АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Діни туризм

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДОГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

ТУРИЗМ КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

Діни туризм

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы — 2012

                                             ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ

 

  1. ТУРИЗМНЫҢ ДАМУЫ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМДЕГІ ДІНИ

ТУРИЗМНІҢ ОРНЫ

  • “Туризм” түсінігі және  оның даму тарихы
  • Діни туризмнің дамуының теориялық аспектілері

 

  • ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДІНИ ТУРИЗМ САЛАСЫ.  
    • Христиан дінінің туристтік ресурстары.

Діни туризмнің православиялық, католицизм және протестантизм

тармақтары

  • Ислам дінінің туристтік ресурстары

2.3   Діни туризмдегі буддизм мен индуизмнің саласы

 

3      ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ ТУРИЗМ САЛАСЫ.

3.1   Қазақстандағы діни туризм объектілері

3.2   Түркістан — түркі халықтарының рухани астанасы

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

          Туризм  қарқынды     дамып келе жатқан халық шаруашылығының  бір саласы. Қазіргі уақытта әлемдік еңбек нарығында 13-ші  жұмыс орны тікелей немесе  жанама туристік қызметтерімен байланысты. Бүкіл әлем бойынша туристік қызметтермен тікелей айналасу- 80 млн.-дай  жұмыс орындарын құрайды. Туризм саласына қызмет көрсететін қосымша секторларын алсақ (сақтандыру, көлік жалдау қызметтері, фитнес, сән салондары, т.б.) осы сан 200 млн. жұмыс орынына дейін өседі. Аналитиктердің болжамы бойынша, туризм саласындағы жұмыс орындарының саны болашақта өсе береді: 2010 жылға қарай бұл экономиканың саласында еңбек нарығының сыйымдылығы 1,5 есеге дейін көбейеді./3/

          Әлемдік экспортта туризм саласынан келетін табыс мұнай, мұнай өнімде-рінен және көлік экспорттарынан  кейінгі үшінші орын алады. Әлемдік экспорттың 6 % туризм саласы алып  жатыр.  Дүниежүзілік ІЖӨ / ВВП/  10-11%-і туристік индустрия құрайды. /5/ Туризмнің глобализация процессінің пайда болуы, халықаралық туристік байланыстардың кеңейуі әлемдегі халықтардың арасындағы  географиялық, мәдениет қарым-қатынастарына   әсер етеді. Қазіргі уақытта әлемдегі халқының 10%-ы  өз елдерінен  басқа елдерге саяхаттар әртүрлі  туристік мақсаттармен байланысты. Туризм адамның табиғаттық, тарихи-мәдениеттік және әлеуметтік құндылықтарымен мүмкіншіліктер ашады.

Бұл  туризмнің әлеуметтік   мәдени негізін  құрайды және  ол экономикалық  фактордан   кем  емес.

          Діни  немесе  мінажаттық туризм  халықарылық  қарым- қатынастарды  арттыруда, елдер  арасындағы  ынтымақтастықты, мәдени  қарым-  қатынастарды  кеңейтеді. Бұл  өте ертеден  келе  жатқан туризм түрі.  Тарихи  терең  мәнге  ие. Ол  тек қана  киелі  женлерге  барумен  шектеліп  қоймай,  адамдардың  рухани  байлығын  арттырады. Діни  туризм  қазіргі  заманда  динамикалық  қарқынды  даму  жағдайында.  ДТҰ  мәліметтері бойынша  әлемдік  туристік  ағымдардың  бағыты  мақсатты  түрде  бару, шамамен  жылына  7 млн.адамарды  құрайды. Бұл  аталған  көрсеткіш  арта бермек ,егер бүл  категорияға  басқа  елдерде  демалып  жатқан  туристер экскурсиялық бағытта  сол  елдің  діни  экскурсиялық  нысандары  мешіттер  мен  соборларға  баратын  болса бұл сан көбейеді.  ДТҰ  мамандарының  бағалауы бойынша  діни  туризм  әлемдік  туризм нарығының  20  пайызын  алуы мүмкін.  Туристтер киелі  жерлерге  бару  да,  ол жерлердегі  соғыс,т.б  жағымсыз  факторларға қарамастан  және  бағаның  қымбат болуына  да қарамайды./3/

          Туризм  сферасы   қоршаған  ортаның әртүрлі  факторларына табиғи  зілзалалар, апаттар, экономиканың құлдырауы, арандатушылық  әрекеттерге, экологиялық  факторларға  байланысты. Туризм  адам  өмірінің  қалыптасуына  да тікелей  қатысты. Әлемдегі  глобальды  және  соғыс жағдайларында діни  түсінбеушіліктерге  байланысты,  адамдардың  дінге  деген  көзқарасы  арта  бермек. Діни мен  мінажаттық туризмнің мәдени танымық білімділігін арттыруға басқа  діндерді  танып  білуде үлкен ролін атқарады.Осы туризм  түрі  арқылы  әлем  халықтарына,  адамдарға  деген, бір біріне  деген  шыдамдылықты , қайырымдылықты  тәрбиелейді. Соған  байланысты осы дипломдық  жұмыстың  көкейтестіілігі  анықталып  төмендегі  мақсат қойылды.

          Мақсаты- діни туризмнің пайда болу мен дамуның теориялық маңыздылығын ашу.    

          Міндеттері:

«діни туризм» ұғымын зерттеу және анықтау;

— әлемдегі негізгі діни бағыттарына, діни орталықтарына анализ беру;

— Қазақстан бойынша діни туризм объектілеріне сипаттама беру.

          Зерттеу әдістері : діни туризмнің даму болашағымен танысу, архивпен жұмыс істеу, әңгімелесу, анализ әдісін пайдалану.

          Практикалық  маңыздылығы- дипломдық жұмысындағы берілген материалдар туристік фирмалардың экскурсиялық практика жұмысында пайдалануы мүмкін.Түркістан қаласы бойынша берілген мәліметтер одан бұрынғы берілген материалдарды толықтыра алады.   

          Диплом жұмысы кіріспе, 3 тараудан, пайдаланған әдебиеттерден, қортындыдан, қосымшалардан  түрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ТУРИЗМНЫҢ ДАМУЫ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМДЕГІ ДІНИ ТУРИЗМНІҢ ОРНЫ

 

1.1     “Туризм”  түсінігі және  оның даму тарихы

 

Туризм тарихы  дегеніміз – саяхаттардың (жорықтардың, экскурсиялардың) ең қарапайым түрінен бастап  күрделі түрлерін қоса және көне заманнан қазіргі заманға дейінгі жүріп өткен жолын зерттейтін ғылым. Туризм тарихын зерттеу пәніне туристтік қозғалыстың әлеуметтік құбылыс ретінде шығу, қалыптасу және даму заңдылықтары жатады.

          «Туризм» термині түрлі халықтардың тілінде 19 ғасырда ғана тұрақтала бастады. Көне және орта  ғасырларда адамдар оның орнына «саяхат» деген сөзді қолданды. қазіргі туризмтануда саяхат деп адамдардың мақсатына қарамастан кеңістік пен уақытта орын ауыстыруын атайды.

          Қазіргі ТМД елдеріндегі туризм Кеңестік кезеңде әлеуметтік туризм ретінде дамып, шығындарына қоғамдық қаржы төленді. Сол кзде туризм теориялық тұрғыда нақты адамдардың туристтік іс-әрекеттегі мұратына байланысты зерттеді де, туризмнің қалыптасу тарихы ерекше әлеуметтік құбылыс санатында қарастырды.

          Туризм тарихын зертттеушілердің көпшілігі белгілі бір саяхаттар бойынша айқындалған  фактілерде ғана баяндады. Олар адамзат таризының әр түрлі дәуіріндегі туризмнің жеткен жетістіктерін ұйымдасқан саяхаттардың нақты әлеуметтік- экономикалық себептермен байланыстырмады. В.Б. Сапрунованың асқалардан басты ерекшелігі туризм тарихын 4 кезеңге бөлді.

  • 1-кезең (көне замандардан 19 ғасырдың басына дейін) немесе оны «туризм тарихының алды» деп атайды.
  • 2-кезең (19ғасыр-20ғасырдың басы) – элитарлық туризм кезеңі, яғни туристтік қызметтер көрсететін арнайы кәсіптің туындауы. 
  • 3-кезең –(20ғасырдың басы- 2-ші дүниежүзілік соғыстың басталуына дейін)  бұл әлеуметтік туризмнің қалыптаса бастауы.
  • 4-кезең (1945 жылдан қазіргі кезеңге дейін) – бұл жаппай туризмнің қазіргі кезеңі, туристтік индустрияның туризм үшін  тауар өндіру мен қызмет көрсету кешенінің қалыптасуы./11/

          Халықаралық туризмтануда туризмда әлеуметтік феномен  деп атайды. Әлеуметтік дегеніміз қоғам өміріне қатысты деген сөз. Ал феномен ұғымының екі мағынасы бар. 1) философиялық түсінігі құбылыс сөзінің синонимі, яғни бізге сезімдік танымның тәжірибесі арқылы берілетін нәрсе.2)

Ерекше, сирек құбылыс немесе ерекше факт  адам.

          «Туризм» сөзінің түбірі –француз тілінің «тур» яғни, серуен, сапар шегу деген мағыналар беретін сөзі. Қазіргі халықаралық туризмде «тур» сөзі алдын ала жоспарланған маршруты, мерзімі көрсететін қызметтерінің тізбесі бар туристтік саяхат деген мағынаны береді. /12/

          «Туризм» сөзі қазіргі энциклопедиялық ұғымда бос уақытта (демалыс, каникул) саяхат жасау және белсенді демалыстың түрі, денсаулықты сақтау шарасы, жеке адамның танымдық , рухани және әлеуметтік жақтарынан дамуының жолы деген мағыналар береді. Халықаралық туризмде  табыс табудан басқа кез-келген мақсаттта уақытша , еріті тұрғын  орнын ауыстырушы адамдардың барлығын туристке санау әдеті қалыптасқан.

          1974 жылдан бастап БҰҰ елдің тұрғын орнын және жұмысын ауыстырғандардан басқа демалу, ғылыми іскерлік және мәдени шарада кездесу мақсатында орын, тұрақ ауыстыруларының барлығын туризм деп есептеу керек деген шешім қабылдады.

          Ал қазіргі әлемдік туристттік ұйым мамандары «туризм» деген ұғымға өзі тұратын жерден өзге жерлерге белгілі бір мерзім аралығында арасына бір жыл салып демалу, іскерлік және т.б мақсаттарда болуын және саяхаттауын жатқызады.

          Туризмнің ең басты әлеуметтік мақсаты- адам өмірін ұзарту және өмір сүруді жақсарту.

          Туризмнің ең басты әлеуметтік құндылығы табиғатпен және жаңа адамдармен  көңілді қарым-қатынас, кездесулер орнату.

Туристтік іс-әрекет ішкі туризм  және халықаралық туризм болып екіге бөлінеді. Ішкі туризм деп адамдардың өзі тұратын елдің аумағында саяхаттауын айтады. Ал, халықаралық туризм деп белгілі бір елге келіп,  кетуін  айтамыз.. /11/

Халықаралық туристтер өз елінен асқа елдерге саяхаттайтын, бүкіләлемдік сауда ұйымының статистикасына тіркелеген азаматтарды атайды. Мәселен,  1994 жылы әлемде 528.4  млн., 2000жылы   697.6млн адам, халықаралық турист болған. 2010жылы олардың саны шамамен  937 млн адамға жетпек. Мамандардың айтуы бойынша туристтік саяхаттарлдың  танымдық. әлеуметтік, қарым- қатынастық, спорттық ,эстетикалық, эмоцияналдық, психологиляқ, денсаулықтық, шығармашылық ,қажылық секілді жағымды әлеуметтік түрлері бар.

Танымдық қызметі. зерттеуші Г.П.Долженконың пікірінше туризмның танымдық жағына «адамның өз таным дүниесін тарих, экономика, табиғат, ғылым жөніндегі білімдерін байытуға тарихи, этнографиядық, табиғи және революциялық  ескерткіштер, әскери еңбек дәстүрлері  жайындағы мәліметтермен танысуға талпынысын жатқызады.»

Денсаулықтық қызметі. Туризмнің негізгі мәні- қозғалыс, сондықтан да туризмде денсаулықтық өызметтің белсенді түрлері яғни туристтердің белгілі бір бағыттар бойынша өз күштерімен қимыл – қозғалыс жасауына , ерекше көңіл бөлінеді. Мұндай шарттарға кез-келген адамның шамаса келеді. ең бастысы әрбір туристке сәйкес физикалық және техникалық дұрыс жүктеме  бере білу керек.

Әлеуметтік қарым-қатынас қызметі. Туризмнің әлеуметтік қарым-қатынас қызметі дегеніміз- саяхатқа қатысушылардың бір-бірімен ресми емес жағдайда өндірістік ара-қатынаста сақтамай-ақ әлеуметтік мәртебесін, жасын, ұлтын, азаматтығын ,және т.б. адамдарды бір-бірімен ерекшелейтін белгілерді есепке алмай –ақ байланысу қатынасу мүмкіндігі.

Спорттық қызметі. Спорттық туризмнің ұйымдастырылу қарапайым және кез-келеген жастағы адамдардың онымен шұғылдануға мүмкіншілігі болады. Спорттық  туризм адамдардың бойына ұжымшылдық, тәртіптілік, табандылық секілді қасиеттерді дарытады.

Қажылық қызметі.  қазақстанда 8миллиондай мұсылмман бар .Ал әлемдегі мұсылмандардың саны 1  млрд 126 млн астам . Қажылық деп діннің қасиетті орындарына (христиандар үшін-Иерусалим және Рим, Мұсылманда үшін –Мекке мен Мәдине) сапар шегуді атайды. Христиандадың әдет- ғұрпы бойынша қажылық сапардың белгісі  — Палестинадан пальма бұтағын әкелу.

Уақыт пен кеңістікте орын ауыстыруда өзінің нақты мақсаты бар  алғашқы саяхатшылар қажылыққа баратындар мен саудагерлер. Әсіресе қажылыққа барушыларды классикалық туризмнің көшбасшыларына балайды. Олар мақсат- мұраттарына жеткенше саяхат барысында алыс қашықтықтарды игеріп, ас-ауқат, киім- кешектері аз болса да , қиындықтарды жеңуге тырысқан.

Әлемдік ұйымдасқан саяхаттың ең көне қызметі бола тұра қажылық әлі күнге дейін өзінің позициясын жоғалтқан жоқ. Қайта қажылық қазіргі халықаралық туризмде қарқындап дамуда. 20-ғасырдың соңында әлемдегі мемлекетердің ұйымдастыруына байланысты негізгі әлемдік діндерге сенушілер мен қажылыққа барушылрдың саны күннен күнге , жылдан- жылға арта түсуде. Мұсылмандардың қажылыққа баруының саны өскені соншама, Мекке, Мәдине секілді қасиетті қалалары бар Сауд Арабиясы мемелекетінің үкіметі әлемнің әрбәр елінен қажлықққа келушілерге арналған жылдық квота тағайындауға мәжбүр болып отыр.

Халықаралық туризм жекелеген елдердің экономакасында басқа да қызметтер  атқарады. Мәселен:

1) Елге валюта жинаудың көзі және халықты жұмысаен қамтамасыз      етудің құралы.

2) Төлемдік балансқа салымды кеңейтудің құралы.

3)Туризм аясына қызмет етудің саласын құрайды. Яғни, экономиканы           диверсификациялаудың құралы.

4) Ұлттық дәулеттің  көтерілуі мен кіріс өсімінің , жұмыс орынын           көбейтудің құралы.

Адамдардың саяхатқа деген қажеттілігінің көлемі жағынан артуы және туризм индустиясы өнеркәсіп, мекеме және ұйымдардың жиынтығы ретінде туристтер үшін қызмет көрсету мен тауар өндірудің өндірісін қамтамасыз етіп келеді. Сондықтан да адам өміріндегі туризмнің әлеуметтік- экономикалық рөлі өте қарқынды жылдамдықпен артып келеді./11/

 

1.2   Діни туризмнің дамуының теориялық аспектілері

 

 Қазіргі таңда әлемдегі әр түрлі мемлекеттердің құқықтық жүйесінде «туризм» түсінігі барынша кең таралған. 1993 жылы БҰҰ Статистикалық комиссиясы туризмді статистикалау мақсатында (туризм статистикасын анықтау және жіктеу концепциялары) бүкіләлемдік туристтік ұйымның туризм статистикасы бойынша тағылымдамада қисындалған. Аталған құжаттың мәліметтеріне сәйкес, туризм бұл демалу, іскерлік және басқа мақсаттарда қатарынан бір жыл мерзімнен аспайтын кезең барысында өзі бейімделген ортаның шегінен тысқары орналасқан жерлерде іссапарда немесе саяхатта болатын тұлғалардың қызметтер жиынтығын құрайды.

Осыған орай, туризм – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, шет ел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың өздерінің тұрғылықты жерлерінен емделуге, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және басқа да мақсаттарда уақытша мекендеу елінде (орнында) төленетін қызмет көрсетусіз уақытша сапарлары (саяхаттары).

2001 жылғы 13 маусымдағы №211-ІІ «Қазақстан Республикасындағы туристтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (ҚР 2002 жылғы 22 ақпандағы №296-ІІ және 2003 жылғы 4 желтоқсандағы №503-ІІ Заңдарымен енгізілген толықтырулармен) сәйкес, туризм – жеке тұлғалардың жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі немесе жиырма төрт сағаттан аз мерзімге, сондай-ақ қона отырып уақытша мекендеу елінде (орнында) төленетін қызмет көрсетусіз уақытша саяхаттар./1/

Адамның тұрақты баратын орындары, егер олар оның тұрғылықты орындарынан салыстырмалы түрде алыс болса да оның әдеттегі ортасының элементтері болып табылады. Бұған адамның тұрғылықты орнына жақын орналасқан нысандарды (мәселен, белгілі бір мұражай немесе қалада орналасқан ғибадатхана) жатқызуға болады. Әдетте олар күнделікті элементтер ретінде қабылданады. Діни туризмде белгілі бір алыстау қалаға немесе әлдебір киелі жерге ниет етіп бару, мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысу, сондай-ақ мұражайларға, көрмелерге барудың өзі әдеттегі ортаның шегінен шығу болып есептеледі. Өмір сүрудің әдеттегі ортасының тұжырымдамасы бойынша адам турист болып есептелуі үшін әлдебір орындарға қанша рет баруы керек немесе қаншалықты ұзақ жүруі керек деген мәселе мамандар арасында келіспеушіліктер туындатады. Әдетте орта түсінігі елдер бойынша өзгешеленеді және адамдардың әр түрлі мобильдігіне сондай-ақ мүліктік жағдайына, дүниетануына және сапардың себептеріне байланысты өзгешеленуі мүмкін.

Сонымен біз турист деп діни мақсаттарда саяхаттайтын, әдеттегі ортасының шегінен бір жылдан аспайтын мерзімге қасиетті жерлерге және діни орталықтарға баратын адамды айтамыз. Діни туризм түсінігі бұл адамдардың әдеттегі өмір сүру ортасынан тыс жерлерде орналасқан қасиетті жерлер мен діни орталықтарға баратын туристтердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын қызмет түрлерін ұсынумен байланысты қызмет екендігі деп түсіну керек.

