АЛТЫНОРДА
Наука и Образование

Дипломдық жұмыс. 1979-1989 жылдардағы Ұлыбритания сыртқы саясатындағы басым бағыттар тарихы

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

1-ТАРАУ. ҰЛЫБРИТАНИЯ 20-ШЫ ҒАСЫРДЫҢ 80-ШІ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНІҢ АУҚЫМЫНДА

1.1 Ұлыбритания сыртқы саяси қызметінің құрылымы мен функциялары

1.2 М.Тэтчер тұсындағы Форин оффис және оның халықаралық ұйымдардағы ұстанымы

 

2-ТАРАУ. 1979-1989 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҰЛЫБРИТАНИЯ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАР

2.1 Ұлыбританияның АҚШ, КСРО мемлекеттерімен дипломатиялық қатынастары

2.2 Ағылшын-аргентин қақтығысы және консерваторлық үкіметтің саяси ұстанымы

2.3 Ұлыбритания – Қытай қатынастарындағы Гонконг мәселесі

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 КІРІСПЕ

 

  Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның  қазіргі тәуелсіздік тұрпатындағы көпвекторлы сыртқы саясаты халықаралық қатынас тарихындағы әлемдік жетекші елдер ұстанымының басым болған бағыттарын жете саралай білуді қажет етеді. Осындай әлемдік саясатта белсенді елдердің бірі Ұлыбританияның  1979 жылы билікке келген консерваторлық үкіметінің халықаралық қатынастардағы саяси ұстанымын, жалпы осы кездегі мемлекеттің сыртқы саяси бағыттарының даму ұстанымдарын зерттеу  мәселенің өзектілігі  болып отыр.

Ұлыбритания капиталистік қатынастар дәуірінің орнауы кезеңінен бері Еуропа елдерінің ішінен бір қадам алда болып келгені белгілі. Тарих тағылымында бұл елдің ішкі, сыртқы саясатын У.Черчилл, Г.Вилсон, Э.Хит секілді өзге де саяси басшылары белсенді құрып, жүргізіп келді. Ұлыбританияның әлемдегі беделінің үстем, салмағының ауыр болуы осы басшылардың қызметімен, жүргізген саясатымен тікелей байланысты. Бітіру жұмысын зерттеу мәселесінде, 1979-1989 жылдардағы Ұлыбритания сыртқы саясатын қалыптастыруда 10 жылдан астам Ұлыбритания премьер-министрі қызметін атқарған, кеңес баспасөзі «Темір ханым» деп атаған – Маргарет Хильда Тэтчердің рөлі ерекше.

     Британдық империяны құруда дипломатия өзіндік рөл атқарып, елдің билеуші топтарының жердің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған адамдарды тәуелдігінде ұстау үшін еркінің жүзеге асуына қызмет жасады.  Тіпті осыған орайластырылған арнаулы мемлекеттік кеңселер жабдықталып, олардың жүйелі жұмыс істеуі парламент қарарларының бір қатар күн тәртібіне арқау болды.  Ал, өткен ғасырлардағы ағылшын дипломаттары Ұлыбританияның неоколониалдық саясатын орындауға аз күш жұмсап отырған жоқ.

Кезінде сыртқы саясатта 1830 жылдан Генри Джон Пальмерстонның  жетекшілік етуімен қалыптасқан дәстүрлі британдық дипломатиядағы  еуропалық тепе-теңдік ұстанымы, ағылшындарға “біздің мәңгілік одақтастарымызбен, тұрақты достарымыз жоқ, бірақ біздің мүдделеріміз тұрақты және мәңгілік, сондықтанда оларды қорғау біздің-борышымыз” делінетін   қашанда халықаралық қатынас мәселесінде ұтқыр болып келген принципте әрекет ету бағытын әкелді. Осы түсіндірме арқылы тақырып жаңалығының жалпы сипаттамасын бағамдауға болады.

Ұлыбритания әлі де халықаралық қатынастардағы  өз ықпалын кеңейту үшін дипломатияны басты қару етіп қолдануда. Ұлыбританияның сыртқы саясаты, соның ішінде М.Тэтчер үкіметі тұсындағы сыртқы саясатын талдау тарихшылар үшін аз қызығушылық туғызбайды. Ұлыбритания сыртқы саясатын зерттеуде бұл кезең кездейсоқ таңдалып отырған жоқ. Себебі, бұл кезеңде британ билеуші тобы сыртқы саясатының негізгі бағыттарын өзгертіп, Ұлыбританияны әлемдік держава ретінде қайта танытуға ұмтылысымен, халықаралық қатынастар жүйесіндегі реакциялық ұстанымдарымен ерекшеленеді.

            1979-1989 жылдардағы Ұлыбритания сыртқы саясатындағы елеулі оқиғалар — консерваторлық үкіметтің алдағы сайлаудағы жеңісін қамтамасыз еткен, Фолкленд аралдары үшін болған ағылшын-аргентин қақтығысында (соғысында) ағылшындардың жеңіске жетуі және Қытай Халық Республикасымен Гонконг аралын қайтару жөнінде бірлескен келісімге келуі болды. Алдыңғысында 1833 жылға дейін Аргентинаға тиесілі болған, кейіннен ағылшындар басып алған Фолкленд (Мальвин) аралын өздеріне қайтармақ ниетте болған аргентиналықтарға қарулы күшпен жауап қайырса, соңғысында бейбіт келісіммен Гонконгты тарихи отанына қайтару арқылы көреген саяси шешім жасады.

Аталған тарихи оқиғаларға қатысты Ұлыбританияның саяси ұстанымын талдап, анықтау қазіргі заман және халықаралық қатынастар тарихы үшін маңызды болып табылады. Осы кезеңдегі Ұлыбританияның сыртқы саясатын зерттеу арқылы қарама-қайшылыққа толы әлемнің және халықаралық қатынастар дамуының негізгі ұстанымдарын да бағамдауға болады.  Сонымен қатар, әлемдік саясаттағы онды-солды тануда  демократиялық даму мен нарықтық экономиканың іргесін қалаудың жолына түскен Қазақстан үшін, саяси және демократиялық дамудың тәжірибесі мен дәстүрлеріне бай, қазіргі заманға сай қуатты экономикалық негіздегі Ұлыбританиялық дипломатия тарихына да назар салудың маңызы зор.

 Кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістік қалыптастырған жаңа мемлекеттер үшін бұрынғы жүйеден экономиканы басқарудың белгілі бір дағдылары мұраға қалғанымен, дербес түрде сыртқы саясатты жүргізу мүлдем тың жол еді. Сондықтан, ағылшын сыртқы саясат мекемесінің (Форин оффис) уақыт сынынан өткен қызметтік құрылымын зерттеу, оның тиімді жақтарының Қазақстандағы  дипломатиялық қызметтің қалыптасуы мен дамуына сәйкестендіре қараудың  әсерлігі бітіру жұмысы мәселесінің  тәжірибелік маңыздылығын артырары сөзсіз.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. 1979-1989 жылдардағы Ұлыбритания сыртқы саясатындағы  басым бағыттар тарихын бағамдау арқылы қазіргі заманғы әлем тарихындағы Ұлыбританияның саяси беделін саралап, М.Тэтчер бастаған консерваторлық үкіметтің дипломатиялық қатынастардың дамуына қосқан үлесін және ХХ ғасырдың соңғы ширегіндегі халықаралық қатынастар дамуындағы Ұлыбританияның негізгі ролін анықтау болып табылады. Бұл мақсаттарға жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру негізделеді:

  • Ұлыбритания сыртқы саяси қызметінің құрылымы мен функцияларын анықтау;
  • М.Тэтчер тұсындағы Сыртқы Істер ведомоствосының қызметі мен оның халық ұйымдардағы ұстанымын бағамдау;
  • Ұлыбританияның АҚШ, КСРО мемлекеттерімен дипломатиялық қатынастарының ара салмағын саралау;
  • Ағылшын-аргентин қақтығысындағы консерваторлық үкіметтің саяси ұстанымын сараптау;
  • Ұлыбритания-Қытай қатынастарындағы Гонконг мәселесін екі жақты ұстанымдар негізінде қарастыру.

Жұмыстың методологиялық негізі.  ХХ ғасырдың басындағы батыс тарихнамасында үрдіс болған тарихты салалы қарастырудың методологиялық ұстанымын басшылыққа ала отырып, мәселені халықаралық қатынас саласына қатысты нысаналар негізінде өркениетті талаптар деңгейінде бағамдаудың теориялық-танымдық  үрдісі бітіру жұмысы барысында қадағаланып, тұрақты зерттеу бағдарына алынды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.  Тақырыптың зерттелуі уақыт сынынан өткен қазіргі заман тарихының мәселелері ауқымында қаралатын М.Тэтчер үкіметінің сыртқы саясатындағы ұстанымдар талдауларға негіз жасаған тарихшы, саясаттанушы, дипломаттардың назарынан тыс қалған емес.

     Ұлыбритания дипломатиялық қызметі мен сыртқы саясатын зерттеуге бағытталған зерттеу еңбектерге — В.А.Рыжиковтың, В.М.Матвеевтің, А.Лебедевтің, В.А. Матвеевтің, В.И.Поповтың еңбектерін атауға болады.

     Орыс тарихшы-ғалымы В.А.Рыжиков кеңес-американ қатынастарын зерттеуге арналған монографиялық еңбегінде соғыстан кейінгі Ұлыбритания мен КСРО арасындағы дипломатиялық қатынастардың дамуының негізгі мәселелерін, Ұлыбритания сыртқы саясатындағы «кеңестік» және «американдық» факторларды салыстыра отырып зерттейді [1].

      В.М.Матвеев болса, өз зерттеуін Ұлыбритания сыртқы саяси дипломатиялық қызмет мекемесінің (Форин оффис) қазіргі заманғы қызметі мен құрылымын баяндап, М.Тэтчер тұсындағы сыртқы саяси қызметтің ерекшеліктері мен ролін анықтауға арнайды. Оның айтуынша: «М.Тэтчер үкіметі британ дипломатиялық аппаратының шынайы мәселелерін шешуге ешқандай әрекеттер жасамады. Оның орнына олардың дипломатиялық қызметіне кедергі жасаумен болды»,- деп жазады. Бұл  М.Тэтчер Форин оффиске қысым жасап, сыртқы саяси шешімді тікелей өзі шешкендігін көрсетеді [2].

     Британ сыртқы саясатының мәселелеріне қатысты очерктік зерттеу жүргізген орыс тарихшысы А.Лебедев еңбегінде ХХ ғасырдың соңғы ширегінде Ұлыбритания сыртқы саясат мәселелері саралана келіп, М.Тэтчер тұсындағы консерваторлардың сыртқы саясат концепцияларына терең талдау жасайды. Ұлыбританияның ЕЭҚ, НАТО ұйымдарымен, АҚШ, КСРО мемлекеттерімен дипломатиялық қатынастарының негізгі мәселелерін атап өтеді. Сондай-ақ, ағылшын-аргентин қақатығысындағы консерваторлық үкіметтің ролі, Гонконгтің Қытайға қайтарылуы жөнінде мағлұматтар береді [3].

     Британияның бүгінгі мен өткенін саралайтын В.А.Матвеевтің [4].  және мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының қоғамдық өзгерістерге негіз болар тұстарын қарастыратын В.И.Поповтың [5]. зерттеулерінің де тақырып мәселелерін ашудағы рөлі зор. В.И.Попов еңбегін М.Тэтчер тұсындағы Ұлыбританияның қоғамдық-тарихи даму ерекшеліктерін зерттеуге арнаған. Автор осы кездегі Англия ішкі және сыртқы саясатын зерттеудің өзектілігіне тоқталады. Ал, В.А.Матвеев еңбегінің ерекшелігі, ол Ұлыбританияның кеңестермен қатынастарын жаңаша саяси көзқараспен қарап, осы кездегі ағылшын үкіметінің батыста алғашқылардың бірі болып кеңес Одағындағы өзгерістерді қолдап, қатынастарды жақсартуға ұмтылғанын атап өтеді.

     Тақырыпқа байланысты ғылыми зерттеулер қатарын авторлар құрамы басып шығарған ғылыми-монографиялық зерттеу жинақтары толықтырады. Олардың ішінде Л.С.Гаджиев, С.П.Перегудовтың жетекшілігімен шыққан бүгінгі  консерватизмнің тарихи келбетін саралауға негізделген монографияда Ұлыбританиядағы консерватизмнің тарихи қалыптасуы мен дамуын анықтай келіп, консерватизмнің Тэтчерлік этапына зерттеу жүргізіледі  [6].

     Е.А.Сырцова мен В.Р.Ткачевтің қазіргі уақыт өлшеміндегі Гонконг және Ұлыбритания мәселеріне қатысты ғылыми жұмыстарында Ұлыбритания үшін Гонконгтің экономикалық, әскери-стратегиялық маңызы зерттеледі [7].

     Келесі С.П.Мадзоевскийдің, Е.С.Хесиннің редакторлығымен шыққан еңбекте авторлар Ұлыбританияның 70-80жылдардағы әлемдік капиталистік шаруашылықтағы орны мен елдің ішкі экономикалық жағдайы зерттеледі. Сондай-ақ, сыртқы экономикалық байланыстардың негізгі түйінді мәселелері, ЕЭҚ-тағы рөлі жөнінде толық баяндалады [8]. Зерттеу Ұлыбританияның 70-80 жылдардағы әлеуметтік, экономикалық құрылымын зерттеуде көмегін тигізеді.

     Тақырып мәселесін ашуда  басшылыққа алынған ғылыми зерттеу еңбектер қатарына Фолкленд аралы үшін орын алған ағылшын-аргентин қақтығысын сараптайтын Е.В.Метяеваның [9]. зерттеуі, П.М.Ивановтың Гонконг мәселесіне қатысты [10]., сондай-ақ   М.И.Сладковскийдің Қытай мен Англия ұстанымдарына [11].,Каррингтонтың тарихи тұлғасын жасаудағы Г.В.Колосовтың авторлығымен шыққан [12].  еңбектердің саралануы да ерекше. 

     Е.В.Метяева ғылыми зерттеуін Фолкленд аралдары үшін болған ағылшын-аргентин қақтығысының себептері мен салдарларын анықтауға арнайды. Автор аралды ағылшындардың жаулап алуынан бастап, 1982 жылғы қақтығыстың қорытындыларына дейін зерттейді. Қақтығыс кезіндегі АҚШ-тың, Латын Америкасы елдерінің қатынастарын жекелеп зерттеуге алады. Аталған еңбектің қақтығыстың негізгі түйінін түсінуге тигізер көмегі зор.

     Иванов пен Сладковский еңбектеріне сонау сонау ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ұлыбританияның Қытайды жартылай отарлауынан бастап, Гонконгтың Қытайға қайтарылу келісіміне дейінгі мәселелер арқау болған. Біздің қарастырып отырған тақырыпқа сай Сладковский Ұлыбритания-Қытай қатынастарындағы Гонконг мәселесінің 1978 жылға дейінгі дамуын зерттеуге, меңгеруге көмектессе, Иванов, Гонконгты қайтару жөніндегі келісімдердің құқықтық-нормативтік дайындық процесін зерттеуге көмектеседі.

     Г.В.Колосовтың ғылыми-сараптамалық шолуы Ұлыбритания сыртқы саяси қызметін жетілдіруде, Англияның НАТО-дағы мүддесін қорғауда үлкен қызмет атқарған саяси қайраткер, М.Тэтчер тұсындағы бірінші үкіметтің Сыртқы Істер министрі болған П.Каррингтонның өмірі мен қызметі жөнінде мағлұмат алып қана қоймай, Англия сыртқы саяси даму бағытын түсінуге мүмкіндік туады.

       Тақырыптың ғылыми-зерттеу қорын – ғылыми-танымдық журналдарда жарияланған ғылыми мақалалар да толықтырады. Оларға «Международная жизнь», «Новое время», «Молодой коммунист» журналдарына жарияланған Л.Замятин [13], А.Козлов [14], А.Лебедев [15], В.Михеева [16], С.Володин [17] сияқты авторлардың тарихи зерттеу мақалаларын атауға болады.

     В.Михеева өз ғылыми мақаласында біз қарастырып отырған кезеңдегі Ұлыбританияның ішкі және сыртқы саясатының түйінді мәселелерін талдауға алады. Ал, А.Козлов ғылыми мақаларында Ұлыбритания-Қытай қатынастарындағы Гонконг мәселесі бағамдалады.

       Бітіру жұмысының ғылыми сараптамалық деңгейін мазмұндандыруда қолданыстық  үлесі ауқымды болған зерттеу еңбектерінің   қарастырылуы бүгінгі тарихты жазудың барысындағы өлшемдерге бағынды.

Бітіру жұмысының деректік  негізіне алынған  құжаттар қорын үш топқа бөліп қарастыруға болады. Олар – құжаттық деректер, саяси қайраткерлердің мемуарлық шығармалары және мерзімді баспасөз материалдары болып табылады.

     Құжаттық деректер негізін Ұлыбританияның АҚШ, КСРО және басқа да ұйымдар арасындағы дипломатиялық қатынастар тарихын бейнелейтін А.А.Громыко[18] және Л.Ф.Ильичевтің[19] басшылығымен жинақталып, басылған құжаттар мен материалдардың жинағын атауға болады. Онда халықаралық келісімдердің мәтіні мен дипломатиялық мәлімдемелер берілген.

     Ал, мемуарлық деректер қорына М.Тэтчердің [20]  отставкаға кеткеннен кейін жазған мемлекетті басқарудағы шеберлікті тәжірибе ретінде сипаттаған еңбегін тек мемуарлық қана емес, терең ғылыми еңбек деп баға беруге болады. Автор бұрынғы саяси оқиғалардың сабақтарын талдай отырып, «қырғи-қабақ» соғыс саясатындағы АҚШ пен КСРО мемлекеттерінің ролін саралайды. Сондай-ақ, ол бүгінгі таңдағы халықаралық қатынастардың дамуын, оның негізгі проблемаларын зерттеп, Еуропа, Азия, Алыс және Таяу Шығыстағы саяси оқиғаларға баға береді. Азия гиганттары ретінде Қытайдың даму тарихына тоқтала келіп, 1984 жылғы Гонконгты қайтару жөніндегі келісімнің мәнін түсінуге үлкен бағдар береді.

     Одан кейінгі мемуарлық шығарма 1980-86 жылдары КСРО-ның Ұлыбританиядағы елшісі боп қызмет атқарған, тарих ғылымының докторы, тарихшы-дипломат В.И.Поповтың М.Тэтчер: тұлға және саясаткер деп аталатын мемуарлық еңбегі[21]. Автор еңбегінде М.Тэтчер тұсындағы консерваторлық үкіметтің ішкі, сыртқы саясаттарынан толық мағлұмат беріп, сол тұста орын алған тарихи-саяси оқиғаларға өзінше баға береді. Сыртқы саясатында Фолкленд аралдары үшін болған ағылшын-аргентин қақтығысы, Ұлыбританияның НАТО, ЕЭҚ,  БҰҰ-дағы ұстанымдарын, АҚШ, КСРО мемлекеттерімен дипломатиялық қатынастарын терең талдап, баяндайды.

     М.Тэтчер тұсындағы басты саяси мәселелерді түсінуде ағылшын тарихшысы  Крис Огденнің М.Тэтчердің тұлғасындағы биліктегі әйел болмысын тарих куәгері мен саяси оқиғаларды тікелей болмысында ажыратуға арналған құжаттық еңбегінің де деректік маңызы зор [22]. Деректік мәліметтерге негізделген жинақтың ғылыми сараптамасы М.Тэтчердің өмір жолы мен саясаттағы рөлін және үкімет басшысы ретінде ішкі-сыртқы саясат мәселесін толық қамтиды. Ол көптеген шетелдік ресми баспасөз деректері негізінде оның жүргізген саясатының өзекті тұстарын баяндайды. Сыртқы саясатында АҚШ, КСРО мемлекеттерімен дипломатиялық қатынастары, Фолкленд аралдары үшін болған қақтығыс, М.Тэтчер билігінің тарихи қорытындыларына сараптама жасайды.

      Бірнеше жыл КСРО сыртқы істер министрлігін басқарған дипломат, кеңес қоғам қайраткері А.А.Громыконың естелік-құжаттармен жинақталған  жинағының осы кезеңдегі халықаралық қатынастардың бағыт-бағдарын айқындаудағы рөлі зор [23].  Автор естелік кітабында соғыс пен бейбітшілік, батыс пен шығыс мәселелерін, кеңестік сыртқы саясаттағы батыстық, американдық бағыттарды талдайды. Шетелдік саяси қайраткерлермен кездесуінде алған әсерлерін жазады. Ол М.Тэтчермен кездесуін, оның КСРО-ға қатысты ұстанымы мен көзқарасын халықаралық келісімдер аясында атап өтеді.

     Тақырыптың келесі деректік негізін мерзімді баспасөз материалдары – газет, журналдар құрайды. Жұмысты жазу барысында негізінен кеңестік басылымдар қолданылды. Атап айтсақ, Кеңес Одағындағы басты саяси басылым — «Правда» газеті мен «Советская культура» газеттері және «Международная жизнь», «Молодой коммунист», «Новое время», «Латынская Америка» журналдары жұмысты жазу барысында дерек көзі ретінде кең пайдаланылды. Бұндағы мақалаларда кеңестік журналистердің Ұлыбритания сыртқы саясатына жасаған саяси шолулары, кеңес тарихшыларының халықаралық қатынастардағы Ұлыбритания ұстанымын талдаулары баяндалады. Мысалға Л.Замятин «Тэтчеризм» [13] деп аталатын мақаласында М.Тэтчер саясатының негізгі концепцияларын атаса, А.Лебедев [15], А.Козлов[14]  сияқты қоғамдық тақырыптардағы саяси шолушылар Ұлыбритания сыртқы саясатының даму бағыттарына талдау жасайды.

      Аталған деректік материалдар 1979-1989 жылдардағы Ұлыбритания сыртқы саясатындағы басым бағыттар тарихын зерттеуге негіз болып табылады.

     Бітіру жұмысының хронологиялық шеңбері М.Тэтчер бастаған консерваторлық үкімет билікке келген 1979 жылдан 1989 жылға дейінгі онжылдық кезеңді қамтиды.

     Бітіру жұмысының құрылымы кіріспе, қорытынды бөлімдермен қатар екі тараудан және пайдаланылған деректер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-ТАРАУ. ҰЛЫБРИТАНИЯ 20-ШЫ ҒАСЫРДЫҢ 80-ШІ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНІҢ АУҚЫМЫНДА

 

       1979 жылы М.Тэтчер бастаған консерваторлар билікке келгеннен кейін ішкі саясатта үлкен өзгерістер жасады. Тіпті М.Тэтчердің ішкі саясатта жүргізген саясаты «Тэтчеризм» деген атау алып, тарих бетіне енді. М.Тэтчер билігінің алғашқы жылында ағылшын саяси ортасында сыртқы саясат мәселесінде сынға ұшырап отырды. Алайда, халықаралық қатынастар дамуындағы жағдай Лондонға нақты сыртқы саяси бағыттарын анықтап алуды талап етті. Атап айтсақ, оның ішінде американ әкімшілігінің КСРО-ға қарсы жаңа «неоглобальдық» курсы, Еуропалық экономикалық қоғамдастықтағы бюджеттік саясатқа байланысты қайшылықтар, халықаралық ұйымдардағы ұстанымы мәселесі. Бұлардың барлығы М.Тэтчерге Ұлыбритания сыртқы саяси қызмет мекемесі — Форрин офистің функцияларына өзгеріс енгізуді талап етті. Сонымен бұл тарауда Ұлыбритания сыртқы саяси қызметінің құрылымы мен функциялары және оның халықаралық ұйымдарға қатысты саясаты мен ұстанымы баяндалады. 

 

1.1 Ұлыбритания сыртқы саяси қызметінің құрылымы мен функциялары

 

        Ағылшын сыртқы саяси қызмет мекемесі Форин оффистің, ағылшын дипломатиялық қызметі сияқты ұзақ тарихы бар. Ағылшын дипломатиялық аппараты корольдік билікпен құрылды, ал бұл дегеніміз оның дамуының маңызды ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Ұзақ жылғы тарихтар көлемінде біздің күнімізге дейінгі британиялық дипломатиялық іс-әрекеттеріне, басқа Батыс Европаның еш жерінде жоқ, аристократиялық ұйымдардың ықпалы қатты әсер етеді. Өткен ғасырда дипломатиялық қызметке кадрлар жинақталғанда оларды тіпті «аристократтарға оқулық беру құрылымы» деп те атаған.

      Біздің заманымызда да корольдік билікте кейбір сыртқы саяси функциялар сақталған. Достастықтың басым мүшелері басқаруда республикандық форманы таңдағанымен, оның басшысы болып Королева болып қала берді. Достастықтың басшысы дәрежесін сақтауда «Британия әлі де болса өзінің әлемдік беделінің әлсіреуінен неврозға шалдыққан еді» деп өкінішін білдіреді[2,82].

       Ағылшын авторларының болжамы бойынша, королеваға маңызды дипломатиялық миссияларды көптеп орындау керек. Оның кейбірі жайында баспада хабарланған. Мысалы, Оңтүстік Родезия «тәуелсіздігі» деп аталатын Я.Смиттің нәсілдік тәртібі орнау қарсаңында королева оған: «осы қадамыңызды тоқтатып, тақ алдындағы өзінің борышын ұмытпау» керек екендігі туралы кеңес берген жеке хат жіберді. Бірақ мұнан еш нәтиже шықпады.

        Соңғы жылдары королеваның шетелдік вояждары көбейіп кетті. 1983 жылдың басында королеваның АҚШ, Мексика мен басқа да Орталық Америка елдерінде болуын, ағылшын ақпарат көздері, ол Ұлыбритания «супер елшісі» функциясын атқарып жүр деп атады. Форин оффис пен шетел өкілдігінің оперативтік мүшесі кіретін британдық дипломатиялық қызметтің «Ұлы Мәртебелі дипломатиялық қызмет» деген атауы бар[2,82]. Ағылшын елшілері мен Жоғарғы комиссарлар өз миссияларын жүзеге асыруда патент алғанда, сонымен бірге дипломаттарға кезекті қызмет көтерілуінде және де құрметті демалысқа шыққанда жоғарғы мемлекеттік марапаттарды монархтың қолынан алады. Ағылшын елшілері патентті алғаннан кейін мемлекет басшысы мен корольдік жанұя мүшелерімен жеке хат жазысуға құқықты бола алды.

