АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Жайық өзеніндегі сазан және торта балығының бауырының морфологиясы

Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті  Биология Факултеті

 

Зоология  және гистология  кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

 

Жайық өзеніндегі сазан және торта балықтарының бауырының  морфологиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2008 ж

 

РЕФЕРАТ

 

         Бітіру   жұмыстың  тақырыбы “Жайық  өзеніндегі  сазан  және  торта  балығының  бауырының   морфологиясы” – 26 беттен,  1 кестеден, 7 суреттен,  21  әдебиеттер  тізімінен тұрады.

          Кілттік  сөздер — сазан,  торта,  бауыр,  гепатоцит, ұйқы безі, эндокрин және  экзокрин  секрециясы, патология, некроз, антропогенді фактор, дәнекер ұлпа.

          Жұмыстың мақсаты: Каспийден 2005 жылы жиналған  торта балығының, 2007 жылғы Жайық өзенінен жиналған сазан және торта балықтарының  бауырының  морфологиясын  зерттеу.

          Міндеті:

— Торта, сазан балықтарының систематикасы, биологиясы және экологиясымен   танысу;                     

— Биологиялық  анализ жүргізу;

— гистологиялық әдістемелерді пайдалана отырып  балықтардың бауырынан препарат   жасау;    

— жасалған кескіндерге салыстырмалы гистологиялық анализ

  жүргізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

                                                                                                                       Бет

 

 

КІРІСПЕ

 

4

I.ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1.1 Жайық өзенінің сипаттамасы географиялық орны.  

5

1.2.Зерттелуші балықтардың систематикасы,  таралуы , қоректенуі

 

6

1.3.Омыртқалы  жануарлардың  бауырының  морфологиялық жалпы мәліметі

 

10

1,4. Балық  бауырының морфологиясы

 

10

II. МАТЕРИАЛДАР МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕР

 

14

III. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

 

18

ҚОРЫТЫНДЫ

22

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

          Жайық өзені-  Үйтас жотасындағы биіктігі 637 метр.Өзен Нәжім тауынан басталып (Оңтүстік Орал тауы) Башқұртстан,Ресейдегі Челябинск және Орынбор обылыстарының  жерін басып өтеді де Тобыл өзенінен пайда болған өзектердің Мұғалжар және жалпы сырт шоқыларынан аққан суларына қосылып, молайып барып Каспийге құяды.

Жайыққа Сакмара, Ор Елек өзендері, Барбастау және Солянка және Шаған өзендері құяды. Жайықтың арнасы 100-200 метрден 300-500 метрге дейін барады, ал жағалауы жар болып келеді.

Каспий теңізі- тұйық теңіз. Ол шарындағы ең ірі тұзды көл, бірақ көлеміне, даму тарихына, физика-географиялық процестерінің сипатына қарай теңіз қатарына жатады. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Ұзындығы 1200 шаршы м. орташа ені 320 шақ, жағасының ұзындығы 7 мың  шақ. Теңіз ауданның 371 мың шақ, су деңгейі мұхит деңгейінен 28,5 м төмен. Ең терең жері 1025 м. Теңіздің ірі шығанақтары : солтүстігінде Кизляр, Консома,, шығысында Маңғыстау, Кендірлі, Қазақ, Қара Бұғаз-Көл, Баку қойнауы,оңтүстігінде таяз лагуналар көп. 50-ге жуық аралдары бар. Олардың ірілері: Құлалы, Тюлен, Чечень, Артем, Жылой, Булла. Каспий теңізіне солтүстіктен Терек, Еділ, Жайық, Жем; батыстан Сулақ, Самур, Кура өзендері құяды.

Жайық өзенінде мекендейтін балықтар — жартылай өткінші. Олар әдетте тіршілігінің көпшілік уақытын Жайық өзенінде  өткізіп, қоректенуі үшін Каспий теңізінің тұздылау жеріне келеді. Қазіргі кезде Каспий теңізіндегі мұнай өндіру процесінің қарқынды жүруіне байланысты судың ластануы байқалады. Судың ластануы балық мүшелерінің морфофункционалдық жағдайына әсер етеуіне байланысты. Сондықтан біздің бітіру жұмыста Каспий бассейнінен ауланған сазан мен торта балықтарының бауырын гистологиялық жағынан зерттелуге арналған.

Жұмыстың мақсаты – 2007 жылы Жайық өзенінен ауланған сазан және торта балықтарының бауырының морфологиясын зерттей отырып, 2005 жылғы Каспийден алынған торта балығының бауырының морфологиясын экологиялық жағдайымен байланыстыра отырып салыстыру.

          Міндеті: әр жылдары ауланған сазан және торта балықтарының бауырларынан гистологиялық кескін жасап, оның морфологиясын зерттеп салыстырмалы гистологиялық талдау жүргізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ.

 

 

 

1.1. Жайық  Каспий алабындағы өзен.Ол Оңтүстік Орал тауы және Каспий ойпаты, Ресей Федерациясының Башқұртстан Республикасы, Челябі, Орынбор және Қазақстанның Батыс Қазақстан, Атырау облыстары жерінде ағып, Атырау қаласы тұсында Каспий теңізіне құяды.Жайықтың жалпы ұзыдығы 2428 шақ, су жиналатын алабының ауданы 237 мың шақ , Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 шақ. Орал тауы жотасынан басталып жоғарғы бөлігіне оңтүстік Оралдың шығыс беткейін бойлай тар аңғарымен ағып, Верхнеуральск қаласымен төмен қарай жазықпен ағады. Жайыққа оң жағынан Таналық, сол жағынан Ор салалары құяды.

Жазық даламен ағатын тұсында оған сол жағынан Елек өзені құяды. Жайыққа оң жағынан Кіші, Қызыл, Үлкен Қызыл, Сакмар, Таналық, Шаған; сол жағынан Шыңғырлау Гумбейка, Үлкен Қараған, Сүйіндік, Қомақ, Ор, Елек салалары құяды. Өзеннің жоғарғы ағысында қарашаның басында, орта төменгі бөлігінде қарашаның аяғында қатып, мұзының еруі төменгі бөлігінде наурыздың аяғында басталып, жоғарғы бөлігінде сәуірдің ортасына дейін созылады. Өзеннен бекіре, шоқыр, майшабақ, Каспий қаракөзі, табан балық, сазан, жайын ауланады [1].

 

Жайық-Жем артезиян алабы

Алап Каспий ойпатының шығысында орналасқан.Ол Жайық пен Жем өзенінің аралығындағы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарының жерін қамтиды. Жер астындағы мол да әртектес қабатты , тұз күмбезді сулы аймақ. Жалпы ауданы 200 мың шақ жуық [1].

 

Жайық-Каспий Қоңыр көмір алабы

          Атырау Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында орналасқан. Жалпы аумағы 150 мың шаршы м. Көмірлі түзілімдер туралы алғашқы деректер 19 ғасырдың аяғында белгілі болған. Алабтың жекелеген кен көздері игеріліп, 1941-1945 ж.ж.жергілікті отын орталығы болды [1].

 

Каспий теңізі

Каспий теңізі- тұйық теңіз.Ол жер шарындағы ең ірі тұзды көл болғанмен көлеміне, даму тарихына, физика-географиялық процестерінің сипатына қарай теңіз қатарына жатады. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Ұзындығы 1200 шаршы м , орташа ені 320 щақ, жағасының ұзындығы 7 мың шақ. Ауданның 371 мың шақырым, су деңгейі мұхит деңгейінен 28,5 м төмен. Ең терең жері 1025 м. Ірі шығанақтары : солтүстігінде Кизляр, Консома,, шығысында Маңғыстау, Кендірлі, Қазақ, Қара Бұғаз-Көл, Баку қойнауы,оңтүстігінде таяз лагуналар көп. 50-ге жуық аралдары бар. Олардың ірілері: Құлалы, Тюлен, Шешен, Артем, Жылой, Булла. Каспий теңізіне солтүстіктен Терек, Еділ, Жайық, Жем; батыстан Сулақ, Самур, Кура өзендері құяды [1].

Жағалауы. Солтүстік жағалауы ойпатты, жазық. Мұнда теңіз суының шалқып шегінуі әсерінен кең алқапты қайраң қалыптасқан. Өзен сағаларында атыраулық жаға ұлғаюда.