Діни туризм – бұл туризмнің дербес түрі. Оның басқа да түрлері сияқты мінәжат ету туризмі және экскурсияға бағытталған діни туризм атты түрлері бар.

Діни туризмнің формалары ұйымның ерекшеліктеріне, қатысушылардың санына, сапардың ұзақтығына, көлік құралдарына байланысты ерекшеленетін түрлерге бөлінеді. Діни туризм түрі мен санаттары бойынша аумақтық, елдік ерекшеліктерге байланысты түрленеді. Бұл туризмнің ішкі, кіретін және шығатын санаттары./1/

Біздің зерттеуіміздегі діни туризмге қонақ үйлердің және басқа да орналасу құралдарының, көлік құралдарының, қоғамдық тамақтану нысандарының, әр түрлі діни нысандарының, сондай-ақ экскурсиялық және гидаудармашы қызметтерін ұсынатын ұйымдардың жиынтығын жатқызуға болады. Діни туризм индустриясы туризм индустриясының біртұтас құрамды бөлігі болып табылады. Діни туризм индустриясында келесідей төрт секторды атап өтуге болады.

«Орналасу» секторы. Бұл қонақ үйлердің, кемпингтердің, жатақханалардың және тағы басқалардың орналасу құралдарының жиынтығы.

«Тамақтану» секторы – мейрамханалар, асханалар, кафе, көліктегі тамақтану кәсіпорындары т.б.

«Көлік» секторы – көлік кәсіпорыны және көліктің әр түрлі қызметтерін ұсыну.

«Діни нысандар» секторы. Бұл секторға төмендегілер жатқызылады:

діни имараттар – монастырлер, ғибадатханалар, шіркеулер және шіркеулік кешендер, капеллалар, кіші шіркеулер;

табиғи нысандар – қасиетті бұлақтар, құдықтар, таулар, суаттар (өзендер, тоғандар), тоғайлар;

кішігірім діни нысандар – жол бойындағы кресттер, жол шетіндегі құдайлардың мехраптары т.б.

Бұл нысандар бірге орналасу мүмкін екендігін есепке алу қажет. Мысалы, қасиетті бұлақ православ шіркеуінде немесе бөлек орналасуы мүмкін. Синтоизмнің көптеген ғибадатханалары діни ғимараттарды және табиғи нысандарды (судың қасындағы қасиетті тоғайда орналасқан шіркеу) құрайды. Оқу құралында діндердің қасиетті орындары мен діни орталықтары туралы мәселе қарастырылады. Бұл түсініктер бір-бірімен үндеседі. Қасиетті орын деп – белгілі бір діни конфессияның өкілдеріне үлкен маңызға ие діни немесе басқа да іс-шараларға көптеген мінәжат етушілердің жиналатын орны деп айтуымызға болады. Мұндай орындарда ғажап иконы бар храм, мәселен, белгілі әулие, діни мұғалім (гуру)* аскет немесе тарихи діни жағдайлар орын алған. Діни орталық түсінігі «қасиетті орын» түсінігіне қарағанда кең таралған. Бұған аса құрметті білім беру мекемелері және діни ұйымдардың әкімшілік органдары кіреді. /1/

Қасиетті орындарға және діни орталықтарға сапар шегетін туристтер қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының қызметтерін қолданады. Ол мыналар болуы мүмкін:

  1. Мейрамханалар, кафе, кішігірім асханалар тағы сол сияқтылар. Діни орталықтарда қасиетті орындарда қажылыққа барғандар мен экскурсанттар аталған мекемелердің қызметтерін қолдана алады және қандай да бір тағамды таңдау мүмкіншілігіне ие болады.
  2. Шіркеулік, ашрамдық және басқа да асханаларда қонақтар үшін тағам дайындалады. Бұл жердегі тағамның түрі басқа мейманханалар мен кафедегілерден ерекшеленеді. Атап айтатын болсақ, кейбір тағамның түрлері көбінесе жай тағам, православ оразасында жеңіл, индиялық ашрамда вегетариандық (өткір немесе өткір емес) тағамдар болып бөлінеді. Мінәжат етуге келгендерге тағам көбінесе белгілі бір уақытта, тағамды таңдау мүмкіншілігінсіз беріледі.

Мінәжат етуге немесе саяхаттық сапарға аттанатын туристер орналасу (пунктеріне) пунктіне жету үшін әр түрлі көлік құралдарын қолдану қажет. Қолданылатын көліктерге 1) авиация, 2) темір жол, 3) автомобиль (автобустық), 4) су (өзендік, теңіздік) көліктері, 5) оның басқа да түрлері.

Діни туризмде бір пунктен келесіге дейін белгілі бір бағыттың бөлігін жаяу жүріп өту тәжірибесі қолданылады. Бұл бір жағынан өзіне түсетін қиындықтарды өз еркімен мойнына алуға, ал келесі жағынан көптеген нысандарға (қасиетті таудың шыңдары, үңгірлер) олардың көпшілігі қол жеткізе бермейді.

Бағыттар бірнеше белгілер бойынша жіктеледі.

Жыл бойы – жыл барысында белгілі бір діни мінәжат жасау нысанына баратын көптеген саяхаттық және қажылық мақсаттар. Мысалы, бұл Сергиев үштігіне, Мәскеу маңындағы лаврға немесе Түркістандағы және Қазақстандағы басқа да аумақтардағы мешіттерге бару.

Мезгілдік – табиғаттың немесе басқа да факторлары әсер ететін жерлерге саяхаттау және қажылыққа бару. Мысалы, Тибет пен Гималайда қасиетті жерлерге жылына бірнеше айларда қажылыққа баратындарға және саяхаттаушыларға арналған қажылық мезгілі. Исламның қасиеттері жерлеріне мұсылман күнтізбесі бойынша саяхаттау және қажылыққа бару.

Бір реттік (жағдайлық) – белгілі бір шіркеулік мерекені, жергілікті жерде қасиетті саналатын әулиені ұлықтау күнін тойлауға арналған мерекелерге мінәжат ету сапарлары. Бұл Ватикандағы рим папасының ғибадаттарына қатысу үшін мінәжат етушілердің көбеюінен көрінеді. Бұған жылына бір рет 2 миллионға жуық адамдардың қажылыққа баратын орны Меккені жатқызуға болады. Сондай-ақ саяхаттау мен қажылыққа бару сапарлары карнавалдарға, рәсімдеулерге және бірқатар мерекелерге қатысу үшін жүзеге асырылады. Мәселен, тамыз айында Кандиге, Шри-Ланкадағы Эсала Пе-рахера мерекесіне арналған іс-шараларға қатысу үшін сапарлау./1/

Туроператорлар – турөнім құру жөніндегі қызметпен айналысатын туристік кәсіпорындар. Олардың басты қызметі – сапарларды тәжірибелік ұйымдастыру. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызметтің негіздері туралы» Заңында туроператорылық қызметтің анықтамасы берілген.

Туроператорлық қызмет – бұл осындай қызметті жүзеге асыратын лицензиясы бар жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға.

Туристік өнімді тұтынушыға жеткізумен турагент айналысады. Заңға сәйкес, турагенттік қызмет ретінде жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның лицензиясының негізінде жүзеге асырылатын және туристік өнімді өткізу мен оның айналымына бағытталған қызмет түсініледі./9/

Турагенттік қызметі мыналарды құрайды:

Клиенттерге толық және сенімді ақпаратты ұсыну. Туристтің өзі қай жерге сапар шегу, қандай қонақ үйлерге бару таңдауының қиындаған сәтінде оған кеңес беру. Бұл жағдайда турагенттіктің қызметкерлері өздерінде бар ақпараттардың негізінде оған шешім қабылдауға көмек көрсететін және кеңес беретін сарапшылар болып табылады. Бұл діни сапарларға бағыт алған саяхатшы-туристер үшін маңызды. Мінәжат етуге баратындар әдетте өздері барғысы келетін қасиетті жерлер, діни мерекелердің, фестивальдердің өтілетін мерзімдері туралы мағлұматтарды біледі.

Қызметтердің ілгерілеулері – бұл жарнама, сатуға деген қызығушылықтар т.с.с. маркетингтік байланысты қолдану. Діни туризмде жарнамалау тұжырымдамасы өте маңызды. Діни орталықтар мен қасиетті орындарға бару адамдардың оның ішінде мінәжат етуге барушылардың терең сезімдері мен қажуларына байланысты. Сондықтан діни тақырыптағы турларды жарнамалауда әдеп стандарттары маңызды. Ақпарат сенушілердің сезімдеріне қаяу түсірмей барынша қысқа да нұсқа түрде берілуі керек. Олар беделді басылым беттерінде орналасулары қажет. Әр түрлі экономикалық субъектілердің арасындағы қалыптасқан қарым-қатынас жүйесі, нарықтық экономикасы қалыптасқан мемлекеттерде діни тақырыптар бойынша турларды құруға мамандандырылған туроператорлар мен оларды тұтынушыларға сататын турагенттер пайда болды./1/

Әр түрлі конфессияларға қатысы бар адамдарды (мінәжат етушілерді) бірнеше мемлекеттерге мінәжат ету сапарларына және қасиетті орындарға жібере алатын туроператорлар да бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДІНИ ТУРИЗМ САЛАСЫ.

 

2.1   Христиан дінінің туристтік ресурстары. Діни туризмнің православиялық, католицизм  және протестантизм тармақтары.

  

“Христиан- адамзат тарихындағы ең ұлы құбылыстардың бірі екеніне дау жоқ . Христиан шіркеуінің тарихын зерттегенде  бізді таңдандыру сезімі билеп алады. Оның тарихы екі мың жылдық деп есептелсе де , бәрібір біздің алдымызда оның толық өмірін, ал кейбір елдерде мемлекеттік өкіметтен де күштірек екенін байқаймыз” – деп жазды христиан жайлы атақты неміс социал- демократтарының белгілі теоретигі Карл Каутский.

Христиан біздің дәуіріміздегі  бірінші ғасырда Рим империясының шығыс бөлігінде пайда болған. 

Христиан діні Көне өсиетке кіретін барлық қасиетті кітаптар жинағын түгелдей иудизмнен алған.  Ол Көне өсиеттердегі  әлемді, өсімдіктер мен жан- жануарларды, адамды жарату, құдай туралы түсініктерді өзгеріссіз күйінде сақтаған.  Осы күнге дейін Көне өсиет христиандар үшін де, иудизм үшін де қасиетті кітап болып есептеледі.

Христиан діні біріңғай діни бағыт емес. Ол көптеген ағымдарға бөлінеді. Бөліну процессі көптеген жүз жылдар бойы жүрді. Ол 4 ғасырда шығыс және батыс христиандарының арасында  бөліну пайда болды. Содан соң христиан діні 1054 жылы  біржола  православиелік және римдік католиктік шіркеу болып екіге бөлінді./6/

Православие. Православиенің пайда болып, өмір сүруінің тарихи жағдайларын ескере отырып, оның ерекшеліктерін әлеуметтік тұрғыдан ғана түсінуге болады. Атап айтқанда, православие шіркеуі  Византиядағы қоғамдық қатынастарды тоқыраушылық туғызды,  сондай- ақ шіркеу  мемлекетке бағыныштылық  жағдайда болды.

Православиедегі табыну  мен шіркеу ұйымы да өздерінің ерекшеліктерімен көзге түседі. Православиеде құдайға құлшылық ету ұлттық тілдерде жүргізілді және жүргізіліп келеді.  Шіркеулік бұйымдар мен шіркеулік сазда да ерекшеліктер бар.

          Мінәжат етушілер қасиетті орындарға, киелі күштерге, ғаламат иконаларға бас ию арқылы олардан көмек, ем сұрауға, Құдаймен байланысты сезіну үшін барады. Сонымен мінәжат жасау – бұл қасиетті орындарға жол. Мінәжат етушілер ғибадатханаларды, шіркеулерді, әулиелердің мазарларын, олардың заттарын, қасиетті бастауларды көруге ұмтылады. Ғибадат ету тәжірибесі баратын орындарға қатысу нәтижесінде пайда болады. Мінәжат ету қоғам өмірінде маңызды рөлге ие./1/

Ресейде православ мінәжат етушілерінің саны туралы статистикалық мәлімет табу қиын. Қолда бар ақпарат бойынша жылына шамамен 300 мыңға жуық адам ішкі мінәжат жасайды екен. Қазақстанда бұл көрсеткіш анағұрлым аз. Алайда қазақстандық православиелікті ұстанған мінәжат етушіні Ресейдегі орындар қызықтырады, сондықтан діни туризмнің бұл түрін біз шығу ретінде қарастырамыз.

Мінәжат етуге жеке немесе мінәжаттық қызмет көрсету орындары арқылы баруға болады. Мінәжат етуге баратындарға қызмет көрсетушілердің лицензиясының бар-жоғы туралы және оны шіркеудің мақұлдағандығы туралы ақпаратты білу ұсынылады. Сапарға дайындалу барысында өзіңіз ант беріп, ораза ұстап, айтарлықтай дайындықсыз әулиемен кездесу үшін өзіңізді өзіңіз сендіруге болады. Шіркеуге барғанда өзіңізді қарапайым ұстау қажет. Шіркеу қызметкерлерімен баса көктеп сөйлесуге болмайды (олармен тек иеромонахтар ғана сөйлесе алады). Қасиетті жер киінетін киімнің қарапайымдылығын талап етеді.

Көптеген православиелік мінәжат ету орындары мұражайлармен өзара іскерлік қарым-қатынас орнатуға қызығушылық танытады. Мәселен Бородиндік қорық-мұражайы мен Спас-Бородиндік әйелдер монастыры шіркеу құрылысын бірлесе атқарып, оған қатысу т.с.с. мәселелерді шешеді.

Қазіргі таңда Ресей, ТМД мемлекеттері мен алыс шет елдердегі әрекет етіп жатқан шіркеулер туралы толық мағлұматты «Орыс православ шіркеуінің монастырлары» атты анықтамалық жөн сілтеушіден алуға болады. Анықтамалық қазіргі таңда әрекет етіп отырған барлық монастырлар туралы қысқаша ақпараттарды қамтиды. Қасиетті жерлердің тарихы, монастырлардың қазіргі заманғы өмірі, тыныс-тіршілігі, мерекелері, басшыларының есімдері, мекен-жайлары, оларды табу жолдары туралы ақпарат береді./1/

Анықтамалықтың мәліметіне сәйкес, Ресейде 313 монастыр және 26 РПЦ шөлдері бар. ТМД мемлекеттерінде 183 РПЦ монастыры, оның ішінде Украинада – 111 (6 шөлді), Белорусияда 15, Қазақстанда – 7, Латвияда – 3, Литвада – 2, Молдавияда – 33, Өзбекстанда – 5, Эстонияда – 1. Шет елде 13 монастырлар орналасқан.

Ресейде көбінесе танымал сегіз қасиетті әулие жерленген орындар бар. Нижегород облысындағы Серафим-Дивеев монастыры (прп. Серафим Саров), Ленинград облысы Лодейнопольски ауданындағы Свято-Троицк Александр-Свирск монастыры, Липецк облысы Задонск маңындағы Задонск Богородицк монастыры (әулие Тихон Задонски), Санкт-Петербургтегі Смоленск мазарындағы Блаженная Ксения мұнарасы (әулие Ксения Петербургская), Мәскеу облысы, Сергиев Посадтағы Сергиев үштігі лавры (прп. Серги Радонежски), Калужск облысы, Козелскідегі Оптина шөлі (прп. Авроси Оптински), Воронеждегі Покровск кафедралы соборы, Санкт-Петербургтегі Иоаннов монастыры (әулие Иоанн Кронштадски).

Діни өмірді, сондай-ақ діни туризм мәселелерін зерттеуші мамандардың алдында өмір сүріп жатқан РПЦ нысандарының, оның ішінде бірінші кезекте монастырлар мен ғибадатханалардың жіктелу қағидалары туралы сұрақ туындайды. Жіктелу белгілеріне байланысты бір немесе бірнеше нысандар өзгеше, тіпті қарама-қарсы топтарда болуы мүмкін. Алайда мінәжат етушілерді және саяхатшы-туристерді тарту орталықтары ретінде әртүрлі діни нысандардың жіктелуі туристік фирмалардың қызметкерлеріне өздерінің өнімдерін құру мен алға басуына көмектеседі. РПЦ монастырларын келесідей ретте жіктеуге болады: 1) елге тиістілігі бойынша; 2) көліктің тиімділігіне орай орналасу мекенінің қолайлығы бойынша; 3) монахтық ант ұстанғандардың құрамы бойынша; 4) тарихи кезең контекстінің жасы бойынша.

          Католицизм мен протестантизм. Католик шіркеуі Батыс Европада  бірнеше жылдар бойы қалыптасты. Ортағасырдағы феодалдық ыдырау  кезінде католик шіркеуі Батыс Европа мемлекеттері мен барлық халықтардықамтыған орталық әлеуметтік институт ретінде көрінді.

          Католик діни ілімінің негізі христиандық сенім символы болып табылады. Оның православиеден өзгешелігі, жаңа қағидалар енгізуге болады деп санайды. Мысалы, Папа Пий  1050 жылы құдай ананың денесін көкке көтеру қағидасы туралы  декрет шығарды. /6/

          Католик шіркеуі ұйымының ерекшелігі иерархиялық орталықтандырылған құрылым болып табылады. Католик шіркеуінің жеке дара жалғыз басшысы кардиналдар конклавтында солардың арасынан өмірлікке сайланатын Рим Папасы болып табылады. Католицизмнің орталығы Римнің бірнеше көше шаршыларын алып жатқан кішкентай Ватикан мемлекеті. Ватиканда католик шіркеуінің орталық мекемелері- конгрегация және секретариат орналасқан.

          Христиан дінінің протестантизмдік түрі  реформа жасаудың 16 ғасырда Европада туындаған әлеуметтіік- саяси қозғалыстың нәтижесінде пайда болды және феодализмның басты тірегі болып католик шіркеуіне қарсы бағытталған. Бұл қозғалыстың бастауында неміс діндәрі Мартин Лютер(1483-1546жж) тұрды.

Католигтік және протестантизм православиемен қатар христиандықтың негізгі ағымдары болып табылады. Таралу аумағы бойынша католицизм мен протестантизм бір-бірімен тығыз байланысты. Европа мен Солтүстік Америка аумағында басым көпшілігі католигтерді, ал басқаларда протестанттарды құрайтын елдер мен ел бөліктері көршілесіп жатыр. Кейбір мемлекеттерде (Германия) католигтер мен протестанттардың саны бірдей. Германияның оңтүстігінде (Бавария) католицизм басымырақ. Нидерландияда, Швейцарияда, Норвегияда, Финляндияда, Данияда протестантизм біршама басым болса, Испанияда, Португалияда, Францияда, Италияда және Латын Америкасы мемлекеттерінде католицизм басым.

