АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Бентосжегіш балықтардың қоректенуі

ӘЛ – ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

Биология факультеті

 

Зоология және гистология кафедрасы

 

 

 

 

Бітіру жұмысы

 

 

Бентосжегіш балықтардың қоректенуі

 

 

 

 

 

Орындағын 4 курс студенті:                       Құрманбек Гүлманат.

 

Ғылыми жетекшісі:                               Дәуітбаева К.Ә.

Профессор

«     »       2008 ж.

 

Норма бақылаушы:                               Сапарғалиева Н.С.

 

Қорғауға жіберілді,

Кафедра меңгерушсі, профессор:                     Нұртазин С.Т.

«     »       2008 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Алматы 2008 ж.

РЕФЕРАТ

 

Бітіру жұмысында бентосжегіш балықтардың қоректік компоненттерінің сандық және сапалық көрсеткіштері берілген.

Кілттік сөздер: бентос, компонент, детрит, хирономид, формалин, фильтр, сапалық, сандық.

Бұл бітіру жұмысы 30 беттен, 1 кестеден, 4 графиктен тұрады. Пайдаланған әдебиеттер саны – 25.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ ……………………………………………………………………………..4

I ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ ……………………………………………………..5

1.1 Әлемдік балықтардың қорегін зерттеуге шолу ……………………………..5

1.2 Балықтардың қоректік қарым-қатынасына шолу …………………………..7

II ЗЕРТТЕУ ОБЬЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ …………..10

2.1 Балықтардың қоректенуі туралы материал жинау…………………………10

2.2 Стационарлы орында материал жинау және өңдеу ……………………….11

2.3 Материалды лабороториялық жағыдайда өңдеу …………………………..12

2.4 Жинау әдісі және пробаларды өңдеу ……………………………………………14    

2.5 Балықтардың тәуліктік қоректенуі барысындағы материал

жинау және өңдеу ……………………………………………………………………….15

  • Балықтардың биологиялық көрсеткіштерін анықтау …………………..16

III ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ………………………………………………………….18

3.1 Қорегін зерттеген балықтардың систематикасы……………………………18

3.2 Сазан балығының қоретену спектрі……………………………………………..19

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………….27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………………………………….28

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

Кәсіптік балықтардың өнімділігін арттыру үшін олардың қоректік компонеттерін зерттеу қажет. Қоректік базасына байлансты менің тақырыбым «Бентосжегіш балықтардың қоректенуі».

Балықтардың қорегін зерттеу олардың қоректік компоненттерінің сапалық және сандық көрсеткіштерін, рационын, қоректік базасын анықтайды.

Бұл бітіру жұмысында сазан балығының қоректік компоненттері көрсетілген. Сазан балығының қоректенуі туралы оны өңдеу әдістері, материалды қалай жинау туралы және су қоймада қандай қорекпен қоректенетіні туралы жазылған.

Сазан балықтары әр өсу сатысында әртүрлі қорекпен қоректенеді, шабақ- личинка сатысында көбінесе планктонмен қоректенеді, себебі бентостық организмдер планктонға қарағанда ірі және су түбінде болады. Ал ересек сатысында қоректік спектрі ауысады. Планктонды және бентосты балықтардың қоректік спектрінде белгілі мөлшерде өсімдіктер кездеседі, жыныстық жетілген және жыныстық жетілмеген бір түрдың балықтарында қоректік компоненттер әртүрлі және айырмашылығы болады. Қоректену типіне байланысты балықтардың ішек-қарнында айырмашылығы болады. (мысалы өсімдік жегіш балықтардың ішек- қарны өзінің денесінен әлде қайда ұзын болады).    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

 

 

  • Әлемдік балықтардың қоректенуін зерттеуге шолу

 

Азов теңізінің шабақтарының тәуліктік рационы, құралдары мен әдістері және әдеби мәліметтері туралы жұмыстар 1956 – 1958 жылдарының мамыр және маусым айларында, Ақсай экспериментальды базасында жасалынған. Ақсай базасының тоғандарындағы тыранның шабағының қоректенуі, тыран балықтарының қоректену сипаты және қарқындылығы аквариумдық жағдайда, әр түрлі қоректі алу қарқындылығы аш және тоқ тыранның толықсу индексінің жылдамдығы және толықсу индексінің ауқымдылығы аз уақыттық және ұзық уақыт бойы қоректендіргенде. Тыран шабағын жарық және температураның қарқындық қоректенуге әсері. Тәуліктік тоғанда қоректенуі, тәуліктік рационның ауқымдылығы, табиғи және аквариумдық жағдайда тыранның қоректену ерекшелігін қарастырған Жетенкова М.В. [1].

Ибнеев Н. И жұмысында 2000 экз снекта балығының қоректенуі туралы материал жиналған, 0+ және 1+ жас аралықтарындағы балықтар алынған. Материал жиану 1977 – 1978 жылдары Псковск – Чудский көлінің әр түрлі аймақтарынан жиналған. 1977 жылы планктонды шаянтәрізділер өнімі 1978 жылға қарағанда жоғары болған. Бұл жқмыстың қорытындысы: Псковск – Чудский көліндегі снекта 0+ және 1+ жастағылардың сіңірген энергиясы алмасуға кетеді [2, 3].

Баренцев теңізіндегі пикшаның қорегі және қоректік бейімделуі туралы Цееб Р. Я. Сандық және сапалық, материал және әдістемесін, қоректік құрамын зерттеген. Пикшаның Шығыс Мурмандағы, Солтүстік Атлантикадағы, жастық өзгерістері, қорек құрамына, қорек ұстау әдістері туралы зерттемелер жасалған [4].

Қоректік құрамына блайланысты балықтардың таралу заңдылықтары: Азов теңізінде, Қара теңізінде, Каспий және Балтық теңіздерінде, Баренцев қиыр шығыс теңіздерінде [5].

Гурорва Л.А. және Пастухов Б.Д. авторлары пелагиальды балықтардың қоректік базасын материал және әдісін қарастырған. Омульдың маусымдық қоректенумен, экологиялық топтарының қоректену мінезднмнсін, қоректік базаның қолданылуын қарастырған. Омуль балығының жайылым кезеңіндегі пелогиальдың маңызы және қоректік базаның гидрологиялық жағдайларының әсері жазылған. Материал және әдісін херттеу, сапалық қорегінің характеристикасын, жастық, тәуліктік және жылдық қорегінің өзгеруі нерпа балығының мәселелерін қарастырған [6].

Линберг Г.У. Орта Азияның балықпен қоректенетін балықтарды зерттеген, ол майшабақтар, тұқылар, торта, елец, ақмарқа, пескарь, храмули, усач, османдар, тыран, ақкөз, мөңке т.б туыстарын анықтайтын кесте құрды [7].

Теңіз мөңкесі Sargus Annularis жаңа Россиядағы бухталардың массалық түрінің бірі болып саналады. Сол жердің балық шаруашылығында белгілі орын алады. Теңіз мөңкесінің қоректенуі туралы әдеби мәліметтер аз болып саналады. Арнольди Л. В., Андряешева А. П., Фартунатов К. П., Винаградов К. А. Жұмыстарында теңіз мөңкесінің жалыпы қоректену мінезі туралы мәліметтер бар және ол диатомды балдырлармен, кейбір омыртқасыздармен қоректенетіні туралы жазылған.

Теңіз мөңкесінің қорегін зерттеген Миловидова, балдырлар қүрамы, жануарларын, мөңкенің қарнындағы макрофиттер құрамы, қоректік құрамын қарастырған [8].

Псков көлінің Кулей құйылмасының қоректік базасының және оны балық шабақтарының қоректенуі туралы Антипова Л. Ф., Концевая Н. Я жұмыстарында қарастырылған. Кулей құйылымынан 5 стационарлы станциядан әр түрлі аймағынан, әр түрлі тереңдіктен топырақ және өсімдіктер аймағынан материалдар 1978 жылы мамыр айынан қазан айына дейін жиналған. 250 гидрохимиялық және гидробиологиялық пробалар жиналған [9].