Рельеф. Каспий теңізінің түптік рельефі мен гидрологиялық ерекшеліктеріне қарай Солтүстік Каспий, Орталық Каспий және Оңтүстік Каспийге бөлінеді [1].

Гидрологиялық режим. Каспий теңізінде өзен ағындарымен желге байланысты судың циклонды араласуы байқалады. Су массасы батыс жағамен солтүстіктен оңтүстікке қарай қозғалады да , Апшерон түбегіне жеткенде екі тармаққа бөлінеді. Оның 1-шісі бағытын жалғастыра береді де, ал екіншісі шығысқа бұрылып, шығыс жағалауындағы солтүстікке бағытталған ағысқа қозғалады. Судың орташа тұздылығы 12,7 ‰ , шығыс жағалауында 13,2‰.

Фаунасы мен флорасы. Каспий теңізі Фауна мен флораға кедей. Өсімдіктердің 500, балық пен жануарлардың 854 түрі бар. Каспий теңізінде неоген дәуірінде жаралған фауна түрлері көп. Оларға бекіре тұқымдас балықтар, майшабақ, бұзаубас балық, дрейсена және жүрекше моллюскалар жатады.[1].

Шаруашылық маңызы. Каспий теңізі ежелден құнды балықтар түрлеріне бай.Онда  бекіре тұқымдас балықтар, майшабақ, тұщы су балықтар (табан балық, көксерке, сазан т.б.) , ит балық ауланады.Кейінгі кезде мұнай өнімдеріне байланысты теңізден ауланатын балық мөлшері азаюда.

 

 

Систематикасы,  таралуы  қоректенуі.

 

Систематикасы

 

Тип: Chordata-Хордалылар

Тип/тар:  Vertebrata-омыртқалылар

Бөлім : Gnathostomata-жақтылар

Кл/үсті: Pisces-балық

Клас :Osteichtyes-сүйекті балықтар

Отр/үсті:  Cyprinimorpha—тұқылар

Отр: Cypriniformes-тұқы тәрізділер

Тұқымдас: Cyprinidae-тұқылар

Туыс :Cyprinus -тұқы

  1. Түр : C. carpio-сазан

Түрше: Cyprinus carpio aralinsis-арал сазаны

  1. Түр: Rutilus rutilus-торта

 

С. саrріо көп   кездесетін   түрдің   бірі.   Сурrinus  тұқымдасына   торта, 

нәлім,  елец,  аққайран,  гольец,  қызылқанат, жерех,  оңғақ,  подуст,  пескарь,  усач,   шемай,   мөңке тағы  басқа   көптеген   балықтар  жатады  [2].

          Сурrinus  туысы  СССР және Европада  ихтиофаунасында  біреу  (сазан), ал  Қытай  ихтиофаунасында  2  туыс:

  1. Сурrinus саrріо Linne – сазан  Европа,  Қара  және  Каспий  теңізінің  бассейніде Қазақстанда Жайық,Эмбі  өзендерінде,  Волга –Жайық  суқоймаларында,  және  Шалқар және  Каспий теңізінде  кездеседі. Е.Н.Казанчеевтің  көрсеткіші  бойынша  соңғы  зонада  кездескені.  Мангышлау  п-ова [2].

 

          Сипаттамасы.

 

Бүйір  сызығы  33 5-6/5-6  41  қабыршық, 36-38   омыртқа, Д ІІІ-ІҮ (15),  16-21 (22), А ІІІ –5-6, Р І 15-17, V ІІ 7-8,   желбезек  тычинкасы 20-29,   жұтқыншақ тісі 1·1·3 – 3·1·1  немесе 1·2·3 — 3·2·1 (Берг, 1949;  Серов, 1959; Шапочникова, 1964; Митрофанов, 1973;  Казанчив, 1981)             

          Корсеткіштерімен  зерттеу   белгі  барлық  авторлардың  көрсеткішімен  ерекшеленбейді [2].

          Г.Х.Шапаникованың  айтуынша  Жайық   өзендегі  сазанды  одан  арғы  зерттеулермен  анықтаулар  боған жоқ.  П.Н.Серов (1959)  сазанның   пластикалық  белгісі:  мынадай денесінің ең  биік  жері 25,4-34,1  (орташа 29,0)  ең  аласа жері 10,3-12,5,  антедореальдісі 44-56, ростдореальді 11,7-22; антеанальное 68,5-79,3,  антевентольное-41,4-51,8,  пектовентрольді-18,4-27,  ұзындығы Р – 15,3-18,8.  құйрық  сабағы – 15,7-21, Д  биіктігі – 9-14,3, А биіктігі – 10,2-14,8 .

 

          Биологиясы.

 

Сазанның  жыныстық  жетілу  жасы 3,4.Жайық  сазаны  үнемі  порциялап уылдырық шашатын  балыққа  жатады. Г.Х.Шапаникованың   көрсетуінше  порциялап уылдырық  шашатындары 18-20% өрістеуі су  температурасы 17-18 0 С,  Жайық бассеиніндегі  сазан  әдетте  сәуір  айының  аяғы  мен  мамыр  айының  басында.  Сазан  балығының  тұқымдалығы  денесінің салмағы мен  жасына  байланысты. Е.Н. Казанчеев көрсеткіші  бойынша  Волга  өзендегі сазан  жасы 3-10 жас, дене  ұызындығы 35-69 см, тұқымдығы 179-дан-1113 мың  уылдырық, ал орташа 530 мың   уылдырық,  диаметрі 0,35-1,6 мм. Камьни – Самарекий  өзеніндегі  аналық  сазан  жасы – 5-8 жас,  абсолютті  тұқымдылығы 76-480 мың  уылдырық,  диаметрі 1,2 мм.  Шалқар өзенінде 6-10 жылдық  сазан 126-637 мың  уылдырық береді [2].

          Баковка көліндегі  Чиров  тоғанында (Батыс қазақстан облысы) 1968 жылы  тұқымдылығы (дене  ұзындығы 42-43 см, массасы 1450-1500г) 273-301 мың   ұылдырық  берген.  Уылдырығы  жабысқақ  күйде  болады.  Эмбрион 3-5  тәуілікте  шығады.  Жарып  шығу  дене  узындығы  4,5-5,5 мм. Н.П.Серов  корсеткіші  бойынша  Қазақстанда Европалық  сазанның  максимальді   жасы 14 жас.  Қазақстандағы сазанның максимальді   ұзындығы 44 см және 8,3 кг. деп әдебиеттерде  көрсетілген. Жайық  өзеніндегі  сазан  негізінен  бентоспен қоректенеді.  Олар: зоопланктонмен, хиронмид  личинкасымен,  көктемдіктер,  біркүндіктер,  азқынтанды құрттар,  бүйірімен  түзушілер, су  өсімдіктерімен және детритпен қоректенеді [2].

          Cyprinus carpio arelinsis – арал  сазаны. Бүйір  сызығының   үстінгі  қабыршақ  саны 5-7, ал астында 4-7 қабыршақ,  жұтқыншақ тістерінің формуласы 1·1·3 – 3·1·1. Пластикалық белгілері едәуір  ажыратылған. Көптеген авторлар сазанның жыныс деморфизмі  әлсіз  білінеді деп  жазады. Мысалы:  Іле  өзеніндегі аналық сазанның  аналь қанаты биік (Таранов, 1959), аталықтың  құрсақ  қанаты қысқарған. Сазан  түсі  оның  тіршілік  ортасына  байланысты.   Түрліше болады,  басының  үсті қара  түсті,  арқасы мен бүйірі ашық қоңыр  немесе  жасыл-қоңыр, ашық-алтын түсті бүйірі,  құрсағы әркез-сары  немесе сары сұр, арқа қанаты  күңгірт, жұп қанаттары қызылдау түс [2].

          1949-1950 жылдары А.И.Герюнованың айтуынша сазанның омыртқасы  майысқан,  массасы аз,  өсуі  баяу   көріксіздігі  байқалады. Битликоль, Аккөл  көлдерінде  және Талас  бассейнінде   омыртқалының   қисаюы,  құйрық  қанаттарының аймағы, аноль қанаттарының   сәулелері, жұп  қанаттарының  ұзаруы болған. Оның  дене  ұзындығы 38 см болса,  кеуде   қанаттарының ұзындығы 19 см. болған [2].

 

          Көбеюі.