Протестантизм мен католицизмнің өзара тығыз аумақтық байланысын есепке ала отырып, тұтастай протестанцизм мен католицизмнің басым таралу аумағын сипаттау ыңғайлы. Католицизм мен протестанцизм Европаның шетелдік бөлігінде (Европаның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі православ елдерін қоспағанда) Оңтүстік және Солтүстік Америкада кең таралған. Бұл аумаққа бұрынғы КСРО-ның үш республикасы – Эстония, Латвия, Литва мемлекеттері кіреді./1/

Біздің білуімізше Солтүстік Африкада ислам діні кең таралған. Алайда Орталық, Батыс және Шығыс Африканың көптеген елдерінде әртүрлі бағытты ұстанған христиандармен қатар мұсылмандар да мекендеуде. Мәселен Нигерияда олар тұрғындар санының жартысын құрайды. Ал Танзанияда тұрғындардың үштен бір бөлігі бойынша христиандарға, исламға және дәстүрлі халықтық сенім білдіретін өкілдерге тиесілі.

Христианшылдық африкалық елдердің дәстүрлі халықтық сенімдерімен көршілесе отырып, әдетте қызықты синкретикалық құрылымды құрайды. Мысал ретінде Заир аумағында тұратын кимбангистерді айтуға болады.

Христианшылдық Африка елдерінде, экваториалды Гвинея, Намибия, Руанда және басқа елдерде басымдыққа ие. Дәстүрлі халықтық сенім өкілдерінің саны бойынша Того, Оңтүстік Африка Республикасындағы христианшылдықтан басым. Конгода, Ботсванда, Анголада тұрғындардың шамамен жартысы христиандар, ал қалған бөлігі дәстүрлі халықтық сенімді ұстанады.

Протестантизм мен католицизмнің таралу аумағы. 1996 жылы католигтердің саны 981 млн. құрады. Бұл бүкіл әлем бойынша 17% және бүкіл христиандардың жартысы. Католигтердің ең көп бөлігі. Америкада – 484 млн. адам (аталған ел тұрғындарының 62%). Европада 269 млн (37%), Африкада – 125 млн (17%), Азияда – 94 млн (3%), Австралия мен Океанияда – 8 млн (29%) католиг мекендеген. Латын Америкасының басым бөлігін католигтер құрайды. Олар Бразилияда – 105 млн, Мексикада – 78 млн, Колумбияда – 30 млн, Аргентинада – 28 млн, Перуда – 20 млн.

РКЦ католигтері шетелдік Европаның көптеген мемлекеттерінде басым немесе ірі конфессиялық топтарды құрайды. Олар Италияда – 45 млн, Францияда – 38 млн, Польшада – 36 млн, Испанияда – 31 млн, Германияда – 28 млн, Украинада – 8 млн католигтер бар.

Католигтер Африканың бірнеше елдерінде басымдау, сондай-ақ оның бірқатары абсолюттік немесе пайыздық сипатта тұрғындар санының көптігі болып табылады. Конгода – 15 млн, Нигерияда – 11 млн, Угандада – 10 млн, Танзанияда – 8,5 млн, Кенияда – 6,5 млн, Камерунда – 4,5 млн католигтер бар. Азияда католигтердің басым көпшілігі Филипинде және Шығыс Тиморда мекендейді. Басқа елдердің ішінде олардың саны айталық Үндістанда – 15 млн, Қытайда – 9 млн, Ветнамда – 6 млн, Индонезияда – 6 млн, Корея Республикасында – 3 млн, Шри-Ланкада – 1,1 млн т.с.с. құрайды./13/

Әлемдегі протестанттардың саны – 600 млн, адамнан асады, бұл барлық христиандардың 36% және әлемнің барлық тұрғындарының 12% құрайды. Сондай-ақ 100 млн аса маргиналдық протестанттарды құрайды. Ұлыбританияда – 30 млн, Германияда – 29 млн, Швецияда – 5 млн, протестанттар (маргиналдықтарды қоспағанда) тұрады. Ресейде 1 млн аса протестанттар мекендейді. Америкадағы протестанттардың негізгі бөлігі шамамен 160 млн АҚШ-та тұрақтаған. Бразилияда олардың саны – 32 млн, Канадада – 8,5 млн, Мексикада – 4,6 млн, Чилиде – 3,7 млн т.с.с. Протестанттардың Нигериядағы саны – 23 млн, ОАР – 13,5 млн, Конго Демократиялық Республикасында – 13 млн, Кенияда – 11 млн. Азияда атап айтқанда Қытайда 58 млн, Индонезияда 17 млн протестант мекендеген. Австралияда оның саны 6,6 млн адам. Маргиналдық протестанттар әлемнің көптеген мемлекеттерінде, әсіресе АҚШ-та ұсынылған.

Католицизм мен протестантизм басымдылығының кең аумағын Австралия құрайды. Австралия Оңтүстік жарты шарда тұтасымен орналасқан Жердегі құрлықтар ішіндегі ең кенжесі. Ол жер шарындағы басқа құрлықтарға қарағанда алшақ орналасқан. Тек солтүстігінде оңтүстік-шығыс Азия аралдары қосылып жатыр. Оңтүстік жағалауында Тасмания аралы орналасқан.

Үлкен су бөлетін жотасы және австралиялық Альпі мемлекеттерінің шығысында орналасқан. Австралия – тауларында мұздықтары және әрекеттегі жанартаулары жоқ жер шарымыздағы бірден-бір материк. Австралия субэкваторлық, тропикалық және субтропикалық белдеу. Материктің орталық бөлігіндегі климаты құрғақ және ылғалды.

Католицизм мен протестантизм аумағының басымдылығына әртүрлі өмір деңгейіндегі тұрғындардың ұлттық құрамы, туылу-өлу, сауаттылық деңгейін топтастыратын мемлекеттер құрайды. Экономикалық география тұрғысынан алғанда бұл мемлекеттер бірнеше микроаудандардың қатарын құрайды. Айталық, Батыс Еуропа (БЕ) (Грецияны қоспағанда), Орталық-шығыс Еуропа (ОШЕ), Солтүстік Америка (СА), Латын Америкасы (ЛА) бөлшекті, Сахарадан оңтүстіктеу Африка (СОА), Австралия және Океания шартты. Европа мемлекеттері үшін тұрғындар саны өсуінің төмендігі, туылудың қысқаруы, тұрғындар құрылымындағы егде жастағы адамдар санының жоғарылауы тән. Жалғыз басты адамдар мен баласыз жұптардың саны өсуде. Батыс Еуропада 24 тәуелсіз мемлекет орналасқан, онда шамамен 380 млн тұрғындар тұруда (Грецияны қоспағанда шамамен 370 млн). Батыс Еуропада Ұлыбритания, Франция сияқты мемлекеттер орналасқан.

Батыс Еуропа тұрғындарының ¾ бөлігі қалаларда тұрады. Ірі агломерациялар, сондай-ақ әрбірінде 40 млн тұрғыны бар ағылшындық және пиринейлік мегаполистер пайда болды. Пиреней мегаполисінде Германия, Нидерланды, Бельгия мен Франция аумағында орналасудың жалпы жүйесі қалыптасты. Германия БЕ мемлекеттерінің ішінде және шетелдік Еуропаны тұтастай алғанда ең көп тұрғындалған болып танылады. Оның тұрғындарының саны 81,8 млн аса адамды құрайды./1/

Орталық-шығыс Еуропада бұрынғы 15 социалистік мемлекет орналасқан, оның ішінде католицизм Литвада, Чехияда, Польшада, Венгрияда, Словенияда, Словакияда, Словенияда, Хорватияда, ал протестантизм – Эстонияда, протестантизм мен католицизм Латвияда басым. ОШЕ сондай-ақ Болгария, Румыния, Югославия (Сербия және Черногория) сияқты православ мемлекеттері бар. ХХ ғасырдың 90-жылдары ОШЕ мемлекеттерінің ұлттық құрамының біртектілігі өсті. Бұл кезеңде Югославиядан Хорватия мен Словения бөлініп шығып аталған мемлекеттер ыдырады.

ОШЕ ең көп тұрғындалған Польша болып танылады. Онда шамамен 38,7 млн адам тұрады. ОШЕ үлкен қалалар БЕ салыстырғанда аз. Екі миллион тұрғыны бар Будапешт және жоғары силездік агломерация ерекшеленеді.

Солтүстік Америка АҚШ және Канада мемлекеттерінен құралған. Канадада тұрғындар салыстырмалы түрде көп, оның саны 30,1 млн адам, католицизмді уағыздайды. АҚШ тұрғындарының саны – 270 млн, оның көбісі протестанттар. Бұл мемлекет тұрғындарының ұлттық және тектік құрамы ХVI ғасырдан бастап тұрғындарының жалпы көшіп-қонуымен анықталған. Көшіп-қонулар ерікті және күштеп (Африкадан АҚШ-тың құлдарды әкелуі) жүргізіледі. Қоныстанушылардың негізгі жеткізушісі Еуропа болды. Канадада ағылшын-канадтықтар тұрғындардың 40%, франк-канадтықтар шамамен 27%, басқа да этникалық топтар шамамен 33% құрайды. Түпкілікті тұрғындар – үндістер мен эскимостар 1 млн адамнан аз. АҚШ-та ақ түсті нәсілдер 74%, қара түсті тұрғындар 12,5%, басқа да нәсілдік және этникалық топтар – 13,4%. Бұған ұқсас жағдай Австралия мен Жаңа Зеландияда орын алған. Оларға қоныстанушылар ХVIII ғасырдан бастап Ұлыбританиядан және Ирландиядан қоныс аударған.

Бұл мемлекеттерді отарлау арқылы түпкілікті тұрғын халықты жабайы түрде жоюмен орын алды. Тасмания аралының тұрғындары толығымен дерлік жойылған. Австралияның байырғы тұрғындары Американың үндістері резервацияға айдалып, азаматтық құқығынан айырылды./1/

Орталық және Шығыс Африка тұрғындарының басым көпшілігін христиандар құрайды. Экономик-географтар Сахараның оңтүстік Африканың 48 мемлекетке кіретін макроаймақтарын ерекшелейді. Бұған тағы солтүстік Африка мен Орталық шығысқа қарайтын 6 африкандық мемлекет жатады. Алайда біздің зерттеуіміздегі жағдайда СоА аумағын теңдестіре ете алмаймыз, себебі мұнда ислам діні басым мемлекеттер (Сомали, Нигер, Нигерия) бар.

Орталық және Оңтүстік Африка мемлекеттері осы күнге дейін отарлаудың зардаптарын тартып келеді. Мемлекеттер арасындағы шекаралар көп жағдайда еркін жүргізілген. Көптеген африкалық мемлекеттер саяси және экономикалық тұрақсыздық, ұлттық-діни талас-тартыста, азаматтық соғыс, әскери диктатуралар мен шекаралық соқтығыстар жағдайында өмір сүріп келеді.

Бұл аумақ туризм дамуының үлкен потенциалына ие. Алайда туризм бұл жерде экономикалық, саяси тұрақсыздықтың, мемлекеттің экономикалық артта қалуы мен туризмнің материалдық-техникалық базасының әлсіздігі салдарынан онша дамымаған.

Рим – бұл христиандық құлшылдықтың аса ірі орталығы, оған жылына 8 млн дейін құдайға мінәжат етушілер баруда. Римнің шегінде қалалық мемлекет, Рим папасының, РКЦ басшысының ордасы – Ватикан орналасқан. Ватиканды (оның шегінде салынған әулие Петр соборы) көру үшін миллиондаған мінәжат етушілер барады. Мінәжат етушілердің шарықтау шеңі католигтік пасха болып табылады. Әулие Петр соборы саяхаттау тұрғысынан алғанда қызықты. Ол мінәжат етушілер үшін маңызы зор, соборға барған кезде олар әулие Петрдің табанына еріндерін тигізеді.

Сан-Джованни ин Латерано соборы папа қызметін атқаратын Рим эпископының резиденциясы болып табылады. Бұл соборда көптеген жәдігерлер әулие Павел мен әулие Петрдің бастары, иудейлік өсиет қайығы, Ааронның киелі аса таяғы, Қыз Марияның жамылғысы, құпия кештер өтілген столдың бөлігі, ақиқат айқыш көлденең салмасы, порфир плитасы бар. Сондай-ақ Сан-Джованни ин Латеранода Пилит сарайынан алынған қасиетті баспалдақ (28 басқыш) бар. Қазіргі таңда баспалдақтар ағаштан жасалған қаптамамен қорғалған. Мінәжат етушілер баспалдақтан баспалдаққа шыққан сайын дұға оқиды.

Санта-Мария Маджор Қыз Марияға арналған РКЦ ең үлкен шіркеу. Мұнда апостол Матфейдің денесі, нәресте Исаның қасиетті бесігі ағашының бес бөлігі бар.

Санта-Кроче ин Джерузалемме. Бұл базиликаның қазынасы – бір қарақшымен бірге Исаның қағылған айқышының тұғыры, қасиетті айқыштан үш тамызық, қасиетті шеге, екі қасиетті шипа, қасиетті бесіктердің тастары, қайта тірілген Исаның бүйірін ұстаған сенімсіз Фоманың сұқ саусағы бар. Санта-Прасседе шіркеуінде кішігірім діңгек орналасқан. Аңызға қарағанда оған Иса пайғамбар байланған екен. Сан-Лоренцо фьори ле Мура шіркеуінде Нероннан қашпақ болғанда әулие Петрмен кездескен кезінде алынған Исаның аяқ іздері сақталған. Ал Сан-Паоло фьори ле Мур соборында әулие Павелдің табыты астында оны байлаған шынжыр орналасқан. Олар әулие Павелдің құрметіне орай өткізілетін мейрамда мінәжат жасау үшін қойылады.

Ассизи (Италия). Бұл орын әйгілі әулие Франциск Ассизиді еске алумен байланысты. Бағзыда әулие тауда кішігірім үй салып, онда жеке өзі көп ойланған. Бұл баспана үстінен Санта-Мария делъи Анжелаға арналған шіркеу салынған. Ассизидің Санта Кьяраның басқа шіркеуінде Францискінің сенімді ізбасары Клараның шірімеген денесі орналастырылған. Оның қолында әрдайым жаңа гүлдер тұрады.

Сантьяго-де-Компастела (Испания). Бұл орын Испанияның солтүстік-батысында Галиссияда орналасқан. Мұнда апостол Иаковтың шірімеген мәйіті сақталған деп саналады. 1478 жылы Сантьягоға мінәжат жасау Римге мінәжат жасаумен бірдей рухани маңызға ие екендігін рим папасы мойындаған. Орта ғасырда Сантьяго-де-Компостела Иерусалим және Риммен бірге католигтің мінәжат етушілердің аса ірі үш орталығының санына кірген. Сантьягода мінәжат ету бағыты болған. Англияның, Германияның және Францияның солтүстік аудандарынан келген мінәжат етушілер Парижде бас қосқан. Онан олар Лимож арқылы Тулузға беттеген. Жолай оларға Орталық Франциядан мінәжат етушілер қосылып отырған. Тулузда сондай-ақ Лионнан, Италиядан, Миланнан келген мінәжат етушілердің бастары қосылған. Тулуздан мінәжат етушілер Сантьягоға қарай бет алған, сондай-ақ олардың қатарына жолай Испаниядан сенушілер легі қосылып отырған. Соборда апостолдың және оның екі әулие Федор мен Афанасидің шірімей сақталған мәйіті жатыр. Қазіргі кезде мінәжат етушілер мехрапқа, сонан баспалдақтармен әулие Иаков мүсініне барып оның мантиясының қатпарларын сүйеді. Пилигримдер өздерінің саяхатының бітуін білдіру үшін орталық бағанадағы тасқа қолдарын қояды./1/

Кельн (Германия). Бұл қала турист-саяхатшыларды да сондай-ақ мінәжат етушілерді де тарту нысаны болып табылады. Экскурсанттар әсіресе Еуропа соборларының ішінде ең танымал Кельн соборын көруге ынта білдіреді. Мінәжат етушілер әулие Урсуланың базиликасында болып, оған тәу етуге асығады.

 

       2.2    Ислам дінінің туристтік ресурстары.

 

          Ислам- әлемдегі күшті дамыған  негізгі діндердің бірі. Ислам біздің дәуіріміздің 7 ғасырдың басында Батыс Арабиядағы жергілікті араб тұрғындарының арасында пайда болған.

Исламды мойындаушылар саны жағынан христиан дінін ұстанатындардан кейін (1млрд астам) екінші орында. Қазіргі уақытта дүние жүзі бойынша 44 мұсылман елі бар, оның оның ішінде шиит бағытын ұстанатын 4 ел бар (Иран, Ирак, Әзірбайжан, Бахрейн), қалған елдер суннит бағытын ұстанады.

Мұсылмандардың діни туризмі анық айқындалған мінәжат етуді құрайды. Әрбір мұсылман үшін өмірінде бір рет болсын қасиетті қалалар Мекке мен Мединеге мінәжат (қажылық) ету қажет. Тағы бір сипаты жылына бір рет, әрі айдың күнтізбелік күндерінің ауысуына байланысты қажылық уақытында мұсылман мінәжат етушілер саны бірден өседі. Әлемдік діндер ішінде ең жасы – ислам діні./6/

Сүннеттік сипаттағы исламда (ал бұл мұсылмандардың басым көпшілігі) қасиетті дін жоқ. Құдайдың бір екендігі туралы қағиданы еш нәрсе бұзуға және Аллаға ғибадат етуге сенушілердің назарына кедергі келтірмеуі тиіс. Сондықтан исламда Құдайды, адамдарды, жануарларды бейнелеуге тиым салынған. Сәйкесінше, исламда иконография атымен жоқ. Адамда туыла берілетін қажеттілік мұсылмандықта толық өсімдік ою-өрнегінде, Құран мәтіндерін каллиографиялық бейнелеумен көрінеді.

Исламда христиандармен салыстырғанда әулиелердің, құдіретті иконалардың жоқтығы, қасиетті орындардың аздығы мінәжат етуші туристерді аз тартады. Алайда жыл сайынғы Меккеге қажылық, Медине мен Иерусалимге бару мінәжат етушілердің әлемдік легіне біршама септігін тигізеді. Ислам (бұл сөзді «құрметтеуші» ретінде аударуға болады) б.з. VII ғасырында Батыс Аравияда арабтар арасында пайда болып Аравиядағы араб тұрғындарының басым көпшілігі дәстүрлі тілдік сенімді ұстанған. Алайда иудаизм мен христиандық секілді монотеистік діндердің әсері байқалды. Шамамен б.з. 570 жылдары Меккеде исламның негізін қалаушы Мұхаммед дүниеге келді. Ол адамдар мен жануарларды сүйген өте еңбекқор, мейірімді, қарапайым адам болған. Мұхаммед жас кезінде қой бағып, сауда керуендерімен серуендеген. Бақуатты жесір әйел Хадишаға үйленіп, пайғамбар алты ұлды болады. Хадиша қайтыс болғаннан соң оның бірнеше әйелі болған. Мұхаммед Алламен құран арқылы байланыс жасау үшін жиі-жиі жеке қалған. 610 жылы Хирам тауының үңгіріне Жәбірейіл періште келіп аян берілген сөздерді адамдарға тарат деп бұйрық береді. Осы жағдайдан кейін 20 жыл ішінде Мұхамед адамдардың көзінше нұрға бөленген.

Мұхамедтің насихаттары Мекке тұрғындарының басым бөлігінің қарсылығына тап болады, сондықтан Пайғамбардың Мединеге көшуі – Хижра (осы сәттен мұсылмандық күнтізбелік санау басталады) болады. 629 жылы Пайғамбар Меккеге кіріп қасиетті Қағбада рулық пұтқа табынушылар жайратылады. 632 жылы Мұхаммед 63 жасында Мединеде қайтыс болады.

