнесінде туғанмен, ол өз жанын танып білмей, ұжданға ие болмай тұрып, “толық адам” дәрежесіне көтеріле алмайды. Сонымен, Шәкәрімнің адам генезисі мәселесіндегі концепциясының ерекшеліктері неде?

         Монизм бағытын тірі және өлі тіршілік формаларынан саналы түрде көктей өткізінде. Жан мен тән арақатынасы принципін түсіндіре отырып, Шәкәрім органикалық және неорганикалық заттардың ауысу процесіне тоқталады. Бірақ, дәстүрлі “тән өледі, жан басқа денеге көшеді”-деген жауап оны қанағаттандырмайды.

         Шәкәрімше, Магнитизм, электр тартылысы және химиялық қосылыстар табиғатта жалпы тіршілікте түр қалыптастырушы ролін атқарады. Дүниедегі “мәңгі заңдар” үстемдігі мен табиғат құбылыстарының жалпылығы туралы қорытынды Шәкәрім идеяларының негізінде жатыр және бұл ой тірі және өлі табиғаттың табиғи, генеологиялық бірлігі жөніндегі идеямен тығыз байланыста қарастырылады.

        Адамның өсімдік пен жан-жануарлардан айырмашылығын айта келіп,өсімдіктердегі сезімдік жанның “жылылықта өсіп-өніп, суықты сезуге ғана” жарайтындығын,  жануарлардағы жан “аңғарып, ойлағанмен, бірінен-бірі есті шебер болғанмен, толық терең ақыл тек адамнан ғана шығады,”-дейді. Бұл ойлардың барлығы Шәкәрімнің XVIII ғасырдағы ілімдермен таныс болғанын айтады. Және осы шығармасында шәкәрімнің алға қарай үлкен қадам жасады деп есептейміз: ол табиғаттағы өзгергіш түрлердің  өзіндік жетімділігі, өзіндік өндіру теориясын негіздеді.

       Шәкәрімнің адам мен оның дүниедегі орны мәселесінде адам жөніндегі діни ілімдерге өз шешімін қарсы қояды. Ол тәннің және жанның бөлінген және ыдыраған бөлшектері басқа құрамға ауысады деп есептейді. Яғни, көп жыл бұрын өлген адам бөлшектері болса, келесі бір адамда тіршілік етеді.Әйтсе де Шәкәрім мойындайтын “айналыс” тұйық емес, керісінше, спираль  түріндегі күрделі, жоғары өрлеп отыратын үдемелі процесс. Сондықтан да оның философиясында диалектикалық және тарихилық принципі айқын көрініп тұрады.

 Шәкәрім өзінің антропологиясы шеңберінде физиологиялық пен руханилық арасындағы бөліністі ғана емес, адам іс-әрекетіндегі практикалық пен теориялық алшақтықты да жеңуге тырысты.

 Қазақ ойшылы адамды табиғаттың тұтастығы идеясы тұрғысынан қарастырады. Оның философиялық манизмі адамның дүниемен универсалдылығы, байланыстылығы идеясымен ұштасады.

         Шәкәрім ойынша, адам басқа адамдармен, органикалық және неорганикалық дүниемен, космоспен біртұтас. Адам олармен тек қана ақыл-ой ортақтығымен ғана емес, құрамының бірлестігі мен даму заңдарының жалпылығымен, белсенділігімен байланысты. Сондықтан да адамды жердегіден, космостық дүниеден бөлуге болмайды. Оны басқа түрлерменен байланыста, туыстықта қарастыру керек екенін ескертеді. Яғни, Шәкәрім мехаистік және органицистік варианттағы метафизикаға философиялық антропологияны және эволюционизм принцмптерін қарсы қояды.

         Шәкәрімт метафизикалық ұғымдардың біржақтылығын жойып, оларды бірлікте синтездеуге тырысады.Шәкәрім адам  санасының индивидуалдығын қалыптастыруда әлеуметтік ортаның  ролін бөліп-жарып жатпай, ойды саналық тегі бар, табиғи жолмен пайда болған табиғи күш ретінде қарастырады және ойлылықтың немесе “терең ақылдың” жаратылыстың төменгі сатысындағы тіршілік иелерінің ешқайсысына емес,тек қана адамға тән екендігін дәлелдейді.  Бұл пікірі эволюциялық антропологиялық бағдарға ие.

       Шәкәрімнің адамға беретін сипаттамасы тарихи-философиялық қызығушылық туғызады. Өйткені ол қазақ ойшылының жаратылыстану ғылымдарына және антропологиялық мәліметтерге қандай дәрежеде сүйенгені және олардың Шәкәрімнің филсофиясында қай түрде көрініс тапқанын байқауға мүмкіндік береді.Шәкәрім еңбектерінің антрополгиялық  табиғаты автордың адам болмысының қасиеттері мен қызметтерін сипаттаумен ғана емес, сонымен қатар өз ортасының барлық элементтерімен тығыз бірліктегі адамды аспан астындағы басты феноменге айналдыруынан, адамды басқа тіршіліктер түрлерімен үйлестіруге тырысуынан көрінеді.

         Шәкәрім өзінің адам табиғаты деген ұғымына адамның тіршіліктің жоғарғы тәртібіне қатыстылығын “жоғарғы құрылмға иелігін”,адамдағы “тәнділік” пен “жандылық” бірлестігін рухани күші мен қоғамдық болмыс жағдайы мәнін бере отырып қолданады.

         Ал жан деген не ? “Жан тіпті жоғалмайтын, бұзылмайтын,, тіпті барған сайын жоғарылайтын нәрсе”.[ ]  “Жан менің айтқанымдай баста бар болса, тұрған денесі орын болуға жарамаған соң, денеден шыққанда біржола жоғалып кетпейді.Құр ғана өзгеретін болса, бұрыннан бар жанның жоғалуына түк дәлел жоқ. Олай болса бір түрге түсіп, барлықтың ішінде бар болып жүреді.[ ] Сонымен Шәкәрімде, жан-дендегі қозғаушы күш.Тән-жанның өмір сүрер орны. Жан-материалды емес, бірақ тек денеде өмір сүреді. Тән бұзылып, бүлінуі мүмкін, ал жан өлмейді.

          Жанның адам тәнімен қатынасын, бірлігі және бөлінуін, тән өлген соң қалай, қайда барарын Шәкәрім жаратылыстану ғылымдарының оптимистік принциптеріне сүйене отырып қарастырады.Алдымен Шәкәрім табиғатты пантеистік, материалистік түсініктермен тексеріп көреді.Бұл ойларында ÕIÕ ғасырда физиология, психология, механика, органика, физика, химия, биология, ботаника, зоология, палеонтология ғылымдарының даму дәрежесі көрінеді. “Су мен топырақ жылылықтан өсімдік шығарғандай, тасқа ауа, су жылылығы сияқты себептер қосылып қына шығарып тұр”.[] Бірақ Шәкәрімде “жанның денелілерге қосылып кетуіне ешбір дәлел жоқ”.[] Бұл жөніндегі оның бар қорытындысы: жанның денеше қосылмайтындығы және қосылады десек те оңай бөлінетіндігі.

         Шәкәрімнің жанның жойылмайтындығы жөніндегі ойлары болмыс заттарының өткіншілігін, материалды дүние формаларының ауысу мүмкіндігін мойындады. Мұндай мысалдарды көптеп келтіре отырып, Шәкәрім тіпті “жанған, шіріген денелерден шыққан иіс, жалындар да біржола жоғалмай, қайта айналып осы барлықтың ішінде бар болып жүретіндігін”[ ] айтады. Шәкәрім түсінігінде дене жай осылай болғанда, шығу тегі айрықша басқа себептен берілетінжан өлмейді, керісінше, “қасиеттерінің бір де бірі дене істеріне, дене қасиеттеріне тіпті ұқсамайтынына қарағанда,денеше бір бұзылып,бір түзелмей бірте-бірте жоғарылауына қарағанда келесі айналыста мұнан да жоғарылап, зор қасиетке ие болуы байқалады”[ ] Немесе жоғалмағанмен ыдырап, бір күйде ұзақ уақыт қалып, қоюы мүмкін. Тәнге қарағанда, жан бір күйден  келесі жаңа күйге, жоғары сапаға көшіп, басқа құрамда, басқа денеде тіршілік бастайды.

          Өмір мен өлім Шәкәрімше, өзара байланысты. Өлу “заттылықтың” бір түрден, бір жағдайдан екіншіге көшуі… “қына мен газ отқа жанғанмен, шіріген денелер де көп уақыттан кейін жанмен бірігіп, сезіп өршуге жарайды екен”[] яғни, жанның бөлшектері тән өлгеннен соң, басқа дүниеге, космос дүниесіне көшеді немесе материяның атрибутивті қасиеттерін, сапаларын жоймайды. Тәннің өлуі де шартты нәрсе. Өйткені, “тас, қу сүйек, құм, күл сияқтылар да тіпті заманнан кейін олар да жанмен қосылып, сезімднуге жараса керек”. Өлмес жан идеясы Шәкәрім түсіндірмесінде теологиялық мәнін жояды, онтология мәселелерімен қосыла отырып, бұл идея материалды және рухани дүниенің бірлігі туралы тезиспен тиянақталады және адам мен оның жанының белсенді ролін бекіте түседі. Телеологизм мен квиетизмнің дәстүрлі құдайшылдық шешімдерінің болмауы- Шәкәрімнің тіршілік, руханилық, психикалық табиғатын түсіндірудегі басты сипаты осылар.