 

Арал  сазанының   жыныстық  жетілуі 3-7 жас.  Солтүстікке  қарағанда оңтүстік  аралда бір жыл  ерте  жетіледі. Бұқтырма  су  қоймасындағы  аталық  сазанның  жыныстық  жетілуі 4 жас, дене  ұзындығы  30см, ал  аналықтары Б жас,  ұзындығы 34 см, Авторлардың  айтуынша негізінен  сазан 4 жаста,  дене  ұзындығы 16-30 см жетіледі деп жазады. Арал  сазаны  полицикльді,  порциялап  уылдырық шашатын балық. Өрістеуі үшін  судың  температурасы 10-120С  төмен  болмау керек. Сырдария  және  Талас  бассейіндерінде  өрістеу  наурыз айының аяғымен  сәуір айының  ортасы.  Оңтүстік  арал  сазаны  солтүстікке  қарағанда 10-15 күн  ерте  өрістейді,  ал Балқаштың  оңтүстігінде,  солтүстікігіне   қарағанда 10 күн  ерте болады (Пианев, 1985).

          Бойы және жасы. Арал  сазанының  бойының  өсуі оның  су  қоймада  қоректенуіне  байланысты. Сазанның  өсуі  келесідей  жүреді. Аралда ай  сайынғы  ұзындығы 20 мм (Гостива 1956)  шілде айының соңында  орташа – 27 мм, ао июльде 9-47,  орташа – 37мм. (Никольский 1940). 1960-1964 жылдары теңізде  июль  айындағы  сеголетканың  көлемі 22,7-43 мм,  орташа  массасы 629-2810 мг. (Маркова 1969).  Шардара су қоймасында мамыр айының  соңында  шабақтары 25-26 мм және 0,44-0,51г, ал  қыркүйек  айының  соңында 72-87 мм және 9,7-18,6 г (Ерещенко 1970) болады.  Бөген су  қоймасында мамыр  айының соңында  шабақтарының ұзындығы 12-24,маусым айының  басында 14-42, тамыздың  ортасында  40-90, орташа 67мм,  орташа салмағы 10,9г. Тере-Ащыбұлақ  су  қоймасында сазан сеголеткалары сондай көлемде [2].

 

          Қоректенуі.

 

Арал  сазаны  аралас қоректі балық. Олардың  негізгі  қорегі – хирономид. Жас балық  зоопланктонмен, ескекаяқты шаян, ұсақ моллюска, хирономидпен  қоректенеді.  Балқаш  көліндегі   дернәсілінің  ұзындығы 6-10 мм жеткенде,  ұсақ  балдырлармен, коловраткамен  қоректенеді.  Қоректік  массалық процент  балдырлар 3,7, коловратка-14,9, бұтақмұртты шаян – 17,6,  ескекаяқты-15,5, хирономид  личинкалы – 18,3 (Садуакасова, 1982)  құрайды.  Бөген  суқоймасында жас сазан размері 11-12 мм олар  планктон; дафня (50%) және хирономид (30%)  қоректенеді. Шу өзеніндегі  жас  сазан  размері 6-8,5 см  олар,  макрофитпен және  құрылымдағы,  судағы  насекомдардың  личинкасымен (11,8), детрит (61,0), хирономид личинкасы (19,8),  шаянтәрізділер, (68,3), азқылтанды құрт (4,8), диатомды  балдырлар (3,2). (Пивнев 1985).

 

          Торта – Rutilus  rutilus

Көбеюі.

 

Торта  полицикльді   уылдырық  шашатын  балық.  Жыныстық  жетілуі  бірнеше  жылда.  Оскеннен   суқоймаларында  тортаның  жыныстық  жетілуі 3 жыл  дене ұзындығы 9-12 см (Чабан 1959).  Орталық  және  Солтүстік  Қазақстан  су қоймаларында 2-3  жылда,  дене  ұзындығы 10-14 см [3].

          Сібір      тортасы ерте   уылдырық  шашатындар,  уылдырық  шашу  миграциясы кезінде су  температурасы 6-8 0 С болу керек. Уылдырық  шашу да  максимальді t-70С, көбінесе 9-120С.  уылдырық  шашуды бақылау уақыты таңғы сағат 10-ға дейін, ал  кешке  сағат 18-ден 23-ке дейін. Торта фитофильді  балық,  әдетте  уылдырығын  өсімдікке  шашады.  Тортаның  уылдырығының түсі  ақ-сарыдан  сарыға  дейін,  кейде  жасылға  дейін  өзгереді [3].

          Өсуі мен жасы.

Май  айының  басында  жоғарғы Ертіс  бассейнінде  тортаның  личинкасы  пайда  болады. Шілде  айының ортасында Бұқтырма су қоймаларында жас торта 2-3 см өседі  және  массасы 0,7-3,2г.  Соңғы 2 айда қыркүйектің  ортасына дейін  Зайсан  аймағындағы сеголеткалардың  орташа  дене  ұзындығы  әр жылда 0,8-1,6 см,  шамасы 0,3-1,7г,  Ертісте – 0,5-3,4 см,  массасы 0,44-3,6г  өседі.  Өсуі  әр жылда  әртүрлі  1965-1967 жылдары Зайсан  аймағында 4 айда  сеголеткалардың  орташа  дене ұзындығы  3,5см,  массасы 0,4 г,  ал Ертіс  аймағында 2,5-4 см, 0,3-0,9 г өскен [3].

          Сібір тортасының   Қазақстанда өсу  жасы – 15 жыл.  Бұл Ертіс  су  қоймасынан  алынған. Ауланған  тортаның әдеттегі  жасы – 7 жас.

          Қоректенуі:

          Сібір  тортасы – бентос  қоректі  балық болып саналады.  Олар   фито  және зоопланктонмен,  өсімдік  детритімен қоректенеді. В.И. Глушактың зерттеуі  бойынша (1981) С2 2-ші кезеңдегі торта  дернәсілі көбінесе Rоtаtоzia  және Copepoda дернәсілдерімен  қоректенеді. 3-ші дернәсілдік  кезеңде қозғалатын  формамен көп  қоректенеді, ескекаяқтылар – 89,01%,  бұтақмұратты – 10,65-17,5,  коловратка – 2,0-10,1 %,  келесі   этаптағы (Д1  Д2 Е)  дернәсілдерінің  қорегінде  ескекаяқтылар,  Е  кезеңіндегі  қорек қорының 45,39 % бұтақмұртты   шаяндар. Л.С.Пруявич ( 1978)  Бұқтырма  суқоймасындағы торта — эврифаг.  Сеголеткалардың  ұзындығы 2,2-3,6 см  болғанда  87,3 %- төменгі сатыдағы шаяндар, 58 %-бұтақмұртты шаян. Қорек рационы  хирономид  личинкасы, су  тікендері  және   диатомды  балдырлар  болады.  Зайсан  аймағындағы ересек  балықтар  көктемде  детритпен,  макрофитпен, жазда  қоректі  жануар  саны  минимальді,  детрит,  макрофит, фитопланктон  және саз  балық  қоректің 86 %  құрайды. Күзде  жоғарғы  сатыдағы  өсімдіктер 0,8 %  дейін  төмендейді,  ал  негізгі қоректі  моллюска (65,2 %)  құрайды.  Ертіс  аймағындағы ересек тортаның  негізгі  қорегін  Компонентік- төменгі сатыдағы  шаянтәрізділер (24-34,2 %)  және болдырлар (16,6-38,3 %) құрайды.  Өскемен су  қоймасындағы  тортаның  қорегі жануартектес  организмдер-хирономид  личинкасы, моллюска,  инелік  личинкасы,  қандала,  қоңыз, көктемдіктер,  біркүндіктер,  шаянтәрізділер  және  ракушкалар  кездеседі [3].

          А.В. Киселов бойынша Көкшетау  облысындағы Имантау  көліндегі 15-18 см  бағанда,  макрофит  массасы 99,3 %, бұтақмұртты  шаян 0,11 %,  острокода-0,01%, су тікені – 0,01%, қандала-0,07%, хирономид-0,18%, біркүндіктер – 0,31%. Жақсы-Жанғызтау  көліндегі торта-бентофаг.  Балықтың  дене  ұзындығы 15-20 см және  массасы 75-420 г  болғанда  қорек  қорында хирономид личинкасы (35,9), гаимаруе (27,3) балық  уылдырығы (5,4),  сүлік (4,6) кездеседі.  Д.М.Даирбаваның  зерттеуінше 1963-1965 жылдары Көкшетау  облысындағы Зеренда,  Жаңсы-Жанғызтау, Имантау,  Қопа, Қарағайшық және тағы басқа  өзендердегі сібір  тортасы – эврифаг  болған.  Олардың қорегінде  хирономид  личнкасы,  төменгі  сатыдағы шаянтәрізділер,  жоғарғы сатыдағы  өсімдіктер,  жасыл,  көк-жасыл, диатомды балдырлар  детрит  болады [4].