      Англияның империализм дәуіріне енісімен сыртқы саяси мекемелер, мемлекеттік аппараттың бюрократизациялық мүшелерінің сандық өсуі басталды. Бірінші дүниежүзілік соғыстың үш жылының өзінде Форин оффиста қызмет етушілер саны екі есеге көбейіп, бір жарым мың адамға шейін жетті. Ал, екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында жалғыз Сыртқы істер министрлігінің сауда департаментінің бөлімінде дәл сондай адам қызмет етті. Жазушы С.Паркинсонды сол сыртқы саяси қызмет қанаттандырып, атақты «заңын» ашуға ықпалын тигізді. Ол: «Қызметкерлердің саны өсуде… оның өсуі, іс санының азайғандығы, көбейгендігіне немесе алаңсыз жойылғанына қарар емес» деп атайды[24].

     Соңғы онжылдықта Англия ақы төлеу өсімінің мөлшерімен соқтыққанда, лауазымды аппаратты қысқарта бастады., бірақ ол қазірде әлі көп. 70-шы жылдардың екінші жартысында Форин оффисте 3,5 мың оперативтік қызметкер еңбек етті. Салыстыратын болсақ, Франция Сыртқы істер министрлігінде 1650, ал, ФРГ Сыртқы істер министрлігінде 2300 адам жұмыс істеген.

     Форин оффис басқармасы мен үлгілі бөлімшелері 1868 жылы ашылған викториан стиліндегі ғимаратта орналасқан. Ол кезде Форин оффис ғимараты премьер-министр Б.Дизраэли және дамушы империяның бүкіл жоғарғы шенділердің қатысуымен салтанатты түрде ашылған болатын. Керемет баспалдақтар, алтындалған жақтаулар, биік қабырғалар әлі де болса «империяның үстінен күн шығып тұр» деген сияқты ностальгиялық ойларға жетелеп, кейбір дипломатиялық мәселелерді шешуге кедергісін де тигізіп тұрады. Форин оффистің негізгі ғимараты — «Скотт сарайы» Даунинг-стриттегі премьер-министрдің резиденциясының жанындағы Уайтхоллда орналасқан. Бұл жағдай ағылшын кабинеті басшысы мен сыртқы істер министрінің саяси жақындықтарының белгісі секілді.

     Форин оффис басшысы сыртқы саясат мәселері бойынша үкіметтің негізгі кеңесшісі бола отырып, жалғыз «үлкен» үкіметке ғана емес, сонымен бірге ішкі кабинет деп аталатын, маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдайтын, 4-6 адамнан жасақталған топ мүшелеріне де жатады. Дәл сол аталмыш топ маңызды ел тағдырын шешетін. Олар өз кезегінде НАТО-ға кіру, Суэцтегі интервенция, ЕЭҚ-ға кіру, «Трайдент-2» жаңа ракеталық құрылымына көшуді бекіткен[Қараңыз: 3].

     Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін премьер-министрдің сыртқы саяси шешімдерін қабылдауда ролі күшейе түсті және сыртқы істер министрінің үкімет басшысына тәуелділігі өсе бастады. «Сыртқы істер министрі, — деп атап өтті Г.Макмиллан, — ұдайы көңілге дайын болуы керек, тіпті премьер-министр тарапынан оның ісіне араласуына да». Макмиллан екеуінің де орнында болып көргендіктен оған сенуге болады. Министр мен премьер-министр бір саяси партияны қолдайды, ұқсас саяси көзқарастарды бөліседі, партияның оппозицияға келгендегі кезеңде «көлеңкедегі кабинетте» бірігіп жұмыс істеу тәжірибесі бар. Осы себептерден принципиалды келіспеушіліктер сирек кездесетін жайт емес.

      Ал, егер келіспеушілік немесе үкіметтік шұғыл шиеленіс пайда болса, көп жағдайда министр орнын босатады. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін-ақ Чемберлен мен А.Иден, ал 60-шы жылдары Г.Вильсон мен Дж.Браунның көзқарастары қарама-қарсы келді. Екі жағдайда да сыртқы істер министрлері орындарын босатты. М.Тэтчэр үкіметі кезінде екі министр — әуелі лорд Каррингтон, жыл аса Ф.Пим орындарын босатуға мәжбүр болды.

     1982 жылы 5 сәуірде лорд Каррингтон мен екі Форин оффистің партиялық саясат басшылары премьер-министрге қызметтен босату туралы өтініш хатын жіберді. Онда олар Фолклендтік шиеленіске кінәлі екендіктерін сезініп, көп жағдайда Форин оффис тарапынан сынның дәлелденбегенін атап көрсетті[12,21]. Соған қарамастан премьер-министр, өкінішті болса да әріптестерінің қызметтен босатылуын қабылдады. Осылай, Форин оффис тағы құрбан боп шыға келді. Форин оффис шенеуніктерінің көпшілігі М.Тэтчердің, яғни консерваторлар лидерінің саясатына сенімділік білдірді.

     Ең маңыздысы, кәсіби дипломатиялық аппарат — өзінің ірі капиталға кластық жақындығы мен оған ерігін білдіретін саяси құрылымдар — өзінің үкімет басшысын бағалауында. Ең шешуші мағына басқа критерийден тұрады – ол қаншалықты билеуші кластардың қызығушылығын басшылардың бейнелеуі. Егер кәсіпқойлар, саяси басқару бағыттары белгілі бір мәселеде билеуші топтардың қызығушылығымен сәйкес келмесе, онда олар саяси басшыларға өз қысымдарын көрсетеді.

      Соңғы он жылдықта ағылшын Сыртқы істер министрлігі басшылығында саяси топтың нығаюы, неғұрлым тұрақты тенденцияға айналды. Ол елдің сыртқы саяси бағытының  белгілі бір өзгерістерімен, соңында Англияның ЕЭС-ке кіруіне де байланысты. Сыртқы істер министрлігінің  халықаралық кездесулер мен конференцияларға жеке қатысушылары өсе бастады, шетелге шығуы да жиіледі. Форин оффистің Мемлекеттік министрі ЕЭҚ-ға қатысты жылына Брюссельге 20-25 рет барады. 1975 жылы халықаралық мәжілістерге байланысты Дж.Каллаген шет елде жалпы саны 95 күн болған. Министрдің өзі жылдың үш бөлігінде шетелде жүреді.

     Әрбір Форин оффистің партиялық саяси басшысында, яғни министрдің мемлекеттік және кіші министрлерде де бірнеше неғұрлым ықпал етуші хатшылары бар. Ондағы жұмыс істейтін кәсіби дипломаттар саясаткерлер санынан басым. Мысалы, министрдің өзінде 7 хатшы бар. Оның төртеуі – кәсіби дипломаттар. Министр хатшылығын, бас жеке хатшы басқарады[2,90]. Ол – үкімет өзгергенде де өз орнында қалатын, дипломатиялық кадрлардың рангті кеңесшісі. Ол жаңа министр мен өзгермейтін кәсіби аппаратты  байланыстырушы топ болып табылады. Министр хатшысының қызметі британ дипломатиялық қызметіне ықпал ететін лауазымды орын болып табылады. Ол министрмен тығыз байланысты болып, оның барлық шетелдік іссапарларында болады. Ол – министрдің «көзі мен құлағы», тіпті Форин оффистегі бүкіл мәжілістерге қатысуға құқықты. Сонымен бірге бас хатшының міндетіне премьер-министр хатшылығымен байланысы да жатады.

   Ағылшын сыртқы саяси жетістіктерінде соңғы онжылдықта  министрдің тұрақты орынбасары дипломатиялық қызмет басына бұрынғысынша консервативтік, яғни тори партиясы мен ірі капиталмен байланысатын ұйымынан тағайындалады. Тұрақты орынбасар – дипломатиялық лауазым, өйткені ол министрмен емес, премьер-министрмен тағайындалады[2,91]. Сонымен бірге, бұл Форин оффис аппаратында оның салмағы мен тәуелсіздігін арттырады. Тұрақтыорынбасардың кабинетінен дипломатиялық өкілдіктерден министрге жеткізілетін мңызды тапсырмалар, Форин оффистің өзінің  ұсыныстары, басқа ведомстволардан құжаттар өтеді. “Ағылшын елшілері, — дейді Дж.Мурхауз — өздерінің тапсырмаларын тек қана министрдің тұрақты орынбасары үшін” грифімен жібереді. Бұл жай ғана дерек, өйткені, саяси басшылардан тұрақты орынбасар құжаттарды жасыра алмайды, бірақ ол оны қайта қарауға немесе қажетті өзгертулер енгізуіне болады.

    Егер Форин оффис мемлекеттік министрлерінің хатшылығында, министр қол астында кәсіби емес дипломаттар қызмет етсе, тұрақты орынбасар аппаратында барлық қызметкерлер кадрлы дипломаттар, бірде бір саясаткер жоқ. Өзіне бағынышты орынбасарлардың арқасында британ дипломатиялық қызметінің басшысы  Форин оффис пен шетелдік өкілдіктердің барлық жұмыстарына жетекшілік етеді.

   Тұрақты орынбасар Форин оффис әрекетіндегі маңызды жерлерді, яғни кадр саясаты, сыртқы саяси насихат, саяси барлауды басқарады. Сонымен бірге кейбір хаттамалық функцияларды, оның ішінде мемлекет басшысына берілетін шетелдік елшілердің сенім мен мақтау мадақтауларын салтанатты түрде тапсыру іс-шараларын басшылыққа алады. Тұрақты орынбасардың орынбасарлары мен көмекшілер саны 20-25 адам көлемінде, олардың есебінде Форин оффистің 2-3 бөлімі бар. Олардың барлығы да кәсіби дипломаттар. Ағылшын дипломатиялық қызметінде соңғы жылдары қызметкер саны көбеюде. 80-шы жылдардың басында тұрақты орынбасардың  орынбасары мен көмекшілерінің саны 20-ға дейін қысқарды. Көп жағдайда  кез-келген бір дипломатты осы лауазымға тағйындау іс-әрекеті жағынан емес, дипломаттардың жеке қызығушылығынан тағайындалады. Бұл орын дипломаттар үшін олардың қызмет жолдарының логикалық соңы болып табылады. Демалысқа кеткен министр орынбасары орнын босатқан дипломат үлкен бизнес әлемінде пайдалы орын алуына әбден болады. 80-шы жылдардың басында Форин оффис ұйымдарының айтуынша, лейбористік үкіметтің дипломатиялық қызметінде кәсіби шенеуніктеріне ықпалы нәтижесін бермеді. Министрдің тұрақты орынбасары мен аппараты дипломатиялық қызметте көптеген жылдар бойы жинақталған ақпар мен ықпалын игере отырып, әлі күнге шейін ағылшын сыртқы саяси курсы мен консерватизмнің тұрақтылық кепілдігі болып отыр.

     80-шы жылдардың басында сол қанатты лейбористтік партиядан мемлекеттік қызмет реформалар жобасының біршамасы ұсынылды. Бұл жобалар ішінде министрдің тұрақты орынбасарының құқықтарының шектелуін, әсіресе министрлікке түсіп жатқан құжаттарды қарауды шектеу ұсынылды.

    Егер Форин оффистің саяси және кәсіби басшыларын британ дипломатиялық пирамидасының шыңы десек, онда оның күшті де мықты түбіртегінің негізі бөлімдер. Онда күнделікті дипломатиялық жұмыстың негізгі көлемі жүргізіледі. 80-шы жылдардың басында ағылшын сыртқы істер министрлігінде 60 оперативті бөлім болды. Оның үш бөлігі – территориалды (географиялық) бөлімдер. Ол аймақтар бойынша былай бөлінеді: Азия, Африкамен 12 бөлім айналысты, 4-уі Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка, 1-уі Кеңес Одағымен қатынастарды, 1-уі европалық социалистік елдермен байланысты жоға қоюмен айналысты. 3 бөлім Латын Америка және  Кариб бассейні елдерімен байланысына жауапты. Форин оффисте Ирландия мен Гонгконг үшін жеке департамент жұмыс істейді. Сондай-ақ, Таяу Шығыс және Алыс Шығыс аймақтары бар.

     Форин оффистің территориалдық қызметкерлері шетел мемлекеттерімен екі жақты қатынас жүргізеді. Олардың міндетіне ағымдағы ақпаратты жинақтау, талдау, баға беру, екі жақтың саяси қатынасының маңызды ұсыныстары, парламентте сұраққа сәйкес мәтін түріндегі жауап дайындау, Лондондағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктермен іс-әрекеттік және хаттамалық байланыс жатады. Мұның өзі жұмыстың едәуір түрі бар екенін айтады. 1982 жылы Ұлыбритания астанасында шетелдік елшілер мен Достастық елдердің жоғары комиссарларының 140-ы аккредитталды. Кейбірі әрине, Лондонда сыйымдылығымен және Париждегі резиденциясы тұрақты, бірақ мұндайлар санаулы ғана.

    Ағылшын дипломатиясының ардагерлері – “Форин оффисте екінші дүниежүзілік соғысқа дейін жұмыс уақыты 11-ге шейін басталмайтын, өйткені континенттен дипломатиялық құжатты курьерлер “Ла-Маншты” өтіп келгенше күтетін”,- деп еске түсіреді[2,95]. Ал қазір жуан папкалар әртүрлі құжаттармен бөлім қызметкерлерінің үстелінде күніне 3 реттен келіп жатады.

     Форин оффисте ақпарат легінің күрт көтерілуі 60-шы жылдары келді. Бұл дипломатиялық қызметтің, нақты мәселер бойынша мамандар санының штаттарының да көбеюіне байланысты. Сол кезде жалғыз елшіліктен күнделікті шамамен екі мың түрлі ақпарлар келіп түсетін. Ал жеделхаттар жылына 7 % өсті.Дипломаттар бүкіл материалды игеріп үлгермейді. Және де елшілік пен орталық аппаратта параллелизм мен қайталаушылық пайда болды. Сондықтан Форин оффис басшысы 1973 жылы ағылшын елшілігінен телеграфты байланысты 10 % қысқартуды мақсат етті. Бірақ бұл мақсатты орындағанмен, түсіп жатқан жалпы ақпарат көлемі қысқармады. Өйткені оның басым көпшілігі елшіліктен емес, басқа да жерлерден келіп түседі. Территориалдық бөлім қызметкерлері өз жұмыстарына байланысты материалдарды басқа да – шетелдегі ағылшын тілшісінің жаңалықтары, Англияның НАТО, ЕЭҚ пен өзара келіссөздері, сонымен бірге ғылыми-зерттеу ұйымдары мен университеттер дайындаған анықтама материалдарды да алатын. Өте қажет кезінде құпия барлау қызметі де тартылады. Назарға алатын нәрсе, Форин оффис бөлімдерінің статусы жоғары емес. Оларды кеңесшілер рангі дипломаттары басқарады. Сондықтан ранг табеліне сәйкес бөлім ағылшын елшісіне тікелей емес, министрдің тұрақты орынбасарының орынбасары немесе көмекшілерінің бірі арқылы кіре алады. Бір жағынан бұл – ағылшын елшілерінің ежелден келе жатқан дәстүр түрі. Екінші жағынан – Форин оффис басшысының шешімдерді орындаудағы бөлімдердің маңызды орны.

     Территориалдық бөлімдер – Форин оффистің неғұрлым тұрақты тобы. 1943 жылы енген аймақтану кәсібі бойынша кадрларды таңдау және дайындау құрылымы өзін-өзі дәлелдеп шықты, сондықтан еш өзгерістің қажеті жоқ. Ал мамандар болса түрлі аймақтар бойынша кадрларды даярлап, орналастыру тең емес. 1975 жылы Форин оффисте территориалды бөлімнің қызметкерлерінің тең жартысынан да көп 182 арабист жұмыс істеді. Бұл шынайы қажеттіліктен де көп. Арабистердің басым бөлігін функционалды бөлімдер мен халықаралық ұйымдарда жұмыс істеуге жіберді. Сол кезде территориалды бөлім мен елшіліктерде латынамерикатанушылар жетіспей жатқан еді. Бұл диспропорция туралы фолклендтік жағдайда бірден хабарланды[Қараңыз: 21].

     Ағылшын дипломаттары үшін Фолклендтік ашық келіспеушілік күтпеген жағдай болды. Баспаларда осы континенттегі саяси даму мен ағылшын елшілігінен келетін ақпардың жетімсіздігі туралы жазылды. 70-шы жылдары Форин оффис жұмысының ұйымдастырылуы мен тәсілдері туралы дискуссияда, ағылшын дипломаттарының көпшілігінде халықаралық қатынас саласында білімдерінің таяздығы халықаралық қатынастарда іс-әрекеттер мен жағдайларды байланыстыра алмауына әкеп соқтырады деп көрсетілді.

    Форин оффистің оперативті дипломатиялық бөлімінің тобы мен функционалды бөлімнің қызметі басқа, олардың қызметкерлері  қазіргі халықаралық саясаттың актуальды мәселелерімен айналысады. Соңғы 10-15 жыл ішінде ағылшын сыртқы істер ведомствосында функционалды бөлім үздіксіз дамуға ие болды. Бұған себеп дипломатиялық әрекеттің халықаралық ұйымдар мен конференцияларда, сыртқы экономикалық жұмыс, ақпараттық-насихаттық әрекет, халықаралық ғылыми-техникалық және мәдени алмасулары. Форин оффисте ағылшын дипломатиясының Европалық экономикалық қоғамдастықтың көпсалалы іс-әрекеттеріне енуі функционалды мамандандыруды қысқартты.

     1973 жылы функционалды бөлім штаттары қызметкерлері территориалды бөлім қызметкерлерінен үш есе жоғары деңгейде болды. Ағылшын сыртқы істер министрлігі ресми құжаттарына жүгінсек, оның басшылары функционлды бөлімді Форин оффистің маңызды оперативті тобы деп санайды. Мысалы, 1980 жылы парламентте қаралған сыртқы істер министрлігі меморандумында бөлімдерді санау функционалды бөлімдер, олардың сауда-экономикалық тобынан басталды. Форин оффис меморандумында сыртқы экономикалық саясат саласында дипломатиялық қызмет 3 негізгі мақсатты алға ұстайды. Олар: “әлемдік нарықта британ экспорты үшін жақсарту шарттарын орындау, ағылшын экономикасына керекті уақытылы жеткізілуді қамтамасыз ету, Біріккен корольдіктің экономикалық қызығушылықтарын шетелде қорғау”[2,98]. Форин оффис экономикалық бөлімдері жақсы мамандандырылған. Мысалы, сауда қатынасы мен экспортқа арнайы бөлім, экономикалық экспорт бөлімі, европалық экономикалық интеграция бойынша екі бөлім, энергетика бөлімі, ғылым мен космос бөлімі. Соңғысы Еуропалық экономикалық қауымдастықта (ЕЭҚ) энергия жеткізу бойынша ағылшын ұстаным жүзеге асырумен қатар, мемлекеттердің мұнай экспортерлары мен космос мәселелерімен айналысады. Бұл бөлімнің жұмысы ұйымдардан келген мәліметтерді жинақтау мен қайта қарау болып табылады. Форин оффис жыл сайын экономикалық мәселелер бойынша  50 мың түрлі хабарламалар алады. Өңделген ақпар сауда министрлігі, британ өнеркәсіп конфедерациясы, басқа да ведомостволар арқылы ағылшын компаниясына жетеді.

      Үлкен бизнес әлеміндегі ресми және жеке дипломат байланысы – бұл ағылшын сыртқы істер министрлігінің бір ісі. Сауда-экономикалық бөлімдер үшін бұл байланыс күнделікті жұмыстағы маңызды бөлім. Шынында, Форин оффис жеке компаниялармен кадрды тікелей ауыстыруда амалсыздан барады. 1980 жылы үш банктік компаниялар стажировкасында — «Муддлэндз бэнк», «Барнлэйз бэнк», Ротшильд тобында, сонымен бірге «Ай-Си-Ай» химиялық концернінде бар болғаны 4 дипломат болды. Форин офис әлі күнге шейін жеке тәуелсіздігін ойлап, «сыртқы әлеммен» байланысты белгілі бір қашықтықта ұстайды. Форин оффис функционалдық бөлімінің тағы бір маңызды бағыты – Ұлыбританияға халықаралық ұйымдарға қатысуды қамтамасыз ету. Бұл жөнінде келесі бөлімде толығырақ жазатын боламыз.

    Зерттеуші бөлімі – Форин оффистегі қызметкерлер саны бойынша ең ірісі. Онда шамамен 70 адам еңбек етеді. Бөлім екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ірі ағылшын тарихшысы А.Тойнбидің қатысуымен негізін қалады. Бөлім қызметкерлері елшіліктен, барлау мәліметтерінен келген ақпарды өңдеу негізінде шетел мемлекеттеріндегі ішкі жағдайды сараптайды. Ал басым көпшілігі социалистік елдермен айналысады. Егер Форин оффис қызметкеріне немесе басқа да саяси мекемелерге шетелдік саяси қоғам қайраткері туралы ақпар керек болса, онда зерттеу бөліміне барады. Оның қызметкерлері барлық елдер бойынша қысқа өмірбаяны мен саяси қайраткерлерге мінездеме беретін «Кім екен?» деген анықтама басып шығарады. Әрине, мұндай барлық материалдар құпия.

    Территориалды және функционалды бөлімсіз, сыртқы істер ведомствосының бірде бірі жұмыс істей алмайды.

    Форин оффис халықаралық бірлестігінің мәдениет пен білім саласының координациясы мен бақылауын кейде «Мәдени дипломатия» деп атайтын, ол британ дипломатиялық қызметінде азаматтыққа әлдеқашан құқық алған. Ағылшын сыртқы істер министрлігі мен елшіліктің спецификалық саясатын «көрінбейтін дипломатия» деп атауға болады, өйткені табысты нәтиже бұл жерде дипломаттар мен дипломатиялық жұмыстың дәстүрлі формаларын пайдаланбай-ақ келеді. Форин оффистің мәдени байланысы бойынша шағын бөлімі «мәдени дипломатияның» саяси мақсаты мен негізгі бағыттарын анықтайды. Халықаралық ғылыми, мәдени, спорттық жастар бірлестігін практика жүзінде жүзеге асыру сыртқы істер ведомствосымен емес, Британ кеңесімен жүргізіледі[2,106]. 1934 жылы құрылған кеңесті шетелдерде тәуелсіз, саяси емес ұйым деп атайды. Шынында да, оның қызметкерлері мемлекеттік қызметкер санатында жоқ, бірақ оның «тәуелсіздігі» осымен аяқталады.

    Британ кеңесі әрекеті мемлекеттік бюджеттен қаржыланады, тіпті оның үш бөлігін Форин оффис бюджеті құрайды. Кеңестің орындаушы комитетін үкімет тағайындайды. Әрі оның мүшелігінде сыртқы істер министрінің тұрақты орынбасары міндетті түрде болады. Британ кеңесінің бүкіл бас директорлары мемлекеттік сыртқы саяси мекемелерде тәжірибеден өткен. 1980 жылдың сәуірінен бастап кеңесті сол кезде колония министрлігінде жұмыс істеген Дж. Бэрр басқарды, ал 70-шы жылдары ол Форин оффистің зерттеу тобының басқарушысы болған. Бэррдің кандидатурасын Форин оффис ұсынған. Форин оффис кеңес қызметкерлерін 80-нен аса әлем елдеріне тағайындауларын бекітеді, сурет көрмесі немесе король балетін қайда бару керектігін ұсынады, саяси қажеттіліктен туындаған кеңестер береді, ағылшын жоғарғы оқу орындары қанша студенттер мен стажерлар қабылдау керектігін анықтайды, және т.б.

     Британ кеңесі көмегімен ағылшын дипломатиясы британдық басқарушы ортаға тиімді объективті әрекеттерді халықаралық мәдени байланыстарды бір арнаға бағыттауға тырысады. Мәдени және білім саласында халықаралық айырбас өздігінен бір прогрессивті әрекет. Бірақ та, Англияның Азия мен Африканың жас мемлекеттері, Кариб бассейні елдерімен байланысы тепе-тең негізде құрылған жоқ. Достастықтың афро-азиаттық елдерінде ағылшын тілін насихаттау, мәдени, ағарту ісін уағыздау өте жедел түрде жүзеге асырылуда. Ал, осы елдердің тарихы мен мәдениетін британ халқына таныстыру төмен дәрежеде жүрді. Форин оффис Британ кеңесіне бір елде өкілеттігін кеңейту үшін қаншама қаржыландыру керек, сол мөлшерде қанағаттандырып отыр.

      Дамушы елдерде насихат әдебиеттерін тарату – ағылшын монополиясының батасын алған Британ кеңесінің әрекет формаларының бірі. Соңғы жылдары «халықаралық білім» дамып келеді, ол ұзақ мерзімді саяси мақсаттағы дамушы елдерде ұлттық кадрларды дайындауға бағытталған. Ағылшындар жас мемлекеттерде мемлекеттік, партиялық, кәсіподақтық аппараттарда керекті орындарға «ағылшынданған» мамандарды дайындау мақсатында кадрларды дайындайды. 1979-1980 жылдары ағылшын жоғарғы оқу орындарында шетелдік студенттер саны 87 мыңға жетті. Оның ¾ бөлігі дамушы елдерден, ал ең көп контингентті Нигерия, Малайзия, Шри-Ланка мен Зимбабведен келгендер құрайды.

    М.Тэтчер үкіметінің қатаң экономикасының арқасында білім саласында ассигнация күрт төмендеді[25]. Мұндай қысқарулар «халықаралық білім» сферасына да келді. 3 жыл ішінде Англияда шетелдік студенттер саны 55 мыңға жетті, бұл дегеніміз сыртқы саяси әрекеттер қайта қаралды деген емес. Қойылған қатаң мақсат – минималды қаржымен максималдық нәтижеге жету. 1983 жылдың басында үкімет Англияда шетелдіктердің оқуын қаржыландыруда тағы да біршама сумма (50 млн. ф.ст.) бөлінуін сұрады. Тағы да айта кететін жайт – ақшаны «Англияға келуін құптайтын, мақсатты дайындалуға келген студенттерге» аударады. Сонда да халықаралық әріптестіктің ісі консервативтік үкімет арқылы қатаң мемлекеттік бақылауға алынды.

