АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Түйе сүтінің иммуноглобулиндері

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫм МИНИСТРЛІГІ

 

әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

 

Биология факультеті

 

Биотехнология, биохимия, өсімдіктер физиологиясы кафедрасы

 

 

 

 

 

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

 

 

 

Түйе сүтінің иммуноглобулиндері

 

 

Орындаған

4 курс студенті_____________________________________

« _____ »    _______   2009 ж

 

Ғылыми жетекшісі,

аға оқытушы, тағам ғыл. PhD__________________________

   « _____ »    _______   2009 ж

 

Норма бақылаушы___________________________________

    « _____ »    _______   2009 ж

 

Кафедра меңгерушісінің

рұқсатымен қорғауға жіберілді

б.ғ.д., профессор_____________________________________

« _____ »    _______   2009 ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2010 ж

 

РЕФЕРАТ

 

Бітіру жұмысы 33 бет, 11 кесте, 4 сурет, 34 әдебиеттерден тұрады.

       Кілттік сөздер: түйе сүті, түйе уызы, физико-химиялық көрсеткіштер, лактациялық кезең, дромедар, бактриан, гибрид.

        Зерттеу объектісі: Алматы облысының Іле ауданы, Ақши ауылы, ЖШС «Даулет-Бекет» түйе шаруашылығындағы таза түркімен «Аруанасы» тұқымының түйелерінің сүті. Атырау облысында «Теңдік» шаруа қожалығының таза «Қазақ Бактриан» тұқымының түйелері. Зерттеуге құрама сүт үлгілері бүкіл сауылатын түйе табының сауылым соңында алынды, сонымен бірге түйе төлдеген соң бірінші сауылған уызы алынды.

Жұмыстың мақсаты: Қазақстан жағдайында түйе тұқымы мен мекен еткен жеріне байланысты, түйе сүті мен уызының физико–химиялық қасиеттерін, олардың құрамындағы иммуноглобулиндердің мөлшерін анықтау және түр топтарға жіктеу болып табылады.

Жұмыстың міндеті: Түйе сүті мен уызының физико-химиялық қасиеттерін, белоктардың мөлшерін, pH мәнін, Тернер бойынша қышқылдығын анықтау. Алматы және Атырау облысының түйе сүті мен уызының иммуноглобулиндерін бөліп алу үшін түйе сүті мен уызының белоктарын аммоний сульфаты ((NH4 )2SO4) ертіндісімен қанықтыру негізінде фракциялау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР

 

ЖШС – Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

2,6-ДХФИФ – 2,6  дихлорфенолиндофенол

CIRAD —  Халықаралық Ауылшаруашылық ғылыми зерттеу орталығы

Ig —  иммуноглобулиндер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе………………………………………………………………………….

6

1

Әдебиетке шолу………………………………………………………..

7

1.1

Түйенің әлемдік популяциясы…………………………………………

7

1.2

Түйе сүтіне жалпылай сипаттама……………………………………..

8

1.3

Түйе уызының құрамы………………………………………………….

10

1.4

Түйе уызының физико химиялық көрсеткіштері…………………….

12

1.5

Түйе сүтінің сарысу белоктары………………………………………..

13

1.6

Түйе сүтінің антимикробтық факторлары ……………………………

14

1.7

Иммуноглобулиндерге жалпы сипаттама ……………………………

15

1.8

Иммуноглобулиндерді зерттеуде қолданылатын әдістер……………

16

1.8.1

Лактоферрин мен иммуноглобулин G-дің арабайланысы…………..

17

1.8.2

Хроматография әдісі және оның түрлері……………………………..

18

2

Зерттеу объектісі мен әдістері……………………………………….

22

2.1

Зерттеу объектісі ………………………………………………………

22

2.2

Зерттеу әдістері ………………………………………………………..

22

2.2.1

Тернер бойынша қышқылдығын анықтау……………………………

22

2.2.2

Lаctoscan-Сүт анализаторы ……………………………………………

22

2.2.3

Лоури әдісі бойынша жалпы белок мөлшерін анықтау………………

22

2.2.4

С витаминінің мөлшерін анықтау……………………………………..

23

2.3

Сарысу белоктарын фракциялау ………………………………………

23

2.3.1

Түйе сүті мен уыздың белоктық фракцияларын бөліп алу………….

23

2.3.2

SDS- PAGE- Электрофорез әдісі ………………………………………

24

3

Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау……………………….

26

3.1

Түйе сүтінің физико-химиялық көрсеткіштерін талдау……………..

26

3.2

Түйе уызының физико-химиялық көрсеткіштерін талдау ………….

26

3.3

Түйе сүті мен уызының сарысу белоктық фракцияларын бөліп алу.

27

3.4

Түйе уызын фракциялау ………………………………………………

28

3.5

Түйе сүтінің сарысу белоктарын электрофоретикалық зерттеу…….

28

4

Қорытынды ……………………………………………………………

32

5

Қолданылған әдебиеттер …………………………………………….

33

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Соңғы жылдары дүние жүзінде түйе малының бас саны артуы мен таралу көлемінің кеңеюіне байланысты, адамдардың түйеге деген қызығушылығы артты. Ертеде адамдар түйені қара жердің кемесі деп, шөл далада көлік ретінде пайдаланса, қазір техникалық дәуірде түйені және одан алынантын өнімдерді құнарлы тағамдар мен дәрілік материaлдардың шикі зат көзі ретінде қарап, ерекше назар аударуда.

Түйе сүті мен шұбаттың туберкулезге, асқорту жолының ауруларына, қан аздық, нерв клеткаларын тыныштандыру, иммунитетті көтеру, қатерлі ісік клеткаларының бөлінуін тежейтін шипалық қасиеттері бар. Ғалымдардың зерттеуі бойынша түйе сүті мен шұбатында емдік қасиетінің болуы, оның құрамындағы иммуноглобулиндерге байланысты деген болжам бар. Сонымен бірге, оның құрамында белоктың, минералдық заттардың мөлшері жоғары.  Қазіргі уақытта түйе сүтінің бактериоцидтік, антивирустық және емдік қасиеттері жөнінде ғылыми еңбектерде кеңінен жазылып жүр. Оның құрамында пайдалы қасиеттерге ие жаңа белоктар, пептидтер, анықталды. Әсіресе сүттің антимикробтық факторын құрайтын сарысу белоктары: лактоферрин, лизоцим, иммуноглобулиндер т.б. бөліп алу, олардың қасиеттерін медицинада қолдану бағытындағы зерттеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

 Бітіру жұмысының мақсаты Қазақстан жағдайында маусым өзгерісіне байланысты түйе сүті мен уызының физико-химиялық қасиетін және оның құрамындағы иммуноглобулиндердің мөлшерін анықтау және түр топтарға жіктеу болып табылады.

Осы мақсаттарға жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

Алматы және Атырау облысы бойынша түйе сүті мен уызының иммуноглобулиндерін бөліп алу.

         Түйе сүті мен уызының физико-химиялық қасиеттерін, белоктардың мөлшерін, pH мәнін, Тернер бойынша қышқылдығын анықтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Әдебиетке шолу

 

1.1  Түйенің әлемдік популяциясы

Camelidae немесе түйе тұқымдастылар әлемде кең тараған. Барлық түйе тұқымдастар жұп тұяқтылар отрядына (Artiodactyla), күйіс қайтарушылар немесе ай тәріздес тобына (Ruminantia), мүйізгек аяқтылар туысына (Tylopoda), түйе тұқымдастарына (Camelidae) жатады. Түйе тұқымдасы өз кезегінде үш текке бөлінеді; Camelus, Lama және Vicugna. Camelus үш түрге бөлінеді: Иран мен Түркменстанның шекарасында, Қазақстан, Оңтүстік Сібір, Моңғолия және Қытайда кездесетін бактриандар (Camelus bactrianus) және Африка, Түркменстан және Қазақстанда шоғырланған дромедарлар (Camelus  dromedarius) Camelus ferus [1,2].

Дүние жүзіндегі түйелердің 12 миллионы Африкада, ал 4,5 миллионы Азияда тараған деген мәліметтер келтіреді. 1-кестеде Yagil (1982) бойынша әлемдегі түйелердің таралуы туралы мәліметтер берілген.

 

1-кесте. Әлемдегі түйелердің популяциясы (миллион), *Yagil бойынша

 Мемлекеттер

Жылдар

Бактриандар

1978 

 1969 – 1971

Қытай

0.6 – 1.04

1.15

Монголия

0.62

0.64

Кеңес Одағы

0.23

0.25

 

0.91 – 1.89

 2.04

Дромедарлар

 

 

Солтүстік Шығыс  Африка:

 

 

Сомали

5.4

2.5

Судан

2.9

1.6

Эфиопия

1.0

0.9

Кения

0.6

0.4

 

9.9

 5.4

Батыс Африка:

 

 

Мавритания

0.7

0.1

Чад

0.4

0.1

Нигер

0.4

0.2

Мали

0.2

0.1

Сенегал

0.1

 

1.8

 0.5

Солтүстік Африка:

 

 

Тунис

0.2

0.2

Египет

0.1

0.1

Либия

0.1

0.3

Морокко

0.02

0.2

 

0.5

 1.0

Азия:

 

 

Үндістан

1.2

0.6

Пәкістан

0.8

0.5

Ауғаныстан

0.3

0.3

Ирак

0.2

0.5

Сауд Арабиясы

0.1

0.3

Иран

0.03

0.6

 

2.9

 3.2

 

Қазақстанның түйе шаруашылығындағы  ерекшелігі – дромедар тұқымды да, бактриан тұқымды да түйелер мен осы тұқымдардың гибрид ұрпақтары да кезедеседі. Олардың жүк көтергіштігі, ет өнімділігі жоғары [1]. Одақ тараған кезеңде бірталай түйе шаруашылығында мал басын жекешелендіру жұмысы жүйесіз жүргізіліп, соның салдарынан түйе саны едәуір кеміп кетті. Өткен ғасырдың 30-жылдарында республиканың барлық шаруашылық категориясында 1 миллион 200 мың  бас түйе болса, қазіргі санақ бойынша  Қазақстанда 150 000 бас түйе бар.  1991 жылмен салыстырғанда 22,8% кеміген. Қазіргі уақытта түйе санының өсуіне, оның ары қарай дамуына баса назар аударып, одан алынатын өнімдердің саны мен сапасын жақсарту қажеттілігі туындап отыр.

