АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Малдардың аусыл ауруынан сақтау

Малдардың аусыл ауруынан сақтау

 

 

Мазмұны

 

 

1.

 

Кіріспе ………………………………………………………………

 

3

1.2.

Табиғат жағдайы ……………………………………………………………………….

4

1.2.1.

Ауа райы ……………………………………………………………………………………

4

1.2.2.

Жер бедері …………………………………………………………………………………

5

1.2.3.

Топырағы …………………………………………………………………………………..

5

1.2.4.

Өсімдік қоры мен жайылымы …………………………………………………….

5

 

2.

 

Әдебиетке шолу …………………………………………………………

 

14

2.1.

Аусылдың қазіргі кездегі індеттік жағдайы, онымен күрес шаралары …………………………………………………………………………….

 

14

2.1.1.

Нозологиялық балау ……………………………………………………………..….

19

2.1.2.

Вакцина профилактика …………………………………………………….

22

2.1.3.

Сауықтыру шаралары ………………………………………..…………….

23

2.2.

Әдебиетке шолуды қорытындылау ……….………….……………..

25

 

3.

 

Өзіндік зерттеулер …………………….…………………………….

26

3.1.

Материалдар, қолданылған әдістемелер. ………………….……….

26

3.2.

Зерттеу нәтижелері ……………………………………………………………………

27

3.2.1.

Аусылдың Оңтүстік Қазақстан облысындағы, оның ішінде Отырар  аудандық  аумақтық  басқармасындағы  індеттің жағдайы……………………………………………………………………………………..

 

27

3.2.2.

Аусылға қарсы иммундеу нәтижелері ………………………………………..

29

3.3.

Зерттеудің экономикалық тиімділігі …………………………………………..

33

 

4.

 

Қорытынды ………………………………………………………………………….

 

36

 

5.

 

Ұсыныс …………………………………………………………………………………

 

39

 

6.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ……………………………..

 

40

 

7.

 

Еңбекті қорғау ……………………………………………………………………

 

41

 

 

 

 

 

 

 

 

Нормативтік  сілтемелер, анықтамалар, белгілеулер мен  қысқартулар.

Дипломдық  жұмыста  келесі анықтамалар,  белгілеулер   мен     қысқартулар  берілген.

 

>,<  ±-  Үлкен кіші.

Тн-Тонна.

%.-Пайыз

БСО- бүкіл  әлемдік   сауда ұйымы.                                                   

СМ-сантиметр.

ММ-миллиметр.

 КГкилограмм                                                    

Км-километр.

Автовакс («А», «О» АЗИЯ-1)-вакцина  түрлері

ТМД-тәуелді  мемлекеттер  достастығы.

ҒЗВИ-малдарігерлік ғылыми  зерттеу  институты.

ВИЭВ-бүкілодақтық  экспериментальді  малдәрігерлік  институты.

ЖШС-жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігі.

        «Вита-СТ»-жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігі. 

Диспансаризация-дегеніміз  жалпы жұқпалы,  немесе   жұқпалы емес  ауруларды   болдырмауға  бағытталған  шараларды  немесе   індетті   дер  кезінде   анықтап, емдеу,  алдын алу  шараларын  іске  асыру. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Республика тұрғындарын азық-түлікпен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету үшін — ауыл шаруашылығы саласы алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Осы мақсатта соңғы  жылдары мал басын аман алып қалу мақсатында, мал-дәрігерлік дауалау жұмыстары, нарықтық экономикалық қатынастарға сай тың шаралар қолға алынып жатыр. Карантиндік инфекциялар қатарына жататын аса жұғымтал инфекциялық аурулар құс тұмауы, аусыл қазіргі кезде дүние жүзіндегі барлық мемлекеттерде кең таралып, көптеген экономикалық шығындарға соқтырып отыр. Халықаралық індетке карсы бюро мәліметтеріне сілтеме жасаған Е.И.Қасымовтың дәріс материалдарына (2006) қарағанда аусыл ауруы оңтүстік-шығыс Азия, Африка, Оңтүстік Америка мемлекеттерінде ғана емес, бүгінгі күні экономикалық және әлеуметтік түрғыда бұл індет ТМД мемлекеттерінде, оның ішінде Қазақстанда өзекті мәселе болып отыр.

Ғылыми және мемлекеттің статистикалық деректеріне карағанда Қазақстанда соңғы жылдары аусыл сиыр малы арасында індет түрінде байқалып, мал шаруашылығын көптеген экономи-калық шығындарға шалдықтырып отыр. (Тұрсынқұлов Ш.Ж., Сытник И.И., 2006).

Ресми статистикалық есептерге қарағанда Қазақстанда аусылдың індет ошақтары көптеген облыстарда анықталып, 13 сиыр малы өлімге шалдығып, аусылдың себебінен 3 сиыр  арнайы жойылған. Әйтсе де, бұл дерек толық емес. Мысалы мен жұмыс істеген Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар  ауддандық  аумақтық  басқармасында  16-дан аса сиыр малы індеттің себебінен еріксіз сойылды. Сондықтан аусылға карсы күрес шараларын барлық ауылдық округтерде ұйымдастыру өзекті мәселе.

 Дипломдық жүмыстың мақсаты. Жұмыстың мақсаты — әр түрлі малдардың ұрпақтарының өсіп-жетілуі, бордақылық және еттілік қасиет-теріне жұқпалы зияны көп Қазақстанда көп таралған аусыл ауруынан сақтау болып табылады. Қазақстан, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша соңғы жылдардағы аусыл ауруының індеттік жағдайын талдап, Қара төбе ауылдық округінде дауалау шараларын ұйымдастыру  жұмыстарын  қолға алуды жолға  қою болып табылады.

Осы мақсатта төмендегідей зерттеулер жоспарланды:

  1. Аусылдың Оңтүстік Қазақстан облысында, оның ішінде Отырар аудандық аумақтық басқармасындағы соңғы жылдардағы індеттік жағдайын анықтап, талдау жүргізу.
  2. Соңғы жылдары аусылға қарсы қолданылған вакциналардың нәтижелеріне талдау жүргізіп, олардың практикалық тұрғыда тиімділіктерін анықтау.
  3. Аусылға қарсы қолданылған “Афтовакс” (“О”, “А”, ‘Азия-1”) штамдарынан даярланған инактивтелген вакцинаны түрлі мал топтарында сынау.

Аннотация-Оңтүстік қазақстан облысы бойынша аусылдан соңғы жылдардағы ветеринариялық  есептері бойынша (форма вет №1)   аусылға қарсы   «Автовакс- «О, А, «Азия -1» штамдарынан даярланған  үш  валентті инактивтелген вакцинамен жылына екі рет,  біріншісі  вакцинация, екіншісі  ревакцинация     аусылға қарсы  қолданнғаннан кеиін  ересек мал арасында  классикалық ауруға тән  реакциалар  байқалмаған және бұл  індетке қарсы  «ЖШС» «ВИТА -СТ»  ұсынған  «АВТОВАКС» вакциналарымен   имундеу арқылы  аусылды   дауалауға  болатыны  көрсетілген. Аусылға  қарсы  құрсау   шаралары  толықтырылып   жазылған.

 

1.2 Табиғат жағдайы

 

Оңтүстік өлкесі астық пен мақтаға, кенге ғана емес, малға да бай өлке. Ауыл шаруашылығын жекешелендіру кезінде төрт түлік малдардың басы күрт төмендеп кетті. Отырар   ауданының шаруа шаруашылықтарының арқасында малды жекеменшікке қоғамдастыру арқылы бағалы малдарды сақтап қалдық.

Ордабасы ауданы   аймағы климаты жағынан да, жайылым жем -шөбі жағынан да жылқы өсіруге ең қолайлы аймақ, ауаның жылдық орташа температурасы +18,5 градус, ауаның айлық орташа температурасы қыс кезінде (қаңтар-ақпан) – 3-100. Жылдық жауын-шашын мөлшері 150-213 миллиметрге дейін. Жайылымдарында негізінен жусан-раң өседі. Құрғақ массаның шығымдылығы гектарына 4,5-5,0 центнер. Жайылым көлемі 160,0 мың гектарға жуық.

Аймақтың өсімдігі мен топырағы алуан түрлі. Өсімдігі негізінен жусан, бұйырғын, жүзгін, еркек шөптер, тағы басқала,суармалы жоңышқа, жабайы жоңышқа..

 

1.2.1 Ауа райы

 

Температура. Отырар  аудандық  басқармасында  жер пайдалануы ыстық және құрғақ жазымен, ызғырық желді болады. Қысы суық – қар жауғанымен, тез еріп, жата бермейді, ылғалдың өте аздығымен сипатталады. Қысы жылы, аяқсыз.

Орташа ауаның жылдық температурасы +20,50С. Жазы ұзақ және өте ыстық, шілде-тамыз айларының температурасы +30,50С, ал кейбір күндері ыстықтың күндізгі температурасы +43 +450С-қа дейін жетсе, түнде сырдария теңізінің аймағында +3 +100С-ға дейін күрт төмендейді.

Қыстың ең суық кезеңі қаңтардың үшінші он күндігі мен ақпанның басында болады және ол кезеңнің орта температурасы -4,70С мөлшерінде. Басқа уақытта қыс жұмсақтау, тіпті кей күндері ауа температурасының                +20-тан 100С-ға дейін күрт жылынуы да байқалады, соңынан ауа райы суық боранға ұласады. Аязсыз кезеңнің орташа ұзақтығы 170 күннен 190 күнге дейін ауытқып тұрады.

Наурыз айының 22-нен бастап ауа райының суықтықтан жылылыққа тұрақты алмасу кезеңі басталады. Оның ұзақтығы 180-230 күн аралығында болады.

Ылғалдылығы. Өсімдік әлемінің дамуына зор әсер ететін факторлардың бірі түсетін ылғал мөлшері. Ылғал жылдың жылы мезгілінде түседі. Ең құрғақ ай – тамыз айы, осы мезгілде шөптер құрғап, жайылым тозады, тек таулы аймақтарда ғана шөп мол, жайылым малға қолайлы күнде ылғал түсуіне байланысты шөптер жанданып, «күздік» өсіп-көбею кезеңі қайталанады. Жерге ылғал негізінен жаңбыр және қар ерте көктемгі және күздегі тұман-шық күйінде түседі. Қар тегіс жауғанымен оның қалыңдығы          10 см аспай ылғалы аз болады.

Жел. Өсімдік әлеміне желдің де тигізер әсері мол. Біріншіден жел ерте көктем-жаз айларында өсімдік әлеміне қажетті ылғалды жердің құнарлы бөлігінен кептіріп жіберсе, екіншіден шөптің өсіп-жетілуіне кері әсерін тигізеді.

Отырар  аудандық  аумақтық  басқарма  территориясындағы желдің негізгі бағыты: Арыстанды Қарабас желі Солтүстік шығыстан оңтүстік батысқа тұрады.   Кей жылдары қысы қатал болып келеді, ол жылдары    қысқа мал азықтары дайындалып, қосымша жем шөп беріледі.

 

1.2.2 Жер бедері

 

Табиғаттың топырағы мен өсімдік әлемін қалыптастыратын – жер бедері. Шаруашылықтың жер пайдалануының басым бөлігі: «тегіс», сай-салалы, жаз жайлауы Отырар   аудандық  басқармасы   біртегіс, ұланғайыр жазық дала болып келеді.

Аталған түрлі-түрлі жер бедерін құрайтын жердің табиғи құрамдық бөлшектері алуан-алуын топырақ түрінің қалыптасуына негіз болады.  Жер жағдайы негізінде ордабасы ауданында ұсақ және ірі қара, жылқы малына қолайлы.

 

1.2.3. Топырағы

 

Жазықтықта негізгі үш топырақ аймағы бар, олар: қара топырақты аймақ, қызыл қоңыр топырақты аймақ және қоңыр, сұр қоңыр топырақты аймақ. Шөлейт аймақта боз қызыл қоңыр топырақ басым. Мұнда климат неғұрлым қуаң болған жағдайда жусан боз-бетегелі және боз-жусан-бетегелі өсімдіктер сирек өседі.

Сұр қоңыр топырақтың саздақ жерлерінде жусан және боялыш өсімдігі мол. Қаратаудың қара қоңыр топырақтары бұта және шөп өскен қалың жыныс астында пайда болады. Таудың боз топырағы Солтүстік Қаратаудың бөктерлерінде (теңіз деңгейінен 400-800 м) жусанды-ранды болады. Отырардың шұрайлы жазық далалары бөген  су  қоймалары,-    атымен бар әлемге мәлім  болған жер.

 

1.2.4. Өсімдік қоры мен жайылымы

 

Өсімдігі.  Шаруашылықтың жер қоры табиғи — ауа райының онша да қолайсыз емес агроклиматтық белдікте орналасқан. Сондықтан өсімдік әлемі негізінен суармалы, таулы және шөлді жерде өскендіктен табиғи құбылыстарға шыдамды өсімдіктер түрлерінен құралған.

Олар: сұр топырақта жусанның әр түрі (ақбас жусан, қоңырбас жусан, құм және астрахань жусаны т.с.с.) мен сортаң топырақта күйреуік бұйырғын, тасбұйырғын түрлері көп кездеседі. Шөптесін өсімдіктерден: еркек боз, селеу басым болса, өмірі қысқа эфемерлерден (қазақта, «өлі шөп» деп атау алған): мортық, торғайот, қоңырбас түрлері мен сақ қалың қамыс, жыңғыл, еркек шөп т.б.

Өмір тіршілігінің басты кезеңдері: көктеп шығуы, шанақтануы, гүлденуі, жеміс салуы қысқа болып, күн онша ысымай тұрған уақытта өседі. Көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптерге жоңышқа, эспарцет, беде, түйе жоңышқа жатады.

Оңтүстік Қазақстанда бұл аталған екпе шөптердің ішінде негізінде жоңышқа өсіріледі. Жоңышқаның биіктігі 80-100 см, кейде 1,5 м жетеді, сабақтары 10-20 буыннан тұрады.

Ауа райы мен топырақ жағдайына қарай жоңышқа республика жерінде үш үлкен табиғи аймақта өсіріледі. Облыс аймағында негізінде; көк гүлді, қызыл қоңыр топырақты құрғақ дала және шөлейтті жерлерде сарыбас жоңышқа және будан жоңышқа өсіріледі.

 

Отырар аудандық аумақтық басқармасы ветеринарлық бөлімінің

2005  -2007 жылғы атқарылған малдәрігерлік жұмыстарына түсініктеме

 

Ветеринарлық қадағалау бөлімі ауданымыздағы 11 ауыл округтеріне, аудан териториясында орналасқан қосалқы шаруашылықтарға кооперативтерге, шаруа қожалықтарына, жеке меншік малдарына және малдәрігерлік қызметтеріне қадағалау жұмыстарын жүргізді.