   Батыс Еуропа «мәдени дипломатиясы» арқасында бір қалыпта келеді. Мысалы, 1978-1979 жылы Парижде Британ кеңесі өкілдігінде 47 қызметкер еңбек етті, ал оның жылдық бюджеті 1 млн. ф.ст. құрады. Бұл дегеніңіз ірі елшіліктердің штаты. Бірақ әрекеттің үлкен бөлігі дамушы елдермен байланысты. Кеңес бағдарламасына Африканың өзінде батысеуропалық бағдарламаға қарағанда шамамен 2,5 есе қаржы ассигнацияланды. Кеңестің ірі өкілдіктері Индия, Нигерия, Кения, Малайзия, Египет, Сауд Арабиясында. Латын Америкасы елдеріне назар аз аударылды. Мысалы, Буэнос-Айрестегі Британ кеңесі өкілдігінде бар болғаны 3 штаттық қызметкер болды. (Салыстыратын болсақ, Делиде – 25). Бұл жайында Форин оффиске баспасөз фолклендтік шиеленіс кезінде есіне салды. «Мәдени дипломатияға» Форин оффистің ақпараттық-насихаттық әрекеті жанасады. Бұл екеуінде де британ дипломатиясы идеологиялық функциясы өз орнын тауып, халықаралық қоғамдық пікірлерге әсер етті.  

    1932 жылы Британ халықаралық қызметінде радио хабарлағыш корпорация (Би-Би-Си) құрылды, сонан бері ол сыртқы саяси насихатының басты құралы болып отыр. Би-Би-Си – импералистік насихат тыңдаушыларын қоршаған әлем мен онда болып жатқан жағдайларды хабарлап, «рухани отарлау» саясатына қызмет етті. Форин оффисте ақпараттық жұмыспен бірнеше бөлім айналысады. Ішіндегі ірісі – саяси ақпарат бөлімі, ол Би-Би-Си халықаралық қызметінің саяси басшылығын жүзеге асырады.

     Форин оффис жаңалықтар бөлімі функцияларының бірі — «бұқарамен байланысты» қолдау, басқа сөзбен айтқанда, Ұлыбританияның өзінде сыртқы саяси курсты насихаттау. 80-шы жылдары мұндай жұмыс антиәскери, қарусыздану қозғалысын көтеру үшін жүргізілді. Ядролық қарусыздандыру қозғалысы 1981-1983 жылы көпшілік масштабқа ие болды[3,284].

    Ұлыбритания құпия барлау қызметі — «Сикрет интеллидженс сервис» (СИС) екінші Форин оффис болып саналады. 1980 жылы ғана үкімет қызметкерлері мұндай қызметтің бар екенін ресми түрде мойындады. Құпия барлау операциясына қаржы парламенттің жабық отырысында талқыланып, бөлінеді, оны министрдің құптауымен сыртқы істер министрінің тұрақты орынбасары бекітеді. Дипломаттардың бірінші және маңызды мақсаты – басқа елдер мен ұйымдардан толық және нақты ақпарат жинау, қайткенде ақылды саяси шешім қабылдау. Бұлай деп СИС-те директор кеңесшісі боп өзінің дипломатиялық карьерасын аяқтаған Дж.Макдермотт дипломатия мен барлаудың логикалық байланысын негіздейді. Форин оффистің құпия қызметін жоғары рангалы дипломаттар басқарады. 70-шы жылдардың басында бұл функцияларды Дж.Ренни орындады. Ол министрдің жоспарлау, архив пен кітапхана бойынша орынбасары болған. 1975 жылы Ренни орнын М.Олдфилдтан мұралап алған деп жазады Лондондық газеттер. Құпия барлау қызмет басшылары мен оперативтік қызметкерлері туралы мәлімет құпияланғандықтан басылым жаңалықтарындағы нақтылықты дәлелдеу мүмкін емес. Британ саяси барлауының құпия деңгейі өте жоғары. Осыған байланысты Дж.Мурхауз былай деп жазады: «Форин оффис басшысының өзі, басқарып отырған мекемелерінде не болып жатқанынан мүлдем хабарсыз отырады-ау шамасы». Ал егер білген жағдайда да, ол форин оффистен кетсе де аузын жабуға мәжбүрлі. Құпия барлау қызметкерлерінің саны белгісіз. 70-шы жылдардың басында оның бюджеті 10 млн. ф.ст. құрады. Бірақ Макдермотт, қызмет басында жұмыс істей отырып, бұл цифраны «номиналдық» деп атады.

      «Сикрет интеллидженс сервис» әскери барлау бойынша үкіметтік комитеттерінде өз қызметкерлері бар, оларды әскери емес, кадрлық дипломат басқарады. Комитет түрлі мемлекеттік ведомстволар арасында өзіндік брокерлік роль атқарады. Бір жағынан, бұл министрлікті қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді; екінші жағынан, комитетте министрліктерден, әсіресе Форин оффистан және қорғаныс министрлігінен мәліметтер жинақталады. Сыртқы істер министрлігіне негізгі ақпарды жеткізуші «құпия қызмет», қорғау мәселесі бойынша бөлім және министрдің тұрақты орынбасарының аппарат бөлімдері саналады.

    Челтенхэмдегі үкіметтік байланыс орталығы ақпарды хабарлап, жіберуде барлаушы типінде тұрады. Сонымен бірге орталық байланыстың жаңа жабдықтары мен құралдарын қарастырады. Ағылшын тарихшысы К.Эндрю былай дейді: «Челтенхэмдік орталық 20-шы жылдары Форин оффис басшысының тапсырмасымен үнемі КСРО Сыртқы істер Халық Комиссариаты мен Лондондағы кеңес елшілігінің телеграфтық дипломатиялық корреспонденциясын ұстап алу және оны танумен айналысты». Оның пікірінше, сол кездегі ағылшын-кеңес қатынастары бір де бір тарихи зерттеуден тыс қалмады.

     Міне, Форин оффистің жоғарыда аталған бөлімдері мен ұйымдары Ұлыбританияны әлемде держава ретінде таныту және мемлекеттің сыртқы саясаттағы ұстанымын айқындау үшін үздіксіз қызмет етуде. Елдің сыртқы саясаттағы қауіпсіздігін күзетуде.

      Сонымен,біз бұл бөлімде Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің құрылымдары, олардың функциялары яғни саяси қызметтері жөнінде баяндадық. Ал, келесі бөлімде М.Тэтчер тұсындағы Ұлыбритания сырқы саясат мекемесі – Форин оффистің қызметі, оның халықаралық ұйымдарға қатысты ұстанымы жөніндегі мәселелерді қарастыратын боламыз.

 

1.2 М.Тэтчер тұсындағы Форин оффис және оның халықаралық ұйымдардағы ұстанымы

 

     1979 жылы мамырда билікке М.Тэтчер бастаған консервативтік үкімет келгенде Форин оффис ортасы мен дипломатиялық қызмет оларды құптаған болатын. Алайда, М.Тэтчер үкіметі британ дипломатиясы аппараты мәселелерін шешуде ешқандай да әрекет етпеді. Оның орнына күнделікті дипломатиялық қызметтеріне кедергі жасауға тырысып, орин оффиске мәселелерді өздігінен шешуіне қысым жасап отырды.

    Премьер-министр үкімет командасын жинақтай отырып, сыртқы істер министрі орнын лорд Каррингтонға берді. Ол – Англиядағы өте бай, ірі банктер мен монополиялардың иесі, ықпалды тұлға. М.Тэтчер, лорд Каррингтон оның монитарлық бағдарламасын қолдайды деп ойлады, бірақ премьердің көрсеткен жолымен жүріп, айтқанына көнуге ол өте ықпалды және күшті тұлға еді. Лорд Каррингтон премьер-министрдің бағдарламасы жөнінде өз пікірін білдірмеді. Форин оффис болса, үкімет басшысынан гөрі Каррингтонның пікірімен келісетін[12,13]. Кеңес саясаткерлерінің бірі А.Громыко: «Каррингтон Тэтчер үкіметінде сыртқы саясат курсын белсенді жүргізуші болды»,-деп еске алады[23,418].

   Тэтчер үкіметінде дипломатиялық қызметтің модернизациясы тоқтады. Дипломатиялық ортадан Еуропалық экономикалық қауымдастықтағы ағылшын позициясын қатаңдатуды, НАТО әскери-саяси бірлестіктерімен бірлесуге атсалысуды талап етті. АҚШ әкімшілігінің курсын қолдап, социализмге қарсы «крест жорығын» ұйымдастыруға белсене кірісті[26,239].

    1979 жылы парламент сайлауына бір жыл бұрын, уақытша өкіл боп Пекинде, Египетте елші, Ирак пен Кеңестер Одағында жұмыс істеген ағылшын дипломатиясының хас шебері Х.Тревельяк сыртқы саяси ұсыныстарының толық комплексімен шықты. Оның ішінде Англияға Батыс Еуропадағы жетекші ролін қайтарып беру мәселесі негіз болды.

   1982 жылы «Фолкленд жылы» деп атаған саяси шолушы, М.Розерфорд қоғам мен елдің саяси орталықтарының назары, Тэтчердің авторитарлы қысымын сезген, сыртқы саяси ведомствосының мәселелеріне ауды. Аралдарға аргентендіктер барғаннан бастап, парламенттің төтенше дебаттарында осы болып жатқан жағдайларға кім жауапты, ал кім орнын босатады деген сияқты дискуссиялар басталды. Нәтижесінде 1982 жылы 5 сәуірде лорд Каррингтон мен ағылшын Сыртқы істер министрлігінің екі қызметкері орындарын босатты. Осындай өтінішпен премьер-министрге хат жазған Қорғаныс министрі Дж. Котт, басқа Форин оффис басшыларына қарағанда өз орнында қалу жауабын алды. Сонымен қатар, Аргентина акциясын ағылшын басшысының білмеуі, әрі алдын алмау жауапкершілігі Форин оффиске бағытталды. Сыртқы істер министрі болып, бұрын Қорғаныс министрі, содан соң палата лидері болған Фрэнсис Пим сайланды. Жаңа министрдің тағайындалуы үкімет басшысы мен сыртқы саяси аппараты арасында өзара түсінушілікті жақсарта алмады. Премьер-министр Форин офистен келген ақпараттарға көңілі толмайтынын білдіріп, Форин офис басшыларын басып өтіп, 1982 жылы қарашада жаңа тұрақты дипломатиялық мәселелер бойынша арнайы кеңесші орын құрды. Бұл лауазымды орынға М.Тэтчердің сеніміне ие болған кәсіби дипломат А.Парсонсты тағайындады. Келесі жылдың қаңтар айының басында Парсонс формальді түрде жұмысқа қосылып, бірінші тапсырмасын алды. Ол – Таяу Шығыс мәселелері бойынша үкіметтегі келіспеушіліктің орнын жою жолдарын табу болды.

   «Гардиан» газетінің шолушысы былай деп жазды: «Премьер-министр не айтса да, ол кеңестік бастама болсын, мейлі Еуроаплық іс немесе Палестинаны азат ету ұйымы туралы болсын, әрдайым ол аузын аша бастаса Форин оффис пен М.Тэтчер арасында шиеленіс оты жарқ ете қалатын болды. Ағылшын журналистері атағандай дипломатиялық қызмет үшін «Фолкленд жылының» қорытындысынан кейін кәсіби дипломаттар лауазымы үкімет басшысының көз алдында төменгі бағаға дейін түсіп көрген емес. Ал, Форин оффис басшысы Ф.Пим қоршауда қалды, бір жағынан М.Тэтчер қысымы, екінші жағынан дипломаттардың онымен келіспеушілігі. 80-шы жылдардың басында дипломатиялық қызмет пен премьер-министр функцияларын ауыстырып алғандай көрінеді. Профессор Д.Уотт былай деп жазады: «Дипломаттар қай жерде әлсіз болса, премьер-министр барынша қатаң болды. Былай айтқанда, дипломаттар тыныштықты аңдаса, премьер-министр қылышпен жалақтады». М.Тэтчер сыртқы саяси үкіметі сыртқы саяси әрекет бағдарында тығырыққа тірелді. Бірінші кезекте Англияның Латын Америка елдерімен саяси және сауда-экономикалық байланысы әлсіреді. Кейбір үкімет басшысы мен Форин оффис басшылары арасындағы келіспеушілік консервативті партияда бірнеше күрес тенденциясын бейнелейді.

    Британ кәсіби дипломатиялық қызметі билеуші елдердің халықаралық позицияларын қоғауда ұзақ мерзімді негізде әрекет етуде. Әлеуметтік-саяси статусы мен сыртқы саяси қалыптылықта дипломатиялық аппарат прогрессивті саяси тенденцияға қарсы күресте ағылшын империалистік буржуазиялық резерві болып табылады. Сонымен қатар, британ дипломатиялық қызметі, тарих көрсеткендей сыртқы саяси мәселелер экстремистік формалар мен тәсілдерін шешуде қолдау көрсете алмайды. 1981 жылы екінші ірі кабинеттің қайта құрылуында премьер-министр Форин оффистің көрнекті және беделді саясаткерлері И.Гилмурдты орнынан босатты. Ол М.Тэтчердің сыртқы саяси тактикасына көңілі толмаған еді[2,123]. Оның ойынша М.Тэтчер «Британияның еуропалық саясатын сұмдық жағдайға дейін жеткізді», сонымен қатар Франция, ФРГ-мен қарым-қатынастың әлсіреуін атап өтті. Келесі жылы министр орнын лорд Каррингтонның өзі де босатуға мәжбүр болған еді. Бірақ Кррингтонның орнын басқан Ф.Пиммен де үкімет басшысының қатынасы жықсы болған жоқ. 1983 жылы маусымда парламент сайлауындағы консерваторлардың жеңісінен кейін Ф.Пимнің орнына Дж.Хау келді. Бірақ онымен де Тэтчердің Гренадаға АҚШ-тың әскери интервенциясын бағалауда шикілік пайда болды. Енді министр орнына консерваторлар үкіметінде Хаумен бірге мемлекеттік министр орнын алған леди Янг тағайындалды. Ол премьер-министрмен достық қатынаста еді. Бұған дейін ол ағарту саласында еңбек еткен, ал сыртқы саяси салада ешқандай да тәжірибесі жоқ еді.

     80-шы жылдары Англия тілектер мен мүмкіндіктер арасында, иллюзия мен бүгінгі шынайы әлем арасында алға қарай дамуды жалғастырды. Бұл кезде сыртқы саяси артықшылықты асыра бағалау Британия дипломатиялық құрылымында тікелей көрініс тапты.

    Форин оффистің Англияның Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа кіру кезіндегі мүмкіндігін дұрыс бағаламау салдарынан беделі төмендеді.

    60-70-шы жылдары британ саясаткерлері Форин офистің ықпалын шектеуге күш жұмсады. Министрлік қызметінің негізгі бағыттарын ұсынған талай баяндамалар талқыланып, комиссиялар құрылды. Мысалы, «Данкэн баяндамасында» Британия екінші рангтағы ірі держава ретінде сипатталды. Құрама корольдіктің ары қарайғы дипломатиялық мүмкіндіктері белгіленіп, әлемдік аренада өз мүдделерін қорғау ұсынылды.

    Жоғарыда айтып өткеніміздей, М.Тэтчер бастаған консерваторлар үкіметінің билік басына келуі Даунинг-стрит,10 және Форин оффис арасындағы қайшылықты шиеленістірді. Жаңа рпемьер министрліктің салмақтығымен баяулығын онша жаратқан жоқ. Консервативтік депутат, журналист Дж.Брюс Гардин: «М.Тэтчерді сыртқы істер министрлігінің жүйкесін жұқарту үшін құдай өзі жіберді» деп жазды.

     М.Тэтчер сыртқы істер министрі лорд Каррингтонды жақтырмағанымен, Форин оффисті оның өз бетімен басқаруына шыдамдылықпен қарады. Оның отставкаға кетуіне байланысты жағдай өзгерді. Енді негізгі шешімдер жиі Даунинг-стритте қабылданатын болды. Каррингтон кеткеннен кейін премьер сыртқы саяси мәселелер жөніндегі жеке кеңесші етіп, алғашқыда БҰҰ-дағы британ өкілі сэр Антони Парсонсты, ол кеткеннен кейін ҚХР-да ағылшын елшісі болған сэр Пэрси Крэддокты тағайындаған болатын. Консерваторлар сыртқы саяси курсында дипломатиялық мақсатта Еуропалық экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ) және НАТО ұйымдарын белсенді пайдалануға тырысып, ол ұйымдарға тәжірибелі саяси қызметкерлер мен елшілерін жіберуге тырысты. Осының нәтижесінде Соумс пен Паллизер ЕЭҚ комиссиясының мүшесі болды[3,186]. Ал, енді осы консерватролық үкіметтің ЕЭҚ-қа қатысты ұстанған саясатына тоқталып өтейік.

     Алдыңғы бөлімде Форин оффис функционалдық бөлімінің маңызды бағыттарының бірі – Ұлыбританияның халықаралық ұйымдарға қатысуын қамтамасыз ету екендігін айтқанбыз. 70-шы жылдары Англия 126 халықаралық және үкіметаралық ұйымдар санында болды. Дж.Макдермотт британ дипломатиялық ведомствосының модернизациясына ықпал еткен халықаралық ұйымдардың факторы екендігін ескертеді.

    Ұлыбританияда консерваторлардың билікке келуіне Еуропалық қауымдастық өкілдері қуаныш білдірді. Себебі, Англияның ЕЭҚ-ға кіруіне қарсы және олармен одақтасуға құлықты болмаған лейбористерге қарағанда, жаңа консерваторлар осы мәселеде жаңа қадамдар жасайды деп үміттенді. Ортақ рынок елдерінің басшылары консерваторлармен ауылшаруашылығы сияқты өткір, даулы мәселелерді шешуге келіссөз жүргізу жеңілдеу болады деп санады. Алайда, ЕЭҚ басшылары ағылшын жаңа премьерін аз білетін боп шықты. Тіпті, тәжірибелі саясаттанушылар да қателесті. Премьер-министр М.Тэтчердің ЕЭҚ елдері басшыларымен алғашқы кездесуінде алдыңғы үкіметтің ЕЭҚ-қа міндетті төлемдері шамадан тыс көп болғанын, енді бұдан әрі олай орындалмайтынын мәлімдеді[21,143]. Сөйтіп алғашқы қадамынан-ақ, Тэтчер өзін ЕЭҚ-тегі Англия мүддесінің айнымас қорғаушысы ретінде танытты. Ол ЕЭҚ бюджетіне төленетін британ төлемін төмендетуді талап етті. Англияның ЕЭҚ-дағы әріптестері бұны әдеттегідей «ағылшындық қалжыңның» біріне санаған болатын деп жазады орыс баспасөзі. Бірақ жыл өтпей британ төлемі 1,1 млрд.ф.ст-тен 400 млн ф.ст-ке қысқартылды[15,12]. Англия ФРГ-ға қарағанда үш есе көп төлеген. Тэтчер үкіметінің талабын бақылаушылар 1974-75 жылдардағы Англияның ЕЭҚ-қа қатысу жағдайын қарауға қол жеткізген Вильсон кабинетінің шешімімен салыстырды.

     Бюджеттік мәселелер Лондонның ауылшаруашылық саясаты мен балық шаруашылығына қатысты қойған мәселелерімен шиеленісе түсті. Сондай-ақ, Британия Еуропалық валюта жүйесіне қосылуға асықпады.

   Үкіметтің ЕЭҚ-қа қатысты ұстанымы ағылшындардың ұстанымымен сай келді. 1979 жылы маусымда ЕЭҚ-қа қатысу мәселесіне байланысты өткен Европарламент сайлауына барлығы 33% сайлаушы қатысқан.

    Лондон Еуропалық экономикалық қауымдастыққа қатысты қандайда талап қойғанымен Англияның қоғамдастыққа жақындау процесі тұрақты әрі жылдам темппен дами түсті. 1979 жылы ЕЭҚ елдеріне британ экспорты 22%-ке, ал қалған барлық елдерге 5,5%-ке өсті. 1980 жылы 43% британ экспорты қоғамдастық елдеріне бағытталса, ал олардан 41% импорт келіп түсті[3,78].

    1979 жылы желтоқсанда Лондонда өткен ағылшын-француз кездесуінде Жискар д’ Эстен Британияның бюджеттік төлемдерді қарау жөнінде талабына былай жауап берді: «Англия осыдан 7 жыл бұрын ЕЭҚ-қа қосылмай тұрып, оның ережелерімен талаптарын білетін тұғын».

      Тэтчер үкіметі егер ЕЭҚ Британиямен келісімге келмесе, онда Кеңес отырысында қатал шараларға жүгінетінін айтып, сес көрсетті. Шынымен, 1979 жылы желтоқсандағы Дублиндегі кездесуде британдық премьер-министр соншалық бірбеткей позиция ұстанды. Лондон Қауымдастық бюджетіндегі ағылшын төлемін 2 млрд долларға қысқартуды талап етті, ал әріптестер 1 млрд. 300 млн-ға келісті. Мәселе шешілмей кейінге қалдырылды.

    Англия бұл кезеңде Қауымдастыққа қарсы түрлі қарсылықтар жүргізді. Ол Қауымдастық елдерінен келетін азық-түлік өнімдеріне санитарлық шамаға сай келмейді деп бөгет жасады. 1980 жылы мамырда Люксембургте жоғары дәрежеде өткен Еуропалық қауымдастық елдері кездесуінде ұзақ келіссөздер нәтижесінде ғана бір келісімге келуге қол жетті[21,145]. Яғни, қоғамдастық қатысушылары Англия үшін жаңа жеңілдіктерге барды. Бұл кездесуге Тэтчер қатыспаған болатын. Оның орнына сыртқы істер министрі Каррингтон қатысты. Ол кейін отырыс қорытындысын естіп, тағы көңілі толмағандығын білдірді. Кабинет отырысында Брюсселдегі шешімге қарсы екендігін айтады. Алайда өте маңызды мәселені қайта-қайта ысырып тастау кабинет мүшелерінің ығырын шығарды. Министрлер онымен келіспеді. Әсіресе сыртқы істер министрі Каррингтон одан басқа ешқандай шешімді енді мойындамайтынын мәлімдеді. М.Тэтчер Каррингтонды басқа парламент депутаттары да қолдай кетуінен секем алды. ЕЭҚ-қа және өз кабинетіне жалғыз қарсы шығу үлкен тәуекелге бару екенін түсінген Тэтчер, осы шешімге қанағаттануды ұйғарды.

    Гэллана институтының зерттеуіне сүйенсек, 1980 жылы ағылшындардың 70% ЕЭҚ-тан шығуды жақтаған, ал төрт жылдан кейін яғни 1984 жылы ағылшындардың 55% «ортақ рынокқа» қатысуды жақтаса, 35% қарсы болған[3,79]. Қоғамдық пікірдің бұлай бірден өзгеріп кетуіне не себеп болды?

    Бір жағынан, Англия өзінің экономикалық және қаржылық жағдайын тұрақтандыру үшін уақыт оздырып, қаржы-экономикалық салада интеграциялық үрдістерді тежеуге тырысты. Ал, басқа жағынан, интеграция болмаса, сыртқы саясатта және әскери салада тығыз байланыс орнатуға итермеледі.

   Сол кездегі сыртқы істер министрі лорд Каррингтон, 1980 жылы қарашада Ауғанстан, Иран, Таяу Шығыс пен Парсы шығанағындағы жағдайларға сүйене отырып, ЕЭҚ мүшелерін тығыз координациялы әрекет жасауға шақырды. Бұл арқылы Лондон бұрынғы амбициясы бойынша  ЕЭҚ-пен біріккен сыртқы саясат құрып, Еуропаның атынан сөйлегісі келді.

     Лондон бұл мақсатқа жету үшін Париж бен Боннға жалтақтаумен болды. Ағылшындарға ФРГ-ні өзіне тарту мүмкін болды, ал аграрлық мәселені Францияның келісімінсіз шешу мүмкін емес еді. ЕЭҚ аясында ФРГ мен Францияның екі жақты ынтымақтасуы өсе түскен сайын, Англияға ЕЭҚ-тың «қатардағы мүшесі» боп қана қалу қаупі туар еді[27,46].

    Сөйтіп, ағылшын-француз байланыстарының қорытындысында жалпы ауылшаруашылық саясаты бюджетіне британ төлемі жөніндегі мәселені шешуге қол жетті. 1980 жылы мамырда Венецияда «тоғыздық» елдері Ұлыбританияның алғашқы салымын 1,1 млрд. Ф.ст.-тен 400 млн-ға қысқартуға келісті. Алайда бұл компромисс ұзаққа бармады. Англияның әріптестерімен, соның ішінде Франциямен қатынастары қайшылыққа ұшырады. 1980 жылы қыркүйекте Францияда М.Тэтчер мен В.Жискар д’ Эстеннің кездесуі болды. Онда Ұлыбритания премьері екі ел арасындағы қайшылықты жойып, тығыз ынтымақтасу керектігін, соның ішінде әскери салада ынтымақтасуға баса назар аударды.

    1981 жылы қыркүйекте ранцуз президенті  Ф.Миттеран ресми сапармен Лондонға келді. Бұнда да екі ел басшылары екі ел арасындағы қайшылықты мәселелерді болдырмауды атап өтті. Ал Англияның жанына бататын ЕЭҚ-тің болашағы жөніндегі мәселеге тоқталмауға тырысты.

    Қоғамдастық аясындағы  саяси одақтасу жобасының талқылануын Бонн ұсынды. 1981 жылы ФРГ-ның сыртқы істер министрі Г.Д.Геншнр ЕЭҚ аясында саяси одақ құру жөніндегі нақты жобасымен шықты. Бастамашылардың ойынша, бұл одақ, экономикалық қайшылықтарды шешуге көмектеседі. Бұрынғыдай Англия бұл идеяны ұнатпасада қолдау білдірді және жобаны өзіне тиімді жаққа қарай бұруға тырысты. Бастаманы сыртқы істер министрі лорд Каррингтон өз қолына алды. Оның жетекшілігімен 1981 жылы қазанда ЕЭҚ елдері сыртқы істер министрлерінің жиналысы өтті. Жиналыс алғаш қоғамдастық мүшелерінің қауіпсіздік мәселесі бойынша  концультациялар жүргізуді ресми қарап, «Еуропалық саяси ынтымақтастық жөніндегі Лондон баяндамасын» қабылдады. Баяндамада «ортақ рынок» елдерінің елшіліктері мен өкілдіктерінің мәселесі, дипломатиялық тығыз қатынастар мәселесі көтерілді. Каррингтон АҚШ-ты үркітіп алмау үшін бірден баяндаманың мәнін түсіндіруге асықты. «Бұл саяси ынтымақтастық НАТО-ның орнын баспайды, бұл жерде әңгіме ЕЭҚ елдерінің сыртқы саясат саласындағы қызметіне байланысты болып отыр»- деді.

