МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
- АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
1.1. Табиғи рекреациялық ресурстар
1.2. Әлеуметтік-рекреациялық ресурстар
- АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИЗМ ЖАҒДАЙЫ
2.1. Ақтау қаласының туризм инфрақұрылымы
2.2. Ақтау қаласының тарихи-мәдени нысандары
2.3. Ақтау қаласы бойынша шолу экскурсия
- АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЖАҒДАЙЫ
3.1. Туристік жобалардың анализі
3.2. Ақтау қаласында дамытуға негізделген туризм түрлері
3.3. Каспий теңізі бойынша туризмді дамыту
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасынның туризмді көтеру мәселесі өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осыған байланысты елімізде қазақстандық және шетелдік азаматтардың әр түрлі туристік қызметтерге деген сұраныстарын қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы аса тиімді және бәсекеге қабілетті туристік кешенді іске асыру мақсатында және ұлттық туристік өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін әр ауданда туризмді дамыту бағдарламалары жасалған. Бұл тұрғыда Маңғыстау облысының 2008-2011 жылдарға арналған туризмді дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген. Осы бағдарламаны толықтыру барысында қазіргі уақытта IPK International халықаралық компаниясы мамандарының қатысуымен Маңғыстау облысында 2015 жылға дейін туристік кластер құру мен дамыту мастер-жоспары қолға алынып жатыр. Аталған қаулыда Маңғыстау облысында туристік кластерді дамыту бойынша 17 сервистік нүкте кіргізілген болатын. Бағдарламада ұсынылған 17 сервистік нүктенің бірі болып Ақтау қаласы таңдалған. Яғни, мұнда болашақтағы әлеуметтік, экономикалық, мәдени және туристік дамуды алға қоя отырып, қаланың жаңа заман талабына сай абаттандырудың өзіндік бір қолтанбасын құру. Сонымен қатар, қалалық ғимараттардың басты белгісі болып табылатын мықты денсаулық, жайлылық және экономикалық дамуды көздейтін сапалы өмір сүрудің жаңа дәуренін ұсынатын Ақтау-Cити қалашығының құрлысын жүргізумен бірге Ақтау қаласында 5*-2* қонақ үйлер, Каспий теңізі бойына конгресстік және жаңа гольф-орталықтарын орналастыру, Маңғыстау мұражайын салу мен Каспий теңізі бойынша туризмді дамыту бағыттары ұсынылған болатын. Соған байланысты жұмыстың бірінші бөлімінде толығымен Ақтау қаласының табиғи рекреациялық және әлеуметтік-экономикалық ресурстары туралы қарастырылған. Ал, әлеуметтік-рекреациялық ресурстарына Ақтаудың тарихы мен экономикалық жағдайы, халқы кіргізілген. Сонымен қатар екінші бөлімінде Ақтау қаласынның туризм жағдайы, яғни туризм инфрақұрылымы, мәдени-тарихи нысандар мен таңқалдырар көзтартарлық жерлерін пайдалана отырып қала бойынша шолу экскурсиясын жасап, картаға түсіру. Ал үшінші бөлімінде Ақтау қаласының туризмді дамыту жағыдайын қолға ала отырып, ұсынылған жобалар бойынша анализ жасау, туризмнің түрлерін дамытуға ыңғайлылығы сипаттау, Каспий теңізі бойынша туризмді дамыту қажеттіліктерін қарастыру.
Жұмыстың мақсаты: Ақтау қаласының туристік жағдайы мен болашағы мүмкіндіктерін ашып көрсету.
Міндеттері:
- Ақтау қаласынның туристік-рекреациялық ресурстарын көрсету;
- Ақтау қаласынның туризм жағдайын сипаттау;
- Ақтау қаласының туризмді дамыту жағдайымен таныстыру ;
- Ақтау қаласынның тамаша тарихи-мәдени нысандары бойынша қалаға шолу экскурсия жасау;
- Каспий теңізі бойынша круиз құру.
Өзектілігі: Маңғыстау обылысын туристік потенциалды аймаққа айналдыру барысында 2015 жылға арналған туризмді дамыту бас жоспары бойынша Ақтау қаласынның алдыңғы қырынан көрінуі негізгі өзектілігі.
Тәжірибелік маңызы: жұмыста Ақтау қаласынның географиялық орыны мен табиғи-климаттық ресурстары, қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен туристік инфрақұрылымы талданып, келешектегі туризм жағдайына талдау жасалынды, тарихи-мәдени нысандар бойынша Ақтау қаласына шолу экскурсия құрылды.
Ғылыми-әдістемелік маңызы: дипломдық жұмыста Ақтау қаласынның туризм инфрақұрылымы мен тарихи-мәдени нысандары анықталды. Осы бойынша Ақтау қаласына шолу экскурсия құрылып карта жасалынды.
Жұмысты орындау барысында пайдаланылған әдістер: картографиялық, статистикалық, библиографиялық.
Жұмыс құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім мен қорытындыдан тұрады. Құрылымы 60 беттен, 1 кесте, 9 суреттен құралған. Диплом жұмысын жазу барысында 50 әдебиет пайдаландыылып, қосымша ақпараттары қосылды.
Зерттеу нысаны, пәні: Ақтау қаласының туристік жағдайы, туризмді дамытудағы маңызды рөл атқаратын туристік объектілер болып табылады. Зерттеудің негізгі теоретикалық және методологиялық базасы болып жергілікті және шетелдік авторлардың анықтамалық кітаптары мен Маңғыстау статистикалық мәліметтер болып табылады.
:
- АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
1.1. Табиғи рекреациялық ресурстар
Ақтау (қазақ тілінде «ақ тау» дегенді білдіреді) қаласы Маңғыстау облысының орталығы, Каспий теңізі мен шөл арасында, Қазақстаның оңтүстік-батысында орналасқан. Қала территориясының оңтүстік жағы мен Каспий теңізінің жағалауын Қаракөл қорықшасы алып жатыр. Жер көлемі 14 мың км². Қаланың табиғатына ерекше көрініс беретін Маңғыстаудың жербедерін айқара ашып қарайтын болсақ таңқалдырар жерде баршылық. Себебі, Ақтау қаласы Маңғыстау түбегінің ажырамас қайнар бұлағы. Облыстың көзге көрінер жерінің барлығы қаланың да келбетін құрайды. Сондықтан, олар өздерінің орналасумен, пайда болу тарихымен айрықша әсер береді. Яғни, Каспий мен Арал, Жем мен Бегдашы аралығын алып жатқан байтақ дала бір-біріне ұқсамайтын шөл далаға тән қандай көрініс болатын болса, оларды көпсінбестен айқара ашылған құшағына рет-ретімен сыйғызып, табиғатқа тән өсімдікпен орналастырылған ұлан-ғайыр кеңістік Маңғыстау жері [1].
Маңғыстау облысының батысы мен терістігінен орала қоршаған Каспий теңізі, оңтүстігінде Түркіменстан, оңтүстік-шығысында Қарақалпақстанмен, солт. мен солтүстік-шығысында Атырау, Ақтөбе облыстарымен шектеседі. Сондай-ақ, ол өзінің әр түрлі таулы жазықтарымен, қайталанбас табиғат құрлымымен ерекшеленеді. Сонау солтүстігін керемет Желтау (221 м), Мыңсуалмас (148 м) және құм алқабы (Қарақұм,Сам басқалары), көлемді сор (Өліқолтық, Қайдақ, Қаратүлей, Қаракешу) және Бозашы түбегі орналасқан Каспий жағалауы алып жатыр. Орталық бөлігін Маңғыстау (Ақтау, Қаратау 556 м) таулары, Маңғыстау үстірті және ТМД дағы ең терен ойпат (-132 м) Қарақия орналасқан Маңғыстау түбегі алып жатыр. Оңтүстік батысында Кендірлі-Қаясан үстірті орналасқан, оңтүстігінде – Қарынжарық ойпаты. Облыстың шығысы Үстірт шоқысымен қоршалған [2].
Сонымен қатар, Маңғыстау облысының жері өзінің рельефтік ерекшеліктеріне қарай бірнеше аймақтарға бөлінеді. Бозащы түбегі. Бұған Бозащы жарты аралы түгелімен кіреді. Бұл жарты аралдың орта жоны бір қалыпты қоңырлы, құмды, бұйратты жазықтық болады да, теңізге қарай ойысқан етегі сортаң, сор мен ащылы сораңды кебіртең, кейбір жері қайраңды тегістік болып келеді. Жарты аралдың шығысы теңіз деңгейінен – 26 м төмен жатқан Қайдақ сорымен көмкеріле келіп, оңтүстігінде теңіз деңгейінен – 24 м төмен жатқан Қаракешу, содан батысқа қарай – 19 м белгідегі Қошақ сорымен жалғасады. Ал терістік батысы мен терістігі теңіз деңгейінен – 19-27 м төмен жатқан Каспий теңізімен қоршалған. Орталық таулы Маңғыстау. Бұған батыс және шығыс Қаратау жоталары мен оңтүстік және солтүстік Ақтау тізбектері кіреді. Бұл өңір өзінің жербедері жағынан тектонико-эорзиялық және аридті-дендуациялық (судан, желден, мұздан беті тегістеліп кеткен) аласа таулар тіркесіне жатады. Бұл ауданның жербедері сан алуан биік шоқылар, таулар, жоталар, адырлар мен аңғарлар, бөктерлер, жекелеген төрткілер, эрозиялық өңірлер және су ағатын сайлардан құралады. Таулы Маңғыстау ұзындығы — 117 км, ені 10-15 км-ге созылған батыс және шығыс Қаратаумен оған жарыса жатқан оңтүстік және солтүстік Ақтаулардан тұрады. Орташа биіктігі 300-400 м, биіктігі 532-556 м-ге жететін Отман, Бесшоқы Қаратаудың ең биік тау-шоқыларының санатына жатады. Қаратау сілімдері тек Шығыс Қаратаумен бітпейді, ол одан әрі жалғасып Бесоқты тауы, Қарашық, Қармая, Кендірлі сілімдерімен ұштасып жалпы ұзындығы 300 км-ге дейін созылады. Сол сияқты солтүстік және оңтүстік Ақтауларда батыс басын Таушық, Дәніспан маңынан бастап тұмсығын Үстірт шыңына тіреп, терістік беті Күйекжол арқылы Тұзбайыр тауына жетіп жығылса, екінші беті Алаешкі, Жабайұшқан таулары арқылы жалғаса Бекет ата шыңына үңіле Үкінің ойынан таусылады. Солтүстік Ақтаудың орташа биіктігі 300-327 м болады. Тау жоталары терістікке қарай қоңырлақ бурай, ірілі-уақыты сала болып Бозащы жазығына жалғасып кетеді. Ал оңтүстік Ақтау солтүстік Ақтауларға қарағанда аласа болып келеді де, оңтүстік және оңтүстік батысқа қарай аласарып, бірте-бірте оңтүстік Маңғыстау жазығына жалғасады. Батыс аймақ – Түпқараған түбегі. Түбек солтүстік және батыс беті Каспий теңізімен қоршала келіп үстінгі беті бір тегіс жазықтық бола биіктігі 140-200 м теңізге үңілген жағалық шыңдар сілемін құрайды. Шың жағалауында солтүстіктен оңтүстікке қарай әр түрлі ұзындықта орналасқан және бірнеше бұтақтарға тарамдалған ірілі-уақты, сулы, сулы алқаптар, тұйық сайлар кездеседі. Түпқараған түбегінің оңтүстік беті солтүстігіне қарағанда аласалау: 200 м-ден 70 м-ге дейін, кей жерлері 30 м-ге аласырып сай-салалары адырлы алқаптарға айналады. Бұлардың ішіндегі ең ірілері Саура, Түлкілі, Сақа Құдық, Қарлыбас алқапты аңғарлары Түпқараған дөнінен басталып теңізге барып тіреледі. Алқаптың аяқталар жерлерінде азды-көпті су көздері бар.Оңтүстік батыс адырлы аймақ. Таулы Маңғыстаудың оңтүстік бетіндегі Ақтаулар оңтүстік-батысқа қарай аласара түседі де бірқатар жері тегістікке ұштаса бірқатар жері жыра, сай, әр түрлі салалармен жинақталып келіп, сусыз үлкен аңғар-алқап құрайды. Батыс жағының ені 5-6 км-дей болып Шақырған, Сартаған, Қарақыздан басталған алқап Құйылысқа келіп жинақталып, одан әрі оңтүстікке қарай Ұзынбас сайымен ұштаса Байқасқа тауының астымен Қарақия ойпатына құлайды. Қарақия сорын Қарақия тауы қоршап жатыр. Сордың батысы Боржақты адыры арқылы Исан түбегіне жалғасып одан әрі құмды мүйіс арқылы теңізге сұғына бітеді. Сордың жалпы көлемі 27000 га. Қарақия ойпаты теңіз деңгейінен 132 м төменде жатыр. Қарақия сорының теңіз беті бір тегіс 0,30 м-лік белгідегі қоңырлық болып келеді де арасында табиғи деңгейі төмен, ұзындығы 20 км-ге жуық ағысты алқаптар кездеседі. Оның теңіз деңгейімен салыстарғанда кей жері – 8, орта жері – 20, ал теңіз жағасына жақындаған сайын – 28 м-ге төмендейтін жерлері кездеседі. Шығыс құмдық аймақ. Шығыс құмдық аймақ жербедері мен өсімдік құрамына сәйкес жоғарыда айтылған 4 ауданға қарағанда өз ерекшеліктерімен көзге түсіп оқшауланады. Шығыс құмдық ауданға кіретін Мырзайыр, Басқұдық, Итқара құмы, Тышқан құм, Сеңгір құм, Бостан құм, Сенек, Аққұдық, Қарынжарық құмдары бірі жақын, бірі алыс әр түрлі биіктіктегі шын тауларымен қоршалған. Құмдық аудандардың тау слемдері қойнауына орналасқан аралық сор, одан әрі құмға ауысып бұталы болып келуі өзіндік микроклиматтың ерекшеліктерімен Маңғыстаудың шаруамен айналысатын тұрғындары үшін ең қолайлы қыстақ орын болып есептеледі. Шығыс құмдық ауданның жалпы жер көлемі 220 мың га-ға жуық. Оңтүстік Маңғыстау жазығы. Оңтүстік Маңғыстау жазығы терістігін Өзен, Жетібай дөңінен бастап оңтүстікке қарай бірте-бірте аласарып, оңтүстік-батыс беті Каспий теңізін жағалай Бегдашыға тірелсе, оңтүстік шығысқа Тайғыр, Көкімбай дөңі арқылы Сақсорқа, Қарынжарық құмдарын жағалай Шағала сорға барып тіреледі. Жалпы көлемі бүкіл Маңғыстау жерінің жетіден біріне жуығын алып жатқан бұл тегістік өзінің жер бедері, топырақ және климаттық ерекшеліктерімен өз алдына бөлек, бір аймақ болып есептеледі. Оңтүстік Маңғыстау жазығының ең бірінші ерекшелігі мұнда су көздері өте тапшы, бар суның өзі ащы болып келеді. Топырағы оңтүстікке жүрген сайын ащы-карбонатты қопраңқы, бос көпіршік атып қабыршықтанып жатады. Жаңбыр, қар сулары топраққа тез сіңіп кетеді, сондықтан бұл жазықтықта сай сала, су ағар жыра сирек кездеседі. Керсінше ойдым-ойдым қазаншұңқырлар, ортасы сор (Қуанды, Жазыгүрлі) немесе әр түрлі формадағы жан-жағы түрткіл қыраттармен көмкерілген терең шұңқыр, астау ойлар, шөпті-шөпсіз төбелер, бір-біріне тіресе қатар түзген қаражалдар, адырлар болып келіп, шыңға жақындағанда топырағы қатайып, қабыршық тас араласып, соған сәйкес жер бедері, өсімдіктер дүниесі өзгере бастайды [3].
Үстірт жоны немесе Оңтүстік Үстірт. Үстірт жоның Маңғыстаудың Қаройынан Күйкенің тұмсығынан басталатын Ақшабас, Қаратүйе, Кертті, Аққуыс, Жосалы, Қараған-Босаға, Көксем, Кендірлі, Елшібек, Сүйірші сияқты жағалай ұшпа шыңдар мен жар қабақты таулар бөліп тұрады. Солтүстіктегі Бейнеу мен Ақжігіттен шыға басталып, оңтүстіктегі түркімен жеріне сұғына кіріп, Қырықсегіз теппеден аяқталатын, ал батысы Қараған-Босағадан шығып, қарқалпақтын қасқа жолына тірелетін ұлан-ғайыр дала Үстірт жоны болып табылады. Оңтүстігінде Қожантай, Ботақан, Алтынтапқан, Түзелбай, Жаңбыршы құдықтарының үстімен Қара елді мекеніне қарай орналасқан. Үстірт жонына Қаратүлей, Есенқазақ, Елтеже, Шылпық, Ақсексеуіл, Белсексеуілдің түйелері алып жатыр. Түлейдің өзі және оны маңайлаған жердің топрағы бос, сортан тартып, соған сәйкес шөбі де бұталы күйректеу келеді. Оңтүстік шығыс Үстіртке қарай есептегенде 50-70 км-ге дейінгі Қарнау деп аталатын жердің жайылысы құнарлы болып келеді. Оңтүстік Үстірт жоны мен солтүстік Үстірт жоны Сам және Матай құмдары бөліп жатыр(сурет 1). Сам және Матай құмдарының терістігінен басталатын солтүстік Үстірт жоны батысында Қарақұм, Жем ойпаты мен терістігінде шалқар, шығысында Борсықтың құмы мен Арал теңізіне тіреледі [4].
Сурет 1. Үстірт таулары [5]
Қарағия ойпаты. Қарағия ұзындығы 85 км, 10-25 ені. Шығыс беткейлі тұсында ойыстың түбін бойлай солтүстік батыстан, оңтүстік. шығысқа қарай жазда қарасуларға бөлініп қалатын Ащыағар өзені өтеді. Маңғышылақ жазығының шығыс бөлігі, Ақтау қаласынан 50 км жерде, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа созылған дүние жүзіндегі мұхиттан 132 м төмен жатқан ойпаты. Қарағия — түрік атауы, аударғанда «Қара құлама». Көлікпен пластмасса заводының, Маңғышылақ аулынынан төмен түсе бергенде Жетібай және Жаңаөзен аулына дейін созылған тамаша шөлді пейзажды көруге болады. Маңғышылақ қарауылдары «Қара құлама» түспей түсуге асықпай жолдан тамашалауды ұсынды. Маңғышлақтын басқа жерінде өтпейтін, ойпатта көктемде шампиньон саңырауқұлағы жиналады. Қазір бұл жерде әдемілігмен тамаша қоян, түлкі, қарсақ; зорко муфлоны айналада не болып аңдып жүргендей. Ерте кезде Батыр «Батыл Жауынгер» атауымен көл болған деген аңыздар бар. Одан кейін ойпаты құрылған. Ұзындығы – 40км, ені – 10 км.
Қарақия-Қаракөл қорықшасы 1986 жылы Маңғыстау облысы, Ералиев ауданында орналасқан. Жерінің аумағы 137.5 мың га. Қорықшаны құруда,ы мақсат Қарақия ойпатында сирек кездесетін жануарлар түрлерін сақтау. Қорықша аумағында 9 бұлақ, 3 атпалы су көздері бар. Бор таулар. Ақтау қаласынан 29 шағынаудан жағына, Қаламқас және Форт-Шевченкоға апаратын солтүстік-батыстағы жолға бұрылып Ақшұқыр аулынан Тельман бағытына жүреміз. Тіке жолға түсіп солтүстік-шығысқа бұрыламыз, бұл кезде ланшафт күрт өзгереді. Бірнеше шақырымнан кейін Ақтау тауына, одан кейін ақ аласа оңтүстік Ақтау тауына жетеміз. Солтүстік Ақтау тауына келгенде автотұрақ орналасқан, яғни осы жерге «Борлы тау» атауы берілген. Айналасы ақ қардай шағылысады. Бұл таулар ақ глиан мен әкпен құрылған. Жаңбыр болған кезде бұл жерде сел болып, жолды жапқан ағыннан бағала тастар мен акула тістерін тауып алуға болады. Ақтау Бозащы қорықшасы. Географиялық жағдайы. Ақтау Бозащы қорықшасының жер көлемі 170000 га, Бозащы түбегінің аяғында оңтүстік батысқа қарай және Солтүстік Ақтау тауының батысына құлаған, солтүстіктен теңіз жазығамен Каспий теңізіндегі Қошақ бұғазында орналасқан. Қорықша территориясының ұзындығы солтүстік тен батысқа, оңтүстіктен шығысқа 74 км тен. Қорықша шекарасы Ақтұмсық бұғазынан, Торлүн ауылы арқылы, Түщещағыл құдығы, Құм моласынан Шевченко – Қаржанбас тас жолына шығады. Тас жолдан ары қарай Солтүстік Ақтаудың оңтүстік беткейіне және ол арқылы Шақбақтас үңгірі арқылы теңіз жазығына кіреді. Түбектін табиғаты соншалықты әдемілігіне дүниедегі ешбір ғажайып ұқсамайды [6]. Өсімдіктер мен жануарлары. Маңғыстауға табиғатың сыйға тартқан тамаша өсімдіктері мен жануарлары туралы айтпау мүмкін емес. Облыстың өсімдіктер жамылғысы Қазақстанның басқа шөлді мекендерінен айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл жерде жабайы аңдардың, құстардың, балықтардың неше алуан түрлері шоғырланған. Мысалы, сүт қоректілердің 51, құстардың 350-ге жақын түрі, ал Каспий теңізіндегі балықтардың 130-ға жуық түрі кездеседі. Басқа өңірлермен салыстырғанда Маңғыстауда өте сирек кездесетін, Қызыл кітапқа енгізілген хайуанаттардың түрлері айтарлақтай көп. Оларға Үстірт жабайы тау қойы, қарақұйрық, құлан, қарақал, итаю, мәлін, шұбар, күзен, ала тертесер, кірпі, сабаншы, шағыл мысығы кіреді. Қызыл кітапқа енгізілген 26 түрі кездеседі, олардың ішінде ақсұңқар, ителгі, лашын, үкі, сыңқылдақ аққу, кіші аққу, қоқиқаз, жорға дуадақ, дуадақ, бүркіт, аққұйрықты және кезқұйрықты субүркіт, қызғылт және бұйра бірқазан және т.б. бар. Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың ішінде ең көбі қарақұйрық, олардың бас саны шамамен 1500-1700, одан кейінгі Үстірт жабайы тау қойының бас саны 700-1000-ға жуық, құланның бас саны 80-130-ға жуық, ал аулауға тиым салынған киіктер саны 1000-1200-ге жуық. Бұлардың көбісінің шоғырланған жерлері Маңғыстаудың Бозащы түбегі, үстірт Қаратау бөктерлері және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар. Олардан басқа облыс аумағында кәсіптік маңызы бар аң-құстар да мекендейді: жабайы доңыз – 200, қасқыр – 3000, түлкі – 4700, шибөрі – 300, қарсақ – 2800, қоян – 17000, сасық күзен – 100, қаз – 6000, үйрек – 185000, кекілік – 80000, бөдене – 37500 бас шамасында. Жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтап қалу үшін облыс көлемінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасымен қатар Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы (көлемі 223,3 мың га), Ақтау-Бозащы мемлекеттік зоологиялық қаумалы (137,5 мың га), Қарақия-Қаракөл мемлекеттік зоологилық қаумалы (137,2 мың га), Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағы (1231 мың га), Маңғышылақ эксперименталды ботаникалық бағы жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында жаңа аң шаруашылықтары ашылды: Қаржанбас (56,7 мың га), Қияқты (165,2 мың га), Қаратау (88,5 мың га), Голубая бухта (68,7 мың га) және т.б. Сонымен қатар облыста өсімдіктердің 622 түрі өседі. Олардың 40 түрі облыстық Қызыл кітапқа, ал 7 түрі Республикалық қызыл кітапқа енгізілген [6].
