КІРІСПЕ
Рухани құндылықтар, кітапхана ісі, кітапты тарату, газет-журналдар, ақпарат тасымалына қатысты барлық саланың атасы – баспагерлік мамандықтың түп-тамыры неміс жерінде сонау ХІҮ ғасырда Гейдельбергтің (Heidelberg— Алманиядағы қала аты) ашқан ұлы жаңалығымен тікелей байланысты. Қазір Гейдельбергтің есімімен байланысты баспа техникалары әлемнің барлық елінен орын алған. Сол техниканы ауыздықтап, игеріп отырған баспагерлердің еңбегі жазу-сызушы мамандардың жұмысының астарында көбіне байқалмай қалады. Әйтпесе, қоғамдық маңызды ойлардың ақ қағаздың, газет-журналдардың бетіне түсірудегі қара тердің еңбегі сол мамандықтың маңдайына жазылған. Дегенмен, баспагерлік мамандыққа деген зәрулік – бүгінгі таңда да әлемдік мәдениетте өзектілігін жоймаған мәселе. Қайта күн санап қарыштап даму үстінде.
КСРО заманы кезінде қазақстандық полиграфия саласының мамандары Мәскеу мен Львовта дайындалатын болған. Еліміздегі баспа ісінің қарыштап дамыған тұсында мамандар түгелдей дерлік осы екі қалада ғана оқытылған. Бұлар тұтынушыға керекті кітапты тауып берумен, бағыт-бағдар беруге және сұраушының өтінішіне сәйкес белгілі бір кітаптың түсіндірмесін беруге дайын мамандар болатын. Алайда, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары бұл байланыстар үзіліп, кітап тұрмақ, газет-журналдарды шығару қиынға соққаны белгілі. Қаражаттың жеткіліксіздігі, елдегі дағдарыс пен қалыптасушы ұлт бұл кезде алды-артына бақылау жасауға талпынып жатқан. Бұл баспа ісінің дамуына, кітап саудасының қарыштап өркендеуіне мүмкіндік бермеді. Жәнеде жекешелендіру үрдісі баспа ісін мемлекет қарамағынан ажыратуға тырысты. Әрине, бұл үрдіске алғаш мемлекеттік жоспармен майлы құйрықты ойланбай асап келген баспа мамандары өз бетімен жұмыс істеуге қорқақсоқтап қарсылық білдіргені белгілі. Алайда, ойланбай пішілген тон келте екенін сезген олар бүгінде кітап кәсіпкерлігіне ден қойып келеді.
Қазір жеделдетілген экономикалық реформаларды жүзеге асыруда аймақта көш ілгері келе жатқан Қазақстан «баспа ісі және полиграфия өндірісі» саласында жан-жақты келіссөздер жүргізу барысында. Баспалар әлемдік сәйкестік пен халықаралық стандарттарға сай жұмыс жүргізуді қолға ала бастады. Қазақстан халықаралық полиграфистер ұйымы «Гейдельберг клубына» да мүшелікке өтті. Нақтырақ айтсақ, бұл реттегі еңбек Алматы облысы Талғар қаласындағы типографияның еншісінде. Қазақстандағы жалғыз бір айналымда он екі бояумен баспа қағазын қамтитын техника осы өндірісте ғана орын алған. Бұдан басқа типографиялар жабдықталған техникалардың сапасы әзірге әлемдік стандарт бойынша екінші сатылы болып есептеледі.
Жоғарыда аталған типографияның басшысы қазір жақсы маманды табу өте қиын екендігін тілге тиек етеді. Сондықтан қазақстандық кадрларды шет елге қысқа мерзімге оқуға жіберіліп, сондағы типографиялардан тәжірибе жинақтап келуге мүмкіндік жасалған. Алайда, бұл жалпы елдік баспа ісінің үлкен қарқынмен дамуына аз көмектесетіні белгілі. Ал, еліміздегі баспа ісінің кадрларының аздығы оқу орындарына үлкен жүк артып келеді.
Бүгінде еліміздегі баспа ісінің төрт аяқтап тұрғаны белгілі. Алайда, кітап саудасында «төрт тұяқты тұлпардың» ұзақ шабысы анық байқалмайды. Осыған орай көршілес орыс ағайындардан бір мысал келтірсек. Қазір, Ресейдегі әріптестеріміз соңғы 20 жыл ішінде полиграфия мен баспа ісінің қажеттілігін рекорттық дәрежеге жеткізді. Жақын арада аталған елдегі баспагерлер кітап саудасы бойынша батыс елдерінің алдына түседі деп күтілуде.
Қазір статистика жөніндегі агенттіктің мәліметінше, елімізде қағаз өндірісінің жүйесінде және баспа ісінде 1160 компания жұмыс істейді. Оның бәріне кадрлар даярлауда Қазақстандағы үш оқу орнына ауыртпалық түсіріп отырғаны анық. Әрине, басты кадр дайындаушы 1999 жылы құрылған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Баспа ісі және редакциялау» кафедрасы болса, № 5 Алматы қалалық полиграфия мектебі маман дайындау үшін құрылған. Және тек бертінде ғана, яғни 2004 жылы ашылған Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-де «Полиграфия өндірісінің техникалары және машиналары» кафедрасы. Аталған үштіктен басқа баспа ісіне қатысты мамандарды журналистика факультетіне қосымша қосып оқытады. Бұл баспа ісінен шеттеу дайындалған маман кітап саудасын қажетті деңгейде меңгеріп шығуына мүмкіндігі шектеледі деген сөз. Үкімет кезінде Алматы полиграфия мектебін жаппақ ниетте де болған. Бірақ кадр мәселесінің өзектілігі айтылып жатып, бұл тақырып аяқсыз қалған болатын. Ал дамыған елдерде мұндай оқу орындарының санын арттырмаса, оны қысқарту туралы сөз қозғалмайды. Мәселен, баспа ісінің отаны Германияда полиграфия өндірісіне кадрларды 300-ден аса оқу орындары даярлайды (Бұл жерде айта кететін бір мәселе біздің елмен салыстырғанда оқу орындарының саны бернеше жүз есе артық). Мұның өзін немістер аздық көріп отыр. Бірақ аз деген біздегі оқу орындарында кадрлар әзірлеудегі мәселелер де сын көтермейтін деңгейде. Әсіресе, компьютерлік дизайн, суретші өнерін арнайы бағдарламаларға түсіру, бояу түрлерінің спецификасы хақындағы қанық білімін алып шыққан мамандар аталған оқу орындарының өзінде өте сирек дайындалып шығады. Мәселен, балалар кітабын шығаратын «Аруна» баспасы қанық бояуларға толы кітаптың беттерін Чехиядан арнайы бағдарлама негізінде дискеттерге жаздырып алдыртады. Әрі авторлық құқықтарға сәйкес сатылым мен кітаптан түскен қаражатты чех ағайындармен бөлісетін көрінеді. Яғни, өнімнен түскен қаражат екі қалтаға бөлінеді. Осы баспаның бас маманының сөзіне қарағанда, балалар кітабының ерекшелігі мен маңызы – суретке келіп тіреледі. Суреттердің көркемдігі жоғары дәрежеде болуы және қанық етіп беретін компьютерлік бағдарлама негізіндегі жұмыстар қазақстандық кез-келген полиграфист-дизайнерлердің қолынан келе бермейді. Әрине, отандық дизайнерлердің болғанына не жетсін. Тіпті, кадрлар әзірлейтін оқу орындарының өзі балалар әдебиетіне қажетті мамандарды тек Ресейден ғана әкелуге болатынын айтады.
Сондықтан қазіргі тұтынушылардың «кітап қымбаттап кетті» деген наразылығы баспагерлерге қаратылып айтылып жатады. Оған себепті факторлар бар. Барлық кітап, газет-журналды шығаруға арналған материалдардың шеттен алдыртатынымыз баршаға аян. Дегенмен баспа мен типография арасындағы заңнамалық саясаттағы олқылықтар көбіне үкіметтегілердің назарынан тыс қалуда. Мәселен, қосымша құн салығына деген жеңілдік шет елден алдыртатын техникаларға, типографиялық бояуларға, пленка мен пластинкаларға, қағаздарға берілмейді.
Полиграфиялық компаниялар төлеген қосымша құн салығы осылайша тағы «жанама» салыққа айналып отыр. Қосымша құн салығынан кейбір арнайы баспалар ғана босатылады. Ал сол кітапты басып шығарушы баспаханалар одан босатылмайды. Ол еріксіз баспа өнімінің құнын арттыруға әсер етеді. Содан үкімет «сендерге салық салынбайды, ал кітаптың құны удай қамбат» деп түрпідей тиеді. Сол секілді біздегі баспаханалар әрі кеткенде басылымды 20 мың данамен шығарумен шектеледі. Ал, көршілес орыс ағайындар бұл көрсеткішті 100-250 мыңға дейін жеткізіп отыр. Мұндай сандық көрсеткішті игеру үшін қазақстандық баспаханаларға бірінші дайын маман керек. Екінші, қаржы керек. Қаржыны қайдан алуға болады? Әрине, ақшаның орталығы банктен. Дегенмен, Қазақстанда бар 30-ға жуық банктің барлығына белгілі бір салаға жеңілдетіліп беретін несиесі жоқ. Немесе шетелдердегідей салалық банктер бізде жоқтын қасы. Бұл да баспа құлағын ұстағандардың тәуекелге бел бууына басты кедергі болып отыр. Мәселен, Польшада кітап бизнесіне жеңілдетілген несиелер 5-6 пайыздық табыспен қайтарылды. Ал, қазақстандық несие беруші қаржы орталықтары пайыз мөлшерін 16-17 ден төмен түсіріп көрген емес. Сондықтан не дайын мамансыз, не қаржы қолдауынсыз өлместің күнімен баспагерлер баспа ісін алға сүйреумен келеді. Міне, мұның бәрі казіргі қоғамымыздағы баспагерлердің арқасына артылып жатқан жүк. Соған қарамастан, сіз таңертең газет-журнал саталатын орындарға немесе кітап дүкеніне барғанда, сұранысыңыз қанағаттандырылып, бұл нарықтың қалтқысыз жұмыс істеп жатқандығының айғағы боласыз…
Бітіру жұмысымның негізгі нысанасы. Баспа ісіндегі соңғы жылдардағы өзгерістер, жеке кәсіпке айналу, кітап ісін дамытуға негізгі объектілер жұмыстың негізгі арқауы. Қазіргі еліміздегі баспалардың даму ерекшеліктері төмендегідей бөлімдерге қарай талданды:
- күн санап дамып келе жатқан баспа ісі кәсіпкерлігінің маңыздылығы мен ерекшеліктері;
- кітап сату ісіндегі негізгі қағидалар мен әдістерді саралап көрсету;
- бүгінде көрініс тауып жатқан жаңа әдістер мен тәсілдерге талдау жасау;
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Баспа ісіндегі кәсіпкерліктің негізгі тәсілдері мен әдістерді қарастыруды мақсат еттім. Себебі, қарапайым халықтың дүйім дүние төріндегі орын алып жатқан өзгерістерді танып-білуінің басты көзі кітап екені белгілі. Сондықтан баспа ісіндегі кәсіпкерліктің негізгі бизнес-жоспарын талдап көрсету. Осы мақсатта:
- Кітап саудасындағы маркетинг жүйесін айқындап көрсету;
- Жеке кәсіптік сипатқа айналған баспалардың бүгінгі бейнесі мен негізгі жұмысы;
- Баспадан шығарылатын өнімнің тарылымы мен қалың оқырманға жеткізілуін қадағалау ісін талдау;
- өзге де мүмкін тың тәсілдерді анықтау көзделді;
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақстандағы соңғы 4-5 жылда орын алған баспа ісіндегі кәсіпкерліктің негізі нысандарын ашып көрсетуге тырыстым. Соңғы кездері орын алып бара жатқан кітапты тауар ретінде қарастырып келе жатқан кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшін тұстарына тоқталдым. Сондай-ақ кітап тарату ісінің жалпы әдістері мен технологиясы турасында басы бүтін ғылыми зерттеу жұмысының жоқтығына көз жеткізе отырып, осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында, ізденістер жүргізіп, ғылыми айналымға енгізуге тырыстым.
Зерттеудің тәсілдік негіздері. Бітіру жұмысында теориялық талдау, салыстырмалы – сараптамалық баға беру мен ғылыми тұрғыда тұжырымдап дәледеу әдістері қолданылады. Кітап сату ісіндегі жаңа әдістерінің бұрынғы зертеулер мен ақпаратты беру тәсілдерінің ертеден белгілі теориялық-танымдық тұжырымдамаларға сәйкестігі салыстырмалы түрде анықталды.
Зерттеудің негізгі нысаны. Басты деректемелік негіз ретінде ҚР ҰҒА-ның кітапханасы мен бүкіл әлемдік ғаламтор сайттарындағы деректерге сілтеме жасадық. Сондай-ақ, қазақстандық баспалар жайында жазылған баспасөздер мен ғылыми туындылар да негізгі құрал ретінде пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі 2 тараудан, қорытынды, сілтемелер және пайдаланған әдебиеттер тізімнен тұрады.
І–ТАРАУ. БАСПА БИЗНЕСІН ЖОСПАРЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. Жекеменшік баспаның құқықтық жүйесі
Баспа ісін дамытуды қолға алу қазіргі үкіметтің ауыл-шаруашылығы, мұнай, химиялық өндіріс секілді 11 басты мәселенің бірі ретінде саналады. Тіпті, баспа кәсіпкерлігін дамытуды қолға алу үшін «Шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ құрылған. Бұған Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы №3398 «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру шаралары туралы» Жарлығын орындау үшін және Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталатын қаржылық қаражатын тиімді пайдалануды арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26-сәуірдегі №665 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту Қорын құру туралы» қаулысының негізі әсер еткен болатын.
Енді, «жазылмаған іс көкейде көп тұрмайды», — деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, сан ғасырлық тарихымыз бір замандары тасқа қашалып жазылса, одан кейін кітаптарда өрнектеліп отырғаны белгілі. Әлқиссада еліміздегі баспалардың басым көпшілігі қандай жол ұстағанын саралап көрелік. Қазіргі кітап шығарушы мен сатушы баспалар кәсіпкерлік жұмыстарын төмендегі бөлім бойынша жүргізетін болған:
Жекеменшік баспалардың негізгі мақсаттары:
Өнімді сапасына қарай қалтаға ыңғайлы, заман талабына сай етіп шығару. Өз бәсекелестерінен ерекше, әрі халыққа тиімді етіп өнім шығару. Жоғарғы білікті кадрлармен бірге жұмыс істеп, кітап кәсіпкерлігінде өз орнын ойып алу үшін жұмыла күш салу. Жаңа бағыттар және мамандықтар бойынша баспа қызметін жүзеге асыру, ақпарат деңгейін көтеру мақсаты да кәсіпкерлердің қаперінен шет қалмайды.
Мақсаты:
— қатаң бәсеке жағдайындағы орталықтың тез және нақты жұмысы;
— сауда аумағындағы барлық өзгерістерге жылдам әрі әрекетті реакция;
— қазіргі тез және үздіксіз дамып келе жатқан жоғары технология әлемінде істі табысты жүргізу;
— ақпарат жүйесін қалыптастыру;
— ақпараттық жұмыстардың қорытындысы;
— ЖОО (жоғары оқу орны) бөлімшелері мен тұтынушы байланысын қолдау.
Қызмет бағыты:
— басылым өндірістерін, дизайн және жаңа технологияны қолданудағы жоғары сапалы өнімдерді өз уақытымен оқу үрдісіне қажетті теоретикалық және практикалық материалдарды қамтамасыз ету;
— қоғам мүшелерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандыру;
— тұтынушылармен іскерлік байланысты қолдау;
— сұраныстарды қанағаттандыруға талпыныс;
— мемлекеттік стандартқа сай баспа өнімдерін көркемдеу;
— дөңгелек үстел және тұсаукесер рәсімі жұмыстарына қатысу, халықаралық баспа ұйымдарына, республикалық және халықаралық байқауларға, көрмеге, жәрмеңкеге баспа өнімдерін ұсыну;
— баспа ісі белгілеген мемлекеттік стандартқа сай талаптарын, нормативті – құқылы актілерін, автор құқығы жөнінде ережені сақтау;
— жарыққа шыққан басылымдар туралы ақпараттау және келісілген рет бойынша есеп беру.