    80-шы жылдардың басында Англия біріккен дипломатиялық акцияларды жүргізу үшін ЕЭҚ министрлер кеңесінің өкілеттілігі берілген әкімшілік хатшылық құруды ұсынды.

    Тағы Лондон Еуропалық кеңестің люксембургтік сессиясына «Еуропалық Одақтың Ауғанстанға саяси бастамасын» ұсынды. Бұл арқылы ол республиканың ішкі ісіне араласуға шақырды. 1982 жылы қаңтарда Лондонның бастамасымен  антикеңестік және антиполяктік резолюция қабылданды.

   Лондон экономикалық интеграцияның жылдамдауына  үзілді-кесілді қарсы шықты. Атап өткендей, ол Қоғамдастықтың ұлттық билік институттарынан биік тұратын институттарына қарсы болды. Англия шын мәнінде қолдағаны бұл – сыртқы саясатты ынтымақтасудың тереңдеуі еді.

    Не десекте уақыт ағымымен Англия қоғамдастыққа қарай көбірек интеграциялана бастады.

     1984 жылы сыртқы істер министрі Дж.Хау америкалық «Форин аффэрз» журналына еуропалық интеграция концепциясын баяндай отырып, мынаны атап өтті. Англия шын мәнінде «ортақ рынок» ортақ екендігіне қол жеткізуі керек. Оның ішінде тауар айналым және жаңа технологиялар өндірісінде ынтымақтасуды атап өтті[3,92].

    80-шы жылдардың ортасында Англия жалғыз Қауымдастық «тыныштығын бұзушы» ел болған жоқ. Басқа да Дания, Греция, Ирландия сияқты тынышсыз елдер шыға бастады. Олар саяси интеграциялық қадамдарға қарсы болды. Оны өз ұлттық егемендіктеріне жасалған қастандық деп санады.

     Англия интеграциялық процесстерді жылдамдатуға асықпады, бірақ екінші категорияда қалып қойғысы да келмеді. Өйткені ол Қауымдастық ішіндегі ықпалын әлсіретіп алар еді.

    Сыртқы істер министрі Дж.Хау Чэтем Хаустағы дәрісінде: «Әлсіз, бытыраңқыға қарағанда күшті әрі біріккен Еуропа әлдеқайда жақсы»- деді. Халықаралық мәселелерге байланысты министр әріптестернің біріккен келісімді әрекеттерінің маңыздылығын атап өтті. Бұдан Лондонның өз есебі көрініп тұрды. Мысалы, Фолкленд аралына қатысты конфликтте Англия әріптестеріне Аргентинаға экономикалық байкот жариялауды талап етіп, оған қолын жеткізді.

   Жалпы 80-шы жылдардың ортасында Лондон Қоғамдастықтағы әріптестеріне өз ұсыныстарын қабылдата алды. ЕЭҚ-қа Греция, кейіннен Испания, Португалияның енуінен кейін Англия енді сыңаржақ боп көрінбейтін болды.

     1985 жылы желтоқсанда Люксембургте өткен Қауымдастық өкілдері кездесуінде Тэтчер осы уақытқа дейінгі ең жағымды жетістікке жетті. Себебі онда қабылданған әрбір шешім Англия мүддесіне жауап беретін еді.

     80-шы жылдары Лондонның Қауымдастық процесіне белсенді қатысып, Қоғамдастыққа басшылық жасау арманы орындала қойған жоқ. Өйткені басты шешім Париж-Лондон-Бонн үштігі арқылы шешілді. Болашақта да солай болып қала берді.

    Форин оффис басшыларының сыртқы саясатта басым мән беріп, маңызды халықаралық ұйым ретінде тығыз қатынас орнатқан ұйымы – Солтүстік Атлантикалық ұйымы (НАТО)болды. Юлиан Лидер НАТО-ның құрылу мақсатына қатысты өз еңбегінде:»НАТО алғашқы уақыттан-ақ АҚШ-тың әскери жүйесіне бағытталған. Оның доктринасы ең алдымен американдық доктринаның ықпалымен құрылған»- деп жазады[Қараңыз:28]. 1981 жылы қыркүйекте Нью-Йоркте сыртқы саясат Ассоциациясы жиналысы алдында сыртқы істер министрі лорд Каррингтон өзінің америкалық тыңдаушыларын Солтүстік атлантикалық ұйым британ дипломатиясының басты мәселесі боп қала бермек деп сендірді. М.Тэтчердің консервативтік үкіметінде әскерилердің сыртқы саясатқа ықпалы күшейе түсті. 1978 жылы Болашақ премьер-министр өзінің бір кезекті сөзінде қорғаныс күштер мен сыртқы саясат байланыста болу керек деді. Қорғаныс министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінде Англияның НАТО-ға қатысу мәселесімен тиісті бөлімдер айналысты.

    1982 жылы Форин оффис басшылығынан кеткеннен кейін лорд Кррингтон консерваторлық үкіметтің НАТО-дағы мүддесін қорғады. НАТО-ның бас хатшысы болған тәжірибелі саясаткер, лорд Каррингтон тіке сөйлейтіндігімен және блок қызметінің әскери аспектісіне ғана мән баса назар аударған өзінің бұрынғы әріптесі Лунсқа қарағанда өзін басқаша қырынан көрсетті. Каррингтон НАТО-ның саяси және әскери екі сипаты бар деп атап көрсетті. Одақтың негізгі мақсатының бірі Шығыспен тұрақты қарым-қатынас орнату деп білді[12,27].

    Каррингтон НАТО-ның доктринасы таза қорғану сипатында деп дәлелдеді. Ол бекітілгеннен кейін НАТО-ның қорғаныс министрі бекіткен, алдыңғы алты жылда коммуникацияны жаңалауға, өз қорларын толықтыруға, аэродромдарға т.б. одақтың жылына 1 млрд. ф.ст. бөлетіні туралы жоспарды жариялады.

     Ұлыбританияның сыртқы саяси концепциясын қайта қарап, оны Лондонның шынайы мүмкіндігіне сай келтіруінің нәтижесінде, НАТО-ға маңызды роль берді[13,57].

    Тэтчер бастаған консерваторлар үкіметі әскери шығындарды қысқартуға қарсы болды. 1979/80 қаржылық жылы қорғаныс министрлігінің шығындары шамамен 8 млрд. ф.ст. құрады. 1982/83 жылдары 14 млрд, яғни жан басына есептегенде Франция мен ФРГ-дан көп шығын болды[3,207].

     Лондон НАТО-ның Еуропаның қорғанышы ретінде нығаюына қолдау білдірді. Бірақ бұған қатысты британ саяси ортасында түрлі түсінік, пікірлер болды.

     ЕЭС-қа кіру үшін күрес кезінде Хит, ағылшын-француз ядролық ынтымақтастығы сияқты, ЕЭС-тің базасында Батыс Еуропа елдерінің әскери интеграциялану перспективасын қарауға дайын екенін танытқан болатын. Ал, лейбористер бұған қарсы болып, НАТО-ның беріктігін елемеуге тырысып, бірақ Лондонның мүддесі үшін Батыс Еуропалық одақтың әскери-саяси әрекет механизмін белсенді қолдана білді. Лейбористер кезіндегі Англияның келісімді пікірі НАТО-ның ішінде Еуротоптар құру бастамасы болды. Екі партияда Бонның ядролық амбициясына сақтықпен қарады.

     1980 жылы қаңтарда қорғаныс министрі Ф.Пим 4-5 млрд ф.ст. тұратын су асты ядролық флотын модернизациялау жоспарын жариялады. 1979 жылы Британ премьер-министрі Дж. Каллагэн президент Дж.Картермен «Поларистер» айырбастау жөнінде әңгімелескен болатын. 1980 жылы шілдеде Лондон мен АҚШ арасында Англияға американдық «Трайдент» ракеталық жүйесін сатып алу жөнінде келісім жарияланды. Премьер-министр парламентте сөйлеген сөзінде НАТО аясында ядролық қарулануды жандандыратынын мәлімдеді[8,397]. М.Тэтчер істі соңына дейін жеткізіп, «Трайдент» жүйесін жеткізуге келісті. Сондықтан, екі партияда 70-80 жылдардағы британ ядролық қаруларды жасау және модернизациялау шешіміне бірдей жауапты боп саналады.

    Жай қаруларға қатысты айтсақ, онда Британия басқа Еуропалық елдермен ынтымақтасуды жүргізді. ФРГ, Франция, Италиямен әскери самолет өндірісінде ынтымақтасты. Ағылшын әскери әуе күштерінің 90% эскадрасы НАТО күштерінің құрамына біріктірілген. Бұл нені көрсетеді? Яғни Англия баяғыдай ФРГ-ның жаяу әскери күштерімен бірге НАТО-да шешуші ролді ұстанғысы келеді.

    80-шы жылдары Англия НАТО-ның басқа еуропалық мүшелерінің ішінен әскери шығындар төлеуде алдыңғы қатарда тұрды. 1984/85 қаржылық жылы қорғанысқа 17 млрд. ф.ст., яғни 1983/84 жылмен салыстырғанда 3,5% артық төледі. Консерваторлардың кезінде әскери шығындар, фолкленд операциясына байланысты шығынды қосқанда 21% құрады.

   1984 жылы 30 маусымдағы Қорғаныс министрлігінің есебіне қарағанда, қарулы күштердің жеке құрамы 325 917 адамды құрады. Ескеретін жай, бұл еріктілер негізінде құрылған кәсіби әскер.

     Лондон 5 мың адамнан тұратын жылдам қимылдайтын жеке күштерін құруға шешім шығарды. НАТО аумағында Франциямен бірдей әскер ұстап отырды. Атап айтсақ, 25 мың әскер. 1985/86 қаржылық жылы 18060 млн, ал 1987/88 жылдары 18786 млн ф.ст. шығын төлеу жоспарланды. Басқаша айтқанда, Англияның әскери бюджеті халықтың жан басына шаққанда НАТО-да АҚШ-тан кейінгі орынды алды. Британия НАТО-ның жыл сайын шығындарды 3% өсіру келісімін мұқият орындады. Консерваторлар кезінде әскери бюджет бұрын-соңды болмаған жоғарғы көрсеткіш көрсетті.

     Ұлыбритания бұл жылдары сыртқы саясатта ЕЭҚ, НАТО сияқты халықаралық ұйымдарға басымдық берсе, керісінше БҰҰ, ЮНЕСКО сияқты халықаралық ұйымдарға қатысты назары азая бастады.

    80-шы жылдардағы халықаралық қатынастардың дамуы әлемдегі үрдістер мен күштердің қарсы күресімен ерекшеленеді. Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар жүйесінде ширек ғасырдан астам өмір сүріп келе жатқан, әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғауда Біріккен Ұлттар Ұйымының маңызы зор.

     Біріккен Ұлттар Ұйымы жұмысының тиімділігі оған мүше елдердің саясаты мен позициясына соның ішінде Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің ұстанымына байланысты боп табылады. Форин оффисте БҰҰ-дағы әрекет мәселелерімен 2 маман айналысады. Ондағы штатқа БҰҰ құрылымында жұмыс істегендер немесе басқа да халықаралық саяси ұйымдарда қызмет еткендер ғана тартылады[2,101].

    Ұлыбритания – БҰҰ-ның беделді мүшелерінің бірі. БҰҰ-дағы Англияның қызметі жалпы Батыс елдері соның ішінде АҚШ-тың және ЕЭҚ-ға мүше елдердің жүрісімен байланысты болды. Алайда, БҰҰ-дағы Англияның саясаты спецификалық (ерекше) белгілерімен де көрінеді. Ол мынадай фокторлармен анықталады. Алдымен соғыстан кейінгі әлемде ағылшын имперализмі позициясының әлсіреуі, үлкен отарлық империялардан айырылуы.

    БҰҰ-на қатысты ағылшын саясатының бастамасы БҰҰ-ның Жарғысын дайындау кезеңінен басталады. Ағылшын саясаткерлері БҰҰ Жарғысындағы ұжымдық қауіпсіздік мәселесіне қатысты қайшы пікірде болған еді. Бұл мәселеде олар НАТО сияқты әскери-саяси ұйымға басымдық беруді жақтаған еді[29,165].

     80-шы жылдары Ұлыбританя БҰҰ-да отарсыздандыру мәселесінде жиі сынға ұшырап отырды.

     1979 жылы М.Тэтчер билікке келісімен бұрынғы британ отары Родезия (Зимбабве) мәселесіне байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымымен қақтығысқа келе жаздады. 1978 жылы Я.Смиттің расисттік режимі оңтүстік родезиялық қайраткерлермен бірге ішкі саясатты реттеу, яғни елде отарлық және расисттік тәртіпті сақтау үшін келісімге келеді. Ал, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі бұл реттеуді заңсыз деп табады. 1979 жылы расистер Родезияда Музорево бастаған ойыншық үкімет құрды. М.Тэтчер үкімет басына келісімен осы Музерово үкіметімен байланыс орнатты. Елдің Сыртқы істер министрлігі оған бұл қадам БҰҰ және Қауымдастықпен қақтығысқа әкелетіндігін дәлелдеуге тырысты. Соңында лорд Каррингтон премьерді көндіріп, басқа БҰҰ мүшелерімен бірге Музерово үкіметін мойындамау жөнінде коммюникеге қол қойды[21,141].

     Одан кейін 1982 жылы Фолкленд аралдары үшін болған қақтығыста да БҰҰ оны әскери күшпен емес, дипломатиялық жолмен шешуді ұсынды. БҰҰ аралдардың отарлық статусын мойындап, оны келіссөз жүргізу жолымен өзгертуге шақырды. Бірақ Тэтчер бұл жолмен жүруді қаламады. Бұл жөнінде алдыңғы тарауларда толығырақ атап өтетін боламыз.

    БҰҰ-ның халық ағарту, ғылым, мәдениет, бейбітшілік мәселелері жөніндегі халықаралық ұйымы ЮНЕСКО боп табылады. Осы жылдары Лондон мен АҚШ арасында «ерекше қатынастар» орнаған болатын. 1985 жылы консерваторлар үкіметі АҚШ-қа өздерінің адалдығын көрсетуге тырысып, әлемдік білім, ғылым және мәдениет мәселелерімен айналысатын аталған беделді ұйымнан шығатынын мәлімдеді. Вашингтон бұл қадамды бұдан бір жыл бұрын жасап және басқа одақтастарын өзінен үлгі алуға шақырған еді. М.Тэтчер үкіметінің бұндай қадамға баруына не итермеледі? Вашингтонның қысымы ма, әлде ЮНЕСКО-да бекітілген жаңа міндеттермен келіспегендік пе?

        Бұған екеуі де итермелеген болуы керек деп жазады кеңес баспасөзі. Лоардың жазуынша: «Вашингтон шын мәнінде Лондонға дөрекі қысым жасады. Алайда, ағылшындар тарапынан бұл қысым наразылық емес, түсіністік әкелді». Тори үкіметі мұндай қадамға баруын ұйымның саяси біржақтылығымен бүркемелеуге тырысты. «Үшінші әлем» қоғамдастығының тіпті, ФРГ мен Жапонияның бұндай қадамға бармауға шақыруына қарамастан, осылай жасады.

    Үкімет шешімі қауымдар палатасында үлкен қарсылықтар тудырды. Көрнекті торилердің бірі – Хит, бұл шешімді «жиіркенішті қасаң ұлтшылдықтың өсуі[30]. АҚШ үлгісін қайталау ешқандай ақталмайды» деп атады. Сөз алғандардың көпшілігі ЮНЕСКО-дан жарнаның жоғары болуынан шықтық деген сылтауды жоққа шығарып, Англияның оның орнына аз алып отырмағанын атап көрсетті. Лейбористер үкімет басына келісімен, ЮНЕСКО-ға мүшелікті қалпына келтіреміз деді.

   Міне өздеріңіз көріп отырғандай, тори үкіметі сыртқы саясатта да, халықаралық ұйымдармен қатынасында да аймақтық держава ролін иемдену, әлемдік саясатта шешуші роль ойнауға талпынатынын көруге болады.

    Сыртқы істер министрі Дж.Хау Оксфорд университетінің консерватор-студенттері Ассоциациясы мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде: «Кезінде біз империяны жоғалтып, өзімізге сай роль таппады деген пікір қалыптасқан. М.Тэтчер кезінде Англия қайтадан мақтанышқа ие болды. Біз аймақтық державамыз, біз әлемдік аренада белгілі бір роль ойнаймыз»-деді.

    Көптеген мәліметтер 80-шы жылдары британдық сыртқы саясатты қайта қарау баяулағанын көрсетеді. Британ үкіметі Британияға Ұлы державаның барлық белгілерін таңуға тырысты. Осы мәселе бойынша М.Тэтчердің: «Соңғы төрт жылда  Британия өзінің құрмет пен сенімділігін қалпына келтірді. Біз қайтадан басқа елдер көңіл бөліп, таңданып қарайтын елге айналдық. Бізде қазір өзінің тұтастығымен, еріктігімен ерекшеленетін халық ретінде қарайды» деген сөзін келтіруге болады.

        Дж.Хау Британияның әлемдік ролі туралы: «Тарих және география бізге еуропалық проблемаларды ішінен көру мүмкіндігін берді… Біз Еуропа альянысының ортасындамыз. Біз кейбір стратегиялық нысандардың территориясы үшін жауапкершілік сақтаймыз, НАТО зонасының сыртында иілгіш реттеу потенциалдарын жиі пайдаланамыз»-деді. Басқаша айтқанда ресми Лондон тори кезінде және 80-ші жылдары Шығыс Еуропадағы түбегейлі өзгерістер қайтымсыз емес деген көзқарасты ұстанады.

   Ағылшын дипломатиясы сыртқы саясаттағы оқиғаларды қадағалап, қиын жағдайларда оңай шығудың шебері болса да – дипломатия бәрібір өз бетімен саясатты өзгертуге дәрменсіз еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-ТАРАУ. 1979-1989 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҰЛЫБРИТАНИЯ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАР

 

        Қырғи-қабақ соғыс саясаты жағдайында Ұлыбритания сыртқы саясатында «американдық» және «кеңестік» факторлар басты назарда болды. М.Тэтчер сыртқы саясатында Кеңес Одағының саясатын ерекше жек көріп, ал, АҚШ-пен ерекше достық қатынаста болды. Сондай-ақ, бұл кезеңдегі Ұлыбритания сыртқы саясатындағы айтарлықтай оқиға Фолкленд аралдары үшін болған ағылшын-аргентин қақтығысы, ондағы консерваторлардың жеңісі мен оңтүстік-шығыс Азиядағы маңызды отары Гонконгты тарихи отаны Қытайға қайтарып беру жөніндегі келісімі болды. Олай болса, жоғарыда аталған мәселер осы тарауда нақты қаралатын болады.

 

2.1 Ұлыбританияның АҚШ, КСРО мемлекеттерімен дипломатиялық қатынастары

 

     Англия сыртқы саясатында әлемнің АҚШ және КСРО сияқты ірі мемлекеттеріне ерекше басымдық берді. Консерваторлар үкіметі екі мемлекетке екі түрлі саясат ұстанды. Атап айтсақ, АҚШ-пен ерекше дипломатиялық қатынастар орнатса, КСРО-мен ерекше жаулық қатынаста болды. Ұлыбритания АҚШ-пен бірігіп КСРО-дан келетін социализм қаупіне қарсы тұруға тырысты. АҚШ президенті Рейган сол кезде КСРО-ны «зұлымдық империясы» десе, ал Тэтчер «Батыс пен Британияға басты қауіп коммунизмнен» деп санады. Жаңа үкімет АҚШ пен КСРО арасындағы өзара қарым-қатынастарын жаңа «бәсеңдік» принциптеріне негіздеуге тырысты. Жалпы, Ұлыбританияның дәстүрлі сыртқы саясаты екі қарама-қайшы тенденцияларға негізделген. Ол дәстүрді сақтау және өзгерістерге бейімділік көп уақыттар бойы Британия КСРО мен АҚШ арасында ерекше делдалдық роль ойнады[31]. Ұлыбританияның АҚШ және КСРО мемлекеттерімен дипломатиялық қатынастарын жеке қарастыруды қажет етеді.

    Олай болса, біз алдымен Ұлыбритания мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ерекше қатынастарға тоқталып өтейік. М.Тэтчер У.Черчиллді өзінің рухани әкесі деп санайтынын және оның жолымен жүруін мақтанышпен атаған болатын. Ол Черчиллдің «АҚШ-пен тығыз одақ және ерекше қатынас» саясатын жалғастырды[17,56].

   80-шы жылдар ағылшын-американ қарым-қатынасының артықшылық сипатын одан әрі дамытуда көптеген жаңа элементтер енгізілді. Бұған АҚШ-та үкімет басына Рейганның, ал Англияда М.Тэтчердің келуі үлкен әсерін тигізді. Олардың арасында бірден тығыз идеялық және саяси жақындық орнады[32,145]. Бұл жөнінде кеңес саяси шолушысы В.Михеев: «М.Тэтчердің Рейганизмге қатысты сүйіспеншілігі Ұлыбританияның халықаралық «менін» жоғалтуға әкелуі мүмкін»-деп жазды[16,87].

    Екі басшыны монетаризм концепциясына ортақ берілгендік, сөз жүзінде болса да экономиканы мемлекеттік реттеудің кейнсиандық әдісінен бас тарту, терең антикоммунизм біріктірді. Сонымен қатар кейбір салаларда екі ел мүддесінің қайшылығы драмалық сипатқа ие болды.

    Сонымен 80-шы жылдары бұл қатынастар қалай дамыды?

    Толыққанды Англия мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың «ерекше» сипаты  Фолкленд (Мальвин) аралдары үшін болған ағылшын-аргентин дау-жанжалы кезінде көрінді. Лондон өзінің барлық іс-әрекеттерін Вашингтонмен клісе отырып, Аргентинамен тікелей қақтығысқа түсті.

   Расында 1947 жылы Америка мемлекеттері арасындағы өзара көмек келісімі АҚШ пен Аргентинаны одақтастық міндеткерлікке байланыстырғандықтан, АҚШ Англияның бұл әрекетінен Аргентинаның алдында күрделі дипломатиялық жағдайда қалды.

    Мемлекеттік хатшы А.Хейг Лондон мен Буэнос-Айрес арасында сапарда жүріп, арасында Вашингтонға келіп дау-жанжалды реттеудегі өзінің «ортадағы миссиясы» туралы президентке баяндап отырды. Іс жүзінде Хейгтің делдалдығы Англияның уақытты ұтып, өзінің қарулы күштерін Оңтүстік Атлантикаға шоғырландырып, Пентагонмен тығыз қарым-қатынаста операцияға дайындалуына мүмкіндік берді. Кейін мәлім болғанындай, АҚШ Англияға Оңтүстік Атлантикадағы жағдай туралы барлық барлау мәліметтерін беріп отырған. Америкалық спутниктердің бірін ағылшындар бас штабпен әскери іс-әрекет зонасы арасында тұрақты байланысты қамтамасыз ету үшін пайдаланды. Пентагон ағылшындарға аргентин әскерінің қарулануы туралы мәліметтер беріп, НАТО-ның міндеткерлік шеңберінде Солтүстік Атлантикада күзетте жүрген британ самолеттерін белгілеп, берді.

    Өзінің делдалдығымен Вашингтон Лондонның дау-жанжалды саяси жолмен шешуден қашуына көмектесті. Сондай-ақ, АҚШ Латын Америка елдерінің Аргентинаға көмек көрсетуіне бөгет жасап бақты. Олар Латын Америкасы  елдеріне қысым жасап, «коммунизм кіру» қаупімен қорқытты[9,97].

     1983 жылғы қыркүйектің аяғында Тэтчердің АҚШ-қа сапарының атмосферасы антисоветизммен ерекшеленді. Тэтчер Рейганнан бірқатар маңызды мәселелерде, атап айтқанда АҚШ-тың мемлекеттік бюджетінің жетімсіздігінен Батыс Еуропа елдері экономикасындағы жағымсыз салдарын жеңілдетуге қол жеткізем деп ойлаған болатын. Бірақ бұл ойы орындалған жоқ.

    Кейін ағылшын-американ қарым-қатынасына да драмалық кезең келді. Ол АҚШ-тың осы жылдың қазан айындағы Гренадаға қарулы интервенциясына байланысты болды.

    Англияның кейбір ресми адамдарының баяндаулары, Вашингтон Лондонның  басып кірмеу жөніндегі кеңесін тыңдаған жоқ дегенге саяды[4,107]. М.Тэтчер бұл интервенция ол үшін күтпеген жағдай болды деп көрсеткісі келді. Тэтчер Америка акциясына сөз жүзінде қарсы шығып, идеологиялық жағынан жағымсыз режимдерді жоя беретін болсақ, бұның күтпеген салдары болатынын оның «қатыгез соғыстарға» әкелетінін айтып, өзінің шыдамдылығын мысалға келтірді.

    Американың Гренададағы әскери интервенциясын ағылшындардың сынауы британ дипломатиясының классикалық әдістерінің  бірі болды. Өйткені, Англия Қоғамдастық мүшелерінің және британ жұртшылығының реакциясын ескеруі тиіс болды. Сондықтан да Лондонның бұл сынауын теңіздің арғы жағы түсіністікпен қабылдады. Қалай болғанда да Гренада басқа Америка одақтастары сияқты, Лондонға да ойлануға негізделген себеп болды. Британ саясаткерлері Вашингтондағы белгілі бір саяси күштер батысқа авантюризм әкелуі мүмкін деп қауіптенді. Дж.Хау Уэтем-хауста сөйлеген сөзінде: «Гренададағы оқиғалар бізге Еуропадағы ең жақын деген одақтастардың өзінен тәуелсіз көзқарас ұстау қажеттігін еске салды. Біз мұны жекелеген Еуропалық ел емес, бүкіл «ондық» болып жүзеге асыра аламыз»-деді.

    Ағылшын саяси топтарында Лондонның Вашингтоннан қашық саясат ұстап, өзінің іс-әрекетімен ауқымды ядролық жанжал туғызуға қауіп төндірген кездегі ағылшын-американ қатынастары жайлы ұмытқан жоқ.