Ақсаха балықтарының Чудиский көліндегі қорегі және рационы туралы жұмыс Антипова жасаған, бұл сол жердің бағалы балықтарының бірі. Материал 1979 жылы Чудиский көлінің Оңтүстік Шығыс бөлігінде 522 экз жиналған,0+ — 9+ жастағы балықтар арасында.

Лабораториялық өңдеу Мельничук әдісімен жүргізілді. Чудиский ақсаханың қоректік рационынан 68 компонент табылған. (36 түрі бентос, 27 — зоопланктон). Негізгісі хирономид личинкасы, қуыршағы және имагасы болып табылды. Тағы бір негізгі түрі ол жоғары сатыдағы шаянтәрізділер – гаммариттер және изопода, моллюскалардан қоректік күйінде эуглена және писидиум туысынан кездесті. жылғалықтар, қоңыздар личинкалары аз мөлшерде кездесті. Жаз айларында шаяндардың ішінен көп кездескен кладоцералар барлық балық қарнында кездесті. Копеподплпр кездескен, олардан басқа қоректік түрінде макрофиттер, балдырлар және балықтар кездесті [10,11,12].

Отряд көліне жерсіндірілген гаммаритті балықтарлың қоректік базасын жақсарту үшін әкелінген. Балық қорегін білу үшін 1977 жылы жазда екі рет балық ауланды. Ауланған балық ішінде жыныстық жетілмеген балықтар болды. Олар 4 түрге жататын; торта, ерш, тыран және алабұға. Тыран қорегі: неводпен 40 экз 1+ жастағы балықтар ауланды, орташа ұзындығы 13,6 см, орташа салмағы 24,6г. Тыранның қоректену спектрі алуан түрлі, ең көбі хирономидтер, детрит және құм қоректік түйінде 38% болған. Одан басқа шаянтәрізділер, коловраиткалар. Торта қорегі 35 экз алынған, 12 экз қармақпен қалғаны неводпен ауланған. Орташа ұзындығы 12,4 см, орташа салмағы 31,6г, жасы 1+ — 3+ дейінгі балықтар ауланған. Негізігі қорегі хирономид личинкасы және жылғалықтар, ескек аяқтылардан қоректе аз мөлшерде кездесті, балдырлар , өсімдіктер, қоңыздар т.б кездесті [13].

 

 

 

 

1.2 Балықтардың қоректік қарым-қатынасына шолу

 

Дернәсілдердің қоректенуіне қарағанда ересек балықтардың қоректенуі жақсы зерттелген, әсіресе теңіз дернәсілдерінің қоректенуі. Бұл еңбектерді орыс ихтиологтары Казанов В.И. ( 1925 жылы ), Казакова И.И. ( 1958 жылы ). Крыжанов С.Г, Дислер М.Н. Смирнов Е.Н. ( 1953 жылы ) және тағы басқалары балықтың дернәсілін анықтау туралы жұмыс жасады.

Кублицкас А.К балықтың қоректенуінің материал және өңдеу методикасын зерттеді [14].

Дауітбаева К.А. ( 1979 жылы), торта балығының қоректік тізбегін жазды. Торта балығының қоректенуі туралы материал 1976-1979 жылдары жиналған. Ең көп балық қорегінде макрофиттер, балдырлар, дафниялар кездесен.

Тортаның қоректенуі, Қапшағай су қоймасында. Тортаның қоректенуі туралы материал 1976-1979 жылдары жиналған: 379 экз. балықтың қоректенуін ұзындығын 12,0-28,0 см жасы 2+ — 6+ ( 79,3% ) және 7+ — 8+ (20,2% ) ,балық арасында қарастырылған. Қорек тізбегіне 42 түр кірді оның 14 зоопланктондар, бококлавтар, моллюскалар, насикомдар, омытқасыздардың жұмыртқалары, тағы макрофиттер, балдырлар, детриттер кездесті. Ең көп кездескен тортаның қорегінде макрофиттер, балдырлар, мезидалар дафниялар, бокоплавтар [15].

Садуакасова Р.С.  Балқаш  көлінің Орал өзенінің зоопланктонын және кәсіптік балықтардың шабағының қорегін зерттеді.

Табан балықтарының қоректенуі, жыныстық жетілмеген табан балығының, 40 қоректік компоненті анықталған олар: олигохеттер, бұтақмұрттылар және ескекаяқты шаянтәрізділер, мизидалар бокоплавтар, кенелер, балықтар, микрофиттер, детриттер және минералды заттар. әр түрлі насекомдар оның ішінде хирономиттерден (17 түр), бұтақмұрттылардан(6 түр) және мизидалардан (3 түр) кездеседі. Қоректі пайдалану индексі төмен, 1978 жылдың тамызына қарағанда, жыныстық жетілген табан қоректік компоненті 87-ге жетті, жыл сайын 43-тен 56 арасында өзгеріп отырады. Көп болып ішек-қарында D .longispina, Cyc lopoidal ,C .Intermedia және хирономид дернәсілі- Chplumosys және Ch.Behringi, 1978 жылы Р. ехgr. Conoictum , р.exgr nubeclasum және тағы басқалар. Жыныстық жетілген және жыныстық жетілмеген балықтарды  қоректері әр түрлі, өзгерісте болып тұрады [16].

Лысков А.Н. Гусинное көліне жерсіндірілген балықтың қорегін және қоректік қарым – қатынасын зерттеді.

Табан су қойманың солтүстік жағалауынан ауланған, 20 экз. анализге қолданған, ПО экз. Каркул өзенінен көлемі 7,5-тен 14 мм арасында әкелінген, қоректік спектрдің шабақтың  коловрадкалар, зоопланктондар кездесті. Коловрадканың ішінен Kerateiia tesfudo және су түбінен отряд Bdelloidae,бұтақмүрттылардан – Ciсlops vicinus vejanin.

Қоректенуі және қоректік байланыстары балықтардың, орын ауыстыруы Гусинное көлінде, әкелінген балықтардың қоректенуі туралы жұмыс жасаған, Шығыс Сібір су қоймаларында балықтардың сол судағы балықтармен қоректік қарым-қатынасын анықтады. Жұмыстар Гусинное, Баин-Гол және тағы басқа өзендерде жүргізілді. Гусинное көлінен 200 ішек-қарын алып, 26-60 см ұзындықта, ал Цайдан көлінен 32 экз. көлемі 35-50 см, жайын балығын алды. Жайын балығының негізгі қорегі құмдауыт бұзаубасты балығының 69,8 % және сүліктер-Herpobdella octoculata 26,1 % гамаритер, ручейниктердің дернәсілі, маллюскалар және жоғарғы сатыдағы су өсімдіктері. 200 қарынның ішінен тек 3 жайын қарнында табан және алабұға қалдығы болған [17].

К.Р. Фортунатов және тағы басқа көп авторлар балықтардың қорегіне нақты түсініктеме беру үшін күнделікті рационына сүйенген дұрыс деді. Неміс ғалымдары жыртқыш балықтардың қоректенуін зерттеп жыртқыш балықтардың асқорыту жүйесінде, асты тез қорытатын көп ферменттер кездеседі деді. Қыста жайын балығы кездеспейді деп айтуға болады. амур жайыны қыста қоректенбейді [18].

Табан және сазан балығының қоректенуін зерттеу үшін 150 ішек-қарын зерттелді. 14-36 см көлемінде және 105 сазан ішек-қарнында, 26-60 көлемінде балық зерттелді.Ең негізгі қорегі хирономидтер дернәсңілдері (20%), хиромомидтердің имагасы (17,3%) ручейниктердің дернәсілі (19%) тағы моллюска, веснянка дернәсілі және тағы басқа қоректі компонентер кездесті. Гусинное көліндегі балықтарына планктондық қорек өте көп үйткені, көлдің түбінде(10м төмен) тек бентостық қорекпен қоректенетін табан мен сазан кездеседі.Торта балығының қорегі зерттелді, 100 экз. (11-24 см) және 260 (12,5-29 см) арасында балықтар алынды. Гусинное көлінде 20 торта, Цайдам көлінен 25 алабұға алынды. Торта тек макрофидтермен қоректенген. Алабұға планктонмен қоректенеді, ал ересек алабұға жылдықтарының қорегінде 75%,торта ішегі және 77% алабұға ішегі бос болып шықты. Ал қорек бар жерде алабұға ішегінде дафния және ручейниктің дернәсілі кездесті [19].