Малдәрігерлік жұмыстарды ұйымдастыру және мал ауруларының алдын алу, оларды емдеу, тексеру мақсатында аумақтық баскарманың 15 мемлекеттік ветеринарлық инспекторлары «Эпизоотиялық тазалылықты қамтамасыз ету 018» бағдарламасы негізінде малдарігерлік биопрепараттарды қолдануға байланысты мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша Республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын аса жұқпалы мал ауруларының алдын алу мақсатында егу, аллергиялық тексеру, малдың қан сынамасын алу аудандық ветеринарлық лабораториясына жеткізіп беру қызметтеріне қадағалау жұмыстарын жүргізіп, аудан көлеміндегі лицензиялы жеке тұлғалар мен «Мал Жан Самал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заңды лицензиялы тұлғалар 2005 жылғы мал басына қарай жасалынған алдын алу іс шара жоспарлары бойынша малдәрігерлік жұмыстар атқарды.

Бұл іс шараларда 2005 жылы 250 000 уақ малды, 28 000 мүйізді ірі қараға, 7000 жылқы, 1600 бас түйе, 6000 бас ит мысық жұқпалы мал ауруларының алдын алу мақсатында қанша малға, қай мерзімде, қандай ауруға, малдардың түрлеріне байланысты емдеу керектігі көрсетіліп 2005 жылғы жоспар толығымен орындалды.

Атап айтқанда мүйізді ірі қара құтыру ауруына 10000 бас егу керек болса 10000 басқа егіліп жоспардың 100 пайызын, бруцеллезге шт-82 вакцинасымен 5000 бас 4-5 айлық бұзау емдеу керек болса 5000 басы егіліп жоспардың 100 пайызын, қашарлар 4000 басқа егу керек болса 4000 басы егіліп жоспардың 100 пайызын. Сібір жарасына 28000 мүйізді ірі қара егу керек болса 28000 басқа егіліп жоспардың 100 пайызы, қой ешкілердің жоспар бойынша 250000 бас егу керек болса 250000 басы егіліп жоспардың 100 пайызға орындалды. Түйені 1600 басқа егу керек болса 1600 басқа егіліп, жылқының 7000 бас егу керек болса 7000 басқа егіліп жоспар 100 пайызға орындалды. Қой ешкілерді бруцеллезге қарсы Рев-1 вакцинасмен 3-5 айлық қозы 60000 басқа егу керек болса 60000 басы егіліп, жоспар 100 пайызға орындалып, саулық қойларды егу 120000 басқа жоспарланса 120000 басқа егіліп жоспар 100 пайызға, ешкілерге 20000, басқа жоспарланса, 20000 басқа егіліп, жоспар 100 пайызға, 3-5 айлық лақтарға 20000 жоспарланса, 20000 басқа егіліп, жоспар 100 пайызға қошқарлар 3000 басқа егу жоспарланса 3000 басқа егіліп жоспар 100 пайызға орындалды.

Туберкулезге аллергиялық тексеру бойынша 52000 бас мүйізді ірі қара, 1500 бас түйе аллергиялық тексеруден өтіп, туберкулез ауруына оң белгі берген малдар анықталмады. Мал ауруларын балау жұмыстары бойынша 41349 бас мүйізді ірі қара, 227926 бас қой, ешкі, түйенің 1221 басы, жылқының 907 бас, 1001 бас ит бруцеллезге тексеруден өтіп, 390 бас уақ малдан, 5 мүйізді ірі қара оң белгі беріліп, ережеге сәйкес сойылды. Сонымен қатар хламидиозды іш тастауға 800 бас қой ешкі мен инфекциялық эпидимитке 3005 бас қой ешкілер тексеруден өтіп оң нәтиже бергені анықталмады. Отырар аудандық ветеринариялық лабораториясы бактериологиялық бөлімі жыл бойына 521, қан сары суын тексеру бөлімі жыл бойына 1258545, вирусологиялық бөлімі жыл бойына 446, паразитологиялық бөлімі 58 тексеру жұмыстарын жүргізіп, толық қуатымен жұмыстар атқаруда. Орталық базардағы сатылатын, үй маңында сойылатын ет және ет өнімдерін, сүт және сүт өнімдеріне ветеринарлық сараптау бөлімі 1064 рет мүйізді ірі қара, 410 рет жылқы, 93 рет түйе, 7278 рет уақ малдардың еттеріне лабораториялық сараптаулар жүргізіліп 12 кг сиыр еті, 239 кг уақ малдардың еттері жарамсыз деп табылып, заласыздандыруға жіберілді. Лаборатория арнайы құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. 2005 жылы «Эпизоотиялық тазалылықты қамтамасыз ету 018» бағдарламасы шегінде лицензиялы жеке және заңды тұлғалы мал дәрігерлерімен келісім шартқа отырған барлығы 20090000 теңге толығымен игеріліп, келісім шартқа отырған кәсіпкер мал дәрігерлеріне аударылып берілді.

Эпизоотиялық жағдайларды бақылау мақсатында атқаруға тиісті іс шаралардың мерзімінде орындалуын, емдеу кезінде мал және мал өнімдерінің сапалылығын бақылау, анықтау мақсатында орталық малдәрігерлік лаборатория, аудандық малдәрігерлік лаборатория бөлімі сараптаулар жүргізіп, әрбір елді мекенде лажсыздан арнайы сойылған малдарды малдәрігерлік сараптаудан өткізіп, қолдануға рұқсаттар беріп отырады. Жыл бойында 5 бас мүйізді ірі қара, 33 бас уақ малы лажсыздан сойылып, арнайы ветеринарлық санитарлық сараптама лабораториясының зерттеу қорытындысы нәтижесінде қолдануға рұқсат берілді.

Малдан адамға жұғатын аса жұқпалы мал ауруларының, атап айтқанда сібір жарасы, аусыл, құтыру, бруцеллез, туберкулез ауруларының алдын алу мақсатында жергілікті санитарлық эпидемиологиялық стансасымен тығыз байланыста. Ауырған адамның малдан жұққанына күдікті ретінде санитарлық ұсыныстар аудандық аумақтық басқарма малдәрігерлік қадағалау бөліміне тіркеліп, жергілікті мал дәрігерлік инспекторларына арнайы нұсқаулар беру арқылы үй малдарынан ауру ошақтарын анықтау қатаң міндеттеледі. 2005 жыл бойына 50 адам бруцеллез ауруымен, 62 адам туберкулез ауруымен, 6 адам экинококкоз ауруымен ауруханада жатқан.

 

Эпизоотиялық эпидемиологиялық зерттеудің нәтижесінде;

 

Қазақстан Республикасының 10 шілде 2002 жылғы «Ветеринария туралы» заңының 27 бабы 1 тармағына, Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министірлігі малдәрігерлік комитетінің «Малдар арасындағы бруцеллез ауруының алдын алу және жою шаралары туралы» 03.02.1999 жылғы №11-1/57 нұсқамасы негізінде, аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының №224 6 қыркүйек 2004 жылғы ұсынысына орай Қожатоғай ауыл әкімшілігі аумағы ауыл шаруашылығы малдар арасындағы бруцеллез ауруына қауіпті аумақ деп анықталып, шектеу белгілеу туралы аудан әкімінің №646 10.09.2004 жылғы және бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының №222 1 қыркүйек 2004 жылғы ұсынысына орай Маяқұм, Шілік ауыл әкімшіліктері аумағы ауыл шаруашылығы малдар арасындағы бруцеллез ауруына қауіпті аумақ деп анықталып, аудан әкімінің №646 10.09.2004 жылғы шешімімен шектеу шешіміне байланысты сауықтыру барысында Маяқұм ауыл округіндс уақ мал барлығы 20490 бірінші рет 21657 бас екінші рет тексеріліп 66 бас уақ малдан бруцеллез ауруына оң нәтиже берді. Қожатоғай ауыл округінде уақ мал барлығы 14384 бас бірінші рет, 43448 бас екінші рет тексеріліп 95 бас уақ малдан бруцеллез ауруына оң нәтиже берді. Шілік ауыл округінде уақ мал барлығы 14181 бас бірінші рет, 30745 бас екінші рет тексеріліп 93 бас уақ малдан бруцеллез ауруына оң нәтиже беріп, ауру анықталған малдар ережеге сәйкес сойылды. Сонымен қатар Маяқұм ауыл округі бойынша 69 қора жайлардың 27500 шаршы метрі 2% каустикалық содамен дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Дезинфекция жұмыстарының сапасын анықтау мақсатында 4 қора жайдан 6 сынама алынып, қорытындысы сапалы болып шықты.

Қожатоғай ауыл округінде 72 қора жайлардың 37700 шаршы метрі 2% каустикалық содамен дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Дезинфекция жүмыстарының сапасын анықтау  мақсатында 5 қора жайдан 8 сынама  алынып, қорытындысы сапалы болып шықты.

Шілік ауыл округі бойынша ауру мал анықталған қора жайларда көлемі 32600 шаршы метр каустикалық содамен, барлығы 69 қора жайлар дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Дезинфекция жұмыстарының сапасын анықтау мақсатында 5 қора жайдан 8 сынама алынып, қортындысы сапалы болып шықты.

2005 жылғы «Эпизоотиялық ошақ тазалықты қамтамасыз ету 018» бағдарламасы бойынша Отырар ауданы Маяқұм, Қожатоғай, Шілік ауыл әкімшіліктерінде уақ малдар арасында бруцеллез ауруларының арасында шектеу шаралары атқарылды. Қазақстан Республикасының 10 шілде 2002 жылғы «Ветеринария туралы» заңының 27 бабы 1-тармағына, Қазақстан Републикасы ауылшаруашылығы министрлігінің №632 05.11.2004 жылғы бұйрығымен бекітілген Жануарлар мен адамға ортақ жүкпалы аурулардың (бруцеллез) профилактикасы және олармен күресу бойынша ветеринарлык — санитарнялык және санитариялық-эпидемиологиялық ережесінің негізінде, аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының №165. 6.қазан 2005 жылғы үсынысына орай Қаракоңыр, Балтакол ауыл әкімшілііктері аумағында ауыл шаруашылыгы малдар арасындағы бруцеллез ауруына қауіпті аумак деп аиықындалып, шектеу белт іленді.

Құтыру малдарға, адамға негізінде каңғыбас иттер мен мысықтардың жорытқан аңдардан жұғатынын  және  алдын алудың бір жолы осы қаңғыбас иттер мен мысыктарды атып жою болғандыктан биылғы жылғы бұл жүмыстарға ешқандай каржы болінген жоқ.

Ветеринариялық заңдылыкты қадагалау мақсатында жеке және заңды 127 түлғаға нүсқамалар беріліп аталған кемшіліктер орнына келтіріліп, 23305 тсңге айыппұлдар салынды.

 

                  Жұқпалы емес аурулар жөнінде

 

Аудан көлемінде мал шығындары нсгізінде  жұқпалы емес ауруларының салдарынан болуда. Азық өлшеміндс түрлі макро-микро элементтердің, витаминдердің аз мөлшерде болуы, кора жағдайларының зоотехникалык, малдәрігерлік-зоогигиениалық талаптарға сай болмауы, бір жакты азық өлшемінің  ғана берілуі салдарынан малдардың тыныс алуы, ас қорыту, ішкі органдарының бұзылуына елеулі дәрежеде ықпал етуде. 2005 жыл көлемінде аудан бойынша ас қорьпу ауруларымен кой ешкілердің 8768 басы, ірі караның 1952 басы, жылкының 262 басы, түйенің 227 басы ауырып, одан қой  ешкінің 2334 басы, мүйізді ірі караның 124 басы, жылкының 21 басы, түйенің 19 басы өлім жітімге ұшыраған. Сондай-ак тыныс, өкпе ауруларының кой, ешкінің 7800 басы, ірі қаранын 1761 басы, жылқының 303 басы, түйенің 111 басы ауырып  одан кой ешкінің 2212 басы, ірі қарадан 163 басы, жылқыдан 88 басы, түйенің 28 басы, өлім жітімге ұшыраған. Жалпы жыл бойындя 5171 бас мүйізді ірі кара, 25123 бас кой, ешкі, 414 бас түйе, 798 бяс жылқы ауырып одан 327 бас мүйізді ірі қара, 6733 бас кой ешкі, 118 бас жылқы түйенің 49 басы өлім жітімге үшырады. Ылажсыздан 5 бас мүйізді ірі кара, 33 уақ мал сойылған.

Паразитологиялық аурулар жөнінде

Соңғы жылдары аудан көлемінде түрлі паразитологиялык аурулар малдар арасында көптеп шығуда. Атап айтқанда таспа құрт, бауыр құрт аурулары коптеп кездсуде.

Бұл аурулардың шығуына жайылым жағдайлардың қолайсыз болуынан, ағын арықтарының тұрып қалуы жайылымдарды ауыстырмай малдарды біржақты бағу, су ішетін құдықтардың немесе таза сулармен суғармау салдарынан болуда. Сол сиякты шілденің  ыстықтарында кенелердің көбеюуі,  адамдар арасында безгек ауруымен  ауырып қалу қаупін    туғызуда.

Ауыл жылына байлангысты  бұқаралық ақпарат құралдарына «Құтыру ауруы», «Бруцеллез жұқпалы індет», «Сібір жарасы», «Малға да төлқұжат толтырылатын болады» Аусыл қоздырғышы,таралу жолдары, алдын алу сақатану», «Ветеринарлық іс шараларға кететін шыгындар,экономикалық әсері», «Мал есебіне мән беру», «Құс түмауынан сақтанайық», «Күл ауру қоздырғышы, таралу жолдары,алдын алу,сақтану», «Базардағы мал және мал өнімдерінің ветеринарлык санитарлық сараптау жолдарын түсіндіру туралы» мал індеттерін кеңінен насихаттау мақалалары шықты.                                                              

 

Ұсыныстар

 

  1. Әр ауыл әкімшіліктерінде құшқаналар /убойный пункг/ салдыру.
  2. Ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіру /сырғалау, таңбалау/ мақсатындағы мемлекеттік ветеринариялық  инспскторларының  жұмыстарына   ауыл   әкімдері ықпал ету, комек көрсету.
  3. Аудандық бюджетен    қайтарыммен    бірдейлендіру    /сырғалау, таңбалау/ жұмыстарына қаржы бөлу.                                             
  4. Дезинфекция, дезинсекция жұмыстарын жүргізу үшін бір ДУК автокөлігін алуға жағдай жасау.
  5. Ауыл әкімшіліктерінде кәсіпкер малдәрігерлік лиценцияттардың санын көбейту» малдәрігерлік мамандарды жүмысқа тарту, бәсекелестікке жол ашу.
  6. Аудан көлемінде қанғыбас игтер мсн мысықтар аулайтын, атып жоятын бригада құру, қаражат бөлу.

 

Бәйдібек аудандық аумақтық басқармасы ветеринарлық бөлімінің

2006 жылы атқарылған малдәрігерлік жұмыстарына түсініктеме

 

Ветеринарлық бөлімі ауданымыздағы II ауыл округтеріне, аудан териториясында  орналасқан қосалқы шаруашылықтарға, кооперативтерге, шаруа қожалықтарына, жеке меншік малдарына малдәрігерлігі туралы заңының сақталуына қадағалау жұмыстарын жүргізді.