 

1.2  Түйе сүтіне жалпылай сипаттама

         Жалпы сүт сұйық ертінді күйінде болады, оның құрамында 200-ден астам әр түрлі органикалық және минералды заттар бар. Су мөлшері 83%- 89%-тей болады, қалған бөлігі белоктар, майлар, көмірсулар, минералды заттар, витаминдер, әр түрлі биологиялық активті заттар (гормондар, ферменттер, арнайы қорғаныштық заттар және т.б.) құрайды. Сонымен қатар, бұл өнімнің құрамындағы заттар өзара оптимальді арақатынаста болғандықтан, жеңіл және толығырақ сіңірледі [3].

        Түйе ыстыққа шыдамды жануар болғандықтан, шөл және шөлейтті аймақтарда тіршілік етеді. Басқа ауыл шаруашылық жануарлармен салыстырғанда түйенің сүттілігі жоғары болады. Академик И.П.Павлов сүтті табиғаттың өзі дайындаған әсерлі тағамы деп атаса, Гиппократ әр түрлі мал сүтінің емдік қасиеті бірдей болмайтындығын анықтаған. Оның пікірінше, ешкі мен бие сүті көкірек ауруын жазады, сиыр сүті – құяң мен қан аздыққа шипа, бие мен түйе сүттерінің көптеген ауруларды жазуға септігі бар деп көрсетілген.

Көбінесе түйе сүтін балауса кезінде ішеді. Түйе сүтінің түсі әдетте қар сияқты ақ болады, дәмі тәтті тұздылау, консистенциясы қою, сапырған кезде көпіреді. Қалыпты жағдайда ол тәтті болады, кей кездерде тұзды болуы да мүмкін [1,2]. Жаңа сауылған түйе сүтінің рН көрсеткіші жоғары болады және 6,5-6,7 құрайды. Бұл қой сүтінің рН көрсеткішіне ұқсас. Түйе сүтін сақтап қойғанда оның қышқылдығы тез өседі [1].

           Түйе сүтінің химиялық құрамы үнемі тұрақты бола бермейді. Ол малдың тұқымына, азықтандырылуына, күтіп бағылуына, жыл мезгіліне, жасына және физиологиялық жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Сонымен қатар, әлемнің әр түкпіріндегі түйелердің сүтінің құрамы да әр түрлі болады.

Май – мал организміне негізгі күш-қуат беретін зат, ол жылу балансын реттеуге және бұлшықет энергиясының қалыптасуына өте қажет.

Түйе сүтінің майлылығы әр түрлі, ол малдың тұқымына, азықтандырылуына, жыл мезгіліне, т.б. себептерге байланысты. Түйе сүтінің майлылығы орташа есеппен 5,3% болады. С.Херасковтың мәліметтеріне сүйенсек, нар буданы сүтінің майлылығы 5,14%, қоспақтікі 5,05% болған [2].

Сүт құрамында стериндер де кездеседі. Ішіндегі ең маңыздысы —   эргостерин, ол күн сәулесінің немесе ультракүлгін сәулелерінің әсерінен Д2 витаминіне айналады. Сүт майымен бірге болатын липоидтар (фосфатидтер, цереброзидтер, стериндер) клеткалық зат алмасуда, майларды сіңіру интенсивтілігінде, бүйрек үсті безінің қыртысты қабаты гормондарының түзілуінде маңызды  рөл атқарады [2].

Витаминдер

Витаминдер – зат алмасу процесінде, оның ішінде биохимиялық процестерде катализатор қызметін атқарады. Түйе сүтінде B1, B2, және C витаминдері сиыр сүтіне қарағанда анағұрлым жоғары болады. Сүттің құрамында барлық суда еритін және майда еритін витаминдер де болады. Олардың мөлшері үлкен болмаса да, сүт адамның күнделікті тағамы болғандықтан, организмді белгілі мөлшермен қамтамасыз етеді. Сиыр сүтіндегі витаминдер мөлшері қорегіне және жыл мезгіліне байланысты болады. Жазда сүт витаминдерге бай болады. 100 мл сүттегі орташа витамин мөлшері 2-кестеде көрсетілгендей.

 

2- кесте.Түйе сүті құрамындағы витаминдердің мөлшері

 

Витаминдер

Мөлшері

A

0,025 мг

B-каротин

0,015 мг

C

1,3 мг

РР

0,1 мг

B1

0,04 мг

B2

0,15 мг

 

Адам рационында сүт жеткілікті түрде болса,онда организмнің B2 витаминінің күнделікті нормасының жартысымен қамтамасыз етеді [2].

 

 

 

 

Минералды заттар

       Сүт құрамындағы минералды заттар ұлпалардың  жаңа клеткаларын, ферменттерін, витаминдерін, гормондарын қалыптастыруда,  организмде минералды зат алмасуында үлкен рөл атқарады. Кальций – қан қысымын реттеуде, рак ауруының кейбір түрлерімен ауру мүмкіншілігін төмендетеді, йод – қалқанша безіндегі тироксин гормонының синтезіне қатысады, натрий мен калий хлоридтері, фосфаттар қан мен протоплазманың элементтерін қалыптастыруына қатысады.

Көмірсулар

       Сүт көмірсулары негізінен лактозамен берілген. Мөлшері орташа 4,5-5%  құрайды. Лактозаның сахарозаға қарағанда ерігіштігі төменірек, тәттілігі 5-6 есе төмен, сондықтан сүттің тәттілігі айқын білінбейді. Барлық қанттар сияқты лактоза да организмге жеңіл сіңіріледі, сіңірілуі 98% құрайды. Асқорту ферменттерінің әсерінен лактоза глюкоза мен галактозаға ыдырайды. Олар қанға өтіп, энергия көзі ретінде қолданылады. Сонымен қатар, лактоза ішектегі пайдалы микрофлораның қалыптасуына және шірігіш, ауру қоздырғыш микробтардың өсуін тежеуге қатысады. Лактоза жүйке жүйесінің стимулияторы, жүрек, қан-тамыр ауруларынан сақтайды [12].

Казеин

 Негізгі тағамдық белок, ол негізінен ірімшік сүзбе және басқа өте бағалы тағамдық өнімдерді алу өндірісінде пайдаланады. Қазірше оның ерекше биологиялық қасиеттері әлі толық ашылған жоқ. Бірақ оның технологиялық және тағамдық сапасы жақсы зерттелген [13]. Казеиннің 30-ға жуық фракциясы бар. Олардың негізгілер: αS1 — (38 %), αS2 — (10 %), ß — (39 %) және æ — (13 %) казеиндер. S индексі – казеиннің фракциясы кальций иондарының әсерінен тұнбаға шөгуін білдіреді, 1 және 2 цифрлары бұдан ұсақ екіншілік фракцияны көрсетеді. Казеин фракцияларының массасы 19000 ‑ нан 25000 дейін. Сонымен қатар сүттің құрамында казеиннің негізгі фракцияларының фрагменттері немесе туындылары бар.

 

1.3  Түйе уызының құрамы

       Уыз – жануар төлдегеннен кейінгі алғашқы сүт. Ол жүктіліктің соңғы мезгілі мен төлдегеннен соң 1-2 күнде қалыптаса бастайды. Оның құрамы май сүттен едәуір өзгешелеу. Уыздың құрамында белок пен витаминдер 2-3 еседей көп. Барлық сүтқоректілерде олардың жаңадан туған төлдері үшін алғашқы күндері уыз тіршілікке маңызы зор тағамы болып есептеледі, себебі уызбен тасымалданатын иммундық фактордың концентрациясы жоғары болады. Уыздағы қорғаныстың басқа бір көзі спецификалық емес факторлардың антиденелік әсері болғандықтан ғана емес, сонымен бірге, төлдің иммундық жауабы қарқын алғанға дейін оларды қорғаныспен қамтамасыз ететіндігіне де байланысты.

Түйенің алғашқы уызы ақ түсті және сиырдың уызымен салыстырғанда сұйықтау болып келеді. Уызда жаңа туған төл үшін өте қажетті антиденелер және қоректік тұрғыдан пайдалы заттардың мөлшері көп болғандықтан, олар маңызды болып табылады.

Уыздың құрамындағы маңызды компоненттер:

Иммуноглобулин G, M, A — біздің иммундық жүйеміздің негізгі гуморальды компоненті, олар ауру жұқтыратын микроорганизмдер, бактериялар, вирустар, қарапайымдылар және саңырауқұлақтарға қарсы иммундық жауап реакциясын тудырады.

Трансферфакторы – «иммундық естің» молекуласы, инфекция екінші рет кездескенде оған организмде иммундық жауап тудырады.

Лактоферрин — негізгі компонент, қан сарысуы құрамындағы темір қалыпты деңгейін қолдайтын инфекцияға қарсы қорғаныштық факторы.

Колостринин организмнің күшті иммундық реакцияларын бақылайды.

Интерлейкиндер — организмге түскен ауру тудыратын микроорганизмге қарсы организмнің иммундық клеткаларын активтендіретін заттар.

Интерферон – организмді вирустарға қарсы қорғаудағы негізгі элемент.

Эндорфиндер – бірегейлі ауыртпайтын заттар, организмді стресстен қорғайды. Физиологиялық ауыртпалықты жоғарлатып, көңіл күйді реттейтін қуаныш гормоны.                                                                      

Фермент – лизоцим, лактопероксидаза – микробтарды жою мен залалсыздандыру процесіне қатысады.

Сарысу белогы – лактоальбумин – барлық организм үшін қоректік элемент.

Пробиотик — өсу шегін қамтамасыз етуші немесе ішек микрофлорасын реттейтін табиғи фактор.

Амин қышқылдары – белок қалыптастырушы , уыздың құрамы амин қышқылына бай, бас мидың, жүректің және бұлшық еттердің жұмыс істеуіне қажетті тауринге өте бай.