 

 

1.3. Омыртқалы жануарлардың бауырының морфологиялық  жалпы  мәліметі.

 

 Бауыр  организмдегі ең үлкен без. Бауырдың түсі – қызыл-қоңыр, сыртын жұқа мықты  ұлпаны капсула  глиссон  қаптаған. Бауырдың үлкен  бөлігі дененің оң жақ жартысында орналасқан, оның жоғарғы жұмсақ томпайған беткейі көк еттің  төменгі  күмбез тәрізді  беткейіне сәйкес келеді. Бауыр негізінен  2  бөліктен  тұрады,  оң  жақ  бөілігі сол  жағына  қарағанда  үлкен  болады, оның   төменгі  беткейін көбіне  вицеральді деп  атайды.  Осы  беткейінде  бауыр  қақпасы  деп  аталатын қысқа,  терең,  көлденең  орналасқан  сайшасы болады [5].

          Бауыр да  басқа  бездер сияқты  паренхимадан және  стромадан  тұрады.   Паренхима  эктодермодан  пайда  болатын  эпителиальді  жасуша  бауыр жасушасы немесе  жиі   гепатоцит  деп аталады.  Строма  мезодермадан  пайда  болады және қосу  ұлпаларының кезділігі  типінен  тұрады.  Бауыр  бір  уақытта  экзопринді  және  эндокринді  без  болып  табылады.  Оның  эндокринді  секреті  қан  ағысына  бөлінеді. Бауырдың  экзокринді  секреті – өт  деп  аталады. Ол  он екі  елі  ішекке  ашылады. Бауыр  уникальді  қанмен  қамтамасыз  етуші,  өйткені  оған  артерия және  венозды  қан  келеді.  Соңғы  қан ішек-қарын   жолдарындағы  капилярларынан өткен,  ондағы  қоректік  заттар  сорылған артериялды  қан.  Мысалы:  ондағы  қорытылған  заттар  көмірсумен  ақуызды  глюкозамен   амин қышқылы тағы басқа  жатады. Осы қан  азды-көпті  деңгейде  қорытылған  заттармен  қаныққан ол  бауырға  қақпалы арқылы  кіреді.  Бірақта  бауырға  артерияльді  қанда  керек.  Ол қан бауырға  бауыр  артериямен  қақпа  арқылы  кіреді.  Бір  уақытта  бауыр  экзокринді  және   эндокринді  без   болғандықтан  осы  екі  функцияның  бірін  бірінші  орындау  үшін  жолдар   жүйесі  керек.  Оның  экзонринді  секреті-от, бауырдың  ішіндегі  осы   жолдарда  жиналады.  Оның  түсетін  соңғы  жолы-бауыр  жолы деп  аталады.  Осы  жол  бауырдан  қақпа  арқылы  шығады.  Сонымен  қатар  бауырда  лимфада  түзіледі,  ол  лимфатикалық  түтікшемен  қақпа  арқылы  бауырдан  шығады.  Сонымен қақпа  ауданында 4 басты тамыр бар,  бауырдан  шағатын және  кіретін,  екі  тамыр оның   ұлпасынан  шығатын-қақпа  көк  тамыры  және  бауыр  артериясы  және  екі  сыртқа  шығатын  бауыр  от  жолы  мен  лимфатикалық  тамыр.

Құбылмалы бақтахтың бауырының түсі кара коңыр түсті болуы оның бауырының қалыпты жағдайда екенін көрсетеді Ал ауырған балықтың бауырының түсі ақшыл, ақ дақтары болады.  Клеткада ядролар көп мөлшерде сақталуы оның қалыпта болмауы К А Факторованың айтуынша клеткада майдың мөлшерден асуы функциональді және дегенеративті болуы мүмкін [5].

          Құбылмалы бахтақты табиғи қорекпен қоректендіргенде оның бауырында май болмайды, жасушада майдың пайда болуы оның потологиялық процеске шалдығуына  байланысты.

          Бауыры сау балықта біраз мөлшерде А витамині болады, ал май басу кезінде бұл витамин толық жоғалып кетеді.

          Г. Негрель 343 бахтақ балығының бауырына зерттеу жүргізген кезде осы балықтардың жартысында бауырында сары және сүр дақтар көрінген. Бауыр түйіршіктерінің арасында өт жолында дәнекер ұлпаны байқауға болады. Бауыр жасушасыныың диаметрі 20-40 микром. Цитоплазма көптеген ашық ұяшықтардан тұрады, ортасында диаметрі 10 микрон ядро оналасқан.

          Сүтқоретілердің бауырындағы ядроны айқындау бірдей емес,полиплотизациямен байланысты. Гистохимиялық зерттеулер тұқы балықтарының бауырында рибофлавин (витамин В2)болатынын көрсеткен. Витамин В2 жасуша ядросында немесе цитоплазма зонасында орналасқан. В2 витамині барлық бауырдың жасушаларында болады. Бұл витамин жаздың аяғында көбейіп, қыстың басында азаяды [5].

Басқа бездер тәрізді бауыр паренхима мен стромадан тұрады. Паренхима гепатоцит деп аталатын жамылғы жасушалар құралған, ол барлық бауыр клеткаларының 60%-ға жуығын құрайды. Строма дәнекер ұлпадан тұрады және қан тамырлары мен лимфа тамырларының қабығын қалыптастырады, синусоид және бауыр бөліктерінің қолқасын қалыптастырады, сонымен қатар бауырдың сыртқы глиссонды қабықшасын қалыптастырады. Дәнекер ұлпаның гепатоцитке арақатынасы өте аз.

Бауыр бір мезгілде экзокринді де, эндокринді де без бола алады. Оның экзокринді секреті өт деп аталады, ол өт ағымы жүйесінде аш ішекке ашылады. Эндокринді секрет қанға бөлінеді. Бауыр паренхимасы бауыр бөліктеріне бөлінеді. Классикалық бауыр бөліктері полиэдрикалық пішінде болады, ол бөлік қолқа деп аталатын, жұмсақ дәнекер ұлпа қабаттарымен бір-бірінен бөлінген. Бауыр- ас қорыту жолының безі, ол организімнің ішкі ортасының тұрақтылығын ұстауға бағытталған ас қорыту, зат алмасу, кан айналу және қорғанышты қамтамасыз ететін, зиян келтірмейтін, ферментативті және бөлуші қызметтеріне қатысады. Көптеген балық түрлерінің бауырының морфологиясы нашар зерттелген, бауырдың гистохимиясы мен гистологиясының мезгілдік және жастық өзгерістері жайында мәліметтер аз.

Қалыпты жағдайда гепатоциттер ортасында орналасқан домалақ ядролы полигонды пішінді болады. Гистологиялық кесінділерде олар ретсіз орналасқан, бірақ орталық күре тамыр маңынан трабекула деп аталатын, екі қатар жатқан жасушадан тұратын, қатарларды көруге болады. Трабекулалар ретсіз орналасқан гепатоциттер суретін құрайды да жақсы көрінетін параллелді қатармен орталық күре тамырға жиналады. Гепатоцит секреторлы өнімнің (экзо- және эндокринді) екі түрін де дайындап,  шығарады, сондықтан әрбір гепатоцит, өзінің эндокринді секретін шығаратын, экзокринді секрет (өт) және қанайналу тамырларын шығаратын жүйеге жататын тармақпен байланысады.

Гепатоциттердің цитоплазмасы әдетте эозинофильді, бірақ ашық және қою түсті гепатоциттерді ажыратады. Кей кезде  ашық түсті  гепатоциттер санының жоғарылауы паталогиялық жағдайда болады, ол токсикалық әсерімен қандайда бір заттарды байланыстырады, мысалы, кейбір дәрілік препараттарды, ол тәжірибеде бауыр паренхимасында ашық түсті гепатоциттердің  көбеюіне алып келеді.