Малдәргерлік жұмыстарды ұйымдастыру және мал ауруларының алдын алу, оларды емдеу, тексеру мақсатында аумақгық басқарманың 15 мемлекеттік ветеринарлық инспекторлары «Эпизоотиялық тазалықты қамтамасыз ету 018» бағдарламасы негізінде малдәрігерлік биопрепараттарды қолдануға байланысты, мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша Республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын аса жұқпалы мал ауруларының алдын алу мақсатында егу, аллергиялық тексеру, малдың қан сынамасын алу аудандық ветеринарлық лабораториясына жеткізіп беру қызметтеріне қадағалау жұмыстарын жүргізіп, аудан көлеміндегі лицензиялы жеке тұлғалар мен «Мал Жан Самал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заңды лицензиялы тұлғалар 2006 жылғы мал басына қарай жасалынған алдын алу іс шара жоспарлары бойынша малдәрігерлік жұмыстар атқарды.

Бұл іс шараларда 2006 жылы 280000  уақ малды, 30000 мүйізді ірі қараға, 7000 жылқы, 1700 бас түйе, 9000 бас ит мысық жұқпалы мал ауруларының алдын алу мақсатында қанша малға, қай мерзімде, қандай ауруға, малдардың  түрлеріне байланысты емдеу керектігі көрсетіліп,  2006 жылғы жоспар толығымен орындалды.

Атап айтқанда мүйізді ірі қара құтыру ауруына 7000 бас егу керек болса,  7000 басқа егілігіп жоспардың 100 пайызын, 37000 бас уақ малды егу керек болса 37000 басқа егіліп жоспардың 100 пайызын, жылқының 4000 басы егілу керек болса 4000 басы егіліп жоспардың 100 пайызын, түйенің 800 басы егу керек болса 800 басқа егіліп жоспардың 100 пайызын, иттерді 9900 басқа егу керек болса 9900 басқа егіліп жоспардың 100 пайызын, малды бруцеллезге шт-82 вакцинасымен 8000 бас 4-5 айлық бұзау емдеу керек болса 8000 басы егіліп жоспардың 100 пайызын, қашарлар 6000 басқа егу керек болса 6000 басы егіліп жоспардың 100 пайызын. Қой ешкілерді бруцеллезге қарсы Рев-1 вакцинасымен 3-5 айлық қозы 60000 басқа егу керек болса 60000 басы  егіліп, жоспар 100 пайызға орындалып, саулық қойларды егу 140000 басқа жоспарланса 140000 басқа егіліп жоспар 100 пайызға, Ешкілерге 15000 басқа жоспарланса, 15000 басқа егіліп, жоспар 100 пайызға, 3-5 айлық лақгарға 20000 жоспарланса, 20000 басқа егіліп, жоспар 100 пайызға, қошқарлар 1500 басқа егу жоспарланса 1500 басқа егіліп жоспар 100 пайызға орындалды. Лептоспироз ауруына қарсы 40000 бас мүйізді ірі қараға егу керек болса жоспардағы 40000 басқа егіліп жоспар аудандық ішкі істер бөліміне, аудандық денсаулық сақтау бөлімдеріне ұсыныстар берілді.                                                                                                          

Сонымен қатар «ҚР зардапты құс тұмауьның алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылды мен стратегиясын дайындау» жөніндегі хаттамасын іске асыру мақсатында Отырар ауданда атқаратын іс шаралар 21.01.2006 жылы аудан әкімі бекітіп, бұл іс шараларда зардапты құс тұмауы шыға қалған жағдайда жедел іс қимыл шаралары нақтыланып берілген.                           

5.04.2006 жылы Отырар ауыл округі Арыс ауылында «жоғары зардапты құс тұмауының шығуын анықтау, таратпау және жою» жөнінде арнайы семинар кеңес өтті. Оған аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі  департаментінің Отырар ауданының өкілі, аумақгық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы, аумақтық басқарманың ветеринариялық бөлімі, аудандық СЭҚБ-ның өкілдері, ауыл әкімдері, аудандық ветеринариялық полиция мамандары, аудандық өрт сөндіру бөлімі жалпы семинар кеңеске 175 адам қатысты. Семинар кеңес оқу жаттығу жиынында өткендіктен мамандар арнайы киімдер киіп, залалсыздандыру жәнс жедел зерттеу жұмыстарымен шұғылданып, өздерінің төтенше жағдай орын ала қалған жағдайда әзірліктерін көрсетті.                  

Аудан бойынша, ауылшаруашылық  жануарларын инвентаризациялау мен бірдейлендіру жұмыстары бойынша 2006 жылы 75200 басқа сырғалар мен  5000 паспортар алынды. Инвентаризация бойынша ірі қара малдарға 31571 басты кұраса, нақты сығаланғаны 28341 басы, 293994 басынан 291114 басы сырғаланды. Жылқының 9078 басты құраса 8976 басы және түйенің 1922 басынан 1892 басы жыл бойына паспортау рәсімделді.

 

Эпизоотиялық эпидемиологиялық ахуал

 

Мал ауруларын балау жұмыстары бойынша 29234 басы бірінші рет, 5663 басы екінші рет МІҚ, 180182 басы бірінші рет, 388 басы екінші рет қой-ешкі, түйенің 1507 басы, жылқының 1945 бас, 1039 бас ит бруцеллезге тексеруден өтіп, 22 бас уақ мал бруцеллез ауруына қолайлы шаруашылықтар Отырар және Қожатоғай, Темір, Талапты ауыл округтерінде бруцеллез ауруы тіркеліп және 11 мүйізді ірі қара оң белгі беріліп, ережеге сәйкес сойылды. Сонымен қатар хламидиозды іш тастауға 1700 бас қой ешкі мен инфекциялық эпидимитке 1510 бас қой ешкілер тексеруден өтіп оң нәтиже бергені анықталды.

Бруцеллез ауруына шектеу белгіленген Балтакөл, Қарақоңыр ауыл  округінде 62400 бас уақ мал тексеру жоспарланып, 42466 бас уақ мал бірінші рет, 19934 бас уақ мал екінші рет тексеруден өтіп, 714 бас уақ малдар бруцеллез ауруына оң нәтиже берді.

Қазақстан  Республикасы үкіметінің  №407  қаулысына  сәйкес бруцеллез ауруына оң белгі берген 714 бас уақ мал ережеге сәйкес жойылып өртелді, 67,2 мың шаршы метр 289 қора жайларға дезинфекция жұмыстары жасалынды. Басқа көздерден қаржыландырылған, атап айтатын болсақ Сібір    жарасына қарсы МІҚ 29600 доза, 263600доза уақ  малдарға, жылқыларға  9000 доза,  түйеге 2000 доза дәрілер алынып, шошқаға 100 доза, Сібір жарасы ауруына қарсы 29600 бас мүйізді ірі қара, 263600 бас уақ мал, 9000 бас жылқы, 2000  бас түйе, шошқаға 100 басқа егуден өтті.                                                     

2006 жылы «Эпизоотиялық тазалықты қамтамасыз ету 018»    бағдарламасы шегінде  лицензиялы   жеке    және     заңды    тұғалы   малдәрігерлерімен келісім шартқа отырған барлығы 20589617 теңге    толығымен игеріліп, келісім шартқа отырған кәсіпкер малдәрігерлеріне  аударылып берілді.

 Эпизоотиялық жағдайларды бақылау максатында атқаруга тиісті іс I иіараларлыи мерпмпіде орынлалуын, смдсу ксзіндс мал жэне мал 1 опім.ісрінііі сииа.Іы.ІыІ ыи Оакм.Іау, аиыкіау максагында орталык I малдлрһ «рлік лабораіорим, аудандык Іиалдірігсрлі|к лаборотория бөлімі I сараптаулар жүргізіп, арбір елді мекенде ылажсыздан арнайы сойылган I малдарды ІУІалдәрігерЛ,ік сараптаудан өткізіп, қолдануга рұксаттар беріп I отырады.                   

| Жыл бойында 10 бас мүйізді ірі кара, 28 бас уақ малы ылажсыздан  сойылыпып, арнайы ветеринарлық санитарлық сараптама  лабораториясының зерттеу қорытындысы нәтижесінде колдануға ұрұқсат берілді.

І         Малдан адамға   жұғатын   аса  жүкпалы   мал ауруларының,  атап айтқанда сібір жарасы, аусыл, құтыру, бруцеллез, туберкуллез  ауруларын алдын алу максатында жергілікті санитарлық эпидемиологиялық  стансасымсымен тығыз байланыста. Ауырған адамның малдан жұққанына күдікті ретінде санитарлык үсыныстар аудандык 1 аумақтық басқарма малдәрігерлік инспекци бөліміне тіркеліп, I жергілікті малдәрігерлік инспекторларына арнайы нұскаулар беру аркылы үй малдарымен  ауру ошақтарын аныктау катаң міндеттелді.            2006 жыл бойына І4 адам бруцеллез ауруымен, 56 адам туберкуллезбен аурып, 8 адам эхинококкоз ауруымен ауруханада жатқан. Зерттеу және талдау барысында ауырған адамдардың жеке қожалығындағы 285 мүйізді ірі қара,1200 бас уақ мал ,1 бас жылқы,2І бас түйесі бруцеллез ауруына тексеріліп 13,уак мал, 2 бас ірі қара лабороториялык зерттеудін нәтижесінде бруцеллез  ауруына оң нәтиже берді.

Эпизоотиялықлық   эпидемиологиялық   зерттеудің   нәтижесіндс  және  ҚР АШМ № 632   5.11.200,4 жылғы Жануарлар мен адамға ортақ жұкпалы         аурулардың        профилактикасы    және    олармен    күресу    бойынша        ветеринариялық   санитариялық           және           санитариялық эпидемиологиялық ережесіиің негізінде, «Ветеринария туралы»заңының, 10 бабы сәйкес аүдан әкімінің № 257 02.10.2006 жылы Отырар Талапты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

 

2.1. Аусылдың қазіргі кездегі індеттік жағдайы, онымен

күрес шаралары

 

Аусыл (Арһtае еріzооtісае, ящур) — жұп түяқты жануарлар мен дала аңдарының жіті, контагиозды түрде өршитін індеті. Бұл аурумен ірі қара, ұсақ мал, шошқа, киік, қодас, буйвол, антилопа және тағы басқалар ауырады. Аусыл ауруы қызбамен, ауыз қуысының кілегейлі  қабықтары, ауыздан сілекей ағу, желін үрпісінің, танау куысының, тұяқ арасының миокард, бұлшық еттің везикуляры, автозды-эррозиялық жарақаттануымен ерекшеленетін аса жұғымтал вирустық ауру (Е.И.Қасымов, 2006).

Т.С.Сайдулдиннің «Ветеринариялық індеттану» (1999) оқулығындағы деректерге карағанда аусылдың қоздырушысы ДНҚ-лы вирус, пикарновирус тұқымдастығынан, антигендік қасиеті бойынша 7 серологиялық типке бөлінген: О (13), А (32), С (5), Sat-1 (7), Sat-2 (3), Sat-3 (4), Аsіа-1 (2). Ш.Б.Мырзабекова М 91. Ветеринариялық вирусология. Алматы, Білім баспасы. 2004. оқулығында жоғарыда көрсетілгендей бұл қоздырушы РНҚ-лы бар вирустарға тобына, пикорнавирустар тұқымдастықтың, автовирус туыстығына жатады. 1898 жылы бұл вирусты Леффлер мен Фрош ашқан. Ауру қоздырушысы 75 %-ды спирт ерітіндісіне, эфирге, хлорофорумға, лизолға, фенолға төзімді. Хлор, әк, креолин, крезол, сулема ерітінділерінде бірнеше сағаттан кейін инактивтеледі. Жайылымдарда аусыл жарақат-тарынан үзіліп түскен афт (күлдіреуіктер) қабырғаларында вирус келесі жайылымға дейін сақталады. Жазғы уақытта ағын суда белсенділігін 6-12 күнге дейін жоймайды. Суық суда — 103, кепкен қанда — 168, сұйық қида — 40, малдың терісінде — 50, киімде — 100, мал қораларында — 70 күнге дейін сақталады 68°С — 30 мин., 70°С — 15 мин., 80-100°С — бірнеше секундта инактивтелінеді. Тұздалған және кептірілген мал өнімдерінде 50 күнге дейін сақталады. 2%-ды формальдегид, күйдіргіш натрий ерітінділері 10-30 минут аралығында  залал-сыздандырады. Яғни сыртқы ортада аусылдың вирусы төзімді. В.Н.Сюрин, т.б. (1991) деректерінде аусыл вирусының О (13), А (32), С (5) типтері Еуропа мемлекеттерінде, Sat-1 (7), Sat-2 (3), Sat-3 (4) Африка мемлекеттерінде, ал Аsia-1 (2) түрі тек Азия мемлекеттерінде кездесетіні айтылған.

Е.И.Қасымовтың практикумында бұл індетке қарсы күрес шаралары дүние жүзі мемлекеттерінде 2 жүйеде жүргізілетіні: біріншісі — кардинальды түрде індет ошағын жою (мал фермаларында қатаң ветеринариялық-санитариялық тәртіптерді орындау, індет ошағы анықталған жағайда, ондағы барлық малды сойып, жою, вакцина қолданбау), екіншісі — індет ошағын сауықтыру (емдеу, ветсан. шараларды қолдану, т.б.), індеттер төнген аймақтағы малды иммундеу, барлық жұптұяқты жануарларды жыл сайын арнайы вакциналармен егу қажеттілігі айтылған.

 

 

Сурет 1. Аусылда патологиялық материалды зерттеу схемасы

 

Жоғарыдағы тәсілдердің бірін таңдап алу індеттік жағдайға, мемлекеттің географиялық орналасуына, мал өсіру технологиясының деңгейіне, мемлекеттің экономикалық дамуына байланысты делінген (Е.И.Қасымов, 2005).

1921жылы француз зерттеушілері аусылдың екі түрін байқаған: тип «О» — оіsе және «А» — аllіmеntе олар бір-бірінен зардапты қасиеттерімен, уыттылық дәрежесімен және өздерінің иммундық биологиялық ерекшілік-терімен ажыратылады. Бір түрімен ауырған ауруда екінші түрінде иммунитет пайда болмайды және үшінші түрі – «С» пайда болған.

Бұл аусылдың екі жақтылығының іс жүзіндегі маңыздылығы бар:

  1. Вирустың арнайы түрін қолданғанда өзінің таралуына қарай қарсы эпизоотиялық әрекеттер жасалынады.
  2. Аусылға қарсы арнайы поливалентті биопрепарат түрінен гомологиялық тиімді вакцина, сывортка дайындалады. Аусылдан жазылған малдарда тез иммунитет пайда болады ол ірі қара малдарда 1-2 жылға, шошқаларда 10-11 айға созылады.