Маңғышылақтың емдік сулары. Маңғыстау облысының жерасты суларынның бір бөлігін арасан (минералды) және ыстық (термалды) сулар құрайды. Арасан мен ыстық сулар емдік қасиетке ие жерасты сулары. Олардың осындай қасиетті температурасы мен химиялық құрамына байланысты. Арасан су деп құрамындағы қатты заттардың мөлшері 1г/л асатын немесе көмірқышқыл газы, басқада пайдалы микроэлементтерге ие, температурасы +200 С-тан жоғары суды айтады. Қазіргі кезде облыс аумағынан көптеген араспан сулар табылып отыр. Облыстағы осындай емдік сулардың тұңғышы Құрық суы әзірге пайдаланылып отырған жалғыз су көзі. Құм температурасы 69,70С, 1км-ге жуық терендіктен шығады. Соңғы кезде геологиялық ізденістер нәтижесінде Шетпе маңында «Көгез» минералды суы, сондай ақ осындай жерасты суларының Қорғанбай, Жоласқан-Еспілісай, Дөңге, Солтүстік Үстірттегі Арыстан, Қарақұдық, Терең, Құялы, Арнаса топ тары табылып отыр. Сонымен қатар оңтүстік Бозащы мен Қарақия арасан су көздері іздестірілуде Маңғышылақ көптеген емдік суларды өзінен ағызады: хлоридты, бромдық, натриевты. Маңғышылақ емдік қайнар көздердін тобын ашты. Құмды мысынынан созылған даласында қайнар көз орналасқан. Бұл жердегі емдік базалар осы жердің суын түрлі жағдайларға пайдаланады. Демалу базасы, жылы жағажай мен Қаракөл өзенінде емдік суларды қолдану негізгі болып табылыды. Живописті әдемі өзеннің жағасы бұталамен қаптап өскен. Мұнда көп жылдар бойы фламинго ұшып келеді, оларды күзде де көруге болады, бұл өзен тіпті қатты қыста да қатпайды. Көпірден өтіп ыстық қайнар көзге баруғада болады. Сондай-ақ, Маңғыстау жер асты суларыменде ерекшеленеді. Бұл жерден зерттеушілер таза престі су тауып алып, ол жерге: техникалық, емдік, ыстық суларды өндіретін құрылғылар орнатқан. Географиялық орналасуына, геологиялық құрылымына қарай ерекше жаратылған Қарамая тауы мен Көкесем шатқалдары – басқа еш жерде қайталанбайтын құбылыстар. Көкесем шатқалдары-қорық аумағындағы тұщы су көздері бар, табиғаты әсем, ерекше түзілімді мекен атауы. Үстірт жонының батысқа еңкіштей құлаған, қатты тілімденген шатқал сайлары – тау табиғатын ажарландырып тұр. Шың етегінде Көкесем тұщы сулы бұлағы және шың басында Көкесем құдығы бар. Суының дәмділігіне байланысты «Ойда Талақ, қырда Көкесем» деп айтылатын және осыған байланысты шыққан аңыз ауыз екі тілде ұмытылмай келеді [7].
Каспий маңы атрезиан алабы. Каспий теңізінің солтүстігінде орналасқан дүние жүзіндегі ең терен ойысты алып жатқан сулы алқап. Жалпы ауданы 700 мың км2. Құрылымы палеозойға дейінгі түзілімдерден бастап қазіргі шөгінділерге дейінгі үздіксіз жиналған қабаттардан тұрады. Құмды-құмтасты шөгінділерде шөғырланған артезиандық су қабаттарынның тереңдігі алаптың орталығында 20-23 км-ге дейін жетеді. Жер бетінен төмен деген сайын әр қабаттың су өнімділігі кеміп, минералдары арта түседі. Ойыстың шығыс, оңт.- шығысында жер бетіне жақын жатқан қабаттарда көбінесе, бор кезеңінің құмтасты шөгінділеріндегі судың минералдылығы 1-3 г/л болса, ойыстың орталығындағы тереңде жатқан сулы қабаттарда 350-550 г/л болады. Су құрамында бром, бор, стронций, йод, рубидий, цезий сияқы құнды микро элементтер бар [3].
Өнере – Маңғыстаудың оңтүстік-шығысында, оңтүстіктен солтүстікке қарай ағып жатқан, ұзындығы 7,5-8 шақырымдай бұлақ атауы. «Өнере» атауы түрікмен тілінде «өскен, көбейген» деген мағынаны береді. Өнере бұлағының негізгі қорегі – жер асты суы. Су арнасының кеңдігі 1-1,5 м, тереңдігі 0,8-1 м. Өзен алабының кеңдігі 8-10 м. Суы ащы, мөлдір. Суда балық немесе басқалай ірі тіршілік иелері байқалмаған. Ұсақ су жәндіктері көптеп кездеседі. Жағасында қамыс, қоға-ши, жыңғыл сарсазан, сораң түрлері, кермек өседі. Топырағы сазды-карбоналды, тастақ. Топырақ құрамындағы минерал-тұздар кристалданып, слюда қабыршақтарын құраған. Өсімдік жамылғысы сирек, шашыранды орналасқан. Бұйырғын, сораң шөптер қырға қарай біртіндеп сораңды-жусанды далаға айнала бастайды. Жануарлары – қарақұйрық, қасқыр, түлкі және осы маңайда «Қызыл кітапқа» тіркелген ерекше. Көгілдір бухта. Маңғышылақ аралы жүздеген км тасты каспий жағалауы, шексіз көлемді көлдер, сондай-ақ алтын құмды жағалаулар. Осындай маржанның бірі – Көгілдір бухта. Жылы құмда жатып теңіздің қалай ауысатындығын тамашалауға болады. Қазір ғана көк болса, 1-2 минуттан кейін жасыл, сосын сұр түске айналып, қайтадан көкке ауысады [8].
Каспий теңізі – әлемдегі ең үлкен көлі деп есептеліп теңіз атағына ие. Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Каспий аумағы – 371000 км2, ең терең орны – 1025 м. Теңіз кескіні S әрпіне тәріздес. Қазақстан жеріне оның солтүстігі мен солтүстік-шығысы кіреді. Каспий теңізінің деңгейі мұхит денгейінен 28 м төмен. Жеріміздегі теңіздің жағалауы 2340 км. Теңіз бассейнінің су қоры 3,5 млн км2 құрайды. Көлдегі су деңгейінің жоғары көтерілу кезі сәуірден шілдеге дейін, төмендеуі қыста. Су бетінің орташа температурасы 24-26 дейін көтеріледі. Сондай-ақ балық кәсіпшілігінің 80% құрайды. Каспий теңізінің негізгі түбектері: Ағрахан, Абшерон – Каспийдің батыс жағында, Әзірбайжанда орналасқан және Бозашы. Орташа ені 400 шақырымдық, солтүстіктен оңтүстікке 1200 шақырымға созыла отырып, ол бес тәуелсіз мемлекеттің жағалауын жуып өтеді және өзара екі ірі құрлық – Еуропа мен Азияны байланыстырады. Каспийдің жағалау сызығының ұзындығы 7 мың шақырым, жалпы ауданы шамамен 400 мың шаршы шақырымды құрайды, ол Балтық, Адриат, Ақ теңіздер сияқты Дүниежүзілік мұхиттың бірнеше теңіздерінің аумағынан біршама асып түседі. Каспий теңізінің қазіргі өсімдіктер дүниесі қарапайым кіші организмдерден бастап қалыптасқан өсімдіктерге дейінгі саны 728 түрге жетеді. Онда өмір сүретін теңіз флорасы бірнеше қайтара тұздану мен тұщыланудың әсерімен түбегейлі өзгерістерге ұшырады, соның нәтижесінде тұщы суда өмір сүретін түрлері көбейді және теңіз флорасы барынша азайып кетті. Каспий теңізін жануарлардың 1809 түрлері мекендейді. Каспий теңізі – флора мен фауна, соның ішінде бұрын дүниежүзілік кәсіпшілік өндірудің сексен пайызынан артығын қамтамасыз еткен бекіре тұқымдас балықтардың дүниежүзілік табынын бізге көненің көзіндей етіп жеткізген табиғаттың ғажап жаратылысы. Каспийді мекендеушілердің біреуіне ерекше тоқталсақ. Ол – Каспий итбалығы. Ғалымдар солтүстікті мекендеушінің қалайша жылы теңізге келгендігіне жауап таба алмауда. Бүгінде Каспий итбалығының қаңқаларын біздің теңіз Дүниежүзілік мұхиттың бір бөлігі болған ерте кездегі ежелгі геологиялық шөгінділерінен табылған. Итбалық – сүтқоректілер мен олардың ежелгі арғы тегі құрлықта, алғашқы дәуірдің ормандарында аң аулаған. Сондықтан жергілікті қазақтар оны дәлме-дәл «итбалық» деп атаған. Каспий итбалығының толық жойылып кету қаупі бар. Ересек итбалықтар да, олардың балалары кәсіпшілік аулаудың объектісі болып отыр. 1944 жылы 290 мың итбалық ауланған, содан кейін итбалықтың қауымдасу саны төмендей бастағандығы туралы мәліметтер бар. Аңдарды аулауға тиым салында. Итбалықтардың қауымдасуы қайта қалпына келтірілді және кейбір деректер бойынша 600 мың басқа жеткен. Құпияға бөленген Гиркан теңізі оның жауынгерлері сияқты халықтың есінде қол жетпейтін құм дөңдерде жоғалып кетіп, қиялын жаулап алған аңызбен қалды [9].
Климаты. Шұғыл континенталды және құрғақ. Қаңтарда орташа температура 4–9о, шілдеде +27о дейін. Қысы қатты, желді және аз қарлы. Көктем тәртібі бойынша қысқа, құрғақ, желді болып келеді, жазы ыстық, бұлтсыз, тамаша құбылыс, ал күз болса жалғастырушы және жылы осыған байланысты ойламаған жерден ауаның температурасының тербелуі мезгілдік және күнаралық болады. Облыстың барлық территориясы қоңыржай ендікте жатыр. Мұнда климат облыстың еуразия материгінің ішінде орналасуымен, мұхиттардан алыс жатқандығының сипаты. Қазақстан территориясындағыдай түбек климатына негізгі үш фактор әсерінен құбылып тұрады: космостық және күн радиациясы, планеталық немесе атмосфералық циркулияция, географиялық немесе жоғарлылық төселген. Каспий теңізінің жақын орналасуына байланысты қала территориясының климаты әртүрлі сипатталады. Жағалаудан 5-6 км жерде, жағалау бөлігінде жылдам мезгілдік тербеліс және күнделікті ауа температурасы белгілі осыған байланысты жылдақ амплитудасы тербелісінен ауа температурасы көтеріліп тұрады. Орта жылдық ауа температурасы +110. Ең ыстық айы шілде орташа ауа темерптурасымен +28+30о эквадор ауасына сәйкес келеді. Ең суық айы қаңтар орташа температурамен 4о-5о. Мұнда әлсіз ылғалдылық байқалады, жазғы ауа температурасы мен жылдық төменгі ауа тербеліп тұрады. Абсолютті жылдық минимум температура 26-34о, ал максимум 43-450, ал топырақ беті 60-70 ке дейін ысиды. Ең ыстық шілде мен тамыз айлары. Күздік аяз қарашаның аяғында басталады. Температураның жылдық абсолюттік минимумы 26-300 шамасы, ал максимумы 34-350 . Ауа температурасының жылдық амплитудасы 70-750. Жылдық температура 4300-46000 жылыққа жеттеді, жерден ұшатын ылғал жылына 1500 мм жетеді. Жылына ашық күндер 250. Жазды күндері бұлт көп байқалмайды
Жылдық жауын-шашын. Орташа жылдық ауа ылғалдылығы 66%, жазда 50-60%, күзде 48%. Жылдық жауын-шашын мөлшері 100-150. Солтүстік жағалауға ылғал көп түседі, яғни Маңғыстау таулары солтүстік-батыс ылғалды желдері үшін тосқауыл. Оңтүстік-шығыс бөлігі аз көлемде жауын-шашынмен шөлді дала болып келеді және ылғалдылық төмен. Жыл бойына ылғалдылық кебір кезде брдей болады: көктемде – 36 мм, күзде – 33 мм, қыста – 43 мм. Қар жамылғысы 5-10 см. Қар тұрақсыз, қаңтарға дейін жоғалып кетеді, наурыз айына дейін кей кездерде шыдамайды. Ең алғашқы қар қазанда тіркелген болса, соңғысы ақпанда болады [10].
Облыс территориясында жыл ішінде негізгі үш ауа массасы келеді: арктикалық, қоңыржай континенталды, тропикалық. Солтүстікте қыста соққан жел солтүстік-шығыс болса, оңтүстікте қыста оңтүстік-шығыс, жазда солтүстік-батыс жел соғады. Маңғыстауда қысқы уақытта Сібір антициклоны әсер етеді. Қыста облыстың көп бөлігіне Солтүстік Мұзды мұхитының салқы ауа массалары енсе, жазда оңтүстіктен тропикалық ауа массалары соғады, шөлді Орта Азиядан құрғақ пен шөлді әкеледі. Амплитуданың тербелу кезінде ауа температурасы 20о болса 15-20 м/сек қатты жел пайда болады, желдің ең жоғарғы жылдамдығы 34 м/сек. Жылына тыныш желсіз ауа райы 60-10%, 15м/сек жылдамдықпен жел соқса шаңды болып келеді. Каспий жағалауында сәуірден тамызға дейін бриз желі соғады, бұл облыстың жағалауындағы микроклиматты анықтап, жазғы кезеңдегі ыстықты жұмсартады.
1.2 Әлеуметтік-рекреациялық ресурстар
Тарихы. Кеңес одағы кезінде Қазақстаның геологиялық картасын жасауда қазақ ғылыми аспананың темірқазығы, аса дарынды ғалым Қ.Сатпаев еңбегі бұрынғы Одақ көлемінде еленіп, бағаланған жұртшылық хабардар. Табиғаты қатал, сырт қарағанда құлазыған шөлді аймақ – жарты арал Сатпаев көзіне боталауы жақын, ыңыранып тұрған аруана тәрізді болып көрінер. Жалпы көлемі 170 мың-ға км-ге жуық, сор мен құм, тау мен тас қоршаған жердің асты адам айтса нанғысыз байлық болатынды. Оны зерделеп ойша алғаш танығанда қазақтың ұлағатты ұлы Қ.Сатпаев десек артық айтқанды болмаспыз. Мұнай, газ, таскөмір, мыс, жез, марганец минералдар қазына қоры тұнып жатты [11].
Өткен ғасырдың 60-шы жылдарының басында Кеңес Үкіметі Маңғыстау өлкесін Түркімен КСРО-ы құрамына бермекші болғаның жұрттың біреуі білседе, біреуі білмес. Бірақ жағдайды уақытында білген Қ.Сатпаев Н.С.Хрущев қабылдануда болып, 3 күн бойы ғылыми құжаттарды көрсете келе, олай істеуге болмайтындығын дәлелдеп тоқтаттырған. Осылайша, бүкіл өлкедегі бүгінгі және ертенгі ұрпақ пен жер тағдыры таразыға түскенде мәселе оң шешіліп, қазіргідей жаймашуақ заманға жетті. Мұны айтып кетуімнің өзіндік себебі бар, осындай өлкенің тартқан тауқметімен бірге Ақтау қаласыда бой көтерген болатын. Әрине, ару – Ақтау осылай бола қойған жоқ. Оның өзіндік ерекшелеу тарихы бар. Мұқият дайындықтардан кейін, 1958 жылы В.Карапивин деген партияның бас инженері орынбасарының басшылығымен, кеншілердің бірінші бригадасы құрылып, осы жерде уран қорының бар екендігі анықталды. Осыған байланысты, КСРО Министрлер кеңесінің қаулысымен Маңғыстауда 1959 жылы қаңтар айында Кен байыту комбинатын салу шешімі дүниеге келді. Сөйтіп орта машина жасау министірлігінің аталған комбинат дирекциясын құру туралы бұйрығы шықты [12].
1964 жылы әлемде бірінші болып, Ақтауда шапшаң нейтронды атом электорстанциясы құрлысы басталды. Мұның негізгі атқаратын қызметі – теңіз суын тұщыту, энергиямен қамтамасыз ету еді. Бұл адам тарихында теңдесі жоқ ғылыми жетістік, ерлік іс. Сонымен қатар, 1973 жыл Маңғыстау өңірі үшін оның ішінде Ақтау қаласы үшін де айрықша кезең болды. Біріккен ұйымдар арқасында қаланың адам танымастай өзгеруі басталды. Экономика, мәдениет, денсаулық сақтау істеріне түбегейлі өзгерістер енді. Соның ішінде кадрлар дайындауға Ақтау қаласынан институт, мұнайшылар факултетін ашу туралы қадамдар іске асырылды. Жылдар өте Ақтау қаласында бірнешеленген типтік мектептер мен бала бақшалары салынды. Ақтау қаласында республика бойынша бірінші болып типтік мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты іске қосылды. Уақыт өте келе жер үйлерде тұратындарға жан-жақты қамтылған үйлер беріле бастады. Осы қадамдардан кейін Ақтау Маңғышылақ қазына және мың жыл түбегі деп шындыққа сай аталса, оның астанасына берілген керемет атаулар мен сипаттамалар одан кем түспейді. Ақтау аймақтың орталығы ғана емес, оның қуат беретін жүрегі. Ғалымдардың құрлысшылардың, химиктер мен ботаниктердің шындықа айналған арман қаласы. Өткен ғасырдың 70 жылдарында оны XXI ғасырдың қаласы деп атаған. 1978 жылы Ақтау қаласында құрлыс салу жобасын Халықаралық Сәулетшілер Қауымдастығын алтын медальмен марапаттап, Патрик Аберкромби сыйлығын берген. Жоба қолайсыз табиғи ортаның адамның тіршілік етуіне беймдей алғаны үшін марапатталды. Құрлысшылар бұл жұмысты өте қысқа мерзімде бітірді. Болашақ қаланың орнында алғашқы шатырлар 1956 жылы көктемде пайда болды. Бұлар барлау жұмыстарын жүргізіп жатқан Кольцов саяхатының геологтары. Олар анықтаған уран рудалары кен орындарының қоры, оны өндіру мен одан әрі өнеркәсіптік игеру алдымен жұмысшы кентінің, ал кейіннен қаланың да тағдырын алдын-ала анықтаған [13].
Ендігі кезек осындау өтпелі кезеңнің қорытындысы ретінде Ақтау қаласының басқалар мен салыстырғандағы негізгі ерекшелігі: тамаша ерекшелігі қолайсыз табиғи ортаны адамдардың өмір сүруіне жаратқандығы. Сондай-ақ, Ақтау қаласында басқалардағыдай көше жоқ. Бір жағынан қарасан қызық көше бар, бірақ оның атаулары жоқ. Қала толығымен шағынаудандардын тұрады. 1-ші шағынауданнан бастап 30 шағынауданға дейін барады (қалаға өзгерістер енгізілуіне байланысты шағынаудандар қосылу үстінде). Бірақ ішінде 16-21 ші шағынаудандар жоқ. Шағынаудандардың нөмірі олардың салыну уақытымен суреттеледі, ең ескісі 3 ші, одан кейін 1, 2, 3-А, Б шағынаудандары салына бастаған. Тұрғын үйдің үстінде маяк орналасқан әлемдегі екі қаланың бірі осы – Ақтау қаласы. Негізгі ерекшелігі Ақтау қаласының салыну формасы. Яғни, салыну барысында қатысты барлық титтей нүктесіне дейін қаралып, зерттеу жұмыстарынан өткен секілді. Олай деуімнің себебі, Ақтау өте ыстық және құрғақ, желді қала. Осындай факторларды ескеріп, сәйкестендіріп салынған болатын. Демек, барлық тетіктері терең оймен терілген деп айтсақ қателеспеген болармыз.
Шежіре шыр шертеді демекші Ақтау қаласының құрылуындағы ерекше жылдарды ашып кетпеу мүмкін емес. Олай болса:1959 жылы Қазақ КСРО Жоғары Кеңесінің Қаулысымен Ақтау елді мекені Ақтау поселкісі атанды. 1963 жылы Қазақ КСРО Жоғары Кеңесінің қаулысымен Ақтау поселкісі Батыс өлкесіне бағынышты Ақтау қаласы болды. 1964 жылы Қазақ КСРО Жоғары кеңесінің 1 шілдедегі қаулысымен ақтау қаласының аты Шевченко болды (Алғашқы қазақ жеріндегі украин жазушысы Г.Шевченко құрметіне арнап).1964 жылы «Ақтау» қонақ үйі пайдалануға берілді. 1972 жылы Шевченко қаласы Халықаралық архитекторлар ассоциациясының Патрико Абрекомби атындағы сыйлығын алды.1985 жылы «Мәңгілік алау» мемориалы ашылды. 1991 жылы Қазақ КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының 13 қыркүйектегі қаулысымен қалаға бұрынғы Ақтау атауы қайтарылды. 1993 жылы Ақтау мемлекеттік университеті ашылды. 1997 жылы елбасымыздың қатысуымен Ақтау теңіз сауда портының алғашқы іргетасын қалады. 2003 жылы Ақтауда Бекет Ата мешіті ашылды және қазақ драма театры ашалып жұмыс істей бастады. 2005 жылы Қазақстанның теңіз флотының қарлығашы «Астана» танкерінің тұсауын Елбас кесіп, ол Ақтау-Баку-Ақтау бағытында жүзе бастады (сурет 2). 2008 жылы Көрнекті мемлекетқайраткері Жайлау Мыңбаевтың ескерткіші ашылды, қалалық әкімдік алдындағы алаңға «Астана алаңы» атауы берілді. Бұл жылдар жас қаламыз үшін өте ерекше із қалдырар кезең болып табылады. Түбектің Каспийге кесілген жері әйел адамның бейнесін еске түсіреді. Академик Қ. Сатпаев осы жерді «Ұйқыдаға аруға» тенеген [14].
Сурет 2. Ақтау қаласының түнгі көрінісі [15]
Экономикасы. Өсу, өрлеу, өркендеу үстінде әлемге таныла бастаған, өңірге өң берген керемет көрікті шаһар жас қала – Ақтаудың экономикалық жағдайы шарықтау үстінде. Қазіргі таңда қала Қазақстанның теңіз қақпасы. Соның ішінде Ақтау теңіз порты Каспий және Қара теңіз, Волга, Волга-Дон және Ақтеңіз-Балтық каналдарымен, сонымен қатар Иран бағытында Қазақстан мен Еуропа-Азия арасындағы транспорттық жолдың негізгі кілті. Баку-Ақтау-Поти порттары арқылы өтетін ТРАСЕКА маршруты кіргізілді. Ақтау порты кен өнімдері мен мұнай, астық бағалы өнімдерді сыртқа шығаруда маңыздылығы жоғары. Осы бағытта қалада айтарлықтай жобалар қолға алынып жатыр. Яғни, Жер-Теңіз-Аспан инвестициялық жобасы бойынша транспорттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жоспарына келесі міндеттерді шешу кіргізіледі: ортақ қолданудағы автокөлік жолдарының құрлысын толығымен қалпына келтіру; транзиттік саясатты және инфрақұрылымға сәйкес сервисті жүзеге асыру; Ақтау сауда портын одан әрі дамыту. АЭЗ «Теңізпорт Ақтау» территориясын кеңейту, теңіз портының құрлысы, халықаралық Ақтау аэропортын жөндеу жолымен транспорттық инфрақұрылымды дамыту, АЭС құрлысы және энергиялық жүйені дамыту, Ш.Есенов атындағы Каспий техникалық университеті мен туризмді дамыту [16].