Ислам сенімін оқыту тез қалыптасты. Мұсылмандық сенімнің негізгі парыздары мыналар:

Аллаға сенім. Құдай түсінігінің үш негізгі түсінігі бар: Оның жалғыздығы, артықшылығы және басымдығы тән. Ислам – бұл ең жүйелі, бірізді монотеистік дін. Құдайдың біртұтастық қағидасын бұзбау үшін мұсылмандар оған қатысты «Ол» сөзін қолданбайды. Құрандағы Құдайдың барлық есімдері оның жыныстық қатыстылығына емес, сапалық белгісін береді. Әл-Бади (Жасаған), Әл-Батын (Көрінбейтін), Әл-Мұқит (Азық беруші). Алла барлық нәрселерді біліп, көруші. Ол мәңгілік, уақытқа байланыссыз, өзі жасаған әлемнен ерекше, аса мейірімді, рахымды.

Кітаптарына сену. Әрбір пайғамбарлар арқылы Алла адамдарға кітап берген. Мұса арқылы Тәурат, Иса арқылы Інжіл, Мұхаммед арқылы Құран.

Құран- мсылмандардың ең қаситетті кітабы. Ондағы жазылғандардың бәрі Алланың көктен жіберген сөзі ретінде қарастырылады.Аңыз бойынша Мұхаммедке Құранның мазмұны түсінде Жәбірейіл арқылы жеткен.

Періштелерге, жын-сайтандарға сену. Олар көзге көрінбейтін әлемді мекендейді. Періштелер жарықтан жаралған, олар Құдайға қызмет жасап елші қызметін атқарады. Жындар оттан жаралған, Жерді адамдарға дейін мекендеді, олардың бірі мейірімді болса, екіншісі қаһарлы, кейбірі ислам дінін қабылдаған (Құранның 72 сүресі). Шайтан (Ібіліс) – бүкіл адамзатқа қарсы күштерді басқаратын періште. Әрбір адамға екі періште белгіленген және олар оның жақсы-жаман істерін есепке алып отырады, басқа екеуі Шайтанның азғыруынан және қауіптерінен сақтайды. Жәбірейілдің міндеті Алланың әмірін пайғамбарларға жеткізеді, Микаил (Михаил) табиғаттың жағдайына жауап береді, Әзірейіл өлгендердің рухын әкетеді, Исрафил дүниенің соңын хабарлайды./1/

Пайғамбарларға сенім. Мұхаммедтің келгеніне дейін 124 000 пайғамбар болған. 26 пайғамбардың есімі Құранда аталған. Оның ішінде бізге Інжілден белгілері: Нұх (Ной), Ибрахым (Авраам), Смайыл (Измаил), Мұса (Мойсей), Иса (Иисус), Юнус ибн Закрийя (Иоанн Креститель), Мұхаммед елшілердің соңғысы, пайғамбарлардың мөрі саналады.

Өлгеннен кейін қайта тірілуге (ахира) және рухтың өлмейтіндігіне сену. Адам өлгеннен соң оның рухы денесінен ажырайды. Адам өлгендердің ішінен ахырет күні болатын сот күні қайта тіріледі.

Исламға мынадай сөздермен сенім білдіріледі: «Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед Оның елшісі» (арабша – Лә иллаһа илла Аллаһ уә Мұхаммадан Расуллу Ллах).

Исламның бес түрлі тірегі бар: сенім немесе куәлік беру (шахада), намаз оқу (салят), діни салық – зекет беру, ораза (саум) және Меккеге барып қажылық жасау./21/

Исламда христиандық түсініктегі құпиялық жүйесі жоқ. Мұсылман болу үшін бірнеше қадірменді адамдардың қатысуымен ислам тірегінің белгісін ауызша айтса болғаны. Сондай-ақ кейбір исламға сенушілер мұсылман болу үшін адам Құдайды жүрегімен тануы керек дейді. Ислам күніне бес рет күннің шығуы мен батуы арасында, бесін кезде, кешке, күн бата салысымен және түнде намаз оқуды міндеттейді. Түс кезінде таң атқанда және күн батқанда көптеген пұтқа табынушылар мінәжат жасағандықтан, бұл уақыттарда намаз оқуға тиым салынған. Намазды әдетте мешітте оқиды, сондай-ақ үйде оқыса да болады. Жұма күнгі күндізгі намаз (салят әл-жамаа) міндетті түрде мешітте оқылуы тиіс.

Исламда құпия қасиеттілік және осыған орай руханилық пен мирянды қарама-қарсы қою орын алмаған. Имам болу, яғни намаз оқуды өткізуші үшін Құранды, діни тәжірибені жетік білетін кез келген құрметті адам бола алады. Қазіргі таңда әлемдегі көптеген мешіттерде тұрақты имамдар бар.

Егер еркектер мен әйелдер бірлесе намаз оқыса, онда намазды әрдайым ер адам оқиды. Әйелдерге намазды оқу ұсынылады, алайда мешітте оқуға шек қойылмайды. Мұсылмандық намаз оқу адамды күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәтке болсын қол үзіп, Алламен байланыс орнатуға септігін тигізеді. Намаз оқу үшін сенімгер дәрет алып, таза киімін киюі тиіс./6/

Намаз оқушы бетін Меккеге қарай беттетіп оқиды. Меккеге қарай бағыттау мешіттің қабырғасындағы михраб-нишаға көрсетеді. Мұсылмандық намаз оқу Пайғамбардың сүннет еткен намазды оқу ережесіне сәйкес өтілетін анық және сынақтан өткен рәсім. Намаз оқу барысында бірнеше рет иілу актісі жасалады. Мұсылмандар іштей тілеу тілеп, Алладан белгілі бір нәрсені сұрап жалбарынады. Іштей дұға оқу үшін мұсылман 99 моншақтан тұратын таспиқ қолдана алады. Әрбір моншақ Алланың Құранда аталған 99 есімінің біріне сәйкес келеді. Құранда құрбандық шалудың қажеттілігі туралы былай делінген: «Сендер өздеріңнің жақсы көргендеріңді құрбандыққа шала алмасаңдар тақуалыққа жете алмайсыңдар» (3 сүре, 86 аят).

Ислам таралуының бірінші ареалы – Солтүстік Африканың басым бөлігін алып жатқан ыстық, құрғақ шөл Сахара (тропиктер). Солтүстік-батыста Атластық таулар орналасқан, онда жауын-шашын көптеп түседі (субтропиктер). Тиісінше басымдықты табиғи аймақ шөлдер мен жартылай шөлдер болады. Солтүстік Африканың шығысында шөлді Ніл өзені басып өтеді.

Ислам таралуының екінші ареалы – Африкадан Қызыл теңіз арқылы бөлінген Оңтүстік батыс Азия. Оның шегіне Парсы шығанағы жағаға іштен кіріп тұр, келесі жағынан оның басым бөлігі Араб және Кіші Азия түбегі орналасқан. Тұтастай алсақ, онда Аравияның батысындағы аумақ шығысқа қарағанда салыстырмалы түрде теңіз деңгейінен жоғары орналасқан. Иранда кең көлемді Ирандық таулы қыраттар орналасқан. Ауғанстан – бұл да таулы мемлекет, онда Гиндукуш қыраты орныққан./1/

Азиядағы исламның басымдық аумағында өзгермес жазық аудандары бар. Бұл Тигр мен Ефрат (Ирак) өзен аралықтары, Инда алқабы (Пәкістан), Ганга және Брахмапутра (дельта) (Бангладеш). Ең көп тұрғын халқы бар әлемдегі мұсылман мемлекеті – Индонезия, Суматра, Калимантан, Ява атты аса ірі көптеген аралдарының ортасында орналасқан. Калимантанда Бруней, сондағы Малакка түбегінде – Малазия таулы және тегіс аудандары бар. Оңтүстік батыс Азияның оңтүстігі тропикалық белдеуде (Аравия түбегіндегі шөлдер), ал солтүстігі субтропикалық белдеуде орныққан. Малазия, Индонезия және Бруней жыл бойына көп жауын-шашын түсетін экваторлық белдеуде орныққан. Температура мекеннің қаншалықты биік орналасқанына байланысты өзгеріп отырады.

Ал оңтүстік-батыс Азияға келер болсақ (онда исламның басты мінәжат ету орталықтары мен мәдени ескерткіштері орныққан) жаз айы ыстық, шілдеде орташа +24 … +32°С және одан да жоғары.

Иемен және Ирактың таулы аудандары – салқындау. Қыста Аравияның оңтүстігі мен батысында жылы + 16°С жоғары (соның ішінде Меккені қоса алғанда). Солтүстікке қарай салқындау, Кіші Азия мен Иранның солтүстігінде таулы аймақтарда қысы әдетте суық, қар түсіп, температура бағаны нөлден төмен болуы мүмкін. Жауын-шашын таулы аудандарды қоспағанда аз мөлшерде түседі. Аталмыш аумақ тұтастай алғанда тұщы су ресурстарына бай емес. Негізгі өзендері туралы біз жоғарыда атап өттік.

Қазіргі таңдағы әлемді макроаумақтарға бөлу әдетте өркениеттік факторларға тіреледі. В.В.Вольский Солтүстік Африка мен Оңтүстік-батыс Азия мемлекеттерін Солтүстік Африка және Орта Шығысты (САжОШ) макроаумаққа жатқызады.

САжОШ-қа 330 млн аса адам тұрғыны бар әлемнің 23 мемлекеті кіреді. Араб географиясының салттарында Мысырдан шығысқа қарай орналасқан мемлекеттері Машрық (Бахрейн, Иордания, Ирак, Иемен, Катар, Кувейт, Ливан, БАӘ, Оман, Сауд Аравиясы, Сирия, Палестина аумағы) деп аталады.

Мысырдан батысқа қарай жатқан араб елдері Мағриб елдері деп аталады. Бұл Ливия, Тунис, Алжир, Марокко, Батыс Сахара, Мавритания. 18 елде афроазиялық отбасының семит тобына кіретін араб халықтары (мысырлықтар, сириялықтар, алжирлықтар және тағы басқалар), Түркияда айталық отбасының түрік тобына кіретін түріктер, Иранда – парсылар, Ауғанстанда – индоевропейлік иран тобына кіретін ауғандықтар (пуштундар), сондай-ақ басқа да халықтар күрділер (Түркия, Иран, Ирак, Сирия) тұрады.

Парсы шығанағының мұнай экспорттаушы бай елдерінде құрылыс және инженерлік жұмыстардың басым бөлігін басқа да араб елдерінен, Оңтүстік Азия мемлекеттерінен әкелінетін жұмысшылар атқарады. БАӘ, Сауд Арвиясында, Кувейтте және басқа мемлекеттерде Үндістаннан, Пәкістаннан, Ауғанстаннан келгендер тұрғандықтан тұрғындардың ұлттық және діни құрамы анағұрлым түрліше болады. Мұнда сондай-ақ Пәкістанда тұрғындардың ересектері арасында сауатсыздық үлесі басым, ал кейбір елдерде 50% (Сауд Арваиясында және Пәкістанда 2/3 бөлігі) асады. Африканың мұсылман елдеріне жоғары туу деңгейі тән. Сомали мен Нигерияда ол 5% (Еуропа елдерімен салыстырғанда 1,0 – 1,2%) асып түседі. Бахрейнде, Сауд Аравиясы мен Кувейтте сүннеттер мен шейіттер арасында даулар туындайды.

Малакка түбегі мен Малай архипелагын (Индонезия, Малазия және Бруней орналасқан жерлер) австронезиялық тілдік топқа (явандықтар, малайлықтар) жататын халықтар мекендейді.

Индонезия – ислам әлемі елдерінің көп тараған мемлекет, онда 203,5 млн адамнан асады.

Ірі тұрғылықты емес этностар Оңтүстік Азиядан келген тұрақсыздар мен қытайлықтардан (хуацяо) құралған. ТМД ортаазиялық республикалары – Түркменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, сондай-ақ Қазақстан КСРО құрамына кірген болатын. Мұндағы тұрғылықты халықтар қазақтар, өзбектер, түркмендер, қырғыздар, (түрік топтары) және тәжіктер (ирандық топтар) болып табылады. Осылармен қатар республикаларда орыстар да тұрады, олар Қазақстан халқының 40% құрайды. Орыс тілді тұрғындарының қайтуы байқалады. Ең көп тұрғын халқы бар мұсылман мемлекеттері – Индонезияда, Пәкістанда, Бангладеште, сондай-ақ Үндістанда тұрғындар көбінесе ауылдық жерлерде (Бангладеште — 82%, Пәкістанда — 67%) тұрады. Алайда Джакарта, Карашы және басқаларда ірі агломерациялар бар.

Ислам діні таралған аумақтар мен мемлекеттер тұрғындарының өмір сүру деңгейі мен экономикасының дамуы, сондай-ақ туризм бойынша әр түрлі. Солтүстік Африка елдері тұтастай Африкамен салыстырғанда бақуатты. Парсы шығанағының (Сауд Аравия, Кувейт, БАӘ, Катар, Бахрейн) мұнай монархтары тиімді экономикалық инфрақұрылым құрып, заман талабына сай кәсіпорындарды дамытуда.

Пәкістан мен Бангладеш тұрғындарының басым көпшілігінің өмір сүру деңгейі жоғары емес. Малазия, Индонезия өткен ғасырдың соңында өздерінің технологиялық дамуында жедел қарыштап жаңа индустриалдық елдерге (ЖИЕ) айналды.

Исламда мінәжат ету екі қасиетті қала – Мекке мен Мединеге бару саналады. Бұл мінәжат ету: 1) қажылық; 2) қасиетті мұсылман мазарлары немесе белгілі мешіттері бар жерлерге умра қатысу мінәжат жасау болып саналмайды. Сүнеттік исламда аталып өткендей адамдар бұл орынға емес, Алланың осы жердегі орнына бас июге келеді. Әйтпесе пұтқа табынушылық туындайды. Шейіттік исламда имамдардың күш-қуатын дәріптеу басым.

Исламның діни орталықтары. Әлемде әртүрлі мемлекеттерде бірнеше мешіттер саналады. Мұсылмандардың аз тұрғындары құрайтын мемлекеттерде діни өмірдің қайта дәуірлеуі байқалуда. Сауд Аравиясында орналасқан Мекке мен Медине исламның мінәжат ету орталықтары болып табылады. Басқа қалалар мен мемлекеттердегі мешіттерге, сондай-ақ діни нысандарға да туристер жиі барады.

Меккеге жыл сайын шамамен 2 млн жуық мінәжат етушілер барады. Мұнда әлемдегі ең үлкен мешіттердің бірі – Харам бейіті – Ұллах салынған. Мешіттің ішінде Қағба күнбезі орналасқан. Қағба бес тасты тақтадан құралған, куб формалы ұзындығы 15 м. Қағбаның оңтүстік-шығыс бұрышында биіктігі шамамен бір метрдей жерде Қара тас орналасқан. Оған мінәжат етушілер Қағбаны жеті рет сағат тіліне қарама-қарсы айналғанда қол тигізіп, оны сүюге тырысады. Тас арнайы қуысқа қойылып, күміс рамкаға орналастырылған. Қағбаның күмбезі қара жамылғымен жабылған. Жылдың көп бөлігінде күмбез қара жамылғының астында жасырынған. Бітуі бойынша жамылғыны шешіп алып, бөлшектеп кесіп, мінәжат етушілерге сатылады.

Мединедегі бас мешіт Меккедегі мешітпен салыстырғанда кішілеу. Онда Мұхаммед пайғамбар жерленген. Оның қасында әл-Бәки мазары орналасқан, онда пайғамбардың отбасы мүшелері мен ізбасарлары (оның қызы Фатима, немересі Хасан және халиф Осман) жерленген. Мединеде мінәжат етушілер Жабал әл-Нұр тауына шығып, пайғамбарға алғаш аян берілген үңгірге, Мекке тұрғындарының жасағынан тығылған Жабал ат-Таур тауына барады. Мінәжат етушілер әйгілі шайқастар болған орындарға, мешіттерге барады, ат-Таква мешіті Мұхаммед Мединеге алғаш келген кезінде салынған. Оның бір ерекшелігі онда екі михраба, оның бірі Иерусалим жағына қаратылған.

Иерусалимдегі ең қадірлі исламдық қасиетті орын халиф Омар мешіті («Шың күмбезі»). ол бұрынғы Соломон патшасының храмы орналасқан жердегі Мориа тауында орналасқан. Бұл орынды христиандар, иудейлер мен мұсылмандар үшін қасиетті жер саналады, себебі онда Авраам өзінің ұлы Исаакты құрбандыққа шалмақ болған. Ал мұсылмандар үшін ол Мұхаммед пайғамбар онан аспанға түнгі сапар жасаған. Халиф Омар мешіті маңызы бойынша Мекке мен Мединедегі мешіттерден кейінгі үшінші деңгейде. Мешіттің ортасында ағаш және шойыннан жасалған қоршаудың арғы жағында Мориа тауының ең биік жері – қара шың орналасқан. Бұл жерге келушілер әдеттегідей қасиетті шыңды жеті рет айналып шығады.

Әлемде бірқатар әйгілі мешіттер бар. Ол Стамбұлдағы (Түркия) көк мешіт, Каирдағы (Мысыр) Ибн Тұлун мен Хасан сұлтанның мешіттері, Дамаскідегі (Сирия) Омейадтардың мешіті, Бағдадтағы (Ирак) Алтын мешіт, Делидегі (Үндістан) Қуат уль-ислам мешіті және Кутб Минар мұнарасы және басқалар./1/

Біздің білуімізше қажылық исламның бес парызының бірі. Әрбір мұсылман өмірінде бір рет болсын қажылыққа баруы тиіс. Алайда ол біреудің ақшасы есебінен жасалмауы және отбасылық бюджетке нұқсан келтірмеуі тиіс. Меккеге мінәжат жасау барысында қажы болу үшін ол Құрбан айт мейрамында бітіп және он күн ішінде барлық тиісті шарттарды орындаған адам ғана қажы бола алады. Мерзімі бойынша аз жалғасқан немесе басқа күні тәмәмдалған мінәжат умра болып танылады. Қажылық барысында әрбір мұсылман төрт шартты орындауы тиіс:

  • Ақ киімді кию – ихрам;
  • Қағбаны айналып шығуы (таваф);
  • Арафат жазығына бару;
  • Арафат жазығынан келіп, Қағбаны қайта айналып шығу.