          Шәкәрім- обьективті идеалист. Оның басты алғышарты әлемді жаратушы пайда қылды. Бірақ Шәкәрімнің Тәңірі немесе Жаратушысы дәстүрлі құдай ұғымына тең емес. Шәкәрімнің Жаратушысы шексіз, мінсіз, творчестволық күші бар Ақыл, Әлемнің рухани бастамасы, реалды дүниеден жоғары тұрған себеп.

          Адам танымы: Өз дәуірінің күрделі тұрмыстық, ғылыми, философиялық, әлеуметтік және моральдық жағдайларын түсігу, ой елегінен өткізу қажеттілігі – Шәкәрімді теориялық-танымдық сұрақтарға итермелейді. Шәкәрімнің таным жөніндегі көзқарастары “жан, тән туралы” өоеңдер циклында жақсы берілген. Гноселогия сұрақтарына қатысты жеке ойлары қара сөздері мен офоризмдерінде кездеседі. Шәкәрімше, табиғатты, дүниені адам танып біле алады. Бірақ, ол үшін адам өзін танып білуі тиіс.

          Шәкәрім таным мәселесін тіршілік жаратылысы, адам табиғаты, сыртқы дүниені тануға ерекше қасиеті “толық ақылды” ескере отырып қарастыруды ұсынды. Шәкәрімнің басты гносеологиялық шарты: адамды табиғатпен тұтастықта және бұл бірліктен тыс, яғни өзіне тән индивидуалды түрлік, тектік және қоғамдық ерекшеліктері бар айрықша феномені ретінде қарастыру жөніндегі талап. Басқа емес, тек адамнан, оның қажеттіліктерінен, тірі тіршілік дүниедегі басты элемент ретінде қауымға, қоғамға біріккен адамнан дүние заттары мен құбылыстарды зерттеуді бастау қажет депм есептейді. Шәкәрім осылайша өз философиялық ізденістерінің орталығына адамды, оның дүниені тану мүмкіндіктерін қояды.Қазақ ойшылын Универсум мен Адамды қатар қою, обьектіні таным субьектісіне айналдыру сескендірмейді. Шәкәрім көзқарастарындағы диалектикалық сәт адамды әлемнің басты белсенді, өз құрамымен дүниелік тұтастыққа, адам тәні мен адам рухының жалпы генезисіне жақын тұрған түйіні ретінде қарастыруында ойшыл тіршіліктің құдіретін, жаратылысын мойындай отырып, сонымен қатар адам жанының суверендігін, адамдардың өзін қоршаған орта мен қарым-қатынасындағы табиғи сипатын ашып көрсетеді. Таным теориясына қатысты жасалған басты қорытындыларына реалды дүние заттары мен құбылыстарын тану мүмкіндігі мен әдістері жайлы ойларын жатқызамыз. Бұларға Шәкәрім адамның белсенді творчествосын- адам еңбегін, өз ортасын және өзін жақсартуға деген ынтасын, жаратылыстан тек адамға ғана берілген “толық, терең ақылын” жатқызады.

          Өз көзқарасын баяндау барысында Шәкәрім Адамды өз танымының шеңберін кеңейтуге, себеп пен салдардағы тәртіпті аңғаруға танушы субьекттің-адамның жаратылыстағы өз орнын табуына шақырады.

          Шәкәрім көзқарасының басты қасиеті таным субьектісі адам мен оның обьекті-табиғаттың тығыз байланысын көре білуінде, диалектикалық процесс,өзін зерттеу арқылы адамның сыртқы дүниені танитындығын және керісінше болуын аңғаруында. Адам іс-әрекетінің екі формасына байланысты Шәкәрім дүниені танудың екі түрін ұсынды: 1)сезімдік; 2)рационалды. Танымның бұл екі әдісін біріктіоуге ұмтылысы Локктік-Декарттық дилемманы (сенсуализм және рационализм) жеңуге тырысу ғана емес, көп ғасырлық мәселені монистік дүниетаным позициясынан шешуге талпынысын байқатады.

          Ғылым-білім, мақсат-ақиқат. Ғылым міндеті адамның дүниеге, оның құрылымына, өзін тануға және “жаратылыстың мол байлығын пайдалануға” көзін ашуға көмектесу.Шәкәрім дін мен оның догматтарына басқаша қарайды. ÕIÕ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан жағдайында оның табиғатты, рухты танудағы адам танымының шегі мен күші жайлы ойлары дін догматтарынан ауытқуға пара-пар еді. Шәкәрімнің дін саласына енуі, шабуыл жасауы, діни “ақиқатты” ортодоксальды емес түсіндірмесі діндарларды оған қарсы күреске біріктірді.

          Шәкәрім діни шарттардың дұрыстығын мойындамады, діни түсіндірмені сынады, адамзат ақыл-ойының болмысты және тіпті Жаратушыны танып білу правосын қорғады. Осылайша Шәкәрім дін қағидаларын бұзды. Ол адамзат табиғат пен қоғамдық өмір заңдарын ерекше жолмен танып біледі дейтін таза Шығыстық ілімдерді өз таным теориясына шебер қолданады (буддизм, индуизм). Имандылықтың жоғарғы сатысында ақыл “рухани көзбен көру” қабілетіне ие болады, сол арқылы адам құдіретті ақиқатпен байланысады, оны таниды. Барлық рухани күштерді (ақыл, сезім, ұждан, қайрат) үйлескен тұтастыққа біріктіру арқылы адам мистикалық интуиция дәрежесіне көтеріледі деп түсіндіреді Шәкәрім.

          “Құдай-өлшеусіз, адам өлшеулі”дейтін Абайдан Шәкәрім таным мәселесінде алға қадам жасап танымының шексіздігі туралы қорытынды жасады. Адамдар Шәкәрім түсінігінде, алдымен өзін тани отырып, сол арқылы әлемдік ақыл-ойды таниды, ал одан соң әлемдік ақыл мен адам ақыл-ойының арасындағы қатынасты түсінеді.

          Таным, Шәкәрімше, сезінуден және “таза ақылға салып ойлаудан” тұрады. Шәкәрім таным мәселесінде субьективтік көзқарасқа қарсы. Ол түйсіктер сыртқы дүниеге есік ашады деп қорытқанымен, ақылды сезім мүшелерінің пассивті қызметі нәтижесі деп түсіндіретін механистік концепциясынан бас тартады. Өйткені бұлардан міндетті түрде адам ақыл-ойының шектеулігі туралы қорытынды шыққан болар еді. Шәкәрім түйсіктік танымды түсінді, бағалады.

 

                            Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек

                            Мұрын, иіс, тіл дәмнен хабар бермек.

                            Бесеуінен мидағы ой хабар алып

                            Жақсы, жаман әр істі сол тексермек.

Осылайша, білім бастауы сезім мүшелері екенін мойындап келіп:

                            Дене сезіміне нанба,

                            Сағым су ма екен?

                            Таяу барып көрсем сол маңға

                             Бұл  сөзімді әбден аңда[] –деген болса, түйсік мәліметтерін жоққа шығарған емес,. Бұл заттар мен құбылыстардың нағыз табиғатына ене білудегі тереңдік, нақтылық дәрежесін бағалауы. Өйткені, түйсік арқылы да таза мәлімет алуға болады: “көз көреді”, “тіл дәмнен хабар береді”. Бесеуінен мидағы ой хабар алып отырады. Бірақ барлық нәрсе табиғатты сезімдік қабылдауға тікелей тәуелді емес. Біздің түйсіктік сезімдеріміз дәлірек, нақтырақ, тек ақыл ғана сезінетін, қабылдай алатын заттар мен құбылыстар табиғатына сай келе бермеуі мүмкін.

          Қорыта айтқанда, Шәкәрімше, біріншіден: адамдардың сезім мүшелері сыртқы дүниеден хабар береді. Екіншіден, бұл мәліметтер әлі толық жан-жақты емес. Үшіншіден, құбылыстардың болуы, бар екендігі-ақиқат. Төртіншіден, ақиқат тікелей сезімге жеткізбес тереңде.Сонымен, Шәкәрім сезім мүшелерін реалды өмірдегі обьективті білімдерді меңгеру жолындағы бірінші баспалдақ деп білді.

          Адам сезімі жануарлардікіне ұқсас болғанымен, адам сезімі таным процессінде таза ақылмен бірігеді, толық терең ақыл адамдардан шығады, ал жануарларды ол жоқ.

          Шәкәрімнің “жан әр түрге түседі, мәселен инстинкт-сезімді жан, сознание— аңғарлық жан, ум-ақылды жан. . . . Өсімдіктегі жануар сезімді ғана,аңғару, ойлау ерікті хайуанның бәрінде бар”[ ] деген жіктеуі ортағасырдың Шығыс философиясы арқылы бізге жеткен Аристотельдің вегетативті-өсімдік жаны, сезімдік- жануарлар жаны, ақылды- тек адамға тән жан” деген жіктеуіне апарып тіреледі.

          Сонымен жан мәселесіндегі Шәкәрімдік шешім: Жанның тәнен бөлектігі: жан табиғатының  ерекшелігі, оның ерекше материяның (адамның) атрибуты болуы- адам жаны мен “қуаты” жануарлардың емес, тек адамдардың ғана тектік қасиеті. Шәкәрім жанның денедегі орны туралы тоқталмайды, сонымен қатар, “жан-мида” деген ой туралы “оның жан емес екендігін көріп, біліп  тұрмыз”[ ]-деп, құптамайтынын нақты айтады.