Қазақтың ҒЗВИ В.И.Киндяков шығарған концентратты  вакцинасының ВИЭВ-шығарған вакцинасынан айырмашылығы  құрамында антиген көп және малдарға дозасы аз көлемде салынады. Қырғыздың ҒЗВИ-шығарған лапинизированды вакци-насы С. П. Иванов қояндарға салу

Аусылға қарсы күрес шаралары Қазақстанда соңғы жылдары мал басын сақтап қалу мақсатында екінші жүйе бойынша жүргізілді. Соңғы автордың деректеріне қарағанда бұл індет соңғы 2-3 жыл бойы Қазақстанда кездескен жоқ, бірақ сиыр малы міндетті түрде “Вита-СТ” ЖСШ даярлаған аусылға қарсы “О”, “А”, “Азия-1” штамдарынан даярланған инактивтелген “Афтовакс” вакцина-сымен жылына 2 рет иммунделеді.

Аусылға қарсы күресте індетті дәл анықтап, оны басқа аурулардан ажыратудың орны үлкен. Аусылға балау қойғанда, диагностикалық әдістерді жүйелі түрде қолдану қажет. Осы мақсатта аусылды балауға індеттанулық, клиникалық, лабораториялық әдістер кең қолданылады (Т.С.Сайдулдин, 1999).Бұл  аурудың   қоздырғыштары  жұққаннан бастап,  12-сағат  ішінде  болмаса  14-21 күн  аралығында  белгілі болады,  ол әрине  ағзаның мекемділігіне  және қоздырғыштың  үрдістігінің қуаттылығының бір бастан  екінші бір малға  өтуіне байланысты,  ірі қара малдарға  қарағанда  инкубацйялық  кезкең  шошқада  тез өтеді.

     Сауын сиырдың  тұяқ ашасының  жаралануы  ұзаққа  2-3аптағак  созылады, аяқтары ақсап   желіндері желінсау   ауруларына ұшырайды.                           

Көптеген  шет ел  ғалымдары Барбани  және  басқалар  (1963)  байқап  зерттегенде асқазан асты  бездері   аусыл  ауруымен  ауруынан кейін  дегенерациялық   өзгерістерге ұшырайтынын   келтіреді.

Ірі  қарамалдарда  аусыл ауруының  қатерлі түрде өтуінің  көптеген себептерәін келтіреді, бұндай жағдайда  Г. Ф. Бондаренко,  В, С, Зарубинский,   Г, И,  Липатов,  К, И, Плотников    В, А,  Щубин   және басқа  да  авторлар  жазады.  

В. А.   Шубин  (1961)  аусыл  ауруының    қатерлі  түрде  өтетінін  жазады, және оның басқа  ағзаларға  жүрек еттеріне бүйрекке,  нерв жүйелеріне,  ет  фацияларының  қызметтеріне әсеғрін  тигізетінін  дәлелдеген.

Ірі қара малдарда аусылмен ауырған малдың   ұлпа иммуниттері    6-7айға,  ал гумаралды  иммунитет   18-айға    дейін  созылатынын  О.  Вальдман,  К. Траутвейн  келтіреді.                      

 Қатерлі  өтетін  аусыл  ауруының  қоздырғыштары   өте сирек кездеседі,  және де  шектеулі  ауиақтарға    ғана тарайды.   Эпизоотиялық  жағдайларға байланысты  А.  Скоморохов  және     М. Рево    қатерлі аусыл  ауруымен  ауырған  малдардан  байқағаны  бұлардың  арасында  байланыстың  болмайтынын  анықтаған.  1961 жылдары Орынбор облысында малдың тегіс түгелдей сүт зауытынан әкелінетін залалсыздандырылмаған сүттің сарысуындағы аусыл қоздырғышы вирус арқылы таралғаны белгілі болған. Осы кезде аусыл вирустарының қоздырғыштарының таралуының екі заңды түрі анықталған. Біріншісі, сүттің сарысуын пайдаланған мал, сүт  зауытынан арнайы тасымалданған көлікпен әкелінген сүт сарысуын пайдаланған шаруашылықтардағы малдар тегісімен ауырған. Екіншісінде, сүт сарысуын бірінші пайдаланған бұзаулар мен торайлар ауырған, сонан кейін басұа малдарға жұғып, қалғандары ауырған.

Қазіргі    темір  жол  тораптары  теңіз  транспорттары  дамыған  кезде  шет елдермен  қарым  -қатынас  дамып   шекарадан  еркін  өтіп,  тауар    айналымы,   сатып алу   адамдар    араласып  жатқан  шақта  аусыл   қоздырғышы   вирус  өте  тез  тарайды  және   өте  қысқа  мерзімде   тарап   жұғады. Бұндай  жағдайда   малдәрігерлерімен  басқада   мамандар   заң  талабын  қатаң  сақтаулары  қажет.Көптеген  жағдайларда   малдардың  аусыл  ауруымен    ауыруын   түрлі  жолдармен  болатынын   малдарға  пассивті   егу  жұмыстарын  жүргізген   кездерде оспа  лимфасымен  аусыл  вирустарының   таралғаны    тіркеліп    анықталған.1908жылы  Мюллер  мен  Розенау   күлге  қарсы  егіген   малдардың   аусыл   ауруымен  ауырғанын  байқаған.       

Ал   Роуз  болатын  болса   почтамен  келетін  хаттарменде   аусыл  ауруының   таралатынын  мәлімдеп,   аусыл  ошағынан   келген  хаттарды   жойдырған.  Мал-шаруашылықтарымен  айналысатын Ирландия    мемлекетіде   осыны  пайдаланып,  1967жылы  аусыл  ауруы  жүріп   жатқан   шаруашылықтардан  келген   хаттарды   құттықтау  қағаздарды  түгелімен  жойған.

Н. В. Лихачев,  П. М.  Базылев    В. Н.  Сюрин   1955ж  кептірілген  аусыл   қоздырғыштары    үй  температурасында  бірнеше  жыл  сақталатынын   және  жұқпалы  қасиетін  сақтайтынынанықтаған. Теңіз  суында   үйреншікті  қалыпқа  еніп,   бірнеше  ай  сақталатынын  Лефлер   ГДР-институтында  дәлелдеген.

Ф.  Г.  Гутира  және   Маректер  1937  ж   чума    вакцинасының  сарысуымен   егіген   шошқалардың  арасынан   аусыл  ауруының   шыққанын   тілге  тиек  етеді.  

И.  Бернар  мен  Жирар  электронды  микраскоппен   аусыл   вирусының  қоздырғыш  бөлшектерінің  17-20ммк  арасында  болатынын,  ал  совет  одағы    кезінде   Г.  Красников  (УНИИЭВ)   В. Узюмов  (ВНИЯИ)  электронды  микроскоппен  аусыл  қоздырғыштарын  зерттеп   көлемдерін  анықтаған.

В.  Узюмовтың   келтірген  мәліметтерінде   электронды  микроскоптармен    вирустың  бөлшкектерінің  көлемі  200-240А  болып,   олардың  формасы  5-6  бұрышты   болып  келеді   делінген.  Осыған  орай  Бриза  және  Трауптманның1966икосаэдралық   аусыл  қоздырғышы      вирустарының   формасы20-қырлыболады  делінген,   негіздеуге   болады. 

Қоздырғыш   вирустың   төзімділігі.  Жұқпалы  аусыл  қоздырғышының еңбір     РН-та   сақталатын   қасиеті   7,0-9,0 болады.Ал   қышқылды  ортада   10,0  -де  сілтілі  ортада   6,0.   Осы  орталарда   ол   тез   жұқпалылық   қасиетін   жоғалтады.    Афтоз  вирустары   вирус   лимфалары   басқа  жұқпалы   вирустарға    қарағанда    төзімдірек,  ал  еттегі    қоздырғыштар   көп   сақталады.     Сонымен   қатар     бездерде    сүйек  кеміріктерінде  де   ұзақ   сақталады.    Кокса  мен  Коттарал   1961   ж   тұздалған  етте   жұқпалы  ауру   қоздырғышын   194күн   сақталғанын    Гальюнс   және   Коттарал1964буын   сұйығындақалыпты  РН-7,6-8,8температурасы   4°С-да   14-күн   сақталады.

Е.  Вишневский    1963жылы   аусыл   қоздырғышының  10-12С° жылылықта   ал   минус  10-12°С   24сағат ет   құрамында    сақталған.

Аусыл  қоздырғыштары   жоғарғы  температураға  өте  төзімді,  ал   төменгі   температурада    А. Л.  Скоморохов     консервациалап   сақтаған.  Орта   азияда   суда РН-7,2-7,4  болған  жағдайда     жұқпалылығын   қазан  айынан   маусым  айына   дейін    4-20 күн      сақталатынын  зерттеушілер    өз   деректерінде   келтіреді.   Ал  киім-кешекте  100-күнге   дейін  сақталады  «Хуссель 1960»

Айта  кететін  бір  жәйт  барлық  ауру   қоздырғыш  штамдар   сыртқы  ортаның   әсеріне   бірдей  әсер   етпейді.   Көптеген   РНК-ірі   және  майда    қоздырғыштар   май  ертінділеріне   төзімді   «эфир, хлороформ»,   ал   кейбіреулері   пикорна   вирустардың   энтеревирустардан   айырмашылықтары   трипсинге  және  қышқыл  ортаға    төзімсіз.  Кейбір  карбол   қышқылының   төмегн  пайызды  ертіндісі    0,5-1,0 %   аусыл     қоздырғышының   қызметін   тоқтатып,   бұзылуын  3-5  айға  дейін   сақтап  қалады.  « М. В.  Рево».

Сілті   ертінділеріне   аусыл  ауруының  қоздырғышы   төзімсіз болғандықтан    оларға  каустикалық   сода    «едкий  натр»  ертінділерін  пайдалану    тиімді.  А. А.Поляков   аусыл   ошағын  зарарсыздындыруға   2,0%ащы  калий,   30%-күл  сілті,   10%-калций  сода күйдіріндісі   ертінділерімен   жасауды  ұсынады.

Вирустардың    инвазиялық  жұқпалылық  қасиетіне  мынадай  түсініктеме  беруге  болады,  вирус  қоздырғышының    бөлшектері  кейбірмал  ағзаларында  дамуға  және    жұқпалы  ауру   шақыруға  қаблетті.   Вирустың   жұқпалылық  қасиетінің  уыттылығы   оның  өміршеңдігін  көрсетеді.       Иесінің   клеткаларына   вирус  қоздырғышы  кіретін  жағдайлар   жасалып   олар  көбнесе   көбеюге,  шет  жакққа  вирус   бөлшектерінің  клеткадан  шығуға   мүмкіншілігінің  бар  айтй  кету  керек.    Көптеген  авторлар   аусылдың   вирус  қоздырғыш  штамдарының  түрлерін  олардың   зардаптылығымен  салыстырады.

Осыған  орай   аусыл   ауруының   қоздырғышының   зардаптылығы  басқада  вирустар  сияқтыолардың  жұқпалылығына  жән   олардың  негізгі   жалғамасы  болып   табылады.Бұның  соңғысына   дәлел  ретінде  РНК-ның  клеткасының  функциялық   қасиеттері  басқа    керекті  бағытқа   бұрып,    клеткаларды  өзіне  қарсы  жұмылдырып,   процесстерге  қарсы  жол  ашады.     

Имунобиологиялық   вирустың  қасиеттері    жұқпалы   ауруды  тез    қабылдайтын   мал   ағзаларында   спецификалық   иммунитеттің   пайда  болуына  жауапты. Мұндай   жағдайларды   өте  қаблетті  тәсілдермен   зерттейді,  бір-бірінен  штамдардың  айырмашылығымен    ұқсастығын   ажыратады.

  Аусыл  ауруының   қоздырғыштарын  анықтағанда   көбінесе   РНК-ны   пайдаланады    көптеген    зерттеулердің  нәтижесінде   осы  уақытқа  дейін   аусыл   қоздырғышының  иммунобиологиялық   қасиетіне  қарай   жеті- типке  бөледі  және  көптеген  варианттары  бар.

Прибрант  «Англия»  институтының   көптеген   зерттеу    жүргізііне  қарай   аусыл  қоздырғыштарын  типтерін,    варианттарын   анықтайтын  дүние  жүзілік  лабароторияға  жатады.   

Табиғатта  вирустың  сақталу   заңдылықтары.   Басқа  вирустар,биологиялық   басқа  аусыл   қоздырғыштарының  түрі   эволюция  кезінде  өмір   сүрген   ортаның   өзгеру   жағдайына  байланысты     тіршілікке  бейімделуі   заңды.

В.  Киндяков,  С.  Филиппович      аусыл   қоздырғышы   вирустарға   қарағанда   харектеристика  бергенде    олардың   араласып    жатқанын    «О»-типі   штамының   имунобиологиялық   қасиеті  басымырақ  екенін   ,   және  де  «А» вирустың   бөлшектерінің  кей-кезде  бұлардың  да   қасиеттері   басымырақ  екенін,  «АО»-вирус  бөлшектерінің   табиғатта  басым  болып   келетінін   Панамерикандық   орталық  өз  есептерінде   көрсетіп  отыр.Вирус  структурасындағы    бөлшектерінің   өзгергіштігі   репродукция   процесінде        

әрдәйім  болып   отырады,  және   бұлар  РНК-дағы   жіпшелердегі  қатардың   жансақтық   бұзылуынан  болады   делінген.

Кей  кездерде   мутация  пайда  болады,  лар  бастапқы  вирус  бөлшектерінен   өзгешелеу   және   әлжуаздау   болып   табиғатта  көп  сақтала  бермейді.

 

2.1.1. Нозологиялық балау

 

 Алдын ала балаудың әдістері. Ш. Мырзабекова «Ветеринарлық вирусолгия» оқулығында нозологиялық балауды үш топқа бөледі. 1- эпизоотологиялық, 2-клиникалық, 3-патологиялық, зертханалық балау.

  1. Эпизоотологиялық балау- аусылда эпизотологиясының ерекшелігі қоздырушысының биологиялық қасиеттеріне байланысты. Эпизоотоло-гиялық балау аусылда өте маңызды. Бұл ауру өте жұқпалы контагиозды жұғымтал түрде өтеді, ал инкубациялық кезеңі қысқа болады, індеттің экологиясы вирустың мал организмінде ұзақ уақыт болуымен байланысты. Аусыл вирусының ең көп тарағаны А, О, С, түрлері. Қазақстан Республикасында аусыл эпизоотологиясында киіктердің ролі өте үлкен, себебі олар таза аудандарға ауған кезде індетті біраз жерлерге апарып жұқтырады.
  2. Клиникалық аусылда- клиникалық белгілер пайда болады; ауыз, тіл кілегейлі қабықтарында афталар жаралып, орындарында қызыл эрозия қалады. Бұл аурға тән клиникалық белгілер жұп тұяқтылардың ішінде, әсіресе сиырда айқын байқалады. Аурудың бастапқы кезеңінде малдың дене кызуы қалыпты мөлшерден тыс көтеріліп (вирустың қан арқылы бүкіл денеге таралуына байланысты), азыққа тәбеті төмендейді. Аурудың келесі кезеңінде үлкенді-кішілі күлдіреуіктер ауыз қуысында, тұяқтың көбесінде, желінінде, үрпіде пайда болады. Күлдіреуіктердің пайда болуымен малдың темпера-турасы түседі. Соңынан күлдіреуіктер мөлдір сұйыққа толып, жарылып, олардың орны жараға айналады. Ауыз ішіндегі жарақаттардың зардабынан сөл түйіндерінен мөлшерден тыс бөлінген сілекей ауыздан көпіршіп ағады. Тілдегі жаралар асқынғанда, тіл ауыздан салақтап шығады. Сауын сиырдың желіні жарақаттанып, сүті азайып, тез іриді. Ауру қатерсіз, түрде өтіп, тиісті ем қолданылса, жараның беті қабыршықтанып жазылады (Е.И.Қасымов, 1992).