     Балықтардың  бауыры көп  қызмет  атқарады, ас  қорыту  жүйесінен  шыққан  қан  бауырдан  өтіп  басқа  қорек   белоктарды  сонымен  қатар  улы  заттарды  жояды.  Тағы да  айта  кетсек  бауырдың  функциясы от  бөліп  оны  от  қабында  жинау.  Кейбір  балықтардың (акула,  трека, нәлім) бауырында өте  көп  май  жиналады. Н.С.Строгановтың  (1962) айтуы  бойынша барлық  балықтың бауырында  гликоген  жиналады. Көп балықтарда  маусымдық  қоректенуге  байланысты физиологиялық  сарғаю  пайда  болады.  Бұның  нәтижесінде  бауыр  жасушалары, өт  қылтамырлары  пигменттермен және  қышқылдармен  толып кетеді  Х.С.Коиштоянц (1958)  көрсетілуіне орай балықтардың бауыры Д витаминіне  бай  болып келеді [6].

          Тұқы  тәрізділердің бауырларында  ұйқы  безінің  және  талақтың элементтері  болады.  Г.Илнастың зерттеу  жұмыстарына сәйкес  сүтқоректілердің  бауыры  басқа   омыртқалылардың  бауырының   құрамынан  принципальді  айырмашылығы жоқ  екендігі белгілі.  Балықтардың бауырына  сыртқы  ортаның және қоректің ерекшеліктері көп  әсер етеді,  соған  байланысты  ол әр  түрлі  ауруларға  ұшырайды, олар әр түрлі  гистологиялық  және  гистохимиялық  өзгерістермен  сипатталады [6].

          Бауырға  гистологиялық зерттеу  өткізу арқылы  балықтардың сапасын анықтауға олардың қорекпен  қантамасыз  етілгенін  және  су қоймаларыдың  канцерогенді  заттармен  ластануын  көрсетеді [ 6].

          Экологиялық  жағдайдың  өзгеруіне  байланысты  сазан  бауырының да гистоқұрылымы (Лаугасте К, 1970)  өзгереді.  Көктем   уақытында  қыспен де    салыстырғанда, гепатоцит  ядролары  ұсақ  болады,  цитоплазма  базофилиясы  нашарлайды.  Бұл  өзгерістер  балықтардың    уылдырық   шашу  мерзімі мен   қоректенуінің   әсеріне  байланысты  болады.  Сонымен  қатар  бауыр    жыныс жасушаларының  қалыптасуына  қажет каратиноиттарды өндіреді. (Строганов, 1962) Күз  уақытында  гепатоциттер мен оның көлемдері қалпына келеді.  Ядро жұмырланады, цитоплазма  ұлғаяды.   Жақсы  қоректенетін  балықтардың  гепатоцит  ядросы мен  көлемі  ұлғаяды. Тұқы  балығының  бауырын  жарық микроскопымен  қарағанда  дөңгелек  жасушалар  бір-біріне  жақын   орналасқан.  Бауыр жасушаларының  диаметрі 20-40 микрон. Цитоплазма  көптеген  (ашық)  ұяшықтардан  тұрады [3].

Нәлімнің бауырының құрылысы. Май тамшылары бүкіл цитоплазманы толтырып тұрады. Ядролардың көпшілігі Фельгенаға қарама – қарсы реакция береді. Сондықтан да олардың құрамында ДНК, РНК протейдтері  болмайды. Кейбір жасушалардың құрамында ядро болмайтыны да анықталған. жасушалардың құрамы маймен толтырылған. Май вакуолінде А дәрумені бар,А дәруменінің жиналуы қыс айларында тезірек жүреді.Жасушадаг ликоген  аз кездеседі. Тіршілік етуге бейім         клеткалар қан тамырларының және үлкен безді ағындардың жан-жағында орналасады. Осы жасушаларда секреция бездері жүреді. Сонымен қатар нәлім бауырында қыс мезглінде лимфоциттердің саны көбейетіндігі байқалады.  Нәлімнің бауыры  майлы дене болып есептелінеді. Мұндай қызмет  бауырда гликогеннің және секреттердің  жиналуының белгілі редуцияға ұшырағанын  байқатады. Бұл жағдайда нәлімнің өзіндік қасиетіне байланысты. Нәлімнің тіршілік етуінің белсенді  кезеңі  судың температурасы +4- тан  түскен кездегі қыс айлары. Бұндай кезде күрделі көмір суларының синтезделуі нашарлайды, гликоген және осыған ұқсас майлар жиналады. Көптеген қарыны бар балықтар фосфолипидтермен және    тағы басқа липидтердің бауыр жасушасының цитоплазмасында жиналуымен сипатталады. Шортанның бауырының құрамында фосфолипидтер кездессе, хариустарда, нельмада да шортан бауырының құрамындағыдай фосфолипидтер кездеседі, ал нәлімде фосфолипидтерді анықтау мүмкін емес. Бейтарап  майлар мен және фосфолипидтердің жиналуы бір-бірімен өзара байланысты .Бұл байланыс ферментативтің белсенділігін зерттеу барысында анықталған . Бауырда майдың пайда болуы балықтарды қолдан өсіргенде қиындыққа соқтырады, қазірше бұл проблема балық шаруашылығында әлі шешілген жоқ. Морфологиялық және биохимиялық білімнің негізін білмей бұл проблеманы шешу қиын. Балықтың бауырында нуклейндердің алмасуын білу белгілі бір қызығушылықты танытып отыр. Құрамында нуклейн қыщқылының санын метаболизмде немесе ұлпалы компоненттердің интенсивтілігін қарастыруға болады ,  ДНК мен РНК және ақуыздың  синтездің дәрежесінің құрамында өзара байланысы бар болғандықтан (Б.В.Кедровский ,1959,) .

          Майлардың пайда болуы  цитоплазмада май тамшыларының болуымен сипатталады. Ол жасушаның  2/3 бөлігін толтырып тұрады. Осыған орай эндоплазмалық тордың және митохондриялардың толықтай жойылуына жол ашылады. Кей кезде  құрылымсыз митохондрияларды кездестіруге болады. Гольджи аппаратының да толықтай редукциялануына кепілдік жоқ [6].

          Жасушада ядро май тамшыларымен қысылады. Ал ядроға аз ғана жер  керек. Бұндай жасушалар тұқының бауырында 5-6 процент.Бауыр жасушаларының  ультра құрылысы өте қарапайым келеді. Бүкіл цитоплазмада май тамшыларынан бос орын болмағандықтан, оларды электронды микроскоппен қарағанда қара осмофильді гомогенді дене түрінде көрінеді. Көпшілік жасушаларды эндоплазмалық тордың немесе рибосоманың ешқандай белгілерінен ажыратуға болмайды. Кейбір жасушаларда  екі қабатты сыртқы мембрна сақталған ,олардың көпшілігі көрінбейді. Ядро әр уақытта жасушалық  мембрананың жанында орналасады. Оның пішіні мен мөлшері бұрыс келеді, тұқыға қарағанда екі есе кіші. Ядро құрамында эндоплазмалық зат жоқ. Ондай затты бояуменде көруге болмайды. Уранил ацетат нуклейн қышқылымен байланысады,электрон қатынасында жоғары тығыздықты көрсетеді.Бұл мәліметтер цитохимиялық бақылаумен бақыланады [6].

          Қыс мезгілінде алабұғаның эндоплазмалық торы ядро қабығына параллель жатады. Мембраналар арасында эндоплазмалық торда ақуыз көп кездеседі. Эндоплазмалық тордың мембраналарында алабұғаның бауыр жасушаларының рибосомаларын көруге болады. Жазда рибосомалардың саны ұлғаяды. Алабұғаның бауыр жасушасында  липоидты қор бейтарапты май құрамы аз болады,тұқы мен нәлімге қарағанда митохондрияларда кристалдар көп болады.  Голдьжи аймағы  көптеген жасушаларда  мембраналық система ретінде өте әлсіз байқалады. Жоғарыда айтылып өткендей цитохимиялық және ультрақұрылыммен ғана көрінеді.Бұл  сүтқоректілер мен балықтардың айырмашылығын көрсетеді. Егер бірінші қантамырларда бауыр жасушалары қою болса,мұны балықтарға жатқызуға болмайды. Қылтамырлардың бауыр жасушасымен жанасуы соңына қарай азаяды. Сонымен қатар купферлік жасушалардың болмауы да үлкен қызығушылық туғызады. Бәріне белгілі купферлік жасуша  жерде тіршілік ететін жануарларда көп таралған. Купферлік жасушаның болмауы балықтың бауыр жасушаларының метаболиттік белсенділігінің әлсіздігін көрсетеді. Сондықтан балықтар сүтқоректілерге қарағанда улы заттарға сезімтал болып келеді. Сүтқоректілер мен адамдарда бауыр жасушаларында майлардың болуы патология болып табылады. Сондықтан майдың пайда болуы қалыптан тыс  процесс ретінде қарастырылады. Әдетте ұсақ майлардың адам бауыр жасушаларында көбеюі синусоидтардың маңында айқындалады. Ал патологиялық жағдайда май көлемі тез ұлғаяды. Патогистология үлкен тамшылы және ұсақ тамшылы типтерді ажыратады. Адамның патологиясында  бауырда майдың көбеюіне бірнеше себептер бар. Олардың негіздерінің бірі майдың түзілуінің жоғарылауы, май қышқылының төмендеуі,бауыр жасушасының цитоплазмасының дезорганизациясы, липопротеидтердің және т.б. заттардың түсуі [3].