Планктон жегіш балықтар ең негізгі обьект майшабақтар болып саналады, әлемнің балық шаруашылығында басқа балықтарға қарағанда ауланатын балықтардың арасында ең негізгі орынның біреуін алады. Жалпы аулау майшабақтардың 37% құрайды. әлемдік ауланатын балықтарда (Никольский,1950-1954). Осы себептен осы балықтардың қоректеріне үлкен зер қойылады.

Богоров айтқандай (1934 жылы) планктон жегіш балақтардың қорегімен бұрын айналысқан (H. Strome 1984 ж.) жұмысында көрсетілген, бірақ қазіргі кезде бұл әдіс екі бағытқа бағытталған. Біріншісі- бөлек түрлердің ролі және топтардың экземпляр саны бойынша орнын анықтау, ал екіншісі- кездесу жиілігін анықтау.

Богоров Б.Г. цитандалған жұмыстарында көрсетілген «кездесу жиілік немесе экзмплярдың сандық әдісін топтардың ара қатынасын өте қатты бұрмалайды. Қоректік материал ретінде планктонның биомассасын қолдануынан және осыдан планктон жегіш балықтарын зерттеу туралы» өлшеу әдісін қолдану керек деген нәтижеге немесе тұжырымға келді.

Зианкевия А.А. және Бротский Б.А. (1931 ж.) бойынша жасалынған осының нәтижесінде арнайы инстурукция жасалынды материалдарын жинау және өңдеу туралы планктон жегіш балықтардың қоректенуін зерттеген (Богоров 1934) [20].

Теңіз және тұщы су қоймаларындағы планктон жегіш балықтардың қоректенуі туралы негізгі әдебиеттер: Богоров әдістемесімен жүргізілген Кун 1955 ж. әдісімен. Атлант және муран майшабақтарының қоректенуіне (Clupea harengus harengus L.) Болдавстың, Мантенфеля (1941 жыл) жұмыстары арналған, ал Ақтеңіз майшабақтарын (Clupea harengus marisalbi Berg) Чаянов Л.А. 1939 ж. анықталған; Николаев И.П.(1950 ж. ) және басқаавтор Салакийдің және Балтика шпротының қоректенуі туралы жұмыс жасаған (Clupea harengus membras L ) (Sprattus sprattus balticus Schn), көп жұмыстар Каспий- Қаратеңіз майшабағының қамысы және килкийдің қоректенуіне арналған (Чаянова, 1940,1951,1954,1958 ж. Окул, 1941,Екатеринниская және Изосимов, 1945 ж.) алые шығыста алыс шығыс майшабағының қоректенуі анықталған C .Larengus pallasi Val.) және тынық мұхит сардиналары немесе иваси-Sardinops sagax (jerkibs) (Бротский және Янковская, 1935;Янковская 1937 жылы; Кун 1949-1955 ж. және тағы басқалары). Үлкен жұмыстар планктонжегіш сиктордың қоректенуіне арналған: ряпушкин (Борисов, 1924 ж; Есипов 1941 ж; Грандилевская дексбах және Тройская, 1951 ж; Покровский, 1953 ж.) омуля (Кожов, 1934 ж.Шапошникова 1940 ж.) муксуна (Есипов,1941ж.) пеляди (Бурмакин, 1941 жыл; Сычева, 1955 жыл),және басқа түрлері сигтәрізділнрдің (Алишин, 1939 жыл; Пирожников, 1950 жыл; Герд, 1951 жыл; сальдау, 1953 жыл; Трезе, 1953 жыл;Ерандилевская дексбах, 1957 жыл және тағы басқалар). Кейбір мәліметтер корюшканың қоректенуі туралы В.К. Есипов (1941 жыл), Никольский Е.В; Мантийфеля В.П. және А.П. 1939 жыл, мойве және сайра деген Румянцев А.И. (1946 жыл, 1947 жыл), сайкалар Клумов С.К. (1937 жыл) және Мантейфеля (1943 жыл) Синца Еейнрих А.К. (1950 жыл) және Анохиня Л.Е. (1960 жыл) жүргізілген [21].

Сазанның 49 экз. алынған 18-46 мм көлеміндегілер зерттелген, зоопланктондардан шаяндар және уақытша планктондармен (хиромида дернәсілдері) қоректенген. Урал өзенінің зоопланктондары балық шабақтарының өмірінде үлкен орын алады [22].              

Ыстық көліне әкелінген ақмарқаның қоректенуі. Ақмарқаның қоректенуі түралы мәліметтер 1962-1963 жылдары Ыстық көл өзенінің бөліктерінде – Тюп, Кутурга, Покровка, Чолпан-Ата, Ақ-терек және тағы басқа құйылымдарда жиналған. 402 қарын анықталды, соның 342-сі бос болып шыққан. Зерттелген балықтардың көбі жыныстық жетілген болды [23].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II ЗЕРТТЕУ ОБЬЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

 

 

2.1 Стационарлы орында материал жинау және өңдеу

 

Жағалаудағы бақылайтын белгілі орында материал жинау регульарлы бақылау мезгілді өзгерістерді жыл бойы жүргізеді. Зерттейтін белгілі орында сызбалық карточка жасап белгілеп қою керек, ұлкен ауқымда, қай ауылдың қасында екенін, балық пен планктонның стационарлы жиналған орнын, өзендердің қай жерде құйылатынын және тереңдігі мен көлемін жазу керек. Осы аумақтағы кәсіптерді тағы басқа мінездемелерді белгілеу керек: мына тұжырымдар ұйғарылуы керек:балықтар келу және кету уақыты, кәсіптің көлемі немесе кеңділігі, қандай су құралдары қолдалылатыны туралы мінездемесі (көлемі ,құрылымы). әр балықтың ішінде бір ау құралдарымен бір уақыттағы болған балықтар пробасынан ауланудан таңдаусыз 25экз. мөлшерде балық алынды. Материал әр түрлі жастағылардың көп болған негізінде (әр түрлі жастар) проба көп мөлшерде саны 20экз. болатын әр түрлі көлемді балықтар алынады. Бір қалыпты жұмыстарды әр түрлі ауқұралдарымен пробп әр ау құралдарынан алынады. Негізінен балық жинау активті аулау әдісімен жүреді (кошелек неводымен және тағы басқа). Жабық теңіз қоршауынан балық жинау кезінде пробаларды негізінен бір тәулікте екі рет: су толысу және судың толып қайтуы немесе күндіз және түнде алу керек.

Невод басынан және содан кейін 15 күн өткен соң судың толуы аяқталғаннан кейін алу керек. Кәсіптік уақытта балық жинау апталықты бір-екі рет жүргізіледі, балықтың әр түрлі түсуінде ал басқа уақытта- екі рет айына тәуліктік балық қорегін зерттеуде материал жинау белгілі уақытта болуы керек. Материал судың толысуымен толып қайтуы кезінде жинау керек.негізінен бір тәулікте 6-8 проба жиналғаны дұрыс. Балықты жинау планктонды жинаумен қатар жүруі тиіс, күннің жарты және температураның анықталуымен бірге: гидрологиялық және гидрохимиялық мәліметтерді де анықтаған дұрыс бұл жұмыстарды жыл бойы жүргізілуі керек. Кәсіпті уақытта планктонды бір-екі рет аптасына жинайды, ал басқа уақыттарда айына екі рет жинайды. Планктонды аулау және гидролдогиялық, гидрохимиялық анықтаулар мүмкіндігінше және де балық пробасын аулау уақыттанда алынуы тиіс. Планктонды алдын ала қарастырылған орында немесе жерден алынуы тиіс, балықты аулайтын орыннан;бұл орын ұзақ ізделуі керек емес, ол судың терең аймағында және жағалаудан 1-0,5 мил алшақ болғаны дүрыс. Балық пробасын жағалау белгілі орыннан алғаны дүрыс. Планктонды аулау теңізде екі тормен жүргізіледі. Кіші сапалы тор диаметрі 30 см №16 газдан немесе Апштейн торымен алынады су түбінен су бетіне дейін. Үлкен тормен Джеди диаметрі 36 см ( екінші дөңгелегі 50 см ) газдан №38 болады, ( түбіне жоғарғы қабатқа дейін )немесе екі вертикальді аумен аулайды. Вертикальді аулаудан тор 1 метр 2 сек. Көтерілуі тиіс. Теңіз планктонын жинау әдәсін толық Яшков В.У. 1934 жылы жазған.