А.Н.Бердов, т.б. (1990) деректерінде бұзау, тайыншаларда аусыл өте зілді түрде өтеді. Олардың дене қызуы күрт көтеріліп, 12-30 сағат ішінде шығынға ұшырайды. Ал қой мен ешкіде аусыл жеңіл түрде өтеді. Ауырған малдың дене қызуы көтеріліп, 2-3 тәуліктің ішінде күлдіреуіктер ерінге, езуге, ауыз қуысына, тұяқ арасына, желінге шығып жарылады.

В.Н.Сюрин, т.б. (1979), Т.С.Сайдулдин (1999) дерекгерінде ұсақ малдың әсіресе ерні, езуі жарақаттанады. Сиырдағыдай ауыздан сілекей шұбырып, тілі салақтайды. Тұяқ арасындағы жарақаттардың асқынуына байланысты малдың ақсағаны байқалады.

Н.В.Сюрин, т.б. (1991), Н.М.Носков (1961) деректеріне қарағанда қарамал, шошқа аусылмен жеңіл түрде ауырады. Күлдіреуіктер көбінесе тұмсық ұшына, мұрын маңына, тұяқ арасына шығады.

Тұяқ арасындағы күлдіреуіктер жарылып, орны асқынып жараға айналған жағдайда ауырған шошқа аяғын баса алмай, тізерлеп қозғалады. Аусылға шалдыққан торайлардың іші өтіп, олар індеттің бастапқы күндерінде шығынға ұшырайды.                         

Аусылды басқа аурулардан ажыратып балау күрес шаралары ішіндегі аса маңызды мәселе. Себебі індет ошағында күрес шараларын тиімді қолдану аурудың балауын дер уақтында анықтау, тиісті шара қолдануға өте қажет. Сиырдың аусылын басқа жұқпалы аурулардан індеттанулық талдау және клиникалық белгілері бойынша ажырату қажет.

Е.И.Қасымов (1992) практикумында қойдың аусылын сарыптан (некробактериоз) індеттанулық талдау жасап, клиникалық белгілері арқылы ажырату керектігі айтылған. Онда көрсетілгендей, сарып кезінде ауыз қуысының жарақаттануы өте сирек кездеседі және де оның аусылдағыдай везикула, афта түзетін кезеңдері болмайды. Аусыл басқа жұқпалы аурулармен қатарласа жүргенде оларды айыру қиындық тудырады. Ондай жағдайда биологиялық, серологиялық әдістер қолданылады.

Ш.Б.Мырзабекова (2004) деректерінде шошқаның аусылын энтеровирус қоздыратын денесін толарсақ басатын аурдан ажырату қажет. Бұл аурумен тек шошқа ғана ауырады делінген Серологиялық реакциямен тексергенде аусылдың оң сарысуымен реакция теріс нәтиже көрсетеді және энтеровирус шошқаның бүйрек ұлпасынан, ал аусылды қоздырушы вирус ірі қараның бүйрек ұлпасынан алынып жасалған қоректік ортада ғана өседі. Сонымен қатар биологиялық жануарлар (теңіз тышқаны, ақ тышқан, қоян) энтеровирусқа төзімді.          

А.А.Бойко, А.А.Мельникова (1978) деректеріне карағанда жылқы тек қана ауыздың күлдіреулі қабынуымен: шошқа денесін толарсақ басатын тері ауруымен: ірі қара ауыздың күлдіреулі қабынуы, аусылмен ауырады. Ірі қарада, біріншісінің вирусын тері ішіне енгізгенде, ал екіншісініңкі тілге жібергенде ғана ауруды қоздыруға болады.

Кейде, мал жаппай уланған жағдайда, ауыздың сілекей қабықтары жарақаттанады. Уланғанды, табындағы малдардың жаппай температурасын өлшеп, олардың өрісін тексеріп т.б. деректерге сүйене отырып ажыратады (Е.И.Қасымов, 1992).

Аусыл өте жіті өршіп, жылдам таралатын жұқпалы ауру болғандықтан, одан арылу мақсатымен жүргізілетін күрестің нәтижелілігі бұл індетті дер уақытында балап, шұғыл тиісті шара қолдануға байланысты. Практикалық жағдайда аусылды клиникалық белгілер арқылы балау көп қиындық тудырмайды. Әйтсе де, қайсыбір жағдайда аусылдың басқа жұқпалы аурулармен қабаттаса өршуіне байланысты оның клиникалық белгілері айқын білінбейді. Сондықтан аусылдан алдын ала мал шаруашылықтарында лабораториялық зерттеу жүргізу маңызды (сурет 1).

Е.И.Қасымовтың (1992, 2005) деректерінде аусылды қоздырушы вирусты және оның типін анықтау үшін ауруға шалдыққан малдың жарақаттанған жерлерінен жарылмаған күлдіреуіктерді қырып, немесе өлексенің ойық жарасын, аймағындағы эпителий тканімен бірге алып  ішінде   глицерин  мен  суперфосфат  ерітінділері  тең  мөлшерде бар шыны ыдысқа (сырты қабатталған темірмен қапталған) салып, оны мұзы бар термостың ішіне орналастырып (айналасы матамен нығыздалады) жолдама қағазбен бірге  материалдан  жасалған  ерітіндінің  сүзіндісі  0,2-0,3 см   мөлшерінде  тілдің сілекей қабатына бірнеше жерден және тұяқ арасының тері астына жіберіледі. Аусылдың балауы биологиялық жануарларда аусылға тән   афталардың пайда болуымен және комплемент байланыстыру реакциясының оң нәтижесімен расталынады.

Патологиялық — анатомиялық өзгерістер. Сірі, кілегейлі қабықтарда қанның қойылғаны, тіл, ұрт, өңеш, мес қарын, жүрек етінде афталардың пайда болғаны  байқалады.

Зертқаналық балау.  Патологиялық материялды афталардың құрамынан, іргесінен, өңештің, жұтқыншақтың кілегейлі қабықтарынан қырындыны алады. Вирустың индикациясы түрлі әдістермен зертханалық жағдайда жұқтырулар арқылы  іске асырылады.

Малдәрігерлік алдын ала қамту жұмыстары. Оңтүстік Қазақстан облысының территориясы көптеген жұқпалы аурулардың шоғырланған  мекені болып табылады, әсіресе аусыл, оба, құтырғы, күйдіргі. Бұған себеп таулы шөл-шөлейт аудандарында жабайы ит-құстар көп, бұл жұқпалы аурулардың таралуына көп септігін тигізеді.

Сол себепті де малдәрігерлік алдын-ала жұқпалы ауруларды егу жұмыстары дер кезінде жүргізілуі қажет.

Жас малдар күлге, аусылға, ішек құрттарына қарсы дәріленіп, барлық бас күйдіргі, күл және сарыпқа егілуі қажет. Барлық күтуші кісілердің арнаулы киімі халат, етік, т.б. болуға,  сондай-ақ олар карантин қойылған ауруға байланысты тексеруден өтіп, соған қарсы  вакциналану қажет.

Мал  шаруашылықтарында малдарды ауру-сырқаудан сақтайтын  негізгі  малдәрігерлік шаралардың және олардың өнімділігін арттыратын қоршаған ортаны сақтандыру бірден-бір жолдары:

-мал қораларында оптимальдарында микроклиматтың болуы;

-азықтардың сапалығы;

-кеміргіштерге қарсы дератизация жұмыстары

-уақтылы қорлардағы малаұтарды тазалау;

-дезенфекция жұмыстары;

-мал соятын арнайы орындар;

-вет санитарлық арнайы жою орындары;

Осы жазылған барлық малдәрігерлік, санитарлық ерекшеліктер ескеріліп, ал емдеу шаралары малдың кездесіп жүрген ауруларын жоюды шаруашылықты мал ауруларынан толық арылтуды көздейді.

 

2.1.2. Вакцина профилактика

 

Е.И.Қасымовтың (1992) деректеріне карағанда аусылға қарсы күрес шаралары түрлі мемлекеттерде 2 жүйеде жүргізілетіні жоғарыда айтылған.

Қазақстанда індет ошағын сауықтыру (емдеу, ветсан. шараларды қолдану, т.б.), қатер төнген аймақтағы малды иммундеу, барлық жұптұяқты жануарларды жыл сайын арнайы вакциналармен иммундеу жүйесімен жүргізілген.

Қазіргі кезде аусылды дауалау мақсатында Қазақстанда барлық сиыр малы “Вита-СТ” ЖСШ даярлаған аусылға қарсы “О”, “А”, “Азия-1” штамдарынан даярланған инактивтелген “Афтовакс” деп аталатын вакцинамен егіледі. Ал аусыл анықталған жағдайда індет ошағына карантин қойылып, сауықтыру шаралары жүргізіледі.

Мал шаруашылығында профилактикалық және емдеу  шараларын ұйымдастыру.

Мал шарушылығында профилактикалық  шаралар  малдың өлім-жетімін азайтумен бірге, оның өнімділігін арттыруға мүмкіндік туғызады. Мал дәрігерлік мамандардың ұйымдастырушылық қызметі жергілікті шаруа-шылықта еңбекті дұрыс ұйымдастыруға, мал шаруашылығындағы  жұмыстардың  мәдениетін арттырады. Атап айтқанда: 

  1. Малды азықтандыруда, бағып күтуде зоогигиеналық, мал-дәрігерлік ережелерді іске асыру;
  2. 2. Фермаларда мал дәрігерлік санитарлық бақылауды ұйымдастыру, мал азығының сапасы мен құнарлығын анықтап отыру;
  3. 3. Мал дәрігерлік ғылымды көпшілікке түсінікті түрде насихаттау.

Бұл көрсетілген жұмыстар мынаған негізделуге тиіс.

  1. 1. Шаруашылықтың жалпы жағдайын зерттеу, мал дәрігерлік-жағдайды жете біліп отыру;
  2. Мал дәрігерлік-санитарлық мекемелерінің жұмыс жоспарын жасау. Алдымен бұл эпизоотияға қарсы қолданылатын шараларды ауруға қарсы ұйымдастырғанда, егу жұмыстарын жүргізгенде осы территориядағы малдың түгел қамтылуына көмектеседі.

Шаруашылықтағы малды мал дәрігерлік байқаудан өткізу-малдың ауруын анықтағанда және оның шығу себептерін  зерттегенде  ең маңыздысы жалпылай клиникалық зерттеу мен диагностикалық зерттеулерді ұштастыру болып табылады. Аурудың алдын алу шараларының бірі малды диспанзаризация болып табылады.

Диспанзеризация дегеніміз — жалпы жұқпалы немесе жұқпалы емес аураларды болдырмауға бағытталған шараларды немесе індетті дер кезінде анықтап, емдеу, алдын алу шараларын іске асыру.

Сонымен диспанзеризация мына төмендегі шараларды қамтиды.

  1. Ауруды бастапқы кезінде анықтап, емдеуді қажет ететін малды бөлектеп отыру;
  2. Арнайы есеп жүргізе отырып, бөлек есепке алынған малға үнемі бақылау жасау;
  3. Емдеу, аурудың алдын алу шараларын уақтылы жүргізу;
  4. Шаруашылықтағы малдың күтіміндегі кемшіліктерді жою шараларын ұйымдастыру. Жылына міндетті түрде екі рет өткізу қажет. 1. Көктемде, жазғы жайылымға шығар  алдында. 2. Күзде, малды қыстату алдында.

 

2.1.3. Сауықтыру шаралар

 

Е.И.Қасымовтың лекциялық материалдарындағы (2006) деректерге қарағанда індет ошағында аусылға шалдыққан малдарды басқа инфекциялық аурулардағыдай оқшауламау қажет. Себебі аусылдың өте тез таралуына байланысты бұндай шаралар тиісті нәтиже бермейді. Сондықтан мал фермаларында ауру анықталған жағдайда ауруын сауларынан ажыратпай кешенді (симптоматикалық,  антибиотиктер,  арнайы  мазьдар,  т.б.)  емдеу жұмыстары жүргізілуі қажет.

В.П.Урбан (1987) практикумында аусылдың індет ошағындағы шаралар, емі жан-жақты көрсетілген. Ауырған мал таза, құрғақ қораға оқшауланып, жұмсақ көгалды шөп, таза сумен қамтамасыз етілуі тиіс. Аусылдың қоздырушы вирусы ішкі органдар қызметіне зардабын тигізуіне байланысты, емді ауырған малдың жүрек қызметін реттейтін дәрі беруден бастаған жөн. Әсіресе малдың әлі кеткенде, түрлі қоспа жасап беріледі. Мысалы:

 

Rр.: Валериан тұнбасы — 15,0

       Ландыш тұнбасы — 15,0

       Бромды калий — 6,0

       Дистилятталған су — 400,0

       М.f. Сиырға бір рет беруге.

Сонымер қатар көк сүтке қант қосып беруге болады.

Ауыз қуысындағы жараларды пермонганатты калий (1:1000), фурацилин (1:500) ерітінділерімен жуып — шаяды.

Тұяқ көбесіндегі жараларды тотияйынның 1%-ды, хлораминнің 2%-ды, калий перманганатының 0,1%-ды ерітінділерінің бірімен шайып, спиртте дайындалған иод пен глицериннен(1:4) тұратын немесе деготь пен балық майынан жасалынған, т.б. қоспаларды қолдануға болады. Мысалы:          

 

Rр.: флавакридин гидрохлориді 1,0

        новакайн                               4,0%

        вазелин                                  100,0

                Сыртқы жараға жағуға                

Rр.: Новакайн                                2,5

       Анастезин                               2,5  

       Мыс сульфаты                        5,0

       Балық майы                             20,0

       Сыртқы жараға жағуға

 

 Желінсау болған сиырларға новакайн блокадасын Башкиров бойынша жасап, пеницилин, стрептомицин, цинк майларын жағуға болады. Гелиомицин майы новакайнмен жақсы нәтиже береді деген деректер бар.

Ауырған малдың қан тамырына глюкоза ерітіндісін, кофейн немесе гексаметилентетрамин (уротропинмен) жібереді. Сонымен қатар арнайы иммунды глобулин, аусылдан жазылған малдың қан сарысуы немесе сүті қолданылады.