Фосфолипид – клетка мембранасының негізгі құрамдас бөлігі.

Нуклеотидтер – реттеуші заттар, нуклеотидсіз DHҚ және белок синтезі жүрмейді, организмнің өсуін, дамуын және жаңаруын реттеп отырады [21].

        Нью-Йорктағы зоология қоғамының докторы Hornady 1992 жылы боталағанына 2 күн болған бактриан уызының химиялық құрамын зерттеген. Оның мәліметтері 3-кестеде көрсетілген.

 

3-кесте. Боталағаннан кейін 2 күндік бактриан уызының органолептикалық және биохимиялық құрамы

 

Уыз көрсеткіштері

Мәндері

Түсі

Сары емес, сарғыш ақ

Концентрациясы

қою, майлы

Дәмі

жұмсақ

Салмағы, 0A

1,038

Май (%)

7,4

Қант (%)

4,2

Белок (%)

5,4

Казеин (%)

4,1

Альбумин (%)

0,5

Глобулин , т.б. (%)

0,8

CaO

0,272

MgO

0,025

P2O5

0,318

K2O2

0,164

Na2O

0,082

Cl

0,128

 

Бұл кестеден  уыздың түсі, қоюлығы, дәмі және ондағы минералды заттар мен белоктардың мөлшерін көре аламыз.

 

  • Түйе уызының физико-химиялық қасиеттері

        Түйе уызына зерттеу жасаған Elagamy (1994) жылы оның физико-химиялық және микробиологиялық қасиеттерін сипаттап жариялады [21].

Төлдегеннен кейінгі алғашқы 7 күнгі түйе уызындағы және 14-ші күндік сүттегі антимикробтық факторлардың (IgG1, IgG2, лактоферрин және лизоцим) мөлшерін анықтау жұмыстары жүргізілген. Оның нәтижелеріне сәйкес, күнге қарай төмендеген (4-кесте).

4-кесте. Түйенің алғашқы 7 күнгі уыздарындағы және сүтіндегі (14-күн)

антимикробтық факторлардың концентрациясы

Төлдегеннен соңғы күндер

IgG1,

мг/мл

IgG2,

мг/мл

Лактоферин

мг/ мл

Лизоцим

мг/мл

1

53,80

4,94

0,84

1,03

2

36.67

3,68

0,63

1,28

3

23,69

1,83

0,46

1,06

4

14,23

0,95

0,21

0,90

5

8,55

0,62

0,12

0,93

6

7,15

0,49

0,10

0,92

7

6,02

0,40

0,07

0,87

14

1,35

0,11

0,04

0,73

 

El-Hatmi және т.б. (2005) зерттеулері бойынша түйе уызындағы IgG – нің мөлшері бірінші сауында 11,8 – 211,1 мг/мл, 14- ші сауында (7 күн) 2,3 мг/мл ге дейін төмендеген. α-лактальбуминнің концентрациясы алғашқы сауынға (2,19±0,67 мг/мл) қарағанда 14-ші сауында (2,43-3,19 мг/мл) жоғары болды. Лактоферриннің концентрациясы бірінші күні орташа мөлшері 1,21 мг/мл, ал 5-7 сауында  өзгермеген, орташа 1,20 мг/мл [27].

    Бірінші күндік уыздағы IgG1, IgG2, лактоферриннің концентрациясы 53,8; 4,94 және 0,84 мг/мл болып, одан кейінгі күндері төмендейді. 14-күнгі сүттегі осы белоктардың концентрациясы : IgG1 2,51%, IgG2 – 2,23 % ке лактоферрин-4,76%-ке төмендеген. Сонымен бірге, лизоцимнің мөлшері 70,87%-ке төмендеді, бірінші күнгі уыздағы жалпы иммуноглобулиндердің 91,6%-ін  IgG1, ал 8,4%-ін IgG2 құрайтыны осы жұмыста анықталған [28].

 

1.5  Түйе сүтінің сарысу белоктары

       Сүттегі ең бағалы зат белок. Сүтте белоктың бірнеше түрі кездеседі. Белоктың өзі казеин, альбумин және глобулин сияқты негізгі үш түрге бөлінеді. Казеин сүтте казеин кальций фосфат жиынтығы түрінде кездеседі. Белоктың мөлшерімен өзара қатысты сүттің ұюына әсер етеді. Ұлтабар ферменті не болмаса зауыттық ашытқы әсерінен түйе сүті ашығанда құрылымы майда тұнба түзіледі. Түйе сүтіндегі казеин майда түйіршіктерге айналады да, шұбатты араластырған ұсақталып кетеді. Түйе сүтінің амин қышқылдары құрамын зерттеген Қ. Құдабаевтың деректері бойынша сиыр сүтіне қарағанда түйе сүтінің аргинин лизин, гистидин, фенилаланин, метионин, лейцин, және глутамин қышқылдары едәуір көп екендігі белгілі. Амин қышқылдары жағынан да түйе сүті тек қой сүтінен ғана кем соғады [2].

Белок ең құнды биологиялық компонент, өйткені амин қышқылдары организм клеткаларын, ферменттерді, гормондарды, антиденелерді құрастырудағы негізгі материал амин қышқылдармен толығымен қамтамасыз ету үшін адам күніне 28,4г сүт белоктарын немесе 14,5г сарысу белоктарын тағамға тұтынуы тиіс, ал бие сүтінен онда аргининнің 18%, сериннің 0,9%-ға кем екендігі белгілі [2].

Херасковтың мәліметтері бойынша қазақ бактриандарының сүтінде жалпы белоктың мөлшері – 4,45%,соның ішінде казеин – 3,22%, альбумин және глобулиндер – 0,87%, ал гибридті нарларда белок – 3,7,0,9% құрайды [4].

Амин қышқылдарының жетіспеушілігі көбінесе жас организмде өсу процесінің бұзылуына әкеп соғады. Әсіресе ауыстырылмайтын амин қышқылдарына сарысу белоктары бай, олар арнайы қорғаныш факторларын, иммуноглобулиндерді тасымалдаушы болып келеді. Қысқасы, сарысу белоктары деп сүт белоктарының казеиннің химиялық әрекеттесуінен қалған бөлігі немесе казеиннен кейінгі жоғалған бөлігі деп айтуға болады. Сарысу белоктары жалпы сүт белогының 20%-ын құрайды. Сарысудың маңызды түрі оксид және реннет сарысуы, олар реннет энзимдері арқылы оксидпен бірге казеиннің қосылыстарынан алынады.

          Көптеген сарысу белоктары жоғары гидрофобты күштер және тығыз пептидті байланыстармен байланысқан шар тәрізді белоктар.

Түйе сүтінде сарысу белоктарының мына түрлері кездеседі. Лактофорин, лактоферрин, а-лактоальбумин, β-лактоглобулин, сарысу альбумині, иммуноглобулин, лизоцим, т.б.

         Лизоцим  

        бактерицидтік қасиеттері бар және антиденелердің активтігін жоғарлататын сүт белогы, 129 амин қышқылдарының қалдықтарынан тұрады. ß (1-4)-гликозидті байланыстарының гидролизін катализдейді.

Duhaiman 1988 жылы лизоцимнің Escherichia coli мен  Micrococcus lysodeikticus активтіліктерін басуын зерттеді [18]. Алынған нәтижелер бұл молекуланың антибактериалды активтілігі адам сүтінен төмен екенін көрсетті. 1992 жылы Elagamy лизоцимнің, лактоферриннің, лактопероксидазаның және G, A иммуноглобулиндердің L.actis subst, S.typhimurium, E.coli  S.aureus қарсы активтілігін зерттеді [16]. Дромедар сүтіндегі лизоцимнің антибактериалдық қасиеттері жұмыртқаның лизоцимімен бірдей. Дромедар сүтіндегі лактопероксидаза грамм оң бактерияларына бактериоцидтік әсер етеді [13].

Лактоферрин  

    Лактоферриннің темірдің екі атомын байланыстыра алатындығы ашылған. Ол жас төлдің ішек-қарнындағы темір адсорбциясында маңызды рөл атқарады. Лактоферрин белгілі мөлшерде бактериоцидтік қасиетке ие, ас қортылу кезінде толығымен гидролизденбейді және ішек-қарындағы темірді, темірге тәуелді бактерияларды қайта байланыстыра алады. Лактоферрин микроорганизмдердің сыртқы қабықшаларының бетіндегі металл иондарын және басқа металдарды байланыстыру арқылы микроорганизмдердің тіршілігіне қажетті, тыныс алу тізбегінің цитохромдардың, каталазалардың, пероксидазалардың, супер оксиддисмутазалардың құрамына кіретін микроэлементтерден айырады. Нәтижесінде оттегінің химиялық реактивті улы әсеріне деген резистенттілігі төмендейді. Metz-Boutigue айтуынша, жануар организмінің ішкі ортасында лактоферрин темірінің қалуы, инфекцияларға және ісіктің өсуіне  қарсы қорғаныштық механизмдердің бірі болып табылады [15].

 

1.6  Түйе сүтінің антимикробтық факторлары

       Түйе сүтіндегі антимикробтық факторлардың коцентрациясын анықтауда Elagamy бірнеше зерттеулер жүргізген, оның мәліметтері бойынша, IgG1, IgG2 лактоферриннің ең жоғарғы көрсеткіші бірінші күнге келеді, сосын төмен түсуі байқалады, лизоцимнің максималды көрсеткіші екінші күнге келеді [16].

Түйе сүтіндегі лизоцимнің концентрациясы 0,15 µг/мл [16], ал сиыр уызында 0,03-0,065 µг/мл [17].

1972 жылы туберкулезді антибактериалды қоспа мен түйе сүтінің өнімі “Чал” мен бірге емдеу тәжірибелері басылып шықты. Уразаков 1974 жылы “Тушбек” санаториясында өткізілген тәжірибені жариялады. Ол туберкулезге шалдыққан адамдардың рационына шұбатты кіргізді. Шұбаттың орташа химиялық құрамы – 4.93% белок, 8,9% майлы заттар, 1,42% лактоза, 7,9мг/л С витамині және микроэлементтердің үлкен мөлшері. Құндылығы 108,8 кКал/100 мл. Мамандар сүтте сүт стрептокогының бар екенін байқады. Ол туберкулездің бациллаларына қарсы низин деген активті антибактериалды затты синтездейді [18].