 Май жасушаға жинала бастаса , гликогеннің саны тез азая бастайды.  Гликогенің  биосинтезі ферменттік жүйе арқылы  жиналады.  Ферменттердің синтезі рибосомалардың қатысуымен жүреді, ядро құрамында  ДНК мен РНК ның төмен болуы балықтарға тән .Сондықтан  балықтарда  сүтқоректілермен салыстырғанда ферменттердің синтезі әлсіз.  Температураның немесе қоректенудің өзгеру салдарынан рибосомалар дезорганизацияға ұшырап, эндоплазмалық тордағы нуклейн қышқылының синтезделуі тоқтайды.  Гликогеннің бауырда жиналуы мезгілдік ауытқуларға байланысты.  Тұқы балығының бауырында гликогеннің молаюы  жаз кезеңінде байқалады.  Жас экземплярларда жаз мезгілінде көп кездеспейді.  Қыркүйек және қазан айларында май жоғарылап гликогеннің саны төмендейді [6].

          Бауыр — балық организмінде болып жатқан күрделі зат алмасу процесінің өзіндік айнасы. Балық шаруашылығында гистологиялық ,гистохимиялық зерттеулер өте қажет.  Мұндай зерттеулер физиологиялық, биохимимялық анализдермен бірге балықтардың сапалы қоректермен, витаминмен қамтамасыз етуін де көрсетеді. Оның үстіне бұл зерттеулер бауырдың майлану дистрофиясын және токсинді заттардың әсерін уақытында білу үшін де аса қажет. [6].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. МАТЕРИАЛ МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕР

 

 

 

Бітіру жұмысқа Жайық өзенінен 24.06.07 ж. жиналған 10 сазан балыққа, 7 тортаға толық морфологиялық, биологиялық анализ жүргізілді. 2005 ж Каспийден қосымша әкелінген 7 торта балығының толық биологиялық анализі жоқ. Кафедра қорында тортаның тек ішкі мүшелері ғана бекітіліп, сақталынған. Сондықтан олардан  препарат жасап, бояп, суретке түсіріп анализ жасадық.

 

Кесте 1.

2007 жылы  Зерттелген материалдың биологиялық сипаттамасы

 

Балықтын түрі және саны

L

l

Q

Q

Жасы

Алынған мүше

Сазан № 1

19,5

15,5

280

220

1+

Бауыр

Сазан №2

20,2

17

280

230

1+

Бауыр

Сазан №3

20,0

16,3

300

250

1

Бауыр

Сазан №4

20,7

18,4

300

230

1

Бауыр

Сазан №5

18,5

15

250

137

1+

Бауыр

Сазан №6

15,5

13,2

180

153

1

Бауыр

Сазан №7

19,7

16,3

260

220

1+

Бауыр

Сазан №8

20,0

16,5

300

270

1+

Бауыр

Сазан №9

16

12

200

160

1+

Бауыр

Сазан №10

17,5

14,5

300

260

1+

Бауыр

Торта №11

19,0

16,3

290

260

1

Бауыр

Торта №12

18,3

15,0

270

240

1+

Бауыр

Торта №13

16,3

14,0

220

190

1

Бауыр

Торта №14

19,2

16,0

300

280

1

Бауыр

Торта №15

17,5

15,0

280

250

1+

Бауыр

Торта №16

15,5

13,0

200

170

1

Бауыр

Торта №17

18,3

16,0

250

210

1+

Бауыр

 

7 торта балығының  біреуінің  ғана суретін кіргіздік. Патологиялық өзгерістер барлық балықта көрінбеді.

Q- балықтың жалпы салмағы ( г )

q- балықтың ішек құрылысынсыз салмағы ( г )

L- балықтың ұзындығы ( мм )

l -балықтың құйрық қанатынсыз ұзындығы ( мм ).

Жиналған балықтар 10% формалинде бекітілген. Зерттелген балықтарға жалпы биологиялық анализ жүргіздік, оларды ашып бауырын бөліп алып, гистологиялық әдістермен кескін жасадық [7].

          Сазан  және  торта  балықтарының  бауырына гистологиялық  препарат жасау.

          Бояу  әдістері.

          Бояу алдында алдымен  жұмыс орнын  дайындап алады,  үстелдегі  артық  құралдарды алып тастап, микроскопты  орнатады.

          Кесінділерді гематоксилин – эозинмен  бояу тәсілі: бұл  әдіс  гистологиялық  тәжірибеде  кеңінен  қолданылып  келе  жатыр.  Бояуды  белгілі бір ретпен  орындау керек.  Бояу  нәтижесі,  әдіспен  қатар,  кесіндінің  құрамына  да  байланысты.  Қандай  бояу әдісі  қолданылса да, ең  бірінші  міндет  парафинді  еріту.  Ол  мына  жолмен  жүреді:

          І Ксилол (бензол, толуол) – 2 мин

          ІІ Ксилол (бензол, толуол) – 2 мин.

          І Абсолютті  спирт – 2 мин

          ІІ Абсолютті  спирт – 2 мин

          І 96 0 ты  спирт – 2 мин

          ІІ 96 0 ты  спирт – 2 мин

90ты  спирт – 2 мин

800  ты  спирт – 2 мин

700 ты  спирт – 2 мин

Дистилденген су- 10 мин.

Содан  кейін  кесінді бар  шыныны  дистильденген  судан алып,  жан-жағында қышқыл  болса,  сүртіп  құрғатады,  бір-бірлеп  араластырып,  бояу  ерітіндісін тамызғышпен  құяды.  Бояу  кесіндіні түгелімен жауып  тұруы  тиіс.  2 минуттан  кейін,  бояуды  төгіп, оны дистилденген  суға  салады.  Қалған  екі  шыны ыдысты  4-6 минуттан  соң  гематоксимлинен босатады. Осы  жұмыстардан  соң,  шыны  ыдыстың  астын  құрғатып  сүртіп,  микроскоптың  кіші үлкейткішімен  қарайды. Боялу  кезінде  кесінді  суда  қалқып жүрген  болса,  препараттық ине арқылы  бірнешеуін  бояуға  салып  немесе  төменгі бюксқа  қойып,  аздаған  уақыттан  соң    бояудан  немесе  бюкстан  алады да,  дистилденген  суға  салады,  содан соң таза  шыныға жазып  микроскоппен  қарайды [7].

Гематоксилинмен бояу 1-5 мин

Сумен  шайқау 2 мин

Ағынды суға жуу 10 мин

Эозин (0,1%) 1-5 мин

Сумен  шайқау

700 ты  спирт – 2 мин

800  ты  спирт – 2 мин

90ты  спирт – 2 мин

І 96 0 ты  спирт – 2 мин

          ІІ 96 0 ты  спирт – 2 мин

І Абсолютті  спирт – 2 мин

          ІІ Абсолютті  спирт – 2 мин

І Ксилол (бензол, толуол) – 2 мин

          ІІ Ксилол (бензол, толуол) – 2 мин.

          Бальзам  тамызып,  жапқыш  шыны жабыстыру нәтижелері:  ядро ашық-күлгін  түске боялатын  болса-кесінді  дұрыс  боялмаған,  ядро-күңгірт  күлгін,  цитоплазма  да  боялған  болса-кесінді  қатты  боялған,  ядро  қызыл-күлгін  түсті және  ядрошық,  хроматиндер  анық ажыратылған, цитоплазмасы ашық түсті,  боялмаған балса — бояу  дұрыс   жүргізілген.