    1986 жылдың басында АҚШ өзінің одақтастарына қысым көрсетіп Лвияға экономикалық байкот жариялауды талап еткен кезде, Лондон бұдан бас тартып ЕЭС-тегі серіктестеріне қосылды. Оның көзқарасы түсінікті де, өйткені ол ЮАР-ға қарсы жасамаса, Ливияға қарсы санкция енгізу оңай емес екенін түсінді. Оның есесіне АҚШ осы жылдың сәуір айында Триполь мен Бензалияға әуе шабуылын жасаған кезде, Лондон өз территориясында американдықтарға әуе әскери күштері базасын пайдалануға рұқсат берді. Осы жерден америка самолеттері өлім ұсынушы жүктермен ұшып жатты. Осылай Англия тәуелсіз елге озбырлықтың қатысушысы болды. Бұл кезде Франция мен Испания АҚШ-тың өһз территориясынан өтуіне тыйым салған болатын. Алайда бірнеше ай өткеннен кейін  осы жылдың қыркүйек айында АҚШ Ливияға қарсы озбырлықты қайта бастағанда Англия алдыңғы жолғыдай олардың әрекетін қолдамады, өйткені кабинетке оппозициялық партиялар мен жұртшылықтың сынын ескеруге тура келді. АҚШ-тың бұл іс-әрекетінен Англияда қиын шақта АҚШ-қа сенуге бола ма? Бір күні өз жеріміздегі ядролық қаруды бізбен ақылдаспай-ақ өзімізге қарсы қолданып жүрмей ме? -деген пікірлер туды[3,116].

    Ағылшын жерінде Американың «Томагавик» қанатты ракеталарын шоғырландыра бастаған кезде, Британияда бұл жаңа ракеталардың жүйесін екі жақты бақылау жасау мүмкін бе? Деген сұрақ пайда болды. Ресми адамдардың бұл сұраққа күмілжіп жауап бере алмауы, АҚШ Лондонның келісімінсіз-ақ белгілі бір жағдайларда Англия территориясындағы ядролық қаруды қолдана алады деп қорытынды жасауға түрткі болды.

    Таяу Шығыс мәселесі жөнінен туындаған екі ел арасындағы қайшылық үнемі болып отырды.

    Көптеген бақылаушылар Лондонның түрік-киприоттардың аралда егемен мемлекет жариялауына байланысты Вашингтонмен ақылдаспауын және АҚШ бастаған антикоммунистік компанияның қызған шағында Тэтчердің Еуропадағы социалистік елдерді аралауға шығуын екі ел арасындағы қарым-қатынастың салқындауы деп қарады. Батыс баспасөздері мұны британ саясатының тәуелсіздігінің күшеюі деп бағалады.

     Тори үкіметінің үнемі республикалық әкімшілікпен жанжалға келіп отыратын саласы – ол сауда. Бұл империя аралық екі орталық қатынасы бақталастығының АҚШ пен Батыс Еуропа, сонымен бірге Шығыс пен Батыстың саудасынан көрінді.

   1984 жылы мамырда Англияның сауда және өнеркәсіп министрі Н.Геббит Ақш-ты бірнеше пункт бойынша сынады. Ең алдымен АҚШ-тың 1983 жылы Вильямсбергте жеті жетекші ел басшылары кездесуіндегі қол жеткен келісімдерді бұзып, мырыштың арнайы сорттарын шетелге шығаруға тыйым салғаны үшін сынады. Британ министрі  америка капиталына салынса да АҚШ-тан тыс жерде жұмыс істеп жатқан фирмалар қызметіне Вашингтонның араласуына қарсылығын білдірді. Ол британ министрінің АҚШ-тың Кеңес Одағымен сауда жасауға кедергі келтіргеніне білдірген наразылығы еді. Британ компаниялары Вашингтонның қысымына қарамастан Уайтхолдың қолдауымен КСРО-мен келісім шарт міндеттерін орындауды жалғастырды.

     Ағылшын-американ «ерекше қарым-қатынасының» экономикалық аспектісі арнайы зерттеу тақырыбы боп саналады. Қаржы- экономикалық мүдделердің өрілу деңгейі жөнінен хабардар ету үшін бірнеше цифрлар келтірейік.

     ЕЭҚ елдеріндегі америкалық инвестицияның 41% Англияға тиеді. (Салыстыру үшін айтатын болсақ: ФРГ-ге 19,3, Нидерландыға-10,5%). Англиядағы шетел капитал салымының 54% — американікі. 1983 жылы ол 30 млрд.долл. тең болды. Ал АҚШ-тағы британ инвестициялары 23 млрд. құрады. Басқа сөзбен айтқанда америка капиталы британ өнеркәсібінде алдыда болғанымен, олар бір-бірімен тығыз байланысты[21,278].

     Ақ үйге Рейган келгеннен кейін Вашингтон шын мәнінде әртүрлі достық ишараттарға және Лондонға қатысты кең пейілдікке мырзалық жасады. 1985 жылы ақпанда  АҚШ-қа М.Тэтчер келген кезде оны америкалықтар үлкен құрметпен қарсы алды. Оған себеп – АҚШ пен Ұлыбритания арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнауының 200 жылдығы болды. Тэтчерге конгрестің екі палатасымен де кездесу мүмкіндігін берді. Бұған дейін мұндай құрметке У.Черчиль ғана ие болған болатын.

    М.Тэтчер көптеген саяси мәселелер бойынша Англия АҚШ-тың курсын қолдайтынын атап өтіп, Англия Американың қанатты ядролық ракеталарын өз территориясына орналастыруға рұқсат беріп ынтымақтастық үлгісін көрсетті. Ол Американың жер шарының басқа бөліктеріндегі де әскери қимылдарын қолдап отырды.

    «Таймс» 1985 жылы 21 ақпандағы премьер-министрдің сөзін: «Черчиль рухында – Рейган кейпінде»,- деп сипаттады. Газет мұны «саяси спектакль» деп атады[3,120].

    Бұл тарихи сапардың жалпы нәтижесін былай қорытындылауға болады: Британия мен АҚШ қарым-қатынасының ерекше сипаты дәлелденген. Тэтчер одақтық ынтымақтастықты, Ақ үй ең көп қажет ететін мәселелер бойынша білдіріп отырды.

    Ұлыбритания-Американ қатынастарының жағдайын қарастыра отырып, Вашингтон мен Лондонның әскери саясат мәселесі жөніндегі ұстанымына, атап айтқанда Лондонның Американың – Стратегиялық қорғаныс бастамасы (СОИ) саясатына тоқталмай кете алмаймыз. 1985 жылы 6 желтоқсанда АҚШ пен Англияның қорғаныс министрлері К.Уайнберг пен М.Хезлтайн «өзара түсіністік жөніндегі меморандум» келісіміне қол қойды. Бұл келісім Англияның «жұлдызды соғыс» бағдарламасына қатысу жағдайларын анықтады. 1985 жылы наурызда Дж.Хаудың Лондондағы АҚШ-тың елшісі У.Прайспен кездесуінде: «жұлдызды соғыс» бағдарламасының ғылыми-зерттеу жұмыстары шеңберінде көзқарастарымыз толығымен сәйкес келеді»,-деді. Осы бағдарлама арқылы Англия өз территориясына АҚШ-тың қанатты ракеталарын орналастыруға рұқсат берді. КСРО саяси қоғам қайраткері А.А.Громыко, Англия бұл арқылы АҚШ-пен КСРО-ға қарсы күреске біріккенін жазады[23,418].

    Англия үшін американың одақтастарының ішінде бірінші болып СОИ-ға қатысуға келісім берудің Уайтхолдың айтуы бойынша саяси және экономикалық сипаттағы пайдалары болды. Англия осы арқылы өзінің артықшылық жағдайын сақтады. Ол өз фирмалары үшін «әскери космостық пайдасының үлкен бөлігін алып қалғысы келді. Сонымен бірге Англия СОИ бағдарламасына тезірек қосылу арқылы ЕЭҚ-тегі бәсекелестерін және серіктестерін оның ішінде ФРГ мен Францияны технологиялық жарыста басып озу мақсатын қойды[5,220].

     Брэдфорд университетінің профессоры П.Роджерс: «АҚШ президентінің рецепті бойынша космостық ракетаға қарсы қорғаныс жасау, ядролық қаруды қысқартуға, тіпті жоюға ықпал етеді деп біздің көзімізді жеткізуге тырысады. Ал іс жүзінде бұл бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде ядролық арсенал және қиратқыш әскери қауіп одан да өседі»,- деді. Н.Киннок өз кезегінде, үкіметтің шешімін «қауіпті және тұрақсыздыққа әкелетін» Женевада (1985ж.қараша) болған жоғары деңгейдегі кеңес-американ кездесуіне толығымен қайшы келетін қадам деп атады. Ұлыбритания мен АҚШ қорғаныс министрлері  қол қойған меморандумның мазмұны үлкен құпияда сақталды. Үзік хабарламаларға қарағанда, ол ағылшын өнеркәсіп компаниялары, университеттер мен ғылыми-зерттеу орталықтары СОИ-ді жүзеге асыру шеңберінде америка әкімшілігімен келісім жасауда басшылыққа алатын жалпы ережелерді анықтады.

     СОИ жөнінен ағылшын-американ келісіміне қол қойылумен бір мезетте, ағылшындықтар американдықтардың көмегімен Невадада өзінің ядролық құралын жарды. Бұл кездейсоқ сәйкестік емес еді. Лейбористік «көлеңкелі» қорғаныс министрі Д.Дэвис парламент дебаты барысында Н.Хезлтайнға қарап: «Сіздердің департамент пен Форин оффис тез Пентагон мен Ақ үйдің шетелдік канцеляриясына айналады»,- деді[3,124].

    1985 жылы күзде тағы бір оқиға болды. Ол ағылшын-американ қарым-қатынасының және оның құпиялық жақындасу деңгейі анықтады.

   Баспасөзде төтенше жағдайлар бола қалған жағдайда екі ел арасында құпия келісім жасалғандығы жөнінде мәлімет пайда болды. Британ территориясында ағылшын-американ біріккен маневрлары басталған кезде апталық газеттер бірқатар ақпараттар жариялады. СДП басшысы Д.Оуэннің айтуынша бұл ақпараттар «АҚШ Англияға тағы бір штаттың» ролін беріп отырғанын көрсетті. Кейін анықталғанындай, «дағдарыс» бола қалған жағдайда америка қарулы күштерінің билігіне әскерилерге бақылау жасау ғана емес, британ территориясындағы көптеген азаматтық нысандарға да бақылау жасау құқығы берілді.

   «Нью стейтсмен» бұл 1983 жылы АҚШ пен Англия арасында болған құпия келісімде қаралды деп жазды. Аталған келісім бойынша АҚШ өзінің билігіне 30-ға дейінгі ірі нысаналарды, оның ішінде аурухана, теңіз порттары, аэропорттарды алатын болды.

     Ұлыбритания мен АҚШ дипломатиялық қатынастарында ерекше болып қалған мәселе – ол әскери дипломатиялық және құпия барлау мәселесі. Әскери сала жөнінде айтатын болсақ, Англияны АҚШ-тың «батпайтын авианосеці» деп кездейсоқ айтпайды. «Вашингтон пост» 1984 жылы 31 желтоқсанда мынадай деректер келтірді. Американдық әуе әскери күштерінен Батыс Еуропада 760 ұшақ және 66 мың әскер орналасқан. Оның жартысы 360 ұшақ және 30 мың әскер АҚШ-тың Англиядағы 9 негізгі базасының 3 тобында орналасқан. Бұдан басқа американдық әскерилерді британ аралдарында көбейту қарастырылған. Жоспарланған жаңа америкалық базаларды т.б. әскери нысандарды салғаннан кейін, олардың жалпы саны 110-нан асты. «Нью-стейтсмен» полигондар мен қоймаларды қоса есептегенде 160-қа жетті деп жазады.

    «Ерекше қарым-қатынастың» маңызды саласы ядролық сала болып қала берді. Ядролық салада шынында да интеграция мен оперативті қарым-қатынастың жоғары деңгейі байқалады[13,61]. Көрнекті ағылшын саясаттанушысы П.Маллоун 70-шы жылдардан кейін де АҚШ Англияға су асты атомдық қайықтары мен әскери зарядтар үшін уран жіберуді жалғастырды деп атап көрсетеді. Ұлыбритания өз кезегінде Құрама Штаттарға плутоний т.б. материалдар жіберіп отырды. Жеткізу саласында Англия толығымен АҚШ-қа тәуелді болды.

     Бұдан әрі шын мәніндегі «ерекше қатынасты» барлау құрайды. Соғыстан кейінгі кезеңде 1947 жылы Ұлыбритания мен АҚШ арасындағы осы саладағы міндеттерді бөлу туралы келісім жұмыс істейді. Уэлтенхэмдегі үкіметтік байланыстың штаб пәтерін АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік Агенттігі қаржыландырады. Агенттіктің британ жерінде тағы да төрт станциясы бар. Олардың екеуі Англияда, екеуі Шотландияда орналасқан. Уелтенхэмдегі электрондық тыңдау орталығы кеңес территориясы арқылы ұшып өтетін американдық жер серіктік-тыңшылар арқылы телевизиялық бейнелер алып отырады. Англия америкалықтардың Атлантикадағы кеңестік су асты қайықтарына барлау жасауына мүмкіндік береді. Британдық су астындағы қайықтарды барлау құралдары америкалықтармен тығыз байланыста, ал космостық және әуеден бақылау жұмысында Англия толығымен Америкаға тәуелді. (Американдық «У-2» барлау ұшақтары британ территориясында және Кипрдегі ағылшын базасында орналасқан). Британ барлау қызметінің өкілдері АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік Агенттігінде жұмыс істейді. Басқа бірде-бір одақтастың ондай құқығы жоқ.

    Бір сөзбен айтқанда екі ел арасындағы қарым-қатынас өте тығыз болды. Бұл М.Тэтчердің ағылшын-американ қарым-қатынасын өте «ерекше қарым-қатынас» деп атауына себеп болды. Бәрібір қатынастар британ сыртқы саясатының маңызды бағыты болып қала тұрса да, ол сөзсіз өзгеріске ұшырап отырды.

    Екі мемлекеттің неоотарлық мүдделері тікелей қарама-қайшы болмаған кезде, олардың саяси курсының тығыз үйлестігі жүзеге асады. Социалистік ынтымақтастық елдермен қарым-қатынас мәселесінде британдық және американдық империализмнің ауқымды стратегиясының бірлігі ерекше көрінеді. Британ дипломатиялық қызметі «үшінші әлем» елдермен қарым-қатынаста икемді көзқарас ұстайды. «Файнэншл таймс» 1984 жылы 21 желтоқсандағы мақаласында жазғанындай «ағылшын үкіметі мен американ әкімшілігінің көзқарасы Шығыс пен Батыс арасындағы конструктивтік қарым-қатынасқа, сонымен қатар қаруларға бақылау жасау жөніндегі мәселеде толығымен сәйкес келмейді.

     Бір сөзбен айтқанда Лондон мен Вашингтонның көптеген позицияларының сәйкес келуіне қарамастан, Британия бұл кезеңде АҚШ-қа қарағанда көптеген халықаралық мәселелерде парасатты позиция ұстады.

    Ағылшын-американ қарым-қатынастарының дамуы бір ғана бағытта болды. ФРГ-ның бұрынғы канцлері Г.Шмидт: «сіздердің сөздеріңізге қарағанда,-деді ол М.Тэтчерге қарап, — сіздерде АҚШ-пен ерекше қарым-қатынас. Бірақ мен өзіме АҚШ-та сіздермен осындай қарым-қатынас бар ма? деп сұрақ қоямын»,-деді.

   Американың сыртқы саясатында ФРГ, Франциямен байланыстарға да Англиядан кем мән берілген жоқ. 

    Жоғарыда аталған Ұлыбритания-АҚШ қатынастары мәселесіне мынадай қорытынды жасауға болады: «ерекше қарым-қатынасқа» тепе-теңдік жетіспейді. Олар тек Лондон үшін ерекше, ал Вашингтонда мұндай көзқарас жоқ. Мұндай жағдай британияның ықпалды топтары арасында АҚШ-қа жақсы болғанның бәрі, Англия үшін теңдей жақсы емес. Вашингтон авантюризмі Англияны ойламаған драмалық зардаптарға әкелуі мүмкін деген қауіп айтылады. Британдық зерттеуші Рейнолдс, ағылшын-американ қатынастары әлі де «ерекше» сипатын сақтағанымен, халықаралық жағдайлардағы өзгерістер, әлемдік аренадағы күштер арақатынасындағы өзгерістер «ерекше байланыстарға» әсер етпей қалған жоқ,-дейді. Мұнымен келіспеуге болмайды. Бұл кезеңде Британия потенциалы американікімен салыстыруға келмесе де, Лондон дербес бағыт жүргізіп, Шығыс-Батыс қатынасы саласында өз көзқарасын батыл ұстанып отырды.

   Батыстағы буржуазиялық насихатта Кеңес Одағы АҚШ пен Батыс Еуропалық одақтастар арасын шиеленістіріп отыр деген желеу кеңінен пайдаланылды.

   АҚШ пен Англия арасындағы «ерекше қатынастар» әлемдік саясаттың жағымсыз факторы бола отырып, конструктивті роль атқарады. Бұл қарым-қатынастар соғыс кезінде антигитлерлік каолиция шеңберінде КСРО-мен тығыз байланыста болған еді. М.Тэтчер кейінгі еңбегінде: «Ұлыбритания Америкаға қарыздар екенін біледі. Біз еліміздің соншалықты жақын екенін білеміз. Американың ісі біздің де ісіміз,-дей келіп, бұрын коммунизмге қарсы біргеміз деп келсе, енді терроризммен күресте біргеміз»,-деп жазады[20,43].

    Біз жоғарыда АҚШ-пен «ерекше қатынастарды» атап өтсек, енді сол кездегі ірі мемлекеттердің бірегейі, сыртқы саясатында әлемге социализм қаупін таратып, батыс елдерінің ұйқысын қашырған — КСРО-мен қарым-қатынастарына тоқталып өтейік.

    Консерваторлар билікке келісімен Тэтчер үкіметінің алдында КСРО-ға қатысты саясатын айқындау мәселесі тұрды. М.Тэтчер оппазиция лидері болса кез-келген антикеңестік пікірлерін еркін айта берер еді. Ал, қазір әңгіме басқаша. Себебі, ол елдің премьер-министрі. Бұл жерде басты мақсат сайлау үшін күрес емес, мемлекеттік мүддені түсіну боп табылады.

     Консерваторлардың КСРО-мен қатынасы қиын әрі белгілі қайшылықты жағдайда болды. Әрине, Кеңес Одағына деген симпатия жөнінде әңгіме де болған жоқ. М.Тэтчердің КСРО-ға қатысты барлық философиясы жағымсыз ниетте болды. Бірақ, ол үлкен саясаткер ретінде Англия үшін кеңес елімен дипломатиялық, оның ішінде сауда, ақпарат алмасу мәселесінде тұрақты қатынастарды орнату қажеттілігін түсінді. Кеңес басшылығының премьер-министрді құттықтау сәлемдемесіне жауап ретінде М.Тэтчер КСРО сыртқы істер министрі Косыгинге хат жазды. Онда ол болашақта Ұлыбритания мен КСРО арасындағы қатынастарды одан әрі дамытуға, сауда-экономикалық қатынастар орнатуға мүдделі екендігін жазады. 1979 жылы ағылшын-кеңес экономикалық байланыстары дамуының көрінісі, мамыр-маусым аралығында Лондонда «Әлем және ынтымақтасу арқылы прогресске» деген ұранмен КСРО-ның ұлттық көрмесінің өтуі болды. Оған 16 бүкілодақтық сыртқы сауда бірлестіктері қатысты. Көрменің жұмысы барысында Англия – КСРО арасында экспорт және импорт үшін келісім-шартқа қол қойылады. Сол жылы шілдеде Москвада өңдеу технологиясы және мұнай мен газды бұрғылауға байланысты көрсетілімдерден тұратын британдық көрме өтеді. Осы кезеңде Англияның сауда министрі С.Паркинсон британ іскерлерінің Британ-Кеңес арасындағы экономикалық-ғылыми, сауда байланыстардың дамуына мүдделі екендігін атады[1,214].

    Бұл фактілер сол кезде Тэтчердің бастапқы басшылық жылдарында КСРО-мен шынайы іскерлік қатынас орнатуға ұмтылғандығын көрсетеді. Алайда, 1979 жылдың екінші жартысынан қырғи-қабақ соғыстың тағы бұрылысы белгіленді. Еуропаға орташа қашықтықтағы ядролық-ракета қарулардың жаңа түрлерін енгізу жоспарлары қарала бастады. Сондай-ақ, Кеңес-американ ОСВ-2 келісім-шартын ратификациялау қозғала бастады. М.Тэтчер үкіметі ОСВ-2 келісімі АҚШ-тың Батыс Еуропа қауіпсіздігіне кепілдік беруін әлсіретеді деп санады. Осындай жағдайда 1979 жылы күзде Тэтчер КСРО тек күшпен ғана сөйлесе алады деген пікірін жариялады[5,54].

    Өкінішке орай Кеңес одағының өзі М.Тэтчерді антикеңестік саясатын үдетуге итермеледі. Соның ішінде Кеңес әскерінің Ауғанстанға кіруін атауымыз керек. Кеңес әскері Ауғанстанға кіргеннен кейін Лондон Кабулдегі елшісін кейін қайтарып алды және ЕЭС пен НАТО-ны КСРО-ға қарсы санкция қолдануға шақырды. Ағылшындар бұны агрессия, ал КСРО-ның сыртқы саясатын басқа елдерге қауіп төндіретін агрессиялық деп сынады. Осы оқиғаға байланысты 1980 жылы қаңтарда тори үкіметі парламент сессиясында АҚШ-тың экономикалық және басқа да санкцияларын қолдауға шақырды. Ағылшын-кеңес қатынастарындағы саяси, сауда, білім мен мәдени байланыстарды тоқтатып, тіпті, сол жылы Москвада өтетін Олимпиадалық ойындарға байкот жариялауды талап етті. Алайда, британ билеушілері КСРО-мен  байланыс жасамаса Ұлыбритания әлемдегі және Европадағы магистральдық даму сызығынан қалып қоятынын, тіпті халықаралық қатынастарда салмағы мен ықпалын жоғалтып алу мүмкіндігін түсінді[1,211].

      1981 жылдан бастап екі ел арасындағы қатынастар жақсара бастағандай болды. Тэтчердің бірінші үкіметінде кеңес-ағылшын қарым-қатынасы артқа шегініп, құлдырау жағдайында болды деп қорытынды жасауға болатын еді. Алайда, бұлай қорытынды жасау дұрыс емес те сияқты. Ян Гилмур консерватизмді сипаттай отырып: «бұл соқыр антисоциализм емес, консервативті партия ылғи да Британияның мүддесіне сәйкес келетін балансты қолдады. Антикоммунистік күреспен бірге Тэтчер елдің практикалық мүддесі, оның ішінде экономика саласы жайлы ұмытқан жоқ.

     1982 жылы М.Тэтчердің кеңес елшісі В.И.Поповпен кездесуінде ол ағылшын-кеңес қатынастарына үлкен қызығушылық танытты[21,296]. Екі ел арасындағы қатынастар онша қанағаттандырмайды және оны жақсы жағына қарай өзгерту жайлы елші ескертпесіне, премьер-министр: «Англия КСРО-мен қатынасты дамытуға мүдделі, бірақ шынайы қажетті жерде»,-деп жауап берді. Бұдан ағылшын үкіметі КСРО-мен қай салада байланыс жасайтынын өзі таңдайды дегенді ұғуға болады. Премьер сауданы екі ел ынтымақтастығы мүмкін салалардың қатарына жатқызды. М.Тэтчер Англияның зиялы қауымының КСРО-мен сауданы тоқтатуына қарсылығын ескере отырып, оны жандандырудың белгілі бір шараларын қабылдай бастады. Бірақ сауда байланыстарын кеңейту жолында көптеген кедергілер болды, оның ішінде Польшадағы жағдайға байланысты АҚШ-тың Кеңес Одағымен сауда жасауға санкция жариялауы сияқты сыртқы сипаттағы кедергілер. Санкциялар газ және мұнай өнеркәсібі құрылғыларына байланысты болды. Консерватолардың көпшілігі КСРО-мен сауданы дамытуды қолдайды және экономикалық санкцияға қарсы болды. Ағылшын үкіметі оны АҚШ юрисдикциясын басқа елге тарату деп қарап, оның халықаралық құқыққа қайшы екенін атады. М.Тэтчер осы мәселе бойынша Лондонға АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы А.Хейгті шақырды. Хейгтің айтуынша ағылшын премьері оған: «Еуропа газ құбыры жөніндегі жобадан бас тартқаннан гөрі, Құрама Штаттардан бас тартады»,-деді. Оның сөзі бойынша бұл жобадан бас тартудан Англия 400 млн. доллар жоғалтады.

   1982 жылы қыркүйекте М.Тэтчер ресми түрде: «Құрылғы беру туралы шешім орындалады»,-деді. Осыдан кейін  құбырлар бірінен кейін бірі Кеңес Одағына жөнелтіліп жатты. Осылай Тэтчер үкіметі кеңес-ағылшын экономикалық байланыстарын кеңейту жолына түсті.

    Осының нәтижесінде «Ұлыбритания-КСРО» Ассоциациясының 1984 жылғы кездесуінде Дж.Хау: «Былтырғы 1983 жылы біз сіздерге британ үкіметі КСРО- мен қарым-қатынаста мүдделі екенін жеткізгенбіз. Біз сіздердің бұны түсінгендеріңізді көріп отырмыз»,-деді. Хау сөзінен байқағанымыздай ең бірінші сауда және экономикалық қатынасқа баса назар аударды. Жалпы Ұлыбританияның социалистік елдермен экономикалық-сауда байланыстары жоғары болмаған. 1984 жылы ол 2,5% ғана құраса, соның ішінде 1%-і ғана КСРО-ға тиесілі[33,120].

    Алайда, бұл бағыттағы шешуші қадамдарды Тэтчер кезекті парламент сайлауында жеңіске жетіп, өзінің екінші үкіметін құрғаннан кейін жасады.

    1983 жылы Ұлыбритания жоғарғы билігінде алғаш рет Кеңестер Одағымен қатынастардағы өзгерістер жөнінде қарала бастады. Мамырда КСРО-ның Англиядағы елшісі В.И.Попов Тэтчер қабылдауында болып, екі жақты дипломатиялық байланыстарды жақсарту мәселесі жөнінде әңгімелесті. Осыдан бастап екі ел арасындағы қатынастарда өзгерістер байқала бастады.