Экспедициялық және кәсіптік кемеден материал жинау. Активті ау құралдарын пайдалана отырып, Материалды жағалау райондарынанда және ашық теңізде де жинау керек.

Ауланған балықты бортқа көтере салып, балық ихтиологтарымен (5-20 экз. ) бір түрден анализге проба алынады.әр түрлі балық көлемінде ауланған соң, ең ірі, орташа және майда балықтардың әрқайсысынан 15-20 талдан таңдалып алынады. Егер аз балық ауланған кезде алынған балықтың бәрін анализге қолданады, тіпті жалғыз экземплярларды. Егер визуалды анализді ішек-қарын трактысының қоректік құрамы бір-бірінен аса айрықшаланбаса, онда 15-20 экз. пробаны 10 экз-ға дейін азайтуға болады. қыстық орындарды балықтардың жиналуында мысалы Қаратеңіз қамсалары (Чаянова, 1954 жылы ) және Норвеж теңізі және Атлант майшабақтары қыстықта және тағы басқа, қыстық аз қоректенуіне, ас қорыту трактысына байланысты 50 экз. алынады, әсіресе егер ішек-қарынды аулаған жерде толық анализ жасамаса.

Майда балықтардың (килька, шпрот, майшабақтардың шабағы және тағы басқа) қоректенуін зерттеу үшін балықты түгелдей формалинмен фиксирлейді. Ал ірі балықтардың (майшабақтардың әр түрлі түрлері, сигтәрізділердің әр түрлі түрлері, дөңмаңдай және тағы басқа ) асқорыту жүйесі түгел бөлек алынып кеңірдегіне (ауыз қуысына жақынырақ) дейін қорек ішегінен түспеуі үшін кеседі. Әр балықты немесе ішек-қарынды бөлек номермен дәкеге төртбұрышты қылып салады.

 

2.2 Балықтардың қоректенуі туралы материалдар өңдеу әдісі     

 

Дала жағдайында материалды өңдеу

Ішек – қарынның құрамын сапалы ұзақ және сандық өңдеу тек лабороторияда жүргізілгені тиіс. Экспедиция немесе бақылау арнайы орында кейбір минимум тракті өңдеу жүргізілуі тиіс, ол негізгі берілген районды немесе берілген орынға көрсеткіштерге бағыт алуы үшін керек. Бұл әсіресе балықты іздеу үшін керек мына мәселені үйғаруы тиіс, ішеқарынның ішіндегі құрамы балықтың қандай тереңдікте мекендейтіне және қоректенуін көрсетеді. Мысалға, фитопланктонның жаппай көп болуында, балық ішегінде балдырлар көп немесе жоқ болуы мүмкін, ол балық гүлдеу қабатындама  не төмен қабатта көрсетеді.

Сандық өңдеу. Сандық өңдеу үшін дала жағдайында сандық материал өңдеу үшін мына құралдар керек. Салмақтық өңдеу әдісті қолдану үшін мыналар керек: ірі дәрі-дәрмектік немесе техно-химиялық өлшеуіш, әр түрлі құралдарды, алдын- ала петри табақшасында өлшеу, әйнек және темір қүйғыш, жібек алдын бөліктері және филтрлі қағаз қолдану керек. Көлемді әдісті қолдану барысында мөлшерлі ыдыстар керек. өңдеу әдісі келесілер іріктеп аулаудан 10-15 тал балықты өлшеп және фильтр қағазында сусыздандырады, бірақ қоректік түйін немесе көлемі сүйықтықта бөлу жолымен алынады. Соңғы жағдайда бір ыдысқа су құйады және деңгейі белгіленеді; сосын ыдысқа ішек немесе қарын құрамы салынады алдын ала сусыздандырылған, бірақ қоректік түйін сулы деңгейде тұруы керек. Ығысқан судың көлемі қоректік спектірдің түйіні болады. сосын ірі организмдер ( балықтар, балықтардың дернәсілдері, шаянтәрізділер ) қоректік түйіннен шығарылады және саналады. Сол жолмен салмағы және көлемі анықталады. Қалған майда организмдердің салмағы және көлемі өлшемдегі ірі организмдердің көлемімен немесе балық қоректік түйінмен анықталады.

Сапалық өңдеу: Петри табақшасында қаралады және қоректік түрлі құрамы анықталады, ең көп кездесетін түрмен көрсетіледі. Түрлі сандық ара қатынасы қоректік құрамы визуалды шкаламен анықталады.

  1. Организмдер жақсы сақталған, ешқандай ыдырау мүшелердің жоқ және қазір ғана жұтылған;
  2. Организмдер кішкене қорытылған денесі бөлшектерге ыдырамаған, бірақ қанаттары бар, мысалы, балықтар сияқты кішкене мұжылған шетке, ішкі мүшелері түгел, бірақ арқасынан кішкене шетке жылжыған, кейбіреулерінде желбезектері түсіп қалған, бірақ түрге дейін анықталған және санауға болады;
  3. Организмдер жартылай қорытылған-бөліктері қорытылған бас сигменті, баскеуделері абдоменасыз, фуркасыз буындары бас кеудесінен бастаған толық шаяндар жоқ, ал егер болса тиіп кетсең бөлініп кетеді, анықтау және санау фрагменттерімен болады;
  4. Өте қорытылған- қатты ыдыраған организмдер. Бірақ көздерімен, аяқтарымен, ілмешектерімен, отолиттерімен, желбезектерімен, қанаттарымен және тағы басқа бөліктерімен немесе мүшелерімен анықтауға болады;
  5. Анықталмайтын масса, формалық элементтерсіз.

Қорытылу деңгейі ерекшелігі әсіресе тәуліктік балық жинау кезінде керек, бұл қанша жиі қоректеніп туратынын білуге мүмкіндік береді, қандай қоректік организмдер жиынтығымен қоректенгенін білу үшін, мысалы, егер ішекте жақсы сақталған болса, онда бұл балықтың қоректенуі жиі болып отырады және массалық жиынтық қоректік организмдердің тығыз екенін көрсетеді, Дунай аймағында шпроттың қарны тек бір уақытта мизидалармен толған ( 100%), ал басқаларында-майда копиподалармен екі қоректік организмде жақсы сақталған.

 

2.3 Материалды лабороториялық жағдайда өңдеу

 

Планктонжегіш балықтардың қоректенуінің материалын өңдеу әрине құрамы өзгеруі мүмкіндігн зерттеуге қойған, жұмыстардан гөрі балық қоректенуін түсінкті немесе дұрыс қылатын сандық әдіс қортылу мүшенің трактісін анықтау. Бұл санау және өлшеу әдісі мына жұмстармен іске асады.   

Фармалинмен фиксерленген балық пробасы немесе олардың қарнын зерттеуден бұрын жарты күнде жібітіп тұщы суға салып қою керек. Этикеткадан барлық мәліметтер жазылуы керек немесе қоректі санаған журналға және де ихтиологиялық журналдан ұзындығы, салмағы, жыныстық белгілердің жетілуін, жасын және майлылығын бөлек карточкаға жазылуы тиіс.