 Gnan 1986 жылы түйе сүтінің антимикробтық қасиетін сиыр сүтімен салыстыра зерттеуге 8 микроорганизмді қолданды: Escherichia coli, Klebsiella pneumonia, Streptococcus  pyogenes, Staphilococcus aureus, Saccharomyces cerevisae, Bacillus anthracis, Bacillus megaterium, т.б. [19].

Нәтижесінде, түйе сүтінің антибактериалды қасиеті жоғары екендігі дәлелденді. E.coli мен S.cerevisae бәсеңдеуі айқын білінді. Сүтті сарысу мен казеинге бөлген кезде, сарысуда максималды бәсеңдеу екені байқалды. Сарысумен S.cerevisae, K.pneumonia, B.anthracis–тердің активтілігі басылады [19].

 

 

  • Иммуноглобулиндерге жалпы сипаттама

         Иммуноглобулиндер (Ig) немесе антиденелер қан плазмасының және кейбір биологиялық сұйықтықтардың белоктары, организмде қорғаныштық роль атқарады. Оларды латын алфавитінің басты әріптерімен белгілеу қабылданған: G, A, M, D, E. Биологиялық белсенділігі, физико-химиялық қасиеттері бойынша жоғары сатылы омыртқалылардың иммуноглобулиндері негізгі бес класқа бөлінеді IgG, IgA, IgM, IgD, IgE. Олардың ішінде алғашқы үшеуі мөлшері жағынан артық болады, ал IgD және IgE минорлы кластар болып есептеледі. Алайда олар да елеулі маңызға ие, мысалы аллергиялық рекацияларға сезімтал адамдардың қан плазмасында IgE-нің мөлшері көп болады. В-клеткалардың мембранасындағы иммуноглобулиндер, клеткалардың антиденелері тәрізді  антигендерді байланыстыра алады. Иммуноглобулин термині антиденелерге ғана қатысты емес, сонымен қатар миелома кезінде синтезделеді, миеломды деп аталатын белоктардың үлкен классына да қатысты. Иммуноглобулиндер құрамында көмірсутегі 2-12% болатын күрделі гликопротеиндер болып табылады. Иммуноглобулиндердің мономері болып IgG молекуласы табылады. Ал барлық қалған иммуноглобулиндер олардың полимері болып табылады. Иммуноглобулиндердің молекуласы екі жеңіл (L ағылшыншадан аударғанда “light”) және екі ауыр (H ағылшыншадан аударғанда “heavy”) төрт тізбектен тұрады. Әрбір L-тізбек H-тізбекпен бір дисульфидті байланыспен, ал ауыр тізбектер өзара екі дисульфидті байланыспен байланысқан. Иммуноглобулин  молекуласы екі бірдей антиген байланыстырушы аймақ бар екі бірдей бөліктен тұрады. Ауыр тізбектерідің типіне қарай Ig молекуласының қай классқа жататындығы анықталады. Адамда IgG дің төрт түрлі класы бар (IgG1, IgG2, IgG3, IgG4) олардыың сәйкесінше мынндай γ1, γ2, γ3, γ4 ауыр тізбектері бар. Иммуноглобулиндер кластары мен класасты әртүрлілігі, олардың молекуласының изотипті өзгергіштігімен байланысты [4].

Иммуноглобулиндерді тотықтырғыш агентпен, мысалы меркаптоэтанолмен өңдеген кезде дисульфидті байланыстар үзіледі де жеңіл және ауыр тізбектер пайда болады. Жеңіл тізбектердің молекулалық массасы 22500 D, ауыр тізбек белок классына байланысты 50000-77000 D құрайды.

1969 жылы IgG дың аминқышқылдың кезектестігі анықталды. Оның екі ауыр тізбегі әр қайсысы 446 аминқышқылдық қалдықтан, ал жеңіл тізбектері әрқайсысы 214 аминқышқылдық қалдықтан тұратыны анықталды. IgG молекуласы барлығы 1320 аминқышқылдық қалдықтан тұрады. IgM-ның ауыр тізбектері әрқайсысы 546 аминқышқылды қалдықтан тұрады [3].

Барлық иммуноглобулиндер гликопротеиндер, олардың құрамындағы  көмірсулардың мөлшері IgG 2-3% , ал IgM,  IgD және  IgE  12-14%.

IgG- иммуноглобулиндердің негізгі изотипі, оның сарысудағы үлесі 70-75%. IgG төрт сегиментация 7s- тен тұрады және молек. массасы 146 kDa. Сонымен қатар, IgG3 белоктары басқа кластың өкілдеріне қарағанда біршама ірі молекулалар, γ3 тізбегінің мөлшеріне байланысты.

G класының иммуноглобулиндері қан тамырларының ішкі және сыртқы қуыстарының арасында тегіс таралып жатады, сондай-ақ екіншілік иммундық жауаптың антиденелерін, антитоксиндердің негізгі бөлігін құрайды. сонымен қатар, IgG –дің өзі нәрестені алғашқы айларда инфекциялардан қорғайды.             

IgG-дің барлық класасты антиденелері плацента арқылы ұрықтың организіміне өтіп, жетілу кезеңінде пассивті иммунитетпен қамтамасыз етеді. сүтқоректілердің кейбір түрлерінде анасының иммуноглобулиндері ұрпағына туылғаннан кейін беріледі, мысалы, шошқаларда, Ig G сүтпен келген иммуноглобулин асқорыту жүйесіне таңдамалы түрде еніп, қанға өтіп отырады.

Ig М – Сарысу иммуноглобулиндерінің шамамен 10% -тік үлесін осы класс құрайды. Ig М молекуласы төрт тізбекті бірліктің негізінде пентамер түрінде болады. Жеке ауыр тізбегінің өзі молекулалық массасы – 65 кДа, ал барлық молекуланың салмағы -97 КДа. Бұл класстың антиденелері қан тамырларындағы иммуноглобиндерде орналасып, антигендік құрамы күрделі патогенді микроорганизмдерге қарсы иммундық жауапқа қатысады.

IgА – бұл кластың белоктары адамның қан сарысуындағы иммуноглобиндердің 15-20% құрайды. IgА серозды-шырышты секреттердегі (ауыз сөлі, уыз және сүт, сонымен қатар тыныс алу және зәр жыныс жолдарының шырышты қабаты) иммуноглобулиндердің басты класы болып табылады. Секретті Ig А-ның екі класты түрлері бар: Ig А1 және Ig А2, олардың молекулалық массасы 385 кДа. Серозды шырышты секреттерде бұлар, секретті компоненттер деп аталатын басқа белоктармен байланысқан.

IgD – Бұл класс плазмадағы иммуноглобулиндердің 1% құрайды. Бірақ көптеген в клеткалардың мембранасында орналасқан, аталған кластың биологиялық рөлі әлі толық анықталмаған. Бірақ олар лимфоциттердің антиген тәуелді дифференциясына қатысады деген болжам бар.

IgЕ – Иммуноглобулиндердің бұл класының қан сарысуындағы мөлшері өте аз, бірақ ол кез келген адамның базофильді және толық клеткаларының мембранасының беткі қабатында пайда болады.Сонымен қатар, шырышты қабатта, әсіресе мұрын қуысында, бронхыда және конюктивті болады. Мүмкін IgЕ антигенментозды иммунитетте маңызы бар, бірақ көптеген дамыған елдерде онымен аллергиялық аурулардың патогенезі байланысты мысалы, бронхы астмасы [4].

 

  • Иммуноглобулиндерді зерттеуде қолданылатын әдістер

         Иммуноглобулиндерді лабароториялық жағдайда: фракциялау, хроматография, электрофорез, және ультрацентрифугалау әдістері арқылы бөліп аламыз. Төменде хроматография әдісі жайлф аз тоқталамыз.

IgG сефадекіс G200 (Amersham Biosciences, orsay, France) және Q-Sepharose дағы жылдам ағатын ион алмастырғыш хроматографиялардың көмегімен, түйе уызынан алынады.

Лактоферринді тазарту үшін гель толтырылған хроматография Sephadex G 200де қалқыма 0,02 M Tris HCl дағы буферде (рH = 8.6) 5 ml Hitrap Heparin column (Amersham Biosciences) өткізеді ұқсас буферді алады.

IgG дің  концентрациясы қыста жоғарырақ болады. Негізгі боталау кезеңі қаңтар мен наурыз немесе сәуір айлары. Біздің зерттеуіміз сүт берудің алғашқы мезгілінде сүттің құрамындағы IgG дің мөлшері ең жоғары.

IgG-дің концентрациясының заңды азаюы. Kөктемгі сүттің күздегіге қарағанда сұйылуына қатыссыз. IgG-дің мөлшері мезгіл бойынша өзгеретіндігі көрсетілген. Біріншіден, әсіресе Вactrianus түйе тұқымында. Екіншіден, ең тиімді көктем мен күз, ал жаздағы концентрациясы төмен екені байқалып отыр.

Көптеген ғалымдар лактоферрин сияқты иммуноглобулин G-дің түйе сүтіндегі маңызын түйе сүтінің денсаулыққа әсері арқылы түсіндіреді [6].

IgG-дің концентрациясы боталағаннан кейін ең жоғары болады. Алдыңғы Тунис түйесін зерттеу бойынша (El-Hatmi т.б., 2006). IgG-дің концентрациясын бастапқы кезеңде 11,8 мг/мл мен 211,1мг/мл аралығында, мәні 100,7±60,4мг/мл. Бұл біздің алғашқы кездегі межелеуімізбен шамалас, яғни 132,3мг/мл бұл концентрация (El-Hatmi). Алғашқы жеті күндіктен 4,82-ден артып отырады. Бұл шамалар (El-Hatmi) көрсеткенмен бірдей [27]. Әрине, біздің нәтижемізде әр түрлі малдан жинақталғандықтан оны бұрынғылармен салыстыруға келеді дегенмен, біздің есебіміз уыз жайлы сандық мәліметтермен сәйкес келеді.