Ауырған  малдарға  тыныштық  жағдай  жасап,  ауасы  таза  қора –жайға  ұстайды.Ауырған  иалдарға   углеводты   азық  беріліп,   өте  жоғары   сапалы   10-15%-да  сүрлем  беріледі  деп  жазады  Т.  Исачаев.  Ару  малдарға   еркін   ішкенінше  су  беру   қажет.   Қан  тамырының  соғуы  жиілегенде     тері  астына     кофейн,  көк  қан  тамырына    глюкоза   салынады.

И.  В.    Блажевич  және   А. А.  Скоморохов   50-100мл   люголов  ертіндісін   салуды   ұсынады.   Қатерлі   ірі  қара   малдардың   ауруы   кезінде     А.  К.   Ляпустин,  В.  Ф.   Павлов      күніне  екі  — үш  рет  мына   төмендегі   қоспаны  ұсынады.       

          Валериан    тұнбасы—15мл.

   Горицвет  тұнбасы— 15мл.

   Бромид   тұзы             6,5мл

   Қайнатылған   су ——250мл.

   Аусыл   ауруымен  жеңіл  түрінде   М.  В. Плахотин,  С.  Т.  Щитов  1966тұяқ    арасын    1%-тготыйайын  ертіндісімен,   болмаса  2%-хлорамин  ертіндісіиен,  тұмсық   қызыл  ерін  орындарын  10-20% -ды  формалин  ертіндісімен   қара  маймен-дегать,  балық  майымен  майлаймыз.    

Жүрек  соғысы  100-ден  асқан  жағдайда  горицвет  тұнбасын  беруден  шығарып  тасталады  деп келтіреді   ал  егер  40   рет  соғудан  жоғары  болса   онда  бромид  тұзын  алып  тастайды.

       Төлдерді аурудың белгілері байқалмай тұрып, яғни жасырын кезеңіңде емдеген нәтижелі болады. Сондықтан аусылдың індет ошағындағы барлық жас төл арнаулы препараттар: иммунды глобулин}, иммундалған, асылдан жазылған малдың қан сарысуымен егіледі. Егілген төлдерде бірден енжар иммунитет пайда болады. Мал шаруашылықтарында аусыл індет түрінде байқалса облыстық малдәрігерлік лабораториясында немесе аудандық малдәрігерлік станциясында арнайы препараттар дайындауды ұйымдас-тырған жөн (Е.И.Қасымов, 2006).

2.1.2. Әдебиетке шолуды  қорытындылау

 

Жоғарыдағы деректерге қарағанда малдың аса қауіпті жұқпалы ауруларының бірі — аусыл қазіргі кезде дүние жүзіндегі барлық мемлекеттерде кездеседі. Аусылдың тұрақты індет ошағы оңтүстік-шығыс Азия, Африка, Оңтүстік Америка мемлекеттерівде ғана емес, Еуропа елдерінде, ТМД мемлекеттерінде де таралған. Еуропалық мемлекеттерде күрес шаралары кардинальді түрде, ал ТМД мемлекеттерінде вакцинаны кең қолдану арқылы орындалады.

Аусыл вирусы жол немесе әуе көлігімен тасымалданған азық-түлік, сырт өңірден қатынасқан адамдар (егер сол мекендер аусылдан ада болмаса), жыл құстары, жабайы жануарлар, аңдар және аусылға төзімді үй жануарлары мен құстары (жылқы, ит, мысық, тауық, үйрек, қаз) арқылы таралатыны, сонымен қатар кеміргіштер аусыл ауруына бірден-бір сезімтал жануарлар екені, олар арқылы вирус өте тез тарайтыны айтылған.

Аусылға тән клиникалық белгілер жұп тұяқтылардың ішінде, әсіресе сиырда айқын байқалады. Бұзау, тайыншаларда аусыл өте зілді түрде өтеді. Ал қой, ешкі, шошқада аусыл жеңіл түрде өтеді.

ТМД мемлекеттері мен Қазақстанда аусылға қарсы күрес шаралары ішіндегі аса маңыздысы бейім малдарды алдын ала поливалентті вакциналармен иммундеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР

3.1. Материалдар, қолданылған әдістемелер

Өзіндік зерттеудің материалы ретінде Қазақстанның 8 облысы мен 2 қаласында аусылдан соңғы 10 жылдағы ветеринариялық есептері (форма вет. 1) “Вита-СТ” ЖСШ өндірген аусылға қарсы “Афтовакс” (“О”, “А”, “Азия-1”) штамдарынан даярланған инактивтелген вакцинамен иммундеу, ревакци-налау және егілген малдардың иммундық статустарын анықтау мақсатындағы серологиялық мониторинг нәтижелері алынды.

Сонымен қатар Оңтүстік  Қазахста облысы, Отырар ауданы   аумақтық басқармасында  жүргізілген індеттанулық зерттеу, ауруға қарсы вакцина қолдану нәтижелері алынды.   Жеке мал өсіретін адамдардың 800 ересек сиыры, оның 220-сы құнажындар, 300 18 айға дейінгі тайыншалар, 8 бұқа аусылға, қарсы “Вита-СТ” ЖСШ өндірген аусылға қарсы “Афтовакс” (“О”, “А”, “Азия-1”) штамдарынан даярланған инактивтелген вакцинамен ревакцинацияланды.

Аусылға қарсы жоғарыда аталған 3 валентті вакцина бекітілген қолданылу нұсқауына сәйкес, өзіндік зерттеуде көрсетілген әдістемелер бойынша жүргізілді.

Қазақстан облыстарында аусылдың індеттік жағдайын анықтау үшін республикалық ветеринариялық есептер қолданылды. Аусылға індеттанулық мониторинг жүргізгенде Е.И.Қасымовтың (2000) сау емес пунктегі індеттанулық зерттеу әдістемесі басшылыққа алынды.

“Вита-СТ” ЖСШ ұсынған аусылға қарсы “Афтовакс” (“О”, “А”, “Азия-1”) штамдарынан даярланған инактивтелген вакцинаның сериясы 129, бақылау нөмірі 69, жарамдылығы 2 жыл, шығарылған уақыты 05.08.2005,       Степногорск  қаласында шығарылды.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2. 3ерттеу  нәтижелері

3.2.1. Аусылдың  Оңтүстік Қазақстан облысындағы, оның ішінде

Отырар  ауданындағы  аумақтық  басқармасындағы  індеттік жағдайы.

 

 Е.И.Касымовтың  дәріс материалдарындағы сілтемелерінде соңғы 10 жылда аусыл Қазақстанның көптеген облыстарында, онын ішінде Оңтүстік аймақтарда кең таралған (Кесте 1).

 

 

Кесте 1. Қазақстан облыстарында аусылдың байқалуы

 

Тіркелген жылдар

Облыс аттары

Ауырған

мал саны

Өлген

мал саны

Жойылған мал саны

1996

Оңтүстік Қазақстан

38

3

35

 

1998

Алматы

45

 

45

Жамбыл

55

 

55

Қызылорда

87

 

87

Оңтүстік Қазақстан

13

 

13

1999

Қызылорда

4

4

 

 

 

2000

Шығыс Қазақстан

143

7

136

Жамбыл

11

 

11

Қызылорда

6

 

6

Оңтүстік Қазақстан

2

 

2

Қарағанды

119

6

113

 

2001

Қарағанды

164

3

161

Ақмола

45

 

45

 

1996 жылы індет Қызылорда облысымен шектесетін Оңтүстік Қазақстан облысында байқалып, 38 сиыр ауырып, оның 3-і өлімге шалдыққан. Бұл жылы облыс бойынша 35 сиыр малы аусылдың себебінен жойылған.

Бір жыл аралатып, яғни 1998 жылы аусыл тек қана Оңтүстік Қазақстан облысында ғана емес, онымен шекаралас Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстарында індет түрінде таралған. Нәтижесінде Алматы облысында — 45, Жамбыл облысында — 55, Қызылорда облысында — 87, оның ішінде “Қара төбе” ауылдық округінде 32 бас сиыр малы арнайы жойылған.

1999 жылы індеттің тұрақты  ошағы  Қызылорда  облысында сақталып, 4 сиыр ауырып, барлығы өлімге шалдыққан.

2000 жылы аусыл індет түрінде Қазақстанның 5 облысында (Оңтүстік  Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан)  анық-талған.  Оларда  барлығы  268 сиыр арнайы жойылған.

2001 жылы  аусылдың өрбуінің  басылғаны  байқалады.  Онда аусыл тек қана Орталық Қазақстан аймағында ғана бой көрсеткен.

1-Кестедегі деректерге талдау жүргізсек, аусыл алғаш рет 1-анықталғанда көптеген малдар өлімге шалдыкқан. Ал қайталанып байқалғанда, індет жеңіл түрде өткен. Өлімге шалдыққан мал саны күрт азайған.

Шымкент  қаласынан 98 км қашықтықта орналасқан Отырар  аудандық   басқарма территориясы Ордабасы ауданымен, Қызылорда  облыстарымен,  ауылдарымен және Бәйдібек   ауданымен шектеседі. 2006 жылы 1 қаңтардағы деректер бойынша ауылдық округте 18000 сиыр малы, 20000 қой-ешкі тіркелген. Отырар  аудандық   ауылдық округі бойынша 40-қа жуық жеке шаруа қожалықтары бар. Ауылдың өзінде 4 табын сиыр өріске   шығады. 2004 жылы ауылдық округте Індет байқалып, 10-ға жуық сиыр малы өлімге шалдықты.

2000-2007 .жылдары аусылға қарсы 2 валентті “А”, “О” штамдарынан даярланған вакциналар сиыр малында қолданылса, 2004 жылдан бастап бүгінге дейін 3 валентті “Вита-СТ” ЖСШ ұсынған аусылға қарсы “Афтовакс” (“О”, “А”, “Азия-1”) штамдарынан даярланған инактивтелген вакцина тиімді қолданылып отыр. Нәтижесінде соңғы 2000-2007 жылдары аталған округте аусылмен ауырған мал тіркелмеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2.2. Аусылға қарсы иммундеу нәтижелері

 

2005 жылы аталған Қазақстан облыстары бойынша “Афтовакс” (“О”, “А”, “Азия-1”) штамдарынан даярланған инактивтелген вакцинамен 3336,70 сиыр малы иммунделіп, 2984,90 сиыр малы ревакцинацияланған. Мұнымен бірге 10552,6 қой-ешкі вакцинацияланған (Кесте 2). Кестеде көрсетілгендей, оның ішінде Қызылорда облысы бойынша 206000 мал вакцинацияланып, олардың 185000-ы ревакцинацияланған.

 

 

Кесте 2. Аусылға қарсы ауылшаруашылық малының

2006 жылы егілу көрсеткіштері

 

 

 

 

Облыс аттары

Сиыр

 

Ұсақ мал

Вакцинация

Ревакцинация

1

Алматы

762,45

762,45

1977,90

2

Шығыс Қазақстан

786,50

597,10

1815,70

3

Жамбыл

324,70

321,10

2336,20

4

Қарағанды

472,00

200,00

476,70

5

Қызылорда

206,00

185,00

638,00

6

Павлодар

128,80

320,00

140,10

7

Оңтүстік Қазақстан

650,70

593,70

3167,00

8

Астана қаласы

1,00

1,00

 

9

Алматы қаласы

4,55

4,55

1,00

 

Барлығы:

3336,70

2984,90

10552,6

 

Отырар   аудандық  басқармасында сиырдың аусылына қарсы “Афтовакс” (“О”, “А”, “Азия-1” штамдарынан даярланған) вакцинасы түрлі мал топтарына 2006 жылы қыркүйек айында қолданылды. Вакцинаның сериясы 129, бақылау нөмірі 69, жарамдылығы 2 жыл, шығарылған уақыты 05.08.2005. Вакцина Францияның Лион қаласында орналасқан “Мериал” фирмасында шығарылып, “Вита-СТ” ЖШС-мен таратылған. Вакцинацияға лицензиат-малдәрігері Т.Байтасов  және “Отырар  ауданы” аумақтық  басқармасындағы мал дәрігері қызметін атқарған кезімде қатыстым. 2006 жылдың 10-15 қыркүйек айында жүргізілген аусылға қарсы арнайы шараларға акті толтырылып, егілген малдың тізімі, паспорттық нөмірі, мал иелерінің аты-жөні жайында арнайы тізім жасалынды. Вакциналауға толтырылған акті дипломдық жұмыстың қосымшасында көрсетілген.

Вакцинаны қолдану төмендегідей тәсілмен іске асырылды. Ол  мойынның үштен бір бөлігіндегі жүні қайшымен крест түрінде қырқылып, арнайы шприцпен 3 см3 көлемінде тері астына егілді. Егілген жер алдын ала гидролиз спиртпен (70%) сүртілділді. Қалған ампуладағы сұйық вакциналар қалдығы ампуламен бірге қалдығы арнайы жайларда өртелініп, Бекер шұқырына тасталынды. Егілген мал саны жастарына байланысты төмен-дегідей топтарда болды (Кесте 3).

Бұдан бұрынғы жылдары (2002-2004) “Отырар   аумақтық  басқармасы сиыр малы “А”, “О” штамынан даярланған өлтірілген 2 валентті вакцинамен егілген болатын. Ол кезде малдәрігерлерінің айтуларына қарағанда, вакциналық реакциялар түрлі мал топтарында байқалмаған.

Сиырдың аусылына қарсы “Афтовакс” (“О”, “А”, “Азия-1” штам-дарынан даярланған) 3 валентті инактивтелген вакцинаны қолданғаннан кейін ересек малдар арасынан вакцинаның әсерінен төмендегідей реакциялар байқалды: малдың аузынан сілекей ағу, кейбіреуінің дене температурасының қалыпты жағдайдан көтерілуі байқалған.

 

 

Кесте 3. “Отырар  аудандық  аумақтық  басқармасындағы  аусылға

          егілген және реакция берген мал саны

 

 

Қ/с

 

Мал топтары

 

Саны

1 күннен кейінгі реакция берген мал саны

2 күннен

кейінгі реакция берген мал

саны

 

Барлығы

1

Ересек сиырлар

800

32

6

38

2

Құнажындар

220

6

2

8

3

18 айға дейінгі тайыншалар

 

300

 

 

 

4

Бұқа

8

 

Кестеде көрсетілгендей малдың  аузынан сілекей ағу, кейбіреуінің дене температурасының қалыпты жағдайдан көтерілуі сияқты вакциналық реакциялар негізінен ересек сиыр тобында анықталып, жас малдар арасында байқалмады. Аталған вакциналық реакциялар препаратты қолданғаннан кейін негізінен 1-2 күндері анықталды. 3-4 күннен кейін вакциналық реакциялар толық жоғалып өлімге шалдыққан мал болмады. Мал иелерінің айтуына қарағанда сауын сиырларда вакцинаның әсерінен сүттің азайуы байқалмады.

Індеттанулық зерттеу нәтижелеріне талдау жүргізсек, сиырдың аусылына қарсы “Афтовакс” (“О”, “А”, “Азия-1” штамдарынан даярланған) 3 валентті инактивтелген вакцинаны қолданғаннан кейін ересек мал арасында аусылға ұқсас клиникалық белгілер (сілекей ағу, температураның көтерілуі) байқалатыны белгілі болды. Бұндай реакциялар егілген жас тайыншалар арасында байқалған жоқ. Барлық жағдайда класссикалық аусыл ауруына тән ауыз қуысында, тұяқ арасында болатын афталар (жарақаттар) түзілмеді.