        Жалпы қорытындылай келе, 1. шәкәрім философиясының адам мәселесі жөніндегі көзқарастарында адамтану жөніндегі көзқарастарында адамтану жөніндегі біңлімдер базасы оның философиялық  метододологиялық функциясын атқарады. 2. Шәкәрім өз ізденістері нәтижесінде адам мен табиғат құрамының ұқсастығы, тірі мен өлі табиғаттың табиғи генетикалық бірлігі туралы тұжырым жасайды. 3. Шәкәрім өз филолсофиялық, антропогенезіне идеалистік монизмді методологиялық постулат етіп алады. 4. Шәкәрім адамды жер бетіндегі тіршілік ішіндегі жоғарғы құрылымның өлшемі деп есептейді.5. Шәкәрімнің өз ізденгістерінде қолданатыны мәңгілік ұмтылыс, ізденіс, “керегін алып”,”ақылға сыйғанын” ғана қабылдайтын сыншыл рационалды әдіс.  

 

       2.2 Шәкәрімнің  ар білімі.

 

         Ақиқат. Шәкәрім-гуманист ойшыл. Кез-келген философиялық бағыттың анализінде орталық орынға ие болатын ақиқат ұғымы. Шәкәрім философиясында ақиқат Ренессанс дәуірінің гуманистеріндегі сияқты тационалды және имандылық элементтер шоғыры ретінде қарастырылады.             

         Гуманистердің түсінігінде ақиқат-онтологиялық ұғым, болмыс негізі ретінде қарастырылған. Оны тану биік мұрат болып табылады және ол утилитарлы мақсаттан аулақ. Олардың бірінші кезекті міндеті- адамгершіліктік және эстетикалық құндылықтарды анықтау және белгілеу. Шәкәрім де өз халқына жаратушы, адам, екеуінің  арасын жалғаушы-жан, жан тілегі-ұждан деп түсіргендігі, білім алып, өнер үйренуге шақырғандағы мақсаты- прагматизмге үйрету емес, біріншіден, “көрінгенге көз сүзбей күн көруге”,[ ] ал ең бастысы, сол тұрмыс пен білім арқасында дүние парығын пайымдап, ұждан тазалығына жету, оны сақтау менг жетілдірудің жолын нұсқау.

       “Баста таза жаратты, сен таза бол,”-дейді. Шәкәрім “мал жинақ” атты өлеңінде егін салудың, сауда қылып мал бағу мен қол өнердің пайдасын айтып келіп,

                     Мақтан күйлеп, арамнан мал жинасаң,

                     Орның-дозақ, сорлы-сен, айтқаным сол![ ]-дейді. 

 Гуманистер үшін ақиқатқа жету-өзін адамгершіліктік жетілдіру жолы есепті. Аристотельдің ізінше олар ақыл-адамның басты қасиеті деп, сондықтан даналық ізгі қасиеттер ішіндегі ең жоғарғысы деп есептеді. Бұл- гуманистерден ғылыми революция жаршыларын көруге мүмкіндік берді. Рухани құндылықтар жүйесінде білімді алғашқы орынға шығару оны толық игілікке теңестіруге әкелді.

      Гуманистердің жақсы мен ақиқат ұғымын жақындастыруға бейімділігі байқалады. Танымдағы адамгершілік мақсұттарының біріншілігі мен білім құдіретіне деген сенім гуманистердің түрлі қайшылыққа толы дәстүрлер мен ғылымнан алыс жатқан білім түрлерін (магия, астрология) талғамсыздықпен меңгеруге аз әкелген жоқ.

        Гуманистердің практикалық этикада діни моральдық орта ғасырлық талқылануын сынап, дінге шабуыл жасағанымен, түп негіздеріне  қарсы шықпағандары белгілі. Терия жүзінде гуманистердің этикасы обьективті абсолютке, имандылық ақиқаттарының метафизикалық шығу тегіне сенімі идеалистік болып қала берді. Адам  табиғатының шыңы мен дүниедегі орны дербес қалпының, оның, ерік бостандығының өлшемін гуманистер ақылдан, саналы іс-әрекет, жауапты қылықтан көреді.Діни жүйенің рухани құндылықтарында жоғарғы, абсолютті игілік  адам шегінен тыс жатыр. Гуманистерде ақылды мен игілікті бір-біріне тура келеді: игіге жету үшін ақиқатқа жолымен қозғалып отырса болғаны.

        Салыстырып қарасақ, гуманистік ой негізін құрайтын аталмыш белгілер Шәкәрімнің де адам жөніндегі ізденістерінің, көзқарастарының негізін құрайды.

      Ғылым, білім. Адам дүниені өзіне жаратушы берген толық таза ақылы арқылы танып біледі, бірақ ақылы арқылы жинақталған білімді “адам өмірін түзеуге” жұмсағанда ұжданмен бірге немесе ұждандылықпен қолданбақ керек. Білім, ғылым адамды теориялық білімге негізделген практикалық өнермен қаруландырса, ұждан- адам ғылымына мазмұн, біліміне-адамшылық сипат береді. Сондықтан дүниенің қиыны мен қауіптілері-ұждансыз білімділер мен ғалымдар. Себебі, ұждан қатыспаған жерде “адамдар өздері үйренген ғылыммен түрлі қару жасап, улы газдар тауып, басқа адамдарды аң есебінде атып, әлсізді құлданып, жердің бетін адам қанымен бояғаннан басқа іс бітірмейді. Бұған ең өнерлі, білімдіге саналатын Англия, Америка елдері”[ ] мысал.

        Осылайша, Шәкәрім, “ұждансыз ақылдың” қандай бүкіләлемдік апаттарға (саяси, экологиялықт.б.) әкелуі мүмкін екенін көрегенді  ескертеді. Ақыл-ой, интелект позициясын өз дүниетанымының берік негізі қылып ала отырып, Шәкәрім таным мәні, адам өмірінің құндылықтарымен біріккенде ғана толық, жеткілікті болатындығын нақтылайды. Ал оған адамның ақыл-ойы мен барлық рухани күштерінің жұмысы, ізденісі, ұмтылысы арқасында қол жеткізуге болады және ол ақиқат жолын әркім өзі жүріп өтуге тиіс.

         Сондықтан білуге құмарлықты шектеу, талаптанбау-имансыздық.Ұлтжанды Шәкәрім “жер жүзі ғылыма жабылғанда құр шатаққа құмарланып жүрген” қазағын өнер-білімге шақырыды. Алға бастайтын отбасы, ошақ қасы тірліктен құтқаратын оқу-білім жолы екенін насихаттайды. Сонда өзгеге қор болмай, ер қатарлы кәсіп қылатындығын,көкірегі ашылып тынысы кеңейетіндігін түсіндіреді. Байларды болымтыққа таласып, партияға шашқанша, қолында қорегі бар кезінде балсын оқытып, ғылым іздетуге, жарлыларға кежірлікті қойып, жастарға көрінгенге құмар болып, ойын-күлкімен уақыт өткізбей, “ғылым кенін тауды үйренуді” айтады. Қазақты егін егіп,мал тауып, білім-ғылым жолына түсуге шақырады: «. . . адам оқып, білім үйренуі қажет. Білімсіз, ғылымсыз өнер табылмайды. Сол алған білім-өнерлерін адао еңбекпен жаратылыстың мол байлығын игеруге салса, табылмайтын нәрсе жоқ. Сол тапқан байлықты барша адам баласының керегіне, пайдасына жарату керек,»[ ]-дейді Шәкәрім.

        Ғылыми таным мәселесінде дүние құбылыстарының сырын ашудағы адам ақылының шешуші ролі туралы оптимистік идеялар айтады:

 

                             Іш жарып, ішек жалғап, сүйек қиып,

                             Жамайды ерін, мұрын, түскен тісін.

                             Аэроплан, телефон, граммафон,

                             Электр, радио мен магнит ісін.

                             Осынша өнер тауып асқан адам,

                             Әлемнің қиын сырын ашқан адам.

                             Ол түгіл өмірге де айла табар

                             Өлмей жетер бірталай жасқа да адам.

 

Өйткені:               Бар ғылымның түп атасы-

                              Таза ақыл мен ойлану.[ ]

 

Сондықтан:          Ақылдың көзін байлама,

                              Білімі деп басшы сайлама,

                              Оқуым, дінім, жаным деп

                              Әдетке қарай айдама,

                              Ақылға сынат әр істі.[ ]

Өзіндік тану идеясында Шәкәрім жеке адамның, тұлғаның өз қасиеттері мен таланттарын, интеллектуалдық потенциалын көрсетуге талабын, мүддесін және правосын, қажеттілігін нақтылады. Бұл идеялардың антропологиялық сипатын адам қасиеттерін жан-жануарлармен салыстыра талдаудан ғана емес, адам сезімі мен ақыл-ойының ролін ашудан, адамның дүниені тануға ұмтылысы механизмін («Жан талпынар талайды көрмек үшін, әр сырын дүниенің бөлмек үшін»[ ]) субьекттің табиғи және ақыл-ойлылық қорын ашып көрсетуінен байқаймыз. Шәкәрімше, танымды адам жоғарғы Тәңірге немесе құдіретке емес,өз қабілеті мен күшіне сенуге бағыттауға тиіс.Логикалық операциялар арқылы себептен салдарға қарай қозғала отырып, сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың ұқсастығын байқап, олардың өзгергіштігін көріп, өзіндік ой-тұжырым жасауға тиіс.  Шәкәрімде адам денесінің жетілгендігі, мінсіздігі адам рухының творчестволық сипаты- жаратушы мінсіздігіне, реалдығына дәлел ретінде келтіріледі. Қазақ халқының ұлттық болмысының ерекшелігі, өз сенімі мен қорытындылары нәтижесіндеШәкәрім барлық басқа көршілес елдердегідей адам рллін, арналуын құдаға ұқсатуға, теңеуге, Аристотельдегідей адамды «ажалды құдай» атауға саналы түрде бармады деп ойлаймыз.