Инвестициялық саясаттың маңызды бағыты АЭЗ «Теңізпорт Актау» дамыту. 227,1 ден 982,3 ға ені кеңейтілді АЭЗ «Теңізпорт Актау» территориясын кеңейтудің негізгі мақсаты барлық аймақтардың мүмкіншіліктерін қолдана отырып, экономиканың шикізат секторына инвестицияны тарту жолымен экономика диверсипекациясы болады. Субзона территориясының 200 га офис мекемелерінің құрлысы, әр түрлі бағыттағы теміржол тармағы, ауыр жүк тасмалдау машиналарына тұрақтар, кеден ұйымдары, жүктерді ашық және жабық өндеу алаңдары, сақтау бөлімдері жоспарланып отыр. Жанында ТЛО алаңында 100 га кедендік төлемсіз халықаралық көтерме тауар айырбастау үшін, халық сұранысы бойынша тауар импорттайтын шекаралық сауда орталығы (СТО) «Aktau Free Trade» орналастырылады. ЭСЗ «Теңізпорт Ақтау» территориясында тұрбалар Ақтау заводы (ЖШС АӘҚЗ) мен теңіз металл конструкциясын шығаратын завод (ЖШС «Kepple Kazakhstan») болады. Жоба бастамасы: мұнай тұрбалырын шығару заводна (АҚ «Мұнайгазтұрба жоба бағасы – 32,8 млн доллор және қуаттылығы 60 мың т әр түрлі диаметрде), құрлыс заводы – 1кезең (ЖШС «Kepple Kazakhstan», бағасы 40 млн.$, металл конструкция қуаттылығы 7 мың т). 924 жұмыс орын құру жоспарланып отыр [17].
Халықаралық деңгейде дамуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі халықаралық әуежай жұмыс жасайды. Сонымен қатар, Ақтау өзінің Қазақстан бойынша екінші орында тұрған Халықаралық аэропортымен танымал. Облыста әуе көлігі «Ақтау халықаралық әукежайы» АҚ болып белгіленген. Ақтау халықаралық әуежайы барлық типті әуе кемелерін қабылдау және шығаруға жабдықталған, Батыс Еуропаны Орталық жән Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерімен байланыстыратын әуе маршруттар қиылысында оңтайлы орналасқан, әукекомпаниясы кемелері Қазақстан Респукбликасы, ТМД және алыс шетел желілері бойынша ұшуды орындауда, жердегі қызмет көрсетуді ұсынады. Қазіргі таңда саладағы тасымал көлемінің өсуі байқалып отыр. Онда бірі жолаушылардың әуе тасымалы болып табылады. Облыс орталығында 2008 жылы ішкі және сыртқы бағыттар бойынша 232,6 мың адам, немесе алдыңғы жылғы көрсеткіштен 33% артық жөнелтілген. Облыс аумағындағы жұмыс жасайтын халықаралық әуежай халықаралық әуе тасымалына шыға алады. Ақтау қаласы әуежайынан ТМД мен алыс шетелдің 14 қаласын тұрақты рейспен ұшуға болады. Әуежайдың 2007 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша халықаралық желілер бойынша 82,6 мың адам тасымалданды немесе 2006 жылғыдан 22 мың адамға артық. Жобалар мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде іске асырылатын болады. 2007 жылдың желтоқсанында ашық конкурс нәтижесі негізінде концессионер – «Group Uluslararasi Havalimani Yatirim ve Isletme Ltd.Sti» ЖШС анықталды. Екі жоба бойынша инвестиция көлемі 9,4 млрд. теңгені (78 млн. долл) құрады. Саланың әрі қарай дамуы әуе көлігі инфрақұрылымы объектілерін өткізу қабілеті кеңейтумен, соның ішінде Ақтау қаласы әуежайын қалпына келтірумен байланысты [18].
Автокөлік. Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы аяқталмаған «Ақтау-Маңғыстау» автомобиль жолы құрылысы, ұзындығы 9,1 км қосқанда 1251,1 км құрайды. Олардың ішінде қатты жабаны бары – 1084,1 км. Қазіргі таңда автомобиль жүк және жолаушылар тасымалы облыстың ішкі нарығында бейімделген. Қазіргі таңда жоғарыда айтылғанды сараптай отырып Ақтау қаласындағы көлікпен қызмет көрсету деңгейін (3 cуреттен) төменнен байқауға болады [19].
Сурет 3. Ақтау қаласының 2009 — 2010 жылғы көлік құралдарымен қызмет көрсетілген келушілер саны [20].
Бұл диаграммада 2009 жылы Ақтау қаласында туризм түрлері бойынша көлік құралдарымен қызмет көрсетілген келушілер саны берілген. Кіру туризмінде әуе көлігімен 465 адам болса, шығу туризмі бойынша 2010 адамға жеткен, ал ішкі туризм бағытында 295 адамға төмендеп кеткен. Енді, шығу туризмі бойынша темір жол мен автобуспен келушілер жоқтын қасы, ал су көлігімен 974 адамды құрады. Соңғысы ішкі туризм барысында байқалатыны әуе көлігімен 295 ке жетсе, темір жолмен келушілер саны 107 болды, автобуспен жүрушілер 258 адамға қызмет көрсетілген. Қорыта келгенде көлік құралдары бойынша салыстырып қарасақ әуе көлігі барлық түрінен асып түсті. Екінші, шығу туризмі бойынша су көлігімен қызмет көрсетушілер саны жоғары. Ал ішкі туризм бойынша автобустан кейін теміржол құралымен қызмет көрсетілген. Мұнда бірқалыпты даму сатысы сипатталған.
Энергетика. Энергетика барлық облыс аумағының шаруашылық қызметінің айқындайтын маңызды буыны болып саналады. Электр қуатын, газ бен суды тарату қызметіндегі ең ірі кәсіпорын — «МАЭК-Казатомпром» ЖШС. Электр қуатын таратумен 2 компания айналысады: «Маңғыстау электржелілік тарату компаниясы» АҚ және «Ақтау электр желілерін басқару» МҚК. «МАЭК-Казатомпром» ЖШС — облыс тұтынушыларының 90%-дан жоғары бөлігін қуат көзімен қамтамасыз етіп отырған энергия шығаратын бірден-бір мекеме. 1999 жылдың сәуір айында жылдам нейтронды БН-350 тәжірибелік-өндірістік реакторды падаланудан шығарғаннан кейін «МАЭК-Казатомпром» ЖШС толықтай табиғи газбен жұмыс істей бастады. Қазіргі таңда облыс аумағында 200 өнеркәсіптік кәсіпорын қызмет етеді, олардың үштен екісі Ақтау қаласында орналасқан. Өңір эконмикасының шикізатық бағыты даму жағдайына экономиканың басқа да секторлары тікелей байланысты болатын тау-кен өндірісі өнеркәсібінің (жалпы санының 9 %) басымдығын айқындап берді. Қазіргі кезде мұнай-газ өндіру секторы республика экономиакысның облыстағы мамандандырылған басым бағыттарының бірі болып табылады [21].
Облыста жалпы республикалық көлемнің 30% шикі мұнай және газ конденсаты өндіріледі. Жыл сайынғы мұнай өндіру көлемінің өсу қарқыны сақталуда. Маңғыстау облысы көмірсутегін экспортқа шығарушылардың бірі. Есептік кезеңде облыста 18,2 млн. тонна мұнай өндіріліді. Немесе бұл 2008 жылға 102,7% көп.Табиғи газ өндіру 2,6 млрд.м 3 өсіп, 2006 жылмен салыстырғанда 4,4% асып түсті. Электр энергиясын, газды және суды өндіруде және таратуда өнім көлемі 27,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылғыдан 105,7% көп. Осы көрсеткіштерге байланысты Ақтау қаласының өндірістік потенциялын кенейту мақсатында бас жоспарымен салынған жаңа мұнайгаз және сирек кездесетін металдардың күрт дамуына, сонымен қаланың ерекше бейнемен дамуы бір уақытта тамаша ірі өндіріс орындарымен қызымет көрсету нысандарының құрылуында десек болады [22].
Ақтау қаласы негізігі көтерме-бөлшектік сауда орталығы болып табылады. Сауданың жеке дамуы біріншіден экономикадағы белсенді инвестицияның және халықтың кіріс көлеміне байланысты. 2005-2009 жылдар арасында бөлшектік тауар айналымы халық жанына шаққанда орта есеппен 25% болса, көтерме тауар айналымы 4 есеге өсті. Ақтау қаласы сонымен қатар негізгі қызмет орталығы, яғни облыстағы көрсетілген қызмет көлемі 90%. Өткен жылдар арасында бизнес-cектор, үй құрлыстары мен қаржылық іс әрекеттердің қызметтерінен түскен пайда көрсеткішінің жоғарғы екендігі байқалған. Ендігі сауда мен қызметтердің дамуы көтерме сауданы кеңейту, транспорттық саланы дамыту, сондай-ақ, халықтың кірісі мен туризмді дамыту. Аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығы қалада шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін айтарлықтай әсер етіп отыр.2008 жылы шағын кәсіпкерлікте 4685 немесе 86% шаруашылық субьектісін құраған. Тауар, қызмет көлемінен түскен кіріс 8,27 млрд., салықтан 10млрд көрсеткішін берген. Шағын бизнес қаланың маңызды көзі болып отыр, 32,3 мың немесе 36,4% адамды жұмыспен қамтып отыр. Қала бюджеті әлеуметтік бағытта, яғни бірінші орында жалақыға төленетін шығын, коммуналдық қызмет төлемі, мекемелерді материалды-техникалық базасын қатайту. Қала бюджетінің шығындары 99,5%, 1,88 млрд тенгені құрды. Инвестициялық жобалар мен бағдарламалар 494 млн тенге шықты [23].
Ақтау қаласының негізгі экономикалық іс әрекеті қазіргі таңда мұнай газ және өнделген химиялық кешен, сонымен Республикадағы жалғыз Маңғыстау энергокомбинат ауданның барлық жерін барлық энергия түрлерімен, сумен қамтып отыр. Қазіргі таңда халықтың айтарлықтай бөлігі мұнай шығару саласында, газ өндеу кәсіпорындарында қызмет етуде. Осы қырды Ақтау қаласы бойынша әртүрлі бағыттар қолға алынуда, яғни олар ұйымдастырушылық және осы территорияда тұрып жатқан халық өмір сүруіне әлеуметтік-экономикалық қолайлы өндірісімен қамтамасыз ету, қаланың және облыстың даму көрінісі болжамдалған кезде экономикалық өсудің саяси жағдайды жүзеге асыру, мұнай өндеу көлемімен байланысты, ірі өнеркәсіп, құрлыс кешендерін одан әрі жандандыру, білім жүйесін жоғарлату, денсаулық сақтау, туризм индустриясын дамыту, демалу мен көңіл көтеру жолдары қарастырылған. Қала бойынша экономикалық дамудын бір тұрғыда болуы бас жоспарларымен жүзеге асырылуда:
- Республиканың экспорттық потенциалын кеңейту мақсатында жаңа технологияларды қолдана отырып мұнай техника химия кешенінің қуатты шикізат өңдеу базасын құру.
- Шағын және орта кәсіпорындардың қатысуымен тігін, былғары, текстиль өндірістерін дамыту.
- Демалушылармен туристерге жоғарғы сервистік қызмет көрсететін ұйымдарды, соның ішінде туристік инфрақұрылым, рекреациялық индустрияны құру болып табылады [24].
Халқы. Ақтау қаласы аса бай ерекше құрылымды жерімен, сан ғасырлар бойы жоғалтпай сақтаған, болашаққа із қалдырған тарихымен емес осында орналасқан көп ұлтты болғанына қарамастан өте тату халқымен де мақтана алады. Әр түрлі ұлт тұрса да олар ортақ мәдениетке, салт дәстүр мен бірдей тіршілікке икемделген. Осыған байланысты, облыста 80 астам ұлттан, халқының саны 373,4 мың адамды құрайды немесе Қазақстан халқының 24 % құрайды. Осының ішінде Ақтау қаласының халқы 200 мың адамды құрайды. Экономиканың тұрақты түрде оң дамуы халық санының жыл сайынғы табиғи өсуіне жағыдай жасайды. Қалада өзінде этникалық құрамы әр түрлі және көп ұлтты. Мұнда корейлер, орыстар, өзбек пен шешендер, украиндар, татарлар, немістер және басқалары. Облыстың жергілікті халқы қазақтар – 74 %, орыстар – 17% құрайды. Облыстын демографиялық жағдайына табиғи және көші-қон факторлар әсер етеді. Көші-қонның негізгі себебі ұлттық мемлекет болып қалыптасу бойынша орналасуы болып отыр. Көбінесе ТМД елдерінен қазақтар көшіп келуде. Обылысқа көшіп келгендердің 84,8 % — қазақтар, 9,1% – орыстар, 1,2% – әзірбайжандар. Бұл халықтардың өздеріне тән салт-дәстүрі, мәдениеті қалыптасқан. Сол сияқты, Маңғыстау қазақтарының салт-дәстүрі:қыз ұзату,бесік той, үйлену, ит көйлек, шаш алу, сүндетке отырғызу.Осындай көп ұлтты халқы бар [25].
Маңғыстау облысының 2030 жылға дейінгі халық санының есептелімі екі әдіспен жүргізіледі: демографиялық және еңбек нарығының болжамына сәйкес. Осы екі әдісті ашып қарайтын болсақ біріншісі бойынша соңғы бірқатар жылдар ішінде халықтың қалыптасқан табиғи өсуінің орташа қарқыны (1,8%) тұрғысынан, жасына қарай жылжыту есебін қолданғанда халықтың келешектегі саны:
— бірінші кезекте – 190,0 мың адам;
— есептелген мерзмге – 215,0 мың адам құрайды;
Еңбек нарығы бойынша халықтың келешектегі саны, әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық саласындағы халықтың экономикалық белсенді тобын оңтайлы пайдалану тұрғысынан анықталады. Ол – 2003 жылы 1 қаңтарда (170,2 мың адам) салыстырғанда:
— бірінші кезекте – 200 мың адам;
— есептелген мерзімде 260,0 мың адам құрайды;
Таяу шығыстан келген диаспорлармен халықтың санының күрт өсуі демографиялық жағдайларда нақты байқалады. Жылдық орташа көрсеткіші 3,5 4 мың адам құраса, 2008 жылы 1 қыркүйекте қалада тұрушылар саны 153,3 мың адам, яғни 36,5% құрайды. Ал 2009 жылы одан екі есе жоғарлады десек болады. Еңбек ету орындарда келешектегi қажеттiлiк 2008 жылға – 91,0, 2030 жылға – 124 мың жұмыс орнын құрайды. Халықтың есептелiнген санына сәйкес әлеуметтiк-экономикалық қызмет саласында 2008 жылға – 86,45, 2030 жылға 102,55 мың адам жұмыспен қамтылуы мүмкін.
Еңбекшiлер тапшылығын, оны Маңғыстау облысы мен Республика өңiрлерiнде жұмыс күшi мол аудандарынан тарту арқылы орнын толтыру көзделуде. Яғни, бұл әдісті қолдана отырып қаншалықты адамдар саны артты және қаншасы жұмыспен қамтылды деген мәселелерді оңтайлы шешуге болады. Қарап отырсақ халық санының арту біріншіден туған жерім деп келуші жан жақтан оралған адамдардың әсері. Бұл деген облыстағы тұрушы халықтардың татулығы мен ауыз біршілігінің себебі. Осындай көп ұлтты Маңғыстау облысы қандай жағдай болмасын ортақ шешім тауып шығуға септігін тигізеді. Тағы бір ерекшелігі деп қарайтын болсақ тұрушы халықтар өздеріне тән салт-дәстүр мен мәдениеті бола тұрсада көбісі қазақтын әдет-ғұрыптарын ұстанады. Өйткені, ұзақ уақыт бойына бір қарашаңырақ астында тұрған халық үшін бұл маңызды болып келеді. Халық жағдайын толығымен зерттеу күрделі, яғни мұндай мәселелер тікелей сырттан келгендерге сын қалдыруы мүмкін, мыс: туристер немесе демалушы, іскерлік мақсатта жүрген адамдарға жақсы әсер қалдырады [26].
Жоғарыда айтылғандарды сараптай отырып, бұл жердің табиғи-туристік рекреациялық ресурстары: табиғаты, таулары мен түбектері, минералды сулары, әлемді танымал Каспий теңізі, еш жерде қайталанбас климатын ескере отырып, бұл жердің туристік ауданға айналуына мүмкіндігі бар. Ал, әлеуметтік қырынан қарайтын болсақ, 2008-2011 жылдар арналығында Ақтау қаласының экономикасын жандандыру бағдарламасына сүйене отырып қала экономикасы жоғарғы деңгейде екеніне көз жеткізуге болады. Жалпы мұнда көлік құралдары, шағын бизнес, өндірістік орындары мен Ақтау халықаралық порты негізгі сала ретінде қарқынды қызмет етуде. Осы факторлар: біріншіден мәдениет пен татулық шеңберінің мықтылығын көрсетсе; екіншіден экономиканың жылдам көтерілуіне септігін тигізеді. Бұл келген туристерге әлеуметтік-экономиканың жан-жақты дамуын, ерекше сақталған салт-дәстурлері мен тамаша рекреациялық ресурстер таныстырудың негізгі келбеті.
- АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИЗМ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Ақтау қаласының туризм инфрақұрылымы
Елімізде жаңа туристік инфрақұрылымды дамытуға үлкен мән берілген. Бұл мемлекеттің экономикасын дамытушы негізгі фактор. Яғни, туризм инфрақұрылымы келушілерді территорисындағы барлық обьектілерімен қамту, қызығушылығын қанағаттандыру. Осыған байланысты қалада туризмді дамыту үшін үлкен мүмкіндік бар. Ақтау қаласы – үлкендер мен балар, жаздық демалыс үшін тартымды және территориясында теңізі бар республикадағы жалғыз қала болағандықтан, жоғарғы оқу бөлімдерінде өнертанушы, аудармашы-гид, экскурсавод мамандарын дайындайтын жоғары және орта оқу бөлімдерін ашумен қатар мамандарды қонақ үй мен мейрамханада, туризм мен демалыс индустриясында жұмыс істей алатындай біліммен тағайындауды жүзеге асыру бағыттары Каспий теңізінің жағалаунда орналасқан Ақтау қаласы туризм инфрақұрылымы үшін маңызды рол атқарады. Қаланың жоғары туристік потенциялы бар, бірақ оны құру үшін және дамытуда айтарлықтай капитал салымы мен шығындар қажет. Туризмді дамыту үшін дамыған транспорттық-коммуникация мен сервистік инфрақұрылым талап етіледі. Қажетті инфрақұрылымды құру – туристер үшін тамаша қолайлы табиғат пен тартымдылықпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, туристік өнімді халықаралық деңгейде жылжыту мақсаты біріншіден, сол жердің туристік инфрақұрылымы мен ұсынылатын қызметтің жоғарғы стандартта көрінуінде. Бұл тұрғыда да Ақтау Қазақстанның басқа қалаларымен салыстырғанда жоғары дамып келе жатырғаны барлық қырынан байқалады. Өйткені, экономикалық даму деңгейін қоспағанның өзінде туризм инфрақұрылымы жоғары деңгейден байқалады. Сонымен қатар, мұнда халықаралық стандартта қызметімен, қолайлығымен көзге көрінер турисік орындар бар. Олар: 26 қонақ үй, 7 көңіл-көтеру орталығы, 4 бизнес центр, 8 түнгі клуб, 36 мейрамхана, кафе, 19 спорттық кешен, 19 рекреациялық демалу орны, 1 сауықтыру санаториясы, 39 турфирма жұмыс жасайды. Осыған байланысты Ақтау қаласы жыл сайын үлкен көлемде туристермен, бизнесмендерді қабылдайды. Кейбіреулері демалуға және қаланың қонақжай орындарымен танысуға, басқалары іскерлік мақсатта келеді. Қаланың татулығы мен әдемілігін бағалауға келушілер үшін толық демалуға мүмкіндік беретін барлық жағдай жасалған [27].
Соңғы жылдардағы қонақтардың қызығушылығының артуы Ақтау қаласындағы қонақ үй бизнесінің белсенді дамуына байланысты. Қаладағы қонақ үйлер өте сапалы қызметтер мен тиімді баға ұсынады, оларды қала орталығынан, шетіненде кездестіруге болады. Қонақ үйлердің ішінде 5*-4, 4*-3, 3*-7, 2* 9, 1*-3 қонақ үйі орналасқан, олардың ішінде сұранысы мынандай ретке: 5*, 2*, 3*,4*, 1* сәйкес келіп отыр. Ортақ есеппен санағанда жатын орын саны 1101 болады, ал жылына есептегенде келуші адамдар саны 38245 мың. Соңғы бес жылда әлемдік стандартқа сәйкес келетін қазіргі заманға сай жарақтандырылған «Стигл» жаңа спорттық-сауықтыру демалыс орталығын қалпына келтіруге байланысты облыстың инфрақұрылым объектілерінің желісі кеңейді[28]. Бүгінде бұл объект теңіздегі демалысты ұнататындардың көбірек келетін орнына айналды. Туристік қызметті талдау шетелден келген туристер негізінен іскерлік мақсатпен (іскерлік туризм) келеді және сапалы сервис пен қызметтің толық жинағын көрсетететін қонақ үйлерде болуға басшылық білдірді. Сонымен қатар, қалада әлемдік отельдер торы «Мarriot»-қа кіретін «Renaissance Aktau» (сурет 4) қонақ үйі бар.
Сурет 4. «Renaissance Aktau» қонақ үйі [29]
Бұл қонақ үй іскерлік мақсатта және жазғы уақытта Каспий суын мен қаланың көрікті жерлерін тамашалауға келген туристерді қабылдайды. Ақтау қаласында теңіз жағалауында орналасқан. Тағыда қаланың негізгі жүрегі Елбасының қатысуымен ашылған бизнес орталығы, 5 жұлдызды «Grand Nur Plaza» мен «Grand Hotel Vektory» қонақ үйі және «Стигл» спорттық демалу кешені. Мұнда жылына іскерлік, демалу мақсатында келушулер 40 мыңнан асқан. 4* жұлдызды «Виктория», «Самал», «Silk Way City» қонақ үйлеріне 2009 жылдық қорытындымен 7245 адам келген болса, одан төменгі жұлдызды қонақ үйлерге 12245 тен болған. Бұдан жасалатын қорытынды, Ақтау қаласында сұраныс бес жұлдызды қонақ үйлерді қоспағанда, төменгі санаттағы қонақ үйлерге икемделуде. Яғни, расында да бұл сервистік қызметтің төмендігінің сипаты емес, қала жастарының осы бағыт бойынша ынталануы десек болады. Сонымен қатар, болашақта қалада жастар туризмін дамытуға жол ашушы фактор ретінде маңызды рол атқарады. Ал, төрт жұлдызды қонақ үйлер қалаға демалып немесе өз мақсатында келушілер үшін қолайлылық туғызады. Айта кететін мәселе жыл сайынғы көрсетікштермен салыстырғанда келушілер саны 2 есеге арту үстінде, сол себепті болашақта қонақ үйге сұраныс туындауы мүмкін. Осыған байланысты, Ақтау қаласы Каспий теңізінің жағалауында белсенді демалу, іскерлік байланыс, бизнестік мақсаттағыларға түнеу үшін кешендер орналастыру жоспарлануда:
- Қонақ үйлер (3-5 жұлдызға дейін).
- Жалға беру үшін люкс және экстра-люкс, коттедждер.
- Бизнес орталықтар.
- Гольф клубы.
- Жағажай.
- Спорттық құрылғылар.
- Көңіл-көтеру орталықтары [30].