Балықты сою егер ол толығымен фиксерленген болса, қайшымен іске асады, құрсақ жағынан кеңірдекті кесеті сосын ішек-қарынын абайлап бөлек сыртқа шығарады. Сосын толысу деңгейін анықтайды, қарынның және ішектің толысуын балмен анықтайды. Ас қорыту мүшесінің толысуы график бойынша карточкаға жазады. Сосын жіңішке қайшымен асқорыту жүйесі кесіледі. Қарынның және пилоростың ішіндегі құрамын ( плактофактордың қарнында болады) пинцентпен шығарады, ішектің шырынын бірге алмау үшін, ішектің ішіндегі құрамын ішекті қысыпта шығаруға болады. негізгі қорамын ішектен алып болған соң сумен петри табақшасында шаяды, сосын ішектегі бүкіл қоректі бөліп алады. Ішекпен қарынды өңдеу екі бөлек жүреді. Ал қарынсыз планктофактардың алдыңғы, ортаңғы және артқы ішегі бөлек өңделеді. Қоректі өлшеу торзионды, актекарлық немесе техннохимиялық таразыда өлшейді, бұл үшін қарын немесе ішектің құрамын фильтрлі қағазға сусыздандырып алады. Егер қоректік түйін тек екі массовый түрлер организмінен тұрса, мысалы, ірі шаяндардан ( Mysidae, Amphipoda, Decapoda ) және майда шаяндардан ( Capepoda, Cladocera және т.б ) онда бұларды бөліп бөлек өлшеу тиіс.

Қарынды планктофактрдың түрі қоректік құрамының санын қарында санайды, ал ішектің құрамын тек сапасын қарастырады. Ал егер қарын бос болған жағыдайда ішек құрамын тереңірек қарастырады немесе зерттейді, ал егер организмдердің сақталуы мүмкіндік берсе, онда организмдерді санайды. Қарынсыз планктофактрдың ішегінің бөліктерінің ( алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектерді ) сандық құрамын бөлек санаған дүрыс. Ішектің қоректік құрамының санын санау үшін заттық шыныға қоректі ұзына бойы оптикаға көрінетіндей қылып немесе Богоров камерасымен санайды. Ірі организмдер мүмкндігінше өлшенеді ( Amphipoda, Mysidae, Sagitta және т.б. ). Қарында немесе ішекте қорегі көп болған жағыдайда оның жартысын алады, қоректік түйіннің әр жерінен алады, себебі түрлі организмдер құрамы ішек-қарын жүйесінде барлық жерінде бірдей болмайды.

Көлемдік әдісті қолданған жағыжайда ірі организмдердің өңдегеннен кейін қоректік түйінді белгілі су мөлшерімен ыдыста араластыратын және штемпель-пипеткасы арққылы немсе Богоровтың порциялық пипеткасы арқылы өңдеу үшін екі порция алды, бұл жағыдайда планктон пробасын өңдеу сияқты көлемімен салмағына қарай организмдердің саны белгілі болады және саналады.

Бұл екі әдісті қолданған жағыдайда ( Amphipoda, Mysidae, Sagitta, дернәсілдер және балықтар шабақтары т. б.) сияқты ірі организмдерді өңдеу жүргііізгенде жалғызғана қарастырылған пробаның жартысын ғана емес, асқорту жүйесінің құрамын да өңдеген жөн. Организмдер қортылып кеткен жағыдайда мизида, элфазииды және декопот дернәсілдерін көздері амориподтарлы-бастары немесе тельсомдары, сагитті-түрлері, балық дернәсілдері мен шабақтарын желбезек сүйегі арқылы санын білуге болады. кейбір кездерде асқорту жүйесінде балықтың қабыршағы, құм-тастар немесе т.б қорекке жарамсыз заттар кездесуі мүмкін, олар қоректің салмағына кірмейді, тек ғана карточкаға белгіленеді. Санауға келмейтін қатты қорытылған организмдер бөлек өлшенеді, мүмкін болғанша тобы белгіленеді немесе масса салмағы белгіленген организмдердің пропорциялық салмағына бөледі.

Құрамында біркелкі қорек болғанда ( яғни түрлі немесе көлемді организмдер ) асқазан ішектің құрамын өңдеуі қиынға түспеуі үшін топтық өңдеу әрекеті қолданылады. Асқорыту жүйесінің толуының және қоректік түйінін салмағын білгеннен кейін белгілі бір мөлшердегі суға жақсылап араластырылады, пробаның жарты бөлігімен өңделеді. Түрлеріне байланысты пробадағы барлық организмдер саналады, сосын бір асқазандағы немесе ішектегі организмдердің орташа саны шығарылады. Алған мәліметтер-салмақ, әртүрлі организмдердің құрамы мен саны-ерекше өзінің карточкасына жазылады. Ол жерде организмнің қаншалықты қорытылғаны жазылады. Егер қорктік түйін қатты қортылып кеткн жағыыдайда көз мөлшерімен барлық қоректің қанша пайызын анықтауға болатыны белгіленуі тиіс.

 

2.4 Балықтардың тәуліктік қоректену барысындағы материалын өңдеу және жинау

 

Зерттелмекші болған балықтың тәулік барысындағы тыңғылықты жинақталған материалдың өңдеу нәтижесінің белсенділігі және динамикасын тәуліктік қоректенуіне жұмсалған мөлшерін анықтау. Балықтың тәуліктік рационын асқорту қарқынын бақылау кейбір кәсіптік сұрақтарды шешуге мүмкндік береді, мысалы, бұлардың тәулікте жейтін қорегін аулап алған қорегіне ( көлеміне, жарық түсуіне бағынышты), тәуліктің қай уақытында ұсталғанына да байланысты болады. Одан басқа балықтың бір күндік қорктену барысын анықтағанда одан дұрысырақ мәлімет беріледі, әр уақытта әр жерде ауланған балықтарды зерттегенде, бұл бөлек пробалар интенцивті қорктенуді өлшейтін бөлігі болып саналмайды, бұл тек балықтың сол уақытта қоректенгенін көрсетеді. Тәуліктік балық қоректенуі туралы дұрыс материал алу үшін балықты активті ау құралымен аулау керек ( әр түрлі тереңдікте тралмен т.б.) бір аудандық белгілі орында 28-32 сағат бойы балықты аулау белгіленген уақыт арасында жүргізіледі. Бұл уақыттарды қояр алдында балықтардың мінез-құлқына да қарау керек. Сол себептен, тәңертең сосын кешкі уақыттарда аулаған жөн.Бұл уақыттарда әр жылға стандартты деп қоюға болмайды, себебі физиологиялық процестері қоршаған ортаның факторларымен өте тығыз (балықтардың асқорыту уақыты температураға байланысты, әртүрлі уақытта жүреді), организмдердің жасымен жағыдайына байланысты. Мысалы, балықтың рационын білу үшін жазда жоғары температура уақытында, балық аулау жиі жүргізілуі тиіс, басқа мезгілдерге қарағанда, бұл уақытта қорек тез қорытылады. Мүмкіндігінше бір көлемде қоректенуінде өзгерістер болмауы үшін, әр проба 20 асқорыту трактысында түруы керек. Ауланған балықтар көп болған жағыдайда әр көлемді балықтарда 15-20 тал алу керек, бір-бірінен айрықшалануы керек (ірі, орташа, майда). Материал жинау уақытында тәуліктік проба алатын деп дайындалған дрифтер ауды немесе басқа ауды алдыға ауланған заттардан толық тазарту керек.

Пробаны фиксациялау алдында ауланған балық бортқа түсе салысымен іске асуы тиіс нақты мәліметтер алу үшін. Журналға этикетка және т. б. Мәліметтерден басқа, балық аулап біткен уақытын көрсету керек. Суға түсетін жарықты фотометр арқылы анықтайды, бұл уақытта судың температурасын, күн қай жерде түрғанын жаза кеткен дұрыс. әдебиеттікжәне сандық материалдарды өңдеу: сандық материалды өңдеу әдісі, ішек-қарын трактісімен анализ жасағанда алған нәтижесінде және де кестелік түсініктемелер алдында айтылып кетті. Сандық және сапалық мәліметке сүйене отырып, қоректік карточкадан әртүрлі жазылған әртүрлі организмнің салмағын біледі, өлшеу нәтижесінде алынған. Көлемдік мәліметтер алу үшін балық қорегінде, әр ішек-қарын трактісін толысу индексы қарастырады.