           Шәкәрімнің таным теориясында функциональды әдіс нышаны эволюциялық көзқарастарымен диалектика элементтерімен үйлесіп отырады. Адамға ақыл мен жан жаратылыстан берілетіндігі айтылғанымен, оны жетілдіру әр адамның өз қолында. Сондықтан ақ жүрек, махаббат,әділет ынсабы жоқ адам өзінің адамилық ьейнесінің қалыптаспағаны үшін өзі кінәлі өмір адамды жануарлармен туыс қылып жаратқанмен, адами өмір тек адамға тән және оның өз қолында.бұл түсіндірмеде Шәкәрім әлеуметтік қоғамдағы меншіктік-сословиелік жағдайына қарамастан білімге, ұжданға жету жолының барлық адамға бірдейлілігін насихаттау арқылы әр адамның өзіндік қабілетіне жол ашуға шақырады.

          Шәкәрімнің адам мұраты. Шәкәрім адам мұраты жайлы шығармаларында біріншіден, өз заманының саяси,әлеуметтік жағдайларына байланысты білімнен, биліктегі бостандықтан айрылып, надандықтың, қанаушылықтың салдарынан кешегі еркінсүйгіштік сезім, жалпысалықтық дәстүр ұмытылып, рухани құлға айналған халқын, оның мәңгүрт адамын Шәкәрім Құдайбердіұлы жаны егіле отырып бейнелейді. «Елге көнсем, ақ жолдан адасамын», «Қулар», «Партия адамдары», «Жырларым», «Қазақтың жаманы болмас», «Мал жинақ», «Жұрт не десе, үй десін», «Қырық жылдан өтіп жасым», «Жолама қулар маңайға», «Насихат», «Шын бақ қайсы», «Күншіл кім», «Епті тышқан бидайды таси берген», «Мен қорқамын, қорқамын», «Сынатарсың өзіңді», т.б. қырыққа жуық өлеңдері мен «Әділ Мария прозалық шығармасында алыстағы патшаға бодандыққа кірген ұлттың көзге ілінбейтін көп кіріптарының біріне айналған өз елінің мемлекеттік мәселелері мен қабылданатын шешімдерінен қалыс қалған, мемлекеттің өз азаматынан жаттанған, бар билік халық қамынан көрі жеке басын күйттеген қазақтың бай атқамінерлері мен отарлаушы орыс чиновниктерінің қолына тиген заман,патриотизм орнын космопоитизм басып, саяси бостандықтың жойылып жеке бас бостандығының азайып, қоғамдық өмірдегі жеке адам мәнінің төмендеген кезі көрсетілген.Шәкәрім «Тойымсыз нәпсі, тұрақсыз дүние»,»Адамның ең жақсысы», «Атадан қалған ақ сауық»,»Ойлансын ұлан болса сөз ұғарлық», «Ескіден қалған сөз теріп»,»Қазақ тағы сорлы қазақ», «Адам немене»,т.б. өлеңдерінде ұлттық сезімнің, азаматтық жауапкершіліктің жоғалып адамға құрмет, еркіндік, батылдық, адалдық сияқты адамшылық қасиетердің құны жойылып, тұлғалық бастаманың ыдырауына алаңдаушылық білдіреді.

          Ойшыл өзі арман еткен адам мұратын өлеңдерінде ардақталған ізгі қасиет, азаматтық қыр сипаттардан сомдайды.Ең қарапайым сапалардан бастап жаза келіп желілі түрде күрделі этикалық мәселелерді қамтып қисынды философиялық жүйе жасайды.

          Шәкәрімнің адам мұратының негізгі сипатына келетін болсақ ойшыл адамшылықтың басы азаматтықтың белгісі деп еңбекқорлықты атайды. Сондықтан Шәкәрімнің армандағаны ең алдымен еңбексүйгіш адам.

                                    Еріншектен-салақтық

                                    Салақтықтан – надандық…

                                    Бірінен-бірі туады

                                    Жоғалар сүйтіп адамдық.

          Өзін-өзі жеңіп, жалқаулыққа бой алдырмай, тәннің емес, жанның тілегін бірінші қойып әдеттенген адам ғана азамат. Әркімнің өз өмірін ойдағыдай өткізуі өз бойын билеуден басталмақ.

          Шәкәрім – зор пайым, асқан парасат иесі. Ауыл байының жағдайын түсініп, []кедейге де жаны ашып ықылас көрсеткенмен, құр «аттандап» ешкімнің сойылын соққан емес.Әділетті ғана жақтап, «нашардың мұңын, жуанның зұлымдығын қанша айтсақ та, ұғушы аз»  []деп налиды. Адамшылық қасиеттер де солай. «Жан мақсұты – ар мен адал еңбек» [] болғанмен «еңбектің де еңбегі бар. Орнына жұмсалмаған еңбек, зұлымдыққа жұмсалған ақыл –отқа түскен көбелекпен бір есеп»[]. 

          Еңбек Шәкәрім түсінігінде абстрактылы процесс емес, ең алдымен адам жанына нәр беретін, рухын ұштап, тәнін шынықтырып, ризығын молайтатын еңбек. «Атымтай жомарт көп мал сойып, кәріптерге тамақ, киім таратып, оған келмегендерді өзі іздеп шығыпты» — дейді араб әлемімен үндес Шәкәрім аңызы. «Үстінде қырық жамауы бар шекпені бар отын жиып жүрген адамды кездестіріп, неге Атымтай жомартқа барамағанын сұрағанда ол: «мен бүгін қатын- баламды тойғызарлық отын тердім. Енді анау отырған ақсақ шал үшін отын алып жүрмін. Дені сау адамды Атымтай асырап, тіленшіліке салып, жібермесін. Кем-кетікке қарассын! Атымтай малмен мырзалық қылады, мені еңбек теріммен мырзалық қыламын, қайсымыз мырза екенімізді Атымтай өзі сынасын», депті-дейді.[]

          «Ең алдымен барлық адамды адал, еңбек ететін жолға салу керек, -дейді Шәкәрім өзінің жаман әдеттерден құтылу айласында жазған «ар білімі» жобасында. Ол үшін көптің қалауымен әкімшілік басына арлы, ақылдыадамдарды қойып, сол адамдардың бұйрығы, ақылы бойынша туған, туашақ адамдарды қойып, жастарды қазына қарауына алуға заң шығаруға керек те, ол заңды бұзғандарды жазалау керек, оларға еңбек өнерін үйрету керек»;

          Шәкәрім қиялшыл емес, бос даурығып елді бірден тура жолға салып жіберемін демейді. «Өйткені адамның бәрі бала болып ақылы жай толатын болғандықтан сәнқойлық, мақтанқұмарлықты бірінен-бірі көріп тәлім алады. өзін-өзі тексеріп,ол әдетті қалдырып, таза ақылға билету әлденеше мыңнан біреудің қолынан келед».[] Сөйтсе де нашақорлықты баса айтып, шұқып көрсету арқылы өз мінін өзі жойып, халқын ілгері жылжытуды  мақсат тұтқан  ойшыл ақын өз шығармаларында  адам бойындағы жағымсыз мінез, іс-әрекет, көріністерді әрі күйініп, әрі күлдіріп сынайды.

                                 Жалқаулық, көрсеқызар, ашу, мақтан,

                                 Арамдық, өтіріктен, ерте сақтан,

                                  Күні бұрын жуытпа маңайыңа,

                                  Есер, есірік, ынжықтық, солар жақтан[]

 дейді Шәкәрім қандай жексұрын қасиеттерден аулақ болу керек екендігін ескертіп. Аталаған әрбір қасиетке ие болу – адамшылықтан төмендеп, белгілі хайуан түріне теңелу қаупіне әкелмек. Мысалы:

                              Еріншектің несі артық өліктен де,

                               Көп есініп шабан тартқан көліктен де [] десе, мақтаншақты жуан мойын, алакөз, мүйізі алай бұқаға, көрсеқызарды маймылға, ызақорды қабаған төбетке, ішін түземей, сыланып сыртын сылайтын сәнқойды әтешке теңейді.

          Шәкәрім арман еткен алаш азаматының бойынан көрсем деген екінші қасиет — өнерлілік, кәсіпкерлік. Ойшыл  еңбексіз күн өткізуден, жатып ішер жалқаулықтан, әркімге жалынышты болып, көршіге көз сүзуден құтқаратын кәсіп меңгеруге шақырады. Ақын азаматттың жүректілігн танытып, шығарамаларында өз өмірін жайып салып, балалық, жастық кезіндегі өз кемшіліктерін әжуалап, әр өнерді қуып уақыт өткізгеніне өкініп, артқы ұрпаққа қателеспеңдер деп өсиет айтады. «Мұңды шал», «Құмарлық», «Өкінішті өмір» атты өлеңдерінде, «Мұтылғанның өмірі» дастанында сағым секілді баяны жоқ пайдасыз өнерді емес, тіршілікке керекті нағыз кәсіпті игеру керектігін ескертеді.

          Шәкәрімнің үшінші арманы – білімді азамат. Білім дегенде өмірдегі құбылыстарға қатысты дайын жауаптарды жаттап алуды емес, зиялы мағынасындағы: ақыл-парасаты, білімі мен мінезі қатар қалыптасып, нені болса да сабырмен, ақылмен шешетінін ойлы адам.