IgG-дің түйе уызындағы концентрациясы әртүрлі тұқымда әр түрлі болады (El-Hаtmi т.б., 2006). Еlagamy зерттеуі бойынша IgG-дің сүттіліктің соңғы мезгіліндегі концентрациясы біздің зерттеуімізден жоғарырақ (0,718мг/мл ~ 2,217мг/мл). Қалай айтқан күнде де, бұл шамалар сиыр сүтінің қүрамындағы IgG-дің концентрациясынан жоғары екені көрініп тұр (0,52 мг/мл ~ 0,06 мг/мл Еlagamy). Бактриан түйесіндегі IgG-дің концентрациясы жалпы белоктың 0,65%±1,60% ұстайды [27].

 

1.8.1  Лактоферрин мен иммуноглобулин Gдің арабайланысы

       Қазіргі ешқандай әдебиеттерде лактоферрин мен иммуноглобулин G арабайланысы көрсетілмеген. Біздің зерттеулерімізде кейбір сирек сүт үлгілерін пайдаланып бұл екеуінің айырмашылығын ашуға мүмкіндік болып отыр. [6].

       Шұбаттағы иммуноглобулин G мен лактоферриннің байланысы. Ашу процесі сүттегі белоктың ыдырауына алып келеді. Қазақстанда салт бойынша сүт ашудан бұрын қыздырылмайды. Бұл жағдай оның сапасын өзгертпейді, тағы бір жағынан дөңгелек тұндырғыш піспек шұбаттың үлгісін жәй қыздырылған үлгісімен салыстырғанда ақшыл болады. Ол белоктың ыдырау қасиеті. Шұбатта нағыз белоктар сияқты лактоферрин және иммуноглобулин G антигендік қасиет көрсетіп полипептидтерге гидролизденуі мүмкін. Ол шұбатта уақыт мезгіліне қарай артады, оның үстіне шұбат ашыту техникасы бір желіге түскен немесе стандартталған жоқ, сол себепті ашу процесі белгісіз бағытта жүреді.

Mancini және т.б. СRID стандартты осы заманғы зерттеулер бойынша полипептидті және олардың белоктан айырмашылығын өлшеу мүмкін болмады. Кейбір сүт үлгілерімен жүргізілген біздің зерттеуімізде жаңа дайындалған шұбатта белоктың ыдырау процесі бағытталады. Бұл туралы ешқандай әдебиетте нақты мәлімет жоқ [6].

            IgG олардың жалпы санының 70-80% жуығын құрайды, түйе сүті мен уызының құрамындағы иммуноглобулиннің мөлшері төмендегі 5-кестеде көрсетілгендей болған.

 

5-кесте. IgG-дің түйе уызы мен сүтіндегі мөлшері және молекулалық массасы

 

Иммуноглобулин

топтары

Молекулалық

массасы, кДа

Мөлшері (мг/мл)

Түйе сүті

Түйе уызы

IgG1

146-162

0,03-0,06

1,5-18,0

IgG2

146-154

0,006-0,012

0,1- 0,3

IgG (жалпы саны)

 

0,015-0,08

2,0-20,0

IgA

385-430

0,005-0,01

0,1-0,6

IgM

900

0,004- 0,01

0,3-0,9

 

Казіргі уақытта ғылыми әдебиеттерде көптеген мәліметтер және технологиялық әдістер, сүт және уыз құрамындағы иммуноглобулиндерді және концентрациясын анықтауға бағытталған. Соңғы 20 жылда хромотография және мембранадан белокты бөлу әдісі қолданылып келеді [25].

 

1.8.2  Хроматография әдісі және оның түрлері

      Бұл әдіс шұбаттан иммуноглобулиндерді бөліп алуда қолданылатын ең тиімді әдіс болып табылады.

Хроматография – бір-бірінен айырылмайтын екі фазада зерттеледі ерекшеліктері бойынша бөліп алу, анықтау әдісі. Бұл әдіс әр түрлі қоспаларды бөлудің ең кең тараған сенімді және әмбебап түрі.

Әр түрлі заттардан келетін сигналдар бір-бірімен өте ұқсас болатындықтан оларды кейде бір бірінен приборлардың көмегімен ажырату мүмкін емес. Сондықтан аналитикалық сигналдарды өлшемесе хроматография бұрын бөліп алудың бірнеше сатыларын жүргізеді. Бір фазадағы заттардың қоспаларын бөліп алудың екі тәсілі бар:

  • Осы жүйеге араласатын компоненттерді байланыстыратын реагенттерді қосу;
  • Бір фазалы жүйені көп фазалы жүйеге айналдыру. Екінші фаза қоспаның компоненттерінен түзілуі мүмкін. Сонымен қатар жүйеге енгізуге болады (экстракция, хромотаграфия әдісі).

Хроматография бөліп алу әдісі ғана емес, хроматографиялық процестер заттардың табиғаты мен концентрациясына байланысты.

       Хроматография әдісін 1903 жылы орыс ботанигі М.С.Свет жасады. Осы әдіспен хлорофилдерді бөлді. Алайда хроматография 1941 жылы А.Мартин мен Р.Синдж заттарды бөлу үшін бөліп таратуды (реттеу, үлестіру) ұсынғаннан кейін дамыды. Одан бері хроматографияның көптеген түрлері жасалды. Процестердің теориясы жетілдірілді. Хроматографияны заттардың күрделі қоспаларын бөлгенде пайдаланады.  Кейбір жағдайда хроматография анализдің (талдаудың) ең жақсы және жалғыз әдісі болып табылады [10].

 

Хроматографияның мәні

        Бұл процес құрамында бөлінетін сұйықтықтың компоненттері бар қозғалғыш жылжуына негізделеді. Қозғалғыш фазаның жылжуына негізделеді. Қозғалғыш фаза қозғалмайтын фазаның бойымен жылжығанда қоспа компоненттері қозғалмайтын фазада сорбцияланады. Сондықтан кейде  қозғалмайтын фазаны сорбент деп атайды. Сорбент ұстап қалған молекулалар қозғалғыш фазаға өтіп, сонымен бірге жылжып, кейін қайтадан сорбцияланады. Осылайша екі фазаның арасында әр компоненттің молекулалары бөлінеді. Қозғалмайтын фазаға компоненттің туыстығы қаншалықты жақын болса солғұрлым компонент күшті болады.

Хроматографияның ең көп қолданылатын түрлері: гел-хроматографиясы, ион алмасушы хроматография, аффиндік хроматография және т.б.

Кейбір заттардың иондары электролиттердің ертіндісінде болатын иондармен алмасуға қабілетті болады, ион алмасушы қабілетке көптеген табиғи обьектілер жатады[10].

Ион алмастыра алатын заттарды ион алмастырғыштар, немесе иониттер деп атайды алмасатын иондардың заряд белгісіне қарай катиониттер мен аниониттер деп бөледі. Хроматографияда иониттер ретінде ион алмастырғыш смола (шайыр) деп аталатын синтетикалық полимерлі заттарды пайдаланады. олар матрица (R) және қозғалғыш иондары бар белсенді топтардан тұрады. катиониттерде қышқылды, мысалы сульфо немесе карбоксил топтары (RSO3, RCOOH), аниониттерде- негіздер мысалы, амин топтары (RNH2,RNH) болады.

Мысал ретінде Кy-2 катиониті мен AB-17 анионитінің құрлысы берілген (белсенді топтар тік жақшамен көрсетілген):

 

 

  • ··- CH2 ─CH─CH2 ─ CH─ CH2        CH2    ─     CH   ─ CH2    ─   CH ─CH2                         
               
   
             
 

 

 

 

                  │               │                                        │                          │

                   SO3H       CH ─CH2─··                    CH2─N(CH3)       CH─CH2

 

                 │                                                         │

                   Ky-2

                                                                             CI          AB-17

 

 

Ертіндінің иондарымен селективті алмасатын топтарды шайырға енгізгенде, модификацияланған иониттерді алады. мысалы, глиоксимды тобы = N-OH, Шайыр Ni 2+  иондарына қатысты селективті келеді.

Әр ионит иондардың эквивалент санымен сипатталады ион алмасушы тепе-теңдікті алмасу константасымен (тұрақтысы) сипаттайды:

тепе-теңдік үшін RKt + M+ ==RM + Kt +

 

 

Және тепе-теңдік үшін RAn + A= RA +An—      

 мұнда aAn,  aKt, aAn, және aM — ертінділеріндегі иондардың активтілігі;

aRKt, aRM, aRAn, — ионит фазасындағы иондардың активтігі.

 

Иониттер заряды көп иондарды бір зарядты иондарға қарағанда көбірек ұстап қалады [10].

Катиондарды бөлу үшін алдымен катионитті күшті қышқыл ерітіндісінен өткізіп Н+-формаға айналдырады, сосын иондар қоспасының ертіндісін баяу жайлап өткізеді, әр ион өзінің сорбциялану қабілетіне сәйкес шайырда біраз уақыт болады. Одан әрі бағана арқылы қышқыл ертіндісін өткізеді, осы кезде сутегі иондары сорбцияланған катиондарға алмасады да ерітіндімен бірге бағанадан шығады. Бағанадан шығар жерде фракцияларды жинайды немесе аналитикалық сигналдың автоматты түрде үздіксіз жазылуын жүргізеді.

         Ион элементтерді анықтау үшін, соның ішінде сілтілі металдар үшін де пайдалануға болады, сілтілі металдар ерітіндісін Н+-формадағы катионит арқылы өткізеді, бұл кезде метал иондары сутегі иондары эквивалентті санына алмасады. Алынған қышқылды сілтілі ерітіндімен титрлейді, бұл тәсіл көмегімен титриметриядағы стандартты заттардың ауқымы кеңейді. Мысалы, натрий хлориді алғашқы стандарт заттардың барлық талаптарына жауап береді оны сілті ертінділерін стандарттау үшін пайдаланады.

Бұл әдісте стационарлы фаза ретінде ұсақ түйіршік тәрізді гельді қолданады, осы стационарлы фазаны молекулалық елегіш ретінде қарастыруға болады. Елегіш тәрізді тігілген құрылымы бар полимерлерден дайындалған гель түйіршіктері, осындай полимерлі материал ретінде тігілген агароза немесе декстран (екеуі де полисахаридке жатады) алынады.