Баспа ісін дамытуды жолға қою – негізгі мақсатты, білімді, саясатты, мәдениетті, тарихты, әлеуметтік, рухани құндылықтарды дамытуды жолға қою. «Кітап өндірісі үлкен құрал», — деп ғалым Шериаздан Елеукенов бекер айтпаған /1/. Қазіргі қоғамдағы кенжелеген кітап өндірісін дамытуда Қазақстан жеңіл, әрі тиімді жол таңдауы тиіс. Әрине, кітап шығаратын, баспа станогын, техниканы жетілдірілген нұсқасын отандық өндіріске жатқыза алмайтыны анық. Айналып келгенде дамыған елдердің халықаралық стандарттарына сай баспахана техникасын шетелден импорттайтыны белгілі. Сондықтан, қазіргі кәсіпкерлер тек кітап сату ісіне ден қойғаны ләзім. Мұндайда жекелеген кәсіпкерлерге қаржылай көмек көрсету жолын қарастыру кезек күттірмейтін мәселе. Себебі, қазірде қазақстандық баспалар шығаратын өнім елімізде тұтынатын кітап өнімдерінің 30 пайызын құрайды. Бұл көрсеткіш былай қарағанда көңіл толтыратын іс болып көрінгенмен баспагерлердің белсенділігінің көрсеткіші. Ал, қалған 70 пайыздық көрсеткішті кітап тұтынушыларына арнайы шетелден импорттайтыны белгілі. Мұның 65 пайызы батыстық баспа ісінің өкілдерін артқа тастауға талпынып жүрген ресейлік әріптестердің еншісінде. Мұндайда айта кету керек көрші елдің баспагерлері өз кәсіптерін әлемдік ректораттық деңгейде дамытуда. Кейбір мамандардың пікірінше болашақта батыстық кітап саудагерлерінен осы елдің баспагерлері озады деген болжам бар.
Менің ойымша, баспалар өздерінің жұмысын алға бастыру үшін ең бірінші қалталы қолдаушы табу керек. Жақсылап келісім шартқа отырып, кейіннен өз еңбектерін, яғни басып шығарған кітаптарына жарнама жасауы міндетті. Әрине, бұл баспа кәсіпкерлігінің өзгермес қағидасы. Бірақ, жарнаманың қалтаға салмағы аз болып, нәтижесі экономикалық тегеурінді жақсартуға сеп болуы тиіс. Сондықтан кітап кәсіпкеріне тиімді жолды нұсқау керек. Мысалы, Швеция баспагерлері ай сайын тұрғындарға тегін кітап тарату акциясын өткізеді. Бұл жерде баспаның мақсаты адамдардың қолтығына кез-келген кітапты қалауынша қыстыра беру емес. Негізгі көздегендері – аз ғана іспен бірталай шаруаның басын қайыру. Мұнда арнайы ойын шартына бағынып, кітаптың авторы жайында біраз мағлұматтарды дәл атап айтқан кездейсоқ оқырман акция барысында табыс етілетін білім құралын жеңіп алады. Мұнда жемісті түрде жүргізілген жарнама кітап кәсіпкерлігінің алға басуына үлкен септігін тигізеді. Сондықтан осындай жақсы үлгідегі кітап ісінің жарнамасын Қазақстандық кәсіпкерліктің құлағын ұстағандар үлгі тұтып, астарына болжал жасай білсе, саудагерлік бір қадам алға жылжи ма деген ой туады.
Ал, қазір Қазақстандағы бірқатар баспалардың жағдайы едәуір жақсарған. Керісінше кеш оянғандары әлі де тәй-тәй басқан бала кейіпінен әлі де арыла қойған жоқ.
Кәсіпкерлікке ден қойғалы кіші-гірім баспалардың да саны арта бастаған. Бұл әрине, бар жағынан алып қарағанда жақсы. Бәсекелестер көбейеді; сапа жоғарылайды; көпшіліктің ыңғайына беріле бастайды; рухани өнім артады. Алайда, еуропалық бір елде ақпарат өнімін шығаратын баспалар саны көбейсе теріс бағдарламалардың да өсімі жоғары болады дейді. Яғни, сектанттар, қаралы ұйым өкілдері миссионерлер ие болған баспалар, ақпарат құралдары халық арасына теріс ақпарат таратып, ел тыныштығын бұзуға талпынады дейді. Бұл мәселе заң құралдарымен шектелсін делік.
Енді біз кітап саудасындағы кәсіпкерлікке ден қоюымыз үшін не істеуіміз керек? Бұл сұрақтарға қазақстандық баспагерлер теориялық тұрғыда әлі де оқу құралдарын жаза қойған жоқ. Сондықтан білім алушы жас мамандар шетелдік кәсіпкерлердің тәжірибесіне сүйенетіні хақ.
Джозеф Шумпеттер (Кәсіпкер – жаңа технологияны құрастырушы, жаңалық тапқыш 1961 ж.) кәсіпкерлікті бастамас бұрын алдымен 5 бағытты анықтап алу керек деп санайды:
- Жаңа өнімдер немесе қызмет көрсетулер;
- Жаңа өндіріс әдістері;
- Жаңа өткізу нарықтары;
- Жаңа жабдықтау көздері;
- Жаңа ұйымдастыру түрі.
«Баспа өнімдерін тарату үшін де жаңалық іздеу шарт», — деп санайды ағылшындардың ата кәсіпкері Джозеф Шумпеттер /2/. Бұл жердегі бес бағытты анықтап алған баспагер әрдайым алда жүретіні сөзсіз. Сондай-ақ, Джозеф Шумпеттер кәсіпкерлерді жәй алып сатарлар мен инвесторларға қарағанда, әртүрлі әрекеттер мен бағыттарды байланыстыру арқылы бизнес құратын әлеуметтік-экономикалық жаңашылдар деп атайды. Яғни, тіс қаққан кәсіпкердің ойына қарағанда тек қана «жаңа» жолды таңдауымыз шарт. Алайда, бұл пікірмен келіспейтін кездер де болады. Себебі, «жаңа» тәсілді біз ескі іздермен салыстыру арқылы табатынымыз шындық.
Қазір еліміздегі баспалардың жұмыскерлер саны да белгілі бір жүйемен орналасқан. Яғни, директор – орынбасар – бас редактор – редактор – теруші – беттеуші – корректор — дизайнер т.с.с. Бұл жалпылама жасалған жүгіртпе. Яғни, баспа кәсіпкерлігінің мемлекеттік органның басқару жүйесін қолданатыны. Тұрақты жұмыс орны немесе тұрақты жалақы беретін жай ғана қызмет орталығы іспеттес. Алайда, бұл еңбекте мен бұл жолды теріске шығармақпын. Себебі, кітапты тауар деп түсінетін жеке баспа кәсіпкерлігі өнімді көп шығарған сайын табысы да көлемді болатыны сөзсіз. Мұнда көп еңбектенген, көп қалта қампайтуы керек.
Жаңа баспа ашу жоғары дәрежелі тәуекелмен байланысты. Көптеген сәтсіздіктер де туады, сондай-ақ бәзбіреулер көбінесе бастапқы инвестицияларынан ғана емес, жеке салымдары мен жинақтарынан да айырылуы мүмкін. Егер қаржыландыру көзі ретінде туыстар мен жолдастарының қаражаттары және банк несиелері пайдаланылған болса, жағдай қиындай түседі. Жеке баспа ашу кезінде кәсіпкер өзінің қызмет орнын тастауға мәжбүр болады. Сондықтан тек қаржылық тәуекел ғана емес сондай-ақ, өмір сүру кепілдігінен айырылып қалу қаупі бар.
Жаңа баспа ашу қиыншылықтарға, кездесуі мүмкін барлық кедергілерге толы, соның ішінде бюрократиялық сипаттағылары бар. Бизнес қаншалықты үлкен және табысты болатын болса, салықтар, реттеуші нұсқаулар, лицензиялар және басқа да құжаттармен жұмыс істеу соншалықты көп уақытты талап етеді.
Жаңа кәсіпорын құру түңілу жағдайларына байланысты. Кәсіпкер пайда болатын проблемаларға қарай оңай емес шешімдер қабылдауға жауапкершілік пен тәуекелдікті өз мойнына алуға мәжбүр болады. Зорланып жұмыс істеу, жоғары дәрежелі тәуекел және біліксіздік жағдайы – мұның барлығы психологиялық және физиологиялық қажудың классикалық негіздері. Шағын бизнестің, әсіресе алғашқы уақытта жұмысшылар штатын көбейту үшін жеткілікті пайда әкелмеуіне байланысты барлық ауыртпалық бір ғана адамның мойнына – кәсіпкердің өзіне түседі.
Жеке бизнес оның негізін салушыға әрекет ету еркіндігін береді. Қандай күн тәртібін таңдау керек екендігін, өзінің уақытын қалай пайдаланатынын және қандай жобалармен жұмыс істейтінін кәсіпкер өзі шешеді.
Жеке баспа ашу бір жағынан рухани серіктестер, идеялогияның құлағын ұстағандармен бірлесе жұмыс істеу болса, екінші өзінің әл-ауқатын арттырудың сенімді әдістерінің бірі. Көптеген адамдар мұны жаңа кәсіпорын құрудың басты себебі деп есептеуде. Қанша қарама-қайшы болып көрінсе де, ең табысты кәсіпорындардың негізін қалаушылар өнім мен қызмет көрсетушілердің жаңа түрлерін, идеясын берген болып табылады. Олар үшін материалдық ынталандыру екінші орында тұрады.
Жеке баспа кәсіпкерлігі дамуға және қойылған мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді.
Бүгінде кәсіпкерлік бизнесті ұйымдастырудың ең көп тараған түрі болып табылады. Бұл қызмет әсіресе заңды тұлға ретінде қаралмай-ақ, сатылып алынған патент ретінде жұмыс істеу мүмкіндігінің арқасында жандана түсті. Мұндай патент бір мезгілде алу туралы куәлік және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын беретін лицензия болып табылады. Шетелдегідей біздің кәсіпкерлеріміз де өз баспасының қызметі үшін жауапкершілігі шексіз болып табылады. Заңды түрде бұл жеке кәсіпкердің тіркеуге алыну кезінде заңды тұлға ретінде саналудан көрініс табады. Яғни жеке меншік бизнеске тартылған меншіктен заңды түрде бөлектендірмейді. Бұл өз кезегінде несие талаптары ұсынылған кезінде кәсіпкердің барлық дүние-мүлкі, мүмкін болатын шығындардың астарында қалатындығын білдіреді. Сондықтан кәсіпкерліктің мұндай түрі тек тәуекел деңгейі төмен болатын салаларда ғана ұсынылуы мүмкін /3/.
Қазақстанда кәсіпкерліктің құқықтық түрлері проблемасы С.И.Климкиннің еңбектерінде толығырақ талдап қорытылған. Заңды тұлға ретінде құрылмай-ақ жеке кәсіпкерлік немесе азаматтардың (жеке тұлғалардың) кәсіпкерлік қызметтері шағын кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық түрлерінің бірі болып табылады. Мұндай түрдегі кәсіпкерліктің ерекшелігі азаматтардың бастамалық қызметтерінің олардың жеке меншіктеріне негізделуіне және өз мағынасы бойынша коммерциялық болып табылады.
Алғашқы рет «Жеке еңбек туралы» КСРО Заңы /4/ жеке кәсіпкерлікке кең жол ашып берді, бірақ нарықтық механизмнің болмауы мен қоғамдық меншік жағдайында ол үлкен серпіліске ие бола алмады. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау көрсету туралы» 1992 жылғы 4 шілдедегі Заңы, баспа кәсіпкерлігін реттейтін негізгі құқықтық құжат болып табылады/5/.
1.2. Кітап шығарудағы оқырман сұранысын зерттеу
Кітап шығару – зор өнер. Себебі, сол өнердің иелері, яғни кітап ісінің мамандары кітап шығаруда оқырман мінез-құлқына және ерекшеліктеріне сай сұраныстарын қанағаттандыру керек.
Бүгінгі күнде баспа кәсіпкерлігінің маңызды мәселелерінің бірі бизнес-жоспарды дайындау болып табылады. Жоспарлау – менеджмент міндеттерінің бір және баспа қызметінің болашағын болжамдауды, яғни келесі мәселелерді шешуді білдіреді: баспа қандай бағытта дамиды; қандай қарқынмен; қойылған мақсатқа қалай жетуге болады; тұрлаусыздық және тәуекелдік дәрежесін төмендету үшін не істеу керек. Тиімді жоспарлау – ол тек қана мақсаттарды анықтау процесі ғана емес, сондай ақ сол арқылы жетістіктерге жету жолдарын табу. Жоспарлау жаңа баспа қызметін құру кезінде де және оның ары қарай даму кездерінде де қажет.
Біз әлемдік стандарттарға сай бизнес-жоспарды дайындауға әсер ететін негізгі факторларды қарастырайық:
- Баспа бизнесінің күрделілігі. Шағын ғана баспа орындарының бизнес-жоспарының үлкен көлемде өнім шығаратын, күрделі құрал-жабдықтары және қаржы есебі бар алпауыт баспалардың бизнес-жоспарынан айтарлықтай айырмашылығы.
- Бәсекелестік деңгейі. Егер баспа күшті бәсекелестік жағдайында жұмыс істейтін болса, онда ол бәсекелестер тарапынан күшті қысымды сезбейтіндерге қарағанда бизнес-жоспарды дайындауда жинақы да ұқыпты болуы керек.
- Тұрлаусыздық деңгейі. Кейбір баспалар тез өзгеретін, тұрақсыз ортада жұмыс істейді, ол жоспарлау процесін қиындатады және керісінше, тұрақты жағдайларда жұмыс істейтін баспаларға болашақтағы қызметті болжамдау айтарлықтай оңай.
Дэвид Минкеланд кәсіпкерлікке мынандай сипаттама береді:
- Дәлелденген тәуекелдерге бара білу;
- Жігерлік және іскерлік белсенділік;
- Жеке, дербес жауапкершілік;
- Қабылданған шешімдердің салдарын білу;
- Қабылданған шешімдер нәтижесінің белгісі ретіндегі пайда;
- Болашақта қоршаған ортада болатын өзгерістерді болжай білу;
- Ұйымдастыру шеберлігі.
Баспаның жоспарлау процесінде кездесуі мүмкін бірқатар проблемаларды қарастырайық. Ортаның құбылмалылығы, тиімді бизнес- жоспар жасау жолында көңіл бөлуді талап ететін фактор болуы мүмкін. Елдегі жалпы экономикалық және саяси жағдай екінші себеп болып табылуы мүмкін, дағдарыс және қоғамдағы басқа да күйзелістер жобаларды жүзеге асыруға кері әсерін тигізері даусыз. Тұрлаусыздық пен болжаусыздық жағдайында қандай да бір міндеттерді мойынға алу өте қиын. Соңғысы – уақыт проблемасы. Әсіресе баспа жаңа ашылғаннан кейінгі алғашқы апта мен ай – қайта құрылған баспалар үшін өте сындарлы кезең. Мұндай жағдайда дәл осы уақыт кезеңдерінің ерекше талқылануы шарт. Көбінесе жоспарды дайындау кезінде жіберілетін негізгі қателерді жеңу жолдарын қарастырайық /6/ (1-кесте).
Баспагер өнім шығару алдындағы жоспардың негізгі
кемшіліктер мен оларды жеңу жолдарын қарастыруы
Жоспарлаудағы кемшіліктер |
Тиімсіз жоспарлаудың негізгі белгілері |
Кемшіліктерді жеңу жолдары |
1 |
2 |
3 |
Нақтылы мақсаттың болмауы |
Белгісіз мақсаттар; Нақтыланбаған саны жағынан белгісіз мақ-саттар; Уақыт факторы ескерілмейді; Нақты іс-әрекеттердің болмауы; Нәтижеге емес қызмет-ке бағдарлану; |
Нақтылы, санды және уақытша шамалас белгілерді белгілеу; |
Мүмкін проблемаларды болжай алмау |
Баспагердің стратегия-лы нақтыланбаған жұ-мыс жоспарының бол-мауы; Менеджменттегі дағда-рыстық құбылыстар-дың басымдылығы; |
Жоспарлаудағы үлкен икемділік және бола-шақтағы проблемалар-ды болжай білу және олардан құтылудың жолын табу |
Ұзақ мерзімді жоспар-дың болмауы |
Қысқа мерзімді мақсаттарға бағдар-лану; Жоспардың уақытылы түзетілмеуі; |
Ұзақ мерзімді мақсат-тарды белгілеу және оларды уақытылы өзара қарастырып отыру; |
Тәжірибенің жете зерттелмеуі |
Мақсаттарға талдау-дың болмауы; Қателерде және оның жағдайларды қайта қайталау; |
Жағдайды жақсыға өзгерту мақсатында бұрынғы тәжірибелер-ді жете зерттеу; Қиын жағдайларды шешу кезінде үлкен икемділік көрсету. |
Енді бұл қателіктерді жібермес бұрын нақты стратегия мен маркетинг жүйесін дұрыс қарастырған жөн. Егер шығарылған кітапқа деген нақты қажеттілік анықталмаса, онда аталған салада ешқандай шеберлік немесе капитал табысқа жетуге көмектесе алмайды. Себебі, барлық бизнесте оның өмір сүруін қамтамасыз ететін сату деңгейінің көлемін қолдану талап етіледі. Біз енді мынандай проблемаларды қарастырып көрелік. Сұранысты және нарық мүмкіндігін анықтау. Мұнда белгілі бір өнімге және қызмет көрсетуге сұранысты, сонымен қатар нарық және оның мүмкіндігін анықтау қажет. Басқаша айтқанда, жалпы нарықты, оның бірінші және екінші сегментін және де осы сегменттердің мәні мен сипаттамасын бейнелеуде болып отыр. Өйткені, нарықтың әр объектісіне салыстырмалы тартымдылығына баға беру қажет.