 

2.5 Жинау методикасы және пробаларды өңдеу

 

Дернәсілдің және шабақтың асқорыту жолының құрамын өңдеу. Балықтың ішек-қарнын өңдеуден бұрын дернәсілдің қай түрге жататынын анықтау керек.

әр топты бөлек карточкаға жазады. Қоректенуін зерттеу үшін пробаларды таңдайды, балықтың дернәсілі тәуліктің әр мезгілінде жиналады, сол себептен ұстаған мерзімін анықтап қою керек, балықтың дернәсілі мен шабағының қоректенуін зерттеу үшін: бинокуляр МБИ-1, торзионды таразы ВТ-ден 20-мг нан 250-мг дейін жіңішке пинцентпен 2 жіңішке препоратқа арналған ине, екі заттық шыны, сағаттық әйнек «часовые стекла» дернәсілдің көлемін өлшеу үшін арналған пипетка, фильтр қағазы.

Пробиркадан пробаны чашка петриге құяды.сағаттық айнамен дернәсілдердің көлемін есептеп, өлшеуді ең майда түрлерінен бастайды. Дернәсілмен щабақты сою алдында өлшейді, 4 мм-ден майда дернәсілдің қорегін бинокулярмен зерттейді. Дернәсілді заттық шыныға қойып бинокулярмен қараймыз, екі инемен ішегін шығарып құрамын қарайды.

Шабақтың асқорту жүйесімен ішегін бөлек өңдейді. Формалинмен фиксирленген пробаны немесе бөлек қарынды суда жарты күнге жібітіп қою керек. Қарынмен ішекті бөлек өңдейді. Ішек-қарны өте қатты толы болса, оны өлшеп болғаннан кейін, бір бөлігін бір бір түйіншектен алады, себебі бір жерден ғана алса организмдердің түрлік құрамын толық анықтамауы мүмкін балықтың ішек-қарнынан үлкенірек организмдер алынғаннан кейін, қорегін сумен араластырып, организмдерді санайды. Ірі организмдерді «мизидалар, дернәсілдер, жәндіктер т.б.» санайды. Егер олар қорытылса олардың бөлшектерін немесе сигменттерін санайды. Көп жағыдайларда балықтың ішек-қарнында құм, ішек құрттарды т.б. қорытылмайтын заттар болады, оларды өлшемейді тек протоколда айтады.

Егер балық қоректенген организмдер түрі және көлемі ұқсас болса, онда оларды топпен өңдейтін әдіс бар.

әр популяцияның өсуі,дамуы, көбеюі немесе кемуі қоректің болуына байланысты. Жылдың цикл бойы популяцияның қалыпты өмір сұруін қамтамасыз ететін барлық тіршілік процестерін жүзеге асырады. Бұл процестердің деңгейін көптегкн сандық көрсеткіштер арқылы анықтауға болады, мысалы, өсу жылдамдығы, күйлілік коэфиценті, жетілуі және т.б.

Жыныстық жетілген балықтардың циклындағы, стержендік жағыдайы олардың өсуімен май жинауымен тығыз байланысты, генеративті процесс болып табылады. Биологиялық көрсеткіштердің мезгілдік динамикасы бір жағынан көрінісі, циклдық процесстердің, организмнің өзінде болатын құбылыстар, ал басқа жағынан қоршаған ортаның жыл бойы өзгеруі. мезгілдік өзгергіштік, биологиялық көрсеткіштердің мезгілдік өзгергіштігіне анализ, жыныстық жетілуі, өсуі май жиналуы мынандай мүмкіндік береді.

  1. Осы процестердің дамуын байқауға.
  2. Осы процестердің бір-бірімен байланысын байқау немесе бақылау.
  3. Жылдық циклдың сол уақытында популяция жағыдайын бақылау және басқа популяциямен салыстыру жолдары, олардың әр қисысының спецификациясын айқындау.

Популяцияның бір жылдық циклын анықтау үшін мына биологиялық көрсеткіштер керек;

  1. Ұзына бойының ұзындығы.
  2. Қарқынды салмағының көлемі.
  3. Килілік коэффиценті.
  4. Баурдың индекісі.
  5. Жыныстық жетілу коэффиценті.

Бұл көрсеткштердің пайдалылығы; бұл белгілермен дала практикасында ұзындығын, салмағын, өсу стадиясын және тағы басқаны анықтауға болады.

Сезондық динамиканы зерттеу биологиялық көрсеткіштерді жылдық цикл бойы уылдырық шашудан кейін сол жылды және келесі жылда уылдырық шашумен бітіру керек.

Балықтың қорегін анықтағанда материалды бір текті бітіру керек.

1.Балықты бір популяциядан алу керек, уылдырық шашу кезінде, уылдырығынан алу керек.

  1. Балықтың бір жастағысын алу керек, бір жастағы балықтар жыл бойы жұмыс істеу керек.
  2. Балықтың физологиялық жағыдайына қарай ересек, жасы жетпегендерді және үлкен балықтарды бір-біріне қоспау керек. Балықтар жасы бірдей болсада біреуі жыныстық жетілген, ал екіншісі ауруына т. б. Байланысты ал жетілмеген болуы мүмкін.
  3. Аталықтар мен аналықтарды бөлек қарау керек. Уылдырық шашқан кезін көрсету керек. Себебі келесі қадамын белгілеу үшін.

 

2.6 Биологиялық көрсеткіштерді анықтау

 

Қарқынды ұзына бойы өсу шегі.

Қарқынды ұзына бойы өсуін бойының ұзындығынан анықтаймыз, оны екі жолмен анықтайды:

  1. Материал көп және біркелкі болғанда зерттеу уақытында өсуін бақылау.
  2. Әрбір балықтың өсу жылдамдығын басқа балықтардың ұзындығымен салыстырады. Салмағының қарқынды өсу шегін салмағының өсуімен анықтайды.

Ұзындық көлемі және салмақтың көлемі, бірге өзгереді дейді, Тюрин 1927 жылы. Бірақ ұзындық және салмақтың көлемі өзгеріп отырады.

Лягин 1972 ж. Мысалы, торта балығының осы екі көрсеткіш өзгергенін айтады. өсудің салмағын өлшеу үшін ішеқарынсыз өлшеу керек.

Күйлілік коэффинцентін салмақ өлшегішпен өгшеген дұрыс, күйлілік коэффинценттік Кларг бойынша анықтайды.майлылық көрсеткіштерді дала жағдайында екі көрсеткішпен анықтайды; Тестер бойынша майлылық факторы және майлылық коэффиценті. Майлылық көбейген сайын меншіктік салмағы азаяды, тестер бойынша майлылық факторы өзгеруі бұлшық еттің майлылығының өзгеруін көрсетеді. Бұл түсініктеме тканның майлылығы артса оның меншіктік салмағы азяды. Майлылық факторын анықтау әдісін Шуманинов Д.А. жазған. Майлылықтың коэффицентін анықтау үшін әр балықтың майын өлшеп, сосын балықтың салмағына қосу керек. Егер жыныс бездерінде май болса, онда майдың салмағына қосады, бірақ бөлек өлшеп алу керек.

Жыныстық жетілу коэффиценті, гонад салмағы-қоректік қалпын көрсетеді. Осы салмақты зерттеу, анықтау үшін балықтың барлық салмағын өлшеген жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

 

 

3.1 Зерттелген балықтың систематикасы және морфологиясы

 

Тип: Chordata— Хордалылар

Тип тармағы: Vertebrata— омыртқалылар

Бөлім: Gnathostomata— жақтылар

Класс үсті: Pisces- балықтар

Класс: Ostichthyes— сүйеті балықтар

Отряд үсті: суprinimorpha— циприноидтар

Отряд: Cypriniformes— тұқы тәрізділер

Тұқымдас: Cyprinidae- тұқылар

Туыс: Cyprinus- сазандар

Түр:Cyprinus carpio— cазан

 

Сазан балығы Қара теңіз, Каспий теңізінде, Арал теңізінде кең таралған. Аузы төменгі ауыз, түсі сұрғылт тіршілік етуіне байланысты болады. Арқасы қою, құрсағы ашық түсті.Уылдырығын порциялап су температурасы 17-18 0С – та сәуірдің соңы мен мамырдың басында шашады.