Сулы ортада полимерлік материал суды өзіне сіңіреді және сорады. Кеуекті құрлымын сақтап калатын гель тәрізді түйіршіктерге айналып қалады. Осы сіңірілген материалдың көлемі полимердің тігілу дәрежесіне байланысты. Колонкаға тамызылған ерітінді (жылжымалы фазадағы ерітінді түрінде) түйіршікті гельдермен әрекеттесе бастайды [10].

Кеуек арқылы (сеткадан) түйіршіктер көлемнен өтеді. Бұл колонкадағы ерітілген заттың қозғалысын азайтады, ірірек молекулалар колонкада ұсталып қалады, ол түйіршіктің көлеміне жайылады, үлкен молекулалар кеуектен өте алмай, түйіршік көлемінде қалып қояды.

Жылжымалы фазада жәй колонка арқылы өтеді, қарапайым көрсетілген сызбада екі компонентті қоспаның бөліну кезеңі көрсетілген. Хроматографиялық бөлінудің қорытындысы графикалық түрде кездеседі. Өлшенетін қасиет (ультракүлгін сәуле облысында жұтылу) немесе (3H немесе 14C) радиоактивті белгісін қолдану. Қалған активтілік осыны қолданған жағдайда көрсетіледі.

Колонкадан шыққан элюат көлеміне тәуелділік арқылы гафик тұрғызылады [10].

Бұл графиктегі шың, жеке және молекула өлшемінің әр түрлілігіне байланысты зона бойынша бөлінетін белоктардың түрін көрсетеді.

Қоспада бөлінетін әр компонент элюирлену көлемімен сипатталады, бұл осы моментке дейін жиналған элюат көлеміне тең, бұл шыңның максимумына сәйкес келеді.

Егер бөліну кезінде тек бір шың шықса, бұл бастапқы препараттың тазалығын көрсетеді. Шыңның санына байланысты қоспада қанша зат бар екенін білуге болады.

Белоктың белгісіз молекулалық массасын егер гельдік молекула қайтадан  градуирленген болса, осы колонкада сол жағдайда, молекулалық массасы белгілі бірнеше таза белоктың элюирленген көлемі мен анықталған көлемі арқылы белоктың белгісіз молекулалық массасын табуға болады немесе анықтауға болады.

Сонымен қатар осы жағдайда колонкадағы зерттелетін белоктың элюирленген көлемін молекулалық масса және элюерлену көлемінің логарифмнің арасындағы сызықтық тәуелділікті пайдаланып алынған мәнді салыстыру арқылы табуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ МЕН ӘДІСТЕРІ

2.1 Зерттеу объектісі

Зерттеу обьектісі ретінде түйе сүті мен уызы қолданылды. Оларды Қазақстанның екі облысынан: Алматы облысының Іле ауданының ЖШС «Дәулет-Бекет» түйе шаруашылығы, бұл фермада тек таза (Camelus  dromedarius)  тұқымды түйелер өсіріледі. Атырау «Теңдік» шаруа қожалығы ЖШС, бұл фермада тек таза бактриан (Camelus bactrianus) тұқымды түйелер өсіріледі.

Зерттеуге бүкіл сауылым біткен соң, біріктірілген түйе сүті қолданылады. Сонымен қатар, түйелердің уызы жаңа төлдеген, денсаулығы қалыпты түйелердің бірінші сауылымы, яғни post-partum 1лактациялық күнінде алынды.

 

2.2  Зерттеу әдістері

2.2.1 Тернер бойынша қышқылдығын анықтау

        Тернер әдісі бойынша 10 мл зерттелетін үлгіні алады, үстіне 20 мл   дистилденген суды колбаға құяды және 3 тамшы 1% фенолфталеиннің ертіндісін тамызады. Колбаны 0,1 н NaOH ертіндісімен қызғылт түске боялғанға дейін титрлейді. Титрлеуге кеткен сілті ерітіндісінің мөлшері бойынша есептеулер төмендегідей жүргізледі.

Κ=V*k

Мұндағы :  Κ-Тернер бойынша титрлеуге кететін қышқылды;

                               0 T:V— титрлеуге кеткен сілті көлемі;

                    k- сілтінің коэффиценті  

 

2.2.2  Lactоscan­ Сүт анализаторы

        Орташа ультра қызыл толқын ұзындықта, автоматты түрде анықтайтын анализатор. Сүттің:майлылығын, майсызданған құрғақ затын, тығыздығын, белок лактоза сүт үлгісінің температурасын, сырттан қосылған су мөлшерін, қату температурасын, күлдің мөлшерін анықтайды.

 

2.2.3 Лоури әдісі бойынша жалпы белок мөлшерін анықтау

       Әдіс сілтілі ортада белоктардың мыс купоросымен боялған ерітінді беруіне негізделген [22].

Реактивтер

       А:  2% Na2CO3 ертіндісі мен 0,1н NaOH ертіндісі (2г-100мл)

       Б:  1% натрий цитратының немесе NaK (натрий виннокислый)

             ертіндісіндегі 0,5 % CuSO4*5H2O

       В:  1 мл Б ертіндісі + 50 мл А ертіндісі

Фолин реактиві:  1H Фолин реактиві керек

 Жұмыс барысы:

         Бақылауға В-ны құйғаннан бастап 10 мин қоямыз.Содан кейін бақылауға Фолинді құйып,30 мин қоямыз да, белгіленген уақыт өткеннен кейін ерітінділердің тығыздығын ФЭК–те өлшейміз. ФЭК–ті алдын-ала 30 мин бұрын қосып қоямыз. ФЭК–тің кюветалары бірдей болуы және толқын ұзындығы 750 нм болу қажет.

           

  • С витаминінің мөлшерін анықтау

Түйе сүті мен уызы С витаминінің мөлшері оксидо-редуктазалық әдіспен 2,6-ДХФИФ-мен титрлеу әдісі арқылы анықталды [23].

Реактивтер:

  1. 2,6 – ДХФИФ(дихлорфенолиндафенол)

        0,15 г ДХФИФ 500 мл-ге дист.сумен жеткіземіз.

  1. 2. Соль Мора

       0,392 г Мор тұзын алып 100 мл дист.сумен жеткіземіз.

  1. 0,01 Н қымыздық қышқылы

       4,5 г 0,1 Н қымыздық қышқылын алып 1000 мл-ге дист.сумен жеткіземіз.

  1. 0.01 H KMnO4

           0.1 H KMnO4   10 мл алып 100 мл-ге дист.сумен жеткіземіз.

Жұмыс барысы: 50 мл сүт немесе сарысу

                            +4 мл қаныққан қымыздық қышқылының ертіндісі

                            +10 мл қаныққан NaCl ертіндісі

     Бәрін араластырып, фильтрлеу керек. Фильтраттың 25 мл-рін 2,6 дихлорфенолиндофенол ерітіндісімен микро бюретка арқылы ақшыл-қызғылт түске дейін титрлейміз.

С витаминінің мөлшерін келесі теңдеу бойынша есептейді:

С витамині = Vбояу  * T бояу  * 0,088 * 2 * титр қателігі    [мг/л]

1 мл 0,001 н бояу ерітіндісі = 0,088 мг аскорбин қышқылы

 

2.3 Сарысу белоктарын фракциялау

2.3.1  Түйе сүті мен уыздың белоктық фракциясын бөліп алу

Фракциялау түйе сүті мен уызы құрамындағы сарысу белоктарын ауыр тұздардың иондарымен қанықтыру арқылы кейбір жоғары молекулалық массадағы белоктарды тұнбаға түсіріп алуға болады. Иммуноглобулидердің қасиеттерін зерттеу үшін олардың бөліп алу әдістері қарастырылады. Бірінші кезеңді айтатын болсақ, ол сүт немесе уыздың құрамынан иммуноглобулиндерге бай, басқа құрама бөліктері кедергі болмайтындай дайындайды. Ол үшін аммоний сульфатының концентрациясын көбейту бағытында қанықтырамыз. Одан алынған өнім электрофорез әдісімен тексере отырып, әрі қарай тазартуға болады.

Түйе сүті мен уызын фракциялау нәтижесінде концентрациясы 35% және 55% (NH4)2SO4 қаныққан ертіңдісі алынады. Түзілген фракцияларды диализге бір тәулікке қалдырамыз ертесі электрофорезбен жалғасты белоктардың электр қозғалғыштығын көруге болады.

Жұмыс барысы

        Сүтті центрифугадан өткізіп казеиннен бөліп аламызда супернатанды 35% тік (NH4)2SOертіндісін қосып магнит араластырғышпен 30 мин араластырамыз да центрифугаға (15мин /3000 рет) қоямыз, шыққан тұнба мен супернатанды бөліп алып супернатантты жалғасты 55%-тік (NH4)2SO4 ерітіндісімен қанықтырамыз 30 мин, екінші рет центрифугаға(15мин/3000рет) қоямыз шыққан тұнба мен супернатанды бөліп алып, ары қарай электрофорезге қоямыз.

 

2.3.2  SDS-PAGE электрофорез әдісі

Реактиврер

  1. Acryiamide/bis (30% T, 2.67% C).

Бұл ерітінді 14,6 г аcrylamide (29,2г/100мл) мен 0,4г N N-bis-methylene-аcryiamide ертіндісі 50мл-ге дейін дистилденген суда дайындалады.

  1. 1.5M Tris-HCI, pH 8.8.

Бұл ерітінді 9,075г Tris base (18.15г/100мл) 50мл дистилденген суда дайындалады. 6 н НСІ мен pH 8,8 -ге, 75 мл -ге дейін жеткізіледі.4оС сақталады.

  1. 10% SDS

10г SDS 90мл дистилденген суда 100мл ге жеткізу.

  1. 4. Sample buffer

Бұл ерітінді 3,8 мл дистиленген су, 1,0 мл 0,5M Tris-HCI, pH 6.8 0,8мл глицерол, 1,6мл 10 % SDS, 0,4 мл 1 % бромфенол көгі жалпы 7,6 мл қосылыс дайындалып, 950С дейін қыздырады.