Нарықты сипаттауда барлық мәліметтер нақтыланған болуы қажет. Бизнес-жоспарды жасау кезіндегі кеңінен таралған қателіктер – ол абстрактілі сипатқа ие мәліметтердің құрылуы.
Баспа ісіндегі кәсіпкерлікті жүйелеуді басқару және жобалаудың функционалдық және құрылымдық тәсілдері. Соңғы уақытта басқаруды – белгілі бір міндеттерді қарастыру тенденциясы ең көп тараған көзқарастың бірі болып табылады. Басқару – бұл баспаның мақсаттарын қалыптастыру мен қол жеткізуге тиісті межелерді жоспарлау, ұйымдастыру, дәлелдеу және басқару процесі.
Көп деңгейлі баспа кәсіпкерлігін басқару жүйесін дайындаудың функционалдық тәсілі стратегиялық менеджмент, қаржы менеджменті, ұйымдық менеджмент, бизнес жоспарын жасау және шағын кәсіпкерлік жүйесіндегі маркетинг сияқты функциональдық қосалқы жүйелерін қалыптастыру арқылы іске асырылады.
Баспаны басқару процесі екі кезеңнен тұрады:
- Баспаның құрылуын басқару;
- Баспаның жұмыс істеуін басқару.
Мұндай тәсіл баспаның келешекте тиімді жұмыс істеу негізін қалау мақсатында, оның құрылу кезеңінде үлкен дайындық жұмысын өткізу қажеттілігінен туындайды. Баспаның жұмыс істеу кезеңінде әрбір даму сатысы үшін, соның ішінде пайда болу сатысында, жобаланған көрсеткіштерге жету ары қарай даму және жетілу сатысында тиісті басқару механизмін құру қажет. Ғылыми әдебиеттерде баспаларды басқару функцияларының құрамы мен олардың анықтамаларына қатысты бірыңғай пікірлер жоқ. Өз зерттеулерімізде біз стратегиялық менеджмент, бизнес-жоспарлау, маркетинг қызметі, қаржы менеджменті, ұйымдастыру және бақылау сияқты функционалдық қосалқы жүйелерге тоқталдық.
Жалпы түрде баспаның басқару функциясы – бұл басқару қызметінің мамандандырылған түрлері, ол атқарылатын жұмыстардың мазмұндарының бірыңғай болуымен ерекшеленеді.
Ереже бойынша, шағын баспаларда басқару функцияларының жиынтығы толық көлемде ұсынылмағанын ескеруіміз керек. Бұл өндіріс көлемі мен қызметкерлер санының аздығымен түсіндіріледі. Шағын баспаларда атқарылатын функцияларды, жоспарлаудың негізгі 5 тобына, соның ішінде стратегиялық және бизнес-жоспарлау, маркетингтік функция, қаржылық функция, ұйымдастыру және бақылау тобына бөлуге болады. Шағын бизнесті басқару функцияларының қалыптастырудың тек кейбір методологиялық тәсілдерін қарастырайық.
Шағын баспалардың қызметін жоспарлау бұл кәсіпорынның мақсаттары мен оның стратегиясын таңдау, сондай-ақ таңдалған мақсаттарды іске асыру процедуралары мен бағдарламалары болып есептеледі. Шағын кәсіпорын жоспарлау функциясының көмегімен өзіне келсе 3 сұраққа жауап береді.
- Қазіргі уақытта баспа қай жерде тұр? Бұл жауап беру мақсатында баспаның күшті және әлсіз жақтарының талдауы жасалады;
- Баспаның бәсекелестеріне төтеп бере алатын стратегиялық бағдарламасы бар ма?
- Баспа қойылған мақсаттардың орындалуын қалай қамтамасыз ете алады?
Кәсіпкер жоспарлаудың көмегімен шағын баспа жұмысшыларының барлығына бірдей мақсатты қамтамасыз ететін, шешім қабылдау мен күшейтудің негізгі бағыттарын белгілеуге тырысады. Бизнестің құрылуы мен шағын кәсіпорынның жұмыс істеуі кезінде бизнестің дамуын модельдеуді ұйғаратын бизнес-жоспардың маңызды функциясы – оны кәсіпорынның бизнес стратегиясын жасау кезінде пайдалану мүмкіндігі, бұл әсіресе кәспорынды құру мен қызметтің негізгі бағытын таңдау кезеңдерінде өте маңызды.
Кәсіпкерлік процесін қозғалысқа келтіретін іргелі күштерге бірінші кезекте баспаны құрушы және негізін салушы болып табылатын кәсіпкердің өзі, бизнесті жүзеге асыруға қолайлы мүмкіндік пен қажетті қор жатады.
Тағы да ескеретін негізгі фактор, ол – кәсіпорынның болжамсыздықпен, қарама-қайшылықпен және тұрақсыздықпен сипатталатын нақты әлемде өмір сүруі. Сондықтан кәсіпкерлік процесс – бұл технологиядағы, маркетингтегі, менеджменттегі әрдайым болып тұратын процесс. Сәтсіздіктер мен қателіктер арқылы дұрыс инвестициялық шешімдерді интерактивті іздестіру процесі. Жаңа баспаны шешуші мезеттері (кәсіпкер, табыскерлігіне қолайлы мүмкіндік және қорлар) тек қоршаған әлемге ғана емес, сонымен қатар бір-біріне де бейімделген болулары керек. Кәсіпкер тек баспа ісінің жаңа мүмкіндіктерін игеріп қана қоймай, сондай-ақ осы мүмкіндіктерді іс жүзінде қалай жүзеге асыруды білетін, жаттыққан пікірлестер командасына ие болуы тиіс. Соңында олар бәрі баспа жұмысын бірге бастау үшін және оның ары қарай жұмыс істеуін жалғастыру үшін жеткілікті қорларға ие болулары керек.
Қазіргі нарықтың қиын жағдайында, жақсы жинақталған жоғары білімді командасы бар баспалар, кәсіпкері жеке жұмыс істейтін баспаларға қарағанда анақұрлым қабілетті болып табылады. Ал, менеджерлер командасына келесі анықтамаларды кіргізуге болады. Менеджерлер командасы деп тек қорларды тауып қана келетін адамдарды ғана емес, сонымен қатар оны тиімді пайдалана алатын, бәсекелестік күрестерге тез жауап беруге қабілетті, мақсаты тек баспаның жағдайын жақсарту және тиімді кітаптармен, сұранысты қанағаттандыра алатын жоғарғы білікті мамандар тобын айтамыз.
Команда негізгі және жетілген саласына сәйкес еңбек тәжірибесіне машықтанған болулары керек. Сөйте тұра баспа кәсіпкерлігін ашуға талпынған кәсіпкер негізгі жауапкершілікті өз мойнына алу керек және жақсы ойластырылған нарыққа кіру стратегиясына ие болуы керек.
Баспагерлік процесінің екінші қозғаушы күші – бизнесті іске асыру үшін қолайлы мүмкіндіктер бүгінде бүкіл әлем төңкеріс жайлы айтуда. Шетелдік ғалымдар баспагерлік жайындағы негізгі ой және оларды іске асыру мүмкіндіктері сияқты категорияларға бөледі. Ойды іске асыру мүмкіндіктері деп, ойдың жүзеге асу дәрежесі мен ойды іске асыру нарығының ашық таушасының бар болуын айтуға болады. Дегенмен әр жерде идеялар оларды іске асыруға қолайлы мүмкіндіктерге қарағанда анағұрлым көп. Сонымен жаңа қуаттарға, объектілерге деген қажеттілік пайда болғанда, тапсырыс берушілердің жаңадан туған қажеттіліктерін қанағаттандыруға тапшылық пайда болғанда немесе тапсырыс берушілердің бар бәсекелестердің ұсынған қызметтеріне қарағанда толығырақ қанағаттандыруға мүмкіндік туғанда құрылыс бейнесі үшін де мүмкіндік пайда болады. Баспагер үшін осы мүмкіндікті уақытысында байқау ғана емес сондай-ақ, оны дұрыс пайдалану да маңызды.
Ұзақ уақыт аралығында ашылып келе жатқан пайда және табыспен қамтамасыз ететін таушаны таба білу қажеттілігіне ие баспагерлер, табысты кәсіпкерлер болып саналады. Кәсіпкер тұтынушылардың таңдауына тура келетін өнімдер мен қызмет көрсету нарығы тұрлаусыздықпен, мәліметтің жетіспеушілігімен және тәуекел деңгейінің жоғарлығымен ерекшеленеді.
Кәсіпкерлік шеберлік дегеніміз бұл басқаларға әлі де көріне қоймаған, көрінсе де өте ерте немесе өте кеш көрінген жерде баспа құру және дамыту мүмкіндігін бірінші болып көру.
Баспагерлік процесінің үшінші қозғалушы күші бұл қажетті қорлардың болуы. Қорларды басқару үшін келесі көзқарастарды ұстану ұсынылады: баспалардың негізгі өндіріс қорларының үлкен бөлігін сатып алынумен емес, ал жалға алынылуымен қамтамасыз етілетін ең аз мөлшердегі қорлармен жоғары нәтижелікке жету.
Осындай көзқарастардың арқасында қаржылық қорлардың қажеттіліктерін қысқартып, тәуекелділігін едәуір азайтуға болады.
Шындығына келгенде, табыс баспагерлердің кәсіпкерлік процестің барлық қалған элементтерін қозғалысқа келтіре білуі мен дарындылығынан басталады.
Қазіргі заманғы теорияларында баспа ісі кәсіпкерлігі 7 концепцияға бөлінеді. Олардың әрқайсысы мектеп болып табылады және баспагер мен кәсіпкерлік процеске өздерінің түсініктемелерін береді. Оларға жататындар:
- Кәсіпкерліктің жеке тұлғалық қасиеттерді бағалау ұстанымындағы мектебі;
- Кәсіпкерліктің психологиялық мектебі;
- Кәсіпкерліктің классикалық мектебі;
- Кәсіпкерліктің жетекші ұстанымындағы мектебі;
- Кәсіпкерліктің ішкі мектебі;
- Кәсіпкерліктің маркетингтік ұстанымындағы мектебі;
- Кәсіпкерліктің менеджменттік ұстанымындағы мектебі;
Баспаның дамуының әртүрлі сатылары; бастама, кітап бизнесінің пайда болуы, кемелдену мен өсу сатылары кәсіпкердің мінез-құлқы мен қасиеттеріне әртүрлі талап қояды.
Кәсіпкерлікті қоғамның экономикалық дамудың негізгі факторларының бірі ретінде қарастыратын экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі экономиканың осы секторындағы басқару жүйесінің тиімділігін объективті бағалауға мүмкіндік беретін тиісті методологиялық және әдістемелік база құруды талап етеді. Бұл зерттеудің концепциялық негізі оны кәсіпкерлік-жүйелік тәсілдің принциптері негізінде күрделі жүйе ретінде қарастыру болып табылады. Жүйелік тәсілдемеге сәйкес кез-келген жүйе, соның ішінде кәсіпкерлікті басқару жүйесі де бірқатар белгілермен сипатталады. Жүйені қалыптастырушы маңызды қасиеттерінің бірі – байланыстылық пен тұтастылық, Байланыстылық дегеніміз – жүйені физикалық немесе концепциялық түрде бір-біріне өзара тәуелді көптеген элементтердің тұтастығы ретінде қарастыру. Тұтастық дегеніміз әрбір элементтің, оның қасиеттері мен қатынастарының жүйедегі орнына тәуелді болуын ғана емес, сонымен бірге тұтас бірыңғай мақсаттардың бар екендігін де білдіреді. Кәсіпкерлікті басқару жүйесін құра отырып, басқарудың барлық деңгейінде бизнесті қолдайтын тиісті инфрақұрылым құру арқылы кәсіпкерлік қызметті жандандыруды мақсат етіп отырмыз. Кәсіпкерлікті басқаруда жүйені құраушы элементтер ретінде кәсіпкердің өзін және басқару объектісі ретінде кәсіпорынды құруға және жұмыс істеуге қажетті қорларды айтуға болады.
1.3.Баспа ісіндегі маркетинг
Баспа өнімін таратудың тиімді жолдарының бірі кітап маркетингі болып табылады. Рухани азықты тарату саласында социологиялық немесе аудиториялық маркетинг жүргізеді.
Біріншіден, маркетингке тоқталатын болсақ, маркетингті басқару – бұл табыс тобы, өткізудің көлемін өсіру, нарық бөлігін жоғарылату сияқты баспаның алдына қойған мақсаттарына жету үшін мақсатты сатып алушылармен пайдалы алмастыруларды белгілеу, нығайту және қолдау шараларын талдау, жоспарлау және оларды жүзеге асруды бақылау. Маркетингті басқарудың басты міндеті – сұраныстың деңгейіне, уақытына және сипаттамасына әсер ету арқылы мекеменің алдына қойған мақсатына жетуіне көмектесу. Жәй айтқанда, маркетингті басқару – бұл сұранымды басқару.
Баспа өз тауарының сұраным деңгейі туралы ұсыныс дайындайды. Әрбір бөлек алынған кезеңде нақты сұранымның деңгейі тілекті деңгейден төмен, оған сәйкес, не одан жоғары болуы мүмкін. Осы жағдайлардың бәрінен де маркетингті басқару байланысты түрде болады. Маркетингті басқарушылар – бұлар маркетингтілік жағдайларды таңдайтын, белгіленген жоспарларды іске асыратын, не бақылау функцияларын орындайтын фирмалардың лауазымды адамдары. Бұларға өткізу қызметінің басшылары және жәй қызметкерлер, жарнама қызметінің басқарушылары, өткізуді ынталандыру мамандары, маркетингті зерттеушілер, тауарды басқарушылар және баға белгілеу проблемасының мамандары жатады.
Сұраным жағдайы және осы жағдайға байланысты маркетингтің міндеттері.
- Теріс сұраным. Егер нарықтың көпшілік бөлігі баспаның белгілі бір тауарын ұнатпайтын болса және оны пайдаланбайтын кейбір шығындарға да келетін болса, нарықтағы сұраным теріс жағдайда деп саналады. Мұнда маркетингтің міндеті – нарықтың тауарды неге ұнатпайтынын талдау немесе тауарды қайтадан өндеу, бағасын төмендету және ынтыландыруды активтендіру сияқты маркетингтік бағдарламалар арқылы нарықтың тауарға деген теріс көзқарасын өзгеру мүмкіндігін қарастыру.
- Сұранымның жоқтығы. Мақсатты тұтынушылардың тауарға деген құштарлығы жоқ не парықсыздық көрсету. Маркетингтің міндеті – кітапқа тән пайдалы жақтарын адамдардың табиғи тұтыныстарымен, рухани қажеттіліктерімен байланыстыру жолдарын іздеу.
- Жасырын сұраным. Сатып алушылардың көпшілігін нарықтағы бар тауарлармен қанағаттандыру мүмкін емес. Сонда олар басқа тауарларға құштарлық танытуы мүмкін. Маркетингтің міндеті – потенциальды нарықтың мөлшерін бағалау және сұранымды қанағаттандыратын тиімді тауарларды шығаруға септігін тигізу.
- Құлдыраушы сұраным. Ерте немесе кеш кез-келген баспа өзінің бір немесе бірнеше кітаптарына сұранымның құлдырауына кез келеді. Нарық қайраткері конкуренттің төмендеу себептерін талдап және жаңа мақсатты нарықтарды табу, тауар сипаттамаларын өзгерту және тиімдірек коммуникация болдыру арқылы өткізуді қайтадан ынталандырудың жаңа жолдарын іздейді. Маркетингтің міндеті – тауарды ұсыну жолдарын қайтадан өнерлі түрде ойлау арқылы сұранымның құлдырауын тоқтатып, қайта жандандыру.
- Жүйесіз сұраным. Көптеген баспалардың тауарларын өткізу мерзімі күнде, тіпті сағат сайын да өзгеріп отыратындықтан, жұмыс кейде артық кейде кем басу проблемалары туындайды. Бұл жағдайда маркетингтің міндеті – сұранымның уақыт бойынша өзгеру айырмашылықтарын, өзгермелі бағаларды, ынталандыру шараларын және басқа да әдістерді пайдаланып, бәсеңдету.