Меккеге кірместен бұрын адам шектеуді (ихрам) қабылдайды. Мінәжат етуші ақ киім кию қажет. Ерлер денесін айналдыра екі топ ақ матамен орайды. Біріншісі денесі және аяғынан тізесіне дейін жабу үшін, екіншісі  жай сол жақ иығына жабылады. Әйелдер әдеттегідей кең әрі ұзын киініп, басына орамал тағып, тек беті, қолы және аяғы тобықтан төмен болып жабылады. Ихрамның мағынасы жалпы тазалыққа, теңдікке, бірлік пен өзін-өзі құрбан етуге негізделген. Барлық адамдар таптық қатыстылығына, жағдайының деңгейіне және биліктік өкілеттігіне байланыссыз бірдей киім (тігіссіз) киіп, Құдай алдында тең түседі. Мінәжат етушілер ихрамға (микат) киіну Қағбадан шамамен 4 км  орналасқан жерде жасалады. Біздің күндерімізде көптеген мінәжат етушілер ихрамға алдын ала дайындалып киініп алады. Болашақта ихрам оларды жерлеу кебіні ретінде қолданылатын болады. Бұрындары Меккеге бағыт алған мінәжат етушілер мінген ұшағы, адамдар аэропорттағы арнайы бөлмелерде киімдерін ауыстырып алу үшін Жиддеде аралық қону жасаған. Қазіргі кезде ерлер ұшақтың бір бөлігінде болса, әйелдер екінші бөлігінде орналасқандықтан мұны ұшақта жасауға мүмкіндік жасалған.

Сонымен қажылық адамдардың ихрамға кіру сәтінен басталады. Мінәжат етуді өткізу уақытында арнайы полиция ұйымдастырушылық сәттердің сақталуын, іс-шараның өтілу тәртібін бақылайды. Мүмкін болған кептелу, сығылысу т.с.с. алдын алу қажет. Полиция осындай рәсімдердің өтілу тәртібін қадағалайды. Сондықтан да Сауд Аравиясы заңнамасының өте қатал екендігін есепке алған жөн. Келесідей мысал келтіруге болады. Қағбаны айналу барысында мінәжат етушілер Қара тасқа қолдарын тигізеді. Осы тастың қасына тасты құмарлана сүйіп жатқан жағдайды алдын алу үшін адам қойылады. Себебі ол тасқа емес, Аллаға бас ию үшін келді ғой. Айналу да өз ретімен жүруі керек, себебі бұл адамның артынан мыңдаған мінәжат етушілер келеді. Ихрамда бола отырып, мұсылман паңдықты, арамбез ниетке, әртүрлі қажеттіліктерді жүгендеуі қажет. Ерлер мен әйелдерге әшекей бұйымдарды (әйелдер тек неке жүзігін тағуға болады) тағуға рұқсат етілмейді. Иіс суларды және иіс сабындарды қолдануға болмайды. Мойындаудың белгісі ретінде ерлер бас киімсіз жүру керек, оларға күн көзінен қорғану үшін қолшатырды қолдануға болады. Әйелдерден өзара сенім мен тазалық орнатуды бекіту үшін беттерін жаппай жауып жүру талап етіледі.

Көнбіс болу үшін мінәжат етушілер жалаң аяқ немесе өте жеңіл аяқ киімде болуы міндетті. Олар тырнақтарын, шаштарын алмауы, талдың бұтақтарын сындырмауы, шөпті жұлмауы және жануарларға зиян тигізбеуі тиіс. Исламдағы діни туризмнің қызығушылық танытуы Түркияға баруы болып табылады. Біздің заманымызға дейінгі 660 жылы дориліктер негізін қалап, оны өздерінің патшасы Византияның құрметіне – Византия деп атаған. Б.з. 326 жылы император І Константин Византияны Рим империясының астанасы етіп, 330 жылы Константинопольді талқандады, ал 1453 жылы қаланы Мехмет сұлтан басып алып, оны Стамбұл деп атап, Осман империясының астанасы деп жариялады./24/

Стамбұл – аса ірі қала, басты теңіз порты, шамамен 7 миллион тұрғыны бар. Түркияның экономикалық және өндірістік орталығы. Егер сіз саяхаттаудың ерекше талғампазы болсаңыз, онда Стамбұлға алғаш рет Қара теңіз жағынан кемемен келген жөн. Босфор бұғазы кез келген күн райында таң қалдырады. Өзінің жағалауындағы ескі қамалдары мен қазіргі заман талабына сай мыңдаған көліктер өтетін, Еуропа мен Азияны жалғастырып тұрған көпірі сізді бей-жай қалдырмасы анық. Бұғаздың кіре берісінен Стамбұлға дейін бес километр құрайды. Онда сіз әлемнің мүмкін болған жалаулары желбіреген кемелерді, екі не онан да көп діңгекті кемелерді, үлкен құрғақ жүк тасушыларды және кішігірім балықшы қайықтарына қарай отырып, аталған қашықтықты бірнеше минуттың ішінде өтіп кеткеніңізді білмей қаласыз. Алтыншы америкалық флоттың ұзын, сұр және қабағынан қар жауған эсминдіктер рейдте тұрып, мальта жалауы желбіреген бес мачталы желкенді кеме ақ қар секілді сырғып бара жатқаны және кемелер бірте-бірте көбейе келе Стамбұлдың байырғы бөлігіндегі әлемге әйгілі Айя-София ғибадатханасы мен Топ-Қапы сарайының шарайнасы, ал сол жағындағы Босфор өзенінің түсін сарғыш-көкке бояп, шексіз кеңістікке төгіліп жатқан сияқты көріністер тамаша. Көкжиек сызығы көрінбей Мрамор теңізінен сізге қарама-қарсы келе жатқан жүздеген кемелер жоғарыдан төменге қарай түсіп келе жатқан секілді көріністер естен кетпес әсер қалдырады. Стамбұлға теңіз арқылы келу оп-оңай. Севастопольдан, Ялтадан, Феодосиядан және тіпті Евпаториядан іштен жанатын двигательмен қозғалысқа келетін кеме күнделікті бағыт бойынша жүзіп өтеді. Кемеден түсе салып сіз қаланың орталығына бірнеше қадамнан кейін-ақ жетіп қаласыз. Қаланың орталығы болып Алтын мүйіз шығанағының үстіндегі Галат көпірі саналады. Бұл көпір жаңадан піскен балықтың тәбет шаптыратын иісімен мүңкиді. Жаңадан ұсталған балықты алдымен тазалап, көпірдің астында ондаған балық ұстайтын шхун көмірге пісіріледі. Көпірдің өзінде балалар сізге фисташкалы немесе бұрышталған бадаммен фаршталған мидияларды ұсынады. Алайда бұның бәрін сіз көпірдің жоғарғы бөлігімен өтсеңіз ғана көре аласыз. Ол қосқабаттың ішінде қазіргі заманғы электроникамен жабдықталған дүкендер, ондаған еуропалық кафелер орналасқан.

Айя-София соборына сіз жолбасшысыз немесе картасыз-ақ жетесіз. Галат көпірінен ол сізді тартып тұрады. Аңыз бойынша орыс князі Владимирдің Қызыл Күн елшілері христиандық сеніммен танысқан болатын. Осы елшілер соборда болып ондағы қызмет көрсетуге таң қалып Владимирге ғибадатханада емес, жәннатта болғандай сезінгендерін хабарлайды. Егер сіз сезімтал адам болсаңыз, өзіңіздің қиялыңызға аз да болса ерік берсеңіз, онда мыңдаған жылдар өтсе де және 1453 жылы әулие Софияны мешітке айналдырып жібергенге қарамастан осы жағдайға қазіргі таңда сене аласыз. Күмбез астынан өзгеше жарықтың шашырап тұрғаны және саны жағынан аз фрескаларға, бағаналарға айырықша шағылысып түскен сәулесі ерекше тамсандырады және бұл ежелгі Константинопольдің қасиетті жерлерінің түріктердің жаулап алуынан кейін де сақталғаны таң қалдырады. Гректер ғибадатхананы VII ғасырда соққан. Жасыл мәрмәрдан жасалған бағаналар Геростар өртеген Эфестегі Артемида ғибадатханасынан әкелінген. Ал порфирден жасалған бағаналар Римдегі Күн ғибадатханасынан әкелінген. Солтүстік қанаттағы сегіз бағаналардың бірі таңғажайып. Мұнда аңыз бойынша әулие Георги дүниеге келген. 916 жыл бойы Айя-София христиан ғибадатханасы болып келген. Мешітке айналғанда оған екі мұнара қоса тұрғызылды. Онда Алланың, оның пайғамбары Мұхаммедтің, алғашқы халифтардың және имамдардың есімдері жазылған үлкен сегіз медальондар ілінген. 1935 жылы Түркия президенті Кемал Ататүрік жартылай жабайы Түркияны толық Еуропалық мемлекетке айналдырып, ғибадатхананы мұражай жасап, мұсылмандар мен христиандар арасындағы қайшылықты доғаруға күш салды./25/

Айя-София сквері арқылы Ахмеди мешітіне өтуге болады. Айтпақшы гүл алаңқайында Стамбұл мен Түркия бойынша әлемнің кез келген тілінде жол көрсеткіштерін арзанырақ бағаға сатып алуға болады. Осындағы дүңгіршектерде жаңадан шыққан мәскеу газеттері де сатылады. Тек аяқ киімді тазалаушы балалар мазаңызды алады. Ең дұрысы келісе кетіп, жарты не бір доллар берсеңіз аяқ киіміңізді айнадай жылтырағанша тазалап береді. Ал қарсы болсаңыз өздерінің қырсықтығымен жүйкеңізді жұқартады. Мешітке кіре берісте аяқ киіміңізді шешу қажет. Ахмедиді кейбір жол көрсеткіштерде «көк мешіт» деп көрсетеді. Егер сіз онда бола қалған жағдайда, оның себебін түсінесіз. Ахмедиді Айя-Софиядағы секілді жарық толықтырады. Алайда мешіттің плиталары жеңіл, әрі тартымды көк түсті болғандықтан оған түскен күннің көзі қабырғаларға шағылысып көкшіл реңк береді. Күннің көзі ашық күндері таң қаларлық әсер қалдырады. Бұл мешіт Стамбұл ғимараттарының ішіндегі аса ірі болғанымен, жергілікті түріктер қаладағы ең әсем мешіт деп Сүлеймен мешітін санайды. Сіз оны Галат көпірінен Айя-Софияға кетіп бара жатып оң жағыңызда қалдырып кеттіңіз. Оның қасында бұрынғы медресенің ғимаратында ислам өнерінің үздік мұражайы мен ірі гүл базары бар.

 

     2.3   Діни туризмдегі буддизм мен индуизмнің саласы

 

Буддизм біздің дәуірімізге дейінгі 6 ғасырда Үндістан жерінде пайда болған ең ежелгі әлемдік діндердің бірі. 1996 жылғы статистика мәліметтері бойынша әлемде 500 миллионнан астам буддисттер тіркелген.

Буддалық мінәжат ету әдеп-ғұрпы Будданың өзі өмір сүрген уақытқа тура келеді. Будда дінін ұстанған Трипитак каньонына сәйкес, өзінің ізбасарларына оның туылған жерінде (қазіргі Непал аумағындағы Лумбини), білім алып (Бодхай, Бихар штаты, Үндістан), өзінің алғашқы насихатын оқыған (Варанаси қаласы маңындағы Сарнатх, Утар-Прадеш штаты, Үндістан) және бұл әлемнен кеткен жерлеріне (Горакхпур қаласы маңындағы Кушинагар, Уттар-Прадеш штаты) баруды мұра еткен.

V, VI, VIII ғасырларда қытайлық будда монахтарының Үндістанға мінәжат ету үшін барғаны белгілі. Монахтар екі бағытта жүрді. Біріншісі – солтүстік – қазіргі Ауғанстан, Пәкістан, Үндістанның Джамму және Кашмир штаты аумағы арқылы Ұлы жібек жолы бойынша. Екінші бағыт – оңтүстік – Оңтүстік Қытай теңізі, Бенгал шығанағы арқылы Үндістанның шығыс жағалауына соға отырып өту. Саяхытшылардың бірі Сюань Цзан 629-645 жылдары Үндістан мен Шри-Ланканы солтүстігінен оңтүстігіне дейін өткен. Тарихтан белгілі болғандай ХІ-ХІІ ғ.ғ. мұсылман жаулап алушылары буддалық монастырларды қазіргі Үндістан аумағының солтүстігіндегі ғибадатханалар мен университеттерін жойды. Қызығы сол осы мінәжат етулерден кейінгі қалған мәліметтер бойынша ХІХ ғ. көптеген буддалық орындары қайта мәлім болды. Будданың денесі нирванаға кеткеннен соң кремделіп, қалдықтары сегіз бөлікке бөлініп орналастырылды. Сондай-ақ бірқатар жерлерде будда әулиелерінің монастырларда орналасқан қалдықтары болған./6/

Буддизмде мінәжат ету Будданың қалдықтарына бас ию арқылы басталған. Осыған орай, буддизмде мінәжат ету тарихы мыңдаған жылды құрайды. Мінәжат ету махаянамен қатар тхеравада дәстүрлерінде бар. Буддизмдегі мінәжат ету рухани нәтиже алу үшін, жоғары күштерге құрмет көрсету және бас июмен сипатталады. Буддизмде мінәжат ету алғашқы кезде индустердің мінәжат етушілерінің имитациясы болып, соңынан олар өздерінің дербес түрін иеленді. Санскритте және палиде мінәжат етуші праврадж немесе пабадж ретінде белгіленген. Бұл түсініктер бейбіт істерден кетуді білдіреді. Будда әдебиетінде әлемнен кету адам будда сангхиінің мүшесінің дәрежесі мен мәртебесіне жету үшін қажет. Алайда аскеттердің саяхаттауы мақсатсыз болған жоқ және қасиетті орындарға барумен қорытындыланған. Будда монахтарының аскеттік әдетіне айналуы тұрғылықты өмір сүру ортасының болмауы буддизмді насихаттауға септігін тигізді. Монахтарға бір орында болу жүктеліп, тек жауын-шашын және басқа мезгілдерде саяхаттауға рұқсат берілген. Осыған орай, саяхаттау канондардың ажырамас бөлігі және будда монахтарының міндеттері болып табылады. Анағұрлым кеш шыққан будда әдебиеттерінде махаяндар мен тхеравадаларда мінәжат ету орындарын аспанға алып баратын баспалдақтар деп атаған. Буддизмде қасиетті өзендер мен тирхиларды құрмет тұтады. Чайтьи ғимараты тақуалық әрекет жасау болып саналады.

Үндістан мен Непалдың буддалық қасиетті орындарын 5 санатқа бөлуге болады. Гаутама Будда өмірінің ұмытылмас кезеңдерімен байланысты. Олар: Лумбини (дүниеге келу), Бодхгай (сергектену), Сарнатх (бірінші уағызы) және Кушинагара (махапари-нирванаға кету).

Гуатама Будда қасиетті орындарына бара отырып, өз өмірінің бір бөлігін өткізген. Бұл Капилавасту (Тилауракот), Раджгир, Наланда, Санкасья, Шравасти, Вайшали, Паталипутра (Патна),Каушамби./19/

Буддизмнің белгілі әулиелері және шеберлерімен, буддизммен дін ретінде оның тарихымен, мәдениетімен буддалық өмір жалғасып отырған вихарлар, монастырлармен байланысты қасиетті жерлер деп бөлінеді.

Бірінші екі санаттағы нысандар Үндістанда басым. Непалда тек Капилавасту мен Лумбини. Үшінші санаттағы қасиетті жерлер Үндістанда, сондай-ақ Непалда, төртінші санаттағы Үндістанда көп, Непалда аздау. Аджанты, Эллор, Карл, Канхери (Үндістан) үңгірлері будда өнері және архитектурасымен, Санчи өнері және архитектура тарихымен байланысты. Төртінші санаттағы орындар сондай-ақ буддалық қасиетті және белгілі шеберлермен байланысты. Мысалы, Санчиде Будданың екі белгілі шәкірті Шарипутра мен Маудгалъяна қалдықтары орналасқан. Үндістанның буддалық үңгірлерінде монахтары Х ғ. дейін буддизмді мұсылман жаулап алушылары келген кезеңге дейін ұстанып, насихаттаған. Үңгірлердегі бірнеше орындарда будда монахтары Непалда насихат еткен орындары Ваджрад-жогни, Нагарджун төбесі болып табылады. Онда мүсіндеу өнерінің туындылары жоқ.

Буддизм нысандары Шығыс Түркістанда және СУАР аумағында, сондай-ақ Қазақстан аумағына кіретін жерлерде орналасқан. Бұл нысандар Қазақстан аумағында тұрған халықтардың дінімен байланысты және рухани мәдениетінің көптүрлілігін көрсетеді. Қазақстан аумағындағы діни нысандар төменде аталып өтіледі.  

Шри –ланкадағы буддизм.

Шри –Ланкадағы буддизмнің мемлекеттік  дін ретінде орнығуы мен буддалық санкхалардың құрылуы б.з.б. ІІІ ғасырда орын алды. Шри Ланкада негізінен тхеравиндиндер ілімі хинаяна таралды. Б.з.б. І ғасыр Ланкалық монахтар пали тілінде буддалық канон – “Трипитаканы” және оған түсіндірмелер жазды. /6/

Біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырларында Ланкаға әр түрлі махаяналық мектептердің, мондай-ақ индуйзмнің идеялары кең таралады. Қазіргі Шри Ланкадағы буддалық сангха үш негізгі және 20-дан астам майда монахтық бірлестіктерден тұрады.

Буддизмнің елдегі басымдылығын қорғай отырып, оны мемлекеттік дін дәрежесіне көтерген сангха ішіндегі түрлі ағымдар оның мақсатын әр қилы түсінеді. Біреулер буддалық қауымның  мақсаты жаңа жолдарды іздеу емес, тарих сынынан өткен және баршаға белгілі колониялдыққа дейінгі басқару тәртібін жаңғырту десе, басқалары буддизмді сингалдық ұлтшылдықтың ажырамас бөлігі деп қарастырады.

Үндіқытайдағы буддизм. Буддизм Үндіқытай түбегі елдерінде де басым наным болып табылады, онда Оңтүстік Азия буддашыларының 94 пайызы шоғырланған. Буддашылардың ең ірі қауымдары Тайландта , Въетнамда, Мьянмада, Камбоджада, Лаоста орналасқан. Үндіқытай түбегі тұрғындарының 80 пайызы буддизмді ұстанады.

Оңтүстік –шығыс Азияға буддизм б.з.  алғашқы ғасырларында тарала бастады. Ол көп уақыт бойы индуизммен қатар жүрсе де, бірақ қосылқы рөл атқарды. Оңтүстік –шығыс елдерінің ежелгі мемлекеттерінде таралу барысында буддизм белгілі бір өзгерістерге ұшырады. Ол бір жағынан патшалық билік мойындаған үнділік культтерге бейімделсе, екінші  жағынан жергілікті, соның ішінде анимисттік нанымдарға да икемделеді. 12 ғасыр соңынан бастап мұнда индуизмнің ықп алы әлсіреп, буддизмнің позициялары біпртіндеп күшейді.

Соңғы Орта ғасыр мен жаңа заман басында Оңтүстік-шығыс Азия мемелекеттерінің қоғамдық- саяси өмірін де буддизмнің ролі арта түсті. 19 ғасыр ортасы мен 20- ғасыр басындағы  колониялдық тәуелсіздік кезінде буддизм тәуелсіздік үшін күрестегі ұлттың бірлігі, рәмізі ретінде ұлттық азаттық үшін діндәрларды жұмылдыруға қолданылды./1/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3      ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ ТУРИЗМ САЛАСЫ.