    1984 жылы ақпанда Ю.В.Андропов қайтыс болды. М.Тэтчер осы қазаға байланысты жерлеу шараларына қатысу және Кеңес Одағының жаңа басшылығымен танысу үшін Мәскеуге келетіні жөнінде шешім қабылдады. Л.И.Брежнев қайтыс болғанда тіпті Лондондағы кеңес елшілігіне не премьер, не сыртқы істер министрі көңілде айтпаған еді. Ал бұл қадам Англияның КСРО-мен қатынасты жолға қою үшін жасалған саяси саяси қадам деп санауға болады. 1984 жылы 13 ақпанда М.Тэтчер және Дж.Хау Мәскеуге ұшып келді. Бұл премьердің Мәскеуге алғашқы ресми сапары еді[34].

     14 ақпанда Черненко және Громыкомен кездесу болды. Онда Тэтчер кеңес басшылығымен танысқандығын және маңызды мәселелерде пікір алмастырғысы келетінін айтты. Ал, Ауғанстанға кеңес әскерінің кіруі жөнінде премьер ол мәселе екі ел арасындағы қатынастарды бұзбауы керек деп мәлімдеді. Кеңес жағы да мүмкіндігінше екі ел арасында түсіністік орнату үшін күресіп жатқанын, жақсы дипломатиялық достық қатынастар үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын атап өтті.

    Осы сапардан кейін екі ел арасындағы байланыстар кеңейе бастады. Жыл аяғында Мәскеуге Англия Сыртқы істер министрінің тұрақты орынбасары ресми сапармен келді. Екі ел министрліктері арасында консультациялар жүргізілді. Бірақ қатынастардағы шешуші кезеңдер әлі алда еді.

    1984 жылы 16 желтоқсанда Лондонда КСРО Орталық Атқару комитетінің хатшысы Горбачев пен М.Тэтчердің кездесуі болды. Тэтчер Мәскеудегі сапарында КСРО Жоғарғы Кеңесі мүшелерін Ұлыбританияға шақыра кеткен еді. Осы делегацияны М.С.Горбочев бастап келді. Кездесу Чекерсте жоғары дәрежеде өтті. Екі жақта бір-біріне үлкен түсінушілікпен қарады. Бұл кездесуде қарусыздану мәселесі басты назарда болды. Сондай-ақ әңгіме барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды. М.Тэтчер кездесу қорытындысына толық қанағаттанатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, КСРО Жоғарғы кеңесінің сыртқы істер жөніндегі комиссия төрағасы М.С.Горбачев Ұлыбритания парламентінде сөйледі. Ол сөзінде халықаралық жағдайға шолу жасай отырып, ядролық қаруды қысқарту, таратпау, қарусыздануға көшу және жаңа соғысты болдырмау мәселелері жөнінде сөз алды[18,113-118]. Кеңес үкіметінің басшылығы екі ел арасындағы тауар айналымын 40-50%-ке жеткізуді ұсынды[35,203].

    Премьер-министр Горбочевпен бірінші кездесу барысында, оның кеңес басшылығындағы келешегі зор саясаткерлердің бірі екендігін түсінді. Ол мұнымен істес болуға болатынын түсініп, оның қызметін мұқият зерттей бастады. Тэтчер Горбочевтің сөздерін оқып, Форин оффис кеңес елшілігінен оның сөздерінің барлық мәтінін алдымен СІМ-не, сосын премьер-министрдің кеңсесіне тікелей жіберуін өтінді.

     АҚШ-тың вице-президенті Д.Куэйл қайта құру басталғаннан кейін 4 жыл өткен соң, оны жүзеге асырудағы Горбочевтің ролі айқын болғанда: «АҚШ өзүмітін бір адамға артпайды»,-деді. Тэтчер керісінше кеңес басшылығында Горбочевке артықшылықпен қарады. Басқа батыс өкілдеріне қарағанда ол жаңа басшының қандай роль атқаратынын және Батыс үшін оның идеяларының пайдасы қандай екенін басқалардан бұрын түсінді.

    1985 жылы 12 наурызда М.Тэтчер Мәскеуге К.У.Черненконың жерлеу рәсіміне қатысу үшін ұшып келді. 13 наурыз күні М.Тэтчер Кремльде КОКП ОК бас хатшысы М.С.Горбачевпен кездеседі. Оған КСРО Сыртқы істер министрі А.А.Громыко және Англия Сыртқы істер министрі Дж.Хау қатысты. Әңгіме барысында британ-кеңес қатынастары қозғалып, кеңес жағы ядролық қаруды қысқарту және қаруландыруды тоқтату мәселелері көтеріледі. Горбачев КСРО сыртқы саясаты осыған бағытталатынын атап өтті. Екі жақ та саяси диалогқа дайын екендігін білдіреді[36]. Аэропортта күтіп алушылардың ішінде болған В.И.Попов, М.Тэтчердің оған көңіл айтып болғаннан кейін басқа тақырыпқа көшіп, өзінің М.Горбочевпен жақсы қатынас орнатқаны жайлы айтқандығын жазады. М.Тэтчер:»Мен онымен кездесу мүмкіндігіне ие болғанымды жоғары бағалаймын. Жаңа кездесу біздің елдер үшін пайдалы болады ғой деп ойлаймын. Мен кеңес басшылығымен түсіністікті кеңейтуге үлкен мән беремін, осы мағынада кеңес басшылығымен қатынасты жалғастыруға үміт артамын»,-деді.

    Кеңес-ағылшын дипломатиялық қатынастары жағымды бағытта дами бастады. Тэтчер үкіметінің КСРО-ның жаңа курсын қолдағаны анық көрінді.

   1985 жылы күзде М.С.Горбочев Лондондағы кеңес елшісі В.И.Поповпен кездесуінде Англиямен қатынастардың келешегі және жағдайы туралы сөйлесіп: «Тэтчерге айта бар Кеңес Одағы Британиямен қарым-қатынасты дамытуды қолдайды»,-деді. Ол Англияның КСРО сияқты Еуропаның қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарайтынына сенім білдірді[21,319].

    М.Тэтчер кеңес басшылығының Британиямен қарым-қатынасты тұрақтандыруға тілегін жақсы түсінді. Бірақ Кеңес Одағына қатынасы қарама-қарсы да болды. Бір жағынан ол Англия үшін КСРО-мен татулықтың маңыздылығын түсінсе, екінші жағынан социализмді жек көріп, кеңестер еліне сенімсіздік білдіруді жалғастырды. Ол КСРО-мен қарым-қатынаста КСРО-Англиямен қарым-қатынасты жақсартуға көбірек мүдделі деген тезисті ұстанды. Бұл тезис оны «қысым дипломатиясына» итермеледі.

    Осындай қысым құралдарының бірі Англиядағы кеңес дипломаттары мен қызметкерлерін шпиондық әрекетпен айналысты деп кінәлау. 1981-1985 жылдары ағылшын үкіметі 7 рет осындай жауласу акциясын қолданды. Тэтчер үкіметі сүйкімсіз акцияларының бірін 1985 жылы 12 қыркүйекте көрсетті. Бұл күні ол Англиядан бірден 25 дипломатты шығарды.

     Елден «Комсомол шындығы», «Социалистік индустрия», ТАСС, «Москва радиосы» сияқты бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, белгілі кеңес журналистері шығарылды.

      Қазір сол кездегі Тэтчер үкіметінің әрекетіне талдау жасай отырып, Англияның мұндай қысым акциясына «озбырлыққа қарсы шықпаймыз» деген кеңес саясатының кінәлі екенін айтуға болады. Кеңестер Англияның мұндай қысым әрекетіне қарсылық білдірумен ғана шектелді.

    1985 жылы қыркүйекте Тэтчер тағы 5 кеңес қызметкерлерін елден шығарып және кеңес үкіметі жауапты әрекеттерге барса тағы бірнеше кеңес дипломаттары елден шығарылады деп ескертті. Алайда бұл жолы кеңес үкіметі қатал және табанды әрекет етті. Ол КСРО-дан дереу 25 ағылшын дипломаттары, журналистері және қызметкерлері шығарылатынын хабарлады. 16 қыркүйекте М.Тэтчер тағы да 6 кеңес дипломаттарын шығарды. Келесі күні КСРО тағы да 6 ағылшын дипломаттарын шығарды. Ағылшындардың бұндай әрекеттерінен қисынсыз жағдай қалыптасты.

     Ағылшын үкіметінің әрекеті ағылшын қоғамының кең бөлігінің наразылығын тудырды.

     Келесі жағдайлар ағылшын билеуші топтарының екі жүзділік сияқты тағы бір сапасын көрсетті. Кеңес тыңшылығының әрекетіне қарсылық көрсете отырып, Тэтчер үкіметі КСРО-ға қарсы тыңшылық әрекет ғана жүргізіп қоймай, Кеңес Одағының ішкі істеріне араласуға жататын формаларды қолданды. 1974 жылы ағылшын тыңшылары КСРО-ның Даниядағы өкілі О.Гордиевскиге дипломатиялық қызметке опасыздық жасады деген айып тақты. Ол Мәскеуге қайтып келгеннен кейін 1982 жылы Лондондағы өкілдіктің бірінші хатшысы жұмысына жіберілді. 1985 жылы көктемде оны кері шақырып алды. Осы кезде кейбір мемлекеттік құпиялардың сыртқа шығуынан, КСРО дипломатиялық қызметте шетел мемлекетінің агенті істейтіндігінен қауіптенсе керек. Сезік Гордиевскиге туды, осыны сезген ол ағылшын арнайы қызметтерінен өзін КСРО-дан алып кетуін өтінді. Сонда британ үкіметі Гордиевскиді құтқару үшін, оны КСРО-дан ұрлап кету керек деген қарапайым шешім қабылдады.

     Баспасөз ақпарат құралдары әртүрлі хабар берді. Оның бірі Мәскеудегі ағылшын елшілігіне ағылшын жүк машинасымен Финляндиядан жүк әкелінді. Жүк машинасы кері қайтқан кезде кеңес-фин шекарасында ағылшын арнайы қызмет агенттері, қорыққан опасызды салып алып Хельсинкиге әкеп, одан әрі Британияға жеткізді. Бұл ағылшын тыңшыларының КСРО-дан өз шпиондарын ұрлап әкету фактысы болатын. Журналистер М.Тэтчерге Гордиевский туралы бірнеше рет сұрақ қойды. Ол бұл мәселе жайлы айтқысы келмейтіндігін айтты.

     1985 жылы 13 қазанда Тэтчер 60 жасқа толғанда Горбочев оған Құттықтау телеграммасын жіберді.

    1986 жылы жазда Англияда Горбочевтің «Таңдаулы мақалалары мен сөздері» жарық көрді. Онда кеңес басшысы кеңес-ағылшын ынтымақтастығын қорғайтыны білдірді.

   1986 жылы маусымда Лондонға ресми сапармен келген Шеварнадзе премьер-министрге Горбочевтің арнайы жолдауын әкелді. Онда кеңес басшысы кеңес-американ қатынастары және Кеңес Одағының кеңес-ағылшын байланысын дамыту саласындағы жоспарларына жан-жақты тоқталды. Сапар барысында экономикалық және өнеркәсіптің 1990 жылға дейінгі бағдарламасына, теңіздегі әрекеттерді болдырмау бағдарламасына қол қойылды. Тэтчер кездесуді қорытындылай отырып, «ағылшын-кеңес қарым-қатынастары қайтадан басқарылатын дәрежеге жетті»,-деді.

    1987 жылғы наурыздағы М.Тэтчердің Мәскеуге сапарының екі ел арасындағы қатынастарды дамытуда маңызы зор болды[37].

   Ағылшын баспасөзінің айтуынша, Премьер бұл болатын кездесуге үлкен мән беріп, жан-жақты дайындалды. Осы кездесуде 31 наурыз күні Ұлыбритания мен Кеңес Одағы арасында «Ақпарат, мәдениет және білім саласындағы жаңа бағыттағы ынтымақтасудағы өзара түсіністік» жөніндегі меморандумға қол қойылды. Онда екі халықтар арасындағы еркін ақпарат алмасу, ғылым мен өнерді дамытуда тәжірибелер алмасу, екі елдің мәдениетін еркін насихаттау жөнінде мәселелер қарастырды[19,471].

    М.С.Горбочев ортақ қауіпсіздік жөніндегі кеңес бағдарламасын ұсынды, оның орталық баптарының бірі ядролық қаруды қысқарту, кейіннен толығымен жою болды. Бірақ Тэтчер ядролық қаруды сақтауды жақтады. Оның бұған келтірген дәлелі – ағылшын ядролық қарулары қарапайым және жан-жақты зерттелген деген пікірі болды. Осы мәселе бойынша М.Тэтчер мен М.С.Горбочевтің пікір алмасу кезінде Кеңес Одағының ұсынған 2000 жылға дейі ядролық қаруларды қысқарту және жою жөніндегі бағдарламасы халыққа танымал болып, өзінің қолдаушысын тауып жатты. Бұл бағдарламаны Горбочев пен Рейган бұған дейін Рекъявикте талқылаған болатын. Сондықтан мұны М.Тэтчер қалай қабылдайтыны маңызды болды.

    Мәскеудегі кездесу алдында М.Тэтчер Черчильдің АҚШ Конгресіндегі соңғы сөзін есіне алып, Құрама Штаттарды ядролық қарудан бас тартпауға шақырып, «Басқа құрал әлі жоқ, сондықтан біздің осы қарудан бас тартпауымыз керек»,-деді. Осы көзқарасын ол Мәскеудегі кездесуде де қорғауға тырысты. Ол бұл кездесуде: «Мен әлемді ядролық қарусыз елестете алмаймын. Мен істің адамымын. Елдің бәрі қарусыз әлемге ұмтылғанмен, мен бұл жүзеге аспайтын нәрсе деп есептеймін»,-деп мәлімдеді.

   Әңгіме британ ядролық күштерін ұстап тұруға келгенде М.Тэтчер «бұл минималды ұстайтын күш және ол қысқартуға жатпайтындығын» атады. Сөйтіп ядролық қару жөніндегі Тэтчердің бұл позициясының нәтижесінде екі жақта да алға жылжу болған жоқ. Екі жақ арасындағы көзқарастың алшақтығынан келіссөздер қиын болып, өте ұзаққа созылды.

    Басқа мәселелерді талдау жақсы нәтижелер берді. Тэтчер ПРО жөніндегі келісімді сақтаудың маңыздылығын бағалап, КСРО мен АҚШ арасында одан белгіленген уақытта шықпау жөніндегі келісім жасау қажеттігіне келісті. Еуропадағы РСД келісімін қолдап АҚШ пен КСРО-ның ядролық қаруды 50% қысқарту жөніндегі келісімін қолдайтынын білдірді.

    Екі жақтың химиялық қару жөніндегі көзқарастары да өте жақын болды. Тэтчер Британия әлдеқашан химиялық қаруды жойғанын мақтанышпен айтты. Мәскеуде Тэтчер екі жақтың көзқарасы өте жақын екенін түсініп, парламентте Горбочевтің бұл мәселедегі ұсынысын қолдады.

    Кездесу туралы хабарламада екі жақта химиялық қаруды аяғына дейін жоюға мүдделі деді. Премьер-министр Еуропадағы жай қаруларды жою мәселесін қойды, өйткені ол Кеңес Одағының бұл жағынан артықшылығы бар деп есептеді.Бұл мәселеде де екі жақ өзара түсіністік тауып, бұл қаруларды қысқарту қажет деп шешті.

    М.Тэтчер қазіргі әлемдегі ядролық күштердің орны мен ролі мәселесінде алшақтық болғанына қарамастан, екі жақта көптеген сыртқы саяси мәселелерде түсіністік таптық деді. Екі жақты қарым-қатынасты дамытуға қадам жасалып, ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу, елшілікті тұрғызуға жер бөлу, сауданы дамыту мәселелерінде ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойылды. М.Тэтчерге ең ұнағаны оған елмен шынайы танысып, кеңес адамдарымен кездесуге барлық жағдайдың жасалғандығы. Ол Кеңес Одағында қайта құру кезінде көп нәрсенің өзгергенін сезінді. Мәскеуден кейін ол Тблисиге келіп, республика басшыларымен кездесті. Тэтчер сапарын қорытындылай отырып: «Бұл кездесу жоғары деңгейде конструктивті және құнды болды»,-деп атады.

      Кеңес Одағының Ұлыбританиямен өзара қарым-қатынас пен диалог жүргізу саясаты Ұлыбритания мемлекетінің ролін халықаралық маңызды істерде беделін көтеріп, Еуропа континентінде ғана емес, Трансатлантикалық нүктесі аймағында да беделін көтерді. Ұлыбритания мен КСРО-ның «Ядролық клубқа» мүше болулары екі жақты қауіпсіздікті сақтау істерінде тиімді фактор болып табылады. Бұл фактор екі мемлекеттің де ғаламдық масштабта қауіпсіздік жауапкершілігін сезіндіріп, стратегиялық қарым-қатынастың құрылуына алып келді. Ал ядролық ракетаны қысқартып, жою жөніндегі 1987 жылы желтоқсанда жоспарланған келісімге келіп, нәтижесінде  Тэтчер британ ядролық қаруын қысқартуға да келісім берді.

   М.Тэтчердің сыртқы саясатындағы «американдық» пен «кеңестік» факторларын, олардың  өздеріне Ұлыбританияның ұстанған дипломатиялық саясатымен салыстыра отырып, М.Тэтчер бастаған консерваторлар үкіметі екі мемлекетпенде тұрақты ынтымақтастықта болуға ұмтылғандығын көруге болады.

      Сонымен, М.Тэтчердің сыртқы саясатта ұстанған негізгі бағыты – Ұлыбританияның ұлы держава ретіндегі мәртебесін қайтару, британ саясатының аумағына аймақтық пен ғаламдану мәселелерін кіргізу және мүдделігін алып кететін бүкіл әлем дәрежесіндегі туындаған АҚШ пен КСРО арасындағы өзекті мәселелерді қарауды талап етті.

 

 

 

 

 

2.2 Ағылшын-аргентин қақтығысы және консерваторлық үкіметтің саяси ұстанымы

 

    20-шы ғасырдың соңғы ширегінде саяси күрес ортасында Ұлыбританиядағы басты саяси күштер әлемдік интеграциялық үрдістер мен жаһандану жағдайында елдегі экономикалық және әлеуметтік мәдени тоқыраудан шығудың жолдарын іздеді. Асқан ыждағатпен билікке ұмтылған жаңа консерваторлар саяси күресте тыйым салынған әрекеттерді қолданудан да бас тартпады. 1976 жылдың өзінде М.Тэтчер лейбористерден «социализм қаупі» көрініп тұр деп мәлімдеді. Сондай-ақ, «лейбористер партиясы ашық түрде Маркстік бағдарламаны басшылыққа алуда», және елді «тоталитаризм табалдырығына» жетелеуде деді[38]. 1979 жылы мамырда М.Тэтчер Ұлыбритания премьер-министрінің креслосына отырды.

    1981-82 жылдары қыста елде Тэтчердің саяси беделі ең төмен дәрежеге түсіп, сұрау алғандардың 24% ғана консерваторлар партиясын қолдайтындығын атаған. Тэтчер инфляцияны 12% төмендете алса да, бірақ елдің экономикалық жағдайы сын көтермейтін жағдайда еді. Жұмыссыздар саны 3 млн-ға өсіп, фунт стерлингтің бағасы соңғы айларда 2 есеге түсті[21,165]. Елде М.Тэтчердің экономикалық саясатының құрдымға кеткенін және оның отставкаға кету мүмкіндігі жөнінде әңгіме көтерілді. Күтпеген жерден бәрі өзгеріп шыға келді. Консерваторларға көмек ешкім күтпеген жерден келді. 1982 жылы 2 сәуірде Британияны таңқаларлақ жаңалық дүр сілкіндірді. Аргентина Фолкленд (Мальвин) аралдарына өз әскерін кіргізді. Көптеген ағылшындар бұл аралдың қандай және қайда орналасқанын білетін еді. Алайда бұқаралық ақпарат құралдары бірден британиялықтарға бұл ағылшын аралы, бұл деген британ территориясын жаулаушылық деп хабарлады. Шын мәнінде бұл британ территориясы ма? Шындығында 1833 жылға дейін арал Аргентинаға тиесілі еді, кейін оны ағылшындар басып алды. Бірақ Аргентина бұл басқыншылықты ешқашан мойындамады.

     Бір қызығы Британ билеуші топтарының көбісі Аргентинаның бұл аралға құқын мойындады. Форин оффис әрқашан аралға қатысты ағылшын талабының қаншалықты заңдылық екеніне күмәнмен қарады. 1979 жылы күзде лорд Каррингтон алғаш М.Тэтчерге осы мәселені қойды. Реакция өте жылдам көрінді. Каррингтон оны екі ауыз сөзбен: «термоядролық жарылыс» деп сипаттады[21,166]. Ол аралды қайтаруға үзілді-кесілді бас тартты, бірақ келіссөздердің жалғасуына қарсы болмады.

    Фолкленд (Мальвин) аралы  Атлант мұхитының оңтүстік батысында орналасқан. Архипелаг – Батыс Фолкленд (Гран Мальвин) және Шығыс Фолкленд (Соледад) деп аталатын екі ірі, сосын 200-ге жуық ұсақ аралдардан тұрады. Жалпы аумағы – 12,2 мың кв. км-ге жуық.

     1982 жылы 2 сәуірде Аргентина өз әскерін Фолкленд аралына кіргізді. 2,5 мыңдай аргентин әскері аралдың астанасы Порт-Стэнлиға кірді және онда өз туларын тігіп, көтерді. Британ үкіметі бірден бұл актіні мойындамайтынын, себебі Фолкленд аралы Ұлыбританияға тиесілі деп мәлімдеді. Аргентинамен дипломатиялық қатынас бұзылды.

    1966 жылдың өзінде БҰҰ өз шешімімен бұл аралдың отарлық статусын мойындап, қақтығысты келіссөздер арқылы шешуді ұсынды. БҰҰ-мен қатар КСРО да Англияның әрекетін айыптап, қақтығысты келіссөздер арқылы шешуді ұсынды[39]. Бұл жөнінде келіссөздер де, және консерваторлық үкімет аралды Аргентинаға беру жоспарын құрып, бірақ аралды Британияға жалға беру жөнінде шарт қойды. Алайда Тэтчердің өзі келіссөздердің толық тоқтатылуын жақтамаса да, аралдардың Аргентинаға берілуіне үзілді-кесілді қарсы болды. Алғашқы жазалау шаралар ретінде консерваторлар үкіметі Аргентинаға қатысты экспорт несиелері мен импортты қысқартып, Англиядағы шамамен 1,4 млрд. доллар болатын аргентин активтерін (бағалы қағаздарын) тұтқындап тастады. Белгілісі, Аргентинаның аралдарға қатысты жоспары Англия үшін тосын нәрсе емес еді. Бұған дейін 19 наурызда Аргентина Оңтүстік Георгия аралына 40 «металл жинаушыны» бұзылған базаларды реттеу үшін деген желеумен жіберген болатын. Шын мәнінде олар арнайы киінген штаттық аргентиналық әскерилер еді. Англия болса Аргентинаға жұмысшыларды аралға жіберу үшін арнайы рұқсат алуды, болмаса оларды қайтарып алуды ұсынды. Ал, Арегнтина бұл мәлімдемені елемеген сыңай танытты.

     Аргентин әскері аралға кірместен, бір ай бұрын Буэнос-Айрестегі британ елшісі Англия үкіметін Фолкленд аралына қатысты қандайда бір акцияларға дайын болуды ескерткен еді. Алайда, бұл хабар Лондонға ешқандай түрткі болмады. Консерваторлар үкіметінен еш реакция білінбеді. Министрлер кабинеті және Британияның қорғаныс комитеті 1982 жылы наурыздың соңына дейін фолкленд мәселесін қарауды көтермеді. Әрине, консерваторлар Буэнос-Айрестің емеурінін бағалай алмады. Бір топ саясаттанушылар, оның ішінде британиялықтар, Мальвиндегі қақтығыс Англияның АҚШ-пен одақтасуын саналы түрде жандандырды[9,57]. Өйткені, аралға кіру кезінде аргентинаға қарсы  қолдау білдіреміз деп уәде еткен. Олай болса, Аргентинаның бұл акциясы дер кезінде тоқтатылмаған? М.Тэтчер кабинет отырысын шақырғанда, ол ұстанымды түрде: «Азаматтар біз соғысуымыз керек»,-деді[3,89]. Кабинет мүшелерінің әрқайсысы бұндай шешімге келісе ме, келіспей ме? Соны айтуы керек еді. Ешкім қарсы болмады. Сонымен әскери әрекеттерді бастау жауапкершілігі тек қана М.Тэтчерге емес, бүкіл министрлер кабинетіне жүктелді. Осымен бірге, ағылшын публицистері бұл соғысты «тэтчерлік» деп атағанда оған қарсы дау айтудың өзі қиындау. Шешім премьер-министрдің қысымымен авторитарлы түрде қабылданды. Эскадраны дайындау және аралға жүзу жөніндегі бұйрықты парламент постактумымен мақұлдады. Гибралтарда жаттығуда жүрген британ флотилиясының бірі Фолклендке бағыт алуға бұйрық алды. Сондағы флотилия командирінің айтуынша, сол кезде бортта тіпті аралдардың картасы да болмаған. Порсмуттан оркестр үнімен авианоцтар «Инвинсибл» және «Гермес» шығарып салынды. Атлантикада оған екінші дүниежүзілік соғыстан кейін армада құраған 20 миноносец, фрегаттар және көмекші корабльдер қосылды. Олардың алдында аралдарға бағытталған төрт су асты атом торпедалық қайықтары бастады.