  1. 5. 5х электродты буфер, рН 8,3

Бұл ерітінді 9г Tris base (15г/л), Глицин 43,2 г (72г/л), SDS 3 г (72г/л), 600 мл дистилденген суда дайындалады. Бұл гельдегі белоктың жылжыуын  көрсетеді.

  1. 6. 10% ПСА

Бұл ерітінді 0,1 г АРS 1 мл дистилденген суда дайындалады.

  1. 7. Кумаси Coomassic blue. Procedure stain 1.2 hour with 0.1 % coomassie blue

R – 250 in fixative ( 40 % Me OH, 10 % MOAc)

  1. 8. 7% CH3COOH

CH3COOH конц. 35 мл алып 500 мл дистилденген суда дайындалады.

Жұмыс барысы

12% SDS-PAGE гелі — 0,375М Tris рН 8,8 жасау

+3,3 мл дистилденген су

+2,5 мл 1,5 M Tris — HCI, pH 8.8 ертіндісі

+100 μл 10% SDS ертіндісі

+4 мл Acryiamide/bis

+50 μл 10% аммоний персульфаты

+5 μл ТЕМЕД.Жалпы көлемі 10 мл гель дайындалады.

Электрофорез жүргізу арнайы V10-CDC (Scie-Plas Limited, Southam) Warwichshire (CV47 OHP England) құрылғысында,12 % (30 % Т, 2,67 %С) ПААГ-ін және 1,5 м Tris — HCl, pH 8,8 гельдік буферін қолдану арқылы жүргізіледі. Электродты буфер ретінде рН 8,6 Tris-Глицинді буфері қолданылады. Гель ішінде белоктардың жылжуын қамтамасыз ету үшін додецилсульфатнатрий қатысуымен, су моншасында қыздыру арқылы денатурацияланады.Белок үлгілері гельге әрбір ұяшыққа 10 µL көлемінде енгізіледі. Электрофорез шамамен 2 сағат бойы, тұрақты кернеуді (200V) әмбебеп ток көзі EV265 (Fluke 8010A,S.N.3066111) көмегімен ұстап тұру арқылы жүргізіледі.

Гельде алынған белок фракциялары 10% үшхлорсірке қышқылы ерітіндісінде фиксацияланады. Әрі қарай 0,1% R-250 кумасси бриллиант көгі көмегімен боялады. Алынған гель 7% сірке қышқылында жуылады.

Жалғасты Excel программасында гельдегі әрқайсы белоктың орны бойынша әр қайсы белоктың молекулалық массасы есептеледі.

График бойынша молекулалық массаны есептеудің формуласы алынды:

y = -1,2007x + 5,7713

R² = 0,9578

     Х = Белоктардың гельдегі жүріп өткен жолы, яғни электрофорездік қозғалғыштығы Rf

Lg Mr = Y болса онда Mr = 10Y

1-сурет. Калибрлік график

 

 

       Калибрлік графиктегі формула бойынша молекулалық массасы белгілі белоктардың электрофорездік қозғалғыштығы Rf-тың мәнін тапқаннан соң, формула бойынша Mr мәнін анықтауға болады [24].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ

      Сүттегі, уыздағы иммуноглобулиндердің мөлшерінің әр түрлі 4 факторларға — жыл мезгіліне, мекен ету аймағына, малдың түрі және лактациялық кезеңіне тәуелді ауытқушылықтары болады. Біздің зерттеуге Алматы және Атырау облыстарындағы сауылып жүрген түйелер қатыстырылды.

3.1 Түйе сүтінің физикохимиялық көрсеткіштері

     Алматы және Атырау облысындағы құрама сүттер құрамындағы жалпы белок, витамин С, қышқылдық және рН мәні төменде 6-кестеде көрсетілгендей.

Көрсеткіштер

Алматы

Атырау

Майлылығы, %

3,08±0,01

5,36±0,08

Құрғақ заттар, %

8,27±0,02

9,14±0,22

Тығыздығы, градус арометр

28,86±0,06

31,08±0,82

Белок, %

3,09±0,01

3,41±0,09

Лактоза,  %

4,49±0,01

4,95±0,12

Қату температурасы, 0С

-0,53±0,001

-0,605±0,017

Тұз, %

0,78±0,00

0,88±0,03

pH

6,94±0,00

4,40±0,00

6-кесте. Алматы және Атыраудың түйе сүтінің физико-химиялық көрсеткіштері

 

           Алматы және Атырау облыстарының сүттері салыстырылды, орташа мәндері келесідей: қышқылдық Алматыда 22,67±0,44 0T. Қызылорда сүтінде 19,67±6,22 0T аралығында ауытқып отырды. С витаминінің мөлшері Алматыда 5,17±0,00г/л, Атырауда 1,92±0,42г/л көрсетті. Бұдан біз қышқылдығы мен С витаминінің мөлшері бойынша, Алматы түйесі Атырау түйесіне қарағанда жоғары көрсеткіш бергенін көре аламыз.

3.2 Түйе уызының физико-химиялық көрсеткіштері

      Төлдегеннен кейінгі алғашқы 0-5 күндік уыздардың құрамындағы заттардың мөлшері көрсетілген: майлылығы, тығыздығы, қышқылдығы, С витаминінің мөлшері, құрғақ заттар, т.б. (7-кесте).

7-кесте. Алматы және Атырау облыстарының түйе уызының физикo-химиялық көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Алматы 

Атырау 

Майлылығы, %

0,00 ± 0,00

5,17  ± 0,02

Құрғақ заттар, %

16,43 ±0,03

14,23±0,09

Тығыздығы, градус ареометр

59,72 ± 0,11

49,68 ± 0,33

Белок, %

6,12 ±0,01

5,29 ± 0,06

Лактоза, %

8,96 ± 0,02

7,72 ± 0,05

Қату температурасы, 0С

-0,50± 0,00

-0,51 ± 0,00

Тұз, %

1,52 ±0,01

1,35 ± 0,01

pH

6,64 ±0,00

4,97 ± 0,00

     Кестеден түйе тұқымы және мекен еткен жеріне байланысты, яғни дромедар және бактриан уызы құрамындағы заттардың мөлшерінің  ұқсамайтындығын көруге болады. Қышқылдығы Алматы уызында 37,33±0,440T, Атырау уызы 21,00±3,330T. C витаминінің мөлшері Алматы  уызында 6,17±0,40г/л Атырау уызы 8,08±0,20г/л көрсетіп отыр. Бұдан біз Атырау уызында Алматы уызына қарағанда С витаминінің мөлшері жоғары екенін көре аламыз.

 

3.3 Түйе сүті мен уызының сарысу белоктық фракциясын бөліп алу

2-сурет.  Түйе сүті мен уыздың сарысу белоктарын фракциялау реті

 

                                               Сүт

                                                    ↓

                                                    қышқылдандыру (рH 4,6)

                                                    ↓

Центрифугалау (20 минут/3000 айналым)

                                                    ↓

                                          Сүт сарысуы  S1

                                                    ↓

                            35%  (NH4)2SO4 ерітіндісімен қанықтыру

                                                    ↓

                                               Инкубациялау 30 мин

                                                    ↓

                                      Центрифугалау (20минут / 3000 айналым)

 

 
   

 

 

 

                     Тұнба S2                                              Супернатант S3

                                                                                            ↓

                                                                55% (NH4)2SO4  Қанықтыру     

                                                                                            ↓

                                                                                  Инкубация 30 мин

                                                                                            ↓

                                                         Центрифуга (20 минут/3000айналым)

                                                                                            ↓

 
   

 

 

 

                                                              Тұнба S4                            Супернатант S5

 

 

     Әр кезеңде 35% (NH4)2SO4 және 55% (NH4)2SO4-ның ерітіндісімен қанықтырылған S1, S2, S3, S4, S5 сарысу белоктары әрі қарай электрофорез әдісімен зерттейміз. Яяяя

 

 

 

 

яяя

 

 

 

3.4 Түйе уызын фракциялау

 

       Атырау және Алматы облыстарының түйе уызына жасалған фракциялаудан алынған сарысуды, Лоури әдісі бойынша жасаналған белоктардың графигі.

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     3-сурет. Атырау және Алматы түйе уызындағы жалпы  белок мөлшері (Лоури бойынша)

Аt- Атырау облысының түйе уызы

Db- Алматы «Даулет — Бекет» түйе уызы

Бұл графикте бірдей әдіспен алынған әр облыстардың түйе уызының белогы салыстырылған. Салыстырмалы түрде Атырау түйе уызы белоктарының мөлшері Алматыға қарағанда жоғары екенін көруге болады. S4-түйе уызын, 55% – (NH4)2SO4 қанықтырылған тұнбасы, мұнда «Даулет-Бекет» түйе уызы толығымен тұздармен тұнбаға түскен, ол жерде белок анықталмайды.

 

3.5 Түйе сүтінің сарысу белоктарын электрофоретикалық зерттеу

       Электрофорез  жүргізу арнайы V10-CDC (Scie-Plas Limited, Southam Warwichshire CV47 OHP England) құрылғысында, 12 % (30%Т; 2,67%С) ПААГ-ін және 1,5М Tris-HCl, pH 8,8 гелдік буферін қолдану арқылы жүргізілді. Электродты буфер ретінде рН 8,6 Tris-Глицинді буфері қолданылды. Гель ішінде белоктардың жылжуын қамтамасыз ету үшін натрий додецилсульфаты қатысуымен,

 

су моншасында қыздыру арқылы денатурацияланады. Белок үлгілері гелдің әрбір ұяшығына 10 µL көлемінде енгізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-сурет. Сарысу белоктарының гельдегі қозғалысы

 1 –сүт сарысуы

 2 – 35% – (NH4)2SO4 -мен  қанықтырылған тұнба

 3 – 35% – (NH4)2SO4 — мен қанықтырылған супернатант

 4 – 55% – (NH4)2SO4 — мен қанықтырылған тұнба

 5 – 55% – (NH4)2SO4 — мен қанықтырылған супернатант

 ст – стандартты белок

8-кесте. Алматы облысының түйе сүтінің сарысу белоктарының электрофорездік қасиеттері мен % мөлшері (сүт сарысуы бойынша)

   

Белок

фракциясы

Rf

Mr, кДа

 %  мөлшері

1

0,009

323

97,09

2

0,067

175,5

2,1

3

0,982

82,71

0,78

4

0,987

81,60

0,65

5

0,994

70,57

0,15

     

         Жоғарыдағы кестеден біз полиакриламид геліне түскен түйе сүті сарысу белоктарының фракцияларынан көрінген 5 фракция ішінде, 1-фракцияның молекулалық массасы 323kDa, алатын үлесі 97,09% электр қозғалғыштығы 0,009, 2-фракцияның молекулалық массасы 175,5kDa, иелейтін орны 2,1% екенін көре аламыз.