 

  • Қазақстандағы діни туризм объектілері

 

          Адам өркениетінің даму тарихы бізге мәдени ескерткіштер,әдет-ғұрыптар, діндер, ғылыми жетістіктер ретінде өз қызметін бірнеше куәліктерінің көптеген санын қалдырды. Сондай-ақ бұрынғы өркенит пен мәдениеттің әртүрлі қалдықтары олардың қызметі, көшіп-қону жолдары, қоршаған әлемді тану тәсілдері, сонымен бірге өткен өмірдегі табиғи ресурстар туралы дәйек келтіреді. Бұл үлкен мұра туристік-рекреациялық ресурстар жиынтығының бірі ретінде көрініс табады. Қазақстан аумағында мінәжат ету бағыттарына қосуға болатын туризмнің бірнеше тарихи-архитектуралық және табиғи нысандар бар.

Сайрам  селосы. Оңтүстік Қазақстан аумағында көне елді мекен. Шымкент қаласынан шығысқа қарай 10км жерде Сайрам су өзенінің бойында орналасқан. Көне орта ғасыр кезеңінде (IX-XII ғасырларда) Сайрамның орнында ірі сауда-экономикалық және мәдени орталық болған. Мәуереннахр құрамында кірген Испиджаб қаласы орналасқан болатын. Осымен қатар ол ірі діни ошақ ретінде маңызын сақтауда. Жазба деректерге қарағанда Сайрам VII ғасырдың басында-ақ белгілі болған. Испиджап Шашадан Таразға дейінгі керуен жолдарында сауда-саттық  орталығы және далалық аудандарға жататын исламның таралу аймағы болып табылады./1/

Сайрамның шығысынан батысына дейін қиып өтетін басты көшесі ерекше мәнге ие болып, діни ғимараттар, мазарлар және мешіттер салынды. Мазарлар XI-XII ғ.ғ өмір сүрген «әулиелердің» бейіттерінің үстіне салынды. Әулие Ахмет Яссауидің ата-аналарының бейіттерінің үстіне салынған Ибрагим ата мен Қарашаш ананың кесенелері ерекше қасиетті саналады. Ахмет Яссауидің атасы, Ибрагим атаның әкесі Махмұд атаның кесенесінде сақталған. Ахмет Яссауидің алғашқы ұстазы Ақ Атаның кесенесі,Орта Азияда исламның басты таратушысының бірі болған тарихи тұлға, шейх Мир Али баптың кесенесі, Оңтүстік Қазақстан аумағына мұсылмандықты таратушылардың бірі болған, шахид (сенім үшін өлген) шейх Әбдел-Азиз баптың кесенелері тамаша салынған.Шымкент қаласынан 15км жердегі Сайрам кентінің көзге көрінетін жерлері:Қырықшылтан бабаның (үлкен) бейіті, Сайрамдағы тарихи-өлкетану мұражайы (Шымкент жолының бойында), Ибрагим атаның кесенесі (Қ. А. Яссауидің әкесі), Балағардан атаның (Қ. А. Яссауидің атасы) кесенесі, Махмұдан атаның мешіті, Шайх Фариб шахтың (кіші) бейіті, Қожа Хожи атаның кесенесі, Шақаландар бабаның кесенесі, Гүзәл ата мешіті, Оқата баба мешіті, Қарашаш ана кесенесі (Қ.А.Яссаудің анасы), Насредин Рарок бейіті, Шайх Исхак Уәлидің (кіші) бейіті, Абдурахмон уәлидің (кіші) бейіті, Бибігиес ана кесенесі, Мірәлі баба кесенесі, Жами масжиди мешіті, Жылқышы ата (кіші) бейіті, Қабыз ата (үлкен) бейіті, Тажиддин Аллома (кіші) бейіті, Әбдрахым уәли (кіші) бейіті, Көктүңлік ата (кіші) бейіті, Хожан Салих кесенесі, Юша пайғамбар (кіші) бейіті, Бұзлақ ата кесенесі, Хазар Масжиди мұнарасы, Мариям ана кесенесі, Ұлығ Юнус ата (кіші) бейіті, Қазы Байзови мешіті, Хәкім қожа (кіші) бейіті, Юсуя Сареми (кіші) бейіті, Хожа ислом (кіші) бейіті, Құтбиддин Аллом (үлкен) бейіті, Қожа Ахмет Яссауидің әкесі Ибрагим атаның мазары ( Сайрам), Қожа Ахмет Яссаидің анасы Қарашаш ананың мазары (Сайрам).

Бұрынғы Отырардың 3км жерде Арыстан баба мешіт-кесенесі орналасқан. Кесене қайтыс болғанды еске алатын мешіт және мұсылмандардың мінәжат ету орны болып табылады./17/

XIX ғасырдың архитектуралық ескерткіші ежелгі Отырар қалдықтарынан қашық емес жерде Оңтүстік Қазақстан обылысы Қоғам елді мекеніне таяу жерде орналысқан. Арыстанбап мазарының үстінен салынған. Кесене қазіргі келбетіне 1910 жылы көшеді. Салыным жоспарына сәйкес, екі бөліктен: солтүстігінде-кесене, оңтүстігінде-мешіт. Мешіт кең дұға оқу залынан михрабты және қосалқы бөлмелері бар.Негізгі өлшемдері 35х12, биіктігі 12м, күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Кесененің бірінші құрлысы XIV-XV ғасырға жатады. Сол құрлыстан кесілген айван тізбектері қалған. XVIII ғасырда көне мазардың орнында жер сілкінісінен кейін екі кесілген ағаш тізбекке тіркелген айванмен салынған екі күмбезді құрылыс орнатылды. XVIII ғасырда құрлыс қиратылып, фриз жазбалары бойынша 1909 жылы қайта салынды. 1971 жылы жоғары деңгейдегі грунт сулары салдарынан мешіт құлатылып, қайта орнатылды. Құрлыс алебастр ертіндісінде күйдірілген кірпіштен қабырғаның сырт жағына салынды. Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажалық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады. Аңыз бойынша Арыстан баб Мұхаммед пайғамбардың өзінің шәкірттерімен құрма жеп отырған еді. Бір құрма қайта-қайта ыдыстан құлай беріп, пайғамбар ішкі дауысы естіді: «Бұл құрма Сізден кейін 400 жыл алдағы уақытта туылатын мұсылман бала Ахметке арналған» Сонда пайғамбар шәкірттері ішінен бұл құрманы кім иесіне жеткізетінін сұрайды. Ешкім сұранған жоқ.  Пайғамбар сұрақты қайта қойғаннан кейін, Арыстан баб былай дейді «Егер Сіз Алла Тағаладан 400 жыл сұрап берсеңіз мен бұл құрманы иесіне жеткіземін» Халық аңыздарынан және жазба деректерге қарағанда («Рисолаи Сарем-Исфижоб» және Куприлозада кітабы) Арысан баб Ахмет Яссауидің ұстазы болып құрманы жеткізеді. Қазіргі кезде Арыстан баб мазары үстінде 30х13 метр аумағы бар кесене тұр. Тарихи деректер бойынша XII-XVIII ғасырларда кесене бірнеше рет қайта салынып, қайта жаңартылды. Қожа Ахмет Яссауи ұлы әулие мен діни көріпкел 1103 жылы туылып 1166 жылы қайтыс болған. Мұсылмандар ішінде Қожа Ахмет Яссауи Мұхаммед пайғамбардан соң екінші боып саналады. (Түркістан) Арыстан баб кесенесі- Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы жерленген орны болып келеді. Аңыз бойынша, о дүниеге кетер алдында Мұхаммед пайғамбар Арыстан бабқа аманат тасбиғын берді, ал ол 11 жастағы бала Қожа Ахмет Яссауиге ұсынды. Арыстан баб кесенесі жанында емдеу қасиеттері бар өте тұзды сулы құдық бар. (Сайрам ауылы)/22/

Сауран. ХІІ-ХVІ ғ.ғ. көне қамалдың қалдықтары. Сауран туралы алғашқы деректер Х ғасырда жазылған жазбаларда кездеседі. Сол таңда Сауран Сырдариядағы сауда тармағы ретінде кең танымал болды.

Араб тарихшысы Мақсидидің шығармаларында «қала жеті қабырғамен қоршалған, ішінде рабат және мешіт бар» деп жазылған. ХІІ ғасырда Сауран Ақ Орданың астанасы болады. ХІV ғасырда Темір қаланы әскери қамалға айналдырады (диаметрі 550-800 м) және оның Жібек жолының бойында орналасуы оның гүлденуіне септігін тигізді. Бұл моңғолдардың қорған бұзатын қаруларына төтеп берген бірден бір қала. Қала тек оның қорғаушылары аштықтан өлгеннен кейін ғана берілген. Жоңғар шапқыншылығы уақыттарының өзінде Сауран бірнеше қоршауларға төтеп берді. Алайда таң қалатыны қаланы сумен қамтитын қол күшімен жасалған жер асты арналарының желісі. ХVІІ ғасырда ол қала өз өмірін тоқтатты және қазіргі кезде оның қабырғаларына қарап бір кездері біздің бабаларымыздың сауда орталығы қамалы – Сауран болғанын білеміз. Мұнда қазақтың ақындық өнерінің негізін қалаушылардың бірі айтыскер ақын Н.Бекежановтың мұражайы орналасқан./1/

Жошы хан кесенесі. Жезқазғаннан (Қарағанды облысы) солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде Қаракеңгір өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Кесене ХІІІ ғасырдың бірінші жартысында тұрғызылған.

Жергілікті тұрғындардың арасында Шыңғыс ханның үлкен ұлы аң аулау кезінде осында қайтыс болды деген аңыз бар. Жошы ханның кенеттен қайтыс болуының бірнеше нұсқалары бар. Оның бірі тарихшылар мен халық аңыздарының айтуынша Жошы адамның кінәсінен емес, жабайы құлан оны аттың үстінен теуіп құлатқан деседі. Басқа тарихшылар мен аңыздар бойынша Шыңғысханның алғашқы ұлын Шыңғысханның өзі берген бұйрығымен жендеттер өлтірген деген пікірге саяды.

Орта ғасырлардағы қайнар көздердің хабарлауынша Шыңғыс ханның алғашқы ұлы қайтыс болды деп ескерткенде ол: «Құланның баласынан айырылғаны сияқты мен де өз баламнан айырылдым. Әр жаққа ұшқан үйректер сияқты, мен де батыр ұлымнан айырылдым» — дейді. Бірнеше ай өтісімен-ақ әлемді дүр сілкіндірген хан, баласының қайғысынан о дүниеге аттанды.

Жошы хан күмбезінің маңында Қаракеңгір өзенінің сағасының 2 км оң жақ жағалауында Малшыбай мекенінде беделі одан кем емес біртуар тұлға Алашханның кесенесі (ХІІ-ХІІІ ғасырында салынған) орналасқан.

Діни ғимарат Домбаул. Жезқазғаннан солтүстікке 50 км жерде Қаракеңгір өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан.

Облыстың Арал, Қазалы аудандарының аумағында бірнеше көне архитетуралық ескерткіштері: Бегім ана мұнарасы, Қосаман, Байшөкі, Қожа, Нұрбай, Сағанатам, Басыбек және т.б. (25 аса) кесенелі бар. /20/

Соңғы жылдары Арал теңізінің бұрынғы түбіне археологиялық жұмыстарды жүргізу көрсеткендей, мұнда бұрындары керуен жолдары өткен қалалар болған. Өкінішке орай облыстың архитектуралық ескерткіштері Қазақстан Республикасының туристік операторлары тарапынан өз бағасын тапқан жоқ. Бұған жұртшылық ақпараттар, қонақ үй, көлік инфрақұрылымының жоқтығы себеп болуда. Облыс, аудан орталықтары туристік сапарларды жіберудің базалық нүктесі болар еді, алайда олар туристердің жайлы жағдайлар жасап орналастыруға, ал жолдары болса туристерді археологиялық ескерткіштерге тез, әрі тиісті жағдайларда жеткізуге мүмкіндік бермейді. Облыстың Қармақшы ауданындағы «Қорқыт ата» мемориалдық кешені біршама жайлы (Шымкент-Самара тас жолы бойында, Байқоңыр қаласының маңында) орналастырылған.

Ибрагим-ата кесенесі.Бұл кесене Сайрам солтүстік-шығысында орналасқан шейх Ибрагим-Ахмет Яссауидің әкесі мазарының үстіне салынған. Басындағы құрылысы (XII-XIVғғ.) көп уақыт шыдамай, құлап қалды. Кесене XIX ғасырда қайта салынды. Бұл кісі көріпкел, әулие кісі блоған.Сайрам мұражайында жазбалар сақталған.

Қарашаш-ана кесенесі.Сайрам орталығында орналасқан бұл табиғи ескерткіш XIX ғасырға жатады. Алғашқы кезде кесене XIII ғасырда салынған болатын. Қарашаш-ананың шын аты-Айша-бибі, ол шейх Мұсаның қызы болған. Ол өзінің қарпайымдылығымен, сыпайылығымен ерекше адам болған. Қарашаш-ананы әлемнің барлық түріктері аса құрметтейді. Оны аналық қасиеті белгісімен құрмет тұтады./21/

          Айша-бибі кесенесі.Тараз қаласынан 18км қашықтықта басқа да діни ескерткіш- Айша-бибі мазары орналасқан. (XI-XIIғғ.) Қазіргі кезде ол кесене ЮНЕСКО қатарына алынған. Мазар сырты ерекше қапталған, оны тек Бұхарадағы Исмаил Самани мазарымен ғана салыстыруға болады. Айша-бибі кесенесі Орталық Азиядағы плита түрінде қапталған оюға толы толығымен кесілген терракотамен безендірілген. Кесене Безендіруінде бай және әр түрлі геометриялық фигуралармен апталған. Тізбектер терракотамен қапталған жіңішке суреттермен қазақ оюлармен безендірілген. Айша-бибі кесенесі көне орталық-азия түріктер халқының ою-өрнектерінің бай мұражай-сақтауларының байлығы болып келеді. Қазіргі кезде бұл ескерткіштер батыс қабырғасы, ал қалған қабырғалардан- аз ғана суреттер қалған. Мазардың бұрыштарының бірінде көне жазба тақпағы сақталып қалған: «Күз… Қара бұлт. Әлем керемет…» Біздің күнге кесененің тек батыс бөлшегі сақталған. Қазір кесене толығымен жаңартылған. Аумақ жақсы орналастырылған. Қараханидтер сәулет ескерткіштері ішінен бұл ескерткіш керемет болып саналады. 60 түрлі ою-өрнектері бар эпиграфикалық белдеумен жасалған. Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар сұлу Айша-бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады. Айша әйгілі шығыс ақылшысы Зеңгі бабаның қызы болып келеді. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында жыланның шаққанынан қайтыс болған. /1/

Бабаджа-Хатун кесенесі.Айша бибі мазары жанында орналасқан. Бұл кесене де  XI-XIIғғ. Сәулет ескерткіші болып саналады. Кесене ерекше қарапайымдылығымен бағаланады. Соңғы жаңартылуы 2002 жылы болған. Эпиграфиялық жазба бойынша ол жерде жерленген әйел адамның атын оқып білген. Аңыз бойынша ол әйел Айшаның қамқоршысы болған. Ол Айшаны сапар кезінде қасында болған. Айша қайтыс болған соң оның мазары үстінде жағылып тұрған алауды ұстап тұрды. Бұл екі кесене сәулет ескерткіші ретінде және қажылық дәстүрін өткізетін мұсылманның қасиетті жерлері болып есептеледі.

Қазақстанның ірі туристік орталықтарының бірі, Ұлы Жібек жолында орналасқан Тараз қаласы болып табылады. Қала маңында көне Тараз туралы еске салатын екі кесене сақталған. Оның бірі Қарахан әулие ата- ол Қарахан әулиетінің басшылары мазарының бірінің үстінен XI ғасырда соғылды. Кесененің іші қархандық уақыттың кірпішімен қаланған. Екінші кішігірім XIII ғасырдың кесенесі -Ша-Мансұр./21/

Қорқыт ата архитектуралық кешені ойшыл, философ, қазақтың шекті аспаптар өнерінің негізін қалаушыға арналып қойылған. Байқоңыр қаласына жетпей 70км жерде жолдың сол жағында орналасқан. Шиелі кентінде ұлттық батыр, тарихи тұлға (XI) «Оқшы ата» кесенесі бар.

2000 жылы Маңқышлақта қасиетті сопы Бекет атаның туғанына 250 жыл арналған еске алу өтті. Бекет ата мұсылман әлемінде көріпкелдігімен танымал. Бізге белгілі мәліметтер бойынша Бекет-ата XVIII ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген. Атырау обылысы Құлсары кентінде дүнигге келген. 14 жасында Шопан атаның батасын алу үшін оған бас июге келеді. Үшінші түні Шопан ата жас балаға оқы деп бұйырады. Бала алыс Хиуаға аттанып, медресеге ғылым-білімнен сусындады. 40 жасқа толғанда сопы атанып, балаларды оқытады. Қасиетті Бекет ата бірталай жол жүріп, Маңғыстауға келеді.Ол ем іздеп келгендерге денсаулығын қайта қалпына келтіріп емдеу жолына түседі. Дау мәселелерін де екі тараптың мәмілеге келуін қарап, шешкен. Өз насихаттарында Бекет ата сенушілері шындықпен өмір сүріп, әділ боуға шақырған. Көріпкел қасиетті тұлға халықтың есінде қалмақтармен болған ұрыстарда ерлік жасаған жауынгер ретінде қалған.Ол өзінің баба Есет батыр секілді батыр болған. Ол 4 мешіт салған: біріншісі Құлсарыда оны Ақ мешіт деп атайды, екіншісі Бейнеу кентінде 20км жердегі құзда, үшіншісі Үстірттегі Байшатыр жерінде және төртінші Оғыланды жер асты мешіті. Жеті бөлмелі ондағы акустика тамаша. Осы мешіт маңында ол жерленген. Бекет ата мазары рухани, тарихи және архитектураалық ескерткіш. Бекет атаны еске алу күні жалпыхалықтық мереке, оған қатысу үшін республиканың және басқа елдердің түпкір-түпкірінен мінәжат етушілер жиналды./1/

Табиғи-географиялық және тарихи себептерге орай, Маңғыстау обылысы аумағында Еуразияда теңдесі жоқ жергілікті көшпенділердің жерлеу кешені құрылды. Маңғыстаудың далалық тұрғындарының діни сенімдерін білдіру көптеген жер асты мешіттерінде жүзеге асырылды. Мешіттер әдеттегі (бір бөлмелі), сондай-ақ күрделі (бірнеше бөлмелі) жоспарланған, өз құрлысында исламға дейін қаситті саналған элементтерді сақтай отырып соғылған. Мешіттердің атауы халық жадында қалған сопылық ағымды насихаттаушылардың есімдерімен байланысты. Бұл Шақпақ ата, Сұлтан апа, Шопан ата, Масат ата, Ишан қожа, Бекет ата және т.б. Аңыз болған мағлғматтар бойынша олардың бір бөлігі XII ғасырда өмір сүрген шығыстағы сопылық ағымды насихаттаушы Қожа Ахмет Яссауидің ізбасарлары болатын.

Ишан қожа мазары (XVIIIғ.) Ақтау қаласынан 130км жерде Форт-Шевченко-Ақтау жолынан оңтүстікке қарай 10км жерде орналасқан.