          Абай табиғатындағы тұлға, азамат болудың шарты – «нұрлы ақыл, ыстық жүрек пен қайратты қатар ұстауда болса, Шәкәрім азаматы «арлы». Бұл ойшылдың ең жоғарғы сатысы. Жоғарғы айтылған жаман әдеттерді жоюға бұлар жеткіліксіз болғандықтан… «ар білімі» деген білім оқытылуға керек. Бұл ғылымды ақылды адамдар ойластырып, пән ретінде жазып, нәпсіні жойып, адам бойында жеке ардың қожа болып қалу жағын көздеу керек. Адам бойындағы нәпсі кеселі кетсе, өзгесі оңай»…[]

          «Ар білімі» деп, «ар білімі нәпсі кеселін жоюға керек» деп атап жазған ойшыл «ар білімі» имандылықты, адамгершіліктің қалыптасуын, адам мінез-құлқының принциптері мен нормаларын зерттейтін этика ғылым деңгейінде қарастырады.

          Сонымен Шәкәрімнің «арлы азаматы» жзақсы мен жаманның жігін ажыратып қана қоймай, сөзбен істе түзу, әділ жолдан аумайтын, орынсызды айтпайтын намысшыл азамат. Экономикалық тұрғыда заман талабын әлеуметтік қажеттілікті сезінуші(ол тұстағы қажеттіліктің алғашқысы – отырықшылыққа көшу), еңбекшіл кәсіпкер, табиғи әрі рухани дүниеде нық бекіген, ішкі дүниесі біртұтас әрі азат, өмір жолын өзі таңдап, тағдырын өзі жасаушы, жүрген жерінде әділет, ынсап, мейірім көрсетіп, жамандыққа жол бермес білімқұмар тұлға.

          Жан адамның ой бостандығы, көңіл тазалығы, рухани еркіндік мәселесі Шәкәрімнің “Жастарға”, “Ашу мен ынсап”, “Дүние мен өмір”, “Мақтау мен сөгіс”, “Міндеу мен күндеу”, “Мал жимақ”, “Жан мен дене һәм көңіл”, “Сен ғылымға” т.б. өлеңдерінде қарастырылады. Абай жазып кеткендей, жастардың алды орысша оқи бастағанмен “орыстан оқыған балалардан да артық жақсы кісі шыға алмай, себебі, “орыс ғылымын баласына үйреткен жандар соның қаруымен тағы қазақты аңдысам”[] деген заманда, дін көбейіп, сенім азайған, рухани тоқырау мкен рухани бодандық күш ала бастаған шақта бұл мәселенің қойылуы заңды да. Мұүндай құбылыс етек алып кетсе рухани құлдықтың нәтижесі қазақтың этнос ретінде жоғалуына әкелетінін түсінген ойшыл мәселені екі түрлі жолмен шешуге тырысады.: 1)түрлі іліиге, дінге кеудесі ашық халқын оларды ойсыз қабылдауға емес, нені болса да сын елегінен өткізіп ,толғап игеруге, түпкі мақсатты аңдауға шақырса; 2) “Өз жаныңа үңіл!” “Нәпсіні тый!” “Жан тілегін тыңда!” деу арқылы өз ұлтының орыс ағайынға “рухани кірме” болу жағдайынан құтқарып, бір күнді қызықты емес, өз рухани тарихи тегі мен ұлттық дәстүрін ойлатуға, еске салуға, жандандыруға тырысады.

          Сонымен Шәкәрімше рух бостандығына жетудің әдістері, жолы: 1.еңбек; 2. өнер; 3. жалпы білім; 4. ар білімі. Тек соңғысы ғана қарым-қатынастағы іс- әрекеттегі қажетті және мөлшерді көңіл көзімен көріп, берік ұстануға үйретпек. Осы жерде «құба төбел» ұғымын философиялық өлшем ретінде ұсынады.

                                    Сыртын түзеп кейбіреу аласұрды,

                                    Киіміне мақтанған бала сынды,

                                    Ат болсын киім болсын, мінез болсын,

                                    Құба төбел істі қыл жарасымды.

                                    Құба төбел дегенді ұқсаң керек,

                                    Орынсызды істеме, болсаң зерек! []

«Құба төбел» — ақылдың, арлылықтың көрінісі. Ұшқарлықтан, біржақтылықтан, ифрат пен тафриттен[] сақтандырып отыратын алтын ортаның темір қазығы.

          Шәкәрім – ұлтжанды философ. Оған дәлел: әлеуметтік мәселелерге арналған ұсақ өлеңдерін былай қойғанда, ел арасында «шежіре атанған», «түрік, қырғыз, қазақ, һәм хандар шежіресі» атты көшпенді халықтар мәдениетіндегі хан дәстүрін жалғастырған құнды еңбегі. Шәкәрім орыс ғылымының екі ғасыр шегіндегі жетістіктерін кеңінен пайдаланумен қатар, түрік тарихшыларының зерттеулеріне ықылас қояды. Тұманамада ХІІ ғасырдағы «монғолдың құпия тарихынан» бастап, ХҮІІІ ғасырда жазылған Әбілғазы баһадүр хан шежіресіне дейінгі біраз мұраны мұқият қарастырды. Шәкәрім шежіресінен орта ғасырдағы, монғол тайпалары туралы біршама мағлұмат аламыз. Қазақ халқының шығу тегі, оның негізін құраған рулар туралы мағлұматтар жаңа ғасыр басындағы ғылым деңгейінде. Сонымен қатар, тарихи, ғылыми еңбектер ғана емес, ел аузындағы ескі хикая, көне аңыздар негізінде жазылған шежіреден қазақ халқының құралу кезеңі, қазақтың ұлттық тарихы болғандығын ата-бабалардың келгендігі, халық бостандығы мен болғандығы көрсетіледі. Жекелеген жаңсақ деректерін тарихи көзқарастың жоқтығына қарамастан, халық өткерген кешу жолы дұрыс байыпталады. Автордың алға тартқаны қазақ қанша ықылымнан бері ата мекен жерінде өсіп-өркендеп келе жатқанын бағзы замандардың өзінде елі ел болған дейтін өзекті түйін. Осылайша Шәкәрім өз елінің өткенін мақтанышпен жазады.

          Ол ел тарихын қоғамның әлеуметтік және рухани өмірінің бірлігі ретінде қарастырады. Сол бірліктің ыдырауы қазақ еліндегі барлық қырсық, жолсыздық , әлеуметтік бытыраудың себебі болғандығын көрсеткісі келеді.

                                 Қалжың емес, қам үшін жаздым мұны,

                                  Білсін деп кейінгілер түп атасын.

Әрине, «атаны атағанмен білім артпас». Сүйтсе де білген адам ақылы болса, қазақтың түбіне қай нәрсе жеткенін түйіндейді. «Көре алмай бірін-бірі күндеймін деп, не болды соның арты байқасаңдар»[] күндермен қатар, Шәкәрім бос мақтанға салынудан да өте орынды ескертеді:

                                 Дос мақтайды сені жақсы көрмек үшін,

                                 Дұспан мақтар елерте бермей үшін.

                                 Есептей есірік елін мақтар,

                                 Көп нені айтса соны айтып ермек үшін[]

          Мақтан үшін сарайлар салынды, космосқа кемелер ұшырылып, олимпиада ойындары жоспарланып, сырттан келгендерге талғамсыз қонақжайлықпен төрімізден орын беріліп, ал бұрында шеттетіліп келген ұлт өкілдерінің әлеуметтік қал-жағдайы бұрынғыдан да нашарлап бара жатқан кезең үшін жүз жыл бұрын айтылған дана ескертуі, әсіресе бүгін әлдеқайда мәнді кеңеске айналып отыр.

          Жалпы қай елде болмасын ағартушылық идеясы ұлттық мүддемен тығыз байланысты. «Елден басқа қайғым жоқ», деп өткен ұлтжанды ойшыл алпысқа жуық өлеңін халқына, оның хал-жайымен рухани өмірі жағдайына арнайды. Жер аралап, талай мәдениетті елді көрген, талайын сынаған Шәкәрім оларды өз елімен салыстыра келіп, арасындағы жер мен көктей айырмашылықты көргенде, жапан далада мәдениет, өнер, ғылым сәулесінен шет қалып, азып-тозып бара жатқан қазағын қайтсем ел қыламын, қатарға кіргіземін деп қайғыланады.

          «Елді бұзған не десең  — кетті наным» деп Шәкәрім қазақтың бір-біріне жауығып, жамандық ойлаған, бірлігі ыдырап, бас-басына бытыраған жайын айтады.

                               Бір көзің бір көзіңе сенбеген соң,

                               Аңдиды ана көздің не қылғанын.

                               Бірлік түгіл иман жоқ наным кетсе,

                              Жаулық түгіл жанжал да шықпас еді.

                               Ант етпей-ақ айтылған сөзге жетсе.

          Келешегі қараңғы, сорлы жұртын тығырықтан шығарудың жолы – халық түсінігінің өзгеруі деген тоқтамға келеді. Жабайы тұрмыс, сүреңсіз өмірден өркениетті мемлекет, мәдениет жұлдызына айналу жолы, білім атты сапалы секіріс арқылы ғана іске асатындығын насихаттайды. Қазақтың ғылым, білім, әділет үшін қам жемей, тек мал үшін қайғыруы жетімсіз іс екенін түсіндіріп:

                                          Ғылым бір кенің ғой,

                                          Ауырсаң емің ғой,

                                          Бәріне жетеді, []

                                          Әрі ермек, әрі пайда, әрі дұрыс

Демейді қолөнерді ешкім бұрыс.[]деп өнерді мақтайды.