- Толық бағалы сұраным. Толық бағалы сұраным деп баспа өзінің сауда айналымымен қанағаттанған кезін айтуға болады. Маркетинтің міндеті – тұтыныстың ұнатушылығының өзгермеуіне, бәсекелестіктің шиеленісуіне қарамастан, қол жеткен өткізу деңгейін ұстау. Баспа өз тауарының және қызметкерлерінің сапаларына қамқорлық жасаумен қатар, өз жұмыстарының дұрыс бағытта екенін біліп отыру үшін, тұтыныстың қанағатты деңгейін тұрақты түрде өлшеп отыруы қажет.
1.4. Бизнес жоспар
«Тамыр» баспасы |
Құрылтайшы н/е Директоры |
Есеп бөлімі |
|
Басқару менеджменті |
|
Баспа маркетингі |
Қаржы қоры |
|
Өнім шығарушы қызметкерлер |
|
Жарнама бөлімі |
Қаржылық жүйе
Баспаның қоры 15 млн. теңге
Қаржылық шығындар /жылдық есеп/ – 30%
Оған жататындар: Жарнама — 7%
Жалақы – 10 %
Ынталандыру – 4 %
Шикізат – 3 %
Өнім шығару – 60 %
Оған жататындар: Пайда – 55 %
Таза пайда – 53 %
Акция – 3 %
Сақтандыру шаралары – 10 %
Бағаның ауытқуы – 5 %
Басқа да қажеттіліктер – 5 %
Қайтарым – 16 %
ІІ – ТАРАУ. КІТАП САТУ ІСІН БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. Кітап саудасы, баспалардың өз өнімдерін таратуы
Кітап саудасы жөнінде білім жүйесін зерттегенде кітап өнімін тауарлық құнын ғана емес, тұтыну құнын бірге қарастыру керек. Бұл киер киім, ішер ас емес, сонда да адам болып қалыптасу мен өсіп-толу үшін бірден-бір азық.
Кітапты тауарға айналдырып саудалау оның сонау папирус бумасы, күйдірілген балшыққа, тақтайға не қайың қабығына жазылған түрлерінен басталған. Жоғарыда аталған бабаларымыз жасаған жазуы бар тас ыдыс құжаттар да су тегінге түспегені анық. Қолжазба кітапты көшіретін орын даяр өнімді, яки қолжазба кітапты сататын дүкен де болған /7/.
Көне гректер кітап сатушыны «библиопал» деп атапты. Осы сөзден француз кітаптанушысы Г.Пеню «Библиология жөніндегі түсіндірме сөздік» (1802-1804) деген кітабында «библиополистика» атты термин туғызған.
Кітап саудасының ерекшелігі оның атында емес, затында. Атына қарап бұл саланы шаруашылық мекемесіне жатқызуға болатын еді. Рас, шаруашылық мекемесіне, жалпы сауда жүйесіне елдегі сауда айналымына тіке қатысы жоқ емес. Бірақ, шын мәнінде бұл сату жолымен кітап тарататын ағартушы жүйе.
Кітап саудасын идеялогияға жатқызу Кеңес кезіндегі ресми құжаттарда анық көрсетіліп отырды.
Халықтың кітапқа деген өскелең тілектерін өтеу, қанағаттандыру жолдары, кітап саудасы жүйесін маман кадрлармен қамтамасыз ету, баспа, полиграфия мен кітап саудасы араларындағы байланысты жолға қою. Кітап дүкендерінен тыс сауда нүктелерін құру, қоғамдық кітап таратушылар қатарын көбейту кітап саудасының материалдық-техникалық базасын нығайту сияқты іргелі міндеттер қай қоғамның да тұсында күн тәртібінен түспек емес.
Республикамыздың тәуелсіздік алғаннан кейінгі жерде кітап саудасы саласында да ойластырылатын мәселе жетерлік. Қазіргі Қазақстан баспа орындары кітапқа деген сан қилы сұраныстарды толық өтей алмайтыны түсінікті.
Одақ кезінде Қазақстан кітаптарына деген сұраныс жылдан-жылға артып отырды. Оны қанағаттандыру мақсатында «книга-почта» атты республикалық кітап дүкені жұмыс істеді. Ол Ресей, Орта Азия, шетел оқырмандарына тілеген кітаптарын жеткізіп беруіне қол жалғап отырды.
Сауда деген аты болмаса, кітап тарату ел мәдениетінің шешуші көрсеткішіне жатады. Кітап саудасы мекемелері баспа өнімдерін таратқандары үшін тиісті ақы алады. Бұл ақы алыс-жақындығына қарай өлшенеді.
Кітапты халық арасына көптен таратудың бір түрі – жарнама.
Жарнама – ақпараттарды жоспарлап жинақтауда және әр кез шығармашылықпен келуде мамангер шеберлікті талап ететін коммерциялық жұмыстардың маңызды саласы.
Баспа ісіндегі жарнамалық технологиялар. Жарнаманың рөлі мен функциясы. Жарнамаға қатысты көзқарастарды бірнеше топқа бөлуге болады. Экономикалыцқ көзқарас бойынша жарнама тауарды сатуға, сұраныс туғызуға мүмкіндік беретін, тауардың тұтынушылық қасиеттері және қызметтері туралы ақпарат ретінде қарастырылады. Психологиялық көзқарас бойынша жарнама өнім өтілімін және оған деген сұранысты бағаға қатыссыз реттеу, сондай-ақ халыққа тауар туралы мағлұмат беру, онымен таныстыру, сатып алуға иландыру керек дегенді білдіреді. Ақпараттық көзқарас жарнаманы тұтынушылармен байланыс кезінде қоғамдық қажетті функцияларды орындайтын қоғамдық жүйе ретінде қарастырылады.
Әлеуметтанушылық көзқарастық бойынша жарнама белгілі бір қоғамдық құрылымның бұқаралық санаға әсер ету үшін тарататын арнайы ақпарат құралы болып табылады.
Ал, әлеуметтік мәдениеттанушылық көзқарасқа сәйкес жарнама экономикалық реттеу тетігі ғана емес, қоғамды әлемнің белгілі бір картинасымен, құндылық бағыттарымен қамтамасыз ететін қоғамдық желінің бірі. Жарнаманың мақсаты жаңа өнім туралы хабардар ету, нарыққа қозғау салу, өнімді өткізу, ықтимал клиенттің назарын аудару – осы аталған анықталғанға сәйкес жарнама қоғамдық өмірде түрлі міндеттер атқарады: экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық, психологиялық, эстетикалық.
Жинақталған тәжірибені қорыта келіп, жарнамаға мынадай анықтама беруге болады:
Жарнама – тауар туралы немесе қызметтер жөнінде ақпарат беру, көрсетілген қызметтердің тұтыну қасиеттерін коммерциялық тұрғыдан насихаттау, сөйтіп оқырманды іскеру байланысқа әзірлеуді білдіреді.
Жарнама сипаттамасы неғұрлым толық болу үшін оның мынадай ерекшеліктерін ескеру керек:
- Жарнама нақты адресатқа бағытталады; алдын-ала төленген орынға қойылады, (баспасөз) немесе белгілі бір уақытта беріледі.
- Жарнама көп функциялы құрылыс ретінде көрінеді. Ол қаржыны шашуға немесе керісінше жинақтауға себеп бола алады. Бұл орайда аудиторияның ерекшелігі немесе түрткі болған себептің мәнді-мәндіздігі есепке алынбайды.
- Жарнама орасан зор пайда әкеле алатын немесе орны толмас шығынға әкелетін құрал. Сондықтан да оның соңғы нәтижесін құрау қиын.
Жарнаманың қолдану аясы кең. Жеке кәсіпорындарда оның жағымды бейнесін қалыптастыру, өзіндік ерекшелігі бар нақты орынды белгілеп көрсету, қызмет жөнінде ақпарат тарату, жекеленген акцияларды көрермен назарына жеткізу үшін қолданылады.
Жарнаманың функциялары. Коммерциялық саясатта ерекше орын ала отырып, жарнаманың сұранымды қалыптастыру және ынталандыру сияқты күрделі міндетті жүзеге асырады.
Жарнаманы сондай-ақ көрсетілген қызметтер мен осы салада ұсынылатын идеяларды тұтынушылардың мұқтажы мен талап-тілектері тіліне аударатын, мақсат тұтатын коммуникация саласы деп сипаттауға да болады. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген жарнамалар әрқилы зерттеу жұмыстардың, стратегиялық жоспарлардың, шешімдер мен нақты іс-қимылдардың ақтық көрінісі болып табылады. Бұл аталған шаралар жиынтық түрде жарнама үдерісін білдіреді.
Жарнама қоғамда белгілі экономикалық функция атқарады. Себебі, жарнаманың өзі экономикалық құбылыс болып табылады. Өндіруші немесе тауар сатушының аллдындағы экономикалық міндеттерді жүзеге асырады. Тұтынушы қабылдайтын экономикалық шешімдерге әсер етеді. Сөйтіп, экономикалық жүйенің ажырамас бөлігі болып табылады. Дамыған индустриялы елдерде жарнама нарықтық қатынастар құралы емес, сондай-ақ экономиканың аса елеулі саласы болып табылады. Жарнаманың экономикалық функциясы тауар немесе қызмет туралы хабар тарату, олардың танымалдылығын арттыру, сұраныс пен тауар айналымын өсіру, тұтынушының негізгі бөліктерінің назарын мақтап жатқан өнімге аудара отырып, жарнама тұтыну деңгейінің артуына жәрдемдеседі. Жарнамаға елеулі қаржы бөлетін экономика секторының жағдайын жақсарта отырып, ол тұтынушылар шығынның оңтайлы бөлігіне ықпал етеді.
Жарнаманың өзі комминикацияға қатысатын жарнама берушінің БАҚ-тың, тауар және қызмет тұтынушыларының бәріне нақты бір экономикалық пайда әкеледі.
Жарнама:
- Өндіріс пен сауда саласын тұтынушыға қажетті пайдалы ақпаратпен қамтамасыз етеді;
- Тауар маркасының өміршеңдігі мен танымалдылығын қолдап отырады;
- БАҚ тіршілігінің ең маңызды көздерінің бірі болып табылады;
- Жұмыс орындарының ашылып, халықты еңбекпен қамтылуына жағдай жасайды;
- Жаңа өнімдерімен бірге жаңа ғылым мен білім дамуына себепкер болады.
Жарнаманың өзі бизнестің белгілі бір саласы болып табылады. Осы салада жұмыс істейтін кәсіби мамандар, сондай-ақ іргелес салаларда жұмыс істейтін қызметкерлер үшін табыс көзі саналады. Жарнама – БАҚ-тың экономикалық әл-ауқатының қайнар көзі. Қоғамдық өмірдің сауда экономикалық және өзге салалары арасындағы өзара тиімді байланыстарды қамтамасыз ете отырып, жарнама экономиканы дамытатын тұтқалардың бірі болып табылады.
2.2. Баспа менеджменті
Бүгінгі жастардың әдебиетке ынтасы мен қаламгерліктің болашағы жайында Қазақстан Республикасының Президенті: «Жастар мен қаламгерлер ендігі жерде үкіметке иек арта бермей ширасын, іс көзін білгендері кәсіп қылсын, пайдаға кенелсін дегенмін. Нәтижесі қандай?
Қазір мемлекеттік баспадан жеке меншік баспалардың саны артты. Шығарған өнімдерінің саны көңіл қуантады. Көбі халықаралық кітап жәрмеңкелерінен жүлделі орындарға ие болып жүр. Ақын-жазушыларымыздың да көп томдық шығармалары сол жекеменшік баспалардан шығарылып жатыр. Екі жаққа да тиімді. Ендігі қалғаны тек жақсы жазу. Кітабыңды оқушы қолына шырақ алып іздеп жүріп оқысын. Баспалар арнайы тапсырыс берсін. Міне, нарықтың алпауыт көмейіне сіз өз талантыңызды, өз еңбегіңізді осылайша көлденең қойыңыз. Ал, уақытша көз алдаған күлдібалам дүниелер ертең-ақ өзді-өзіне үкім кеседі. Қазақ мұны, «шолақ сайдың тасығаны өз соры, жықпыл-жықпылға сіңіп өзі жоғалады» дейтін /8/.
Қазір нарық заманында кітап сату ісін пайда мен рухани азық ретінде көре аламыз. Теориялық тұрғыдан, практика жүзіне алып қарағанда баспа өнімі арқылы да пайда табуға болады. Бұл сөздер еліміз тәуелсіздік алғанда тосын көрінгенмен, қазір өз болашағын көрсетіп келеді. Ел президентінің сөзінде де көрсетілгендей ақиық ақындар мен шоқтығы биік жазушылар да өз туындыларын жекеменшік баспалардан шығаруды жөн көреді. Яғни, келісім шартқа отырасыз, шығарылуына ақша бересіз, кейін сіздің танымал шығармаңызды тауып оқитын тұтынушылардан түскен қаражаттан қомақты сыйақы аласыз. Бұл қолына қалам ұстаған барлық ақын-жазушылардың нарық заманына бейімделгені болып тұр.
Алайда, таяқтың екі ұшы болады немесе күнгейлі беттің көлеңкелі тұсы да болады демекші сауданың да қазіргі еліміздегі нарық заманына кемшін тұстары болып жатыр.
Баспа көбейгенмен кітап саудасы әлі бір жүйеге түсер емес.
Кітап саудасын нарықтың өзі реттеуі қажет.
«Кітап неге барлығы екі-ақ мың данамен таралуы тиіс? Біздің республика сияқты кітаппен сусындап қалған байтақ елгі, әлбетте, бұл аздық етеді. Қазақ мектептерінің саны жыл санап көбейіп келеді, жоғарғы білім беретін оқу орындарының саны да артып келеді. Қаншама кітапхана жөнге келтіріліп, қаншасы ашылды. Егер әр балабақша, мектеп, жоғарғы оқу орны, кітапхана әр жаңа кітаптан бір-бір данадан алатын болса, қазақ кітабының таралымын бір-ақ күнде көкке шығармай ма? Ол үшін шығарған, оқырманға ұсынып отырған кітабыңның көркемдік құндылығы мен сапасы өз дәрежесінде болуы керек. Мәселен, баспагерлердің өздері бас қосып, кітап тарату ісімен шұғылданатын орталықтандырылған бір бірлестік неге құрмасқа? Іс көзін осылай заман талабына сай үйлестіре білсек қана ол оңға басатын болады» /9/.
Бұл нені білдіреді? Елбасының сөзі барша баспагерлерге нұсқаушы болып тұрғаны айтпаса да түсінікті. Яғни, кітап тарату ісін мемлекеттің мойынына ілуді ойламай кітап саудагерлері шығарылған өз өнімдерін қалай тиімді сатудың жолын қарастыру керек. Мысалы, Қазақстанда, 168 мыңнан астам жоғары оқу орны бар. Оған балабақшалар мен кітапханаларды қоспағанның өзінде 500 мыңнан астам қазақ орта мектебі де заман талабына сай білім берумен шұғылданады. Сондықтан кітап тарату ісі мен пайда көзінен де маңызды мәселе жастардың білім мен рухани байлығы, ұлттық болмысы, көзі ашық, көкірегі ояу ел болашағы болар азаматтар мен азаматшалардың қамын да ойлаған жөн. Баспагерді мен өз жұмысымда көбіне кәсіпкер деп заман талабына сай атағанды жөн көрдім. Осы кәсіпкерлеріміз өз қалтасымен қатар ұлттық елдің болашағын ойласа көп пайдаға кенелер еді деген ой туындайды.
Кәсіпкерлер кітап саудасын өркендету үшін алдымен мынандай негізгі шарттарды ескергені дұрыс:
- Барлық баспа өкілдері бір орталыққа бағынып, білімге шөлін қандырғысы келетін қанша оқырман бар, қайсысы қандай саланы көбірек меңгеруді қалайды?
- Кітап маркетингін анықтау.
- Сатылымға түсетін кітапты сапалы етіп шығарудың жолы мен қаражатын жоспарлау.
- Өнім шығарылмас бұрын өткізудің тиімді жақтарын іздестіру. Жарнамалық акциялар мен кітап жәрмеңкелеріне сигналдық нұсқаларды қою.
- Баспасөз беттері мен телеарналар арқылы ток-шоу ұйымдастыру. Кітап саудасының бүгінгі бағындырған белестері мен таңғажайып әлемдерін көрермен мен оқырман қауымға уақыт оздырмай таныстыра беру.
Басқару түрлері басқару объектілердің ерекшелігіне сәйкес. Ал ол үшін басқару жетекшелерін жүйелерін іске асырумен бірге ең басты (потенциялы) объектіні де есте ұстаған жөн немесе белгілі бір уақыт ішінде өмір сүріп келген объектілердің басқару жүйесін пайдалану. Осыған байланысты баспа менеджментінің мақсатын түсіну үшін оның түрлерін жіктеп көрейік.