Сондай-ақ, Ақтау қаласын демалушылардың керемет жұмағы екенің ұмытпаған жөн. Бұл мезгіл Каспий теңізінің жағалауындағы тамаша саноторилар мен демалыс базаларында мамырдан қыркүйек айларына дейін созылады. Бұл жерде демалушы жастарға арналған Каспий теңізінің жағалауында Ақтау қаласына жақын жерде 16-20 жастағы жасөспірімдерге арналған «Жастар туризм орталығы» құрылған. Бұл қазақтың таза ою-өрнектерімен жасалған, 4-5 адамға сыйымды киіз үйлер және этнографиялық және шебер аул туындылары. Он күндік бағдарламаға фольклорлық кеш, ұлттық ас үй, ұлттық ойындарға қатысу, спорттық жарыстарда бақ сынасу кіргізілген. Сондай-ақ, Шағала санаториясы – Ақтау қаласы 1 микроауданында, Каспий теңізінің жағалауында орналасқан. Демалушылар үшін екі орынды нөмір, қысқы бақ түріндегі демалу залы мен ыңғайлы ведео зал бар. Гинекологиялық, бальнеологиялық емдеу ванна түрінде, іш-құрлыс, барлық массаж түрлері және пайдалы теңіз желімен ауруларды емдейді, сауна сәйкес ингаляциондық процедуралар, емдік душ (шарко, Циркуляция), жылумен емдеу (парафинмен озокерит), электрожарықпен емдеу процедурасы хлоридт-натривті минералды қайнар көзі қолданылады. Жылдам қозғалмалы апарат – тері, жұтыну ауруларын және тұз жиналу, қан, жүйке ауруларын, радикулит ауруларын емдейді. Демалушылар Маңғышылақтың тамаша табиғи, архитектуралық ескерткіштері бойынша маршруттық экскурсияға қатыса алады. Спорттық-сауықтыру, көңіл-көтеру орталығы «Стигл» 2005 жылы Каспий теңізінің жағалауы, Ақтау қаласынан 18 км жерде «Жылы жағажай» ауданында құрылған. Орталық халықаралық стандартқа сәйкес құрылғылармен қамтамасыз етілген. Онда «эконом класс» 36 нөмірлі «Теремки» қонақ үйі; Әкімшілік корпустағы қонақ үйлер 2 президенттік және 2 люкс класс нөмірлері, жартылай люкс 14, «Стигл» отелі; бір VIP сауна, үш стандарттық саунадан тұратын «Теңіз саунасы»; SPA орталығы бөлек жүзу бассейні, екі саунасы, балалар алаңы, Фито моншасы, жаттығу залдары мен массаж бөлмемелі; спорттық орталықтар. Сауықтыру орталығы туристерді біріншіден архитектуралық интерьерлік сұлулығымен тәнті етсе, екіншіден орналасқан жерімен таңқалдырады. Егін су – теңіз жағалауында орналасқан, сауықтыру кешені теңіз жағалауында орналасқан, 300 адамға есептеліп салынған сауықтыру кешені. Мезгіліне 4 топқа бөлінген, әр қайсысында 15 адамнан. Сауықтыру кешенінде емделу орындарымен қатар, бассейін, кинотеатр, спортзал, балалар алаңы бар. Бұлардан басқа теңіз жағалауында балаларға арналған «Фламинго», «Толқын», «Морячок», «Монтажник», «Алау», «Балдырған», «Мұнайшы» балалар сауықтыру базасы мен лагерьі, «Ивушка», «Алтын құм», «Жемчужина», «Маңғыстау», «Факет», «Бриз» демалыс базалары орналасқан [31].
Енді, туризм инфрақұрылымының негізгі тармағы спорттық кешендер мен көңіл-көтеру орталықтары баршылық. Олардың ішінде ірілері «Мұнайшы», «Орбита», «Жас Қанат», «Каспий» спорттық кешендері. Басқалармен салыстырғанда үлкендер мен бірге жастарды тартатын, жаттығуға ынталандыратын маңызды жері спроттық кешен болғандықтан, қазіргі таңның өзінде қаладағы салауатты өмір кірпішін қалаушы орталықтарда арту үстінде. Соның бірі, «Орбита» спорттық кешені қаладағы барлық спортқа сүйсінушілер мен облыстық жарыстар орталығының ошағы атануда. Ішінде еліміздің су астанасы Ақтау жастарының алғашқы рекордтарын жасаған, теңіз суымен жылытылған, жыл сайын жабық бассейн қызмет етеді. Спорт кешенінде шетел компаниялар және қала спортсмендер арасында жылсайын халықаралық жарыстар өткізетін жабық теннис кортасы мен баскетболь және волейбол залдары бар. Жаттығу залдары кез-келген спорттық кешендерді таң қалдырады. Мұнда барлығы жаңа жобады жөндеуден өткізілген. Сонымен қатар, жаттығушылар мен спортсмендер үшін барлық қолайлылық қарастырылған. Сонымен «Жас қанат» спорттық кешені қаладағы жастарды жаттықтырудан екінші орында тұр. Мұнда жыл сайын Маңғыстау азаматы, қазақ боксының негізін құрған, Қазақстанның алғашқы спорт шебері Шохр Бүлтек ұлының құрметіне дәстүрлі халықаралық турнир ұйымдастырылады. Турнирге мықты шетелдік және еліміздің боксшылары қатысады. Қазақстан Республикасының Бокс Федерациясының шешімімен 2009 жылы өткен турнир «А» класс мәртебесіне тең болып, жеңімпазын «Қазақстан Республикасының спорт Шебер» атағын берді. Осындай жарыстардың тармағы ретінде Ақтау қаласындағы каратэ жастар спорт мектебі «Каспий» сорттық кешеніне жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылдап, қомақты ақша бөлінді. 7757 мың тенге (жеті миллион жеті жүз елу сегіз мың), оның ішінде 2278 мың тенге өртке қарсы құрылғыны орнатуға жұмсалған. Ақтаудағы қазақша күрес және дзю-до мектептеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, Аджип КК жаңа жоба зерттеу істері қарастырылды. Осындай зерттеуден кейін жаңа спорттық кешен құрлысын құру шешімі жарияланды. Спорт, денешынықтыру және туризм басқармасымен Теннис орталығы мен спорттық кешенге «Манила» демалыс базасынан 2,3400 г жер бөлігі мен 36 млн. тенге бөлінді. Бұл жоба осы жылы жүзеге асады. Спортпен айналысушылар саны облыс бойынша 10,8% болса, оның ішінде 5% қала тұрғындары құрайды [32].
Сонымен бірге, Ақтау қаласындағы ең ірі көңіл-көтеру орталықтары «Ақтау», «Астана», «Ардагер», «Байтерек», «Юнность», «Маяк», «Арман». Қаладағы «Маяк» көңіл-көтеру орталығының экскизді жобасы. Кешеннің ортақ алаңы – 5,345 м2. Жертөресін қосқанда 8 қабатты нысан. Бірінші қабатында: түнгі клуб, боулинг, бильярд. Екінші қабатында: казино, ойын залы, администрация. Үшінші қабатында қонақ үй нөмірлері орналасқан. 4,5,6,7,8 қабаттарында мейрамханалар мен қарау алаңдары бар. Жертөресінде автотұрақ. Байтерек сауда көңіл-көтеру орталығы Ақтау қаласы 27 микроуданында, жаңа үлгіде салынған. Яғни бұл ерекше халықаралық стандартта десек қателеспеген болармыз. Өйткені жалпы жобасы Ресей дизайндарының қолынан өткен болатын. Бұл орталықта адам талабына қатысты барлық жағдай қарастырылған. «Бәйтерек 3D cinema» кинотеатры 326 орынды 3 залымен ерекшеленеді. Яғни, бірінші залы – 84 орынды, екіншісі – 114, ал үшінші зал-цифрлы (3D cinema форматты) 128. Кинозалы барлық талаптармен жоспарланып, жоғары категорияда құрылған. Кинозал жобасының дизайны Ресейдегі 500 кинотеатрды жобалаған атақты «Asia Cinemа» компаниясы жасаған еді. Сонымен қатар, оның ішіндегі негізгісі «Бәйтерек 3D cinema» кинотеатры Бәйтеректің үшінші қабатында орналасқан. «Бәйтерек»-көңіл-көтеру сауда орталығы Ақтаудағы алғашқы 3D cinema форматтағы фильм көруге арналған цифрлы залы бар. 14 шағынауданында орналасқан «Астана» көңіл-көтеру кешенінде өзіндік ерекшелігі бар, жастар орталығымен кинотеатрлары және 9 шағынауданындағы Ардагер көңіл-көтеру сауда орталығында «Ардагер» кинотеатры орналсақан. Ақтау қаласында ірі сауда-көңіл көтеру орталығы ашылды. «Ақтау» сауда-көңіл көтеру кешені 2009 жылы 10 желтоқсанда бар. Алаңы 50000 м2 және барлық жанұяға арналған көңіл-көтеру орталығы деп айтсақ болады. Территориясында гипермаркет, сауда бутиктері, тұрмыстық техника дүкені, көңіл-көтеру және спорттық кешен, қаладағы ірі жерастында ашылған паркинг, кинотеатр «Kinoplexx Aktau», спорттық зона, бассейн, теннис корты, футбол алаңы, баскетбол және волейбол, балалар алаңы, SPA-орталығы, мейрамхана орналасқан. Ашылуына Ақтау қаласының әкімі Қырымбек Көшербаев өз сөзінде былай деді: бұл нысанның құрлысына 15 млрд тенге құйылған, 3300 адамға жаңа жұмыс орын ұсынылып отыр. Мұндай өте үлкен орталық әлеуметтік және экономикалық тимділік пен табыс көзі. «Ақтау» сауда-көңіл көтеру орталығының ерекшелігі мұз айдыны болды. Мұз айдының көлемі 30×17 м құрайды, дайындаған австралиялық компания AST. Осындай тамаша кешендердің ашылуы қала үшін үлкен мақтаныш. Сонымен қатар, мұндай орталықтар демалушыларға барлық ыңғайлылық пен қуаныш бағын сыйлағандай әсер қалдырады. Олай деуімнің себебі, әр орталық европалық стильде, керемет итерьермен, сан түрлі жарықтандыру құрылғыларымен қамтамасыз етілген жаңа заман демалу кешендері, яғни демалушылардың ашық аспандағы жұмағы(5 сурет). Жоғарыда айтып кеткендей қала экономикасының бүгіні мен ертені үшін маңызыды фактор, осы жердің инфрақұрылымында қызмет ететін кадрлардың білімі мен әр сала бойынша алған тәжірибесі [33].
Осыған байланысты, Маңғыстау облысы бойынша кадрлар потенциялын дамыту 1976 жылы негізі қаланған Ш.Есенов атындағы ақтау мемлекеттік университетінде мамандар дайындалып жатыр. Университет жоғарға білімнің үшдеңгейнде оқытады: баклавриат, магистратура, докторантура. Университет құрылым мыналармен таныстырылады: мұнай және газ институты, құқық және экономика, мұғалімдік, инженерлік-техникалық институт және колледж. Университет студенттер саны 8000, бірақ жылдан жылға өсуде. Каспий технологиялық университет жобасын жүзеге асыру экономика облысына және Қазақстандағы басқада облысқа, сонымен қатар барлық Каспий аймақтары үшін халықаралық стандарттағы мамандандырылған кадрлар дайындау мақсатында болады. Қазіргі таңда жаңа университеттің материалдық-техникалық базасын құру жүргізіліп жатыр. Қаладағы жаңа шағынауданнан 54 га жер бөлінген. Университет қалашығына оқу корпустары, бөлінген орталықтарымен кітапхана, 1500 орынды үш жатахана, спорттық-сауықтыру кешені, бассейн, мәдениет сарайы, мұғалімдер үшін үйлер салынады. Жоғарыда Ақтау қаласының туризм инфрақұрылымын айта отырып, оның тартымдылығын сезіну, тамашалау үшін жыл сайын келушілер саны арту үстінде.
Маңғыстау облыстық әскери теңіз институты. Әдістемелік мекеме. ҚазақсР Қорғаныс миистірлігінің жоғары теңіз әскери учелищесі Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1 наурыз 2001жылы қауылысы төңірегінде құрылды. 10 шілде 2003жылы Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысымен Әскери теңіз институты болып тағайындалды. Институтта алты кафедра жұмыс жасайды: әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасы, жаратылыс ғылыми және жалпы кәсіби кафедрасы, кеме жүргізу кафедрасы, кеменің құрлысы мен төзңмдңлңгң кафедрасы, флоттың тактикасы және әскери құралдар кафедрасы, су үсті кемелерінің радиотехникалық қару-жарақ кафедрасы. Әскери-теңіз институты теңіз ісіне маманданған жоғары білімді офицерлер дайындайды, бес жыл дайындай отырып, шетелдік стандарт бойынша жоғарғы білімді мамандарды теңізде қызмет етуіне ынталандырады. Сонымен қатар, бұл институтта жылдар аралық жарыстар мен дайындық жұмыстары шетелден келген мамандармен жүзеге асады. Яғни, қазіргі таңда бұл институтті дамыту және көп қырлы жасақтау мәселесіне байланысты елбасымыздың жолдауында маңызды рол атқарып отыр. Сол себепті, Каспий теңізінде қызмет ету мақсатында мамандар дайындау, күрделі бағыт болып табылады. Институт құрамында теңіз колледжі теңіз ісіне мамандаған орта білімді түлектерді дайындайды[34].
Сурет 5. Ақтау қаласының 2009 жылға арналған туризм түрлері бойынша қызмет көрсетілген келушілер саны [20]
Мұнда 2009 жылы Ақтау мен Жаңаөзен қалаларына туризм турлері бойынша қызмет көрсетілген келушілер саны көрсетілген. Екі қаланы салыстыра қарайтын болсақ Ақтау ішкі 19058, шығу 2989, кіру туризмдері бойынша 10219 келушілерге қызмет көрсетіп Жаңаөзен қаласынан асып түскені, ал Жаңаөзен қаласының келушілер көрсеткіші 7790, 2000, 66 санына сәйкес келгендігі байқалады. Яғни, бұл көрсеткіштер екі қаланың даму деңгейін бейнелейді.
2.2 Ақтау қаласының тарихи-мәдени нысандары
Өткен жылдардың көзі, ізі ретінде ұрпақтарына қалдыратын қазылмас тарихи қазынасы, сатылмас асылы, таусылмас байлығы болады. Яғни, ол өшпес мұра. Сол сияқты, Ақтау қаласыда осындай тарихи мұраларға бай және оларды мәңгілік мақтан етеді. Осыған байланысты соңғы жылдары қаламыз көркейіп, жасыл алаңдар, демалыс орындары көбейе түсті. Әсем Ақтау өзінің мерекесі қарсаңында бұрынғыданда ерекше гүлдене түскендей. Сонау 1958 жылдары бұл жерде тек құрлысшымен дессантар ғана болғаның қаншама еңбекқор адамдардың, өнерадамдарының, майталман кәсіби шеберлердің осы қалада еңбек еткенін қалдырған іздерінен байқауға болады. Әрине ескерткіш дегеніміз кез-келген жерге, кез-келген қоя салатын мүлік емес. Сонымен қатар, біздің қаламыздағы ескерткіштер де тарихи маңызға ие және Маңғыстау жері мен халқының тарихына тікелей байланысты тұлғалар немесе өнер адамдары. «Мәңгілік алау» қала орталығында драма театрына қарсы орналасқан. 1985 жылы Ұлы Жеңістің 40 мерекесінде тұрғызылған. 1941-45 жылдары Ұлы Отан соғысының майданына Маңғыстау өлкесінен 8200 ден астам жауынгер аттанып, одан тек бестен бірі ғана тірі келген. Маңғыстау жауынгерлері қос майданда ерлік танытқан екен. Ескерткіш бейнесі қазақтын киіз үйіне ұқсайды. Ашық таспен жасалған, ашық мрамормен аппақ киіз үйді еске түсіреді. Ішкі көрінісі жасыл гүлзарлар, төмен бұталар, гүлді клумбы. Ішіндегі еден қара ауыр мрамор плиталармен жасалған, қызыл граниттен жұлдыз, яғни онда соғыста өлгендерге символ ретінеде мәңгі от жанып тұр. Жұлдыз ұзын қола дөңгелекпен айналдыра қашалып жазылған: «Ерлікпен отанды қорғаушылар – мәңгілік даңқ». «Мәңгілік алау» 2005 жылы 60 жылдығына орай жөндеу жүргізді, оған жаңа плитка мен жаңа гүлзарлар орнатылды [35].
«Каравелла». Үш жыл бойы алаң жалғызсырап тұрды. 2002 жылы В.И.Ленин ескерткіші жөндеуден өткізілді. Қала әкімі өзінің қатысуымен былай деді: «Жас қала, портты, теңізді қала. Теңіздік тематикалық ерекшеліктерін міндетті түрде белгілеген жөн. Ескерткіш тек қаланың ғана символы емес, сонымен оның ланшафты, архитектуралық сәйкестік, көп орынды алмайтының айтып кеткен жөн». Алматы скульпторы Е.Рахмадиева, Қ.Жарылқағапова каравелла жобасымен жарыс барысында бірінші орын алды. «Самолет».7-9 микроаудандар арасында орналасқан самолет – қаладағы Жеңіс сквері ашық аспанда қаруланған болашақ әскери ұшқыштарды қорғу ескерткіші. Құрлысына 150 м3 бетон қолданған. Қарама-қарсы орнатылған пилоны 14 м, биіктігі 7 м. Араларындағы аланға «МИГ-21» ұшағы орналасқан. Жоба авторы – Третьяков, Плетнев, Матвеев. Пилоны Әлеуметтік еңбек батырларының Гордиенко – 1, алаңына Зейбунянның зиг-заг плитасымен жасалған. Ескерткіш 1983 жылы ашылған. 1991 жылы 8 қазанда жыр дүлдүлі, ақпа ақын Қашаған Күржіманұлының 150 жылдық мерей тойына арналып тұрғызылған ескерткіш. Қашаған К. «Адайдың бес жүрегі» атанған ақын 18-20 ғ. өмір сүрген атақты жыраулардың бірі. 2000 жылы ескерткіш жаңартылды. Ұзындығы 4 м, салмағы 4 т. Ақын Қашаған К. өзінің өнерлілігін қалдыру сипатында, өлмес өшпес күйін тартып тұрғандай қазақтың ұлтық аспабы домбыраны ұстап тұр. Ал, қаланың ең алғаш басшысы болған Захаров Виктор Кузмич те осы қала орталығында жерленіп, басына бейттас орнатылған. Қаламыздың бірден біртанымал азаматы болған Каспий аймақтың тау кен металлургия комбинатының алғашқы директоры Рубен Арамисобич Гергориян. Қаланың алғашқы құрлысына атсалысқан, тәуілікте 12-14 сағат жұмыс жасаған халықтың есінде қалған, азаматқа өзі еңбек еткен комбмнат алдына бюс қойды. 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін еркін сөйлеп саяси репрессияның құрбаны болған бірталай жерлестеріміздің есімдерін ести бастадық. 1995 жылы 22-24 қыркүйекте 120 жылдығына орай Ақтау қаласында мерекелік шара өтті, Тобанияз Алниязұлының кітабы жарық көрді. Соның бірі ату жазасын алған Адай төңкерісінің төрағасы болған Тобанияз Әлниязұлы. Ескерткіштің авторы, сәулетшісі Көшер Байғазиев. 120. Қазір ескерткіштер мемлекеттік қорғауға алынған. Келер ұрпаққа өнеге болар тарихи тұлғаларымыздың ескрткіштері қаламызыдың сәні болып ерекшелене бермек [36].
Жайлау Мынбаев. Ескерткіш Каспийдің ең биік жағалауында орналасқан. Жоба скульпторы, авторы Даурен Досмағанбетов өз сөзінде Монументпен теңіз арасындағы қашықтық үлкен жолды алу керек, саяси іспен жүрген: яғни қарапайым жұмысшыдан, Республиклық орталық орындаушы комитетінің таныстырушысы. Жалау М. қарапайым отбасыда Александровск фортында 1892 жылы дүниеге келген. Орыс мектебінің үш сыныбын бітірді. Жас кезінде саяси қақтығыстарға қатысқан. Жирмасыншы жылдары Адов уезъдінде ревком болып жұмыс жасайды. 1925-1927 жылдары қазақ АССР дің орталық комитетінде пост таныстырушы болып қызмет етті. Троцкистармен байланыста болды деген жаламен Гурьевке айдауға кетті. Осылайша қазақтын майталман азаматы 1929 жылы аурып өмірден өтті. Тарас Г.Ш. Ол украинның қазақ туралы күнделігі және хаттарында өлеңдер, оларың болашаққа мол сенімін әдемі суреттеген бірінші жазушысы болды. Осы қалада тұрғызылған ескерткіштеріміздің ең алғашқысы 1982 жылы салынған. Ол украин халқының атақты ақыны Тарас Григорьевич Шевченконың 150 жылдық мерейтойы құрметіне орнатылған. Бұл ескерткіш жобасының авторлары украин халық суретшісі Воронский, скульптор Сукенко, сәулетші Федров. Ескерткішті тұрғызуға 27 т металл кетті. Тарас Г.Ш таста аяағына қолын байластырып, терең оймен, әдемі, даңқты, оймен толыққан біртүрлі сыбырлайтындай [37].
Маңғыстау облыстық тарихи өлкетану мұражайы. Маңғыстау облыстық тарихи өлкетану мұражайы Қазақстан Республикасының мәдени орталықтарының ең ірісі болып табылады. Мұражай Ақтау қаласы 9 микроауданы, 23 үйде орналасқан. Мұражай негізі 1975 жылы қаланған, оның тарихтан, археология, этнография, тарихи және мәдени колекциялар 50 астам экспонаттан құралған, яғни қазіргі тарихи, этнография және тарих, археологиялық, табиғи бөлмеден тұрады. Табиғи бөлімі Маңғыстау облысының геоморфологиясын мен географиялық орналасуымен танысуға болады. Геология залында карта, геологиялық сурет туралы диорамсы және Маңғыстаудың палеонтологиясы мен пайдалы байлықтары суреттелген. Каспий теңізінің өсімдіктері мен жануарларын көрсетуге арнайы зал бөлінген, бұл жерде Қазақстанның әр түрлі ерекше типтегі тамаша экспонаттар бар. Табиғи залында басқа табиғи өсімдіктер, аймақтын ерекше орнито өсімдіктері мен жануарлары туралы ақпарат алуға болады. Сондай-ақ, айтарлықтай қоры Маңғышылақ Үстірт аралы үшін сақталған. Маңғышылақтың алғашқы пайдалы қазбаларын іздеу, аймақтың өткені туралы геологиялық суреттеме беретін палеонтология коллекциялар сақталған фонды бар. Археология залы б.з.д. XVIII ғасырдағы Маңғыстаудың келбетін жаңғыртады. А.Г. Медоев археологы ең алғашқысы 2 миллион жыл бұрынғы Маңғышылақ территориясының палеотық мәдениетінің бір қатарын белгілеп берді. Тарих бөлімі XIX ғасырдағы Маңғышылақтын әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірін суреттейді. Қол өнер бөлімі Маңғыстаудың бағалы тастар мен ағаштардан дайындалған ұлттық зергерлік бұйымдар коллекциясына бай және шеберлердің қолымен жасалған киіз үй, ұлттық киімдері де жеткілікті. Бұл байлық мұражайдағы мақтанышы болып отыр [38].
Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы. Мәдени — ағарту мекемесі. Кітапхана Маңғыстау облысының атқару комитетінің 1973 жылы 23 тамыздағы шешімімен ашылған. Оның директоры Н.З Әшімбаева. Алғашқы кезде кітапхана қоры 13400 данадан құрылған. 1976 жылы кітапхана орталықтандырылды. Ал қазір кітапхана қорында 400 мыңға жуық кітап және 1 млн-дай мерзімді басылымдар. Кітапханаға жылына 20 мыңға жуық оқырман келіп, оларға 400 мыңдай басылымдар беріледі. Кітапханада жасөспірімдер үшін «Талапкер», «Жас суретші», «Шебер қолдар» секілді үйірмелер жұмыс істейді. Жергілікті ақын-жазушылармен, еңбек адамдарымен әр түрлі тақырыптық кештер, кітап беташары, конференциялар өткізіліп тұрады. Қазіргі заман талабына сай кітапханада кітап қоры электронды каталогқа құюмен интернет жүйесіне қосылған. Маңғыстау облыстық қуыршақ театры. Сахналық өнер ұжымы. 1980 жылы Қазақ КСРО Министірлігі Кеңесінің және Шевченко облыс атқару комитетінің шешімімен облыстық қуыршақ театры ашылды. Театрдың ашылуына сол кездегі жас қалаға бұрынғы кеңес елінің түпкір-түпкірінен келген әр ұлттың кәсіп мамандары, олардың отбасылары мен балаларының келуі, сонымен бірге жас көрермендерге өздерінің балаға тән өмірлік түсінгеніне орай ой-өрісі мен сана-сезімін, таным табиғатын жан-жақты ояту мақсатын көздеушілік себеп болды. Алғашында театр Ақтау қаласының 4 ықшамауданындағы «Парус» клубын иелік етті. Театр шымылдығы 1981жылы 6 қаңтарда В.П. Катаевтың «Жеті түсті гүл» пьесасымен ашылды. Бұдан кейін И.В. Штоктың «Құдретті комедия», «Қуыршақтар күледі де жылайды», украин ақыны Т.Г. Шевченконың түбекте айдауда болғанын баяндайтын «Меңіреу елсіз далада» атты спектакльдерін қойып, ересек көрермендердіңде қошеметіне бөленді. 1988 жылы театрдың қазақ тобы ашылды. Соңғы жылдары облыс әкімшіліктің қолдауымен театр ғимараты жөнделіп жанартылды, көрермендер залы салынып, оның материалдық базасы кеңейтілді. Театр ұжым 1982 жылы «Жігер» жастар шығармашылық фестевалінің дипломаты атанды. Бұдан кейінгі жылдары театр тобы Қазақстан қуыршақ театрларының 1 – Республика фестиваліне, Халықаралық фестиваліне, Шымкент қаласында «Алдар көсе хикаясы» атты ұлттық спектакльді көрсетіп «ең үздік режиссура» сыйлығына алған. Уақыт өте келе театр ұжымы Орынбор қаласындағы «Пьеро» муниципиалдық театрымен тығыз шығармашылық байланыс жасап келеді айтарлықтай дәрежелі атаққа иеленді. Маңғыстау облыстық музыкалы драма театры. Н.С. Жантөрин атындағы – сахналық өнер ұжымы. 2003 жылы 21наурызда Ғ.Мүсіреповтың «Қыз Жібек» спектакльмен театр шымылдығы ашылды. Театрдың шығармашылық ұжымын Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының актерлік бөлімін бітірушілер құрайды. Театр репертуарынан ұлттық және аударма пьесалар елеулі орын алды. Олардың қатарында Ш.Хұсайыновтың «Алдар көсе», Б.Беделханұлының «Махамбет», С.Назарбекұлының «Ақбөбек» және т.б. шығармалар бар. Театр ұжымы 2003 жылы Н.И.Сацтың туғанына 100 жыл толуына орай Алматы қаласында Республикалық жастар мен балаларға арналған қойылымдар фестиваліне қатысып, Т.Әліпбаевтың «Томирис» спектаклін көрсетті. Аталмыш спектакльді сахнаға шығарған режиссер Г.Мерғалиев «тұсаукесер» және актриса А.Наремгенова «көрермен көзайымы» номинациясы бойынша фестиваль лауреаты атанды. Жалпы айта берсек театр тек қойылымдарымен ғана емес салыну үлгісімен, ішкі құрлысымен ерекшеленеді. Театр ғимаратының ішінде спектакль көрсететін 200 орынды, концерттер мен фильмдер көруге 680 орынды 2 залы бар, 9 цех жұмыс істейді. Маңғыстау облыстық филармониясы. М.Өскенбаев атындағы мәдени концерттік мекеме. Филармония Қазақ КСРО Мәдениет министірлігінің №72 бұйрығы негізніде 1975 жылы 1 сәуірде құрылды. Облыс филармониясының негізгі мақсаты жастарға музыкалық-эстетикалық тәрбие беру, жергілікті тұрғындарды классикалық туындылармен таныстыра отырып, олардың рухани қажетін өтеу болып табылады. Маңғыстау облысының филармония құрамында камералық ансамбль, қазақ ұлт аспаптар оркестрі және «Ақжарма» фольклорлық-этнография ансамблі бар. 2003 жылы 30 шілдедегі облыс әкімінің шешімімен Филармонияға М.Өскенбаевтың есімі берілді. 2006 жылы филармонияның кіші симфониялық оркестірі құрылып жұмыс істей бастады. Абай атындағы мәдени-көңіл-көтеру орталығы. Ақтау қаласындағы негізгі көрінісі. Қалның мерекелік шаралары, концерт сауықтыру кештері осы жерде өтеді. Таза талантты топтары: балалар студиясы Радугасында «Альтаир», «Меруерт», «Фламинго» би тобы, «Колибри» балалар мода театры бар. Олар осы жердің беткі ұстар талантты топтары [39].
Маңғыстау тәжірибелік ботаника бағы. 1972 жылы қазіргі Маңғыстау болысының Ақтау қаласында құрылған. ҚР Білім және ғылым министірлігінің Ботаника және фитоинтродукция институтының қарамағында. Ауданы 37,9 га. Батыс Қазақстанда сирек кездесетін және жергілікті табиғат жағдайында өсетін өсімдіктер түрлерін зерттеумен айналысады. Қазір бақта: ашықтұқымдылар, басқа аймақтан әкелінген жалпақ жапрақтылар, жергілікті флора, жеміс-жидек, шырмауық, гүлді өсімдіктер, жем-шөп дақылдарының жаңа түрлері бөлімдері жұмыс істейді. Ботаника бағының негізгі ғылыми зерттеу бағыты: басқа жерлерден әкеліп отырғызылған өсімдіктерді жерсіндіру, қолайсыз климат жағдайында түрлердің өсуі мен биоэкологиялық ерекшеліктерін анықтау, интродуцентерді күтіп-баптау, өсімдік өсірудің агротехникасы мен олардың көбею заңдылықтарына бақылау жүргізу, Маңғыстау өңіріндегі өсімдік жамылғысының қорын зерттеп, өте бағалы түрлерді шаруашылыққа пайдалану, бау-бақша және саябақ құрлыстарын ғылыми негізде ұйымдастыру, шығанақтағы елді мекендерді көгалдандыру. Бақта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 79 тұқымдасына жататын 191 туысы бар. Қазіргі кезде бақтың коллекциясында өте сирек кездесетін 51 түрі бар. Соның ішінде 19 түрі жалпақ жапрақты, 14 жеміс-жидекті, 12 қылқан жапрақты, 6 гүлдік өсімдіктер. Мұнда ғылыми қызметкерлер өсімдіктер жамылғысының эстетикалық бағасының кешенді шкаласын; басқа жақтан әкелінген өсімдіктер шкаласын анықтау; маңғыстаудың топрақ жамылғысы жағдайының бір жүйеге келтірілген жіктелімін; интродуценттердің формаға түсірілген экологиялық сипаттамасының принциптерін анықтау. Еңбек Даңқ мұражайы. Каспий маңындағы машинақұрлыс кешенінде орналасқан Еңбек Даңқ мұражайы туралы айтамыз. Мұражайдан Маңғыстаудың өндірісінің және соның ішінде Ақтау қаласының құрылуын көре аласын. Мұражайдың негізі 1992 жылы қаланған болатын, осы уақыттан бері басқарып кележетқан және ары қарай дамуына үлкен үлесін қосқан Шушаков Марат Түрікпенбайұлы. Осы жылы мұражайға шетел мемлекеттеріне таныстырушы, яғни Индия, Австрия, Белоруссия басқару делегаттары келді. Мұражайды құру ойы 80 жылдары пайда болды, өйткені 1984 жылы өндірісте біріккен Каспий маңы Тау-Металлургиялық Комбинатқа 25 жыл толды. Осыдан 2 жыл бұрын басшысы Маңғышлақ түбегінің негізін бастаған адамдар ерлігін көрсетуді шешті. Расында, сол жылдары бұл жерде жол, су тіпті байланыста болған жоқ. Екіншісі қазіргі Маңғыстау өндірісінің даму тарихын көрсету. Еңбек Даңқ мұражайы қаладағы алғашқы болып табылады. Бұл кезең жасырынды болғандықтан мұражайды қала территориясында орналастыру мүмкін болмады. Мұражайда көптеген макеттер, әр түрлі марапаттарын дәлелдейтін құжаттар, қызықты суреттер, комбинат белгісі сақталған, «Қазан революциясы» және «Қызыл еңбек» ордендері мен комбинатқа берілген грамоталары сақталған. Мұражайдын жеке бұрышы орташа машина құру министрі Ефим Павлов Славскомға арналған. Е.Павлов әлеуметтік еңбектің үш рет батыры, Лениннің он бірінші орден иегері. Оның еңбегі мынада: ол Ақтау қаласының құрлысын талап ете отырып, қазіргі таңда қаланың гүлденуіне барлық жағдайды қадағалап кетті. Комбинаттың бірінші директоры Рубен Арамайсовқа арналған бөлме бар. Комбинаттың және қаланың дамуына қосқан үлесінің бағасы шексіз. 1966 жылы Ленин орденімен, әлеуметтік еңбек марапатын алды. Ең үлкен стенд ауыр жағдайға қарамастан Маңғыстау территориясын негіздеген, сол кездегі комбинат жұмысшыларына арналған. Қаламыздың болашағы үшін қолын жаймай еңбек еткен адамдар үшін. Мұражай өзінің қиын кездерін бастан кешті, бірақ соған қарамастан аяғынан тік тұрды. Басшыларының көмегімен мұражайға келушілер үшін тегін және транспортпенде қамтылған. Тарихи-мәдени қорығы 1980 жылы құрылған [40]. Облысымызда 12 мыңнан астам мәдени тарихи ескерткіш қорларын сақтау мақсатында іске қосылған. Мемлекет қорғауына алынған мемлектеттік тарихи мәдени қорықта 139 нысан, оның ішінде мемлекеттік маңыздылығы жоғары 20 ескерткіш бар. Ғылыми зерттеу және өндеу жұмыстарынан өткен 12000. Оны табиғи мұржай деп атауға болады, мұндағы ауқымды экспозициялар үңгірлер оазисі, ғажайып дала түсі, Үстірт пейзажы, шөлдің барлық түрлері мен біздің планетамыздың пайда болу тарихы туралы ақпарат алуға болады. Сонымен қатар, бұл жерді адам қоғамының үлкен тарихи мұражайына тенесек қателеспеген болармыз, өйткені сансыз галереялыры адам мәдение материалдық ескерткіштерін ашады. Сондай-ақ, бұл жерде 9-19 ғасырларға сайкес келетін архитектуралық ескерткіштер мен Ұлы Жібек Жолындағы бекінісі ,орта ғасырлық құлаған қалалар, ежелгі көпестердің шіркеулерін, тас ғасыры мен қола дәуіріндегі қорғандар бар. Осынадай тарихи мәдени мұралар шебер ұжымдардың қолынан өтіп зерттелуде. Яғни, зерттеушілер мен экспедиция құрушы адамдар тобы ескерткіштер туралы жиналған мағлұматтарын пайдалана отырып, лекция, көрмелер және экскурсиялық маршрут ұйымдастырады. Маршрут бағыты түбектің табиғи, тарихи туристік рекреацияларымен байланыстыра жасалады.
Ақтау шамшырағы. Каспий теңізіндегі Бор мүйісінде орнатылған мұнаралық құрылыс. Ақтау шамшырағы 1967 жылы іске қосылды. Қаланың қазіргі тұрғындары бұл теңіз шамшырағы не үшін орнатылғанын білмейді. 40 жылдан астам уақыт ішінде Ақтау шамшырағы. неше түрлі аңыз-әңгімелерді басынан кешті. Оны бүкіл дүние жүзіне атағын паш еткен ерекшелігі-шамшырақтың қаладағы 10 қабатты үйдің төбесіне орнатылғанында. Шамшырақтың биіктігі 10 м, оның жарық көзі-шамның қуаты 1000 Вт. Әрбір шамшырақ өзіне белгі беретін құрал жабдықтармен қамтылған. Сонымен қатар, Ақтау шамшырағы келгендерді қызықтыру үстінде. Шам жарық сигналдарын күшейтіп, белгілі бір уақыт сайын теңізге қызыл және ақ сәулелерін түсіреді. Оптикалық құрал-жабдықтардың көмегімен қуаттылығы жоғарлаған жарық көздері теңізшілердің түнде қалың тұман қауіптерінен сақтануына көмектеседі. Ақтау шамшырағы жарық сәулелерінің ұзындығы 21 теңіз милиясына тең. Оны күн сайын қосу мен ажырату өте қатан тәртіппен орындалады. Маман-картографтар шамшырақтың жұмыс кестесін бір жыл бұрын дайындайды. Бұл дайындалған кестеде тек ауа райы бұзылған кезде ғана ауытқулар баолады[6]. Қазіргі кезде Ақтау шамшырағына Ақтау халықаралық теңіз портының маңыздылығының артуына байланысты, Ақтау шамшырағына жаңа технологиялар мен жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Яғни, алыста келетін кемелерге белгі беру дыбыстары мен пайдалану құралдарын жаңарту істері қолға алынып отыр.
2.3 Ақтау қаласы бойынша шолу экскурсия
Диплом жұмыстың тақырыбына байланысты Ақтау қаласы бойынша «Каспий жүрегі – Ақтау» — атты, шолу экскурсиялық маршрут құрылды. Маршруттың ұзындығы шамамен 18 шақырымға, 3 сағатқа есептелген. Экскурсия Ақтау қаласының ең көрікті жерлерімен әсерлетілген. Яғни, маршруттың негізгі нүктелері: Ынтымақ алаңы, Тобанияз Алниязұлының ескерткіші, «Ақтау» сауда-көңіл көтеру кешені, Байтерек сауда көңіл-көтеру орталығы, Бекет Ата мешіті, Н.С. Жантөрин атындағы музыкалық драма театры, Маңғыстау облысының Туризм колледжі, Ақтау қонақ үйі, жағажай, Мәңгілік алау, Маңғыстау облыстық тарихи өлкетану мұражайы. Осы негізгі нысандарды пайдалана отырып ашылатын тақырыптар Ақтау қаласының тарихы, қаланың өзіндік ерекшеліктері мен діни орындары, экономикалық жағдайы , мәдениеті [41].
Алғашқы нүктесі «Ынтымақ» алаңынан басталады. Бұл жерді қаланың даму кезеңдерінің айнасы «Ақтау қаласының тереңге созылған тарихы» атты тақырып ашылады. Жалпы алаңның негізі 1999 жылы қаланған болатын. Жалпы көлемі: ені 50 м, ұзындығы 100 м созылған. Осындай тамаша орының жанында тұрған «Ынтымақ» сауда орталығы. Орталықта Маңғыстаудың мәдениетін көтерер әр түрлі аса шеберлікпен зерделенген ерекше бұйымдармен және оюланып керемет тастардан қашалып жасалған сыйлықтар бар. Сондай-ақ, қазақтың ұлттық және еуропалық киімдері сатылады. Ал, енді алаңға қарсы орналасқан нысандар Ақтау қаласында 2002 жылдан бері қызымет етіп келе жатқан «Ақтау жұлдызы» атты бизнес орталығы, оның жанында тұрғандар Қазақтлеком мен Маңғыстау облыстық әкімшілік орталығы орналасқан. Жолдың солтүстік қырынан «Неке сарайы» көрінеді. Ал, оң жағына қарасан көкке самғаған Қазақстанның туы. Оның биіктігі 30 м-ге дейін жетеді. Ол 2009 жылдың тамыз айында елбасымыздың қатысуымен салтанатты түрде ашылған. Құрылу мақсаты: «Бейбітшілік бекемділігі» [6]. Жанында тұрған 1995 жылы 22-24 қыркүйекте 120 жылдығына орай Ақтау қаласында мерекелік шара өтті, Тобанияз Алниязұлының кітабы жарық көрді. Соның бірі ату жазасын алған Адай төңкерісінің төрағасы болған Тобанияз Әлниязұлы. Ескерткіштің авторы, сәулетшісі Көшер Байғазиев. 120. Қазір ескерткіштер мемлекеттік қорғауға алынған. Келер ұрпаққа өнеге болар тарихи тұлғаларымыздың ескрткіштері қаламызыдың сәні болып ерекшелене бермек [36]
Келесі бағыт 12-ге қарсы орналасқан аудан 27 микроауданына апаратын жолға түстік. Бұл жол қаладағы алғашқы жылдары салынған. Жалпы ұзындығы 10 шақырым. Жол қаланың ең әдемі орталықтарын түйістіріп тұр. Бұл жерде ашылатын тақырып Ақтау қаласына тән өзіндік ерекшеліктері. Тамаша көңіл көтеру орталықтары мен таңқалдыр кешендері жыр етіледі. Соның бірі, жаңа үлгіде салынған Байтерек сауда көңіл-көтеру орталығымен танысады. «Өйткені жалпы жобасы Ресей дизайндарының қолынан өткен болатын. Бұл орталықта адам талабына қатысты барлық жағдай қарастырылған. Сонымен қатар, оның ішіндегі негізгісі «Бәйтерек 3D cinema» кинотеатры Бәйтеректің үшінші қабатында орналасқан. «Бәйтерек» көңіл-көтеру сауда орталығы Ақтаудағы алғашқы 3D cinema форматтағы фильм көруге арналған цифрлы залы бар. «Бәйтерек 3D cinema» кинотеатры 326 орынды 3залымен ерекшеленеді. Яғни, бірінші залы – 84 орынды, екіншісі – 114, ал үшінші зал-цифрлы (3D cinema форматты) 128. Кинозалы барлық талаптармен жоспарланып, жоғары категорияда құрылған. Кинозал жобасының дизайны Ресейдегі 500 кинотеатрды жобалаған атақты «Asia Cinemа» компаниясы жасаған еді. Кинозалы барлық талаптармен жоспарланып, жоғары категорияда құрылған. Кинозал жобасының дизайны Ресейдегі 500 кинотеатрды жобалаған атақты «Asia Cinemа» компаниясы жасаған еді. Ақтау қаласында ірі сауда-көңіл көтеру орталығы ашылды. «Ақтау» сауда-көңіл көтеру кешені 2009 жылы 10 желтоқсанда бар. Алаңы 50000 м2 және барлық жанұяға арналған көңіл-көтеру орталығы деп айтсақ болады. Территориясында гипермаркет, сауда бутиктері, тұрмыстық техника дүкені, көңіл-көтеру және спорттық кешен, қаладағы ірі жерастында ашылған паркинг, кинотеатр «Kinoplexx Aktau», спорттық зона, бассейн, теннис корты, футбол алаңы, баскетбол және волейбол, балалар алаңы, SPA-орталығы, мейрамхана орналасқан. Ашылуына Ақтау қаласының әкімі Қырымбек Көшербаев өз сөзінде былай деді: бұл нысанның құрлысына 15 млрд тенге құйылған, 3300 адамға жаңа жұмыс орын ұсынылып отыр. Мұндай өте үлкен орталық әлеуметтік және экономикалық тимділік пен табыс көзі. «Ақтау» сауда-көңіл көтеру орталығының ерекшелігі мұз айдыны болды. Мұз айдының көлемі 30×17 м құрайды, дайындаған австралиялық компания AST [33].
26 микроауданынан келесі нүкте Ақтау қаласының жүрегі Бекет Ата мешітін әңгімелей отырып Ақтаудағы басқада діни орындары туралы тақырып ашылады. Жалпы қалада ислам дініне бет бұрғандар үшін екі мешіт және христиан нанымында жүргендер үшін салыну үлгісімен айрықшаланатын 28 микроауданында орналасқан жалғыз шіркеу бар. Мешіттерді қасиетті орданың қабылдаушы ауласы ретінде көмкеруге болады. Бұл мешіт қалада 2002 жылдан бері ислам дінімізді берік ұстанушылар мен осы дінге таңқалушылар үшін адал қызымет етуде. Мешіт биік минаретпен салынған. Тек, қала тұрғындарының сыйынуына ғана емес, сонымен қала құрлысының маңызды архитектуралық элементі ретінде. Ол қаланың доминатына сәйкес, сонымен қатар теңізден де даладанда көрінетіндей орын таңдалған. Маңғыстау даласы таң атқанда тамаша, биік минаретпен мешіт бейнесі тамаша мына пейзажды әсемдете түседі. Енде мешіттің сол жағымен бұрылып, 22 шағынауданына беттей, жолайы екі шағынаудан арасында орналасқан қолында баласы бар ананың көрінісін беретін ескерткішті қызықтауға болады. Бұл бастапқы кезде Ынтымақ алаңында орналасқан болатын. Бірақ уақыт өте келе Аналарға арналған емхана жанына орнатты. Себебі, бұл балалы ананың болашаққа ұмтылуымен, жарқын келешекке деген құштарлық көрінісімен айналасына күн сәулесін шашып тұрғандай сезім таратады [6].
Келесі негізгі бағыттың бірі «Білім туризмін жандандырудын негізгі себебі дамушы сала ретінде келе жатқан туризм шаруашылығы үшін жаңа технологиялармен мейрамхана бизнесі және қонақ үй шаруашылығы мамандарын дайындау осы тұрғыда мамандандырылған кадрлармен туристік индустрияны дамыту мақсатында 2009 жылы қыркүйек айында ашылған Маңғыстау туризм коледжіне» келдік. Бұл негізгі білім ордасы болып табылады. Бірінші қатысушы топ 167 адамды құрды. Қатысушыларды дайындау процессіне Германия мұғалімдері шақырылды. Туризм коледжінде территориясында ұлттық шеберлер шеберлер мен қолөнершілер «Шеберлер ауылы» бойынша орналастыру дайындау жұмыстары өтетін орындармен де қамтылған [42].
Ендігі 8 микроауданына түсетін жолдан Ақтау қаласының тамаша көрінісін байқалады. Бұл шағын ауданның жан жағынан 6, 7, 9 микроаудандар қоршап тұр. Осы жерде қаланың ескісі мен жаңасын бейнелейтін биік үйлерді, мәдениетін көтерер нысандарымен танысуға болады. Осындай тамаша көрініске үлес қосып тұрған Маңғыстау облыстық музыкалы драма театрын айтпау мүмкін емес. Яғни, Н.С. Жантөрин атындағы – сахналық өнер ұжымы десекте болады. 2003 жылы 21 наурызда Ғ.Мүсіреповтың «Қыз Жібек» спектаклімен театр шымылдығы ашылды. Театрдың шығармашылық ұжымын Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының актерлік бөлімін бітірушілер құрайды. Театрдын басты репертуарында Ш.Хұсайыновтың «Алдар көсе», Б.Беделханұлының «Махамбет», С.Назарбекұлының «Ақбөбек» шығармалар бар. Театрда аянбай еңбек еткен бетке ұстар режиссерлары Т.Әліпбаевтың, Г.Мерғалиева Б.Беделханұлы. Жалпы айта берсек театр тек қойылымдарымен ғана емес салыну үлгісі ішкі құрлысымен ерекшеленеді. Салынуы классикалық үлгіде. Театр ғимаратының ішінде спектакль көрсететін 200 орынды, концерттер мен фильмдер көруге 680 орынды 2 залы бар, 9 цех жұмыс істейді. Бұл театр Ақтау қаласының жарық жұлдызы ретінді маңызды орын алып тұр [39].