Сонымен Қазақстанда аусылға қарсы сиыр малы  “Афтовакс” (“О”, “А”, “Азия-1” штамдарынан даярланған) 3 валентті инактивтелген вакцинамен жылына 2 рет аусылға қарсы вакцинацияланған жағдайда аусылды түрлі мал топтарында тиімді тиімді пайдалануға болаыны анықталды. Вакцинаның теріс бір жағы ересек сиырларда вакцина егілгеннен кейін түрлі реакциялар байқалғаны анықталды. Сондықган аусылдың індет ошағы анықталған жағдайда аталған вакцинаны абайлап қолдану қажет. Себебі індеттің жасырын түрін өршітіп, малды өлімге шалдықтыруы ықтимал.

Вакциналанған малдар белгілі бір уақыт өткеннен кейін серологиялық әдістермен зерттеліп отырулары тиіс. Вакцинацияланған малдардың иммундық статусын анықтау кейінгі жылдардағы вакцинациялау шаралары-нан болжауға болатыны анықталды.

Статистикалық деректерге қарағанда 2004-2006 жылдары республика бойынша аталған жылдарға сәйкес 321563 — сиыр малы, 26315 — қой-ешкі, 8900 — сиыр малы мен 57980 қой-ешкі серологиялық зерттелген (кесте 4). Мұндағы мақсат етілген малдардың    қан    сарысуында    вирусқа    қарсы    антиденелердің деңгейлері анықталған.

 

Кесте 4. 2004-2005 жылдары жүргізілген серологиялық              мониторинг нәтижелері.

 

 

Қ/с

 

Облыс аттары

Вакциналық антиденелерге серологиялық зерттелген мал саны

2004 жыл

2005 жыл

Сиыр

Қой-ешкі

Сиыр

Қой-ешкі

1

Ақмола

5,475

3,000

 

5,519

2

Алматы

61,090

 

22,8

20,44

3

Шығыс Қазақстан

57,025

6,050

12,2

2,47

4

Жамбыл

27,625

1,000

16,13

 

5

Батыс Қазақстан

 

 

 

 

6

Қарағанды

33,225

3,000

14,1

15,3

7

Қызылорда

22,305

 

9,5

 

8

Павлодар

16,100

 

12,0

 

9

Оңтүстік Қазақстан

64,413

3,200

13,0

24,7

10

Астана қаласы

 

 

0,07

 

11

Алматы қаласы

 

 

0,2

 

 

Барлығы:

287,258

16,250

100,0

68,699

 

Жоғарыдағы аталған мал аусылына қарсы арнайы шараларды жүргізуге мемлекет тарапынан қаржы толық бөлінген.

      Жоғарыдағы статистикалық деректерге қарағанда (кесте 1-4) аусыл ауруы 1996-2001 жылдары Қазақстанның оңтүстік, шығыс, орталық аймақтарында індет түрінде байқалып, көптеген экономикалық шығындарға шалдырған. Індет алғаш рет анықталғанда, аусыл зілді өтіп, ал қайталанып байқалған жылдары зілсіз өткен. Яғни аусылдың себебінен өлімге шалдыққан малдар саны азайған..

11-наурыз 2003 жылы ҚР ауылшаруашылық министрлігінің арнайы №121 бұйрығына сәйкес “Аусылды дауалау, одан арылу” жоспары кешенді түрде кұрылған. Нәтижесінде аусыл анықталған барлық облыстарда сиыр малымен бірге қой-ешкі арнайы вакциналармен иммунделген. Нәтижесінде соңғы жылдары Қазақстан территориясы бойынша аусыл ауруы ресми статистикалық деректер бойынша анықталмаған.

                        Жұқпалы  аусыл  ауруымен ауырған   малдың  етін,      өнімдерін   малдәрігерлік    санитарлық сараптау  жолдары. 

Аусыл  ауруымен  ауырмаған  малдарды,   дене  қызуы  қалпында  олса,   бірақ   ауырған  малдардың  ортасында    болған  жағдайда   олардың  өнімдеріншек қоймай,  кедергісіз  босата  береді.   Басы  мен  аяқтары    қайнатылып  не  жиітіледі.

Мал  дәрігерлік  сараптамада   аусыл  ауруына     күмән  келтірген   жағдайда   егер    патанатомиялық   өзгерістер  болмаса,  бұл  жағдайда    жеке  жауапкершіліктен   ажыратып,  ұшаны  және  басқа  мал  өнімдерін    малдәрігерлік  заңдарға,  талаптарға  сай   жүргізеді.

Ауырұан  малдардың  дене  қызуы  жэоғары  болса,  сойылған  малдардың   ұша   субпродуктыларын    қайнатып   болмаса  шұжық  етіп  қақтауға  жібереді, ал   мұндай  жағдайға  қол  жеткізіе  алмайтындай  жағдайда,   онда  бар  субпродукт  ережеге  сәйкес   қайнатылады.

Егер  аусыл  ауруына  күмән   туғызған  жағдайда   дене  қызуы  қалпында  болса,   олардың  ұшалары  суығаннан  кейін   48-сағ.   көлемінде  темперкатурасы    0С0-6С0 –қа    жеткенде,   немесе    36-сағ.  көлемінде   температурасы  6С0    болғанда  ұшалар  босатылады.Талапқа  сай  термиялық  өңдеу  дәрежесіне  жағдай  болғанда барлық  ұша  мал дәрігерлік  қадағалауда  болып,  ұша  калбаса,  консерві  жасап  өңдеуге  жіберіледі.  Ауруға  күдікті    малдардың ішек  қарындар   өңеш,  несеп мүшелері қуыстары  малдәрігерлік  сараптамадан  кейін,   оңаша  технологиялық  өңдеуден  өткізіп  ұайнатылып  калбаса, консербі  жаксауға  жіберіледі.   Ауру малдардың   суппродуктылары  тек  шаруашылық жағдайында  ғана  пайдаланады.  Жоғарыда  айтылған  малдардың  терілері   зарарсыздандыруға  бағытталып,  тері  шикі заты  нұсқауға  байланысты  (1%-формалин)ертіндісімен  15-мин.  Қайнаған су  құйып  жиітіледі.  Ауру  қатерлі  жағдайда     өтетін болса  желіні,  тұяқтары  ірің  басып   ауырған  жағдайда   малдәрігерлік   сараптамадан  өткізіп,  оларды  бактериологиялық  зертқанаға  тексеруге  жіберіп  жояды.  Аусыл  малдармен  ауырған  малдарды     ет  комбинатына  апаруға  тиым  салынады.  Тасымалданған  малдың  ішінде  аусылға  күмән  тудырған  жағдайда  барлық  мал   аусыл  ауруы  бар  деп,  бәрін  ет  комбинатына  тапсырады.  Ет   комбинаттағы  малдардың  арасынан  шыққан  жағдайда   барлық  малға  ауру деген  күмән  келтіріп,     барлық  малды  сойып,  15-пунктегі  талаптарға  сай  малдәрігерлік  сақтандыру   ет және мал  өнімдерін  малдәрігерлік  сканитарлық   сараптама   талаптарына  сай    жұмыс  жасау  қажет. Сол  сбептіде  мал  өнімдерін  өңдеу   мекемелерінде  ауруға  қарсы   барлық  алдын алу  жұмыстарын  жүргізеді.   Аусыл  ауруына  күмән  келтіретін   барлық  малдардың  ішкі  ағзаларын   бірақ  патанатомиялық   өзгерістері  жоқ,  басқа   ағзаларынан   бөлек  4-сағ.   бойы  сірке  қышқылымен   ас   тұзының   0,08%-ды   ертіндіде  ұстап,    шұжық,  пісірілген  қақталынатын  шұжыққа    жіберіледі,   ал  іш  ағзасында   паталого-анатомиялық   өзгерістері  барын   жоямыз  тұяғын,    мүйіздерін  1%-формальдегид  ертіндісімен   жоямыз.

Диференциалдап    ауруды  анықтау.

Аусыл  ауруы  патологиялық- анатомиялық  картиналарына  қарай  ірі  қара  малдың  чума  сияқтьы  ауруға,   күлге,  ауыз   кілегей  қабығының  ауруына,    ауыз  уылуына,  күйікке  және  катаральді  қатерлі, қауіпті  қызба  ірі  қара  мал  ауруына   ұқсайды.

Бұлардан  аусыл  ауруының   өзгешіліктері   чума    ауруында  ішек   қанталап   жайылып   жара  басады,   ал  тұяқтары  бірөзгешілігі   жараланбайды,   ал   аусыл   ауруында   бұл  жағдай  керісінше  болады   Күл  ауруында    желіндері    емшектері,кей   кездері    сыртқы  жоғарғы  еріннің  үстін    түрлі  жаралар   басады,  адл    тұяқ  арасы сау  болады.    Катаральді     ірі  қара  малдың  қызба  аураларында    жалқық-іріңді    және  крупозды   еріннің   өлі  еттері  сыртқы  қабықтары,    тіс  қызыл  еттері    көмекей,  жұтқыншақ,   кілегей  қабықтары   және  аяқтарында  эррозия  пайда  болады.                               

Ыстық  ауамен,    қышқылдармен    сілтімен  күйгенде  ақ-қоңыр  өлі   ұлпалар   және    кілегей қабықтың  көшуі     байқалады.       

 

3.3. Зерттеудің экономикалық тиімділігі

 

Аусылға қарсы қолданылатын күрес шараларының экономикалық шығыны алыс, жақын шетелдерде бұрыннан бері зерттеліп келеді. Оның тиімділігі әр мемлекетте қолданылатын күрес шаралар жүйесі әдебиетке шолудағы ғылыми деректерде жан-жақты көрсетілген. Қазақстанда бұл індет 1996 жылы Оңтүстік Қазақстанда, 1998 жылы Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарыңда, 1999 жылы Қызылорда облысында, 2000 жылы Қазақстанның Оңтүстік, Шығыс, Орталық аймақтарында, 2001 жылы Қарағанды, Ақмола облыстарында орын алған.

Күрес шаралар жүйесі мемлекеттің экономикасына, басқа да нозогеографиялық жағдайларға байланысты құрылған. Дамыған еуропалық мемлекеттерде, Америка Құрама штатында, Жапонияда аусылға қарсы күрес шаралары кардинальды түрде жүргізіліп, бұл індеттен келген шығын сақтандыру мекемелері арқылы өтеледі.

Қазақстанда індетке қарсы шараларға мемлекеттен тиісті қаражат тегін бөлінген. Күрес шаралары:

—  мемлекет территориясын аусылдан қорғаудан;

—  серологиялық мониторинг жүргізуден;

—  арнайы вакциналарды қолданудан;

— мамандарды оқытып, білімдерін жетілдіруден және аусылға қарсы заңдылық базаларын жаңартудан тұрады.

Бұл мәселелер бойынша мемлекет тарапынан 2004-2007 жылға дейін қаражат бөлінген. Шаруашылықта қолданылған вакцинаның бағасы белгісіз болғандықтан экономикалық шығынды есептеу мүмкін емес. Әйтсе де, аусыл анықталған жағдайда індет ошағын сауықтыруға кететін шығынды есептеуге болады. Мысалы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар  ауданы  ауылдық округінде 30 сиыр ауырған. Карантин ауру басталған күннен 30 күн

өткеннен кейін алынған.  Індет кезінде індет ошағындағы күнделікті сүт өнімі орташа 12 л  болды. Ал індеттің алдында бұл көрсеткіш 7 л болған. 1 л сүттің базар бағасы 100 тг болса, онда сүт өнімінің төмендеуінен болған шығынды (Ш) төмендегідей есептеуге болады.                    

 

Ш = Мя х (Ас-Аі)  х  Км  х  Сб .

30 х (12-5) х 30 х 40 = 252 000 тг

 

Ш — шаруашылыққа аусылдың себебінен сүттің азаюынан  туындалған шығын мөлшері;

М — шаруашылықтағы аусылмен ауырып, жазылған сиыр саны;

Ас — шаруашылықта аусылдың індет ошағы анықталмай тұрған кездегі сүт өнімі (1 сауын сиырға шаққандағы);

Аі — шаруашылықта аусылдың індет ошағы кезіндегі сүт өнімі (1 сауын сиырға шаққандағы);

Км — карантин мерзімі;

Сб — сүттің базардағы нарықтық бағасы.

2004, 2005, 2006, 2007 жылдары Қазақстандағы барлық мал аусылға қарсы жылына екі рет вакцинацияланды. Сонымен қатар қойға да вакцина кең түрде қолданыла бастады. Нәтижесінде соңғы 2 жылда Қазақстан территориясы аймағында, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының аудандарында бұл індет байқалған жоқ.

Қазіргі кезде Қазақстанда ауылшаруашылық жануарлары арасында аусылға қарсы күрес шаралары соңғы ғылыми жетістіктер, практикалық озық тәжірибелер және дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық індет бюросының талаптарына сәйкес орындалады.

Елімізде   малдәрігерлік   қызметке  керекті  барлық  қаржыны   үкімет  бөліп  отырады.  Сөйтіп   малдәрігерлік   жұмыстарға  бөлінетін   қкаржы   мынадай     саладан  құралады;

-бюджеттік   қаржы;

-малдірігерлік  мекемелерде    құралатын  арнайы   қаржы;     

-әр  түрлі  шаруашылықтар,   ұйымдар  мен  мекемелердің  қаржылары.

-мемлекеттің  есебінен   мынадай   жқмыстарға  қосымша  қаржы        

бөлінеді;

Мал  шаруашылығында  кездесіп  отыратын   жұқпалы  ауруларға  және 

де басқа   зиянкестерге   қарсы   күрес

-Хирургиялық   операциялар  жасау  үшін    немесе   малдың   өміріне  

қауіп    төнгенде    көрсетілетін  шұғыл   дәрілік   көмек,   емханалар  

мен   стационардағы   емдеу   жұмыстары.

-Малдәрігерлік   мекемелерде  керекті    құрлыстаорды   салу,   оларды  

жөндеу,         қажетті  техника   мен  құрал  жабдықтардыалу.

Бұл  қаржылар  қайда     жұмсалады ?

    Малды   алдын-ала   әр   түрлі  жұқпалы  аурулардан   сақтандыру 

үшін    егу  немесе    ауру  шығып,   жатқан кездегі   емдеу 

жұмыстарына     дезенфекция,   карантин,   тағы   сол  сияқты    ауру 

ошағын   жоюдағы  жүргізілетін     қыруар   жұмыстарға    

жұмсалынады.      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ҚОРЫТЫНДЫ

 

Әдебиетке шолуға қарағанда аусыл тез тарайтын, өте жұқпалы індет ретінде, құстың тұмауы сияқты қазіргі кезде дүние жүзіндегі барлық мемлекеттерінде кездесуі ықтимал. Бүгінгі күні Біріккен ұлттар ұйымының халықаралық індет бюросының мәліметтеріне қарағанда аусылдың тұрақты індет ошағы оңтүстік-шығыс Азия, Африка, Оңтүстік Америка, ТМД мемлекеттерінде сақталған. Сондықтан оларда күрес шаралары Еуропа мемлекеттеріндегідей — кардинальді түрде емес, вакцинаны кең қолдану арқылы орындалатыны белгілі болды.