2-кесте. Баспа менеджментінің түрлері
Қоршаған ғаламның құрамдастығы |
Басқару түрлерінің нысандары мен салалары |
Түрлі басқарудың ғылыми зерттелуі |
Өлі табиғат |
Өлі нысандарды басқару, техникалық-технологиялық басқару |
Техникалық
|
Тірі табиғат |
Тірі табиғаттағы басшылық- биология-лық жүйелер және организмдердің өмір-шеңдігі, өмір сүру қабілеті |
|
Адамзат қоғамы |
Адамзат қоғамындағы басшылық, қоғамдық басқару |
Қоғамдық |
Таблицадан көргеніміздей, техникалық басқару өзінше (техникалық ғылымдар зерттейді), биологиялық басқару өзінше, қоғамдық басқару өзінше зерттеледі. Қоғамдық басқаруда тек адамның басшылығы мен ғана жүзеге асады. Сонымен бірге, осы басқару, мемлекеттік, әскери, экономикалық, өндірістік, өзін-өзі басқару болып бөлінеді.
Жиырмасыншы ғасыр – басқару ғылымында эволюциялық басқаруды алып келді. Практикалық проблемаларды шешудегі қажеттілік, атап айтқанда өндіріс аумағындағы басқарудың ғылыми зерттелуіне әкелді. Басқарудың теориялық жүйесінің тәжірибесі он тоғызыншы ғасырда Англияда пайда болды. «Өндіріс пен машина экономикасы» деген оқулығын Англияның инженері, математика профессоры және кәсіпкері Ч.Беббидж жазды. Ал Ұйымдастыру мектебінің негізін американдық Ф.Тейлор деген азамат қалады. Ұйымдастыру менеджменті саласында өзіндік айрықша еңбегімен Г.Эмерсон «Өнімділіктің 12 принциптері» атты еңбегінде ол ең алғашқы болып еңбек өнімділігін арттырудың негізгі бағыттарын белгілеп берді. «Manage» — сөзі ағылшын тілінен аударғанда – басқару, жетекшілік ету, меңгеру, орналастыру, қулық, құтылып кету т.б. осы текстес сөздердің жиынтық мағынасын білдіреді деуге болады. Ал өндірістегі «менеджмент» сөзі басқару сөзімен ғана байланысты.
«Менеджмент» сөзі қоғамдық басқарудың синонимі ретінде қарастырылады. Өйткені техника-технологиялық және биологиялық басқаруда қолданылмайды. Бұлар үшін реттеу, өзін-өзі реттеу, гомеостаз, қадағалау т.б. сөздер қолданылады.
Баспа менеджменті бұл – қоғамдық басқарудың бір тармағы. Дегенмен бұл түсініктің әр түрлі қырлары бар.
Бірінші ерекшелік – ұйымдық құрылымы. Негізгі проблема: Баспаның ұйымдастыру формасы мен құрылымы қандай болуы керек? Баспа қандай ұйымдық құрылымды таңдайды? Отандық және шет елдік тәжірибедегі нақты істер қазіргі баспаға сай келе ме?
Екінші ерекшелік – атқару қызметі. Баспа менеджменті жалпы да жалқы да қызмет істейді. Жалпы қызметі – сыртқы ортаның әсері (нарық, рынок). Яғни, баспаның жетекшілігінен тәуелсіз қызмет. Бұл дегеніміз – нарықта алдын-ала болжау, жоспарлау, ұйымдастыру, қызметкерлерге жетекшілік ету, маркетинг, есептеу және қадағалау функциялары. Ал, жалқы қызметіне жататындар әр түрлі жұмыстардың міндеттері мен құқықтары, баспа бөлімдерін реттеу болып табылады.
Үшінші ерекшелік – баспа менеджменті басшылық қызметінің синонимі десек те болады. Бұл жерде басшыларды жетекші күш «локоматив» деп қарастырған дұрыс. Басшылардың кәсіптік деңгейіне байланысты. Бүкіл баспа қызметі өзінің өміршеңдігін көрсете алады. Баспа қызметінің жетекшісі, ұйымдастырушысы білгір басшы, психолог, заңгер, саясаткер, социолог, педагог, білікті кәсіпкер болғанда ғана баспа ісінің жұмысы ерекше қарқынмен дамиды. Осы жетекші рөлдер жоғарыда айтылған әр салада білімдарлықты, көрегендікті талап етеді. Баспа құрылымы неғұрлым аз болған сайын, баспа менеджерінің әр саладағы қызметі арта түседі. Баспа жетекшілігінің қызметі ғылыми ізденістердің бастау алар көзінде отырып басқаруды ғылым ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді.
Төртінші ерекшелік – баспа менеджменті басқару тетігінің кәсіптік қызметін де білдіреді. Бұл дегеніміз – еңбекті ұйымдастырудың үш түріне – еңбек құралдары, еңбектің қаржысы және адам факторлары болып табылады. Ал баспа менеджментінде «Еңбек» ұғымына қызметкерлерді таңдау, оларды орналастыру, мамандардың кәсіптік деңгейін көтеруге, жетекші кадрлардың қызметін ұйымдастыруға, ақпарат көздерін пайдалануға, еңбекке баулу және үйрету, еңбек ақы төлеміне тығыз байланысты.
Бесінші ерекшелік – баспа менеджменті басқару процестерін де қамтиды. Олар қажеттілік және жетекшілік болып екіге бөлінеді.
Басқару негіздерінің барлық түрлерінде «адамзат системасында» ақпарат көздерімен құрылады. Баспа менеджментінің даму барысында әр түрлі әдістермен формалар шешімін тапқан мәселелерге көмектесіп отырады. Олар – экономикалық, өндірістік, финанстық, қоғамдық т.б. Сонымен бірге, есептеу, қадағалау, орындаған тапсырманы тексеру. Баспа менеджменті баспа ұжымдарының мақсатын белгілеу, практикалық жұмыстарды қадағалау болып табылады.
Алтыншы ерекшелік – баспа менеджменті ғылымға да, өнерге де қатысты.
Әрбір ғылым негізінің алғы шарты әдістеме немесе әдістердің системасы болып табылады. Басқару ғылымында жалпы әдістеме құралдары (анализ, синтез, индукция, дедукция т.б.) басқару менеджментінің функциясы мен құрылымдарын, ұжымдық жұмыстардың құрылымын зерттеуде қолданылып отырады. Басқару ғылымының тағы бір бөлігі белгілі бір басшының жиынтығы немесе теориясы – эпическая теория болып табылады. Ал, бір топ тәжірибесіне сүйене отырып шығарған теория-макротеория деп аталады.
Баспа менеджментінің тағы бір ғылыми әдісі – зерттеушілік әдіс. Ол ғылыми білімнің құралдарын, ғылыми ақпараттарды қолдана отырып белгілі проблемаларды шешеді. Әдістеме топтамасының теориясы (ақпарат теориясы, қызмет көздері, ұйымдастыру, басқару шешімдері т.б.) және әдістер баспа менеджментін ғылым ретінде қарастырады. Бұл ғылымның құрамды бөлігі болып, белгілі тәжірибе жиынтықтарының үлгілері болып табылады. Бұл үлгілер жеткен жетістіктерге негізделген. Баспа тілінде мұндай әдебиеттер «книга успеха» деп аталады. Бір өкініштісі, мұндай кітаптар бізде көп емес.
Сонымен баспа менеджменті ғылым ретінде — әдістеме тобы – теория-әдістеу – белгілі бір тәжірибелердің үлгілері деп білеміз.
Баспа менеджментің жетілдірудің қандай тәсілдері бар деген сұраққа тоқталар болсақ, олардың үш түрлі нұсқасы бар екендігіне көз жеткіземіз.
- Өзіндік болжау немесе өзін-өзі жетілдіру.
- Ақыл-кеңес беретін фирмалармен келісім-шартқа отырып, оларды жұмысқа тарту.
- Жоғарыда айтылған нұсқалардың ең тиімді элементтерін пайдаға асрыу.
Кез- келген баспа өз жұмысын нөлден бастайтыны белгілі. Кейбірі көп, кейбірі біраз өмір сүріп соңынан жабылып отырады.
Жалпы баспалардың өмір сүруін адам өмірінің үш кезеңмен салыстырып қарастыруға болады. Ол – балалық, бозбалалық, ержету (детство, юность, зрелость).
Байқап отырсақ баспалардың дамуында өз кезеңдеріне тән қиындықтары болады екен.
Балалық шақтағы қиындық – нарық заңдарын жақсы білмеу және қаражаттың жетіспеушілігі.
Бозбалалық кезеңнің қиындығы – берілген тапсырманы дұрыс орындамау, ұйымдастыру құрылымының кемшілігі, бухгалтерлік, финанстық есептеулердің дұрыс жолға қойылмауы. Баспа қызметкерлерінің авторлық құқығын жетік білмеуі.
Әріптестер арасындағы алауыздық, баспа қамынын емес өз қарақан басының қамын жеуден туатын келеңсіздіктер.
Ержету кезеңіндегі қиындық – баспаның даму кезіндегі түрлі қателіктер мен ауытқулар, әбес шешімдер, бәсеке кезінде пайда болған артықшылықтарды дер кезінде дұрыс пайдалана алмау.
Баспа менеджментінің басқару жүйесін жетілдіруде этаптан өтуге болады.
- Болжам жасау – бұл басқару проблемаларына тікелей байланысты.
- Көздеген мақсатқа жетудің ең тиімді жолдарын іздестіру.
- Озық тәжірибеге сүйене отырып оларды жүзеге асыру.
Осы үш этапқа байланысты шыққан инновациялық трениг деп аталатын технологиялық ұғым бар. Бұл ұғымның басты мақсаты ұйымдастырудың қоғамдық-психологиялық әдістерді түсіндіру.
Ұйымдастыру құралы болып табылатын тренингке не кіреді? Ең бастысы жұмысшы топтарын баспа қызметкерлерінің өз ішінен құру. Бұлай ету баспаның проблемаларын дұрыс, тиімді шешу. Менеджментте «Шешімді бірлесе отырып қабылдау және оны жүзеге асыру әдістері» деген қағида осы ұйымдастыру құралына байланысты қарастырылады /10/.
Қоғамдық психологиялық әдіс-тренингтің сәтті өткізілуін қарастырады. Жұмысшы топтардың арасындағы келісімді атмосфера болу үшін тренингті жұмыс үстінде немесе жұмыстан тыс өткізуге болады.
Психологиялық әдіс-тренинг өткізуші оқушыға тікелей байланысты. Консультант тренигке қатысушылардың шешімі қиын проблемаларды жүзеге асыруда өз белсенділігін арттыру үшін ынтасын тудыруы керек.
«Басқару өнерінің ең биік шыңы – кадрлардың ерте қартаюын болдырмау», — дейді Наполеон. Бұл жерде ұлы қолбасшы кадрлардың кәсіби қартаюын еске салып отыр. Кәсіптік қартаюдың себептері мен салдарына тоқтала кетсек төмендегідей болып шығады.
Белгілері |
Себептері |
Кәсіптік білімнің қартаюы. |
Білімін толықтырмау, ізденбеу, ары қарай оқудың мәнісін түсінбеу. |
Кәсіптік жағдының тоқырауы. |
Кәсіби дағдыны толықтыруды тоқтату. |
Жаңа проблемаларды ескі тәжіри-белер аясында шешуге тырысу. |
Іс жүргізу, жұмыс істеу әдістерінің тоқырауы. |
Іскер жұмысшы-қызметкерлердің кәсіптік деңгейінің көтерілуі төмендегідей тиімділікке әкеледі.
Тәжірибе алмасудағы тиімділік – бұл дегеніміз оқу процесінде қызметші өзін толғандырған проблемалардың шешімін табады.
Білімді толықтыру, кәсіби дағдыны көтерудегі тиімділік: оқып үйренуге дейінгі жетістіктерге қосылған қомақты білім.
Білім мен кәсіби дағдыны жаңартудағы тиімділік – бұрынғы білім мен кәсіби дағды екінші кезекке шығады да, бірінші кезекке осы заманғы проблемаларды шешетін жаңа білім сапасы келеді.
Жаңа көзқарас тиімділігі – басқару әдістеріне, бөлім жұмыстарына іс жүргізудің жаңа өзгерістерін әкеледі.
Кәсіби дағды мен білімін көтеру тиімділігі кейбір толықтай жатқан кәсіби дағды мен білім жүйесі жетілген қалыпта дүниеге келеді.
Осы тиімділіктің бәрі қосыла келе нағыз кәсіби жұмыстың биік шыңына шығады, бірақ кәсіби дағды мен білімді көтере беру тоқтамайды.
2.3. Кітап саудасы таралуын
жүйеленген нұсқа бойынша басқару
Жүйелі түрде сатылымға түскен туындылар тез өтетіні әлемдік тәжірибеде дәлелденген. Енді, баспа ісінен ілгері дамыған елдерді мысалға келтірейік. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Жапониядағы ең алғашқы кітап баспасын 1579 жылы итальяндық миссионерлер ашқан. Ал тағы бір деректерге сүйенетін болсақ, баспа станогы Жапонияға Қытайдан 1870 жылы әкелінген. Міне, осы кезеңнен бастап Жапонияда кітап шығару ісі қарқындап дами түскен. Өз технологиялық базасының жоғары деңгейде болу нәтижесінде Жапон полиграфиясы дүние жүзі бойынша бірінші орынды алады. Қазіргі кезде Жапонияда шамамен төрт мыңнан астам баспа үйі бар және олардың біразға жуығы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған. Бұл баспалардың көбісі Жапонияның ең ірі қаласы Токиода орналасқан. Жапониядағы кітап шығару ісінің бір ерекшелігі – ондағы баспалар кітаппен қатар әр түрлі мазмұндағы журналдар да шығарып отырады.
Жапонияда жылына шамамен 6,7 млрд. дана баспа өнімдерін шығарса, оның 500 млн. данасы тек қана кітап өнімдері. Баспа өнімдерін шығару ісі полиграфиямен айналысатын бес ірі ұйымдарға жүктелген. Жапон баспаларының тағы бір ерекшелігі – жылына 1,2 млрд. дана сатиралық журналдарын шығарады. Бұл журналдардың саны орташа есеппен әр адамға шаққанда 9 дана, ал әрбір жанұяға 27 данадан тиеді екен. ХХ ғасырдың орта шеніне дейін сатиралық журналдар тек балалар үшін шығарылса, қазіргі таңда мұндай журналдарға бүкіл Жапония халқы қызығушылық білдіреді. Сатира жанрындағы журналдар түрлі-түсті әрі көлемді болып шығады. Олардың әрқайсысы нөмірден нөмірге жалғасатын 10-15 түрлі қызықты оқиғалардан тұрады. Сатиралық журналдар оқырмандардың қызығушылығын оятатын өзінің мақсатты аудиториясын жинайды. Соңғы кездерде саясат, экономика, құқық, фантастика, роботтар өмірі туралы хикаялар, уфология, азарт ойындары тіпті порнография тақырыптарына арналған сатиралар мейлінше орын алған. Әсіресе, суретпен берілген материалдардың оқырман санасына тез «сіңетіндігін» есепке ала отырып, жапондық баспагерлер комикстер түріндегі кітаптарды шығара бастады. Жапон психологтары, тәрбиешілері мен зерттеушілерінің айтуы бойынша, комикстер ақпаратты «тақыр» мәтіндерге қарағанда өте жақсы жеткізеді. Жапондық Конституция баспа бостандығына толығымен кепілдік береді. Жапонияның қылмыстық кодексі мазмұны қалыптаспаған қоғамдық моральға қайшы келетін баспаларға тыйым салады. Жапонияда кітап баспасының өз баспаханасы болмайды және де олар шығарылған өнімнің таралуы жөніндегі мәселелермен айналыспайды. Осыған байланысты кітаптардың негізгі бөлігін дүние жүзіндегі ең ірі полиграфиялық ұйымдар («Дайниппон инсацу» және «Топпан инсацу») дайындайды. Баспаның 70 пайыздан астамы Ниппан және Тохан компаниялары көмегімен көтерме сауда жүйесі арқылы таратылады. Бұл компаниялар баспа өнімдерін өз кезегінде кітап сатумен айналысатын дүкендердің дамыған жүйесіне тапсырады. Қалған өнімдер оқу орындарына сату немесе почта арқылы таратылады /11/. АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франциямен салыстырғанда, Жапония әлемдегі ең ірі кітап импортерлерінің бірі болып саналады!
2.4. Кітапты насихаттаудағы маркетингтік жұмыс
«Дамыған елдердің қатарына өзіміздің төл әдебиетімізбен, мәдениетімізбен, тарихымызбен қосыламыз ба, әлде «аузымыздан сөзіміз…» түсіп, өзгенің жетегінде кетеміз бе?», — деп қауіп қылған қайраткерлер Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында бас қосып, бүгінгі күннің толғақты мәселелеріне талдау жасады. «Қазақ кітаптары әлемі» атты мамыражай атауға ие басқосу қазақ халқының рухани әлеміндегі кітап мәселелерінің көкейде жүрген аса түйткілді жайларын ортаға тастады. Басқосуға Қазақстан кітапханаларының директорлары мен қызметкерлері, Астана мен Алматы қаласының зиялы қауым өкілдері, жазушылар, студенттер, баспа қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Халыққа кітапханашылар Р.Бердіғалиева мен Б.Шаймерденованың айтқан мәселелері өзектірек, өтімдірек болды. Біз бүгінгі басқосудан қарапайым халықтың жалпылама жасанды ұраннан шаршағанын, одан гөрі, ел игілігі үшін нақты іс-шаралардың атқарылуын күтетінін, соны талап етуге алғашқы әрекеттер жасала бастағанын байқадық.