       Ал, Аргентина болса, аралдағы өз әскерилерін бекіте түсті. Леопольдо Фортунато Гальтьери (Аргентина президенті) осының алдында ғана әскерден босатылған 80 мың әскерилерді қайта әскери қызметке қайтару жөнінде бұйрық берді. Соның өзінде аралға 10 мың солдат және офицерлер жіберілді. Британиядан 17 әскери бірліктен әскери-теңіз флоты, 130 мың тұрақты әскер және 20 мың әскери қызметшілерді құраған әскери әуе күштері қарсы тұрды. М.Тэтчер бірден құрамына бірнеше министрлер мен әскерилер кірген әскери кабинет құрып, оған басшылық етті. Англия фолкленд аралының айналасында 200 мильдік жерді тыйым салынған аймақ деп жариялады.   25сәуірде ағылшын эскадрасы Оңтүстік Георгия аралына кіріп, өз десантын түсірді. 2 мамырда аргентиналық кемелер үшін тыйым салынған 200 мильдік зонада тұрған ірілігі жағынан екінші орында тұратын аргентиналық «Белграно» кемесін ағылшын «Конвейер» су асты атом қайығы атқылайды. 368 адамның қыршыны қиылды[3,91]. Бұл оқиға әлемді дүр сілкіндірді. Крейсер британ флотына ешқандай қауіп төндіріп тұрған жоқ еді. Тіпті, ол Фолклендке қарай бағыт алмаған еді. «Белграноның» су астына батып кетуі ағылшын-аргентин қақтығысын ушықтыра түсті. Осыдан екі күн өткеннен кейін «Супер-Этандар» атқыш-бомбалаушы Франциядан шыққан «Эгзосе» ракетасы ағылшынның «Шеффилд» әскери кемесін атқылады. 270 адамнан тұратын команда 22 адамынан айырылды. «Белграно» суға кеткенге дейін Еуропалық мемлекеттердің көбісі Англияны қолдады. Олар Аргентинамен сауда байланыстарды қысқартып, Буэнос-Айреске қатысты қатал экономикалық санкциялар қойды. Осы оқиғадан кейін кейбір елдер өз көзқарастарын өзгерте бастады. Атап айтсақ, Ирландия қақтығысты реттеу үшін БҰҰ-ның араағайындығын қолдады. Халықаралық қоғамдық қолдауды сақтау үшін Лондон БҰҰ-ның бас хатшысы Хавьер Перес де Куэльяр үш аптаның ішінде қақтығысты шешудің дипломатиялық жолын табуға тырысты, бірақ, екі жақта жеңілдіктерге бармайтынын байқатты. Тэтчер енді басып кіру жөнінде бұйрық берді. 21 мамырда теңізден артиллериямен және әуеден бомбалаушылармен үздіксіз атқылау арқылы олкленд аралына ағылшын десант отряды басып кірді. Әскери іс-қимылдар 15 маусымда аяқталды. Порт-Стэнлида капитуляцияның ақ жалауы көтерілген кезде, М.Тэтчер Даунинг-стритте: «Бүгін Британия тағы –Ұлыбритания. Бұл бәріміз жасағанымыздың ұлы ақталуы»,-деді[9,49]. Сыртқы саясаттағы М.Тэтчердің осы жетістігі елдің ішіндегі беделін өсіріп, бекіте түсті.

     Бұл екі жарым айда консервативтік партияның оппозициямен қатынасы, саяси ереже толық өзгерді. М.Тэтчердің беделі өсе түсті. 1981-82 жылғы қыста сұрау алғандардың 24% Тэтчер және оның консервативтік үкіметін қолдаса, ал 1982жылы маусымда Тэтчер үкіметін 45,5% қолдады. Аргентинамен қақтығыс қорытындысында М.Тэтчер алда да ірі жетістіктерге жетуге мықты мүмкіндік алды. К.Огстен Фолкленд аралындағы жеңістен кейін М.Тэтчер батырға айналды дейді. «Үйінен қашықта, қолайсыз жағдайда күресе жүріп, Тэтчер және оның солдаттары аргентиндер шабуылына шешімді түрде тойтарыс бере алды». Фолкленд қақтығысы жүріп жатқанның өзінде Тэтчер ішкі саладағы саясатын тежемеді. Англия егемендік жөнінде мәселені қарауға дайын екендігін танытты. Егер шын мәнінде Лондон аралдарды иемденуден бас тартпаса, әңгіме басқаша. Англия көп жылдар бойы 1965 жылы БҰҰ-ның Мальвин аралдарын деколонизациялау жөніндегі резолюциясына қарсы шықты[9,8]. Роулендқа дейін оларға аралдардың экономикалық халін тексеру, анықтау үшін лорд Шелтон бастаған британ делегациясы келіп кетті. Тексеріс қорытындысына арналған баяндамада елеңдедетін мәселелерде болды. Онда шельфтегі мұнай өндіру жөнінде салыстырмалы болжам жасалды. Бірақ аралдың басты байлығы – ол криль болды. Сондай-ақ онда Англияға айтарлықтай қаржылық табыс әкелетін химикат өндірісін дамыту жөнінде нақты жоспар ұсынылды. Сондай-ақ, баяндамада Англия үшін ғана емес АҚШ үшін стратегиялық маңызды қону-ұшу сызығы ауыр самолеттерді де қондыра алатындай аэродромды кеңейту жөнінде емеурін айтылды. Вашингтон-Лондон құрған жоспар бойынша құрамына Чили, Аргентина, ЮАР кіретін Оңтүстік Атлантикада әскери блок құру үшін (НАТО-ның филиалы сияқты) аралдың маңызы зор болды. Бұл жобадан тәуелсіз арал өз кезегінде Оңтүстік Атлантиканы бақылауда ұстау үшін стратегиялық бағасы жоғары болды. Соңғы аталған факторлар Лондонның болашақтағы жүріс-тұрыс сызығын анықтап берді. Бірақ идея тек Америкаға ғана емес, екеуіне де тиесілі еді. Кейбір ағылшын ресми өкілдері Англияның Оңтүстік Атлантикада ерекше мүдделері жоқ деп жалған кейіп танытты. Әрине, бұның бәрі сол кездегі «кеңестік қауіпке» қарсы күресу жоспарына қатысты еді. Ондай ой болмағанның өзінде Англия Оңтүстік Атлантикада әскери әрекетін ұлғайту үшін әскерін ұстар еді.

      Тіпті, Лондонның аралдарға үстемдігін жоюға жол бермеуге өзіндік себептері болды. Бүкіл әлемге, соның ішінде үшінші әлемге Англияны есептен сызып тастауға әлі ерте екендігін танытқысы келді. Англия латынамерикалықтардың қақтығысты бейбіт реттеуге бағытталған бастамасына тура қарсылық білдірмеді. АҚШ-тың көмегіне қарамастан, бұл жеңіл әскери «серуен» бола қоймады. Аргентиналықтар ағылшынның ірі «Шеффилд», «Ковентри», «Дридент», «Антилопа» әскери кеме-ракетаносцтарын «Сэр Галлаход», «Сэр Тристрам» көмекші кемелер, ірі контейнеровоз «Атлантик конвейерді» суға батырып жіберді. Сондай-ақ, ракеталы «Глазго» және фрегат «Аргонавт», ракетоносцтар «Плимут» пен «Глэморган» айтарлықтай зақымданды. Сол кезде баспасөзде суға батқан кемелерде ядролық тереңдіктегі зарядтар болғандығы жазылды. Ағылшындардың Аргентинаның ішкі аудандарына «Поларис» суасты қайығы ракетасымен ядролық соққы беруге дайын болғандығы айтылады.

      1982 жылы 14 маусымда Аргентина соғыс барысында самолеттарымен техникасының үлкен бөлігінен айырылып Англияның Фолкленд аралдарына иемдену құқын мойындады. Кейіннен Фолкленд аралдарының британ тәжіне қайтарылғаннан кейін Аргентинадағы әскери режим өмір сүруін тоқтатып, елде Парламенттік құрылым орнады. 1983 жылы қазанда республика президенті боп «Азаматтық радикальді одағы» партиясының лидері Рауль Альфонсин сайланды. Осы оқиғадан кейінгі жылдар көрсеткендей, Лондонның ұстанымында еш өзгеріс болған жоқ. Шындығында 1983 жылдың соңында екі ел өкілдерінің арасында қатынастарды қалпына келтіру үшін келіссөздер жүрді. Алғашында келіссөздер арадағы делдалдар яғни, Ұлыбритания мүддесін Буэнос-Айрестегі Швейцария елшілігі, ал Аргентинаның мүддесін Лондондағы Бразилия елшілігі арқылы құпия жүргізілді. Алайда, Англия аралдың егемендігі туралы мәселені қараудан үзілді-кесілді бас тартты. Ал, осы уақытта Аргентина архипелагты өз басқаруына беруді талап етпесе де жоғарыдағы мәселені қарауды ұсынды. Лондон Аргентина ұсыныстарын қайтарып тастады, ал аралдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету БҰҰ-на жүктелді. Англияның позициясы түсінікті еді. Бұл уақытта Фолклендте стратегиялық мақсаттар үшін аэродромның құрылысы жүріп жатты. Тіпті, Лондон архипелаг айналасындағы 200 мильдік «соғыс зонасын» алып тастағысы келмеді[21,181].

     1983 жылы қаңтарда М.Тэтчер аралға ресми сапар жасады. Тори кабинеті сыртқы саясатта позитивті бастамаларымен халықаралық аренада көрініп жүрген Альфонсино үкіметінің Лондонның территориялық дауларды шешудегі конструктивті позициясына үміт артуға бұрынғы режимненде мүмкіндігі аз екендігін көрсеткісі келді. Премьер-министр қандайда бір келіссөз тек Буэнос-Айрес егемендікке қатысты барлық талап-емеурінінен бас тартқанда ғана басталатынын мәлімдеді. Фолкленд операциясын сараптау, Англияның одан кейінгі сыртқы саяси қызметін қай бағытқа бұру қажеттігін көрсетті. Оның тек Еуропаға ғана қаратып жүргізген саясаты Англияның шет жерлердегі иеліктерінен айырылып қалу қаупін әкелді. Фолкленд оқиғасында Англия әлі де болса әлемдік мүдделерін жүзеге асыруда ұлы держава екендігін дәлелдеуден танбады. Әскери операция Фолкленд қақтығысын шешуді ұзаққа апармады. 1982 жылы сәуірден – маусымға дейін жалғасқан әскери әрекеттердің қорытындысында Англия өзінде Фолкленд территориясын қалдырып, бірақ әскери операциялар нәтижесінде мыңдаған адамынан айырылды.

      М.Тэтчер есімі тарихқа енді. 20-шы ғасырдың екінші жартысындағы тарих беттері оның саясатына, Британияның Еуропа мен әлемдегі ықпалына арналатын болады. М.Тэтчер сыртқы саясатта Ұлыбританияның «ұлы держава» ретінде қайта тууын қарастырды. Оның сыртқы саясаттағы жетістігі ел ішіндегі беделін өсірді. Соғыстағы жеңісі Тэтчердің атымен байланыстырылғаны соншалық, бұрынғы соғыстардың көбісі атақты қолбасшылардың атымен байланыстырылмайды. Консерваторлар үкіметі бұл істі М.Тэтчер болмағанда жеңіске жету екіталай деп көрсетуге тырысты. Орыс баспасөзінің жазуынша, ағылшын-аргентин қақтығысы шовинизмге жақын патритизмнің жарылуына әкеліп және консерваторлардың беделін көтерген[40].

      Аргентинаның әскери органдары әскери шараларды бастап, ағылшын премьерінің қолына Англияны әскери күшті мемлекет етіп көрсету мүмкіндігін берді. Аргентина Хейгамен келіссөздерді тәжірибесіз жүргізді. Ол арқылы қоғамда қарыспалық қасиетімен ерекше көзге ұрынды. Аргентина әскери ведомоствосы (хунты) дәл мұндай әскери ақцияларға дайын еместігін көрсетті. Англияға АҚШ-тың әскери көмегі, қолдауы өте маңызды болды. АҚШ ағылшындарға Вознесения аралындағы әскери базасын пайдалануға рұқсат етті. Егерде Британия америкалық әскери базаны пайдаланбағанда Фолкленд аралына өз әскери армадасын кіргізе алмас еді.

         АҚШ-тың қолдауы америка-британ қатынастарының нығаюына және М.Тэтчерді Америка алдында қарыздар етіп көрсетті. Соғыстағы жеңіс және Мальвинді қайтару консервативтік партияға өз позициясын батыл ұстануға ғана емес, өз ықпалын кеңейтуге де көмектесті. 1982 жылы Англияда «Фолкленд жеңісі» айдарымен өтті. Әскерилер елге салтанатты түрде қайта бастап, соғыс қатысушылары наградталды. Британ әскерилері және ел басшылары соның ішінде М.Тэтчер мақтауға ие болды. Кейіннен, 80-шы жылдардың ортасында Англияда бұл соғыс кімге керек болып еді деп көбірек ойлана бастады. Көбісі бұнда ұтқан тек консервативтік күштер екенін түсіне бастады.

      Соғыс біткенмен Аргентина Англияны келіссөздер үстеліне шақыруды тоқтатқан емес. Оған мысал ретінде 1988 жылы «Латын Америкасы» журналында жарияланған мақаланы мысалға келтіруге болады. Онда 1988 жылдың ақпан айында Англия наурыздың 7-31 аралығында Фолкленд қақтығысынан кейінгі ең ірі «Файр фокус-88» деп аталатын әскери жаттығулар өткізетінін жариялайды[41].

      Британ билеуші топ өкілдері бұл Англия мен латынамерикасы елдер арасындағы қатынастарға зиянын тигізетінін атап өтті. Ендеше Лондонның бұл шешіміне не түрткі болды? Оңтүстік Атлантикадағы жаттығулар әскери ғана емес, саяси демарш екендігі күмән туғызбайды. Бұнда тұрған мақсат Альонсино кабинетіне қыр көрсету. Ол арқылы Лондон аргентин үкіметіндегі радикалдардан архипелагқа қатысты келіссөздерден бас тартуына қол жеткізу болды.

      Бұл мәселеге бүгінге дейін нүкте қойылған жоқ. Болашақта Аргентина Фолкленд аралдарын қайтаруды Ұлыбритания алдына мәселе етіп қоя беретіні анық.

 

2.3 Ұлыбритания – Қытай қатынастарындағы Гонконг мәселесі

 

    Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Британ колониалды империясы алаңсыз өмір сүруін тоқтатты. Бұрынғы колония халықтары тәуелсіз даму жолдарына түсті. Британ колониалды империясы тарихы көрсеткендей, Англия тек үлкен территорияларды басып алып қоймай, сонымен бірге шағын аралдар, әскери стратегия мен теңіз саудасын жүргізудегі ыңғайлы кеме орындарын басып алған.

     Англия өз қол астында қалған территорияларды сақтау үшін бар күшін салғандығын тарихтан білеміз. Атап айтқанда, Фолкленд аралдары үшін болған Аргентинамен қақтығыс соның дәлелі.

    Англияның оңтүстік-шығыс Азиядағы маңызды отарларының бірі – Гонконг болатын. 1982 жылы басталған ағылшын-қытай келіссөздерінде Лондон Гонконгті өзінде қалдыру үшін барынша әрекеттеніп бақты.

     Бірінші апиын соғысының барысында Гонконг аралы 1841 жылы қаңтарда британ әскерлерімен басып алынды. 1842 жылғы Нанкинь бейбіт келісім шарты бойынша Қытай Ұлыбританияға Гонконг аралын беріп, ол британ тәжінің отарына айналды. Гонконг Сянган аралдарынан тұрады. 1860 жылғы пекин келісімі бойынша Цзюлун (Коулун) жарты аралының оңтүстік бөлігі «мәңгілік жалға» беріледі. Ал, «Жаңа территориялар» 1898 жылдан бері 99 жылға жалға берілген болатын[42,7]. Жаңа территория ондаған жалпы аймақтық ауданды қамтиды. Ағылшындар Гонконгте өз әкімшілік жүйесін құрады. Отарды басқару ісін губернаторға берді. 1843 жылдан кеңесу мекемесі ретінде 4 отарлық шенеуніктен тұратын заңдық кеңес жұмыс істеді.

Ал, енді осы Гонконг – ағылшындарды қандай жағдайларымен қызықтырды. Соған тоқталайық.

     Гонконг (Сянган) – Оңтүстік Қытай теңізі жағалауындағы Қытай территориясының бөлігі боп саналады. Ол 1997 жылы 1 шілдеге дейін Ұлыбритания басқаруында болды. Бұл ірі халықаралық сауда, қаржы және өндірістік орталық, әлемдік маңызы зор порттардың бірінен саналады. Гонконг барлығы – 1062 кв.км аумақты қамтиды. Халқы 1992 жылғы есеп бойынша 5,9 млн. адам, көбісі қытай тілінің кантондық (гуанчжоулық) диалектісінде сөйлейтін қытайлықтар (98%) боп табылады. Бұл диалект ағылшын тілімен қатар ресми жағдайларда да қолданылады.

     Гонконг территориясы – тұщы суы аз таулы ауданнан тұрады. Ауылшаруашылығы үшін жердің 8% ғана жарамды. Ол интенсивті түрде өңделеді, әрине , бірақ ол қала халқының толық сұранысын өтей алмайды. Онымен бірге балық шаруашылығы өте жақсы дамыған. Гонконг өзінің тиімді географиялық жағдайы, тамаша табиғи кеме тоқтайтын айлағы және еңбексүйгіш халқынан басқа ешқандай табиғи ресурстарды иеленбейді. Гонконг экономикасы тұтастай өндіріс пен саудаға тәуелді.

     Сауда-экономикалық мүдделерімен қатар, Ұлыбритания Гонконгты Тынық мұхиты аймағындағы әскери тірегіне айналдыруды көздеген. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында ағылшын отаршылдары гонконгке үлкен үміт артты. Олардың есебі бойынша, ол Тынық мұхит бассейні елдеріндегі Англия позициясын нығайтуда ең маңызды роль атқару керек және де Қытайдың оңтүстік, содан соң орталық бөлігіне кіретін база болуы керек. Бұл мақсатқа колонияның географиялық орналасуының тиімділігімен Алыс Шығыс пен Оңтүстік Шығыс Азияда империялық иеліктің әскери бақылауындағы әскери кемелерді ағылшындардың күшейтіп база қылуы себеп. Гонконгтің әсери-стратегиялық маңызы 30-шы жылдары Тынық мұхит жеріндегі импералистік қарама қайшылықтың неғұрлым көп пайда болу кезеңінде онан сайын өсе түскен еді. Ағылшын үкіметі 80-шы жылдарға дейін Гонконгке әскери шығындар бөлуді қысқартпаған. Мысалға, 1982 жылы ондағы әскери горнизонды қаржыландыруды 50%-ке көбейткен. Мұның астарын Ұлыбританияның қорғаныс министрі Фрэнсис Пим: «Қытайдан заңсыз эмигранттарды нәтижелі бақылауын жүзеге асырудан болды»,- деп түсіндірді[7,77].

     80-шы жылдары ағылшын үкіметі Алыс Шығыстағы колонияға еш қауіп жоқ деп жариялады. Кейінгі Гонконгке байланысты Англия саясаты көрсеткендей Лондон енді колонияны әскери-теңіз базасы деп ойламайды. Англия бұл территорияда қорғанысты нығайтуға деген қажеттілік жоқдеп, оны нығайту шараларын жүргізуден бас тартты[7,77]. Бұл ағылшындарды Гонконгті беру туралы Қытаймен келіссөз жүргізуге итермеледі.

     Міне, осындай тиімді жағдайларды иеленген Оңтүстік Шығыс Азияның экономикалық сауда тірегі болған Гонконг бір жарым ғасырдан аса уақыт Ұлыбританияның қол астында отары болып келді. Қытай үкіметіне коммунистер келгеннен кейін олар Гонконгтегі Британ үстемдігінің заңсыз екенін мәлімдеген болатын. Қытай үкіметі 1997 жылы жалға берілген уақыты аяқталатын «Жаңа территорияларға» ғана емес, бүкіл Гонконгке өз үстемдігін қалпына келтіргісі келетіндігін білдірді. Сондықтан, олар отар ағылшын заңнамасымен берілді, ол әділетсіз деп санады. 1970 жылдары отардың болашағы шетелдік инвесторлар мен жергілікті іскерлердің барлығын алаңдата бастады.

    Қытай жағы ұзақ уақыт бойы Гонконгке қатысты өздерінің нақты ниеттері жөнінде ешқандай декларация жасамады. Тек 1972 жылы 10 наурызда Қытай Халық Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелігі қалпына келгеннен кейін, оның сондағы өкілі Хуан Хуа отарсыздану жөніндегі Комитетке меморандум жіберді[10,196]. Онда, Гонконг және Макао – бұлар англия мен Португалия оккупациялаған Қытай территориясының бөлігі екендігі жазылды. Құжатта бұл территорияларға байланысты мәселе былай делінді, олар толық қытай үстемдігі сферасына тиесілі. Бұл екеуінің басқа отарлардан  айырмашылығы да осында. Басқаша айтқанда, қандайда бір осы екі отарлардың тәуелсіздігі жөнінде әңгіме болмауы керек. Құжатта олардың Қытайға қосылуы мәселені дұрыс шешудің жалғыз әдісі деп көрсетілді.

    70-шы жылдардың аяғына таман Гонконгқа байланысты мәселені нақты шешу қажеттігі белгілі бола бастады. Себебі, 1997 жыл жақындап қалды. Бұндай шешім 1982 жылы мамырда Пекинде Гонконг делегациясы мен Қытай басшыларының ресми емес кездесуінде қабылданды.

   Ал, ағылшын үкіметі 1997 жылдан кейінде Ұлыбритания қол астында Гонконгты сақтап қалу мүмкіндігіне үміттенді. Сондықтан колония болашағына қатысты жеке мәселелер бойынша ҚХР-мен келісімге қол жеткізуге әрекеттенді. 1979 жылы наурызда Гонконг губернаторы М.Маклехоуз Пекинде болып, «Жаңа территориялардың» жалға беру уақытын жаңарту жөнінде мәселені шешуге тырысты, бірақ, ол сәтсіз болды.

    Қытай үкіметі әділетті түрде бүкіл Гонконг аумағы Қытай территориясы боп саналады және ҚХР-дің үстемдігіне қайтарылуға жатады деп талап етті. Алайда нақты мерзім әлі қойылмады.

    Ресми келіссөздердің басы 1982 жылы қыркүйекте Англия премьер-министрі М.Тэтчер мен ҚХР төрағасы Дэн Сяопиннің кездесуінен басталды. Олар екі жақты консультациялар жүргізу жөнінде шешім қабылдады. Келіссөздердің бірінші этапы ҚХР-дағы британ елшілігімен Қытай Сыртқы істер министрлігі арасында жүрді. Екінші этап, бұл жолы 1983 жылы 12 шілдеде екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен жүрді. Келіссөздер барысында қытай жағының Гонконгте ағылшын әкімшілігінің кез-келген формасының сақталуына үзілді-кесілді қарсылық көрінді[10,197].

    Екі жақты келіссөздер барысында ҚХР бір мезгілде Гонконг қоғамдық өкілдерімен байланысты нығайту үшін белсенді іс-әрекеттер жүргізді. 1983 жылы ақпанда Гонконг пен Макаоның 140 тұрғыны бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналысы мен Қытайдың Халықтық саяси консультативті кеңесінің құрамына кірді. Колония болашағына байланысты Қытай үкіметінің ұстанымын білу үшін Гонконгтен көптеген делегациялар Пекинге келе бастады.

    Сондай-ақ, қытай-ағылшын келіссөздерінің екінші кезеңінің басында жаңа мәселелер туды. Бұл жөнінде баспасөздің ресми хабарлауына қарап жанама түрде былай айтуға болады: бірінші отырыс — «тиімді әрі конструктивті болды», екіншісі — «тиімді болды», ал үшінішісі — «өткізілді».

   Ортақ келісімге келудің ауылы алыс екендігі байқалды. Сонда да 15 тамызда Чжао Цзыян жапон корреспонденттеріне ҚХР Гонконгке өз үстемдігін 1997 жылы 1 шілдеде орнатады деп мәлімдеді. Солшыл кәсіподақтар және колония мөрі иелік ету жөніндегі қытай позициясын белсенді қолдай бастады.

     Гонконг халқының бір бөлігі үрейлене бастады. Эмиграция өсіп, капиталдың шетке кетуі байқалды. Тұрғындар өздерінің жинағын американ долларына ауыстыра бастады. Гонконг долларының курсы түсіп, ол бағаның өсіп, еңбекшілердің толқуына әкелді. 18 қыркүйекте бағаның өсуіне, соның ішінде электр энергиясына бағаның өсуіне қарсы бірнеше демонстрациялар болды. 1983 жылы 24 қыркүйекке таман гонконг доллары американ долларымен салыстырғанда 9,50:1-ге түсті.

    Алғашында ағылшын билігі валюталық дағдарысты Қытайға қысым ретінде пайдалануды ойлады, бірақ Пекиннің саспаушылығын көріп, нарықтағы үрейді тоқтатуға мәжбүр болды. Жағдай осыдан кейін қалыпқа келе бастады.

   Қытай Халық Республикасы 1984 жылғы қыркүйекке дейін Гонконгке байланысты келісімге келмесе, өзінің бірігу жоспарын жариялайтыны жөнінде мәлімдеді. Келіссөздердің сәтті дамуына М.Тэтчердің Чжао Цзыянға жолдауы серпін берді. Ағылшын премьері егер қытайлықтар колониядағы қоғамдық жүйені сақтауға кепілдік берсе, Ұлыбритания Гонконгке үстемдіктен бас тартуға дайын екендігін айтты. Бұл жөнінде М.Тэтчер отставкаға кеткеннен кейін жазған еңбегінде: «премьер-министр креслосында отырғандағы менің Қытаймен байланыстарым тікелей Гонконгпен байланысты болды. Гонконгты Қытайға қайтару жөніндегі Біріккен келісімге қол қоя отырып, өзімді бұрынғы колонияға қолымнан келетіннің бәрін жасауға деген міндетті сезіндім»,- деп жазады[20,219]. Сондай-ақ, ол коммунизмге қатысты теріс пікірде болып, Гонконгте капиталистік жүйенің сақталып қалуы үшін үлкен күш жұмсауға тура келгендігін жазады.

   Қорытынды сөз ұзаққа созылған жоқ. ҚХР төрағасы Дэн Сяопин, нарықтық экономикадағы колонияның Қытайдың саяси-экономикалық жүйеге тез үйлесіп кете алмайтындығын мойындады. Ол «бір мемлекет, екі жүйе» деп аталатын идеяны көтерді[14,24]. Ол бойынша, Гонконгтегі капиталистік жүйенің сақталуына кепілдік берілді. 1983 жылы 20 қазанда бесінші отырыстың соңында ол ресми ресми коммюникеде «тиімді әрі конструктивті» мазмұнда болды.