          «Ар мен ынсап» деген өлеңінде бұлдыр мен анықтың арасын айырмайтын жұртының надандығына, оның ұсақ түйек тіршілігіне күйініп, үмітсіздікке салынғаны, сонда ой мен қайрат, сабыр мен ынсап, сақтық , ұят, рақым, ар көмекке келіп, саңырау надан елінің көзі мен құлағын оқу ғылым арқылы ашуды, сондвй «сумен» суғарылған ел ғана өз нәрін алған «азыққа» ұмтылатынын айтып ақыл бергенін жазады.

          “Шаруа мен ысырап” өлеңінде сырт сұлулығын ғана ойлайтын кербездердің есепсіз даңғайлығын, ойсыздығын сынап келіп, жылтырауық тағып әркімге мазақ болғаннан “іштегі нұрды” таза сақтауға, таза жүріп, адал шаруаны кәсіп қылуға шақырады. “Ер қоспақ пен сөз сөйлемек” “Хайуан мен ақымақтар” өлеңдеріндегі адамдарға беретін салыстырмалы, психологиялық сипаттамалары өте мәнді. Шәкәрімнің қай шығармаларында болмасын халқының ақкөңіл  аңғалдығымен астасып жататын надандығы, “Шолақ ойлап шолтаңдап, бір күндік даңғаза үшін мақтанқұмарлығы”, бір күндік даңғаза үшін жанын сатуға бар арсыздығы өткір сыналады.

 

                              Іс қылады таптым деп біздің қазақ,

                             Онан көрген пайдасы болады аз-ақ,

                             Ақырында ол ісі зиян шығып,

                             Көрінгенге күлкі мен болар мазақ.

                           “Құдай кешер алда”-деп күнә қылмақ

                            Ар кетіріп, ант ішіп, жан сатылмақ!

                            Не жалғанда немесе ақыретте,

                            Оңа алмастай өкпеден бір атылмақ.[]

 

Бұл пікірі жоқ, тұтынатын жалы жоқ, ұлтының емес,басын қаын ойлап жүрген, Абай “пысықтар” атаған қулар бейнесіне жаны күйініп, ұсақтап кеткен қазақ баласының, ұлт ұрпағының жөнделіп, көңілге қуат қыларлық іске жетеріне  сенімі азаяды:

 

                             Адалдың жолы болар заман бар ма?

                             Жем болдық шын жексұрын надандарға,

                             Адастық деп отырмын айғай салып,

                             Бар тапқаным сол болды, амал бар ма?[]

 

Шәкәрімнің нағыз жүректен қайнап  шыққан нала-шері, меңіреу надандыққа, рухани саңыраулыққа сөзі өтпей, айласы болмай, шарасыздықтан туған күйі, ащы зары жан айғайы “Тағы сорлы қазақ өлеңнде көрінеді:

 

                            Салынған қала жоқ,

                            Оқытқан бала жоқ.

                            Қолында өнер жоқ,

                            Ғылымда дана жоқ.

                    Қалалық жері жоқ,

                    Еңбектің тері жоқ.

                    Пайдасыз шығыншыл,

                    Қазақтың сері жоқ.

                    Қазынасы тағы жоқ,

                    Басында бағы жоқ,

                    Партш барымта…

                    Ісінің ағы жоқ

                    Қуаты күші жоқ,

                    Түзелер кезі жоқ,

                    Түзетер тезі жоқ.

                   Жер жүзі халқының қазақтан езі жоқ.[]

 

          Өнер-ғылымнан, бақ-дәулеттен, ақылгөй данадан, жолбасшы көсемнен сорлы қалған, неқылған бейшара елміз деп күңіренеді. Қазақта білім, сана, әлеуметшілдік, ұлттыұ сезім жоқтығына қорланады, налиды.

 

                           Ей, көп халық, көп халық,

                           Көп те болсаң шөп халық-деп саны бар сапасы жоқ екенін білдіре, ұлт намысына тие сөйлейді. Бірақ бұл сөздерді өз халқын кемсіту,мұқату үшін емес,жанына, намысына тию үшін айтады. Халықтың бойындағы жақсы қасиеттерді ешкім мансұқ етпек емес, ал жағымсыз қылықтарды айту, өзіңді өзің аяусыз сынау өз дертіңді өзің анықтау-кеселді дерттен құтылу тәсілі ретінде қолданылады.

          Азамат болсаң қазағыңа пайда тигіз, шын жүрегіңмен ұлтыңа адал қызмет ет деп азаматқа сын айтады:

                               Адамдық борышың,-

                               Халқыңа еңбек қыл,

                               Ақ жолдан айнымай,

                               Ар сақта, оны біл.

 

                   Талаптан да, білім мен өнер үйрен,

                   Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл.

                   Мақтанғанға салынба мансаптың тағы үшін

                   Нәпсіңе билетпе басыңның бағы үшін.

                   Өміріңді сарып қыл өлгеніңше,

                   Жоба тап, жол көрсет, келешек қамы үшін.

                   Қайтадан қайрылып қауымға келмейсің,

                   Барыңды, нәріңді тірлікте бергейсің.

                   Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң.

                   Шын бақыт-

                   Осыны ұқ

                   Мәңгілік өлмейсің![]

Шәкәрімнің барлық ірі шығармаларындағы (“Жолсыз қаза”, “Қалқаман–мамыр”,“Әділ-Мария”)сюжеттер, тағдырлар,бейнелер,образдар, заман мен жағдай жемісі, адам санасы мен мезгіл моралінің көрінісі. Барлығының түп негізі әлеуметтік жағдаяттарға барып тіреледі. Осылайша Шәкәрім шығармаларындағы басты арқау, негізгі тұғыр-қоғам өмірі, әлеумет ахуалынан өрістейтіндігін көреміз. Басты қайшылық мінез бен мінез арасынан емес, адам мен қоғам арасынан туындайды. Және тартыс мәні, шешім сыры сан-саналы.

          Шәкәрім адам спецификасы, оның әлеуметтік орны-моральдық белсенділігі мен өзгертуші күшінде деп біледі. Ал оған тек білім арқылы, өзін-өзі тану арқылы жетуге болады. Бүгін әлеуметтік революция фактіге айналған, адамның рухани дамуының негіздері өзгеріп, тұлғаны рухани жетілдіру мәселесі қосалқы сұраққа негізсіз айналып, әлеуметік қамсыздандырылмағандар мен ұлт келещегі-жастар жайы жиі естен шығып әркім-ақ білім-қабілет дәрежесі мен әлеуметік орнын ұмытып төрге озуға, кеудемсоқтыққа салынып көсемсіп немесе қыбын тауып қалтасын толтыруға кірісіп жатқан заманда:

 

                                      Атадан қалған ақ сауыт,

                                      Арамға әбден былғанды.

                                      Басшысы жоқ сорлы елдің

                                      Малы мен басы ылғанды.

                                      Өнер қылды “жақсылар”

                                      Қасқырша елді жұлғанды,

                                     Елеріп, еріп, көп ел жүр.

                                     Білмейді құдай ұрғанды, [ ]-деп ашынуы мен:

 

                                   “Көрмедім көш бастаған қазақ ұлын.

                                     Кеңірдек өңеш кетіп, қалды жұлын.

                                     Бәрің есті, батырсың, айлалысың,

                                     Қазақтың түзеттіңбе жалғыз қылын?![]

деген жан айғайы кімді де болса ойландырарлық.

 

          Шәкәрімнің әлеуметік-этикалық көзқарастары қазақ халқының қоғамдық дамуының обьективті процестерінің ғылыми жинақталған көрінісі болды деп айта алмаймыз. Әйтсе де олар обьективті шындықты сақтаған, рухани тарихымызда прогрессивті роль атқарған уақыт, заман талабы мен міндеттерін бейнеледі.

 

                                             2.3 Ұждан

 

          Шәкәрім өзі жасаған “жан дініне” келер болсақ, бұзылмайтын мәңгілік жаңарып жоғарылайтын жанның тілегі бар.Ол-ұждан.

         “Жан екі өмірде де азығы-ұждан.[ ]

Ұждан деген-ынсап, әділет, мейірім жан тіпті жоғалмайтын, бұзылмайтын нәрсе, барған сайын жоғарылайтын нәрсе. Сондықтан тезірек жоғарылауға себеп керек қылады.Мәселен, таза дене, таза, толық мінез,ой, істер керек қылады.Соның қатты керегі совесть-ұждан.

Оны осы өмір үшін керек қылмайды. Соңғы өмір үшін керек қылады. Себебі,егер бұл өмір үшін керек болса ол не пайда, не мақтан үшін ғана болады.[  ]

           Шәкәрімнің философиялық концепциясының қорытындысы, жұртына ұсынар теориясы біріншіден, ойшылдың дәстүрлі әдіс пен үйреншікті жолды қаламайтындығы.Дүние негізінен,тіршілік, имандылық адамшылық өлшемі ретінде бір ұғымды алып, оны үш қасиетпен сипаттау әдісі антикалық пифагористер,берісі ортағасырлық шығыс және орта Азия аймақтарына әдетті құбылыс.Мысалы, Баласағұн: кісіге екі дүниеде пайдалы үш нәрсе: ізгі іс ( мінезі түзулік) ұят, әділдік және үш пайдасыз нәрсе бар: жауыздық, жалғандық, сараңдық десе, Абай: “қасиетті адам бойында үш нәрсе қатар сақталуға тиіс ақыл, қайрат, жүрек.”Немесе күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек әуелі – надандық, екінші еріншектік, үшінші-залымдық деп білемін.[  ]

            Ұждан дегеніміз, әділет, ынсап, мейірім дейді Шәкәрім.