Бүгінгі таңда жарыққа шығып жатқан қазақ кітаптарының таралуы, насихатталуы, қолдану аясының тарлығы, оқу әдебиеттерінің сапасының жақсартылуы, олардың қазақ мектептерімен, балабақшаларында насихатталып, дұрыс таратылмауы, жазылып жарыққа шығып жатқан кітаптардың мән-мағынасының нашарлығы, интернет-дүкендерде қазақстандық кітаптар жайлы ақпараттың жоқтығы, кітап дүкендерінің барлығы ресейлік кітаптардың өтуіне үлес қосып отыруы – рухани өміріміздегі өзекті мәселелердің негізгілері. «Біз саралап қарасақ, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 15 жылдың ішінде 30 000-дай кітап шығыпты. Әрине, біз әр шыққан кітапқа қуанамыз. Бірақ бізде кітап мәселесі өте күрделі. Мәселен, Астанада елу шақты кітапхана бар. Оның ішіндегі кітаптарды бақылағанымызда, қазақ тіліндегі кітаптар мүлдем жоққа тән. Енді ғана қазақ тіліндегі кітаптар алына бастады. Расы керек, біз алғашында жан-жаққа «бізге көмектесіңіздерші» деген ұран жібердік. Бірақ жан-жақтан келген кітаптардың көпшілігі орыс тілінде. Келген 200 000 кітаптың он пайызы ғана қазақ тілінде», — дейді Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхананың директоры Р.Бердіғалиева. Ал академик Әбдімәлік Нысанбай ағамыз қазақтың рухани өміріндегі ғылыми кітаптар проблемасын тілге тиек етті. «Рухани өміріміздегі ғылыми кітаптарда ұрлық, қарақшылық деген жаман әдеттер кеңінен өріс алып кетті. Біреудің дүниесін ешқандай сілтемесіз, ешқандай анықтамасыз өз атынан пайдаланады. Өздеріне өздері рецензия, пікір жаза береді. Кандидаттықты, докторлықты немесе өзге атақты сатып алады. Біреудің бір кездегі қорғалған еңбектерін сатып алады да, мұқабасын ауыстырып қайта қорғай береді. Мұның бәрі біздің рухани деңгейіміздің өсуіне едәуір тежеу болып отыр», — дейді ашына. ҚР Ұлттық кітапханасының бас кітапханашысы Б. Шаймерденова баспалар мен кітапханалар және оқырмандар арасындағы әр түрлі проблемаларды жан-жақты ашып көрсететін кең көлемдегі баяндама жасады. Бас кітапханашы баяндамасында ол мәселелерді жеке-жеке атап көрсетті. Мәселен, «бюджеттен бөлінетін қаржының жеткіліксіздігінен баспалардан шыққан кітаптарды кітапхана қорына алу мүмкіндіктерінің аз екендігі, баспалардың жарнамасы жоқтығы, каталогтар шығарылмайтыны, баспалардың сайты, электронды адрестері жоқ екені, телеарналарда кітаптарды насихаттайтын арнайы телебағдарламалардың әлі күнге дейін ашылмауы, газеттерде кітаптардың сирек жарнамаланатыны, мемлекеттік тапсырыспен шыққан кітаптардың кітапхана қорына аударылу істерін де кедергілердің көптігі» секілді көптеген өзекті мәселелер айтылды. «Шаш етектен асатын проблемалардың шешілуі үшін не істеуіміз қажет?», — деген сұраққа келгенде кітапхана қызметкерлері өз ұсыныстарын да айтысты. Олар қазақ тілдегі кітаптарды, өзіміздегі баспа өнімдерінің жаңалығын толық қамтитын жарнамалық газет қажет, бұл істердің бәрін жүйелейтін орталық болса, тапсырыспен шығатын кітаптар жайлы ақпарат берудің жолдарын жақсартуға тиіспіз, қазақ кітаптары күні мерекесін арнайы белгілеу секілді біраз ұсыныстарды ортаға салды/12/.
Кез келген баспаның нарық экономикасына бейімделуінің бірден бір тетігі кітап тарату ісін дұрыс жолға қою болып табылады. Бұрын жоспарлы экономика жағдайында кітап нарығының инфрақұрылымы мемлекеттік көтерме кітап базарлары – кітап саудасы мекемелері мен кітап дүкендерінен құралды. Сұраныс, ұсыныс, еркін бәсекелестік сияқты нарыққа қатынасты ұғымдар ол кезде мүлде болған жоқ. Кітап саудасы мемлекет монополиясында болғандықтан, бәсекелестік пен тұтынушы сұранысын қанағаттандыру мәселелері туған жоқ, баспалар тақырыптық жоспарлары бойынша тапсырыстар қабылдап, басылымды шығару және таратуды ұзақ уақытқа жоспарлауды жүргізді; кітапқа тұрақты баға мен кітап тауарларын тасымалдау мен жеткізуге тұрақты тарифтер орнатылды; кітапты таратудың жазылу формасын көп қолданып, аннотация бойынша жұмыс істеу байқалды.
Қазақстандағы кітап ісінің нарық экономикасына бейімделе бастағанына да он жылдың жүзі бопты. Кеңес дәуіріндегі «Қазақкітап» мемлекеттік сауда мекемесінің қызметі бүкіл республика көлемін қамтыса, қазіргі ұсақ серіктестіктердің шамасы оған жете бермейді. Кітап бизнесінің жандануына әкелетін ең басты тетік кітап тарату мәселесін қолға енді ала бастаған көптеген баспалар мен фирмалар бұл істі заман ағымына сай жаңғырту үстінде. Бірақ, бар мүмкіндіктерін сарқа пайдаланып жатыр дей алмаймыз.
Қазіргі кезде кітап, газет, журналдар шығаратын баспалардың көпшілігінде жаңа нарықтық заманға сай жоғары білікті маркетинг пен менеджмент мамандарына деген сұраныс өсіп кетті. Газет-журналдарға қарағанда, кітап басу ісінде жарнама үлкен рөл атқармайды. Мұнда мүлде басқаша заңдылықтар байқалады.
2001 жылы Алматы қаласында «Книголюб» газеті дүниеге келді. Алғашқыда «Книголюб» газет ретінде тіркеліп, айына екі рет шығып отырды. Бүгінде ол түрлі-түсті мұқабалы, 2 мыңдық таралымы бар нағыз кітап шолушысы болатын журналға айналды. «Әйтсе де, басылымымыздың басты жетістігі бет саны емес, сыншы авторлар жиынымен бағаланады», — дейді журнал редакторы прозаик ақын, суретші, журналист Лиля Калаус.
«Книголюб» авторларының қатарында Гарольд Белгер, Виктор Бадиков, Вера Савельева, Гульмира Лутпанова, Людмила Сафронова, Аида Темирболат, Юрий Серебринский, Берик Джилкибаев, Райхан Бектемирова және т.б. секілді көрнекті қазақстандық сыншылар мен әдебиеттанушылар бар.
Әрбір санында көптеген кітап рецензиялары, 2-3 салмақты әдеби-сыни мақалалар басылады, «Біздің кітап», «Әлемді өзгерткен 100 кітап», «Кітаптар туралы тарих», «Жанр алгаритмі», «Әдеби сын», «Кітап өнері», «Қазақстан әдебиетінің тарихы», «Редактормен редактор ретінде сөйлесейік», «Тұлға», «Кітапхана» және т.б. тұрақты бөлімдері жұмыс істейді. “Бiз журнал бетiнде кiтап әлемiнiң барынша толық бейнесiн беруге, сонымен қатар Қазақстанда шыққан және шығып жатқан кiтаптар жайлы айтуға тырысамыз”, — дейдi журнал редакторы.
Бiздiң авторларымыздың қатарында, қазақстандықтар ғана емес, сонымен қатар, өзге елдердiң әдебиет сыншылары мен филологтары бар. Сонымен қатар “Книголюб” журналының өзiнiң сайты бар. Оған бiр айда шыққан 6-7 негiзгi материалдар басылады.
“Книголюб” журналы Қазақстанда шығып жатқан кiтаптарға кең ауқымды тоқталып отырады. Журналдың тұрақты айдарлары кiтап басу, әдебиет мәселелерiн көтередi. Журналдың “Редактор сөзi”, “Кiтап әлемi”, “Қазақстанның кiтап әлемi”, “Рецензиялар”, “Әдеби сын”, “Орыс әдебиетiнiң тарихы”, “Оқиға”, “Қазақ әдебиетiнiң тарихы”, “Балалар және кiтаптар”, “Тұлға”, “Кiтап өнерi”, “Қазақстандық әдебиет тарихы”, “Бiздiң кiтап”, “Естелiктер” секiлдi тұрақты айдарлары бар. Айдарлар тақырыбы ғана емес, мазмұны да өзектi, материалдары, дәйектерi тың, талдау жан-жақты. Алғашқы беттерiнде кiтап жарнамасына пара-пар ақпараттар берiледi. Мысалы: “Мамырдың кiтап рейтiнгiсi — редакция таңдауы” тақырыпшасымен бес кiтаптың суретi берiлген. Журналдың бесiншi бетi тұрақты түрде екi айдарға бөлiнген: “Алматы дүкендерiндегi сұранысқа ие кiтаптар және Алматы баспаларының жаңалықтары”.
Бiрiншi айдарда Алматы қаласының “Отбасы кiтап әлемi”, “Академкiтап”, “Экономик´С”, “Эпида”, “Эврика”, “Гулянда”, “Алматыкiтап” секiлдi iрi дүкен жүйелерiнiң аса үлкен сұранысқа ие болып отырған ең өтiмдi деген кiтаптары көрiнiс тапқан. Бұл жерден бүгiнгi әдебиеттiң де ахуалы байқалғандай. Өтiмдi кiтаптар орыс тiлдi басылымдар және шетел авторлары. Мысалы: Н. Перуловтың “Война мага” үш томдық кiтабы екi дүкеннен орын тапқан. Б. Акуниннiң “Инь и янь” кiтабы да осындай.
Екiншi айдары хабарламалық кiтап жарнамасына жатады. Себебi мұнда баспалардан шыққан жаңа туындылар тiзiмi берiледi. Әр санда әр қилы баспалардың өнiмдерiне тоқталады. Мысалы 2009 жылдың №77 санында “Раритет”, “Жiбек жолы”, “Өнер”, “Экономика”, “Алматыкiтап”, “Қазақ энциклопедиясы”, “Золотая книга” баспаларының өнiмдерiне, ал 2009 жылдың №77 санында “Кочевники”, “Алматыкiтап”, “Қазақ энциклопедиясы”, “Экономика”, “Жiбек жолы” баспаларының өнiмдерiне тоқталған. Қуантарлығы жаңа кiтаптардың көбiнде қазақ тiлдi басылымдар көптеп көрiнiс табады. Осы орайда “Книголюб” журналының еңбегi ерекше. Себебi жаңа кiтаптар туралы ақпарат тегiн және олар кез-келген Қазақстандық баспалармен жұмыс iстеуге даяр /13/.
“Книголюб” журналының соңғы №3 және №4 сандары нақты кiтап жарнамасына арналған. Жарнама берушiлер кiтап баспалары, кiтап сату дүкендерi, тiптi әдеби қорлар да бар. 2009 жылы шыққан журналдың №77 санында “Книголюб” сегiз кiтап ұсынған. Кiтаптарға шолу бiршама берiлген. “Искандер” баспасы да 8 кiтап жарнамаланған. “Отбасы кiтап әлемi” баспасы төрт кiтапқа шолу берген. Кiтап саны аз болғандықтан кiтаптың суретi үлкенiрек және безендiру анығырақ көрiнедi.
Осында “Аруна” баспасы да кiтаптарын тиiмдi орналастырып жарнамалаған. Нақты кiтаптарын көрсеткен. Сериямен топтап жарнамалаған. Ал, “Отбасы кiтап әлемi” дүкенi жаңа түскен кiтаптарын таныстырған демек, ол ақпараттық кiтап жарнамасы болып саналады. “Аруна” баспасының жарнамасы иландыру кiтап жарнамасына жатады. Көрсетiлген кiтаптар арқылы баспа туралы жағымды пiкiр қалыптастырған.
Соңында журнал редакциясынан алуға болатын кiтап пен журнал, альманахтың тiзiмi берiледi. Авторы, аты, толайым бағасы, бағасы көрсетiледi. Мысалы сол журналдың №77 санында жүзге жуық басылым тiзiмi келтiрiлген.
Жарнаманың сыртқы мұқабасы да жарнамаға пайдаланылған. “Жазушы” баспасының “Жазушының шығармашылық портретi” атты серияның кiтаптары жарнамаланған. Сериямен шыққан авторлардың толық тiзiмi берiлген. Ерекшелiгi түрлi түстi. Журналдың бiр санының өзiнде 200-ге жуық кiтап жарнамаланған. Сәл iлгерi жылжып сол жылғы (2008 ж.) №65 санына тоқталып өтсек, “Отбасы кiтап әлемi” 6 жаңа кiтабын таныстырған.
“Золотая книга” баспасы кiтап жарнамасына ерекше қадаммен келген. Жарнама мәтiнiн дұрыс құрған. Кiрiспе мәтiн, дәйектеме мәтiн, анықтама мәлiметтерi берiлген. Басты кiтаптарын бiршама үлкен көлемде көрсеткен.
Абай атындағы халықаралық клуб 200 томдық “Аманат” кiтапханасын ұсынған. Жаңа басылымдар жайлы айтып қана қоймай, болашақта шығатын кiтаптарын “Шығарылымға дайындалуда” айдармен берген ұранын да ұмытпаған. “Бiзбен бiрге жақсы кiтапхана жасақта!” /14/. Бүгiнгi жастардың әдебиетке ынтасы мен қаламгерлiктiң болашағы жайында Қазақстан Республикасының Президентi: “Жастар мен қаламгерлер ендiгi жерде үкiметке иек арта бермей ширасын, iс көзiн бiлгендерi кәсiп қылсын, пайдаға кенелсiн дегенмiн. Нәтижесi қандай? Қазiр мемлекеттiк баспадан жеке меншiк баспалардың саны артты. Шығарған өнiмдерiнiң саны көңiл қуантады. Көбi халықаралық кiтап жәрмеңкелерiнен жүлделi орындарға ие болып жүр. Ақын-жазушыларымыздың да көп томдық шығармалары сол жекеменшiк баспалардан шығарылып жатыр. Екi жаққа да тиiмдi. Ендiгi қалғаны тек жақсы жазу. Кiтабыңды оқушы қолына шырақ алып iздеп жүрiп оқысын. Баспалар арнайы тапсырыс берсiн. Мiне, нарықтың алпауыт көмейiне сiз өз талантыңызды, өз еңбегiңiздi осылайша көлденең қойыңыз. Ал, уақытша көз алдаған күлдiбалам дүниелер ертең-ақ өздi-өзiне үкiм кеседi. Қазақ мұны, “шолақ сайдың тасығаны өз соры, жықпыл-жықпылға сiңiп өзi жоғалады”, — деген /15/. Қазiр нарық заманында кiтап сату iсiн пайда мен рухани азық ретiнде көре аламыз. Теориялық тұрғыдан, практика жүзiне алып қарағанда баспа өнiмi арқылы да пайда табуға болады. Бұл сөздер елiмiз тәуелсiздiк алғанда тосын көрiнгенмен, қазiр өз болашағын көрсетiп келедi. Ел Президентiнiң сөзiнде де көрсетiлгендей ақиық ақындар мен шоқтығы биiк жазушылар да өз туындыларын жекеменшiк баспалардан шығаруды жөн көредi. Яғни, келiсiмшартқа отырасыз, шығарылуына ақша бересiз, кейiн сiздiң танымал шығармаңызды тауып оқитын тұтынушылардан түскен қаражат қомақты сыйақы аласыз. Бұл қолына қалам ұстаған барлық ақын-жазушылардың нарық заманына бейiмделгенi болып тұр.
Алайда, күнгейлi беттiң көлеңкелi тұсы да болады демекшi сауданың да қазiргi елiмiздегi нарық заманына кемшiн тұстары болып жатыр. Баспа көбейгенмен кiтап саудасы әлi бiр жүйеге түсер емес. Кiтап саудасын нарықтың өзi реттеуi қажет.