      1983 жылдың соңғы айымен 1984 жылдың басында Қытай басшылары шетел журналистерін 1997 жылдан кейін 50 жыл уақыт ішінде Гонконгте қоғамдық жүйені өзгеріссіз сақтауға дайын екендігін жайып салды. Мәлімдемені Ху Яобан, пэн Чжэнь, Чжао Цзыян т.б. қытай басшылық өкілдері жасады. 1984 жылы шілде-сәуірдегі сыртқы істер министрі бастаған қытай жетекшілерімен Ұлыбританияның достастық істері жөніндегі басшысы Дж.Хаудың Пекиндегі келіссөзінде колонияның болашағы ең басты тақырып болды. 1984 жылы маусымның соңында гонконгке қатысты келіссөздерді аяғына дейін нақты шешу үшін Пекинде қытай-ағылшын жұмыс тобы тұрақты жұмысын бастады. 18 қыркүйекте келісуші жақтар қытай және ағылшын келісім шартының мәтінін құрды. Ол 26 қыркүйекте Пекинде, Гонконгте, Лондонда көпшілікке таныстырылды.

  Келіссөздер уақытында Ұлыбритания басшылары Гонконгте жергілікті халықпен келіссөздерді талқылап, кеңестер беру ісін жүргізді. Ресми емес заңдық және әкімшілік кеңес мүшелері үкіметтің және парламенттің 1983-84 жылғы наурыз-мамыр аралығындағы дебаттарына қатысты.

    1984 жылы қыркүйектің соңында Гонконгте қытай-ағылшын келіссөзіне қатысты реакциялық ақпараттар жинайтын арнайы кеңсе құрылды. Заң шығарушылық және әкімшілік кеңес мүшелерінің сұрауларының қорытындысы бойынша 1984 жылы губернатордың баяндамасына 430 ұйым мен топтар, 1815 жеке тұлғалардың жолдау өтініштері арқау болды. Ол сұрауларда халық келіссөздер барысына қатыстырылмаса да бәрінің көзқарасы Гонконгтың дамуы екі жақты жасалған құжаттардың негізінде жүру мүмкін екендігі айтылады. 1984 жылы 29 қарашада заң шығарушылық және әкімшілік кеңестердің ресми емес ұсыныстарында халықтың көпшілік көзқарасы тыңдауға алынды.

     Осымен бірге колонияда тайвандық ұйымдар мен антикоммунистік көңіл-күйдегі эмигранттардың келіссөздерге наразылықтары болды, алайда ол келіссөздер барысына еш әсерін тигізе алмады.

     Ағылшын парламентінің жоғарғы және төменгі палатасы 1984 жылы 5-10 желтоқсанда келісімді мақұлдады, ал 19 желтоқсанда Пекинде М.Тэтчер мен ҚХР мемлекеттік кеңестің премьері Чжао Цзыян Гонконг мәселесіне байланысты бірлескен декларацияға қол қойды[10,199].

    Құжат бойынша, Гонконг 1997 жылдың 1 шілдесінде Қытай иелігіне қайтарылады. Бұрынғы колония территориясында ҚХР Конституциясына сай Арнайы әкімшілік аудан құрылады. Ол міндетті түрде Пекиндегі орталық үкіметке бағынады және қорғаныс пен сыртқы саяси байланыстардан басқа барлық сферада кең құқықтарға ие болады. Сондай-ақ, Гонконгте тәуелсіз заң шығарушылық, атқарушылық және сот билігі құрылуы қажет. Жергілікті үкіметтің басшысы Гонконгтің өзінде «Сайлау және консультациялар» орталығы негізінде тағайындалатын болады. 50 жыл ішінде Гонконгте қалыптасқан әлеуметтік, экономикалық құрылыстың өзгермейтініне кепілдік берілді. Қалыптасқан экономикалық жүйе, еркін порт пен халықаралық сауда және қаржы орталығы статусы сақталады. Гонконгтің сыртқы әлеммен экономикалық, мәдени байланыстары шектелмей, Гонконгпен жасалған бұрынғы келіссөздер күшін жоймайды. Тұрғындарға бұрынғыдай құқықтары мен еркіндігін қолдануға толық мүмкіндік беріледі. Барлық шенеуніктер оның ішінде шетелдіктерде өз орындарында қалады. Шетелдіктер тек 1997 жылдан кейін Гонконг үкіметінде департамент бастығы қызметін атқара алмайды. Қаржылық жүйе өз тәуелсіздігін сақтап, арнайы әкімшілік аудан орталық үкіметтің салық салу саясатына бағынбайды. Қытай алда да Гонконгтің Азия-тынық мұхиты аймағында маңызды әуе байланыс жолы ретіндегі ролін қолдауға мүдделі екндігін танытты. Жергілікті биліктің білім, мәдениет саласындағы саясаты да Пекин тарапынан қандай да бір шектеулерге бармайды. ҚХР Гонконгті өзінің дипломатиялық қатынастары нашар елдермен байланысты жолға қою үшін пайдалануды ойлады. Декларация бойынша, 1997 жылдан кейін де бұндай елдер Гонконгте үкіметтік емес мекемелерін ашуына құқылы болды. Орталық үкімет бұнда өз әскерін кіргізеді, бірақ тәртіпті сақтауға жергілікті билік жауап береді. (Гонконг билікке өткенше қауіпсіздікті арнайы күштер өз қолына алады).

    Келісімге сай Қытай жағы Гонконгте туған немесе онда 7 жыл тұрғандар, олардың балалары, сондай-ақ, Гонконгте 7 жыл тұрған басқа ұлттар Арнайы әкімшілік аудан қытайларының жеке куәлігін алуға құқығы бар деп саналды.

   Осыған байланысты ҚХР мен Англия арасында меморандум алмасу болып өтті. Онда азаматтық және жеке куәлік мәселесі басты назарда болды. 1997 жылы 30 маусымға дейін «Ұлыбританияның теңіз ар жағындағы азаматы» құқын иеленген колония тұрғындары осы күннен кейін Арнайы әкімшілік ауданда «Ұлыбританияның шетелдік азаматы» деген ағылшын куәлігімен пайдалануға құқылы. Оған Англияда тұрақты тұруына құқық берілмейді, бірақ, олар үшінші әлем елдерінде ағылшын консулдық қорғауын қамтамасыз етеді. Бұндай куәлікті Гонконгте 2,6 млн адам алды, шамамен халықтың жартысы[10,200]. Тұрғындардың қалған бөлігі Гонконг Арнайы әкімшілік ауданының куәлігін алады. «Ұлыбританияның теңіз ар жағындағы азаматы» куәлігін «Ұлыбританияның шетелдік азаматы» құжатына ауыстыру мақсаты, Гонконгтен Англияға жаппай эмиграцияға жол бермеу еді.

     Қытай Англияға Гонконг тұрғындарының ағылшын куәлігін арнайы әкімшілік ауданда, тіпті ҚХР-дің кез-келген жерінде қолдану тиімсіз екендігін мәлімдеді. Сонда да ҚХР Гонконгтегі қытай ұлтын қытай азаматы санап, олардың британ азаматы ретінде шетелге шығуына қарсы болған жоқ.

     Бірлескен декларацияның жүзеге асуы, биліктің біртіндеп қайтарылуы жөніндегі мәселелерді, ақпараттар алмасу үшін ағылшын-қытай байланыстары тобы құрылып, ол екі жақтан бес өкілден тұрды. Ағылшын өкілдерінің басында сыртқы істер министрінің көмекшісі Л.Уилсон, қытай өкілдерінің басында сыртқы істер министрлігі бөлім бастығы Кэ Цзаймо тұрды. Топтың маңызды қосымша қызметтерінің бірі – кеңесу органы ретінде арнайы әкімшілік ауданның жаңа статусына байланысты жаңа халықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени келіссөздерді құруы болды. Топ өздерінің отырысын жылына үш рет, Лондонда, Пекинде, Гонконгте өткізеді. 1998 жылдың 1 шілдесінен 2000 жылдың қаңтарына дейін ол Гонконгтегі тұрақты өкілдігін ұстайды. Оның назарға алуға тиіс сферасы – 1997 жылдан кейін Гонконгтың дүниежүзілік экономикалық- қаржылық ұйымдарға қатысуы, 1997 жылдан кейін Гонконгтегі тұрғын куәлігін анықтау мәселелері болды. Биліктің өту кезеңіндегі жерді жалға алу мәселесін реттеу үшін жер комиссиясы құрылды. Ағылшын билігі жыл сайын өндіріс кәсіпорындарына жер участкаларын жалға беріп, оның кірісінің 10% өздері алып отырған еді. Қол жеткен келіссөздерге сай, әкімшілік 1997 жылдан кейінде жалға алған жерге құқын сақтайды, бірақ, 50% рента Арнайы әкімшілік ауданның үкіметтік арнайы қорына аударылатын болады.

    Декларацияға сай, өту кезеңінде Гонконгте «экономикалық гүлдену мен әлеуметтік тұрақтылыққа» жауап беретін британ әкімшілігі сақталады. ҚХР Англиямен осы салада ынтымақтасуға уәде берді.

    Осы уақытта пекинде «Гонконг арнайы әкімшілік ауданының Негізгі Заңын» дайындау басталғаны жарияланды. Ол бойынша 1997 жылдан кейін Гонконгте капиталистік жүйенің сақталатыны заңдастырылмақ.

    ҚХР мен Ұлыбритания арасындағы Гонконг мәселесіне байланысты келіссөздердің негізгі ережелері осындай болды. 1985 жылы 21 мамырда екі жақтың заң шығарушы органы бірлескен Декларацияны ратиффикациялап, 27 мамырда Пекинде ратификациялық грамоталарды алмасу болып өтті.

     Жалпы, британ үкіметі бұл келісімді дипломатиялық өнердің ғажап көрінісі санады. М.Тэтчер келіссөздерді сынаушыларға: «Мен одан (Гонконг) бас тартқан жоқпын… егер келіссөздер жүргізбегенде ол 1997 жылы, тіпті одан ерте қолымыздан шығып кететін еді»,- деп жауап береді[3,2420].

    Міне, М.Тэтчер бастаған консерваторлар билігіндегі Ұлыбритания тарихында тағы бір тарихи оқиға орын алды. Бүгінгі халықаралық нормада мемлекеттер мен ұлттардың құқықтары тең деп жатамыз. Олай болса, Қытай өзінің тарихи территориясын ерте ме, кеш пе өз иелігіне қайтаруға толық құқылы. Әлем демократиялық қоғамға қадам басқан сайын әр ел өз геосаяси құндылықтарын қалпына келтіруге тиісті. М.Тэтчер үкіметінің Гонконгті өзінің тарихи отанына қайтарып беруі Қытай халқы мен тарих алдындағы саяси жеңісі деп бағалауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

        1979-1989 жылдардағы Ұлыбританияның сыртқы саясаты өздеріңіз байқағандай, көптеген қайшылықтарға толы болып,  билікте отырған М.Тэтчер бастаған консерваторлық үкіметтің онжылдығы «ағылшын қайта құру» айдарымен жүрді.

Маргарет Тэтчер – Ұлыбритания тарихындағы ең ірі саяси қайраткерлердің бірі.. Оның ішкі саясатта әлеуметтік, экономикалық салада жүргізген саясаты тарихта «Тэтчеризм» деген атпен қалды. Оның саясатына қатысты көптеген еңбектерде жазылып, онда «Тэтчер революциясы», «Тэтчер эксперименті», «Тэтчер феномені» деген сөздердің пайда болуы премьердің күш сипаты мен беделіне байланысты бола отырып, радикалды реформалар жасайтын жеке тұлғаның қалыптасуына алып келді.

      Алғашында көптеген британ саясаттанушылары М.Тэтчердің сыртқы саясатта тәжірибесі жоқтығын сынаған болатын. Алайда ол келе салысымен Ұлыбритания сыртқы саясат мекемесі – Форин оффистің функцияларын өзіне жүктеп алды. Консерваторлық үкімет елдің ішкі саясатын қайта құрып қана қоймай, сыртқы саясатта да қайта құрулар жүргізді. Бұрын Форин оффис сыртқы саясат мәселесінде өздігінен талдап, шешім қабылдауына мүмкіндігі болса, М.Тэтчер ендігі жерде Форин оффиспен ақылдаспай-ақ сыртқы саяси шешімді тікелей өзі шешетін болды. Бұны Форин оффистің қалыптасқан дәстүрлі функцияларын бұзу деп бағалауға болар еді.

      Сондай-ақ, ол дипломатиялық қызметкерлерге қысым жасау арқылы, Еуропалық Экономикалық Қауымдастықтағы ағылшын ұстанымын қаталдатуды, НАТО әскери-саяси ұйымындағы ұстанымын нығайтып, соның аясында әскери-саяси тығыз ынтымақтастықты жүзеге асыруды талап етті.

      Консерваторлар үкіметі БҰҰ-на назарын азайтып, ЮНЕСКО-дан шығу жөнінде шешім қабылдады. Қарастырылып отырған кезеңдегі Ұлыбритания сыртқы саясатындағы басым бағыттарға «қырғи-қабақ» соғыс саясатының қатысушылары болып отырған әлемнің екі ірі Америка Құрама Штаттары және Кеңес Одағы мемлекеттеріне қатысты саясатын атауға болады. Ұлыбритания сыртқы саясатында АҚШ-пен тығыз әрі «ерекше қатынас» орнатса, КСРО-ға қатысты дипломатиялық саясатында антикоммунистік ұстанымда болды. Алайда, КСРО-да М.С.Горбочевтің билікке келуімен жағдай өзгеріп, М.Тэтчер АҚШ пен КСРО арасындағы қатынастарды жақындастырушы араағайындық қызметін атқарғандығын жоққа шығара алмаймыз. Сондай-ақ, ол Горбачевтің ядролық қаруларды қысқарту жөніндегі бастамасына қосылып, АҚШ пен КСРО арасындағы қырғи-қабақ соғыс саясатын тоқтатуға түрткі болды.

 М.Тэтчердің өзі У.Черчиллді рухани әкесі санап, оның жолымен жүру зор мақтаныш екендігін атаған болатын. Олда Черчиллдің Америкамен «тығыз одақ және ерекше қатынас» саясатын жалғастырды.

     Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Британ колониалды империясы алаңсыз өмір сүруін тоқтатты. Британ колониалды империясы тарихы көрсеткендей, Ұлыбритания тек үлкен территорияларды басып алып қоймай, сонымен бірге шағын аралдар, әскери стратегия мен теңіз саудасын жүргізудегі ыңғайлы кеме орындарын басып алғандығын білеміз. Осы кезеңдегі сыртқы саясаттағы айтулы тарихи оқиғаларға Фолкленд аралдары үшін болған ағылшын-аргентин қақтығысы мен Гонконгті қайтару жөніндегі Қытаймен келісімге келуі болды.

     1833 жылға дейін Аргентинаға тиесілі болған Фолкленд аралын өзіне қайтаруға әрекеттенген аргентин үкіметіне келіссөзге келместен, қарулы күшпен жауап берді. Қақтығыс барысында екі жақта «Белграно», «Шеффилд» сияқты ірі әскери кемелерінен және әскери мамандарынан айырылды. Қақтығыста Англия жеңіске жетті дегенмен, шын мәнінде Англия емес, консерваторлық үкімет жеңіске жеткен еді. Осы қақтығыстағы әскери жеңісі оларға келесі сайлауда жеңіске жетуіне алғы-шарт болды. Бүгінгі күнге дейін Аргентина үкіметі аралдарды қайтару жөнінде Англия үкіметін келіссөзге шақыруын тоқтатқан емес. Аргентиналықтарға әскери күшпен қарсы тұру арқылы М.Тэтчер Ұлыбританияны державалар қатарынан сызып тастауға әлі ерте екендігін  көрсетуге тырысты.

      Ал, Гонконг аралын «бір мемлекет, екі жүйе» саясаты бойынша Қытайға қайтару жөнінде бірлескен келісімге келді. 1842 жылғы Нанкинь бейбіт келісімі бойынша Қытай Гонконг аралын Англияға беруге мәжбүр болған еді. Содан бері Гонконг Ұлыбританияның оңтүстік-шығыс Азиядағы әскери-экономикалық тірегі боп келді. 1984 жылы желтоқсанда Англия премьер-министрі М.Тэтчер мен ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьері Чжао Цзыян Гонконг мәселесіне байланысты бірлескен декларацияға қол қойды. Құжат бойынша, Гонконг аралы 1997 жылдың 1 шілдесінде Қытай иелігіне қайтарылатын болды. Бұрынғы ағылшын отары аумағында Арнайы Әкімшілік Аудан құрылатын боп шешілді. М.Тэтчер үкіметінің Гонконгті өзінің тарихи отанына қайтару арқылы Қытай халқы үшін үлкен қадамға барды.

       Иә, қандай да бір халық  ата-бабасының кіндігі тиіп, аяқ басқан жерін қорғап, сол жердің байлығын ұрпағының игілігіне жаратуға толық құқылы. Олай болса, ағылшын үкіметі бүгін Гонконгті қытай үкіметіне қайтарса, ертең Фолкленд аралдарын да Аргентина үкіметіне қайтарып беретініне күмәніміз жоқ.

      Тэтчер есімі тарихқа енді. 20-шы ғасырдың екінші жартысындағы тарих парағы оның саясаты мен Британия, Европа және әлемдегі жағдайлардың дамуына тигізген ықпалына арналды. «Темір ханым» есімін иеленген Тэтчердің шешім қабылдаудағы батылдығы, саяси қайраткерлігі, принципшілдігі жас саясаткерлерге үлгі болары хақ.

      Премьер-министр ретінде оған жақсы мұра қалған жоқ. Экономиканың құлдырауы, ұлттық рухтың төмендеуі, ұлы державалық Британиядан орта деңгейдегі елге айналған Британияны қайта түлету оңайға соққан жоқ. Осы жағдайда Тэтчердің саясаткер ретінде табысқа апаратын жолды табу, өзіне талантты әріптестер мен көмекшілер таңдау сияқты жаңа қырларын танытуға мүмкіндік берді.

      80-шы жылдардың екінші жартысы әлемдік жаңа тәртіптің құрылуы жағдайында өтті. Тэтчердің халықаралық қатынастар және дипломатиядағы принциптері өзгеріске ұшырады. Ұлтшылдық, қырғи-қабақ соғыс пен конфронтация жақтаушысы ретінде ол жаңа әлемге тез кіріге алмады. Бірақ, ол  өзінің бұрынғы концепцияларынан бас тартып, соның ішінде ядролық қаруды қысқарту бастамасына қосылу арқылы Тэтчер жаңа идеяларды түсінуге және бағалауға тырысты[43].

     Ұлыбританияның 80-шы жылдардағы жетістігін партия жиынында консерваторлардың бірі былай түсіндірген екен: «Англия қазір мынадай екі қазынаны иеленеді: бірі – мұнай, екіншісі – М.Тэтчер». Тэтчерді елдің қазынасы еткен оның қандай қасиеттері? Қандай саяси қадамдары? Міне, бүгін біз бітіру жұмысын жазу барысында Маргарет Тэтчердің сыртқы саясаттағы саяси ұстанымдарын, басым бағыттарын талдау арқылы жоғарыдағы сұрақтарға жауап іздедік.

      Дипломатия халықаралық сахнада белгілі бір елдің саяси танылуын қамтамасыз ету міндетін жемісті түрде жүзеге асырған екен, енді сапалық тұрғыдан өзгеше мақсатқа қол жеткізуге елдің экономикасының дамуына жәрдемдесуге бейімделуге міндетті. Басқаша сөзбен айтсақ, сыртқы саясат ішкі саясатпен қатар өріліп, оның ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Сол кезде ғана қандай да бір елдің төл дипломатиясының тиімділігі арта түспек. Осындай міндеттердің бүгінгі біз қарастырып отырған Ұлыбритания сыртқы саяси қызметінің алдына қойылып отырғанын көруге болады.

     Бүгінгі күні еліміздің сыртқы саяси басымдықтарын дұрыс қоя білу өзекті шаралардың бірі. Президент еліміздің сыртқы саясаттағы басымдықтарын мынадай жолмен тұжырымдаған болатын: «Қазақстан өзінің геосаяси жағдайы мен экономикалық әлеуетіне байланысты тар аймақтың проблемаларымен шектеліп қалуы мүмкін емес. Бұл біздің елімізде ғана емес, одан тысқары жерлерде де түсініксіздік туғызған болар еді. Қазақстанның болашағы Азиямен де, Еуропамен де, Шығыспен де, Батыспен де байланысты». Сондықтан Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы және тең құқықты сондай-ақ, өзара тиімді ынтымақтастық үшін ашық, халықаралық міндеттемелеріне адал мемлекет ретінде өзіне лайықты орын алуы заңды да. Осы орайда, дипломатиясы дамыған Ұлыбритания тәрізді батыс елдерінен үйренеріміз көп болмақ. Бүгінгі ғаламдану кезеңінде заманауи дипломатиялық әдістерді меңгерген сыртқы саяси қызмет қана еліміздің тарихи, саяси құндылықтарын қалыпты ұстауға септігін тигізбек.

       Олай болса, бүгін біз «Ұлыбритания сыртқы саясатындағы басым бағыттар тарихы» тақырыбындағы бітіру жұмысын жазуда Ұлыбритания дипломатиялық мекемесінің құрылымы мен функцияларының қыр-сырын зерттеп, оның отандық дипломатияға үйлесімділігін анықтауға тырыстық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

  • Рыжиков В.А. Советско-английские отношения.- М.: Международные отношения, 1987.-220б.
  • Матвеев В.М. Британская дипломатическая служба.- М.: Международные отношения, 1984.-160б.
  • Лебедев А.А. Очерки британской внешней политики.- М.: Международные отношения, 1988. 304б.
  • Матвеев В.А. Британия вчера и сегодня.- М.: Международные отношения, 1989.-256б.
  • Попов В.И. Меняется страна традиций.- М.: Международные отношения, 1991.-336б.
  • Современный консерватизм/ авт: Гаджиев С.П., Перегудов В.А., Скороходов В.А. и др.- М.: Наука, 1992.-264б.
  • Сырцова Е.А., Ткачев В.Р. Гонконг и великобритания в новейшее время// Внешняя политика Великобритани в новое и новейшее время.- М.: , 1988.-
  • Великобритания/ Инс-т мировой экономики и международной отношений АН СССР: Отв.ред. С.П.Мадзоевский., Е.С.Хесин.- М.: Мысль, 1981.-429б.
  • Метяева Е.В. Англо-Аргентинский конфликт из-за Фолклендских островов.- М.: Международные отношения, 1985.-96б.
  • Иванов П.М. Гонконг: История и современность. – М.: Наука, 1990.-278б.
  • Сладковский М.И. Китай и Англия.- М.: Наука, 1980.-349б.
  • Политический портрет Каррингтона: научно-аналитический обзор/ авт. обзора к.и.н. Колосов Г.В.- М.: Пик Винити, 1988.-44б.
  • Замятин Л. Тэтчеризм// Международная жизнь.- 1989. №7.- 53-63б.
  • Козлов А. Гонконг накануне возвращения в Китай// Международная жизнь. – 1996. №4. – 24-30б.
  • Лебедев А. Возвращение из «зазерклья»// Новое время.-1989. №14. – 12-15б.
  • Михеев В. Десять лет на Даунинг-стрит, 10// Молодой коммунист.-1989. №12 – 81-91б.
  • Володин С. Англия в современной мировой политике// Международная жизнь.-1984.№6. – 51-58б.
  • Борьба СССР против ядерной опасности гонки вооружений за разоружение: Документы и материалы/ Гл.ред. Громыко А.А.- М.: Политиздат, 1987.-559б.
  • СССР в борьбе за безопасность и сотрудничество в Европе. 1964-1987гг. Сборник документов/ Отв.ред. Ильичев Л.Ф.- М.: Международные отношения, 1988.-544б.
  • Маргарет Тэтчер. Искусство управления государством. Стратегии для меняющегося мира/ Пер. с англ.- 2-е изд.- М.: Альпина Бизнес Букс, 2005.-504б.
  • Попов В.И. Маргарет Тэтчер: человек и политик. (Взгляд российского дипломата).-2-е доп.изд.- М.: Международные отношения, 2000.-464б.
  • Огден Крис. Маргарет Тэтчер. Женщина у власти/ Пер. с англ. В.Воронина., Н.Косалапова.- М.: Новости, 1992.-339б.
  • Громыко А.А. Памятное. Кн.1.-2-е доп.изд.- М.: Политиздат, 1990.-418б.
  • Қараңыз: Паркинсон С.Н. Законы Паркинсона/Пер. с англ. – М.: Прогресс, 1989.-278б.
  • Бурнашов И.Л. Тэтчеризм и проблемы среднего образования в Англии (1979-1990): Афтореф. канд.дис.полит. наук.- Алматы, 1994.-28б.
  • Александров В.В. Новейшая история стран Европы и Америки. 1945-1986 гг. Уч. Пособие.- М.: Высш.шк., 1988.-639б.
  • Володин С. Англия при консерваторах// Международная жизнь.-1980.№3.-46б.
  • Лидер Ю. НАТО: очерки, истории и доктрины/ Пер.с польского А.Панфилова.-М.: Политиздат, 1964.-232б.
  • Соловьева Р.Г. Англия в ООН.- М.: Наука, 1980.-179б.
  • Советская культура. 1985, 7 желтоқсан.
  • Громыко А. Внешняя политика Великобритании: от империи к «осевой державе»// Космополис.-2005. №1.
  • Хрестоматия по новейшей истории стран Европы и Америки (1945-2000гг.) /сост. Машимбаев С.М.- Алматы: Қазақ Университеті, 2004.-228б.
  • Польская Н.М. Великобритания.-М.: Мысль, 1986.-152б.
  • Правда. 1984, 16 ақпан.
  • История международных отношений и внешней политики СССР/ред. Рокеев Г.В.- М.: Международные отношения, 1987.-201б.
  • Правда. 1985, 15 наурыз.
  • Парвда. 1987, 30 наурыз.
  • Абдухаимов Е.Ф. Политика М.Тэтчер в Англо-Аргентинском конфликте// Вестник КазНУ. Серия историческая.-2005. №2. – 99-101б.
  • Правда. 1982, 24 мамыр.
  • Бабусенко С., Ариевич Г. Политика бывает несправидлива// Новое время.-1990. №49. – 24-30б.
  • Караш Ю.Ю. «Файр фокус-88″// Латынская Америка.-1988. №7. – 53-63б.
  • Гонконг (Сянган): спр.сведения. Часть 1.-М, 1993.-58б.
  • История международных отношений и внешней политики/под.ред. Ж.У.Ибрашева. Часть 3.- Алматы: Қазақ Университеті, 1998.-243б.