Ханға баба (XVIIIғ.) мешіті. Форт-Шевченко жолынан шығысқа қарай 60км жерде орналасқан. Сұлтан апа мешіті Бекет ата, Шопан ата, Шақпақ ата мешіттерінен ерекше, көне ескерткіштердің бірі.

Шақпақ ата. Сұлтан апа мазарынан 35км жерде орныққан. Шақпақ ата мешіті латын айқышы түрінде Үнғазы тауының беткейі бойынша түскен жерде салынған. Шақпақ жер асты орының исламға дейінгі тарихы бар.

Сондай-ақ мінәжат ету турларына Қазақстанның басқа да тарихи-архитектуралық және табиғи нысандарын қосуға болады.

1.Көшпенділердің этнографиялық мәдени саябағын құру жоспарланып отырған б.з.д. VII-Iғ.ғ. Бұрынғыдай қорғандардың кешені.

2.Этнографиялық туристік кешен салынғалы отырған 230орындық  «Талкиіз» этнографиялық туристік кешен.

3.Шарын табиғи-этнографиялық қорығы.

  1. XIXғ. Жаркент Уәлибай мешіті және ұйғыр халқымен байланысты этнографиялық туризмнің нысандары.
  2. Б.з.VI-VIIIғ.ғ. Іле өзеніндегі Тамғалытас.

6.Бесшатыр мәдени ансамблі.

7.Тамғалы күмбезі.

  1. Б.з. VI-XIIғ.ғ. түрік және қарлұқ билеушілерінің қорғаны болған Жалпақ төбе қалашығы.

9.Ферғана ен даласында баратын Бедел, Жүз асу, Мақом және т.б. асулар мен керуен жолдары.

  1. «Ақсу Жабағалы» діни кешені.

11.Б.з. XI-XIII ғ.ғ. «Қырық қыз» қорғаны.

12.Б.з. IX-Xғ.ғ. Орталық Қазақстанның Ақтоғай ауданындағы Беғазы бейіті./21/

Қазақстан біртұтас мемлекет блоа отырып, әртүрлі сенім өкілдерінен құралған адамдарды біріктіреді. Республикада екі дін – ислам және проваславие басым.Сондай-ақ басқа да әлемдік діндер: иудаизм,католицизм, буддизм кең таралған.

Бүкіл ел бойынша жаңа ғибадатханалар салынуда, ұлттық мәдени-діни  орталықтар, мінәжат ету орындары қайта қалпына келтірілуде. Алматы қаласында 25 ұлттық мәдени орталықтар бар. Ислам дінін ұстанғандарға 22 мешіт салынып, ислам университеті құрылып, қасиетті Райымбектің күмбезі көтерілді. «Ислам әлемі» журналы және «Нұр Шапағат» газеті шағарылуда. Жыл сайын  Қазақстанның мінәжат етушілері Меккеге қажылыққы барады. 1999 жылғы шілдеде 3000 сенушілерге арналған орталық мешіт салынды, сондай-ақ  Мүбәрак атындағы ислам мәдени орталығынның бірінші кезегі салынуға берілді. Қалада христиандық конфессиялар кеңінен ұсынылады, соның бірі «Сурб Хач» армян діни бірлестігі. 1999 жылы Астана-Алматылық орыс православ шіркеуінің епархиясы құрылды. Православтардықтың қажеттіліктері үшін рухани училищелер әрекет етіп, «Қазақстандағы православия жарығы» және «Веди» газеттер шығарылуда, «Светоч» қайрымдылық қоры құрылған. 1994 жылдан Алматыға Апостал әкімшілігінің келуімен қоғамдастық, ал Алматыда Францискілер орденінің 2 монастыры тіркелген, сонымен бірге 100 аса протестандық қоғамдастық, бірнеше лютерандық ұйымдар бар. Миссионерлік қызметтті баптистер белсенді жүргізуде. Қалада пресвитериандық рухани академия бар. Библиялық колледж  ұйымдастырылған, газет-журналдар, арнаулы рухани әдебиеттер шығарылуда. 1999 жылы жергілікті иудей қоғамдастығының мерейтойы, «Менахема үйі» атты еврей орталығының тас қалану іс-шарасы аталып өтілді. Алматы қаласында 30-ға дейін Иогова куәгерлерінің жиналысы, сондай-ақ ондаған дәстүрлі емес және Кришнатану қоғамдары бар екендігін де айту керек.

Қазақстан Республикасының аумағында діни мінәжат ету орталықтарының орналасу орындарының табылуын археологиялық дәлелдер ғылыми негіздейді. /1/

Алайда, шетел туристерін Республикаға тарту үшін туристік-рекреациондық ресурстардың болуы жеткіліксіз, ең алдымен туризм инфрақұрлымын дамыту қажет. Сондай-ақ қалалардың тарихи орталықтарын дамыту, олардың дәстүрлі салынуын қайта қалпына келтіру, онда туризм мекемелерін, мәдени қызмет көрсету орындарының орналасуына мүмкіндік береді. Сонымен бірге мінәжат ету және туризм нысандарының тізбесіне көшпенді өркениеттің діни орталықтарын қосу, бұл ескерткіштер аймағында қандай да бір құрлыстардың салынуына жол бермей, тарихи ландшафт пен ғажайып мұраны сақтау бойынша шаралар жүргізілуі қажет. Осыған байланысты бұл нысандарда мезгілдік этнографиялық мұражай кешендерін атап айтқанда, киіз үйлік тұрғын-жайлар, көшпенділік тұрмысының басқа да белгілері бар кішігірім қалашықтар құру ұсынылады. Мұндай шешім мінәжат етушілер мен туристердің қысқы уақытқа келуін ұйымдастыруға, көшпенді тұрмыстың мәдени салт-дәстүрлерін толық ашуға, ескерткіштердің қауіпсіздігін сақтауға мүмкіндік береді.

Мінәжат ету турларын өткізу орындарында көшпенді тұрақтарды, діни ескерткіштерді және туристік-этнографиялық кешендердің ғажайып ландшафтын құру бағдарламалары көзделген. Арнаулы туристік-этнографиялық орталықтар жүйесін ұйымдастыру, киіз үйлерде, көшпенділік ауыспалы құралдар, тұрмыстық заттарды жасау жөніндегі жаңа базаны құру, қайта қалпына келтіру, ұлттық асхананы, киімді, әдеп-ғұрыптарды дамыту- бұлардың барлығы Қазақстан аумағындағы мінәжат ету туризмінің тәжербиелік ұйымдастыруды жақсартуға көмектеседі.

 

  • Түркістан — түркі  халықтарының  рухани астанасы.

 

                           “Қожа Ахмет Яссауи” кесенесі  

Қазақстандағы діни туризм нысандарының арасында Түркістан ерекше орын алады. Түркістан – түркі халықтарының тарихи, рухани тағдырына ерекше орыны бар көне қала. «Түркістан» десе санасы селт етпейтін, өзінің осы бір сиқырлы атауымен әлдебір байланысы барлығын сезбейтін түркі баласы жоқ. /21/

Түрік ғалымдарының зерттеулерінде қаланың осыдан 2000 жыл бұрын Оғыз ханның астанасы болғандығы айтылады. Ал Орта Азия мен Солтүстік Кавказ, Еділ бойын мекендейтін түркі халықтары Түркістанды рухани астана ретінде мойындайды. Солай бола тұра, бұл қаланың тарихы соңғы жылдарға дейін арнайы зерттеу жұмысының нысаны болған емес. Тек 1980-1984 жылдар арасында ғана қаланың жасын анықтау мақсатында алғаш рет Күлтөбе қалашығының орнына арнайы археологиялық қазба жұмыстары жүргізіле бастады. Нәтижесінде, қазба жұмыстарына басшылық жасаған  археолог Е. Смағұлов, «қаланың жасы 1500 жыл» — деген қортынды жасады. Бұл тұжырым, сол кездегі Орта Азия қалаларының тарихымен айналысушы О. Г. Большаков секілді ғалымдардың пікірімен сай келді де, кезінде үлкен қолдауға ие болды. Қазіргі «қаланың жасы 1500 жыл» деп аталуының басты себебі де осы археологиялық қазба жұмысының нәтижесі. Түркістан арқылы Ұлы Жібек жолының керуендері қаланы теңіздің арғы жағынан келген таулармен қамтып қана қоймай, сондай-ақ басқа елдердің өркениеті мен мәдениетін сусындатып отырды. Бұл қала қазіргі таңда да біздің еліміздің рухани астанасы саналады. Қазақстанның ең көне қаласы Түркістан 2000 жылы өзінің мың бес жүз жылдығын тойлады. Мереке ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтіліп, археологиялық ескерткіштердің қайта қалпына келуіне, қаланы жандандыруға және саясаттанушыларды тартуға өз септігін тигізді.

Қаланың негізін эфталиттер қалап, оны Иассы деп атады. Қаланы түріктер жаулап (V ғасыр) алғаннан кейін оның атауы қысқаша Яса деп аталып соңынан Түркістан атауын иеленді. Яса қаласы XII ғасырда барынша дамыды. Ол кезде халқы көп, жергілікті базарлары әлемнің түпкір-түпкірінен сатып алушыларды тартты. Кесене үлкен әрі зәулім ғимарат болып саналды. Оның жоспарындағы өлшемі 46,5х5,5 метр. Сыртқы дуалдарының қалыңдығы 1,8-2,0 метр, орталық бөлігі- 3 метр.  Орталық залда үлкен тайқазан орнатылған, оның салмағы екі тонна, диаметрі- 2-4,5 метр. Қазанды Тараздан келген қолөнерші жасаған. Қазіргі таңда 180000-нан аса тұрыны бар Түркістан қаласының анық жасына келер болсақ 2000 жыл толды деп айтуымызға болады.  XVI  ғасырда өмір сүрген ғалым тарихшы Несір «Жиханнум кітаб» атты еңбегінде Түркістан түркі тілдес халықтардың арғы атасы Оғызханның орталығы болғанын тілге тиек етеді. XVI-XIX ғасырларда Түркістан Қазақ  хандығының астанасы болған. Қала туралы алғашқы мәліметтер  X ғасырдың қайнар көздерінде Шауғар деген атпен белгілі. Шамамен XI-XII ғасырларда қала Яссы деп аталған. Соңынан Қожа Ахметтің атына Яссауи атауы қосылып айтылатын болды. Бұл ғұлама ғалымның мінәжат еткен ортасын және өмірінің соңғы жылдарын өткізген қаланың атауын меңзейді. Ахмет Яссауи бүкіл халықтың арасынан белгілі болып «Түркістан пірі» яғни Хазірет Сұлтан деген атқа ие болды. Мүмкін осыдан Яссы қаласын Хазірет Түркістан деген болар. Қазіргі Түркістан бұл Оңтүстік Қазақстанның жерін алған Тұран аймағын алып жатқан қала. 70-жылдары бастауын алған іс-шаралар 2000 жылы Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін қайта қалпына келіру жұмыстары аяқталды. Кесененің бүкіл аумағы 88 га қорық болып саналатын жер толығымен қайта қалпына келтірілді. Оның қорғаны, шығыс моншасы, Рабиа Сұлтан Бегімнің сағанасы өз қалпына келтірілді./15/

Қалада Есім хан, Алматы алаңдары, Жәннат бағы пайда болды. Бұл бақтың тастары табиғат жан берген тас ғимараты. Бақта кішігірім ғимарат хильвет бар, ол арқылы өткенде жер асты жолын есіңе түсіреді. Тар өткелдер, өте аласа есіктері жоқ екі бағана арқылы бөлінген, онан шыққанда кішігірім баспалдақтар арқылы жоғары көтерілесің. Бұрынғы патша казармасында этнографиялық- өлкетану мұражайы ашылған. Түркістанның бір тұрғынының жеке қаржысына 500 адамға арналған мешіт салынған. Мешітте 19 метрлі мұнара бар, кірпіштері арнайы Хиуадан әкелінген. Қалада 24 орындық «Түркістан» Президеттік қонақ үйі (оның салынуына 3млн доллар жұмсалды) және «Яссы» қонақ үйі салынды.

Бұл қала туралы мағлұматтар XIII ғасырдың елуінші жылдары армян патшасы Гетумның моңғол хандары Батый мен Мүңкенің ордаларына сапар шеккендегі жазбаларында айтылады. Саяхатшы өзінің елшілігі өткен жолдардағы қалаларды тізбектей отырып, Яссы туралы өтіп өтеді. Түркістанның тарихы Түркістан алқабының бұрынғы әкімшілік-экономикалық орталығы Шауғармен тығыз байланысты. Шауғар түріктердің қаласы болып оның аумағының құрамында кіші қала Яссы кірген. Ежелгі жазбаларда  «Шауғар- бұл қорғандармен қоршалған базар шетінде мешіті бар үлкен қала» деп аталады. Он екінші ғасырдан кейін Шауғардың құлдырау уақытында Яссы өзінің сауда және жер өңдеу орталығы ретінде өз маңызы өзгерді . Кіші қала Шауғар обылысының орталығына айналды. Бұған шешуші рөл ретінде XII ғасырда Яссы мазарларының бірінде еспылық ағымды насихаттаушы Қожа Ахмет Яссауидің жерленуі септігін тигізді. Оның мазары қасиетті және құрметтұтылатын орынға айналды. Сол кезде-ақ кішігірім кесене мұсылмандардың жаппай мінәжат ету және бас ию орындарына айналған. XV ғасырдан бастап   Түркістанның   жеке   тарихы басталды./22/

Ол уақыттарда мұнда қыпшақтар, қаңлылар, арғындар, дулаттар, жалайырлар және өзбек, қазақ этногенезіне қатысқан бірқатар түрік тайпалары тұрған. Түркістан уәлайатына Сауран, Сығанақ Отырар, Яссы, Сайрам, Созақ секілді белгілі қалалар кірген. Дәл осы аумақ қазақ мемлекеттігінің құрылуына зор ықпал жасады. Түркістан негізінде қазақ хандығының астанасы саналған. Есім хан 1598 жылдан  1628 жылдары өз билігі кезінде Түркістанды өз хандығының астанасы етіп, дербестік белгісі ретінде мұнда теңгелер шығарылды. Түркістанның дамуы Оңтүстік Қазақстанның басқа да қалаларының құлдырау тұсында шарықтап, XIX ғасырға дейін қала қазақтың Ұлы немесе Орта жүз хандарының ресми келу орындары мен орталықтарынң бірі болды. Мұнда қазақтың игі-жақсылары маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу үшін жиналып отырған. Түркістанда қазақ хандарын ақ киізге отырғызып бүкіл жиналған қауым алдында таққа отырғызу рәсімі өткізілген. Түркістанды атағанда алдымен көз алдыңа Қожа Ахмет Яссауи кесенесі көрінеді.

Ахмет Яссауи ескерткіші Ақсақ Темір заманынан қалған көне ескерткіштердің ең көлемді, теңдесі жоқ архитекторлық комплекс. Ол Темірдің бұйрығымен, сол кезде Яссы деп аталған, қазіргі Түркістан қаласында 1396-98 жылдар салына бастап, XV ғасырдың бас кезінде аяқталған. Бұл ескерткіш салынбастан бұрын екі ғасырдан астам уақытта қайтыс болған Қожа Яссауидің тозып біткен қабырының үстіне мұндай ғажайып ескерткіш салуына не себеп болды? Ахмет Яссауи кім болған? – деген сұрақтарға тоқталайық.

Ахмет Яссауи XII  ғасырдың басында, Яссыда (қазіргі Түркістанда) туған, сол кезде кең тараған Сифизм оқуының атақты ұстазы, насихаттаушысы болған, ол жазбалаларын өзінің ана тілі- түрікше жазған.

Сифизм жолын қолдаушылардың- мүридтердің саны көбейе бастайды, суфистердің жолы, олардың өсиеттері кең тарап Ахметтің атағы артып, оны ел әулие ата деп атайды. Өлген Ахмет Яссауидің атағы арта береді, оның қабырына табынушылардың саны өсе түседі, қабыры әулие орны болып саналып келеді./15/

Ахмет Яссауи ескерткіші салынуы туралы тараған аңыздардың ішінде, ел арасында кең айтылатын мынадай аңыз бар: Әмір Темір Түркияның сұлтаны Баязитке қарсы соғысқа аттанар алдында Ахмет Яссауидің қабырына келіп түнейді, әулие Темірдің түсіне кіріп бір шумақ өлең – аян етіпті-міс. Сол өлеңді Темір өңінде жаттап алып 70 рет айтып сыйынғандықтан соғысқа аттанса әрдайым жеңіске ұшырайды-мыс. Осы аңызбен қатар, Темірдің тарихын баяндайтын «Жеңіс кітабында» ескерткіштің салынуын 1397 жылда болған уақиғалармен байланыстырады. Сол кезде 63 жасқа келген Темір алатын қалыңдығы Моголис ханның қызы Таукел ханымның алдын тосып АхметЯссауидің басына зират жасапты дейді. Осылардың бәрі бұл ескерткішті салуға себеп болса керек. Ескерткіштің кірер есігіннің ішкі маңдайшасына жазылған сөздерде Темірдің бұйрығы, оның ата тегі кім екені анық көрсетілген. « Бұл әулиелік орынды салынсын деп бұйрық берген, халық үстінен қарушы, құдайдың сүйіктісі  Әмір Темір, Гураган — Әмір Тарағайдың баласы, оның әкесі Әмір Баркаля, оның әкесі  Әмір Әйлентер, оның әкесі Әмір Аджиля, оның әкесі  Әмір Қарачар, құдай оның үкімін мәңгіге созсын» деп жазылған. Әмір Темірдің бұйрығында күмбездің негізгі мөлшері: диаметрі 41 кез, айналасы 130 кез деп көрсетілген. Осы  пропорция  комплекстің басқа бөлшектерін салғанда да негізгі үлгі болып сақталған, онымен қатар комплекстің сыртын, ішін көркемдеу үшін тәсілдері де белгіленген. Сонымен қатар, ескерткіштің келешегін қамтамасыз ету үшін ескерткіш атына Уәқфнәма, яғни мәңгілік сыйға тартылатын өсиетті мүліктер көрсетіледі.

Ахмет Яссауи комплексін салу 1396-98 жылдар басталса да, кіре беріс ауызы  (пештак) пен сырт қабырғаларын көктаспен қаптау жұмысы құрлысшылардың  Темір астанасы Самарқанда Биби- Ханым мешітін (1399-1401) салуға жіберілуіне байланысты бітпей қалған. Алайда, бұл ескерткіште сәулет өнерінің бар мүмкіншілігі пайдаланылған. Исламға дейін үстемдік еткен салт-сана түрі мен ислам дінінің бет алған талаптарды шебер бейнеленіп жарасым тапқан.