Ғылыми және мемлекеттің статистикалық деректеріне қарағанда Қазақстанда соңғы жылдары аусыл сиыр малы арасында індет түрінде байқалып, мал шаруашылығын көптеген экономикалық шығындарға шалдықтырған, ал соңғы жылдары Қазақстанда аусыл ауруы таралуы тоқталып  Россия тарапынан қауіп төнуде.

Аусылды қоздырушы вирус жол немесе әуе көлігімен тасымалданған азық-түлік, сырт өңірден қатынасқан адамдар (егер сол мекендер аусылдан ада болмаса), жыл құстары, жабайы жануарлар, аңдар және аусылға төзімді үй жануарлары мен құстары (жылқы, ит, мысық, тауық, үйрек, қаз) арқылы таралатыны, сонымен қатар кеміргіштер аусыл ауруына бірден-бір сезімтал жануарлар екені, олар арқылы вирус өте тез тарайтыны байқалады.

Аусылға тән клиникалық белгілер жұп тұяқтылардың ішінде, әсіресе сиырда айқын байқалады. Бұзау, тайыншаларда аусыл өте зілді түрде өтеді.

 ТМД мемлекеттері мен Қазақстанда  аусылға қарсы күрес шаралары  ішіндегі аса маңыздысы бейім малдарды алдын ала поливалентті вакцина-лармен иммундеу, өзіндік зерттеудің материалы ретінде Қазақстанның 8 облысы мен  қаласында, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аусылдан соңғы жылдардағы ветеринариялық есептері (форма вет. 1), аусылға қарсы “Афтовакс” (“О”, “А”, “Азия-1”) штамдарынан даярланған инактивтелген вакцинамен иммундеу, ревакциналау және егілген     малдардың иммундық статустарын анықтау мақсатындағы серологиялық     мониторинг  нәтижелері  және “Отырар  ауданы” ауылдық округінде сиырдың аусылына қарсы “Афтовакс” (“О”, “А”, “Азия-1” штамдарынан даярланған) вакцинасы түрлі мал топтарына 2006 жылы қыркүйек айында қолданылды. Вакцина Францияның Лион қаласында орналаскдн “Мериал” фирмасында шығарылып, “Вита-СТ” ЖШС-мен таратылған. Вакцинацияға лицензиат-малдәрігері Байтасов Т және “Қара төбе” ауылдық округінде мал дәрігері қызметін атқарған кезімде қатыстым. 2006 жылдың 10-15 қыркүйек айында жүргізілген аусылға қарсы арнайы шараларға акті толтырылып, егілген малдың тізімі, паспорттық нөмірі, мал иелерінің аты-жөні жайында арнайы тізім жасалынды.

Вакцинаны қолдану төмендегідей тәсілмен іске асырылды. Ол үшін мойынның үштен бір бөлігіндегі терісі қайшымен крест түрінде қырқылып, арнайы шприцпен 3 см3 көлемінде тері астына егілді. Егілген жер алдын ала гидролиз спиртпен (70%) өңделді. Қалған ампуладағы сұйық вакциналар калдығы ампуламен бірге өртелініп, утильденді.

Бұдан бұрынғы жылдары (2002-2006) “Қара төбе” ауылдық округінде сиыр малы “А”, “О” штамынан даярланған өлтірілген 2 валентті вакцинамен егілген болатын. Ол кезде малдәрігерлерінің айтуларына қарағанда, вакциналық реакциялар түрлі мал топтарында байқалмаған.

Сиырдың аусылына қарсы “Афтовакс” (“О”, “А”, “Азия-1” штамда-рынан даярланған) 3 валентті инактивтелген вакцинаны қолданғаннан кейін ересек малдар арасынан вакцинаның әсерінен төмендегідей реакциялар байқалды: малдың аузынан сілекей ағу, кейбіреуінің дене температурасының қалыпты жағдайдан көтерілуі.

Өзіндік зерттеуге талдау жүргізсек, аусыл алғаш рет анықталғанда көптеген малдар өлімге шалдыққан. Ал қайталанып байқалғанда, індет жеңіл түрде өткен. Өлімге шалдыққан мал саны күрт азайған.

2006 жылы аталған 3 валентті вакцинамен 8 облыс пен 2 қала бойынша барлығы 3285,8 сиыр иммунделіп, 2535,9 сиыр малы қайталанып вакцина-цияланған. Сонымен қатар 8890,5 ұсақ мал иммунделген.

Өткен 2004-2006 жылдары республика бойынша аталған жылдарға сәйкес 287258 — сиыр малы, 16250 — қой-ешкі, 1000 — сиыр малы мен 68699 қой-ешкі серологиялық зерттеліп, егілген малдардың қан сарысуында вирусқа қарсы антиденелердің деңгейлері анықталған. Вакцинацияланған малдардың иммундық статусын анықтау кейінгі жылдардағы вакцинациялау шараларын болжауға қажетті.

Жоғарыдағы аталған мал аусылына қарсы арнайы шараларды жүргізуге мемлекет тарапынан қаржы толық бөлінген.

Жалпы дипломдық жұмыстағы деректерді қортындыласақ аусыл ауруы 1996-2004 жылдары Қазақстанның оңтүстік аймақтарында, әсіресе Оңтүстік Қазақстан облысында, оның ішінде Отырар  ауданы ауданы  ауылдық округінде індет түрінде байқалып, көптеген экономикалық шығындарға шалдықтырған. Індет алғаш рет анықталғанда, аусыл зілді өтіп, ал қайталанып байқалған жылдары зілсіз болып, аусылдың себебінен өлімге шалдыққан малдар саны  азайған.

2003 жылы ҚР ауылшаруашылық министрлігінің  арнайы бұйрығына сәйкес “Аусылды дауалау, одан арылу” жоспары кұрылып, еліміздің барлық облыстарында сиыр малымен бірге қой-ешкі арнайы вакциналармен иммунделген. Нәтижесінде соңғы 2 жылда Қазақстан территориясы бойынша аусыл ауруы ресми статистикалық деректер бойынша анықталмады.

Менің жүргізген індеттанулық зерттеуіме талдау жүргізсек, сиырдың аусылына қарсы “Афтовакс” (“О”, “А”, “Азия-1” штамдарынан даярланған) 3 валентті инактивтелген вакцинаны қолданғаннан кейін ересек мал арасында аусылға ұқсас клиникалық белгілер (сілекей ағу, температураның көтерілуі) байқалатыны белгілі болды. Бұндай реакциялар егілген жас тайыншалар арасыңда байқалған жоқ. Барлық жағдайда класссикалық аусыл ауруына тән ауыз қуысында, тұяқ арасында болатын афталар (жарақаттар) түзілмеді.

Қорыта айтқанда, Қазақстанда аусылға қарсы сиыр малын жылына 2 рет бұл індетке қарсы ЖШС “Вита-СТ” ұсынған “Афтовакс” (“О”, “А”, “Азия-1” штамдарынан даярланған) 3 валентті инактивтелген вакцинамен иммундеу арқылы аусылды тиімді дауалауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ҰСЫНЫС

 

Аусыл ауруы құстың тұмауы сияқты панзоотия түрінде байқалатын аса жұғымтал вирустық ауру. Сондықтан бұл ауруға қарсы күрес шараларының ауылдық округтерде төмендегідей жүйеде қолданылуы ұсынылады:     

  1. Сырттан ауру қоздырушысын Қазақстан териториясынан аластатып, ауылдық округ территорияларына енбеуін қадағалау. Яғни көршілес өңірлерден әкелінген дауалық карантинде ұстап, қадағалау.
  2. Аусылға қарсы арнайы шараларды (вакциналарды қолдану, серомони-торинг жүргізіп отыру) жоспарлы түрде қолдану.
  3. Практикада жұмыс істейтін   мамандардың   аса   жұғымтал (аусыл)  індет түрінде байқалатын аурулармен күресу шаралары бойынша соңғы жетістіктер негізінде білімдерін жетілдіру.
  4. Бұл індет жайында  мал   бағушылар   арасында   кең   түрде наси-хаттау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру.
  5. Практикалық жағдайда ЖШС  “Вита-СТ”  ұсынған Францияның  “Мериал” фирмасының инактивтелген “Афтовакс” (“О”, “А”, “Азия-1”  штамдарынан даярланған)  вакцинасын кең түрде қолдану.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Бияшев К. Б. и др. Организация ветеринарного дела. Алматы, 2003. 298 с.
  2. Ветеринарный кодекс наземных животных. МЭБ, 2002-2005.
  3. Инфекционные болезни животных: справочник. Под редакцией Осидзе. — М.: Агропромиздат, 1987. 288 с.
  4. Қасымов Е.И. Дәріс материалдары. Алматы, 2006.
  5. Қасымов Е.И. Бірнеше түлікке  ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары. Алматы, 1992. Б. 19-22.
  6. Қасымов Е.И. Бруцеллезден сау емес пунктті індеттанулық зерттеу. Алматы, 2000. 17 б.
  7. Мырзабекова Ш.Б. Ветеринариялық індеттану. Алматы, 2004.
  8. Носков Н.М. Руководство к практическим занятиям по эпизоотологии. Москва, 1961. 344 с.
  9. Пдляков А.А. Ветеринарная дезинфекция (изд. третье), 1964.
  10. Сайдулдин Т.С.Ветеринариялық іңдеттану. Том 1,2. Алматы, 1999.
  11. Сюрин В.Н., Фомина Н.В. Частная ветеринарная вирусология. Москва, Колос, 1979. С. 229-232.
  12. Сюрин В.Н., Р.В.Белоусова, Н.В.Фомина. Диагностика вирусных болезней животных. Справочник М. “Агропром.”, 1991.
  13. Тәжібаев А.С. Научные основы эффективной дерртизации объектов ветеринарного надзора. Алматы, 2000. 256 б.
  14. Турсункулов Ш.Ж., Сытник И.И. Эпизоотическая ситуация по инфекционным болезням в Республике Казахстан. Состояние и перспективы развития производства ветеринарных биопрепаратов. Материалы третий международной конференции. Алматы, 2006. С.16-19.

 

 

 

 

 

  1. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ

 

Аусылдың тұрақты індет ошағы жұптұяқты дала аңдары арқылы сақталатыны және табиғатта таралатыны ескеріліп, бұл аса қауіпті, тез тарайтын індетті сыртқы ортада таралмауын мемлекеттік тұрғыда қадағалау қажет. Еңбекті қорғауға “Отыра  ауданы” ауыл округінде талдау жасау барысында  4 — шілде 1986 жылғы  нұсқауға байланысты  шаруашылық төрағаларына жүктелген, инженер техник еңбекті қорғау, бас мамандарға жүктелген.                                                     

Еңбекті қорғауға ұсыныс: шарушылықтардағы еңбекті қорғауға төмендегідей шараларды  орындау қажет.

  1. Барлық шаруашылықтарда еңбекті қорғау бұрыштарын техникалық қауіпсіздік бұрыштарын құру қажет, оларды плакаттармен сілтемелермен, нұсқаулармен, көрнекті құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс.
  2. Барлық уақытта техникалық еңбекті қорғаудан сабақтар өткізіліп нақты қажетті құжаттар толтырылуы тиіс.
  3. Барлық шаруашылықтағы мал мамандары, жұмысшылар дұрыс нұсқауларды дер кезінде орындауға міндетті және төтенше жағдайларды болдырмауы тиіс.
  4. Өрт тақталары толығымен қажетті аспаптармен жасақталуы қажет.

Аусыл ауылшаруашылықтағы жануарлар арасында анықталған жағдайда індет ошағында жұмыс істеу ережелері:

— індет ошағында жұмыс істейтін адамдар зоонозды аурулар жайында толық инструктаж алулары керек;   

— індет ошағында аусылға шалдыққан жануарлармен жұмыс істейтін адамдар жеке басын сақтандыратын арнайы киімдермен (халат, аяқ киім,   қорғағыш  көзілдірік,  резина қолғаптар,  т.б.) қамтамасыз етілулері керек;

— аусылдың індет ошағында жұмыс істеу кезінде темекі шегуге, қолды   бетке  тигізуге, шашты жөндеуге, басқа іске алаңдауға болмайды;

— жұмыстан кейін қолды 2%-ды карбол қышқылы ерітіндісі бар ыдысқа 1-2 минут батырып, артынан сабындап жуады.

Іңдетке қарсы шаралар жүргізген кездегі техникалық қауіпсіздіктер:

— дезинфекциялық препараттармен жұмыс істеген кезде қолданылатын   санитариялық ережелер, нұсқаулар және басқа ауылшаруашылығында     қолданылатын нормативтік  құжаттар басшылыққа алынады;

— жұмысты бастау алдында  жұмысшылар мамандықтарына қарамастан     улы химикаттарды қолдану кезіндегі сақтық шараларымен таныс болуы керек;

— дезинфекцияға қолданылатын заттармен жұмыс істеген кезде, жұмысшы осы қызметке қажетті арнайы киімдерді киюі керек. Арнайы кйімдер бүлінбеген, адамның бойына шақ, қонымды болуы қажет;

— дезинфекциялаушы  заттарды ерітіп, одан негізгі және қолданылатын   ерітінділер жасау үшін, осы заттарға сәйкес сақтандыру препараттары болуы керек;

— хлор дәрмектердің, формальдегиттің аммиактың және басқа күйдіргіш препараттардың ерітіндісін жасаған және қолданған кезде міндетті түрде сақтану киім киген екінші адам болуы керек;

— қышқыл ерітіндісін жасау кезінде міндетті түрде қьішқылды суға құю шарт, керісінше емес!

— антикоагулянттармен тез әсер ететін улы заттармен істелінетін жұмыс,  жақсы желдетілген бөлмелерде, жағымсыз иісті сіңіріп алатын шкафтарда   немесе ашық  ауада жүргізілуі керек. Улы заттармен жұмыс жүргізетін адам   резина   қолғаптар, тыныс жолдарына улы заттар еніп кетпеуі үшін дәкеден байлағыш тағуы керек. Жұмыс істеген кезде темекі шегуге, су және  ас  ішуге болмайды;

— кардандық, цептік, тістік немесе ремендік берілісі бар, айналмалы машиналар мен қондырғыларды, сонымен қатар бет жағы жұмыс кезіңде 45°С жоғары қызып кететін қондырғыларды арнаулы қоршаусыз жұмысқа     қосуға болмайды. Техника қауіпсіздігіне сай емес, кездейсоқ жасалған аппараттар мен қолдан жасалған құралдарды қолдануға қатаң тыйым салынады;

— өте булағыш қоспалармен жұмыс істеген кезде РУ-60, РПГ-67 респираторларын және К, КД, М маркалы өнеркәсіптік сүзгіш противо-газдарды қолдану керек.