Сазан балығы шаруашылықта маңызды орынға ие. Негізінен құнды балық болып саналады. Табиғи жағдайда басты қорек насекомдардың личинкалары, хирономидтер, зоопланктонмен, макрофиттермен, детриттермен қоректенеді. Сазан 3 – 4 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Аналық пен аталықтың қатынасы осы күнге дейін белгісіз, анықталмаған.

Волга – Орал су қоймасында 1968 жылы маусым айында аулау жүргізілгенде тек аналық балықтары ұсталынған, сол уақытта Сорколь өзенінде тек аталық балықтар ұсталынған. Орал өзенінде көктемде 1966 жылы ұсталған сазан балықтарының 232 данасының 52,6% аталықтар құраған.

Сазан икрасын порциялап 18 – 20% температурада шашады деген мәліметті Г.Х. Шапашиникова айтқан. Жылына сазан 3 порциялап уылдырық шашады. Өрістеуге су температурасы 17 – 18 0C болғанда сәуір айының соңы мен мамыр айының басында Орал бассейінде өрістеуге шығады. Тұқымдылығы сазан сапасына, порциялап шашқан икрасына, дене ұзындығына, жасына байланысты болады. Волга өзенінің дельтасында сазан 3 – 10 жаста, дене ұзындығы 35 – 69см болғанда тұқымдылығы 179 дан 1130 мың, орташа 530 мың уылдырық, диаметрі 0,35 – тен 1,6мм – ге дейін Камыш – Самарскы өзенінде 5 – 8 жастағы сазанның абсолютті тұқымдылығы 76 – 480 мың уылдырық, диаметрі 1,2мм 1- ші генерацияда, ал 2-ші генерацияда 0,7мм. Шалқар өзенінде 6 – 10 жастағы сазан тұқымдылығы 126 дан 637 мың уылдырық.

Біздің мәлімет бойынша, Чиров тоғңанында Быковка көлінде (Солтүстік Орал облысы) 1968 жылы онлық тұқымдылығы (дене ұзындығы 42 – 43 см, салмағы 1450 – 1500 г) 273,3 – 301,6 мың уылдырық. Максимальды өмір жасының ұзақтығы Қазақстанда 14 жас көрсетілген. максимальды ұзындығы 77 см, салмағы 8,3 кг. Біздің мәлімет бойынша бұданда үлкен сазандар кездескен, массасы 10 кг дейін. Сазан Шалқар өзенінде ұзындығы 75 см, салмағы 8 кг болған.

 

3.2 Сазан балығының қоректену спектрі

 

Зерттеуге 2007 жылы Қапшағай су қоймасынан жазғы және күзгі өндірістік практикада әкелінген балықтардың ішінен методика бойынша 10 экз сазан балығы алынды.

Зерттеудің мақсаты: Бентосжегіш балықтардың қоректік компоненттерін анықтау.

Зерттеудің міндеті: 1. Балықтардың қоректік компоненттерінің сандық  көрсеткіштерін анықтау

  1. Балықтардың қоректік компоненттерінің сапалық көрсеткіштерін анықтау.

2.1 Қоректік компоненттердің кездесу жиілігін анықтау.

2.2 Компоненттердің санын анықтау.

2.3 Компоненттердің түр санын анықтау.

2.4 Компоненттредің түр өлшемін анықтау.

Зерттелген балықтардың ішек қарнындағы қоректік түйінде мына компоненттер кездесті: шаянтәрізділер, моллюскалар, хирономидтер, біркүндіктер, инелік личинкасы, азқылтанды құрттар кездесті. Зерттелген нәтижелер 1 – кестеде берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте-1

 

Қапшағай су қоймасындағы сазан балығының қоректік құрамы (2007 ж)

Компоненттер

Комп

Кездесу

жиілгі

%

 

Комп

саны

%

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шаян

тарізділер

Түр

саны

%

 

Түр

өлшемі

мг

%

1

Cyclops.sp

10

100

9

60

130

17

0,2х130=26

8,9

2

Cyclops.

vicinus

10

100

95

13

0,2х95=19

6,5

3

Alona.sp

4

40

15

2

0,3х15=4.5

1,5

4

Daphnia magna

5

50

150

19

0,2х150=30

10,2

5

D.longispina

10

100

210

28

0,02х210=42

1,4

6

Эффипиум

дафнии

4

40

100

13,3

7

Gammarus

lacustris

8

80

6

0,8

4х6=24

8,2

8

Paramusis

intermedia

7

70

4

0,5

4,4х4=17.6

6,02

9

Astacus

astacus

3

30

3

0,4

3,9х3=11.7

4

10

Chironomus

plumosus

9

90

1

6,7

Насеком

Дернәсіл-

дері

12

1,6

2,6х12=31.2

10,6

11

Anax

imperator

3

30

1

6,7

Инелік

личинкасы

9

1,2

3,5х9=31.5

10,7

12

Ephemera.sp

2

20

1

6,7

Бір

Күндіктер

5

0,7

3,3х5=6.5

5,6

13

Planorbis

planorbis

2

20

2

13,4

Моллюска-

Лар

3

0,4

3х3=9

3

14

Bitinia

tentaculata

2

20

2

0,3

5,3х2=10.6

3,6

15

Tubifex

tubifex

8

80

1

6,7

Аз

Қылтанды

Құрттар

7

0,9

8х7=56

19

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-кестеде балықтардың қоректік компоненттерінің кездесу жиілігі пайызда көрсетілген. Методика бойынша 10зкз балықтың ішегі зерттелді. Солардың ішінде шаянтәрізділерден Cyclops.sp, Cyclops vicinus, Daphnia longispina жеке- жеке 10экз ішекте кездесті. Олардың көрсеткіші (100%). Alona.sp, Эффипиум дафнии жеке-жеке 4экз ішекте кездесті. Олрдың көрсеткіші (40%). Daphnia magna 5экз ішекте кездесті (50%), Gammarus lacustris 8-інде кездесті (80%), Paramusis intermedia 7-інде кездесті (70%), Astacus astacus 3-інде кездесті (30%), Хирономидтерден Anax imperator 3-інде кездесті (30%), Біркүндіктерден Ephemera.sp 2-інде кездесті (20%), Моллюскалардан Planorbic planorbic және Bitinia tentaculata жеке-жеке 2 экз ішекте кездесті (20%), Азқылтанды құрттардан Tubifex tubifex 8-інде кездесті (80%).

Компонент саны бойынша: шаянтәрізділерге жататын 9 компонент олардың көрсеткіші (60%), моллюскалардан 2 компонент (13,4%), хирономидтерден 1 компонент (6,7%), инелік личинкасынан 1 компонент (6,7%), біркүндіктерден 1 компонент (6,7%), азқылтанды құрттардан 1компонент (6,7%)  кездесті.

Түр саны бойынша: сазан балығының бүкіл қоректік компоненттерінің санын (751) бір компонентке бөледі. 751 дегеніміз 100%. Соның ішінде Cyclops.sp 130 оның көрсеткіші (17%), Сyclops vicinus 95 (13%), Аlona.sp 15 (2%), Daphnia magna 150 (19%), D. Longispina 210 (28%), Эффипиум дафнии 100 (13,3%), Gammarus lacustris 6 (0,8%), Paramusis intermedia 4 (0,5%), Astacus astacus 3 (0,4%), Chironomus plumosus 12 (1,6%), Anax imperator 9 (1,2%), Ephemera.sp 5 (0,7%), Planorbis planorbis 3 (0,4%), Bitinia tentaculata 2 (0,3%), Tubifex tubifex 7 (0,9%).