Түркістандағы Ахмет Яссауи ескерткіші Темір дәуіріндегі теңдесі жоқ өзгеше құрылыс. Өзінің мән-маңызы жағынан да, архитектуралық – құрылыс компазициясы жағынан да мұндай күрделі комплекс Темір мен оның әулиеті басқарған елдердің бірде-бірінде, кездескен емес. Осы ескерткіш комплексіне кіретіндер Мешіт (1), исламның көрнекті қайраткерінің мавзолейі (2), салтанатты Үлкен және Кіші Ақсарай (3-4), кітапхана (5), шаруашылық жайлар-құдық (6), халимхана (ас үй 7), қоймалар (8 және 8 а) тағы басқалар, олардың бәрінің қақ ортасында қазандық (9). Орта Азия мен Қазақстанда теңдесі жоқ зәулім күмбезі бар ғажап кең бөлменің айналасына аса шеберлікпен үйлестіріп басқа бөлмелердің салынуы бұл ескерткіштің жеке-жеке мешіт немесе мавзолей ғана емес, ол біртұтас аса көлемді мемориялдық комплекс екенін айқын көрсетеді; және сол мешіт композициясының ең басты нұсқасы болып санала алмайды. Себебі Михраб құбылаға тіке қарамай, одан 30 градусқа бұрылынқы салынған. Ортадағы қазандық деп аталатын бөлме – ежелгі тайпалар өміріндегі қазанды қасие тұту дәстүрін бейнелесе, мешіт ислам идеологиясының негізгі символы; ал Үлкен және Кіші Ақсарай мемлекеттік мәселелерді шешетін ақсақалдар алқасы мен қазылық, билік айтатын орын; кітапхана – исламды уағыздаудың және діни – ағарту оралығы. Шейх Ахмет Яссауидің мавзолейі (гөрхана) дәл осы арада бұрыннан болған,  Мекеге тауап етіп, қажылыққа баратын мұсылмандардың осы жерге назарын аудару үшін бұзылып қалған мавзолейдің үстіне осынау комплекс кейін орнатылған. /15/

Мұның бәрі ислам дінінің абыройын көтеріп, сонымен қатар қазақ даласын басқаратын орталықты Темірдің астанасына ( Самарқан қаласы) жақындатты, және Алтын Орда астанасының талқандалуына байланысты ішіне кек сақтағандардың Темірге деген өкпесін басуға жәрдемдесті. Бұл ескерткіштегі жазбалар аллатағала мен оның жердегі әмірші өкілдерінің бірлігі жөніндегі қағида мен шариғат тұрғыларын баяндайды. Келе-келе Ахмет Яссауидің комплексінің мағынасы жұртқа жайылып, « Мәдинада Мұхамед, Түркістанда Қожахмет» деген аңыз таралып Қағбаға бара алмаған дін тұтынушылар осы жерге келетін болған. Оның үстіне белгілі бектер, хандар, бай – батырлар осы ескерткіштің, ішіне не қасына қойылып отырған. Абылай хан, Жолбарыс хан, Әбілқайыр ханның тұқымы Сүйініш Қожа, тағы басқалардың қабыры осы комплексте. Қаз дауысты Қазыбек Ақсарайға қойылған деседі.

Ахмет Яссауи ескерткішінің ені 46,5 метр де, ұзындығы 62,5 метр. Жалпы қарағанда симметрия сақталған тәрізді. Комплексте жеке көлемді, айрым мақсатта пайдаланылатын 35 түрі бөлме сыйып тұр, олар бір – бірімен екі қабат алты коридорлар және алуан түрлі өткел, шлюздер арқылы байланысады.

Нақ ортадағы басты бөлме  Қазандық (9) осылардың бәріне ұйытқы есепті  негізгі табанының аймағы (18,2х18,2)  оның төбесі жалаң қабат сопақша күмбезбен көмкерілген. Шаршы қабырғаларымен күмбездің диаметрі 30 кез. Осы бөлмеге 60 шелек су сиятын (диаметрі 2,4 м) салмағы 2 тонна, аңыздардың айтуынша, 7 металдың қоспасынан құйылған ғаламат үлкен қазан орнатылған.

Жұма мен дүйсенбі сайын халимханада 2,5 батпан бидай мен 2 батпан ет пісіріліп ( батпанда 8-15 пұтқа дейін), Қазандық бөлмесінде алыстан келген табынушыларға, сопылар мен мүрдидтерге, жетім – жесір мен кедей мүсәпірлерге, зікір салып келгендердің бәріне ас үлестіріледі екне. Қазан суын қасиетті су деп келген адамдар жан торсықтарына құйып әкетеді екен.

Гөрхана (шейхтің мавзолейі — 2) табаны төрт бұрышты, қабырғасының ұзындығы 7,15 метрден, комплекстің ұзын тұрқына бойлата, негізгі есіктен кіргенде тақ төр басына салынған. Оның әр қабырғасында қуыс бар. Гөрхананың төбесі биік иықтың үстінде күмбездеп жабылған, екі қабат Күмбездің сыртқы сай-сай боп келктін қабаты көк таспен қапталған. Дәл орталықта Ахмет Яссауидің құлпытасы (Саркофаг) (3,25 х 1,2 х 2,2 м) орнатылған. Ол ақшыл жасыл түсті, теңбіл яшмымен қапталған. Гөрхананың екі жағында әшекейлі екі есігі бар: бірі түстігінде, бірі терістігінде. Терістігіндегі есігі сыртқа шығады, бұл есіктен Гөрханаға тек жоғары мәртебелі  ақсүйектер ұрпағы ғана кіретін. Ал оңтүстік есік Қазандық пен Гөрхананы өзара жалғастырып, ол да аруаққа «зират» етуге келген құрметті адамдар үшін қызмет еткен. Оның сыртында Гөрханаға апаратын батыс және шығыс есік деп аталған тағы екі есік болған. Шығыс есік арқылы Ақсарайдан Гөрханаға ұ лықтар өтеді екен./21/

Мешіт (1) – табан тұрқы крест тәрізді көп бұрышты аласалау иықтан көтерілген қос қабат күмбезі, жарық түсіріп тұратын терезелері бар бөлме. Оған Қазандық арқылы ғана өтетін есік бар. Бөлме онша кең емес, соған қарағанда дәрежесі биік шағын топқа арналып, мешіт салтанат сарайына ұқсас салынсакерек. Ақсарай (Үлкен Ақсарай – 3 және Кіші Ақсарай – 4) — өзара жалғасқан екі қабат екі бөлме. Кеңес, билік, төрелік мәжілістері үшін қызмет еткен; Түркістан Қазақ хандарының астанасы болған кезде Ақсарай 200 жылдан астам уақыт хан сарайы қызметін атқарған. Кітапхана (5) – дәл кіші Ақсарай тәрізді және екінші қабатта, оған кітап қорын сақтайтын қойма қанаттасып кетеді. Бұл кітапханада, Темірдің сыйлыққа берген құраны сақталған, көп кітаптар жинағы болған. Құдықхана (6) және Халимхана (7) комплекстің есік жағында. Құдықхананың құдығы комплексті 1723 ж. қалмақтар, 1846 ж. Қоқан әскерлері, 1864 ж. орыс патшасының  әскерлері қоршаған кезде сумен қамтамасыз еткен. Соңғы қоршау кезінде комплекс оқ астында қалып, оған 11 снаряд тиіп, Пештактың көктаспен әшекейлеген сырт қаптауынқиратып кеткен. Әдеби деректерге қарағанда, құдық XVIII ғасырда қазылған. Қазандыққа тікелей жалғасатын павильондар үйдің жалпы тұрқына крест тәрізді түр береді де, порталы ептеп созылыңқы болғандықтан және портал арасындағы кірер есік тұрған жер нәзіктігінен байқалмай жалпы көрініс «П» әрпіне ұқсайды, мұндай жоспарлау сасанидтер (иран) сарайларын еске түсіреді.

Орасан зор портал — пештактың  бітпей қалған үстін XVI ғасырда  Абдулла хан осы күнгі нұсқасына келтіріп салдырған. Зәулім күмбезді ішкі аула, әр алуан павильондардағы жапсарласа орналасқан бөлмелерге апаратын  шлюздер мен жолдар – бұл комплексте құдайға мінажат ету ережелерінің, басқаларға қарағанда  өзгеше болғаны, алуан түрлі меймандардың өз дәрежесіне, бақ дәулетіне қарай бөлінетін сол кезгі қоғамның әлеуметтік сатылары болғанын көрсетеді. Шынында да «әулиеге зират етуге» келгендердің көпшілігі тікелей үйдің ішіне кіре алмай, біразы әшекейлі есіктердің алдына ғана, ал тағы бір бөлігі Қазандыққа ғана кіруге беделдері жетіп, « әулиенің асынан» дәм татқанға тәубе етіп кері қайтатын болған. Қоғамның сорпаға шығар ең игі – жақсылары ғана мешітке, мавзолейге (« әулиенің қабіріне») дейін кіруге ықтиярлы еді. Кейде әмірші ақсүйек топ Ақсарайға мәслихат құратын./16/

Мінәжатхананың мұндай функционалдық схемасы ежелгі Шығыс елдеріндегі, Европадағы діни құрылыстардың бәріне де: мысалы Мысыр храмдарына да, грек ғибадатханаларына да, орта ғасырлық готикалық және басқа соборларға да тән дәстүр.

Қара халық Мысыр храмдарының алдына ғана жиналып, одан ұлықтаулары «Перистиль» залына, одан да ұлықтаулары « Гипостиль» залына, ең ұлық ферғауындар ғана «Қасиетті хұжраға» ( святилищеге) кіре алатын болған. Ахмет Яссауидің ғимаратында сол секілді. Мәдениет Абудағы фараон Рамзесі  III-нің храмы мен сарайы тап осылай құрылған сыйынатын бөлмелері, сарайлар, жатахана, қойма барлығы  бір комплексте.

Яссауи комплексінің конструктивтік схемасы да өте қызық.

Бүйірдегі бөлмелер – блоктар Қазандықты айнала қоршап, күмбезді негізінен көтеріп тұрған контрфорс тәрізді. Бұдан конструкция схемасы соңғы кезде Готика стилінде қолданылған. Қабырғаларнының тым қалың болуы үйің берік болуын көздегендік. Үйдің павильондарға жіктеле салынуы олар әрқайсысының өз салмағын өзіне салуға тырысушылық, әрқайсысының өзінше шөгуі қамтамасыз етілгені сезіледі. Алайда құрлысшылардың қатесі – олар үйді үзік-үзік етіп құрамалы салмай, тұтас ұластыра құруы және де фундаментсіз салынуда. Үйлердің жотасы алуан түрлі және бір-бірімен қиюласа, жымдаса, айқасып жататын әрі берік, әрі төбеде күмбезденіп тоғысатын элементтерден құралады. Шатырдың итарқасы кейде айқыш-ұйқыш аран, кейде айқыш доғал түрінде, салынады. Бұл әдіс Орта Азия мен Қазақстанның соңғы архитектурасында ерекше дамыған.

Бүкіл үйдің барша бөлшектері, төбелері, кіші күмбездері түгелімен аса шебер күйдірілген, сапалы кірпіштен қаланған. Кірпіштің өлшемі 25х 25х 5; 26х 26х 26х 6 см, т. б. Кіріктірме сылақ ретінде алебастр ( ганча) ертіндісі қолданылған. Күмбездерде қаланған кірпіштерді ұстап тұрған балшық таңғажайып өзгеше, осы кезге дейін составы белгісіз болып келеді. Тек қана белгілі болған анықтама: олар – алебастрға (ганча), топырақ және « белгісіз» смола қосылған. Соның арқасында ерітінді жұмсақ илеген қамырдай болып кірпішке жабысқан, айрылмайды, жер сілкінсе де түспеген. Өте шебер конструкция, комплекстің жалпы схемасын өте дәл табу, материалдарының асқан сапалығы  және құрлыс жұмыстарының тамаша орындалуы үйдің өте берік, мығым, төзімді болуын қамтамасыз еткен. Оның осы уақытқа дейін – 600 жылдай сақталып келуі де осыдан. Комплекстің қабырғалары, бөлшектері фундаметсіз салынуы, сондай-ақ 1846 жылы қоқандықтардың қоршауы кезінде оның топан суда қалуы, бәріне бұрын, іргелеріне өліктердің өте көп жерлене беруі қабырғалардың кей жерлерінің жарыла бастауына себеп болған. Толып жатқан конструктивтік формалар мен детальдар, әр алуан бөлмелерді планда аса күрделі қиюластыру нәтижесінде үйдің сырт конфигурасы өте сұлу және текше түрінде салғандықтан көлемі (63 мың текше метр) өте жинақты болып шыққан. Мұның өзі жергілікті ұлттың дәстүрдің жемісі болып табылады. Комплекс тұтас бір жартастан жонып  шығарғандай ( Константинопольдегі Аия София тәрізді) аса сәулетті, өте қызғылықты.

Ахмет Яссауи ескерткіші архитектуралық және тарихи жағынан орасан зор маңызды болуымен қатар, халық өнерінің лағыл – маржанын біздің заманымызға дейін жеткізген ғажайып асыл туындылардың бірі. Олардың ішінде әсіресе алып қазанды, күміспен қапталған мыс-құйма шырағдандарды, бас қақпа мен гөрхананың ғажайып әсем тұтқалары бар өрнекті есіктерін айтуға болады. Қазанның бүйіріне өсімдік кейпіндегі өрнектер салынған, оның үстіне араб әріптерімен оюлап құйған жазулары бар. Қазанның сыртқы бүйірінде үш қатар болып жазылған сөздерде бұл қазанның су құю үшін жасалғаны және оны Ахмет Яссауи ескерткішіне арнап Темірдің әдейі сыйға тартқаны, екінші қатардағы жазуларда  « мерейің үстем болсын» деген сөз және оның 1399 жылы жасалғаны, сондай-ақ шебердің ныспысы жазылған. Ең төменгі қатарда  « Алла акбар» деген сөз. Қола шырағданның өсімдік бейнеленген әшекейлерінің үстіне кей жерлеріне алтын мен күміс жалатылып, «1397» жыл деп олардың құйылып шыққан жылы да ойып жазылған./15/

Ахмет Яссауидің комплексіне кіретін,  оның қасында, екі ескерткіш бар еді. Оның бірі Темірдің тұқымы Ұлықбектің қызы Рабиға сұлтан Бегімнің күмбезі. Ол күмбез құлап қалған, кейін Рабиға сұлтан Бегімнің құлыптасы  Қазандықтың ішіне көшірілген. Екіншісі – « Хилвет» — жертөле. Халық арасында тараған сөз бойынша, 63 жасқа жеткен соң, пайғамбар жасынан  артық тұру күнә деп, Ахмет Яссауи, жер астында бірнеше бөлме салдырып, сонда тұратын болыпты дейді.  «Хилвет»  комплекстен 20-30 метр жерде кіретін ауыз бар. Құлай бастаған еді, қазір түзетілген. Сол жағынан 100м жерде Хилауат жер асты мешіті, Шығыс моншалары бар.Кесененің сол жағында 300-400 метр жерде биіктігі  2 метр, ұзындығы 5-6 метрдей қорғанның қалдықтары бар. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               ҚОРЫТЫНДЫ.  

 

Қазіргі уақытта көптеген елдердің экономикасының дамуына ықпал етіп отырған саланың бірі туризмнің орны ерекше. Туризм саласы көптеген елдердің экономикасында бірте- бірте  тұрақты орын алуда. Оған себеп сол елдердің географиялық орналасуы мен қатар, тарихи, діни объектілердің болуына байланысты болып отыр.

Туризмнің жақсы дамуына діни туризмнің (мінәжат ету) маңызы зор. Мысалы оған әлемдегі діндердің белгілі бір уақытта діни орталықтарға сапар шегу немесе қасиетті жерлерге мінәжат етуі. (барша мұсылмандардың Мекке, Мединеге қажылыққа баруы)  

Қазақстан аумағында діни туризмді дамытуға көптеген мүмкіндіктер бар, оған еліміздегі қасиетті орындардың көптеп болуы дәлел бола алады. Қазақстан аумағындағы діни мінәжат ету орталықтарының орналасу орындарының табылуын археологиялық дәлелдер, ғылыми жұмыстар негіз бола алады.

Елімізге шетел туристтерін тарту үшін, туризм инфрақұрылымын дамыту қажет. Сонымен бірге, туристтер келетін аймақтарды қалпына келтіру, жолдарды жөндеу, туристтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және де басқадай толып жатқан мәселелерді толығымен шешу қажет. Сонда ғана біз діни туризмді дамыта аламыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

 

  1. Бектеньярова А.Р. Халықаралық діни туризм географиясы., Алматы., 2007
  2. Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, практика. Алматы ., 2000
  3. Балабанов И.Т. Балабанов А. Экономика туризма., Алматы., 2000
  4. Әбішева М. Жұмаділов А.Р. Туризмнің географиялық ортасы., Алматы.,2007
  5. Быстров С.А. Воронцова М.Г. Туризм: макроэкономика и микроэкономика., Москва – Санк- петербург, 2007
  6. Бәйтенова Н.Ж. Затов Қ.А. Дінтану негіздері.,2003
  7. Моргунов Б.П. Туризм., Москва , 1978
  8. Зорин И.В. Квартальнов В.А. Энциклопедия туризма., М., 2000
  9. Алиева Ж.Н. Туризмология негіздері., Алматы.,.,2004
  10. Воронцова М.Г. Туризм: организация и управление. М.2004
  11. Вуколов В.Н. Халықаралық туризмнің тарихы және теориясы., Астана 2005
  12. Гуляев В.Г. Туризм : экономика и социальное развитие., М.,2003
  13. Погребецкий М.Н. Практика туризма и путешествиий., М-Л., 1930
  14. Александрова А.Ю. Международный туризм ., М:,2001
  15. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі., Алматы.,1978
  16. Өскенбаева М.А. Сыр өңірінің киелі орындары / “Ақынжанов оқулары-2007 ” ғылыми конференциясының жинағы ., 2007., 16-24 беттер
  17. Қазақ Ұлттық энциклопедиясы ., Т-1., Алматы., 1998
  18. Нурпейсова Г. Туризм не только отдых, но и отрасль экономики. В Астане прошла учредительная конференция казахстанского  туристкого союза. // Каз. Правда. 1999,. 28- марта.
  19. Христов Т.Т. Религиозный туризм М., 2003
  20. Ордаев А. Памятники архитектуры Казахстана., Алматы.,1998.
  21. Түркістан энциклопедиясы., Алматы ., 2002
  22. Байпаков К. Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және орта ғасырлық Қазақстан ., Алматы.,1992
  23. Немоляева М.Э. Ходерков Л.Ф. международный туризм : вчера, сегодня, завтра. М., 1985
  24. Ислам және өркениет., 2008 ж., наурыз
  25. Путешествие в Турцию// Вояж., 4.,

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       ҚОСЫМШАЛАР

 

 

1-СУРЕТ.

 

 

 

 

 

2-СУРЕТ

 

 

 

 

 

3-СУРЕТ

 

 

 

 

 

4-СУРЕТ

 

 

 

 

5-СУРЕТ

 

 

 

 

6-СУРЕТ

 

 

7-СУРЕТ

 

 

 

8-СУРЕТ

 

 

9-СУРЕТ

 

 

10-СУРЕТ

 

 

 

 

 

 

 

11-СУРЕТ

 

 

 

12-СУРЕТ

 

 

 

 

 

13-СУРЕТ

 

 

 

 

 

 

 

14-СУРЕТ

 

 

 

 

15-СУРЕТ

 

 

 

16-СУРЕТ

 

 

 

17-СУРЕТ

 

 

 

18-СУРЕТ

 

 

 

 

 

 

19-СУРЕТ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20-СУРЕТ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           21-СУРЕТ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                22-СУРЕТ