          “Адам баласының ауыр күн көрістен құтылып, бақытты болуына себеп болатын Европадағы ғылымды мен  екі жікке айырып ұғамын, бірі ар азығы, бірі дене азығы.

Ар азығы дегеніміз- “әділдік”, дейді, -Сұлтанмахмұт

         Тек бұлар ғана емес қазақ ақын, жырауларында, ойшылдарында адам өміріне, адам жанына қажетті қасиеттер тізімі ұзын. Шәкәрім неліктен солардың ішінен үшеуін бөліп көрсетіп “ұждан”атайды және ол үшеуінің ішінде неге әділет бірінші тұр? Адам мен адам,ел мен ел арасындағы,тұрмыстағы,өмірдегі,тарихтағы әділетсіздікті көріп өскендіктен және өткендіктен бе? Әлде, ұғым тамыры әріде жатыр ма?

          Платон өзінің идеалды мемлекет тұрғындарын үш әлеуметтік топқа бөлген: мемлекет басшысы, билеушілер-философтар, стратектер-әскери адамдар, өндірушілер-кәсіпкерлер мен диқандар.Осы үш сословиеге тура келетін үш ізгі қасиет бар:даналық-философтардың ерекшелігі, батырлық-әскердің қасиеті, ал қанағат, нысап-халықтық қасиет және осылардың бәріне ортақ тиісті, сонымен қатар бәрінен жоғарғы тұрған ізгі қасиет бар.Ол-әділдік.

          Осылайша басы  Платоннан басталып, кейін мұсылман философтары әділдікті жанға, ақыл-ойға сай және оған  қажет ізгілік ретінде қарастыра бастады.

          Сопылық тану бағыты өкілдерінің ілімдерінде жетілу принципі ең алдымен өз-өзін адамшылық жағынан жетілдіру дегенді,ал жетілу шыңы-ақиқатты түсіну,әлемдік жанға қосылуды білдіреді.Адам жанының ішкі белгілері ретінде білім,ашу (ыза),тілек және әділет деп төрт қасиет аталады.Төртеуінің ішінде соңғысы алдыңғы үшеуін жүйелеп отырады.Ізгі адамдарда осы қасиеттер бірқалыпта және үйлесімді болып келеді деп насихатталады.Мысалы,Әл-Ғазали адам жанының моральдық қасиеттерін талдай келіп, “орталық” немесе “мөлшер”, “өлшем” концепциясын былай тұжырымдйды:адам жаны қасиеттерінің  “әділеттен” басқасының бәрінің екі ұшы бар. Бір жағынан бұл-есепсіздік. Екінші жағынан-кемшілік.Екеуінің арасынлда мөлшер, орталық жағдай болуы мүмкін. Осы “ара” немесе “орта”ізгілік болып табылады. Төрт ізгі қасиетке  (даналық,батырлық,ұстамдылық,қанағат) мынадай кемістіктер қарсы тұрады: даналыққа-ақымақтық немесе жамандық,батырлыққа-ойсыздық немесе жүрексіздік,қоқақтық,қанағатшылдыққа-ашкөздік,әділеттілікке-әділеттсіздік.Осы ізгіліктер мен кемістіктер адамның сыртқы іс-әрекеттерінің ішкі көзі,бастаулары болып табылады. Әл-Ғазали әділдіктің қарама-қарсылығы жоқ деп есептейді. Сондықтан ол өлшем немесе үлгі “адам жанының ішкі,нағыз рахат,қалыпты жағдайы” (1)болмақ.

         Ұжданның келесі ұғымы-мейірім.Бұл қасиет Шәкәрімде гумандылық, қайырым, шапағат, махаббат мағнасында қолданылып тұр.Өте ертеден келе жатқан мәңгі гуманистік ұғымдардың бірі.Жалпы махаббат пен әділет барлық діндерде екздесетін,қарастырылатын барлық діндерге ортақ мәселе.Христиандық, мұсылмандық, қайсысы болмасын, нағыз құдай жолы, құдайды мойындаушылық-тек жаратқанды ғана мойындап қоймай, оған ғашық,ынтық болу, оның құдіретін сезіну деп түсіндіреді.Құдай  құдіретін кім нығырақ, көбірек сезілсе, сол биік болмақ.Құдай құдіреті әділет пен махаббаттан көрінеді. “Алла менадам арпсын жалғастырушы-махаббат,-дейді софистер.Махаббатты Алланы тану ісіндегі басты түсінік ретінде дәлелдер негізін қалаған Рабла әл-Адавшта, Әл-Бастами, Әл-Халладж, ибн-Араби, т.б Махаббат философиясы өздерін халықтан алыстатып, дінді саяхатқа айналдыра бастаған ислам жақтаушыларына деген наразылық философияның бір түрі болатын.Дін басылары бұл жалған дүниеде құдайға құлшылық етсең ақысына бақи дүниеде жаның жәннатқа болады десе, соңғылар махаббатта сауда жоқ, адам Алланы ешбір дәлелсіз шын жүректен сүюі керек дейді.

           Шәкәрім мейірім –махаббатты адамдық өлшемі және белгісі ретінде қарастырады.Алла емес, мейірім-махаббат субьектісі-бүкіл адамзат екенің баса айтады.Өмір мен өлім барлық адамға бірдей, сондықтан ең керегі-имандылық деп әр адамның өз рухани болмысының шынайлығын сақтауға шақырады.

Ынсап. Көшпенді өмір сүрген, азға қанағат қылып үйренген қазақ халқы ынсап пен ашкөздік, байлық пен дүниеқоныздылық, ұстамдылық пен қанағатсыздық мәселеріне көп мән берген.

            Құдатғу біліктің-негізгі төрт қағидасын: 1.Әділдік, 2.Дәулет, 3.Ақыл, 4.Қанағат болып келуі тегін емес. Байлық пен дәулет ұғымдарының айырмашылығы бар.Дәулет қашан да байлық, ал байлық үнемі дәулет бола бермейді.Байлықты жинай білсе, оны жұмсай білсе, сараңдыққа салынбаса және ең бастысы, адал жолмен тапса-ол дәулет.Дәулет-ғұмыр сүру үшін, ақырет қамын ойлау үшін қажет…

                           Мақтан үшін мал жина,жан үшін жи,

                           Қазаққа көз сүзбестін қамы үшін жи

                           Арын сатпа,терің сой,адалды ізде

                           Ғибадат пен адалдық ар үшін жи

                           Ерінбесен еңбекке,дәулет дайын

                           Жаратқан жоқ,жатсың деп,бір құдайың [] дейді Шәкәрім «Мал жимақ» деген өлеңінде.білімді адам «дәулетті» «байлықтан» ажырата немесе айыра алады. Ақылсыз ынсапсыздық иесі байлықтың құлы болмақ:

                           Адам жиып мақтанған дәулет емес

                           Алдымызда бір күн бар есеп берер.[]

Осылайша Шәкәрім ынсап ұғымын Сократтағы ұстамдылық мағынасында қолданады. Шәкәрім түсінігінде тұрмыстағы ынсап ішкі рухани дүниедегі қанағаттан туады.

Ғылым-білім. Абай «сезімсіз ақыл шолақ» деп, ғылымды- білім мен сезім синтезі ретінде қарастырып, жүрек қызметін баса айтып, адам бойында ақыл, қайрат, жүректі қатар ұстауға шақырып, сезімнің, жүректің шешуші орнын жақтай сөйлесе, Шәкәрім сезім мүшелерінен хабар алып отыратын мидағы щй қызметін, таза толық ақылды көбірек айтқанмен, ой-әңгіме түйінін жүрекке әкеліп тірей береді. «Шын бақ деген –шын таза жүрек екен,-дейді «Шын бақ қайсы» атты әңгімесінде. «Барлық адамдар тату тұруға негіңзгісі-адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға тиіс»,-деп қорытады «Мен жетпіс екі жасқа келгенше» дем басталатын әңгімесінде.

          Ұждан- Тәңірімен дүние,шексіз бен уақытшаның, обьект пен субьекттің арасын жалғастырушы жан қажеті, сұранысы. Онтологиялық жағынан қарастыратын болсақ,Ұждан-жаннан, жан Алғашқы Себептен таратылады. Бірақ талдау барысында байқағанымыздай, әрбір адамның міндетті міндетті түрде жаны болғанымен, (оған дәлел: ерік, мақсат, ой, талап, сезім, білімі) бәрі бірдей ұжданды болмауы мүмкін. Өйткені «жанымның неге ұмтылатынын» «ұжданды тілейтінін» кей адам надандықтан біле бермейді.

          Қазақстандағы діни ағарту мен тәрбие қоғамның кейбір жоғарғы бөліктеріне ғана тарап, қалың бұқараны қамтығандықтан формальды рәсімдерін шала-шарпы орындап отыратын халқының діннің  рухани мәніне енжарлығын білетін, кезінде «Мұсылмандық шартын» жазып қазақтың діни сауатын ашпақ болған Шәкәрім Тәңіріні, табиғатты, Адамды қатыстыра отырып бірегей концепция жасады. Оның бірегейлігі мынада: шәкәрім теориясында қалың халық мойынұсынғысы келетін Тәңірісі де, оның өзі қозғау беріп жатқан табиғаты да бар.және сол жаратылыстың ең жоғкарғы түрі Адам да бар.