Ендігі барып қызықтайтын орындарынның бірі 3 микроауданы. Бұл қаладағы ең бірінші құрылған аудан. Сонымен қатар, микроауданда қосымша 3A, 3B болып бөлінеді. Оларды көрсете отырып, 3A бөлігінде орналасқан Ақтау қаласынның бірінші қонақ үйі «Ақтау» туралы айтпай кету мүмкін емес. Ақтау қонақ үйінің негізі 1964 жылы қаланған. Бұл жылдар қаланың енде ғана жандана түскен уақыттары болатын. Осындай жаңа, жас-қаламызда қонақ үйдің орны өзгеше болды. Алғашында қалаға келушілер осы қонақ үйге соқпай кетпейтін. Уақыт өте келе барлығы басқаша. Қаланың жандануына байланысты басқада орналастыру орындарына сұраныс артып, олардыңда саны күнен күнге өсуде. Қазіргі таңда «Ақтау» қонақ үйі басында 5* болды десек, осы кезде 3* категориялы орналастыру орындарының қатарында болып тұр. Ол 9 қабатты. Байқап тұрғандарындай айналасында көңіл-көтеру орындары мен сауда орталықтары орналасқан. Мұнда көрсетілетін қосымша қызметке кіргізілгендер халықаралық байланыс, тегін интернет, мейрамхана, сұлулық салоны. Жыл бойына қызмет етеді [30].
Келесі асыға күткен Ақтау қаласының айнасына айналған Каспий теңізінің жағалауына бет бұрдық. Ақтау теңіз қақпасы бағытын ескере отырып, қаланың экономикалық жағдайы атты тақырып ашылады. Бұл 3 шағын ауданының оңтүстік қырынан бұрылып 1 және 2 шағынауданына қараған бағытының айрықша келбетімен танысады. Яғни, жолдың сол жағында көріп тұрған обьект Шағала санаториясы. Бұл жерде демалушылар үшін екі орынды нөмір, қысқы бақ түріндегі демалу залы мен ыңғайлы ведео зал бар. Гинекологиялық, бальнеологиялық емдеу ванна түрінде, іш-құрлыс, барлық массаж түрлері және пайдалы теңіз желімен ауруларды емдейді, сауна сәйкес ингаляциондық процедуралар, емдік душ, жылумен емдеу, электрожарықпен емдеу процедурасы хлоридт-натривті минералды қайнар көзі қолданылады. Осындай ерекшелікті ескере отырып орналастырылған. Қарсы теңіз жағалауында орналасқан тамаша демалу орындары жастарға арналған «Манила» тынығу орны. Яғни, сәуле шашқан құм мен қиыршық тастар, мөлдір, таза, ыстықты басар қоңыр салқын су демалушылар үшін жайлылық пен ғажап күй сылайтыны абзал. Осындай демалыс орнын тамашалағаннан кейін не көрседе барлығы ертегідей болатыныны анық [31].
Ақтау қаласының ғана емес, бүкіл облысттың сиволына айналған «Мәңгілік алау» мәдени архетектуралық ескерткіші. Ескерткіш 7 микроауданы, қала орталығы, драма театрына қарсы орналасқан. 1985 жылы Ұлы Жеңістің 40 жылдық мерекесінде тұрғызылған. 1941-45 жылдары Ұлы Отан соғысы «ағымдаған жылдар, таусылмайтын дауыл қаққан атыс шабыс, қызыл майданда аянбай қарсы тұрған майталман ерлерімізді еске алу, жүрегімізде сақтау мақсатында құрылған. Бұл уақыттары Маңғыстау өлкесінен 8200 ден астам жауынгер аттанып, одан тек бестен бірі ғана тірі келген. Ал, енді ескерткішті көріп тұрғандарындай қалың жұрт қазағымның киіз үйіне ұқсайды. Ашық таспен жасалған, ашық мрамормен аппақ киіз үйді еске түсіреді. Ішкі көрінісі көгалды, төмен бұталы, гүлді клумбы. Ішіндегі еденін айтатын болсам, қара ауыр мрамор плиталармен жасалған, қызыл граниттен жұлдыз, яғни онда соғыста өлгендерге символ ретінеде мәңгі от жанып тұр. Жұлдыз ұзын қола дөңгелекпен айналдыра қошалып жазылған: « Ерлікпен отанды қорғаушылар – мәңгілік даңқ» [35].
Асулардың асылы, қадірлі тамашалаушы қонақтар ендігі тамсанып, тамашалайтын орындарын 9 микроауданында, 23 үйде орналасқан Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы. Бұл маршруттың соңғы нүктесінде Ақтау қаласының мәдениетіне қатысты тақырып ашылады. Яғни, Тарихи өлкетану мұражай Қазақстан Республикасының мәдени орталықтарының ең ірісі болып табылады. Мұражай негізі 1975 жылы қаланған, оның тарихтан, археология, этнография, тарихи және мәдени колекциялар 50 астам экспонаттан құралған, яғни қазіргі тарихи, этнография және тарих, археологиялық, табиғи бөлмеден тұрады. Бірінші табиғи бөлімнен басталады. Онда Маңғыстау облысының геоморфологиялық және географиялық орналасуын тамашалайды. Геология залында карта, геологиялық сурет туралы диорамсы және Маңғыстаудың палеонтологиясы мен пайдалы байлықтары суреттерінен хабардар болады. Ал, Каспий теңізінің өсімдіктері мен жануарларын көрсетуге арнайы зал бөлінген, бұл жерде сіздер Қазақстанның әр түрлі ерекше типтегі тамаша экспонаттарын әңгімелейді. Табиғи залында басқа табиғи өсімдіктер, аймақтын ерекше орнитоөсімдіктері мен жануарлары туралы ақпарат алуға болады. Сондай-ақ, айтарлықтай қоры Маңғышылақ Үстірт аралы үшін сақталған. Бұл бөлімінде Маңғышылақтың алғашқы пайдалы қазбаларын іздеу, аймақтың өткені туралы геологиялық суреттеме беретін палеонтология коллекциялар сақталған фонды бар. Археология залы б.з.д. XVIII ғасырдағы Маңғыстаудың келбетін жаңғыртады. А.Г. Медоев археологы ең алғашқысы 2 миллион жыл бұрынғы Маңғышылақ территориясының палеотық мәдениетінің бір қатарын белгілеп берді. Тарих бөлімі XIX ғасырдағы Маңғышылақтын әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірін суреттейді. Қол өнер бөлімі Маңғыстаудың бағалы тастар мен ағаштардан дайындалған ұлттық зергерлік бұйымдар коллекциясына бай және шеберлердің қолымен жасалған киіз үй, ұлттық киімдерімен танысасындар[38]. Бұл байлық мұражайдың мақтанышы болып отыр. Яғни, «Өткеннен өнеге-Ізгілікті із» (сурет 6).
Сурет 6. Ақтау қаласынның шолу экскурсиялық картасы [43]
Ақтау қаласының туристік инфрақұрылымы айтарлықтай жоғарғы қырынан көрінуде. Яғни, дәлел ретінде әр түрлі деңгейлі қонақ үйлер, бизнес орталықтары мен көңіл көтеру кешендерін айтсақ болады. Ал, тарихи-мәдени нысандарына келетін болсақ, бұл нысандардың барлығы өзіндік құрылу тарихымен, салыну үлгісімен ерекшеленеді. Осыған байланысты, Ақтау қаласының туристік инфрақұрылымы мен тарихи-мәдени нысандарын пайдалана отырып Ақтау қаласы бойынша шолу экскурсиясы құрылды.
- АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЖАҒДАЙЫ
3.1 Туристік жобалардың анализі
«Менің аппақ қалам-тастан шыққан гүлсін сен»-деп, айтқандай Ақтау қаласының қайталанбас архитектуралық келбеті осы жолға сәйкестелгендей. Ақтау болашақ және жастар қаласы. Мың құбылған Маңғыстау түбегінің қайталанбас табиғаты мен тарихи ескерткіштерін, Каспий теңізінің табиғи сұлулығы мен экологиялық тазалығын жаңа туризм индустриясында және халықаралық деңгейде паш ету үшін Ақтау қаласының орталық ретінде маңызы зор. Яғни, Маңғыстаудың қыр сырымен сырласу, олармен танысу үшін демалушы немесе туристтерге жаңа заман талабына сай орын болу керек. Осы тұрғыда тамаша қала имиджін қатайту мақсатында жаңа жобаларды, туризмді дамыту бағдарламалары қолға алынып жатыр. Облыста әзірленген басты серпінді жобалардың бірі – Ақтау қаласының туристік аймағының құрылысы болып табылады. Жоба экспортқа бағдарланған, халықаралық туристік рынок зерттеулері нәтижесі ескеріліп әзірленген. Жобаны іске асыруға қала құрылысы мен туристік бизнес жүргізудің әлемдік озық тәжірибесі тартылатын болады. Яғни, Қазақстан Республикасының 2007-2011 жылғы туризмді дамытуда Маңғыстау облысы бойынша инвестиция құрылымын анализдеуде Ақтау қаласы 75% инвестицияны өз құрамына ала отырып инвестиция көлемі бойынша көшбасшы болып отыр. Қазіргі таңда инвестициялық қаржыландырудың қайнар көзі шаруашылық субьект бойынша ортақ көлемі 60%, шетел инвесторлары 20%, республикалық және қалалық бюджеттен 11%, айналым құралы 9%. Адам потенциалының дамуына жағдай құру аймақтын бәсекелестікке төтеп берудің негізгі факторы. Демографиялық жағдайда Ақтау қаласы тұрғындарға тартымды территориямен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, Маңғыстау облысында 2015 жылға дейін туристік кластерін дамыту бас жоспарды жүзеге асырылда. Маңғыстау облысы бойынша 14 маршрутпен қамтамасыз ету мақсатында бас жоспарда 17 «сервистік нүкте» қарастырылған. Осы бағыт бойынша негізгі қызмет нүктесіне Ақтау қаласы болған. Оның ішінде Ақтау-Сити қалашығы, жоғарғы стандарттағы қонақ үйлер, мұражай «Маңғыстау», жаңа гольф-орталықтары, жаңа спорттық кешендер, ұлттық парктерді дамыту, «Ақтау-Құрық-Кендірле» темір жолын салу, «Шебер аул», инвестициялық жобалар кірген [44].
Осы бағытта Ақтау қаласындағы негізгі қызмет нүктесі Өмір және демалыс үшін қала. Яғни, Қазақстанда Астанадан кейінгі тамаша қалақұрлыс жобасы болмақ. «Ақтау-Сити – Энергиялы қала» Жаңа қала Каспйи теңізіні батысында, Ақтаудың онтүстігінде, авто жолының шығысында, аэропорттың солтүстігінде шектелген квадратта орналасады. Жаңа қаланың басты жоспары макет және 3D-жеке аудандары оның масштабтылығымен, ультражаңалығымен, әдемілігімен таңқалдырады. Жаңа қаланың басты жобасы былай өнделген: барлық обьектілер теңізге қарап тұрады, барлық көшелер мен проспекттілер жағалауға шығады. Жағалауға қатысты болса теңіз кромкасы тереңдетіліп, ланшафтысына тамаша сәйкестендірілген аралда жаңа жобада эксклюзивті үйлер, жеке виллалар салынады. Презентацияда айтылғандай жаңа қазақстандық жұлдыз дүниеге келеді, яғни, әр адам қайталанбас специфекациясмен, ыңғайлылығымен жеке бақытын табады, сонымен қатар барлық әлем туристеріне тартымдылығын арттырады. Алматыдағы жоба презентациясынан бастап 120 астам инвестор компаниялары қызығушылығын танытуда. Қала миллиондаған жобамен 2020 жылға дейін 40 млрд. доллормен есептелінген. Құрлыстың ортақ алаңы — 3600 га жағалау сызығынана 10 км. Басжоспарына сәйкес 3000 астам нысан кіргізілген. Оның ішінде жүздеген мектеп, дүкен, емхана, ондаған парк, мәдени-әлеуметтік бағыттағы нысандар мен демалыс зонасы, 5 млн. м2 астам тұрғын үйлер. Басжоспарда сонымен қатар, яхт-клуб, ипподром, коттедж қалашығы, жол байланыстары, мамандандырылған порт зоналар құрлысы қарастырылған. Жанды сөзбен айтқанда құрлысы басталмастан бұрын, оның толығымен инфрақұрылым жобалары қаралады. Жобаға қатысушылардын айтуы бойынша «Каспий теңізінен – Сити жұлдызы жарқырауда» деп бекер айтпаған. Өйткені, Сити деңгейі халықаралық стандарта сәйкес, барлығы бес жұлдызды болмақ. Бұл Қазақстандағы жемісті жобаларының бірі. Сонымен бірге, бірінші тасы өткен жылдың 1-ші қыркүйегінде Призедент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ақтау-Сити» арнайы мерекелік шарасына келуімен салынды. Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев презентация қатысушыларының есіне салды. «Біздің аймақ жоғары ырғақпен даму үстінде және құрылатын Жаңа қала стратегиялық міндеттер мен өсіп келе жатқан аймақтын мәртебесі үшін жауап береді. Ақтау – тек, елімідің теңіз қақпасы емес, сонымен ірі мұнай орталығы мен маңызды логикалық тамыры. Көрінісі–ірі туристік орталық. Бүгінгі уақытта жоба халықаралық деп айтуға болады, себебі инвесторлар мен мамандандырылған-құрлысшыларды әр түрлі әлемнен жинаған. Құрлысты 2006 жылы Таяу Шығыс, Батыс Еуропа және Қазақстан инвесторларынан құрылған «Kazemir Group» құрлыс және конгомерат инвестициялық компаниясының құрамына кіретін ЖШС «Kazemir Aktau Development Ltd» компаниясы жүргізеді. Жобада активті басқару және қонақ үй бизнесі манандандырылған үй құрлысына «Saraya Holdings» топ құрамына кіретін «Millennium Development International» халықаралық компаниясы істер атқаруда. ТМД елдерінің инвесициялық копаниясы «Kazemir Group» президенті Амангелді Мақашев Каспий жағалау зонасы және аймақтын қала экологиясы басжоспарда қолға алынғанын айтты. Қаланың болашақ тұрғындары туралы айтатын болсақ, басжоспарда болашақ қалаға тұрушылардың сұраныстары айтарлықтай көп болатындығы болжамдалған. Үйдің бағасына қарамастан жақсы материалдар мен технологияларды қолдануына байланысты халыққа өте тиімді болады. «Kazemir Group» компаниясының басқарма басшысы Зияд аль-Рагхибтын айтуынша Ақтау-Сити қалашығы құжатта көрсетілген уақытында бітетіндігін айтты. Бұған нөлден бастаған тәжірибесі бар Араб Эмираты дәлел. Біз көрдік, қалай Каспий аймағы дамуда, біз сенеміз оның потенциалына, біз Қазақстанның потенциалын көреміз және оның перспективасына сенеміз деп — Зияд аль-Рагхиб мырза белгілеген. Бұл жоба Парсы шығанағындағы елдердің үлкен қызығушылығын шақыруда. Бір жыл бұрын Ақтауды біз көргенде ол үшін мүмкін емес еш нәрсе жоқ деп шештік деп Уссама Каббани айты. Бұл жерде барлығы бар: теңіз бай табиғы ресурс және маңызды бағыты елді басқару жомарттық, тұрақтылық, жауапкершілік. Қазақстанда дамудың жоғарғы типі тез өседі және халықтың тұрмысы жақсарып, жұмыссыздық азаю үстінде – бұл денісау экономика белгісі. Осылайша Жаңа Ақтау-Сити елді тартушы орталықтын бірі болады (cурет 7). Сонымен бірге ол Еуропа, Азия, Парсы шығанақ елдеріне және барлық каспий қоғамдастықтарына жақын. Жоба мақсаты аймақтын туристік потенциалын жүзеге асыра отырып, соның ішінде іскерлік туризмді дамыту. Жаңа қаланың дүниеге келуі – бұл тарихи уақыттың көрінісі. Расында, демалу үшін жағалауда кофортабельді қаланың пайда болуы,барлық қазақстандықтар алдында ашылған жаңа гаризонт [45].
Сурет 7. Ақтау-Сити қалашығы [46]
Сонымен қатар, Ақтау-Сити жобасынан кейінгі, қалада қонақ үй ұсыныстары қолға алынған. Қазіргі кезде Ақтау қаласындағы қонақ үйлерде халықаралық стандартқа сәйкес келмейтін, 700 жуық жатын орын бар десек, 2015 жылы қала халқының саны 25000 жетеді деген болжамға сүйенетін болсақ, соған сай 4000-5000 жатын орны бар қонақ үйлер қажет болады. Осындай жатын орындар келесідей түрде болу керек:
- 5* категориялар 20% жуық.
- 4* категориялар 30% жуық.
- 3* категориялар 30% жуық.
- 2* категориялар 20% жуық.
Қонақ үй категориялыры әлемдік стандартқа сай болу керек. «Маңғыстау» мұражайы. Маңғыстау облысының орталығында жаңа көрме мұражайы орналасады. Облыс тарихы, оның мәдени және тарихи байлықтары, минералды ресурстарын жаңа қызықты түрде суреттеу. Ғылыми институт, жанында дүкен мен тамақтану орнынын орналастыру мұражайға тамаша қосалқылықты береді. Сонымен қатар, Ақтау қаласы тұрғындары мен сансыз шетелдік іскер адамдар үшін тартымды жаңа гольф-орталықтарын ашу. Яғни, олар: алаң 36 лункамен; жаттығу алаңдары; мейрамханасымен клуб мекемелері. Сондай-ақ, даму үстіндегі Ақтау қаласында әр түрлі спорт түрлеріне арналған жабық мекеме мен ашық аспандағы алаңдары бар жаңа спорттық кешендер ашу көзделді. Яғни, оларға: теннис, атта жүру, волейбол, гандбол, жүзу, гимнастика. Сонымен қатар, жаңа жобаларының келесі тармағы Маңғыстаудың тартымды зоналырын игеру. Осы бағыт бойынша негізгі мақсат мәдени, тарихи, табиғи байлықтарды қорғаудың тамаша жолын құру. Маңғыстау облысында зерттеу жұмыстары жүргізіліп, ұлттық парктерге қолайлы жерлер анықталған болатын. Соның бірі, Қарақия-Қаракөл. Бұл зона Ақтау қаласының оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Ол өзіне ең төмен жатқан ойпат Қарғия мен Ақтау қаласының оңтүстігіндегі тамаша көл Қаракөлді кіргізеді. Қорғалатын аймаққа ұсынылып отырған территория көлемі 180000 га. Облыстағы керемет жерлер мен курорттық зоналарға жету, оларды тамашалау мақсатында «Ақтау-Құрық-Кендірле» электірленген теміржол маршрут жобасы жүзеге асып, 300 млн $ көлемінде инвестиция құйылды. Маршрут Каспий теңізінің жағалауымен Ақтау қаласынан туристік зона Кендірлеге дейін созылады. 400 cыйымдылықпен кешенді электірленген поезд сағатына 120-250 км жол жүреді. Электрленген ваккумдық туалетпен, компьютерлік тексерулер, видеобақылау камералар жүйесі, шектеулі адамдарға арналған құралдар, музыка жүйелері, теледидер, ауа кондиционерлері және адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету құрылғыларымен толық қамтылған. Теміржол сымының бағасы бөлшектерінің техникалық анализін жүзеге асырумен анықталды. Яғни, орналасқан жерінен 1км теміржол сызығының өзі 182 ден 242 млн тенге, ал Каспий теңізі бойындағы панорамалы электрленген 36300 млн тенгеге жеткен [44]. Сонымен бірге, қазақ халықының тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрін, мәдениетін көтеру мақсатында айтарлықтай жобалар ұсынылды. Оған дәстүрлі және тамаша 11 киіз үй, бунгало, шебер ауыл түріндегі үйлер кіргізілген. Бұл қызмет нүктелерінің әр қайсысында туалет, душ, кондиционер, 80 жатын орын болады деп қарастырылған. Жоғарыда айтылғандардың барлығы Ақтау қаласы бойынша 2015 жылға дейін жүзеге асырылатын ірі инвестициялық жобалар. Барлық жоба халықаралық стандартта, шетелдік инвестрлармен жүргізіледі. Ірі жобаларды талқылай отырып «17 сервистік нүктесіне» кірген Кендірлі курорттық зонасымен салыстыратын болсақ оларды құрудағы өзіндік ерекшеліктері немесе қызмет көрсетуіндегі байланыстармен ажырату мүмкін емес. Өйткені, іске астын құрлыстын барлығы 5* болады. Сонымен қатар, жобалар құрлысы уақытында қолға алынып отырса, туристік өнімнің халықаралық нарықта шарықтауына жол ашады емеспе. 2015 жылы Маңғыстау обылысы бойынша Ақтау қаласын дамыту жобасына құйылған инвестиция көлемі кестеде көрсетілген.
Кесте 1
Ақтау қаласында туризмді дамыту жобасына құйылған инвестиция көлемі [20].
Обьект |
Инвестиция (млн.т) |
Мемлекеттік жеңілдіктер, преференция (млн.т) |
Мемлекеттік жеке серіктестік |
Нәтиже млн.т |
||
мемлекеттік |
жеке |
барлығы |
||||
Ақтау |
6050 |
54450 |
60500 |
13310 |
|
73810 |
Бұл кестеде Ақтау қаласына құйылған инвестиция көлемінің орташа саны көрсетілген. Яғни, мемлекеттік инвестиция 6050 млн. тенге құраса, жеке инвесторлардан 54450 млн. тенге бөлгінген, сонда барлығы 60500 млн. тенге болған. Сол сияқты, мемлекеттік жеңілдіктер мен перефенциясы 13310 млн. тенге болса, ортақ қорытындысы 73810 млн. тенгеге жеткен. Бұл бағыт Ақтау қаласы бойынша туристік жобалар 2007 жылы Маңғыстау облысының әкімшілігі IPK International неміс консалинттік компаниясымен Маңғыстау облысынада 2015 жылға арналған туристік кластерді дамыту бас-жоспары құрылды. Бас-жоспар 12 ақпан 2008 жылы Маңғыстау облысының жарлығымен облыстық сессия маслихатында анықталып, өз күшіне енді. Серпінді жобалар Маңғыстау облысында туризмді дамытуды жоғары сапалы деңгейге шығаруды көздейді, талап етілетін сапалы турөнімдерімен әлемдік экономикаға ықпалдасуға мүмкіндік береді.
- Ақтау қаласында дамытуға негізделген туризм түрлері
Теңіз қақпасы аталған Жас қала Ақтау өзінің географиялық жағдайы, климаттық жайлылығы, экономикалық даму сатысы, адамның өмір сүруіне қолайлы әсерімен елімізде маңызды орынға ие. Осыған орай қаланың туризм түрлерін қамтуына барлық мүмкіншіліктері бар екенің ескерген жөн. Яғни, олар: іскерлік туризм, қажылық туризм, балалар туризмі, экстремалды туризм, экотуризм, танымдық туризм, емдік туризм. Жоғарғы бөлімде осындай санқырлы жобаларды ескере отырып Ақтау қаласында іскерлік туризмді дамытуға мақсаттылық туады. Мұндай мақсатқа болашақта жүзеге асырылатын Ақтау-Сити қалашығындағы бизнес орталықтар, офистік нысандар мен жоғары классты қызмет көрсету кешендері және қонақ үйлері дәлел болады. Осы тұрғыды облыс әкімдігі жыл сайын өңірдің туристік әлеуетін көрсету мақсатында Халықаралық туристік жәрмеңкелер мен көрмелерге Маңғыстау облысы кәсіпкерлерінің қатысуы қамтамасыз етіп отырды. Облыста өткізілген халықаралық және өңірлік іс-шаралар аясында сыртқы және ішкі туризмді насихаттау және дамыту үшін туристік компаниялар мен туризм саласындағы ынтымақтастыққа мүдделі шекаралас және басқа да мемлекеттердің мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен тақырыптық семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізіледі. Имиджтік саясатты болашақта іске асыру мақсатында әртүрлі халықаралық, республикалық және облыстық іс-шараларға ұсынылатын жарнамалық және буклеттік өнімдер жаңаланды. Ақтау қаласында соңғы жылдары облыста халықаралы іс-шаралар, форумдар, фестивальдар, конференциялар, көрмелер тұрақты өткізілуде. Оған түрлі мемлекеттерден, оның ішінде алыс шетелдерден, көптеген қатысушылар қатысады. Яғни, бұлар көбінесе қаланың басты бизнес орталықтары мен Маңғыстау әкімшілігінде өткізіліп тұрады. Маңғыстау облысы бойынша мастер жоспарда Каспий теңізінің жағалауында халықаралық стандартағы конгресс-орталығын салу жобаланған. Яғни, аудан экономикасының белсенді дамуына байланысты, Ақтау қаласына MICE* конгресс орталығы қажеттілігі анықталып, конгресс-орталықты теңіз жағалауында орналастыратыны туралы шешім қабылданды. Орталық көпфункцияналды бағытынды жұмыс істеу үшін келесідей жағдайлармен қамтамасыз ету жоспарланған :
- Ұлттық және халықаралық конгресстер мен съездер.