          Гематоксилин – табиғи бояу, ол  суда, спиртте және   глицеринде  жүргізіледі.  Гематоксилин  ерітіндісі  негіздік  қасиетттерге ие,  ядро құрылымдарын анық  көрсетеді.  Бірақ  гематоксилиннің  өзі  боямайды,  Бояушы оның  өнімі-гематайн.  Экозин-жасанды  бояу,  суда  да,  спиртте де  ериді,  қышқылдық  қасиетке ие,  жасуша цитоплазмасын қызғылт түске  боянды.  Гемотоксилинмен боялған кесіндіні  дистильденген  суда  жақсылап  шайып,  үстіне  эозин  ертіндісін  тамызады.  Бояу  мерзімі 1-4-5 минутқа  созылады.  Қорытынды:

  1. Цитоплазма қызғылт  немесе сарғыш  түске  боялған —  кескін анық  боялмаған.
  2. Жалпы түрі  қызыл,  микроқұрылымдар  және  ядроның  шекаралары  анық  көрінбейді-кескін  қатты  боялған.
  3. Жалпы көріністің  түсі  қызғылт  сары  түсті,  ядросы  анық  көрінген-кескін  жақсы,  дұрыс  боялған.

Эозинмен  бояу  біткен  соң,  бояуды флаконға  қайта құяды,   кесіндіні  дистилденген  суда  шаяды,  спирттермен,  карбол  ксилолмен  шайып,  бальзаммен  жабады. Эозинді  суда  және  күші  төмен  спиртте  шайған  уақытта  оңай кетеді, сондықтан  кесіндіні  бұндай  сұйықтықта  шайған  кезде  тез  жүргізген дұрыс  болады.  Эозиннің  ядроны  қызыл түске,  цитоплазманы  жасыл және  сап-сары  түске  бояйтын  түрлерін кездестіруге  болады [7].

          Полихронды Массон  бояуы.

          1.Кесіндінің  парафинін  жою

2.Дистилденген суда жуу-10 мин

3.Гроата  гематоксилинмен  бояу 2-5 мин

  1. Ағынды суда жуу 5 мин
  2. Фуксин-пунц қоспасында бояу

Массон А-5 мин

1-2 % сірке қышқылымен шаю

Массон Б-5 мин

1-2 % сірке қышқылымен шаю

Массон С-5 мин

1-2 % сірке қышқылымен шаю

Сусызд андыру

Қорытынды:  қоңыр-қара  түсті  ядро,  кірпіш-қызыл  цитоплазма,  сары  эритроциттер,  кілегей  мен  дәнекер  тоқыма жасыл  түсті.

 

 

 

 

  • ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

 

 

Барлық балықтарға биологиялық анализ жүргізілді (1 кесте). Балықтардың жалпы ұзындығы (L), кіші ұзындығы (l,балықтың құйрық қанатсыз ұзындығы), жалпы салмағы (Q), ішкі мүшесіз салмағы (q); 1,  1+ ихтиология әдістеріндегі балықтың жасын анықтау. 

САЗАН № 1. L – 19,5 ,l – 15,5,Q – 280 г,q – 220 г, балықтың  жасы – 1 +

Бауырдың гистологиясы. Басқа балықтардай сазанның бауыры

паренхима мүше және стромадан тұрады. Паренхима эктодермадан пайда болатын эпителияльді жасушалар бауыр жасушасы немесе гепатоцит деп аталады.Бауыр бір уақытта экзокринді және эндокринді без болып табылады. Оның эндокринді секреті қан ағысына бөлінеді. Бауырдың экзокринді секреті өт деп аталады ( сурет-1).

          Балық  бауырлары көп функцияны атқарады. Қан бауырдан өтіп басқа қорек ақуыздарын, сонымен қатар улы заттарды да жояды. Балықтардың маусымдық қоректенуіне байланысты физиологиялық сарғаю пайда болады. Оның нәтижесінде бауыр жасушалары, өт қылтамырлары , пигменттермен және қышқылдармен толып кетеді [3].

 

 

 

Сурет 1. № 1 сазанның бауыры.

 

 

1 – қан тамыры. 2 – гепатациттер. 3 – клетка аралық қуыс.

Гематоксилин – эозин бояуы.

Өлшемі ×20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2.  № 2 сазанның  бауыры.

 

1 – дәнекер ұлпаның шектен тыс өсуі. 2 – гепатоциттер. 3 – клетка  аралық қуыстың ұлғаюы. Полихромды Массон бояумен боялған.

 Өлшемі ×20

САЗАН № 2 L -20,2 ,l – 17, Q – 280, q – 220, балықтың  жасы – 1+.

 Бауырында үлкен өзгерістер байқалады. Бауырдың бір бөлігінде гепатоциттер жойылып, олардың орнын дәнекер ұлпа басқан. Дәнекер ұлпаның арасында қалған гепатоциттер клеткалары басқа гепатоцит жасушалармен байланысын үзген. Сондықтан дәнекер ұлпаның арасында қалған гепатоциттер жасушалары кейін жойылады. Мұның нәтижесі бауырдың ісігіне әкеледі. Бұндай құбылыс балықтың тіршілік ортасының ластануын көрсетеді ( сурет 2 ).

САЗАН №3 L – 20.0, l – 16.3, Q – 300, q – 250, балықтың  жасы – 1. Балықтардың бауырында өзгерістер байқалмайды. Гепатоциттердің цитоплазмасында ұсақ вакуольдер көрінеді, ядросы гепатоцит ортасында орналасқан. Кейбір жасушалардың ядролары ірі  болып келеді.

САЗАН № 4 L – 20.7, l– 18,4,  Q – 300 г,q – 230 г, балықтың  жасы – 1.

Гепатоциттердің арасында орналасқан өт түтіктері және қан капиллярларының дәнекер ұлпасы  қатты өсіп кеткен. Гепатоциттер клеткаларының арасы қатты ашылып кеткен. Балықтардың бауыры сыртқы ортаның және қоректің өзгеруіне әсер етеді, соған байланысты әр түрлі ауруларға ұшырайды, олар әртүрлі гистологиялық және гистохимиялық өзгерістерімен сипатталады.

CАЗАН №5 L – 18,5, l – 15,     Q – 250 г, q – 137 г, балық  жасы – 1 +. Бұл суретте бауыр қалыпта жағдайда  екені көрінеді. Гепатоциттер клеткалары қалыпты формада және жасуша аралық қуысы ашылмаған. Көптеген тұқы балықтарында ұйқы безі бауыр жавушаларының паренхима араларында орналасады, оны гепатопанкреа деп атайды. Осы сурет астында ұйқы безінің бір бөлімі орналасқан (сурет 3). Бұл сурет патологиялық өзгерістер жоқтығын көрсетеді.

          САЗАН №6 L – 15,5. l– 13,2. Q – 180 г. q – 153 г, балықтың  жасы – 1.

Экологиялық  жағдайдың өзгеруіне байланысты сазан балығының бауырының гистострутурасы өзгерген. Себебі гепатоцит жасушаларының клетка аралық қуыс ұлғайған. Бұл өзгеріс тіршілік ортасының экологиялық жағдайына, не болмаса қоректің өзгеруіне байланысты. 

          САЗАН №7 L– 19,7, l – 16,3, Q – 260 г,q – 220 г, балықтың жасы – 1 +.

Көктем уақытындағы көріністерді қысқы уақытпен салыстырғанда гепотацит ядролары ұсақ , ал  цитоплазма базафилиясы жақсы көрінбейді.

          САЗАН №8 L – 20,0, l – 16,5, Q – 300 г,q – 270 г, балықтың  жасы – 1 +.

 

 

                                   Сурет 3. №5 сазанның  бауыры.

1 – клетка аралық қуыс

2 – гепатоцит

3 – ұйқы безі

Гематоксилин – эозин       бояуы.

Өлшемі×20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

САЗАН №9, L – 16.0, l – 12.0,Q – 200, q – 160, балықтың жасы – 1+. Бір гепатоцитте екі ядроның орналасқаны көрінеді.Бұл жасушаларда хромосомалары әлі бір-бірінен ажырап үлгермеген.