          Шәкәрім жүйесінің ерекшелігі мынада: Адамды Тәңірі жаратқандықтан адам аталуға тиіс емес, ұжданы болғандықтан адам болды және болады. Немесе адам құрылымының басты компоненті- ұждан. Онсыз адамның ішкі гормониясы ыдырап, статусы-«хайуанның арам,насы» дәрежесіне дейін төмендейді. Яғни, адам ұждансыз да өмір сүре алады. Бірақ тілегі орындалмаған жанды оны тазартушы, қозғаушы, итермелеуші күші-ұждан болмағандықтан нашар қасиеттер (нәпсі, зорлық, алдау, мансапқорлық,өзімшілдік, мейірімсіздік, мақтан) жайлап кетеді. Ал оны содан соң не елемеу, не тыйым салу, аскеза арқылы тазартып алу мүмкін болмайды.Адам болмысы баршаға ортақ: көрер қызығы, қайғысы осы екі дүние аралығында өмір мен өлім бәрімізге бір.Олай болса, адамға керегі-имандылық.

          «Адам жанының өлген соңғы өмірі мен ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін ешнәрсе қарайта алмайды, нана алмаған кісінің жүрегін ғылым, өнер, ешбір жол, заң тазарта алмайды.( )

          Осылайша қазақтың Сократы Шәкәрім рухани патшалықты, өмір мәнін  обьективті дүниеден емес, адамның өзінен іздейді және табады. Қозғалыс сыртқа емес, субьекттің өз ішіне бағытталады. Не  табиғаттағы эволюция, не тарих немесе әлеуметтік прогресс адамшылықтың кепілі бола алмайды.Тек қана ұждан.

 

1.Шәкәрім түсінігіндегі «нәпсіні жойып,адам бойында жеке ардың қожа болып қалу жағын көздейтін» ар білімінің негізі осы. Адам болмысының, сыры, адам табиғатының кілті ұжданда тұр.Әрбір ел, мемлекет өзінің азаматы бар кілтипаның осында- нәпсі кеселін тыйып, ұжданын аршып алғанда ғана әділетті қоғам, дәулетті тұрмыс, адамдар арасындағы мейір-шапағатты қарым-қатынасқа алғашқы басты қадам жасалатынын түсінуге тиіс.

 

2.Шәкәрім білімі сенімге, сенім қайтадан адамға алып келеді. Және Шәкәрімдегі сенім абстрактылы гуманизмге емес, нақты адамға, оның болмысы мен сол болмыс құрылдымдарының гармониясына негізделеді.

 

3.Шәкәрім діндар емес, ал оның философиясы діни-этикалық емес дейтініміз осы дан. Өйткені Шәкәрім діни емес, философиялық мәселелерді қарастырады және адам мәселесін осы тұрғыдан шешеді: адамға жұбанышты мақтанышты, сүйінішті адамның өзінен тауып береді.

 

4.Мұсылмандықты сырттай қабылдағанмен сенім обьектісіне айналдырмаған өз халқының жанына жақын, түсінуіне қарапайым, білуіне, өміріне пайдалы концепция жасаудағы ойшылдың интеллектуалдық потенциалын атап өтуге тиіспіз.

          Ерік бостандығы.Шәкәрімнің ерік бостандығы теориясы біліммен, саналы біліммен, саналы мінезбен шебер астасады. Теодиция мәселелеріне Шәкәрім арнайы тоқталған емес.

           Бірақ оның көзқарастарынан бз ойшыл үшін зұлымдық-адам жанының қараңғылығы мен жетілмегендігінің, кемелсіздігінің жемісі деп есептейтіндігін тұжырымдаймыз. Жер беті немесе байлық, Шәкәрім түсінігінше, өздігінен жамандыққа айналмайды. Зұлымдыққа олар адам өмірінде атқаратын роліне бакйланысты айналады. Адамдар әлеміндегі зұлымдық, Шәкәрімше, ненің ақ, ненің дұрыс екендігін айыра алмайтын адам жанының тайыздығын, өресіздігін көрсетеді.

          Сөйтіп, адам ізгілік пен зұлымдық екеуінің бірін таңдауға ерікті. Бірақ, өз толғамының салдарынан туатын іс-әрекетті таңдай алмайды. Адам өмірі , ізгі құндылықтар жайлы білім қаншалықты көп болған сайын тағдыр еркіндігі мен қажеттілігі арасындағы қарама-қарсылық жойылады. Адам өз тағдырына жазылған құпия ашылғанда, ол ешкімнің мәжбүр етуімен емес, өз болмыс табиғатының қалауымен әрекет еткен жағдайда бостандыққа жетеді.

          Шәкәрім адамның өз тағдыры алдындағы ерік бостандығының шектеулілігін мойындағанмен, адам бостандығы ақыл мен еріктің бірлгінде деп тұжырымдайды. Шын, реалды бостандық өлшемі ақылды, саналы таным дәрежесімен анықталады, сондықтан адам өз тағдырымен емес, өз бойындағы білімсіздікмен, білместікпен күресуге тиіс:

 

                                    Қамдан, сақтан, қағып бақ, бәле келсе

                                    Бәрін құдай қылады дегенге ерме.

                                    Қаза келсе өзіңнен, иә біреуден,

                                    Немесе бір нәрсенің себебінен[]

 

          Екіншіден, Шәкәрім түсінігінде, субстанция еркін, өйткені оның іс-әрекеті өз жеке басының қажеттігінен туады. Осылайша Шәкәрім дүниеде қажеттіліктің үстемдік ететінін қостайды. Тағдырға мойынұсыну, көзсіз “тағдыр жазуына” сенуді емес, адам өзі ақиқат деп сенген тағдыр жолын саналылықпен, жауаптылықпен талдауды насихаттайды.

 

                                  Дүние алдамшы, өмір қу есерлерге ,

                                  Есерлікпен жолығар кеселдерге.

                                  Ол екеуі  мін емес, мін өзіңде,

                                  Сөзің бөлек өзгеден десеңдер де.[] 

Шәкәрім өз тағдыр теориясында адам  бірлігін оның физиологиялық, сезімдік және интеллектуалдық тіршілігінің тұтастығын көрсетті.Шәкәрімнің бұл концептуалды құрылымы ХIXғасырда білімнен мешеу қалған қазақ даласында арнайы оқу орнында оқымаған дала ойшылының өзі ізденістері мен талабының нәтижесінде жасалғандықта оның жалпы (бүтін, тұтас) және жеке (бөлшек) физиологиялық және пихологиялы қ арасындағы күрделі қатынастар жөніндегі пікірлері абстрактылы аналогияларға  гипотекалық олқылықтарға жол беріп қойып жатты. Соған қарамастан Шәкәрім осы бағыттағы сыңаржақтылықтан қол үзе қоймаған көптеген теориялардан жоға ры көтерілді.

          Шәкәрім Қазақстанда алғашқылардың бірі болып адам құрамын психикалық құбылыстарды физиологиялық тұрғыдан анализдеуге, жаңа антропологиялық ұғымдар жүйесін жасауға, күрделі «жандық»проце стерді түсіндіруге тырысты. Сол кездегі ғылым дәрежесінің, ойшыл мүмкіндіктерінің шектеулілігі, философиядағы ұғымдық аппараттың кеш қалыптасуына қарамастан Шәкәрім үлкен философиялық жетістік жасады: адамдағы дарынды (ұждан, еңбек,білім)жөніндегі идеялық бағдары арқылы қазақ философиясындағы философиялық антропологияның негізін салды. Шәкәрімнің философиялық ойлау формасының өзі сол кездегі үстемдік етуші философиялық дәстүр жағдайында азаматтық ерлік болатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     Қорытынды

 

          Зерттеу нәтижесі қазақ ойшылы  Шәкәрім Құдайбердіұлының адамға деген философиялық көзқарастарында өэ дәуірінің рухына сай терең де соны гуманистік сипаттағы философиялық жүйе жасағанын көрсетті.

          Шәкәрім дүниетанымы қалыптасуының тарихи-мәдени, философиялық-теориялық алғышарттары қарастырылатын бірінші тараудағы қорытындылар нәтижесінде мынадай тұжырым жасай аламыз: ÕIÕғасыр аяғы мен ÕÕ ғасыр басындағы Қазақстандағы тарихи әлеуметтік саяси оқиғалар мен территориалдық, әкімшілдік өзгерістер экономикалық ілгерілеуге, елдің жалпы тіршілік жағдацының жоғарылауына әкелді. Біраө мұндай прогресс өте қымбатқа түсті, қазақ қоғамының көп ғасырлық өмір салты, әлеуметтік құрылымы, соловиелік иерархиясы, рухани құндылықтары тапталды және жойылды. Соның нәтижесінде қоғамның көзден таса жатқан имансыздық, қатігездік, цинизм сияқты т. б. қасиеттері айқын көрініс береді. Адам, тұлға мәні төмендеді және оны қолдаушы рухани адамшылық қағидалар жүйесі бүтіндей қирады. Адам өмірінің жан-дүниесінің ұлылығы мен нәзіктігі қатар көрініп, жеке индивидтің рхани тірегі-сенім-наным, мұраттарының түгел жойылғандығы анықталды. Ал олардың орнын жан мен жүрек толқыныстары ойландырып жатпайтын арсыз, сезімсіз, есепшілдер мен айлакерлер ғана жеңетін тіршілік күресіне толы қатал реалдылық басты.