“Кiтап неге барлығы 2000 мың ғана данамен таралуы тиiс? Бiздiң республика сияқты кiтаппен сусындап қалған байтақ елге, әлбетте, бұл аздық етедi. Қазақстан мектептерiнiң саны жыл санап көбейiп келедi, жоғарғы бiлiм беретiн оқу орындарының саны да артып келедi. Қаншама кiтапхана жөнге келтiрiлiп, қаншасы ашылды. Егер әр балабақша, мектеп, жоғары оқу орны, кiтапхана әр жаңа кiтаптан бiр-бiр данадан алатын болса, қазақ кiтабының таралымын бiр-ақ күнде көкке шығармай ма? Ол үшiн шығарған, оқырманға ұсынып отырған кiтабыңның көркемдiк құндылығы мен сапасы өз дәрежесiнде болуы керек. Мәселен баспагерлердiң өздерi бас қосып, кiтап тарату iсiмен шұғылданатын орталықтандырылған бiр бiрлестiк неге құрмасқа? Iс көзiн осылай заман талабына сай үйлестiре бiлсек қана ол оңға басатын болады /16/. Бұл ненi бiлдiредi? Елбасының сөзi барша баспагерлерге нұсқаушы болып тұрғаны айтпаса да түсiнiктi. Яғни, кiтап тарату iсiн мемлекеттiң мойнына iлудi ойламай кiтап саудагерлерi шығарылған өз өнiмдерiн қалай тиiмдi сатудың жолын қарастыруы керек. Мысалы, Қазақстанда, 168 мыңнан астам жоғары оқу орны бар. Оған балабақшалар мен кiтапханаларды қоспағанның өзiнде 500 мыңнан астам қазақ орта мектебi заман талабына сай бiлiм берумен шұғылданады. Сондықтан кiтап тарату iсi мен пайда көзiнен де маңызды мәселе жастардың бiлiм мен рухани байлығы, ұлттық болмысы, көзi ашық, көкiрегi ояу ел болашағы болар азаматтар мен азаматшалардың қамын да ойлаған жөн. Баспагерлердi мен өз жұмысымда көбiне кәсiпкер деп заман талабына сай атағанды жөн көрдiм. Осы кәсiпкерлерiмiз өз қалтасымен қатар ұлттық елдiң болашағын ойласа көп пайдаға кенелерi де рас.
Ресми емес кейбір деректерге қарағанда біздің елімізде сатылатын кітаптардың 65 пайыздан астамы Ресейден әкелінетін көрінеді. Расында да оны кітап дүкендерінің сөрелеріне қарап-ақ аңғаруға болады. Олардағы көздің жауын ала әсем безендіріліп, сапалы қағазға бастырылған кітаптар негізінен сол Ресей баспаларының өнімдері. Ал қазақстандық кітап рыногының бұл орайда көш кейін қалып қойған жайы бар.
Бізде кітап саудасымен айналысатындар – негізінен кітап дүкендері мен көшедегі жайма саудагерлер. Бұл салада ірі саудагерлер аса көп емес және олардың 100 пайыз ашық жұмыс істейтіндігіне кепілдік те жоқ. Ал, жайма саудагерлер мен шағын дүкендердің қызметкерлері тауарды сырттан кеденнен тыс әкеледі: біреулері бері өткізу үшін пара берсе, екіншілері қапшықтары толы кітаптарын жеке мүліктері ретінде рәсімдеп өткізеді.
Қазақстандағы кітап рыногының ауқымына келер болсақ, оның айналымы шамамен 100-1200 млн. долларды құрайды. Оның 65 пайыздан астамы, жоғарыда атап көрсеткеніміздей, Ресейдің баспа өнімдерін өткізуден түседі. Ол елдің кітаптарын мұнда әкеліп сатудан түсетін пайда аз емес. Мәселен бізге әкелінетін кітаптардың бағасы сатып алушының қолына тигенінше 80 пайыздай көтеріледі. Бірақ, ондай көп табыс сатушының қолын майламайды, ол Ресей баспаларының негізінен солай сатылатын көтерме сауда бағасы мен Қазақстан дүкендеріндегі бөлшек сауда бағасы арасындағы айырмашылық қана. Ал, оны өткізуші еңбекақы, салық, орын ақысын және басқа төлемдер төлейді. Сонда көрші елдің қалтасына шамамен 50 млн. доллардай қаржы құйылады екен.
Қазақстанның Ұлттық кітап платасының деректеріне қарағанда, біздің республикамызда 150-ге тарта баспа үйі бар көрінеді. Сөйте тұра, жылына он атаудан да аз кітап шығарылады. Оларының таралымы да көбіне аз болып келеді. Ал, енді салыстырып көрелік. Ресейдің ірі баспасы ай сайын 500-ге арта атаулы кітап шығарады. Соның нәтижесінде, мәселен, өткен жылы оларда жалпы тиражы 700 млн. данамен 90 мың атаулы кітап шығарылған. Ақшаға шаққанда ол шамамен миллиард долларды құрайды.
Сонда біздің баспалар немен айналысады? Оның жауабын олардың газет беттеріндегі жарнамаларынан көруге болады. Ұсынатындары – буклеттер, визиткалар, журналдар, проспектілер және басқа баспахана қызметтері. Өйткені, кітап шығарумен айналысу – олар үшін тиімсіз. Өнімдері өтпей қалады.
Бүгінгі отандық кітап өнімдерінің негізі неден құралатынына келетін болсақ, оның қатарында оқулықтарды, фотоальбомдарды, анықтамалықтарды, ғылыми әдебиеттерді атауға болады. Дүкендерге түскен ондай өнімдерден оқулықтарды мектеп оқушылары мен студенттер, ғылыми әдебиеттерді саласына қарай мамандар таратып әкетсе, фотоальбомдарды сырттан келген шетелдіктер ескерткішке, мекемелер мен еңбек ұжымдары біреулерге беретін сыйлық ретінде алады. Ірі баспалардың негізгі тапсырыс берушісі – мемлекет, кейде өзінің тарихын кітап бетінде көрсеткісі келген кейбір ірі компаниялар да тапсырыс беріп жатады /17/. Қалай болғанда да бұл шаралардың барлығында баспада жұмыс істейтін менеджерлер мен маркетологтардың атқаратын жұмыстары екендігіне шүбә жоқ.
Кітап шығару ісінің келесі бір өзгешелігі – белгілі уақыттан кейін болашақ кітаптың құрылымына еш өзгеріс енгізуге болмайды. Өйткені жағдайда, кітап шығару ісінің белгілі бір кезеңдерін немесе бүтіндей процесті қайтадан бастауға тура келеді. Оның сыртында, артық шығын мен қосымша уақытты қажет етеді.
«Қазіргі қоғам кітап оқудан қалып барады» дейтін дабылдың бір ұшы отандық баспа нарығына да оңай тиіп тұрған жоқ. Оқырман кітап іздемесе, оны бастырып шығару немесе өткізе қою қайдан оңалсын? Ең бастысы отандық баспа өндірісі өз күнін қалай өткеріп жатыр?
Қазіргі елімізде 150-ге жуық баспа қызмет жасайды. Олардың басым бөлігі Алматыда орналасқан. Бұрынғы мемлекет қарауындағы сансыз баспалардың жоқ екенін ескерсек, кез-келген өнімді жарыққа шығару зор қаржы мен біраз тертөкпе жұмыстардың қолға алынуын күтері анық. Ал жеке-меншік деген бүгінгі баспалар ондай қиындыққа мойымаса да, төзумен келе жатыр. Әуелі автормен келісу, оған қаламақы төлеу, ақыры өнімді өткізудің өзі жүйесін таппай келеді.
Қазір жекеменшік баспалар көбейген сайын олардағы ішкі қызмет көрсету де дұрыс шешімін таппаған. Мәселен, қызметкерлерге жалақы тағайындау, автормен қарым-қатынас қалыптастыра білу және шығарылған өнімге деген сұраныстың артпауы негізгі түйткіл күйінде келе жатыр.
Бүгінде ең басты проблема – оқырманның кітап оқудан қол үзіп бара жатқандығы. Алайда, күнгейлi беттiң көлеңкелi тұсы да болады демекшi сауданың да қазiргi елiмiздегi нарық заманына кемшiн тұстары болып жатыр. Баспа көбейгенмен кiтап саудасы әлi бiр жүйеге түсер емес. Кiтап саудасын нарықтың өзi реттеуi қажет.
Біреулер кітаптың бағасы қымбат деп жатады. Шынына келгенде, кітаптың бағасы соншалықты қымбат емес, таралымы өте төмен болып тұр. Мемлекеттік тапсырыспен шығарылған кітаптар небәрі екі мың данамен шығады. Ал «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша шығып жатқан кітаптардың таралымы үш мың данадан аспайды. Яғни, республикадағы 11 мыңнан астам кітапханаға 1 данадан да жетпейді деген сөз. Бұл да біздегі кітап өндірісінің кешеуілдеп отырғанының белгісі. Бізде кітап шығару өндірісінде бір кітапқа кем дегенде 40-тан астам компонент керек. Қағаз, түптеме материал, мұқаба деген сияқты. Солардың біреуі де Қазақстанда өндірілмейді. Оның бәрін біз басқа шетелден тасымалдаймыз. Бұл бір. Екіншіден, ақшаның ырықсыздандыруына байланысты полиграфия да, почта қатынасы да күн сайын қымбаттап бара жатқанының өзі сол кітаптың бағасын әлдеқайда өсіріп отыр. Сондықтан, мемлекетімізде жоғарыдағыдай материалдық жабдықтау базасы, яғни орталығы ашылса жөн болар еді.
Баспа ешқашанда шығармашылық миссиясын жойған емес, жоймақ та емес. Сондықтанда, баспа ең алдымен авторлармен жұмыс жасауы керек. Ол үшін қаламақы мәселесін шешіп алғаны жөн. Авторларға жақсы сыбаға болмай, жақсы кітап жазылмайды. Бұл мемлекет деңгейінде шешімін табуы тиіс нәрсе.
Осы тұста Баспа және полиграфия ісінің қайраткері, жазушы Тұрлыбек Мәмесейіт мырзаның «Айқын» газетіне берген сұхбатына құлақ салар болсақ: «…көп баспа бүгінде мемлекеттік тапсырыспен де, жеке демеушілер көмегімен де әр түрлі көлемдегі, әр түрлі деңгейдегі кітаптарды том-том етіп, жарыса шығарып жатыр. Айталық, 2005 жылы еліміздегі әр түрлі баспалардан 500-ге жуық кітап жарық көріпті. Оның 300-ден астамы көркем шығарма. Қуанарлық жағдай. Бірақ мәселе ешқандай сын көтермейтін, образ-характер мәселесі былай тұрсын, ой-идея жаңалығы, жанрлық-композициялық ізденісі, тілдік-стильдік өзгешелігі, өрнегі жоқ, санда бар да санатқа қосылмайтын, оқырманның рухани талап-тілектеріне жауап бере алмайтын, иесіне ғана – малтабар, аздаған «атақ» әперер кітаптардың көбейген үстіне көбейіп отырғанында болып отыр»/18/ — дейді. Бұл елімізде шығып жатқан кітаптардың саны барда сапасының жоқтығын, оған қоса баспалар нарық ішінде ізденістердің жүргізбеуін, маркетингілік жағдайдың өте төменгі жағдайда екенін көрсетіп тұр.
Рас, соңғы кездері кітап шығару мәселесі – оның сапасы, таралымы, оқылуы т.б. жоғарыда айтып өткен кейбір келеңсіздіктер ел аузында да, баспасөздің өзінде де жиі сөз бола бастады. Айталық, «Айқын» газетінде «Баспалар арасында бәсеке бар ма?» атты мақалада: «…Жалпыға ортақ «кітап – қазақ үшін», «қазақтың рухани өсуі үшін» деген әркімнің ішкі әлемінде жасалып, соның жолында еңбек сіңіретін баяғы қазақтың байламы жоқ. Қазір баспагерге өнімнің ішіндегі дүниеден гөрі жылтыр қағазы мен әдемі мұқабасы, көзтартар суреттері мен бояулары маңыздырақ болып тұр. Өйткені кітпа өндірісін тауар деп қарайтын болсақ, өндірушіге өнімнің өткені қажет. Оны тапсырыс берушінің не жазып әкелгені, кітап ішіндегі қыруар қателері қызықтырмайтын болды»/19/, — дегенді оқыдық.
Ал «Қазақ әдебиеті» газеті: «Қазіргі әдебиет «макулатураға» толып кетті… бізде ақын немесе жазушы болуды қосымша мансап санайтындар ауыздығымен алысады. Өнерде мағынасыздық етек алып барады. Әсіресе, әдебиет пен ән жанрында. Мұның соңы елдің эстетикалық талғамын жұртқа ұшыратуымен тынады. Егер біз халықтың парасаттылығы мен өркенділігі үшін күрескіміз келсе, өнердегі көркемдік шеберлік пен ой тереңдігі үшін арпалысуымыз керек»/20/, — деп жазды.
Осы пікірлердің бәрінде де шындық бар. Ащы да болса ашығын айтқан, жағдайға жаны ауырған адамдар пікірі – бұлар. Көзі қарақты зиялы оқырман кітап шығару ісінде қалыптасып отырған жөнсіз әрекеттерге бейжай қарай алмайтындықтарын білдіруде. Сондай-ақ бұл пікірлерден баспа ісінде белең алып отырған әлгіндей жайсыздықтарға мойынсал болып, оның жуық маңда оңала қоятынынан күдер үзгендік те аңғарылады.
Соңғы кезде бұқаралық ақпарат құралына жататын – кітап баспалар саны көбейіп келеді. Әркім өзінше баспа ашып, оны қаржы табу көзіне айналдырғандар да бар. Яғни, бизнес көзі десек асыра айтқандық емес. Сөйтіп, «өз күніңді өзің көрдің» кейіпін киген кітаптың ішкі байлығын, рухани азық жасаушы ақын-жазушылар бір бөлек, баспа басшылары бір бөлек жүр. Демек, баспа қалай шығарам десе де, құнын қаншаға көтерем десе де ешкімнің дауы жоқ. Сөйтіп, кітап шығаруда жүйесіздік орын алып отыр.
Ал қазіргі кезде мамандар Қазақстандағы жалпы кітап саудасының бір жылдық көлемін 125 миллион долларға бағалап отыр. Соның отындық өнімге тек 7-10 пайызы ғана тиеді екен. Бүгінде кітап сөрелеріндегілердің 65 пайызы ресейліктер, 35 пайызы отандық кітаптар. Яғни тәуелсіз кітап нарығымыз Ресейге тәуелді болып отыр. Негізгі себептері:
Ең алдымен, кітап шығаруға қажет шикізат дайындайтын кәсіпорынның болмауы. Яғни, қағаз, полиграфия бояулары т.б. Сондықтан да қазір қағаздың негізгі жеткізушілері Ресей, Австрия, Германия, Финляндия, Қытай болып отыр. Іс жүргізуге Германия мен Финляндиядан, ал басылым беттерін жасауға Ресейден қағаз аламыз. Монополистер қағаз құнын қымбаттатып, өнімнің өзіндік құнын көтеру үшін алдарына жан салмай жарысуда. Сондықтан да елімізде жоқ дегенде бір қағаз шығаратын кәсіпорын болса, кітап шығарудағы негізгі мәселенің басы ашылар еді.
Екіншіден, қағаз шығаратын кәсіпорынды ашпас бұрын ойланатын мәселе маман дайындайтын арнаулы курс немесе оқу орнын ашу. Ал оған ең алдымен, жастарды сол болашақта ашылатын кәсіпорынның қаржысына оқытып, келісім-шарт арқылы келешекте өзін оқытқан шикізат шығаратын орнында жұмы жасаса, екі жақ та ұтпаса, ұтылмас еді.
Үшіншіден, көптеген баспалар өнімін өтпей қалар деген үрейден аз таралыммен шығарады. Ал, аз таралыммен шығарылған кітаптың өзіндік құны жоғары болады емес пе? Одан қалды тарату шығыны тағы бар. Кейбір баспалар шығаруындай-ақ шығарғанымен тарату ісіне келгенде сәл кенжелеп қалады. Республикада 10 мыңнан астам кітапхана жұмыс істейді. Әрбір кітапханаға 1 кітаптан үлестірсек, бояуы кеппеген кітаптар олардың 20-30 ғана пайызын қамтиды екен. Сөйтіп, қазақ кітаптары оқырман түгілі, кітапханаларға да жетпейді. Ауылды жердегі кітап жанашыры мұғалімдердің өзіне жетпей қалып жатыр. Тіпті, олар мүлдем хабарсыз. Осы тұста тағы бір айта кететіні, сол кітапты іздеп оқитын нағыз қаймақтар үшін ауылда кітапхана, кітап дүкендерінің жоқтығы.