- Ұлттық және халықаралық жәрменкелер мен көрмелер.
- Өндірістік экспозициялар.
- Шетелдік фирмалармен жылсайынғы халықаралық кездесулер;
- Концерттер және басқада мәдени жайттар.
- Фестивалдар.
- Маңызды қабылдаулар, мерекелік кездесулер, тойлар.
Жаңа конференц орталықтың әртүрлі мүмкіндіктерін ескере отырып, оның құрлыс кезінде 1800-2000 орындық көлемінде мекемелер салуды қарастыру. Іскерлік туризмді дамытуда негізі ұсынылатын шартар қаланың барлық қырын қатысты мәселерді шеше отырып, әр түрлі тарап бойынша туристік индустрияны дамыту. Осындай жобалардың қолға алынуы, сонымен қатар қалада орналасқан ірі бизнес орталықтары болашақта келуші топтардың саның арттыра отырып, жерімізде жаңа саты іскерлік туризмді дамытуға жол ашады [44].
Маңғыстау облысындағы теңіз бен жағажайдан басқа, туристерді теңдесіз ландшафт пен өңірдің ерекше мәдениеті қызықтырады. Зертеушілердің айтуы бойынша өңірді 362 әуле мекен еткен қасиетті қастерлі орын екенің мәлімдеген. Яғни, облыс көне жылдың бірегей тарихы бар мәдени ескерткіштердің тағылым бұршы сыйған асыл орда. Мұнда Бекет-ата, Шопан-ата, Сұлтан-епе жерасты мешіттері, көп ғасырлық сағаналары, Қызылқала, Үлкенқұдық, Дықылтас және басқалары көне қалалар мен киелі орындар бар. Осындай ежелдің қайнар көздері Маңғыстау өңірінде қажылық туризмді дамытуға үлкен мүмкіншілік жасайды. Сонымен бірге, облыс орталығы Ақтау қаласының қасиетті орданың қабылдаушы ауласы ретінде көмкеруге болады. Өйткені, облыс бойынша жалғыз Ақтау қаласында ғана Бекет Ата мешіті орналасқан. Бұл мешіт қалада 2002 жылдан бері ислам дінімізді берік ұстанушылар мен осы дінге таңқалушылар үшін адал қызымет етуде. Маңғыстауда қажылыққа тартымды орынды ескере отырып қала мешіті маңынан қажыларды орналастыру және қабылдау үшін айтарлықтай кешен құрылған. Орталық мешітте медресе, мектеп, кітапхана, мұражай, ислам мәдени орталығын құру қолға алынған. Сонымен қатар, осындай сансыз қасиетті орындарға қажылық жасау мақсатында келушілер үшін бір мешіт аздық етеді. Сол себепті, Ақтау қаласы 13-12 микроаудан аралығында орналасқан ескі мешітті жөндеу жұмыстары жүзеге асуда. Жалпы қажылық туризмді дамытудың негізгі мақсаты мұсылман қауымының және қасиетті жерге қажылауға келгендерге біздің дініміз, діңгегіміз биік және берік екендігін, сондай-ақ ғасырлардың ғажабы жер асты мешіттері мен Маңғыстаудың меккесі атанған қастерлі орындармен таныстыру. Яғни, осындай жерлердің барлық мүмкіншілігін қалпына келтіре отырып, дүние жүзілік дәрежеде көкке жеткізу [47].
Ақтау қаласында үстіміздегі жылдың 1 наурызында балалар мен жасөспірімдер туризмін және өлкетануды дамыту мақсатында, арнаулы орта оқу орындарының, жалпы білім беру мектептерінің директорлары, жоғарғы оқу орындарының, туристік фирмалардың өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Менің Отаным – Қазақстан» Республикалық туристік экспедициясын (туристік жорығын) ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 27 қаңтардағы №61 қаулысын және Маңғыстау облысы әкімінің 2009 жылғы 08 мамырдағы №33 өкімін іске асыру мақсатында, туристік экспедицияның аудандық, облыстық кезеңін өткізу туралы құжаттар әзірленді. Маңғыстау облысының командасы құрамында 15 адамымен Ақмола облысында өткен туристік экспедицияның республикалық кезеңіне қатысты. Облыста Каспий теңізінің жағалауында Ақтау қаласынан 25 км жерде орналасқан «Жас қала» Халықаралық жастар туризм және демалыс орталығы іске қосылды. Қазіргі уақытта орталықтың аумағында 50 орынды 10 киіз үйден тұратын киіз үй ауылы, жағажай волейболы мен футбол, спорт алаңы жұмыс жасауда. Онда бассейнмен сауна, монша бар. Сондай-ақ, диско бар, ұлттық өнер туындыларын оқыту шеберханасы, спорттық алаңдармен қамтылған. Яғни, балалар туризмін жандандыра отырып Ақтау қаласынның бір қатар туристік фирмалары «балалар байлығы» атты турлар мен Қазақстан бойынша экспедициялар ұйымдастыруды. Бұл туризм түрі қазіргі балдырған боз балаларымызды салауатты өмірірге икемдеу, кешенділікке тәрбиелеу [48].
Табиғи назар аударарлық орындары – Үстірт жазығы, Қаратау және Ақтау таулары, Қарағия ойпаты, Маңғыстау түбегінің солтүстік жағалауындағы шатқалдар халықаралық туризм объектілері бола отырып, болашақта эксремалды туризмді жүзеге асыруға айтарлықтай мүмкіншіліктер жасайды. Экстремалды туризм дегеніміздің өзі спорттың бір түрі бола отырып, әртүрлі табиғаттың таңғажайып тау-тастарының қауіп қатерлерімен, судың алып толқындарымен арпалысу десек қателеспеген болармыз. Осындай әсерлі орындар кен маңдайлы өңірде баршылық. Яғни, бұл Маңғыстаудың қырлы жолдары, құлаған жоталары, созылған жыралары мен ақ қара таулары, ойылған ойпаты нағыз эксремалды жерге айналған. Мұндай туризм көбінесе жеңіл авто көліктерімен, соның ішінде мотоциклдермен қызығырақ болады. Ол үшін: көліктік-коммуникациялық инфрақұрылымды жақсарту; тиісті су инфрақұрылымдар құру және жаңадан құрылысын салу (орналасу орны, тамақтану объектілері, май құю станциясы және басқалары), олардың арасындағы үйлестіріліп белгіленген қашықтыққа арналған тур маршруттары бойынша барлық қажетті тізбектелген элементтері тұратын «Сервистік нүктелер» салу шараларын қабылдыу қажет [4].
Дүниежүзілік туристік ұйымдар сарапшыларының деректері бойынша, экологиялық туризм соңғы он жылда барынша әйгілі, әрі кез келген мемлекеттің тұрақты даму құралына айналып отыр. Бұл – адамдардың денсаулық және бос уақытын пайдалану проблемасына мейлінше біртұтас жүйелі түрде келуін қажет ететіндігіне байланысты болмақ. Туристік әлеуетті зерттеу қорытындысы көрсеткендей, Маңғыстау экологиялық туризмді дамыту үшін зор мүмкіндіктерге ие. Оның негізін теңдесіз табиғи ландшафтар, көптеген тарихи ескерткіштер, мәдени және этникалық мұралар құрайды.
Экологиялық туризм, туризмнің басқа да түрлерінен табиғи ортаға әлсіз әсерімен ерекшеленеді және кең дамыған инфрақұрылымды қажет етпейді, алайда бұл бағыттың дамуы шынайы көңіл бөлуді талап етеді. Өңірде реттелмейтін және бақыланбайтын — «жабайы туризм» дейді. Осы бойынша облыста Ұлттық парктер құру табиғи, мәдени және тарихи құндылықтарды қорғау үшін тамаша мүмкіндік болмақ. Ұлттық парктің дамуы үшін неғұрлым ыңғайлы мынадай аумақтар бар: Айрақты, Ақтау қаласынан 100 км жерде орналасқан, алаңы 480 мың га. Оған ғылыми, геологиялық, палеонтологиялық, тарихи және мәдени құндылықтар орналасқан. Оның аумағы 4,5 га құнарлы аралы мұнда әр ауыл теңіз құрстары мен каспий итбалықтары бар. Қазіргі уақытта мемлекеттік табиғи қорық болып табылатын Үстірт 632 мың га алаңды алып жатыр. Үстіртте құстардың аңдар мен рептилияның сирек кездесетін жоғалған түрлері, сондай-ақ алуан түрлі флора сақталған. Қарақия-Қаракөл, Ақтау қаласынан 85 км жерде. 180 мың га алаңды алып жатыр, екі бөліктен – дүние жүзіндегі ең терең ойпаттардың бірі – Қарағия мен көптеген қоқиқаз қоныстанған Қаракөл тұщы су көлінен тұрады. Экотуризм үшін қажетті инфрақұрылымдар құру, туристерге арналған бірегей табиғи мүйістердің тартымдылығы мен қолжетімділігін, сол сияқты оларды күзетілу мен қорғалуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Шет елдерде, ұлттық паркке келген туристер (мысалы, Кенияда, Америкада, Қытайда) жыл сайын онда 1 млн. АҚШ долларын қалдырады. Шетелдік дәрежеде Маңғыстау обылысында экологиялық туризмді дамыту үшін қолға алынатын негізгі шаралар: экологиялық туризм бөлігінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту; табиғатты, жергілікті мәдениетті қорғау мен ұлттық дәстүр мен жергілікті тұрғындармен, жеке сектормен, үкіметтік емес ұйымдармен серіктестікте генетикалық ресурстарды сақтау жөніндегі шаралар есебінен экотуризмді дамыту бойынша өңірлік саясат жасау; шағын және орта бизнес өкілдері үшін техникалық, қаржылық және адами ресурстардың дамуын қолдауды қамтамасыз ету; қоршаған ортаны қорғауға жауапты мемлекеттік органдармен және ҮЕҰ-мен ынтымақтастық жасау болып табылады [49].
Сонымен қатар, Ақтау қаласының сыртқы табиғатынан басқа ішкі құрлысына үңіле қарайтын болсақ, өздерінің тағылымсыз тараған тарихымен, салынған құрлыс ерекшеліктерімен, көрікті келбетімен көзге көрінер, таңқалдырар тарихи мемориалдық ескерткіштері, театрлары және мұражайлары келушілерге әсер қалдырмай қоймайды. Соның ішінде, украин жазушысы Т.Шевченко, екерткіштері мен Ұлы Отан соғысының айнасы, ержүрек жауынгерлнрдің ерлігі сінген мемориалды ескерткіштері және Жантөрин атындағы театр, облыстық өлкетану мұражайлары көру, онымен танысудың өзі бір бақыт. Осындай бақытты туристерге сыйлау мақсатында Ақтау қаласында танымдық туризм даму үстінде. Ал, енді соңғысы емдік туризмге келетін болсақ бірқатар артықшылықтарын ескеріп кеткен жөн. Яғни, бірінші бұл жердің курорт болатындай тағы бір артықшылығы – Каспий теңізінің адам денесіне аса жұғымды минералдық тұздары бар суы. Теңіз жағалауының көп жері суға түсуге өте қолайлы: жағалауы құм, түбі тегіс, аса тереңде емес. Бұл аймақта қазіргі Форт-Шевченко, Ералы, Фетисова аудандарыда өзінің ерекше байлығымен бағалану үстінде. Форт-Шевченко ауасы Қара теңіздің Кавказ және Қырым жағалауларына қарағанда анғұрылым құрғақ. Бұл жағдай көптеген ауруларға курорттық-шипалық жағынан жақсы әсер етеді. Бұл жердің ылғалдылығы Ялта мен Евпаторияға қарағанда 3-4 есе кем, бұл оның курорттық бағалылығын арттыра түседі. Сонымен қатар, аймақтың тағы бір артықшылығы масаның жоқтығы. Үшіншіден, күннің ыстық, ауаның құрғақ болуынан адам денесінен шығатын заттар тер арқылы шығады да, денсаулығына көп күш түспейді. Осылайша, күннің ыстығы ылғалды кептіріп, жердің бетін қыздырғанмен, адам организміне емдік қасиеті бар екендігі анық. Сол сияқты, Форт-Шевченконың төңірегінде екі көл бар: оның бірінен жергілікті халық ас тұзын алса, екіншісінен тұздық балшығын емдік мақсатқа пайдаланады. Каспий теңізі суының литрінде 13-14 гр. тұз бар. Мұнда әсіресе адам организміне қажетті хлорлы натрий, магний және күкірт қышқылды магний, кальций көптеп бар. Хлорлы калий мен көмірқышқылды кальций де едәуір мөлшерде кездеседі. Бромды магний 0,05-0,07% шамасында. Сонымен, бұл аймақтың мол күн сәулесімен тамаша құмды жағалаулары, теңіздің тұзды суы мен көлдердің тұзды балшықтарын дұрыстап пайдаланған күнде Қазақстанның теңіз жағалауындағы негізгі шипалы курорттарының бірі болмақ. Бұлар сүйек құртына, сары ауруына, туберкулезге, заттар алмасу процесін реттеуге, жүйке жүйелерінің бұзылуына, буын ауруларына ем бола алады. Осыларды ескере отырып түбекке бұрғылау жұмыстарын жүргізгенде көптеген шипалы минералды сулар табылған. Ақтау қаласының шығысына таман 20 км-дей қашықтығынан хлорлы-натрийлі-бромы бар сулар атқылағаны мәлім. Бұл сулардың химиялық құрамы және шипалық қасиеті шетелдік әйгілі курорттар суынан кем түспейтіндігі анық. Түбектің көп жерлерінде күкіртті-хлорлы-натрийлі суларда кездеседі. Тұздылығы орта есеппен алғанда 5-6 грамнан кем түспейді. Мамандардың пікірінше Қарақия ойпатынан табылған балшықтардың шипалы қасиеттеріде атақты курорттардан артықтылығы дәлелденгенін айтады. Міне, омы айтылғандар түбектің теңіз жағалауларында, Форт-Шевченко, Ақтау, Ералы, Фетисова төңіректерінде асқазан, тері, әйелдер аурулары мен және басқа да көптеген ауру-сырқауларға шипалы әсерін тигізетін, тек республика көлемінде ғана емес, тіпті бүкіл әлемдік маңызы бар курорт ашуға да толық мүмкіндік береді. Сол сияқты, Маңғыстау өңірінде көп өсірілетін түлек түйе мен жылқы. Міне, осы түлектердің қымызы мен шұбаты көптеген сырқаттарға шипа болады. Оларды әсіресе өкпе ауруына шалдыққандарға пайдалы екендігі тәжірибе жүзінде дәлелденілген. Демек, бұл мүмкіншілікті тиімді пайдалануға болады. Бірақ, өкініштісі бұл барлық шипалы қазынамыз өнделмеген десекте болады. Тек қана Маңғыстау облысы бойынша Шағала санаториясы мен Ақтау қаласынан 18 км жерде Стигл спорттық-сауықтыру кешені қызмет ету үстінде. Бұл орындар Каспий теңізінің әр түрлі минералды суларын пайдалана отырып адамдарға қызмет етуде. Бұл жерлерде гинекологиялық, бальнеологиялық емдеу ванна түрінде, іш-құрлыс, барлық массаж түрлері және пайдалы теңіз желімен ауруларды емдейді, сауна сәйкес ингаляциондық процедуралар, емдік душ (шарко, Циркуляция), жылумен емдеу (парафинмен озокерит), электрожарықпен емдеу процедурасы хлоридт-натривті минералды қайнар көзі қолданылады[2]. Қорыта келгенде туризмнің бұл түрін дамытуға мүмкіншілік бар, керсінше осындай байлықты пайдаға асыру мүмкіндігі бісендеу. Яғни, осындай минералды сулар мен тұзды балшықтарды өндеу отырып, оларды тек жерімізде емес, халықаралық денгейге жеткізбеске.
3.3 Каспий теңізі бойынша туризмді дамыту
Әлемді таңқалдырған Каспий теңізі бүгінгі таңда елімізде маңызды орын алып тұр. Қазақстанның теңіз қақпасы атанаған Ақтау қаласынын батысын алып жатыр, жалпы көлемі – 371000 км2, жеріміздегі жағалауының көлемі – 2340 км шамасында. Айналасында Әзірбайжан, Иран, Түркіменстан, Астрахань, Макачқала секілді ірі мемлекеттермен, тамаша Авшерон, Ағрахан, Бозащы түбектері орналасқан. Қазіргі таңда Каспий теңізінің өзіне тән әлемін, экологиялық тазалығын, демалуға жайлы климаттық жағдайларын ескере отырып Маңғыстау обылысы бойынша туристік кластерін 2015 жылға дейін дамытуға арналған мастер жоспарында маңызды туристік спектор ретінде көзге түсті. Осы тұрғыда тек қазақстандықтар емес, шетелдік инвесторларда өздерінің қызығушылығын танытып, белсенді үлес қосатындарын айтты. Бұл бағыт бойынша қолға алынған негізгі жобалар халықаралық стандартта парустық, дайвинг және Каспий теңізі бойынша круиздік туризмді дамыту деп қарастырған. Теңізде желкенді туризм ерте кезден бастап дамыған, бірақ бұл тек қарапайым демалушы топтарына арналған болатын, ал қазіргі ұсынылған кешен мүлдем өзгеше. Яғни, Кеме маринасы – Ақтаудың туристтік символы атты жобамен басталмақ. Сонымен қатар, теңіз саяхаттарын ұнататын шетелдіктер біздің аймақтың суда жүзуіне, оны айтпағанда парустар мен моторлы қайықтармен серуендеуге қызығушылығын танытуда. Ақтау қаласындағы жоғарғы класты туристік потенциялға әр түрлі бағытта, соның ішінде дайвинг үшін, тұрақты экологиялық манерде (ішкі ортаға зиянсыз), табиғи жағажайды дамыту болып табылады. Осындай айтылған жобалар уақытында жүзеге асырылып тұрса, Ақтау қаласы 2015 жылы халықаралық нарықта алдыңғы қатарлы туристік потенциялды аймақ болатынына кім шек қойады. Бұл деген, жақсы қызметпен қамтылған гавайдағы арал қажет етушлердің өскендігін көрсетеді. Бірақ, теңіз жағалауында кемеге арналған порттар жоқ, халықаралық туризм торына кірмеген шағын кемелер үшін аялдамалар бар. Қазақстандықтар үшін «яхтинг» сөзі жағымды естіледі, әйтседе түсініксіз, бұл Қазақстандағы демалудың жаңа түрі. Айтып кететіні, Астархань Махачқалады яхт клубының орнында марина орналасқан. Егерде су туризмін Каспий теңізі маршрут торларын құраған кезде, Қазақстанның теңіз қақпасы Ақтау қосылмаса өкінішті болар еді. Міне, осындай жағдайларды ескере отырып табиғаттың берген керемет сыйын неге пайдаланбасқа. Қаладағы архитектуралық құрлыс ондағы яхты марина құрлысының жобасын қолдады. Бұл аралда 150-200 яхтылар үшін, барлық қызметпен қамтамасыз ететін аялдамалар болады. Қазіргі таңда «Бриз» Қазақстандағы жалғыз 25 кемесі бар клубы осы жобаны жүзеге асырушы топтар. Болашақта бұл жер мүлдем басқаша өзгереді. Жақынарада 2011жылы «AKTAU MARINA CLUB» тамаша жоба құрлысы басталады. Осындай ірі және әлеуметтік маңызды құрлыс жобасы үшін аймақта АҚ «ИК Маңғыстау» және ЖШС «Бриз А» компанияларының айтуынша күрделі кешен құрлысы туралы шешім қабылданды. «AKTAU MARINA CLUB» болашағы үшін АҚ «ИК Маңғыстау» консалтер болып қатысады. Жоба құрлысына келесідей нысандарды жүзеге асыру ойластырып отыр: фирмаларға қызмет көрсететін офистер, құтқару қызметтері, серфинг, дайвинг үшін суда жүзуге арналған киімдерін беретін бөлім үшін нысандар, сонымен қатар қымбат емес қонақ үйлер, көңіл-көтеру орталығы, кеме клубы, қолайлы үй зоналар, екі деңгейлі паркинг, мейрамхана, кіргізілген 80 мың м2 көлемінде құрлыс кешенін орналастыру. ЖШС «Бриз А» компаниясының директоры Андрей Чулаковтың айтуынша «Кеме маринасы – бұл өмір қажеттілігі». Каспий теңізіне тамаша жағдай жасалған, бірақ суда демалу инфраструктурасы дамымаған. Кеме маринасы 8 мың м2 алады, бұл теңіз жағалауымен 300 м. Жоба құрлысында бірінші орында тұрған міндет батыс жағынан толқынды ұстайтын, сондай-ақ, солтүстік шыңысына желдің қуған толқындары үшін қорғаныс құрылғысын орнату. Бұл адамдар, суға түскен кеме және кемедегі жолаушыларды түсіруге, кеменің май алуының қауіпсіздігі үшін маңызды. Жабық бухта су велисопедіне, серфингке, серуенде жүрген қайықтар мен кемелердің аялдамаға тоқтауына, тұрақты жағажайды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде бірнеше компания су құрылғылар жобасымен айналысуда. «AKTAU MARINA CLUB» қайықтарының 60-70% моторлы және желкенді қайықпен болады. А. Чулаков өз сөзінде, бұл жерде балалар яхт-клубының кеңейтуіне көңіл бөлінетіндігін және Маңғыстау бойынша желкенді спортта балалар оқитын жалғыз орын екенің айтып кетті. Сол сияқты, қалалықтар, тіпті халықаралық деңгейде парустық регата өткізетін тамаша мүмкіндік болады. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының Ақтау қаласында «Каспий – достастық теңізі» желкенді регатасы өтті(8 сурет). Регатада Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қазақстан 80астам яхтсмен қатысты. Ресейдің командасын Астархань облысының деншынықтыру және спорт агенсттіктері қолдауымен Астарханьдық «Ривмар» су-желкенінің спортсмен орталықтары таныстырса, Қазақстанды «Оптимист», «Кадет», «470» суда классты спорттық «Ривмаровцам» таныстырды. Біздің топ тек регатаны жібергенмен қатысып ортақкоманда арасында екінші орынды иеленді. «470» класты қайықтар арасынан біздің жерлесіміз Совет Одағының сорт шебері атанған Кочетков Игорь Евгеневьич жеңіске жетті. Жеңімпаз атанып ол халықаралық спорт шебері нормативін орындады [50].