9-кесте. {35% — (NH4)2SO4 – мен қанықтырылған тұнба}

 

Белок

фракциясы

Rf

Mr, кДа

 %  мөлшері

1

0,006

323

0,56

2

0,061

176

28,2

3

0,367

170,7

35,65

4

0,433

85,1

0,46

5

0,654

65,1

16,98

6

0,823

60,1

12,48

7

0,951

56,7

2,92

8

0,979

50,5

28,2

 

бұл нұсқада 8 фракция көрінген, 3-фракциядағы белоктың молекулалық массасы 176kDa алатын үлесі 35,65%, электр қозғалғыштығы 0,367 болған, 8- фракциядағы белоктың молекулалық массасы 170kDa, алатын үлесі 28,8% электр қозғалғыштығы 0,979.

10-кесте.  {55%-(NH4)2SO4-мен қанықтырылған тұнба}

Белок

фракциясы

Rf

Mr, кДа

 %  мөлшері

1

0,011

168,8

96,64

2

0,061

133,4

4,51

3

0,979

58,63

1,006

 

 

 

 

 

 

 

 1-фракция молекулалық массасы 168kDa, алатын үлесі 96,64% электр қозғалғыштығы 0,06.

 

11-кесте.  {55%-NH4)2SO4-мен қанықтырылған супернатант}

Белок

фракциясы

Rf

Mr, кДа

 %  мөлшері

1

0,008

233,1

94,6

2

0,059

150,1

20,67

3

0,956

85,82

3,45

4

0,979

79,01

2,35

 

 

 

 

 

 

 

 1-фракцияда белоктың молекулалық массасы 233kDa, алатын үлесі 94,06% электр қозғалғыштығы 0,008, 2-фракциядағы белоктың молекулалық массасы 150kDa алатын үлесі 20,67%, электр қозғалғыштығы 0,059.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚорЫтынды

 

Түйе сүті мен уызының ұқсас мезгілдегі уақытқа  байланысты химиялық құрамы мен белоктық заттардың өзгеруін екі басқышта қорытындылауға болады:

  1. Физико-химиялық қасиеттері:

Түйе сүтінің қышқылдығы Алматыда 22,67±0,440T. Атыраудың сүтінде 19,67±6,22 0T. Уыз бойынша Алматыда 37,33±0,44 0T, Атырау 21,00±3,330T аралығында ауытқиды. С витаминінің мөлшері Алматыда 5,17±0,13мг/мл, Атырау 1,92±0,42 мг/мл. Уыз бойынша дромедарда 6,17 ± 0,06мг/мл, бактриан 8,08±0,09 мг/мл көрсетті.

  1. Электрофорездік қасиеті бойынша:

       Фракциялаудың 5 нұсқасын талдағанда: 1. сүт сарысуы 1-фракциясы 323kDa, 2-фракция 175,5kDa. 2. 35% — (NH4)2SO4 – мен қанықтырылған тұнба 3-фракция 176kDa, 8-фракция 170kDa.  4. 55%-(NH4)2SO4-мен қанықтырылған тұнба 1-фракция 168,8kDa, 5. 55%-NH4)2SO4-мен қанықтырылған супернатант 1-фракция 233kDa, 2-фракция 150kDа. Осы белоктарды молекулалық массаларына негізделіп, иммуноглобулиндер деп болжауға болады, бұл фракцияларды жалғасты хроматография әдісі арқылы иммуноглобулиндерін бөліп алуға болады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

  1. Yagil R. Camels and camels milk. FAO animal production and health paper. Rome 1982
  2. Мұсаев З.М., Төреханов А.Ә., Сейдалиев Б.С. Түйе шаруашылығы. Алматы: Бастау, 2007 ж., 136 б.
  3. Горбатова К.К. Биохимия молока и молочных продуктов. М:

      Логкая и промышленная промышленность, 1984

  1. Сеитов З.С. Биохимия. Алматы: Агроуниверситет, 2000 ж., 898 б.
  2. А . Роит Иммуноглобулиндер    Москва  мир  1991ж , 337 б.
  3. Konuspayeva, B.Faye, G.Loiseau, D.Levieux. Lactoferrin and Immunoglobulin Contents in Camel’s Milk (Camelus Bactrianus. Camelus dromedarius , and Hybrids )  from Kazakhstan .   J .Dairy  Sci .90: 38-46
  4. Ж.Ж.Жумашев, М.Б.Бабаев, Ш.С.Алимжанова, М.А.Туганбекова. Иммуноглобулины в онтогенезе животных. Алматы, 1994ж. 156 б.
  5. С. Е. Северина, Г. А. Соловьевой   Практикүм по биохимия 1989ж.     МГУ.  509 б.
  6. Е. Н.Дорохова, Г.В.Прохорова. Аналитикалық химия 1991ж. Москва, 253 б.
  7. А. А. Земянухин . Проктикум  по биохимия. 1975ж. МГУ. 144 б.
  8. Р.Бохински. Современные воззрения в биохимии москва мир 1987ж 543 б
  9. З.С. Сеитов Кумыс шубат    Алматы-2005. 285 бет.
  10. Книга о молоке. Алма-Ата, Қайнар, 1982, c. 334.
  11. Abu-Lehia I.H., 1989. physical and chemical characteristics of camel milk fat a dits fractions .food chem ., 34,p.261-271
  12. Metz-Boutigue M .N., Jolles S., et.al Human lactoferrin : amino acid sequence and structural comparisons with other transferrin//Eur.s.Biochem .1984.vol.145,№3, 659-676
  13. Elagamy I., Zeinab  I. Abou – Shloue   and Abdel- Kader  Y.I., 1997. A comparative study of milk proteins  from different species. Electrophoretic patterns, molecular characterization, amino acid composition  and immunological  relationships.  In .; proceedings .  3 rd  Alexandria Conference of food Sci . and tech , Alexandria , Egypt, 67-87
  14. Farah ,  1986. Composition of camel milk. Reviw article. J.Dairyes.,160
  15. Reiter 1984. Role of  nonantibody proteins  in the protection of newborn.                 In A/F/Williamsand  J. D., Baum, ed. Human banking, 1984, New York, Raven Press, p.29- 53 . Int J. Tissue React . 5; 87- 96 
  16. Қадырова Р.Х., Верблюжье и коблье молоко в питании . Алматы Қазақстан,  1985, с. 158
  17. nan S.O., Sheriha A.M., 1986.  composition of Libyan camel’s milk. Aust.J.Dairy Technol., 41, p. 33- 35
  18. I. Elagamy ,   R. Ruppanner , A. Ismail ,  C .P. Champagne & R.Assaf. Purification and Characterization of Lactoferrin, Lactoperoxidase, Lysozyme  and Immunoglobulins from camel’s milk
  19. Wikipedia , он – лайн  энциклопедия.
  20. А.А Землянухин. Практикум по Биохимии. Определение белка по Лоури. Изд: ВГУ, Воронеж, 1975, с. 144
  21. Дубровицы. Изучение состава молока коров. Изд. отдел научно-технической информации, 1969
  22. High Molecular Weight Calibration Kit For SDS Elektrophoresis.
  23. Amershamacia biotech, 2000
  24. Молочная промышленность, 2008 № 3 стр. 82           
  25. A. Abd El-Gaward, Elham M. El-Sayed, M.B. Mahfoouz, A.M.Abd El-Salam. Changes of Lactoferrin concentration in colostrum and milk from different species, Egyptian J.Dairy Sci., 245:297-308, 1996
  26. Halima El-Hatmi, A. Levieux, D.Levieux, Camel immunoglobulin G, a- lactalbumin and lactoferrin in colostrum and milk during the еarly post–partum period. J. Dairy Research (2006), 73:1-6
  27. I. Elagamy. Effect of heat treatment on camel milk proteins with respect to antimicrobial factors: a composition with cow’s and buffalo milk proteins
  28. Merin , S.Bernstein, A. Bloch- Damti , R.Yagil, C.van Creveld, P.Lindner, N.Gollop Acomparative study of milk serum proteins in camel (Camelus dromedarius) and bovine colostrums
  29. Министерство образования и науки республики Қазақстан «Қазахский государственный аграный университитет Технологии  получения иммуноглобулинов крупного рогатого скота  Алматы  1999        
  30. Cостав белка mblok.ru  
  31. Levieux D, Levieux A, El –Hatmi & Rigau JP  2005 Immunochemical quantification of heat denaturation of camel why proteins Journal of dairy Research 72-19
  32. Levieux D, Morgan F, Geneix N, Masle I & Bouvier F 2002 Caprine immunoglobulin G, B-lactoalbumin, a- lactoalbumin and serum albumin in colostrums and milk during the early post partum period. Journal of dairy Research 69, 391-399.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТҰЖЫРЫМ

 

Берілген жұмыста Қазақстан жағдайында түйе тұқымы мен мекен еткен жеріне байланысты, түйе сүті мен уызының физико-химиялық қасиеттері, олардың құрамындағы иммуноглобулиндердің мөлшері анықталды.

 

 

 

РЕЗЮМЕ

 

В данной работе изучен физико-химические свойства и содержание иммуноглобулинов в молоке и молозиве верблюдиц в связи с породой и региона разведения в Казахстане. 

 

 

SUMMARY

 

It were studied physicochemical features and immunoglobulins’ content of camel’s milk and colostrum, related to breeds and rearing area of camels in Kazakhstan in this work.