САЗАН №10, L – 17.5, l – 14.5, Q – 300, q – 260, балықтың жасы – 1+. Бауыр клеткаларында май тамшылары белгілі бір мөлшерден артық.Бұл дегенерация процесін, көрсетеді  нәтижесінде жасуша құрлымы бұзылып өзіне келіп түскен майды сіңіру қабылетінен  айырылған.

 

 

Сурет 4. №11 тортаның бауыры.

1 – дәнекер ұлпаның шектен тыс ұлғаюы. 2 – гепатоциттер. 3 –клетка аралық қуыс. Массон бояуы. Өлшемі ×40.

 

Торта №11,  L-16.5,  l-14.0, Q-220,  q-190, балықтың жасы – 1.

Бауырдағы гепатоциттер арасында дәнекер ұлпасы жайылып, өсіп кеткен. Гепатоциттер арасы қатты ашылған  көп жерде жойылған жасушалар көрінеді  болады. Балық бауырының бұндай  өзгеріске ұшырауы қорекке және экологиялық ортағa байланысты  (сурет 4).

 

 

Сурет 5. №2  Тортаның бауыры.

  1. Жасуша аралық қуыс
  2. гепатоциттер
  3. дәнекер ұлпаның өсуі
  4. жасуша пигменттері. Массон бояуы. Өлшемі 5х20 Бауыр өзгеріске ұшыраған. Гепатоциттер арасында дәнекер ұлпа өсіп кеткен.Жасуша пигменттері  байқалады.

 

Сурет 6. №3 Торта бауырының гистологиясы. 1 Гепатоциттер 2.Дәнекер ұлпаның өсуі. 3.Ұлпа некрозы. 4.Жасуша пигменттері.  Массон бояуы. Өлшемі 5х20.

Гепатоциттер арасы қатты ашылған  және жойылған жасушалар көрінеді.

Суреттегі патологиялық көрініс:  жасуша пигменттерінің көбейгені, бауырдың некрозға ұшырауы  дәнекер ұлпаның өсуі .

 

 

 

Сурет 7. №4.  Тортаның бауыры. 1 Гепатоциттер. 2 Қан тамырлары  

Массон бояуы.

Бұл суретте тортаның бауыры қалыпты жағдайда екені көрінеді. Гепатоциттер қалыпты пішінде,  жасуша аралық қуыс ашылмаған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Бауыр балықтың организмінде өтетін күрделі алмасу процестердің көрсеткіші болып табылады. Бауыр өт өндіреді, гликоген жинайды, су алмасуда қатынасады, ақуыз синтезінде және пигмент алмасуын реттейді т.б.  Қан ас қорыту жүйеден бауырға өтеді, бұл жерде бөтен қорек ақуыздар және әр түрлі улы заттар (скатол, индол) жойылады.

 Гистология әдістерін қолдана отырып, Жайық өзенінің маусым айында жиналған 17 балықтың ( 10 сазан, 7 торта ) бауырына және Каспий теңізінен 2005 жылы жиналған 7 торта балығының бауырына  гистокескін жасап оны зерттеу нәтижесінде олардың морфологиялық құрлымы өзгеріске ұшырағанын байқадық.  1, 2 сазан  және 4 торта бауырының  суреттерінде жасуша аралық қуыстар кеңейген , дәнекер ұлпасы қаптап өсіп кеткен, яғни патологиялық өзгерістер көрінеді. 3 сазанда бауырдың қалыпты жағдайда болғаны байқалады. Мұның себебі балықтардың тіршілік ортасының экологиялық жағдайының  немесе қорек құрамының өзгеруіне байланысты  екендігі.

 Кейбір балықтар лас ортаға ерте түсуі нәтижесінде де  бауырында патологиялық өзгерістер дамиды. Ал бауыры қалыптағы балықтар  лас ортаға есейген шағында түсуіде мүмкін, не болмаса сол ортаға белгілі бір уақытқа ғана ( қоректенуге, не өрістеуге шыққанда) келуі мүмкін.

Ең негізгі балықтардың бауырының функциясы — өт бөлу, ол өт көпіршігінде жиналады. Балықтардың бауырының гистологиясы сүтқоректілермен салыстырғанда нашар зерттелген. Балықтардың бауырында гистологиялық және цитологиялық айырмашылықтарының бар екені дәлелденген. Балықтардың бауырына сыртқы ортаның және қоректің өзгеруі әсер етеді, ол аурулардан пайда болған өзгерістерді гистологиялық және гистохимиялық зерттеу арқылы анықтауға болады

 

ПАЙДАЛАНҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

  • Қазақ Ұлттық энциклопедиясы /Бас. ред.Ә.Нысанбаев. Алматы: 2002.-Б 389-402.
  • Митрофанов В.П. Рыбы Казакстана – 5том Алма-Ата; Наука Казахский ССР 1989, -Б.121-136.
  • Никольский Г.В. Частная ихтиология Изд. Высшая школа М; 1971,-Б.212-216
  • Лили Р. Патогистологическая техника и практическая гистохимия М; Мир 1969.-Б. 42-46.
  • Хэм. А., Кормак Д.,Гистология-Т.4.М.; Мир,1982.-Б.166-195.
  • Халилов Ф.К.Материалы по морфологии и гистологии пищеварительной системы костистых рыб.Алматы; Мектеп, 1969. – Б.130.
  • Шалғынбаева С.М., Кобегенова С. С., Нұрщин Қ.А. Микротехника негіздері. Алматы; Қазақ Университеті,2007. -Б 27-30.
  • Мочван В.А. Жизнь и рыб и их разведение. Изд. Колос. М-1966, -Б.173-181
  • Митрофанов В.П. Рыбы Казахстана Т.3. Алма-Ата: Наука,  Казахский ССР 1989, — Б.128-161
  • Бәйімбетов Ә.А. Ихтиология негіздері.  1-бөлім. Оқу құралы – Алматы: Қазақ Университеті, 2005, -Б.42-46
  • Волкова О.В, Елецкий Ю.К. Основы гистолгии и гистологическии техники 2-е изд. М: Медицина, 1982
  • Иванов А.В., Поленский Ю.И., Стрелков А.А., Бальшой практикум по зоологии беспозвоночных.  Учебное  пособие.  Часть 1. 1981,  М: Высшая школа 1983,  -Б.493
  • Ходоренко А.В. Тканевая и клеточная  дифференцировка  печени крыс при хроническои воздействии солей  тяжелых  металлов. Алматы: 1999,
  • Евтушенко Н.Ю. Интенсивность липидного обмена в печени карпа в зависимостти от концентрации марганца в воде. Изд Наукова думка,  ІІ Гидробиологическии журнал 1985 том ХХІ № 6 62-65 бет.
  • Вопросы ихтиологии М 1996 Том 36 №2 .П.О Рапитти, Н.В. Михайлова,В.В Антонова, Содержание жирных кислот в печени и мышцах молоди озерного лосося Salmo salar Morpua Sebago при никрозе плавников — Б.120-124
  • Омаров Т.Б Қазақстан көлдері. Алматы: Қазақстан,1987ж
  • Берг Л.С. Рыбы пресных вод СССР и  сопредельных стран.-М.: Изд-во АН  СССР,1949, Т.3.
  • Суворов Е.К. Основы ихтиологии. М., 1948,
  • Ә.А.Бәйімбет, С.Т. Темірхан Қазақстанның балық тәрізділерімен балықтарының  қазақша –орысша  анықтауышы. Алматы-1993ж
  • Никольский Г.В. Экология рыб. Москва. 1974, — Б.107-208.
  • Б.П. Токин. Общая эмбриология. М., Высшая школа , 1970.

Түйін

 

 

Жайық өзенінен ауланған сазан және торта балықтарының бауырының морфологиялық  структурасы зерттелініп, салыстырылып олардың потологиялық өзгерістерге ұшырағаны байқалды. Өзгерістер сыртқы ортаның немесе  антропогендік әсерден туындауы мүмкін.

 

 

 

Резюме

 

 

Изучены морфологические структуры  печени у сазана и воблы, собранных в реке Урал. Патологические изменения, выявленные при сравнении изученного материала можно связать с антропогенным воздействием внешней среды. 

 

 

 

Summary

 

 

Morpological structure of libers ef                     and Ritilus ritilus, that were gathered in riber Ural,were investigated in digferent yrals. Pathlogial  changes, trat can be caused by anthopological influence of environment, were reveold through comparing studied material.