Сурет 8. Желкенді қайықта серуендеу көрінісі [50]
«Жайлы географиялық жағдайы, шығанақ акваториясы және теңізде кез-келген дәрежеде жарыстар өткізуге жарамдылығымен Қазақстанның желкенді олимпияда орталығы болуы ғажап емес». Осы жобаның жүзеге асыра отырып біздің аймақтың тұрғындары мен қонақтарына Төлен аралын тамашалауға балық аулауға, жағажайда күнге күйуге, жылы суда шомылуға мүмкіндіктер ашылады. Тоқмақ мүйісіне жүзіп барған туристер кефаль, сазан, су аңшылығымен, сонымен бірге дайвингпен айналыса алады. Каспий теңізінің астындағы тіршілікті көргеннен басқа қандай қызық бар. Яхт туризмінің дамуы Маңғыстаудың келешектегі жемісті бөлігі. Теңіз адамдарды магнит секілді өзіне тартады. Теңіз толқынынан құлап бара жатқан ақ қанатты құсты еске түсіретін ақ желкенді кемеге көз қырынды тастап кешкі уақытта жағалаумен жүріп демалыс сыйлайды. Жобаның келесі тармағы дайвинг туризмін дамыту жолдары болмақ. Осыған байланысты халықаралық су сүнгу мектеп жобасын жүргізу жұмыстары жүзеге асырылды. ЖШС «МЕЗҚ Каспий Дайв Про» жеке суға сүңгу компаниясы арнайы обьект құрлысына жер бөлігін белгілеп (Ақтау қаласында, теңіз жағасында «Достар» жағажайында) территорияны қолайландыру жұмыстыры жүргізілуде. Геологиялық өрбіту жасалып жер бөлігін жоспарлау өнделетін болды. ЖШС «МЕЗҚ Каспий Дайв Про» 2007 жылы IDSA Халақаралық Ассоциациясының суда сүңгу мектебі қатысты. CMAS су астына сүнгу халықаралық жүйеде сертификатталған және су астында жүзуді инструктурлармен оқыту қолға алынды. Мамандандырылған суда сүнгу, сонымен қатар туризм сферасы үшін дайверлерді дайындықтан өткізу мақсатында сүнгіушілер мектебі «Дайвинг клуб» құрылды. Көпқырлы суда жүзу катер облыстың мамандандырылған транспорттық орган бақылауына да дайындалды және тіркелді. NYD ірі норвегиялық суда жүзу мектебінде жобаны ынталандыру, қолдау алу үшін келіссөздер жүргізілді. Осыған байланысты бірігіп іс атқару үшін ірі шетелдік Techosub International, Rana Diving & Marine Consractor STL компанияларымен келіссөздер жасалуда. Қазіргі таңда «МЕЗҚ Каспий Дайв Про» компаниясы арнайы жобаны жүзеге асыру үшін қосымша инвестицияны тартуды жоспарлауда. Басқада жеке инвесторлармен және ЖТІЖ суда жүзу жұмыстарына тікелей қызығушылығын танытқан NCOC мұнай операторымен жоба инвестицияына байланысты келіссөздер жүргізілуде. Арнайы жобаны барлық кәсіпорындарда ұйымдастыру республикалық кезеңге базада дайындау үшін жаттығу-оқыту сборлары, облыстық кезеңде туристік экспедиция жүргізу мамандандырылған оқу курсын өткізетін болады. Дайвинг-орталығы Ақтау қаласында орналастырылады. Әлемде осындай мектептің 17 сі ғана бар. IMCA және IDSA халықаралық сертификаты берілетін шетелдік, ТМД елдері мен Қазақстан дайверлер үшін, соның ішінде арнайы, топтық, жеке құрал жабдықтарымен қамтылу. Каспий теңізінің Жағалауындағы «Дарын» қосымша білім орталығына облыс бюджетінен 6 млн. тенге көлемінде қаржы бөлінді [50].
Соңғы және ең маңызды бағыт Каспий теңізі бойынша круизді дамыту. 2009 жылы ақпанда арнайы жоба бойынша Қазқстан Республика Басқармасы, Әзірбайжан Республикасының Басқармасы Иран Республикасының Басқармасы арасында, сонымен қатар РФ және Түркіменстан Басқармасы арсында Каспий теңізі бойынша круиздік маршруты ұйымдастыру келісім шартына қол қойылды. Арнайы кеште каспий теңізі бойынша круиз ұйымдастру сұрақтары қарастырылды. Бас жобасында облыста халықаралық теңіз круизін ұйымдастыру сызығы» жұмыстары жүргізілуде. Жобаны жүзеге асыруда Ресей компаниясы ЖШС «Каспий круиздік круизді Ресей, Әзірбайжан және Қазақстан портына кіруден басталатына туралы келіссөздер жасалды. Сонымен бірге Ақтау қаласын каспийдегі 5 мемлекеттің круизді ұйымдастыру жобасына кіруді және Fred Olsen, Color Line, Russian халықаралық кеме компанияларымен байланыстарын жүзеге асыру жоспарлануда. Басты мәселерді қолға ала отырып шетелдік эксперттер круиз жолаушыларына болжам жасады. Мамандардың айтуынша Каспий теңізі бойынша круизге сұраныс бар. Барлық нарық үшін сұраныс потенциалы жылына 90000, оның ішінде:
- 52% Ресейден.
- 36% Қазақстаннан.
- 12% Халықаралық нарықтан (оның ішінде Ұлыбритания мен Германиядан). Сонымен қатар круиз құру барысында бірнеше маршруттар жасауға болады (Сурет 9).
Сурет 9. Каспий теңізі бойынша круиз маршруттары:
сақиналы маршрут, Каспий ішіндегі маршрут, жағажай тур,
бір елге тур [50]
Каспий маңындығы елдер бойынша тартымды круиз:
- Қазақстан.
- Ресей.
- Әзірбайжан.
- Иран.
- Түркіменстан.
Круиздің жеңісті дамуына жеке мемлекеттік серіктестіктер формасында жетуге болады. Жеке инвесторлар міндеті әкімшілік және маркетинг, маршрут, круиз кемесі. Мемлекет приса құрлысты Ақтау қалассында құруға инвестицияны орталықтандыру қажет [48].
Қазақстан мен шетелдік жүзушілер эксперттері бақылаудан өтетін мектепте жүзу медициналық орталығы болатыны туралы да айтып кеткен болатын. Сонымен қатар Осы жұмыстың негізгі бағытын ұстана отырып Каспий теңізінің сан алуан мүмкіншіліктері мен тамаша байлықтарын ескере келе өз жобамды ұсынғым келеді. Яғни, Каспий теңізі боймен круиз құру.
Сонымен қатар, бұл бағыт экономиканың дамуына, прогрессивті облыстық, мәдениеттің алмасуына және перспективалы экономикаға, әр түрлі сфера іс әрекеттеріне соның ішінде туризм саласына сәйкес қазіргі таңда біздің елімізде жаңа жобалар мен жаңа жоспарлар ұсынылу үстінде. Елімдің туристік индустрияның ерекше бағыты Каспий теңізінде круиз линиясын құру. Бұл Каспий жанындағы барлық мемлекеттердің туризм құрудағы жаңа вехасы. Каспий круизі туристік және іскерлік алмасуда, мәдениет пен өнер облысында өте тығыз қарымқатынасқа үлкен мүмкіндік ашатының есте сақтау керек. Сонымен қатар Каспий круизі теңізді сақтап қалуда салиқалы көп ұлттылық формасын құра отрып, тамаша табиғат бұрышы және әлемнің баратын суына айналады. Каспий жағасындағы мемлекеттер үшін круиз туризмді дамытуда үлкен потенциалға ие саты болып табылады. Бұл жаңа нарықта ұлттық турөнімді жылжыту үшін, туристік сферада жоғары халықаралық деңгейде қызмет көрсетуді көтерудің қуатты түбірі болады. Круиздік бағдарлама Каспий жағалауындағы мемлекеттер халықаралық туризм нарығына жаңа турөніммен шығуға үлкен мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, Каспий круизі көпқырлы бағдарлама түйіні, яғни адамдардың көп бөлігі жоғары білімдері мен қаблеттерін ұсынады, тұрақты жұмыс орнымен, жаңа мамандыққа жол ашады. Жобада круиз бағдарламасы әр түрлі болуы мүмкін: барлық бес мемлекетте немесе іріктеу бойынша, экологиялық, танымдық, мәдени алмасу круизі, бизнес круиз, зерттеу круизі. Яғни, жоба барысында маршрут Ақтау қаласынан басталып, Баку-Махачқала-Астрахань-Ақтау өтеді. Бағдарламаға: Қазақстанның жас суретшілері мен фототүсірушілер жұмыстарының көрмесіне экскурсия, ескерткіш орындарға экскурсия, қайықта көңіл-көтеру бағдарламасы, Баку қаласында шығыс мейрамханасынан тамақтану, Қазақстандағы жас сәнгер мен дизайнерлер жұмыстарына демонстрация, ең қызықтысы біздің Каспийдін сұлулығымен, ерекше құбылыстарын тамашалау ұсынылады. Негізінде осы жобаға екі бағдарлама кіргізілді, олар бірін-бірі байланыстырып, толықтырады. Оның біріншісі: Халықаралық экологиялық жастар экспедициясы «Каспий – тірі теңіз.», Халықаралық экологиялық теңіз шеберлер живописі, суреттер және дикоративті өнер кіргізілген «Ән айтқан балық». Мұнда маршрут нұсқасы: Ақтау (Қазақстан) – Түркменбашы (Туркмения) – Энзоли (Иран) – Баку (Әзірбайжан)-Махачқала (Дағыстан) – Астрахань (Ресей) болуы мүмкін. Бұл бағдарламалға Каспий жағалауындағы мемлекеттердің жоғарғы оқу студенттері, мұғалімдері мен оқымыстылары, қоршаған орта сұрақтарымен айналысатын қоғам адамдары, живопис шеберлері, журналистер, өнерадамдары, ұйым жобасына қызығушылығын танытушы. Жоба құру барысында әр түрлі 12 астам кеме таңдалды. Осылардың ішінде таңдалып алынғаны «Мария Ермолова» кемесі болды (9 сурет).
Сурет 9. Мария Ермолова кемесі [50]
Казір кеме Астраханьда дайындық үстінде. Таңдалған кеменің негізгі мүмкіншіліктері: кеме мұздық класс қатарында, сондықтанда жыл бойына қызмет етеді; кеме құрамында: 65 кают, барлық кают қолайлы. Кеменің барлық бөлімелері ауа салқындату жүйесімен қамтылған. Жолаушылар сыйымдылығы 216 адам; ашық және жабық палубы, серуендеу галерейасы, бассейн; жүк трюмі 900 м3, 300 т дейін. Шексіз жолаушылар жүгі мен карго-жүк, тиеуді өз кранымен тасымалдау мүмкіндігі 20 дан астам автокөлік тасмалдайды. Жоба барысында сақиналы маршрут, бір елге тур, жағажай туры, теңіз үстінде жүзу турлары кіргізілілді. Осы жобамды қорыта келгенде Каспий теңізі бойынша круиз құру біздің экономикамыздың жарқын болашағының кілті. Сонымен қатар еліміздің туризм нарығын халықаралық стандартқа көтере отырып, туристік өнімді дүние жүзіне жоғары дәрежеде паш ету [44].
Жоғарыда айтылғандарды сараптай отырып Ақтау қаласында туризмді дамыту бағытымен 60%, шетел инвесторлары 20%, республикалық және қалалық бюджеттен 11%, айналым құралы 9% көлемінде инвестиция тартылған болатын. Құйылған қаржы Ақтау-Сити қалашығы, халықаралық стандарттағы қонақ үй, гольф орталықтары мен «Маңғыстау» мұражайы, «Ақтау-Құрық -Кендірле» темір жолы және ұлттық парктер ұйымдастыру жобасына жұмсалу көзделген. Осыларды ескере отырып, Ақтау қаласы бойынша туризм түрлерін дамыту жағдайы анықталды. Яғни, олар іскерлік туризм, танымдық және экологиялық туризм, діни, емдік, балалар туризмі. Сонымен қатар, Каспий теңізінің тамша табиғатымен, экологиялық тазалығын ескере отырып дайвинг, парустық туризм турлерін дамыту шаралары қарастырылған. Айтылғандардың шешімі ретінде Ақтау қаласының туризмді дамыту жағдайының өзектілігін анықтау мақсатымен «Каспий теңізі бойынша круиз» құру жобасы ұсынылды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Манғыстау облысының табиғи-туристік рекреациялық ресурстары: табиғаты, таулары мен түбектері, минералды сулары, әлемді танымал Каспий теңізі, еш жерде қайталанбас климатын ескере отырып, бұл жердің туристік ауданға айналуына мүмкіндік бар екендігі анықталды. Ал, әлеуметтік қырынан қарайтын болсақ, 2008-2011 жылдар аралғында Ақтау қаласының экономикасын жандандыру бағдарламасын сүйене отырып қала экономикасы жоғарғы деңгейде екеніне көз жеткізуге болады. Жалпы мұнда көлік құралдары, шағын бизнес, өндірістік орындары мен Ақтау халықаралық порты негізгі сала ретінде қарқынды қызмет етуде. Осы факторлар: біріншіден мәдениет пен татулық шеңбердің мықтылығын көрсетсе; екіншіден экономиканың жылдам көтерілуіне септігін тигізеді. Бұл келген туристерге әлеуметтік-экономиканың жан-жақты дамуын, ерекше сақталған салт-дәстурлері мен тамаша рекреациялық ресурстер таныстырудың негізгі келбеті.
Ақтау қаласының туристік инфрақұрылымы айтарлықтай жақсы қырынан көрінуде. Яғни, дәлел ретінде әр түрлі деңгейлі қонақ үйлер, бизнес орталықтары мен көңіл көтеру кешендерін айтсақ болады. Ал, тарихи-мәдени нысандарына келетін болсақ, бұл нысандардың барлығы өзіндік құрылу тарихымен, салыну үлгісімен ерекшеленеді. Осыған байланысты, Ақтау қаласының туристік инфрақұрылымы мен тарихи-мәдени нысандарын пайдалана отырып Ақтау қаласы бойынша шолу экскурсиясы құрылды.
Жоғарыда айтылғандарды сараптай отырып Ақтау қаласында туризмді дамыту бағытымен 60%, шетел инвесторлары 20%, республикалық және қалалық бюджеттен 11%, айналым құралы 9% көлемінде инвестиция тартылған болатын. Құйылған қаржы Ақтау-Сити қалашығы, халықаралық стандарттағы қонақ үй, гольф орталықтары мен «Маңғыстау» мұражайы, «Ақтау-Құрық-Кендірле» темір жолы және ұлттық парктер ұйымдастыру жобасына жұмсалу көзделген. Осыларды ескере отырып, Ақтау қаласы бойынша туризм түрлерін дамыту жағдайы анықталды. Яғни, олар іскерлік туризм, танымдық және экологиялық туризм, діни, емдік, балалар туризмі. Сонымен қатар, Каспий теңізінің тамша табиғатымен, экологиялық тазалығын ескере отырып дайвинг, парустық туризм турлерін дамыту шаралары қарастырылған. Айтылғандардың шешімі ретінде Ақтау қаласының туризмді дамыту жағдайының өзектілігін анықтау мақсатымен «Каспий теңізі бойынша круиз» құру жобасы ұсынылды.
Ақтау қаласынның туристік-рекреациялық ресурстары қарастырылып, ауданның климаты ыстық, өте құрғақ, шұғыл континеталды және тамаша табиғи рекреациялық ресурстар шоғырланғандығы анықталды. Сонымен қатар, Ақтау қаласының туризм жағдайына жан-жақты сипаттама беріліп, қаланың туризм инфрақұрылы мен мәдени-тарихи нысандары толығымен ашылды. Осындай, нысандарды пайдалана отырып, шолу экскурсиясы құрылды, картасы жасалды. Ақтау қаласының туризмді дамыту жағдайы бойынша Маңғыстау облысын негізгі туристік потенциялды аймаққа айналдыру мақсатында көптеген бағдарламалар ұсынылған болатын. Сол бағдарламаларға сүйене отырып, Ақтау қаласы бойынша туризмді дамыту жұмыстары қолға алынып, дамытуға мүмкін болатын туризм түрлері қарастырылды. Осы тұрғыда, Ақтау қалысында іскерлік туризмнің маңыздылығы жоғары. Бұл мақсатта, келушілердің көбісін шетелден келген іскер адамдар құрайды. Оларды туризмді дамытуға ұсынылған бағдарлама мен қаланың қарқынды дамыған эконмикалық секторы қызықтырады. Осындай іскер мақсатмен келушілерді қабылдайтын қалада бизнес орталықтармен бірге, «Гранд Нур Плаза» қонақ үйі ашылды. Бұл қонақ үйде шетел инвесторлары мен Маңғыстау облысының әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Ақтау қаласының туризмді дамыту болашағы» — атты конференциялар өткізіліп тұрады.
Бірақ, жұмысты талқылай отырып туризм дамуына кері әсер ететін бір қатар кемшіліктерін атап өткен жөн. Олар: Ақтау қаласында қызмет көрсету сервисінің төмендігі, орналастыру сыйымдылығының аздығы, бағасының айтарлықтай қымбаттылығы; Маңғыстау облысы бойынша тур ұйымдастыру барысында транспорттық жолдың сапасыздығы мен жол бойында қызмет көрсету орындарының шектеулілігі; туризм түрлерін дамыту мақсатында рекреациялық ресурстардың (Емдік туризм бойынша минералды құндылықтардың бар болғандығына қарамастан Маңғыстау облысы бойынша бір-ақ профилакториялық сауықтыру санаториясы бар) толық өңделмегендігі; туризм саласында қызмет етуші кадрлар мен мамандардың жетіспеуі сияқты кемшіліктері негізгі тежеуші күш ретінде қарастыруға болады.
Осындай, кемшіліктерді қалпына келтіру мақсатында ұсыныстар ұсынуға болады. Яғни, туристік өнімді шетелдік деңгейге көтеру үшін, бірінші Ақтау қаласынның тартымдылығын арттыра отырып, орналастыру орындарында қызмет көрсету деңгейін жақсарта келе, оның бағасын қол жетімді етіп тағайындау. Бұл болашақта қонақ үйге деген сұранысты арттырады.
Ал, транспорттық құралдарды пайдалану барысында олардың жүру жолдарын қалпына келтіріп, жол бойына туристтік топ қажеттілігін қамтамасыз ететін демалыс (кемпинг), тамақтандыру орындары мен дүкендермен жасақталса.
Маңғыстау жері тамаша табиғатымен ғана емес, жер астында тұнып жатқан минералды сулары, балшықтары және шипалы тұздарыменде мақтанады. Бірақ, мұның ешқайсысы толығымен өңделіп, қолға алынбаған. Айтатын болсақ, осындай бағалы қазыналардың құндылықтарын таразыға салып, өңдеп, туризмдегі маңыздылығын қалыптастырса.
Айтылған барлық ой түйінді сараптай келгенде Ақтау қаласының туризмді дамытуда мүмкіншілігінің зор екендігін көрсетеді. Яғни, болашақта туристік өнімнің халықаралық нарыққа еніп, шетелдік деңгейде қызмет етудің негізгі кілті осыда.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
- Бесімбаев Е.Б., Маңғыстау облысының физикалық географиясы. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті. – Алматы, 2000. – Б. 7
- Жамалбеков Е., Түлеген түбек. – Алматы: Қазақстан, 1973. – Б. 23, 25, 68
- Қондыбай С. Маңғыстау географиясы. – Алматы: Арыс, 2008. – Б. 76
- Кекілбаев Ә., Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы.-Жаңаөзен: Кең дала қоғамдық бірлестігі, 2009. – Б 39
- http://www.aqtau.narod.ru/skazka.htm
- Көшербаев Қ.Е., Аяған Б.Т., Маңғыстау энциклопедиясы. – Алматы: Сардар баспа үйі, 2009. – Б 5
- Шалабаев С., Өмірбаев Е., Маңғыстау. – Алматы: Қазақстан, 1973. – Б 33, 51
- Қазақстан Ұлттық энциклопедисы Т 1 Алматы: 1998. – Б 213-215
- http://www.caspiy.kz/
- БеловВ.И., Мангышлак — солнечная земля. – М.: Политиздат, 1981. – 127 с.
- Есенберлин І., Маңғыстау Майданы. – Алматы: – Б 24
- Кривов А.С., Левин М.И., Шевченко. Архитектура нового города. – Алма-Ата: Қазақстан, 1982. – С 4-5
- Куидина Ю., Узбаханов Н., Дуюмбаева А., Шевченко. – Алма-Ата: Жалын, 1979. – Б 5,6
- Гарнуша А.Ф., Кожагулова А.С., Утебаева М.М., Актау 1963-2003. – Алматы: Өлке, 2003. – Б 3
- http://aqtau.kz/entertainment/photo/index.php?PAGE_NAME=section&SECTION_ID=12#photo150888
- http://www.elmedia.kz/kz/?p=2329
- Қыдыр А. Қазақстанның теңіз қақпасы // Маңғыстау. – 2002. – №11 – Б 3
- Әріп Ғ. Ақтау халықаралық әуежайы: самғаудың жаңа кезеңінде // Маңғыстау. – 2006. – №14. – Б. 3
- Шермаханов А. Не останавливаясь на достигнутом // Магистраль. – –№ 14. – Б 48
- Материалы. Управление спорта и туризма Мангистауской области.
- МАЭК. Мангистаумунайгаз // Рынок ценных бумаг Казахстана. 2007. – № 7- –.Б 25-26
- «МАЭК – Казатомпром» // Kazakhstan.- 2005.- №1. – Б 78-80
- Состояние и перспективы использования физико-химических метотдов по повышению нефтеотдачи на местрождениях АО «Мангистаумунайгаз».- Гл. ред. К.К.Кенжебаев; Гл. ред. К.К.Кенжебаев; Гл. ред. К.К.Кенжебаев; Гл. ред. К.К.Кенжебаев; Гл. ред. К.К.Кенжебаев; // Научно-технологическое развитие нефтегазового комплекса: Докл. пятых междунар. науч. Надировских чтений/ Гл. ред. К.К.Кенжебаев. – Алматы-Актобе, 2007. –.67-71 с.
- http://www.mts.gov.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=86&Itemid=17&lang=kk
- Аманниязов К.Н. Отчий край: К истории геогр. и этнокультурных исслед. Мангистауской.обл. – Алматы, 2002. – Б 25
- mangystau.kzk
- kazpravda.kz/index
- Renaissance.com
- RenaissanceAktau.com
- http://www.awww. http:/ /www.komandirovka.ru/hotels/aktau/
- aktau-business.com/2007/01/14/shagala.html
- http:/ /www.komandirovka.ru/sport/aktau/
- http://www.aktau-site.ru/index.php?nma=kino&fla=index&id=2
- Попова Н. Жизнь не стоит на месте // Огни Мангистау. – – №2. – С 6
- http://yvision.kz/community/Актау(7292)/45319.html
- Азанова А. Ақтаудағы ескерткіштер // Маңғыстау. – 2003 – №16. – Б 3
- Бейсенов Т. Мыңбаевқа ескерткіш қойылды // Айқын. – 2007. –№3. – Б 5
- http://www.unesco.kz/heritagenet/kz/participant/museum/mangystau_mus/first.htm
- http://aqtau.kz/b2b/entertainment/culture/151200/
- Алмабетов Р.К. Ақтау көрікті де үлкен қала болады//Маңғыстау.– 2004.- №6. – Б 2
- Емельянов Б.В. Экскурсоведение учебник. – Москва: Советский спорт, – С 15
- http://www.aktau-business.com/2009/05/07/kolledzh-turizma-budet-otkryt-v-sentyabre.html
- http://www.aktau-site.ru/index.php?nma=karta_goroda_aktau&fla=index
- Мастер-план создание и развития туристского калстера Мангистауской области до 2015 года.М Актау: 2008 – С 68
- Қыдыр А. «Ақтау-Ситиге» жол басталды // Маңғыстау. – 2008 – №26. – 1 б.
- aktau-site.ru.
- Кондыбай C., Эстетика ландшафтов Мангистау: перспективы для развития туризма: – Алматы: Арыс, 2005. – С 59
- www.aktau-tourist.com.
- Мацкевич О., Мангышлак – полуостров сокровищ. – Алма-Ата: 1963. – С 7
- http://touring.kz/rest/kaspiy/