Түр өлшемін кездескен компоненттердің әдебиеттерде берілген стандарттық өлшемін түр санына көбейту арқылы табамыз. Кестеде көрсетілгендей барлық компонеттердің түр өлшемі 292мг ол 100%. Әрбір түрдің өлшем көрсеткіші мынандай: Cyclops.sp 26 оның көрсеткіші (8,9%), Сyclops vicinus 19 оның көрсеткіші (6,5%), Аlona.sp 4,5 (1,5%), Daphnia magna 30 (10,2%), D. Longispina 4,2 (1,4%), Gammarus lacustris 24 (8,2%) Paramusis intermedia 17,6 (6,02%), Astacus astacus 11,7 (4%), Chironomus plumosus 31,2 (10,6%), Anax imperator 31,5 (10,7%), Ephemera.sp 16,5 (5,6%), Planorbis planorbis 9 (3%), Bitinia tentaculata 10,6 (3,6%), Tubifex tubifex 56 (19%).

1-Суретте сазан балығының қоректік компонеттерінің кездесу жиілігі көрсетілген. Яғни басым мөлшерде Cyclops.sp, Сyclops vicinus, D. Longispina, Chironomus plumosus болған. Орташа деңгейде Gammarus lacustris, Tubifex tubifex, Paramusis intermedia болған. Аз мөлшерде Ephemera.sp, Planorbis planorbis, Bitinia tentaculata болған.

2-Суретте сазанның қоректік компонеттерінің саны көрсетілген. Бүнда, шаянтәрізділер басым түрде 60% құраған моллюскалар 13,4%, қалған хирономидтер, инелік личинкасы, біркүндіктер, азқылтанды құрттардың әр қайсысы жеке-жеке 6,7% құраған.

3-Суретте көрсетілгендей сазанның қоректік компонеттерінің түр саны бойынша, ең көп үлесті шаянтәрізділер құраған. Хирономидтер мен инелік личишинкасы аз мөлшерде, ал өте аз мөлшерде біркүндіктер, моллюскалар, азқылтанды құрттар кездескен.

4-Суретте көрсетілгендей сазанның компонеттерінің түр өлшемі бойынша көп мөлшерде шаянтәрізділер (46%) құраған. Орташа мөлшерде азқылтанды құрттар (19%), инелік личинкасы (10,7%) кездескен. Аз мөлшерде біркүндіктер (5,6 %), моллюскалар (6,6%) кездескен.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Зерттеуге 2007 жылы Қапшағай су қоймасынан жазғы және күзгі өндірістік практикада әкелінген балықтардың ішінен методика бойынша   тұқы тұқымдасына жататын 10 экз сазан балығы алынды. Зерттелген балықтардың ішегінен шаянтәрізділер, моллюскалар, насекомдар дернәсілдері , инелік личинкасы, бір күндіктер, азқылтанды құрттар кездесті.

Сазан балығының қоректік компонентінде кездесу жиілігі бойынша шаянтәрізділер мен насекомдар дернәсілдері көп кездесті. Себебі су қоймада олардың дамуына қолайлы жағдай болған.  Сан жағынанда шаянтәрізділер басым болды 60% көлемін көрсетті, моллюскалар 13,4% көлемін құрады, қалған насекомдар дернәсілдері, бір күндіктер, инелік личинкасы, азқылтанды құрттар жеке-жеке 6,7% көлемін көрсетті. Өлшем көрсеткіші жағынан басым мөлшерде шаянтәрізділер% , орташа мөлшерде азқылтанды құрттар 19%, өте аз мөлшерде бір күндіктер 5,6% көлемін көрсетті.

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

1.Линберг Г.У. Личинкоядные рыбы Средней Азии. Изд.Академии Наук СССР. М. 1947 г. Ленинград. –С 25

  1. Гурова Л.А., Пастухов В.Д. Питание и пищевые взаииоотношение пелагических рыб и нерпы Байкала.Изд. Наука Сибирское отделение Новосибирск. Том 24. 1974 г. –С 44
  2. Шапошникова Г.Х. Закономерности распределение рыб в зависимости от характера питание и состава пише. Питание Морских промысловых рыб-М.; Изд. Наука 1964 г. –С 150-155
  3. Миловидова Н.Ю. Материалы по питанию Морского карася, Питание Марских промысловых рыб изд. Наука М.; 1964 г. –С 95-101
  4. Желтенкова М.В. Индексы наполнения и суточные рационы как показатели интенсивности питание рыб Питание Марских промысловых рыб изд. НаукаМ.; 1996 г. –С 110-120

6.Цееб Р.Я. Питание и пишевые адоптаций пикше Баренцова море изд. НаукаМ.; 1964 г. –С 120-123

7.Антипова Л.Ф., Концевая Н.Я. Кормавая база Кулейского залива псковского озера и использование ее молодью рыб Веб. Питание рыб и использование ими кормовой базы в разнотипных водоемах. выпуск 458-Ленинград.; 1980 г. –С 33-38

  1. Ибнеева Н.И. Суточные рационы снетка псковского Чудского озера, Питание рыб и использование ими кармовой базы в разнотипных водоемах, ваб. Научных трудов, выпуск 158. Л.; 1980 г. –С 23-32
  2. Венберг Г.Г. Интинсивност обмен и пищевые потребности рыб Минск 1956 г. –С 5-16
  3. Антипова Л.Ф. Питание и рационы сига Чудского озера всб. Питание рыб и использование ими кормовой базы в разнотипных водоемах выпуск 158 Л.; 1980 г. –С 55-61
  4. Методическое пособие по изучению и питании и пищевых отношений у рыб.М.;1978 г. –С 128-134
  5. Мельничук Г. Л. Методическое рекомендации по примению современных методов изучении по кормовой базы в истественных водоемах изд. Гос НИОРХ. Л.;1978 г. –С 220-224
  6. Мамилова Р.Х. Динамика питания леще Капчагайского водохранилища Всб. Изучение зоопродуцентов в водоемах бассейна реки Или. Алма-Ата.; 1982 г. –С 124-132
  7. Куплицкас А.К. питание некоторых бентосоядных рыб в заливе Куршью-Марс. Труды, А.Н. Линтовск. СССР серия биология, Том 2 –С 3-25
  8. Даутбаева К.А. Питания плотвы Капчагайского водохранилища Всб. Изучение зоопродуцентов в водоемох бассейна реки Или. Алма-Ата.; 1982г. –С 107-111
  9. Садуақасова Р.С. Зоопланктон дельты реки Урал и питание молоди промысловых рыб Всб. Биологические основы рыбного хозяйства на водоемах средней Азии и Казахстана. Алма-Ата.; Изд.Наука 1966 г. –С 58-59
  10. Лысков В. Н. Питание и пищевые взаимоотношения рыб в акклиматизированных в озере Гусинное Всб. Биологические основы рыбного хозяйства на водоемах Средней Азии и Казахстана. Алма-Ата.; Изд. Наука 1966 г. –С 219-302
  11. Фортунатов К.Р. Методика изучения питания хищных рыб зоол. Журнал, тххх,выб. 6 1951 г. –С 3-15
  12. Абылкасымова Т.А. питание судака акклиматизированного в озере Иссык-Куль Всб. Биологические основы рыбного хозяйства на водоемах Средней Азии и Казахстана. Алма-Ата.; Изд. Наука 1966 г. –С 162-163
  13. Руководство по питанию рыб в естественных водоемах М.; 1968 г. «Колос»
  14. мечкевич О.И. Петребление акклиматизированных гаммарит рыбами озере Отрадном // всб. Состояние кормовой базы и питание рыб в внутренных водоемах. Вып. 173.- Л:- 1981. С. 71-76.
  15. Фоломеева А.П.Питание молоди леща, жереха, и судака в Капчагайском водохранилище // изучение зоопродуцентов водоемов бассейна реки Или. Алма-Ата: КазГУ, 1982. С. 133-142.
  16. Правдин И.Ф. руководство по изучению рыб- Ленинград. 1939. С.37-45.
  17. Мамилова Р.Х. динамика питания леще Капчагайского водохранилища всб. Изучение зоопродуцентов в водоемох бассейна реки Или.- Алма-Ата, 1982.С. 124-132
  18. 25. Проскурина Е.С. Описание молоди рыб в Аральского море // вопросы ихтиологии. 1978. Т. 18. Вып.36. С.460-466.