Төртіншіден, қаламақы мәселесі, ақын-жазушылардың әлеуметтік жағдайы. Әсерлі де әдемі мазмұнды кітап шығып, ол таралмай қалатынының тағы бір себебі, авторлардың өзінің аздаған қаржысына басады да, оны қолына ұстата салады. Ал оны қайда апарып өткізеді онымен жұмысы жоқ. Жалғыздың күйін кешкен автор өз шығармасын қайда апара қойсын? Ары кетсе туған-туысқандарына үлестірер, кітап дүкендерінде таныстары болса соларға өткізер одан басқа не істей алсын? Яғни, кітап тарату тағы да жазушының өз міндеті. Шығармашылық адамның қаламына әмір жүрмейді, шабыт пен жүрек қалауын сұраныс бар екен деп жасанды жолмен «шақырсақ»… әлбетте, кітабымыздың шығармашылық өрісі төмен болары анық. Сөйтіп, жазушылар тіршілік қамын күйттеп, алтын уақытын сатумен жіберуде. Сәбит Досанов ағамыз айтпақшы: «Қазақстанда айлық алмайтын бірден-бір категория – жазушылар». Осыдан кейін қазақ кітаптарына қайдан сұраныс артсын? Мысалы, Испанияда Делибес деген мықты жазушы бар. Шығармаларына деген сұраныс жоғары. Бұл жазушының кітаптарын бір ғана баспа шығарады. Келісім-шарт бойынша, әлеуметтік, экономикалық жағдайын жақсартуды баспа өз мойнына алған. Және бұдан екі жақ та пайда табуда. Бізге де осындай бір жүйе керек. Сонда ғана әрлі де нәрлі шығармалар жазуға деген бәсеке болады. Сөйтіп, баспалар бәсекелесе отырып күшейеді.
Бесіншіден, жалпы бүгінде кітаптардың көп жағдайда сөрелерде сарғайып тұрып қалуының тағы бір себебі – оның бағасында. Ал оның бағасын шығару үшін қағаз, қатырма сапасы, қаласақы көлемі, баспа қызметкерлерінің жалақысы, коммуналдық төлемақылар, склад орны және тиражына байланысты есептеледі.
Мұндай мәселелердің алдын алу үшін кітапты дайындау, басып шығару, тарату ісінде салықты азайту тіпті уақытша тоқтата тұруы керек сияқты.
Яғни, елімізде кітап тарату ісі мен сату ісі бір жүйеге келмей тұр. Сондықтанда ең алдымен кітапты шығармас бұрын таралымы мен тарату мүмкіндіктерін айқындау керек, ал ол үшін тұтынушылар нарығына маркетингтік зерттеу жүргізіп олардың сұранысын білген жөн. Дұрыс шешім қабылдауға қажетті сапалы ақпарат алу үшін, басшылар зерттеу жұмысына жоғары дәрежелі мамандарды тартуы керек. Оның үстіне, басшылардың маркетингтік зерттеу технологиясын жете біліп, жоспарлап алынған ақпаратты интерпретациялай білу қажет. Мысалы, кітапханаға, дүкенге келген адамдардың көпшілігі менеджмент, экономика, құқық салалары бойынша қазақстандық авторлар жазған оқу құралдарды жиі сұрайды. Өзіміз жүргізген маркетингтік зерттеу нәтижесінде байқағанымыз баспалар үшін мамандандырылған сөздіктер, энциклопедиялар, балалар әдебиеті табысты боларына көзімізді жеткіздік.
Баспалардың негізгі күн көрісі өнім шығару мен оны тарату болғандықтан, мұнда кітап таратушылармен, өнімді өткізетін ірі жүйелермен, ал қазіргі кезде интернет-дүкендермен байланыс орнату тіптен қажет.
Қазіргі уақытта мемлекеттік тапсырыстарды орындау арқылы, сондай-ақ жарияланған тендерді жеңіп алу арқылы тұрақты табысқа ие болуға мүмкіндік алуда.
Сайып келгенде, кітап ісін белгілі бір жолға қойып, дамыту үшін мынадай мәселелерді шешіп алуымыз керек:
- Әлеуметтік мәні бар кітаптарға салықты азайту немесе тоқтата тұру.
- Баспа технологиясының үлкен өндіріс орнын ашу.
- Шикізатты елде дайындау.
- Мемлекеттік тапсырыспен шығарылған кітаптардың электронды нұсқасын дайындау.
- Білімді де білікті мамандар даярлау.
- Мықты авторларды тарту.
- Қаламақы көлемін жоғарлату.
- Кітап жарнамасын алға қою.
- Маркетингтік зерттеу жүргізу.
10.Кітап дүкендері мен кітапханалар ашу, әсіресе ауылдық жерлерде.
Кітап нүктелерін, әдеттегідей құжынаған қара базар маңында ғана емес, қонақ үй, демалыс үйі, аэропорт (самолет ішінде), вокзал (поездардың ішінде жолаушыларға), ауруханалар, балабақшалар, жоғары оқу орындары маңына орналастыру.
Жарнамалау (баспасөз беттеріне, теледидар, интернет, радио желісі арқылы, сонымен қатар, қоғамдық көліктердің сыртына, ішіне және аялдамаларға плакаттар ілу).
Қорытынды
Бүгінгі таңда Қазақстанның 1000 тұрғынына шаққанда 70 жаңа кітаптан келеді екен. Баспа ісін басқарып отырған мамандардың пікіріне қарағанда бұл әлі де болса жеткіліксіз. Себебі халықаралық «ИФЛА» — кітапхана қауымдастығы федерациясының ұсынысы мен талабына қарайтын болсақ, 1000 тұрғынға 250 жаңа басылымнан келуі керек. Ал Қазақстан бұл халықаралық стандартқа қаншалықты сай? Бұл сұраққа осы сала мамандарының өздері де жауап беруге қиналады. Себебі баспа ісі ел экономикасы сияқты дамушы болғандықтан, бұл салада орнықты жүйе қалыптаспағандықтан, отандық баспа өнімдерінің қайда, кімдердің қолына тиіп жатқандығына есеп болмағандықтан, тіпті қажетті кітаптар үшін сараптау мен арнайы санақ жүргізетін зерттеу мекемелерінің жоқтығынан еліміздегі баспа өнімдері сферасын бағамдауға да жол жоқ болып тұр. Өйткені бұл мәселемен айналысып жатқан бүгінде ешкім жоқ. Бұған бір аймақтық мысал келтірсек. Мысалы, 120000-нан астам халық қоныстанған Алматы облысы, Жаркент өңірінде баспа өнімдерімен қамтамасыз ететін бірде-бір баспа дүкені жоқ. Қалған қазақ жеріндегі көрші аудандардың жағдайы да солай. Кітап пен газет шығарудың, оны халыққа жеткізудің дәрежесі осыдан-ақ байқалып тұр емес пе? Ал осы жағдайымыздан кейін халықаралық стандартқа жетуді әңгіме етіп қозғаудың өзі әзірге ертерек. Бұл – біздің мемлекеттік және жеке меншіктік дәрежеде де жаңа басылымдар, сондай-ақ, халықты оқулықтармен қамтамасыз ету мүлде қолға алынбайды деген сөз. Яғни, баспа ісіндегі кәсіпкерлік дамушы жолға әлі түскен жоқ. Бір кездері «Қазақстан халқы — өте көп оқитын ел» деп мақтанатын. Ол кезде бір ғана «Жұлдыз» журналының өзі Қазақстанның түкпір-түкпіріне 250000 таралыммен тарайтын. Яғни, бұл дегеніміз баспа ісінің бар қарқынмен дамыған тұсы болатын. Қазір ол дәстүрдің бәрі «желге ұшқандай» болды…/21/.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта мемлекет тапсырысы бойынша баспалардан шығатын оқулықтарының ең көп таралымы – 2000 дана. Ол кітаптар еліміздегі кітапханалар мен оқу орындарына тегін таратылып беріледі. Алайда бұл оқулықтарды кімдер оқып жатыр? Олардың қолына қалай жетеді? Өкініштісі, «кітапханаларға қабылданды» деген бір жапырақ қағазға жазылған «қолхат» қана болмаса, ол оқулықтармен танысып жатқан, оған қызығушылық танытып, пікірлерін білдіріп жатқан бірде-бір оқырманның төбесі көрінбейді. Яғни, шығарылған өнім Бермуд үшбұрышына түсіп кеткендей хабар –ошарсыз кетеді. Ал, кітап оқылған-оқылмағанынан хабарсыз болып отырған баспагер сұраныстың қаншалықты екенінен мақұрым кейіпте қалады. Бұл да кәсіпкерлік пен кітап саудасындағы бәсекелестіктің дамуына кедергі болатыны сөзсіз.
Белгілі жазушы, «Жалын» баспасының директоры Бексұлтан Нұржекеевтің пікіріне сүйенсек бұл мәселелердің басын ашушы, бағыт беруші болатын – білім және ғылым министрлігі. Себебі, кезінде жүргізіліп жатқан жұмыстарды реттеуге, қадағалауға, оларға зерттеу жасауға, оқулықтарды халыққа таратуға «Қазақкітап» дейтін корпорация міндетті болатын. Тұтынушы халық оларды құлшынып оқитын… «Атамұра» баспасының бас маманының пікіріне сүйенетін болсақ, қазір де өте жақсы кітаптар шығарылып жатыр. Алайда, республикамызда бар 2700-ге жуық ауыл кітапханаларына шығарылған кітаптар жеткізіле бермейді. Ал, бұл кітапханалардың бар қоры ескі кітаптарды қосып есептегенде 36 миллионға жуық дананы құрайды екен. Сондай-ақ, ауыл кітапханаларының қорын толықтыру жергілікті бюджетке тәуелді болғандықтан, кітап қорын қамтамасыз ету республиканың әр аймағында әр түрлі. Ал, заңдық тұрғы мен кітап таратушы арасында дұрыс жүйе қалыптаспағандықтан тасқа басылғандай әп-әдемі бар кітабымызбен қамту ісіне көңіл бөліп, баспа өніміне тапсырыс беріп жатқан кейбір республика аймақтарының да сұраныстарын қанағаттандыра алмай келеміз. Тіпті, мемлекеттік тапсырыспен тендрді ұтып алған әр баспа жылына көп дегенде 10 ғана оқулық шығарады. Ол он кітап «қай баланың жыртығын жамайды», деген сұрақ та туындайды. Және әрқайсысы 2000 данамен тегін таратылып беріледі. Бұл сандық көрсеткіш, кешегі өткен қоғамның өзін қуып жете алмай келеді. Осыдан 15 жыл бұрын балаларға арнап 20-30 мың данамен олардың тілін, ойлау жүйесін дамытатын танымдық кітаптар шығарылатын. Оның әрқайсысының жеке-жеке бағдарламасы бар еді. Қазір, оның бәрі қалып отыр. Дегенмен, бұл өнімдер сапасы жағынан біраз ілгерушілікке бет бұрған.
Қазір еліміздегі баспалардың техникалық жарақтануы халықаралық стандарттарға сай. Алайда, тағы да мамандардың тапшылығынан шығарылған өнімдердің грамматикалық, пунктуациялық, стилистикалық қателерге көп ұрынып жататыны болады. Мысалды алыстан емес, өз баспагерлеріміздің жүріп өткен жолына қарайтын болсақ, бұрын кітап шығару үшін кіші сарапшы қатар жұмыс істеген. Ол кітаптардың сыртқы сапа, сурет үйлесімдерін қадағалайтын. Одан кейін ол кітап сарапшы редактордың қолынан өтеді. Ол кітаптың сауаттылығын, тыныс белгі, емлесіне дейін тексертетін. Одан кейін барып, бөлім меңгерушісі қарайды. Ол кітаптың идеялық жағын назарға алады. Бұл кітап оқырманға пайдалы ма, «кітап» деп аталуға лайық па, емес пе, оны ең соңында редактор бағалайды. Сөйтіп «он өлшемнен» өткен қолжазба ғана өндіріске жіберілетін. Осындай бөлім таңдап, өнім шығарушы баспалар болса қазіргі кітап бизнесі де үлкен қарқынмен өрістер еді. Қазір, кітапты қаржы арқылы аласың, жібересің… Қазіргі кейбір баспа өнімдері тендер арқылы шығарылады. Тендер – тауарларды сату және сатып алу заңы. Ал тауар дегеніңіз – картоп, сәбіз, үтік… Міне, солардың қатарында рухани азығымыз – кітап та солармен бірге тендерге түсетін дәрежеге жеткен. Қазіргі көптеген баспалардың мақсаты – халыққа жарамды, сапалы оқулықтар шығаруға деген талпыныстан гөрі, тек пайда табуды көздейді/22/.
Сілтемелер тізімі
- Елеукенов Ш. Кітаптану негіздері. Алматы, 1997. Санат. 7-б.
- Шумпеттер Ж.Б. Предпринимательство в книжном бизнесе. М. «Логос». 1999 г. 89-90 с.
- Климкин С.И. Правовые нормы предпринимательства в Республике Казахстана. Алматы. Баспа. – 96 с. (23).
- Журнал «Книжный бизнес» № 1. Алматы 2003 г. 22 с.
- Закон Республики Казахстан «О Защите и поддержке частного предпринимательства» №154 3-ХП от 4 илю 1992 г. 1-2.
- Timmons Jeffry A. New Venture Creation. Entrepreneurship for the 21 st century (Chicago, 1994)
- Елеукенов Ш. Кітаптану негіздері. Алматы, 1997. Санат. 48-49 бб.
- Қазақ әдебиеті газеті, №12. 24-наурыз. ҚР Президентімен сұхбат, 2-б.
- Қазақ әдебиеті газеті, №12. 24-наурыз. ҚР Президентімен сұхбат, 3-б.
- «Издательство в процессе перемен» сборник. Москва «Логос». Московский государственный университет печати 2000г. 45-46 с.
- «Хабаршы» журналы №3, Алматы. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 1998ж., 15-16 б.
- Журнал «Книжный бизнес» №1. Алматы 2003г. 22с.
- О.Сәбден, А.Тоқтасынов. Шағын кәсіпкерлікті басқару. Алматы 2002ж. «Білім» баспасы 108-109 б.
- Айқын газеті. №75 26-сәуір. «Отандық баспа ісінің халі мүшкіл», «Жалын» баспасының директоры Бексұлтан Нұржекеевпен сұхбат. 5-бет.
15.Елеукенов Ш. Кітап негіздері. – Алматы: Санат, 1997 ж. 162-б.
16.Сәрсенбаев О. Кітап тағдыры алаңдатады// «Егемен Қазақстан». 1994 ж. №18-19.13 мамыр.
17-19. Сейдуманов Ж. Кітап және қосымша құн// Түркістан, 1997 ж. 27 қараша
20-21.Есалиева А. Кітап қолымызға тигенше// «Егемен Қазақстан, 1966 ж. 29-маусым.
- Сейдуманов Ж. Кітап және қосымша құн// Түркістан, 1997 ж. 27 қараша
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
- Елеукенов Ш. Кітаптану негіздері. Алматы, 1997. Санат.
- Климкин С.И. Правовые нормы предпринимательства в Республике Казахстана. Алматы.
- Шумпеттер Ж.Б. Предпринимательство в книжном бизнесе. М.
- Закон Республики Казахстан «О Защите и поддержке частного предпринимательства» №154 3-ХП от 4 илю 1992 г. 1-2.
- Журнал «Книжный бизнес» № 1. Алматы 2003 г.
- Елеукенов Ш. Кітаптану негіздері. Алматы, 1997. Санат.
- Қазақ әдебиеті газеті, №12. 24-наурыз. ҚР Президентімен сұхбат.
- Қазақ әдебиеті газеті, №12. 24-наурыз. ҚР Президентімен сұхбат.
- «Издательство в процессе перемен» сборник. Москва «Логос». Московский государственный университет печати 2000г. «Хабаршы» журналы №3, Алматы. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 1998ж.
- Журнал «Книжный бизнес» №1. Алматы, 2003г.
- О.Сәбден, А.Тоқтасынов. Шағын кәсіпкерлікті басқару. Алматы 2002ж.
- Исскуство менеджмента 1998. М.: Фин-пресс 1998 г.
- Айқын газеті. №75 26-сәуір. «Отандық баспа ісінің халі мүшкіл», «Жалын» баспасының директоры Бексұлтан Нұржеккевпен сұхбат. 5-бет.
- Е.И.Комарев, Н.П.Макофеев, «Эффективное издательство». М.: 1996 г.
- Түркістан, 1997 ж. 27 қараша
- Қожакеев Т. Таңдамалы шығармалар. Көптомдық. 7-том. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2007 ж.
- Амандосов Т.С. Публицистика-дәуірі үні. – Алматы: Қазақстан, 1974.
- Ыдырысов Т. Баспасөз – өмір айнасы. – Алматы: Қазақстан, 1967.
- www.mail.ru
- www.google.kz
- www.yandex.ru
- Васькин А.А. Розничная книжная торговля. «Спутник+», М., — 2002.
- Чернова Н.В. Социология книжного рынка. МГУП, М., — 2005.